SADAQ @kitaptaralemi_kz Channel on Telegram

SADAQ

@kitaptaralemi_kz


📌Қоғамдық-саяси жаңалықтар платформасы

https://sadaqmedia.kz

💡 Бейімбет Майлиннің «Ғалия» медресесінде (Уфа) шығарған «Садақ» қолжазба журналының реинкарнациясы.

📘Қазақ және әлем авторларының кiтаптары қосымша жүктеледі.

📍Жарнама: 87001117705

SADAQ (Kazakh)

САДАҚ - бұл Қоғамдық-саяси жаңалықтар платформасы, Қазақстан мен әлемдік авторлардың кітаптарын таныту мүмкіндігі бар телеграм көрмесі. Қазіргі уақытта, мына көрмес кітаптарды жүктеу мүмкіндігінен тапсыруға болады. Садақ сайты арқылы кітап қосуды таңдайды.

Бейімбет Майлиннің «Ғалия» медресесінде (Уфа) шығарған «Садақ» қолжазба журналының реинкарнациясы аталады. Осы журналда Қазақстан мен әлемнің авторларының ең жаңа кітаптары енгізіледі.

САДАҚ көрмесінде ұзақ уақыт айналған арнайы дайындықтар және қазақ тілінде немесе өзбек, түрік тілдерінде материалдар басылады. Бұл жерде кітаптарды табу, олар мен жаңа кітаптар жайлы хабарламалар алуға болады.

САДАҚ - осында Қазақстан мен шет мемлекеттердің авторларының ең танымал кітаптарына жол беріледі. Сұраушылар көрмеге кіріп, жаңа кітаптарды тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Егер сіз Қазақстандық авторлардың жаңа кітаптары жайлы хабарламалар алуға қызығушы болсаңыз, САДАҚ көрмесі сізге ыңғайлы екі жол табуға және оным сіздің мақсаттарыңызға сай барар ең танымал кітаптарға ие болуға жәрдем береді.

Садақ көрмесінің ретінде қазақ тілінде жаңа кітаптарды жүктеп алу үшін төмендегі сілтемелерден кері байланысыңыз:
📌 https://sadaqmedia.kz

САДАҚ көрмесінің жарнамасын шығаруға: 87001117705

SADAQ

13 Feb, 04:12


💼💼Рустам Баялиев ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

SADAQ

13 Feb, 04:08


💼Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.

SADAQ

10 Feb, 10:57


Бір маймыл Шри-Ланканың 22 млн тұрғынын жарықсыз қалдырды

Шри-Ланка астанасы Коломбоның оңтүстігінде қосалқы станцияда маймыл тоққа түсіп өлген. Тұйықталу салдарынан елдегі электрмен қамтамасыз ету жүйесінде ақау пайда болды.

🔴Бүгін жергілікті уақыт бойынша таңертең сағат 11-де өткен брифингте энергетика министрі Кумар Джайакоди елдегі блэкауттың себебін осылай түсіндірді.

BBC-дің хабарлауынша, оқыс оқиғадан кейін аралда электр беруді қалпына келтіру күні бойы жүргізілген. Ең алдымен медициналық мекемелер мен су тазарту станцияларына ток берілген.

SADAQ

07 Feb, 05:05


Түн ортасында тасжолдан 11 айлық сәби табылды

Мәскеу маңындағы Старориазанское тасжолындағы сәбиді Баха есімді көлік жүргізушісі байқап қалған. Бастапқыда баланы мысық немесе ит деп ойлап қалған жүргізуші оны айналып өтпек болады. Алайда сол мезетте оның кішкентай сәби екенін түсініп, жүрегі тоқтап қала жаздайды.

"Ер адам дереу тоқтап, бір қабат көйлекпен суықтан көгеріп кеткен баланы дереу көлігіне мінгізіп, көрпеге орап, барынша жылытқышты қосқан соң, полиция шақыртқан. Ең қорқыныштысы, баланы тасжолдан көтеріп алғанда артынша бірнеше жүк көлігі тасжол бойымен ызғытып өткен. Олардың нәрестені байқамай басып өтуі әбден мүмкін еді", - делінген хабарламада.

Толығырақ

SADAQ

05 Feb, 05:48


Зеленский Путинмен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты

Украина президенті бейбітшілік әкелудің жалғыз жолы осы болса, келіссөздер үстеліне отыруға дайынмын, дейді. Дегенмен ол Путинді бәрібір де жау санайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол енді Украина барлық аумақтарын қайтара алмайтынын және "нәтижесі белгісіз мақсат үшін миллиондаған адамды жоғалта алмайтынын" мәлімдеді.

SADAQ

05 Feb, 05:48


Трамп Газа секторын бақылауға алып, палестиналықтарды түгел көшіруді ұсынды

АҚШ палестиналықтарды Иордания, Мысыр сияқты елдерге түгелдей көшіруге дайын. Мұны президент Дональд Трамп Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуде мәлімдеді.

Трамптың ойынша, Газа Американың қол астына өтсе, онда экономикалық гүлденуге және мыңдаған жұмыс орнын ашуға жол ашылады. Тағы бір сөзінде Газаны «Таяу Шығыстың Ривьерасына» айналдыруға уәде берді.

SADAQ

05 Feb, 05:47


Елімізде электр дабылдар іске қосылады

Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру үшін 6 ақпанда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары іске қосылады.

🔴Төтеншеліктер тұрғындарға үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға шақырады.

ТЖМ хабарлауынша, 6-7 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынына қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші кезеңі өткізіледі.

📍Екі күнге созылатын профилактикалық іс-шаралар Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында ұйымдастырылады.

SADAQ

03 Feb, 12:56


❗️Израиль армиясы Дженин босқындар лагерінде 20 ғимаратты жарды

Мұны палестиналық ақпарат агенттігі хабарлап отыр. Дүмпуден бір госпиталь зақымданды. Алайда құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Дженин 1948 жылы Израиль мемлекеті құрылғаннан кейін басталған соғыс кезінде мыңдаған палестиналыққа пана болды. Қазір онда сол босқындардың ұрпақтары өмір сүріп жатыр.

SADAQ

03 Feb, 12:55


❄️Алдағы күндері минус 30 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде атмосфералық ағындардың ықпалымен қар жауып, боран соғады.

Ал
батыс аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болуы ықтимал.
Оңтүстікте күн ашық, ауа температурасы қолайлы болады.
Жалпы ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.

Түнде ауа температурасы төмендейді, батыста 8-13°C суық, солтүстікте, орталықта 13-21°C-қа дейін аяз, ал шығыста 15-30°C дейін қатты аяз болады.

SADAQ

30 Jan, 11:37


Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысатын болды

Бұл туралы президент Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінде айтты.

- Осы мүмкіндікті пайдаланып, Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путинге сәлемімді жеткізгім келеді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тойлау барысында кездесеміз деп үміттенемін. Мен шақыруды қабылдадым. Біз елде сол күндері шаралар жоспарлап қойғанбыз. Бірақ ол шараларды 7-8 мамыр күндері өткізіп үлгереміз деп ойлаймын. Сол шараларды өткізе сала Мәскеуге ұшып кетемін, деді президент.

SADAQ

30 Jan, 11:32


❗️ Вашингтондағы өзеннен 18 адамның мәйіті шығарылды, олар жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақтың соқтығысуы салдарынан қаза тапқан. Бұл туралы CBS телеарнасы полицияға сілтеме жасап хабарлады.

