Ystyqnews @ystyqnews Channel on Telegram

Ystyqnews

@ystyqnews


Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

Ystyqnews (Kazakh)

Ystyqnews көптеген адамдарға танымдық беретін Telegram канал. Бұл канал Қазақстан мен әлемдегі соңғы жаңалықтар мен мақалалармен толтырылған. Ystyqnews каналы ақпаратты, ақылы мақалалар мен аяқталған жаңалықтар біріктіреді. Бұл каналда өзге жаңалықтардан алған кейінгі басшылықтардың рефераттары және олардың анықтамалары табылық арқылы беріледі. Кейбір кезде әлемдегі жаңалықтардың түсіндірулері мен таңдаулары да канала қосылады. Ystyqnews қосымша ақпараттармен бөлісу арқылы адамдарды әлемдегі оқиғалардан бақылай алады. Сіз де Ystyqnews каналына қосылып, жаңалықтар мен мақалалардан хабардар болуға тура жеткен боласыз.

Ystyqnews

19 Jan, 05:17


📣📣📣АШМ: Картоп қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті
 
📌 Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері елдегі картоп нарығындағы қалыптасқан ахуалға тұрақты түрде бақылау жүргізуде.

🔸
Көрші елдердің, әсіресе Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуына және экспорттық бағаның жоғары болуына байланысты биыл картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өсті. Картопқа деген аса жоғары сұраныс ішкі нарыққа әсер еткені атап өтілді. Мәселен, соңғы аптада экспортқа бағытталған өндірушілер арасында бағаның күрт өсуі (170 теңгеден 270 теңгеге дейін) тіркелді.

📍
Осыған байланысты, ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды. Бұл шара ЕАЭО елдеріне қолданылмайды, алайда бұл бағыттағы экспортқа бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар қалыптасқан жағдайды ескере отырып, биылғы 16 қаңтарда экспортқа фитосанитариялық сертификаттар беру толығымен тоқтатылды.

➡️
Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және нарыққа қатысушылар тарапынан алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.

📍
Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органдары монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жағдайға күшейтілген қадағалау жүргізеді және сауда қызметі мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзған жағдайда олар нарыққа қатысушыларға шұғыл ықпал ету шараларын қабылдайды.

➡️
ҚР АШМ деректері бойынша, бүгінгі таңда қолда бар қорлар 2025 жылғы ерте егін жинау науқанына дейін ішкі қажеттілікті толық жабу үшін жеткілікті. 19 қаңтардағы жағдай бойынша қорлар сауда желілеріндегі қорларды есепке алмағанда 850 мың тоннадан асады (картоп өсірушілер қауымдастығы бойынша 600 мың тонна, тұрақтандыру қорларындағы 68 мың тонна, жеке қосалқы және шағын шаруашылықтардағы жертөлелерде 200 мың тоннадан астам).
 
Анықтама үшін:
2024 жылы картоптың жалпы өнімі 2,9 млн тоннаны құрады (оның ішінде ерте өнім - 300 мың тонна). 2024 жылы импорт 56 мың тоннаны құрады. Нарыққа тарату үшін картоптың көлемі 2024 жылдың тамыз айынан бастап 2,6 млн тоннаны құрайды, халықтың жалпы қажеттілігі – 1,5 млн тонна (оның ішінде қалалық 954 мың тонна) ерте егін жинау науқанына дейін (қаңтар-сәуір). 2024 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – 844 мың тонна, экспортталды – 620 мың тонна (2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін). 2025 жылға арналған болжамды тұтыну көлемі (қаңтар-сәуір) – 675 мың тонна.

Ystyqnews

17 Jan, 18:53


🇰🇿🇭🇺Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікке оң баға берді.

➤ Ең алдымен энергетика, қаржы және инвестиция салаларындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді тиімді іске асыруға баса назар аударылды. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызына ден қойылды.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан қазіргі жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге бейіл екендерін растады.

➤ Әңгімелесу соңында Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Ystyqnews

17 Jan, 12:18


Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Асхат Жұмағали:

✔️Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елімізде қабылдаған шаралары туралы есеп берді;
✔️Антикор қызметінің биылғы жоспары, соның ішінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі негізгі міндеттерін таныстырды;
✔️былтыр 1641 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, жүйелі түрде жемқорлық жасаудың 68 фактісі анықталғанын жеткізді. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, сонымен қатар екі топқа үкім шығарылған. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген 1493 адам ұсталған. Олардың ішінде түрлі деңгейдегі 229 басшы бар. 914 адам сотталған;
✔️агенттік 2022 жылдан бері мемлекетке жалпы сомасы 1,12 триллион теңгеге бағаланған мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз еткенін айтты.

❗️Мемлекет басшысы еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ystyqnews

17 Jan, 12:17


Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады

Ақылбек Күрішбаев:

➤ Ұлттық ғылым академиясының былтырғы атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады;

➤ 2024 жылы отандық ғылымның жағдайын бағамдап, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындау мақсатында жүргізілген кешенді жұмыс жөнінде мәлімет берді:
– былтыр бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көзделген 113 ғылыми-техникалық тапсырмаға сараптама жүргізілген, сондай-ақ 3 интеграцияланған пәнаралық ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленген.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның әлеуетін арттыру үшін одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Таяуда Ұлттық ғылым академиясына Президент жанындағы жоғары ғылыми ұйым мәртебесін беретін Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке аталған Жарлықты жүзеге асыруға қатысты құқықтық мәселелерді жеделдету туралы тапсырма берілді.

❗️Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясына бірқатар міндет жүктеді.

Ystyqnews

17 Jan, 04:03


📣📣📣Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты.

🔸 «Отбасы банкін» даму институтына айналдыру және саланы одан әрі дамыту үшін жеке қаражатты тарту жөніндегі жұмысты жандандыру тәсілдері, сондай-ақ жеңілдікті бағдарламаларды қаржыландыру, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерін қолдау және жаңа өнімдерді шығару бойынша ұсыныстар талқыланды. Бүгінде «Қаражанбасмұнай», «Шұбаркөл көмір», «Еуроазияттық энергетикалық корпорация», «ССКӨБ», «Қазхром» ТҰК», «Қазақстан алюминиі», «Қазақстан электролиз зауыты» сияқты ірі кәсіпорындар және басқа да ұйымдармен жұмысшы кәсіп мамандары отбасыларының тұрмысын жақсарту жұмыстары басталды.

📍Премьер-министр Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарға арналған ипотекалық және жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін атап өтті. Банктің трансформациясы оның «бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысын күшейтуге және жалпы алғанда еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған.

✔️Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша, 2024 жылдың қорытындысында Қазақстанда рекордтық 18,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Саланың нақты көлем индексі бір жылда 113,1%-ды құрады. 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метрге жеткізу жөніндегі Президент қойған міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

🔻Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде азаматтарға жалға берілетін, несиелік баспанамен қамтамасыз етуі, «2-10-20», «5-10-20» және басқа да бағдарламалар іске асырылуда. 2024 жылы «Отбасы банкі» 1,29 трлн теңге сомасында 71 452 несие берді, оның 39,8%-ы бастапқы тұрғын үй сатып алуға арналған. «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша жалпы 251,9 млрд теңгеге 10 003 қарыз берілді.

Ystyqnews

15 Jan, 09:32


🇰🇿🇮🇹 Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

✔️Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

✔️Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті.

✔️Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Ystyqnews

15 Jan, 08:11


Президент Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды, сондай-ақ көлік-логистика саласында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.

Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымы мен тасымал дәліздерін дамыту еліміздің орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз етуде және халықаралық сауданы жандандыруда ерекше рөл атқаратынын жеткізді.

Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ Президентке «Самұрық-Қазына» қорымен және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен тиімді серіктестік орнатқаны туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.

Ystyqnews

15 Jan, 07:01


Мемлекет басшысы Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи мен ADNOC компаниясының қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салминді қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабиге жұмыс сапары аясында Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесу өткізді.

✔️Мемлекет басшысы Қазақстан мен Masdar компаниясы арасындағы серіктестік жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Президент компания өкілдерімен бірге Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысын жүзеге асыруға қатысты келісімдерге қол жеткізілгенін айтты. Аталған ірі жобаға 1,4 миллиард доллар инвестиция салынады.

✔️Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи компанияның құрылыс жұмыстары бойынша жоспарымен бөлісті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Рамахи Masdar компаниясының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейте отырып, жаңартылатын энергетика және цифрландыру салаларындағы маңызды жобаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.

Ystyqnews

15 Jan, 05:55


📣📣📣Премьер-министр қысқы IX Азия ойындарына дайындық бойынша бірқатар тапсырма берді

📌 Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді.

✔️Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктер, барлық мүдделі ұйым мен компанияларға – Қазақстан құрамасының Қытайда сәтті нәтиже көрсету үшін спортшыларымызға барлық жағдай жасау тапсырылды. Сыртқы істер министрлігіне ұлттық құрамаға дипломатиялық желі бойынша тиісті қолдау көрсету міндеті қойылды.

📌 Мәдениет және ақпарат министрлігіне қазақстандық спортшылар қатысатын Азия ойындарының үздіксіз әрі сапалы көрсетілімін қамтамасыз ету тапсырылды.

✔️Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен, Ұлттық Олимпиада комитеттерімен, федерациялармен бірлесіп, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын барынша күшейтуі қажет.

Ystyqnews

14 Jan, 19:19


🇰🇿🇳🇬 Мемлекет басшысы Нигерия Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті

▪️«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті.

▪️Мемлекет басшысы еліміз Африка құрлығындағы халық тығыз қоныстанған және ірі экономикасы бар Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді.

🇳🇬 Бола Ахмет Тинубу екіжақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады.

▪️Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

▪️Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады.

▪️Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы байланысты жандандыру маңызды екенін атап өтті.

