QYZMET NEWS @qyzmet_news Channel on Telegram

QYZMET NEWS

@qyzmet_news


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңалықтары
Новости Агентства РК по делам государственной службы
https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=kk

QYZMET NEWS (Kazakh)

QYZMET NEWS телеграм каналында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қызмет істері агенттігінің жаңалықтары туралы ақпараттар туралы жазылып тұр. Бұл канал арқылы сіз мемлекеттік қызметтер және онымен қоса зерттеу мүмкіндігінің ақпараттарымен таныса аласыз. Осы каналда қоғамның мемлекеттік қызметтер жұмыстары туралы білімді болуға болады. Құрылған үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=kk сілтемесін басып келіп, каналға қосыласыз. QYZMET NEWS телеграм каналы арқылы Қазақстандағы мемлекеттік қызметтер бойынша соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

QYZMET NEWS

18 Feb, 11:20


Мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқығы қалпына келтірілді

QYZMET NEWS

17 Feb, 13:09


🔹Бүгін МҚІА Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен сайланған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылды.
————
🔹Сегодня в АДГС с участием заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева и председателя АДГС Дархана Жазықбай состоялось открытие программы повышения квалификации для акимов районов, городов районного значения, сел, поселков, сельских округов.

🔹В мероприятии приняли участие должностные лица Администрации Президента, представители партии «AMANAT» и других политических партий страны, преподаватели АГУ при Президенте, а также акимы районов и сел из всех регионов страны.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/939809?lang=kk

QYZMET NEWS

17 Feb, 05:41


✍🏻Бауыржан Момышұлы

QYZMET NEWS

14 Feb, 13:11


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

13 Feb, 11:55


🔹Қазіргі уақытта елімізде 68 мемлекеттік органда мемлекеттік қызметке іріктеу жаңа онлайн форматта өткізілуде. Іріктеу жүйесі барынша ашық, жеңілдетілген және қолжетімді. Ол үшін «eQyzmet» ақпараттық жүйесіне тіркелу қажет. Іріктеуді қашықтықтан өтуге болады.

🔹Іріктеуден өту туралы толығырақ ақпаратты бейнероликтен көруге болады.

https://youtu.be/46sgspSXdho?si=m60bpXsXaUw3PN_r

QYZMET NEWS

13 Feb, 11:54


🔹В настоящее время 68 государственных органа проводят отбор на государственную службу в новом формате. Сама система отбора максимально прозрачна, упрощена и доступна. Для этого необходимо зарегистрироваться в информационной системе «eQyzmet». Этапы отбора можно пройти дистационно.

🔹Подробно о том, как можно пройти отбор в нашем видео.

https://youtu.be/B2p6N4z4D9w?si=MULysPZ17VkngwAx

QYZMET NEWS

11 Feb, 10:34


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес қызмет алушылардың құқықтары бұзылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта өтініш беруінсіз бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылған.

QYZMET NEWS

10 Feb, 05:15


✍🏻Мұқағали Мақатаев

QYZMET NEWS

08 Feb, 09:18


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

07 Feb, 09:50


Өзгермелі әлемде мемлекеттік қызметші қандай болуы керек, мемлекеттік қызметке жасанды интеллект енгізіле ме, мемлекеттік қызметке кіру қаншалықты жеңілдеді, мемлекеттік қызметте қандай өзгерістер болады? Осы және өзге де мәселелер туралы МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Qyzmet talks» подкастында жауап берді.

Подкасттың толық нұсқасына сілтеме: https://youtu.be/WnFhaG4CpVE

QYZMET NEWS

03 Feb, 04:45


✍🏻Шоқан Уәлиханов

QYZMET NEWS

01 Feb, 10:12


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

31 Jan, 10:39


🔹Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік органның 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша  алқа отырысында мәлімдеді.

🔹Агенттік төрағасы Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен 2019 жылы іске қосылған Президенттік жастар кадр резервін құру дарынды жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға мол мүмкіндіктер тудырғанын атап өтіп, резервті одан әрі жетілдіру жоспарларын айтты.
———-
🔹Об этом сообщил председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазықбай на заседании коллегии по итогам работы государственного органа за 2024 год.

🔹Председатель Агентства отметил, что создание Президентского молодежного кадрового резерва по инициативе Главы государства в 2019 году создало широкие возможности для вовлечения талантливой молодежи в сферу государственного управления и озвучил планы по дальнейшему совершенствованию резерва.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/928691?lang=ru

QYZMET NEWS

31 Jan, 10:36


🔹Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2024 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай мәлімдеді. Ол алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің ант беру мәтінін жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
—————
Об этом сообщил председатель Агентства Дархан Жазықбай на заседании коллегии по итогам работы за 2024 год в Агентстве по делам государственной службы. Он отметил, что в дальнейшем будет проведена соответствующая работа по совершенствованию текста присяги для государственных служащих.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/928693?lang=ru

