Zakon.qaz @zakonkz_kaz Channel on Telegram

Zakon.qaz

@zakonkz_kaz


Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!

Zakon.qaz (Kazakh)

Zakon.qaz телеграм көрсеткіші - zakonkz_kaz, - толықтай шыны, адам арасындағы зерттеулер мен қызметтер бойынша құқықтық таралату туралы жаңалықтарды қамтамасыз ету. Zakon.qaz каналы - қазақ және түріксіз деректермен толтырылған жаңалықтар мен ақпараттарды қамтамасыз ету мекемесі. Бұл канал адал кеңес - барлық халық келіп, мемлекеттің құқықтығы мен тіркелуі жайлы ақпарат білдіретін жаңалықтарды талап еді. Zakon.qaz - еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!

Zakon.qaz

20 Feb, 13:42


‼️ Президент Ұлытаудағы шахта апатына байланысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі саласында қатаң сақталуға тиіс жағдайларға назар аударды.

Бекітілген талаптардың өрескел бұзылған фактілері бар. Нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі өте төмен.

Компаниялар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға тиісті мөлшерде инвестиция салмайды.

Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады.

❗️Президент қатерлі өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Үкіметке төмендегідей шаралар қабылдауды тапсырды:

1. Нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының сақталуына қатысты тексеру жүргізу;

2. Аталған нысандарға заманауи қауіпсіздік жүйесін, соның ішінде газ белгі беру құрылғыларын, сейсмикалық қондырғыларын, позиционирлеу жүйесін және тағы басқа тиісті әдіс-тәсілдерді әзірлеу мен енгізу;

3. Болжау мен құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, нысандарды цифрландыру;

4. Тексеру қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыс бағдарламаларына түзетулер енгізіп, заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіне салынатын инвестиция көлемін ұлғайту жолын қарастыру;

5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдату.

❗️Мемлекет басшысының бұл тапсырмаларын Президент Әкімшілігі ерекше бақылауда ұстайды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

20 Feb, 11:22


🌊Қазақстан шекаралас елдермен су беру мәселесін талқылады

💧Қазақстанның Су дипломатиясы аясында өткен жылы Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық отырыс өтті.

📍Соның нәтижесінде Қырғызстан және Өзбекстанмен Шу, Талас және Сырдария трансшекаралық өзендері арқылы Қазақстанға су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ал Қытаймен Ертіс және Іле сияқты 20-дан астам өзен бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

20 Feb, 10:11


Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотип таныстырылды

Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған логотипты таныстырды.

Үкімет Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге арналған кешенді жоспар әзірледі. Жоспарда қаңтар айынан бастап желтоқсанға көптеген шара енгізілген.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

20 Feb, 09:12


🚍Елордада автобус жолақтарымен жүруге рұқсат етілді

⚠️Елордада Сығанақ көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскеде автобус жолақтарымен жүруге уақытша рұқсат етілді.

✔️Қонаев көшесінде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңғыртуға байланысты осы жылдың 19 ақпанынан бастап жол қозғалысын ұйымдастыруға уақытша өзгеріс енгізілді. Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі аралығында көлік жүктемесін азайту үшін Bus Lane, яғни автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат етіледі.

🚫Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталғаннан кейін жол белгілері қайта қалпына келтіріледі.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

20 Feb, 07:54


🚛Алматыда кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі тіркелді

🔸️Прокуратура ірі бизнеске қатысты заңсыз тауар тексерулерді анықтады.

🔸️Тексерулер инспекциялық–қарау кешендерінің істен шығуына байланысты қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің тәуекел профильдері негізінде жүргізілген. Бұл бизнес үшін қосымша қаржылық шығындарға әкеледі. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз тәжірибе тоқтатылды, ал жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

20 Feb, 06:51


🚙Маңғыстау облысында жол-көлік қозғалысы дронмен бақыланады

🔹Ұшқышсыз ұшу аппараттары жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін болады.

🔹Маңғыстау облысының полиция департаменті республикалық трассалар мен өңірлік автожолдардағы жылдамдықты асыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, басып озу ережелерін бұзу және басқа да қауіпті маневрлер дрондар арқылы бақыланатынын хабарлады.

✔️Бұл жол қауіпсіздігін арттырып, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

20 Feb, 05:59


💵Доллар бағамы қайта қымбаттап жатыр

🏦Ұлттық банктің 20 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 503,61 теңге.

💰Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 506,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 502 теңге. Еуро 523-530 теңге аралығында құбылып тұр.

💰Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 508 теңге, сатып алу құны — 502 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 522 теңгеден сатып алынады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

20 Feb, 04:51


❗️«Asar Baspana» пирамидасының қызметі тоқтатылды

Қаржы пирамидасы ай сайын салынған соманың 30%-на дейін пайда табуға уәде берген.

Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.

Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

19 Feb, 18:59


🥹 Сарбаздар арасынан ұлын іздеген ана көптің жүрегін елжіретті

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

19 Feb, 16:21


🇰🇿🇯🇴 Мемлекет басшысының Иорданияға ресми сапары аяқталды

Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевты ханзада Әли бен әл-Хусейн құрметпен шығарып салды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

19 Feb, 14:44


🇰🇿🇯🇴 Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды

Президент аталған нысанда ханзада Әли бен әл-Хусейн, Иордания музейі Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары, ханшайым Сумайя бинт Хасан мен музей директоры Ихаб Амарин қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрме залдарын аралап көріп, музей қорында сақталып тұрған сирек жәдігерлермен және экспонаттармен танысты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысына Иордан Хашимит Корольдігіндегі ең үлкен музейдің құрылу тарихы жөнінде мәлімет берілді.

Музейдегі ерекше көрменің бірі – Кумран қолжазбалары.

Онда тарихи құндылығы зор мыс қолжазбалардың фрагменттерімен танысуға болады.

Иордания музейі тұрақты экспозициядан бөлек, ұлттық тарих пен мәдениетті дәріптеу үшін уақытша көрмелер, дәрістер, семинарлар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

19 Feb, 13:05


✍🏻 Мемлекет басшысының Иорданияға ресми сапары аясында ведомствоаралық және коммерциялық 10 құжатқа қол қойылды

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

19 Feb, 12:01


😍 Қазақстанда жүк таситын әуе компаниясы ашылуы мүмкін

Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлім етті.

– Жалпы бұл тапсырма бұған дейін де бірнеше рет айтылды, бүгін тағы қозғалды. Тасымалды жетілдіру үшін әуе жүк компаниясы керек. Қазір геосаяси жағдайды ескерсек, рейстердің бір бөлігі Қазақстан арқылы ұшады, яғни алғышарт қалыптасты. Енді Премьер-министр бұл жұмысты жеделдетуді тапсырып отыр. Осы орайда SCAT әуе компаниясының жүк авиакомпаниясын ашу жоспарында бар, – деді ол.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

19 Feb, 11:16


🇰🇿🇯🇴 Әл-Хусейния сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Feb, 10:56


‼️ Пітір садақа мөлшері бекітілді

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

Биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурыздан басталады.

Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – Қадір түні, ал 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Feb, 09:45


‼️ Ұлытауда апат болған жерде үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр

Вице-премьер Қанат Бозымбаев сонда жүр.

Оқиға орнында ТЖ қызметі, ІІМ және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Комиссия мүшелері оқиға орнында болып, тергеу барысымен танысты.

Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.

Әрі қарай Премьер-министрдің орынбасары Штаб отырысын өткізіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Feb, 07:59


‼️ Енді желіде 20 мың оқырманы бар жарнама жасаушылардың кірісі бақылауға алынады

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

– Камералдық бақылауға тек блогерлер ғана емес, барлығы кіреді. Мақсат – салық міндетінің орындалуын анықтау, – делінген комитет таратқан қосымша хабарламада.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Feb, 07:39


«Қазақтелеком» Қазақстандағы интернетті қалай жеделдете алды

Қазақтелеком өзінің Sapa+ стратегиялық жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Өткен жылдың қазан айында басталған жоба қарқын алуда - компания мамандары бес айда бүкіл Қазақстан бойынша 300 мың роутер орнатқан.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Feb, 05:04


✉️ Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

❗️Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.

❗️Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 23:15


😢 Ұлытау облысындағы опырылған шахтадан 6 адамның денесі табылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Олардың аты-жөні анықталып жатыр.

Жетінші адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 18:54


😳 Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалып қойды

Оқиға Жаңаарқадағы «Жомарт» шахтасында болған.

Кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс жоқ.

Оларды шығаруға 21 құтқарушы мен 7 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, «Серіктес» АҚҚ-ның 2 бөлімшесі құтқару жұмыстарына тартылған.

Тағы 3 жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Опырылған шахтада қалған жұмысшылардың тізімі жарияланды:

1. О.Ж. Нұрылдаев (энергетик)
2. А.Б. Жақыбаев (тау-кен шебері)
3. О.А. Кенжебеков (тиеу-жеткізу техникасының машинисті)
4. К.А. Ақшалов (сорғы қондырғысының машинисті)
5. Г.Е. Молдабеков (сорғы қондырғысының машинисті)
6. Б.Н. Жұмадуллаев (сорғы қондырғысының машинисті)
7. К.В. Рожков (электрослесарь)

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 18:33


🤔 Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Солтүстік Кореядан 0:2 есебімен жеңілді

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 13:05


⚜️Мемлекет басшысы Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Валовичті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев күрестің халықаралық спорт аренасындағы еліміздің беделін нығайтуда айтарлықтай рөлге ие екенін айтты.

Сонымен қатар, әлемдік турнирлерде табысты өнер көрсетіп жүрген отандық балуандардың жетістіктерін жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық күрес федерациясымен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, инфрақұрылымды жетілдіру, даярлықтың озық әдістерін енгізу және елімізде халықаралық турнирлерді өткізу осы спорт түрінің танымалдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін еселеуге ықпал етеді.

Ненад Валович қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Ол Қазақстанды федерацияның маңызды серіктесі деп атап өтіп, біздің ұлттық күрес мектебінің зор табыстарына тоқталды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 12:46


🔥 Бразилияда автоцистернамен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісі таңқаларлық жағдайда аман қалды

31 жастағы жүргізуші өрт басталған сәтте төменге секіріп үлгерген. Кейін ауруханаға жеткізілді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 12:20


🥹 Лифтте шабуылға ұшыраған 5 жасар баланың беті бері қарады

Оның денсаулығы жақсарып келеді. Дәрігерлер жарақат тігістерін алуды бастаған.

Қашан үйге шығаратыны белгісіз. Бәрі тексерістен кейін анықталады.

«Баланың жағдайы қанағаттанарлық, өзін белсенді ұстауда», – дейді № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейнов.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 12:13


‼️ Қазақстан түрмелеріндегі 1 мыңнан астам әйел рақымшылыққа ілінуі мүмкін

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс депутаттарының түрмеде отырған әйелдердің бір бөлігіне рақымшылық шарасын қолдану туралы сауалына жауап берді.

«Бүгінгі таңда 6 399 әйел қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Оның 2 692-сі бас бостандығынан айыру орындарында ұсталса, 3 707-сі пробациялық бақылауда. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін сотталған 1 220 әйел жазасын өтеуден босатылуы мүмкін. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа байланысты емес қылмыстар жасағаны үшін 2 002 әйел сотталды, олардың 1 766-сы алғаш рет, ал 150-і ауырлығы шағын және орташа қылмыстар жасаған. Өз кезегінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 5 055 әйелге жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін», – деп жазылған жауапта.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 11:13


⚜️Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті.

Мемлекет басшысы дипломатқа ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың дәйекті дамып, үкіметаралық ықпалдастықтың белсенді өркендеп келе жатқанына назар аударды.

Президент былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдердің өз деңгейінде іске асырылып жатқанына көңілі толатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл уағдаластықтарды жүзеге асыру жан-жақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанға ыстық ықыласын жолдады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 11:02


✍️ Руслан Желдібай Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 09:56


✍️ Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 09:49


🇰🇿🇱🇹 Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады

Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған.

Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 09:03


🇰🇿🇯🇴 Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданияға барады

📣 Президент 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады.

Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Feb, 08:21


⚜️Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Берік Асылов еліміздегі заң үстемдігінің жай-күйі және қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндады.

Прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу сатысында 32 мыңнан астам заңсыз шешімді тоқтатқан, бұл істер Қылмыстық-процестік кодекске сай келмейді.

4 мың азаматтың қылмыстық іске негізсіз тартылуына жол бермеген.

Сонымен қатар заңсыз ұсталған 1,5 мыңнан аса адам босатылған.

Бас прокурордың қарсылығы негізінде Жоғарғы сот 150 тұлғаға қатысты істің мән-жайын оң бағытқа өзгертіп, соның ішінде 10 адам толық ақталған.

Әлеуметтік-экономикалық салада 81 мың кәсіпкердің, 979 мың зейнеткердің, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарының және басқа да азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілгенін хабарлады.

Жалпы 4,5 миллиард теңге болатын алимент бойынша қарыз өндірілген.

Былтыр мемлекет пайдасына 627 миллиард теңгеден асатын өтемақы қайтарылғаны жөнінде айтты.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Feb, 12:15


🛬 АҚШ-та тағы ұшақ апаты орын алды

Аризона штатындағы Скоттсдейл әуежайына қонған Bombardier Learjet 35A ұшағы тоқтай алмай, тұрақта тұрған Gulfstream 200 бизнес ұшағына соғылған.

Салдарынан 1 адам қаза тауып, 4 адам зардап шекті.

Апатқа Bombardier Learjet 35A ұшағының доңғалағы ашылмай қалуы себеп болған.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Feb, 11:48


🇰🇿 🏒 Қазақстан Гонконгты 24:0 есебімен жеңді

Азия ойындарында Қазақстан хоккейшілері жартылай финалға шықты.

Біздің жігіттер ширек финалда Гонконг қақпасына жауапсыз 24 шайба соқты.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Feb, 10:06


😍 Енді Қазақстан астығы Мысыр және Араб елдеріне экспортталады

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.

