Otpannews.kz @mangystaumedia Channel on Telegram

Otpannews.kz

@mangystaumedia


Otpannews.kz (English)

Are you looking for a reliable source of news and information in the Mangystau region of Kazakhstan? Look no further than Otpannews.kz! This Telegram channel, managed by @mangystaumedia, is dedicated to providing the latest updates on local events, politics, culture, and more. As the go-to platform for news in the Mangystau region, Otpannews.kz aims to keep residents and visitors informed and engaged. Stay connected with the community and be part of the conversation by joining Otpannews.kz today. Whether you are seeking breaking news or in-depth analysis, this channel has got you covered. Don't miss out on important developments in Mangystau – subscribe to Otpannews.kz now!

Otpannews.kz

16 Feb, 09:22


Маңғыстауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың туған күніне анасы арнайы келді

Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Оңғарсын Ақмуратовтың анасы Илья Сақтағанқызы баласын туған күнімен арнайы келіп құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Feb, 04:44


Түпқарағанда қалдықтарды өңдейтін полигон салынып жатыр

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Экологиялық кеңес отырысында «Түпқараған ауданындағы тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды өңдейтін кешені бар полигон құрылысы» туралы мәселе қаралды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Feb, 04:39


Каспий теңізінің қызыл түске боялуы: Сынаманың қорытындысы шықты

Каспий теңізінің қызыл түске боялуына байланысты мамандар теңіз суынан сынама алып, химиялық және мұнай өнімдеріне талдау жұмыстары жүргізді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Feb, 12:45


Ақтауда шлагбаумды сындырған азамат ұсталды

Ақтау қалалық полиция басқармасы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында 16 шағынаудандағы 86-шы үйдің маңында орналасқан шлагбаумды қолмен күштеп итеріп, аяғымен теуіп сындырған азаматты анықтап, ұстады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Feb, 12:43


Ақтауда «Ауған соғысының» ардагерлеріне арналған монументке гүл шоқтары қойылды

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Бұл күні Ауған соғысында ерлік көрсетіп, құрбан болған жандардың есімі ардақталып, рухына тағзым етіледі, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Feb, 08:57


Нұрдәулет Қилыбай: Аудандық аурухананы қолданысқа беру кезек күттірмейтін мәселе

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының орталығында салынып жатқан 150 орындық көпсалалы жаңа аурухананың құрылыс жұмыстарымен танысты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Feb, 08:56


Маңғыстауда департаменттер өткен аптада қандай жұмыстар атқарды?

Маңғыстау өңірінде 20-дан аса департамент бар. Ал олардың атқарып жатқан жұмыстарын көпшілік біле бермейді. Otpannews.kz бұл ретте департаменттердің әлеуметтік желідегі ресми парақшасын шолып, қолға ілігерлік істерін оқырманға ұсынып отыр.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Feb, 05:29


Маңғыстауда тұман түсіп, көктайғақ болады

"Қазгидромет" еліміз бойынша 15-17 ақпанға арналған дауылды ескертулер туралы мәліметтерді жариялады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Feb, 05:27


Бейнеуде 19 млн теңгенің тауарын ұрлаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды

Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайтуға, оның ішінде әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жұмысты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды otpannews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Feb, 13:26


Олжас Бектенов сарапшылармен бірге салық реформасы және цифрландыру арқылы әкімшілендіру мәселесін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселесін талқылады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Feb, 11:55


Премьер-министрдің орынбасары тағайындалды

Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Feb, 11:53


Студенттерге өңірдегі экологиялық мәселелер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгін, 14 ақпанда «Байтақ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Ш.Есенов атындағы университеттің экология және геология кафедрасының 1-2 курс студенттерімен «Маңғыстау табиғаты және экологиялық мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Feb, 11:51


Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

Қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты халық арасында әлі де сұрақ көп. Бұл мәселені сан-саққа жүгіртудің қажеті жоқ, байыппен қарап, кәсіби мамандар жан-жақты түсіндіріп бергені жөн. Осы орайда Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаевқа бірқатар сұрақ қойдық.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Feb, 09:52


Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимаратына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай архив Алматыдан Астанаға көшірілді. Бұл ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Feb, 06:38


"Каспий" сырт алаңда польшалық клубқа есе жіберді

Маңғыстаулық "Каспий Ақтау" футбол клубы Польшаның "Висла" командасымен Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында кездесіп, есе жіберді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Feb, 06:10


Маңғыстау ауданында тұрғындардың электр энергиясына қатысты көтерген мәселесі шешілді

Маңғыстау ауданындағы Ащыбұлақ шағынауданында тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін электр энергиясының жетіспеушілігін шешу мақсатында жаңа кешенді трансформаторлық пункт (КТПН) қойылды, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Feb, 05:22


Мұнайлыда 79 дана балық сақтаған азамат ұсталды

Мұнайлы ауданында оперативті-профилактикалық «Браконьер» іс-шараны барысында қызметкерлер бір ғимараттан мұздатқыш камерасын анықтаған. Оның ішінен 758 дана скумбрия (жалпы салмағы 345 кг) және 79 дана бекіре балығы (жалпы салмағы 185 кг) табылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Feb, 05:19


Биыл Маңғыстауда 164 шетелдік азамат елден тысқары шығарылды

Маңғыстау облысында есептік кезеңімен уақытша 3873 шетелдік тіркеуге алынды.

otpannews,kz

Otpannews.kz

13 Feb, 15:34


Интернеттен зат сатып алу кезінде ақшаңызды қалай жоғалтпауға болады?

Интернет-дүкендерге деген сұраныс күн санап артып келеді. Алайда, онлайн тауар сатып алған кезде қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды. otpannews.kz ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректеріне сүйене отырып, ақшаңызды қорғаудың негізгі жолдарын ұсынады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Feb, 12:35


Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

09 Feb, 10:12


Маңғыстауда екі көлік соқтығысып, 4 адам қайтыс болды

Ақпанның алтысында Бейнеу – Сайөтес автожолында 2 көлік соғысып, 4 адам қайтыс болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

09 Feb, 09:32


Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін ақпанның тоғызы – қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ол 1931 жылы Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданында дүниеге келген.

otpannews.kz

Otpannews.kz

09 Feb, 07:52


Қазақстанда жаңа Бюджет кодексі әзірленіп жатыр: негізгі өзгерістер қандай?

Қазақстанда Бюджет кодексін жаңарту қажеттілігі 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілді. Халықаралық валюта қоры сарапшылары қолданыстағы кодексті жоғары деңгейдегі құжат ретінде бағалағанымен, оны жетілдіру үшін жаңа реформалар қажет болды, деп хабарлайды otpannews.kz. Бұл туралы Маңғыстау облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров ҚазАқпаратқа берген сұхбатында айтты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

09 Feb, 06:23


Каспий теңізінде тағы да жер сілкінді

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясына қарасты Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, Каспий теңізінде бесінші рет жер сілкінді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

09 Feb, 05:27


Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында күміс медальді жеңіп алды

Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс медальді жеңіп алды, деп хабарлайды otpannews.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

08 Feb, 14:44


Маңғыстау облысындағы басқарма басшыларының жұмысына ақпараттық шолу

Өздеріңіз білесіздер, Otpannews.kz сайты өткен аптада аудан мен қала әкімдерінің жұмысына БАҚ құралдары мен ресми парақшаларында жарияланған ақпараттары арқылы шолу жасап, біраз деректер келтірген еді.
 
Енді сайттың қырағы көзіне іліккен басқарма басшыларының жұмысын саралайық.

otpannews.kz

Otpannews.kz

08 Feb, 11:41


Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

Форумда «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Баденова Президентке ұйымның осыған дейін атқарған игі істері мен азаматтық бастамаларын таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі кезде қозғалыстың 19 қалада кампусы, 15 мыңға жуық белсенді мүшесі бар. Қозғалыс елімізде ондаған азаматтық бастамалар мен акцияларды ұйымдастырып үлгерген. Жастар вандализммен, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгушілермен, кәмелетке толмаған балаларға ішімдік сатушылармен, есірткі таратушылармен және басқа да әлеуметтік кеселдермен күрес жүргізіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын ашық әрі белсенді білдіріп жүр, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

08 Feb, 09:07


Жетібай ауылында жедел басқару орталығы іске қосылды

Қарақия аудандық полиция бөлімінің Жетібай ауылындағы бөлімшесінде жедел басқару орталығы іске қосылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

08 Feb, 07:37


Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияны жеңді

Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияны 4:1 есебімен жеңді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

08 Feb, 06:56


Азиада-2025: Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы медаль түсті

Шорт-тректен 2000 метрге сырғанаудан аралас командалық эстафета қатысушылары Харбин қысқы Азия ойындарының алғашқы жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды otpannews.kz "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Feb, 17:46


Ұшақ апаты: Әзірбайжандық кәсіпкер қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына екі бөлмелі пәтердің кілттерін табыс етті

2025 жылғы 7 ақпанда Ақтауда былтырғы желтоқсан айында Әзірбайжан әуекомпаниясының ұшақ апатында қайтыс болғандарды еске алу асы өтті. Іс-шараға Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігі, Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшілігі және Маңғыстау облысының Әкімдігі ұйытқы болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Feb, 14:51


Нұрдәулет Қилыбай «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті

7 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті. Басқосуда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Feb, 13:38


Құрық ауылында Street Workout алаңы пайдалануға берілді

Қарақия ауданы, Құрық ауылына қарасты «станция Ералы» елдімекенінде тұрғындардың спортқа қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жаңа Street Workout алаңы салынды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Feb, 11:37


Несие шарттарын қалай түсінуге және күтпеген шығындардан қалай сақтануға болады?

Несие рәсімдеу – мұқият талдауды қажет ететін маңызды қаржылық шешім. Егер шарттарын алдын ала түсінбесеңіз, қосымша шығындарға тап болуыңыз мүмкін. Сондықтан келісімшартты мұқият оқып, негізгі талаптарын ескеріңіз, - деп хабарлайды otpannews.kz Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Feb, 11:35


Ақтаулық тұрғын үйсіз қалған мысыққа пәтер жалдап берді

Бұрын үйі болмай, «Green Plaza» тұрғын үй кешенінің кіреберісінде өмір сүрген Маня деген мысық енді тек үй жануары ғана емес, жеке баспанасы бар мысыққа айналды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Feb, 11:33


Бейнеуде жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды қабылдау басталды

Бейнеу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандандырылған секторы жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды қабылдауды бастады. Енді әкімшілік орталықтың және оның айналасындағы елді мекендердің тұрғындары уақыт пен ресурстарды үнемдей отырып, облыс орталығына бармай-ақ емтихан тапсыра алады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Feb, 11:31


Қарақия ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жалғас Теміров Қарақия ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласына жетекшілік етеді, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Feb, 11:21


Ақтауда сарбазды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген сержантқа сот үкімі шықты

Ақтөбе әскери сотында взвод командирі Әділет Керімовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол сарбазды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген, ұрып-соққан.

Оқиға Ақтауда болғанымен, іс Ақтөбе әскери сотында қаралды, деп хабарлайды otpannews.kz kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Feb, 11:20


Суға түсудің пайдасы: Каспийге қыста кімдер түседі?

Ақтауда қыстың суығында теңізге түсіп, денесін шынықтыратын тұрғындар саны көп. Олардың дені бұл бағытқа беті бұрып, суық суға түсіп келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған. Otpannews.kz тілшісі Каспий теңізіне күн сайын таңертең суға түсетін топ өкілдерімен жүздесіп қайтты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Feb, 10:39


Президент Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 14:42


Қызылсайда балабақша жабылды: Тексеру жүріп жатыр

31 қаңтар күні 20:13-те Жаңаөзен қаласының “Қызылсай” кентінен жедел жәрдем қызметіне тұрғындардан іштің ауырсынуына байланысты шақыру түскен, деп хабарлайды otpannews.kz.

“Жедел жәрдем бригадасы барлығын қарап, тексеруден өткізді.

37 адамның ішінен төртеуі ауруханаға жатқызылды (1 ересек, 3 бала). Қалғандары үй жағдайында амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Қазіргі уақытта балабақша жабылып, уәкілетті органдар тексеру жүргізіп жатыр”, деп мәлімдеді Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Otpannews.kz

03 Feb, 13:48


Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл жоқ – Игорь Лепеха

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жол қозғалысы туралы заңда көрсетілген бес минуттық норма «тоқтау» мен «тұрақ» ұғымдарын ажырату үшін енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 13:47


Маңғыстау ауданының білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Ақпанның үшінде Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 12:28


Қазақстан ирандық компаниямен бірге Парсы шығанағында жүк терминалын ашады

Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар Иран Ислам революциясының 46 жылдығына орай БАҚ өкілдерімен кездесті. Іс-шара барысында Парсы шығанағында Қазақстанның жүк терминалын ашу жобасы қай сатыда тұрғаны айтылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасап. 