QYZMET NEWS

31 Jan, 10:34


🔹Қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің Біріккен Араб Әмірліктерінде, Еуропада, Түркияда, Әзірбайжанда және басқа елдерде біліктілікті арттыру аясында тәжірибе алмасуына мүмкіндіктер жасалды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай жыл қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.
—————-
🔹Казахстанские государственные служащие имеют возможность обмена опытом в рамках повышения квалификации в Объединенных Арабских Эмиратах, Европе, Турции, Азербайджане и других странах. Об этом говорил председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазықбай на коллегии ведомства по итогам года.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/928695?lang=ru

QYZMET NEWS

31 Jan, 10:33


🔹Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай 2024 жылдың қызмет қорытындысы бойынша алқа отырысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері туралы айта келе, Агенттік бастамасымен қызмет берушілердің тиісті ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу арқылы бұзушылықтарды анықтауға және азаматтардың шағымдарын күтпей-ақ олардың құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған қашықтықтан мониторинг жүргізу тәжірибесіне тоқталды.
————-
🔹Сегодня председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазықбай на заседании коллегии по итогам деятельности за 2024 год, отмечая результаты контроля за качеством оказания госуслуг, отметил эффективость реализации инициативы Агентства по проведению проактивного дистанционного мониторинга за соблюдением прав услугополучателей, не дожидаясь их жалоб.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/928697?lang=ru

QYZMET NEWS

31 Jan, 10:31


🔹Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай жыл қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.

🔹Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің кадр қызметін автоматтандыруды қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау аясында Бірыңғай кадр жүйесіне 8 мемлекеттік органның 19 ведомстволық ұйымы енгізілгенін атап өтті.

🔹С 1 января т.г. ведется работа по подключению порядка 2400 подведомственных организаций 37 госорганов, в которых работают более 500 тыс. человек.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/928700?lang=ru

QYZMET NEWS

31 Jan, 10:29


🔹Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2024 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Бақытжан Сариев, Президент Әкімшілігінің лауазымды тұлғалары, Парламент депутаттары, Мемлекеттік қызметтің өңірлік хабы, қоғамдық ұйым өкілдері, Агенттік жанындағы алқалы органдардың мүшелері қатысты.
———
🔹В Агентстве по делам государственной службы состоялось заседание коллегии по итогам работы за 2024 год. В нем приняли участие начальник Канцелярии Президента РК Бакытжан Сариев, должностные лица Администрации Президента, депутаты Парламента, представители Регионального хаба государственной службы, общественных организаций, члены коллегиальных органов при Агентстве.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/928708?lang=kk

QYZMET NEWS

30 Jan, 11:37


🔹МҚІА Павлодар облысы бойынша департаменті 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген тексеру нәтижесінде 2514 мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзу, 2860 қызмет көрсетудің тәртібін бұзу, 26 қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, 75 артық құжаттар талап ету және өзге де бұзушылықтардың 56 фактісін анықтады.

🔹Аумақтық департамент қабылдаған шаралардың нәтижесінде Павлодар облысында 259 мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

QYZMET NEWS

29 Jan, 06:29


🔹Жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) бітірген түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

🔹2024 жылы аталған бағдарлама бойынша
ауылдық және аудандық деңгейдегі төменгі әкімшілік лауазымдарға 353 түлек конкурссыз тағайындалды.

QYZMET NEWS

28 Jan, 11:01


⚡️Мемлекет басшысы:

«Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек.

Әкімдерді тікелей сайлаудың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар пайда болды. Бұл – екі жарым мыңнан астам басшы лауазымындағы қызметкер деген сөз. Олардың арасында бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген азаматтар, соның ішінде жастар көп. Сол себепті сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті болып тұр. Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырамын. Бұл ретте осындай жұмысты жүргізіп жатқан «Аmanat» партиясының тәжірибесін ескерген жөн.

Мемлекеттік аппараттың басты міндеті – азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу. Ол үшін, ең алдымен, азаматтармен ұдайы байланыста болу керек. Онсыз болмайды. Сондықтан халықтан келіп түсетін өтініштерге айрықша назар аудару қажет. Былтырдың өзінде Президент Әкімшілігіне 50 мыңнан астам өтініш келіп түскен, ал еліміздегі барлық мемлекеттік органдарға шамамен 4 миллион өтініш жолданған. Бұл көрсеткіш жылдан жылға көбеюде.

Бір жағынан, бұл жұрттың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сенетінін көрсетеді. Алайда, сонымен бірге, бұл олардың өтініштері мен мәселелері мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысы барысында шешімін таппай жатқанын аңғартады. Сондықтан олқылықтар мен кемшіліктерді жою үшін тиянақты жұмыс жүргізу қажет. Әдетте азаматтардың өтініштерінің артында адам тағдыры тұрады, сондықтан, бұл жерде барлық құзырлы органдар жұмыла жұмыс істеуге тиіс»

t.me/aqorda_resmi

QYZMET NEWS

28 Jan, 07:05


🔹МҚІА Түркістан облысы бойынша департаменті 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген бақылау нәтижесінде 759 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден негізсіз бас тарту, 208 артық құжаттарды талап ету, 5138 қызмет көрсетудің тәртібін бұзу фактілерін анықтады.