🚁 Вашингтон маңында жолаушылар ұшағымен соқтығысқан әскери тікұшақ АҚШ астанасынан 40 км қашықтықтағы базаға бет алған, деп мәлімдеді Пентагон.

SADAQ

30 Jan, 11:08


📉 1 ақпаннан бастап сұйытылған газ бағасы өседі

Энергетика министрлігі ел аумағындағы автогаз құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітті.

SADAQ

30 Jan, 11:07


🗣СІМ АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады

АҚШ-та жүрген 369 қазақстандық азаматтың ұсталып, депортацияланатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев хабарлады.

Дегенмен, вице-министр Америкаға заңсыз жүргендерге өз еркімен шығуы туралы ескертілгенін айтты. Ал бұл мүмкіндікті пайдаланбайтындар үшін мәжбүрлеп депортациялау тетігі қолданылуы мүмкін.

Ал мәжбүрлі түрде шығарылғандарға болашақта Америкаға сапарлауы қиынға соқпақ.

SADAQ

30 Jan, 04:33


🛩Вашингтонда шағын ұшақ өзенге құлады

АҚШ астанасы Вашинтонда Потомак өзеніне шағын ұшақ құлады.
Ұшақ апаты Ақ үй мен Капитолийден 4 шақырым жердегі Рональд Рейган атындағы әуежайдың маңында болған.

Әуе көлігі қонуға бет алған кезде тікұшақпен соғысып қалды.

Sikorsky U-60 әскери тікұшағының бортында үш адам болған.

Қазір катерлер мен тікұшақтар оқиға орнында құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады.

American Airlines әуе компаниясының мәліметінше, құлаған ұшақ бортында кемінде 60 жолаушы болған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

SADAQ

28 Jan, 07:35


🔸Президент қазіргі таңдағы мәселелерді атады


🔹
Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін.

🔹
Климатқа байланысты ұстанымдар да үлкен өзгеріске ұшырайтын болды. Мұндай жағдайда «жасыл энергетиканы» дамыту тәсілдерін қайта қарауға тура келеді. Бір жағынан, дәстүрлі қуат көздеріне деген сұраныс сақталады. Екінші жағынан, бұл мұнай, газ және көмір бағасының тұрақсыздығына әкеп соқтырады.

🔹
Қаржы саласында криптовалюталар мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек. Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек.

🔺Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

SADAQ

27 Jan, 09:31


Черчесов Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы қызметінен түгел кетеді. Ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің кандидатурасы қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын 2024 жылдың маусым айынан бастап басқарды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 кездесу өткіздіү

Бұған дейін, Станислав Черчесов бірнеше рет қазақ тіліне қатысты дауға қалған еді. Тіпті қазақ тілінде сауал қойған журналисті келемеждегені үшін 738 мың теңге айыппұл арқалаған.

SADAQ

24 Jan, 11:38


Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 45,8 млрд долларға жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады.

Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытынды есебі мен 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспарын баяндады.


🔂2024 жылдың қорытындысы бойынша инфляция Ұлттық банктің болжаған шегінде қалыптасқан, яғни 8,6% пайызды құраған.

🔂Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 45,8 миллиард долларға жетіп, 27,4 пайызға ұлғайған.

❗️Мемлекет басшысы инфляцияны тежеп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Үкімет макроэкономикалық саясатты үйлесімді жүргізуі қажет екенін атап өтіп, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

SADAQ

24 Jan, 11:01


🎄Семейдегі мұғалімнің ісі: қала әкімінің орынбасары күдікті деп танылды

Қалалық шыршаны безендіріп жатқанда жарақат алған мұғалімнің ісі бойынша қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев күдікті деп танылды. Шенеунікке қатысты тергеу 27 желтоқсанда басталған.

Жалпы шыршаны безендіруге барлығы 5 адам шыққан. Оларды осы жұмысқа заңсыз тартқан мектеп директорларына сөгіс жарияланды. Ал білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

SADAQ

24 Jan, 06:23


«Атырауда қарт әжейді мысықтар жеп қойды»: Полиция мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде Атырауда жалғыз басты егде жастағы әйелді пәтерінде өзінің мысықтары жеп қойған деген ақпарат тарады.

Бейнежазбада Атырауда қарт, жалғызбасты әйелдің өзінің пәтерінде қайтыс болып, оның денесін мысықтар жей бастағаны айтылған. Алайда...

SADAQ

23 Jan, 06:31


Ердоған көз жасына ерік берді: Түркияда қонақүйдегі өртте бір отбасының 14 адамы көз жұмды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Болу қаласындағы Карталкая тау-шаңғысы курортында өрттен қаза тапқан Гюльтекин отбасын жерлеу рәсіміне қатысты.

Рәсім Болу орталық мешітінде өтті. Ердоған қайғыларына ортақтасып, қаза болған марқұмдар үшін дұға жасады.

"Алла Тағала оларға мейірімділік танытса екен деп дұға етемін. Олардың рухтары шейіттердің рухымен бірлікте болады деп сенемін. Жүрегіміз бос, қайғымыз үлкен. Жатқан жері жәннатта болсын", — деді Ердоған.

ТОЛЫҒЫРАҚ

SADAQ

22 Jan, 08:44


🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

📌Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

SADAQ

22 Jan, 08:43


🇹🇷Түркияда бір күндік қаралы күн жарияланды

Түркиядағы тау-шаңғы шипажайындағы өртке байланысты 22 қаңтар аза тұту күні деп жарияланды. Соңғы мәлімет бойынша оқыс оқиғадан қаза тапқандар саны 76-ға жетті.

Өрттің шығу себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу амалдары басталып,
9 адам ұсталды.

SADAQ

20 Jan, 12:19


Әскерде жүріп мүгедек болған Ербаян Мұхтар өз күшімен тамақ жей бастады

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Стамбұлда емін жалғастырып жатыр. Құқық қорғаушы Инга Иманбай Ербаянның денсаулығына қатысты соңғы жаңалықтарды бөлісті.

Оның айтуынша, емдеу процесі оң нәтижелер беріп жатыр әрі дәрігерлердің болжамы жақсы. Бұрынғы сарбаздың басына ота сәтті жасалып, инфекциядан толық айыққан. Оның өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер байқалған.

Катетері мен мұрнындағы зонд алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады. Дәрігерлердің болжамы жақсы, бірақ толық оңалуға әлі уақыт керек. Емі Стамбұлда жалғасып жатыр, - дейді Инга Иманбай.

SADAQ

20 Jan, 12:16


Сот Әсем Жәпішеваны 15 күнге қамауға алды

Ол бүгін Алматыда Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп, пикетке шыққан. Журналист қолына "Сатира – қылмыс емес" деген жазуы бар плакат ұстаған. Оны полиция үш минут ішінде ұстап әкеткен еді.

Жәпішева сот шешіміне келіспейді. Адвокаты апелляциялық шағым түсірмек. Журналиске бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды, деген айып тағылған.

SADAQ

20 Jan, 11:49


Қазақстанда енді мемлекет қаржыландыратын барлық фильм қазақ тілінде түсіріледі

Бұл туралы премьер-министрдің депутаттарға берген жауабында жазылған. Бектенов алдағы 10 жылға «Қазақ киносының даму стратегиясын» әзірлеу мәселесі қолға алынғанын, жалпы салаға реформа жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Мемлекет қолдауымен түсірілетін барлық фильмдер қазақ тілінде түсіріледі және прокатқа екі тілде шығады.