Ystyqnews

14 Jan, 06:40


🇰🇿🇭🇷Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады

✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.

✔️Қазақстан Президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.

✔️Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.

Ystyqnews

14 Jan, 05:20


📣📣📣 «Президенттің бастамасымен жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды.

📍Бұл өте маңызды, өйткені кәсіпорындар мен біздің арамызда дуальды оқыту бойынша белгілі бір тәжірибе қалыптасқан. Біз әлеуметтік серіктестермен қарым-қатынасты өте жақсы дамыттық. Бұл бізге жыл сайынғы мониторинг жүргізуге, кімге қандай маман керегін, не дайындау керегін түсінуге көмектесті. Балалардың белгілі бір мамандық алуға деген қызығушылығы, әрине, әлеуметтік пакетке және деңгейін көтеруге дайындық жүргізілетін алаңға да байланысты. «Жас маман» бағдарламасының арқасында көптеген колледждер қажетті құрал-жабдықтар алды. Серіктестерімізбен бірлесе колледжімізге заманауи технологиялық жабдықтар сатып алдық. Олар тиімді түрде қолданысқа енгізілді. Қазіргі уақытта бізде 1 мың студент білім алып жатыр, оның 400-і жұмысшы мамандықтары бойынша дуальді оқыту жүйесімен оқиды. Олардың 60%-ы кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Біз мамандарды жұмыс берушілердің сұранысы бойынша дайындаймыз. Энергетика, машина жасау, теміржол және автомобиль көлігі сияқты салалар бойынша оқытамыз. Яғни, бұлардың барлығы өңірімізде сұранысқа ие мамандықтар», — деп атап өтті Петропавл машина жасау және көлік колледжінің директоры Анатолий Фурманюк.

📍 «Президент тарапынан бұл мәселеге көп көңіл бөлініп жатқанына өте қуаныштымыз. Біздің зауытта шынымен де жас мамандар жетіспейді. Әрі қарай даму үшін, үлкен көлемде жұмыстар атқарып, келісімшарттар жасауымыз керек. Бұған кадр даярлауға кететін уақытты қосыңыз. Біз қазір жас мамандарды шақырып,  оларды оқытудамыз. Өндірісте инженер, дәнекерлеуші, металл жонушы, тегістеуші секілді мамандар тапшы», — дейді Петропавл қаласындағы «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ бас директоры Алмас Нұрмағамбетов.

Ystyqnews

04 Jan, 08:23


Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

🔵Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның ерекшелігіне тоқталып, оның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара ықпалдастықты арттыруда әлеуеті зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылады.

🔵Мемлекет басшысы Ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіру, халықаралық бірлестіктермен байланысын жандандыру, сондай-ақ Қазақстанның ұсынысымен ШЫҰ-да қабылданған «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастаманы ілгерілету маңызды екенін жеткізді.

🔵Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен Нұрлан Ермекбаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен болатын.

Ystyqnews

04 Jan, 04:32


Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді

✍️ Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

🔷 Құжат Қазақстан Үкіметінің резервінен Ұлытау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аудару үшін 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді көздейді. Қаржыландыру «Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту» жобасының 2-ші кезегін іске асыруға бағытталады.

⚡️ Ұлытау облысындағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 639 шақырымды құрайды. Сонымен қатар бүгінде тозу деңгейі – 58%. Желілердің негізгі бөлігі 1951 жылдан бастап пайдалануға берілді.

Үкімет резервінен бөлінген бұл қаражат 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ystyqnews

03 Jan, 04:37


📣📣📣Мемлекет басшысы “Ана тілі” газетіне кең көлемді сұхбат берді. Сұхбаттағы негізгі ойларды назарларыңызға ұсынамыз.

✔️Былтыр еліміз үшін күрделі болса да, алдағы бес жылдық дамуымыздың берік негізін қаладық

Былтыр Қазақстанда инфрақұрылым жаңартылып, 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 7 мың шақырым жол жөнделді. Әуежайлар жаңартылып, қайта өңдеу секторы дамыды. Әлеуметтік реформалар іске асырылып, жаңа мектептер мен балабақшалар ашылды. Қазақстан халықаралық аренада бейбітшілік жолында белсенді рөл атқарды.

✔️Тасқынды болашақта болдырмау үшін қажетті шаралар жасалуда

Былтырғы тасқын Қазақстан үшін ауыр сынақ болды. Мемлекет шұғыл шаралар қабылдап, 63 мың адам құтқару жұмыстарына тартылды. Су апаттарының алдын алу үшін жаңа жоспарлар мен Су кодексі енгізілді. Қоғамдық көмек пен волонтерлік қозғалыс тиімді болды. Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде құтқарушылар мен тұрғындар бірлесіп әрекет етіп, көп адамның өмірін сақтап қалды. Апаттың себебі тергелуде, 17 халықаралық сарапшы шақырылды.

✔️Уақыт белдеуіне қатысты 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты

Үкімет Қазақстанның бір уақыт белдеуінде болуы керектігін қолдайды. Азаматтар мен қоғам пікірлері негізінде Парламент ғалымдармен бірге 1 наурызға дейін зерттеу жүргізіп, нақты ұсыныстар әзірлейді.

✔️Үкімет экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табуға тиіс

Үкімет экономиканы дамыту және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеп жатыр. Былтырғы нәтижелер жақсы, бірақ проблемалар бар. Үкімет тиімді әрі батыл қадамдар жасау қажет. Экономиканың 4 пайыздық өсімі жеткіліксіз, жаңа тәсілдер қажет.

✔️Теңгенің бағамы ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтап тұрды

Сыртқы факторлар теңгеге әсер етеді, бірақ оның бағамы тұрақты болды. Біз еркін бағамды таңдадық және алтын-валюта қорын ысырап етпеуіміз керек. Ұлттық банк пен Үкімет ұсыныстарды қарастырып жатыр. Экономист басшылардың жұмысын орташа бағалаймын, өңірлердегі тәжірибелі мамандар қажет.

✔️Президент – «Құдайдың жердегі көлеңкесі» емес

Қаңтар оқиғасы әлеуметтік әділетсіздік, саяси тоқырау және қаскөйлердің әрекеттерінен болды. Оқиға ашық тергеліп, қылмыскерлер жазасын алды. Басты сабақ – билік бірлікте болуы керек, Президент тек сайланған менеджер, ал жоғары лауазымдарға адал адамдар тағайындалуы тиіс.

✔️Талғар оқиғасының тергеуі аяқталуға жақын

Талғар оқиғасынан кейін қажетті шаралар қабылданып, күдіктілер қамауға алынды, тергеу аяқталуға жақын. Шетелден келген қандастарымыз Қазақстанның заңдарына толық бағынуы тиіс, олар елімізде қоғамдық тәртіпті сақтап, заңсыз әрекеттерден аулақ болуы керек.

✔️2025 жылдан бастап қылмыстық істер бойынша үш кассациялық сот жұмыс істейді

Барлық заңдар маңызды, өйткені олар қоғамның сұранысына сай қабылданады. Мысалы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, қарыз мәселесін шешу, вейптер мен құмар ойындарға тыйым салу сияқты заңдар қабылданды. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап қылмыстық істер бойынша үш кассациялық сот жұмыс істейді. Бұл заңдардың тиімді жұмыс істеуі маңызды, сондықтан құқық қорғау жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасады.

✔️Қазақ тілін орыс тіліне қарсы қоюға болмайды

Қазақ тілінің танымалдылығы артып, жастар оны үйренуге ынталы. Мемлекеттік тіл қызметте өсуге мүмкіндік береді, ал бизнес қазақ тілінде жүргізілетін маркетинг науқандарын жиі қолданады. 2024 жылы қазақ тілі әлемдегі ең кең таралған тілдердің 79-шы орнына шықты, бұл зиялы қауымның еңбегінің арқасы. Алайда, білім жүйесі мен оқытушылардың мәртебесін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу, шығармашылық индустрияларды дамыту арқылы қазақ тілінің болашағын нығайту қажет. Тілдің мәртебесін көтергенде, оны басқа тілдермен, әсіресе орыс тіліне, қарсы қоюға болмайды.

Сұхбатты толығырақ сілтемеден оқисыз. https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-maksatym-ekonomikany-zhane-egemendikti-nygaytu-203030

Ystyqnews

03 Jan, 04:03


Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты

Ystyqnews

02 Jan, 12:25


✉️ Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇲🇪 Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Ystyqnews

02 Jan, 11:39


✉️ Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысы Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ Президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Сонымен қатар Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.

Ystyqnews

02 Jan, 06:01


✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Енді бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды мүлкін тәркілеп, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Сонымен қатар Заңда есірткіні жасырын орналастырушылардың жазасы аздап жұмсартылды. Мәселен, алғаш рет мұндай қылмыс жасағаны үшін қылмысын ауырлататын мән-жайлар болмаса, мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген (бұрын мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыратын).

Алайда қылмыстық әрекетті бірнеше рет қайталаса, оны мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза күтеді.

Ystyqnews

01 Jan, 16:23


✉️ Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇨🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады.

✔️Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.

Ystyqnews

01 Jan, 03:04


📣📣📣Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы арта түсті. Астанада беделді халықаралық ұйымдардың маңызды саммиттері өтті.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына мыңдаған спортшылар мен меймандар келді. Байрақты бәсекені табысты ұйымдастырып, төл өркениетімізді жер жүзіне таныттық. Спортшыларымыз Олимпиада және Паралимпиада ойындарында көк туымызды биікте желбіретті. Оқушыларымыз түрлі білім сайыстарынан жүлделі оралды. Басқа да көптеген табыс бар.