– Былтыр 26,8 млн тонна астық жиналды. Бүгінгі күні оның бәрі эловаторларға кіргізілген. Оның 8,2 млн тоннасы тасымалданды. Соның 4,8 млн тоннасы экспортқа шықты. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасуда. Жаңа нарықтар ашылып жатыр, Ресей арқылы да, Балтық елдері арқылы да экспортты жүзеге асырып жатырмыз. Қосымша, Мысыр, Араб елдерінің нарығына шығамыз деп жоспарлап отырмыз. Тиісті келісімшарт жасасуға 17-сі күні сол жаққа сапарға шығамыз, – деді ол.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Feb, 08:05


🇰🇿🥇🥈 Спортшыларымыз тағы бір алтын мен күмісті қоса алды

Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанса, Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Feb, 07:41


⚜️ Қасым-Жомарт Тоқаев ел тыныштығын күзеткен арнаулы қызметтер мен күштік құрылымдардың атқарған істеріне тоқталды

– Былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін жиырмадан астам жедел жауынгерлік іс-шара өткізді. Екі террорлық актінің жолын кесіп, қаскөйлерге тосқауыл қойды. Ұлттық ұлан жасақтары төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсене атсалысты. Ішкі істер министрлігінің құрылымдары ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Өткен жылы есірткі өндіретін 64 орын жабылды. 22 мың тонна есірткі тәркіленді. Есірткіні жарнамалаған 7,5 мың сайт бұғатталды. Екі миллиард теңгеден астам қаржыны шетелге шығармақ болған алаяқтардың жолы кесілді. Соңғы үш жылда 8 мыңға жуық түрлі қару-жарақ табылды. Мұндай мысалдар өте көп. Арнаулы қызмет қатарындағы мыңдаған сарбаз мемлекеттің егемендігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғап жүр. Жауынгерлеріміз қашанда Отан алдындағы антына адал, – деді Мемлекет басшысы.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Feb, 07:39


⚜️Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз

Мемлекет басшысы халқымыздың ерлік дәстүрі тереңде жатқанына назар аударды.

– Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Бұл – бостандық пен әділдік ұғымдарын ту етіп, майданда жанқиярлықпен шайқасқан, тылда еңбек еткен барша қазақстандықтарға көрсетілген құрмет. Батырларымыздың теңдессіз ерлігін ұрпақ жадында сақтау – парызымыз. Бүгінде сіздер жауынгер халықтың ұрпағы ретінде Отан алдындағы қасиетті парызды терең түсініп, адал қызмет етіп жүрсіздер. Бәріңіз де еліміздегі бейбіт өмірді сақтау үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Сіздерді заң мен тәртіп сақшысы деуге толық негіз бар. Заң мен тәртіп – әділетті әрі қауіпсіз мемлекеттің өзегі, – деді Президент.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Feb, 07:36


⚜️Мемлекет басшысы жеңімпаздарды құттықтап, бұл табыс тиянақты дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін атап өтті

– «Елдің атын ер шығарар» деген. Сайыпқыран сарбаздарымыз көк туымызды асқақ желбіретті. Төрткүл дүние жауынгерлеріміздің мықтылығына куә болды. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Осындай жеңісті сәттер барша халқымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың рухын көтереді. Ел қорғаны мықты болса, Қазақстанның еңсесі әрдайым биік болмақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Feb, 07:32


⚜️Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады

Президент UAE SWAT Challenge сайысында топ жарған күштік құрылымдардың бір топ офицерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

Биыл Дубайда өткен дүбірлі додаға Қазақстан атынан 12 команда қатысқан.

Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» және «Томирис» командалары халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» командасы 4-орынға ие болды.

Мемлекеттік күзет қызметі мен Қорғаныс министрлігінің командалары да шеберліктің үздік үлгісін көрсетті.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Feb, 05:10


🥇🇰🇿 Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлде түсті

ІХ қысқы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы фристайл акробатика синхронды секіруден үздік нәтиже көрсетті.

Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Feb, 05:04


🇰🇿🇮🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады

Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Feb, 18:59


🤦🏻‍♂️ Мұражайға барған әйел сүрініп кетіп, құнды әрі тарихи картинаны жыртып жіберді

Италияның Брешиа қаласындағы мұражайға келген әйел сүрініп, құнды картинаның үстіне құлаған.

1522-1524 жылдары салынған туынды екі жақты болатын.

Бір жағында белгісіз екі әулие, екінші жағында Дева Мария бейнеленген.

Картина келушілердің екі жағын да көре алуы үшін қорғаныш әйнегінсіз қабырғаға ілінбеген еді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 16:56


🏠Жас ғалымдарға жеңілдікпен үй берілді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 17 жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.

Игі шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.

Айта кетейік, 2024 жылғы мамыр айынан бастап баспанаға мұқтаж жас ғалымдардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 15:25


🏆IX қысқы Азия ойындары:  Қазақстан төртінші орында

⛷️Қытайдың Харбин қаласында өткізіліп жатқан IX қысқы Азия ойындарының алғашқы жарыс күні 8 спорт түрінен жарыстар өтті.

🥈Қазақстандық спортшылар бүгін ел қоржынына 3 күміс салып, медалдар кестесінде төртінші орынға жайғасты.

🏅Қытай құрамасы 8 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль еншілеп, көш бастады. Ал Кореяның қоржынында 7 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль бар. Жапония құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медалмен үздік үштіктер қатарына ілікті.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 13:59


🏡Алматыда жетім қалған төрт балаға үй берілді

Qazaq Stroy компаниясы жол апатынан қайтыс болған Сая Есенгелдінің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, артынан қалған балаларына үш бөлмелі пәтер сыйлады.

«Qazaq Stroy ұжымы ата-анасы қайтыс болып, жетім қалған төрт баланың тағдыры туралы білгенде бейжай қала алмады. Біз оларға 95 шаршы метр болатын кең үш бөлмелі пәтер беруді ұйғардық» - деді компания өкілдері.

Сондай-ақ, Qazaq Stroy компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев балалардың әрқайсына кәмелет жасқа толғанға дейін ай сайын 100 000 теңгеден төлеу туралы шешім қабылдады.

«Осы оқиғаны білгенде, жай қарап отыра алмадық. Біз балалардың ата-анасын қайтара алмаймыз, бірақ олардың болашағына жағдай жасай аламыз. Біз қазақпыз, біздің күш-қуатымыз бірлікте, қиын-қыстау кезде бір-бірімізге қолдау көрсете білуімізде. Бұл үй балалар үшін жайлылық пен үміт ұясына айналсын, ал біздің көмегіміз мейірімді жандар бар екенін еске салып тұрсын», — деді Н.Артықбаев.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 12:03


🥈Қазақстандық шаңғышы ел қоржынына үшінші медаль салды

⛷️Шаңғышы Константин Борцов қысқы Азия ойындарында спринт жарысында күміс медаль жеңіп алды.

🎗Бұл Қазақстан құрамасының қоржынындағы үшінші жүлде болды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 11:08


⚜️Елімізде заман талабына сай білікті мамандар өте көп — Мемлекет басшысы

Президент дарынды азаматтардың арқасында бүкіл әлем жұртшылығы Қазақстанды талантты әрі еңбекқор адамдардың елі деп танитынын айтты.

«Мемлекет креативті индустрияның дамуына барынша ықпал етеді. Қазір арнайы қор құрылып жатыр. Ол әдебиет, музыка, кино, сериал және компьютер ойындарына қатысты жобаларды жүйелі түрде қолдаумен айналысады. Жастардың қарым-қабілетін көрсетуіне бұл да бір керемет мүмкіндік. Ең бастысы, адал еңбек етіп, адал табыс табу, яғни адал азамат болу. Биыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы». Еңбек культін қалыптастыру – аса маңызды міндет. Кез келген жұмыс – қадірлі. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарын игерген жастарымыз зор құрметке лайық», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, Қазақстанды көркейту қастерлі парыз екенін атап өтті. Берекелі бірлік пен жастардың жасампаздық қуатының арқасында Әділетті Қазақстанды бірге құратынымызға сенім білдірді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 11:03


⚜️Мемлекетті басқарушылардың легі осы жас мамандардан қалыптасады — Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа адамдар» форумында сөйлеп,  жастарға барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын айтты.

«Қазақстан балалар мен жастарға жан-жақты қолдау көрсететін әлемдегі аз елдің бірі. Дүниеге келген әр сәби бірден ұлттық бағдарламалардың қатысушысына айналады. Өздеріңізге мәлім, екінші жыл қатарынан Ұлттық қор табысының бір бөлігі балалардың есепшотына түсіп жатыр. Бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» бағдарламасы іске қосылды. Сол арқылы балаларының болашақта алаңсыз білім алуына қаражат жинайды. Әр бала алты-жеті жастан бастап мектепте тегін білім алады. Елімізде бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ берілетін болды. Оқушыларымыз мемлекет есебінен әртүрлі үйірмелер мен секцияларға қатыса алады. Мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына немесе колледжге грантқа түсу мүмкіндігі зор. Соңғы жылдары грант санын айтарлықтай ұлғайттық. «Болашақ» бағдарламасымен мыңдаған жас шетелде білім алуда. «Президенттік жастар кадр резерві» сұранысқа ие жобаға айналды. Келешекте мемлекетті басқарушылардың негізгі легі осы жас мамандардан қалыптасады. Саяси реформалар аясында Мәжіліс пен мәслихаттарда жастар үшін арнайы квота енгізілді. Бұл өкілдік билік қызметіне тың серпін берді. Осы жерге жиналған білімпаз, отаншыл жастар мәслихаттың немесе Парламенттің құрамына кіретініне, тіпті Үкіметте жұмыс істейтініне кәміл сенемін», – деді Президент.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 10:54


⚜️«Жаңа адамдар» – жаңа қоғамның айнасы — Мемлекет басшысы

Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

– Қазақстанның жастары – жасампаз. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Жаңа ғана өте жақсы ойлар айтылды. Тың идеялар, игі бастамалар бар. Сіздердің сөздеріңізді тыңдап, форум атмосферасын сезіне отырып, кеудемді мақтаныш кернеді. Қазақстанның болашағына деген сенімім нығая түсті. Мен Президент ретінде Сіздерге зор үмітпен қараймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазір еліміз үшін тарихи кезең екеніне, алдымызда биік мақсаттар тұрғанына назар аударды.

– Біз жұрттан көш ілгері жүретін ел боламыз. Үйренетін де, үйрететін де ұлт боламыз. Жастар барлық өзгерістің бастауында тұрады. «Жаңа адамдар» – жаңа қоғамның айнасы. Бұл – өз еліне адал жастардың қозғалысы! Реформаларымыздың мән-маңызы ұрандарыңызда көрініс тапқан. Бұл өзгерістер Әділетті Қазақстанды құру, «Заң мен тәртіпті» қамтамасыз ету тұжырымдамасына негізделген, – деді Мемлекет басшысы.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 10:50


⚜️«Жаңа адамдар» жастар форумы өтті

Форумда «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Баденова Президентке ұйым құрылғалы бері қозғалыстың атқарған игі істері мен азаматтық бастамаларын таныстырды.

Оның айтуынша, қазіргі кезде қозғалыстың 19 қалада кампусы, 15 мыңға жуық белсенді мүшесі бар. Қозғалыс елімізде ондаған азаматтық бастамалар мен акцияларды ұйымдастырып үлгерген. Жастар вандализммен, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгушілермен, кәмелетке толмаған балаларға ішімдік сатушылармен, есірткі таратушылармен және басқа да әлеуметтік кеселдермен күрес жүргізіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын ашық әрі белсенді білдіріп жүр.

Мемлекет басшысы форумға жиналған жалынды жастардың бойындағы Отанға, елге деген сүйіспеншілік пен құрметке ризашылығын білдіріп, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың әр жетістігіне қуанатынын, әр бастамасын қолдайтынын жеткізді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 10:14


✈️Радардан жоғалып кеткен Аляска ұшағы апатқа ұшырады

Беринг Эйр ұшағы бейсенбі күні Аляска үстінде радар экранынан жоғалып кеткен еді.

📍Америкалық NBC телекомпаниясы өз кезегінде ұшақтың Номе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 мильде (54,7 км) табылғанын айтты. Ұшақта 9 жолаушы мен ұшқыш болған.

Айта кетейік, бұл – екі аптадан аз уақыт ішінде АҚШ-тағы үшінші әуе апаты.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 08:58


🔗💰Кәсіпкерлерді бопсалаған екі блогерге сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстан облысында С. және П. сауда орталықтарындағы заң бұзушылық фактілерін анықтау бойынша тексерулер жүргізген.

Кейін осы фактілерді әлеуметтік желілерде жарияламау үшін «Т» ЖШС директорынан ай сайын 200 мың теңге төлеуді талап еткен. 

Іскерлік беделіне нұқсан келтірмес үшін кәсіпкер бес айда 1 млн теңге төлеген. 

Дәл осындай схема бойынша олар «M» ЖШС басқарушы директорынан 50 млн теңге алған. Ақшаның бір бөлігін қолма-қол беру кезінде айыпталушылардың бірі ұсталды. 

Сот блогерлердің әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 07:17


Қостанай облысында бруцеллез тіркелді

Аурудың анықталуына байланысты шектеу енгізу ұсынылды.

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округі Славенка ауылындағы «А. С. Кузьминых» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу шаралары белгіленді.

Эпизоотиялық ошақта қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 06:20


✈️Әзербайжандық кәсіпкер ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына пәтер сыйлады

🏢🔑Ақтауда әуе апатында қаза тапқандарды еске алуға арналған шарада әзербайжандық кәсіпкер Амиль Юсифов қаза тапқан қазақстандықтардың туыстарына Алматыдағы жаңа тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі бес пәтердің кілтін табыстады.

🚒Сондай-ақ Ақтау қаласындағы құтқарушыларға үш жаңа көлік, аурухана мен жедел жәрдем станциясына қажетті жабдықтар сыйға тартты.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Feb, 05:36


🥈Қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты

⛸️Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының ерлер арасында 100 метрге конькимен жүгіруден Евгений Кошкин күміс медаль иеленді.

🔹Евгений Кошкин 9.47 секунд нәтиже көрсетті. Ал Алтай Жәрдембекұлы (9.64 секунд) қола жүлдеге бір табан жетпей қалды.

🥈Бұған дейін шорт-тректен Қазақстан командасы аралас эстафедан күміс медаль жеңіп алған.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 17:54


🛬 Тағы бір ұшақ апаты орын алды

Бразилияның Сан-Паулу қаласында King Air F90 ұшағы (8-9 адамға арналған) көлік көп жүретін көшелердің біріне құлап, жолаушылар автобусына соғылды.

Порту-Алегриге бет алған ұшақ небәрі 5 минуттан соң апатқа ұшыраған.

Оқиғадан 2 адам қаза тауып, 7 адам зардап шекті.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 16:10


⚜️Жезқазғанда «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
 
Құны 8,5 млрд теңгені құраған жоба «Қазақмыскорпорациясы» ЖШС мен Ұлытау облысы әкімдігінің меморандумы аясында Bank RBK қолдауымен жүзеге асты.
 
Спорт кешені үш қабаттан тұрады. Мұнда балаларға, ересектерге, әуесқой және кәсіби спортшыларға сапалы қызмет көрсетіледі.

Спорт кешені заманауи құрал-жабдықтармен, жаттығу залдарымен, жуынатын, киім ауыстыратын бөлмелермен жабдықталған.
 
Ұзындығы 25 метрді құрайтын Жезқазғандағы алғашқы бассейн жүзу өнерін меңгере бастаған балалар мен ересектер үшін өте қолайлы.

Спорт кешенінде командалық спорт түрлері үшін электронды табломен, баскетбол алаңымен, құрал-жабдықпен және 320 көрерменге арналған трибунамен жабдықталған, ауданы 1200 шаршы метрлік әмбебап спортзал бар.