🔹Аумақтық департамент қабылдаған шараларың нәтижесінде Түркістан облысында 151 мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

QYZMET NEWS

27 Jan, 06:43


🔹МҚІА Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген тексеру нәтижесінде 11 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден негізсіз бас тарту, 227 артық құжаттарды талап ету, 1122 қызмет көрсетудің тәртібін бұзу фактілерін анықтады.

🔹Аумақтық департамент қабылдаған шаралардың нәтижесінде Маңғыстау облысында 49 мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

QYZMET NEWS

27 Jan, 06:00


✍🏻Абай Құнанбайұлы

QYZMET NEWS

24 Jan, 16:15


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

24 Jan, 10:26


🔹Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударуда.

🔹Мемлекеттік қызмет саласында адами ресурстарды басқару бойынша озық тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатылуда.
———
По инициативе АДГС госслужащие, отвечающие за сферу чрезвычайных ситуаций, повысили свою квалификацию

🔹АДГС уделяет особое внимание вопросам повышения компетенций государственных служащих в рамках исполнения Послания Главы государства народу Казахстана «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм».

🔹Для обмена передовым опытом по управлению человеческими ресурсами на государственной службе налаживается сотрудничество с зарубежными партнерами.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/924048?lang=kk

QYZMET NEWS

23 Jan, 06:54


🔹Сингапурдағы іссапар аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Сингапурдың Мемлекеттік қызмет басшысы Лео Иппен екі жақты кездесу өткізді.

——————
Агентство по делам государственной службы и Национальный университет Сингапура подписали меморандум о взаимопонимании
 
🔹В рамках визита в Сингапур председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазықбай провел двустороннюю встречу с руководителем отдела государственной службы при премьер-министре Сингапура Лео Ипом.

🔹На встрече были обсуждены мероприятия, которые будут реализованы в 2025 году по повышению компетенции государственных служащих в рамках меморандума о взаимопонимании между Академией государственного управления при Президенте РК и Колледжем государственной службы Сингапура.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/923179?lang=kk

QYZMET NEWS

22 Jan, 12:04


🔹ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Сингапурде өткен мемлекеттік басқару көшбасшыларының жаһандық форумына және Жаһандық үкіметтік саммитке қатысты. Іс-шара Сингапур, Канада, Ұлыбритания, Молдова, Эстония, Моңғолия елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы түрлі құрылым басшылары және жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен өтті.
————-
Председатель АДГС принял участие в Глобальном форуме лидеров государственного управления в Сингапуре
 
🔹Председатель Агентства РК по делам государственной службы Дархан Жазықбай принял участие в Глобальном форуме лидеров государственного управления и Глобальном правительственном саммите в Сингапуре. Мероприятие прошло с участием руководителей и высокопоставленных представителей различных служб в сфере государственной службы Сингапура, Канады, Великобритании, Молдовы, Эстонии, Монголии и др.

толығырақ/подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/922734?lang=kk

QYZMET NEWS

21 Jan, 10:49


Жамбыл облысында 600-ден астам мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

QYZMET NEWS

20 Jan, 10:06


🔹МҚІА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген тексеру нәтижесінде 14 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден негізсіз бас тарту, 128 артық құжаттарды талап ету, 2335 қызмет көрсетудің тәртібін бұзу фактілерін анықтады.

🔹Аумақтық департаменттің қабылдаған шараларының нәтижесінде Батыс Қазақстан облысында 51 мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

QYZMET NEWS

20 Jan, 06:02


✍🏻Мұхтар Әуезов

QYZMET NEWS

17 Jan, 13:14


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

17 Jan, 10:27


Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

QYZMET NEWS

16 Jan, 05:37


🔹МҚІА Қостанай облысы бойынша департаменті 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген тексеру барысында 231 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден негізсіз бас тарту, 7 артық құжаттарды талап ету, 3124 қызмет көрсетудің тәртібін бұзу фактілерін анықтады.

🔹Аумақтық департаменттің қабылдаған шараларының нәтижесінде Қостанай облысында 206 мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

QYZMET NEWS

15 Jan, 10:19


МҚІА Жетісу облысында 12 мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

QYZMET NEWS

14 Jan, 11:58


2024 жылы МҚІА талдау және мониторинг жүргізу шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіруге қатысты 358 ұсыныс әзірледі

QYZMET NEWS

13 Jan, 07:07


О модернизации государственной службы в спецвыпуске телеканала 24KZ.

https://youtu.be/brZoOcP9szw?si=hVJJC0Uj2vRNbxmx

QYZMET NEWS

13 Jan, 05:39


✍🏻Әбу Насыр Әл-Фараби

QYZMET NEWS

10 Jan, 12:33


Выпускники вузов, окончившие обучение по государственному гранту, могут поступать на низовые должности без конкурса. С момента введения этой нормы на госслужбу пришли более 400 молодых специалистов.