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 11:41


Мұнайлы тұрғындары аудан әкіміне өз мәселелері бойынша жүгінді

Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды otpannews.kz әкімдікке сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 10:15


Жаңаөзендегі гибридті электр станциясының жобасын іске асырудың қазіргі жағдайын талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қазақстандағы «Eni» компаниясының басшысы Сегер Хойтинкпен кездесу өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 09:55


Мұнайлы ауданында 27 аялдама қолданысқа берілген

Мұнайлы ауданы Басқұдық-Маңғыстау бағытындағы "Басқұдық ауылдық округінің автомобиль жолын қайта құрылымдау" нысаны бойынша 31 аялдама салынды, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 09:18


Иран қазақтары, парсыша-қазақша сөздік, шығыстану
Otpannews.kz сайтының студиясына қонаққа келген ардагер ұстаз, ағылшын, парсы тілдерінің маманы, аудармашы, ғалым, PhD Нияз Тобыш «Иран қазақтары» еңбегі туралы баяндап, көптен бері жазып жатқан парсыша-қазақша академиялық сөздігі туралы айтты. Ғалым, бұдан бөлек, бір ғасыр бұрын татар тілінде шыққан діни еңбектің маңызы туралы айтты.

#НиязТобыш

https://youtu.be/cAnVgcKq4bc?si=3U54e8M1X74kM5oz

Otpannews.kz

03 Feb, 07:34


Ақтау қаласының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 07:32


Ақтау портында хаб құрылысы жүріп жатыр

Ақтау портында порттың өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттыратын заманауи контейнерлік хаб құрылысы жүріп жатыр.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 05:57


Ақтауда түнгі мезгілде жүрген 77 жасөспірімнің ата-анасы жауапкершілікке тартылды

Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары өткен аптада түнгі мезгілде жүрген 77 жасөспірімді анықтап, олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 05:56


Өткен аптада ақтаулықтар 11 миллион теңгедей айыппұл төледі

Қаңтардың 27-імен ақпанның 2-сі күндері аралығында Ақтауда 1463 қаулыға 21 млн 46 мың 30 теңге айыппұл салынып, 84 қаулы орындалып, 10 млн 984 мың 220 тг айыппұл өндірілген.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 05:53


Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Ақтауда бір аптада 27 оқиға тіркелді

Қаңтар айының 25 мен 31 күндері аралығында Ақтау қаласы ПБ-ның ЖБО-ның 102 желісіне отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласы бойынша 27 хабарлама тіркеліп, заңды шешім қабылданды. Атап айтқанда, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен 5 тұлғаға, қорғау нұсқамасын бұзған 3 қатысты әкімшілік хаттама жасақталған.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 05:20


Жаңаөзенде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Жаңаөзен қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қаланың сыртқы аумағында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды otpannews.kz әкімдікке сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Feb, 04:53


Қазақстандық өнімнің 60 түрін Иранға экспорттау ұсынылды

Алматы қаласында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Иранның өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрінің орынбасары, Сауданы дамыту ұйымының басшысы Мохаммад Али Дехган Дехнавимен кездесуі өтті. Кездесуде екі ел арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz сауда және интенрация министрлігіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Feb, 11:10


Ақтауда бір-бірімен төбелескен жасөспірімдердің ата-анасы жауапкершілікке тартылды

Ақтау қаласының 3-шағынауданындағы 57-үй маңында болған жасөспірімдер арасындағы жанжалға байланысты олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды otpannews.kz қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Feb, 06:22


Мемлекет басшысы Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Feb, 06:06


Ақтауда жас сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Ақтау қаласындағы Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінде 200-ден астам жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Бұл – олардың Отан алдындағы алғашқы әрі ең маңызды қадамдарының бірі болды, деп хабарлайды otpannews.kz Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Feb, 05:50


Әбілқайыр Байпақов мектеп асханасының санитарлық тазалығын тексерді

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов №18 жалпы білім беретін мектеп асханасының тазалығын санитарлық сарапшы маманмен бірге тексерді, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

01 Feb, 07:45


Маңғыстауда қала мен аудан әкімдері апта ішінде не тындырды?

Маңғыстау облысына қарасты қала мен аудан әкімдері осы аптада білек сыбанып қыруар іс тындырмаса да, қол қусырып бейқам отырған жоқ. Аудан әкімі деген дардай аты бар шенеуніктердің бірі нысандарда араласа, енді бірі жиын өткізіп азды-көпті шаруа атқарып тастады. Бұл ретте Otpannews.kz өңірдегі қала мен аудан әкімдерінің апта ішінде атқарған жұмыстарына жасалған қысқаша шолуды назарларыңызға ұсынамыз. 

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 18:08


«Маңғыстау облысының жыршылары» атты кітап жарыққа шықты

«Бала жолы» қоғамдық қоры «Маңғыстау облысының жыршылары» атты жинақ әзірлеп шығарды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 13:20


Ақтауда жылу тарифтеріне өзгеріс енгізу бойынша тыңдау өтеді

"МАЭК" ЖШС-нің өтініші бойынша қоғамдық тыңдау ақпанның 4-інде өтеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 11:51


Маңғыстау облысы бойынша 2025 жылы қандай атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі?

Маңғыстау облысы бойынша 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 1,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 1,5 млрд теңге - жалпы сипаттағы трансферттен бөлінсе, 0,4 млрд. млн теңге - жергілікті бюджет есебінен берілді, деп хабарлайды otpannews.kz  Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 11:27


Ұлттық ұланда «Ұлы Жеңіске 100 күн қалды» акциясы басталды

29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске 100 күн қалды» акциясы басталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 11:26


Базардағы баға: Ақтауда азық-түлік өнімдері қанша теңгеден сатылып жатыр?

Маңғыстауда өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері қымбаттап кеткені белгілі. Атап айтқанда, картоптың бағасы келісіне 400 теңгеге дейін көтерілді.

Осы орайда өңірдің кәсіпкерлік басқармасының басшысы Дастан Мұратәлиев Ақтаудағы 12 ірі сауда желісінде картопты 178-184 теңгеден асырмай сатып жатқанын хабарлады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 11:13


Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кемесінің құрылғанына 10 жыл толды

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің аралас кемелер дивизионында тарихи күн – "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кемесінің 10 жылдық мерейтойы болып жатыр. Бұл кеме Әскери-теңіз күштерінің бірі ретінде сенімділіктің, күш-қуаттың және теңіз шекарасын қорғауға қабілетті заманауи технологиялардың символына айналды, деп хабарлайды otpannews.kz әскери ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 10:26


28 қаңтардан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге картоп шығаруға тыйым салынды

Қазіргі уақытта көршілес елдер тарапынан қазақстандық картопқа жоғары сұраныс сақталуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 605 мың тоннаға жуық картоп экспортталған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (411 мың тонна) 1,5 есе артық.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 10:24


Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 09:50


Ақтаулық теңіз жаяу әскерлері қазақ күресінен өткен турнирде жүлдегер атанды

Атыраудағы облыстық ұлттық спорт түрлері клубының базасында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен жеке-командалық чемпионат өтті, деп хабарлайды Otpannews.kz әскери ведомствоға сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 09:46


Маңғыстауда 110 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі көші-қон заңнамасын бұзған 110 шетелдікті Қазақстан аумағынан шығарды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 09:22


2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды

«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 09:20


Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 08:43


Маңғыстау республика бойынша лудоманияға шалдыққандардың алдыңғы қатарында тұр – депутат

Ақтауда «Құмар ойынға тәуелділікке қарсы күреске мүдделі тараптарды жұмылдыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 06:42


Маңғыстауда газ бағасы 6 теңгеге қымбаттайды

1 ақпаннан бастап Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы 6 теңге артады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 06:40


Заңнаманы сақтауға қатысты бақылау шаралары күшейді

2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасымен мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты 27 бақылау іс-шаралары жүзеге асырылып, нәтижесінде 655 бұзушылық анықталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 06:37


Былтыр Маңғыстау облысында он мыңға жуық көлік кедендік рәсімдеуден өткен

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңірде 2024 жылғы кезеңде «Ішкі тұтыну үшін тауарлар шығару» рәсімі бойынша 9993 жеңіл автокөлік құралының кедендік ресімдеуден өткенін мәлімдеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 06:36


Жаңаөзенде интим суреттерін таратамын деп ақша бопсалаған тұрғын ұсталды

Жаңаөзенде интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды otpannews.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 06:34


Құмар ойынға қатысу қызметтен босатуға алып келеді

Елімізде 2024 жылғы қыркүйекте ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша түзетулер күшіне енді. Заңдарға халықтың ойынға салынуды төмендетуге бағытталған шектеу және ынталандыру нормалары енгізілген болатын.

otpannews.kz

Otpannews.kz

29 Jan, 06:25


Ақтауда 200-ге жуық шөлмек арақ-шарап тәркіленді

Ақтауда «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында алкогольдік өнімдерді заңсыз сату дерегі анықталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 13:30


Ата-аналар қауымына үндеу жариялады

Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшелері ата-аналар қауымына үндеу жариялады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 12:42


Жаңаөзенде көшелердің 80%-ы жарықтандырылды

Жаңаөзен қаласы 2024 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда қала тұрғындарының өмір сапасын жақсарту үшін бірнеше маңызды жобалар іске асырылып жатыр.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 12:40


Маңғыстау облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бүгін 22 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен облыстық білім басқармасының жаңа басшысы болып Амантай Кумбаев тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 11:08


«Таза Қазақстан»: Ақтауда 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Ақтауда Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 19А, 19, 33 және 34 шағын ауданда жаппай санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 11:06


Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 10:43


Ақтауға биыл аққулар келмейді

Ақтаулық тұрғындар қыс келсе, теңізге аққудың келгенін асыға күтеді. Теңіз жағасына серуендеп, аққуларға жем беріп қызықтауды ақтаулықтар әдетке айналдырған. Қыстың екінші айы аяқталуы жақын қалса да аққулар әлі жоқ. Ал, өңірдің экологтары күн салқында жағалауға жем үшін келетін аққулар биыл күннің жылылығына байланысты айдын көлге келмейтінін айтты, деп хабарлайды otpannews.kz. 

Бұл туралы эколог мамандар «Маңғыстау» газетіне берген сұхбатында баяндады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 10:02


Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Ақтау қаласында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды otpannews.kz қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 10:01


Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 07:03


Журналист Әзірбайжан Қонарбаев атындағы байқауға өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Журналистер одағының Маңғыстау облыстық филиалы және «Маңғыстау Руханият» қоғамдық қоры танымал журналист, ақын, Әзірбайжан Қонарбаев атындағы журналистер арасында «Тілші» сыйлығын тағайындады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 07:02


Алимент төлемеген маңғыстаулық бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. С-ға қатысты ҚК-нің 139-бабында (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді 3 айдан астам орындамау) көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін сотқа берілген.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 07:00


Маңғыстаудағы «Қазпошта» ғимаратында профилактикалық рейдтік іс-шара өтті

Маңғыстау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 14-шағынауданда орналасқан «Қазпошта» ғимаратында іздестіру профилактикалық рейдтік іс-шарасын өткізді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 05:59


Маңғыстаулық оқушы республикалық байқауға жолдама алды

Қарақия ауданы Мұнайшы ауылындағы № 5 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Нұрлан Әміржан республикалық «Зерде» байқауына жолдама алды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 05:57


Маңғыстау ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 05:02


Медғат Өмірәлиев мемлекеттік стипендия иегері атанды

Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, актер Медғат Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ие болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 04:47


Маңғыстауда «Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері» заңындағы өзгерістер түсіндірілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен брифинг өтті. Онда Президент қол қойған «Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері» заңындағы өзгерістер түсіндірілді, деп хабарлайды otpannews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Jan, 04:31


Кендірліде жаңа әуежайдың құрылысы басталды

Президент тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Jan, 16:22


Оқушылар мұхит түбін қоқыстан тазалайтын робот ойлап тапты

Ақтауда AIS жекеменшік мектебінде «USTEM Foundation» қоғамдық қорымен бірлесіп робототехника бойынша «Batys FIRST Championship» Батыс аймақтық чемпионаты өтіп жатыр.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Jan, 13:35


Бейнеу ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев аудан азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда ауданның 20-ға жуық тұрғыны өтініштерін білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Jan, 12:38


Маңғыстауда картоптың бағасын тұрақтандыру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Күні кеше Маңғыстау облысындағы азық-түлік қорын тұрақтандыру қорына Атырау облысынан 15 тонна картоп өнімі жеткізілді. Бұл туралы өңірдің кәсіпкерлік басқармасының басшысы Дастан Мұратәлиев мәлімдеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Jan, 11:13


Ақтауда 300-ден астам теңіз жаяу әскері мамандық бойынша оқудан өтті

Әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілерін даярлау тәжірибелі командирлер мен бөлімше сержанттарының басшылығымен ұйымдастырылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Jan, 10:19


Өрт сөндіруші: Халықтың алғысын алдық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Әдетте атқаратын жұмысы маңызды, алайда қоғам назарынан тыс қалатын мамандар көп. Солардың бірі – өрт сөндірушілер. Otpannews.kz сайтының тілшісі төтенше жағдайлар қызметкерімен сөйлесіп көрді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Jan, 09:51


«Таза Қазақстан»: Ақтауда 5 шағынауданда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақтауда Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 4, 5, 7, 9 және 11-шағынаудандарда жаппай санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Jan, 08:51


Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін, 14 қаңтар күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай облыс активіне кандидатурасы ҚР Президенті әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасары Тілек Жеткізгенұлын таныстырды, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Jan, 08:14


Метапневмовирус жаңа қауіп пе?

