Сынақтан сүрінгендердің ішінде
30 жылдан астам еңбек өтілі бар педагогтар бар.
Бұл мұғалімдер информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі пәнінен және бастауыш сыныптарға сабақ беріп келген.
Бұл жағдай біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған оқу курстары кезінде анықталған.
Олар әрбір курс аяқталғаннан соң біліктілік сынағын тапсырғанымен, шектік балды жинай алмаған.
Оқу-ағарту министрлігі қолға алған іріктеуге шаһардағы білім сапасы төмен 40 мектептің 3 мыңнан астам педагогі іліккен.
Жалпы Шымкент қаласындағы жоспарлы тексерістен өткен 70 мектептің 52-сі аттестаттаудан өте алмаған..
Естеріңізге сала кетсек, Шымкент қаласы мектептері білім сапасы бойынша елде ең соңғы орында келеді.
Біздің телеграм-каналға жазылыңыз
https://t.me/pedagog_qz