QYZMET NEWS

09 Jan, 08:15


Мемлекет басшысы елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейтін Жобалық кеңсенің жұмысымен танысты.

Сілтеме: https://youtu.be/5dxt-2iWOR0?si=NdI_VXxRH8UorrGv

QYZMET NEWS

08 Jan, 12:38


Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдануға болады.

🔹Telegram мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беру мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ азаматтар бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру туралы ұсыныстарды жолдай алады.

————————————
🔹У граждан есть возможность в пару кликов пожаловаться на некачественно оказанную госуслугу.

🔹 Для граждан предусмотрена возможность подачи жалоб по государственным услугам через бот-платформу «EgovKzBot2.0» в мобильном приложении Telegram. Также граждане могут направить предложения по снижению бюрократии и упрощению бизнес-процессов.

QYZMET NEWS

06 Jan, 10:09


Жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) бітірген түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

https://youtu.be/BN9f2dsVLJk?si=X9hMfq9BvcvHoukn

QYZMET NEWS

03 Jan, 17:12


Касым-Жомарт Токаев: «Цель – укрепить экономику и суверенитет»

Интервью Главы государства газете «Ana tili»

t.me/aqorda_resmi

QYZMET NEWS

03 Jan, 17:12


Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты

t.me/aqorda_resmi

QYZMET NEWS

30 Dec, 12:07


🔹В настоящее время 44 государственных органа проводят отбор на государственную службу в новом формате. Сама система отбора максимально прозрачна, упрощена и доступна. Для этого необходимо зарегистрироваться в информационной системе «eQyzmet». Этапы отбора можно пройти дистационно.

🔹Подробно о том, как можно пройти отбор в нашем видео.

https://youtu.be/B2p6N4z4D9w?si=MULysPZ17VkngwAx

QYZMET NEWS

30 Dec, 12:06


🔹Қазіргі уақытта елімізде 44 мемлекеттік органда мемлекеттік қызметке іріктеу жаңа онлайн форматта өткізілуде. Іріктеу жүйесі барынша ашық, жеңілдетілген және қолжетімді. Ол үшін «eQyzmet» ақпараттық жүйесіне тіркелу қажет. Іріктеуді қашықтықтан өтуге болады.

🔹Іріктеуден өту туралы толығырақ ақпаратты бейнероликтен көруге болады.

https://youtu.be/46sgspSXdho?si=m60bpXsXaUw3PN_r

QYZMET NEWS

30 Dec, 04:55


✍🏻Қадыр Мырза Әлі

QYZMET NEWS

28 Dec, 05:25


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

27 Dec, 06:58


МҚІА төрағасы Дархан Жазықбайдың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты

https://anatili.kazgazeta.kz/news/63660

QYZMET NEWS

26 Dec, 13:20


🔹Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, «Мемлекеттік қызмет көрсетуші мектебі» жобасы аясында жергілікті атқарушы органдардың 300-ге жуық қызметкерлеріне семинар өткізді.

🔹Іс-шарада жер телімдерін тіркеу тәртібіне, ақпараттық жүйелерді интеграциялау және мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелеріне қатысты өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.
———
🔹В рамках проекта «Школа услугодателей» Агентство по делам государственной службы совместно с Министерством сельского хозяйства провели семинар, в котором участвовали порядка 300 сотрудников местных исполнительных органов в сфере земельных отношений.  

🔹В ходе семинара обсуждались актуальные проблемные вопросы по процедуре оформления земельных участков, интеграции информационных систем и правил оказания государственных услуг.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/910291?lang=kk

QYZMET NEWS

26 Dec, 05:16


🔹Сегодня карьерный рост на госслужбе возможен только за счет перехода на вакантные вышестоящие должности, то есть исключительно по вертикали. Это ограничение вынуждает каждого четвертого специалиста оставаться на одной позиции более шести лет, что увеличивает риск ухода опытных кадров в частный сектор.

🔹Для решения этой проблемы планируется внедрить горизонтальное продвижение внутри одной должности. Это означает, что сотрудники смогут расти не только вертикально, но и развиваться внутри своей текущей позиции, достигая более высокого уровня квалификации.

⏩️Из интервью председателя АДГС РК Дархан Жазыкбай порталу Tengrinews.kz

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/ne-mesto-obogascheniya-kazahstane-sobirayutsya-perezagruzit-557777/

QYZMET NEWS

25 Dec, 07:09


«...В дальнейшем мы откажемся от закрытого внутреннего конкурса среди государственных служащих. Планируется ввести универсальный конкурс для всех кандидатов, в котором могут на равной основе участвовать государственные служащие и представители частного сектора».
Из интервью председателя АДГС РК Дархана Жазыкбай порталу Tengrinews.kz: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/ne-mesto-obogascheniya-kazahstane-sobirayutsya-perezagruzit-557777/

QYZMET NEWS

24 Dec, 11:27


Сұхбат: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/ne-mesto-obogascheniya-kazahstane-sobirayutsya-perezagruzit-557777/

QYZMET NEWS

23 Dec, 07:23


🔹Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметті дамыту саласында тәжірибе алмасу бойынша шетелдік серіктестермен тиімді ынтымақтастық құруды жалғастыруда.