Биыл көктемде бірқатар аймақта алапат тасқын болғанын білесіздер. Табиғаттың тосын сынағы бәрімізге ауыр тигені сөзсіз. Соған қарамастан, қиын күндерде халқымыз бір-біріне жанашыр болып, мызғымас бірлігін көрсетті. Зардап шеккен барша азаматқа жан-жақты көмек берілді. Мемлекет ешкімді назардан тыс қалдырған жоқ. Барлық міндеттемесін толық орындады. Жүздеген отбасы Жаңа жылды жаңа шаңырақта қарсы алып жатыр. Біз осылайша ырысты ынтымағымыздың арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Алға сеніммен қадам басамыз. Жүйелі реформалар одан әрі жалғасады. Жоспарымыздың бәрі ойдағыдай орындалады. Алдағы жыл бұдан да табысты болады. Мен Президент ретінде бұған бар күш-жігерімді саламын.

Үкімет тиімді жұмыс атқарып, экономиканың қарқынды өсімін қамтамасыз етуге тиіс. Жаңа өндіріс орындарын ашып, бизнеске қолайлы жағдай жасау қажет. Жол салуды жалғастырып, коммуналдық саладағы түйткілді мәселелерді шешу керек. Цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейткен жөн. Ауыл еңбеккерлерін барынша қолдау маңызды. Басты мақсатымыз – азаматтардың әл-ауқатын арттыру.

Ystyqnews

01 Jan, 03:03


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады. Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл-күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Бұл – нағыз отбасылық мереке. Сондықтан мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді.

Ұлу жылы ұлтымыз үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Түрлі саладағы реформалар жемісін бере бастады. Экономиканың жаңа бағдарын белгілеп, нақты шараларды қолға алдық. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда. Бірқатар ірі өндіріс орны ашылды. Инвестициялық ахуал жақсарды. Мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделді.

Ystyqnews

31 Dec, 11:42


✍️ Мемлекет басшысы 2024 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды

2024 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

1) «Проза» номинациясы бойынша «2026» шығармасы үшін Есбол Социалханға;

2) «Поэзия» номинациясы бойынша «Боз ұшқат» өлеңдер жинағы үшін Жәнібек Бақытұлы Әлимановқа;

3) «Драматургия» номинациясы бойынша «Апатай» драмалық туындысы үшін Әлишер Жеңісұлы Айтуарға;

4) «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Рокет Ера. Синопсис» повесі үшін Әсет Жүкенұлы Сыздықовқа берілді.

Ystyqnews

31 Dec, 11:01


📣📣📣Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Польша Президенті Анджей Дуда, Украина Президенті Владимир Зеленский, Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишиба, Иордания Королі II Абдалла, Норвегия Королі V Харальд, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси,Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонг, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало, Сенегал Президенті Бассиру Диомай Фай, Кот’д Ивуар Президенті Алассан Уаттара, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Маада Био, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Хан, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Eni S.p.A. компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци және шет мемлекеттердің бұрынғы басшылары, халықаралық ірі ұйымдардың, компаниялардың, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Ystyqnews

31 Dec, 03:25


📣📣📣3 қаңтарда Президенттің «Ана тілі» газетіне берген көлемді сұхбаты жарық көреді

Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындамақ.

Ystyqnews

30 Dec, 15:18


📣📣📣Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бала асырап алушыларға қойылатын талапты күшейтетін заңға қол қойды

🔻асырап алушының жас айырмашылығын анықтау;

🔻асырап алушының соттылығы туралы ақпаратты жыл сайын жаңарту;

🔻аккредиттелген ұйымдар арқылы міндетті психологиялық диагностика және оқыту.


Заң елімізде «кәсіби патронаттық отбасылар» институтын құруды да белгілейді.

Ystyqnews

30 Dec, 11:51


📣📣📣Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Ystyqnews

30 Dec, 06:01


✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ystyqnews

30 Dec, 04:15


Қазақстанда қолданбалы ғылымды қаржыландыру 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды

✔️ Қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 211 млрд теңге, гранттық қаржыландыру – 198 млрд теңге, коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру – 67,9 млрд теңге).

⚡️ Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті (өткен жылға қарағанда +13%).

✔️ Жастарды ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Отбасы банкі» АҚ келісім шеңберінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда жас ғалымдарға арналған ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосты. Несиенің ең көп сомасы 20 млн теңгені, қарыз мерзімі – 19 жылды құрайды.

⚡️ Ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауда жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді, докторантураға мемлекеттік тапсырыс 1,9 мың орынға дейін ұлғайтылды.

Ystyqnews

28 Dec, 15:48


🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Ресей тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

✔️Президенттер Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының апатқа ұшырап, Қазақстан және Ресей азаматтарының қаза табуына байланысты бір-біріне көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин апат себептерін анықтау үшін тараптардың атқарып жатқан жұмыстарын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы тергеу ісін Әзербайжан, Ресей және Бразилия елдерінің мамандарын тарта отырып жүргізіп жатқанын айтты.

✔️Президенттер тергеу амалдарын жан-жақты және ашық жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

Ystyqnews

25 Dec, 03:41


Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

📌 Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

🔷 Үкімет Петропавлда 280 орындық балабақша салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан қазіргі таңда белсенді салынып жатқан «Жас Өркен» шағын ауданында орналасады. Қазір онда бала саны 100% толы мектепке дейінгі 3 мекеме жұмыс істейді.

➡️ Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен 3 мың бала кезекте тұр, олардың жартысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар.

Ystyqnews

24 Dec, 09:41


🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бауырлас Әзербайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

✔️Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады.

✔️Президенттер екіжақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

✔️Әсіресе, жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Ystyqnews

24 Dec, 07:31


📣📣📣Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мәулен Әшімбаев:

✔️Сенаттың қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді:
– үшінші сессия басталғаннан бері Парламент 28 заң қабылдаған, оның бесеуіне депутаттар бастамашы болған. Атап айтқанда, Президент жолдаулары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй саясатына, білім беру және балалар құқығын қорғауға, білім саласындағы жинақтау жүйесіне, биржа саудасы мен кәсіпкерлікке, сот жүйесін реформалау мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысты заңдар қабылданған;
– қазір Парламентте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, креативті индустрияны қолдау, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі заң жобалары қаралып жатыр. Бұл – сенаторлардың бастамасымен қолға алынған құжаттар;
✔️жыл басынан бері Сенатта 50-ге жуық іс-шара өткізілгенін, сенаторлар Үкіметке 67 депутаттық сауал жолдағанын айтты. Сонымен қатар парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында 40-тан астам халықаралық кездесу ұйымдастырылған;
✔️келесі жылы жоғары Палатада Бюджет, Құрылыс, Су, Салық кодекстері, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңдар қаралатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Жұмысшы мамандықтары жылына арналған парламенттік тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр;
✔️Қазақстанның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның жұмысы туралы ақпарат берді. Аталған комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған болатын;
✔️Президенттің өңірлерді одан әрі дамыту жөнінде жүктеген міндеттерін Палатаның басымдық беретін бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл ретте Сенат мәслихаттар депутаттарымен жұмысты жандандыра түскен;
✔️Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындық барысын баяндады. Аталған жиын 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.

Ystyqnews

23 Dec, 10:30


Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

➤ Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.

❗️Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.

Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.

Ystyqnews

22 Dec, 12:45


Олжас Бектенов жаңа вице-премьер – ұлттық экономика министрін таныстырды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Серік Жұманғаринді таныстырды.

🔹 Олжас Бектенов Нұрлан Байбазаровқа вице-премьер – ұлттық экономика министрі ретінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

➡️ Серік Жұманғаринді таныстару барысында Премьер-министр ведомствоның алдағы кезеңге арналған басым міндеті – Мемлекет басшысының экономиканың серпінді өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін баса айтты. Бүгінгі таңда экономика тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. Экономиканы құрылымдық өзгерту, бюджет, салық саясатының тиімділігі мен бюджеттік параметрлерді болжау деңгейін арттыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Бұдан басқа, басым салалардағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика министрлігі бизнесті қолдаудың теңгерімді саясатын және тарифтік реттеудің салмақты саясатын жүргізуі қажет.

Ystyqnews

21 Dec, 15:14


✉️ Мемлекет басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айту жеделхатын жіберді

🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айтты.

– Достас герман халқының ауыр қайғысына ортақтасып, еліміздің және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Ystyqnews

21 Dec, 07:38


✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды

Ystyqnews

20 Dec, 13:41


📣📣📣Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева “Казахстанская правда” газетіне көлемді сұхбат берді. Сұхбаттың маңызды бөліктерін назарларыңызға ұсынамыз.

Біз Қазақстан мәдениетіне арналған Qazaq Culture порталын аштық, ол 8 тілде хабар таратады. Биыл алғаш рет Қазақстан Венеция биенналесінде ресми деңгейде өз павильонын ұсынды

19 маусымда Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды. Бұл заңның қабылдануы қажеттілігі айқын болды, себебі бұрынғы заң қазіргі заманғы талаптарға жауап бермей, жетілдіруді қажет етті. Қабылданған заң журналистердің мәртебесін арттыруға бағытталған бірқатар жаңашылдықтарды қамтиды.

Қазақстанда шамамен алты мыңдай БАҚ тіркеліп, жұмыс істейді, ал сотқа шағым түсірген 12 журналист үнемі біздің ведомство мен басқа мемлекеттік органдарды сынға алады. Бірақ олардың үнемі сынап, мемлекеттік қызметкерлерге ашық жеккөрініш білдіруі, тіпті осы арыз беруі – біздің елде нағыз сөз бостандығы бар екенін дәлелдейтін аргумент емес пе?

