ТРК Президента @ptrkkz Channel on Telegram

ТРК Президента

@ptrkkz


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт https://ptrk.kz/
Instagram https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok:https://www.tiktok.com/

ТРК Президента (Kazakh)

Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңу Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Тіркеліңіз Ті... "ТРК Президента" Telegram қаналына қош келдіңіз! Бұл Өзбекстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің қызметі туралы ресми медиа-ресурс қаналы. Бұл қаналда өзбекстан Президентінің күнделікті іс-шаралары мен жаңалықтары туралы хабарландырулар мен байланыс арқылы білім аласыз. Тіркеліңіз!

ТРК Президента

07 Dec, 17:02


🇰🇿🇶🇦Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жұмыс сапары

@ptrkkz

ТРК Президента

07 Dec, 14:35


Казахстан может сыграть роль моста для решения проблем корреспондент CNN

📺 Ведущая и корреспондент CNN Джулия Чаттерлей подчеркнула роль Казахстана как потенциального «моста» между различными мировыми игроками в интервью с Президентом Казахстана на форуме Doha Forum 2024.

©Она также выразила интерес к обсуждению глобальных вызовов, таких как геополитическая нестабильность и экономические трудности, которые были затронуты в ходе беседы.

@ptrkkz

ТРК Президента

07 Dec, 14:16


🇰🇿Қазақстан сияқты орта державалар жаһандық кеңістікте бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуде өте маңызды рөл атқара аладыҚасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Newsmaker Interview форматындағы Доха форумының панельдік сессиясына қатысып, модератор, СNN журналисі Джулия Чаттерлейдің сұрақтарына жауап берді.

Президенттің айтқан маңызды сөздері:

©БҰҰ әмбебап ұйым ретінде адамзат үшін өте қажет. Себебі оның баламасы жоқ

©Бүгінгі ахуал көптеген елді, соның ішінде Қазақстанды да алаңдатады. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы реформалауды қажет етеді

©Ірі державалар арасында ымыраластық болуы керек деп санаймыз. Олардың келісімге келе алмауы салдарынан Қауіпсіздік Кеңесі тығырыққа тірелді

©Сауда қақтығыстары, соның ішінде тариф қолдану шаралары – оңтайлы шешім емес. Бұл – тым күмәнді саясат

©Қазақстан ДСҰ-ға мүше ел ретінде осы маңызды сауда-экономикалық ұйымның барлық нормалары мен ережелерін қатаң сақтайды

©Біз кедергілер мен қақтығыстарды қолдамаймыз. Қазақстан әзірге ондай қиындықтарға тап бола қойған жоқ. Өйткені өңірдегі көршілерімізбен және басқа да мемлекеттермен сындарлы әрі өзара тиімді қарым-қатынас ұстанамыз

🔷Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатына, Украина мен Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуге қатысты қойылған сауалдарға жауап берді.

@ptrkkz

ТРК Президента

07 Dec, 10:43


🇰🇿🇶🇦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Мемлекет басшысы Доха форумына шақырғаны үшін Қатар Әміріне алғыс айтты. Сондай-ақ стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

@ptrkkz

ТРК Президента

07 Dec, 08:28


🇰🇿Президент Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты. 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды.

@ptrkkz

ТРК Президента

07 Dec, 07:00


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының ресми ашылу салтанатына келді

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Dec, 17:50


🇰🇿🤝Мемлекет басшысы әуежайдан кейін бірқатар компания басшыларымен кездесу өткізді

▫️Алдымен Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады. Компания Қашағанда газ өңдеу зауыттарын, Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырының екінші желісін, сондай-ақ жаңа компрессор станциясы мен Ақтөбе – Қостанай магистральді газ құбырын салуға қатысады.

▫️Одан кейін Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджримен жүздесті. Кездесуде жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Dec, 15:34


🇰🇿🇶🇦Президент Қатарға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Доха форумының панельдік сессиясына қатысады.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Dec, 11:41


🐆▶️ҚР Президентінің Телерадиокешені «Су» деректі фильмін ұсынады

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Dec, 07:56


🐆🎞️ҚР Президентінің Телерадиокешені «Су» деректі фильмін ұсынады

💦Орталық Азиядағы барлық ірі өзен трансшекаралық. Аймақтағы бес мемлекеттің ішінде Қырғызстанның ғана өз өзендері бар, ал Қазақстандағы ірі сегіз су артериясының жетеуі көрші елдерден бастау алады.

▫️Қазіргі проблеманың ауқымы қандай, ғалымдар мен сарапшылар қандай болжам жасайды?

▫️Мемлекеттер нендей шара қолданып жатыр?

▫️Қазақстан су туралы ғылымды қалай жандандырмақ және Су ресурстары министрлігі не үшін құрылды?

📰📺Бұл сұрақтардың жауабын бүгін, 6 желтоқсан сағат 15:20-да Jibek Joly телеарнасынан біліңіз!

@ptrkkz

ТРК Президента

04 Dec, 04:20


🔷Мұны өз басымыздан өткерген жағдайдан білеміз Президент One Water саммитінде су қауіпсіздігі туралы атап өтті.

@ptrkkz

ТРК Президента

04 Dec, 04:05


🇰🇿Из выступления Президента на полях One Water Summit в Эр-Рияде

@ptrkkz

ТРК Президента

04 Dec, 03:50


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Жер аумағы көлемді және теңізге шығатын жолы жоқ ел ретінде Қазақстан судың қадірін анық сезінеді»

Президенттің One Water саммитінде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

03 Dec, 19:32


🎥 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына жұмыс сапары

@ptrkkz

ТРК Президента

03 Dec, 18:06


🇰🇿🇫🇷Қасым-Жомарт Тоқаев өткен айдағы Францияға мемлекеттік сапарынан кейін Эмманюэль Макронмен бүгін One Water саммиті аясында кездесті

Қазақстан Президенті:

«Келіссөздердің қорытындысына және тиісті құжаттарға қол қойылғанына көңілім толды. Францияға мемлекеттік сапарым ұзақмерзімді экономикалық өсімге және елдеріміз арасындағы байланысты нығайтуға жасалған маңызды қадам болды. Бірнеше аптадан кейін-ақ түрлі бағыттағы негізгі келісімдердің жүзеге асып, нақты нәтиже бере бастағаны қуантады»

@ptrkkz

ТРК Президента

03 Dec, 17:24


🇰🇿Президент One Water саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың саммиттің ашылу салтанатында сөйлеген маңызды сөздері:

💧Әлемде 2 миллиардтан астам адам сапалы ауыз суға жарымай отыр, ал 4 миллиардтан астам халық су тапшылығына ұшырады

💧Адамзаттың орнықты келешегін қамтамасыз ету үшін әлем елдері қазіргі сын-қатерлерге қарсы ортақ үн қатуы қажет

💧Жер аумағы көлемді және теңізге шығатын жолы жоқ ел ретінде Қазақстан судың қадірін анық сезінеді. Су таусылмайтын ресурс емес. Мұны өз басымыздан өткерген жағдайдан білеміз

💧Қазақстанның таза ауызсуға жаппай қол жеткізуді көздейтін Freshwater Challenge жаһандық бастамасына қосылуы еліміздің осы мақсатқа жетуге бейіл екенін растайды

💧Мұздықтардың еруіне жол бермей, тіршілік нәріне мұқтаж өңірлердегі су ресурстарын басқару стратегиясын қолдау үшін бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірыңғай су саясатын әзірлеген жөн

