🫀firdaus @zhurekteenzhurekke Channel on Telegram

🫀firdaus

@zhurekteenzhurekke


«Сенің жүрегің Жәннат үшін жаралған!»🫀

• сұрақ|ұсыныс|жарнама: @zhanseitmk

❗️«Көшіріп алар кезде авторымен бірге жазуды ЕСКЕРІҢІЗ!»❗️

🫀firdaus (Kazakh)

🫀firdaus таңдау орталығы – «Сенің жүрегің Жәннат үшін жаралған!» мүшелерін қала және олардың тағамдарын айтатын жарнама. Бұл орталықтан тапсырыс беру, сұрақтар және ұсыныстар үшін @zhanseitmk мен байланысуға болады. Мұнда авторымен бірге жазу мүмкіндігі бар көшірілген кезде. Сіз де жүйелеріңізді жаңарту, жақсарту және жағдайларды байқау үшін 🫀firdaus таңдау орталығына қосылыңыз! Көшіріп аларға, жарнамаларға, пікірлерге және жаңалықтарға тырысыңыз!

🫀firdaus

21 Nov, 16:24


Бәріміз пенделерміз уақытша жаратылған..

🫀firdaus

21 Nov, 16:17


Біздің ең үлкен қателігіміз:

Ұйықтатқан адамды жақсы көріп,
Оятқан адамды жек көрдік.
Ойнатқан адамды жақсы көріп,
Ойлантқан адамды жек көрдік..

© Жүсіп Баласағұн

🫀firdaus

21 Nov, 16:12


«Фәнилік үшін бақилық күнә арқаламаңыз!»

© Бауыржан Әлиұлы

🫀firdaus

21 Nov, 16:11


Дүние бізге келмеген, біз дүниеге келгенбіз,
дүние бізден кетпейді, біз дүниеден кетеміз..

🫀firdaus

17 Nov, 17:09


Пайғамбарымыз (с.а.с):

«Барлығы менен теріс айналған кезде, жалғыз маған сенген Хадиша болатын.
Адамдар менен бет бұрғанда жанымда қалған Хадиша болатын.
Адамдар мені қудалауға салған кезде, малымен жәрдем берген Хадиша болатын..»

Нұрсұлтан ұстаз уағызынан

🫀firdaus

17 Nov, 16:11


Абыройыңды ойлаймын деп жүріп өз қадіріңді кетіріп алма!..🫂

🫀firdaus

17 Nov, 16:06


Сабырдың үш белгісі

Суфиян әт-Саури былай деген:

«Сабырдың үш белгісі бар:
бақытсыз екеніңді айтпау,
қайғыңды айтпау
және өзіңді мақтамау»

🫀firdaus

17 Nov, 16:01


Барлық жамандықтың да өз жақсылығы бар, Алладан басқа ешкім білмейтін..

🫀firdaus

05 Nov, 17:40


Бақыт деген таудай шығар деп жүрсем,
Бақыт деген сәттер екен өтпелі..

🫀firdaus

05 Nov, 17:34


біз күтетін үмітімізді бағалаймыз, олардың орындалуын күтеміз,
бірақ біздің уақыт арманымыздан да қысқа..

🫀firdaus

05 Nov, 17:29


«Саған қиындық тудыратын нәрседен бастарт!»

Умара ибн уль-Хаттаб

🫀firdaus

05 Nov, 17:12


«Мен адамдардың (болмысын) білгендіктен, олардың қайсысы мені мақтайтыны немесе мені сынайтыны маңызды емес, өйткені олар екі жағдайда да шектен шығады».

Малик ибн Динар (р.а.)

🫀firdaus

02 Nov, 14:17


«Дұғада табанды бол! Расында, кім есікті көп қағатын болса, сол есікті ашуы әбден мүмкін»

Абу Ад-Дарда

🫀firdaus

02 Nov, 14:15


Адамдар үнемі қателесетін етіп жаратылған

«(Тағафул) яғни, адамдардың кемшілігін байқамау қасиеті қашанда намысшыл адамдардың ең биік әдептерінің бірі болған.

Өйткені, адамдар үнемі қателесетін етіп жаратылған.

Ал, адам зейін қойып, әрбір қателігінен мін іздесе, өзін шаршатады, өзгені де шаршатады..»

Ибн әл-Жәузи

🫀firdaus

02 Nov, 13:21


Тірінің қамын тірі жер,
Тірілер бірін-бірі жер
Тірлікте қашқан қадірің,
Өлгенде ғана білінер..

© Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы

🫀firdaus

31 Oct, 15:30


Бір іске ниеттенсең бірінші Аллаға ұнайма, екінші Алла Елшісі сол істі құп көріп жасағанба соны біліп алсаң адаспайсың!

© Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы

🫀firdaus

31 Oct, 15:22


Адамның бақытты не бақытсыз болуын, оның өз ойы ғана шешеді!

© Қабылбек Әліпбайұлы

🫀firdaus

31 Oct, 15:14


"إذا أردت الحب الأبدي، فأحب الأبدي!"

«Мәңгілік махаббатты қаласаң, Мәңгілік Иесін сүй!»

🫀firdaus

26 Oct, 16:17


- Әлемдегі әдемілікті көре аласың ба?
- Иә!
- Қоршаған айналаңдағы дыбыстарды ести аласың ба?
- Иә!
- Ойыңды, не қалайтыныңды, ішкі сезімдеріңді жеткізе аласың ба?
- Иә!

- Онда неге өзіңді бақытсызбын деп санайсың?