2024 жылдан бастап голливудтық студиялар өз есебінен блокбастерлерін қазақ тіліне дубляждай бастады. 2024 жылы қазақ тілінде голливудтық «Ойжұмбақ 2» («Головоломка 2»), анимациялық фильмдер «Гадкий я 4» және «Моана 2» прокатқа шықты. Сонымен қатар, «Ойжұмбақ 2» қазақ тіліне дубляждалған фильмдер арасында ең көп касса жинап, 100 миллион теңгеден астам табыс тапты.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес кітапханаларды модернизациялау және тәулік бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапхананы салу мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар, отандық жазушыларды қолдау және қоғамдық маңызы бар әдебиетті тарату үшін арнайы гранттар беру механизмі енгізілуде.

2023 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында елімізде креативті экономиканы ауқымды дамыту үшін барлық жағдайды жасау тапсырмасын берді.
Өткен жылы министрлік жанында креативті индустриялар департаменті құрылды. Саланың қолдауын және дамуын көздейтін заң жобасы әзірленді, оның аясында Креативті индустриялар қолдау қорының құрылуы қарастырылып отыр. Биылдың басында 40 түр креативті қызмет арнайы бөлшек салық режиміне енгізілді.

Қазақстанда гендерлік теңдік үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. 2024 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%, ал басшы лауазымдардағы әйелдер үлесі 39,3% құрады. Сондай-ақ, 2030 жылға дейінгі гендерлік саясаттың Концепциясын орындау бақылауда, ал 2024 жылдан бастап әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жоспары іске асырылуда.

Сұхбатты толық оқу үшін сілтемені басыңыз: https://kazpravda.kz/n/aida-balaeva-realizatsiya-ideologicheskoy-politiki-trebuet-kompleksnogo-podhoda/

Ystyqnews

20 Dec, 13:17


Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Юсупованы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

✔️Кездесуде елімізде көркем гимнастиканы дамыту перспективасы талқыланды. Президентке федерацияның қазіргі жұмысы мен алдағы жоспары туралы ақпарат берілді.

✔️Әлия Юсупова спорт саласындағы кейбір өзекті проблемаларға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Федерация басшысының айтуынша, балаларды гимнастикаға ерте жастан баулу үшін кешенді жұмыс атқарылуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев сала инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушыларды даярлау ісінде Туризм және спорт министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнату қажет екенін айтты.

Ystyqnews

20 Dec, 04:19


Елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі төмендеп келеді

⚡️ 2024 жылы елімізде балалар мен жасөспірімдер арасында 12 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері білім беру мекемелерімен белсенді қарым-қатынас жасайды, баланың құқығы туралы сабақтар өткізеді және құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды анықтайды.

⚡️ Бір жыл ішінде 94 мыңнан астам осындай кездесулер ұйымдастырылды, бұл мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

🌐 Маңызды міндеттердің бірі интернеттегі заңға қайшы контентпен күресу болды. Жыл басынан бері зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттайтын 127 сайтты қосқанда, 35 мыңнан астам заңсыз ресурстар анықталды. Мұндай қауіптерге қарсы белсенді әрекет ету жасөспірімдерге теріс әсер етудің алдын алуға және олардың заңсыз әрекеттерге қатысу қаупін азайтуға көмектеседі.

Ystyqnews

19 Dec, 12:57


📣📣📣Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

➤ Кездесуде Қазақстан мен Euronews телеарнасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл – көптеген тілде хабар тарататын әлемдегі көшбасшы БАҚ-тың бірі.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасының елімізде аймақтық хабы ашылуын өте маңызды оқиға деп бағалады. Осы арқылы дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі көрермен Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның экономикалық, мәдени және туристік әлеуетімен жақын танысуға мүмкіндік алады.

➤ Президент аталған медиа алаңы аймақтағы елдер мен Еуропа Одағы арасындағы диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуге септігін тигізетініне назар аударды.

Педро Варгас Давид Euronews Academy жобасының жоспарымен таныстырды. Аталған бастама Қазақстан журналистерінің заманауи технологияларды меңгеруі мен жоғары кәсіби стандарттарды игеруіне бағытталған. Бұл отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

➤ Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз жаһандану жағдайындағы ақпараттық ортада тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандар даярлауға қызығушылық танытып отыр.

➤ Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету және қоғамның ашықтығын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан реформалардың маңызына тоқталды.

➤ Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында әлемдегі геосаяси ахуалға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Ystyqnews

19 Dec, 10:03


🇰🇿🇬🇼 Қазақстан мен Гвинея-Бисау президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды.

✔️АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығының құрылымы және қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, екі ел орталық алаңында инвестиция, жасыл және исламдық қаржыландыру, сондай-ақ қаржы саласының мамандарын оқыту секілді басым бағыттар бойынша ынтымақтастық орната алады.

✔️Бүгінде АХҚО арқылы тартылған инвестиция көлемі 14 миллиард долларды құраған. Оның 6,7 миллиард доллары – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар. Орталықта әлемдегі 85 елдің 3400-ден астам компаниясы тіркелген. Олардың қатарында Африка құрлығынан 6 компания бар.

Ystyqnews

06 Dec, 15:32


🇰🇿🇶🇦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Доха форумының панельдік сессиясына қатысады. Сондай-ақ Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және бірқатар компания басшыларымен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Ystyqnews

06 Dec, 12:26


🇰🇿🇫🇮Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

✉️Мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.

🔵Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

🔵Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі.

Ystyqnews

06 Dec, 06:11


🇰🇿🇰🇬Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

✔️Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

✔️Әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ықпалдастықтың даму қарқынын атап өтіп, жоғары деңгейдегі, соның ішінде Садыр Жапаровтың биылғы 18-19 сәуір күндері Қазақстанға ресми сапарының аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

✔️Достық пен тату көршілік рухында өрбіп келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.

Ystyqnews

06 Dec, 04:53


📣📣📣Жыл қорытындысы. Қазақстанның негізгі әлеуметтік бастамалары: тұрмыс сапасын жақсарту және азаматтарды қолдау

📍2024 жылы мемлекетіміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген әлеуметтік тұрғыда өзгерту бағытын жалғастырды. Еліміздің экономикалық стратегиясының негізі – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Бұл әлеуметтік қолдау мен реформалардың маңызды шараларында көрініс табады.
 
📍Әлеуметтік төлемдер және зейнетақыны көбейту
 
2024 жылы мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бағытталды.

Қаңтар айында зейнетақының кезекті рет өсті: базалық – 7%-ға, ал ынтымақтастық – 9%-ға артты.

Жинақтаушы зейнетақы алатын 459 мың адамды қосқанда, 2,4 млн-нан астам зейнеткер қамтылды.

Ең төменгі жалақы және жұмыспен қамту

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтерілді, бұл шамамен 1,8 млн адамды қамтыды. Бұдан басқа, 600 мың мемлекеттік қызметші үшін жалақыны кезең-кезеңімен 20%-ға арттыру жүргізілді. Жұмыспен қамту бағдарламалары 845 мыңнан астам азаматты, соның ішінде жастар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

📍Мемлекеттік инвестициялаудағы инновациялар

Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру үшін жобалардың инновациялық навигаторы құрылды. Жүйе кадрлық қажеттіліктерді талдауға және жобалардың сапасын бақылауға көмектеседі. 2024 жылы платформада 33 трлн теңгеге 755 жоба бақыланады, олар 150 мыңға дейін жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Білім беруді дамыту

 2024 жылы ЖОО студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін шәкіртақыны көбейту маңызды қадамы іске асырылды.

Бакалавр стипендиясы 20%-ға, ал педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер үшін 75,6 мың теңгеге дейін өсті.

Интерндер үшін стипендия 85, 4 мың теңгені, резиденттер үшін – 123, 1 мың теңгені, ал магистранттар мен докторанттар үшін өсім 15-20% құрады.
 
📍Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы
 
2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы жинақтау шоттарына жіберілетін бағдарлама жұмыс істейді. Биылдың өзінде $695,5 млн есептелді. 2024 жылы 18 жасқа толған немесе толатындарға $30,6 млн төленеді. Ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға және жоғары білім алуға төлеуге бағыттауға болады.

Ystyqnews

05 Dec, 10:19


🇰🇿🇹🇭Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады

✉️Қазақстан Президенті жеделхатында Таиланд Корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

🔵Сонымен қатар Президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.

Ystyqnews

05 Dec, 09:00


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

✔️Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде баяндалды.

✔️Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі және оның одан әрі даму перспективалары талқыланды.

✔️Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына әзірлік барысы туралы ақпарат берілді.

Ystyqnews

05 Dec, 03:51


Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады

Қанат Бозымбаев:

✔️Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұлттық жобаның әзірлену барысы жөнінде ақпарат берді:
– алдағы бес жылға арналған жоба аясында энергетикалық және коммуналдық сектордың қолданыстағы инфрақұрылымын жаңарту, 6 мың мегаваттан аса электр қуаты генерациясын іске қосу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізу қарастырылған;
– жобаның жалпы құны 10 триллион теңгеден асады. Қажетті қаражат нарықтан займ негізінде, сондай-ақ ішінара республикалық бюджеттен тартылады;
– кешенді жаңғырту жұмыстары энергетикалық нысандар мен коммуналдық сектордың тозуын біршама төмендетіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіреді;

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Бозымбаевқа Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұлттық жобаны мұқият дайындап, жыл соңына дейін бекітуді тапсырды. Сонымен қатар Өңірлік саясат тұжырымдамасын белсенді іске асыру міндетін жүктеді.

Ystyqnews

03 Dec, 13:09


Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммиті аясында Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті.

✔️Мемлекет басшысы еліміздің Дүниежүзілік банкпен стратегиялық серіктестігінің мәнін ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, бүгінде қаржы институтымен бірлесе су ресурстары, көлік және білім беру салаларында жалпы құны 3,5 миллиард доллар болатын бес ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

✔️Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің Көлік жолдарының орнықтылығы мен байланысын жетілдіру бағдарламасы (TRACE) шеңберінде атқарылатын қазақстандық жобаға 650 миллион доллар көлемінде қаржы бөлу туралы шешімін құптады. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Орта дәлізді дамытуға, атап айтқанда, Жезқазған – Қарағанды автомагистралінің құрылысына салынатын инвестицияның стратегиялық маңызына назар аударды.

