“Насихаттар жинағы” @nasihattarjinagi Channel on Telegram

“Насихаттар жинағы”

@nasihattarjinagi


Аударған: Қуаныш Абу Хафс

Насихаттар жинағы (Kazakh)

Насихаттар жинағы - бұл Телеграм каналы, қазіргі уақытта Казахстанда көптеген адамдардың қызығушының алдындағы жүрегіне жетті. Көптеген жағдайларда, олар көмек және мәртебелі маслаһат беруге тырысты, жалпы адалет жасауға көмек көрсетеді. Бұл каналдың құрамының басқарушысы Қуаныш Абу Хафс - мемлекеттік және жеке көмекті қажет ететін жағдайларда болатын аса нәтижелер ашуға көмек кӗреді. Оның кеңсе мәртебе жеткізушілері ақылды, істері көп болған мемлекеттік және жеке жағдайлар тек бұл канал арқылы жауап беріп жатыр. Насихаттар жинағы каналы оқиғалы және ұстана еңбек үрейді, сондықтан, оңай үлес қатынасын ұсынады. Каналда аударманы қатты жақсартатын мәселелерді талқылау, оның үшін дүниеде де келу ретінде өзара байланыс қарастыру мен ойлау үгіншілігін ұсыну керек. Егер сізге жақпаңыздың, көмектің және жауаптың сезімі болса, Насихаттар жинағы каналы сіздің өміріңізді әуелгіге алар. Бұл канал жаңа бағдарламаларды және ойындарды талқылау, әңгімелерді жүктеу және жаңалықтарды оқу мүмкіндіктерімен толтырылады. Сенімділікпен жақсы білім алыңыз!

“Насихаттар жинағы”

26 Nov, 04:07


Имам Ибн Қаийм - Аллаһ оны мейіріміне алсын - айтады:

Дүние - басынан, аяғына дейін бір сәттік уайымға да тұрмайды, ал бүкіл ғұмырды уайыммен өткізу қалай болмақ?!


"كتاب الفوائد" ص: ٤٤

Адам дүниеге шамадан тыс байланбауы керек. Бұл өмірдің фәни екенін және бір сағаттық қайғының өзі мәнсіз болса, бүкіл ғұмырды уайыммен өткізу одан да үлкен қателік. Мұсылман өмірде кездесетін қиындықтарды сабырмен қабылдап және Аллаһтың мейірімінен үмітін үзбеуі қажет. Уақытша дүниеге беріліп, ақыретті ұмытудан сақтануы керек.

Аударған: Қуаныш Омар

Редакция: ұстаз Алтай Беріш

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

20 Nov, 09:41


Сделайте наставление братьям которые распространяют в статусе или в группах переводы и при этом не отмечают источник и переводчика

https://sunnaqa.com/question/sdelajte-nastavlenie-bratyam-kotorye-rasprostranyayut-v-statuse-ili-v-gruppah-perevody-i-pri-etom-ne-otmechayut-istochnik-i-perevodchika/

🎙 Алтай Берiш

t.me/sunnaqa

“Насихаттар жинағы”

17 Nov, 06:21


“Алладан ешқашан үмітіңді үзбе”

🎙️ Қуаныш Омар

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

11 Nov, 11:52


Шейх Убейд Жәбири - Аллаһ оны мейіріміне алсын - айтады:

Сендерге айтар өсиетім:
қарапайым мұсылмандарға ерекше мән беріңдер. Егерде қарапайым мұсылмандар білім талапкерлерден мейірімділік, жылылық, кішіпейілділік, жомарттық және жайдарлылық тапса, оны жақсы көріп әрі онымен бірге болады. Егерде одан қаттылық, дөрекілік көрсе, шошып, өздері де аулақ кетіп, басқаларды да ол адамнан қайтарады.

Аударған: Қуаныш Омар

Редакция: ұстаз Алтай Беріш

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

01 Nov, 02:42


Шейх Ибн Баз (Аллаһ оны мейіріміне алсын) айтқан:

“Уайым мен қайғыны жоятын ең үлкен себептер:

1. Алланы көп еске алу,
2. Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту,
3. Құранды көп оқу.”