💧Суда шекара болмайды. Ол қоғамдастықтар мен экожүйелерді байланыстырады. Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының төрағасы ретінде аймақтық ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимылдың ілгерілеуіне қолдау көрсетеді

💧Қазақстан бүгін жаһандық су дағдарысын шешуге мүдделі тараптарды біріктіретін және су ресурстарын басқару ісінде жаңашылдықты жақтайтын One Water Vision коалициясына ерекше ықыласпен қосылды

💧Еліміз 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Өңірлік климат конференциясын өткізеді

💧Су қауіпсіздігі – жай ғана техникалық немесе экологиялық мәселе емес, бұл моральдық императив. Су қауіпсіздігі проблемасын шешу One Water қағидаты аясындағы көпжақты диалогты дамытуды талап етеді

💧Қазақстан су ресурстарын жаһандық ауқымда басқару ісін нығайтуды көздейтін осы ұжымдық әрекетке өз үлесін қосуға дайын

@ptrkkz

ТРК Президента

03 Dec, 16:05


@ptrkkz

ТРК Президента

03 Dec, 16:04


📸 One Water саммитіне қатысушылардың бірге суретке түскен сәті

@ptrkkz

ТРК Президента

03 Dec, 13:20


🐆▶️ҚР Президентінің Телерадиокешені халықаралық олимпиада жүлдегерлері мен робототехника шеберлері туралы «Дара» деректі фильмін ұсынады.

@ptrkkz

ТРК Президента

03 Dec, 13:10


🤝Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

🇰🇿Президент Дүниежүзілік банктің Көлік жолдарының орнықтылығы мен байланысын жетілдіру бағдарламасы (TRACE) шеңберінде атқарылатын қазақстандық жобаға $650 млн көлемінде қаржы бөлу туралы шешімін құптады. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Орта дәлізді дамытуға, атап айтқанда, Жезқазған – Қарағанды автомагистралінің құрылысына салынатын инвестицияның стратегиялық маңызына назар аударды.

Аджай Банга Дүниежүзілік банктің Қазақстанмен арадағы ықпалдастық деңгейіне жоғары баға беріп, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға дайын екенін растады.

@ptrkkz

ТРК Президента

03 Dec, 10:42


🇰🇿🇸🇦Президент One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен келді. Халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді.

@ptrkkz

ТРК Президента

03 Dec, 06:26


🐆🎞️«Дара»

🏆Президент Телерадиокешені дайындаған жаңа деректі фильмде пән олимпиадалары мен робототехника жарыстарынан әлемдік деңгейде жүлдегер атанып жүрген жас дарындар туралы айтылады.

🇰🇿Қазақстанда халықаралық білім олимпиадаларынан, робототехника жарыстарынан жүлделі орын алып жүрген дарынды балалар баршылық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі осындай жас дарындарды қолдау, жағдай жасау туралы үнемі айтады.

🎥Фильмде дара балалардың ата-аналары мен жетекшілерінің сұхбаты, сарапшы-ғалымдардың пікірлері көрсетіледі. Сондай-ақ білімдарлардың алдағы жоспарлары мен болашаққа деген армандарын білдік.

📰📺Бүгін, 3 желтоқсан сағат 12:45-те Jibek Joly телеарнасында көріңіз!

@ptrkkz

ТРК Президента

02 Dec, 14:20


📰▶️Jibek Joly телеарнасында жарық көрген «100 Sarbaz» реалити-жобасының 1 бөлімі және 2 бөлімі Youtube арнамызда жарияланды.

💪Алғашқы шығарылымдарда сарбаздар белтемірде ұзақ тұру бойынша жарысты. Бұл айналымда ҚР Қарулы күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің командасындағы Алмат Оңдасыновтың нәтижесін ешкім қайталай алмады. 🔥Ол белтемірде 43 минут бойы ілініп тұрып, жүзден жүйрік атанды. Алайда «100 Sarbaz-дың» сардары болуы үшін қатысушыларды алдағы бөлімдерде талай сынақ күтуде. 👏Сондай-ақ бағдарламада сарбаздарды қолдауға келген отандық өнер иелері де бар. Мысалы, екінші санда актер Асылхан Төлеповті көре аласыз!

📺Басқа да тартысты сәттерге куә болғыңыз келсе әр сенбі, жексенбі сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасын қосыңыз! Бірге тамашалайық!

#100Sarbaz #jibekjoly

ТРК Президента

02 Dec, 13:23


🐆▶️Телерадиокомплекс Президента РК представляет документальный фильм «Карагандинская область. PROявление».

@ptrkkz

ТРК Президента

02 Dec, 09:42


🎥 «Карагандинская область. PROявление»

Карагандинская область — один из крупнейших по промышленному потенциалу, богатый сырьем и минералами регион Казахстана, который становится центром инноваций и бизнеса. В регионе активно реализуется программа диверсификации экономики: здесь расширяют производство товаров, таких как автобусы, спецтехника, бытовая техника, текстиль, осетровая икра и другие продукты с пометкой «MADE IN KZ», которые экспортируются внутри страны и за рубеж.

▫️Документальный фильм ТРК Президента РК «Карагандинская область. PROявление» показывает, как труд и творчество людей разных профессий способствуют развитию региона и страны.

📰📺Сегодня в 15:20 на телеканале Jibek Joly! Не пропустите!

@ptrkkz

ТРК Президента

01 Dec, 10:31


🐆▶️Телерадиокомплекс Президента РК представляет документальный фильм о государственном визите Президента России Владимира Путина в Казахстан

@ptrkkz

ТРК Президента

30 Nov, 14:46


🇰🇿🇷🇺🐆Стратегический диалог Астаны и Москвы выходит на новый уровень. Таковы итоги государственного визита Президента России в Казахстан.

🔷Почему встреча Глав двух государств сопровождалась повышенным вниманием?

🔷О чем говорили Президенты? Как Астана встречала главу России?

🈂️Смотрите новый документальный фильм ТРК Президента «Союзники» в это воскресенье, 1 декабря, в 15:00 на телеканале Jibek Joly.

@ptrkkz

ТРК Президента

30 Nov, 11:53


▫️Как встречали Глав государств – членов ОДКБ в Астане?

🎞️Отрывок из документального фильма ТРК Президента

@ptrkkz

ТРК Президента

30 Nov, 07:35


📸 Фото дня: Касым-Жомарт Токаев на саммите ОДКБ

28.11.2024, Астана

@ptrkkz

ТРК Президента

30 Nov, 07:26


🐆ҚР Президентінің Телерадиокешені мобильді форматта түсірілген Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары мен Астанада өткен ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі туралы деректі фильм ұсынады

@ptrkkz

ТРК Президента

30 Nov, 04:35


📰Jibek Joly телеарнасында «Тамаша» сериалының тұсаукесері!

🎞️1991 жылдың ортасы. Қайсар есімді жігіт сол уақытта атауы дүркіреп тұрған «Тамаша» әзіл-сықақ театрының әртістеріне компромат іздеп жүріп, тарихтың, нағыз өнердің, шынайы достық пен махаббаттың куәсі болады.

📺Бүгін, 30 қараша сағат 19:00-де Jibek Joly арнасында көріңіз!

#тамаша #jibekjoly

ТРК Президента

29 Nov, 17:40


💪Еліміздің нағыз батырлары Jibek Joly телеарнасының «100 Sarbaz» әскери-патриоттық реалити жобасында!

📰📺Ертең, 30 қараша сағат 20:00-де біздің арнамыздан өткізіп алмаңыз! Jibek Joly қосулы болсын!