Ystyqnews

03 Dec, 10:42


🇰🇿🇸🇦Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен келді

✔️Халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді.

✔️Сонымен қатар Президент Эр-Риядта бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Ystyqnews

29 Nov, 12:02


Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

➤ Мемлекет басшысына Баку қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясының басты қорытындылары туралы мәлімет берілді.

➤ Президентке 3 желтоқсан күні Эр-Рияд қаласында өтетін One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысы баяндалды. Аталған саммит Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің және Сауд Арабиясының қолдауымен ұйымдастырылады.

➤ Президент Қазақстанның экология, су ресурстары және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларын сапалы іске асыруды тапсырды.

Ystyqnews

29 Nov, 08:23


📣📣📣Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Аида Балаева:

✔️министрліктің мәдениет, ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынас, жастар саясаты, креативті индустрия, отбасы-демографиялық саясат, мұрағат және кітапхана ісі салаларында биылғы атқарған шаралары, сондай-ақ ведомствоның 2025 жылға арналған перспективті жоспарларын жүзеге асыруға дайындығы жөнінде мәлімет берді:
– биыл алғаш рет қазақ өнері әлемге әйгілі арт-алаңдарда, атап айтқанда, Венеция биенналесінде, Гиме Азия өнері музейінде таныстырылған;
– Қазақстанның баспа өнімдері Франкфурт кітап жәрмеңкесінде көрсетілген;
– сегіз тілде Qazaq сulture ақпараттық-ағартушылық платформасын іске қосу еліміздің тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрін дәріптеу тұрғысынан маңызды жобаға айналған;
– Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты айтулы мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде бағаланған;
✔️министрліктің заң жобаларын әзірлеу бағытында атқарған жұмысы туралы баяндады:
– биыл елімізде журналистердің мәртебесін арттыруды көздейтін жаңа БАҚ туралы заң қабылданған;
– «Қазақфильм» киностудиясын тікелей қаржыландыруды қарастыратын заңнамалық өзгерістер Парламент қарауына ұсынылған;
✔️еріктілер қозғалысын дамыту шаралары жөнінде есеп берді:
– 2022 жылмен салыстырғанда, белсенді еріктілер саны 240 мың адамға дейін артқан;
– жыл сайын 50-ден астам волонтерлік жоба жүзеге асырылады, сондай-ақ 7 қазақстандық ерікті БҰҰ құрылымдарына жіберілген;
✔️креативті индустрияны қолдау шаралары әзірленгенін жеткізді:
– олардың қатарында Креативті индустрия қорын құру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту бастамалары бар;
– креативті индустрия субъектілеріне арнайы салық режимі енгізілді. Жыл басынан бері елімізде 10 креативті орталық пен хаб ашылған.

❗️Президент келесі жылы өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді мерейтойлық әрі маңызды іс-шараларға дайындық барысын жіті бақылауға алуды тапсырды.

Ystyqnews

28 Nov, 16:20


✉️ Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇦🇱Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

✔️Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі. Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Ystyqnews

28 Nov, 14:47


✍️ Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды

✔️Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді.

✔️Сонымен қатар президенттер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме қабылдап, келесі жылы осы айтулы датаға орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың жоспарын бекітті.

✔️Астанада қабылданған құжаттар Ұйым мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін барлық мүше мемлекеттердің мүддесіне сай кешенді түрде дамытуға бағытталған.

Ystyqnews

28 Nov, 09:17


ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Тәуелсіздік сарайына келген сәті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандарды қарсы алды.

Ystyqnews

27 Nov, 14:16


🇰🇿🤝🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бірге суретке түскен сәті

Ystyqnews

27 Nov, 12:34


🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды

✔️Мәртебелі қонақты күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті және Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды.

✔️Бұдан кейін кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған картинасын таныстырды. Ол сондай-ақ мемлекеттер басшыларына полотноны жазуға үлес қосуды ұсынды. Картина Ресей Президентіне сапар соңында сыйға тартылады.

Ystyqnews

25 Nov, 13:32


📣📣📣Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

➤ Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады.

28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Ystyqnews

25 Nov, 12:08


📣📣📣Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады

Светлана Жақыпова:

📍еліміздегі әлеумет және еңбек салаларын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі мен алдағы жоспары жөнінде ақпарат берді:
– атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Бұл шаралар әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмектің тиісті азаматтарға дәл жетуін көздейді;
– 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды лицензиялау жүйесі енгізіледі. Бұл мақсатта кәсіби стандарттар мен оқыту модульдері әзірленген;
– 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында мүгедектіктің әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне көшу енгізіліп жатыр;
📍халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жөнінде баяндады:
– биыл 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Олардың ішінде 200 мыңнан астамы жастар. Ал 9 мыңға жуық азамат, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін грант алған;
📍сапалы жоспарлау мен мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген «Жобалардың инновациялық навигаторы» қанатқақты жобасы туралы айтты:
– аталған жүйе мамандарға деген сұранысты талдап, болжайды, сондай-ақ жобалардың тиімділігіне мониторинг жасап, сапасын қадағалайды және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
– платформа қазірдің өзінде жалпы құны 33 триллион теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оны жүзеге асыру аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған;
– навигатор қажетті еңбек ресурстары жоқ жауапсыз мердігерлерді анықтауға да мүмкіндік береді;
📍еңбек жанжалдарының алдын алуға көмектесетін Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының жұмысына тоқталды.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты жетілдіру мен әлеуметтік және еңбек салаларындағы шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ystyqnews

25 Nov, 07:51


Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Руслан Жақсылықов қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған қызметі туралы есеп берді.

Қорғаныс министрі:

➤ бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижелері, сондай-ақ әскери қызметтегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде баяндады;
➤ армияның жауынгерлік әлеуетін кезең-кезеңімен көтеру және әскерді даярлаудың жаңа тәсілдеріне көшу мәселелеріне айрықша назар аударылғанын айтты;
➤ мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу барысын жеткізіп, әскердің қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен, атап айтқанда, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен, радиоэлектрондық күрес кешендерімен жарақтандырылып жатқанын хабардар етті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік контингентінің БҰҰ аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті.

Ystyqnews

25 Nov, 06:02


🩺 Дәрі-дәрмек бағасы төмендей ме?

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру механизмдеріне өзгерістер енгізуді қолға алды. Бұл шаралар бағаны төмендетуге көмектеседі. Қазір кейбір дәрілердің құны көршілес елдерге қарағанда жоғары.

Не өзгереді?
1. Бағаны тіркеуде бірыңғай тәсіл енгізіледі.
Шекті бағаларды қалыптастыру үшін бірыңғай базалық баға белгіленеді. Бұл дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе негізсіз қымбаттатуға жол бермейді.

2. Негізсіз шығындарды алып тастау.
Бұрын маркетинг және тасымалдау шығындары 30%-ға дейін жетіп, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тағы 15% үстеме қосылатын. Енді бұл қосымша шығындар алынып тасталады, осылайша бағаны қолжетімді деңгейде ұстауға мүмкіндік туады.

3. Көтерме және бөлшек саудаға қосылатын үстемені төмендету.

• Көтерме сауда – 15-20%-ға дейін.
• Бөлшек сауда – 20-30%-ға дейін.

4. Халықаралық деңгейде референттік баға енгізіледі.
Енді дәрі-дәрмек бағасы халықаралық және ұқсас нарықтардағы бағамен салыстырылып отырады. Сонымен қатар, дәріханалардағы бағаны бақылау үшін бірыңғай референттеу жүйесі енгізіледі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен бірігіп, тасымалдау және басқа да шығындар туралы объективті деректер алынады (ИС «Кеден»).

🔹 Күтілетін нәтиже қандай?
• МӘМС және ГОБМП аясындағы шекті баға 10-12%-ға төмендейді.
• Көтерме және бөлшек сауда бағасы азаматтар үшін 15-25%-ға арзандайды.

Біз бұған дейін де Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмек бағасын қалыптастырудағы мәселелерді атап көрсеткенбіз. Бұл мәселелер бағаның негізсіз өсуіне әкелді. Енді, ақыры, Денсаулық сақтау министрлігі дұрыс қадам жасауда.

Бұл өзгерістер дәрі-дәрмектің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған нақты шешім.

Ystyqnews

25 Nov, 04:37


📣📣📣Білім беру және медицина қызметтерімен қамтуды арттыру, тіркеуді алып тастау және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес: Үкіметте цифрлық жобалар қаралды 

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

📌Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыруды және «Әлеуметтік әмиян» жобасын пилоттық енгізу арқылы халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді цифрландырудың оң тәжірибесі қаралды.

✔️ Ваучерлік қаржыландыру жүйесі мектепке дейінгі білім берудің барлық мекемелеріне олардың талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізуге жол ашады, ата-аналарға балабақшаны өз еркімен таңдауға мүмкіндік береді, «білім беру мекемесіне емес, қаражатты баланың соңынан ілестіру» қағидаты бойынша үдерістің ашықтығын қамтамасыз етеді. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарында жобаны сынақтан өткізу туралы хабардар етті. Бұл ретте алдын ала нәтижелер жоспарланған трансформацияның нақты тиімділігін көрсететіні атап өтілді. Мысалы, Таразда бұған дейін бірнеше жыл кезекте тұрған екі жастан асқан 23 мыңнан астам сәби балабақшаларда орынмен қамтамасыз етілді. Бұрын мемлекеттік тапсырыс алмаған 19 қалалық балабақша тізімге енгізілді. Небары 2 айда балаларды қабылдау фактісі бойынша қаржыландыру есебінен 600 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді. Түркістанда жобаны іске асырудың 2 аптасында 740 ваучер берілді, балабақшаларға кезек нөлге дейін азайтылды. Шымкентте де оң нәтижелер бар. Тұтастай алғанда, бүгінде жобаны аталған өңірлердің қалалары мен аудандарында іске қосу жоспарланып отыр, әрі қарай бүкіл еліміз бойынша кеңейтіледі. 