Статистикалық деректер бойынша, 2024 жылы прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі 19 %-ға жеткен (2023 жылы 16 %). Бұл қазақ тіліндегі контентке сұраныстың арта түскенін көрсетеді, – делінген жауапта.

SADAQ

20 Jan, 07:45


🗣Газа секторында атыс тоқтап, тұтқын алмасу басталды

Газа секторында атысты тоқтату туралы ымыра күшіне енді. Хамастың кепілдігіндегі израильдіктер арасынан 3 әйел босатылып, үйіне оралды.

Израиль де түрмеден 90 палестиналықты босатқан.

Хамас-Израиль соғысы 2023 жылы қазанның 7-сінде басталды. Содан бері Израильдің шабуылынан Газада 47 мыңдай адам қаза тапты. Соғыстың аяқталуы Израиль мен Газада үлкен мерекеге ұласты.

SADAQ

20 Jan, 07:43


Пикетке шыққан тағы бір журналисті полиция ұстап әкетті

QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекті қолдап пикетке шыққан Әсем Жәпішеваны полиция көшеде 3 минут та тұрғызбаған.

Бұған дейін, 17 қаңтарда Qaznews24 қоғамдық сатиралық парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебектің үйінде тінту жүргізілген еді. Кейіннен ол 2 айға қамауға алынған.

Полиция 19 қаңтарда қамауға алынған белсенді Темірлан Еңсебекті қолдап пикетке шыққан журналист Рус Бикетовті ұстап әкеткен.

SADAQ

17 Jan, 11:26


16 жастағы қазақ футболшысы ағылшынның «Челси» клубына ауысты

Алматылық «Қайрат» футбол клубының жас ойыншысы англиялық «Челсидің» ойыншысы атанды.

Meta-ratings-тің мәліметінше, лондондық клуб соңғы әрі нақты шешім қабылдады. «Қайрат» пен «Челси» арасындағы ауысу келесі апта орындалады.

Айта кетейік, Дастан Сәтбаев небәрі 16 жаста. Былтыр мамыр айында ол Қайрат сапында оралдық «Ақжайыққа» қарсы алғашқы матчын өткізіп, ҚПЛ тарихындағы ең жас ойыншы атанған болатын.

SADAQ

17 Jan, 06:53


«Телефондарыңыздағы азанның дауысын қарапайым музыкаға ауыстырыңыздар» - Нұрлан имам

Астанадағы «Ырыскелді қажы» атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы телефонмен дәретханаға кіретіндерді сынға алды.

Ол азанның дауысын стандартты музыкаға ауыстырып қою мәселесін көтерді.

«Телефондарыңыздағы азанның дауысын қарапайым музыкаға ауыстыруларыңызды сұраймын. Біз телефонды телефон сияқты қолданбаймыз. Осы отырған бәріміз телефонды алып, бәріміз дәретханаға кіреміз. Ең жақсы жер сол жер ғой өзі. Тып-тыныш отырып, шұқылайсың. Дәретханада оқыған қызық. Оқитын ешнәрсе таппағанның өзінде дәретхана қағазын қолға аласың. Қала берді иіс шығаратынды оқисың. Қайдан шыққанын, ішінде не барын оқисың. Сөйтіп H2O-ны жаттап аласың. Енді азанның дауысы дәретханада шықса, бұл масқара дүние ғой. Сондықтан азанның дауысын басқа дауысқа ауыстыру керек», - дейді Нұрлан имам Байжігітұлы.

SADAQ

17 Jan, 06:51


«Отбасымызбен түгел жол апатына ұшырадық»: Бауыржан Исламханның әйелі қазіргі жағдайын айтты

Танымал футболшы Бауыржан Исламханның жанұясы жол апатына ұшырап, аман қалды.

Бұл туралы футболшының жары әлеуметтік желіде бөлісті. Апат осыдан бір ай бұрын желтоқсанда Тараз-Шымкент тасжолында болған.

"16.01.2025. Өмірге деген көзқарасымды өзгерткен оқиғадан кейін міне бір ай. Бөліссем бе екен, бөліспесем бе екен деп ұзақ ойландым. Бәрі мені қайда жоғалып кетті деп сұрап жатыр. Көбіне демалуға бір жаққа кеткенде немесе өмірімде бәрі ғажап сәттерге толғанда осылай желіге ештеңе жүктемей кететінмін. Бірақ бұл жолы емес", - деп жазды футболшының жары.

SADAQ

17 Jan, 06:47


Шымкентте алаяқтар қаңғыбастардың атына несие рәсімдеген

Шымкентте қылмыстық топ үй-күйі жоқ, көшеде жүрген азаматтардың атына несие рәсімдеп, 22,8 миллион теңге қаржыға қол жеткізген.

Олар қаңғыбастардың жеке деректерін пайдаланып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке кәсіпкерліктерге тіркеп, 2021 жылдан бері алаяқтық әрекеттер жасаған.

SADAQ

17 Jan, 05:00


💫Аспанда жарылған Starship ғарыш кемесін тұрғындар әдемі отшашуға ұқсатты

SpaceX компаниясы сынақ ұшырылымы кезінде жаңа Starship зымыранының жоғарғы бөлігінен айырылып қалды. Алайда зымыранның аса ауыр үдеткіш бөлігі жерге сәтті қонды.

«Қазіргі уақытта ғарыш кемесінен айырылып қалғанымызды мәлімдейміз», - деді компанияның өкілі.

Starship-тің жоғарғы бөлігі үдеткіштен сәтті ажырады. Жоспар бойынша ол Техастан ұшырылғаннан кейін бір сағаттан соң Үнді мұхитына құлауы тиіс еді. Алайда Тынық мұхиты үстінде Кариб теңізі маңында әуеде жарылып кетті.

SADAQ

16 Jan, 11:28


«Сендерді қарғысқа ұшыратам!»: Бекболат Тілеухан Ғарифолла Құрманғалиевтің немересін қарғаған

Бекболат Тілеуханның өзім шығардым деп орындап жүрген "Елім менің" әні Құрманғалиевтің әні болып шықты. Ән туралы Құрманғалиевтің немересі, өнер ғылымының кандидаты Меруерт Санатқызы мәлімдеме жасады.

"Бекболатпен консерваторияда бірге оқыдық. Біздің үйге емін-еркін кіріп, атамның архивін ақтарып жүретін. Бірақ біз оның арам ойы бар екенін білмедік. Ол сол кезде әннің нотасын ұрлап алып кеткен екен. Кейін жұбайым екеуміз атамның мерейтойына орай оның архивін қарап отырғанда, осы әнге кезіктік. Жұбайым дереу: "Ой, мынау таныс ән ғой" - деді. Қарасақ, бүгінде Бекболат орындап жүрген "Елім менің" деген ән. Тура айна-қатесіз. Бұл әнді Ғарифолла атам ертеде шығарып, орындап, бірақ халыққа таратуға мүмкіншілігі болмаса керек", деді ол.

Толығырақ

SADAQ

16 Jan, 11:21


«Көп мақтай бермей...»: Жигули Дайрабаев Төрағаны мақтаймын деп сөз естіді

Парламент отырысында депутат Жигули Дайрабаев Мәжіліс төрағасын орынсыз мақтаймын деп сөз естіп қалды.

«Президенттің депутаттардың жұмысына жоғары баға бергені – құрметті Ерлан Жақанұлы, сіздің мүлтіксіз беделіңіздің арқасы екені сөзсіз. Сол үшін сізге алғысымызды білдіреміз…», — деп сөйлеген депутаттың сөзін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бөліп жіберген.