#100Sarbaz #jibekjoly

ТРК Президента

28 Nov, 17:11


🔷В. Путину по завершении его госвизита подарили картину о дружбе Казахстана и России

Художница Асель Сабыржанқызы подарила Президенту России полотно, которое она написала в честь госвизита в нашу страну.

На картине слева расположена - Акорда, справа - Кремль, как символы государственности наших стран, они соединяются мостом дружбы посередине.

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 15:58


🎨Сондай-ақ суретші Әсел Сабыржанқызы Ресей Президентіне елімізге жасаған сапарына арнап салған картинасын сыйға тартты. Полотнода екі елдің достығы бейнеленген.

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 15:57


🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 14:45


🖋ҰҚШҰ елдерінің басшылары қандай құжаттарға қол қойды?

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 14:30


🇰🇿Касым-Жомарт Токаев:

«Все задачи, стоявшие перед ОДКБ в председательство Казахстана, выполнены»

Из выступления Президента на сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ в узком составе

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 14:12


©Из выступления Президента на сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ в узком составе

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 14:05


🇰🇿Касым-Жомарт Токаев:

«В условиях современных вызовов ОДКБ неизменно демонстрирует свою востребованность в качестве гаранта безопасности для всех стран-участниц»

Из выступления Президента на сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ в узком составе

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 13:55


🇰🇿Касым-Жомарт Токаев:

«
Особое внимание уделено развитию возможностей ОДКБ в борьбе с современными угрозами, включая терроризм, кибератаки, транснациональная преступность и незаконный оборот наркотиков»

Из выступления Президента на сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ в узком составе

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 13:45


🖋ҰҚШҰ елдерінің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 13:38


🎥ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 12:45


🇰🇿Касым-Жомарт Токаев:

«Впереди много совместной работы, и у сторон есть серьезный задел на 2025 год»

Из выступления Президента на брифинге для представителей СМИ.

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 12:35


🇰🇿Касым-Жомарт Токаев:

«Казахстан впервые в истории двусторонних отношений вошел в пятерку крупнейших торговых партнеров России»

Из выступления Президента на брифинге для представителей СМИ.

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 12:25


🇰🇿Касым-Жомарт Токаев:

«Казахстанско-российское сотрудничество достигло небывалого подъема, охватив практически все ключевые сферы взаимодействия»

Из выступления Президента на брифинге для представителей СМИ.

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 11:46


🔷Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалықтың Қырғыз Республикасына өтуі туралы шешімнің қабылдануымен құттықтап, қырғыз тарапының жауапты міндетті табысты атқаруына тілектестік білдірді.

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 11:46


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Президенттің сөйлеген сөзінің маңызды тұстары:

– Бүгінде ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін тиімді әрі қажетті халықаралық құрылымға айналды

– Біздің қазіргі жағдайға ортақ бағамыз және ҰҚШҰ-ның одан әрі дамуына көзқарасымыз Қазақстанның бастамасымен әзірленген Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясында көрініс тапты

– Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге ерекше мән берілді. Ардагерлердің майдандағы және тылдағы ерлігі есімізде мәңгі сақталады. Оларды әрдайым мақтан тұтамыз, құрметтейміз

– Айтулы мереке қарсаңында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесін қабылдау, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар жоспарын бекіту маңызды деп санаймыз

– Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында Ұйым жарғысына сай ынтымақтастық бағыттары бойынша 60-қа жуық іс-шара ұйымдастырылды

– Биыл қабылданған саяси құжаттар легіне ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жалпы бағалауы негіз болды. Олардың ішінде халықаралық ақпараттық қауіпсіздік, ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері мен Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты, сондай-ақ Белоруссияны басқыншылардан азат етудің 80 жылдығына орай қабылданған мәлімдемелер бар.

– Қыркүйек-қазан айларында елімізде «Мызғымас бауырластық-2024» ҰҚШҰ Бітімгершілік күштерінің командалық-штабтық оқу-жаттығулары мен «Жартас-2024» ҰҚШҰ арнайы оқу жиыны өтті

– Қазақстан мен ҰҚШҰ-ға мүше басқа да елдер аумағында бір уақытта «Наемник», «Канал», «Нелегал» және «ПРОКСИ» секілді арнайы операциялардың түрлі кезеңдері өтті

– Биыл біздің бастамамызбен алғаш рет заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрі айналымына және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл жөнінде консультациялар өтті

– ҰҚШҰ аясында арнаулы жұмыс тобын құру мәселесі пысықталып жатыр. Қазақстан төрағалығының үйлестіруімен Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасын дайындау жұмыстары аяқталды.

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 09:15


📸@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 09:15


🇰🇿🇧🇾🇰🇬🇹🇯🇷🇺

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Тәуелсіздік сарайына келген сәті. Мәртебелі меймандарды Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

@ptrkkz

ТРК Президента

28 Nov, 04:50


🇰🇿Касым-Жомарт Токаев:

«Сотрудничество в топливно-энергетической сфере между Казахстаном и Россией достигло качественно нового уровня»

Из выступления Президента на пленарном заседании ХХ Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России.

@ptrkkz

ТРК Президента

23 Nov, 07:00


💪«100 Sarbaz» – ерлік пен қайсарлықтың нағыз көрінісі!

100 жауынгер. 100 мінез. Бұл жоба шын мықтылардың төзімі мен ерік-жігерін сынайтын ерекше дода. Сондай-ақ еліміздегі ең алғашқы әскери-патриоттық реалити жоба.

📺📰30 қарашадан бастап Jibek Joly арнасында ержүрек сарбаздардың қайсарлығына куә болыңыз!

#jibekjoly #100sarbaz

ТРК Президента

22 Nov, 15:48


Бүгін Президент белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

@ptrkkz

ТРК Президента

22 Nov, 11:51


🎥«АРМАНДАР ОРЫНДАЛАТЫН АСТАНА»
 
🐆 Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені көрермен назарына еліміздің бас шаһары туралы жаңа деректі фильм ұсынады.

▫️«Астана өмір сүруге қолайлы қала ма?
▫️Елордадағы басты мәселелер қандай? Олар қалай шешіліп жатыр?

Фильмде осы сұрақтар бойынша қала тұрғындарының пікірі мен қала әкімі бастаған жауапты мамандардың жауабы қамтылады.

📺📰Сенбі, 23 қараша, сағат 15:00-де Jibek Joly арнасында тамашалаңыз!

@ptrkkz

ТРК Президента

21 Nov, 07:20


🇰🇿Президент:

«Біз Мажарстанға жалпы құны $700 млн болатын 95 тауар түрін жеткізуге дайынбыз»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Виктор Орбанмен БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингте сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

21 Nov, 07:00


🇰🇿Президент:

«Қазақ пен мажар бір-біріне өте жақын халықтар»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Виктор Орбанмен БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингте сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 23:03


🇰🇿🇭🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстанға мемлекеттік сапары

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 22:01


🤝Қазақстан Президентінің Мажарстанға мемлекеттік сапары аяқталды

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 21:22


Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысты

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 21:13


🇰🇿🇭🇺Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

✉️✉️✉️✉️✉️✉️

– Отыз жыл бұрын Қазақстан өз елшілігін Мажарстанға жіберді. Бұл еліміздің Орталық Еуропадағы тұңғыш елшілігі болды

– Елдеріміздің экономикалық әлеуеті мол, оны толыққанды игеру өте маңызды. Сондықтан бұл сапарымның басты мақсаты – ынтымақтастығымызға жаңа серпін беру

Мажар елі – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық әріптесі. Бүгінгі берік саяси ынтымақтастық пен тығыз экономикалық байланыс – соның айқын дәлелі

– Алдағы меже – өзара алыс-берісті $1 млрдқа дейін арттыру. Біз Мажарстанға жалпы құны $700 млн болатын 95 тауар түрін жеткізуге дайынбыз

– Мажар компаниялары Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қызығушылық танытып отыр. Елімізге 2005 жылдан бері $370 млн мажар инвестициясы тартылды.