Әлеуметтік желіде метапневмовирус туралы түрлі ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі де еліміздегі вирустың эпидемиологиялық жағдайы мен таралуына қатысты мәлімдеме жасады.

Соңғы деректерге сүйенсек, аталған вирус Қазақстанда 30 адамнан табылған. Метапневмовирустың белгілері қандай? Оны жұқтырған адам қалай емделуі керек? Вирустың тұмаудан немесе өзге де жұқпалы аурулардан айырмашылығы бар ма? Осы сұрақтарға «4 сұрақ» жобасында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Марал Қадыр жауап берді.

https://youtu.be/_fSwWB9l0yA?si=OuCaWJtTxhXxF92W

Otpannews.kz

14 Jan, 07:02


Ел тұрғындарына Ресейге адыраспан алып баруға тыйым салынғаны ескертілді

Қылмыстық жауапкершілікке тап болмау үшін қазақстандықтардан адыраспанды Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды сұрайды.

hotpannews.kz

Otpannews.kz

14 Jan, 06:19


Маңғыстаулық Құралай Құрман Президент алғысын иеленді

Университет қабырғасында үздік оқып, қоғамда белсенділік танытып, әлеуметтік дамуға үлес қосқаны үшін маңғыстаулық жас ару Құралай Құрман «Президент алғысы» марапатын алды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Jan, 05:46


Бейбіт Жұқаев Португалия турнирін жеңіспен бастады

Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев 13 Португалияның Оэйраш қаласында басталған Challenger турнирінің алғашқы айналымында чилилік Матиас Сотодан басым түсті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

14 Jan, 04:41


Ақтау әкімдігінде мемлекеттік қызметті дамытудың тұжырымдамасы талқыланды

Ақтау әкімдігінде мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға бекітілген тұжырымдамасы бойынша жиын өтті, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 17:51


Маңғыстауда есірткі жарнамасын таратқандар ұсталды

9 қаңтар күні Ақтауда полиция Telegram-есірткі дүкендерінің сілтемелері бар парақшаларды жапсырып жүрген 42 және 33 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 12:37


Маңғыстаулық студенттер Қарақалпақстан мен Хиуаға сапарлап барды

Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің алты студенті мен бір оқытушысы Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысына сапарлап барды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 11:15


БАҚ қызметкерлерінен құралған әуесқой футзал командасы қысқы маусымда өнер көрсетіп жатыр

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінен құралған “Жағымды жаңалық” командасы қысқы маусымда футзалдан Жоғары лигада өнер көрсетеді - деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 11:14


Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Орталық Азия барысы көзге түсті

2024 жылы қазанның 24-і мен желтоқсанның 21-і аралығында барыс төрт рет фототұзақтарға түсіп, қорық аумағына қайта оралғаны анықталды, - деп хабарлайды otpannews.kz Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 11:13


Ақтауда аялдама жетіспейтін орындар көп – қала әкімі

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте қаладағы аялдамалар құрылысы туралы айтты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 11:11


Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» ашылды

Бүгін 13 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 33-ші шағынауданында орналасқан №33 жалпы білім беретін мектептің ашылу салтанаты өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 11:09


Ақтау әкімдігі «Ақбота» саябағын қайта құрылатынын атады

Қазіргі уақытта «Ақбота» саябағы Ақтау қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің балансында тұр. 2024 жылы саябақты қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) дайындалды

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 10:14


Жол саласында мамандар тапшы

Елімізде жол саласының мамандары әр бағыт бойынша жеке мамандықтарда білім алады. Атап айтқанда, «Сәулет және құрылыс» мамандығымен бірге өтетін «Жолшы» мамандығы енді бөлек оқытылады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты ҚР КМ «ЖАҰСО» РМК филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 10:01


Ақтауда жаңа үйлердің жанындағы жоғары вольтты электр желілері жер астына ауыстырылады

Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 08:01


Ақтауда халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған 5 жоба бар

Ақтауда халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған 5 жоба жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Әбілқайыр Байпақов қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте айтты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

13 Jan, 06:53


Ерекен Қорабаев: Сөзбе-сөз қайтармаса сөздің атасы өледі

Маңғыстау өнер мен өлеңнің ұштасқан, талант пен дарынның бойға дарыған кең даласы ғой шіркін. Мұндағы әрбір ауыл-аймақты қарасаңыз, бір дарын, бір тапқыр, бір талант табасың. Кейде сол қасиеттерді дамытса әлем танитын тұлға болар еді деген ой да келеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

12 Jan, 11:28


Маңғыстаулық балуан Нұрдәулет Жарылғапов республикалық турнирде күміс медаль алды

Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен “Дала қырандары” республикалық турнирінде 8 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

12 Jan, 09:16


Алаяқтардың жаңа айласы: Қалай сақтану керек?

Алаяқтар жаңа схеманы қолдана бастады. Олар жалған сот құжаттарын жіберіп, кейін қорқытып, құрбандарынан ақша талап ету үшін қоңырау шалады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

12 Jan, 06:39


Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті

"Батыс"  өңірлік қолбасшылығы  әскерлері қолбасшысының кубогы үшін  өткен жарысқа Ақтау, Ақтөбе, Орал, Атырау және Бейнеу гарнизондарынан жүзге жуық әскери қызметші қатысты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

12 Jan, 05:49


Маңғыстау облысында электр энергиясын төлеу тәртібі өзгеріссіз қалады

Қаңтардың бірінен бастап, Маңғыстау облысының тұрғындары электр энергиясына төлемдерді «Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы» АҚ-ға (МӨЭК) жүргізетін болады. Алайда, төлем әдістері өзгеріссіз қалады. Бұл туралы «МӨЭК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, otpannews.kz хабарлайды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Jan, 13:05


Маңғыстауда «Бозашымұнай» «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт үшін айыппұлдың алғашқы төлемін төледі

«Бозашымұнай» ЖШС мемлекетке 2,2 млрд теңге көлемінде экономикалық шығын келтірген еді. Соның 270 миллион теңге көлеміндегі алғашқы төлемін 2024 жылдың 17 желтоқсанында жасады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Jan, 13:04


Ақтауда 500 отбасыға пәтер кілті беріледі

Биыл Ақтау қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 500 азамат баспаналы болады. Бүгін 18 отбасыға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Jan, 05:06


Ақтауда Chery Tiggo көлігі мен пойыз соқтығысты

Rixos қонақ үйіне барар жолдағы темір жол өткелінде жүк пойызы жеңіл көлікті соққан.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Jan, 05:04


Маңғыстаудан «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына 5 оқушы қатысады

Ақтауда өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының іріктеу кезеңіне 63 оқушы қатысып, республикалық кезеңіне 5 оқушы жолдама алды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Jan, 05:02


Президент бес жасқа толған балалардың есепшотына қаражат аударатын заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды otpannews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 13:42


Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев: «Шаруалар салықтан босатылуы тиіс»

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев және “Ауыл” партиясы Маңғыстау облысы бойынша филиал төрағасы Қуанышбай Озғамбаев Маңғыстау облысы Атамекен кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлермен, фермерлер қауымдастығы мүшелерімен, атқарушы органдар, кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 13:24


Маңғыстау өңірлік көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық күдігі бойынша ұсталды

Сала қызметкерін Ақтау қаласында 10 қаңтар күні Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп ұстады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 12:17


Ақтауда бірнеше рет ұрлық жасаған тұрғын ұсталды

Ақтау қаласында бірнеше рет ұрлық қылмыстарын жасаған 32 жастағы тұрғын ұсталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 12:14


Ақтау тұрғындарына 90 миллион теңгеден астам шығын келтірген күдікті ұсталды

Ақтау тұрғындарына 90 миллион теңгеден астам шығын келтірген ірі интернет-алаяқтық ісі бойынша Алматы қаласының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды otpannews.kz. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 12:02


Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 10:10


Ақтауда әскери-тергеу басқармасының басшысы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысының ұсталғанын растады, деп хабарлайды otpannews.kz kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 08:31


Ауылда 1,2 миллион тұрғын жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 08:30


Мәжіліс депутаттары Мұнайлы ауданының ақсақалдарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев Мұнайлы ауданының ақсақалдарымен кездесті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 06:58


Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 06:57


10 қаңтар – Ұлттық ұланның құрылған күні

Бүгін 10 қаңтар Ұлттық ұлан қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл күн – еліміздің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және қоғамдық тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқаратын құрылымның құрылған күнін еске салатын ерекше мереке.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Jan, 06:43


Ақшұқырда электр желілерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр

Ақшұқыр ауылының әкімі Еркебұлан Қуатұлы өңірде жүргізілетін электр желілерін жаңарту жұмыстары туралы баяндады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Jan, 12:42


Маңғыстауда «Төлен оқулары» аудандық байқауының екі кезеңі өтті

6 қаңтар күні Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында Қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлен Әбдіктің шығармашылығына бойлау мақсатында, «QC Read» жобасы аясында ұйымдастырылған «Төлен оқулары» аудандық байқауының екі кезеңі өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Jan, 09:03


Ақтауда ұландықтар үшін жаңа оқу кезеңі басталды
 
Ақтау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656 әскери бөлімінде 2025 жылдың қысқы оқу кезеңі басталды. Осы күні Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінің саптық алаңында дәстүрлі түрде митинг өткізіліп, жауынгерлік қызмет барысындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша практикалық сабақтар жүргізілді, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР  Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Jan, 09:01


Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионатына қатыса ма?

Маңғыстаулық боксшы Бекзат Нұрдәулетов otpannews.kz сайтына берген сұхбатында Азия чемпионатындағы жекпе-жектері туралы айтты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Jan, 08:31


"Мақсатым - Олимпиада чемпионы атану": Бекзат Нұрдәулетов алдағы жоспарымен бөлісті

Маңғыстаулық боксшы Бекзат Нұрдәулетов otpannews.kz сайтына берген сұхбатында өзінің спорттағы жоспары туралы айтты. Желтоқсан айының басында Таиландта өткен Азия чемпионатында топ жарған жаңаөзендік боксшы 86 келіге неліктен ауысқаны туралы айтты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Jan, 07:08


Ақтауда православ шіркеуінде Рождество Христово мерекесі аталып өтті

Ақтау қаласындағы православ шіркеуінде дәстүрлі Рождество Христово мерекесі атап өтілді, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Jan, 06:11


Апатқа ұшыраған AZAL ұшағының «қара жәшіктері» зерттеліп, Қазақстанға жөнелтілді

Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясы ұшағының өздігінен жазғыш құралдарын (қара жәшіктер) зерттеуді аяқтады, деп хабарлайды otpannews.kz kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Jan, 04:10


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Jan, 14:06


Мұнайлы ауданында жұмысшы цехта қолын диірмен тастарына қысып алды

Бұл жағдай Мұнайлы ауданының қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында орналасқан пластикті қайта өңдеу цехында болды. 2004 жылы туған жұмысшы пластикті қайта өңдеу құрылғысында жұмыс істеп жатқан кезде абайсызда қолын диірмен тастарына қысып алған.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Jan, 13:58


Маңғыстау шекарашылары былтыр жүзден аса итбалықты құтқарды

ҰҚК шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында өткен жылы құзырлы органдармен бірге шекара кеңістігінде 55 мыңнан астам адам ел заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды otpannews.kz ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Jan, 13:23


2023 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама

Баяндамада жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сондай-ақ жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған және жоспарланатын шаралар туралы ақпарат қамтылады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Jan, 10:22


Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді

2024 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды. Барлық әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар) арналған шығыстар республика бюджетінің барлық шығыстарының 21,8 %-ын құрады.