Ауданы 350 шаршы метрді құрайтын көркем және спорттық гимнастика залына гимнастикалық снарядтарорнатылып, матрастар төселген.
 
Кешеннің екінші қабатында үстел теннисі мен бокс залы орналасқан.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 14:13


🇰🇿 Қазақстан құрамасы Азия ойындарының салтанатты шеруінен жүріп өтті

Көк байрағымызды шайбалы хоккейден ұлттық құрама мүшесі Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шықты.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 14:08


😍 Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды

Қысқы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 48 мың жанкүйер сыятын Harbin International Convention and Exhibition Centre Stadium стадионында өтті.

Ақ Азиада тарихында алғаш рет жасанды интеллект пайдаланылды.

Харбин және Ябули қалаларында өтетін қысқы Азия ойындарына Қазақстан құрамасынан 137 спортшы қатысады.

Жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетіп, 51 медаль жиынтығын сарапқа салады.

🏆 Жалпы ойындарға Азияның 32 елінен 1 мыңнан астам спортшы қатысып, 64 медаль жиынтығы үшін сынға түседі.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 12:31


⚜️Мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты цифрландыру өзекті — Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, бұл – бизнестің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ең тиімді жолы. Ал мемлекет үшін басы артық бюрократияны қысқартатын, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алып, жалпы тиімділікті жақсартатын маңызды қадам.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, былтыр көктемде болған су тасқыны кезінде қаржылай қолдау көрсеткен барша кәсіпкерлерге, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорына жарна салған бизнес өкілдеріне алғыс айтты. Қор қаржысы денсаулық және білім беру салаларындағы өзекті әлеуметтік міндеттерді шешуге жұмсалып жатыр.

«Бүгін ашық әрі пайдалы әңгіме болды. Сөз соңында қайталап айтқым келеді: мемлекет еліміздің өндірісіне қаржы салатын, тұрақты жұмыс орындарын ашатын адал кәсіпкерлерді әрдайым қолдайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 12:15


🏦Банктер бизнеске көмектесіп, экономиканың дамуына қаржы салуға тиіс — Мемлекет басшысы

«Қорды не үшін құрдық? Қор қаржысы мемлекеттік маңызы бар міндеттерден өзге мақсатқа жұмсалып жатса бір жөн. Сондықтан тағы да қайталап айтамын, банктер бизнеске көмектесіп, экономиканың дамуына қаржы салуға тиіс. Дегенмен реттеушілік шаралардың қатаңдағанына қарамастан, тұтынушылық несие көлемі бұрынғыдай өсіп келеді. Былтыр аталған көрсеткіш 33 пайызға ұлғайды. Ал проблемалық борышкерлердің саны 1,5 миллион адамнан асты. Қарызға белшесінен батқан азаматтарға көмектесу керек. Бұл – аса өзекті саяси мәселе.

Осы ретте банктер проблемалық займдарды қайта қаржыландыру жұмыстарын күшейтіп, борышкерлердің санын өсіруге жол бермегені жөн. Азаматтарға алаяқтық жолмен рәсімделген кредиттерге айрықша мән беру қажет», – деді Мемлекет басшысы.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 12:13


Тек бюджет қаржысымен экономиканы жаңғырту мүмкін емес — Президент

«Үкімет кредит мөлшерлемесін субсидиялау арқылы банк қаржысын тарту туралы бастама көтерді. Қаржы секторы осы міндетті орындауға белсенді қатысуға тиіс. Үкімет Кепілдік қорын құру мәселесін пысықтап жатыр. Бұдан бөлек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан «ұзақ мерзімге берілетін» қаржы тартылады. Бұл – жеткіліксіз. Нақты секторды кредиттеу көлемін арттыру үшін басқа да ұсыныстар қажет.

Мен Үкімет отырысында Ұлттық қор ел экономикасының бір бөлшегі екенін айттым. Кейбір шолушылар, қоғам қайраткерлері Үкіметтің Ұлттық қордан жиі әрі көп қаржы алатынын айтады. Бұл – қалыптасқан ахуалға байланысты қабылданған шешім. Осыған бола «дағдарысқа тап болдық» деп байбалам салатындай себеп көріп тұрған жоқпын», — деді Мемлекет басшысы.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 12:03


⚜️Еліміздегі іскерлік ахуалды жақсарту – ең басты мақсаттардың біріПрезидент

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілді. Реттелетін сатып алуларға бизнес өкілдері өтінім берген жағдайда, оған мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуына заң жүзінде шектеу қойылды.

Бизнесті негізсіз қыспаққа алудан және салалық органдардың заңсыз тексеруінен қорғау үшін жүйелі жұмыс қолға алынды. Қылмыстық кодекстің бес бабы ізгілендірілді. Екі бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту талаптары жоғарылады, экономикалық құқық бұзушылықтың 29 түрі бойынша тұтқындауға тыйым салынды. 2022 жылдан бері кәсіпкерлік саласында тіркелген қылмыстық істердің саны екі есе қысқарды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.

Инвесторларды негізсіз тексерудің, оларға айыппұл салудың алдын алып, рұқсаттама беруге кедергі келтірмес үшін «прокурор сүзгісі» енгізілді. Бүгінде прокурорлар инвестор құқығын бұзатын 700-ден аса фактіге тосқауыл қойды. Мұның бәрі бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғауға зор ықпал етті», – деді Мемлекет басшысы.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 11:55


⚜️Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесті

Еліміздің бизнес қоғамдастығымен өткен кездесу мемлекет пен экономиканы дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің мақсат-ниеті бір екенін көрсетті. Президент айқындаған стратегиялық міндет – экономиканы нығайту арқылы Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін сақтау және күшейту.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманның басты мәселелерін шешу жолында Қазақстан жаңа көзқарастар мен тәсілдер дәуіріне қадам басқанын, ал ескірген стереотиптер өткеннің еншісінде қалғанын атап өтті. Сондықтан еліміз түбегейлі өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделуі керек.

Президент мемлекеттің болашағы, соның ішінде өскелең ұрпақтың келешегі осы мәселенің шешіміне тікелей байланысты деп санайды. Оның айтуынша, ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллект, көлік және логистика салалары экономиканы дамытудың басым бағыттарына айналуға тиіс. Бұл ретте шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі ұдайы Үкімет назарында болады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 11:35


💵Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

🏦Ұлттық банктің 7 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 515,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,30 теңге. Еуро – 533,96 теңге.

💰Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 514 теңге. Еуро 531-536 теңге аралығында құбылып тұр.

💸Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 511,9 теңге, сатып алу құны – 517 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 10:33


🩺Жеке медициналық кітапшалардың  электрон форматы енгізілді

📲Азаматтар енді egov mobile мобилдік қосымшасындағы E-Densaulyk сервисі арқылы медициналық тексеру нәтижелері мен өздерінің санитариялық кітапшасы туралы деректерді ала алады.

✔️Жұмыс берушілер қызметкерлердің медициналық кітапшаларының өзектілігін hr.enbek.kz тегін еңбек ресурстары порталы арқылы тексере алады.

Санитариялық кітапша дайын болған кезде 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келеді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 09:20


🇰🇿🇲🇩Қазақстан мен Молдава ынтымақтастыққа қол қойды

✍🏻 Кишинев қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен Молдова Республикасының Ұлттық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумның мақсатына сүйене отырып, екі ведомствоның делегациялары алғашқы ресми екіжақты кездесу өткізді. Тараптар активтерді қайтару саласында тәжірибемен және үздік дағдылармен алмасуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 08:23


🔗📲Мектепке жарылғыш зат қойылды деп түрмеден жалған хабар таратқан адамға үкім шықты

Талдықорғанда №71 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Ж. есімді қылмыскер терроризм туралы жалған хабарлама таратқан. 

Аса ауыр қылмысы үшін 25 жылға сотталған Ж. 2024 жылы қарашада түзеу мекемесінде отырып 112, 103 және 102 шұғыл қызметтеріне қоңырау шалып, №25 орта мектепте және автовокзалда жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлама жасап, автовокзалға жедел жәрдем бригадаларын жіберуді талап еткен.

Бұл нысандарды эвакуациялау және тексеру барысында жарылғыш заттар табылмаған.  

Сот оны ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, яғни өтеп жатқан мерзіміне тағы да 2,6 жыл қосылды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Feb, 07:39


🔗Қаңтар оқиғасы кезінде кісі өлтірген әскери қызметкер сотталды 

Айтжан Әубәкіров ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қаруды қолдана отырып, билікті асыра пайдалану айыбы бойынша сотталды.

Қылмыстық іс Алматы гарнизоны әскери сотында қаралды.

Айыпталушы кінәсіз екенін айтып ақталды. Алайда тергеу нәтижелері, сараптамалар, куәгерлердің және сарапшылардың айғақтарымен екі адамның өліміне себепкер болғаны дәлелденді.

📌Сот А. Әубәкіровті 7 жылға бас бостандығын шектеді және әскери атағынан айырды. Бұған қоса жәбірленушілерге моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

02 Feb, 11:42


😍 Елімізде тағы бір жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 3 қыркүйекті тазы мен төбет сынды қазақ ит тұқымдарының күні етіп бекітетін жобаны жариялады.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Қазақтың ит тұқымдары күні – үшінші қыркүйек болады», – делінген құжатта.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

02 Feb, 04:02


⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Қадірлі баспасөз қызметкерлері!

Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі.

Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді.

Елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткен. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді. Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр.

Газет-журналдарымыз алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін.

Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін!

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 19:20


⚽️ Қазақстан Дания құрамасынан ұтылып қалды

Футзалдан EURO 2026 іріктеу турнирі аясында қазақстандық футболшылар Даниядан 3:2 есебімен жеңілді.

Қарымта ойын 5 ақпан күні Елордада өтеді деп жоспарланған.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 18:48


🥇Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

⛸️Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 17:07


😍🏡Отбасынан айырылған Станиславқа бетперде таққан жігіт үй сыйлады

💖🎁Қайырымдылықпен айналысатын «человек в маске»  атымен танылған жігіт әкесі мен төрт туғанынан айырылған 16 жастағы Станислав Денисенкоға жұбату айтып,  үй сыйлады.

🔥Еске салайық, Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп,  әкесі мен төрт бала қаза тапқан. Петропавлдағы колледждердің бірінде оқитын Станислав бұл уақытта жатақханада болды.

▪️Жеті жыл бұрын анасынан айырылған бала қалған отбасы мүшелерінен бір-ақ күнде көз жазып қалғанын, енді жападан жалғыз қалғандай күй кешіп жүргенін айтты.

🫂«Сенің басыңнан өткерген қиындықты ешкімнің басына бермесін, сен жалғыз емессің, мұның бәрінен біз бірге өтеміз. Бұдан былай саған оқуымды қалай төлеймін деп уайымдаудың керегі жоқ, сондай-ақ көзіңді емдеуге де көмектесеміз. Енді өзіңнің баспанаң да болады», – деді бетперде таққан азамат.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 16:17


⚜️Нидерландыда мұражайдан құнды жәдігерлерді ұрлап кетті

🔹Дрентс мұражайында ежелгі Азия өркениетіне арналған көрмеден құнды жәдігерлер жоғалды.  Ұрылар 2500 жылдық Котофенешти алтын дулығасы мен біздің заманымызға дейінгі 50 жылға жататын 3 алтын білезікті ұрлап кетті.

🔹«Бұл оқиға халықаралық жанжалға айналып, ондаған детектив пен арнайы офицерлер тергеуге кірісті. Полиция 3 күдіктіні тұтқындап, тағы біреуін іздеуде. Артефактілердің сатылуынан қауіптенген мамандар оларды бүтін күйінде қайтаруға бар күшін салуда», — деп жазылған британдық The Guardian ақпараттық порталында.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 14:16


🏔Қазақ қызы Антрактиданың ең биік нүктесіне шықты

🧗‍♀️Эверестке шыққан Жәмила Баширова жаңа биіктікке бет алып, Антарктиданың ең биік шыңында да есімін қалдырды.

🌬Бұл әлемнің суық континенті – Антарктиданың ең биік нүктесі Винсон массиві. Қарашадан қаңтарға дейін полярлық күн жағдайының өзінде ауа температурасы —40-тан —70 градусқа дейін жетеді.

⛰️Жәмилә әлемнің әйгілі шыңдарына көтерілген. Атап айтқанда, Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрусқа (5 642 м), Оңтүстік Американың ең биік шыңы – Аконкагуаға (6 962 м), сондай-ақ Қырғызстандағы Ленин шыңына (7 134 м) екі мәрте шыққан.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 12:37


Астанада қоғамдық орындарда кальян шеккендер жазаланды

Елорданың Есіл ауданында қоғамдық орындарда кальян шегудің алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд жүргізілді.

«Екі ойын-сауық мекемесінде заң бұзушылықтар тіркелді. Олардың әрқайсысында заңсыз кальян шегудің бір дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды», – дейді полиция аға лейтенанты Жұлдыз Михин.

Кальян шегетіндерге ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.

Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 10:08


🎭Н.Сац театрының жөндеу жұмыстарынан кейінгі эскизы көрсетілді

Алматыда орналасқан Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының  ғимаратын реконструкциялау жұмысы жақында басталады. Жоба сараптамадан өтіп, енді мердігер ұйымды анықтау үшін байқау жарияланды.

Құрылыс жұмыстарына 21,7 млрд теңге бөлінеді. 

«Ғимарат жергілікті маңызға ие тарихи және мәдени ескерткіш болғандықтан, оның сәулет элементтерін қалпына келтіру мен сақтауға ерекше назар аударылды. Мысалы, бастапқы жобаға сәйкес, холлдың еден жабынының тарихи келбеті мен ғимараттың фойесіндегі мозаика да қалпына келтіріледі», – деді деді Құрылыс басқарма басшысы Алмас Шабдарбаев.

Театр жанында 10 мың шаршы метрлік үш қабатты ғимарат салынады. Бұл жұмыстардың барлығы 14,6 мың шаршы метр болатын қолданыстағы ғимаратты реконструкциялау жұмыстары аясында жүргізіледі.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 08:47


«Дикий Арман»  суицид жасамақ болды

Қаңтар оқиғасы кезіндегі қылмысы үшін 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиев өзіне қол жұмсауға оқталды.

«А.Жұмагелдиев өзіне аздаған жарақат келтірді. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған ерекше бақылауда. Онымен мекеме психологтары жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 07:53


Алматыдан 270 км жерде жер сілкінді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 1 ақпанда Астана уақытымен 7:05-те жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығыста 270 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы — 4,5.

Сейсмологтар ұсынған мәліметке сәйкес жер сілкінісі Қазақстанда сезілмеген.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 07:00


〽️1 ақпаннан бастап қандай тарифтер қымбаттады?