🔹«Әлеуметтік әмиян» жобасына емханалар жанында жұмыс істейтін 726 мемлекеттік дәріхана немесе олардың 100%-ы қосылды.

🔹947 мың рецепт өңделіп, берілді, бұл дегеніміз жартысынан көбі.

🔹Тиісті санаттағы балаларды тегін тамақтандыру үшін «Әлеуметтік әмиянды» пайдалану Астана, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының 215 мектебінде жүзеге асырылады.

🔹2025 жылы «Әлеуметтік әмиян» арқылы спорттық және шығармашылық тапсырыстарды, сондай-ақ демалыс лагерьлеріне жолдама бөлу жоспарлануда.

Дәрілік заттарды таңбалау нәтижелерін қарау кезінде Премьер-министрге 5,5 мыңнан астам субъектінің есепке алу жүйелерінің толық интеграциясы туралы баяндалды. Таңбаланған дәрілік заттардың өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін жетуіне автоматтандырылған мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда 88,5 млн дәрілік зат таңбаланған.

📌Олжас Бектенов цифрландыруды енгізу тіркеуді алып тастауға, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын жұмсауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Өңір әкімдеріне ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ мектептерді «Әлеуметтік әмиянмен» интеграцияланған аппараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықтау қажет. Денсаулық сақтау және қаржы министрліктері «Қазақтелекоммен» бірлесіп — бақылауды күшейтуі және айналымда таңбаланбаған дәрілік заттарды өткізуге жол бермеуі тиіс.

Ystyqnews

24 Nov, 10:01


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Ystyqnews

23 Nov, 09:42


📣📣📣Бейбіт Қазақстан: қақтығыстарды мүлде қолдамаймыз, бірақ етек-жеңімізді қымтаймыз

Қазақстан тарихи тұрғыда Ресеймен де, Украинамен де тату көршілік қарым-қатынастарды қолдап келеді. Біздің ел халықаралық құқық нормаларын және қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешуді үнемі қолдайды. Бүгінгі таңда Қазақстан бейбіт келіссөздер үшін алаң ұсынып, бітімгершілік бастамаларды іске асырудағы табысты тәжірибесіне сүйене отырып, бейбіт диалогты жақтайды.

Күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан белсенді түрде әрекет етіп, стратегиялық маңызды нысандарды әскери де, азаматтық жағынан қорғауға да ерекше көңіл бөлуде. Елдің қауіпсіздігі мәселелері тұрақты даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып қала береді. Оларды қорғауға бағытталған кешенді шаралар уақытша әрекет емес, елдің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақтылықты сақтау бағытындағы жалпы стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Әсіресе, жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл басымдықтар аса маңызды. Заңдылықты, тәртіпті және ішкі үйлесімділікті нығайту елге кез келген сыртқы сын-қатерлерге төтеп беруге мүмкіндік береді.

Айбар Олжай, қаржыгер

Ystyqnews

23 Nov, 04:58


📣📣📣Олжас Бектенов италиялық Maire Tecnimont және Ansaldo Energia компанияларының басшылығымен өндірісті локализациялау келешегін талқылады

📍 Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов биыл қаңтарда Римде ҚР Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан–Италия дөңгелек үстелінің алаңдарында жасалған келісімдер мен меморандумдарды іске асыру мәселелері бойынша энергетика және мұнай-газ химиясы саласындағы жабдықтардың жетекші өндірушілері – италиялық компаниялардың басшыларымен кездесті.

🔹 Ansaldo Energia бас директоры Фабрицио Фаббримен келіссөздер барысында инновациялық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру шаралары талқыланды. Бұл бағытта италиялық компанияның газ және бу турбиналарын әзірлеу саласындағы тәжірибесі перспективалы саналады. Бұрын қабылданған келісімге сәйкес Алматы ЖЭО-3 үшін екі газ турбинасы өндірілетін болады. Осыған байланысты тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа және Қазақстандағы газ турбиналық қондырғылар үшін компоненттерді локализациялауға мүдделі. Бұл елімізде газ турбиналы генераторлық қондырғылар үшін әртүрлі компоненттер өндіруге мүмкіндік береді және электр энергиясын өндіруге арналған жабдықтар саласында жоғары технологиялық жеткізу тізбегін жасайды.

🔹 Maire Tecnimont компаниясының президенті Алессандро Бернинимен кездесуде көмірсутек шикізатын терең өңдеу және қосылған құны жоғары, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруды арттыру саласындағы өзара іс-қимыл қарастырылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік нарықтарда сұранысқа ие полимерлер мен басқа да маңызды өнімдерді шығаратын зауыттар салу бойынша ауқымды жобалар іске асырылуда. Өз кезегінде, Maire Tecnimont полиэтилен, бутадиен, тұрақты авиация отынын өндіру, сондай-ақ газ бөлу кешенін салу саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуға мүдделі. Айта кету керек, тұрақты авиация отыны жобасы бойынша серіктестік Қазақстандағы авиация саласындағы жасыл технологияларды дамытуға елеулі үлес қосады. Аталған отынды өндіру көміртегі зиянды қалдықтарын азайтуға, экологиялық қауіпсіз ұшуды арттыруға және Қазақстанның жаһандық экологиялық технологиялар нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

• Кездесулердің қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов қайта өңдеуге баса назар аудара отырып, экономика құрылымын әртараптандыруға және өзгертуге бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық бастамалардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде Үкіметтің шетелдік инвесторларға жәрдем көрсетуге әзір екенін растады.

Ystyqnews

22 Nov, 16:32


Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

✔️Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды.

✔️Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ақынның «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аяулым», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Өмір-өзен», «Сағындым сағым жылдар», «Дос керек», «Сарыарқа» және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды.

Ystyqnews

22 Nov, 13:32


✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

✔️Заң азаматтардың, қандастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

✔️Түзетулердің бірінші блогы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Отбасы банкінің негізінде тұрғын үй кезегіне қоюды, есепке алуды және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын кешенді даму және қолдау институтын құруды көздейді.

✔️Сонымен қатар Отбасы банкі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды, жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруді жалғастырады.

✔️Отбасы банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейін ескереді. Бұл, бірінші кезекте, тұрғын үй кезегінде ұзақ уақыттан бері тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

✔️Түзетулердің екінші блогында тұрғын үйге мұқтаж адамдар үшін қосымша кепілдіктер енгізу қарастырылған.

✔️Түзетулердің үшінші блогы мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілген тұрғын үйді иелену және пайдалану тетігін регламенттейтін ережелерді толықтырып, нақтылайды.

✔️Түзетулердің төртінші блогы жер заңнамасының жекелеген ережелерін, құрылыс, жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ystyqnews

22 Nov, 05:00


Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша шұғыл жиын өткізді

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді.

• Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.

Ystyqnews

21 Nov, 15:25


✍️Президент сот жүйесін реформалау туралы заңға қол қойды

🧑🏻‍⚖️Жаңа құжат бойынша, елімізде үш кассациялық сот құрылады

👨🏻‍⚖️Кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Үшеуі де Елордада құрылады.

♦️Қылмыстық
♦️Азаматтық
♦️Әкімшілік

істер бойынша бір бірінен бөлінген үш кассациялық сот болады.

🧑🏻‍⚖️Соттардың өңірде емес, Астанада оқшаулаудың қисынды негіздемесі бар. Бұл үш жаңа сот және олардың судьялары жергілікті биліктің, бизнестің не күштік құрылымдарының ықпалына түспейді. Яғни ешкімнен қорықпай, әділ үкім шығара алады.

📌Кассациялық соттар ішкі резерв есебінен құрылуы мүмкін. Қазір 300-ден астам бос жұмыс орны бар.

❗️Жаңа модель 2025 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап іске қосылады.

Ystyqnews

21 Nov, 11:40


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

▪️Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке «Лукойл» атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді.

▪️Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.

Ystyqnews

20 Nov, 06:19


🇰🇿🇭🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады

📍Будапешт қаласына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барды. Онда УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесуді көрді.

Ystyqnews

19 Nov, 13:10


🇰🇿🇷🇸 Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен шағын құрамда келіссөз жүргізді

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Александр Вучичке ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президенті ретіндегі Сербияға алғашқы сапарының мәні ерекше екенін айтты. Сонымен қатар бұл сапар қазақ-серб қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

✔️Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық халықтар достығына, саяси диалог пен өзара қолдауға ұдайы арқа сүйейтінін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары Астана мен Белград экономикалық ықпалдастықты нығайту үшін нақты шаралар қабылдап, сауда және инвестициялық байланыстарды белсенді дамытып келе жатыр.

✔️Орайлы сәтті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін Александр Вучич пен Сербия халқына алғыс айтты. Мемлекет басшысы мұны екі ел арасындағы шынайы достықтың жарқын көрінісі ретінде бағалады.

Ystyqnews

19 Nov, 10:16


🇰🇿🇷🇸Сербия сарайының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

✔️Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары шырқалды, сондай-ақ он рет зеңбіректен оқ атылды. Бұдан кейін президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

✔️Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Ystyqnews

19 Nov, 07:01


🇰🇿🇲🇨Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады

✉️Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

🔵Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.