Мемлекет 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд теңге бөлді.

2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңгеқарастырылғын, алушылар саны шамамен – 5 млнадам.

📈Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.

Otpannews.kz

06 Jan, 07:03


Әуе апатының салдарын жою барысында жоғары кәсібилігін көрсеткен азаматтар марапатталды

Бүгін, 6 қаңтар күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев Баку–Грозный бағытында апатқа ұшыраған ұшақтың салдарын жою барысында көрсеткен жоғары біліктілігі үшін бірқатар азаматтарды облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың алғыс хатымен марапаттады, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Jan, 07:01


Ақтау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы басшысы Түркістан облысына әкім болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Jan, 06:27


Облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 76,8 мың бірлікті құрады

2024 жылдың 1 желтоқсанындағы қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 76,8 мың бірлікті құрады (01.12.2023 жыл – 82,0 мың бірлік).

2024 жылдың 6 айы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 147,4 мың адамды құрады (2023 жылдың сәйкес кезеңі – 158,3 мың). Бұл еңбекке жарамды халықтың 42,3% құрайды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Jan, 06:26


Ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды

Әзербайжанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағынан аман қалғандарды құтқару операциясына қатысқан қазақстандық құтқарушылар марапатталды, деп хабарлайды otpannews.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Jan, 05:28


Ақтауда қоғамдық орынды ластаған кәсіпкер жауапқа тартылды

Ақтау қаласы 28 шағынаудан 10 үйдің маңында гүл саудасымен айналысқан саудагер әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды otpannews.kz қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Jan, 03:35


Полиция: Қандай ауыр жағдай болса да, халыққа қызмет етеміз деп ант еттік

Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты шарада Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалисі Айбек Әлібаевқа берілді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

05 Jan, 16:10


Әскери қызметші әуе апатында зардап шеккендерді құтқарған ерлігі үшін марапатталды

Мемлекет басшысының жарлығымен төтенше жағдай кезінде шешуші әрекетке барғаны үшін Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімінің алыс радиомаркер пункті бөлімшесінің бастығы Нұрлан Ботағарин Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

05 Jan, 15:06


Байтөре Олжас: Біздің ең бірінші міндетіміз - адам өмірін құтқару

Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апаты кезінде алғаш болып көмек қолын созғандардың бірі - Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Байтөре Олжас.

otpannews.kz

Otpannews.kz

05 Jan, 15:01


«Құтқару – азаматтық борышымыз» – тікұшақ командирі

Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектескен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының әуе кемесінің командирі Асхат Құдабаев «Ерлігі үшін» медалінің иегері атанды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Jan, 16:38


Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері жаңа жылды салтанатты түрде атап өтті

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің офицерлері, кіші офицерлері мен матростары жаңа жылды салтанатты іс-шаралармен, биік рух пен бірлік таныта отырып қарсы алды. Әскери-теңіз базалары мен кемелерде мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Jan, 08:18


Қарақия ауданының тұрғындарына 12 үй салтанатты түрде табысталды

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Мұнайшы ауылында көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға арналған 12 тұрғын үйді салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Jan, 08:15


Жаңа жылда Маңғыстауда 50 бала дүниеге келді

Маңғыстау облысында жаңа жыл түні сағат 00:00 мен 23:59 арасында өңіріміздің перзентханаларында 50 сәби дүние есігін ашты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Jan, 07:09


Мемлекет басшысы есірткі өндіру мен өткізуді ұйымдастырушыларға жауапкершілікті қатаңдату туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

01 Jan, 17:07


Ақтауда жаңа жылда 20-ға жуық адам ауруханаға түскен

Ақтауда жаңа жылда сағат түнгі 12-ден соң облыстық көпсалалы аурухананың травматология бөліміне 20-ға жуық адам түскен.

otpannews.kz

Otpannews.kz

01 Jan, 16:47


Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды otpannews.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

01 Jan, 06:17


Маңғыстауда жаңа жыл қарсаңында 1 егіз дүниеге келді

Жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 181 бала дүниеге келді, оның ішінде 105 ұл мен 76 қыз, Маңғыстау облысында бір егіз.

otpannews.kz

Otpannews.kz

01 Jan, 05:47


2024 жыл жас маңғыстаулықтардың есінде несімен қалды?

2024 жыл Маңғыстау облысының жастары үшін жарқын және табысты жыл болды. Жастар білім беру, мәдениет, спорт және әлеуметтік бастамалар саласында белсенділік танытып, энергиясы мен даму талпынысын көрсетті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

01 Jan, 05:23


Ақтауда пальмадан шыққан өрт дереу сөндірілді

Ақтауда жаңа жылдық отшашу салдарынан теңіз жағалауындағы жасанды пальма өртенді. Өрт сөндірушілер 9 минуттың ішінде өртті сөндірді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

31 Dec, 20:34


Ақтауда отшашу салдарынан тағы бір өрт болды. Оқырманымыздың айтуынша, өрт 7 шағын ауданның үйлерінің бірінде орын алды. Ол отшашу үйдің балконына қарай атылды дейді. Бейнежазбада отшашу атылғаннан кейін балконда өрт пайда болғанын байқауға болады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

31 Dec, 19:42


Ақтауда отшашу салдарынан жағалаудағы пальма жанып кетті

otpannews.kz

Otpannews.kz

31 Dec, 19:40


Жаңа жыл құтты болсын!

otpannews.kz

Otpannews.kz

31 Dec, 19:39


Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Қадірлі ағайын! Осы мерекелік сәтте мен әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Жаңа жыл әр азаматқа жақсылық әкелсін! Төрт құбыламыз түгел болсын! Ардақты аналарымыз бен ардагерлеріміз аман болсын! Жас ұрпақтың жолы ашық, болашағы жарқын болсын! Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін! Жаңа жылда баршаңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Әр үйде қуаныш көп болсын! Сіздерге мықты денсаулық тілеймін! Ырыс-несібелеріңіз арта берсін! Жаңа жыл құтты болсын!", - деді Президент.

Otpannews.kz

31 Dec, 13:02


«Жаңа жыл түні – біз үшін үлкен жауапкершілік» – энергетик-маман

Энергетиктер құтқарушылар және өрт сөндірушілер, полицейлер мен дәрігерлер секілді 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні өз қызметін мүлтіксіз атқарады. Олар электр желілерінің тұрақты жұмысын және әрбір үйдегі жарқын безендіруді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды otpannews.kz «МӨЭК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

31 Dec, 13:00


Ақтауда әскери бөлімде жаңа жылдық шырша өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өткізілді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

31 Dec, 10:40


Маңғыстаулық энергетиктер мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

31 желтоқсан күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Энергетиктер» және «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері» күніне орай, саналы ғұмырын саланың дамуына арнаған бір топ ардагерлер мен сала мамандарына мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

31 Dec, 09:11


Нұрдәулет Қилыбай 2024 жылы мыңнан астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады

2024 жылдың соңғы күні 31 желтоқсанында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

31 Dec, 09:03


2024 жылдағы Маңғыстау тұрғындарына әсер еткен ерекше сәттер

Otpannews.kz сайты биыл Маңғыстау тұрғындарының есінде қалған ерекше сәттерге шолу жасады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

31 Dec, 07:56


Маңғыстауда үздік педагогтер марапатталды

Маңғыстау облысында «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» наградаларының иегерлері және «Үздік педагог» конкурсының жүлдегерлерімен кездесу  өтті, деп хабарлайды otpannews.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 16:11


Оспан Оразбеков: Барлығы 8 науқасты белдіктен босатып қауіпсіз жерге шығардық

Ақтауда ұшақ апаты болған қайғылы сәтте Қазақстан ТЖМ қызметкерлері керемет жеделдігін көрсетті. Оқиға орнына алғаш келгендердің қатарында Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері Оспан Оразбеков болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 14:05


🇰🇿🇦🇿 Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

➤ Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

➤ Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты.

➤ Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп уағдаласты.

t.me/aqorda_resmi

Otpannews.kz

27 Dec, 12:48


Ұшақ апаты: Ақтаудағы ТЖМ дәрігерлері қалай алғашқы көмек көрсеткені туралы айтты

Ақтауда болған ұшақ апатынан зардап шеккендерге Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқылардың бірі болып көмектескен. Ерекше жанқиярлық танытқандардың қатарында болған орталық бригадасының жүргізуші-санитары Қожабек Аллабергенов оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды otpannews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 12:46


Маңғыстауда 2025 шілдесіне дейін 36 000 тоннаға жуық балық ауланады

Өңірімізде кәсіпшілік балық аулаумен маусымдық негізде 600 балықшы, тұрақты түрде 75 балықшы айналысып келеді. Каспий теңізінің маңғыстаулық секторының жағалауы 33 кәсіпшілік балық аулау учаскесіне бөлінген.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 12:16


2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы

Мақсаты – өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларға қолдау көрсету.

Міндеттері:

Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үйге қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру;

тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және оған қолданыстағы бағдарламалардағы тұрғын үй мәселелерін интеграциялау;

қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын ұсыну арқылы өңірдің еңбек нарығында сұранысқа ие жас мамандарды ынталандыру.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 12:13


Бас прокуратурада есірткі қылмысымен күрес шараларының тиімділігі мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде есірткі қылмысымен күресудің қосымша шаралары әзірленді, деп хабарлайды otpannews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 12:04


Ақтаудағы ұшақ апатын тексеру үшін бразилиялықтар келді

Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 11:11


«Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Маңғыстау облысы әкімдігіне қарасты жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай мәлім етті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 10:21


Жаңаөзен қаласы: 2024 жылғы даму қорытындысы

Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдарда 2024 жылы маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуы қарқынды жалғасуда. Әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларына ерекше назар аударылып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар қолға алынды, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 10:19


Жастарды қолдау – болашақтың ірге тасын қалау

Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Әсіресе ғылым мен білім саласы. Егер Отанымызды көркейтеміз десек осы екі саланы дамытуымыз керек. Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар ауадай қажет. Сондықтан инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құру өте маңызды. Ал ғылым мен инновация оның басты тірегі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет» деп жастарға үндеу жолдаған болатын.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 07:42


Маңғыстауда жаңа жыл қарсаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Бүгін Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылы жасалған жұмыстарын қорытындылап, мереке кезіндегі жұмыс жоспарымен бөлісті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 06:41


Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 06:39


Ақтауға "Embraer" ұшағын шығаратын елдің өкілдері келмек

Ақтау маңындағы әуе апатына ұшыраған ұшақ бортындағы барлық жазылып қалған мәліметтерді декодтау процесі бұл ұшақты өндіруші Бразилия елінен сарапшылар келген соң басталмақ.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 06:37


Маңғыстаулық Сұңғат Мұңалбаев «Жақсы адам - 2024» номинациясына ие болды

Астанада ҚР Президентінің Телерадиокешені «Jibek joly» телеарнасының ұйымдастыруымен «Жақсы адам-2024» арнайы сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл үшінші рет өткізіліп отырған іс-шарада маңғыстаулық Сұңғат Мұңалбаев «Жақсы адам-2024» номинациясына ие болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 05:53


Ұшақ апаты: 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Қазіргі таңда ауруханада Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас ем алып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының хабарлауынша, 4 адам жансақтау орталығында. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 05:48


МКД алаяқтардан келетін жалған хабарламалар туралы ескертеді

Интернет-алаяқтар салық төлеушілердің электрондық пошталарына немесе әлеуметтік желілердегі хабарламалар түрінде жалған ескертулер жіберуді жалғастыруда, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 05:45


Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ қонуға екі рет әрекет жасаған

Ақтауға қонуға екі рет әрекет жасап апатқа ұшыраған ұшақтың оқиғасы туралы ақпаратты Қазақстанның Көлік министрі Марат Қарабаев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 