Бүгіннен бастап бағасы қымбаттады:

💡Электр энергиясының тарифы өсті. Жылу электр станцияларында және электр энергиясының көтерме нарығында бағалар 20%-дан аса қымбаттайды.

🚿Суық суға арналған тарифтер өсті. Сумен жабдықтаудың базалық тарифі 91,96 теңге/м³-ке дейін өседі, ал су айдауға – 83,54 теңге/м³ болады.

Бензин бес теңгеге қымбаттады. АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 210 теңге болды. Енді ай сайын осындай деңгейде бензин қымбаттайды.

Автогаздың литрі 102 теңге болды.

Бұған қоса тұрғын үйдің коммуналдық қызметтерге қатысты тұтыну тарифтері өсті.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 06:28


😱АҚШ-та тағы да бір ұшақ апатқа ұшырады

✈️ Learjet 55 медициналық эвакуация ұшағы Филадельфияның солтүстік-шығысында әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырады.

🛬Ұшақ құлаған Roosevelt Mall ғимаратының маңында зардап шеккендер көп. Бірнеше үй мен көліктер өртенген.

Ұшақ бортында экипаждың төрт мүшесі, педиатриялық бөлімнен бір науқас пен оның анасы болған. Тірі қалғандар туралы ақпарат жоқ. Апаттың себебі анықталып жатыр.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Feb, 05:19


🔗Талдықорғанда 14 жастағы қызды зорлап, өлтірген ерлі-зайыптыға үкім шықты

Кәмелетке толмаған Карина Дорохинаның өліміне туған анасы мен өгей әкесінің кінәсі дәлелденді.

Айыпталушы М. 2023 жылы күзде өгей қызына күш қолданып, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Ерлі-зайыпты алдын ала сөз байласып, қылмысты жасыру үшін қызды қасақана өлтірген.

«Сот үкімімен М. 121-бабының 3-2 бөлігі 3-тармағы, 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, 99-бабының 2-бөлігінің 7,10,14-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімімен Е. 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, 99-бабының 2-бөлігінің 7,10,14-тармақатрымен кінәлі деп танылып, оған 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай- ақ, одан жәбірленуші өкілінің пайдасына 15 млн. теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 18:43


🇮🇳 Үндістанда 144 жылда бір рет тойланатын Кумбха Мела мерекесі өтіп жатыр

Бұл мерекеде адамдар жаппай өзен суына шомылып, діни орындарды аралайды. Шомылу оларды күнәлардан тазартады деп сенеді.

Жалпы мереке басталғалы 200 миллионнан астам адам өзен суына шомылған. Мереке 26 ақпанға дейін жалғасады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 18:12


👍 Қазақстан Тәжікстанға 5 мың тонна мазут пен азық-түлік берді

Бұл өзара тату көршілік пен тиімділіктің көрінісі болып табылады.

Екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастар шеңберінде Қазақстан Тәжікстанға 871,9 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 15:40


‼️ Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы өседі

Көлік министрлігінің ұсынысы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Жаңа тарифке сәйкес, баға екі есе өседі:

– Жеңіл автомобильдер үшін – 0,14 АЕК;

– 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,16 АЕК;

– 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,28 АЕК;

– 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,32 АЕК;

– Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі автомобильдер үшін – 0,4 АЕК;

– Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар автомобильдер үшін – 0,44 АЕК.

Ай сайынғы абонементтің құны:

– жеңіл автомобильдер – 1 АЕК немесе 3 932 теңге;

– 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдер – 1,2 АЕК немесе 4 718 теңге;

– 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 2 АЕК немесе 7 864 теңге;

– 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін жүк автомобильдері – 3 АЕК немесе 11 796 теңге;

– Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 4 АЕК немесе 15 728 теңге;

– Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері үшін ершікті тартқыштар – 5 АЕК немесе 19 660 теңге (қазір 2,5 АЕК).

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 13:19


🎬 Желіде танымал блогердің ұсталғаны жайлы бейнежазба тарады

‼️ Белгілі болғандай, бұл есірткіге қарсы іс-қимыл туралы әлеуметтік ролик екен.

🚨 Астана қаласының Полиция департаменті жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 13:06


Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысына қатысты іс қайта қаралды

🔺Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасында «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрынғы бас директорына қатысты үкім қайта қаралды.

– Бірінші саты сотының үкімі өзгертіліп, сотталушыға ҚР Қылмыстық кодесінің 371-бабының 2-бөлігі бойынша 6,9 млн теңге (2023 жылға 2 000 АЕК) көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалды. Сот үкімінің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылды, — деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 12:24


Жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматыда көпқабатты үйдің кіребірінде баласын тастап кеткен әйелдің жеке тұлғасы анықталды.

«Жедел-іздестіру шараларының арқасында сәбидің анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталып, медициналық көмек көрсету үшін қаладағы ауруханалардың біріне орналастырылды. Баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің қазіргі әрекетіне не түрткі болғаны және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 11:54


💸Доллар бағамы сәл арзандады

🏦Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

〽️$1 орташа бағамы – 518,14 теңге. Ұлттық банктің 31 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 519,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,31 теңге. Еуро — 540,05.

🪙Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520,5 теңге. Еуро 538 — 541 теңге аралығында құбылып тұр.

💰 Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 521 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 543 теңгеден сатып алынады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 11:20


Астанада Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Сот шешімімен Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Б. Мажағұлов Есіл өзеніндегі «Күн» субұрқағының құрылысын қаржыландыруға бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталған.

Қылмыстық іс бойынша мердігер ұйымның өкілі Мәди Канапин 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны қаржы жымқыру және қылмыс жасауға көмектесу (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 28-бабы 5-бөлігі) бойынша кінәлі деп таныды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 10:53


⚜️ Арнаулы кеңесші Президентке Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишибаның ыстық ықыласын жеткізді

Сонымен қатар Токионың қазақ-жапон сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі жандандыруға бейілдігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Акихиса Нагашима жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтудың маңызын атап өтіп, сауда, энергетика, көлік, білім беру, мәдени-гуманитарлық салаларындағы, сондай-ақ климаттық өзгеріс мәселелері бойынша екіжақты өзара ықпалдастықты тереңдетудің перспективасын талқылады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 10:51


⚜️Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі Акихиса Нагашиманы қабылдады

Президент Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады.

– Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз «Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік» деп айтамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 10:30


Атырауда баласын өлімге итермелеген ер адам сотталды

▪️2023 жылдың қараша айында сотталушы кәмелетке толмаған ұлына қатыгездік көрсетіп, сиуцид жасауға дейін жеткізген.

«Көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, кәмелетке толмаған куәгердің және іс бойынша куәгердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамалары, кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындылары, қосымша кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасы және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрады», – делінген қалалық сот хабарламасында.

▪️Ер адам кодекстің 58-бабы 6-бөлігі негізінде айыпты деп танылды. Сот үкімімен ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 09:46


🇹🇷Түркияда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қонақ үйлер жабылады

🔥Болу провинциясындағы апаттан кейін жауапты мекемелердің мамандарынан құрылған арнайы комиссия барлық қонақ үйлерді тексеріп, мониторинг жүргізіп жатыр.

🧯🏢Өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған, апаттық баспалдақтары мен жер сілкінісіне дайындығы жоқ мемлекеттік лицензиясы бар қонақ үйлерге кемшіліктерді жою үшін бір апта уақыт берілді.

«Қонақ үйлердің барлығына тексеріс жүргізіп жатырмыз. Осы аптаның соңына дейін құжаттарды толықтырып, қонақ үйдің өрт кезіндегі талаптарға сай болуын реттеуі қажет. Дүйсенбіден бастап талапқа сай келмейтіндердің барлығын жаба бастаймыз, – дейді Стамбұл губернаторы Дәуіт Гүл.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 09:09


🧕🏻📿Әйелдердің мешітте намаз оқуына қатысты ҚМДБ пікір білдірді

🕌Діни басқарма көптеген мысалдар келтіре отырып, әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуына шектеу қойылмағанын, алайда үйде оқығаны абзалырақ болатынын айтты.

«Алла Елшісі (с.а.с.): «Әйел­деріңе ме­шіт­ке ба­руға тыйым салмаңдар. Бі­рақ үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­дан да қайырлы» деген. Ханафи мәзһабының ғалымдары фитнаға (бұзақылық) түсіп қалу қаупі болғандықтан, жас әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуын мәкруһ санаған. Ал жасы үлкен, қарт әйелдердің таң және ақшам мен құптан намаздарында мешітке баруына болады. Өйткені ниеті бұзақылар бесін мен екінті намазында қаптап жүреді. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі бойынша қарт әйелдер барлық парыз намазда мешітке бара алады», — деп жазылған хабарламада.

‼️ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мешітте әйелдерге арналған бөлек жер болып және ол жерге барар жол да көпшілікке көрінбейтіндей болғаны дұрыс деген пікір білдірді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 08:48


Ұлттық құрамаға уақытша бас бапкер тағайындалды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін Әли Әлиев уақытша атқарады.

➡️Әли Ханалиұлы Алматы қаласының тумасы. Футболшы мансабында «ЦСКА-Қайрат»,«Қайрат»,«Ертіс»,«Тобыл»,«Шығыс»,«Ордабасы» және «Қызылжар» клубтарында ойнады. Сондай-ақ Түркияның «Акчаабат Себатспор»,«Кайсери Эрджиеспор», «Карталспор» және «Диарбакырспор» командаларында өнер көрсеткен.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 07:47


Спортшы қызды зорлап, өліміне себепкер болғандардың ісі сотта қайта қаралды

▪️Ақтауда  29 жастағы Алина Серікованы көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлеген бір топ ер адамға қатысты сот үкімді өзгертті.

Басты күдікті Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Еркебұлан Аманқос 16 жылға, Аралбай Мерей мен Дархан Құлбас, Қуаныш Үсенғали 13 жылға сотталды. Сот үкімімен жәбірленушінің отбасына 30 миллион теңге өтемақы төленетін болады. 

📍Еске салайық, бірінші сатыдағы соттың шешімімен бес айыпталушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған. Бірақ Серікованың отбасы үкімді әділ деп санамай,  апелляциялық шағым түсірді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 07:26


✈️Еліміздегі әуе компаниялар 24 бағытта рейс орындайды

Биыл отандық әуе компаниялар 24 әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша ұшатын болады.

«Ел ішіндегі қалалар арасында әуе қатынасын одан әрі дамытып, жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін 2025 жылы субсидияланатын әуе рейстерін орындайтын әуе компаниялар конкурс нәтижесіне сәйкес айқындалды. Субсидияланатын маршруттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ішкі әуе нарығының дамуын қамтамасыз етпек»,  — деп мәлімдеді Көлік министрлігінен.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 06:59


😱Алматыда әйел жаңа туған сәбиін көқабаттың үйдің кіреберісіне тастап кеткен

Оперативті басқару орталығының хабарлауынша, жаңа туған қыз баланы Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алған.

Түрксіб ауданының полиция басқармасы аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

«Бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта қыз бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – делінген хабарламада.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 06:09


✈️🇺🇸АҚШ-тың авиациялық қауіпсіздігі мәселесі қайта қаралады

Вашингтондағы ұшақ апатынан кейін АҚШ президенті әуе қауіпсіздігі саласын дереу қайта қарау туралы жарлыққа қол қойды.

Азаматтық авиация басқармасы ұшулар мен персоналға бағалау жүргізеді. Дональд Трамп апатқа бұрынғы әкімшіліктің жұмсақ саясаты ықпал еткен болуы мүмкін екенін айтты.

Екі қара жәшік те сараптама жасау үшін зертханаға жіберілді. Бір ай ішінде әуе апатына қатысты тергеудің алдын ала себебі белгілі болады деп күтілуде.

«Менің айтып отырғаным тек құзыреттілік. Бізде осы салада ең қабілетті адамдар болғанын қалаймын, өйткені біз адамдардың өмірі туралы айтып отырмыз. Ұшақ жоспарланған бағыт бойынша ұшып бара жатқан, ал тікұшақ сол биіктікте болды. Егер тікұшақ биікте болса немесе ұшақ жақындағанға дейін ауада тоқтаса, соқтығыс болмас еді. Кім кінәлі екенін білмеймін – ұшқыштар ма, әлде әуе диспетчерлері, бірақ бұл қайғылы оқиға», – деді Дональд Трамп.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 05:21


🕌Рамазан айы биыл 1 наурызда басталады

📆Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2025 жылдың діни мереке күндерінің кестесіне сай, биыл ораза 1 наурыз басталады. Қасиетті Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады.

📍30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады. Құрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымда бітеді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

31 Jan, 05:14


🐅Экология министрлігі жолбарыстарды көбейтуге 1,1 млрд теңге сұрады

📌Министрлік бұл қаржыны жолбарыстарға жағдай жасауға қажет деп көрсеткен. Сондай-ақ аталған сома Ұлытау тау массивінің табиғи әрі тарихи-мәдени орындарын сақтау үшін де жұмсалады.

Еске салайық, Қазақстанда жолбарыс тұқымдарын қайта жандандыру идеясымен 2024 жылы Нидерландыдан амур жолбарыстары әкелінді. БҰҰ қолдауымен «Іле-Балқаш» табиғи қорығында жолбарыстарға арналған вольер орталығы құрылды.

Биыл Ресейден жабайы табиғаттан тағы үш-төрт жолбарыс әкелу жоспарланған.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Jan, 18:48


🔥 Қазақстан-Британ техникалық университетінің шатыры түтіндеп, лаулап жана бастады

Тілшіміз оқиға орнында жүр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Jan, 18:08


🔥 Қазақстан-Британ техникалық университетінен (ҚБТУ) өрт шықты

Белгілі болғандай, өрт 4-қабатта тұтанған.

Оқиға орнына 59 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Jan, 14:20


‼️Алматыдан 77 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Геофизикалық зерттеулер институты мәліметтер орталығының деректеріне сәйкес, Астана уақытымен сағат 16:15-те қуаты 3,8 балдық жер сілкінісі тіркелген.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Jan, 13:10


✈️ Тағы бір ұшақ апаты орын ала жаздады

АҚШ-тың Атланта қаласында жолаушылар ұшағы апатты жағдайда ұшуын тоқтатты.

Миннеаполис-Сент-Пол қаласына бет алған Delta Air Lines әуе компаниясына тиесілі Boeing 757 ұшағының қозғалтқышы ұшар кезде өртеніп кеткен.

Абырой болғанда, ішінде 200 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырамады. Қаза тапқандар жоқ, 4 адам зардап шеккен.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Jan, 13:06


🎾 Қазақстандық теннисші Анталиядағы жарыста жеңіске жетті

19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды.