🔹Түркі мемлекеттері ұйымы қызметінің аясында Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік емтихан орталығымен мемлекеттік қызметтегі тестілеу технологиясы бойынша тәжірибе алмасу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.
———
🔹С 17 по 20 декабря организован обучающий семинар по вопросам тестологии для сотрудников АДГС и АГУ при Президенте РК.

🔹В ходе обучения приглашенные спикеры представили теоретический и практический опыт разработки, оценки, классификации тестовых заданий и формирования банков тестовых вопросов.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/907451?lang=kk

QYZMET NEWS

23 Dec, 05:52


✍🏻Әбіш Кекілбаев

QYZMET NEWS

21 Dec, 05:35


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

20 Dec, 11:09


Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жастардың мемлекеттік қызметке келуіне жасалған мүмкіндіктерді түсіндіру, оларға әділеттілік пен адалдық, азаматтық сана құндылықтарын, отансүйгіштік қасиеттерді насихаттау мақсатында елорданың жастарымен кездесті.Іс-шараға бейне конференцбайланыс арқылы өңірлердің жастары да қатысты.
———
Сегодня председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазыкбай провел встречу в Академии государственного управления при Президенте РК с молодежью, где рассказал о широких возможностях для патриотично настроенной ответственной молодежи поступить и профессионально реализоваться на государственной службе. В мероприятии также приняла участие молодежь регионов посредством видеоконференцсвязи.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/906592?lang=kk

QYZMET NEWS

19 Dec, 11:47


Жамбыл облысында 483 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

https://youtu.be/oHeIZYwBbhI?si=I612TVRiEuKwM_Px

QYZMET NEWS

18 Dec, 15:05


🔹Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі Консультативтік-сараптамалық топтың кезекті отырысы өтті.
———-
🔹Сегодня в Агентстве по делам государственной службы состоялось очередное заседание Консультативно-экспертной группы по вопросам формирования сервисного государственного аппарата и дебюрократизации его деятельности.

толығырақ / подробнее: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0axyVFG3P2TpR8rr1NwyCeU6FPAtWethUbGYM23tKNqfKE1PUxqL3YChRYLUEQB9cl&id=100064845813797

QYZMET NEWS

17 Dec, 11:38


В результате принятых мер территориальным департаментом АДГС по области Ұлытау были восстановлены нарушенные права 39 услугополучателей.

https://youtu.be/UcdixkE6ETE?si=p43BtoFOeEMGPvTJ

QYZMET NEWS

17 Dec, 11:37


МҚІА Ұлытау облысы бойынша департаменті қабылдаған шаралар нәтижесінде 39 мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

https://youtu.be/aIyJjOBRdlc?si=bwomfcNIuhI0Bi4K

QYZMET NEWS

14 Dec, 05:49


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

30 Nov, 05:42


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

29 Nov, 12:17


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Жұмыс сапары аясында Агенттік төрағасы университет студенттерімен, Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің тыңдаушыларымен және Өңірлік кадр резервінің мүшелерімен арнайы кездесті.
———————-
Сегодня председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазықбай принял участие в международной научно-практической конференции, посвященной 90-летию Казахского национального университета имени аль-Фараби.

толығырақ / подробнее:
https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/893367?lang=kk

QYZMET NEWS

28 Nov, 09:59


Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурссыз қалай жұмысқа орналасуға болатынын білесіз бе?

🔹Жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) бітірген түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

https://youtu.be/BN9f2dsVLJk?si=naI7VHS6t0FC3VUB

QYZMET NEWS

26 Nov, 06:51


Ақтөбе облысында 200-ден астам мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

https://youtu.be/G5Bi-djFlYs?si=kBuDzgJG52wds4Bf

QYZMET NEWS

25 Nov, 10:40


Мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалған жас маманның пікірі

https://youtu.be/glC73VAiOs8?si=il1veVF73fhmzXzw

QYZMET NEWS

25 Nov, 05:07


✍🏻Әбділда Тәжібаев

QYZMET NEWS

23 Nov, 06:46


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

22 Nov, 13:15


🔹Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директоры Баходир Рахматовпен кездесті.
—————-
🔹Сегодня председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазықбай встретился с директором Агентства стратегических реформ при Президенте Республики Узбекистан Баходиром Рахматовым.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/888914?lang=ru