Әзербайжан әуекомпаниясының ұшағы диспетчерлік орталыққа 10:43-те хабарласқан. 

otpannews.kz

Otpannews.kz

27 Dec, 05:26


Ұшақ апаты. Azerbaijan Airlines қаза тапқан отбасыларға қанша өтемақы төлейді

Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы Ақтау маңындағы әуе апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқан жандардың отбасына өтемақы төлейді, деп хабарлайды otpannews.kz kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

26 Dec, 15:58


Маңғыстаулықтар Әзірбайжан елінің азаматтарын еліне шығарып салды

Бүгін, 26 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзірбайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды. Оның ішінде аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Dec, 07:25


Жарақаты бар: Маңғыстаулық Санатәлі Төлтаев ел чемпионатының финалынан бас тартты

Маңғыстаулық боксшы Санатәлі Төлтаев жарақатына байланысты Қазақстан чемпионатында финалдық жекпе-жекке шықпайтын болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Dec, 07:15


Бейнеу-Құлсары аумағында пойыз жүк көлігіне соғылды

Бейнеу мен Құлсары аумағында теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соғылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Dec, 06:59


Маңғыстауда жылқы қаққан көлікте бір адам қайтыс болды

Маңғыстау облысында жолда жылқы қаққан көлікте бір адам бақилық болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Dec, 06:47


Ақтауда 6 жасар қыз қайтыс болды: Әкесі дәрігерлерді тексеруді сұрады

Ақтау тұрғыны Ислам Шыңғысов «Президентке хаттар» телеграм-каналына видеоүндеу түсірді. Екі рет жедел жәрдем шақырып, тиісті көмек көрсетпеген салдарынан 6 жасар қызынан айырылып қалғанын айтты. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Dec, 06:15


Маңғыстауда жыл басынан бері 500 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» облыстық филиалының cапаны бақылау басқармасының басшысы Жадыра Сақтағанованың айтуынша, биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 552 670 мемлекеттік қызмет дәстүрлі түрде яғни қағаз күйінде, ал электронды түрде – 283 қызмет көрсетілген.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Dec, 06:14


Маңғыстауда есірткінің халықаралық ірі арнасы жойылды

Маңғыстауда ҰҚК департаменті мен Шекара қызметі облыстық прокуратурасының үйлестіруімен халықаралық есірткі тасымалының ірі арнасына тосқауыл қойды. Бұл туралы otpannews.kz сайты ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Dec, 05:49


Маңғыстауда көлік қозғалтқышын қолды еткен екі жасөспірім ұсталды

Мұнайлы ауданы тұрғыны автокөлігінің қозғалтқышының жоғалғандығы жөнінде полицияға арыз жазып, жүгінген.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Dec, 05:36


Маңғыстаулық боксшы ел чемпионатының финалына шықты

Бокстан Қарағандыда өтіп жатқан ел чемпионатында Маңғыстау облысысының бір спортшысы финалға өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Dec, 05:35


Маңғыстауда кабельді ұрлап бара жатқан жүргізуші ұсталды

Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасы инспекторы өзіне бекітілген аймақты патрульдеу барысында Toyota camry автокөлігін тоқтатты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Dec, 04:45


Маңғыстаулық дәрігерлер Беларусь мемлекетінде тәжірибе алмасып жатыр

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханалар мен емханалардың дәрігерлері Беларусь Республикасының медициналық орталықтарында тәжірибе алмасуда, деп хабарлайды otpannews.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Dec, 16:57


Қарақияда «құрметті азамат» атағы берілді

Желтоқсанның жиырма үшінде Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев қатысқан жиында Қарақия ауданының «Құрметті азаматы» атағы Жеткізген Мұратов пен Бақытқали Нахуовқа салтанатты түрде табысталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Dec, 16:19


МАЭК-те болған қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Кәсіпорын жұмысшысының өліміне себеп болған апат жылу электр станциясының аумағында, қазандық-турбиналық цехта болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Dec, 15:58


“МАЭК-те” қайғылы оқиға болып, адам қайтыс болды

“МАЭК” ЖШС қайғылы оқиғаға қатысты комментарий бермеді, өндірісте болған қайғылы оқиғаны да жоққа шығармады.

“Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тергеу жұмыстары басталады” — делінген кәсіпорын хабарламасында.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Dec, 13:20


Маңғыстау облысы 2024 жылды оң нәтижемен қорытындылады

2024 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақтылық байқалып, негізгі макрокөрсеткіштер оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Dec, 10:39


Маңғыстауда тергеу департаменті тексеріс жасады- Өнімнің өзіндік құны 1,2 млрд теңгеге асып кеткен

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті экономикалық қылмыстардың алдын алу бағытында жұмыс жүргізуде. Ағымдағы қылмыстарды ашу үшін арнайы бөлім құрылды. Ведомствоның аналитикалық даму бөлімінің басшысы Мереке Қилыбай өз жұмысына тоқталып өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Dec, 10:34


Маңғыстаулық боксшылар ел чемпионатының жартылай финалында айқасады

Бокстан Қарағандыда өтіп жатқан ел чемпионатында Маңғыстау облысының үш боксшысы жартылай финалда өнер көрсетеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Dec, 10:31


Ақтауда «Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік және тұрмыстық бейімдеу орталығы» ашылды

Ақтауда 29-шағын аудан №24 үйде қала әкімдігінің және «Kazakhstan Active Rehabilitation» қоғамдық қорының қолдауымен «Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік және тұрмыстық бейімдеу орталығы» ашылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Dec, 10:29


Жаңа заң әйелдерге өзін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік берді

2024 жыл бірнеше заң жобасына өзгеріс енуімен есте қалды. Оның ішінде Президент қабылдаған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң, шын мәнінде, мемлекеттің теңдік пен заң үстемдігі қағидаттарына басымдық беретінін, құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыратынын көрсетті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Dec, 05:39


Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді

Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Dec, 05:37


Маңғыстау тұрғынынан салмағы 88 келі бекіре балығы тәркіленді

Маңғыстау облысының полицейлері прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғындарды ұстады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Dec, 11:38


Аспан аруы - Айсұлу

Бүгін Халықаралық азаматтық авиация күні. Атаулы мерекеде елдегі авиацияның өркендеуі мен дамуына үлес қосып, көкте қалықтаған аспан аруы Айсұлу Үйсінбаевамен тілдескен едік. 

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Dec, 08:25


Ақтауда төрешілерді ұрған экс-министрдің інісі спорттан шеттетілді

Ақтауда бокстан жастар арасында өтіп жатқан турнирде төрешілерді ұрған бапкер спорттан шеттетілді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Dec, 07:19


Мұнайлыда үздік жастар анықталды

Мұнайлыда жастар ресуртық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар премиясы-2024» байқауы өтіп, үздік жастар марапатталды

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Dec, 04:32


Ақтауда тұрғын үйден өрт шықты

Ақтау қаласындағы алты қабатты тұрғын үйден өрт шықты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Dec, 04:27


Басқұдықтан Ақшұқырға барар жол жабылады

Ақтауда «Кездесу» газ құю бекетінің қиылысынан бастап «Тойота центр» маңындағы қиылысқа дейінгі автомобиль жолы уақытша жабылады, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

07 Dec, 04:24


Зәбір көрген әйелдерге көмек көрсеткен азаматшалар марапатталды

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында Маңғыстау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 19:07


Ақтауда «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» тіл жанашырларының конференциясы өтті

Ақтауда «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» атауымен тіл жанашырларының конференциясы өтті. Іс-шара қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 12:29


«Жарқын болашақтың бейнесі - жастар»

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», - деп атап өткен болатын.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 12:27


Олжас Бектенов Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандыруды күшейту және өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетін ашу жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған, өңірлердегі халықтың әл-ауқатын арттыру және стратегиялық мәселелерді шешу арқылы орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау. Маңғыстау облысы әкімінің, салалық министрліктер басшыларының баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды otpannews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 12:24


Ақшұқыр ауылында «COWORKING» орталығы ашылды

Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылдық мәдениет үйінің жанынан жастарға арналған «COWORKING» ортылығы ашылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 11:16


Маңғыстауда «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Маңғыстау облысында 6 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында қоғамдық тәртіпті тұрақтандыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ пиротехникалық заттардың қолданылу қағидалары мен сақталуын бақылау мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 10:58


Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толды: Ұлт руханиятының шамшырағы

2024 жылдың алтыншы желтоқсаны – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толған мерейтойы.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 10:24


Ақтауда нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиында есірткі қылмыстарының алдын алу, есірткі контрабандасымен күрес мәселелері талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 09:55


ҚМГ басшысы мен CITIC Resources вице-президенті Caspi Bitum зауытын жаңғырту барысын талқылады

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов CITIC Resources Holdings Limited вице-президенті Ван Синьлимен кездесу өткізді, деп хабарлайды otpannews.kzҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 09:52


Отпантаудың етегінде құсбегілер саятшылық қылып, сынға түсті

Маңғыстаудың ең биік нүктесі Отпантауда «Салбурын» студенттер арасында құсбегілер байқауы өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 08:18


Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық шаралар жалғасуда

6 желтоқсанда Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырған экологиялық акция өтті. Шара Ақтау қаласының маңында орналасқан табиғаты көркем Саура шатқалында өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 08:15


«Қолмен жазылған кітап» - Маңғыстаулық блогерлердің таланты ашылуда

Ақтаулық блогерлердің жаңа қырлары ашылып жатыр. Бірі жеке әнін жазып, әншілік жолға түсіп жатса, енді бірі бейнебаян түсіріп, кітап жазуда.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 07:00


Бейнеуде тұрғын үй гаражында тұрған көлік өртенді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында, Тұрсын көшесі №1 мекенжайындағы жеке тұрғын үй ауласында орналасқан гараж ішіндегі автокөлік өртеніп кетті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 06:58


«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» хабарлайды

Республикалық бюджет есебінен тұрғын үй салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйді мониторингілеу және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №51 бұйрығына сәйкес жекешелендіру құқығымен жергілікті атқарушы орган сатып алған тұрғын үй Заңның талаптарына сәйкес кезектілік тәртібімен кезекте тұрғандардың ішінен әлеуметтік осал топтарына жалға беріледі.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 06:36


Биыл Маңғыстау облысы бойынша адам саудасына қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды

5 желтоқсанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Басқосуда құқық қорғау органдарының адам саудасына қарсы күрес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сервистік тәсілдерді енгізу бойынша атқарған жұмыстары қаралды, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 05:38


«Не хабар - Көркем әлем» командасы «Жоғары лига» сайысының жеңімпазы атанды

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты «Жоғары лига» сайыстары бойынша жайдарман ойынының финалдық бәсекесі өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 05:36


Маңғыстауда ерекше баласына алимент төлемеген тұрғыннан ақша өндірілді

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы азаматша Ш. жауапкер Б.-ға баласының науқастануына байланысты жұмсалған қосымша шығыстарын өндіру жөнінде азаматтық іс қаралды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 05:34


«Біргеміз: Маңғыстау» облыстық волонтерлер форумы өтті

5 желтоқсан - Халықаралық волонтерлар күніне орай «Жалын PRO» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біргеміз: Маңғыстау» облыстық волонтерлар форумы болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 05:33


Маңғыстауда жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Кұлжанов жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мәселелеріне арналған кездесу өткізді. Жиынға мемлекеттік органдардың, мұнай компаниялары мен олардың мердігерлерінің өкілдері, сондай-ақ агроөнеркәсіп саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатысты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 05:19


Жыл қорытындысы: Елімізде дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке қолжеткізілілді

Primeminister.kz сайтының редакциясы Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, еліміздің ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған негізгі басымдықтар мен шаралар бойынша жыл қорытындысына арналған шолулар топтамасын ұсынуды жалғастырады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 05:15


Ақтауда кейбір жолдар жабылады

Ақтауда 7, 8 желтоқсан күндері жолдарды жөндеу жұмстарына байланысты жол жабылады.


otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 04:11


Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

5 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында өңірдегі автожол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды жою шаралары кеңінен талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 04:09


Маңғыстауда заманауи технологияларға негізделген гибридті электр станциясы салынады

5 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Arm Wind» компаниясының Бас директоры Федерико Пульезе және Eni компаниясының Қазақстандағы техникалық директоры Андреа Римольди бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және италиялық Eni S.p.A. энергетикалық компаниясы Жаңаөзенде құрылысын бастаған заманауи технологияларға негізделген гибридті электр станциясының жобасы талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 04:08


Мемлекет басшысы АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

06 Dec, 04:05


Ақтауда «Каспий» су тұщыту зауытындағы 2 жаңа қондырғыны іске қосу үшін тесттік сынақтар жүргізіліп жатыр

Ақтаудағы «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын арттыру бойынша жобаны жүзеге асырып отырған мердігер компанияның техникалық директоры Сергей Микотин су тұщыту зауытының қуаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды айтты, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

05 Dec, 13:19


Маңғыстауда дүниежүзілік “түрік кофесі күні” атап өтілді

5 желтоқсан - дүниежүзілік түрік кофесі күні ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 14:24


Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдесе, не істеу керек?