– «UBM» холдингімен жем шығаратын үш зауыт салу туралы жобаға қол қойдық. Оның құны – $62 млн

– Бүгін «KTZh Express», «L.A.C. Holding» және «Xi'an Free Trade Port Construction and Operation» компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – аймақтағы экономикалық қарым-қатынастың жарқын көрінісі.

– Азиядан Еуропаға құрлықпен тасымалданатын жүктің 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді. Алдағы уақытта бұл бағытпен 10 млн тонна жүк жеткізілетін болады

– Биыл Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Мажар құрама командасы белсене қатысты. Қолдауларыңызға рақмет айтамын

– Мажар үкіметінің қолдауымен соңғы 10 жылда Қазақстан студенттеріне оқу гранттары бөлініп жатыр. Соның нәтижесінде бірнеше мың жастарымыз Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алды.

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 20:15


©Мемлекет басшысы: Бүгінгі сапарымның басты мақсаты – екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастыққа тың серпін беру

🤝Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

▫️Президент мажар тарапына арнайы шақыруы және көрсеткен сый-құрметі үшін ризашылығын білдіріп, қос халықтың тарихи және мәдени жақындығын атап өтті.

🔷Тараптар екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылап, бірқатар маңызды уағдаластыққа қол жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан – Мажарстан инвестициялық қорын құруға келісті.

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 19:14


🤝Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді

🇰🇿🇭🇺Кездесу достық рәуіште өтті. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары екенін көрсетеді.

Қазақстан Президенті Мажарстанды еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық серіктесі, сондай-ақ достас әрі бауырлас мемлекет ретінде атап өтті.

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 17:00


🇰🇿Президент:

«Қазақстанда мажарлардың 70-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 16:50


📸Президент және Мажарстанда білім алып жатқан қазақстандық студенттер

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 16:45


#Сандарсөйлейді

💰Мажарстанның Қазақстанға құйған инвестициясы 370 миллион долларға жетті.

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 16:37


🇰🇿🇭🇺Президент Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс Төрағасы Ласло Kёвермен кездесті

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің парламентаралық ықпалдастығы маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.

– Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізді Қазақстанға сапармен келуге шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.

🏢Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ласло Кёвер Мажарстан Парламентінің ғимаратын аралады

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 14:41


📝Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанда Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 14:39


💰Мажарстанның Қазақстанға құйған инвестициясы $370 млнға жетті Қасым-Жомарт Тоқаев

🇰🇿🇭🇺Президент Қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Мемлекет басшысы Будапештке алғашқы мемлекеттік сапары қазақ-мажар стратегиялық серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді.

🔷Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мажар компанияларының басшыларын келесі жылы мамыр айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 13:35


«Менің осы сапарым көпқырлы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге Қазақстан мен Мажарстанның ниетті екенін көрсетеді» Қазақстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті

▫️Түскі ас форматында өткен кездесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын талқылады.

▫️Президент сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейтудің маңызына айрықша тоқталды. Оның айтуынша, энергетика, көлік-логистика, металлургия, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі және басқа да салаларды дамыту мәселесінде екі елдің мүдделері сай келеді.

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 13:05


🇰🇿🇭🇺Мемлекет басшысы Мажарстан Президентімен кездесу үшін Шандор сарайына келді

📝Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокпен бірге суретке түсіп, Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

@ptrkkz

ТРК Президента

20 Nov, 11:55


🇰🇿🇭🇺Біздің Президентті ресми қарсы алу рәсімі өтті

Мажарстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.

@ptrkkz

ТРК Президента

12 Nov, 16:14


⚡️«100 Sarbaz» – Jibek Joly арнасында жаңа жоба!

🎥Бұл қазақ телевизиясындағы әскер саласына арналған алғашқы ауқымды бірегей жоба. Бағдарлама жүргізушісі - белгілі кино және театр актері Берік Айтжанов.

💪🏻Қарқынды күрес, көшбасшы болуға ұмтылыс, тән мен рухтың мүмкіндіктері – мұның бәрі әрбір көрерменге жарқын да, ұмытылмас эмоция сыйлары хақ.

30 қарашадан бастап «100 Sarbaz» реалити жобасын Jibek Joly телеарнасынан көре аласыз!

#jibekjoly #100Sarbaz

ТРК Президента

12 Nov, 15:36


🇰🇿🇦🇿Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуге жұмыс сапарының бірінші күні

@ptrkkz

ТРК Президента

12 Nov, 15:25


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Су мәселесіне жаһан назарын аудару мақсатында биыл желтоқсан айында Франциямен бірлесіп One Water саммитін өткіземіз»

Президенттің Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

12 Nov, 15:10


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Әлемдегі зиянды шығарындылардың 1%-ы ғана Орталық Азия елдеріне тиесілі. Соған қарамастан бұл аймақ көптеген климаттық қатерге ұшырап отыр»

Президенттің Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

12 Nov, 14:24


Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазір де бауырластық қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Саяси деңгейде сындарлы диалог бар. Үкіметтеріміздің ықпалдастығы артып келеді. Түркия – Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Былтыр екіжақты сауда-саттық 6 миллиард долларға жетті»

🇹🇷Режеп Тайип Ердоған:

«Қадірлі бауырым, келесі жылы Анкарада өтетін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысы барысында ауыл шаруашылығы, қорғаныс, энергетика, көлік-логистика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салаларда маңызды келісімдерге қол жеткізетінімізге сенімдімін. Біз Қазақстанмен арадағы сауда айналымын 15 миллиард долларға дейін арттыруға ұмтыламыз»

@ptrkkz

ТРК Президента

12 Nov, 14:05


Саммит аясында Мемлекет басшысы Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармермен, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен, Молдова Президенті Майя Сандумен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.

@ptrkkz

ТРК Президента

12 Nov, 12:14


Президенттің сөйлеген сөзінен:

▫️Табиғаттағы өзгерістерге қарай әрекет ету шараларының тиімділігін арттыру үшін біз жасанды интеллект, жерсерік арқылы мониторингтің озық технологияларын, қауіпті алдын ала ескертетін, су және жер ресурстарын анағұрлым тиімді басқаратын басқа да цифрлық құралдарды белсенді қолдануға тиіспіз

▫️Еліміз әлемдік уран жеткізу ісінің 43 пайызын қамтамасыз етеді және көміртегі мөлшері төмен қуат көзі саналатын ядролық энергетиканы дамытуда маңызды рөл атқарады

▫️Биыл қазан айында өткен жалпыұлттық референдумда халқымыздың басым бөлігі Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдады. Біз осы саладағы жетекші технологиялық алпауыттармен серіктесе отырып, аталған жобаның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз

▫️Биыл біздің еліміз бұрын-соңды болмаған алапат су тасқынымен бетпе-бет келді. Келешекте осындай төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етіп, одан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстарын тез атқару үшін қауіп-қатерді басқарудың кешенді жүйесін енгіземіз

▫️Су мәселесіне жаһан назарын аудару мақсатында биыл желтоқсан айында Франциямен бірлесіп One Water саммитін өткіземіз. Форумға қатысушылар су ресурстарын жаһандық деңгейде басқару мәселелерін талқылайды

▫️Бүгінде Каспий теңізіне қауіп төніп тұр. Әлемдегі ең үлкен көлді құтқару – баршаға ортақ міндет әрі бұл ұзақмерзімді халықаралық ынтымақтастықты талап етеді

▫️Президент Ильхам Әлиевтің Каспий маңы мемлекеттерінің сарапшылар тобын құру туралы ұсынысын қолдаймыз. Сонымен қатар Қазақстан Арал теңізін құтқару үшін нақты шаралар қабылдап жатыр

@ptrkkz

ТРК Президента

12 Nov, 12:04


🇰🇿Президент Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі

©Пленарлық сессияның ашылуынан кейінгі алғашқы сөз Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.