«Сауалыңызды жолдасаңызшы, көп мақтамай», — деді Мәжіліс төрағасы.

SADAQ

16 Jan, 04:27


⚡️Петропавлда стадион аумағында өрт шықты

Петропавл қаласында Сәтбаев көшесінің бойындағы стадион маңында өрт шықты. Жоғары дәрежедегі шақыртуға барған өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп жатыр.

ТЖМ-ның хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Соңғы мәлімет бойынша гараж жанып, өрт ангар типті жабық манежге ауысқан.
Қазір қанша аумақты жалын шарпығаны нақтыланып жатыр.

SADAQ

16 Jan, 02:06


Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді

Таяу Шығыстағы ұзаққа созылған қақтығыс тағы да бір үзіліске жетті – Израиль мен ХАМАС тараптары атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Келісімнің нақты шарттары мен мерзімдері жария етілмегенімен, басты мақсат – халықтың зардап шегуін тоқтату және гуманитарлық жағдайды тұрақтандыру.

SADAQ

15 Jan, 12:06


✍️«Алматы-Өскемен» автожолында тралдан танк құлап, полиция көлігін басып қалды

Оқиға сағат 13:40-тар шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының оңтүстік бағытының 56-шақырымында болды.

«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, «Цзефан» автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан келе жатқанда тралдан екі әскери техниканы құлатып алды.

Екі «МТ-ЛБ» жол үстіне түсіп, біреуі еріп келе жатқан «Ssang Yong Actyon» автокөлігіне соғылды.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

SADAQ

11 Jan, 07:17


Белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы 95 жасқа қараған шағында қайтыс болды

Қаралы хабар жайлы бүгін М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Facebook парақшасында жазды.

SADAQ

10 Jan, 06:48


Тоқаев жазушы Мұхтар Мағауиннің жақындарына көңіл айтты

– Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.

SADAQ

10 Jan, 05:10


💬 Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден озды

10 қаңтарда 84-ке қараған шағында жазушы, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауин қайтыс болды. Жазушының дүниеден өткенін оның ұлы Едіге Мағауин желідегі парақшасында хабарлады.

Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)" деп жазды Едіге Мағауин.

SADAQ

06 Jan, 06:35


💼Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ол 2022 жылғы тамыздан бері Түркістан облысын басқарған. Оған дейін Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болған.

6 қаңтарда Түркістан облысының мәслихаты жаңа облыс әкімін тағайындауға келісім береді.

SADAQ

06 Jan, 06:34


Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Бұған дейін Дархан Сатыбалдының орынбасары болған.

SADAQ

04 Jan, 10:58


Талдықорғанда үй толығымен өртеніп, отбасы мүшелері жаппай жансақтау бөліміне түсті

31 желтоқсанда екі қабатты үйде газ жарылған. Салдарынан ер адам мен әйелдің денесін 98% күйік шалған. Ер адам мерт болды.

Ал төрт баласы мен әйел комада жатыр.

SADAQ

03 Jan, 12:04


⚡️Астана-Петропавл тас жолындағы оқиғаға қатысты «ҚазАвтоЖол» мәлімдеме жасады

3 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты Астана-Петропавл республикалық жолының 18-232 км учаскесінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

95 көліктің қатысуымен жол апаты орын алған.

«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, қазір жолдың бір жолағы тазартылып, көліктер жүре бастады. Тасжол барлық көліктер үшін жабық.

SADAQ

03 Jan, 11:51


⚡️Астана-Петропавл тас жолында жаппай жол апаты болды

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Полицияның мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 13:30-да Біржан сал ауданындағы Қоғам – Қаратал ауылындағы жолда болған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 40-қа жуық көлік соқтығысқан.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

SADAQ

31 Dec, 19:52


🎄Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады

SADAQ

31 Dec, 19:16


🎄Жаңа жыл құтты болсын!

SADAQ

31 Dec, 06:23


🎆Астанада жаңажылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады

Отшашу ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады. Сол сияқты жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, "Қазақ елі" монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңажылдық мерекелік концерттер өтеді.

SADAQ

31 Dec, 06:18


Оңтүстік Корея соты биліктен уақытша шеттетілген ел президенті Юн Сок Ельді тұтқындауға ордер берді

Бұл туралы 31 желтоқсанда Reuters агенттігі елдегі тергеу органдары мен жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасына сүйеніп хабарлады.

🇰🇷 Yonhap агенттігінің дерегінше, бұл – Оңтүстік Кореяның конституциялық тарихында биліктегі мемлекет басшысын тұтқындауға ордер берген алғашқы жайт. Агенттіктің мәліметінше, тінту жүргізуге де ордер берілген. Таяу арада прокуратура президентті тұтқындау туралы қаулыны орындауға кіріседі деген болжам бар.

Deutsche Welle сайтының жазуынша, "бүлік жасамақ болды" және "билікті асыра пайдаланды" деп күдікке ілінген президент Юн Сок Ель тергеуге үш рет шақыртылса да бармай қойған.

SADAQ

29 Dec, 06:59


Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты. 181 адамның тек екеуі тірі қалған: олар кімдер

Оңтүстік Кореядағы жергілікті басылымдардың хабарлауынша, аман қалған екі адамның бірі жолаушы, екіншісі экипаж мүшесі. Екеуі де ұшақ құлап, қоршауға соғылған кезде әуе кемесінің артқы бөлігінде отырған. Екеуі де ауруханада жатыр. 

Ұшақта болған азаматтардың көбі, нақтырақ айтқанда 173-і Оңтүстік Кореяның азаматы.
Екеуі Таиланд азаматы.

Корея телевидениесі ұшақ қоршауға соқтығысқаннан кейін қалай жарылғанын көрсетті. Отқа оранған ұшақ екіге бөлініп кеткен.

Толығырақ

SADAQ

29 Dec, 06:58


❗️Оңтүстік Кореяда да ұшақ апатқа ұшырады

Бангкоктан қайтып, Муан әуежайына қонғанда, ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған.

Бортта 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. 2 жолаушы ғана таиландтық, қалғандары - Корея азаматтары.

SADAQ

28 Dec, 14:13


⚡️Путин Ақтау маңындағы ұшақ апаты үшін Әлиевтен кешірім сұрады

Владимир Путин қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Жолаушылар ұшағы Грозныйға қонуға бірнеше рет әрекет жасаған. Бұл кезде Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық жауынгерлік пилотсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс берген.

Ресейдің Тергеу комитеті “Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу” бабы бойынша іс қозғаған.

SADAQ

27 Dec, 12:14


Ұшақ апаты: «Қара жәшікті» оқуға екі апта уақыт кетеді

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтауда өткен үкіметтік комиссияның баспасөз мәслихатында журналист сұрағына осылай жауап берді.

«Ертең мамандар келеді, қара жәшікке не істеу керегі бойынша солар шешім қабылдайды. Тәжірибе бойынша оған арнайы құралдар керек. Жеткізілетін уақытты алып тастасақ, оны зерделеп шығуға орташа есеппен екі аптадай уақыт керек», - деді ол.

SADAQ

26 Dec, 16:39


Желіде Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарады

Кадрлардан қыздың әзірбайжандық делегацияны көріп еріксіз жылап жібергенін байқауға болады.

Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, стюардессаның аты-жөні Айдан Рахимли. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Айдан - Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан, бірақ Ақтаудан үш шақырым жерде құлаған ұшақтан аман қалған 29 адамның бірі. Стюардессадан бөлек, тағы бір экипаж мүшесі аман қалған.