📙 فتاوى نور على الدرب - (1/333).

Аударған: Қуаныш Омар

Редакция: ұстаз Алтай Беріш

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

25 Oct, 13:55


Шейх Мұхаммад ибн Ғалиб - Аллаһ оны сақтасын - айтады:

Зұлымдықтың мағынасын тек қана мал-мүлік немесе ақшаны алып қою деп түсіну – бұл ұғымды тар қылып қою.

Зұлымдық бұдан да кең мағынада болады. Оның мысалдары:

• Қатты сөзбен біреуге зиян келтіру,
• Адамға психологиялық зиян тигізу,
• Жалған уәде беру,
• Орындауға ниеті болмаған келісім жасау,
• Сезімдермен ойнау,
• Уәжіптерді орындамау.

Зұлымдықтың – жалпы мағынасы:
Әр нәрсені өз орнына қоймау.

Шейх Мухаммад ибн Ғалибтың – Аллаһ оны сақтасын – ресми Х-парақшасынан

Аударған: Қуаныш Омар

Редакция: ұстаз Алтай Беріш

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

21 Oct, 11:34


« Егер Аллаһ сенімен болса, кімнен қорқасың, ал егер Аллаһ саған қарсы болса — кімге үміт артасың?»

Даналардың бірі бауырына жазған хатынан

📙 جامع العلوم والحكم ٣٥٣

Аударған: Қуаныш Омар

Редакция: ұстаз Алтай Беріш

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

20 Oct, 08:51


Сұрақ: Біздің елде кейбір жас бауырлар өз аудандары немесе аймақтарындағы бұрыннан жүрген бауырларға еліктеп, ғалымдармен байланыс жасамай жүргенін байқауға болады. Сосын бір фитна келген кезде, олар манағы бұрыннан жүрген бауырлардың нұсқаулары бойынша әрекет етеді. Бұған қатысты сіздің кеңесіңіз қандай?

Жауап: Сөзсіз, бұл жағдайда қателік жастардан емес. Себебі, жастар өздерінің алған сабақтары мен үйретілген іліміне сайкес қалыптасады.

Сондықтан сіздер, бұл қателікті байқап, жастардың соқыр ілесумен ғана тәрбиеленіп, ғалымдарға жүгінуді, олардың пәтуалары мен айтқандарын үйренбей жатқанын байқасаңдар, міндетті түрде оларды ескертіп, бұл мәселенің қауіпті екенін түсіндіруге міндеттісіңдер.

Сол жастарға бұрыннан келе жатқан бауырлар болсын немесе басқалары болсын, олардың білім ізденуші екенін түсіндіру керек.

Олардың бұрыннан дағуатпен айналысуы [діни мәселерде] тек соларға қайтара беріңдер деген мағынаны білдірмейді; немесе жаңа тақырыптар мен сауалдарда бұйырып, қайтарып, пәтуа бере алады дегенді білдірмейді.

Менің жастарға кеңесім ілімді ғалымдардан үйренсін.

Бұрыннан келе жатқан бауырлардың кейбіреулері ілім ізденушілердің қатарынан болмауы да әбден мүмкін; білім үйренбеген болуы мүмкін.

Олар туралықта болуы мүмкін. Бұның өзі бір артықшылық. Бірақ ілімнен алыс адам болулары мүмкін.

Егер олар нағыз ілімге жақын болғанда, жастарды тек өздеріне байламас еді; өздерінен басқа ешкім жоқ деп айтпас еді.

Бұл қате әрі теріс іс.

Бұл жағдайды түсінген адам міндетті түрде оны айыптап, жастарға дұрыс емес екенін ашық айтып, мән-жайды түсіндіруі міндет. Аһлисунна уәлжамаға үнемі діндар, сақалдары Сүннет қызыметінде ағарған,үлкен, білімдерінде нық тұрған ғалымдарға жүгінетінін баяндау керек.

Егер жастар осындай насихатты естісе, Аллаһ қаласа, олар пайдасын көреді.