Ystyqnews

19 Nov, 03:49


Еркежан Қайратқызы, “Alqa” мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

- Декларация - біздің елдің дамуы үшін аса керек. Декларациядан осы күнге дейін жапа шеккен бірде-бір халық жоқ. Егер қарапайым халық декларация тапсырудан хабарсыз болатын болса, өз ауданындағы салық мекемелеріне барса, тегін тапсырып береді. Не болмаса, каспи қосымшадан тапсыру да жеңіл қарастырылған. Сондықтан, заңға бағынған ел - әрқашан өсетінін ұмытпайық,-дейді. Толығырақ: видеода🔼

Ystyqnews

18 Nov, 15:56


Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен келді

🇰🇿🤝🇷🇸Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды.

✔️Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.

✔️Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

✔️Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

Ystyqnews

18 Nov, 06:21


Ерекше балаларға арналған балабақша: Президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтерден тағы шамамен 8 млрд теңге әлеуметтік нысандарға бағытталды

📍 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру жалғасуда.

✔️ Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады. Бүгінгі таңда облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді.

Ystyqnews

17 Nov, 16:06


📣📣📣 Аптаның айшықты оқиғалары

🔸Үкімет отырысы:
✔️Олжас Бектенов халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін есепке алуды және оларды тегін датчиктерімен қамтамасыз етуді тапсырды
✔️Алматыда жоғары технологиялық дәрілік заттарды шығаратын жаңа зауыт салынады. Үкімет фармацевтикалық өндіріске қолдау көрсетеді
✔️Қазақстанда тегін препараттардың заңсыз айналымына қарсы күресу үшін дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу аяқталды

🔸Олжас Бектеновтің Қызылордаға жұмыс сапары:
✔️Президенттің тапсырмасы бойынша Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды: әуе айлағының өткізу мүмкіндігі жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін артады
✔️Мемлекет басшысының Қызылорда облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша алға қойған міндеттерінің орындалуы тексерілді: Бесарық ауылында Премьер-министр жұмыс орындарын ашу бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы табысты іске асырылып жатқанын көрді, «Жан Арай» ЖШС агроиндустриялық кешенінің өндірістік алаңдары мен әлеуметтік нысандарына барды

🔸Олжас Бектенов Президент Жолдауын орындау аясында сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту бойынша кеңес өткізді: батарея материалдарын, тұрақты магниттерді, ыстыққа төзімді қорытпаларды өндіру перспективалары талқыланды

🔸Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады – Қазақстан өңірлерінде $200 млн-нан астам сомаға 11 бірлескен кәсіпорын іске қосылып, 1,6 мың жұмыс орны ашылды.

🔸Олжас Бектенов WorldSkills Kazakhstan кәсіби-техникалық дағдылар чемпионатының қатысушыларымен кездесті: білім беру сапасын арттыру үшін кадр даярлау мәселелері қаралды. Президенттің Жұмысшы мамандықтары жылы бойынша қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде ТжКБ студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттер орталығы құрылатын болады

Ystyqnews

16 Nov, 04:49


✉️Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
 
🇰🇿🇵🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 
✔️Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

Ystyqnews

15 Nov, 16:54


📣📣📣Президент ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады. Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған

➤ Мемлекет басшысына егін және мал шаруашылықтарындағы, басқа да маңызды бағыттардағы инновациялық шешімдер мен жетістіктер таныстырылды.

➤ Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам адам жиналды. Іс-шараға агрохолдингтердің өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар қатысты.

Ystyqnews

15 Nov, 10:45


🇰🇿🇻🇳Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхангты қабылдады

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясының директоры Нгуен Суан Тхангпен кездесті.

✔️Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы бүгінде қазақ-вьетнам қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президент Вьетнамға жасаған былтырғы ресми сапарын ықыласпен еске алды. Ханой сапары барысында жүргізілген маңызды келіссөздер екіжақты ынтымақтастыққа айтарлықтай серпін берді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Вьетнам – еліміздің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктесі. Қазақстан сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды жан-жақты нығайтуға дайын.

✔️Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнамның әлеуметтік-экономикалық дамуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін парламентаралық ынтымақтастықты жандандырудың маңызына тоқталды.

Ystyqnews

15 Nov, 07:25


✍️Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Жанна Ниязбекқызы Сағынова Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Ystyqnews

14 Nov, 18:26


📣📣📣Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко Минск қаласында келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бойынша екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Бидайды терең өңдеу, құрылыс индустриясы, көлік, IT саласы, туризм жобаларына екпін бере отырып, өнеркәсіп кооперациясы мен ауыл шаруашылығына баса назар аударылды.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда көлемі биыл 8 айда $600 млн-ды құрады. Қазақстанның (экспорттағы үлесі 10,2%) ұн және басқа да өнімдері Беларусь нарығында сұранысқа ие. Сондай-ақ биыл 9 айда автомобиль тасымалы көлемі 19%-ға артып, 450,6 мың тоннаға жетті, салада оң динамика байқалады.

Қазақстан мен Беларусь үкіметтері өнеркәсіп кооперациясын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Жалпы пулға 1,8 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны $277,5 млн-ды құрайтын 14 жоба кіреді. Оның ішінде Қазақстан өңірлерінде $200 млн-нан астам сомаға 11 бірлескен кәсіпорын іске қосылып, 1,6 мың жұмыс орны ашылды. Зауыттарда тракторларды, астық және жемшөп жинайтын комбайндарды, тіркелмелі ауылшаруашылық техникаларын құрастырады. Тағы 3 жоба іске асыру сатысында тұр.

🔹 Темір жол өнімдерін шығаратын және Беларусь еліне рельстерге бекітілген шпалдар, фитингтік платформалар, темір жол дөңгелектері, тораптар және агрегаттар жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар қазақстандық компаниялардың экспорттық әлеуетіне ерекше назар аударылды.

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты бірқатар құжатқа, атап айтқанда, Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы бірлескен жобалар пулын толықтыруға және іскер топтар арасында тығыз байланыс орнатуға бағытталған 2025-2029 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасы; «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен Беларусь Республиканың Ұлттық туризм агенттігі арасындағы экологиялық, медициналық, тау шаңғысы, ауыл туризмі және балалар мен жасөспірімдер туризмі саласында тәжірибе алмасуды көздейтін ынтымақтастық туралы келісім; Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

➤ Сондай-ақ Минскіде Жоғары технологиялар паркіне барған сәтте Олжас Бектеновке «бұлтты» технологияларда, киберқауіпсіздік, қаржы секторы және басқа да салаларда жүзеге асырылатын цифрлы жобалар ұсынылды.

Ystyqnews

06 Nov, 14:07


✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары Президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады.

✔️Қазақстан Президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Америка халқының өсіп-өркендеуі жолындағы, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне табыс тіледі.

Ystyqnews

06 Nov, 04:49


🇰🇿🇫🇷Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аяқталды

✔️Орли әуежайында Қазақстан Президентін ресми шығарып салу рәсімі өтті.

✔️Ұшу алаңында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

✔️Мемлекет басшысын Францияның Қарулы күштер министрі Себастьян Лекорню мен басқа да лауазымды тұлғалар шығарып салды.

Ystyqnews

05 Nov, 12:05


🇰🇿🇫🇷Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

🔵Қасым-Жомарт Тоқаевты Елисей сарайының орталық кіреберісінен Президент Эмманюэль Макрон күтіп алды.

🔵Қарсы алу рәсімінен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Ystyqnews

05 Nov, 11:36


🇰🇿🇫🇷Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция Республикасына мемлекеттік сапары салтанатты қарсы алу рәсімінен басталды.

✔️Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Президент Эмманюэль Макрон қарсы алды. Қазақстан мен Францияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

✔️Президенттер республикалық гвардия, әуе-ғарыш, құрлық және теңіз әскерлерінен жасақталған Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтті. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылының салтанатты шеруін тамашалады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін және құрметті қонақтарды таныстырды.

Ystyqnews

04 Nov, 16:33


🇰🇿🇫🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді

✔️Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.

✔️Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.

Ystyqnews

03 Nov, 17:06


📣📣📣Олжас Бектенов пен GE HealthCare трансұлттық компаниясының басшылығы елімізде медициналық жабдықтар өндірісін құру жобасының орындалу барысын қарады

🤝 Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында GE HealthCare компаниясының Таяу Шығыс, Солтүстік-Шығыс пен Оңтүстік Африка, Түркия, Ресей және ТМД елдеріндегі президенті Костас Делигианниспен кездесу өткізді. Тараптар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қол қойылған және денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, Қазақстанда жергілікті сараптама мен өндірістік мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған Негіздемелік келісімнің іске асырылу барысын талқылады.

🔹 GE HealthCare – озық медициналық құрылғыларды, диагностикалық фармацевтикалық препараттар өндіруде, сондай-ақ интеграцияланған цифрлық шешімдерді, қызметтер мен деректерді талдау жүйелерін шығаратын әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі.

➤ Кездесуге қатысушылар озық медициналық диагностикалық құрал-жабдықтар өндірісін локализациялау мәселелерін, Қазақстанда клиникалық бейнелердің орталықтандырылған ұлттық мұрағатын құру жоспарларын талқылады. Бірінші бағыт бойынша Ультрадыбыстық диагностика аппараттары мен өнімділігі жоғары компьютерлік томографтардың жаңа үлгілерін локализациялау жоспарланып отыр. Медициналық бейнелердің орталықтандырылған мұрағаты пациенттердің медициналық деректерінің қауіпсіздігін және дұрыс сақталуын қамтамасыз ететін Бірыңғай цифрлық денсаулық сақтау кеңістігін құруға мүмкіндік береді.

• Олжас Бектенов Үкімет жұмысы басым бағыттарының бірі қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағдарланған сапалы әрі қолжетімді, заманауи медициналық инфрақұрылым құру екенін атап өтті. Денсаулық сақтау саласында цифрлық шешімдер енгізудің, ауруханаларды жаңғырту мен сапалы жабдықтаудың, білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығы айтылды.