Ол түркиялық Илай Йорукпен бірге жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген. Аталған жұп финалда доданың 1-ракеткалары, германиялық Мина Ходжич – швейцариялық Мари Меттраукспен бас жүлдені сарапқа салды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Jan, 11:06


Президенттің жастық шағындағы тарихи сурет жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңестік қытайтанушылармен бірге тәжірибе алмасу үшін алғаш рет Қытай еліне барған кезіндегі суреті «Қытай. 80-ші жылдар және одан басқа да...» атты Telegram арнасында жарияланған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Jan, 09:19


Банктен 55 млн теңге ұрлаған адам Швецияда ұсталды

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Швецияда 38 жастағы ер адам тұтқындалып, қамауға алынды.

2018 жылдың қазан айында күдікті Алматы қаласындағы банктің бірінен аударымдарда махинация жасай отырып, 55 миллион теңге ұрлаған.

Күдікті халықаралық іздеуде болды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Jan, 08:50


✉️ Президент белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

«Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Jan, 08:22


Қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі басталды

Турнир Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.

Оған республикада өткен басты рейтингтік жарыстарда ең жоғары ұпай жинап іріктелген 64 балуан 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта қатысады. Жеңімпаздар «Дала қыраны» титулын алып, бас балуан атанады.

Қатысушылардың арасында әлем чемпионаты және өзге де халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Алтынбек Аусағитов, Нұрдәулет Жарылғапов және Ерасыл Қажыбаев бар.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

11 Jan, 06:12


Тағы бір ұлы тұлға өмірден өтті

Бүгін белгілі абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 18:55


🤦🏻‍♂️ Астанада ер адам лифттің есігін теуіп сындырды

34 жастағы жігіт дереу ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

Ол 15 тәулікке қамауға алынды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 18:23


🔥 АҚШ-та алапат апатқа әкелген орман өртіне кінәлілердің бірі ұсталды

Ол Калифорния орманын қасақана өртеді деген күдікке ілігіп отыр.

Бұл туралы Daily Mail агенттігі хабарлады.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы деректерге сәйкес, өрттен 10 адам қаза тауып, 180 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жалын 14 мың гектар аумаққа жайылып үлгерді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 13:47


🇰🇿🇰🇬 Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

Президент Қырғызстан Сыртқы істер ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, берік достық пен тату көршілік байланыстарға арқа сүйеген қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық сипатында қарқынды әрі дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды іске асырудың маңыздылығына назар аударды.

Оның пікірінше, бұл келісімдер стратегиялық сипатқа ие әрі мемлекетаралық ықпалдастықты айтарлықтай нығайтады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 13:34


✍🏻 Президент «Келешек» жинақтау жүйесі туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Түзетулердің бірінші блогы мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы, жыл сайын төленетін мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қарастырылған, сондай-ақ бес жастан асқан балаларды қамтитын «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу мақсатында әзірленген.

Түзетулердің екінші блогы креативті индустрияны қолдау, соның ішінде әр облыс орталығында және ірі қалаларда креативті индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру тұрғысынан көмектесу шараларын қамтиды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 12:20


🛬 Тағы бір ұшақ апаты орын алды

Бұл жолы Бразилияда. Сан-Паулу қаласының Убатуба жағажайында Cessna Citation бизнес-ұшағы қону кезінде апатқа ұшыраған.

Ұшақ ішінде 5 адам болған. Біреуі қаза тауып (ұшқыш), 4 адам (2 бала) зардап шеккен.

Жағажайда жүрген бірнеше адам жарақат алған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 11:59


Қазақстандық жас әнші халықаралық байқаудың бас жүлдесін алды

17 жастағы Ержан Максим Дубайда өткен халықаралық беделді SANREMO BEST SONG 2025 байқауында үздік деп танылды. Әнші өзінің қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісті.

«SANREMO BEST SONG 2025 DUBAI халықаралық әншілер конкурсын бағындыру бұйырған екен, қадірменді ағайын! Ендеше, ерекше сезіммен барлық менің өнерімді бағалап, осы күнге дейін мені қолдап жүретін қазақ еліме басымды иемін. Бірақ осы жолы бесіктен осы күнге дейін мәпелеп өсірген, өнеріме бар өмірін арнаған анам мен әкешіме де арнағым келеді. Тума-туыс пен жақындарыма, ұстаздарым мен достарыма және барлық қолдау білдірген жан ағаларыма алғысым шексіз. Жеңісті күндеріміз көп, болашағымыз жарқын болсын!» – деп жазды парақшасында.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 11:23


Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Н. Сауранбаев ұлттық компанияның өткен жылы атқарған жұмысы туралы есеп берді.

— Қазақстан-Қытай түйіспелері арқылы 32 миллион тонна жүк тасымалданды. Контейнерлік транзит 8,8%-ға өсті. Тасымалданған контейнерлер саны 1,4 миллион жиырма пұттық эквивалентті құрады, — деді өз есебінде.

Сондай-ақ терминал желісінің кеңейіп жатқаны туралы мәлімет берді.

— Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстан-Қытай терминалы іске қосылды. Алматы қаласында, Әзербайжанның Алят теңіз портында, Мажарстан астанасы Будапешт қаласында, Мәскеу маңындағы Селятино кентінде Шығыс – Батыс бағыты бойынша терминалдардың құрылысы басталды. Ляньюньган портымен бірлесіп, Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары қолға алынды, — деді Н. Сауранбаев.

Басқарма төрағасы компания инфрақұрылымды, терминал желісін дамытуға және цифрлық шешімдерді енгізуге баса назар аударатынын жеткізді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 10:02


Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді

«Мұхтар Мағауиннің жаназасы қаңтардың 11-і, сенбі күні сағат 10:00-де Ленхем қаласындағы түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында өтеді», – деп жазылған жазушының ұлы Едіге Мағауиннің отандастарына жіберген хабарламасында.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 08:52


Енді жылжымайтын мүлікті алып-сатуды онлайн рәсімдеуге болады

Әділет министрлігі пилоттық жобаны іске асыру туралы бұйрықты әзірледі. Бұйрыққа сәйкес, мәмілеге қатысушылардың Астана, Алматы қалаларында орналасқан жылжымайтын мүлік объектілері бойынша банк платформасы арқылы нотариустардан онлайн режимінде сатып алу-сату мәмілесін онлайн-ресімдеу мүмкіндігі бар.

Бұған арнайы шарттар енгізілген. Құны 70 млн теңгеден аспайтын тұрғын үйді алып-сату бойынша мәмілеге қатысушылар 18-63 жас аралығындағы ҚР азаматтары болуы тиіс, процеске барлық меншік иелері қатысуы міндеттеледі.

Мәміле процесінде алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін тиісті органдар тексеріс жүргізеді.

Құжат жобасы 2025 жылдың 23 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 08:09


Cақ болыңыз!
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға ескерту жасады.


Желіде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнелер таралған. Бұл бейнероликтерге адамдар тиісті назар аудармай, шынайы ақшаны ажырата алмайтынын және заңсыз операцияларға қатысу сияқты жағымсыз салдарға әкеп соғатынын көрсетеді.

«2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірді. Жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асты. Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтері, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз», – делінген хабарламада.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 07:54


Президент әлемге әйгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады

Мемлекет басшысы Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фумен кездесуде  озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Кай-Фу жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты.

Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуда және бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар Ли Кай-Фу Қазақстанның IT бастамаларды енгізу, бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетін жоғары бағалады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 06:43


✉️ Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады

– Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 06:40


Қазақстан Қытайда 2025 жылғы ең перспективалық жаңа бағыт деп танылды

230 миллионнан астам қолданушысы бар Қытайдың Tongcheng Travel атты жетекші онлайн-туристік агенттігі «Kazakh Tourism» компаниясына осындай марапатты табыстады.

Өткен жылы қытайлық туристердің легі Қазақстанға ағылып келіп, біздің елді көруге құмартқандар саны арта түскен. Tongcheng Travel компаниясы бұл үрдіс 2025 жылы да жалғасады деп болжап отыр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 06:05


Алматы әуежайында жоғалған жүктер сатылмайды

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді. Олар әлеуметтік желідегі мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты.
 
«Алматы халықаралық әуежайы ешқандай аукцион өткізіп жатқан жоқ. Егер сіз жоғалған жүктер сатылымы жөнінде жарнама көрген болсаңыз, сілтемесін бізге жіберіп, ол парақшаға шағымдануларыңызды сұраймыз. Мұқият болып, алаяқтардан сақ болыңыз!», – делінген хабарламада.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 05:35


Белгілі жазушы Мұхтар Мағауин өмірден өтті

Бұл туралы қаламгердің ұлы Едіге Мағауин Facebook-тегі парақшасында жазды.

– Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55–те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55), – деп жазды ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

10 Jan, 04:57


Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлағандар ұсталды

Қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылғаны анықталды. 

«20-дан астам тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

09 Jan, 18:30


🔥Лос-Анджелестегі әйгілі Hollywood жазуы өртенбеген (фейк) болып шықты

Бұл туралы РИА басылымы жазды. Желіде тараған бейнежазбалар мен фотолар жасанды интеллектпен жасалған.

Лос-Анджелес тұрғындары Х желісінде әйгілі жазудың өртенбегені туралы жазып жатыр. Тіпті, дәл қазіргі фото-видеоларында жүктеп қойған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

09 Jan, 15:14


🤦🏻‍♂️ Астанада ойыншық қару асынған жасөспірім жұрттың зәресін алды

Белгілі болғандай, полицияға «көшеде камуфляж киген және қаруға ұқсас зат асынған» адамның жүргені жайлы хабарланған.

Тәртіп сақшылары оны дереу ұстап, тексерген.

Сөйтсе, жасөспірімнің қолындағы «қару» ойынға арналған болып шықты. Ал өзі страйкболға барып, онысы болмағасын үйіне қайтып жатқан түрі екен.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

09 Jan, 14:50


🚗 Алматы облысында Көшпенділер қалашығына жол салынады

Бұл туралы Қонаев қаласы әкімдігінің Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев айтты.

«Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда бюджеттік өтінім беріліп, құрылысқа ақша бөлу мәселесі қарастырылады», – деді ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

09 Jan, 13:56


🚨 Сирияда Башар Асадтың билігі құлағалы 52 мыңнан астам адам Түркиядан отанына оралған

Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Бүгінде Түркияда тағы 2 млн 880 мыңнан астам сириялық босқын өмір сүріп жатыр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

03 Dec, 17:49


🇰🇿🇸🇦 Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудпен кездесті

Президент Рияд қаласында One Water саммитін ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа және Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, осы кезеңде екі ел арасында сенімді саяси диалог жолға қойылып, берік құқықтық база қалыптасты.

Сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асты.

🇸🇦 Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд Қазақстанды Сауд Арабиясының Орталық Азиядағы маңызды серіктесі деп атады.

Премьер-министрдің пікірінше, екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарын қарқынды түрде дамытуға мол мүмкіндік бар.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

03 Dec, 17:46


⚜️Қасым-Жомарт Тоқаев мұздықтарды қорғау мен зерттеуге арналған жаһандық орталықтарды біріктіретін серіктестік құруды ұсынды

– Мұздықтар су алмасу циклінде айрықша рөл атқарады. Олар дүние жүзіндегі 2 миллиардқа жуық адамды сумен қамтамасыз ететін өзен-көлдерді қоректендіреді. Сондықтан мұздықтардың еруіне жол бермей, тіршілік нәріне мұқтаж өңірлердегі су ресурстарын басқару стратегиясын қолдау үшін бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірыңғай су саясатын әзірлеген жөн, – деді Президент.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

03 Dec, 17:11


😨 Тағы бір елден тыныштық кетті

Бүгін Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёл шұғыл үндеу жасап, елде «әскери жағдай» жариялады.

Ол үндеуінде өзіне қарсы заңсыз импичмент (биліктен тайдыру) жариялануы мүмкін екенін ескертті.

Елде «әскери жағдай» енгізілген сәтте саяси әрекеттерге баруға тыйым салынды.

Осыдан кейін Сеул қаласына бронды техникалар мен әскер кіргізіліп, Парламент ғимараты қоршауға алынды. Парламент мүшелері ғимаратқа кіргізілмей қойды. Себебі олар Парламентке кірсе, «әскери жағдайды» жоюды жақтап дауыс беруі мүмкін еді.

Содан соң Парламенттегі оппозиция жетекшісі Ли Чжэ Мён халықты көшеге шақырып, Парламент алдына жиналуға үндеді.

Халық көшеге шығып, депутаттар дегеніне жетті. Олар ақыры Парламент ғимаратына кіріп, жиын өткізді. Әскерилер Парламентке бағынып, ғимаратты тастап шықты.

Парламент мүшелері «әскери жағдайды» жоюды жақтап дауыс берді. Енді Парламент Президент Юн Сок Ёлге импичмент (биліктен тайдыру) жарияламақ.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

03 Dec, 14:40


😍 Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы сериалға кастинг жүріп жатыр

Бұл туралы Karga Seven Pictures киностудиясы хабарлады.

Сериалдағы рөлдерге үміткерлерден өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Кандидаттарға қойылатын басты талаптар: жасы 8 жастан 60-қа дейінгі қазақ болуы тиіс, сонымен қатар олардың Орталық Азия немесе шығыс Азиядан шыққаны және ағылшын тілін толық меңгерген болуы керек. Бұдан бөлек атқа міне алуы қажет.

Жоба әзірлеушілері сериал түсірілімін барынша Қазақстан жерінде жүргізіп, оған отандық киноиндустрия мамандары мен сарапшыларын қатыстыруға тырыспақ.

Қазіргі таңда сценарий жазу бойынша жұмыстар аяқталған.

Оны әзірлеуге белгілі жазушы Джастин Поллард, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысқан.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

03 Dec, 13:59


🤦🏻‍♂️ Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды

Енді ол 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады.

Белгілі болғандай, осы жылдың қыркүйек айында полиция капитаны ер адамға ұрлық дерегі бойынша полиция бөліміне баруды сұраған.

Сол кезде оның әйелі мас күйде шу шығарып, тәртіп сақшысын балағаттай жөнелген.

Сот барысында әйел өз кінәсін мойындап, бұл ісіне өкінетіндігін жеткізді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

03 Dec, 13:08


⚜️Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

Бүгінде қаржы институтымен бірлесе су ресурстары, көлік және білім беру салаларында жалпы құны 3,5 миллиард доллар болатын бес ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің Көлік жолдарының орнықтылығы мен байланысын жетілдіру бағдарламасы (TRACE) шеңберінде атқарылатын қазақстандық жобаға 650 миллион доллар көлемінде қаржы бөлу туралы шешімін құптады.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Орта дәлізді дамытуға, атап айтқанда, Жезқазған – Қарағанды автомагистралінің құрылысына салынатын инвестицияның стратегиялық маңызына назар аударды.

Аджай Банга Дүниежүзілік банктің Қазақстанмен арадағы ықпалдастық деңгейіне жоғары баға беріп, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға дайын екенін растады.