Бүгінде алаяқтар азаматтардың атына несие рәсімдейтін жағдайлар жиі кездеседі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осындай сәттегі әрекет ету алгоритмін түсіндіріп берді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 12:06


«Отбасылардың үлкен мәселесі – ерлі-зайыптылар арасындағы диалогтың жоқтығы» – Ержан Мырзабаев

Отбасыдағы ата-ананың қарым-қатынасы балаға тікелей әсер етеді. Бұл сөзімізді психолог мамандар дәлелдеген. Үйінде ашық сөйлесетін, бір-біріне сыйластық танытатын отбасыда өскен бала ойын еркін айта алатын адам болады. Ал агрессивті отбасыда өскен бала жасық, жуас келеді. Осы орайда otpannews.kz сайтының тілшісі отбасылық психолог Ержан Мырзабаевпен сұхбаттасып көрді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 11:07


Маңғыстауда «Опорная стансасы – Бейнеу» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Опорная стансасы – Бейнеу» автомобиль жолының 210 – 311,2 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарының аяқталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 10:53


Айтылды-орындалды: Ақтауда 23-шағын аудан №101 үйге жылу қосылды

Ақтауда көп жылдан бері жылу болмаған 23-шағын аудан №101 тұрғын үйге жылу қосылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 10:51


Шағыл құмдағы жасыл желек: Маңғыстаудағы шөл дала қалай оазиске айналды?

Маңғыстауда Бостанқұмның төсіндегі Үштаған ауылында өткен ғасырдың  50-ші жылдары құм басудан қорғану үшін салынған саябақ уақыт өткен сайын кеңейіп жатыр. Қазір 10 гектар жерге ағаш егілген.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 10:20


Ақтауда дзюдодан ХVI халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Ақтауда дзюдодан 2008-2009 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында КСРО спорт шебері Баламұрат Сұлтанбайұлы Ақшабаевты еске алуға арналған ХVI халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 09:36


Мектептерде жаңа жылдық мерекеге ақша жинауға тыйым салынған – Министр

Мектептерде жаңа жылдық іс-шараларға ақша жинауға жол берілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте айтты, деп хабарлайды otpannews.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 09:34


Адвокат: Заң барлығынан жоғары болуы тиіс

5-желтоқсан – адвокаттар күні. Бұл күннің мемлекеттік деңгейде ресми түрде белгіленуін қиындығы мен қызығы мол кәсіптің құқықтық, әлеуметтік маңызы мойындалып, құрмет көрсетілуі деп түсінеміз. Аталған мереке тұсында Маңғыстау облысы адвокаттар алқасының мүшесі, сонымен қатар «Omirbolat, Suyundukov & Assauova» адвокаттық кеңсесінің серіктесі Айбек Сүйіндіковпен аз-кем әңгіме өрбітіп едік.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 09:24


Ақтауда жас матростар жауынгерлік кемелерде қызметке дайындықтың бастапқы кезеңінен өтті

Әскери-теңіз күштерінің оқу орталығында кіші кеме мамандарының жиыны өтті, деп хабарлайды otpannews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 07:08


«Жас тұлпар – 2024» облыстық жастар премиясына өтінім қабылдау басталды

«Жас тұлпар – 2024» облыстық жастар премиясына өтінім қабылдау басталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 06:19


Қазақстандағы мектеп асханаларында қуырылған тағамдар берілмейді

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Білім беру және білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану стандарты» құжатының жобасын дайындады, - деп хабарлайды otpannews.kz сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 05:28


Қазақ үшін күрескен Жалау Мыңбайұлы

«Ақтауда тұрасыз, қалада қандай ескерткіштер барын білесіз?»

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 05:10


Маңғыстауда алимент төлемеген 14 азамат бас бостандығынан айырылды

Биыл прокуратураның бастамасымен 36 азаматқа қатысты балаларын күтіп-бағуға арналған міндеттемелерін орындамағаны үшін (ҚК 139-бабы) қылмыстық істер тіркеліп, сотқа жолданды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 04:55


Маңғыстаулық полицейлер жаңа қызметтік автокөліктер алды

Өңір әкімінің қолдауымен Маңғыстау облысы полициясының автопаркі 12 жаңа қызметтік автокөлікпен толықтырылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

03 Dec, 04:40


Ақтауда өрттен 91 адам эвакуацияланды

Ақтау қаласы 29 шағынаудан 22 үйде орналасқан "Өркен" азық-түлік дүкені өртенді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Dec, 14:57


Ақтаулық командир ұландықтар арасында үздік атанды

26-30 қараша аралығында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің базасында «Үздік батальон командирі» сайысы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Dec, 13:13


«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры тағайындалды

Акционерлер туралы келісім ережелеріне сәйкес, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның (ММГ) жоғары буын және бөлімшелер басшыларын әр үш жыл сайын ротациялау қарастырылған. Осыған орай, 2024 жылы 2 желтоқсанда ММГ Директорлар кеңесінің шешімімен кезектілік негізінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Dec, 11:38


Ақтауда жастар арасында бокстан ел чемпионаты өтеді

3-8 желтоқсан аралығында Ақтауда 2007-2008 жылы туған жастар арасында бокстан ел чемпионаты өтеді. Бұл туралы брифингте ҚР жастар құрамасының бас бапкері Мақсат Бақтыбазаров айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Dec, 10:42


Маңғыстау облысының тұтынушыларына жылу үшін 60,9 млн теңге қайтарылады

Табиғи монополияларды реттеу комитеті атап өткендей, ағымдағы жылу маусымында жеке шоттарға қаржыны қайтару сомасы жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға қатысты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

02 Dec, 10:36


Ақтауда IT саласын дамытуға арналған технопарк ашылды

Ақтауда Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжинириг университетінде «Yessenov Forum: Тұрақтылық Мағыналар» форумы өтті. Форум аясында «Yessеnov technopark» кешені ашылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 13:12


Әлемнің ең ұзын және ең аласа әйелі кездесті

Әлемдегі ең ұзын және ең аласа әйел Гиннесс рекордтары күні қарсаңында Лондонда кездесті, -деп хабарлайды otpannews.kz BBC-ге сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 12:28


«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры мәлімдеме жасады

«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры Жанболат Саймағанбетов «Бұрғылау басқармасы» жұмысшыларының наразылығына байланысты мәлімдеме жасады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 11:26


Ақтауда «Баланың бақытты мекені – отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Ұлттық бала асырап алу агенттігі «Баланың бақытты мекені – отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, пікір алмасу.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 10:29


Маңғыстаудың алабарысы биыл үшінші рет көзге түсті

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты қаумалдың фототұзағына алабарысы үшінші рет түскен.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 10:14


Жаңа мұнай өңдеу зауыты батыс өңірде салынады - министр

Елімізде жаңа мұнай өңдеу зауыты батыс өңірде салынады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды otpannews.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 10:05


Өзбекстанның Ақтаудағы Бас консулы «Маңғыстау Медиаға» келді

Бүгін «Маңғыстау Медиа» ЖШС-на мекеме директоры Гүлмира Әбішевамен кездесуге Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы Жамолиддинхужа Абдузукир оғлы Абдукаримов келді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 10:03


Ақтауда зейнеткерлер мен ерекше балалардың аналары автобуста тегін жүруі мүмкін

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов экология және урбанистика мәселелеріне арналған «EcoVibe Community» форумында зейнеткерлер мен ерекше балалардың аналары үшін автобуста тегін жүру мәселесі мәслихат сессиясында қаралатыны туралы айтты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 10:01


Жүргізуші куәлігін алу: Маңғыстауда 3 910 адам ғана сынақтан сүрінбей өткен

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 21 442 тұрғын жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінген. Алайда, 3910 адам ғана сынақтан сүрінбей өткен.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 08:48


Қазақстан-Өзбекстан шегарасында 400-ден астам жүк көлігі тұр

Маңғыстау облысы Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік шекараның қазақ-өзбек учаскесіндегі «Тәжен» өткізу бекетінде Қазақстан Республикасынан шығу үшін 400-ден астам жүк көлігі кезекте тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі ҚР МКД-ге сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 06:45


Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі белгілі болды

Маңғыстау облысында итбалықтардың жаппай қырылуына байланысты Каспий теңізінің жағалауында тексеріс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz qazaqstantv арнасына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 06:02


Ақтауда 1 аптада жаяу жүргіншілерге жол бермеген 85 көлік иесі анықталды

Өткен апта ішінде Ақтау қаласы бойынша қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында батальон қызметкерлері 7 қылмыс дерегін ашты. Арнайы айыптұраққа 35 автокөлік пен 8 мопед қойылған.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Nov, 04:53


Маңғыстаулық оқушылар робототехникадан халықаралық олимпиадада жеңіске жетті

2024 жылдың 20-24 қараша аралығында Рим қаласында өткен "Fibonacci International Robot Olympiad" халықаралық чемпионатында маңғыстаулық оқушылар ерекше нәтижелерге қол жеткізді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Nov, 18:04


Ақтауда ертең бірқатар тұрғын үйде жарық болмайды

АЭЖБ МКК ертең Ақтауда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар тұрғын үйде жарық уақытша сөндіріледі.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Nov, 18:02


Ақтауда үй жануарларын эвтаназиялауға қарсы митинг өтті

Бүгін Ақтауда қаңғыбас жануарларды эвтаназиялауға қарсы митинг өтті. Адамдар жануарларға жасалатын қатыгездікке қарсы өз наразылықтарын білдіру және осы мәселеге қоғамның назарын аудару үшін жиналды. Митингке еріктілер, ветеринарлар және қала тұрғындары қатысты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Nov, 08:58


Маңғыстаулық балуан әскерилер арасында әлем чемпионы атанды

Ереванда әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында маңғыстаулық балуан топ жарды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Nov, 07:42


Ақтөбедегі әскери қызметшінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында әскери қызметшінің суицид жасауына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Nov, 06:34


Елімізде мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды

2024 жылдың 18 қарашасы мен 25 желтоқсаны аралығында еліміздің 1 мың білім беру ұйымында халықаралық PISA зерттеуі жүргізілуде. Оған 15 жасқа толған 30 мыңнан астам қазақстандық оқушы қатысады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Nov, 04:16


Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды

ҚМГ мен Татнефть Атырау облысында Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Nov, 15:13


Ақтауда үздік шарбақ, үздік аула сыпырушылар, экоеріктілер мен БАҚ материалдары таңдалды

Байқау қаламызды жақсартуға әркім өз үлесін қоса алатынын айғақтап берді. Мейлі ол өз шарбағына күтіп ұстау я БАҚ-та экологиялық тақырыптарды жариялау, немесе ең жақсы тәжірибелерді енгізу болсын. Байқауды облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен қалалық ішкі саясат бөлімі, сондай-ақ "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ ұйымдастырды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Nov, 14:04


Ақтауда жас экологтар марапатталды

Бүгін Ақтауда мектеп жасындағы оқушылар мен студенттер "Экоталант", "Pro Эко" және "рефлексия" байқауларындағы үздік жұмыстары үшін марапатталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 17:18


Ақтауда "Muftiyat" баспасынан шыққан үш кітаптың таныстырылымы өтті

Ақтау қаласында "Ислам жəне дəстүр құндылығы" жылы аясында "Muftiyat" баспасынан жарық көрген "Ислам энциклопедиясы", "Бабалар ізімен", "Дін мен дəстүр ІІІ" кітаптарының таныстырылымы өтті. 