▫️Мемлекет басшысы, ең алдымен, Қазақстан жаһандық климат күн тәртібін қолдайтынын растап, табиғаттың өзгеруіне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор екенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде биік мақсат қойғанын еске салды.

@ptrkkz

ТРК Президента

12 Nov, 08:18


📸Дүниежүзілік климат саммитіне қатысушылар

@ptrkkz

ТРК Президента

12 Nov, 06:48


📸@ptrkkz

ТРК Президента

12 Nov, 06:44


🇰🇿🇦🇿🇺🇳Президент Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына келді

Мемлекет басшысын Ильхам Әлиев пен Антониу Гутерриш қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 саммитінің пленарлық сессиясында ең бірінші болып сөз сөйлейді.

@ptrkkz

ТРК Президента

11 Nov, 14:50


🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcу үшін Бакуге жұмыс сапарымен келді

@ptrkkz

ТРК Президента

10 Nov, 10:05


▶️🐆ҚР Президентінің Телерадиокешені Мемлекет басшысының Францияға мемлекеттік сапары туралы «Астана-Париж: Адал достық» деректі фильмін ұсынады

@ptrkkz

ТРК Президента

09 Nov, 05:44


🇰🇿🇫🇷🎞️«Астана-Париж: Адал достық»

🐆ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа деректі фильмі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапарына арналады.

Сапар аясында Қазақстан мен Франция президенттері жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер жүргізді, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыруға бағытталған Бірлескен декларация қабылдады.

▫️Фильмде екі ел арасындағы қол жеткізілген келісімдер, делегация мүшелерінің пікірлері, қазақ-француз қатынасы кең көлемде қамтылған.

🗞Ертең, 10 қараша сағат 15:00-де Jibek Joly телеарнасынан өткізіп алмаңыз!

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 15:55


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Былтырғы Саммитте елдерімізде беделді университеттеріміздің бөлімшесін ашу туралы ұсыныс айтылды. Соның нәтижесінде Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылды»

Президенттің Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 15:40


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Соңғы 10 жылда ұйым мүшелері арасындағы экономикалық байланыстар нығая түсті. Биыл өзара сауда айналымы $45 млрдтан асты»

Президенттің Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 15:25


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Құрметті бауырлар! Біз Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығымызды аяқтап отырмыз. Енді бұл мәртебелі міндетті бауырлас қырғыз елі атқарады»

Президенттің Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 14:03


🎥Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 12:30


Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында көлік-логистика бағытындағы байланыстарды тереңдету өте маңызды деп санайды. Бұл туралы Президент ТМҰ-ның XI саммитінде айтты.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 12:15


💰ТМҰ аясында сауда-экономика, энергетика, қаржы және инвестиция салаларындағы байланыстар беки түсті – Мемлекет басшысы

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 12:00


🇰🇿Президенттің Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 11:50


🇰🇿🗣️ТМҰ мемлекет басшыларының ХІ саммитінде Президент Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аясында атқарылған шараларға тоқталды.

«Қазақстан Ұйымның іс басындағы төрағасы ретінде «TURKTIME!» ұранын көтерді. Түбі бір түркі жұртын біріктіруге баса мән бердік», – деді Президент.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 09:12


Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде ерекше қонақжайлық көрсеткен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен біртуған қырғыз халқына шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ алқалы жиын Түркі мемлекеттері ұйымының 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанына назар аударды.

✉️✉️✉️✉️✉️✉️

– Түркі мемлекеттері ұйымы аз ғана уақыт ішінде беделді құрылымға айналды. Оның әлемдік мәртебесі артты. Бұл – ең алдымен, берекелі бірлігіміздің, ортақ күш-жігеріміздің арқасы

– Қазақстан Ұйымның іс басындағы төрағасы ретінде «TURKTIME!» ұранын көтерді. Түбі бір түркі жұртын біріктіруге баса мән бердік

– Осы уақыт аралығында нақты жетістіктерге қол жеткіздік. Бірқатар жобаны жүзеге асырдық. 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылды. Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті

Түркі әліпбиінің ортақ нұсқасы бекітілді. Мұны тарихи оқиға деуге болады. Былтыр Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдерді тағайындау туралы шешім қабылдадық. Оның ережесі бекітілуге дайын

– Бүгінгі саммитке қырғыз бауырларымыз «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбын ұсынып отыр. Бұл ұсыныс бәріміздің мүддемізге сай келеді

– Соңғы 10 жылда ұйым мүшелері арасындағы экономикалық байланыстар нығая түсті. Биыл өзара сауда айналымы $45 млрдтан асты.

– Түркі әлемін экономикалық тұрғыдан одан әрі өркендету үшін Орта дәліздің әлеуетін толық пайдаланған жөн. Оның стратегиялық мәні бар. Сондықтан тасымалдау жолдарына қатысты бірлескен келісім жасау қажет.

– Түркі өркениетін жаңғырту үшін адам ресурстарын тиімді пайдалану керек. Дарынды жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік жасау қажет

– Былтырғы Саммитте елдерімізде беделді университеттеріміздің бөлімшесін ашу туралы ұсыныс айтылды. Соның нәтижесінде Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылды.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 07:46


@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 07:42


📸 Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне қатысушылардың бірге түскен суреті

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 07:33


Президент «Ынтымақ Ордо» ғимаратына келді

🇰🇿🤝🇰🇬 Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 06:41


🇰🇿🇰🇬Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 06:30


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мақсатымыз – Еуразиядағы жетекші IT-хабқа айналу»

Мемлекет басшысының Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 06:15


🇰🇿Касым-Жомарт Токаев:

«Казахстан стал первым государством в регионе, ратифицировавшим Парижское соглашение и взявшим на себя обязательство по достижению нулевого уровня выбросов к 2060 году»

Из выступления Главы государства на инвестиционном круглом столе Казахстан-Франция

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 06:00


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біз Францияның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі болғанымызға қуаныштымыз»

Мемлекет басшысының Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

06 Nov, 05:43


🇰🇿🇫🇷 A State Reception on behalf of the President of France. At the Élysée Palace, Kassym-Jomart Tokayev was welcomed by the President and the First Lady of France.

We noticed an interesting detail: during his visit to France, the President changed his ties several times, opting for red, blue, and purple colors.

📰 For more details, watch the program "Reporter with President" on Silk Way TV channel.

🇰🇿🇫🇷 Эмманюэль Макрон дал государственный прием в честь Президента Казахстана.
В Елисейском дворце Касым-Жомарта Токаева приветствовали Президент Франции и первая леди.

Мы обратили внимание на интересную деталь: во время визита во Францию Президент несколько раз менял галстуки, выбрав красный, голубой и фиолетовый цвета.

📰Подробности смотрите в программе «Reporter with President» на телеканале Silk Way.