SADAQ

26 Dec, 16:39


✈️Ұшақтың екінші «қара жәшігі» табылды

Бұл туралы Ақтауда Үкіметтік комиссия мүшелері журналистерге брифингте айтылды.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәлімдеуінше, қазір ведомствоаралық жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

📍Соңғы мәлімет бойынша, ұшақ жағалау сызығына қарай бұрылғаны анықталды. Сағат 11.28-де экипажбен байланыс үзіліп, ұшақ жерге құлаған.

SADAQ

26 Dec, 09:47


💬Баку әуежайына ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алуға арналған стенд қойылды

Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Ақтау қаласының маңында ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алуға арналған мемориалдық стенд орнатылды. Бұл туралы «Azerbaijan Airlines» (AZAL) жазды.

Қалалықтар мемориалдық стендке гүл шоқтарын қойып, қайғылы оқиға құрбандарының рухына тағзым етіп жатыр.

SADAQ

26 Dec, 09:43


Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып қайта сайланды

Бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасы ұсынылды.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат кандидатураға бірауыздан дауыс беріп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына қайта сайлаған.

Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына екінші рет сайланып отыр. Ол алғаш бұл қызметке 2020 жылдың 7 ақпанында сайланған.

SADAQ

25 Dec, 23:37


✈️Ақтауда ұшақ апатында қаза тапқан қазақстандықтар

ТЖМ Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Сәндібек Екібайұлы Төлесінов 1988 жылы 16 қарашада Маңғыстау облысында туған, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.

Бауыржан Жұмабайұлы Жұмағұлов 1985 жылы 30 қыркүйекте Маңғыстау облысында туған, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.

Галина Растамбековна Махсудова 1978 жылы 12 қаңтарда Маңғыстау облысында туған, Ақтау қаласының тұрғыны.

Гауһар Жұмағатқызы Шаймерденова 1975 жылы 17 шілдеде Алматы қаласында туған, Астана қаласының тұрғыны.

Шаймерденова Гауһардың ұлы Эльдар Жұмағат 2013 жылы 23 тамызда туған, Астана тұрғыны.

Сәлима Аманжолқызы Жұтаева 1995 жылы 21 ақпанда Қостанай облысында туған, Қарағанды қаласының тұрғыны.

SADAQ

25 Dec, 11:40


✈️Ақтауда 29 жолаушы ауруханаға жатқызылды

ТЖМ-ның хабарлауынша, осы сағатта ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылған.

Авариялық-құтқару жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

Қазір қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімі нақтыланып жатыр.

Фото: ҚР ТЖМ

SADAQ

25 Dec, 11:13


💐Астанада Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Елшілігіне көңіл айтып келген жұртшылық гүл шоқтарын қойып жатыр

Ғимарат Анатолий Храпатый көшесінің (№4-үй) бойында орналасқан.

SADAQ

25 Dec, 11:09


🛩🛩Ақтауға Әзербайжанның арнайы комиссиясы келді

Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты Әзербайжан Республикасында құрылған арнайы комиссия өкілдері Маңғыстау облысына келді. Делегацияға Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі жетекшілік етеді.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәудет Қилыбай мен Әзербайжан үкіметінің өкілдері
құтқару операциясы аясында жасалатын тиісті шараларды пысықтады.

🔗Облыс әкімі зардап шеккен жолаушыларға
қажетті көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

SADAQ

25 Dec, 07:11


📍Ақтаудағы ұшақ апаты: тірі қалғандар бар

Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы жетті.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар.

📍ТЖМ Командалық орталығында жедел ШТАБ құрылды.
☎️Сенім телефоны: 8/7292/ 319-099

SADAQ

25 Dec, 07:04


Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады

Болжам бойынша, бұл Әзірбайжан авиакомпаниялары Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ.

Қазақстанның жедел қызметі ақпаратты растады.

SADAQ

08 Dec, 06:33


🇰🇿Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.

SADAQ

08 Dec, 06:32


🇰🇿 Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді

🇮🇪 UFC 310 турнирі аясында отандасымыз ирландық Иен Гэрриге қарсы жекпе-жек өткізіп төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

🇰🇿 Кездесу 5 раундқа жоспарланып, нәтижесінде Шавкат Рахмонов айласын асыра алды.

📌 Бұл Ш.Рахмоновтың алғаш рет 5 раундқа созылған жекпе-жегі.

SADAQ

06 Dec, 11:38


Астанада LRT-ның алғашқы рельсі төселді

Астанада LRT-ның №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 метрін төсеу аяқталды.

Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды және оның бүкіл ұзындығына қос жол салынады.

Бұл пойыздардың жүруін, оларға қызмет көрсетудің және жөндеу жұмыстарын орындаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

SADAQ

04 Dec, 09:44


Оңтүстік Кореядағы елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады

Е
лшілік қазақстандықтарды сабырға шақырып, бұқаралық шараларға қатыспауды сұрады.

Елшілікке мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:

+82-10-6572-9311

Оңтүстік Кореяда бүгін таңертең президент аппараты түгелдей отставкаға кетті. Сеулде президенттің өзінің отставкаға кетуін талап еткен шерулер жалғасып жатыр.

Парламентте оппозиция өкілдері президент өз еркімен отставкаға кетпесе, импичмент рәсімін бастаймыз деп отыр.

SADAQ

03 Dec, 11:36


Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Әнет баба көшесі бойындағы тұрғын үйден шыққан жалынды сөндіріп жатыр.

Сол жағалаудағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінің 7-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз бен үй заттары жанған.

ТЖМ қызметкерлері түтінді аймақтан баспалдақ арқылы 6 адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

SADAQ

02 Dec, 15:26


⚡️Маңғыстау облысында жер сілкінді

Магнитудасы 4,2 балл жер сілкінісі тіркелді.

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі сағат 14:48-де 10 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулерін Түпқараған ауданы, Таушық ауылының тұрғындары сезді.

SADAQ

28 Nov, 09:23


Жаңа жыл қазаққа қажет пе?

Кеңес Одағында санамызға жақсылап тұрып сіңірген «Жаңа жыл», «Аяз ата» ұғымдары санамызға сіңгені сонша тәуелсіздік алып, қазақи салт-санамызға, дініміз бен тілімізге көшейік десек те қыр соңымыздан қалмай келеді. Тәуелсіздік мерекесінен бұрын шырша тігіп тастайтын біздің әкімдер де балалық шағын сағына ма? Әйтеуір тәуелсіздік күнін бір сағатта апыл-ғұпыл өткізе салып, шырша айналып жүгіріп жүреді.

Ресей Аяз атасына «Ертегі елінің еңбек сіңірген қайраткері» атағын беріпті. Біз «Қызыр ата», «Қожанасыр», «Тазша бала», «Алпамыс батыр», «Қобыланды батырларға» қашан атақ береміз?

Толығырақ

SADAQ

28 Nov, 05:54


🧕Мектепте орамал тағуға тыйым салынды – сот шешімі

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты мектепте орамал тағуға қатысты ішкі тәртіп ережелері ісін қарады.

«Білім туралы» Заң мен мектептің Жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Әртүрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді», - делінген соттың қорытындысында.

Толығырақ

SADAQ

27 Nov, 15:50


Тасмағамбетов: ҰҚШҰ Ресейдің «Орешникті» пайдалану тәжірибесін зерттейді

ТАСС ақпараттық агенттігінде ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың сұхбаты шықты. Сұхбатта ҰҚШҰ-ның ең қауіпті бағыттарының бірі оңтүстік шекаралар әсіресе, Ауғанстан екенін айтылды.