✔️ Өз кезегінде Костас Делигианнис компанияның Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейту жоспарлары туралы баяндады. Еліміздің медициналық мекемелері, соның ішінде жетекші клиникалар қазірдің өзінде 3 мыңнан астам GE Healthcare жабдығын пайдаланады. Мемлекеттік онкологиялық бағдарлама аясында өңірлерде жүзден астам маммографтар құрылды. GE Healthcare алаңдарында 6 мың қазақстандық маман оқытылды.

➤ Кездесу қорытындысы бойынша тараптар еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Ystyqnews

28 Oct, 11:02


📣📣📣Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді

📍Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

📍Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Ystyqnews

28 Oct, 06:01


🇰🇿🇨🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

✉️Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.

Ystyqnews

27 Oct, 15:01


📣📣📣Аптаның басты жаңалықтары мен айшықты оқиғалары біздің жексенбілік дайджесте

🔸Президент тапсырмасы бойынша Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды: Нысан 6 ауданды байланыстырады

🔸Үкімет егін жинау науқанын қорытындылады: 26,5 млн тонна астық бастырылды. Премьер-министр астықты егіс алқаптарынан уақтылы шығаруды қамтамасыз етіп, сақтау мәселесін ерекше назарға алуды тапсырды

🔸Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Түркістан және Ақмола облыстары ауылдарында музыка мектебі мен спорт кешені салынады

🔸Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады: Өнеркәсіптік кооперация, су, энергетика, транзит және көлік, газ салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды

🔸2028 жылдың соңына дейін Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы мен 14 мың шақырымға жуық суару арналарын салу жоспарланып жатыр – Олжас Бектенов Cу кеңесі отырысын өткізді

🔸Премьер-министр отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру жөнінде кеңес өткізді. Жаңа ақпараттық платформа мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейін және одан кейін кәсіпкерлік белсенділік бойынша деректерді талдауға мүмкіндік береді

🔸Премьер-министр Астанадағы LRT құрылысы қарқынын тексерді

🔸Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді: отандық тауар өндірушілермен 1 трлн теңгеге келісімшарттар жасалды

Ystyqnews

27 Oct, 05:35


📣📣📣Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру жөнінде кеңес өткізді
 
📍 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға қатысты тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

🔹 Негізгі міндет – мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шараларына басым қолжетімділігі бар кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға бөлі әдіснамасын цифрландыру. Бұл ретте мемлекеттік қолдау алатын кәсіпкерлік субъектілерінің өзара міндеттемелерін қажет. Өнім сапасы, еліміздегі өндірісті локализациялауға және қазақстандық қамту үлесі, сондай-ақ кәсіпорынның өңір мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына одан әрі қосқан үлесіне баса назар аударылуда. Цифрлық формат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және адами фактордың әсерін жоюға мүмкіндік береді.

✔️ Бүгінгі таңда Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының өнеркәсіп саласын дамытуға әсерін кеңейтілген талдау жүргізіледі. Жаңа ақпараттық платформа кәсіпкерлік белсенділік бойынша деректерді мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейін және одан кейін динамикада көрсетеді.

➤ Платформада отандық кәсіпорындар, олардың жүктемесі, шығарылатын өнімдер, сыртқы сауда қызметі, қызметкерлер саны, сондай-ақ олармен жасалған шарттар, оның ішінде ұзақ мерзімді және офтейк- келісімшарттар туралы деректер бар. Жүйе мемлекеттік органдарға проактивті форматта талдау, мониторинг жүргізуге және бизнеске уақтылы қолдау көрсету үшін басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

➤ Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 2 мыңнан астам отандық кәсіпорынның деректер жүйесіне жүктелгені туралы баяндады, отандық өнімді әлеуетті сатып алушылар саналатын реттелетін сатып алу субъектілері — компаниялар туралы мәліметтер бар, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен бизнес арасында жасалған ұзақ мерзімді шарттар туралы ақпарат жүктелген.

Smart Data Ukimet ақпараттық-талдау жүйесі негізінде әзірленген Платформа бұрын шашыраңқы ақпараттық жүйелерден алынған деректерді біріктіреді және жүйелейді. Ол қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, СК-Фармация, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС, электрондық сатып алулар, квазимемлекеттік сектордың (Mitwork) және жер қойнауын пайдаланушылардың (NadLock) реттелетін сатып алуларының базаларымен толық интеграцияланған. Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Бәйтерек» холдингінің қазақстандық кәсіпорындарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы деректері жүктелді. Ақпаратты жаңарту онлайн режимінде жүзеге асырылады.

• Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық сақтау, Қаржы министрліктерінің басшылары да платформаны толтыру және практикалық қолдану бойынша атқарылған жұмыстар туралы  баяндады.

Ystyqnews

26 Oct, 10:16


📣 28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

✔️Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Ystyqnews

26 Oct, 07:01


✉️Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇦🇹Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

✔️Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Ystyqnews

26 Oct, 05:13


📣📣📣Белград мұнарасында Қазақстанның туы желбіреді

Республика күніне Сербия мемлекеті ерекше тарту жасады. Ел астанасының символына арналған ең көркем ғимарат 168 метрлік мұнара биыл 15 қазанда ашылған. Жалпы екі ел қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді.

Сербия басшылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Сербия Республикасына жоспарланған сапары ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді деген сенімде.

Ystyqnews

25 Oct, 04:06


📣📣📣Премьер-министр Олжас Бектеновтің Республика күнімен құттықтауы
 
Құрметті отандастар!

Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Мемлекет басшысы айтулы күннің тарихи тағылымын ел жадында қайта жаңғыртып, мызғымас бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің берік тұғырына айналдырды. Азаттықтың алғышарты дербестік декларациясы – халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраты мен қажырлы күресінің жемісі. Елдігімізді нығайтып, ынтымағымызды бекемдей түсер мерейлі мереке ұлтымыздың қилы тағдырымен бірге мәңгі жасай бермек.

Біздің бағытымыз – айқын. Алдымызда Әділетті Қазақстанның құндылықтарын баянды етуге барымызды салатын даңғыл жол тұр.Осынау ұлы мақсатқа жетуде халқымыз ауызбіршілік пен еңбекқорлықтың озық үлгісін көрсетеді деп сенемін.

Бүкіл қазақстандықтарды айшықты мерекемен құттықтаймын. Елімізге тыныштық, әр шаңыраққа бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!

Ystyqnews

25 Oct, 03:48


📣📣📣Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам – сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы.

Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді.

Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз.

Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық. Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін!

Ystyqnews

23 Oct, 03:01


✍️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды

1. Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ вице-президенті Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлына тапсырылды;

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Алматы қаласы, «№4 арнайы мектеп-интернат» КММ мұғалімі Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызына және Орал қаласы, «Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызына тапсырылды;

3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз Қарағанды облысы, «Шахтерское» ЖШС директоры Прокоп Георгий Георгиевичке тапсырылды.

Ystyqnews

22 Oct, 14:42


Мемлекет басшысы Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан» атты мерекелік концертке барды.

➤ «Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Ystyqnews

22 Oct, 11:59


Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Жеңіс Қасымбек:

✔️елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді:
– қаланың барлық экономикалық көрсеткіші бойынша оң динамика байқалады;
– биылғы 9 айда тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 140 миллиард теңгені құраған. Бұл – 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға жоғары;
✔️жылыту маусымы жөнінде баяндады:
– былтыр «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясы мен үшінші жылу электр орталығының бірінші кезеңдерін пайдалануға беру нәтижесінде қалада жылу қуаты алғаш рет артығымен өндіріле бастаған. Аталған нысандар Астананы 1100 Гкал/cағаттан астам жылу қуатымен қамтамасыз еткен;
– жыл соңына дейін «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Сол кезде шаһарға қосымша 250 Гкал/сағат жылу беріледі.

❗️Президент елорданы одан әрі дамыту, көлік инфрақұрылымын нығайту және көріктендіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Ystyqnews

22 Oct, 08:10


Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Түркістан және Ақмола облыстарында әлеуметтік нысандар салынады

📍Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі.

🔹 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Ақмола облысының Зеренді ауылында құны 2,1 млрд теңге болатын спорт кешенін және Түркістан облысының Темірлан аулында 890 млн теңге сомаға музыка мектебін салу жөніндегі алғашқы екі әлеуметтік жобаны іске асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

➤ Бұл бастамалар тұрғындарды білім беру және спорттық қызметтермен қамтуды арттыру үшін ауылдық жерлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Ystyqnews

21 Oct, 13:40


🇰🇿🇬🇼 Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті

📞Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады.

✔️Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

✔️Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Ystyqnews

21 Oct, 13:02


✍️ Мемлекет басшысы «Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ystyqnews

20 Oct, 07:09


📣📣📣Суару кезеңінде су қоймаларын толтыру және су шығынын азайту бойынша жұмыс жүргізу қажет — ҚР Премьер-Министрі

📍 Үкімет отырысы барысында Олжас Бектенов алдағы вегетациялық кезеңге дайындыққа ерекше назар аударды.

• Бұл мәселеде ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрліктеріне маңызды рөл беріледі. Премьер-Министр олардың басшыларына өңірлерге қажетті су көлемін берудегі іс-қимылдарды нақты үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үшін су қоймаларын толтыру және суару кезеңінде су шығынын азайту жұмыстарын жүргізу қажет.

🔹 Бұдан басқа, АШМ және су ресурстары басшылығына суармалы жерлер алаңын ұлғайту, аграршыларға су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау және су үнемдеу технологияларына инвестициялау кезіндегі шығыстарға қатысты өз функцияларын айқындау тапсырылды. Сондай-ақ суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру тетіктерін әзірлеу, судың цифрлық есебін белсенді қолдану қажет.

📌 Отырыс қорытындысы бойынша Олжас Бектенов жыл сайын су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлердің көлемін 150 мың гектарға дейін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Ystyqnews

19 Oct, 12:41


✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.