Аударған:Қуаныш Қайсарбекұлы

Редакция:Алтай Беріш

“Насихаттар жинағы”

18 Oct, 15:39


Шейх Мұхаммад ибн Ғалиб - Аллаһ оны сақтасын - айтады:

«Жүрегіңнің дұрыстығына әрі тазалығына ерекше көңіл бөлсең, әр нәрседен ләззат табасың:

- намазыңнан ләззат табасың;
- туысқандармен араласудан ләззат табасың;
- көкірегіңнің кеңейгенін байқайсың;
- Раббың туралы ойыңның жақсарғанын байқайсың;
- басқа адамдармен қарым-қатынасыңның жақсарғанын сезесің;
- өзіңе күтімді қарап, жақсарғаныңды сезесің;
- бүкіл істеріңде жеңілдікке қол жеткізесің».

Сондықтан Аллаһтан тура жолды өтіп шығатын салихалы жүрек сұраймыз!

Шейх Мухаммад ибн Ғалибтың – Аллаһ оны сақтасын – ресми Х-парақшасынан

Аударған: Қуаныш Омар

Редакция: ұстаз Алтай Беріш

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

06 Oct, 14:42


Сахабалардың шәкірті Мухаммад ибн Сирин — Аллаһ ол кісіні мейріміне алсын — айтады:

"Расында, бұл білім — дін, сондықтан діндеріңді кімнен алып жатқандарыңды қараңдар".

Я барша мұсылман ерлер мен әйелдер! Мына сөз барлығымызға ескерту. Қолдан келгенше діннің негіздері мен тармақтарын білімінде, дінінде, түсінігінде бекемділігімен ерекше белгілі болған білім иесінен ғана алуға қатты тырысуымыз керек. Расында, бейтаныс немесе шариғи білімі жоқ немесе шариғи білім иесі бола тұра, жолдан тайған тұлғалардың сөздері [осы өсиетке амал жасамағандықтан] тарайды. Осындай сипаттағы адамдардан білім алынатын болса, үммет жік-жікке бөлінеді де, адамдар Аллаһ тағала разы болған таухид пен Сүннеттен бас тартып, бидағаттарға бағытталады. Па шіркін, Ибн Масғудтың керемет айтқан сөзін-ай: "Адамдарға білім сахабалар мен үлкен ғалымдарынан келсе, олар туралықта әрі ізгілікте болады, ал егерде білім жастарынан келсе құрдымға ұшырайды".

Ғәлләмә Убайд Джәбири (Аллаһ оны мейріміне алсын)

تكحيل العينين بشرح عقيدة الرازيين 35

Дайындаған: Қуаныш Омар

@muslimsnotes

“Насихаттар жинағы”

29 Sep, 07:34


TikTok пен YouTube-та білім тарату — Шейх Арафат Мухаммади

Сұрақ: TikTok арқылы уағыз айтуға болады ма? Және YouTube-тағы [білім үйренушілер мен ғалымдарымыздың] жазбаларынан пайда алсақ болады ма?

Жауап: Иә, еш күмән жоқ. Бұл әлеуметтік желілерді білім іздеуші пайдалана алады: білім таратып, сүннетті насихаттап, адамдарға ғұламалардың пәтуаларына сүйеніп пәтуа беріп, ғалымдардың дәрістері мен кітаптарын жеткізе алады.

[Жалғандық иелері] бұл платформаларды жамандықты, Аллаһқа серік қосуды, күпірлікті, күнәлар мен күдіктерді таратуға пайдаланып жатса, біз бұны [ақиқат таратуда] қолдануға лайықтырақпыз.

Бірақ білім іздеуші уақытын босқа өткізбейді.

Білім үйренуге мүмкіндігі болмаған бауырларымызды осындай қызыметте болуда Аллаһ себеп қылып, білімді, әрі сенімді үлкен ғалымдардың сөздерін, олардың кітаптарын таратуды жеңілдетер.

Ақиқатында, бұған ерекше мән беріп, ұмтылу қажет.