#ReporterWithPresident #SilkWay

ТРК Президента

05 Nov, 23:33


🇰🇿🇫🇷Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары

@ptrkkz

ТРК Президента

05 Nov, 23:26


🇰🇿🇫🇷Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аяқталды

Ұшу алаңында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

@ptrkkz

ТРК Президента

05 Nov, 22:57


🏓Салтанатты кеш соңында Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа үстел теннисінен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Алексис Лебренді таныстырды

@ptrkkz

ТРК Президента

05 Nov, 22:34


🇰🇿🇫🇷Мемлекет басшысы Франция Президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.

@ptrkkz

ТРК Президента

05 Nov, 20:37


📝Француздық «Le Figaro» газетінде Президенттің Қазақстанның сыртқы саясаты, елдің орта держава ретіндегі рөлі және әлемдегі заманауи қақтығыстар жағдайында бейбіт дипломатияның қажеттілігі туралы авторлық мақаласы жарық көрді.

ℹ️ Kazinform агенттігі оның қазақша және орысша аудармасын ұсынады.

@ptrkkz

ТРК Президента

05 Nov, 19:48


🗣Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, француз бизнесмендерінің алдында сөзін француз тілінде бастады

@ptrkkz

ТРК Президента

05 Nov, 19:03


🇰🇿🇫🇷Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Х әлеуметтік парақшасында Франция сапары туралы пікір білдірді

@ptrkkz

ТРК Президента

05 Nov, 18:09


🇰🇿🇫🇷 Глава государства пригласил Президента Французской Республики Эмманюэля Макрона посетить с государственным визитом Казахстан в следующем году.

@ptrkkz

ТРК Президента

04 Nov, 16:33


🇰🇿🇫🇷Президент Францияға мемлекеттік сапармен келді

✈️Париж әуежайында Мемлекет басшысын Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.

Ертең Елисей сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.

@ptrkkz

ТРК Президента

02 Nov, 12:14


🐆▶️ҚР Президентінің Телерадиокешені Мемлекет басшысының Моңғолияға мемлекеттік сапары туралы «Ұлы дала мұраты» деректі фильмін ұсынады

@ptrkkz

ТРК Президента

01 Nov, 17:11


🇰🇿🇲🇳🎥 «Ұлы дала мұраты»

Монголию называют «Страной вечного синего неба». А Улан-Батор является самой северной столицей в мире, где температура воздуха зимой может достигать до -50 градусов по Цельсию. Население всей Монголии составляет 4,7 млн человек. И почти половина из них живет в самом Улан-Баторе. При этом в стране много полезных ископаемых и есть большой потенциал в сельском хозяйстве.

На этой неделе Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев совершил государственный визит в Монголию, по итогам которого была подписана Декларация стратегического партнерства между странами.

▫️Почему Глава государства придает важное значение этому визиту?
▫️Какие еще документы подписаны для реализации намеченных планов?
▫️Как их исполнение отразится на развитии отношений Казахстана и Монголии?

📺📰 Смотрите новый документальный фильм ТРК Президента «Ұлы дала мұраты» в субботу, 2 ноября в 15:00 на телеканале JIBEK JOLY!

@ptrkkz

ТРК Президента

01 Nov, 08:12


🎥@ptrkkz

ТРК Президента

01 Nov, 08:03


🏛🏛🏛🏛Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

▫️Ақордада төрт мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің, сондай-ақ Еуропа Одағы өкілдігі басшысының Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

▫️Мемлекет басшысына Франция елшісі Сильван Гиоге, Еуропа Одағының елшісі Алешка Симкич, Финляндия елшісі Янне Хейсканен, Канада елшісі Кристофер Дагган, Бразилия елшісі Марсель Фортуна Биато сенім грамоталарын тапсырды.

@ptrkkz

ТРК Президента

01 Nov, 03:45


🇰🇿🇫🇷Президент 4-5 қараша күндері Францияға мемлекеттік сапармен барады

Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

@ptrkkz

ТРК Президента

31 Oct, 14:45


©Мы планируем увеличить добычу нефти до 100 млн тонн в год – Президент

Из выступления Президента на 36-м пленарном заседании Совета иностранных инвесторов.

@ptrkkz

ТРК Президента

31 Oct, 14:30


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біз Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды дамытуға ниетті инвесторларды іздейміз»

Президенттің Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

31 Oct, 14:15


🇰🇿💰Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біз 2029 жылға қарай шетелден қосымша $150 млрд тікелей инвестиция тартамыз деген өршіл мақсат қойдық»

Президенттің Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz

ТРК Президента

31 Oct, 10:18


Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) мәліметіне сүйене отырып, еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылғанын айтты.

▫️Сондай-ақ:

– Біз 2029 жылға қарай шетелден қосымша $150 млрд тікелей инвестиция тартамыз деген өршіл мақсат қойдық

– Қазақстан соңғы алты жылда геологиялық барлауға $1 млрдтан астам жеке инвестиция тартқан

– Жақында қабылданған 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары жергілікті өндірушілерге тың мүмкіндік ұсынады

– Жалпы сомасы $86 млрдтан асатын 200-ге жуық ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылмақ

– Біз Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды дамытуға ниетті инвесторларды іздейміз

– Шетелдік инвесторлар елімізге капитал құйып, озық технологиялары мен жоғары білікті мамандарын әкелді. Олардың инвестициясы отандық энергетика саласының дамуына оң ықпал етті: кейінгі 30 жылда мұнай өндірісі үш есе артты. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде Қазақстан мұнай өндіру қарқыны жоғары мемлекеттердің үздік бестігіне кірді

– 2022 жылы өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен шығаруға жететін Орталық Азиядағы ең ірі зауытты іске қостық.

– Биыл қыркүйек айында жылына 1,2 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы басталды

– Біз уран өндірісі бойынша әлемдегі ірі елдердің санатына кіреміз. Өздеріңізге мәлім, жақында өткен жалпыұлттық референдумда азаматтарымыз Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысын қолдады

– Елімізде ауыл шаруашылығына жарамды 200 млн гектардан астам жер бар, бұл ретте әлемде алтыншы орындамыз.

@ptrkkz

ТРК Президента

30 Oct, 14:10


«Таза қала» жобасы: Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды ең таза қалалар тізімінің көшін бастады

🈂️📺Jibek Joly арнасындағы «Таза қала» жобасы 5 айдың ішінде Қазақстанның 20 қаласына барып, экологиялық жай-күйін тексерді. Бағдарламаның әр шығарылымында жүргізушілер тәуелсіз эколог-сарапшылармен бірге өз бағаларын береді. Өңірлердің санитарлық және экологиялық тазалығы, абаттандыру бойынша рейтингін суретте көре аласыздар!

▶️Ал барлық шығарылымды Jibek Joly TV Youtube арнасында тамашалаңыз!

@ptrkkz

ТРК Президента

30 Oct, 12:00


🇰🇿🇲🇳Во время переговоров в расширенном составе между Казахстаном и Монголией Касым-Жомарт Токаев призвал поддержать совместные исследования общего исторического наследия.

©Президент отметил, что Казахстан предлагает монгольским туристам посетить мавзолей Джучи хана и развивать совместные туристические маршруты.

@ptrkkz

ТРК Президента

30 Oct, 04:30


«Қазақстанда ең таза қай қала?»

🈂️🍃Маусым айында Jibek Joly телеарнасында «Таза қала» тележобасы көрерменге жол тартты. 5 айда түсірілім тобы Қазақстанның ірі және шағын қалаларына барып, экологиялық жай-күйімен танысты.

🎥Журналистер жергілікті тұрғындармен кездесіп, сіздерге арналған 20 репортаж дайындады.