«ҰҚШҰ қарауына ұсынылатын құжаттар арасында мен Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасын нығайту бойынша ҰҚШҰ-ның арнайы бағдарламасын ерекше атап өтер едім. Ауғанстанда қауіпсіздікке және тұрақтылыққа қатер төндіретін бірқатар көздер әлі де бар екенін бәріміз жақсы білеміз», — деді Тасмағамбетов.

Сұхбаттың негізгі бөлігі Украинадағы соғысқа арналды. Ресейдің «Орешник» жүйесін қолдануына байланысты Тасмағамбетов былай деп жауап берді.

«ҰҚШҰ қазіргі заманғы қарулардың қолданылуы мен сынақтан өткізілуін және даму перспективаларын зерттейді. Сонымен қатар, біз Ресейдің жаңа зымыран жүйесін сынақтан халықаралық жағдайда мәжбүр болғанын да бірге талдаймыз. Осы жағдайдың ықтимал даму сценарийлерін де зерттейміз», деді ол.

SADAQ

27 Nov, 13:25


🇰🇿🇷🇺Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

✔️Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

SADAQ

27 Nov, 11:10


«Мәһр имамдар үшін халықтан ақша сорудың тетігі ғана» - белсенді

Мүфтият мәһрді жойған жоқ, жоймайды да. Қайта мәһрді жаңаша тағы бір жарнамалады. Себебі, мүфтият имамдары үшін мәһр халықтан ақша сорудың тетігі. Өліп кетпесе, одан мүфтият айырылмайды, - дейді оқырман.

Сіз не ойлайсыз?

Толығырақ

SADAQ

22 Nov, 11:43


«Дұрыс түсінбедіңіздер, мәһр жойылған жоқ!» - ҚМДБ өкілі

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы мәһр мен қалыңмалға қатысты пәтуаны түсіндіріп берді.

Жігіт жақтан берілген қалыңмалды қыздың артынан жасау қылып жіберетін болса, қыз осы жасауды мәһр ретінде қабылдауға келісім берсе, сол жіберілген жасау мәһр болып есептелінеді. Бірақ ол мәһр болып есептелінуі үшін қыздың ризалығы керек. Сондықтан ҚМДБ мәһрді жойып жіберген жоқ, дініміз бен дәстүріміздің ұштасқан көрінісін қайтадан жаңғыртты", - деді Елбек Тасболатұлы.

Толығырақ

SADAQ

21 Nov, 21:40


⚡️Мемлекет басшысы әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тапсырма берді

Президент Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.

Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

SADAQ

21 Nov, 12:31


🎄Қазақстандықтар 2025 жылдың 1-4 қаңтарында демалады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.

SADAQ

21 Nov, 12:31


«Сағаты - 100 миллион теңге»: Тұрсын Алагөзовтің бір күндік образы қанша тұрады?

Қазақстандық блогер Жансая Махабаева әлеуметтік желідегі парақшасында продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі, белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтың бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді.

Оның қолындағы сағаты Patek Philippe брендінен, толықтай алтыннан жасалған, бағасы - 100 миллион 453 мың теңге.

Толығырақ

SADAQ

20 Nov, 11:31


Павлодар тұрғыны тірідей жанып кетті

Павлодарда өрт сөндірушілерге таңғы уақытта жеке тұрған ғимараттың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Құтқарушылар қызыл жалынды сөндіріп, оқиға орнынан ер адамның мәйітін алып шықты.

Оқыс оқиға Бекмаханов көшесіндегі жеке ғимаратта болды.

SADAQ

20 Nov, 11:29


«Дариғаны мақтап, «ескіні аңсау» белең ала бастады» - депутат

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ескі Қазақстан, соның ішінде Дариға Назарбаева туралы мәлімдеме жасады.

Ол депутаттық сауалын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа, ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаеваға жолдады.

Депутат Бапи жуырда Республикалық фермерлер форумындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтірді: "Бүгінде әлеуметтік желілерде әдемі өмір сүру мен оңай олжа табу туралы жарнамалар көбейіп кетті. Бұл халықтың санасына барлық жетістікке қиналмай қол жеткізуге болады деген бос қиялды сіңіреді. Жастардың белгілі бір бөлігі соған сеніп, алтын уақыттарын босқа сарп етіп жатыр".

SADAQ

20 Nov, 11:28


Ертең елімізде дабыл қағылып, телерадио өшеді

21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстанның барлық аумағында дабыл жүйесі қосылып, телерадио хабарлары бір сәтке сөнеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұл шара азаматтарды "Баршаның назарына!" дабыл сигналына дұрыс әрекет етуді үйрету мақсатында өткізіледі.

"21-22 қараша аралығында Қазақстанда "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, ол мемлекеттік органдар мен мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесі күштерінің төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайындығын тексеруге бағытталған. Оқу-жаттығуға басшылықты Көкшетауда орналасқан республикалық штаб ұйымдастырды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері.

SADAQ

18 Nov, 12:03


Атырауда құрылысына 10 миллиардқа жуық қаржы жұмсалған көпір опырылып қалды

Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық өзенінің үстінен салынған көпірде ақау анықталды. Сол себептен, жүк көліктерінің көпірден өтуіне тыйым салынды.

Аталған көпірдің құрылысы 2014 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға берілген. Көпірдің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 13 метр. Оның құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 9,4 млрд теңге бөлінген. Кезінде бұл жобаның бас мердігерлігіне "Атырауинжсртой" ЖШС таңдалған.

SADAQ

18 Nov, 12:02


«Әке еңбегі», «ана сүті» мәһрге жатпайды»: Діни басқарма мәһр дауына нүкте қойды


ҚМДБ мәліметінше, күйеуі тарапынан берілетін "қалың малды" қыздың разылығымен "мәһірге" жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. Ал "әке еңбегі" мен "ана сүті" сияқты қыздың әке-шешесіне берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды.

"Қалыңмал" – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін дүние. Фиқһ кітаптарында ұзатылып жатқан қызға жиһаз әперу үшін күйеу жігіт тарапынан берілетін мал-мүлікті "дустиман" деп атайды екен.

SADAQ

17 Nov, 10:49


🔥Астанада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала қаза тапты

Үйдің төбесі құлап, 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған балалар көз жұмды.

Өрт екі қабатты үйдің шатырында басталып, 500 шаршы метр аумаққа таралған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттан соң жетіп, өртті толығымен сөндірді.

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

SADAQ

14 Nov, 05:57


Шарында сирек кездесетін сілеусін көзге түсті

Алматы облысындағы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін Түркістан сілеусіні фотоғо түсірілді.

Жыртқышты ұлттық табиғи парк инспекторлары жоспарлы рейд барысында кездестірді.

SADAQ

11 Nov, 10:47


«Оның жалғыз қалатынын көріп отырмын» дейтін»: марқұм Салтанат Нүкенованың ата-анасы алғаш рет ашық сұхбат берді

Марқұм Салтанат Нүкенованың анасының сөзінше, ол экс-министрге тұрмысқа шығуды ойламаған. Тіпті оны жақтырмаған көрінеді.

«Ол оны мүлдем қаламаған болатын. Содан кейін өзім де «ажырасқан өзіңнен бірнеше жас үлкен. Өзің әдемісің. Саған ол керек пе?» деп айтқаным бар. Бірақ ол Салтанаттың жеке парақшасын қарап, ол туралы көп мәлімет іздестірген. Бірақ бір күні құрбысына барған. Сол кезде көзі жанып келді. «Ол сондай білімді адам екен» деп қуанып келді. Расымен де ол оны тұлға ретінде ұнатты», - дейді анасы.