Аударған: Қуаныш Омар

Редакция: Ұстаз Алтай Беріш

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

24 Sep, 07:46


[Адамдардың жамандығы, саған қашан зиянды әсерін келтіреді?!]

Имам Ибн Са’ди (Аллаһ оны мейіріміне алсын) былай деген:

“Адамдардың саған жасаған жамандығы саған еш зиян тигізбейді, керісінше, оларға зиян болады! Бірақ егер сен оған қатты мән беріп, көңіліңді аударсаң, сол кезде ол саған да зиянын тигізеді, дәл оларға тигендей. Ал егер сен оған еш көңіл бөлмесең, онда ол саған ешқандай зиянын тигізбейді.”

‏[الوسائل المفيدة للحياة السعيدة صـ(٣٠)].
30-бет].

Қуаныш Омар

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

23 Sep, 23:47


{ Зухр (бесін) намазының алдындағы төрт ракағат, одан кейінде төрт ракағат намаз жайлы}

Анбаса ибн Әбу Суфян өлім халінде жатқан кезде қатты қорқынышқа түскен екен.

Сонда оған: «Бұл қорқыныш не үшін?» — деп сұралады.

Ол былай деп жауап береді:

«Мен апам Үмму Хабибадан - Аллаһ одан разы болсын - Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай дегенін естігенмін:

“Кімде-кім Зухр(бесін) намазының алдында төрт рәкәғат, одан кейін төрт рәкәғат намаз оқыса, Аллаһ оның тәнін отқа харам етеді.” Мен осы хадисті естігеннен бері, бұл намаздарды ешқашан тастаған емеспін».

Хадис дәрежесі: сахих, Ахмад 26764.

Шейх Арафат - Аллаһ оны сақтасын - пайдаларынан

Қуаныш Омар

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

23 Sep, 09:39


Шейх Арафат - Аллаһ оны сақтасын - айтады:

Қашан сен қате ойды дұрыс деп танытқың келсе, ең алдымен ғалымдардың абыройын төгуің керек.

Өзіңнің ойыңды кең тарату үшін, былай деуің керек: ‘Ғалымдар билік иелерінің саясатына қарсы тұра алмайды’.

Одан кейін: ‘Ғалымдар билік иелері не айтса, соны мақұлдайды!!! Оларда ешқандай күш жоқ.’ - дегендей

Бұл біздің ғалымдарымызды сөгу және олардың беделін түсіру болып саналады.”

@NasihattarJinagi

Қуаныш Омар

“Насихаттар жинағы”

22 Sep, 12:53


Имам Шафиғи - Аллаһ оны мейіріміне алсын - айтады:

Сахабалардан, табиғиндерден және олардан соң келгендердің барлығы бір ауыздан үзілді-кесілді келіскен, иман жайлы пікірлері: Иман дегеніміз - сөзбен айту, амал көрсету және ниет. Осы үшеуі әр кез бір-бірінен ажырамайды.

"عند اللالكائي في شرح السنة، البغوي في
شرح السنة، التمهيد لابن عبد البر"

@NasihattarJinagi

Қуаныш Омар

“Насихаттар жинағы”

21 Sep, 11:49


Имам, шейх Муқбил ибн Хади әл-Уадғи - Аллаһ оны мейіріміне алсын - былай деп кеңес берген:

“Мен бірінші өзіме және баршаға беретін насихатым – өздеріңізді біліммен айналысуға арнаңыздар. Дүниелік уайымдардың соңы жоқ, дүниелік мәселелерге алаңдамаңыздар. Егер біз соларға бас қатырсақ, біліммен айналысуға шамамыз келмес еді.”

[(21 لبشائر في السماع المباشر)]

Қуаныш Омар

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

21 Sep, 09:05


Некоторые исторические факты о маулиде

@altayberish

“Насихаттар жинағы”

21 Sep, 04:37


Хузейфа ибн Яманға - Аллаһ одан разы болсын - бір кісі келіп: мен мунафиқ болып кеттім ба деп қорқамын - деді.
Хузейфа оған: егер жалғыз қалсаң намаз оқисың ба?
Күнә жасап қойсаң кешірім сұрайсың ба? - деді.
Әлгі кісі: Ия - деп жауап берді.
Сонда, Хузейфа: болды бара беріңіз, Аллаһ сізді мунафиқтардан етпеген екен. - деп жауап берді.