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 13:06


«Жұмысшы мамандықтар болашақты қалыптастырады» – инженер-технолог

Ақтауда «Жұмысшы мамандықтар күні» шарасында 6 сала бойынша жетістікке жеткен жас мамандар баяндама жасады. Олардың арасында энергетика, мұнай, жол саласының мамандары бар.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 12:50


Ақтауда республикалық домбырашылар байқауы өтеді

Ақтауда қарашаның 21-22-сі күндері дәулескер күйші Сержан Шәкіраттың 85 жылдығына орай республикалық домбырашылар байқауы өтеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 12:45


Ақтауда «Балалар әдебиетінің атасы» атты кітап оқу байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің атасы» атты кітап оқу байқауы өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 12:43


Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының пәтуа бөлімі энергетикалық сусындарды ішудің шариғаттағы үкімін мәлімдеді, деп хабарлайды Otpannews.kz Egemen.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 12:15


Ақтау әкімі автобус паркінің жұмысымен танысты

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов автобус паркінің жұмысын тексеру барысында қоғамдық көліктегі жолаушылардың талап-тілектерін тыңдап, жауаптыларға нақты тапсырма берді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 12:13


Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатына қатысады

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов қараша айының соңында басталатын Азия біріншілігіне ел намысын қорғайды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 11:45


Маңғыстауда қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Бүгін, 21 қараша күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев ҚР Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың атынан қаржыгерлер күніне орай өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген қаржыгерлерді марапаттады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 11:41


Бір баланың тағдырынан мың бұралқы иттің өмірі артық болғаны ма – Мәжіліс депутаты

Бүгінде Мәжіліс қабырғасында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға түзетулер мен өзгертулер енгізу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған түзетулерді қолдайтындар да, қарсылық білдірушілер де бар. Осыған орай, заң жобасы авторларының бірі Самат Мұсаевты сөзге тартқан едік, деп хабарлайды otpannews.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 11:38


Абай мәдени-демалыс кешеніне 50 жыл толды: сала ардагерлері марапатталды

Ақтауда Абай мәдени-демалыс кешенінің 50 жылдық мерейтойына орай мәдени ұжым мен сала ардагерлеріне мерекелік медальдар табысталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 10:21


Ақтаудағы садақ атудан ел чемпионатына 200-ден астам спортшы келіп, бақ сынап жатыр

Ақтауда алғаш рет ересектер мен жастар арасындағы жабық ғимараттағы ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 10:05


Ақтауда лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

20 қараша күні Ақтаудағы «Advanta.kz» жекеменшік мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 07:39


Ұлттық экономика министрі: Ірі жобаларды жүзеге асыратын қаражат бюджеттік емес көздерден тартылады

Бүгін Сенат отырысында сенатор Бекбол Орынбасаров Премьер-Министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаровқа сауал жолдады. Сенатор 2029 жылдан бастап елімізде өндірілетін мұнай деңгейі төмендейтінін, ал ондай жағдайда ел экономикасын көтеретін нақты қандай жоспардың бар екенін сұрады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 07:25


«Қыс мезгіліне толық дайынбыз» – Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары

Қарашаның 21-22-сі күндері Маңғыстау облысында «Қыс – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіліп жатыр.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 07:05


Ақтаулық жас қызды ұрып-соққан азамат ұсталды

Ақтаулық жас қызды тонап, ұрып-соқты деген күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 06:44


Ақтау қаласы мен Батыр ауылы арасындағы жол жөнделеді

Ақтау қаласынан Батыр ауылы бағытына қарай жүретін автожолда жөндеу жұмыстары басталады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 06:42


Ақтауда Маңғыстау облыстық әуесқой жастар театр фестивалі өтті

2024 жылдың 18 қараша күні, Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театры Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «JasART» жастар театрының ұйымдастыруымен ұйымдастырылып жатқан Маңғыстау облыстық әуесқой жастар театр фестиваліне жоғары оқу орындары, колледждер, жалпы білім беретін орта мектептер және әуесқой жастар театр ұжымдарынан 14 ұйым қатысты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 06:02


Ақтауда көлігімен дүкенді соққан жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келтіру, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зақым келтіру фактісі бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 05:33


Мұнайлыда құжатсыз мал тасымалдаған 2 кісіге айыппұл салынды

Мұнайлы ауданында қараша айының 18-20 күндері аралығында мал ұрлығының алдын алу мақсатында "Мал ұрысы" атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

21 Nov, 05:31


Ақтаудағы ойын-сауық мекемелерінде құқықбұзушылық жиілеген

Ақтауда ойын-сауық мекемелеріне бейнебақылау камераларын көбейту міндеттері қойылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 18:18


Ақтауда 10 отбасы баспаналы болды

Ақтауда «Отбасы» банк АҚ ұйымдастыруымен «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы аясында 10 отбасыға пәтер кілті табысталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 18:16


Ақтауда ұлттық ойындар сайысы өтті

16 қараша күні Ақтауда ұлттық ойындар сайысы өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 18:14


«Ашық есік күні» - 5 адамнан қатерлі ісік анықталды

Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде бірыңғай "Ашық есік" күні өтті. Бірегей мүмкіндікті пайдаланып, білікті мамандар тексерісінен өткен тұрғындар қарасы қалың болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 17:36


КЖСА: Ақтауда жоғары шағын аудандарға ауыз су кесте бойынша берілуде

«Каспий жылу, су арнасы» МКК бас инженерінің міндетін атқарушы Серік Жалғасбай ауыз су мәселесін реттеу бағытында жасалып жатқан жұмыстарды айтты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 17:34


Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы

Түрікменстанның Ашхабад қаласында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлері кеңесінің 41-ші отырысы және «Анау – түркі әлемінің мәдени астанасы - 2024» жылының жабылу салтанаты өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 06:36


Маңғыстаулық шопан Дәлубай Төлеев "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды

Президент Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында маңғыстаулық шопан Дәлубай Төлеевті "Еңбек Даңқы" орденімен марапаттады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 06:30


Екі маңғыстаулық дзюдошы Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Алғашқы күні екі маңғыстаулық спортшы көзге түсіп, жарыстың үздік үштігіне енді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 06:27


Палестина үшін жиналған қаржыны жымқырды - Перизат Қайрат күдікке ілінді

Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша жарияланған ақпаратты толықтырды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 06:24


Уақытты үнемдеу арқылы энергия жина- Маңғыстауда Тимур Бектұр жастармен кездесті

Маңғыстаулық жастар белгілі IT-маманы Тимур Бектұрмен кездесті. Басқосу Ted Х форматында өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 04:52


Каспий теңіз порттары арқылы жүк тасымалдау көлемі 3%-ға өсті

ҚР Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлауынша, 2024 жылдың 10 айында Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды

otpannews.kz

Otpannews.kz

16 Nov, 04:49


Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Nov, 19:13


Жетібай ауылының әкімі есеп берді

Жетібай ауылының әкімі Талғат Көшкінов елді-мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2024 жылдың 10 айда атқарылған жұмыстардың есебін беріп, болашақта жасалатын жұмыстар туралы айтты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Nov, 17:33


Мұнайшы ауылының жастары үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Қарашаның он бесінде Мұнайшы ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы ауыл тұрғындарымен кездесті. Бірінші сөз алған Мұнайшы ауылының әкімі Болат Бекмурзаев бұрынғы кездесуде көтерілген мәселелердің қалай атқарылғанын баяндады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Nov, 16:44


Жетібай, Мұнайшы ауылдары жаңа техникалармен толықты

Жетібай ауылының орталық алаңында жаңа 3 техника табысталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Nov, 16:10


Жетібай және Мұнайшы ауылында қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрбол Телегенов және Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Мұнайшы, Жетібай ауылының тұрғындарын қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Nov, 15:20


Маңғыстаулық ұстаздар Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды

Бүгін, 15 қараша күні облыстың бірқатар мұғалімдері білім саласында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Оқу-ағарту министрлігінің Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Nov, 15:17


Маңғыстаулық оқушы республикалық айтыстан екінші орын иеленді

Қараша айының 13-15 аралығында оқушылар арасындағы “Ақберен” ХІ республикалық өнер байқауы өтті. Байқауда “Ақындар айтысы” номинациясы бойынша “Жыр-жебе” ақындар мектебінің шәкірті Әмірхан Деконов жүлделі екінші орын иеленді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Nov, 15:04


Маңғыстауда жыл басынан бері АИТВ инфекциясын 57 адам жұқтырған

1 желтоқсан - дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осыған байланысты Ақтау қаласындағы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында баспасөз конференциясы өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Nov, 14:54


Қоғамдық қабылдау: Мұнайлы тұрғындары заңсыз құрылыстарды тоқтатуды талап етті

Кеше «AMANAT» партиясы Мұнайлы аудандық филиалында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға облыстық филиал төрағасы Нұрбек Қарасаев, Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

15 Nov, 12:54


Қуанышбай Озғамбаев: Ауыл шаруашылығына назар аудару оның дамуына үлкен бастама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің І форумында еліміздегі агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетілу керегін сөз етті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 16:09


Каспий жағалауында кит пайда болды

Алайда бұл Ақтауда емес. Баку жағалауында тірі киттен аумайтын киттің инсталляциясы орнатылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 13:32


Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы қызметіне кірісті

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы Жамолиддинхужа Абдузукир оғлы Абдукаримовпен кездесті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 11:24


Ақтауда жаяу жүргіншілер жолы жаңартылды

Ақтауда 11 және 11А шағынауданының аралығындағы жаяу жүргіншілерге арналған жаңа бағдаршамның қосылуына байланысты бұрынғы жаяу жүргіншілер жолағы демонтаждалды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 11:22


Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

11 қараша күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Құдайберген Алмағамбетов тағайындалды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 11:19


Ақтаулық жас өнерпаздар халықаралық байқаудан жүлдемен оралды

Ақтаулық «Радуга» балалар шығармашылық студиясының өнерпаздары Түркияның Кемер қаласында өткен «Хрустальная магнолия» халықаралық байқауынан жүлдемен оралды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 10:54


Ақтауда 30 жыл бұрын тіркелген температуралық рекорд жаңарды

Қазгидромет қазан айының қорытындысын шығарды, бұл ай қазақстандықтарды ерекше құбылмалы және жылы болуымен таңғалдырды. Синоптиктердің айтуынша, айдың бірінші жартысы +20...+30 градусқа дейін жететін әдеттен тыс ыстық ауа райымен есте қалды, бұл бірнеше климаттық рекордтың жаңаруына себеп болды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 09:52


Қаңға баба – Маңғыстаудың ерте тарихының ескерткіші

Аңдатпа. Iс жүзінде жергілікті қазақтар Ой мен Қыр деп атайтын Маңғыстау мен Үстірт аумағындағы ескерткіштердің өзіндік сакралдық мәні бар. Олардың басым көпшілігі көне дәуірден жеткен үйіктер мен сынтастар, ортағасырлық некропольдар мен жерасты мешіттер, XV-XX ғасырларда осы аймақты мекендеген халықтардың сәулет ескерткіштері (құлпытас, қойтас, сағанатамдар және т.б.) болып келеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 09:50


Күз мезгілінің сәні қоқиқаздарды Маңғыстаудың қай жерінен көруге болады?

Маңғыстаудың күзі – түбектегі көптеген таңғажайып табиғат құбылысын, соның ішінде қоқиқаздарды көруге болатын ерекше мезгіл. Бұл құстар азық пен қолайлы климат іздеп, осы аймаққа ұшып келеді. Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев желідегі парақшасында Маңғыстауда қоқиқаздарды қай жерден көруге болатыны туралы жазба жариялады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 09:39


Қазақстандық әуе компания Бакуге ұшатын рейстер туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық Air Astana авиакомпаниясы Бакуге ұшатын және ұшып келе жатқан жолаушыларға маңызды мәлімдеме жасады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 09:35


Астанада «Отпан» руханият клубының жастары білікті мамандармен пікір алмасты

10-қарашада Назарбаев Университетінде «Отпан» руханият клубының ұйымдастыруымен студенттер күніне арналған «Жастар: сенім мен үміт» тақырыбында кездесу өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 07:29


Жаңаөзендік жеткіншек джиу-джитсудан әлем чемпионы болды

Жаңаөзендік Орынбасар Әнуар джуи джитсудан әлем чемпионы атанды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 06:51


«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі (Нұр-Сұлтан қаласы) Ұлы Отан, екінші дүниежүзілік соғыстарында хабар-ошарсыз кеткен Аталарымызды іздестіріп, жерленген жерлерін белгілеу үшін тізімдерін қалыптастырады

Бізге келесі мәліметтер керек, өтініш - барлық сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Атаныздың аты-жөні.

2. Туған жылы (шамамен).

3. Қайдан шақырылған (ауыл, село, аудан, облыс).