Толығырақ

SADAQ

11 Nov, 10:45


Атыраудағы Binom мектебінің оқушысы терезеден секіріп кетті

Атырау облыстық полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жасөспірім қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

SADAQ

11 Nov, 10:44


Пәкістанда теміржол вокзалында болған жарылыстан 25 адам қаза тапты

50-ден астам жараланды. Оқиға пойыз жүрейін деп жатқанда болған. Қазір вокзал жабық тұр. Тергеу жүріп жатыр.

Жарылысты «Белуджистан азат ету армиясының» содырлары өз мойнына алды. Сепаратистік топ көптеген елде террористік ұйым ретінде танылған. Олардың талабы - 15 млн тұрғыны бар Белуджистан провинциясының тәуелсіздігін тану.

SADAQ

08 Nov, 05:42


Қарағандыдағы «Абай» шахтасында 155 адам эвакуацияланды

Кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына 7 қараша күні сағат 20:29-да шахтада электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түскен. Бұған «Қарағанды» ЖШС №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы себеп болды. Кешкі ауысымда болған 155 адам шұғыл жер бетіне шығарылған.

Qarmet АҚ қазіргі уақытта электр энергиясының қалпына келтірілгенін және кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіз түрде жұмысты қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатқанын хабарлады.

SADAQ

06 Nov, 07:58


⚡️Ресми: Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетті

Бұл туралы Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон мәлімдеді.

Дәл қазір Трамп Палм-Бичтегі штабта жақтастарының алдында сөз сөйлеуге дайындалып жатыр.

SADAQ

06 Nov, 03:40


🇺🇸АҚШ- тағы президент сайлауында Дональд Трамп алда келеді

The New York Times басылымының мәліметінше 73% дауыс жинап, сайлауда Трамп жеңіске жетеді. Дегенмен болжам өзгеруі мүмкін.

Қазір Трамп жеңіс үшін қажетті 270 сайлаушының 198 даусын жеңіп алды. Ал Харрис жартысын да жинамаған. Бұл алдын ала есеп кезінде белгілі болды.

SADAQ

05 Nov, 11:38


🇰🇿🇫🇷Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі

SADAQ

05 Nov, 05:10


Алматыда жер сілкінді

Сағат 10:00 шамасында алматылықтар жер сілкінісін сезді. Жер екі рет сілкінген.

Әзірге ТЖД пікір білдірмеді. Болжалды магнитудасы – 4,5.

Сездіңіздер ме?

SADAQ

30 Oct, 11:27


Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұрарға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, боксшыға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған.

"Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, сараптама қорытындылары бойынша зорлау фактісі расталмады", – делінген полиция хабарламасында.

SADAQ

30 Oct, 11:26


«Күнә жасадық»: Данияр Елеусінов бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты

Айдос Ербосынұлына берген сұқбатында жеке өмірі туралы сыр ақтарды. Олимпиада чемпионы қазіргі таңда Даниэль, Мұхаммед есімді екі ұлы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол бірінші әйелімен айырылысып кеткені туралы сөз қозғады.

SADAQ

30 Oct, 11:24


Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші бұзылатын болды

Астанада Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткіші қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бұзылатын болды.

Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес ескерткіш апатты деп танылған.

SADAQ

29 Oct, 05:34


✈️Сот 12 жастағы жолаушы Зере Ғалиеваны ұшаққа отырғызбай, рейстен алып қалып, әуежайда жалғыз қалдырған FlyArystan әуекомпаниясы қарайтын Air Astana-ны қыздың анасына моральдық өтемақы ретінде бес млн теңге төлеуді міндеттеді

Биыл 21 шілдеде Зере сыңары екеуі FlyArystan-ның Астана – Орал рейсімен ата-анасына ұшып бармақшы болған. Адвокаттың жазуынша, FlyArystan 188 орындық ұшақты 180 орындық ұшаққа ауыстырып, оған 19-20 шілдедегі рейстермен ұша алмай, жолдан қалған басқа жолаушыларды отырғызған. Соған байланысты Зерені ұшаққа мінгізбей қойған.

Тамызда Зеренің анасы Жазира Мусина әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне FlyArystan компаниясы ұсынған 4 млн теңге өтемақыдан бас тартқанын, сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

Кейін FlyArystan басшысы Ричард Леджер Оралға барып, Мусинамен кездескен. Әуекомпанияның ресми өкілі Зеренің отбасынан кешірім сұраған.

Қыркүйекте Air Astana компаниясы әкімшілік жауапқа тартылып, оған 1000 АЕК (шамамен 3,69 млн теңге) айыппұл салынды.

SADAQ

29 Oct, 04:41


🇰🇿🇲🇳Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық көрсеткені үшін Ухнаагийн Хурэлсухке ризашылық білдіріп, өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі Моңғолияға алғашқы сапарына ерекше мән беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Моңғолия – Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Қос халықтың дәстүрі мен мәдени-тарихи тамыры ортақ.

Құрметті Президент, бүгін Сіздің шақыруыңыз бойынша Моңғолияға мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Маған және Қазақстан делегациясына, бұл – үлкен құрмет. Бүгін біз екіжақты маңызды құжаттарға, соның ішінде Қазақстан мен Моңғолия арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы декларацияға қол қоямыз. Бұл қадам елдеріміздің барлық деңгейдегі ықпалдастығын жандандыруға арқау болмақ. Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

SADAQ

28 Oct, 11:06


«Тістері өте берік болған»: Мамандар «вампир» деп есептелген адамның мүрдесін қазып көрді

Болгарияда археологтар тірі күнінде "вампир" деп есептеген адамның зиратын тапты. Қазба жұмыстары Кырджалийск облысында жүргізілген.

Жерлеу кезінде марқұмның мүрдесіне крест пен үшкір қару қойылған. Ерте дәуірде бұл заттар вампирдің тіріліп кетуінің алдын алады деп есептелген.

"Мамандардың сөзінше, бастапқыда мәйіт балаға тиесілі делінген, себебі бойы небәрі 110 см. Зерттеу кезінде оның ересек адамдікі екені анықталыпты. Дамуында кедергілер болғандықтан, оны қоғамнан алшақтатып тастаған", – деді мамандар.

Толығырақ

SADAQ

28 Oct, 11:04


Белгілі ақын, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті

Бұл туралы ақынның қызы жазды.

- Анашым Раббысына қайтты, дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын ата-анасы, бауырлары, үлкені – Ханшайым, Толғанай, кенжесі – Сұңқар! Немерелері – Ақберен, Арыстан. Жақсы көретін, дұға арнайтын Қазақ Елі бар! Анама деген махаббаттарыңызға рақмет – деп жазды ол анасының инстаграм парақшасында.

SADAQ

24 Oct, 10:54


Дәрігерлер танымал Дубай шоколадының денсаулыққа зиян екенін ескертті

Шоколад құрамында пісте пастасы мен катаифи қамырынан басқа экзотикалық жемістер, жаңғақтар, дәмдеуіштер, сүт өнімдері, бояғыштар мен консерванттар жиі қолданылады. Мұның бәрі десертті өте калориялы етеді, ал кейбір ингредиенттер аллергия тудыруы мүмкін.

Толығырақ

SADAQ

24 Oct, 06:21


1 қаңтардан зейнетақы өседі

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының өсуі келесі жылы зейнетке шығатын қазақстандықтарға да, зейнеткерлікке шыққандарға да әсер етеді.

