Америкалық кәсіпкер Илон Маск тарихтағы ең бай адам ретінде тағы да рекорд жаңартып, 2021 жылы өзі орнатқан әлемдік рекордын бұзды, деп жазады QazaqstanTV
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Масктің байлығы 348 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Бұған дейін, 2021 жылдың қараша айында Tesla мен SpaceX негізін қалаушысының капиталы 340 миллиард долларды құраған.
Сонымен қатар, Илон Маск басқа миллиардерлерден оқ бойы озық тұр. Мәселен, әлемдегі екінші бай адам Amazon компаниясының негізін қалаушысы Джефф Безостың байлығы қазір 219 миллиард долларды құрайды.
@aikyngazeti