4. Әйелінің, ата-анасының, аға-інілерің, апа-қарындастарының аты-жөнін білсеңіздер, жазыңыз. Әрбір аты маңызды, сонда іздестіру оңай (көптеген қазақ, түркі тегі, аттары дұрыс жазылмаған, бұрмаланған).

5. Ресейдің мұрағаттарында іздедіңіздер ме?
Ресейлік «ОБД Мемориал» сайтында деректер бар ма?
Егер мұрағаттардан, Боздақтар Кітаптарынан, сайттардан мәліметтер бар болса, бізге жіберу керек.

6. Іздеушінің аты-жөні: туыстық дәрежесі; мекен-жайы;
Кері байланыс үшін 1-2 телефон нөмірлері; Электрондық пошта адресі.
Барлық сұрақтарға толығырақ жауап берулеріңізді өтінеміз.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 06:48


Биыл Маңғыстауда «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 135 нәресте дүниеге келді

Биыл Маңғыстауда «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 10 айдың ішінде 135 нәресте дүниеге келді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 06:46


"Жылына 20 кітап оқимын": Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кітап оқуға кім түрткі болғанын айтты

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов сұхбат беріп ұлттық құрама сапындағы аға буыннан қандай өнеге алғанын, Маңғыстау боксының неліктен құлдырап кеткенін, отбасын құрғалы қандай өзгерістер болғанын айтты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 06:44


"Бәсекеде нәтиже бар": Бекзат Нұрдәулетов Нұрбек Оралбайға қалай көмектескені туралы айтты

Бокстан әлем чемпионы, жаңаөзендік Бекзат Нұрдәулетов ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындарында жүріп, "Спорт министрі" ютуб-арнасына сұхбат берді. Белгілі спортшы неліктен өзін Марат Жақиевтің орнына Берік Әбдірахманов жаттықтырып жүргеніне жауап берді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 05:57


Каспий жағалауынан тағы 137 итбалық өлексесі табылды

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылынан Сығынды мүйісіне ("43-ші км" деп аталатын жер) дейінгі аралықта 137 өлі итбалық табылған.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 05:27


Ақтаулық жасөспірім тұрғын үйдің жоғары қабатында қауіпті әрекет жасаған

Ақтауда тұрғын үйдің жоғары қабатында қауіпті әрекетін бейжазбаға түсірген жасөспірім анықталды. Қалалық полиция басқармасы жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылғанын хабарлады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 05:08


Ақтауда полиция қызметкерлері кореялық мейманның жоғалған телефонын тауып берді

Ақтауға іс сапармен Кореядан келген мейман телефонын жоғалтып, полиция басқармасына арызданған.

otpannews.kz

Otpannews.kz

11 Nov, 04:00


Ақтауда ауыз су көлемін ұлғайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда

Ақтау тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Каспий» зауытында су тұшытатын үш қондырығының біреуін қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

otpannews.kz

Otpannews.kz

10 Nov, 10:21


Ақтауда 200-ден астам жас сарбаз ант берді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы департаментінің жас сарбаздары әскери ант қабылдады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Oct, 06:55


Республика күнінде өмірге келген жастар: мерекенің маңызы қандай?

Бүгін – Республика күні. Бұл күн еліміздің мемлекеттігі мен тәуелсіздігін нығайту жолындағы маңызды тарихи оқиғалардың бірі ретінде аталып өтеді. Осы мерекеде өмірге келген жастарымыздан Республика күнінің маңыздылығын сұрап көрдік.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Oct, 06:27


Үлгілі отбасы: Жастарға әрқашан мүмкіндік беру керек

Айтулы мереке қарсаңында 25 қазан күні некелерін қиған маңғыстаулық отбасы Нариман Алмажайұлы мен Арайлым Рамазанова көпке үлгі. Осы орайда отбасының отанасы Арайлым Қайырханқызымен otpannews.kz сайтының тілшісі сұхбаттасқан еді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Oct, 06:25


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Oct, 06:24


Өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемдері төленеді

Елімізде алдағы жылдан бастап өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемдері төленеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Oct, 06:22


Таушық ауылын "арақсыз ауылға" айналдыруды ұсынды

Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров Таушық ауылының тұрғындарымен кездесіп, ақсақалдарға Таушық ауылын «арақсыз ауылға» айналдыруды ұсынды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Oct, 06:21


Ақтауда Республика күніне орай қала тазалықшыларына құрмет көрсетілді

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында  Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде қала тазалығын қамтамасыз етіп отырған тазалықшыларға қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Oct, 06:19


Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Oct, 05:22


Ақтауда Республика күніне орай мотошеру ұйымдастырылды

Ақтауда 25-қазан Республика күніне орай мотошеру ұйымдастырылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Oct, 05:19


Маңғыстау облысының әкімі Республика күнімен құттықтады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай маңғыстаулықтарды Республика күнімен құттықтады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

25 Oct, 04:56


Республика күні құтты болсын!

Otpannews.kz

24 Oct, 17:25


Маңғыстауда Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табысталды

24 қазан күні Ақтауда Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды құттықтап, алғыс білдірді. Мерекелік кеште әлеуметтік-экономикалық дамуға айтарлықтай еңбек сіңірген түрлі сала қызметкерлері марапатталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Oct, 17:24


Жаяу жүргіншілер батырмасы бар бағдаршам іске қосылды

Ақтауда 15 шағын аудан аралығы Амфитеатр және 29А мен 29 шағын аудан аралығы «Ak kala mall» сауда орталығының маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдар іске қосылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Oct, 16:50


Маңғыстау облысының ұстаздары «Үздік педагог» атанды

Бүгін Республика күні қарсаңында Астана қаласында “Үздік педагог” байқауының жеңімпаздары марапатталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Oct, 16:00


Мұнайлы ауданына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды

Мұнайлы ауданында 25 қазан республика күні жоғары деңгейде тойланып, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Oct, 15:57


Маңғыстауда жыл басынан бері 100 кг есірткі тәркіленді

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі жөнінде Алқа отырысын өткізді. Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары мен құқық қорғау және арнайы органдардың басшыларының есептері тыңдалып, өңірдегі есірткі бизнесіне қарсы профилактика мен күресте жаңа тәсілдер айтылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Oct, 15:55


Маңғыстауда көркем гимнастикадан өңірлік чемпионат басталды

Бүгін көркем гимнастикадан Маңғыстау облысының чемпионаты басталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Oct, 15:53


Маңғыстауда жас сарбаздарға ЖОО-на арнайы сертификат табысталды

МО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 6656 әскери бөлімінде қызмет барысында үлгі көрсеткен жас сарбаздарға ЖОО-на арнайы сертификат табысталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Oct, 14:02


Ақауларды жөндеу: Ақтауға Жаңаөзеннен 8 бригада көмекке келді

Ақтаудағы жылу желілеріндегі ақауларды қалпына келтіруге 150-ге жуық коммуналдық сала мамандары жұмылдырылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Oct, 14:01


Сайөтесте жаңа мәдениет үйі ашылды

Маңғыстау ауданына қарасты Сайөтес ауылында Республика күні қарсаңында жаңа мәдениет үйі ашылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

24 Oct, 11:22


Түпқарағанда 2 метрлік жеміс ағаштары отырғызылды

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында Республика күні қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық эко-акциясы аясында тал көшеті отырғызылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 12:19


Жаңаөзенде 38 жетім бала тұрғын үй кезегіне қойылмаған

Жаңаөзен қаласының прокурорлары жүргізген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй алу кезегіне қойылмағаны анықталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 12:11


Газетке жазылдың ба, оқырман?

Күз келісімен баспасөзге жазылу науқаны бастау алады. Ойлы оқырман құнды қазына қорынан қағылмауы үшін  келер кезеңге қам жасайды. Бұл - бүгінге дейін желісі үзілмеген жасампаз дәстүр. 

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 12:10


Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында қазақстандықтарды ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, бұл азаттықтың алтын қазығын қаққан күн екенін атап өтті. Президент еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауына балады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 11:03


Ақтаудағы тұрғын үйлердің 92 пайызына жылу берілді – қала әкімдігі

23 қазан күнгі мәлімет бойынша, Ақтаудағы тұрғын үйлердің 92%-ына жылу берілді. Қазіргі уақытта магистралдық жылу желілерінде ақаулар жоқ. Тұрғын үйлердің маңындағы тарату желілерінде орын алған 35 ақау жөнделіп жатыр.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 10:05


Маңғыстау облысы мен Өзбекстанның сауда-өнеркәсіп палатасы арасында бірқатар келісімдер жасалды

22 қазан Самарқанд қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің бірлескен өңіраралық форумында Маңғыстаумен шекаралас аймақта «Қорғас» сауда кешені үлгісінде арнайы бажсыз сауда аймағын құру ұсынылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 09:42


Ақтаудағы шағынаудандардың жартысы ауыз сусыз қалды

Ақтау қаласындағы шағынаудандардың жартысында су құбырының жарылуына байланысты ауыз су тоқтатылды. Бұл туралы «Каспий жылу, су арнасы» мекемесі мәлімдеді.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 09:13


Шайыр тұрғындары ұлттық киіммен ауылды аралады

Маңғыстаудың “швейцариясы” атанған Шайыр ауылында ұлттық киімдер шеруі өтті. Республика күні қарсаңында Тұрар Жалғасбайұлы атындағы жалпы білім беретін Шайыр мектебі ұстаздары мен шәкірттері ауыл арасын ұлттық киіммен аралап, патриоттық ән орындады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 08:31


Маңғыстауда іздеуде жүрген 1 қылмыскер ұсталды

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес қазан айының 21-23 күндері Маңғыстау облысы аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 08:14


Ўзбекистон фуқаролари диққатига!

2024 йил 27 октябрда Ўзбекистон Республикаси Олий Мажлисининг Қонунчилик палатаси депутатлари сайловлари ўтказилиши муносабати билан, Ўзбекистон Республикасининг Ақтау шаҳридаги Бош консулхонаси, Манғистаў вилояти ҳудудида вақтинчалик ёки доимий яшовчи Ўзбекистон Республикаси фуқароларини, 27 октябрь куни соат 08:00 дан 20:00 гача Ақтау шаҳрида Бош консулхона манзили бўйича сайлов участкаси ташкил қилиниши ҳақида маълум қилади: 30-микрорайон, коттедж 83/1.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 06:43


Ақтау тұрғындары күзетші болу үшін алаяққа 4 млн теңге төлеген

Ақтау қаласының тұрғыны өзін күзет қызметінің бастығы ретінде таныстырып, жұмысқа орналастырамын деп 7 азаматты сан соқтырған.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 06:10


Бибісара Асаубаева "Барыс" орденінің иегері атанды

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 06:08


Маңғыстауда қызмет көрсету жеңілдеді

2024 жылдың басынан бері орталық мемлекеттік органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін жетілдіру бойынша 3 түрлі бағытта ұсыныстар жолданған болатын.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 05:06


Ақтауда прокуратура «Масс-медиа туралы» заңның талаптарын түсіндірді

Ақтау қалалық прокуратурасы мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Масс-медиа туралы» заңды түсіндіру бойынша жиын өтті.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 05:04


Светқали Нұржан Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

23 Oct, 05:01


Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азаматқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Oct, 17:42


Ақтауда Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс кестесін жаңартты

Ақтауда кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді. 22 қазаннан бастап жұмыс уақыты ұзарады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Oct, 17:40


Маңғыстаулық жас ақын республикалық айтыста топ жарды

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Жыр алыбы — Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысында «Жыр-Жебе» айтыс ақындары мектебінің шәкірті Бейбіт Байжігіт бас жүлде алды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Oct, 15:48


Ақтауда ұлттық киімдер шеруі өтті

Республика күні қарсаңында Ақтау қаласының теңіз жағалауында ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Oct, 11:43


Ақтау әуежайындағы автотұрақ бағасына қатысты тексеріс басталды

Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті Ақтау халықаралық әуежайының автотұрағына қатысты бағаны көтеру және бәсекелестік қағидаларын бұзу күдігі бойынша тергеп-тексеруді бастады.

otpannews.kz

Otpannews.kz

22 Oct, 11:41


Ақтауда кардиологиялық мамандар тұрғындарды тегін қабылдайды

“Ұлттық ғылыми медициналық орталық” АҚ кардиологиялық мамандар тобы Ақтау қаласының тұрғындарына 28-31 қазан аралығында тегін қабылдау жүргізеді.

otpannews.kz