"الترغيب والترهيب "

Мунафиқ дегенміз - екі жүзді адам. Яғни, сырттай мұсылманшылықты көрсетіп, іштей күпірлікте жүрген адам.
Аллаһ сақтасын екі жүзділіктен

@NasihattarJinagi

Қуаныш Омар

Абай Құнанбаев атамыз айтқандай:

Құйрығы – шаян, беті – адам
Байқамай сенбе құрбыға.
Жылмыңы сыртта, іші – арам
Кез келер қайда сорлыға.

“Насихаттар жинағы”

18 Sep, 11:53


Көрнекті сахаба Абдулла ибн Масғуд - Аллаһ одан разы болсын - айтады:

Ғалым бол немесе білім алушы бол немесе сол білімді тыңдаушылардан бол. Ешқашан төртінші санаттан болма, құрдымға ұшырайсын.

"كتاب العلم لأبي خيثمة"

Ғалымдар шархында айтады:

Абдулла ибн Масғудтың айтқысы келгені: адам егер ғалым болмаса немесе білім талап етуші болмаса тіпті ол білімді жәй ғана тыңдаушылардан да болмаса, түбінді білім иелерін жек-көріп ол адамнан небір жаманшылықтар келеді. Аллаһ сақтасын!

Қуаныш Омар

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

18 Sep, 10:57


Хишам ибн ‘Уруа әкесінен жеткізіп айтады:

Білім иесінен ең алыс адамдар, оның отбасы.

" كتاب العلم لأبي خيثمة "

@NasihattarJinagi

Қуаныш Омар

“Насихаттар жинағы”

17 Sep, 20:34


{Дәжжал діннің әлсіреуі мен білімнің азаюы кезінде шығады}

Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) айтты:

“Дәжжалдың есегінің құлағы жетпіс мың (адамды) көлеңкелейтін болады.”

Пайғамбардың (ﷺ) сахабаларының бірі айтты:

“Дәжжал есекке мініп шығады, лас нәрсеге мініп, өзі де лас.”

(Екі сахихтан алынған)
Ибн Аби Шәйбә (37502), (37503)

Шейх Арафат - Аллаһ оны сақтасын - пайдаларынан.

Қуаныш Омар

@NasihattarJinagi

“Насихаттар жинағы”

16 Sep, 11:31


Шейх Арафат - Аллаһ оны сақтасын - айтады:

Адамның көзіне қорқынышты нәрселер (жын немесе шайтан т,б) көрінсе, мына амалдарды жасасын:

1) 5 уақыт намаз оқуы керек
2) бақара сүресін күнделікті оқу
3) күнделікті зікірлерді жасап жүру
4) Аллаға дұға жасау
5) өзін-өзіне руқия жасасын немесе біреуден өтініш қылса да болады.
Егер осы нәрселерге жеңіл қарап, жасамай жүрсе түбінде жын оны өлімге алып баруы мүмкін болады. Осы амалдарды жасап жүрсе, жын кірген күннің өзінде-де оған зиянды әсерін бере алмайды.

Шейх Арафатпен болған сұрақ жауап.

13.09.2024 жыл

@NasihattarJinagi

Қуаныш Омар

“Насихаттар жинағы”

15 Sep, 00:52


Live stream finished (1 minute)

“Насихаттар жинағы”

15 Sep, 00:51


Live stream started

“Насихаттар жинағы”

10 Sep, 05:47


Абу Солих Закуан - Аллаһ оны мейіріміне алсын - айтады:

Мен мына дүниеден екі ғана нәрсені қалайтын едім: ақ киімнің екі данасы болса. Сол киіммен абу Хурайраның алдында отыру үшін (білім алып).

"كتاب العلم"

لأبي خيثمة

@NasihattarJinagi

Қуаныш Омар