Толығырақ

SADAQ

23 Oct, 11:19


«Тамағын тіліп, өкпесін суырып алған»: Оралда белгісіз жыртқыш 100-ге жуық қойды қырып кеткен

Бір түнде 100-ге жуық қойды қандай жыртқыш қырып кеткені белгісіз. Түнде тарсылдаған дыбыстан оянған малшы ештеңе көріп үлгермеген. Ертеңгісін ауладан жалпақ үлкен іздер көрдік дейді. Мал иесі өзі қаңғыбас иттерден көреді.

Толығырақ

SADAQ

23 Oct, 05:38


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекеттік сыйлық ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

жазушы Ергөбек Құлбекке – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

авторлық ұжым Әлібай Бапанов пен Сәуле Бапановаға – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

суретші Жанұзақ Мүсәпірге – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

SADAQ

22 Oct, 08:57


⚡️Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылды

Жоғарғы Соттың мәліметінше, бұған дейін Нұрасыл Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.

📌Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

SADAQ

18 Oct, 06:35


Үржарда имам 11 жасар баланы қағып өлтірді

Абай облысында 14 қазанда Toyota RAV-4 маркалы көлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші Үржар ауылының Гагарин көшесімен келе жатып, 11 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Оқиға салдарынан Үржар ауданының орталық ауруханасында бала жан тапсырды.

SADAQ

14 Oct, 11:56


«Базарда тәшкі сүйреген біреу түсірген сияқты»: Ахметбек Нұрсила «Қажымұқан» фильмін сынап тастады

«Қажымұқан фильміне келдік. Мектепте 4-5 класта  қойылатын спектакль деңгейінде екен. Кино деп айтудың өзі ұят. Масқара!!! Базарда тәшкі итеріп жүрген, өмірінде 2 кітар оқымаған біреулер түсірген сияқты»,- деп жазды кәсіпкер өзінің Facebook парақшасында. 

SADAQ

12 Oct, 04:50


⚡️Талғарда қаза болған Шерзаттың отбасы тұратын үй өртеніп кетті

Оқиға 12 қазанға қараған түні болған. Өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үй толығымен жанып кеткен.

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

SADAQ

11 Oct, 07:45


Жарма құртымыз моңғолдың ұлттық құндылықтары тізімінде тұрмасын

Журналист Серіккүл Сұлтанқажы Facebook-тегі парақшасына Моңғолия қазақтарының қой, ешкі, сарлық, кәйнек сүтінен дайындайтын тұзсыз, дәмі тіл үйірер жарма құрттың фото-видеосын жариялап, осы бір ұлттық өнімімізге қатысты мәселе көтерді.

SADAQ

11 Oct, 06:24


Қостанай облысында өрт шығып, бір үйдің бес баласы мерт болды

Қайғылы оқиға 11 қазанда Жітіқарада болған. Сағат 04.29-да жеке үйде өрт шығып, 1-8 жас аралығындағы бес бала қаза тапты. Балалар үйде жалғыз қалған. Алтынша бала аман.

"Құтқарушылар 7 минуттың ішінде келген. Алайда үй тұтас өртеніп кеткен", - дейді жергілікті әкімдік өкілдері.

Өрт сағат 06.08-де толық сөндірілген.

SADAQ

09 Oct, 05:59


Айтбек Амангелді марқұм Шерзаттың отбасына үш тегін қорғаушы тауып берді

Талғарда қаскөйлердің қолынан қаза тапқан бозбаланың отбасына тегін үш адвокат көмектесетін болды.

Қара жамылған үйге адвокаттарды марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы тауып берді.

"Біз Шерзаттың отбасына үш адвокат тауып бердік. Олар тегін көмектесуге келісті. Қазір тергеу жүріп жатыр. Адвокаттар орган өкілдерімен бірлесіп, жәбірленушілерден жауап алып жатыр.

Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Жанжал кезінде марқұм баланың әкесі мен ағасы да зардап шеккен, – деді Айтбек Амангелді.

SADAQ

08 Oct, 11:28


«Сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса...»: Дана Нұржігіт айлар бойы депрессияда жүргенін айтты

«Мен жарты жыл депрессияда жүрдім. Психотерапевтермен жұмыс істедім», - дейді Дана Нұржігіт сұхбаттың үзіндісінде.

Журналист ажырасқан соң да бұрынғы күйеуінің қудалауынан құтыла алмаған. Адамды аңдып, үнемі оны күзету сталкинг деген атаққа ие. Бұл еліміздегі заңда жазылмаған бап.

Толығырақ

SADAQ

08 Oct, 11:26


Атырауда әке-шешесін өлтірген жігіттің соңғы хаты табылды

Қазір әлеуметтік желіде қылмысқа қатысты түрлі әңгіме желдей есіп жүр. Ондағы мәліметке сенсек, жас жігіт ата-анасына бірнеше рет пышақпен соққы жасаған.

Тіпті ақ параққа «кешіріңдер мені»,- деген жазба қалдырыпты. Жігітті бірі ғаламтордағы ойынның тапсырмасын орындаған десе, бірі лудоман болған деп сан-саққа жүгіртуде. Полиция жігіттің бұрын соңды істі болмаған және есірткімен тіркеуде тұрмағанын айтты.

Толығырақ

SADAQ

07 Oct, 09:34


😱Атырау облысында жас жігіт әке-шешесін өлтіріп, артынан өзіне қол салды

Қанды қылмысты полиция растады. Атырау облысы полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Алдын-ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

SADAQ

01 Oct, 07:27


🇰🇵ҚХДР көзілдірік, джинс және ақ той көйлегін кигендерді өлім жазасына кеседі

Ел президенті Ким Чен Ын өлім жазасына кесетін "қылмыстардың" санын көбейткен.

Көзілдірік, джинс, ақ той көйлегінен бөлек, Оңтүстік Кореядан енген сленг сөздерді қолданғандар, антимемлекеттік пропагандамен айналысып, қаруды заңсыз шығарғандар да өлім құшады. Елде Библия да тыйым салынған кітаптардың тізімінде.

Солтүстік Кореяда екі басты идеология бар, ол: чучхе және кимирсенизм (Ким отбасына табыну).

Саяси көшбасшыдан да жоғары авторитет бар деп сенетіндер жазаланады.

🤐 Тағы қандай тыйым барын Sadaqmedia.kz сайтынан оқыңыз

SADAQ

01 Oct, 07:23


💰«Ересектер інілеріне еншісін бергісі келмеді»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінен қалған мұра бөліске түскенін алғаш рет айтты

«Шын мәнінде өсиет хат болған жоқ, заң бойынша алты ай көлемінде күтеді. Яғни, басқа балалары бар ма, болса, олар дәлелдеу керек деген сияқты. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі – мен. Яғни, қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Екі үлкен ұл мен қыз екі кішкентай інісіне еншілерін берді ме деп сұрайды, жоқ, берген жоқ. Бергілері де келмеді», — деді ол.

♻️ Толығырақ

SADAQ

01 Oct, 07:21


1 қазан - Қарттар күні

Халықаралық қарттар күні 1990 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясында жарияланды. Жалпы қарттар күні алғаш рет 1991 жылы аталып өтті.

Ардақты қарттарымызды бүгінгі мейірім мен ізгілік мерекесімен құттықтаймыз!

SADAQ

30 Sep, 11:08


🚌 Елордада референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Астана автобустарында жол жүру тегін болады, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.