QYZMET NEWS

22 Nov, 06:20


🔹Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында уәкілетті органмен биылғы жылы мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындылары және Өңірлік кадр резервіне іріктеу нәтижелері қаралды.
——————
🔹На заседании Общественного совета при Агентстве по делам государственной службы рассмотрены итоги проведенной работы по дебюкратизации государственного аппарата, а также результаты отбора в Региональный кадровый резерв.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/888393?lang=ru

QYZMET NEWS

21 Nov, 10:27


МҚІА Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қашықтан бақылау жұмыстарының нәтижесінде 114 мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

QYZMET NEWS

20 Nov, 06:12


Жамбыл облысында жоғары оқу орнын мемлекеттік грант есебінен оқып, жақсы нәтижемен (GPA 3,33-тен жоғары) аяқтаған 32 түлек мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалды.

https://youtu.be/J12-ky6-8XA?si=3NZJILCYyBaCNPx_

QYZMET NEWS

19 Nov, 10:13


🔹Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша бірыңғай «Қызмет алушылар күнін» ұйымдастырды.

🔹«Қызмет алушылар күні» еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай форматта өтіп, оған 1000-нан астам азамат қатысты.
——————
🔹Агентством по делам государственной службы в рамках формирования сервисного и клиентоориентированного государственного аппарата организован единый «День услугополучателей» по разъяснению порядка получения государственных услуг в сфере предпринимательства.

🔹«День услугополучателей» проведен по всей республике в едином формате, в котором приняли участие более 1000 граждан.

толығырақ / подробнее: https://www.facebook.com/100064845813797/posts/pfbid0mHDCHJXrtfE1P7sP18epbTpCUDTDrS3BGYq2A1UPmFdbGzYGpKwUZ894o39jSqaQl/?d=w

QYZMET NEWS

18 Nov, 05:48


✍🏻Бауыржан Момышұлы

QYZMET NEWS

16 Nov, 06:50


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

15 Nov, 09:44


🔹Биыл еліміздің ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 30 жыл толды.

Бүгін осы мерейтойлық күнге орай «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: бүгіні мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оның мақсаты – мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адам ресурстарын басқаруға қатысты тың идеялар мен әдіс-тәсілдерді талқылау және тиімді практикалық шешімдерді іздеу.
—————————-
 
🔹Сегодня состоялась международная научно-практическая конференция «Государственное управление и государственная служба: настоящее и будущее», приуроченная к этой юбилейной дате. Цель конференции - обсуждение новых идей и методов управления человеческими ресурсами в системе госслужбы и поиск эффективных практических решений.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/883989?lang=kk

QYZMET NEWS

14 Nov, 10:38


🔹Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мәселелері бойынша семинар өтті.
———————-
🔹Сегодня Агентством по делам государственной службы проведен семинар с представителями местных исполнительных органов Мангистауской области, на котором обсуждены вопросы контроля качества оказания государственных услуг.

толығырақ / подробнее: https://www.facebook.com/100064845813797/posts/pfbid02SWAUsfaWijGsZsienu4i1tr7uGz8PDgvBMPs1phQFyCvdMvzCy4dHcDpkt3uhZoql/?

QYZMET NEWS

13 Nov, 11:19


МҚІА Төрағасы Дархан Жазықбайдың “Ontustik” телеарнасына берген сұхбатынан

QYZMET NEWS

12 Nov, 07:22


🔷Территориальным Департаментом АДГС по Акмолинской области в ходе проверки установлены факты нарушения местным исполнительным органом сроков оказания государственной услуги при рассмотрении заявок фермеров на субсидирование. Ввиду упущения сроков, предусмотренных правилами, предприниматели лишились возможности повторной подачи заявок.

🔹В результате принятых мер реагирования Департаментом услугополучателям предоставлен доступ для исправления и переподачи заявок. Всего защищены права 296 предпринимателей на получение субсидий на сумму 618 миллионов тенге.

https://youtu.be/HEn1RFwalUQ?si=mJJOMEzzd8J3t-G4

QYZMET NEWS

12 Nov, 07:21


🔷 МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті тексеру жұмыстарының барысында жергілікті атқарушы орган шаруалардың субсидия туралы өтінімдерін қарау кезінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілерін анықтады. Қағидалармен белгіленген мерзімнің бұзылуы салдарынан кәсіпкерлер ақпараттық жүйе арқылы өтінімдерін қайта тапсыру мүмкіндігінен айырылған.

🔹Департаменттің ден қою шараларының нәтижесінде қызмет алушыларға ақпараттық жүйеде өтінімдерді қайта тапсыру қарастырлып, 296 шаруаға жалпы соммасы 618 миллион теңгеге субсидия алу мүмкіндігі беріліп, құқықтары қалпына келтірілді.

https://youtu.be/e2h2Pu4KeL0?si=VYBnrcFfd7TAa4bw

QYZMET NEWS

11 Nov, 10:36


🔹Приобрести жильё по льготной ипотеке или получить грант на открытие бизнеса. Эти и другие возможности сегодня есть у молодых казахстанцев.