Күні кеше жоба өз мәресіне жетті. Соңғы шығарылым Каспи жағалауынан әзірленді. Өздеріңізге мәлім, әр бағдарлама санында тәуелсіз эколог-сарапшылар қалалардың тазалық деңгейіне бағаларын береді. Қорытындысы біз ұсынған бейнежазбада⬆️

#тазақала #jibekjoly

ТРК Президента

29 Oct, 15:05


Монгольские туристы смогут посетить мавзолей Джучи хана. Об этом стало известно во время переговоров глав государств Казахстана и Монголии в расширенном составе.

@ptrkkz

ТРК Президента

29 Oct, 14:58


🇰🇿🇲🇳Көшпенділер мәдениеті - біздің ортақ мәдениетіміз — Моңғолияның мәдениет министрі

📰Бұл туралы Чинбатын Номин Silk Way телеарнасына берген сұхбатында айтып берді.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Президентінің Моңғолияға келуі — тарихи сапар екендігін жеткізді.

Жуырда! Сұхбаттың толық нұсқасы Silk Way арнасының «Reporter with President» бағдарламасында!

#silkway #reporterwithPresident

ТРК Президента

29 Oct, 13:05


🎥 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары

@ptrkkz

ТРК Президента

29 Oct, 11:50


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біз екіжақты және көпжақты қарым-қатынасты дамыта береміз»

Президенттің Моңғолияда БАҚ өкілдері үшін өткен брифингте сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

29 Oct, 11:30


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Моңғол жастары үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарының есігі ашық»

Президенттің Моңғолияда БАҚ өкілдері үшін өткен брифингте сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

29 Oct, 11:15


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақстанда мал ауруларына қарсы вакцина шығаруға мүмкіндік бар. Осы орайда, алдағы уақытта Моңғолияда вакцина өндірісін ашуға келістік»

Президенттің Моңғолияда БАҚ өкілдері үшін өткен брифингте сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

29 Oct, 11:00


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақстан мен Моңғолия Азиядағы ірі елдер санатында»

Президенттің Моңғолияда БАҚ өкілдері үшін өткен брифингте сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

29 Oct, 10:45


🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Бүгінгі кездесу қазақ тарихында айрықша орын алатын Жошы ұлысының 800 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның екі халық үшін символдық мәні зор»

Президенттің Моңғолияда БАҚ өкілдері үшін өткен брифингте сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

26 Oct, 12:10


🔷28-29 қазан күндері Президент Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

🇰🇿🇲🇳Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

@ptrkkz

ТРК Президента

25 Oct, 17:14


@ptrkkz
#RepublicDay

ТРК Президента

25 Oct, 17:06


🇰🇿 🎥Астана тұрғындары мен қонақтары үшін Республика күніне арналған мерекелік отшашудан бейнеролик

🇰🇿🎥Кадры салюта в честь Дня Республики, запущенного сегодня в Астане

@ptrkkz

ТРК Президента

25 Oct, 13:57


#RepublicDay🇰🇿

⚜️Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз. Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! – Мемлекет басшысы.

@ptrkkz

ТРК Президента

25 Oct, 07:05


🇰🇿Республика күні құтты болсын!

📰Jibek Joly арнасының жаңалықтар жүргізушісі Ануар Карбозов қала тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтады.

Айналамыздағы жандарды қуантып жүрейік!

#Республикакүні #ptrkkz

ТРК Президента

25 Oct, 06:45


🍃«Таза қала» бағдарламасы мұнайлы өлке Атырауда!

Jibek Joly арнасы Қазақстанда кездестірмеген ойын алаңы мен тазалық мәдениетін қалыптастыруда елеулі үлес қосып келе жатқан эко бекеттерді осы шығарылымда көрсетеді.

Сондай-ақ:
▫️Құлауға шаққан үйлердегі халықтың жағдайын
▫️Қамыс басқан Жайықтың жағалауын
▫️Астаң-кестеңі шыққан жолдарды саралайды

🈂️📺Бүгін, 25 қазан 13:20-да Jibek Joly арнасында!

#тазақала #jibekjoly

ТРК Президента

25 Oct, 06:25


🙌🏻Жақсылық жасау — жасқа қарамайды

🇰🇿Үлкен нәтиже - кішкентай әрекеттерден құралатынын түсінген Аяла Jibek Joly арнасының #Жақсылықжаса челленджін жалғастыруға шақырады!

#jibekjoly #Жақсылықжаса

ТРК Президента

25 Oct, 06:08


#RepublicDay🇰🇿

Республика күнімен құттықтаймыз! Аспанымыз мәңгі ашық болсын!

🎤Cover: Мөлдір Байбуринова
🎼Ән: «Рақмет, саған!»

@ptrkkz

ТРК Президента

25 Oct, 05:18


🇰🇿
@ptrkkz

ТРК Президента

25 Oct, 05:04


🇰🇿Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Іс-шара Ақорда алдында өтті.

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.

@ptrkkz

ТРК Президента

25 Oct, 04:07


🇰🇿⚜️Ұлттық мереке – Республика күні құтты болсын!

@ptrkkz

ТРК Президента

24 Oct, 16:31


▫️Касым-Жомарт Токаев:

«Казахстан твердо настроен на совместную активную работу в формате БРИКС для укрепления всестороннего сотрудничества в интересах устойчивого и безопасного развития государств»

Из выступления Президента на саммите «БРИКС плюс»

@ptrkkz

ТРК Президента

24 Oct, 16:15


🇰🇿Глава государства:

«Казахстан стремится к формированию надежных партнерских отношений в рамках БРИКС плюс для укрепления энергетической безопасности»

Из выступления Президента на саммите «БРИКС плюс».

@ptrkkz

ТРК Президента

24 Oct, 16:05


🇰🇿Касым-Жомарт Токаев:

«Казахстан поддерживает мирный план Китая и Бразилии по Украине»

Из выступления Президента на саммите «БРИКС плюс»

@ptrkkz

ТРК Президента

24 Oct, 15:45


🇰🇿Глава государства:

«Принципы дипломатии и диалога, заложенные в Уставе ООН, стали основой повестки БРИКС, способствуя мирному урегулированию конфликтов и укреплению стратегической стабильности»

Из выступления Президента на саммите «БРИКС плюс».

@ptrkkz

ТРК Президента

24 Oct, 15:32


🎥Қазан қаласында өткен БРИКС-тің XVI саммиті

@ptrkkz

ТРК Президента

24 Oct, 15:09


©Касым-Жомарт Токаев:

«БРИКС превратился в глобальный центр международного притяжения»

Из выступления Президента на саммите «БРИКС плюс».

@ptrkkz

ТРК Президента

24 Oct, 14:48


⚡️О чем говорил Президент Касым-Жомарт Токаев на саммите «БРИКС плюс». Читаем в карусели.