Атап айтқанда, банк экономиканың түрлі саласында бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

03 Dec, 12:49


⚜️Қайсар Маңқараев Арыс қаласының әкімі болып тағайындалды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Nov, 17:34


⚜️Қанат Бозымбаев Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесінің жұмысын тексерді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Tasqyn» жобасы жүзеге асырылуда.

Жүйе автоматтандырылған режимде су қоймасына су ағынын болжауға, көктемгі су тасқыны көлемін анықтауға және су басу аймақтарын модельдеуге мүмкіндік береді.

Оны әзірлеуге цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, су және ирригация, төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар министрліктері қатысты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Nov, 13:59


✍️ Махсут Гусейнов «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Nov, 12:59


😳 Астанада ер адам лифтте 15 жастағы баланы қорқытқан

Жасөспірімнің анасының айтуынша, дап-дардай еркек ұлын балағаттап, қолын қайырып, лифттен шығармай қойған.

Астана қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Nov, 11:12


⚜️Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Мемлекет басшысына Баку қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясының басты қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Президентке 3 желтоқсан күні Эр-Рияд қаласында өтетін One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысы баяндалды.

Аталған саммит Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің және Сауд Арабиясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Президент Қазақстанның экология, су ресурстары және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларын сапалы іске асыруды тапсырды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Nov, 10:06


😍 Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы болды.

Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Nov, 08:55


😳 Ұлттық банк интервенция жүргізуге 1 млрд теңге жұмсаған

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті.

«16 қарашадан бастап интервенция жүргізіп жатырмыз, соған 1 млрд теңге жұмсалды. Интервенция жүргізу қарапайым азаматтарға, яғни жеке тұлғаларға әсер етпейді. Кеше сағат 18:00-де барлық филиалдан ақпарат жинадық, ешқандай артық сұраныс болмай тұр. Бұл тек қана Қазақстан қор биржасында жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаларға қатысты. Біз тұтынушы ретінде сол қалыптамыз», – деді ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Nov, 07:55


⚜️Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Аида Балаева министрліктің мәдениет, ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынас, жастар саясаты, креативті индустрия, отбасы-демографиялық саясат, мұрағат және кітапхана ісі салаларында биылғы атқарған шаралары туралы мәлімет берді.

Биыл алғаш рет қазақ өнері әлемге әйгілі арт-алаңдарда, атап айтқанда, Венеция биенналесінде, Гиме Азия өнері музейінде таныстырылған.

Биыл елімізде журналистердің мәртебесін арттыруды көздейтін жаңа БАҚ туралы заң қабылданған.

«Қазақфильм» киностудиясын тікелей қаржыландыруды қарастыратын заңнамалық өзгерістер Парламент қарауына ұсынылған.

❗️Президент келесі жылы өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді мерейтойлық әрі маңызды іс-шараларға дайындық барысын жіті бақылауға алуды тапсырды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Nov, 06:38


‼️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді

Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Nov, 05:47


😢 Жетісайдағы базарда арба сүйреп жүрген 7 жастағы бала көпшілікті жылатты

Белгілі болғандай, бүлдіршіннің анасы жоқ екен, мектепке де бармайды. 5 жастағы інісі мен әкесі үшеуі бірге тұрады.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті баланың қауіпсіз жерге орналастырылғанын хабарлады.

«Аталған мәселе түпкілікті шешілгенге дейін Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында болмақ», – делінген хабарламада.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

28 Nov, 16:34


✉️ Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇦🇱 Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі.

Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

28 Nov, 15:58


🇰🇿🇷🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды

Әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді.

Сондай-ақ суретші Әсел Сабыржанқызы Ресей Президентіне елімізге жасаған сапарына арнап салған картинасын сыйға тартты.

Полотнода екі елдің достығы бейнеленген.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

28 Nov, 13:59


✈️ Эквадордың Санта-Елена қаласында ұшақ жолда кетіп бара жатқан көліктің үстіне құлады

Апат салдарынан аты аңызға айналған ұшқыш Диана Руис пен курсант Андрес Рамирес қаза тапты.

Жеңіл көлік пен мотоцикл жолаушылары ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның себебі әлі белгісіз. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, Диана Руис дыбыстан жылдам ұшатын ұшақты басқарған алғашқы әйел болып табылады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

28 Nov, 11:45


✍️ Жиын қорытындысы бойынша мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды

Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді.

Сонымен қатар президенттер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме қабылдап, келесі жылы осы айтулы датаға орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың жоспарын бекітті.

Астанада қабылданған құжаттар Ұйым мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін барлық мүше мемлекеттердің мүддесіне сай кешенді түрде дамытуға бағытталған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Nov, 15:04


‼️ Енді есірткі қылмысына қатысы дәлелденген лауазымды тұлға өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желіде жазды.

«Мәжілісте есірткі өндірушілеріне жазаны күшейтуге бағытталған маңызды заң жобасы талқылануда. Жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатайту ұсынылды. Бұл – әділетті шешім. Депутаттар осы норманы қолдап дауыс берді. Алайда, бұдан да күрделі мәселе бар. Қылмыспен күресуі тиіс азаматтардың өздері есірткі бизнесіне араласқан кезде не болады? Біз құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен өздерінің лауазымын, қызметтік мүмкіндіктерін және ақпаратқа қолжетімділікті пайдаланып, есірткі айналымына қатысқан өзге де лауазымды тұлғаларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу туралы ұсыныс жасадық», – деді ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Nov, 10:16


🌨️ Астананы қалың тұман басты

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

22 Nov, 15:48


⚜️Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды.

Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ақынның «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аяулым», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Өмір-өзен», «Сағындым сағым жылдар», «Дос керек», «Сарыарқа» және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

22 Nov, 14:09


✍🏻 Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заңға қол қойды

Заң азаматтардың, қандастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

22 Nov, 13:25


😳 Павлодарда жетім қызды зорлаған ер адам полиция қолына түспес үшін өзін атып өлтірді

Железин ауданындағы балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісін гинекологиялық тексеру барысында бұрын оның ер адаммен жыныстық қатынаста болғаны анықталған.

Қызды зорлаған кісі оны біраз жыл бұрын қамқоршылыққа алған ер адам болып шықты.

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда күдікті іздестіріліп жатқанын біліп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

22 Nov, 11:53


🔥 Батыс Қазақстанда тұрғын үйден өрт шығып, балалар төртінші қабаттан секіруге мәжбүр болды

Оқиға Ақсай қаласы №10 шағынаудандағы №19 үйде орын алған. Өрт төртінші қабаттағы пәтерден тұтанған.

Құтқарушылар 12 адамды алып шықты. Зардап шеккен 3 адам (2016 жылғы 2 ұл бала, сондай-ақ 1981 жылғы әйел) Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді. Жағдайлары ауыр.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

22 Nov, 10:57


⚜️Роллан Серіков Туризм және спорт министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

22 Nov, 09:56


🥺 Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты

Екі адам ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, «Лада Приора» көлігі мен «Ютонг» маршруттық автобусы соқтығысқан. Салдарынан «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Жол апаты кезінде автобуста 30 шақты адам болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

22 Nov, 08:08


⚜️Дмитрий Мун Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

22 Nov, 07:51


❄️ Алдағы үш күнде 23 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта қар түседі», – делінген хабарламада.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

22 Nov, 07:37


💸 Биткоин бағасы 100 мың долларға жақындады

Дәлірек айтқанда, 1 биткоин құны 99314,27 долларды құрап отыр.

Дональд Трамптың криптовалютаға деген оң көзқарасы биткоинның күрт өсуіне себеп болып жатыр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Nov, 18:31


😍 Өзбекстандық саяхатшы Антарктидаға барып, түркі елдерінің туын тікті…

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Nov, 16:41


⚜️Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алатауды дамыту мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысы өтті

Қатысушылар «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңды әзірлеу және арнайы экономикалық аймақтар бойынша заңнаманы қайта қарау жөніндегі шараларды талқылады.

Бұған дейін Қанат Бозымбаев Қытайдың SDI даму институтының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, олар осы бағытта көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.

Вице-премьер жаңа қаланы салу кезінде тек халықаралық стандарттарға ғана емес, сонымен қатар өз тәжірибемізге де сүйену қажет екенін атап өтті.

«Соңғы жылдары жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласы бой көтерді. Бұл тәжірибе Алатау қаласына да пайдалы болуы мүмкін. Алматы облысының әкімдігіне Түркістан қаласының құрылыс тәжірибесін жан-жақты қарастыруды тапсырамын», – деді ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Nov, 13:15


✍🏻 Президент Қазақстан мен Вьетнам арасында сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Nov, 12:07


⚜️Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының басшысы қызметінен кететінін айтты

Ол бұл қызметке 2022 жылдың 28 ақпанында тағайындалған болатын. 

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Nov, 10:54


😍 Ердоған Бішкекте балаларға ақша таратты

🇰🇬 Қырғыз елінің астанасы Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне келген 🇹🇷 Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің жомарттығын тағы бір мәрте көрсетті.

Ол жол бойында тоқтап, балаларға ақша таратты.

Бұл «болашағың жарқын әрі табысты болсын» дегені шығар.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Nov, 08:02


⚜️Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды Қазақстан мен Азия даму банкінің нәтижелі қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қаржы институтымен өзара ықпалдастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ банктің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.

Азия даму банкі 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды.

Атап айтқанда, банк Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ Ақтөбе – Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты.

Қазақстан Президенті жаңа басым бағыттар бойынша бірлескен шараларды одан әрі жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Қазақстанда экономиканы ырықтандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін қажетті жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Nov, 07:57


😨 Түркістан облысында жыртық тудың желбіреп тұрған бейнежазбасы тарады

Бейнежазба авторларының айтуынша, оқиға Келес ауданында болған.

Әкімдік оқиғаға қатысты түсінік берді.

Мемлекеттік Ту нөсер жаңбыр мен қатты желдің әсерінен жыртылған. Артынша, дереу ауыстырылыпты.

«Орын алған жайт бойынша жауапты мекемелер шұғыл түрде Мемлекеттік Туды қалпына келтірді», – делінген хабарламада.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Nov, 06:47


⚜️Талғар қаласына жаңа әкім сайланатын болды

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы қала әкімінің сайлау күнін 15 желтоқсанға белгіледі.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

08 Nov, 05:34


😍 Балқаш көлінің су деңгейі көтерілді

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Жыл басынан бері Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше шақырым су жіберілді. Осының нәтижесінде көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 метрге жетті.

Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады.

Биыл Қытаймен шекара маңындағы Добын гидробекеті бойынша орташа су ағыны секундына 384 текше метр болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға артық.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Nov, 18:58


‼️ Үндеу, Астанада қатты жел мен бұрқасын жалғасады

Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерді қозғалыс кезінде өте сақ болуға шақырды.

Себебі 8 қараша түнде қарлы боран күтіледі. Түнде оңтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/с болады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Nov, 17:04


💨 Астанада қатты жел жұртты әбігерге салды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Nov, 12:48


🇷🇺 Путин 27 қарашада Қазақстанға келеді

Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті.

Ол сапар барысында ондаған құжатқа қол қойылатынын айтты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Nov, 12:22


🌨️ Астанада ауа райына байланысты 12 рейс кешіктірілуде

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы хабарлады.

«Қазіргі уақытта ұшып шығуға жоспарланған 80 рейстің 6-сы, ұшып келуге жоспарланған 82 рейстің 6-сы кешіктірілді», – делінген хабарламада.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Nov, 12:00


‼️ Алексей Ни енді өмір бойына бапкерлікпен айналыса алмайды

Ақпаратты Қазақстан Ауыр атлетика федерациясы растады.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен Халықаралық тестілеу агенттігі осындай шешімге келген.

Себебі оның зілтеміршілерге допинг ішкізгені белгілі болды. 

Айта кетейік, Алексей Ни Қазақстан ұлттық құрамасын 1994-2016 жылдар аралығында баптаған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Nov, 09:30


😍 Балуан Ержет Жарылқасын Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингінде көш бастады

Отандасымыз Тирана қаласында өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, турнирлік кестедегі орнын жақсартты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Nov, 08:26


🥺 Павлодарда қатты желден егде жастағы әйелдің үстіне ағаш құлап, қайтыс болды

Жазатайым оқиға таңертең болған.

Қатты дауыл салдарынан ауладағы ағаш құлап, 67 жастағы әйелді басып қалған. Зейнеткер оқиға орнында көз жұмды.

Павлодар облысы аумағында екпіні 30 метрге дейін жететін дауыл соғып тұр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Nov, 07:10


😍 Франция Президенті Эмманюэль Макрон Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай Франция Президенті Эмманюэль Макрон кеше Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізген болатын. Әлемге әйгілі әншіміз Димаш Құдайберген жиналған қауымды әсем әнімен тәнті етті. Димашымыздың Париж төрінде шырқаған екінші әні атақты «Дайдидау». Елисей сарайында қос Президенттің алдында орындаған екі әнін де мемлекеттік қабылдауға жиналған жұртшылық өте жылы қабылдады. Осы екі әннің видеосын жолдаған француздық әріптесім Анастасия Колосимоға айрықша рахметімді айтамын», – деп жазды ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Nov, 04:37


🇷🇺 Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанаға келді

Ол екі күндік сапарында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізеді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

07 Nov, 04:08


✍️ Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Айманакумов пен Михаил Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

03 Nov, 10:12


😢 Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 214 адамға жетті

Жергілікті халық су басқан көшелерді бірігіп тазартуда.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

03 Nov, 09:40


🇰🇿😍 Үш боксшымыз жастар арасында әлем чемпионы атанды

Бокстан Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлемдік додада үш спортшымыз топ жарды.

Айталық, Төрехан Сабырхан 67 келі салмақтағы финалдық бәсекеде кубалық Дэвид Мануэль Эспиноса Сантояны жеңіп, алтын еншіледі.

Санжарәлі Бегалиев 75 келі салмақта өзбекстандық Джафарбек Шахбазовпен қолғап түйістіріп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Ал Аружан Зейноллаева 81 келі салмақта өзбекстандық Рухшона Парпиевамен шаршы алаңға шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

02 Nov, 16:10


⛸️ «Медеу» мұз айдынында жаппай сырғанау маусымы ашылды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

02 Nov, 15:58


😍 Қазақстан тарихында алғаш рет вольфрам өндіретін зауыт іске қосылды

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

Жобаның құны 300 млн долларды құрайды.

Зауыт 1 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Жылына 3,3 млн тонна руды қайта өңдеп, вольфрам концентратының 65% үлесін шығарады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

02 Nov, 12:54


🔥 Алматы маңында жиһаз цехы өртенді

Оқиға Қарасай ауданында орын алған.

Жалын 231 шаршы метр аумақты шарпыған.

Салдарынан екі адам жеңіл жарақат алды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оны сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 27 қызметкері мен 9 бірлік техника және Алматы қаласы ТЖД-ның 5 қызметкері мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Nov, 15:20


⚜️Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жөнінде жиын өткізді

Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау, құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және оған жол бермеу бойынша жүйелі әрі жедел іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Ерлан Қарин бұл проблемалар мемлекеттің жіті назарында екенін атап өтті.