🔹Государственный служащий - опытный специалист управления по вопросам молодёжной политики Жасулан Хамитов разъясняет жителям Карагандинской области как можно воспользоваться этими возможностями.

https://youtu.be/vv_B87f0E10?si=g8dDn87YCtffUPQg

 

QYZMET NEWS

11 Nov, 05:09


✍🏻Сәбит Мұқанов

QYZMET NEWS

09 Nov, 05:49


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

08 Nov, 10:02


Жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) бітірген түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

QYZMET NEWS

06 Nov, 10:52


МҚІА Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылдың 9 айында 1231 мемлекеттік қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.
——————
В результате принятых департаментом АДГС по Павлодарской области мер за 9 месяцев 2024 года восстановлены нарушенные права 1231 услугополучателя.

QYZMET NEWS

05 Nov, 06:10


Жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) бітірген түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

QYZMET NEWS

04 Nov, 10:06


🔹В настоящее время 44 государственных органа проводят отбор на государственную службу в новом формате. Сама система отбора максимально прозрачна, упрощена и доступна. Для этого необходимо зарегистрироваться в информационной системе «eQyzmet». Этапы отбора можно пройти дистационно.

🔹Подробно о том, как можно пройти отбор в нашем видео.

https://youtu.be/B2p6N4z4D9w?si=MULysPZ17VkngwAx

QYZMET NEWS

04 Nov, 10:04


🔹Қазіргі уақытта елімізде 44 мемлекеттік органда мемлекеттік қызметке іріктеу жаңа онлайн форматта өткізілуде. Іріктеу жүйесі барынша ашық, жеңілдетілген және қолжетімді. Ол үшін «eQyzmet» ақпараттық жүйесіне тіркелу қажет. Іріктеуді қашықтықтан өтуге болады.

🔹Іріктеуден өту туралы толығырақ ақпаратты бейнероликтен көруге болады.

https://youtu.be/46sgspSXdho?si=m60bpXsXaUw3PN_r

QYZMET NEWS

04 Nov, 04:45


✍🏻Дінмұхамед Қонаев

QYZMET NEWS

02 Nov, 05:57


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар.

QYZMET NEWS

01 Nov, 07:22


Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды.
——————-
На заседании Общественного совета при Агентстве по делам государственной службы рассмотрены результаты работы за 9 месяцев т.г. по защите прав государственных служащих и обеспечению соблюдения режима рабочего времени в государственных органах.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/875552?lang=ru

QYZMET NEWS

31 Oct, 12:06


Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың басшылығымен сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері бойынша Консультативтік-сараптамалық топтың отырысы өтті.

——————————
 
Сегодня под руководством председателя Агентства по делам государственной службы Дархана Жазықбай состоялось заседание Консультативно-экспертной группы по вопросам формирования сервисного государственного аппарата и дебюрократизации его деятельности.

толықырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/875052?lang=ru

QYZMET NEWS

30 Oct, 07:25


Мнение молодого специалиста, получившего назначение на госдолжность без участия в конкурсе

QYZMET NEWS

30 Oct, 06:46


Мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалған жас маманның пікірі

QYZMET NEWS

29 Oct, 05:13


Законные права бизнеса и граждан восстановили в Акмолинской области

QYZMET NEWS

29 Oct, 04:42


Ақмола облысында 600-ге жуық мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

QYZMET NEWS

28 Oct, 10:17


Жетісу облысында мемлекеттік қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

https://youtu.be/3mLs6AqXaBc?si=_879t5cQuSRp3wPr

QYZMET NEWS

28 Oct, 05:04


Ахмет Иүгінеки✍🏻

QYZMET NEWS

24 Oct, 10:20


🔹Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Республика күні – Ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

🔹Іс-шараға Агенттіктің, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы мен қызметкерлері, мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/871240?lang=kk
——————
Состоялось торжественное мероприятие, посвященное 25 октября — Дню Республики
 
🔹Сегодня в Агентстве по делам государственной службы состоялось торжественное мероприятие, посвященное национальному празднику – Дню Республики.

🔹В мероприятии приняли участие руководство и сотрудники Агентства, Академии государственного управления при Президенте РК, а также ветераны государственной службы.

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/871240?lang=kk

QYZMET NEWS

21 Oct, 10:52


QYZMET NEWS pinned «МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай «Ontustik» телеарнасына сұхбат берді 🔹Сұхбат барысында ҚР Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі міндеттері және оны іске асыру жоспарлары айтылды. Агенттік төрағасы мемлекеттік…»

QYZMET NEWS

21 Oct, 10:50


МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай «Ontustik» телеарнасына сұхбат берді

🔹Сұхбат барысында ҚР Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі міндеттері және оны іске асыру жоспарлары айтылды.
Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті адамға бағдарланған сервистік сипатта ілгерілету, мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсібилендіру және HR-процестерді цифрландыру шаралары туралы айтты.