@ptrkkz

ТРК Президента

24 Oct, 12:03


📸Президент «БРИКС плюс» саммитіне қатысушылармен әңгімелесті

@ptrkkz

ТРК Президента

24 Oct, 11:42


Президент БРИКС-тің пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматында сөз сөйледі

✉️✉️✉️✉️✉️✉️:

– БРИКС даму тұрғысынан мол әлеуетке ие және түрлі құрлықтағы мемлекеттерді біріктіреді

– БҰҰ Жарғысындағы дипломатия мен диалог қағидаттары БРИКС-тің негізгі күн тәртібіне айналды. Ол қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етіп отыр

– Қазақстан Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтау, егемендікті қорғау, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және көпқырлы тәсілдерді қолдану арқылы жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бастамасын қолдайды

– Еліміз Қытай мен Бразилияның Украина жөніндегі бейбіт жоспарын құптайды

– Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалауды және оның құрамын Африка, Латын Америкасы, Азия елдерінің жаңа мүшелері есебінен кеңейтуді қуаттайды

– БРИКС жаһандық басқару құрылымында орта державалар мен дамушы экономикалардың үлесін арттырып, бұл үдерісте негізгі рөл атқара алады

– Қазақстанның БРИКС-ке мүше елдермен сауда-саттық айналымы қарқынды өсіп келе жатыр. Бұл көрсеткіш былтыр еліміздің сыртқы сауда көлемінің жартысына жетті.

@ptrkkz

ТРК Президента

22 Oct, 14:45


🇰🇿Президент Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

▫️ «Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

@ptrkkz

ТРК Президента

22 Oct, 05:20


Президент айтпаса, зорлық-зомбылыққа қарсы заң қазірдің өзінде болмайтын еді Мәжіліс депутаты

🈂️Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасының осы аптадағы қонағы – Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Снежанна Имашева. Депутат комитеттің негізгі жұмысы, еліміздегі заң жүйесі туралы сұрақтарға жауап берді.

▶️Толық нұсқасын сілтеме бойынша көріңіз!

#уәде #jibekjoly

ТРК Президента

22 Oct, 04:58


🇰🇿🈂️Республика күні қарсаңында Jibek Joly телеарнасы Instagram желісінде бастаған «Жақсылық жаса» челленджін жалғастырамыз!

Бір-бірімізге қуаныш сыйлап, қамқор болып жүрейік! Баршаңызды осы бастаманы қолдауға шақырамыз!

#Республикакүні #жақсылықжаса

ТРК Президента

21 Oct, 16:21


🈂️🚀«100 SARBAZ» алғашқы әскери-патриоттық реалити жоба Jibek Joly арнасында!

Жуырда!

@ptrkkz

ТРК Президента

19 Oct, 07:08


19 қазан – Құтқарушылар күні

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 17:30


🇰🇿Президент:

«БҰҰ орнын басатын ұйым жоқ»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 17:15


🔷Президент:

«Конструктивті келіссөздер арқылы бейбітшілікке ұмтылу – әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, стратегиялық парасаттылықтың көрінісі»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 17:00


©Президент:

«Мемлекеттерді үлкен немесе шағын деп бөлмей, оларға жаһанды жақсарту үшін өз үлесін қосуға мүмкіндік беру керек»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 16:45


💰Президент:

«Қазақстан $400 млрд көлемінде шетелден тікелей инвестиция тартты»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 16:30


Президент:

«Ірі державалар бақталастыққа бой алдырып, бір мәмілеге келе алмай жатқан кезде, дау-дамайды реттеуге орта державалар жиі дәнекер болады»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 15:30


🇰🇿Глава государства выступил на пленарном заседании Astana Think Tank Forum

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 11:13


🏢Сондай-ақ Президент жаңадан салынған екі қабатты жатақхананы аралап көріп, онда қоныстанған өрт сөндірушілердің отбасыларын құттықтады.

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 11:06


Мемлекет басшысы №23 жаңа өрт сөндіру бөліміне барды

🚒Президентке өрт сөндіру және құтқару операцияларына арналған заманауи жабдықтар көрсетілді. Сонымен қатар биік ғимараттардағы өртті өшіруге пайдаланылатын дрондардың жұмысы таныстырылды.

🔷Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен сөйлесіп, осындай заманауи модульді өрт сөндіру деполары еліміздің барлық өңіріне қажет екенін және аталған жобаның аясы кеңейтілетінін жеткізді.

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 08:47


Мемлекет басшысы жиында Ресей-Украина арасындағы қақтығысты шешу мәселесі жөнінде де пікір білдірді:

– Канцлер Шольцпен келіссөз барысында айтқанымдай, Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық. Бұл – Ресейдің әскери әлеуеті, Президент Путин жүргізіп отырған саясатты халқының қолдауы және тарихтың өзі дәлелдеп отырған факт. Сондықтан біз қақтығысты бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды, барлық мемлекеттің, соның ішінде Қытай мен Бразилияның ақылға қонымды жоспарларын қолдаймыз.

@ptrkkz

ТРК Президента

17 Oct, 08:46


Президент Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысының айтқан негізгі ойлары:

– Бүгінде адамзат аймақтық қақтығыстар, экономикалық тұрақсыздық, климаттың өзгеруі, азық-түлік және көші-қон қауіпсіздігі секілді бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Аталған жаһандық проблемалар бәрімізді толғандырады және оған төтеп беретін шараларды бірлесе іздегеніміз жөн

– Ірі державалар бақталастыққа бой алдырып, бір мәмілеге келе алмай жатқан кезде, дау-дамайды реттеуге орта державалар жиі дәнекер болады. Осылайша олар жаһандық ынтымақтастықтың іргесі шайқалмауына ықпал етеді

– Қазақстан экономикалық тұрғыдан айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Біз $400 млрд көлемінде шетелден тікелей инвестиция тарттық. Елімізде жаңа инвестициялық кезең басталды. Оның стратегиялық мақсаты – 2029 жылға қарай $150 млрд көлемінде қаржы тарту

– Біздің сыртқы саясатымыздың негізгі басымдықтары – тәуелсіздік, мультилатерализм, өңірлік тұрақтылық және дипломатия. Сондықтан біз жаһандық ынтымақтастық пен прогрестің қозғаушы күші әрі әлемдегі бірегей әмбебап ұйым саналатын БҰҰ-ның рөлін қолдаймыз

– Біз ядролық қарудан ерікті түрде бас тарттық әрі оны таратпауға қатысты жаһандық бастамаларға қолдау көрсетіп келеміз. Астананың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы ұсынысы ғаламдық қауіпсіздік саласындағы қатерлерге қарсы міндеттемелерімізді толықтыра түседі

– Қазақстан қоршаған ортаны қорғау ісінде ғаламның климаттық күн тәртібіндегі мақсаттарын құптайды. Біз Климат жөніндегі Париж келісімін қолдаймыз

– Біз халықаралық жүйенің мейлінше инклюзивті және орнықты болғанын қалаймыз. Мемлекеттерді үлкен немесе шағын деп бөлмей, оларға жаһанды жақсарту үшін өз үлесін қосуға мүмкіндік беру керек

– Халықаралық тәртіп өзгеріп жатқан кезеңде біздің жай ғана бақылаушы болғымыз келмейді. Керісінше, анағұрлым теңгерімді, әділ әрі орнықты ғаламдық жүйенің архитекторлары болуға ұмтыламыз.

▫️Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Иранмен ядролық қару мәселесінде мәмілеге келуге, Сирия бойынша келіссөз жүргізуге, сонымен қатар жақында ғана Армения мен Әзербайжан арасындағы кездесуге арнайы алаң ұсынғанын еске салды.

@ptrkkz

ТРК Президента

16 Oct, 09:17


🇰🇿🇦🇲 Бүгін Қазақстан мен Армения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды

▫️Президенттерге АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығы қызметінің негізгі бағыттары және оның өңірлік бастамаларды дамытудағы үлесі туралы мәлімет берді.

@ptrkkz

ТРК Президента

15 Oct, 13:42


🇰🇿🇦🇲Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысты

@ptrkkz

ТРК Президента

15 Oct, 12:50


Президент: Армения Қазақстанның сенімді серіктесі

@ptrkkz