Саған берілген нығмет пен беріліп жатырған ризықтың, тіпті сенің мына дүниеге келуіңнің өзі бір Алланың саған деген мейірімі емес пе?!

🫀firdaus

26 Oct, 15:18


«Саған жазылған нәрсе саған сөзсіз міндетті түрде келеді»

© Али Ибн Абу Талиб

#уайымғасалынаберме

🫀firdaus

26 Oct, 15:07


يُرِيدُ ٱللَّهُ أَن يُخَفِّفَ عَنكُمْ ۚ وَخُلِقَ ٱلْإِنسَٰنُ ضَعِيفًا

«Аллаһ сендерге жеңілдетуді қалайды. Ал адам баласы әлсіз етіп жаратылған»

[4:28]

🫀firdaus

26 Oct, 14:59


«Бір-біріңізге жақсы сөз айтыңыз, себебі сөз - ұзақ жылдар бойы жүректе, көңілде сақталып қалады»

🫀firdaus

23 Oct, 16:27


- Бұл өмірде тыныштық жоқ қой?!
- Бұл дүниедегі тыныштық - ол сенің Раббыңмен байланысыңда ғана.. шүкірің.. алғысың.. құлшылығың..❤️‍🩹

🫀firdaus

23 Oct, 16:10


..Келеді алысып ақ пенен қара,
Қайғы мен қуаныш, бақ пенен нала.
Ежелден бері өтуде осылай.
Жаға жыртысып, шындық пен жала.
Жеңеді түбі әділет бірақ.
Болады ашық жауап пен сұрақ!..

(Ахмет Байтұрсынұлы соңғы хатынан)

🫀firdaus

23 Oct, 16:01


الناس يعانون من توقعاتهم الخاصة

Адамдар өздері күткен үміттерінен зардап шегеді..

🫀firdaus

23 Oct, 16:01


Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде

©️Абай Құнанбайұлы

🫀firdaus

14 Oct, 18:08


Сынағысы келген кісіге мін көп,
Өкпелегісі келген кісіге себеп көп

© Ә.Кекілбай

🫀firdaus

14 Oct, 18:05


«Біреуге Алла сұрағанын тез береді, ал кейбіреулердің Алла дауысын қайта-қайта естігісі келеді..»

🫀firdaus

14 Oct, 18:00


Өмірдің өткіншілігі адамдарды саналы түрде әрекет етуге жігерлендіреді

«Өмірден мән іздеген жан», В.Франкл

🫀firdaus

10 Oct, 17:34


Мейірімге толы жүрегіңді кір шалмасын!..🤍

🫀firdaus

10 Oct, 16:21


- Анашым, мен қорқамын?
- Қорықпа қызым, әкең ұйықтап қалды, оянғасын ашуы басылады, бәрі қалпына келеді..
- Тағы да сізді ренжітсе ше? Менің әкеме деген көңілім қайта қалпына келеді ме?..
- ……..

🫀firdaus

10 Oct, 15:59


- Болашақта елімді, халқымды қорғайтын азамат боламын!

- Сол халқыңнан сені қорғауға шамамыз жетпей қалдығой, ұлым..💔

🫀firdaus

05 Oct, 16:42


Адамды алға итермелейтін күш әуелі өзінде болуы тиіс

«Желкенді қайық сыртқы әсердің, яғни желдің көмегімен қозғалса, жанармаймен жүретін кеме өзіндегі қуатпен жылжиды. Адам желкенді қайыққа ұқсаса, жел соқпаған күні жолда қалады.
Сондықтан, адамды алға, биіктерге итермелейтін күш әуелі адамның өзінде болуы тиіс.
Ал, сыртқы әсер оған көмекші рөлін атқарады»

«Ең бақытты әйел», Д.Сүлеймен

🫀firdaus

05 Oct, 15:13


Сәтсіздікке қарағанда, күмән арманыңызға көбірек кедергі болады!

🫀firdaus

05 Oct, 15:08


وبينما كنا ننتظر مرور الصعوبات، مرت الحياة

Қиындықтар біткенін күтіп жүргенімізде, өмір де бітеді..

Пока мы ожидали, что пройдут трудности, прошла жизнь..

🫀firdaus

03 Oct, 17:39


Құдайға жақын болудың жалғыз жолы - құлшылық.
Яғни Алла Тағала ғибадатты бұйыру арқылы, құлының өзіне әрдайым жақын болғанын қалайды.

Абдулла Сиражуддин әл-Хусни

🫀firdaus

03 Oct, 17:34


📌«Алла алдында барынша кішірею арқылы - күшею» принципі

Өзіңнің ешкім емес екеніңді мойындай отыра, Жаратушы алдында ең ұлы әрі қадірлі жаратылыс екеніңді түсіну.

«Рух», Д.Сүлеймен

🫀firdaus

03 Oct, 17:26


«Уа, адамдар! Мынаны естеріңнен шығармаңдар! Раббыларың біреу! Арабтың - араб еместен, ақтың - қарадан, қараның - ақтан ешқандай айырмашылығы жоқ. Артықшылық тек тақуалықта. Алла алдында мәртебесі ең биік жан - тақуа болғандарың!»

Алла Елшісі (ﷺ)
[Имам Ахмад, «Муснад»]

🫀firdaus

03 Oct, 17:21


Ифтиқар - қанша бай болсаң да, ғалым болсаң да, мансап иесі болсаң да, күш-қуатың тасып тұрса да, өзіңнің Құдайға деген мұқтаждығыңды ұмытпау, соны жүрегіңмен терең сезіну хәлі.