Мемлекеттік органдар қажетті институционалдық шешімдер әзірлеп, сын-қатерлердің алдын алу тетіктері мен алгоритмдерін жасады.

Мемлекеттік кеңесшінің пікірінше, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды заң талаптарына қайшы ақпараттан қорғауға бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңызы зор.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Nov, 14:09


😍 Елімізде Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді

Бұл виза заманауи көшпенділерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған.

Neo Nomad визасын алу үшін шетелдік азамат Қазақстаннан тыс жерде тұрақты кірісінің бар екенін дәлелдеуі керек, оның мөлшері айына кемінде 3 мың долларды құрауы қажет.

Виза иелерінің бір жылға дейін Қазақстанда тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады.

Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңгені құрайды деп болжанып отыр.

Neo Nomad визасын пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды, бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Nov, 12:01


⚜️Мемлекет басшысы күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматовты, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовті және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиісті ведомстволардың жауапты қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Nov, 10:33


🇰🇿🇫🇷 Мемлекет басшысы Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісін жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екенін жеткізіп, елші Сильван Гиогенің жауапты қызметіне табыс тіледі.

Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Франция Республикасына жасайтын мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды.

Президент аталған сапар Астана мен Париж арасындағы байланыстардың келешегін айқындап, қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Nov, 10:25


⚜️Венера Калимова Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрайымы болып тағайындалды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Nov, 10:23


⚜️Бүгіннен бастап Стивен О’Малли БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі міндетін уақытша атқарушы қызметіне кірісті

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Nov, 10:19


🇰🇿 Үстел теннисінен Словакияда өткен турнирде Жания Бекмұхамбетова жеңімпаз атанды

Ол Сенец қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді. 

Отандасымыз 11 жасқа дейінгі балалар арасындағы бәсекеде қарсылас шақ келтірмеді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Nov, 08:48


⚜️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында төрт мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің, сондай-ақ Еуропа Одағы өкілдігі басшысының Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Мемлекет басшысына Франция елшісі Сильван Гиоге, Еуропа Одағының елшісі Алешка Симкич, Финляндия елшісі Янне Хейсканен, Канада елшісі Кристофер Дагган, Бразилия елшісі Марсель Фортуна Биато сенім грамоталарын тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілермен жүздесу барысында Қазақстан бейбіт дипломатия қағидатын ұстанатын ел екенін әрі халықаралық аренадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымымен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейіл екенін растады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

01 Nov, 07:32


✉️ Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇩🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады.

Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Oct, 11:13


😍 Астанада ауқымды туристік аудан салынбақ

Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қаулысында айтылған.

Оның ішінде қонақүйлер, мейрамхана және басқа да ойын-сауық орталықтары болады.

Қаулы жобасы 12 қарашаға дейін қоғам талқысына ұсынылады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Oct, 11:02


🇰🇿🇹🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияның Ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады

Президент құттықтау жеделхатында Түркияның бірлігі мен дамуының бірегей нышаны саналатын бұл күннің мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық екі ел игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның аса жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Oct, 10:09


🇰🇿🇲🇳 Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды

2019 жылы ашылған музей қорында 10 мыңнан астам бірегей жәдігер бар. Экспозицияның негізгі бөлігі ұлы қолбасшы әрі жиһангер Шыңғыс хан тұлғасына арналған.

Бұдан бөлек көрмеде Ғұн дәуірінен бастап XX ғасырға дейінгі Моңғол мемлекетінің қалыптасу кезеңдерін толық қамтитын артефактілер қойылған.

Музейдің тағы бір маңызды міндеті – Еуразия халықтарының көшпелі өркениеті мен мәдени мұрасын зерттеу және оны жан-жақты дәріптеу.

Мемлекет басшысы музейді аралап көріп, Құрметті қонақтар кітабына: «Шыңғыс хан ұлттық музейі – ұлы тұлғаның және тұтас мемлекеттің шежіресі. Руханият ордасы ел игілігіне қызмет ете берсін. Моңғолия халқының мерейі үстем болсын!» деп жылы лебізін қалдырды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Oct, 07:25


🇰🇿🇲🇳 Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті

Қазақстан Президенті Ұлан-Батырға мемлекеттік сапары барысында Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен өткен келіссөздерге жоғары баға беріп, соның нәтижесінде мемлекетаралық ынтымақтастық стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Спикерді және бүкіл моңғол халқын биыл маусым айында парламент сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

Президент Хуралдың жаңа құрамы елдегі демократиялық үдерістердің дамуына елеулі үлес қосып, Моңғолияның халықаралық аренадағы абырой-беделін арттыруға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы заң шығарушы органдардың диалогы қазақ-моңғол қатынастарын ілгерілететін маңызды алаң деп санайды.

Сондай-ақ депутаттардың достық тобы парламентаралық байланыстарды нығайту ісінде зор рөл атқаратынын жеткізді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Oct, 07:14


🚜 Елімізде соңғы 9 айда 5 мыңнан астам трактор мен комбайн құрастырылған

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

«Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары отандық техникамен, оның ішінде әлемдік CLAAS, Horsch, Deutz Fahr брендтерінің Қазақстанда өндірілген заманауи техникасымен қамтамасыз етілген. Биыл әлемдік нарықтың көшбасшылары Amazone және Zoomlion компаниялары елге тартылды», – деді ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Oct, 07:09


⚜️Аслан Тапишев Орал қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Oct, 06:32


✍️ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациялары төмендегідей құжаттарға қол қойды

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;

6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Oct, 05:34


😍 Қазақстанда машина жасау саласында 120 мың адам жұмыс істейді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық машина жасауды дамыту мәселелері қаралды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бүгінде өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан өндіруші өнеркәсіпті қуып жетіп, өсімін жалғастыруда.

Бұл ретте жетекші орындардың бірін машина жасау саласы алады – 20%. Оған 4 мыңға жуық компания жұмылдырылған, 120 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

«Машина жасауды дамытудың негізгі артықшылықтарының бірі – оның күшті мультипликативті әсері. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, салада бір жұмыс орнын құру аралас салаларда шамамен жеті-сегіз жұмыс орнының пайда болуын ынталандырады. 2024 жылдың 9 айында салаға шамамен 124 млрд теңге инвестиция тартылды, өсім 2 есе. Өндіріс көлемі 3 трлн теңгеден асты. Нақты көлем индексі – 104,2%», – деді ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

29 Oct, 04:10


🇰🇿🇲🇳 Моңғолияға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды.

Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

25 Oct, 18:37


😍 Алматыда Республика күніне орай дрон шоу ұйымдастырылды

Шоу шамамен 20 минутқа созылып, оны 15 мыңға жуық адам тамашалады.

Аспанға 500-ден астам дрон ұшырылып, түрлі бейнелер көрсетілді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

25 Oct, 17:51


💥Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу өтті

Отшашу Триатлон паркінде ұйымдастырылды.

Оны тамашалауға 10 мыңнан астам адам жиналды.

4 минут ішінде аспанға 2500 отшашу ұшырылды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

25 Oct, 16:28


😍 Шымкентте Республика күніне орай биіктігі 100 метр болатын ту көтерілді

Алыптығы сонша Мемлекеттік туды қаланың екінші шетінен көруге болады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

25 Oct, 11:03


🇰🇿 Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді

«Медеу» мұз айдынында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.

Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Мемлекеттік тудың көлемі – 98 шаршы метр, биіктігі – 40 метр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

25 Oct, 06:05


🇰🇿 Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық мереке – Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.

Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.

Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған бұл күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы деп баға берген болатын.

Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды.

Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

24 Oct, 18:58


😍 Александра Ле нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле Шымкент қаласында өтіп жатқан турнирде ел рекордын тіркеді.

Ол 10 метрден винтовкамен оқ атуда 633.5 ұпай жинады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

24 Oct, 15:19


😍 «Үздік педагог» байқауының әр жеңімпазына 3,6 млн теңге сыйақы берілді

Астанада «Үздік педагог-2024» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқауға мектептер мен колледждерден 1 750 мұғалім қатысып, арасында 64 педагог өз ісінің үздігі ретінде танылды.

Республикалық байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 АЕК (3,6 млн теңгеден астам) мөлшерінде сыйақымен марапатталды.

«Үздік педагог-2024» байқауын жеңген астаналық ұстаздар:

- Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Ақмарал Қожантаева;

- С.Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Баян Қырғызбаева;

- №73 мектеп-лицейінің шару тарих пәнінің мұғалімі Гүлназия Ұзақбайқызы;

- №46 балабақша-мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Андрей Хлыбов;

- Жоғары көлік және коммуникация колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Айнагүл Сүндетова.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

24 Oct, 12:15


⚜️Президент «БРИКС плюс» саммитіне қатысушылармен әңгімелесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

24 Oct, 11:38


⚜️Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдірді

– Біздің ойымызша, қақтығыстың кедейшілік, теңсіздік пен білімсіздік сияқты түп себептерін бірлесіп жою халықаралық саяси ықпалдастықты нығайтудың негізгі факторы болып қала береді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалауды және оның құрамын Африка, Латын Америкасы, Азия елдерінің жаңа мүшелері есебінен кеңейтуді қуаттайды, – деді Президент.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

24 Oct, 11:36


⚜️Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, БРИКС-тің көпжақты күш-жігері әлемде әлі де баламасы жоқ әмбебап құрылым саналатын БҰҰ қызметін толықтыра түседі

– БҰҰ Жарғысындағы дипломатия мен диалог қағидаттары БРИКС-тің негізгі күн тәртібіне айналды. Ол қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етіп отыр. Біз Еуразияның тең әрі біртұтас қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты Ресейдің тұжырымдамасын жоғары бағалаймыз. Оның түп негізінде өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту арқылы геосаяси қысымды төмендету ниеті жатыр. Қазақстан Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтау, егемендікті қорғау, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және көпқырлы тәсілдерді қолдану арқылы жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бастамасын қолдайды. Сондай-ақ еліміз Қытай мен Бразилияның Украина жөніндегі бейбіт жоспарын құптайды, – деді Президент.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

24 Oct, 11:32


⚜️Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы БРИКС өзара тиімді ынтымақтастыққа ниетті көптеген елдің назарын аударатын халықаралық ауқымдағы жаһандық орталыққа айналып келе жатқанын атап өтті.

– БРИКС даму тұрғысынан мол әлеуетке ие және түрлі құрлықтағы мемлекеттерді біріктіреді. Сондай-ақ ынтымақтастықты нығайтып, ортақ ресурстарды барлық қатысушының игілігіне тиімді пайдаланады. Өзара құрмет пен серіктестік, бірлесе өркендеу қағидаттарына негізделген келешектің іргесін қалауға БРИКС-тің тәжірибесі де, мүмкіндігі де жетеді, – деді Президент.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

24 Oct, 09:37


⚜️Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+»/«аутрич» форматындағы жиынында сөз сөйлейді

Президенттің баяндамасы 24KZ телеарнасынан шамамен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

24 Oct, 08:36


⚜️Мемлекет басшысы БРИКС-тің XVI саммитіне қатысу үшін «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына барды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

24 Oct, 08:30


😨 Алматыда 19 жастағы жүргізуші аз уақыт ішінде 195 рет жол ережесін бұзған

Оның айыппұлы 7 миллион теңгеге жетіп қалыпты.

Кей жағдайда жүргізуші жалған нөмірді пайдаланып, көліктің жылдамдығын 200 шақырымға дейін үдеткен.

Көліктің өзі көрші Қырғызстанда тіркелген.

Қазіргі уақытта жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

24 Oct, 07:18


⚜️Үкімет басшысы Олжас Бектенов LRT құрылысын тексерді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек нысанның дайындық деңгейі туралы баяндады.

Бүгінгі таңда LRT эстакадасының аралықтарын төсеу кезеңі аяқталды.

Cтансалардың негізгі темірбетон конструкциялары құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Келесі жылы рельстерді төсеу, стансаларды әрлеу және жылжымалы құрамдарды жеткізетін депо құрылысын жүргізу, Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесі бойындағы эстакадалық бөлікті абаттандыру жүргізіледі.

Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды. LRT құрамына 18 станса кіреді. 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрамды іске қосу жоспарланып отыр. Қозғалыс аралығы 4-5 минутты құрайды. Бастапқы кезеңде тәулігіне 25 мың адам жолаушылар ағыны күтіледі, бұл ретте жолаушылар ағыны ең жоғары уақытта тәулігіне 92 мың адамға жетуі мүмкін.

Төлем жүйесі қалалық аналогы бойынша, көлік картасын валидациялау немесе QR-код арқылы төлеу арқылы қарастырылған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 14:12


🇰🇿🇷🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды

Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 13:59


🤦🏻‍♂️ Медеуде аспалы жолдағы кабинаға қар лақтырған жастар жұрттың ашуын келтірді

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының директоры Ринат Әбдірахманов оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Бүгінде мәдениет пен құрметтен жұрдай кей жастардың төмендеп бара жатқаны қатты ашындырады. Кабинадағы адамдар еліміздің қонақтары болуы мүмкін екенін мүлде ойлап тұрған жоқ. Біреудің мүлкіне залал келтіріп тұрғандарында ісі жоқ. Осындай масқараға куә болған турист не ойлайды? Бұлар тек адамға немесе мүлікке қастандық жасап тұрған жоқ, олар біздің ұлттық имиджге нұқсан келтіріп тұр. Бұл жастықпен жасалған іс емес, бұл – ұлтты масқаралау», – деп жазды ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 12:44


😍 Алматыда Республика күніне орай дрондар шоуы өтеді

Шоу 25 қазан түнгі сағат 21.00-де Абай алаңында, Республика Сарайының (Достық даңғылы, 56) алдында және 21.30-да «Астана» алаңында өтеді.

Аспанға 500-ден астам дрон ұшырылып, шоу шамамен 20 минутқа созылады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 11:20


😍 Енді Елдос Сметовтің бапкері ай сайын 4 млн теңге қосымша айлық алады

Жамбыл облыстық мәслихатының сессиясында осындай шешім қабылданды. 

Әлем чемпионатының жеңімпазы Жарқынай Рахымбаеваның бұған дейін алып келген жалақысына – 162 448 теңге, қола жүлдегер Серғали Әбілданың жалақысына – 81 244 теңге, Паралимпиаданың паражүзуден күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалидың жалақысына – 2 148 744 теңге, оның бапкері Саттар Бейсембаевтың жалақысына – 974 668 теңге қосылады.

Бапкер Саттар Бейсембаев осыған дейін 385 044 теңге жалақы алып келсе, Нұрдәулет Жұмағалидың жалақысы 1 271 812 теңге көлемінде болған. 

Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Елдос Сметовтің жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевтің де жалақысына қыркүйек айынан бастап 4 млн теңге қосылды.