🔹Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің гибридтік моделін қалыптастыру, оның ішінде мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету, жеке сектордан кәсіби мамандарды тарту, eQyzmet базасындағы жаңа іріктеу жүйесі жайлы да баяндалды.

https://youtu.be/1KPr4fOs5nc?si=L2_WqgteEusd3KA4

QYZMET NEWS

18 Oct, 13:29


Апталық дайджест - өңірлерде өткен шаралар

QYZMET NEWS

16 Oct, 12:31


🔹МҚІА бастамасымен сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша «Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылды.

🔹«Қызмет алушылар күні» еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай форматта өтіп, оған 1500-ға жуық азамат қатысты.

толығырақ:https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/865790?lang=kk
_____

🔹АДГС в рамках формирования сервисного и клиентоориентированного государственного аппарата организован «День услугополучателей» по разъяснению порядка получения государственных услуг в сфере регистрации прав на недвижимое имущество, архитектуры, градостроительства и земельных отношений.

подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/865790?lang=ru

QYZMET NEWS

15 Oct, 09:29


Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің ұйымдастыруымен «Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет: жетістіктері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/864664?lang=kk
__________

Сегодня в АДГС состоялся круглый стол на тему «Государственная служба в Республике Казахстан: достижения и перспективы дальнейшего развития в рамках реализации Послания Главы государства народу Казахстана «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм», организованный Комитетом по конституционному законодательству, судебной системе и правоохранительным органам Сената Парламента РК.

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/864664?lang=ru

QYZMET NEWS

14 Oct, 08:07


Бүгін МҚІА төрағасы
Дархан Жазықбай Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған «Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасының кезекті курсының ашылуына қатысты.

Бағдарламаның мақсаты – саяси мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін шыңдау және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру.

толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/863850?lang=kk
______

Сегодня председатель АДГС Дархан Жазыкбай принял участие в открытии программы обучения для политических государственных служащих «Руководитель новой формации».

Цель программы – совершенствование управленческих компетенций и организационных навыков политических государственных служащих.

подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/863850?lang=ru

QYZMET NEWS

12 Oct, 10:00


Апталық дайджест - өңірлерде өткен іс-шаралар

QYZMET NEWS

11 Oct, 12:28


🔹Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Шымкент қаласындағы жұмыс сапары аясында жергілікті мемлекеттік қызметшілермен және жастармен кездесулер өткізді.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/863206?lang=kk
——————-
🔹Председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазыкбай в рамках рабочей поездки в г. Шымкент провел встречи с государственными служащими и молодежью региона.

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/863206?lang=ru

QYZMET NEWS

11 Oct, 11:31


🔹Бүгін Шымкент қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай және қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен «Шымкент қаласының тәжірибесінде жергілікті атқарушы органдар қызметін бюрократиядан арылту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/863116?lang=kk
———————-
🔹Сегодня в г. Шымкент с участием председателя Агентства по делам государственной службы Дархана Жазыкбай и акима города Шымкент Габита Сыздыкбекова проведен круглый стол на тему: «Практический  опыт дебюрократизации деятельности местных исполнительных органов на примере города Шымкент».

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/863116?lang=ru

QYZMET NEWS

10 Oct, 12:50


🔹Бүгін МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай Түркістан облысындағы жұмыс сапары аясында облыс активі, Өңірлік кадр резервінің мүшелері және белсенді жастарымен кездесулер өткізді.

🔹Өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен өткен жиында МҚІА төрағасы мемлекеттік аппаратты адамға бағдарланған және сервистік сипатта қалыптастыру, бюрократиядан арылту бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндады.
——————-
🔹Сегодня председатель АДГС Дархан Жазыкбай в рамках рабочей поездки в Туркестанскую область провел встречи с активом области, членами регионального кадрового резерва и активной молодежью.

🔹На встрече с государственными служащими региона председатель АДГС проинформировал о мерах по формированию сервисного государственного аппарата, ориентированного на человека и его дебюрократизации.

толығырақ / подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/862504?lang=ru

QYZMET NEWS

10 Oct, 07:58


🔹МҚІА бастамасымен Түркістан қаласында Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы ұйымдастырылды.

🔹Оған МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, МҚІА жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Бибігүл Ағыбаева, орталық және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.

———————-

🔹В Туркестане по инициативе АДГС состоялся республиканский форум уполномоченных по этике.

🔹В нем приняли участие председатель АДГС Дархан Жазықбай, аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды, депутат Сената Парламента, председатель Комитета по социально-культурному развитию и науке Нурторе Жусип, председатель Общественного совета при АДГС Бибигуль Агыбаева, уполномоченные по этике ЦГО и МИО, госслужащие и ветераны госслужбы.

толығырақ/подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/862126?lang=kk

QYZMET NEWS

08 Oct, 05:37


Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурссыз қалай жұмысқа орналасуға болатынын білесіз бе?

🔹Жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) бітірген түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

https://youtu.be/BN9f2dsVLJk?si=naI7VHS6t0FC3VUB