Ал, Елдос Сметовтің жалақысына қазірге ешқандай ақша қосылған жоқ. Ол облыс әкімінің қаулысына сәйкес, ең жоғары жалақы – 2 684 000 теңге алады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 10:01


⚜️Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 09:12


⚜️Мемлекет басшысы бейбітшілік пен дамудың түп негізі отбасындағы тәрбиеден, көшедегі тазалықтан, қоғамдағы бірліктен бастау алатынына назар аударып, неліктен Заң мен Тәртіп үстемдігі туралы ұдайы айтатынын түсіндірді

– Бұл – біздің байыппен таңдаған айнымас қағидатымыз. Ол қоғамдық санада тамыр жаюға тиіс. «Заң – ізгілік пен әділет өнері» деген әйгілі тәмсіл бар. Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет. Әрине, заңның қатаңдығына наразылық білдіріп, «қылбұрау салып жатыр» деп ойлайтын адамдар әрқашан табылады. Бірақ жазадан жалтарып, жүгенсіз кеткендер, шын мәнінде, халық пен ел мүддесіне қарсы адамдар. Мемлекет қылмысқа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру үшін шара қабылдауды жалғастырады. Бұзақылықпен және ұйымдасқан қылмыспен ымырасыз күрес жүргізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 09:08


⚜️Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдарына сәйкес ауқымды жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды

Елдің көлік, энергетика және индустрия жүйесі қайта құрылып жатыр.

– Бес жыл бұрын Бұқтырма бөгеніне көпір салу туралы тапсырма бердім. Жұрт жылдар бойы жазда – пароммен, қыста – мұздың үстімен жүретін. Бұл өте ыңғайсыз әрі қауіпті болғаны түсінікті. Енді мәселе біржола шешімін тапты. Көпірдің құрылысы аяқталды, бірнеше күн бұрын ресми түрде ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл – Қазақстандағы ең ұзын көпір. Осылайша, шекара маңындағы аудандар транзиттік аумаққа айналды, яғни Қазақстан арқылы Қытай мен Ресейді жалғайтын тағы бір төте жол пайда болды. Осы маңызды жоба Шығыс Қазақстандағы бірнеше ауданның көлік қатынасын едәуір жақсартады. Жалпы, сапалы жол – халықтың тұрмысына оң ықпал ететін фактор. Мен бұл мәселеге айрықша мән беремін, – деді Президент.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 09:07


⚜️Президенттің айтуынша, ауқымды саяси жаңғырулар арқылы мемлекетіміздің демократиялық дамуының жаңа бағдары айқындалды

Конституциялық реформаны іске асыру нәтижесінде биліктің негізгі институттары қайта құрылымдалып, орнықты саяси жүйе қалыптасты.

Бұл саяси жүйенің негізі – ашықтық пен әділдік, тиімділік пен бәсекеге қабілеттілік. Ең бастысы, халыққа қызмет ету қағидасы қамтылған.

– Жақында өткен Атом электр станциясын салу жөніндегі референдумның қорытындысы – соның жарқын дәлелі. Азаматтардың 70 пайыздан астамы АЭС құрылысын қолдап дауыс берді. Бұл халқымыздың тағдыршешті сәттерде өрлеу жолын таңдайтынын көрсетті. «Түрлі көзқарас, біртұтас ұлт» қағидаты – мемлекеттік саясатымыздың негізі. Жалпы, энергия тапшылығының артуы – еліміз үшін өте өзекті проблеманың бірі. Оны дер кезінде шешпесе, экономикамыздың дамуына кедергі келтіріп, азаматтардың тұрмыс сапасына кері әсерін тигізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 09:04


⚜️Мемлекет басшысы өз сөзінде болашаққа сеніммен қарайтын ұлт қана табысқа жете алатынына назар аударып, өмір болған соң түрлі қиындық та кездесетініне тоқталды

– Еліміз таңдаған даму жолынан ешқашан айнымайды. Мұны биылғы табиғи апат кезінде тағы да дәлелдедік. Алапат тасқын, шын мәнінде, еліміз үшін зор сынақ болды. Қаншама елді мекенді қарғын су басты. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, мал-мүлкін жоғалтты. Күрделі сәтте менің халыққа арнайы үндеу жариялағанымды білесіздер. Онда бір де бір адам ескерусіз қалмайтынын нақты айттым. Мемлекет сол уәдесін орындады. Қысқа мерзім ішінде 2700-ге жуық үй салынды. Баспанасын қалпына келтіру үшін 9 мыңнан астам отбасына өтемақы берілді. Сондай-ақ 6 мыңға жуық үй сатып алынды. Жаздан бері мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлады. Мемлекет бүлінген инфрақұрылымның көпшілігін аз уақытта қалпына келтірді, – деді Президент.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 08:52


⚜️Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында қазақстандықтарды ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, бұл азаттықтың алтын қазығын қаққан күн екенін атап өтті.

Президент еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауына балады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 07:34


‼️ Көктемгі егіс науқанын қаржыландыру 1 желтоқсанда басталады

Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, биылғы 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруды қолға алуын тапсырды.

Өнеркәсіп министрлігі мен өңірлер әкімдіктерінің алдына диқандарды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету міндеті қойылды. 2025 жылы кемінде 1,9 млн тоннаға дейін жеткізу қажет.

Ол үшін отандық өндірушілермен бірге диқандар үшін тыңайтқыштың қажетті көлемін шығаруға алдын ала қамдануы керек.

Өз кезегінде өңір әкімдіктері жеткізу шарттарына уақытылы қол қойып, қоймаларда тыңайтқыштардың қажетті қорын қамтамасыз етсін.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 05:59


☝️Биыл ауыл шаруашылығы саласына рекордтық қаржы бөлінді

Үкімет басшысы биылғы егіс науқанынан жиналған өнімдерді жеткізу, сақтау мен өткізу бойынша бірқатар тапсырма берді.

«Ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру көлемі алғаш рет рекордтық 580 млрд теңгеге дейін жетті. Бюджет қаражаты егіншілерді тікелей несиелендіруге, пайыздық мөлшерлемені арзандатуға және форвардтық сатып алуға бағытталды. Келесі жылы қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Олжас Бектенов.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 05:00


😍 Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтты

Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев баяндады.

Ол Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға бағаланатынын, оның 7,5 млн тоннасы бидайға, 1,4 млн тоннасы арпаға, 300 мың тоннасы жүгеріге тиесілі екенін хабарлады.

Майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады деп бағаланады.

«Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің нарықтарына астық жеткізуді жалғастырады, бұл шамамен 4,2 млн тонна. Жалпы, Қытайға астық экспорты 2023 жылы 1,4 млн тоннаны құрап, жылына 5,5 есе өсім көрсетті», – деді Қайрат Төребаев.

Вице-министр сондай-ақ бидайдың Қытайға экспорты айтарлықтай артып, 2023 жылы 538,8 мың тоннаға жеткенін атап өтті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық.

«Бұл Қытай мен Азия елдеріне 1,6 млн тоннаға дейін бидай жеткізу мүмкіндігін көрсетеді. Қытай органдарының талаптарына байланысты шекарада кідіріс мәселесін, сондай-ақ Қытайдағы қазақстандық астық импортына лицензиялар мен квоталар сияқты күрделі шарттарды пысықтау маңызды», – деп қосты Қайрат Төребаев.

Сондай-ақ вице-министр жаһандық сұраныстың артуы және бірқатар елде өнімділіктің төмендеуі жағдайында Италия, Латвия, Испания сияқты Еуропалық Одақ елдерінің нарығы тартымды екенін атап өтті.

Түркия мен Таяу Шығыс елдеріне экспорттың әлеуеті 1 млн тоннаға жуық бидайды құрайды.

«Иран нарығына жеткізілімдерді қалпына келтіру маңызды, арпа бойынша біз қазір динамиканы көріп отырмыз, сауданы қаржыландыру және логистика мәселелері пысықталады. Қазақстандық бидай брендін Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Малайзия сияқты жаңа нарықтарда ілгерілету жөніндегі жұмыс жандандырылады, онда импорттың өсуі болжанады», – деп түйіндеді Қайрат Төребаев.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

23 Oct, 03:44


✍️ Президент Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекеттік сыйлық:

1. ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

21 Oct, 05:47


😍 Зарина Дияс Түркиядағы жарыстың чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің жеңімпазы болды.

Отандасымыз финалда әлемнің 224-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Алена Фалеймен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Осылайша, Зарина 488-ден бірден 109 сатыға жоғарылап, 379-орынға орнықты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

20 Oct, 10:45


😍 Асу Алмабаев UFC-де төртінші рет жеңіске жетті

Отандасымыз (20-2) Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсетті.

Асу Алмабаев UFC рейтінгінде ең жеңіл салмақ бойынша 7-орында тұрған (Асу Алмабаевтың өзі 14-орында тұр) бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) кездесті.

Нәтижесінде, төрешілердің бірауыздан шешімімен Асу жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, ол кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал UFC-дегі төртінші кездесуі.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

19 Oct, 12:47


😍 Еліміздегі ең биік ғимарат пен Айдың толған сәті

Керемет көріністі қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко түсіріп алған.

Әдетте Ай Жерден 384 472 шақырым қашықтықта орналасқан. Ай Жерден шамамен 363 711 шақырым (жақындағанда) қашықтықта болған кезде осындай көрініс пайда болады. Ай үлкен әрі жарық көрінеді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

19 Oct, 10:48


⚜️Алматы облысында жоғары лауазымды алты полицей қызметінен босатылды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Полиция департаментінің басшылық құрамымен осы жылдың тоғыз айындағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізді.

Бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды:

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров;

Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұржан Күнтүнов;

Полиция департаментінің Алматы облысы бойынша Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ұлан Байтақов;

Алматы облыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;

Алматы облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр;

Алматы облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Жанат Омаров.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

19 Oct, 08:50


✍️ Қанатай Далматов Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 18:55


🔥Алматы орталығындағы мейрамханалардың бірі өртке оранды

Мейрамхана өткен ғасырдың басында салынған тарихи ғимаратта орналасқан.

Оқиға орнында 27 өрт сөндіруші мен 8 техника жұмыс істеп жатыр.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 15:42


😳 Ақмола облысында жалған құжатпен жүрген жүргізуші ұсталды

Ол көлік басқару құқығынан айырылғандықтан, осындай айлаға барған.

Тексеру барысында жүргізуші өзін Қырғыз азаматы деп таныстырып, полицияға жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін ұсынған. Алайда, тексеріс нәтижесінде құжаттардың жалған екені анықталды.

Патрульдік полиция қызметкерлері оның Қазақстан аумағында болу мақсатына және мемлекеттік шекараны кесіп өтуіне байланысты қосымша сұрақтар қойып, көші-қон қызметінің мәліметтер базасынан мұқият тексеру жүргізді.

Нәтижесінде, осындай аты-жөндегі шетелдік азаматтың Қазақстан шекарасын мүлде кесіп өтпегені белгілі болды.

Айта кетейік, бұл азамат биылғы ақпан айында Екібастұз қаласында мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталған.

Екібастұз қалалық сотының шешімімен әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 12:20


⚜️Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен әскери-патриоттық тәрбие беру мәселесі жөнінде жиын өтті

Басқосуға Қорғаныс, Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің басшылығы, Бас прокуратура, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен Парламент депутаттары қатысты.

Жиында Мемлекет басшысының әскери-патриоттық тәрбие саласындағы бастамаларын тиімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Ерлан Қарин мемлекеттік органдар ішкі саясат бағытындағы жұмыстары аясында әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жекелеген іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алғанына назар аударды.

Атап айтқанда, мектептерде тәрбие жұмысының жаңа бағдарламасы жүзеге асырыла бастады, Парламент депутаттары тиісті заң жобасын қарастырып жатыр, Қорғаныс министрлігі Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірледі.

Мемлекеттік кеңесші атқарылып жатқан жұмысты жүйелеу және бір жерден үйлестіру қажет екенін айтты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 11:44


‼️Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті

Бас прокурордың 18 қазандағы бұйрығымен Саян Бакиров пен Ескендір Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды.

Олардың қызметтен кетуіне жұмыстарындағы елеулі кемшіліктер себеп болған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 10:59


😍 Алматыдағы метро «Барлық» базарынан әуежайға дейін ұзартылады

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

«Әуежайға филиал салу жобасы дайындалуда. Келесі жылы біз жұмыс қарқынын жеделдетуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 10:35


‼️Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 08:52


🤔 Енді ХАМАС-қа Халид Машаль басшылық етеді

Бұған дейін ол ұйымның шетелдік өкілдігін басқарған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 08:39


‼️Алматы полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

«Алдағы күндері ауа райы бұзылып, жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін. Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау үшін көлік жүргізушілері мен иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз», – деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 06:35


✍️ Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 06:15


🤔 Жыл басынан бері иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс мемлекет меншігіне қабылданды

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Оның 4-еуі Қарағанды, 2-еуі Алматы және 1-еуі Павлодар облысында. 

Қазіргі уақытта 3 иесіз гидротехникалық құрылысты республикалық меншікке алу процесі жүріп жатыр.

«Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мен пайдаланылуына жауапты арнайы ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдар тоғандар мен бөгеттер секілді шағын гидротехникалық құрылыстарды теңгерімге қабылдайды, бұл олардың техникалық жай-күйін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

18 Oct, 05:42


😳 ХАМАС-тың тағы бір жетекшісі Яхья Синвар Газада өлтірілді

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Zakon.qaz

17 Oct, 17:10


🤔 Министр Станислав Черчесовтің орынсыз әзіліне қатысты пікір білдірді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бас бапкердің міндеті ұлттық құраманы жаңа деңгейге шығару екенін айтады.

«Құрметті достар! Әрине, Станислав Черчесовтің «француз тіліне» қатысты қалжыңы орынсыз болды. Мұны Қазақстан футбол федерациясы да, бапкердің өзі де бек түсінеді. Дегенмен Черчесовтің басты міндеті – ұлттық құраманы жаңа деңгейге шығару. Ендеше, оған ең алдымен кәсіби қызметіне қарап баға беруге шақырамын. Біз қашаннан қонақжай, дархан мінезді, кешірімді елміз. Бізді мықты ел ететін де осы қасиеттер. Сондықтан мәселені одан әрі өршіте бермей, халқымызға тән кеңпейілдік танытқанымыз абзал. Кез келген даулы мәселені ақыл-парасатпен шешетін толерантты, өркениетті, яғни дана қоғам екенімізді көрсете білейік. Станислав Черчесов – халықаралық деңгейдегі танымал футболист әрі 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы. Сондықтан ол түбінде қазақстандық жанкүйерлердің сенімін ақтап, ұлттық құраманы қазіргі күрделі кезеңнен абыроймен алып шығады деп сенемін. Бәріміз мүддесі ортақ футбол жанашырлары ретінде бір-бірімізді қолдап жүрейік!» – деді ол.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz