Azattyq - Азаттық @azattyq Channel on Telegram

Azattyq - Азаттық

@azattyq


Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Azattyq - Азаттық (Kazakh)

Azattyq - Азаттық тағылымының мақсаты - Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпараттық көмек көрсету. Бұл каналда Радио Азаттықтың рус тіліндегі материалдары жарияланады. @radioazattyq арқылы онлайн-жаңалықтарды және әңгілі тақырыптарды таратуға болады. Телеграм каналымыздың арқылы бізге сілтеме жіберіп, үлкен информациялық қорымызга қосылыңыз. Осы каналды пайдалану арқылы сіз Қазақстандағы, ресей, түркия мен басқа елдердегі соңғы жаңалықтар, ақпараттық саясат және кәсіпкерлік хабарларынан хабардар боласыз. Азаттық официальды веб-сайттары - https://www.azattyq.org, инстаграм - https://www.instagram.com/azattyq. Біздің тапсырмаларымызға жауап беруді сіздің смартқұрылмаларыңыз мен табысқа жинауларыңызға көмек көрсету арқылы таңдалған көмек етудің мақсаты. Ұсынылған ақпараттарды қолма-қол жүктеп, жаңа жаңалықтар бойынша хабардар болу үшін бізге қосылыңыз!

Azattyq - Азаттық

26 Jan, 12:23


Өлім лагерінің ішінде не бар? Аушвиц концлагерінің жабылғанына 80 жыл

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Еуропадағы еврей ұлтының өкілдері мен Совет одағы әскері қатарынан тұтқынға түскендерді газ камерасында тұншықтырып, кейін мүрдесін өртеп отырған Аушвиц (Освенцим) концлагерінің жабылғанына биыл 80 жыл.

Зерттеушілердің дерегінше, концлагерде 1,5 миллионға жуық адам өлтірілген.

Azattyq - Азаттық

26 Jan, 10:49


WP: АҚШ Сирияның жаңа билігіне ДАИШ туралы барлау деректерін берді

АҚШ террористік ДАИШ ("Ислам мемлекеті") тобынан төнген қатер жөнінде барлау деректерін Сириядағы жаңа билік өкілдері – "Хайят Тахрир аш-Шам" ұйымына берді. Вашингтон екі топты да террористік ұйымдар қатарына кіргізген.

Вашингтон мен Сирияның жаңа билігі былтыр 8 желтоқсанда Башар Асад режимі құлағаннан кейін екі апта өткен соң алғаш рет байланыс орнатқан. Ол кезде "Хайят Тахрир аш-Шам" бастаған үкімет әскеріне қарсы топ Дамаскіні басып алған, ал Асад Ресейге қашып бас сауғалаған еді.

The Washington Post басылымының жазуынша, барлау деректері делдалсыз тіке тапсырылған. Барлау деректерімен бөлісу ДАИШ-ті тежегісі келетін екі жақтың мүддесіне сай және бұл АҚШ-тың "Хайят Тахрир аш-Шамды" мойындағанын білдірмейді дейді басылым.

Azattyq - Азаттық

26 Jan, 09:28


Экоминут: Тамақ салынған пластик ыдысты қыздырмаңыз – улы зат бөледі!

Кейбір дүкендерде өте жұқа әрі сынғыш пластик контейнерлерге тамақ салып беріп жатады. Бұл өте қауіпті. Неге? Түсіндіреміз

Azattyq - Азаттық

26 Jan, 08:31


Беларусьтегі президент сайлауы: бұл Лукашенконың соңғы мерзімі ме?

Оппозициялық көңіл-күйдегі белорус азаматтары 26 қаңтардағы президент сайлауы — нағыз сайлау емес екенін айтады. Елде тәуелсіз ақпарат құралы қалмаған, көбі шетелге қуылған, оппозициядан халық сенетін кандидат жоқ, ал дауыс беру — жай ғана Лукашенко билігін нығайтуға арналған жаттығу сияқты.

Тағдыры белгісіз бір адам болса, ол — Лукашенко. Беларусь президенті қазір 70 жаста, денсаулығы нашар деген сыбыс бар. Кейінгі айларда Лукашенко Беларусь саясатында ұрпақ ауысуы керек дегенді айта бастады. Көбі президенттің сөзіне қарап, бұл оның соңғы президенттік мерзімі болуы мүмкін деп топшылады.

Билікке Лукашенконың ұлдарының бірі, атап айтқанда, 20 жастағы кенже ұлы Николай келеді деген қауесет болған...

Azattyq - Азаттық

26 Jan, 07:25


Өзбекстан халқының саны 37,5 миллионнан асты

2025 жылдың 1 қаңтар күнгі мәліметі бойынша, Өзбекстан халқының саны 37 млн 543,2 мың адамға жетті. Былтырдан бері халық саны 2 пайызға немесе 743,4 мың адамға артқан.

Халықтың 18,9 миллионы (50,4%) - ер адамдар, 18,6 миллионы (49,6%) – әйелдер. Халықтың жартысынан астамы қалада тұрады.

Халық Ташкент, Әндіжан, Ферғана облыстарында тығыз орналасқан. Ал Науаи облысы мен Қарақалпақстанда халық тығыздығы төмен.

Azattyq - Азаттық

26 Jan, 06:26


Ресей Қазақстанның мұнай кеніштерін игеруге қатысуын арттыруы мүмкін

24 қаңтарда Астана мен Мәскеу Ресейдің Қазақстандағы мұнай кеніштерін игеруге қатысуын арттыру мәселесін талқылады.

Қазақстан энергетика министрлігі таратқан хабарламада бұл келіссөзге Қазақстан энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов және Ресей энергетика вице-министрі Роман Маршавин қатысқаны жазылған.

"Кездесу барысында қатысушылар отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде мұнай-газ кен орындарын игеру және электр энергетикасы жобаларына ресейлік тараптың қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады" деп жазылған.

Қазақстандағы кейбір мұнай кеніштерінің біртіндеп сарқылуы таяған шақта осыдан шамамен төрт жыл бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" кеніштері игерілетінін мәлімдеген. Ол бұл тұста Қазақстанның стратегиялық әріптесі ресейлік "Лукойл" болатынын айтқан.

Былтыр жазда Қазақстан энергетика министрлігі "теңіз платформаларын салу жұмыстары 2026 жылы қазақстандық верфтерде басталатынын" хабарлаған. Жобаға $6 млрд тіке инвестиция тартылмақ.

Azattyq - Азаттық

26 Jan, 04:32


Трамп Путинді санкциямен қыспаққа алмақ. Қазақстан сияқты үшінші елдерге қауіп бар ма?

Ақ үйге келген үшінші күнінде АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен бейбіт келісімге ниет танытпаса, санкция шеңгелін қыса түсеміз деп Ресейді қорқыта сөйледі. Кремль бұған қалай жауап берді? Әрі қарай не болуы мүмкін?

Ресей Американың қатаң санкциялары мен технология экспортына тыйымның салдарын жою үшін Қытай, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты аралық елдердің көмегіне жүгінді. Америка жаңа қауіпсіздік институтының санкциялар бойынша сарапшысы Рейчел Зимбаның айтуынша, осы жолы бұл елдерге санкция қаупі төнуі мүмкін

Azattyq - Азаттық

25 Jan, 13:04


Психолог Ержан Мырзабаев: Кейбір ерлі-зайыпты ажырасқаны дұрыс

"Қазақстанда үйленетін жастарға үй болуды үйрететін курстарды міндеттеу керек" дейді отбасы психологы Ержан Мырзабаев. Азаттық маманмен үйдегі зорлық неден шығады, онымен қалай күресуі керек, қандай отбасын сақтап қалуға күш саласыз, қандай некенің болашағы жоқ деп білесіз деген сауалдар қойды.

Azattyq - Азаттық

25 Jan, 10:00


Путин Қырғызстанның бұрынғы басшысы Ақаевқа "еңбегі сіңген ғылым қайраткері" атағын берді

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Ресей ғылымына еңбегі сіңген ғылым қайраткері атағын алды. Тиісті жарлыққа Ресей басшысы Владимир Путин қол қойды деп жазды Кремльдің сайты.

Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев елді 1990-2005 жылдары аралығында басқарған. Ол "қызғалдақ төңкерісі" кезінде елден кеткен. Содан бері отбасымен бірге Ресейде тұрады. Ақаев – Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор.

Асқар Ақаев 2022 жылы Қырғызстанға екі рет барып, алтын өндіретін "Құмтөр" кенішін игеруге қатысты жобадағы ықтимал жемқорлық ісі бойынша тергелген.

Azattyq - Азаттық

25 Jan, 06:44


Путин Трампты "ақылды әрі прагматикалық адам" деп сипаттап, онымен кездесетінін айтты

"Шынында да, бізге кездескен дұрыс болар. Бүгінгі күннің шындығына сүйене отырып, АҚШ-ты да, Ресейді де қызықтыратын барлық бағыт бойынша мәселелерді байсалды түрде сөйлескеніміз жөн болар. Біз дайынбыз" деді Путин "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Путин сұхбат барысында Трампты "ақылды әрі прагматикалық адам" деп сипаттап, ол Америка экономикасына зиян келетін санкцияларды қабылдамайды деді.

"2020 жылы оның жеңісін ұрламағанда, бәлкім 2022 жылы туындаған Украинадағы дағдарыс та болмас еді, бұл жағынан онымен келісемін" деді Путин.

Осылайша ол Трамптың 2020 жылғы сайлау әділ болмады деген тұжырымын қуаттады. Ал 2020 жылы "АҚШ-тағы президент сайлауында бұрмалаушылық болды" деген дерек Америка сотында дәлелденбеген.

Azattyq - Азаттық

25 Jan, 06:00


Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы | Азаттық толқынында

1993 жылғы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан мемлекеті алғашқы Конституциясын қабылдады. Негізгі заң жобасы жарты жылдан аса талқыланды. Сол кезде Азаттық радиосы жобадағы негізгі мәселелер туралы репортаждар әзірлеген.

🎧Азаттық сайты

Azattyq - Азаттық

25 Jan, 04:49


Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жіберуге дайындалып жатыр

Соғыста бірнеше мың солдатынан айырылған Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейге қосымша әскер жіберу туралы шешім қабылдады деп жазды 24 қаңтарда Оңтүстік Кореяның штаб жетекшілерінің біріккен комитетіне сүйенген "Ренхап" агенттігі.

Ведомствоның айтуынша, шамамен 11 мың әскер Ресейге жіберілген мерзімнен бері төрт айға жуық уақыт өткен. Осы уақыт аралығында Ресейге Украинамен соғыста көмектескен солтүстіккореялық сарбаздар үштен бірге азайған, бірнешеуі тұтқынға түскен.

22 қаңтарда осыған ұқсас ақпаратты Пентагондағы жоғары лауазымды тұлға The New York Times (NYT) басылымына айтқан. Оның сөзінше, Солтүстік Корея алдағы екі айда Ресейге қосымша күш жібереді. Дегенмен екінші лекте қанша әскер жіберілетіні белгісіз. Бұған дейін Мәскеудің әрбір солдат үшін Пхеньянға 2 мың доллардан төлейтіні айтылған, бұл 83 солтүстіккореялықтың жылдық жалақысымен пара-пар.

Осыған дейін солтүстіккореялықтардың Ресейдің Курск облысындағы украин күштерімен соғысып жатқаны хабарланған. Ресей билігі Трамппен келіссөз басталғанға дейін Курск облысынан украин күштерін тезірек тықсыруға күш салып жатыр дейді сарапшылар. Ал Киев басып алынған Ресей жерін аймақтарды алмастыру ретінде негізгі көзір ретінде қолданбақшы.

Azattyq - Азаттық

24 Jan, 12:15


💬 Әскери сот сарбаз Марат Барқұловтың өлімі бойынша айыпталған Дамир Досовты 13 жылға бостандығынан айырды

Сот Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөлімінің зенит-артиллериялық взводының командирі 22 жастағы Дамир Досовты "Адам өлтіру" бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сарбаз Марат Барқұлов айыпталушы атқан оқтан өлген. Досов сотта тапанша оқталып тұрғанын білмедім деп айтқан.

Сот айыпталушыны "гвардия лейтенанты" әскери шенінен айырды, сарбаздың анасына 20 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Jan, 11:34


🗣 Путин Трамппен сөйлесуге дайын

Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

🗣 "Путин дайын, біз сигнал күтіп отырмыз" деді ол журналистерге. Демалыс күндері "қоңырау болып қала ма?" деген сұраққа Песков "бірдеңе болса, хабарлаймыз" деп жауап қатты.

🇺🇸 Кеше Трамп Давостағы Дүниежүзілік экономика форумында мұнай бағасы қымбат болса, бұл Ресейге Украинамен соғыса беруге мүмкіндік береді деді. Трамп ірі мұнай өндірушілерді, Сауд Арабиясы мен ОПЕК елдерін соғыс аяқталуы үшін өндірісті арттырып, бағаны түсіруге шақырды.

🇷🇺 Ал Песков соғыстың барысы мұнайдың әлемдегі бағасына тәуелді емес деді. Оның сөзінше, соғыс "Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнгеннен" болып жатыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Jan, 10:43


💬 Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша ресейлік телеграм-арна жариялаған ұшқыштар әңгімесі мен "қара жәшіктегі мәлімет" арасында айырмашылық бар

Вице-премьер Қанат Бозымбаев бүгінгі баспасөз жиынында осылай деп айтты. "Ресми дереккөзді күтіңіздер" деді ол.

🗣 "Baza-дағы [әңгімені] тыңдадым. Меніңше, онда жердегі [қызметкерлермен сөйлескен] әңгіме сияқты. Экипаждың, ұшқыштардың әңгімесін естіген жоқпын. Қара жәшікте экипаждың әңгімесі бар. Сол себепті бұл біздегі тергеу тобынан тараған ақпарат емес деп ойлаймын" деді өтті вице-премьер.

Бұған дейін ресейлік Baza телеграм-арнасы "диспетчер мен экипаж арасында болған әңгіме" деп жазба таратқан еді.

Көлік министрлігі оны "ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған мәлімет" деп атап, мұндай ақпаратқа түсініктеме бермейміз деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Jan, 09:39


💬 Былтыр Ақтаудағы әскери полигонда қаза болған сарбаз Марат Барқұловтың ісінде прокурор айыпталушы Дамир Досовты 13 жылға еркіндігінен айыруды сұрады

Офицер Досовқа "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылған.

Ulysmedia сайтының жазуынша, айыпталушы сотта тапанша оқталып тұрғанын білмегенін айтқан. Алайда мемлекеттік айыптаушы мұны негізсіз деп таныған.

Прокурор айыпталушы кадрдағы офицер болғандықтан дайындықтан өткенін және түрлі қару қолдану бойынша емтихан да тапсырғанын алға тартқан.

19 жастағы Марат Барқұлов былтыр қыркүйекте Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза болған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Jan, 09:04


📹 Қазақстанда АЭС салуға қай вендор қатысатыны биыл мамыр-маусым айында белгілі болмақ

Бұл туралы энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты.

🗣 "Потенциал вендорлармен тиісті келіссөз жүріп жатыр. Биыл мамыр-маусым айында қай вендормен жұмыс істей бастайтынымызды айтамыз" деді вице-министр.

Былтыр Қазақстанда өткен референдумда дауыс бергендердің 71 пайызы елде АЭС салуды қолдаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС-ті халықаралық консорциум салуы керек деп мәлімдеген.

🔵Астана АЭС салу бойынша Ресей ("Росатом"), Қытай (CNNC), Франция (EDF) мен Оңтүстік Корея (KHNP) компанияларын қарастырып жатыр.

🔵Жыл аяғына қарай Тоқаев атом электр станциясының құрылысын тездету туралы айтқан еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Jan, 08:25


🗣 Қазақстандық 16 жастағы футболшы Дастан Сатпаев "Қайрат" клубынан "Челсиге" ауыспақ

Мұндай ақпаратты италиялық танымал футбол шолушысы, трансферлер инсайдері Фабрицио Романо желідегі парақшасында жазды.

🗣 "Челси" Қазақстанның дарынды ойыншысы 2008 жылғы Дастан Сатпаевпен келісімшартқа қол қоюға келісті. Алматылық "Қайраттан" трансфер құны төрт миллион еуро болмақ. Бұл трансфер – Қазақстан лигасы үшін рекорд. Дастан 18 жасқа толғаннан кейін "Челсимен" бес жылға келісімшартқа қол қояды, оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар" деді Романо.

❗️Ұлыбритания мен Қазақстан заңы бойынша, 18 жасқа толмаған балалар жұмыс істеуіне тыйым салынған.

"Челси" қазақ футболшысының трансфері жайлы ресми хабарлаған жоқ. Әдетте клуб жасөспірім футболшыларды алғанын жариялай бермейді. Ал ағылшындық ВВС сайты Сатпаев пен "Челси" арасында келіссөз жүріп жатқанын жазған.

🇰🇿 Дастан "Қайрат" клубында шабуылшы болып ойнайды. "Қайрат" академиясында оқыған. Былтыр жасөспірімдер лигасында ол 12 матчта 19 гол соққан.

⚽️ Vesti.kz сайты сараптама мақаласында Сатпаев 18 жасқа толып, "Челсиге" қосылған соң бұл командадағы бәсекеге төтеп беріп, өзін көрсетуі керек деп жазды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Jan, 07:23


🔴 Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысы келесі аптада жарияланады

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 24 қаңтардағы баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Вице-премьердің сөзінше, 17-18 адамнан тұратын комиссия тергеу жүргізіп жатыр, оның ішінде Ресей, Әзербайжан, Бразилия және ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) сарапшылары бар.

🗣 "Материалдар көшірмесі Әзербайжан мен Ресей тарапында да бар, Қазақстанның жасыратын ештеңесі жоқ" деді Бозымбаев.

🛬 Әзербайжанның Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясына тиесілі Embraer жолаушы ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласынан 30 шақырым жерге құлады.

Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29-ы тірі қалды.

🇦🇿 Әзербайжан президенті Илхам Әлиев апатқа "Ресей Федерациясының өкілдері жауапты" деп мәлімдеді. Әлиев Ресейден кінәсін мойындап, кінәлілерді жазалауды талап етті.

🇷🇺 Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына орай кешірім сұрағанымен, жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Jan, 07:15


💬 Семейде шырша безендіруге барып, биіктен құлаған мұғалім ісінде əкім орынбасары күдікті деп танылды

Бас прокурор Берік Асыловтың депутаттық сауалға берген жауабында осылай деп жазылған.

🎄 Былтыр желтоқсанда мұғалім Қуат Айтқали Семейдегі орталық алаңға қойылған шыршаны безендіру кезінде биіктен құлап, ауыр жараланған. Асыловтың айтуынша, полиция осы оқиғаға байланысты "Билiк өкiлетін асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

🔵Асылов қала əкімінің орынбасары "мұғалімдерді кəсіби міндетіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол берді" деген.

Бас прокурор мұғалімнің жағдайы тұрақты, денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында деп жауап берген.

🔵Шырша безендіруге басқа да мұғалімдерді "заңсыз тартуға жол берген" мектеп директорларына сөгіс жарияланған, білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 14:13


💬 22 қаңтарда Астанада белсенді Марат Мұсабаев Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті қолдап, пикет өткізді

Ол да күртесіне "Сатира – қылмыс емес" деп жазып шыққан. Бұл туралы NotExtremists тобы хабарлады.

21 қаңтарда Қостанай қаласында белсенді Сергей Зинченко Еңсебекке қолдау білдіріп, "Сатира – қылмыс емес" деген жазу жапсырылған күртесін көрсетіп, мұны пикет я митинг емес, перформанс деп атаған. Қостанайдағы әкiмшiлiк сот Зинченко "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" (488-бап) деп, 196 600 теңге айыппұл салды.

Алматы полициясы Еңсебектің үстінен іс қозғауға сатиралық жазбалары емес, автордың "бүтін бір этнос өкілін қорлайтын, ұлтаралық алауыздық қоздыратын белгілері бар материал жариялағаны" себеп болды деген.

Полиция бірнеше азамат Темірлан Еңсебекті қолдау үшін "рұқсат етілмеген жеке пикетке әдейі шықты" деді. Полиция бұл азаматтар "жаппай іс-шара өткізу тәртібін саналы түрде бұзды" деп мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 13:33


💬 Ресейде "Желі" ісі бойынша жеті жылға сотталған Қазақстан азаматы Виктор Филинков бостандыққа шықты

"Медиазона" басылымының жазуынша, ресейлік құқық қорғау органдары Филинковты Қазақстан шекарашыларына тапсырып, оған ендігәрі Ресейге қайтып келмеуге кеңес берген.

🇷🇺 Ресей билігі Филинков құрамына кірді деп айыпталған "Желі" ұйымын белсенділер астыртын құрып, президент сайлауы және әлем чемпионаты кезінде "жарылыс жасап, елдегі саяси жағдайды шайқалтпақ" болған деген. Кремльдің пікірінше, анархиялық сипаттағы террорлық қауымдастық "билікті құлатуды" көздеген.

Филинков тағылған айыпты жоққа шығарып, істің қолдан ұйымдастырылғанын айтқан.

Сондай-ақ өзін Ресейдің күштік құрылымдары азаптады деп шағымданған.

🇰🇿 Қазір ол әйелі, құқық қорғаушы Евгения Кулаковамен бірге Петропавлға бара жатыр, онда Филинковтың анасы тұрады.

Фото: "Медиазона"

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 13:23


🗣 Алматы соты 24 қаңтаршыдан Қаңтар кезінде бүлінген я қираған мүлік құнын өндіріп алу туралы ҰҚК шекара қызметінің Алматы облыстық департаменті түсірген шағымды қанағаттандырмай тастады

Бұл жөнінде Азаттыққа қаңтаршылар құқығын сотта қорғаған заңгер Ерлан Қалиев хабарлады.

Қаңтар оқиғасына қатысты шартты түрде сотталған 24 қаңтаршыдан 31 млн теңге қаражат өндіріп алу ісі сотқа былтыр қарашада түскен.

Қалиевтің сөзінше, ол Бостандық аудандық соты шығарған үкімде әскери мекеменің мүліктері бүлінуіне 24 қаңтаршының қатысын дәлелдейтін ештеңе жоғын алға тартқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 11:21


📹 Ақторғын Ақкенжебаласын полиция ұстаған сәт

Белсенді Темірлан Еңсебекке қарсы қозғалған қылмыстық істі тоқтатып, оны қамаудан босатуды талап етті.

Ол Еңсебекті қолдап, қамалған азаматтарды да қамаудан шығару керек деді. Полиция оған сөзін аяқтауға мүмкіндік берген жоқ.

🗣 "Билікке талабым – Темірланның үстінен қозғалған істі дереу доғарсын! Бостандыққа шығарсын! 15 күнге қамалған Әсем Жәпішева пен Руслан Бикетовті, саяси белсенділерді босатсын! Әйгерім Тілеужанға бостандық! Темірланға бостандық! Сатира – қылмыс емес! Сөз бостандығы – бұл бар болу құқығы. Бұл біздің ойымызды қудалау" деді Ақторғын Ақкенжебаласы пикет кезінде.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 11:03


🔴 Алматыда белсенді Ақторғын Ақкенжебаласы Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп, пикетке шықты

Пикеттің басталғанына бірнеше минут өтер-өтпей жатып, полиция оны көлікке отырғызып алып кетті.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 10:21


🇹🇲 Азаматтары жаппай Түркияға кетіп жатқанына және шетелде жүріп Ашғабатқа наразылық білдіріп жүргеніне намыстанған Түркімен билігі елге паспорт ауыстырамын деп келгендерді шетелге шығармай жатыр.

Салдарынан отбасылар ажырап жатыр.

🇹🇷 2022 жылы Анкара Түркіменстан билігінің сұрауымен түркімен азаматтарына арналған визасыз режимнің күшін жойған. Кейінгі жылдары түркімен төлқұжатының мерзімін ұзартуды созбаққа салып, кешеуілдету жиіледі.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 10:01


💬 Трамп Украина мәселесі бойынша арнайы өкілі Кит Келлогқа Украинадағы соғысты 100 күнде аяқтауды тапсырды

Бірақ оның мұны істей алатынына ешкім сенбейді, әсіресе – ресейліктер деп жазды The Wall Street Journal газеті.

Газеттің жазуынша, Келлогқа тапсырма беру – Трамптың келіссөз бойынша жасаған алғашқы қадамы.

🗣 "Келлог оған келіссөз процесінде кеңес береді, бірақ Трампқа кеңес қажет екені анық емес" деді WSJ.

🇺🇸 АҚШ президенті Дональд Трамп былтыр сайлауалды бағдарламасында көптеген тосын мәлімдеме жасаған, Украина-Ресей соғысына қатысты да көп оқыс ой айтқан.

🇷🇺🇺🇦 Ол президент болсам, бір тәулік ішінде соғысты тоқтатамын деп те уәде берген. Халықаралық сарапшылар Трамп саяси беделі үшін биылдан қалмай екі тарапты келіссөзге келтіруге күш салады деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 09:33


🗣 Қазақстанда кемі екі банк – Home Credit Bank пен Kaspi Bank уақытша тұруға рұқсаты жоқ (ықтиярхат) ресейліктерге дебет картасын шығаруды тоқтатты

💳 Бұл жөнінде РБК жазды. Kaspi Bank карта беруді кемінде 3 ақпанға дейін тоқтатты. Одан кейін карта беру қайта қарастырылуы мүмкін. Жаңа ережеге сәйкес, карта бір жылға ғана берілмек.

🏦 Ал Home Credit Bank карта беруді белгісіз мерзімге тоқтатты. Осыған дейін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ықтиярхаты жоқ шетел азаматтарына бір жылдан артық мерзімге жарайтын банк картасын беруге тыйым салған.

Мұндай шешім "заңсыз есірткі және цифрлық актив айналымы саласында банк қызметін пайдалану қаупін азайту" мақсатында жасалып отыр деп айтылады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 08:42


📹 "Әскердегі өлім-жітім қашан тоқтайды?"

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов осы сұраққа "өлім-жітім тек әскерде ғана емес қой, бұл – қоғамның бір бөлігі. Жол апатынан өлім қашан тоқтайды деп айта алмаймыз. Әрине, [әскердегі өлім-жітімді] азайтуға тырысамыз" деп жауап берді.

Қамалетдинов "қорғаныс министрлігі ата-аналарға сарбаздың үйіне аман-есен оралатынына қашан кепілдік береді?" деген сұраққа "не болатынын ешкім білмейді, ешкім кепілдік бере алмайды" деген сыңайда жауап қатты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 08:32


🗣 Қазақстанда кейінгі күндері картоп қымбаттап, келісі 450 теңгеден асты.

🥔 Үкімет қымбатшылыққа себеп ретінде қазақстандық өнімге деген сұраныстың артуын атады. Сауда министрлігі дерегінше, биыл картоп экпорты бір жарым есе өсіп, 605 мың тоннаға жеткен.

Бұған дейін үкімет Қазақстан картобын Еуразия экономика одағына кірмейтін елдерге сатуды алты айға дейін шектеген.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков алда картоп пен басқа да көкөністердің қымбаттауына негіз жоқ дейді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 08:21


🔴 Пара алмақ болған түрме бастығы айыппұл төлеп абақтыдан құтылды. Ал жазасын өтеуші жемқорлықты әшкерелеймін деп, шартты түрде босап шыға алмай қалды.

Ол аздай, басшыны "ұстап бергені үшін азапталып жатыр" деді адвокаты. Ресми органдар мұны жоққа шығарады. Бірақ шырғалаң әлі жалғасып жатыр.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 07:31


🗣 Конституциялық сот "Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң нормалары Конституцияға қайшы емес деп санайды

Сот "Құқықтық медиа-орталық" заңгері Гүлмира Біржанованың мәлімдемесіне берген жауабын жариялады.

Біржанова мәлімдемеде бейбіт жиын туралы заңдағы пункттер әкімдіктерге егер митинг өткізетін орын бос болмаса, азаматтардың өтініштерін автоматты түрде кері қайтаруға мүмкіндік беретінін айтып өткен.

Мемлекеттік орган қаулыда бейбіт жиын өткізу туралы өтінішті орындамау туралы шешім "негізді және дәлелді болуға тиіс" деп жазған. Конституциялық сот егер митинг өткізетін орын бос болмаса, өтініш берушілерге балама орын ұсынылуы керек, өтініш беруші одан бас тартқан жағдайда ғана өтінішті орындамау туралы шешім шығарады алады деп жазды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 06:49


📹 Сарыөзектегі сарбаз қазасынан кейін қоғамда әскердегі әлімжеттік мәселесі тағы көтерілді

21 қаңтарда әскери қызметтегі қауіпсіздік туралы брифингіде журналистердің бірі "әскерде әлімжеттік бар, осыны қашан мойындайсыздар?" деп сұрағанда, Қазақстан қарулы күштері кұрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штаб басшысы Қуанышбек Үштаев "қазіргі кезде бір-екі әлімжеттік оқиғасы болған шығар, бірақ бүкіл қарулы күштерде түбегейлі әлімжеттік бар дегенге келіспеймін" деді.

🗣 "100 пайыз болса, соның 99 пайызында әскери қызметшілер өз қызметін толық орындап, ондай әрекетке бармайды. Профилактикалық жұмыстар бар, сарбаздардың ата-аналарымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. [Әлімжеттік туралы] қандай да бір ақпарат болса, бөлім командиріне, құзырлы органдарға хабарласуға болады" деді Үштаев.

14 қаңтарда Жетісу облысы Сарыөзек әскери гарнизонында қайғылы оқиға болды. Ресми ақпаратқа қарағанда, азаматтық борышын өтеп жүрген Дастан Құрманбек қару қолдану ережесін сақтамай, кеудесіне оқ тиіп көз жұмған. Алайда марқұмның туыстары бұған сенбейді. Олар кейінгі кезде Дастанның әлімжеттік жайлы жиі шағымданғанын айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 05:16


🗣 Түркияның солтүстік-батысындағы Карталкая тау шаңғы курортында ағаштан салынған қонақүйдің 12 қабатында болған өрттен қаза болғандар 76 адамға жетті

🇹🇷 Өрт басталған кезде онда 238 адам болған деді Түркияның ішкі істер министрі. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Өрт басталғанда кейбірі қонақүйдің терезесінен секіріп кеткен, кемі екі адам осылай мерт болған. Кейбірі көрпелер мен төсеніштерді бір-біріне байлап төменге түспек болған.

🇰🇿 Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров "өрттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ" деп мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 05:04


💬 Азаматтық белсенді, көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар, ақтөбелік Мұсағали Дауылов Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті қолдап, жалғыз адамдық пикетке шықты. Бұл жөнінде Oyan, Qazaqstan қозғалысы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Дауылов Ахтанов атындағы драма театрының алдына барған. Оның қолында "Маған күлкілі емес" ("Мне не смешно") деген жазуы бар қағаз болған.

Дауылов сонымен бірге көзі көрмейтін адамдарды қамамайтынын да айтқан. Белсендінің ұсталғаны-ұсталмағаны туралы ақпарат шыққан жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 04:33


🗣 Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтату бойынша келіссөзден бас тартса, Ресейге жаңа санкция салу мәселесін қарастыруымыз мүмкін.

Ақ үйдегі брифинг кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді.

🇺🇸🇷🇺 Трамп Путинмен жақын арада кездесуді жоспарлап отыр. Оның сөзінше, Путин келісім жасағысы келмей, "Ресейді бүлдіріп жатыр".

АҚШ президенті бұған қоса, Вашингтон Киевке қосымша қару-жарақ жеткізу мәселесін қарастырып жатыр деді, бірақ егжей-тегжейіне тоқталған жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Jan, 04:00


💬 Қостанай мен Алматының әкiмшiлiк соттары Qaznews24 авторына қолдау білдірген белсенділерге айыппұл салды

Белсенді Сергей Зинченко мен Oyan, Qazaqstan қозғалысының мүшесі Ақмарал Жәкібаева 21 қаңтарда Қостанай мен Алматыда Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп, екі қаладағы театр алдына шыққан еді.

Зинченко "Сатира – қылмыс емес" деген жазу жапсырылған күртесін көрсетіп, бұл ісін пикет я митинг емес, перформанс деп атаған.

Жәкібаева ұстап шыққан плакатта "Сатира – қылмыс емес!", "Ақмарал Жәкібаеваны "Сатира – қылмыс емес!" деген плакат үшін 15 күнге қамады" деген сөздер және Qaznews24 паблигінің атауы жазылған еді.

Сот оларды "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" (488-бап) деп, 196 600 теңге айыппұл салды. Елде митинг өткізу үшін әкімдікке хабарлама жіберіп, рұқсат алу керек. Белсенділер айыпты мойындамаған.

Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Jan, 13:29


💬 Ақтөбе соты бүйрегін 9 млн теңгеге сатпақ болған Атырау тұрғыны Ерболат Орынбасаровтың бостандығын бір жылға шектеді

Сот үкімі күшіне енсе, Орынбасаров бір жыл пробация бақылауында болады.

Орынбасаров бостандығы шектелгеніне разы емес, сол себепті апелляция алқасына шағымданғысы келеді. Бірақ әлі нақты шешім қабылдамаған. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Назгүл Дүйсенбекова айтты.

💸 Тергеу материалдарына қарағанда, 27 жастағы азамат шешесін емдету үшін көп мөлшерде қарыз алған. Содан құтылу мақсатында 2024 жылы мамырда Telegram желісіне хабарландыру берген. Бес айдан соң ол Ақтөбеге барып, "бүйрек саудалаушыдан" 5 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Jan, 13:27


💬 Шерзат Полат ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

🗣 "Енді қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз" деп хабарлады адвокат Карина Көшербаева.

Былтыр қазанда Алматы облысы Талғар ауданында бір топ адам қатысқан жанжал кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышаққа түсіп мерт болған.

Бұған дейін жасөспірімнің қазасы бойынша іс "Адам өлтіру", "Бұзақылық", "Қорқыту", "Қылмысты жасырып қалу" және "Қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша тергеліп жатыр деп айтылған. "Қасақана кісі өлтіруге қатысты" деген күдікпен сегіз адам, "Қылмыс туралы хабарламау" бабы бойынша үш адам сот санкциясымен қамауға алынған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Jan, 13:11


🗣 Алматы полициясы Instagram-дағы сатиралық Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің үстінен іс қозғауға сатиралық жазбалары емес, автордың "бүтін бір этнос өкілін қорлайтын, ұлтаралық алауыздық қоздыратын белгілері бар материал жариялағаны" себеп болды деп мәлімдеді

🗣 "Қазақстан – көпұлтты ел, сондықтан мұндайға жол берілмейді, Конституцияға сәйкес, ешкімді шығу тегі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы я кез келген басқа жағдай бойынша кемсітуге болмайды. Мұндай іс-әрекеттер этносаралық келісім мен халық бірлігіне нұқсан келтіреді". Полицияның баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді.

Қазақстанның ақпарат және мәдениет министрлігі бұл іс бойынша жария пікір білдірмеді. Министрліктің баспасөз қызметі Азаттық сауалдарына әлі жауап берген жоқ.

Адвокат Жанар Балғабаеваның айтуынша, Еңсебектің қамалуына "Йоу, орыстар" деген ән түрткі болған. Еңсебек бейәдеп сөздерден тұратын әнді ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки туралы постына қосқан.

🎵 Алматы полициясы тергеу қазір осы әннің авторын анықтап жатыр деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

19 Jan, 12:55


Алматы әкімшілік соты Еңсебекті қолдап, жалғыз адамдық пикетке шыққан журналист Рус Бикетовті 15 тәулікке қамады

Бұл жөнінде Oyan, Qazaqstan қозғалысы хабарлады.

Сот отырысы онлайн өткен және небәрі бес минутқа созылған.

Azattyq - Азаттық

19 Jan, 11:17


Газа секторында атысты тоқтату режимі күшіне енді

Тұтқындарды босату жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ден кейін басталуы керек.

Израиль 33 тұтқынды 700-ден астам палестиналыққа алмастыруға уәде берген.

Қазір ХАМАС-тың қолында 98 израильдік тұтқын бар деп айтылады

Azattyq - Азаттық

19 Jan, 09:38


Полицияның Рус Бикетовті ұстаған сәті.

Журналист Қазақстан қабылдаған Азаматтық және саяси құқық туралы конвенция бойынша, азаматтардың жалғыз адамдық пикет өткізу үшін рұқсат сұрауы шарт емес екенін айтқан. Бірақ полиция соған қарамастан оның плакатын тартып алып, өзін алып кетті.

Журналистке белсенділер араша түспек болып еді, полиция оған мүмкіндік бермеді. Сол сәтте оқиға орнына қара маска киген арнайы жасақтың екі өкілі де жүгіріп келді.

Конституция бойынша Қазақстан қабылдаған халықаралық шарттардың республика заңдарынан күші басым.

Видео: Bes.media

Azattyq - Азаттық

19 Jan, 09:11


Алматыда қамаудағы белсенді Темірлан Еңсебекті қолдап, жалғыз адамдық пикетке шыққан журналист Рус Бикетовті полиция ұстап әкетті деп жазды Bes.media сайты.

Ол Қазақ ұлттық опера және балет театрының маңында пикет өткізген.

Бізде – жалған демократия. Бізде заң жұмыс істемейді. Адамдарды әзілі үшін қамайды. Мен Темірланды қолдап пикетке шықтым. Темірланға бостандық! Қазақстанға бостандық!” деді ол пикет кезінде.

Бір күн бұрын ол әлеуметтік желідегі парақшасында “Еңсебектің ұсталуы – сөз еркіндігі мен шығармашылыққа қарсы жасалған қылмыс. Үнсіз қалу мүмкін емес. “Ертеңгі күн” деген жоқ. Еліміз көп уақыттан бері сырқаттанған. Қатты. Елімізді бүгін, қазір емдеу керек” деп жазған еді.

Полиция әзірге түсініктеме бермеді.

18 қаңтарда Алматы соты Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті екі айға қамаған. Оған қарсы қылмыстық істің қозғалуына "Йоу, орыстар" атты әзіл ән түрткі болған. Еңсебек осы әнді ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки туралы сатиралық постқа қосқан.

Бұған дейін саясаттанушылар, сарапшылар Еңсебектің қамалуын сынаған.

Azattyq - Азаттық

19 Jan, 07:04


"Таза орыстандыру". Кремльдің "ескі де жаңа" тіл саясаты туралы сарапшылар мен белсенділер пікірі

Былтыр жылдың соңында Кремль орыс тілі мен Ресей халықтарының тілін қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру кеңесінің қарашадағы отырысының қорытындысына орай тапсырмалар тізімін жариялады. Отырыста Ресей президенті Владимир Путин орыс тілі «Ресейдің әр азаматының ана тілі» екенін ашық айтты. Елді өзінің тілі, диалектілері бар жүздеген халық мекендейтініне де қараған жоқ. Ұлт-азаттық қозғалыс белсенділері мұны «бірыңғай орыс ұлтын» қалыптастырудың жалғасы деп есептейді және бұл таяу арада ұлттық республикалардың жойылуына әкеп соғады деп санайды.

Azattyq - Азаттық

19 Jan, 06:40


Қазақстанда картоптың күрт қымбаттағанын көрші елдер тарапынан сұраныстың өсуі мен экспорттық бағаның жоғары болуымен түсіндірген үкімет алты айға картопты экспорттауға тыйым салмақ.

Бұл шараның ЕАЭО елдеріне (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) қатысы жоқ деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстанда кейінгі апталарда картоп құны күрт қымбаттаған. Ақпаратқа қарағанда, картоп 8 қаңтар мен 14 қаңтар аралығында бірден 4,7 пайызға қымбаттаған. Қазақстанның көптеген өңірінде картоптың бір килосы 350-400-ден сатылып жатыр. "Картопты енді тек мерекелер кезінде ғана жейтін болдық" деп жазды аймақ тұрғындарының бірі желіде.

Azattyq - Азаттық

18 Jan, 14:46


Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебек екі айға қамалды. Сот осындай шешім шығарды.

Алматы қалалық полиция департаменті алдына Еңсебектің жиырмаға жуық жақтасы жиналды.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

18 Jan, 10:41


Тегерандағы атыс кезінде екі судья оққа ұшып, тағы біреуі жарақаттанды. Бұл жөнінде IRNA агенттігі хабарлады. Тағы бір судья жарақаттанған. Шабуылдаушы өзіне қол салған. Билік оқиғаны теракт деп бағалады.

Атыстың салдарынан екі судья: Мохаммад Могисе және Әли Разини қаза болды. Олар ұлттық қауіпсіздік, тыңшылық және терроризмге қатысты істер бойынша маманданған.

Azattyq - Азаттық

18 Jan, 10:37


Темірлан Еңсебекке бұлтартпас жаза тағайындау бойынша сот кейінге қалдырылды деп хабарлады журналист Әсем Жәпішева

"Сотты кейінге қалдырды. Оны түнде соттайтын шығар, бізде сондайды жақсы көруші еді ғой" деп жазды журналист өзінің телеграм-арнасында.

Azattyq - Азаттық

18 Jan, 10:14


Бүгін белсенді, Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке бұлтартпас жазасын тағайындау бойынша онлайн сот өтеді деп хабарлады Qaznews24 телеграм-арнасы.

Адвокат Жанара Балғабаева “Пятое января” телеграм-арнасына Еңсебектің қамалуына "Йоу, орыстар" атты әзіл ән түрткі болғанын айтқан. Еңсебек осы әнді ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки туралы сатиралық постқа қосқан. Былтыр осы әнді орындаған белсенді Мария Кочнева 10 күнге қамалған еді.

Блогер Антон Бударов осы әнге байланысты Еңсебектің үстінен арыз жазғанын хабарлады.

Дегенмен адвокат Жанара Балғабаеваның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары Бударовтың арызынан емес – қылмыстық қудалау органының рапортынан басталған.

Azattyq - Азаттық

18 Jan, 08:12


Қытай халқының саны үш жыл қатарынан азайған

2024 жылы Қытайда өлім көрсеткіші дүниеге келген нәрестелер саны көрсеткішінен асып, осылайша халық саны үш жыл қатарынан азаю тенденциясын байқатқан. Сарапшылар бұл тренд алдағы жылдары күшейе түседі деп болжайды.

Статистика ұлттық бюросының мәліметінше, 2024 жылы Қытай халқының саны 1,39 млн адамға азайып, 1,408 млрд болған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 1,409 млрд болған.

Бұл дерек экономиканың ірілігі жағынан әлемде екінші орында тұрған Қытайдың жұмысшылар мен тұтынушылар санының қысқаруына байланысты алдағы уақытта қиындықтарға кезігеді деген қауіпті зорайта түседі дейді сарапшылар. Қарттарды күтіп-бағу шығынының артуы және зейнетақы онсыз да қарызға белшесінен батып отырған жергілікті атқару органдары үшін қосымша салмаққа айналмақ дейді олар.

Azattyq - Азаттық

18 Jan, 06:47


Журналист Вадим Борейко өзі туралы тараған жалған ақпаратқа байланысты полицияға шағым түсірді

Журналист, "Гиперборей" YouTube-арнасының авторы Вадим Борейко полицияға шағым түсірді. Бұған әлеуметтік желіде "Борейко әйелін ұрып-соғып, қоғамдық тәртіпті бұзды-мыс" деген жалған ақпараттың тарауы себеп болған. Алматы қалалық полициясы да аталған ақпарат фейк екенін растады.

"Журналист Вадим Борейконың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және ресми дереккөздерді жетекшілікке алуға шақырамыз" деп жазылған Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламаында.

Толығырақ

Azattyq - Азаттық

18 Jan, 05:34


Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы | Азаттық толқынында

Азаттықтың маңызды хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында жазушы Мұхтар Мағауиннің "Қазақ тарихының әліппесі" кітабы, "Қан төгілді!.." мақаласы және Шәкерім мұрасы жайлы айтамыз. "Әліппе" туралы тарихшы пайымы қандай?

🎧Азаттық сайты
🎧YouTube

Azattyq - Азаттық

17 Jan, 16:14


Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебек ұсталды

Сатиралық Qaznews24 паблигінің авторы, белсенді Темірлан Еңсебек ұсталып, үйінде тінту жүргізілгені айтылды. Бұл туралы алдымен белсенділер хабарлады. Олар Еңсебектің үстінен "әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни алауыздық қоздыру" бабымен іс қозғалуы мүмкін деген еді.

Кейін Алматы қаласының полиция депарламенті Азаттыққа "қазір тергеушілер желіде ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ретінде бір пабликтің авторы ұсталып, тергеу изоляторына қамалды" деді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

17 Jan, 15:48


Ресей әділет министрі Азаттықтың серіктесі "Настоящее время" телеарнасының тілшісі, украиналық журналист Ирина Ромалийскаяны "шетел агенті" тізіміне қосты. Ол бұған дейін украиналық "Громадське Телебачення", "Громадське радіо", "Цензор.Нет" медиаларында жұмыс істеген.

"Ресей мені қандай тізімге қосса да бәрібір. Демек "Настоящее время" командасы мықты жұмыс істеп, жақсы іс жасап жатыр деген сөз. Біз ешқандай тізім мен статусқа қарамастан жұмысымызды жалғастыра береміз" деді Ромалийская.

Azattyq - Азаттық

17 Jan, 15:17


Трамп өзінің TruthSocial желісінде Қытай басшысы Си Цзиньпинпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеп, "әңгіме АҚШ пен Қытайға да өте жақсы болды" деді.

"Біз көп мәселені шешеміз деп ойлаймын және бірден іске кірісеміз. Біз сауда балансын, фентанил, TikTok және басқа мәселелерді талқыладық. Төраға Си және мен әлемді бейбіт әрі қауіпсіз ете түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз" деп жазды Трамп.

Қазір АҚШ-та Қытайдың TikTok желісін бұғаттау жайлы сөз болып жатыр.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

17 Jan, 14:02


Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Қытайдың Синхуа агенттігі хабарлады.

Агенттік Си Цзиньпин пен Трамп не туралы сөйлескенін айтпаған. Трамп 20 қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріседі.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

17 Jan, 13:29


📹 Үш жылға сотталған Олжас Айдарханов Азаттыққа "сот әділ өткен жоқ, [үкімге] келіспеймін" деді.

Сотталушы Арман Шойбековтің анасы Жаңагүл Шойбекова апелляциялық шағым түсірмек.

Журналистерге пікір берген сотталушылардың бірінің жақыны "балаларымыз үкіметті, қираған нысандарды қорғады. Жан-жақтан 20 мың террорист келді деп, сіздерді де, бізді де сендірді. Оны сендірген үкімет" деді. Ол баласы жазықсыз сотталды деп есептейді.

Бұған дейін жәбірленуші жақ сотталушыларға тым жеңіл жаза берілген деп санайтынын айтқан. Олардың сөзінше, жаппай азаптау болған және адамдардың денсаулығына ауыр зақым келген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

07 Jan, 13:08


🔴 Мәсімов қай елдің "агенті"?

Қаңтар оқиғасына байланысты ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамалғаннан бері үш жыл бойы Астанада тергеу изоляторында отыр. Ол былтыр 18 жылға сотталған. Мәсімовке қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Мемлекеттік арна оны әлдебір "шетелдің агенті" деп атады. Азаттық Мәсімовке қатысты соңғы мағлұматты саралап шықты.

🔗Қаңтардың үш жылдығына байланысты Манас Қайыртайұлы әзірлеген видеоны көріңіз

Azattyq - Азаттық

07 Jan, 11:56


🔴 Қаңтар оқиғасы бойынша соттар: сан мен дерек

Қанды Қаңтар оқиғасына байланысты сот процестері жалғасып жатқалы үш жылға жуық уақыт болды. Алайда азаптау шағымдарының басым бөлігі сол күйі қаралмаған. Адам өліміне қатысты істер де жабулы күйде қалған. Азаттық ақпарат құралдарында шыққан Қаңтар соттарына шолу жасап, цифрлар мен деректерді анықтады.

🔗Сілтемемен кіріп, мақаланы оқып шығыңыз

Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

07 Jan, 10:58


Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған күші жер сілкінісінен 95 адам қаза тапты, 130-дай кісі жараланды.

Жер сілкінісінің кіндігі Непал шекарасына жақын жердегі Тингри аймағында, 10 км тереңде жатыр. АҚШ Геология қызметі Тибеттің қасиетті қалаларының бірі Шигацзеден оңтүстік-батысқа қарай 177 км жерде магнитудасы 7.1 болатын зілзала болғанын тіркеді.

Шигацзе – Тибет буддистерінің рухани көсемдерінің бірі Панчен-ламаның резиденциясы саналатын қала. Ол Тибет буддистері үшін Далай-ламадан кейінгі екінші адам саналады.

Дүмпу Непал астанасы Катмандуда және Үндістанның кей өңірлерінде де сезілген.

«Тингри уезі мен оның маңайындағы аймақтар дүмпуді қатты сезінді. Эпицентрге жақын маңдағы ғимараттың біразы қирады» деп хабарлады Қытайдың CСТV телеарнасы.

Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

07 Jan, 09:12


Кірген із бар, шыққан із жоқ. Қаңтарда жоғалған Мақсет

2022 жылы «Қаңтар оқиғасы» кезінде «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген күдікпен қамалған Өзбекстан қазағы Мақсет Қанатбаев әлі табылмады. Ешқандай дерегі жоқ. Оны «шығарып жібердік» деген полиция мәлімдемесіне құқық қорғаушы сенбейді.

Видеоны көру үшін сілтемеге өтіңіз

Azattyq - Азаттық

07 Jan, 07:00


Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктеріндегі мәліметтерді саралау аяқталды. Бұл жөнінде бразилиялық G1 басылымы хабарлады.

«Әуе апаттарын зерттеу және олардың алдын алу орталығы (CENIPA) осы дүйсенбі (6 қаңтарда) 25 желтоқсанда Қазақстанда құлаған Embraer ұшағындағы қара жәшіктердің мәліметін саралауды аяқтады. Құрылғы Бразилияға 1 қаңтарда жеткізілген, ертесінде мәліметтерді сараптау басталған» делінген хабарламада.

Саралауға қатысқан мамандардың айтуынша, «Мәлімет жазатын екі құрылғыдағы мәліметтерді алу, жинау және тексеру 4 қаңтарда біткен».

Бұған қоса, деректерді саралау туралы ақпарат Қазақстанға жіберілген.

Бразилия әуе қорғаныс күштерінің дерегі бойынша, құрылғыларды саралау процесін бақылау мақсатында Бразилияға Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің тергеушілері барған. Олар деректерді талдау процесін бақылап, осы сенбіде елдеріне қайтып кеткен.

Алынған мәліметтер оқиғаның себептерін анықтайтын орган – Қазақстанның әуе апаттарын тергеу басқармасына жіберіледі делінген Бразилия басылымының ақпаратында.

Қара жәшіктерден табылған мәліметтің жай-жапсары туралы ештеңе айтылмаған.

Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 17:05


🔴 Айтылмаған шындық, ашылмаған құпия. Қаңтардың 3 жылы.

Жақынынан айырылғандардың жан жарасы әлі жазылмаған. Кемі 238 адам қаза тапқан оқиғаны билік ұмытқысы келетіндей, арнайы еске алу іс-шарасын ұйымдастырмады.

Алайда қазақстандықтар әлеуметтік желіде флешмоб өткізіп жатыр.

🔺 Қаңтар шындығы ашылды ма?

🔺 Адам атқандар мен ұсталғандарды азаптағандар толық жазасын алды ма?

AzatNEWS бағдарламасы арнайы шығарылымында осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеді.

Сілтемені өтіп көріңіз

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 16:23


🇨🇦 Трюдо отставкаға кетті

Канада премьер-министрі (елдің де-факто басшысы) Жастин Трюдо өз еркімен биліктен кетті. Ол қызметтен кететінін 6 қаңтарда жариялады. Reuters агенттігінің жазуынша, Трюдоның премьерліктен кетуіне рейтингінің төмендеуі, елдегі бағаның өсуі себеп.

Сарапшылар Трюдоның Либерал партиясының беделі түсіп кеткенін айтады. Бұған қоса, АҚШ-тың президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Канада тауарларына тарифты өсіремін деген соң елдің қарды министрі Христина Фриланд отставкаға кеткен еді. Партияластары да Трюдоны отставкаға кетуге шақырған. Ipsos зерттеу орталығының қыркүйектегі сауалнамасында халықтың 26 пайызы ғана Трюдоны қолдаған еді. Оның Либерал партиясы биыл қазанға дейін өтуі тиіс парламент сайлауында жеңіліс табады деген болжам айтылған.

Енді Канадада уақытынан бұрын парламент сайлауы өтуге тиіс. Трюдо билікке 2015 жылы келген еді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 15:52


💬 Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай орта қашықтағы баллистикалық зымыран ұшырды

Бұл туралы 6 қаңтарда Оңтүстік Корея штаб басшыларының бірлескен комитетіне сүйенген Yonhap агенттігі жазды.

Әскерилер дерегінше, зымыран Пхеньян аймағынан жергілікті уақыт бойынша шамамен 12-де ұшырылған. Бұл – Солтүстік Кореяның Жаңа жылдан кейін ұшырған алғашқы зымыраны.

🇺🇸 Бұл жайт АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Оңтүстік Кореяға сапары кезінде болды.

🇰🇵 Солтүстік Корея бұған дейін 5 қарашада, АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде зымыран ұшырған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 13:02


📹 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне сұхбат беріп, Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі туралы пікір білдірді. Ол марқұм баланың отбасы қандастар екенін меңзеп, олар "заңсыз әрекеттерден аулақ болуы керек, бұрын өздері тұрған елде ондай әрекет жасаған жоқ қой" деп жауап берген.

Бұл сөзін саясаттанушылар мен қандастар өткір сынап жатыр.

Азаттық саясаттанушы, журналист пен қандастардың өзінен президент Тоқаевтың осы сөзіне қатысты пікір сұрады.

🔗Толығырақ

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 12:06


🗣 Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Грозныйдағы "Ковер" жоспары туралы не деді?

Ол алдын ала мәліметтерге сүйеніп, әуе кеңістігін жабатын операция ұшақты жерден атқан соң жарияланған деп айтты.

🗣 "Әдетте қандай да бір елдің әуе кеңістігіне қауіп төнсе, ол дереу жабылады. Бұл барлық елде солай және оның әртүрлі атауы бар. Ресейде бұл "Ковер" деп аталады. Ресейдің әуе кеңістігіне қауіп төнген болса, ұшақ капитаны бұл туралы дереу хабардар болуы керек еді. Әуе кеңістігі дереу жабылып, ұшақ қайта оралуға тиіс еді. Ұшақ апатына дейін шамамен 10 күн бұрын осыған ұқсас оқиға Грозный қаласы маңында болған. Azerbaijan Airlines-ке тиесілі ұшақ жарты жолда артқа қайтқан. Бұл жолы ұшақ экипажына неліктен ескерту бермеді? Әрине, мұны тергеу анықтайды" деді Әлиев.

🇦🇿 Әзербайжан президенті "біздегі ақпарат шындыққа негізделген" деп мәлімдеді.

🗣 "Ресей мемлекеттік құрылымдарының бұл оқиғаны басып тастауға және абсурд нұсқалар тықпалауға тырысқаны бізді таң қалдырып жатыр, өкініш пен әділ наразылық тудырды" деді ол.

✈️ Әлиев ұшақ апатынан жазықсыз адамдар қаза болды деп, ұшқыштар мен экипаж мүшелерінің ерлігін атап өтті. Олардың арқасында бұл апаттан 30-ға жуық адам аман қалды деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 11:08


💬 Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Қазақстандағы ұшақ апатына Ресейді тағы айыптай сөйледі

🗣 "[Ақтаудағы ұшақ апатынан] қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының [өлімі] Ресей өкілдерінің мойнында деп сеніммен айта аламын. Біз әділдік талап етеміз, кінәлілерді жазаға тартуды талап етеміз, ашықтық пен адамгершілік талап етеміз" деді Әлиев.

AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, Әзербайжан президенті мұны ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің үй ішімен және тірі қалған бортсеріктермен кездесуде айтқан.

Ұшақтың қара жәшіктерін зерттеу процесі жүріп жатқанын айтқан Әлиев "жақын арада алдын ала нәтижені білетінімізге және бәрі өз орнына келетініне сенімдімін, қайғылы оқиға туралы бәрі белгілі болады. Әрине, бұл осы трагедияны толық тергеу және ондағы кінәлілерді жазаға тарту ісіндегі маңызды сәт болады" деген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 10:55


🗣 Өскемен қаласында тұратын заңгер Нұрлан Әубәкіров Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты сотқа берді

Сөзінше, ол мәселесін айтайын деп әкіммен кездесуге бірнеше рет талпынған, бірақ оны қабылдаудан "бас тартып келеді".

Әубәкіров Өскеменде үй салуға жер ала алмай жүрген Елена Симакова есімді адамның заңгері екенін айтты. Ол осы мәселені шешуге "қауқарсыз" болды деп облыс әкімінің орынбасары мен жер қатынастары басқармасы қызметкерлерінің жұмысына шағымданбақшы болған.

🗣 "Әкімдік қандай мәселе бойынша әкіммен кездескің келетінін алдын ала біліп алады. Өтінішіңді қарағаннан кейін ғана шешім қабылдайды. Алайда әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің "жеке тұлғаларды қабылдау" туралы бабына сай, әкімдік не өтінішпен келгеніңді алдын ала біліп барып шешім қабылдамауы керек. Заңда олай жазылмаған" деді Нұрлан Әубәкіров.

Облыстық әкімшілік сот осы мәселе бойынша 13 қаңтарда отырыс өткізбек.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 10:00


💬 Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның Донецк облысындағы Курахово қаласын толық бақылауға алдық деп мәлімдеді

Ресми хабарламада Курахово – "Донбасстың оңтүстік-батысындағы ең үлкен аймақ" делінген.

Соғысқа дейін қалада 19 мыңға жуық адам тұрған. 2024 жылы қазанның аяғында Ресей Селидово қаласын басып алғанын айтқан, Курахово – содан бері орыс әскері бақылауға алдық деген Украинадағы ең ірі қала.

Сол уақыттан бастап Курахово үшін шайқас жүрді, Ресей әскері қаланың үш жағынан – шығыстан, солтүстіктен және оңтүстіктен шабуыл жасады.

🇺🇦 Украина әскері бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

🇷🇺 Алайда майдан шебіндегі жағдайды бақылап отырған DeepState талдау жобасы Кураховоның басым бөлігі Ресей бақылауында деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 08:21


🔴 "Тірілерді – сол жаққа, өлгендерді – оң жаққа".

Бұл – Қосай Маханбаевтың жадына өшпестей болып жазылып қалған сөз. 2022 жылғы 5 қаңтарда оқ тиіп жараланып, аурухананың қабылдау бөлімінде қансырап жатып естігені.

Сол күні Қазақстанның ірі қаласындағы жаппай наразылық тәртіпсіздікке ұласып, күш құрылымдары оқ атты.

Қаңтар оқиғасы 41 жастағы Маханбаевтың өмірін апай-топай етті. Алматыда наразылық өршіп тұрған сәтте оған оқ тиді, одан кейін қамауға алынып, абақтыда азаптауға ұшырады, ақырында ең жақын адамынан айырылды. Қаңтар оқиғасына қатысушы бір сәтте басына ауыр қасірет пен қайғы түскенін айтады. Сөйтсе де, 2022 жылдың қаңтарындағы сол бір күндері болған жағдай үшін өкінбейді.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 07:56


🗣 Украина президенті Владимир Зеленский америкалық блогер Лекс Фридманға берген сұхбатында Батыс елдеріне қарата бірқатар сыни мәлімдеме жасады

🇺🇦 Зеленский АҚШ пен Ұлыбританияны сынға алды. Олар 1994 жылы Ресеймен бірге Будапешт меморандумына қол қойып, Украинаның аумақтық тұтастығына кепіл берген.

🗣 "Оның қауіпсіздікке кепіл емес екенін қазір түсініп тұрмыз. Мұны ойлап тапқан барлық адамды тауып, жай ғана түрмеге қамау керек… Донбасс пен Қырымның бір бөлігі басып алынғаннан кейін Украина ел қауіпсіздігіне кепіл болғандарға, Будапешт меморандумының барлық мүшесіне үш рет ресми хат жолдады… Сол хаттарға біреу жауап берді ме? Жоқ. Неліктен? Себебі [оларға] бәрібір" деді Зеленский.

🇷🇺🇺🇸 Ол "Путин Трамптан қорқады" деп санайды. Зеленскийдің сөзінше, Ресей басшылығы Украина аумағын "басып алуды" аяқтау үшін оны Америка президентімен дауластырғысы келеді.

Зеленский АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігін де сынға алып, Ресей әскері Украинаға басып кірген кезде Вашингтон Киевке қажетті әскери көмек көрсетпеді деп айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 07:01


💬 АҚШ пен Еуроодақта террорист деп танылған палестиналық ХАМАС тобы Израильмен арадағы атысты тоқтату туралы келісім бойынша босатылады деген адамдардың тізімін жасады. Онда ХАМАС кепілде ұстап отырған 34 адам бар

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. ХАМАС өкілі келісім жүзеге асуы үшін Израиль әскері Газа секторынан кетуі керек деген. Палестиналық топ соғысты уақытша емес, толық тоқтатқысы келеді.

ХАМАС тобы 2023 жылғы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасап, 250-ден аса адамды кепілге алған еді. Олардың бір бөлігі бұған дейін өткен келіссөздер бойынша босатылған. Израильдің мәліметінше, Газада 101 азамат кепілде қалған, оның 51-і тірі қалған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 06:04


🗣 Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Бұған дейін Дархан Сатыбалдының орынбасары болған.

Көшеров әр жылдары Атырау облысы, Шымкент және Ақтау қаласындағы мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған, біраз жыл Астана қаласында салық басқармасында істеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Jan, 06:03


💬 Дархан Сатыбалды ауысқан қызмет жайлы не білеміз?

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары деген қызмет 2023 жылғы 1 қыркүйекте жойылған еді.

Сол кезде президент әкімшілігінің құрылымы өзгерген. Әкімшіліктегі төрт бөлім қысқарып, жаңа құрылымға президент әкімшілігінің басшысы, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, президент кеңсесінің басшысы, президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, президент әкімшілігінің бөлімдері қосылған.

📂 Тоқаевтың жарлығына сәйкес, президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары қызметінен босатылған. Олардың бірқатары кейін президенттің көмекшісі, кеңесшісі болды.

Дархан Сатыбалдыға дейін жойылған қызметте Тимур Сүлейменов отырған еді. Өзгерістен соң ол Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған.

Қазір президент әкімшілігін Айбек Дәдебай басқарады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

04 Jan, 12:47


Бразилияда Ақтауда құлаған ұшақтың «қара жәшіктерін» зерттеу басталды

🇧🇷 Бразилия Әскери әуе күштеріне қарасты Әуе апаттарын зерттеу орталығы (CENIPA) Azerbaijan Airlines компаниясының 25 желтоқсанда Ақтау маңында құлаған Embraer 190 ұшағының «қара жәшіктерін» зерттеуге кірісті. Бұл жөнінде Euronews хабарлады.

Жәшіктердің жазбаларын оқуға апатқа қатысы бар үш елдің 🇰🇿🇦🇿🇷🇺 мамандары қатысады.

Ұшақты шығарған ел ретінде Бразилия апаттың барлық жай-жапсарын толық анықтап, модельдеу үшін оқиғаның виртуал шынайылық негізіндегі графикалық көшірмесін жасауды жоспарлаған.

Ұшқыштардың дауыс таспалары мен ұшақтың жағдайы туралы барлық деректер «қысқа уақыт ішінде» сарапталады. Бразилия Әскери әуе күштері осылай деп мәлімдеген.

Құлаған ұшақта 67 адам болған. 29 жолаушы аман қалып, 38-і қаза тапты. Қаза болғандардың алтауы – Қазақстан азаматы.

Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

04 Jan, 11:24


Инаугурацияға он күн қалғанда Трампқа сот үкімі шығады

Нью-Йорк соты порноактрисамен байланысы жөнінде ақпаратты жасыру мақсатында ақша төлеген құжаттарды бұрмалағаны үшін Дональд Трампқа 10 қаңтарда жаза тағайындамақ. Бірақ судья оған түрме жазасын кесу ниеті жоқ екенін айтты. Айыпты деп танылатын Трамп он күннен соң АҚШ президенті ретінде ант береді.

Судья Хуан Мерчанның айтуынша, Трампқа айыптау үкімі шығады, бірақ ол "бірден босатылады". Яғни, айыпкер түрмеге де қамалмайды, айыппұл да төлемейді, оған сынақ мерзімі де тағайындалмайды. Оның сөзінше, прокурорлар да Трампты түрмеге қамау дұрыс шешім емес деп санайды.

2024 жылғы мамырда Дональд Трамп порноактриса Сторми Дэниэлске төленген ақшаның ізін жазсыру үшін қызметтік хат-хабарды бұрмалады деген істің 34 пункті бойынша кінәлі деп танылған. Сотқа қатысқан 12 алқаби мүшесінің бәрі осы шешімді қолдаған.

Трамптың өзі бұл айыптауды үнемі жоққа шығарып, мұны өзіне жасалған қысым деп атайды.

2025 жылғы 20 қаңтарда Вашингтондағы Капитолий ғимаратында Дональд Трамп ант беріп, АҚШ президенті қызметіне қайта кіріседі.

Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

04 Jan, 09:58


«Терроризмді насихаттағаны үшін» Қазақстанда екі адам сотталды

Қазақстанның екі азаматы терроризмді насихаттағаны үшін бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталғандардың бірі – Тараз тұрғыны. Ол «шетелде террористер жағында соғысқа қатысуға шақырып, айналасына үгіт-насихат жүргізген және өзі де солардың қатарына қосылуға ниеттенген».

Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттады (Қылмыстық кодекстің 256-бабы), діни алауыздықты қоздырды (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) деп танылып, жеті жылға бостандығынан айырылды.

Екінші адам – Алматы тұрғыны. Іс материалдарына сәйкес, бұрын бірнеше рет сотталған ол адам Интернетте радикал идеологияны насихаттаған.

Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (Қылмыстық кодекстің 256-бабы), есірткі затты заңсыз сақтағаны (Қылмыстық кодекстің 296-бабы) үшін 7 жыл 1 айға бостандығынан айырылды.

Сотталғандар кінәсін мойындады ма, жоқ па, ресми хабарламада бұл жайлы айтылмайды.

Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

04 Jan, 07:34


Бір түнде оққа ұшқан 20 адам. Шымкенттегі Қаңтар қырғыны

2022 жылғы 5 қаңтарда Шымкент қаласы әкімдігі алдында атылған оқтан 20 адам қаза тапты. Билік іс қозғап, марқұмдар "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен күдікке ілінді. Кейін "айып дәлелденбегеніне" байланысты іс қысқарып, олар "кездейсоқ қайтыс болған адамдар" тізіміне қосылды. Қаңтар оқиғасына үш жыл толғанда Азаттық бірнеше марқұмның туысымен тағы да сөйлесті.

– Маңдайынан, дәл қасының үстінен кірген оқ мидың ортасындағы тамырға тиіп, сол жерде қалып қойған. Көп өтпей дәрігерлер баламыздың қайтыс болғанын естіртті, – деді сол түні қаза тапқан Нұрболат Алпамыстың анасы Айгүл Бақжанова Азаттыққа.

Оны "Неге билік жастарға оқ атты?" деген сұрақ мазалайды. Ал марқұмның әкесі Мұрат Әбдірайымов өкімет халықтың пікірін тыңдаса, Қаңтар оқиғасы болмайтын еді деп есептейді. Оның пікірінше, халықтың әлеуметтік мәселесі, жемқорлық, әділетсіздік, жағдайдың жоқтығы, айыппұлдар мен несие жұртты көшеге шығарған, ал билік халықты тыңдап, диалог құрудың орнына оқ атқан.

YouTube-тан арнайы репортаж көріңіз. 2022 жылғы 5 қаңтар Шымкент орталығынан түсірілген бұрын көрсетілмеген видеолар бар. https://www.youtube.com/watch?v=sifdsLcStYE

Мақала нұсқасын Азаттықтың сайтынан оқыңыз: https://www.azattyq.org/a/politsiya-atqan-oq-maiitten-tabyldy-shymkenttegi-qantar-qyrgyny-ush-zhyldan-song/33262123.html

Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Jan, 12:19


Ақмола облысындағы трассада 95 көлік соқтығысты

3 қаңтарда Астана-Щучинск трассасында 95 көлік соқтығысып қалған. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті хабарлады. Жол оқиғасына боран себеп болған. Полиция 12 адам зардап шеккенін, төртеуі ауруханаға түскенін айтады.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, көліктер соқтығысқан жерге 48 құтқарушы мен 16 техника келген. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Видео: Төтенше жағдай министрлігі

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

03 Jan, 10:12


Назарбаев "саяси сыпайылықты сақтай бермейтін" - Тоқаев

Тоқаев "Ана тіліне" сұхбатында елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кетсе де билікке араласқанын айтады.

- Ол отставкаға кеткенімен, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған кезде саяси сыпайылықты сақтай бермейтін. Үнемі премьер-министрді, Ұлттық банктің төрағасын, министрлерді, әкімдерді шақырып алып, жиналыс өткізетін... Бұл жағдай қосарланған билік туралы алып қашпа әңгіменің өршуіне әкеп соқты. Шенеуніктер де ка¬бинеттен кабинетке жүгіріп, кімнің тапсырмасын орындайтынын білмей дал болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2021 жылғы қарашада өткен Astana Club жиынында 92 жастағы Махатхир Мохамадты мысалға келтіріп, өзінің Ақордаға қайтып келуі мүмкін екенін мәлімдеуін және бұрынғы президенттің сол жылы желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД елдерінің саммитіне қатысуын нағыз билік дағдарысына әкеп соқтырған негізгі оқиғалар деуге болады, - деді Тоқаев.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

03 Jan, 08:33


Тоқаевтың сұхбатында айтқандары:

🔹Үкіметтің міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Министрлер кабинеті бұл міндетін орындап отыр. Алайда бәрі мінсіз деуге келмейді, проблемалар да бар.

🔹Экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын. Олар халықаралық қаржы институттарының тілімен әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтижесі бар шаруа шамалы болып тұр. Қазір өңірлердегі ахуалды және экономиканың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін жақсы білетін, яғни жергілікті жерде еңбек етіп, ысылған мамандар қажет.

🔹Әділдік барлық елде және барлық заманда халықтың қалауы болғанын айта кеткен жөн. Қаңтар оқиғасына дейін бізде әділдік деңгейі өте төмен болғаны рас.

🔹2022 жылдан бері мемлекет қазынасына 2 триллион теңгеден астам (4,1 миллиард доллар) қаражат түсті. Бұл қаржы мектептер мен маңызды инфрақұрылым нысандарын салуға және өзге де әлеуметтік міндеттерді орындауға жұмсалып жатыр. Әділдік дегеніміз осы емес пе?

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

03 Jan, 08:24


Тоқаев уақыт белдеуі жайлы: Үкімет өз шешімінің орынды екеніне сенімді

Қазақстан басшысы "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында қоғамда дау тудырған біріңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеу 1 наурызда аяқталып, ұсыныстар әзірленеді дейді.

–Үкімет өз шешімінің орынды екеніне сенімді және Қазақстан бір уақыт белдеуінде болуы қажет деп санайды... Дегенмен азаматтарымыз өтініш білдіріп жатыр. Үкіметтің шешіміне қатысты ашық талқылаулар жандана түсті. Меніңше, қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді. Парламент пен үкімет бұл мәселені байыппен зерделеп, ортақ әрі дұрыс шешімге келетініне сенімдімін, - дейді Тоқаев.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

03 Jan, 08:17


Тоқаев кезектен тыс сайлау болатынын жоққа шығарады

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында "Тоқаев 2026 жылы БҰҰ басшылығына кетуі мүмкін" деген сөзге қатысты пікірін білдіріп, "елді дамытуға арналған жоспарларын жүзеге асыруға ниетті екенін" айтты.

– Мен БҰҰ бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдеріс¬тердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін, - деді ол.

Тоқаев кезектен тыс парламент сайлауы өтетінін де жоққа шығарды.

– Меніңше, Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ. Сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді, – ол.

Осыған дейін "Тоқаев БҰҰ басшылығына кетіп, елде президент сайлауы өтуі мүмкін" деген сөз тараған. Бұдан бөлек, "2025 жылы мәжіліс сайлауы өтеді" деген де әңгіме шыққан еді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Jan, 14:41


Украина "марапат алып жатқан ресейлік әскерилерге ракетамен соққы жасады"

2 қаңтарда Украина Курск облысы Ивановск ауылындағы мәдениет үйінде ресейлік әскерилерді марапаттау рәсімі өтіп жатқанда соққы жасағаны айтылды. Бұл туралы украиналық телеграм-арналар жазып жатыр. Соққы жайлы Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Антон Геращенко да айтты. Оның сөзінше, мәдениет үйінің маңында әскери машиналар тұрған.

Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жалған ақпаратпен күрес орталығының басшысы Андрей Коваленко телеграм-арнасында Ивановск ауылында соққы жасалғанын, "Ресейдің 810-бригадасы шығынға ұшырағанын" жазды.

Ал Курск облысы басшысының міндетін атқарушы Александр Хинштейн Рыльск ауданы Ивановск ауылындағы азаматтық нысан ракета шабуылына ұшырады дейді. Оның сөзінше, мектеп, пошта, сауда орталығы, тұрғын үй бүлінген. Зардап шеккендер жоқ дейді Хинштейн.

Ресей мен Украинаның әскери ведомстволары бұл шабуылға қатысты ресм мәлімдеме жасамады.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Jan, 11:06


Израиль Газада босқындар тұрып жатқан лагерьге шабуылдап, 11 адам қаза тапты

Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі Әл-Масауи жағалауындағы босқындар лагеріне әуеден шабуыл жасап, кемі 11 адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында Газа секторының ХАМАС ұйымы ( АҚШ, ЕО және Израиль террорлық ұйым деп таныған) тағайындаған полиция басшысы, үш бала және екі әйел бар. Бұл туралы сектордағы ХАМАС басқаратын денсаулық министрлігіне сілтеп, ВВС сайты хабарлады.

Израиль әскері бұл ақпаратты тексеріп жатқанын айтады.

Израиль Әл-Масауи жағалауын "гуманитарлық аймақ" деп белгілеп, соғыстан қашқан палестиналықтар тұратын жер деп анықтаған. Бірақ Израиль бұл жерде ХАМАС әскерилер тығылып жатыр деп бірнеше рет шабуылдаған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Jan, 09:38


Есірткі өндіргендерге жаза күшейіп, тасымалдаушыларға жаза сәл жеңілдеді

"Ескірткіні, психотропты заттарды, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттарды заңсыз өндірісіне қарсы әрекеттер" туралы заңның өзгерген нұсқасына президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы 2 қаңтарда Ақорда хабарлады.

Енді есірткі өндіргендер 15-20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Ал есірткі таратқан ресми өкілдері 15-0 жылға сотталуы (бұрын 10-15 жыл болған) мүмкін.

Ал есірткі тасығандарға жаза сәл жеңілдеді. Бұрын олар бес жылдан он жылға дейін сотталатын еді, жаңа заңда 5-8 жыл жаза қарастылырған. Егер бұл қылмысты екінші рет жасаса, 7 жылдан 12 жылға сотталуы мүмкін.

Мәжілістің мәліметінше, есірткі қылмысына байланысты сотталған 4 мың адамның 1300-і – есірткі тасымалдағандар.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов заң күшіне енсе, есірткі қылмысына байланысты сотталған мыңға жуық адам шартты жазамен босап шығады деген.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Jan, 08:20


🇺🇲 АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқандар 15 адамға жетті. 35 адам жараланған. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, CNN телеарнасы хабарлады.

1 қаңтарда Жаңа Орлеанда ер адам көлікпен адамдарды әдейі қағып, кейін көліктен түсе сала оқ атқан еді. Басында он адам қаза тапқаны айтылған. Полиция атыс кезінде шабуылдаған адамды атып өлтірген еді.

Қала билігі қылмысқа күдікті Техаста тұрған 42 жастағы Шамсуд-Дин Жаббар дейді. Ол бұрын АҚШ әскерінде қызмет еткен. Күдіктінің көлігінен "Ислам мемлекеті" террорлық тобының туы, қару және жарылғыш зат табылғаны айтылды.

АҚШ-тың тергеу бюросы оқиғаны "теракт" деп тергемек.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

01 Jan, 11:58


АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында көлік жиналған адамдарды таптап, кемі он адам қаза тапты. Отыз адам зардап шеккен.

Бұл туралы ВВС, CBS News телеарналары хабарлады. Алдын-ала ақпаратқа қарағанда, бір адам көлікпен Бурбон көшесінде жүргендерді соғып, кейін көліктен шығып оқ ата бастаған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

01 Jan, 11:52


"Маңғыстауда итбалықтар вирус инфекциясынан қырылған" - Ғылыми орталық

Алматыдағы микробиология және вирусология ғылыми орталығы зертханасы Маңғыстауда қырылған итбалықтарға жасаған сынаманың алғашқы нәтижесін шығарды. Ғылыми орталық жүргізген молекулярлық-генетикалық талдау нәтижесінде итбалықтардың миы мен өкпе тіндерінен жаңа вирустық жұқпалы ауру табылған. Бұл туралы Азаттыққа зертхана меңгерушісі Айдын Қыдырманов айтты.

“Иммундық жетіспеушіліктен нейровирустық инфекция анықталды. Бұл – нейроинфекция туғызатын вирустың жаңа түрі. Ғылымда әлі толық сипатталмаған, анықталмаған вирус. Теңіз сүт қоректілнрге тән вирустық инфекция” деп тұжырымдайды Қыдырманов.

Орталық итбалықтардың неден өлгенін анықтау үшін өз қаржысына Маңғыстауға келіп, өлексе сынамаларын алып кеткен.

2024 жылы 16 қазан-1 желтоқсан аралығында Каспий теңізі жағасында екі мыңға жуық итбалық өлі табылған.

Маңғыстау облысы балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қонарбай Базарбаевтың Алматыдағы орталық жүргізген зерттеу нәтижесі жайлы білмейтінін, қорытындысы ресми хабарланбағанын айтады.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 11:42


📷Тұтқыннан оралған украиналықтардың қуанышы

30 желтоқсанда Украина мен Ресей тұтқын алмасып, 150 ресейлік және 180 украиналық отанына оралды. Бұл 11 айдағы ең көп тұтқын алмасу процесі болды.

Фото: AP

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 10:27


🔴 "Біз бір-бірімізге жақын бола түстік"

Бұл – Ресей президенті Владимир Путиннің жақында өткен Еуразия жоғары экономика кеңесінен кейін журналистер алдында айтқан сөзі. 26 желтоқсан күнгі жиынға Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан презденті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров қатысты. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығатынын мәлімдеген Армения премьер-министрі Никол Пашинян отырысқа тек видеобайланыспен қосылды.

🇰🇿🇷🇺 Путиннің "жақын бола түстік" деген мәлімдемесі әсіресе Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын дәл сипаттайтындай. Екі елдің тауар айналымы биыл қаңтар-қыркүйек аралығында 20 миллиард доллардан асты.

2024 жылы Ресей Қазақстандағы ықпалын күшейтті ме? Оқшауда қалған Кремль сыртқы саясатта аймақ пен Қазақстанға басымдық беріп жатыр ма? Мәскеу неліктен аймақтың энергетика саласында белсенді? Астана Мәскеумен қарым-қатынасын қаншалық теңгере алды?

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 09:21


⚡️ Тарихта алғаш рет теңіз дроны Ресейдің тікұшағын атып түсірді – Украина барлау қызметі

Украинаның барлау қызметі ракеталық қарумен жабдықталған Magura V5 дроны тарихта алған рет әуедегі нысанды атып түсірді деп мәлімдеді. Барлаушылардың мәлімдеуінше, Magura V5 броны Ресейдің Ми-8 тікұшағын атқан.

🗣 "Қара теңіздегі қақтығыс кезінде уақытша оккупацияланған Қырым түбегіндегі Тарханкут мүйісі маңында "SeeDragon" ракетасы көмегімен Ресейдің Ми-8 тікұшағы жойылды. Бір тікұшақ өртке оранып, аэродромға жетіп үлгерді" деді Украина барлау қызметі.

Бұл шабуылға қатысты Ресей қорғаныс министрлігі ешқандай мәлімдеме жасамады.

🔺 Magura V5 – Украина әскерінің теңізде барлау жасайтын негізгі қаруы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 08:56


🎾 Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалына шықты

Австралияда өтіп жатқан командалық турнирде Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Испанияны 2:1, Грекияны 3:0 есебімен жеңді. Енді Қазақстан ширек финалда былтырғы финалист Германия құрамасымен ойнайды.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы сапында Елена Рыбакина, Александр Шевченко, Жібек Құламбаева, Александр Недовесов, Дмитрий Попко ойнап жатыр.

Турнирде Елена Рыбакина (әлемнің 6-ракеткасы) испаниялық Джессика Воусас Манеироны (54) және грекиялық Мария Саккариді (32) екі сетте жеңді. Ал Александр Шевченко (78) испан Пабло Каррено-Бустадан (196) жеңілгенімен, әлемнің 11-ракетасы Стефано Циципастан (Грекия) екі сетте басым түсті.

⚡️ Жібек Құлымбаева мен Александр Недовесов аралас жұптық ойында грекиялық Петрос Циципас/Деспина Папамишалиден басым түсті - 2:6, 6:3, 10:6.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 08:43


🗣 31 желтоқсанға қараған түні Украина дрондары Ресейдің батысындағы Смоленск облысы Ярцев ауданындағы мұнай базасына шабуыл жасады

Соққыдан кейін көп ұзамай өрт басталған. Облыс губернаторы шабуылдаған барлық дрон атып түсірілді, аппараттың сынықтары түсіп, содан өрт шықты деп мәлімдеді.

Ресей қорғаныс министрлігі 31 желтоқсанға қараған түні Ресейдің жеті аймағы мен аннексияланған Қырымның аспанынан Украинаның 68 дронын атып түсірдік деген есеп берді.

✈️ Таңертең Қазан қаласындағы әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. "Росавиация" қауіпсіздік үшін шектеу енгізілді деп хабарлады. Мұндай шаралар әдетте дрон шабуылы қаупіне байланысты қабылданады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 07:03


💬 Мемлекет және қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің қайтыс болғанына бүгін 5 жыл толды.

Саясаткердің әр жылдары Азаттыққа берген сұхбаттарынан үзінді оқыңыз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 06:41


🗣 Өскемендегі белсенді Леонид Карташев бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы митингіге рұқсат бермеген әкімдіктің үстінен сотқа арыз түсірді

Белсенді наразылық акциясын өткізуге келісім беруден әкімдіктің бас тарту себебін "заңсыз" деп тануды талап еткен.

🗣 "Өскемен әкімдігі наразылық акциясын өткізу жайлы берген хабарламаларымызды ылғи кері қайтарады. Азаматтардың конституциялық құқығын бұзады. 2022 жылдан бері қаншама рет пикет, митинг, шеру өткізбек болдық, алайда әкімдік үнемі арнайы алаңда біресе спорт жарысы, біресе мерекелік іс-шара болады, кейде тіпті жұмысшылар жөндеу жүргізеді деп сылтау айтып келеді. Ал біз үнемі сол уақытта ол жерге барып тексереміз, бірақ ешқашан бір іс-шара болып жатқанын көрмедік" деді белсенді Азаттық тілшісіне.

Қала әкімдігі биыл желтоқсанда екі рет бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы акция өткізуге рұқсат етпеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 06:12


💬 Қытай хакерлері АҚШ қаржы министрлігінің компьютер жүйесін бұзып, компьютерлер мен құпия емес құжаттарға қол жеткізді

Бұл туралы министрлік өкіліне сүйенген "Америка дауысы" сайты хабарлады. Компьютер желісін бұзды деген хакерлер тобын Қытай демеп отыр деп айтылды.

💻 Министрлік желісіне киберқауіпсіздік қызметін ұсынатын компания арқылы бұзып, қол жеткізген.

Қарашаның ортасында Қытай АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың, вице-президент қызметіне таңдалған Джей Ди Вэнстің, Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің, ұлы Эриктің телефон әңгімесін тыңдауға тырысқаны туралы ақпарат тарады. Қытай кибершабуылдар мен тыңшылық жайлы айыптауларды жоққа шығарды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 05:29


🔴 Алматының экономикалық соты Іле Алатау ұлттық паркімен шектесетін, 20 жыл жалға алынып, кейін жеке меншікке өтіп кеткен 846 гектар жерді мемлекетке қайтаруға пәрмен берді

Жерге иелік етіп отырған отставкадағы генерал Павел Новиков сот әділетсіз әрі заңсыз шешім шығарды дейді.

🌊 Прокуратура Новиковтың иелігіндегі жер учаскесі аумағынан өзен мен бұлақ ағып өтетінін анықтаған.

Орган заңға сай, су қорының жері тек мемлекет меншігі болады дейді.

Новиков сот шешімін "далбаса" деп санайды.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 04:50


🗣 Оңтүстік Корея соты биліктен уақытша шеттетілген ел президенті Юн Сок Ельді тұтқындауға ордер берді

Бұл туралы 31 желтоқсанда Reuters агенттігі елдегі тергеу органдары мен жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасына сүйеніп хабарлады.

🇰🇷 Yonhap агенттігінің дерегінше, бұл – Оңтүстік Кореяның конституциялық тарихында биліктегі мемлекет басшысын тұтқындауға ордер берген алғашқы жайт. Агенттіктің мәліметінше, тінту жүргізуге де ордер берілген. Таяу арада прокуратура президентті тұтқындау туралы қаулыны орындауға кіріседі деген болжам бар.

Deutsche Welle сайтының жазуынша, "бүлік жасамақ болды" және "билікті асыра пайдаланды" деп күдікке ілінген президент Юн Сок Ель тергеуге үш рет шақыртылса да бармай қойған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 04:14


🗣 Ресей мен Украина кезекті рет әскери тұтқын алмасты

Бұл келіссөзге Біріккен Араб Әмірліктері араағайын болды. Тараптар айтқан тұтқын саны әртүрлі.

🇷🇺 Ресей қорғаныс министрлігі тұтқын алмасу "150 де 150" форматы бойынша өтті деп мәлімдеді. Министрлік ақпаратынша, Ресей сарбаздары Беларусь аумағына әкетілген. Оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі, туыстарына хабарласа алады деді. Украина тұтқынынан босап, еліне қайтып бара жатқан ресейліктер түсірілген кадрларды Ресейдің адам құқығы жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова жариялады.

🇺🇦 Ал Украина президенті Владимир Зеленский Украинаға 150 емес, 189 әскери тұтқын оралды деп мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, олардың арасында әртүрлі әскер тобының өкілі, сондай-ақ Мариупольде орыс әскері тұтқынға алған екі тұрғын бар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Dec, 03:53


💬 Ауғанстанда "әдетте әйелдер баратын орындарға" қарайтын ғимараттарға терезе қоюға тыйым салынды. Енді мұндай көріністегі терезелерді "ұятсыз істердің" алдын алу үшін жауып тастау керек

🇦🇫 Бұл туралы "Талибанның" жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахундзаданың жарлығында айтылған деп хабарлады AFP агенттігі.

Жаңа салынған ғимараттарда "аула, ас үй, көршінің құдығы мен әйелдер жиі баратын басқа жерлер" көрінетін терезе болмауға тиіс. Мұндай терезе болса, оның иесіне "көршілерге қолайсыздық тудырмау үшін" қабырға салу немесе терезедегі көріністі қоршау ұсынылады" делінген жарлықта.

Ауғанстанда тәліптер 2021 жылғы 15 тамызда билікке келді. Талибан елге бақылау орнатқаннан кейін көп ұзамай қатаң шектеулер енгізе бастады, олардың көбі қыздар мен әйелдерге әсер етті.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 14:21


📹 Субхонкул Рахимов – Қазақстанда құлаған Azerbaijan Airlines ұшағында болып, тірі қалған 29 жолаушының бірі.

Reuters агенттігіне берген сұхбатында Рахимов ұшақта кезде әлдебір жарылыс даусын естігенін айтты. Кейін ұшақтың сырты зақымданғанын көрген.

🗣 "Бұлт тарап, теңізден өткенімізде ұшақ қайта теңселе бастады. Шайқалып отырдық. Жұрт шулай бастады. Ұшақ жерге құлағанда есім бар еді. Белдігімді тағып алған едім. Бір орнымда шайқалып, жан-жағыма соғылып жаттым. Бірнеше секунд солай болды да, кенет бәрі тынши қалды. Сонда қонғанымызды түсіндім. Денемді ұстап, аман екенімді түсіндім. Не қуанарымды, не жыларымды білмедім".

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 13:44


🗣 Қарақалпақстан оқиғасын зерттеу жөніндегі комиссияның арнайы есебі таныстырылғаннан кейін құқық қорғаушылар кейбір маңызды сұрақ сол күйі жауапсыз қалды деп мәлімдеді

Халықаралық құқық қорғаушылардың мәлімдемесі Түркімен Хельскинки қорының сайтында жарияланды.

26 желтоқсанда 2022 жылғы 1-2 шілдеде Қарақалпақстанда болған оқиғаларды зерттеу жөніндегі арнайы комиссия өзбек парламентінде есебін жариялаған. Оған сәйкес, Қарақалпақстандағы жаппай наразылық кезінде 21 адам қаза болған, екеуі – құқық қорғау органы өкілі.

🗣 "Шын мәнінде сот үкімдері мен сот процестері кезінде бірде-бір құқық қорғау орган өкілінің қаза болғаны жөнінде айтылған жоқ. Алайда қаза болғандар арасында демонстранттар қатарына өтіп кеткен күштік құрылым қызметкерлері болған. Олардың аты-жөндері ресми құжаттарда "полиция қызметкері" емес, "тәртіпсіздікке қатысушы" ретінде көрсетілген. Осыған қарап, қосымша ақпаратсыз екі полицейдің қаза болғаны жөнінде мәлімдеу толқуға қатысушыларға шамадан көп күш қолдануды ақтау үшін жасалып отырған тәрізді сезім қалдырады" деді құқық қорғаушылар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 13:30


🗣 Әлиев пен Тоқаев телефонмен сөйлесті

📞 Әзербайжан президенті Илхам Әлиев 27 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалды. Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттер Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты бір-біріне көңіл айтқан. Әлиев Қазақстандағы құтқарушыларға, дәрігерлерге алғысын жеткізген. Апаттан аман қалған Әзербайжан азаматтарының көбі елге оралып, емделіп жатыр деді Әлиев.

🇰🇿 Тоқаев "ұшақ апатын тергеуге арнайы комиссия құрылды, Embraer компаниясының өкілдері Қазақстанға келіп, тергеуге қатысып жатыр" деп мәлімдеген.

Екі тарап "тергеу барысы туралы пікір алмасып,оның нәтижесі апатқа не себеп болғанын толық анықтайды деп сенім білдірген".

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 12:49


🔴 Azerbaijan Airlines: апатқа дейін ұшаққа "сырт жақтан физикалық және техникалық әсер" болған

🇦🇿 Компания алдын ала нәтижелер осылай көрсетті деді. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

🇷🇺 Мұның алдында "Росавиация" басшысы ұшақ Ақтауда құлар алдында Грозный мен Владикавказ қалаларындағы нысандарға Украина дрондары шабуылдап, соған байланысты Грозный әуежайы аймағында "Ковер" режимі енгізілді деді.

Azerbaijan Airlines Ресейдің тағы үш қаласына – Владикавказ, Нижний Новгород пен Саратовқа ұшатын рейстерін уақытша тоқтатты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 12:22


💬 "Росавиация" басшысының мәлімдемесінде "жолаушы ұшағына Ресей зымыраны тиген" деген ақпаратқа байланысты ештеңе айтылмады

Бұған дейін Батыс ақпарат агенттіктері Әзербайжан билігіндегі дереккөздеріне сүйеніп, Қазақстанда құлаған Azerbaijan Airlines ұшағына Ресейдің атқан зымыраны зақым келтірген болуы мүмкін деп жазған.

Апат салдарынан ұшақтағы 67 адамның 38-і қаза тапты. Мәскеу ресми тергеу аяқталғанға дейін долбар жасамауға үндеген.

🗣 "Бірлесіп тергеуді қажет ететін әртүрлі жағдай бар. Осы үшін әріптестерімізбен бірге жұмыс істеуге дайынбыз" деді "Росавиация" басшысы Дмитрий Ядров.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 11:43


🔴 "Росавиация" Azerbaijan Airlines ұшағы Грозныйға қонатын кезде қалаға дрондар шабуылдағанын растады

🇷🇺 "Росавиация" басшысы Дмитрий Ядровтың мәлімдемесін ТАСС агенттігі жариялады. Оның сөзінше, лайнер қонатын кезде Грозный әуежайы аймағындағы жағдай "күрделі болған". Украина дрондарының шабуылына байланысты әуежай аспанында "Ковер" жоспары енгізілген, ол ауданда қалың тұман болды деді.

Ядровтың айтуынша, ұшақты Грозныйға қондыруға екі рет талпыныс жасалған, бірақ сәтсіз болған, экипаж командиріне басқа әуежайларға қонуды ұсынған, бірақ ол Ақтауға ұшуды жөн көрген.

🇰🇿🇦🇿 Ресей тарабы "Қазақстан мен Әзербайжандағы әріптестеріне қайғылы оқиғаны тергеуге қатысуға дайын екенін дереу хабарлады" деді ол.

"Росавиация" бастапқыда "ұшаққа құстар соғылып, апат содан болуы мүмкін" деп хабарлаған еді. Авиация сарапшылары оған күмән келтірген.

Видео: ТАСС

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 10:53


🗣 Оңтүстік Кореяның парламенті президет міндетін атқарушы Хан Док Суға импичмент жариялауды қолдап, дауыс берді

Хан Док Суды биліктен кетіруге оның Конституциялық сотқа қосымша судьяларды тағайындаудан бас тартуы түрткі болған.

Оңтүстік Кореяда президенті Юн Сок Ель биліктен уақытша шеттетілген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 10:09


💬 Көлік министрлігі: Ақтауға Бразилиядан Embraer ұшағын шығаратын зауыттың өкілдері келді

Ұшақ апатын тергеу жөніндегі комиссия апат орнына барған. Қазақстанға тағы CENIPA (авиация оқиғаларын зерттейтін орталық) өкілдері келмек.

Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігін оқу мәселесін шетелден келетін мамандар шешеді деп айтқан. Оны оқуға орташа есеппен екі аптадай уақыт керек деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 09:37


💬 Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы 28 желтоқсаннан бастап Ресейдің жеті қаласына рейстерін тоқтата тұрмақ

Минеральные Воды, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Грозный мен Махачкалаға ұшатын рейстер уақытша тоқтайды. Бұл туралы АПА сайты жазды.

Компанияның Мәскеуге, Санкт-Петербургке, Қазанға, Астраханға, Екатеринбургке және Новосібірге ұшатын рейстері тоқтамайды.

✈️ Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer Е190 жолаушы ұшағы 25 желтоқсанда Ақтау маңына құлады. Ұшақта 62 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Олардың арасында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей азаматтары бар. Апат салдарынан 38 адам қаза болды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 09:19


🗣 Оңтүстік Кореяның барлау қызметі: Украина әскері тұтқынға алған Солтүстік Кореяның сарбазы алған жарақатынан қаза болды

Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады. Мұның алдында Сеулдің барлау қызметі Ресей жағында соғысқан Солтүстік Корея сарбазын Украина әскері тұтқынға алғанын растаған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 08:50


🗣 Ақтаудағы ұшақ апаты: отставкадағы әскери офицер, авиация инженері Дәулет Жұмабеков "ұшақ сырттан болған әсерден құлағаны авиация мамандарына баяғыдан түсінікті еді" дейді

Бәлкім әуе қорғаныс жүйесі зымыраны себеп болуы мүмкін деп топшылайды.

🗣 "Ешбір құс ұшақ фюзеляжына ондай зақым келтіре алмайды, соның ішінде қанаты мен құйрығын тесіп өткен кішігім диаметрдегі тесіктер қалдырмайды. Топтасып ұшып жүрген құсқа соғылған ұшақтың бір немесе бірнеше қозғалтқышы істен шығады да, ұшақ құлайды, теңіздің екінші жағалауына дейін ұшып бара алмайды.

Неге жай оқ емес, зымыран дейсіз бе? Өйткені, әуедегі ұшақты атыс қаруынан атқанда оқты дәл бұлай бір жерге топтастырып тигізе алмайсыз. Алыстағы нысананы атқан кезде қару ұңғысы селкілдеп-дірілдейтіндіктен оқтар шашырап ұшады, ал қысқа қашықтықтан ұшақ өте тез, қас-қағым сәтте ұшып өте шығады.

Ал әуе қорғанысы жүйесінің зымыраны нысанаға тиген кезде ғана емес, нысананың қасынан өткен кезде де (арнайы датчик іске қосылады) оның оқтұмсығынан түрлі бағытқа ұсақ жарықшақтар ұшады".


🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 08:21


💬 QAZAQ AIR әуекомпаниясы Астана – Екатеринбург бағытындағы рейстерді бір айға тоқтатты

Компания жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстерді уақытша тоқтатқанын хабарлады. 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласына рейстер ұшпайды. Қауіп-қатер болмаса, бұл бағыт қайта ашылуы мүмкін.

Омбы мен Новосібірге QAZAQ AIR рейстері тоқтамайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 07:37


📸 Азаттық радиосы Украин қызметінің тілшісі Мариан Кушнир түсірген мына фотода Украинаның 108-шабуылдаушы тау батальонының сарбаздары Харьков облысындағы Синьковка ауылы маңындағы жертөледе тыныстап жатыр.

Бұл бөлімше Ресей позицияларынан бірнеше жүз метр жердегі орманда тұр. Қарсыластың армиясы шепті бұзып осында кіруге тырысып жатыр. Сарбаздар құмдауыт жерді бір метрдей етіп қазған шұңқырды пана етеді. Жертөленің шатыры - ағаш діңі мен брезент жаппа.

Азаттықтың фотографтары 2024 жылдың жылнамасын қалай жасағанын айтып берді. Сілтемеден өтіп оқыңыз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 07:23


💬 Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы құлаған жер

Қазір мұнда тергеу жүріп жатыр. Апат болған маңды лентамен қоршап қойған.

🚨 Айналаны Түпқараған аудандық полиция қызметкерлері мен Ақтаудан келген арнайы жасақ күзетіп тұр.

Маңғыстау облыстық полициясының өкілі Нұрсейіт Оразов "айғақ заттардың қозғалып кетпеуін қадағалап тұрмыз" деді, заттарды видеоға түсіруге, жақын баруға болмайды деп ескертті.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 06:39


💬 Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен екі қырғыз азаматы ауруханадан шығуға дайын, тағы біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

🇰🇬 Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Маңғыстау облысындағы "Ала-Тоо" қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Маматқадыр Наркозуев хабарлады.

Сөзінше, 26 жастағы Тілек Осмоновтың қолы сынған, ал 36 жастағы Ерлан Жүнісалиев белін ауыртып алған.

Ұшақта болған үшінші қырғыз азаматы – 2004 жылғы Ринат Асанов, қазір реанимацияда жатыр. Наркозуев оны Қырғызстанға арнайы транспортпен алып кетуі мүмкін деді, мұны арнайы органдар шешеді.

✈️ Azerbaijan Airlines ұшағында болған Тілек Осмоновтың сұхбатын сілтемеден өтіп оқыңыз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 06:11


🔴🇰🇿 Қазақстан парламентінің бірнеше депутаты Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты "ресми қорытындыны күтейік", оған дейін "пікір айта алмаймыз"деді

🗣 "Апатқа бәріміздің жанымыз ауырып отыр. Бірақ комиссия толық шешім шығармайынша жалпы пікір беру дұрыс емес деп санаймын" деді депутат Максим Рожин. Депутат Самат Нұртаза да осыған ұқсас пікір айтты.

🗣 "Ресми қорытынды шықпайынша не айтуға болады?" деген депутат Ермұрат Бапи "егер оның атып түсірілгені рас болса, қандай жағдайда атып түсірілгенін айтпай-ақ қояйық, қателесіп атып түсірді ме, Грозныйда дрон шабуылы болып жатқан кезде радардан көрсетіп атып түсірді ме, ол мәселе емес, ең маңыздысы – өз аумағында ұшақ апатқа ұшырап жатқан кезде Қазақстанның тергеу-тексеру органдары мәселенің ақиқатын айтып, тергеу жүргізуі керек.

Егер инцидентке Ресейдің қатысы болса, онда біз өзіміздің тәуелсіз, бейтарап ел екенімізді, Ресейдің саясатына қатысы жоқ, бейбітүйгіш ел, еш тараптың мүддесін қорғамайтын бейтарап ел екенімізді дәлелдеу үшін әділ тергеу жүргізуіміз керек"
деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Dec, 05:32


💬 "Украина әскері Ресей жағында соғысқан Солтүстік Корея сарбазын тұтқынға алды": Оңтүстік Кореяның барлау қызметі ақпаратты растады

AFP және Yonhap агенттіктері сүйенген Оңтүстік Корея ұлттық барлау қызметінің мәлімдемесінде "одақтас елдің барлау қызметімен ақпарат алмасу нәтижесінде Солтүстік Кореяның жараланған бір сарбазы тұтқынға алынғаны расталды" делінген.

BBC агенттігінің жазуынша, бұған дейін әлеуметтік желіде тұтқынға түскен сарбаздың суреті тараған, Украина билігі бұл ақпаратқа ресми түрде пікір берген жоқ.

🇰🇵 Солтүстік Кореяның барлау қызметіндегі AFP дереккөзі сарбазды Украина армиясы тұтқынға алғанын айтқан, бірақ оны қай жерде ұстағаны белгісіз.

🇰🇷 Оңтүстік Кореяның барлау қызметі бұған дейін Солтүстік Корея Ресей-Украина соғысында 1100 адамынан айырылды деп топшылаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 07:34


🔴 Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 12 адам түрлі жарақатпен Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Олардың бірі – бала.

Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 07:30


🔴 Қазақстан көлік министрлігінің мәліметінше, Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 07:28


🔴 Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer E190AR ұшағының жолы. FlightRadar сервисінен алынған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 07:23


🔴 Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова журналистерге ұшақ апатынан алты адам тірі қалғанын, бірақ олардың жағдайы ауыр екенін хабарлады

Министрдің сөзінше, Ақтауға санавиация ұшағымен травматолог, нейрохирург және өзге де мамандар жіберілмек.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 07:20


🔴 Ұшақ құлаған сәт. Әуе кемесі құламай тұрып, аспанда бір төмен, бір көтеріліп ұшып жүрген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 07:15


🔴 Қазақстан көлік министрлігі ұшақ апатына байланысты арнайы тергеу жүргізіледі деп хабарлады

🗣Ақтау қаласы маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан рейсті ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Арнайы тергеу жүргізіледі” деп жазылған министрліктің хабарламасында

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 07:09


🔴 Ресейлік Baza телеграм-арнасының хабарлауынша, ұшақ бортында 67 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған.

Әзербайжан әуе компаниясы әзірге ақпаратты растамады


❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 07:07


🔴 Ұшақ құлаған орынға құтқарушылар жетті. Олар өртті сөндіріп жатыр. Зардап шеккендер саны анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар болуы мүмкін.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 07:03


⚡️ Ақтау маңында жолаушылар ұшағы құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Бакудан Грозныйға қарай бет алған.

Қазақстанның жедел қызметі ақпаратты растады


🎞: Әлеуметтік желіде тараған видео

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 06:55


💬 Алматыда 20 жастағы жігіттің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

🗣 "Күдікті бірден ұсталып, изоляторға қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, өзара таныстар дауласып, бірі пышақ ұрған" деді полиция.

Телеграм-арналардың жазуынша, қаза болған жігіт – 20 жастағы кикбоксшы Әли Серік.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 06:28


🔴 "Жағыпаров сотында" ҰҚК полковнигі куәлік берді

Оқиға болған күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Арыстан" арнайы жасағының командирі болған, полковник Тюлюшов "Республика алаңын "тазаладық", сосын әкімдікке жылжыдық. Бірақ ол жерде бізден басқа ешкім болған жоқ" деді.

🗣 "Алаңда және әкімдік маңында ұсталған адамдардың барлығы сол жерде тұрған ұлттық ұлан бөліміне берілді. Нақты есімде жоқ. Бес адам ұсталды ғой деймін… Ұсталған адамдарға пластик кісендер тағылды. Ол бір рет пайдалануға арналған. Ұсталғандарды нақты өзім көрмедім… Алаңда бастапқыда адамдар көп болды. Біз дыбыс ұлғайтқышпен ескерту жасап өттік. Адамдардың көбі ол жерден кетіп қалды. Екінші рет өткенде аспанға оқ аттық" деді куәгер.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 06:20


📹 Семейде шырша құруға барып, биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы қазір қалай?

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева мұғалім Қуат Айтқалиге қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр деді. Биіктен құлаған мұғалімнің басы жараланып, операция жасалған еді. Дәрігерлер мұғалімнің басындағы гематоманы алып тастаған. Есін жиған мұғалімді жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырған.

🗣 "Алда бұл кісіні медициналық реабилитацияға жібереміз" деді Сәрсенбаева. Мұғалімге тағы операция жасала ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Дәрігерлер оның денсаулығын тексеріп, шешеді деді.

🌲 Қуат Айтқалидің әйелі бұған дейін мұғалімдер қаладағы шыршаны құруға өз еркімен бармады, оларға жоғарыдан бұйрық түскен деп айтқан.

Осы оқиғадан кейін қаладағы білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 05:55


🔴 Құтқарушылардың бірі Юрий Сергеев 2022 жылы 7 қаңтарда әріптестерімен бірге Республика алаңынан мәйіттерді жинағанын айтты.

Оның сөзінше, Назарбаев пен Желтоқсан көшелері арасынан шамамен 16 мәйіт табылған. Олардың бірінің қолында кісен болған.

🗣Есімде қалған нәрсе бұл кісен” деді Сергеев. Бүгін барлығы 12 куәгер сұралмақ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 05:46


🔴 Сотта куәгер ретінде сөйлеген құтқару қызметінің тағы бір өкілі қолында кісені бар мәйітті алаңнан алғанын айтты

🗣 "Мәйіттің кісенде болғанын көрдім. Үстінде қара куртка болды ау деймін. Түрін қарамадым. Беті жерге қарап жатты. Қасында арықтау келген тағы бір адамның денесі жатты" деді ол.

Куәлердің бәрі судьяның "мәйіттердің қасында қандай да бір қару болды ма?" деген сұрағына "жоқ, ондай ешнәрсе болған жоқ" деп жауап берді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 05:38


🔴 Қаңтарда оққа ұшқан археолог Ерлан Жағыпаровтың өліміне қатысты сот: жәбірленуші жақ айыпталушыны қамауды сұрады

Сәрсенбі күні марқұм Ерлан Жағыпаровтың бауыры Нұрлан Жағыпаров соттан айыпталушының бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамауға алуды сұрады. Қазір айыпталушы подполковник Айтжан Әубәкіров бостандықта жүр. Қорғау жағы айыпталушының ешқандай заң бұзбағанын айтып, өтінішке қарсы болды. Судья Айдар Секенов өтінішті орындамады.

Сотта бүгін Алматы қаласының құтқару қызметінің қызметкерінен де жауап алынды. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде Республика алаңынан 12 адамның мәйітін жинап алғанын айтты.

🗣 "Мәйіттердің бірінің қолында кісен болғаны айтылды. Бірақ мен оны көрмедім. Басқа жақтағы мәйіттерді жинауға кеттім" деді куәгер.

📣 Оқи отырыңыз: Қаңтарда қаза болған археолог Ерлан Жағыпаровты "әскерилер ұрғаны" айтылды

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 05:29


🗣 25 желтоқсанда Ресейде өтетін ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатыспайды

🇦🇲 Бұл жөнінде ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Айтуынша, 23 желтоқсанда оның COVID тесті оң шыққан, екі күннен кейін тест нәтижесі теріс көрсеткен. Дегенмен әріптестерімен ақылдаса келе Пашинян саммитке қатыспауды жөн көрген.

🇷🇺 ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуі Ленинград облысындағы "Игора" тау шаңғысы курортында өтпек. "Ведомости" басылымының жазуынша, онда Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің осы жылдағы ТМД-ға төрағалығын қорытындылайды, кейін басшылар бір-бірімен бейресми жағдайда сөйлесіп, пікір алмасады.

"Ведомости" ақпаратынша, кездесуде қандай да бір құжатқа қол қою жоспарланбаған. Президенттер Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығын Мәскеуде атап өту жайын талқыламақ.

🔸 26 желтоқсанда "Игора" курортында Жоғары Еуразия экономика кеңесінің отырысы өтеді. Оған Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан президенттері және бақылаушы мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Куба қатысады.

🔸 Армения премьер-министрінің Еуразия экономика одағы жоғары экономика кеңесінің отырысына қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз. Ереван биыл Еуразия экономика одағына төрағалық еткен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 05:15


💬 Иран қаруының төрттен бір бөлігін Ресейге жеткізумен аятолла Хаменеидің кеңесшісінің ұлы, магнат Хоссейн Шамхани айналысады

Бұл жөнінде келісімшарттың барысымен таныс дереккөз және АҚШ, Ұлыбритания, ЕО билігінің өкілдері де хабарлады деп жазды Bloomberg. Олардың мәліметінше, қару-жарақ, дрон бөлшектері мен қос мақсаттағы тауарларды Ресейге тасумен Шамханиге қатысы бар фирма былтырдан бері айналысып келеді.

Олар осы мақсатта дубайлық Crios Shipping LLC компаниясының кемесін пайдаланған. Ақпаратқа қарағанда, кеме 2023 жылдың ортасынан бері Каспий теңізінде Иран мен Ресей арасында қатынайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

25 Dec, 04:12


💬 Қараша соңында Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталған бес өзбек азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды

🇺🇿 Өзбекстан сыртқы істер министрлігіндегі дереккөзге сүйенген Kun.uz сайтының хабарлауынша, олардың әрқайсы экстремизммен байланысты қылмысқа қатысты күдікті танылған.

🗣 "Бұл бес адамның ісі израильдік раввиннің өліміне байланысты ұсталған Өзбекстанның үш азаматының ісіне қатысы жоқ. Ол бойынша тергеу жалғасып жатыр. Істі екі елдің арнайы қызметі БАӘ аумағында бірігіп жүргізіп жатыр" деді аты-жөнін айтпаған министрлік өкілі.

Қараша соңында БАӘ-да із-түзсіз жоғалған израильдік раввин өлі табылған. БАӘ полициясы оның өліміне қатысты үш өзбек азаматын ұстаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Dec, 13:18


💬 Жаңа уақыттың жұртқа әсерін зерттеуге 54 млн теңге жұмсалмақ

Конкурс құжатында осындай қаржы көрсетілген. Зерттеудің мақсаты – бірыңғай уақыт белдеуіне көшу Қазақстан халқының психикалық және физикалық денсаулығына қалай әсер еткенін бағалау және жағымсыз салдары анықталса, оны азайту бойынша ғылымға негізделген ұсыныс дайындау.

Зерттеу бойынша жаңа уақыт белдеуінің денсаулыққа әсері бар-жоғына қатысты нақты деректер көрсетілуге тиіс. Ғылыми басылымдарда, журналдарда мақала, шолу, ал шетелдік немесе Қазақстандағы баспадан монография немесе нұсқаулық шығуы қажет.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі бірыңғай уақыт белдеуінің халыққа әсерін зерттемек болып, оған үш жыл кетеді деп жоспарланған еді. Кейін биліктегі "Аманат" партиясы мұндай зерттеуді 2025 жылғы наурызға дейін аяқтауға үндеді.

💸 Қарашада ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "уақыт белдеуін зерттеуге түскен өтініште үш жылдық бюджетке 160 миллион теңге сұрады, бірақ іс жүзінде шамамен 90-100 миллион болады деп ойлаймын" деген еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Dec, 12:42


🗣 Путиннің Трамппен кездесуге әзірге нақты жоспары жоқ

Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.

🇺🇸 АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамп 22 желтоқсанда Ресей басшысы Владимир Путин "менімен тезірек кездескісі келетінін" айтты деп мәлімдеген. Трамп өзі де соғысқа нүкте қоютын уақыт таяды деп есептейтінін білдірген.

🇷🇺 Путин Трамппен кездесуге ниеті барын жасырмайды. Ол 19 желтоқсанда өткізген баспасөз мәслихатында соғысты талқылау үшін Трамппен жүздесуге әзірмін деген.

Сарапшылар Путин майдан шебіндегі жағдайды сәтті пайдаланып, бейбіт келіссөз бастауға, солайша өз шарттарын қоюға ұмтылады деп есептейді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 13:01


🗣 Атырау облысында кейбір шаруа көктемгі тасқыннан кейін мемлекет тағайындаған өтемақы мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отыр деді

6 желтоқсанда Атырауда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен республикалық "Шаңырақ" ұлттық агроқозғалысы өкілдері қатысқан жиында олар шағымын айтты.

📑 Тасқын кезінде үй-жайы мен қора-қопсысы бүлінген шаруаның бірі – Атырау қаласы маңындағы Қайыршақты ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенбай Шапиковтің сөзінше, ол үйі мен қорасын маусымда заңдастыра алған. Бірақ өтемақы әлі алмаған.

Жиын кезінде ол мемлекеттен қолдау болмаса, "мал шаруашылығын да қоятын шығармыз" деп қапаланды. Ол "қалаға су келмес үшін Соколок каналының арнасын ашып, шаруаларды суға кетірдіңдер" деп, жергілікті билікті сынады.

Ал ауыл шаруашылығы басқармасы маманы Азат Қапанов "бұл табиғи жағдай" деп жауап берді.

🔗Толығырақ сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 12:31


🗣 Грузияда үкіметтің Еуропа одағымен интегрция келіссөзін кейінге қалдыра тұру жайлы шешімінен кейін басталған наразылық жалғасып жатқанына бір апта болды

🇬🇪 Кейінгі күндері оны студенттер наразылығы деп те атап жүр. Шынымен де, наразылықтың алдыңғы шебіндегі оппозиция мен үкіметтік емес ұйымдардың орнын жастар басқандай.

Бірақ жастардың қарасы көбейе түскен сайын қоғамда бұлар ешкімнің үгітінсіз, өздері ниет танытып шығып жүр ме, жоқ әлде оларды ұйымдастырып, өзі тасада қалып отырған біреулер бар ма деген сауалдар да пайда болды.

Олар жастық албырттықпен қателіктерге ұрынбай ма, мақсат-мұраты қандай?

Азаттықтың Грузин қызметінің журналисі Кети Бочоришвили бұрынғы білім министрі, саясаттанушы Гия Нодиямен және наразылық акцияларына белсенді қатысып жүрген Тбилиси мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің студенті Реваз Бериташвилимен сұхбат құрды.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 11:40


💬 Атыраудағы сауда орындарына жүргізілген тексеріс кезінде ең ірі сауда орны – "Дина" базарынан күйдіргі белгілері табылды

Базардағы ет павильоны уақытша жабылып, дезинфекция жүргізілді. Бұл ақпаратты Атырау облысы санитария-эпидемиология департаментінің баспасөз қызметі растады.

🥩 "Ет кескен пышақта қалған ет бөліктерінен ауру белгілері табылған". Павильонда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер тізімі жасалып, 14 күн бойы медициналық бақылауда болады.

❗️Санитария-эпидемиология департаменті халыққа етті тек ветеринария бақылауынан өткен орындардан сатып алуға, етті 70 градустан жоғары температурада мұқият пісіруге, шикі етпен жұмыс істегеннен кейін қолды және құралдарды жууға, қайда сойылғаны белгісіз мал етін тұтынбауға кеңес берген.

Бұған дейін Атырауда мал базарда және қасапхана істеген екі адамнан күйдіргі анықталып, ауруханаға жатқызылған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 11:19


🗣 Оңтүстік Кореяның биліктегі "Халық күші" партиясының жетекшісі Хан Дон Хун президент Юн Сок Ельді отставкаға жіберуге шақырды

🇰🇷 Оппозиция да бұған дейін Юн қызметінен кетуі керек деп мәлімдеген.

KBS ақпаратынша, 6 желтоқсанда партия басшылығының кезектен тыс жиынында Хан президент Юн қызметінде қалса, тағы да радикал шараға баруы мүмкін деп мәлімдеді.

Оппозициялық Демократиялық партия бұған дейін президентке импичмент жариялау туралы заң жобасын парламентке енгізген. Партия төрағасы Ли Джэмен депутаттар алдындағы сөзінде президентті төңкеріс жасауға талпынды деп айыптады.

🔔 БАҚ-тың жазуынша, парламент президентке импичмент жариялау мәселесін 7 желтоқсан кешке қарайды.

Парламент оны қабылдайтын болса, Юн Сок Ельдің өкілеті мен міндеті дереу тоқтайды, оның міндеті премьер-министр Хан Док Суға жүктеледі. Бұдан кейін президентті шеттету туралы түпкілікті шешімді Конституциялық сот қабылдайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 10:34


💬 Эстонияның қорғаныс саласындағы Frankenburg Technologies компаниясы 2025 жылы Украинада өзінің зенит зымырандарын сынай бастайды

Бұл жөнінде "Европейская правда" басылымы компанияның бас директоры Кусти Салмның ERR телеарнасына берген сұхбатына сілтеп хабарлады.

🇪🇪 Салм бұрын Эстония қорғаныс министрлігінің кеңесшісі болған.

Компания сынақ өткізу туралы келісім жасалды деп хабарлады. Зымырандардың техникалық сипаттамасы ашып айтылмаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 09:36


🗣 Грузияда Еуропа Одағымен интеграция келіссөзін ысыра тұру туралы шешімге қарсы наразылыққа қатысқан 23 адамға қылмыстық іс қозғалды

13 адамның үстінен "Топ болып күш көрсетуге талпыну" немесе "оған қатысу", "Бұзақылық" баптары бойынша тергеу жүріп жатыр. Тағы бір адам жарылыс ұйымдастырмақ болды деген күдікке ілінген. Күдіктілердің аты-жөні айтылмайды, арасында шетелдіктер бар екені белгілі болды. Бәріне 9 жыл түрме жазасы төніп тұр.

Тағы 9 адамға қарсы "Қала мүлкін бүлдіру" және "Полиция өкілдеріне шабуыл жасау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

🇬🇪 Тбилиси, Батуми және Грузияның өзге қалаларында наразылықтың жалғасып жатқанына 8 күн болды. Наразылар ұсталғандарды босатып, парламент сайлауын қайта өткізуді де талап етіп отыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 08:50


📹 Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ішкі инфляцияның теңгеге әсері туралы айтты

🗣 "[Валюта] бағамы абстрактілі мәселе ғана емес. Ол сонымен бірге елдің экономикалық ахуалына әсер ететін іс жүзінде нәзік сұрақ. Нақты жағдайда валюта бағамының өсуі – импортталатын тауарлар құнының өсуі есебінен туындаған ішкі инфляцияның қосымша факторы. Бұл айдан анық. Бір мезетте ішкі инфляция да біраз өскен. Ол валюта бағамына әсер етіп, теңгені әлсіретеді" деді спикер сенат отырысында.

Кейінгі айларда Қазақстанда теңге құнсызданып, доллар қымбаттаған. Қарашада бір доллар құны 500 теңгеден асып, желтоқсан басында Қазақстан қалаларындағы ақша айырбастау орындарында рекорд көрсеткішке жетті.

🇷🇺 Еуразия экономика одағында Қазақстанның экономикалық серіктесі саналатын көрші Ресейде рубль құлағаннан кейін теңге де құлдыраған. Ресейлік экономистер рубльдің арзандауына жуырда ресейлік "Газпромбанкке" салынған санкция мен сыртқы саяси ахуалдың ушығуы, оның ішінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысында жағдайдың ширығуы себеп болып отыр деп санайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 08:38


💬 Киев Трамптың инаугурациясына дейін АҚШ-тан тағы бір көмек пакетін алады

🇺🇸🇺🇦 Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Вашингтонда Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермакпен кездесуде осылай деп айтқан. Бұл туралы Guardian газеті жазды.

Guardian мәліметінше, көмекке "жүздеген мың қосымша артиллерия снаряды, мыңдаған зымыран мен жүздеген беренді техника" кіреді. Бұдан бөлек, АҚШ Украинадан тыс жердегі нысандарда әскерилерді оқытуға көмектесуге уәде берген.

Бұған дейін Reuters агенттігі мен The Wall Street Journal газеті Андрей Ермак Трамп командасының өкілдері – ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші қызметіне кандидат Майк Уолц пен Ресей және Украина бойынша арнайы елші қызметіне үміткер Кит Келлоггпен кездесті деп хабарлаған. WSJ дереккөздерінің айтуынша, Ермак Вашингтонға Трамп көмекшілерімен қарым-қатынас орнату үшін барған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 07:55


🔴 Шымкенттегі Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында емделген екі қызды "зорлады" деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынды

Бұл туралы Азаттыққа 6 желтоқсанда Шымкент қалалық соты хабарлады.

❗️Сот мәліметінше, қалалық тергеу соты "Зорлау" бабымен күдікке ілінген екі адамды екі айға қамауға санкция берген. Қамау туралы шешімге келіспеген күдіктілердің қорғаушылары апелляциялық шағым түсірген, сот оны қанағаттандырудан бас тартқан.

Сот тергеу амалдарына байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.

📱 Бұдан бұрын Азаттыққа облыстық психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз "мекеме қызметкерлері күш көрсетіп, бірнеше рет зорлады" деп мәлімдеген. Қыздардың бірі кәмелетке толмаған. Ол зорлықтан кейін бойына бала бітіп, денсаулығына байланысты түсік жасатуға мәжбүр болған. Сілтемеден өтіп көріңіз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 07:47


🗣 Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан делегациясы Францияның атом саласындағы компанияларымен кездесті

🇫🇷 Қазақстан өкілдері атом электр станцияларының операторы EDF компаниясымен, АЭС-ке жабдықтар шығаратын Framatome компаниясымен, АЭС-ке арналған турбина жабдығын жеткізумен айналысатын Arabelle Solutions компаниясымен келіссөз жүргізді деп хабарлады энергетика министрлігі.

Делегация Францияның ядролық және радиациялық қауіпсіздік институтының (IRSN) дағдарыс орталығы мен атом электр станцияларына жабдық шығаратын зауытта болған.

Париж Астанаға АЭС салу жобасына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді деп мәлімдеді энергетика министрлігі.

🇰🇿 Ресми дерек бойынша, Қазақстанда биыл 6 қазанда өткен референдумда дауыс бергендердің 71 пайызы елде АЭС салуды қолдаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС-ті халықаралық консорциум салуы керек деп мәлімдеген. Астана бұған дейін АЭС салуға Ресей ("Росатом"), Қытай (CNNC), Франция (EDF) мен Оңтүстік Корея (KHNP) компанияларын қарастырып жатқанын мәлімдеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 06:50


💬 Ақтауда әкімдікте өзін өртеген ер адамның жағдайы өте ауыр деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі

Аурухана науқас жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр деді.

Дәрігерлер Астананың ұлттық шұғыл медицинаны ұйымдастыру орталығының мамандарынан кеңес алуды жоспарлап отыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 06:15


💬 Армениядан ҰҚШҰ-дан шығуға байланысты құжат түскен жоқ

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров осылай деп мәлімдеді. Оның алдында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереван өзін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан тысқары санайды деп айтқан.

🗣 "Мұндай құжат түскен жоқ. Бұл пікірталасты тыңдадық, Армения премьер-министрі ол жайлы парламентте егжей-тегжейлі айтты. Біз ешкімге ештеңе міндеттемейміз. Арменияға [ҰҚШҰ-ға] мүшелігін толық пайдалану керек деп сенеміз" деді Лавров.

Бұған дейін Армения ҰҚШҰ шараларына қатысуды тоқтата тұратынын мәлімдеген. Ереван биыл мамырда ұйымға қаржы қоспайтынын айтқан. Армян тарапы біраз уақыттан бері бірлескен әскери жаттығулар мен кездесулерге қатыспай жүр. Бірақ ресми түрде ұйымнан әлі шыққан жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 05:30


🗣 АҚШ Израильді Газа секторында геноцид жасады деп айыптаған халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы дайындаған баяндама авторларының тұжырымына келіспейді

🇺🇸 Мемлекеттік департамент өкілінің орынбасары Ведант Пател осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.

Құқық қорғау ұйымы Израильдің Газа секторындағы әрекетін палестиналықтарға қарсы геноцид деп атаған.

🗣 "Біз бұған дейін де айтқанбыз, (Израильді) геноцид бойынша айыптаулардың негізі жоқ. Алайда Amnesty International сияқты азаматтық қоғам ұйымдары, сондай-ақ құқық қорғау топтары мен үкіметтік емес ұйымдар Газада болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат ұсынғанда маңызды рөл атқаратынын мойындау керек" деді Пател.

"Газадағы гуманитарлық жағдайды шынымен де жақсартқымыз келсе, кепілде отырған адамдарды үйіне қайтарғымыз келсе және осы қақтығысты тоқтатқымыз келсе, екі жақтың да соғысты тоқтату туралы келісімге келгені ең дұрыс қадам болады. Дәл осыған күш сала береміз" деді ол.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 04:34


🔴 Ресей билігі бүгінгі саясатын негіздеуде тарихқа жиі сілтейді. Алдымен Қырымды басып алып, сегіз жылдан соң Украинаға үлкен күшпен басып кірген Мәскеу бұл елдің тарихын жоққа шығарады.

Украина деген мемлекет болмаған, украин деген ұлт жоқ дегенге саятын мәлімдемені жиі айтады. Тіпті бір сөзінде Ресей президенті Владимир Путин қазақ мемлекеттілігіне де шек келтірген.

🇷🇺🇰🇿 Осы тұста Мәскеу мен Астананың тарих жазу ісіндегі белсенді әріптестігі Қазақстанда алаңдаушылық тудырып отыр.

Ресей президентінің Қазақстанға сапары аясында Астанада екі ел тарихшыларының форумы өтті. Бұл – Мәскеу мен Астананың тарих жөніндегі әріптестігінің ең кейінгі мысалы. Екі ел осы мәселені бұған дейін де талқылаған.

Бұл нені білдіреді? Мәскеу қазақ тарихын жазуға араласқысы келе ме?

Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбайдың бүгінгі мақаласынан оқыңыз 👇🏻

🔗Сілтеме

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

06 Dec, 03:58


💬 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенттігіне қайта сайланған Дональд Трамппен телефонмен сөйлесті

Ақорданың хабарлауынша, олар сауда, инвестиция саласы, ядролық қаруды таратпау бағытындағы стратегиялық серіктестік туралы сөйлескен. Тоқаев пен Трамп екіжақты әріптестік бойынша байланыста болуға келіскен.

Трамп ресми қызметіне 2025 жылғы 20 қаңтарда ант беру рәсімінен кейін кіріседі.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

05 Dec, 14:12


📹 Мальтадағы ЕҚЫҰ жиынында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров сөйлей бастаған кезде Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига және Польша, Чехия сыртқы істер министрлері, залдан шығып кетті. Сибига бұған дейін Лавровты "соғыс қылмыскері" деп атаған еді.

Лавров соғыс басталғалы бірінші рет Еуропа одағына мүше елге сапармен келген еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

05 Dec, 13:45


⚡️ Сирияда президент Башар Асадқа қарсы шыққан исламистік топтар 5 желтоқсанда Хама қаласына басып кірген. Бұл туралы топтың өкілдеріне сілтеме жасап, сириялық телеарналар хабарлап жатыр. "Хайат Тахрир аш-Шам" тобы Хама қаласындағы орталық түрмені алып, сотталғандарды босатқан.

Асадқа бағынатын әскер жихадшылардың қалаға кіргенін растап, қақтығыс басталғанын мәлімдеді.

АҚШ пен бірнеше елде террорлық ұйым деп танылған "Хайат Тахрир аш-Шам" ұйымы 27 қарашада Алеппо қаласын басып алған еді. Қазір бұл қала солардың бақылауында. "Хайат Тахрир аш-Шам" тобын негізінен Түркия қолдайды. Ал Асад режимі Ресей, Иран және Ливандағы шииттік "Хезболла" (АҚШ-та террорлық ұйым деп танылған) сенеді.

Хайат Тахрир аш-Шам" – Асад режимімен күресіп жатқан сунниттік жиһадшылар топтарының коалициясы. Топ 2017 жылы "Әл-Қаида" террористік ұйымының жергілікті бөлімшесінің базасында құрылды. Коалиция қазір "Әл-Қаидамен" байланысты жоққа шығарады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

05 Dec, 13:31


🗣 Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрім "наразылық ретінде өзін жарақаттады" деген ақпаратты жоққа шығарды.

ҚАЖК-ның хабарламасын Ulysmedia жариялады.

🗣 "Сотталған адамды медициналық қызметкерлер тексерді. Денесінде ешқандай жарақат анықталған жоқ. Камерада тәулік бойы бейнебақылау жұмыс істейді. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз" деп жазылған хабарламада.

ҚАЖК журналистің аштық жариялағанын растап, "шай мен су ішіп жатыр, мұны бейнебақылау жазбалары растады" деген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 14:15


🔴 Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай жариялады. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

🗣 "Ел ішіндегі Солтүстік Кореяны жақтайтын күштерді жойып, конституциялық құрылымды сақтау үшін әскери жағдай жариялаймын" деді ол.

Бұған дейін Юн елдегі оппозицияны Солтүстік Кореяға бүйрегі бұрды деп айыптаған еді. Оңтүстік Кореядағы "Халық күші" билеуші партиясының лидері Хан Дон Хун әскери жағдайдың енгізілгеніне қарсы шығып, бұл шешімге шектеу қоямын деді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 12:29


🗣 Брюссельде НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесі өтіп жатыр. Күн тәртібіндегі бас тақырыптың бірі – Ресеймен соғысып жатқан Украинаға қолдау көрсету.

Ресми Киев жиын қарсаңында тағы да Солтүстікатлантикалық одақты Украинаға сыртқы басқыншылықтан қауіпсіздік кепілі ретінде НАТО-ға қосылуға ресми шақырту жіберуге шақырды. Батыс дипломаттарына сүйенген агенттіктер таяу арада мұндай шақырту болуы екіталай деп жазды.

Венгрия мен Словакия сияқты елдер Украинаны одаққа шақыруға ашық түрде қарсы болып отыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ пен Германия да Киевті қазір шақыруға дайын емес.

НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте кездесуден бұрын мәлімдеме жасап, одақтастар Украинаны қолдауды жалғастырады, Киев келіссөз үстелі басында "мықты позицияда" болуы үшін оны күшейтеді деп айтты. Рютте Киевті одаққа қосылуға шақыру туралы ештеңе деген жоқ.

🇺🇦 Ал Украина сыртқы істер министрлігі "Киевтің НАТО-ға мүшелігі – ел қауіпсіздігіне жалғыз нақты кепіл болады, бұл – Ресейдің Украинаға және басқа елдерге қарсы агрессиясын тежейтін фактор" деді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 11:13


🗣 Тасқын кезінде жұртқа көмектескен иттің өлімі желіде талқыға түсті

🦮 Атырау облысында биыл көктемгі су тасқыны кезінде құм салынған қаптарды тасып, жұртқа бөгет салуға көмектескен Пішөн деген итті әлдекімдер атып өлтіргені туралы ақпарат тарады.

Азаттық сөйлескен иттің иесі Зәмзәгүл Жаңабаева оқиға 28 қарашада болғанын айтты.

🗣 "Малға немесе адамға қауіп төндірсе, жағдай басқа болар еді. Бірақ ешкімге зияны жоқ итті атып кетті. Итті атқандарға талап қоймаймын, себебі біреудің жұмысына кесіріміз тиіп кетуі мүмкін" деді Жаңабаева.

Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімі сол күні Махамбет ауданында жергілікті ветеринария станциясына тұрғындардың бірі хабарласып, "аулада бөтен үш ит қараусыз жүр, үйге кіре алмай тұрмын" деп шағынған деді.

🗣 "Оқиға орнына барған мамандар әлгі иттерді ұйықтатын дәрімен атқан. Салдарынан екі ит ұйықтап, үшіншісі дәрі тиген соң өзен жаққа қашып кетіп, белгісіз жағдайда өліп қалды" деп хабарлады ветеринария бөлімі.

Аудандық прокуратура мен полиция ветеринар мамандардың әрекетінің заңдылығын тексеріп жатыр. Нәтижесі белгілі болған соң, тиісті шара қабылданады деді ауыл шаруашылығы басқармасы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 10:33


🇸🇾 Сирияда бірнеше жылға ұласқан тыныштық бұзылды. Башар Асад арқа сүйеген Ресей мен Иран көршілерімен қақтығысқа күш жұмсап жатқан тұста, Сириядағы оппозициялық топтар үкімет бақылауында болған қалаларды басып алды.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 09:16


📹 Қызылорда, Тараз және Түркістанда орыс мектебін ашуға сұраныс бар, осы өңірлерде оған барғысы келетін азаматтардың ұсынысы зерттелді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ресей мен Қазақстанда бірлескен мектептер ашу жайлы қойылған сұрақтарға жауабында осылай деді.

Оның сөзінше, үш өңірдің әрқайсында 1200 оқушыға арналған мектеп салу жоспарланып отыр. "Бұл – алдын ала айтылған ақпарат. Уақыт көрсетеді" деді министр.

Ол мектеп салуға Ресей қаржы бөледі, ал оқу бағдарламасы Қазақстандағы стандарт аясында болады деп жауап берді.

Министр Ресейдегі Астрахан, Орынбор, Томск қалаларында қазақ мектебін ашу қарастырылып отыр деді.

🗣 "Қалалар таңдалған кезде қазақтар көп шоғырланған жерлерде мектеп салу – ең басты мақсат болды. Бұл мәселе екіжақты пысықталып жатыр. Мектептің жерін анықтау, келісімшартқа қол қою, қаржысын шешу мен құрылысына біршама уақыт керек" деді ол.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 08:43


🗣 АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакетін дайындап жатыр

Оған дүркіндете ататын HIMARS жүйесіне арналған зымырандар, дрондарға қарсы жүйелер мен жаяу әскерге қарсы қолданылатын миналар кірмек. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Украина миналарды пайдаланып, Ресейдің Курск облысындағы қарымта шабуылын бәсеңдетпек жоспары бар деді агенттік. Associated Press дереккөздері жаңа пакетте алысқа ұшатын ATACMS зымырандарының бар-жоғын нақтыламады, алайда Украина Ресейдің ішкі жағындағы нысандарға соққы бере алатын зымырандарды көптеп алу үшін Ақ үйге қысым жасауды жалғастырып жатыр.

Reuters агенттігі бұған дейін әскери көмек пакетінің жалпы құны 725 млн долларға бағаланады деп хабарлаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 07:47


🔴 2022 жылғы 22 наурызда Кремльге адал ресейлік НТВ телеарнасы тұтқынға түскен украин жауынгерлері туралы репортаж көрсетті.

Онда Ресей әскерінің "өте гуманды екені, украин жауынгерлеріне медициналық көмек көрсетіліп, жарасы күнде жаңадан танылатыны" айтылды.

Репортажда жауынгерлердің қайда отырғаны айтылмады. Бірақ журналистер сюжетте көрсетілген украин тұтқынды іздеп тапты.

Тұтқынға түскеннен кейін Наровляға жеткізілген Богдан Лысенко таяқ жеп жатқан бейбіт тұрғындардың "үздіксіз айқайлап, шыңғырғанын" естіген.

Ол НТВ репортажын "пропагандалық картина" деп атады.

❗️Азаттық пен серіктестері жүргізген зерттеу Ресей күштері Беларусьте "фильтрация лагерін" басқаратынын анықтады. Бұл лагерь түбінде авторитар президент Александр Лукашенконың үкіметі басқаратын компания аумағында орналасқан.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 06:49


🗣 Қазақстан Ресей билігі халықаралық іздеу жариялаған Евгений Наказненконың босқын мәртебесін беруді сұраған өтінішін орындамады

Ресейлік кәсіпкер Наказненко биыл қыркүйекте Алматы әуежайында ұсталып, кейін бір жылға дейін экстрадициялық қамауға алынған еді.

Босқын мәртебесін алуға өтініш жазуына Наказненконың азаматтық ұстанымы мен ұлтына бола Ресейде қудалануы мүмкін екені себеп болды деді адвокат.

🗣 "Ондай алаңдауға негіз болуы керек. Өтініш берген адамда "босқын" ұғымын айқындайтын талап бойынша қудалау қаупіне дәлел жоқ, "Босқындар туралы" Қазақстан заңына сәйкес, қудалау фактісі болмаған" деп жазылған Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шығарған шешімде.

Адвокат Мұрат Адам комиссия мәселені қарау кезінде кейбір маңызды уәжді ескермеді деп санайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 05:51


🔴 Емдеу мекемесінде зорланғанын бірінші болып айтқан – 22 жастағы Гүлім. Күйеуімен ажырасқаннан кейін ауырып жатып қалған келіншекке дәрігерлер "депрессия" диагнозын қойған.

Гүлім орталықта ем қабылдауға жатқан 20 күнде өзін "екі санитар жігіт теледидар тұратын бөлме мен баспалдақ маңында бірнеше рет жеке-жеке зорлағанын" айтты.

Ол зорлық көргенін орталықта ешкімге айтпаған. "Шағым түсірсем, санитарлар айтқандай, орталықтан шығармай қоя ма" деп қорыққан.

Жиырма күн ем алып, үйіне шыққан соң қайтадан күйзеліске түскен. Анасы тағы емделуге жатасың дегенде "орталыққа бармаймын" деп, болған мән-жайды айтып берген.

Гүлім психикалық денсаулық орталығында жалғыз өзі ғана емес, тағы үш сырқат қыздың зорланғанын көргенін айтқан.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 05:43


🔴 Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз "мекеме қызметкерлері бірнеше рет зорлады" деп мәлімдеді.

Қыздардың бірі кәмелетке толмаған. Ол зорлықтан кейін бойына бала бітіп, денсаулығына байланысты түсік жасатқан.

Полиция "Зорлау" бабымен іс қозғаған. Күдіктілер әлі анықталған жоқ. Жәбірленуші тарап кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 04:59


💬 Германия канцлері Олаф Шольц 2 желтоқсанда Киевке сапарын аяқтап, X әлеуметтік желісінде Ресей президенті Владимир Путинге арнап пост жариялады

🗣 "Украинаға қолдауымыз азаймайды. Украина халқын қанша қажет болса, сонша қолдаймыз" деп жазды Шольц.

Одан алдын Украина президенті Владимир Зеленский Шольцтің жақында Путинге хабарласқанына разы емес екенін білдіріп, Батыстың басқа лидерлерін Ресей президентіне телефон соқпауға үндеді.

🇩🇪🇺🇦 Шольц Германия Украинаға тағы бір IRIS-T деп аталатын зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін, Gepard атты өздігінен жүретін зенит қондырғылар мен Sea King деген тікұшақтар береді деп мәлімдеді.

Канцлер алысқа ұшатын немістің Taurus зымырандарын жеткізу туралы ләм-мим деген жоқ. Бұған дейін ол Украинаға мұндай қару беруге үзілді-кесілді қарсы болып келген, оның пікірінше, бұл соғысты өршітіп жіберуі мүмкін.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

03 Dec, 04:27


🗣 Тбилисиде Грузия үкіметінің Еуропа Одағымен интеграция келіссөзін ысыра тұру туралы шешіміне наразы адамдардың қарсылық акциясы бесінші күн жалғасты

Парламент маңындағы алаң мен Тбилисидің бас көшесі – Руставели даңғылына жұрт көп жиналды. Полиция оларға жас ағызатын газ бен су шашып, таратуға тырысқан. Алайда наразылар тарқамай тұр.

Грузия ішкі істер министрлігі акцияға шыққандарды заң аясында наразылық білдіруге үндеді, әйтпесе полиция күш қолданады деп ескертті.

Түнге қарай полиция шеруде жүргендерді парламент алдындағы алаңнан ығыстырды. Адамдар Республика алаңына қарай ойысты. Демонстранттар арнайы жасаққа отшашу ұшырса, олар жауап ретінде газ шашты.

Үкіметке наразылық Тбилисиде ғана емес, Батуми, Кобулети, Озургети мен Грузияның басқа да қалаларында өтіп жатыр. 2 желтоқсанда наразылық акциясына мектеп оқушылары мен студенттер, педагогтар да қосылды. Елдің білім министрі оларды оқуға оралуға шақырған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

02 Dec, 13:07


💬 Ақтөбе облыстық сотының апелляция алқасы Мөлдір Томарованы пышақтап өлтірген Ерлан Ерғалиевтің іс материалдарымен танысып, бастапқы инстанциядағы сот үкімін күшінде қалдырды

Апелляцияға екі тарап та шағымданған. Ерғалиев өзіне сот кескен 22 жыл жазаны тым ауыр десе, жәбірленуші тарап тым аз деп санайды.

🗣 "Апелляция алқасына шағымданған кезде "тым болмаса, 25 жылға сотталса" деген үмітім болған. Сот үкімді өзгертпеді. Қылмыскер оқиға орнынан қашып бара жатып, полиция қызметкеріне пышақ жұмсаған. Бірақ ол билік өкіліне күш көрсеткенін, қызымды зорлағанын мойындамай отыр. Әлі нақты шешім қабылдай қойған жоқпын. Бірақ Жоғарғы сотқа шағымдануым да мүмкін" деді кісі қолынан өлген дәрігердің әкесі Қалыбай Томаров.

🗣 Сотталушының адвокаты Гүлнара Өтеуова Азаттық тілшісінің телефон қоңырауына жауап бермеді. Осыған дейін берген сұхбатында ол "тергеу айыптау сарынында жүргізілді. Қосымша тергеу амалдарын жүргізу туралы өтінішіміз ескерілмеді. Соның бәрі соттың ауыр жаза кесуіне әкеп соқты" деген.

Айыптау актісіне сәйкес, Ерғалиев әйелді зорлаған, жүрек тұсына 24 рет пышақ сұққан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

02 Dec, 12:30


💬 Қазақстанның бала құқығы жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева елде балалар опат болған өрт оқиғасы жиілеген тұста 12 жасқа толмаған баланы үйде қараусыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды

🗣 "2024 жылғы қаңтардан бүгінге дейін балалар қаза тапқан 15 өрт болды, көбінде олар үйде жалғыз қалған. Осы жайттарды талдай келе, 12 жасқа дейінгі баланы кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заң шараларын пысықтау қажет деп санаймын" деп жазды Зәкиева Instagram-парақшасында.

Зәкиева сонымен бірге көмекке зәру отбасыларды мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажет деді.

Қазақстанда қыс мезгілінде бала өліміне себеп болған өрт оқиғалары жиілейді. 1 желтоқсанда Ақмола облысы Бұланды ауданы Шұбарағаш ауылындағы жеке үйде өрт шығып, салдарынан 2017 және 2021 жылғы екі бала уланып өлді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

02 Dec, 10:45


🗣 Ұлттық банк қараша айының қорытындысы бойынша, теңге 5 пайыз құнсызданып, 1 АҚШ доллары 512,52 теңгеге тең болды деп мәлімдеді. Банк желтоқсанда Ұлттық қордан 900 млн долларға дейін валюта сатылады деп болжап отыр.

❗️2 желтоқсанда елдегі ақша айырбастау орындарының кейбірінде 1 доллар 530 теңгеден сатыла бастады.

Ұлттық банктің мәліметінше, қарашада Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт қамтамасыз ету үшін 1 млрд 260 млн доллар валюта сатылған. Қазақстан қор биржасындағы сауданың орташа бір күндік көлемі бір айда 16 млн долларға азайған.

Ішкі валюта нарығында экономикалық агенттерден шетел валютасына сұраныс артқаны, айырбас бағамының психологиялық деңгейін еңсеру аясында ұсыныстың да шектелгені байқалды деді банк.

Бұған дейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов бір доллар 500 теңгеден асқанына қынжылыс білдіріп, "өсім небары 2 пайыз, дүрлігудің қажеті жоқ" деген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

02 Dec, 08:57


🗣 Қазасының құпиясы ашылмаған Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш-бюст орнатылды

2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданында Нұрқалділовке қойылған ескерткіш-бюстің ашу рәсімі өтті. Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне оның есімі берілді.

Биыл қаңтарда Нұрқаділовке ас берілгенде президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасына хат жолдап, саясаткерге ескерткіш қоюды ұсынған.

Ескерткіш-бюсті ашу рәсіміне қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен марқұмның үй іші қатысты деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

🔸 2005 жылы 12 қарашада Нұрқаділов Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Тергеу орындары "Нұрқаділов өзін тапаншадан үш рет – екі мәрте кеуде тұсынан және бір рет басынан атып мерт болған" деген қорытынды жасаған. Бірақ марқұмның серіктері мен құқық қорғаушылар бұл ақпаратқа күмән келтіріп, ол кісі қолынан өлген болуы мүмкін деген долбар айтқан.

🔸 2022 жылы саясаткердің ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өліміне байланысты қылмыстық іске қайта тергеу жүргізуді сұрап, Бас прокуратураға арыз жазған. Ол мекемеден "істі қайта қарауға негіз жоқ" деген жауап алған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

02 Dec, 08:18


🔴 Араға бір мерзім салып, АҚШ президенттігіне қайта сайланған Дональд Трамп билікке келген соң құжатсыз жүрген мигранттарды Америкадан шығару үшін әскер күшін пайдаланатынын мәлімдеген.

Миграция саласындағы сарапшылар демократтар Трамп әкімшілігінің бұл жоспарына кедергі келтіруге дайын болуы керек деді.

АҚШ шекара қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың қазанынан 2024 жылдың маусымына дейін 11 миллион адам АҚШ-қа кіруге талпынған. Олардың қатарына АҚШ үкіметінің CBP қосымшасы арқылы саяси баспана сұрағандар, шекарадан заңсыз өтіп, кейін пана алуға өтініш бергендер және шекара бекетіне келіп, пандемияға байланысты ел аумағына кіруге рұқсат ала алмағандар жатады. Ресми дерекке сәйкес, шекарадан өткен мигранттар саны Байден президент болғалы, яғни 2021 жылдың басынан күрт өскен.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

02 Dec, 07:54


🗣 АҚШ президенті Джо Байден қылмыстық істер бойынша кінәлі деп танылған баласы Хантер Байденге кешірім берді

Ақ үй басшысы ұлына тағылған айыптардың "саяси астары бар" деп есептейді.

Хантер Байден заңсыз қару сатып алу және салықтан жалтару ісі бойынша кешірім алды. Бірінші іс бойынша үкім – 12 желтоқсанда, екінші іс бойынша 16 желтоқсанда шығады деп айтылған.

🔸 Биыл қыркүйекте Хантер Байден салықтан жалтару ісінде тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындаған. Ол "заңсыз қару сатып алу" ісі бойынша кінәлі деп танылғаннан кейін отбасын тағы бір ауыр қылмыстық процестен арылту үшін осындай тосын қадамға барғанын айтқан.

🔸 Айыптауға сәйкес, 54 жастағы Хантер Байден 2018 жылы қазанда тапанша сатып аларда есірткі қолданбаймын деп жалған сөйлеген. Бұл іс бойынша сот оған 25 жылға дейінгі мерзімге түрме жазасын кесіп, 750 мың долларға дейін айыппұл салуы мүмкін еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

02 Dec, 07:25


📹 Германия канцлері Олаф Шольц Киевке барды

Ол Украинаға бұған дейін 2022 жылы маусымда сапарлаған. Шольц Украинаға құны 650 миллион еуро болатын жаңа әскери көмек пакетін жариялады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

30 Nov, 11:27


Украина президенті Владимир Зеленский егер НАТО Киевтің бақылауындағы жерлерді "қорғанына алса", Украинаның басып алынған аумағын босатуды талап етпей-ақ Ресеймен атысты тоқтату туралы келісімге баруымыз мүмкін деді.

Британдық Sky News телеарнасына берген сұхбатында Украина басшысы осылай деп мәлімдеді.

Украинаның халықаралық дәрежеде мойындалған барлық аумағын, оның ішінде Қырым мен Ресей басып алған бірнеше облыс та бар, қайтару – Украинаның соғыстағы негізгі мақсаты.

Киев бұған дейін Ресей басып алған жерлерді Украинаға қайтармайынша бейбіт келіссөзден бас тартатынын мәлімдеп келген. Зеленскийдің сөзіне қарағанда, Киев Ресей талап етіп отырған Украинаның басып алынған облыстарынан заң жүзінде бас тартуға дайын емес. Украина басшысының сөзінше, олар кейін "дипломатиялық жолдар арқылы" қайтарылуы мүмкін.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

30 Nov, 07:45


"Азаттықты бізге ешкім табаққа салып әкеп бермейді". Әмина Нұғыманованың қоғамдық миссиясы

Қазақстан тәуелсіздігін жарияламай тұрып елде Мұсылман әйелдер одағын құрған өнер қайраткері Әмина Нұғыманова қалайша қоғам белсендісіне айналды? Көзкөргендер өнер адамының қайраткерлігін еске алды. Ол 1990 жылы Азаттыққа берген сұхбатында сол кездегі қозғалыстар мен бейресми ұйымдардың әрекеті жайлы ой-пікірін бөліскен еді.

🎧Азаттық радиосы
🎧
Youtube
🎧
Apple podcasts

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

30 Nov, 06:59


Атыраудағы мал базарда жұмыс істеген тағы бір қызметкерден сібір жарасы анықталды. Ол да шаруа қожалық қызметкері.

Ақпаратты облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев растады.

Оның сөзінше, аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде науқас медициналық көмекке жүгінген. Диагноз зертханалық зерттеулердің нәтижесінде расталды. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Бұған дейін 25 қарашада Атыраудағы мал сою пунктерінің бірінде істейтін жұмысшыдан сібір жарасы анықталғаны белгілі болған еді. Пунктіге карантин енгізілген.

Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары барлық сою цехтарында, ірі базарлар мен сауда орындарында сынама алғанын хабарлаған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, өнімді сақтау және сату орындары (сөрелер, стеллаждар); сою және тасымалдауға арналған жабдықтар; саудаға шығаруға арналған малдың ұшалары; топырақ, мал азығы және биоматериалдар тексерілген.

Барлығы 67 нысан зерттеліп, 700-ден астам сынама алынған. Сынама нәтижесінде сібір жарасы бактериялары анықталмағаны айтылды.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

30 Nov, 06:38


"Күнде уыс-уыс дәрі ішуім керек". Қамар озбыр күйеуін жауапқа тартқысы келеді

Қамар 13 жыл тұрмыста зәбір көрген. Бүйрегі ауырады, жатырынан айырылған. Жағын, мұрнын, қолын сындырған. «Күнде уыс-уыс дәрі ішуім керек» дейді әйел. Қамардың күйеуінен кеткеніне жарты жылдан енді асты. Қазір әйел ес жиіп, үш қызын жалғыз асырап отыр.

🔗Көру

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

30 Nov, 05:24


Тбилисиде Еуроодақпен келіссөзді тоқтату туралы билік шешіміне қарсы наразылық акциясына мыңдаған адам шықты деп жазды Азаттықтың Грузин қызметі.

Полиция демонстранттарды тарату үшін алдыңғы күндегідей су шашты. Ол кезде 40-тан астам адам ұсталған, арасында журналистер де бар, кейбірі соққыға жығылған.

29 қарашада наразылар Руставели даңғылын жапты. Оқиға орнына полиция келді. Грузия ішкі істер министрлігі оппозиция жақтастары стратегиялық нысандардың жұмысын тоқтатуды талқылады деп айыптады.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 22-ден кейін полиция жиналғандарға су шашып, таратпақ болды. Наразылар оларға петарда (отшашу үшін қолданылатын оқ-дәрі заряды бар қағаз снаряд) лақтырды.

Жарым түнде наразыларды полиция Руставели даңғылынан тықсырды. Ұстаулар болғаны хабарланды.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили полиция қызметкерлерін наразылық акциясы кезінде күш қолданбауға шақырды.

"Жас азаматтарымызға және өзге адамдарға қол көтермеңіздер! Аулақ жүріңдер, өз міндеттеріңді атқарыңдар. Сендердің қатысуларыңды қажетсінетіндей Руствавелиде де, басқа қалаларда да ештеңе болып жатқан жоқ" деді ол.

Зурабишвили наразылықтың бейбіт екенін атап өтіп, "орыстанып кеткен Грузияға, конституциясын тартып алған Грузияға, заңсыз үкімет пен парламенттің қолындағы Грузияға ешкім шыдауға дайын емес екені байқалып тұр" деді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 13:25


📹 Қазақстанда кейінгі бірнеше күннен бері теңге құнсызданып жатыр. Кей жерде 1 доллар 525 теңгеден сатыла бастады.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов бүгінгі брифингіде "өсім небәрі 2 пайыз, дүрлігудің қажеті жоқ" деді.

🗣 "Осы айда доллар бағамы 495-497 аралығында болды. Қазір 500 теңгелік межеден асып, 507-510 теңге боп тұр. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – шамамен 2 пайыздық өсім. Ал осы 2 пайыздық өсім нан бағасына әсер ете ме? Меніңше, жоқ. Осы 2 пайыздық өсім сүт бағасына әсер ете ме? Онша әсер ете қоймайды деп ойлаймын. Ал долларға келсек, біз доллармен есеп айырыспаймыз, доллардың өзін де сатып алмаймыз. Сондықтан кейінгі күндердегі курстың құбылуына мұнша мән беру қажет емес деп ойлаймын" деді Сүлейменов.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 13:00


🗣 Ресей күштері 2022 жылы көктемде Беларусьтегі Наровля қаласында фильтрация лагерін ұйымдастырып, онда тұтқынға түскен Украина азаматтарын азаптаған

Мұны Азаттықтың Украин қызметінің "Схемы" деп аталатын жобасы Беларусьтегі зерттеу орталығымен және Азаттықтың Беларусь қызметімен бірге жасаған зерттеуінде анықтаған.

Журналистер спутниктен түсірілген суреттерді, тұтқындарды түсірген видеоларды, бұрын тұтқында болған адамдардың жауабын және хакерлерден алынған деректерді талдап, Наровлядағы лагердің нақты қай жерде екенін анықтаған. Зерттеу The Reckoning Project және "Киберпартизандар" хакерлер тобының қолдауымен шыққан.

Зерттеуге сәйкес, Украинаның әскери қызметкерлері де, бейбіт тұрғындар да болған фильтрация пункті Беларусьтің "Припятский альянс" атты мемлекеттік кәсіпорны ғимараттарының бірінде орналасқан. Спутниктен түсірілген суреттердің дерегіне сүйенген зерттеушілер 2022 жылғы мамырға дейін Ресей күштері сонда болған болуы мүмкін деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 11:59


💬 Шығыс Қазақстан облысында Опытное поле, Степное, Ушанов және Прапорщиков ауылдарында мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті. Бұған ауаның ластануы себеп болған.

Ауылдар облыс орталығы Өскемен қаласына жақын шоғырланған. Ауыр металлургия кешендері бар қаланы 20 қарашадан бері түтін басқан. Ауадағы зиянды заттар мөлшері қалыпты нормадан асқанын жергілікті шенеуніктер мойындайды.

🔸 Бұған дейін "Қазгидромет" өкілі Любовь Бухтоярова қаладағы қою түтін мен тұманның қалыптасуына не түрткі болғанын түсіндірген. Ол қарашаның аяғындағы күндер желсіз, тымық болғанын айтып, оны "қолайсыз метеорологиялық жағдай" деп атады.

🔸 Мұндайда ауа тазармайды, оған қоса тұман түсіп, ауа ылғалдығы артқан. Осы жайттардың әсерінен зиянды заттар шөгеді. Маман 1 желтоқсанға дейін жел соқпайды деген болжам бар деп ескерткен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 11:38


🗣 Ресейлік киносыншы Антон Долиннің Астанада жоспарланған "Жаман орыстар" ("Плохие русские") кітабының тұсаукесері өтпейтін болды

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Айтуынша, ол Қазақстанда бес шара өткізуді жоспарлаған: екеуі жабық, үшеуі ашық өтеді делінген, оның ішінде жаңа кітабының тұсаукесері де бар.

🗣 "Төртеуі де әртүрлі себепке байланысты өтпейтін болды. Бір ғана шара қалды, оның өзі жабық" деп жазды ол.

"Осы уақытта Қазақстанға Путин келгенін білдім. Астанада оны құшақ жая қарсы алды. Алматы мен Астанадағы [іс-шарамды] Путиннің көңіл-күйін бұзбау үшін өткізбей қойған секілді әсер қалдырды (қалжың, бірақ олай емес)" деді ол.

"Медуза" сайтының жазуынша, Долин "Плохие русские" кітабының тұсаукесерін 28 қарашада Алматыда да өткізбек болған, алайда шара өтеді деп хабарланған SmArt Point алаңы аз уақыт қалғанда іс-шараны өткізуден бас тартқан. Кейін ұйымдастырушылар басқа орын тауып, сол жақта өткізген. Долиннің сөзінше, шараны полиция бақылаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 11:12


🗣 Лондонның орталық қылмыстық істер сотында "Ресейдің арнайы қызметінің тапсырысымен тыңшылық жасады" деп күдікке ілінген Болгарияның бір топ азаматының соты жалғасып жатыр

Прокурордың сөзінше, күдіктілер алты операция жүргізген. Арасында қазақстандық саясаткер Бергей Рысқалиевті қудалауға қатысты да айып бар. Бұл жөнінде BBC-дің Орыс қызметі жазды.

🇬🇧 Мемлекеттік айыптаушылардың дерегінше, 2021 жылы қарашада күдіктілер Қазақстаннан қашып, Ұлыбританиядан саяси баспана алған Рысқалиевті аңдыған.

🗣 "Ресейде Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға айқын мотив бар және болған. Прокурорлардың сөзінше, Қазақстан мүддесіне сай саяси диссидентті қудалап, мұны Қазақстанға көмек ретінде ұсыну осы қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі" деп жазды BBC.

Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2012 жылы оның бауыры, мәжіліс депутаты Арманжан Рысқалимен бірге шетелге қашқаны белгілі болды.

2013 жылы экс-әкімге "аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырды және және қылмыстық топ құрды" деген айып тағылды. Тергеу бес жылға жалғасты. 2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті 17 жылға, оның ағасы Арманжан Рысқалиевті 16 жылға сырттай соттаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 10:19


💬 Ресейдің Ростов облысында Украина дрондарының шабуылынан кейін мемлекеттік резервтер жөніндегі федералды агенттіктің (Росрезерв) "Атлас" мұнай базасында өрт шықты

Кәсіпорын Ресей армиясына мұнай өнімдерін жеткізеді. Украина дрондары бұл базаға үшінші рет шабуыл жасап тұр. Бұған дейін тамыздың басы мен аяғында шабуылдаған.

Кәсіпорында өрт шыққаны көрінетін видеоларды Astra және Baza телеграм-арналары жариялады. Куәгерлер қатты жарылыс болды деп айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 09:03


💬 29 қарашаға қараған түні Тбилисиде Еуроодаққа қосылу бойынша келіссөзді тоқтата тұру туралы шешімге қарсы митингіде 43 адам ұсталды. Бұл туралы Грузия ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ұсталғандарға "Ұсақ бұзақылық" және "Полицияға бағынбау" туралы әкімшілік хаттама толтырған. Одан бөлек, "Мүлікті бүлдіру" және "Полицейлерге шабуыл жасау" туралы қылмыстық баптар бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Митинг кезінде 32 полиция қызметкері зардап шеккен, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды деп хабарлады Грузия ішкі істер министрлігі.

🇬🇪 Елдің премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Грузия 2028 жылдың соңына дейін Еуроодаққа қосылудан және оның гранттарынан бас тартады деп хабарлағаннан кейін қалаларда наразылық басталды. Оған мыңдаған адам қатысты. Тбилисидегі акцияға ел президенті Саломе Зурабишвили де келді. Тбилиси полициясы Грузия парламентінің ғимараты алдына жиналған наразыларды тарқатып, оларға су, бұрыш спрейін шашты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 08:34


💬 Ресейдің қорғаныс министрі Андрей Белоусов Солтүстік Кореяға ресми сапармен барды

Сапар туралы бұған дейін айтылмаған. Оның барысында Солтүстік Кореяның әскери және әскери-саяси басшылығы өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу жоспарланған деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.

Қазанның аяғында Украинаның, Батыстың және Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Солтүстік Корея әскері Украинадағы соғыс аймағына жіберілді деп хабарлады. Солтүстік Кореяның десант-шабуыл бөлімшелерінен 12 мыңға жуық сарбаз Мәскеуге жіберілді деген ақпарат айтылды. Олардың бір бөлігі Курск облысында Украина қарулы күштеріне қарсы шабуылға қатысқаны хабарланды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 08:19


🗣 Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ-қа мониторинг жүргізу ережесін әзірлеп жатқанын, онда "мәдени, адамгершілік және отбасы құндылықтар" нормасы анықталатынын айтты

Бұл жөнінде министрліктің жазбаша жауабына сүйенген "Власть" сайты жазды.

Ресми жауапта құжатты әзірлеуге кім қатысып жатқаны нақты айтылмаған. Бұған дейін министрлік өкілдері жобаны әзірлеуге журналистер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін қатыстыруға уәде берген.

Ведомствоның айтуынша, ереже жобасы жуырда "Ашық құқықтық нормативтік актілер" порталында жарияланбақ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 07:29


🗣 Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері, кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментіне сүйенген ҚазАқпарат жазды. Бақыт Ибрагимді жергілікті БАҚ жоғары лауазымды шенеунік Бақытжан Сағынтаевтың күйеубаласы деп атайды.

Полицияның хабарлауынша, "қылмыс құрамы болмағандықтан іс тоқтатылған".

Кәсіпкер Ибрагимнің өлі табылғанын БАҚ биыл наурызда хабарлаған. Полиция "Өзіне қол салуға итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Оның түрмеден босап шыққанына көп уақыт болмаған еді. 2020 жылы қарашада сот "банк қаржысын жымқырды" деп айыпталған Ибрагимді 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеген. 2021 жылы апелляциялық инстанция жазаны жұмсартып, оған 7 жыл берген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 07:08


🗣 "Интервенция – апаттық іс-шара. Үрей болмас үшін, адамдар ақша айырбастау орындары мен банктер алдында тұрмас үшін істелді. Апаттық жағдай болмаса, ешқандай интервенция істемейміз, өйткені ол біздің резервіміз, оны нарыққа жұмсайтын ешқандай ниетіміз жоқ. Нарық қалай жұмыс істейтінін көрейік, соған қарай шара қабылдаймыз" деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Оның сөзінше, бұған дейінгі интервенция 2022 жылы жасалған, ол инфляцияға, Украинадағы соғысқа байланысты болған. Содан бері Ұлттық банк биыл 16 қарашадан 28 қарашаға дейін интервенция жүргізген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 06:36


📹 Сүлейменов: 16 қарашадан бастап интервенция жүргізіп жатырмыз, оған 1 млрд доллар жұмсалды

Бұған дейін Ұлттық банк теңгені құлдыратпай ұстап тұруға валюта интервенциясын жүргізетінін мәлімдеген.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, 29 қарашада таңертең Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар орташа есеппен 513-517 теңгеден сатылып жатты. Астанада 520 теңгеден сатып жатқан орындар да бар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 06:27


📹 Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені көтерудің себеп-салдарын айтты

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

29 Nov, 06:08


🔴 Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) мен оның 26-дан астам медиа серіктесі (арасында Азаттық та бар) бірлесіп екі жыл бойы жүргізген жаңа зерттеуде Қазақстандағы стратегиялық маңызы бар Каспий құбыры мен сол арқылы шикізат жөнелтетін мұнай кен орындарына қатысы бар келісімдер талданған.

Қазақстанда Құлыбаевты кейде "мұнай ханзадасы" деп атайды, байланысы мықты бұл адам ондай атқа өндіруші саладағы рөлі мен отыз жылда әлемдегі ірі мұнай өндірушіге айналған елдің үкіметіне және халықаралық компанияларға ықпалын қалай пайдаланғанының арқасында ие болған деп жазылған зерттеуде.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 12:13


⚡️ Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен елдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты Газа секторында әскери қылмыс жасады деген айыппен тұтқындауға ордер берді

Қарашаның басында Нетаньяху Галантты қызметінен босатқан. Ол министрге енді сенімі жоғын айтқан.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот ХАМАС жетекшісі Мұхаммед Дейфті де тұтқындауға ордер берді.

Биыл тамызда Израиль күштері Дейф 13 шілдеде Газа секторында Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқан деп мәлімдеген. Reuters-тің жазуынша, ХАМАС мұны жоққа шығарған да, растаған да жоқ. Сот оның өлімі туралы ақпарат жинауды жалғастырады деп жазды BBC агенттігі.

ХАМАС тобы АҚШ пен Еуроодақта, Израильде "террористік ұйым" деп танылған.

Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 12:05


📹 Мемлекет қаржысына қазақша дыбысталған шетел фильмі шықпай жатыр. Неге?

21 қарашада сенаттың жалпы отырысында осы мәселе де көтерілді.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов былтыр Голливудтың 15 блокбастері мен анимациялық фильміне бөлінген қаржы аударма болмаған соң бюджетке қайтарылды деді. Оған басты себеп – шетел фильмдерін қазақ тіліне аударуға қойылған шарттар.

🗣 "Өте қиын екі шарт бар. Ірі дистрибьютор компаниялардың оны іске асыруға мүмкіндігі жоқ. Бірінші шарт – әрбір туындыны қазақ тіліне аудару алдында онлайн сауалнамадан өтуі керек, ол бірнеше ай болады. Екінші шарт – тек үлкен рейтинг көрсете алатын я Голливуд туындылары ғана болуы керек. Осы екі шартты орындауға 3-4 ай кетеді. Ол кезде [фильмнің] тұсаукесері де өтіп кетеді, ешқандай қызығушылық танытпайды" деді Ысқақов.

Оның сөзінше, мәдениет және ақпарат министрлігі бұл екі шартты жеңілдету бойынша мәжіліске заң жобасын енгізген. Ысқақов дистрибьютор компаниялар қазір қазақ тіліне сұраныс көбейген соң өз қаржысына шетел фильмдерін аударып жатыр деді.

📺 Биыл жазда Қазақстанда "Ойжұмбақ 2" анимациялық фильмі қазақша дубляжда шықты. Туынды Disney компаниясының қаражатына қазақшаға аударылды. Кейін "Гадкий я 4", "Веном: соңғы би», "Жабайы робот" фильмдері де компаниялар есебінен қазақша дубляжда көрерменге жол тартты. Жыл соңына дейін кинотеатрларда "Моана 2", "Муфаса. Арыстан патша" анимациялық фильмдері көрсетілмек.

📥 "Власть" сайтының жазуынша, 2024 жылы фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды қаржыландыратын бірыңғай оператор Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы дубляждауға арналған фильмдер байқауына бес рет өтінім қабылдауды жариялаған, алайда олардың ешқайсы өтпеген. Орталықтың хабарлауынша, бірде-бір өтінім түспеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 10:49


🗣 Ресейлік әуе компаниялар елдегі Airbus A320/А321neo ұшақтарының жартысын пайдалануды тоқтатты

Санкция салдарынан тасымалдаушылар ұшақ қозғалтқыштарын жөндеуде қиындыққа ұшыраған. Бұл жөнінде "Коммерсант" сайты жазды.

Ресейдегі әуе компаниялары 34 Airbus ұшағынан бас тартқан, ал елде олардың жалпы саны – 66. Лайнерлердің бір бөлігі ресурсты үнемдеу мақсатында сұраныс көбейетін маусымға дейін резервке шығарылған, ал 15-20 борт ұша алмайды деп жазды сайт.

🇰🇿 Санкция астында қалған Мәскеу бұған дейін өзіне "дос" санайтын мемлекеттерден Ресей ішінде жолаушыларға арналған әуе рейстерін ұйымдастыруға көмектесуді сұраған. Бұл туралы Ресейдің көлік министрі Роман Старовойт мәлімдеді. Ол бұл мәселеге байланысты Қазақстанмен келіссөз жүріп жатыр деп айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 10:13


🗣 Оралда сот отырысынан хабар таратқан журналисті ұрған

Оқиға 20 қарашада Орал қаласындағы сотта болған. Журналист Талғат Омаров 22 жастағы Нариман Рагуфтың өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық алқа отырысына қатысқан.

🔸 Бірінші инстанциядағы сот айыпталушы Ерназ Сәтпаевты – 12 жылға, Ержан Қадырбаевты 7,5 жылға бас бостандығынан айырған еді. Апелляция үкімді өзгертпеді.

Судья сот қаулысын оқып, сот залынан шыққаннан кейін айыпталушы Сәтпаевтың әкесі Жанқабыл Сәтпаев журналисті оң қолымен ұрған. Омаровтың сөзінше, соққы бас сүйегі мен тамағына тиген. Бір сағаттан кейін Сәтпаев журналиске хабарласып, кешірім сұраған.

🗣 "Менде ешқандай жарақат жоқ. Ешқандай шығын келген жоқ. Соққы жанап өтті. Бірақ оқиға сотта болды. Мен ешкімге сұрақ қойған жоқпын, ештеңеге араласқан жоқпын. Мені аяқ астынан ұрды, арсыздық пен ессіздіктен тіксіндім" дейді Омаров 21 қарашада Азаттыққа.

Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Омаровты адвокатпен қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 09:29


💬 Украина қарулы күштері 21 қараша таңертең Днепр қаласына әртүрлі зымыран атылды деп хабарлады. Киевтің мәліметінше, олардың арасында құрлықаралық баллистикалық зымыран, "Кинжал" және жеті Х-101 қанатты зымыраны бар.

Әуе қорғаныс жүйелері алты Х-101 зымыранын атып түсірді деді Украина әуе күштері.

Днепр мэрі соққы салдарынан мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығының ғимаратына зиян келді деп хабарлады. Ондағы қазандық қирап, терезелер шағылған.

Ресей қорғаныс министрлігі Днепрге соққы туралы хабарға пікір білдірген жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 08:57


🗣 Джо Байден әкімшілігі Конгреске Украинаның 4,65 млрд доллар қарызын кешіретінін хабарлаған. Бұл жөнінде Bloomberg жазды

Агенттік қолына түскен хатқа сәйкес, бұл – АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскенге дейін Киевті қолдауға бағытталған соңғы қадамның бірі.

Киевтің қарызын кешу "Украинаға жеңіске жетуге көмектеседі, АҚШ пен оның Еуроодақ, "Үлкен жетілік" және НАТО-дағы серіктестерінің мүддесіне сәйкес" делінген мемлекеттік департаменттің 18 қарашада Конгреске жазған хатында.

Бұған дейін Байден әкімшілігі Украинаға қару-жарақ және өзге көмек ретінде 60 млрд доллар бөлуге ықпал еткен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 07:54


🔴 Сенат "орыс тілі жөніндегі ұйым құру туралы" шартты мақұлдады

Құжатты таныстырған сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин "ұйымның мақсаты – қатысушы елдердің орыс тілін қолдау мәселелері бойынша өзара жан-жақты әріптестікті нығайту" деп мәлімдеді.

🇰🇬🇺🇿🇧🇾 Оның сөзінше, аталған келісім Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусьте күшіне енген. Ел аумағында келісімді жүзеге асыруға ғылым және жоғары білім министрлігі жауапты болмақ.

💸 Құжат аясында шараларды атқару үшін 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 131 млн теңге қарастырылған.

Бір күн бұрын мәжіліс депутаттары аталған құжаттың қабылдануы көп жағдайда "сыртқы саясат үшін" қажет деп айтқан еді. 21 қарашада талқылауға қатысқан жалғыз депутат Әлішер Сатыбалдиев сол ойды қайталады.

🔺 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы қазанда Путинмен ТМД жанынан орыс тілін қолдайтын және дамытатын халықаралық ұйым құруды ұсынды. Сол жылы желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен саммитте Тоқаев 2023 жыл ТМД ұйымы аумағында орыс тілі жылы болатынын мәлімдеді. Бұл елде екіұдай пікір тудырған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 07:48


🗣 Сенат Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңды мақұлдады

Ал республикалық бюджет туралы заңға түзетулер енгізіп, мәжіліске жіберді.

2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға 135 түзету енгізіліп, түзетулердің жаңа редакциясы және мәжіліс мақұлдаған өзге баптар мақұлданды.

"Заңның жекелеген баптарын мақұлдамау және көрсетілген баптардың жаңа редакциясымен заңды мәжіліске қайтару туралы қаулы" дауысқа салынып, заң жобасы мәжіліске қайтарылды.

❗️ Биыл да бюджет қаражатының жетпеуіне байланысты үкімет Ұлттық қордан 5,3 триллион теңге алмақшы. Бұл жөніндегі заң жобасын бұған дейін мәжіліс мақұлдаған.

❗️ Үкімет есебінде Қазақстанның үш жылға жоспарланған бюджетінде үш салаға басымдық берілген. Олар – азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, білім беру саласын қолдау және халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Одан бөлек қаржының көп бөлігі тұрғындарды таза сумен, жылумен және электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 07:06


🔴 Бірі қалдық жейтін шыбын өсіреді, бірі қаладан органикалық қоқыс жинайды, енді бірі пластиктен қолөнер туындысын жасайды — алматылық табиғат жанашырлары елдегі қоқыс мәселесін шешуге, жаһандық жылыну процесін баяулатуға үлес қосып жүр.

Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызы олардың жұмысын көріп қайтты.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 06:21


💬 2022 жылдың басынан 2024 жылдың қазанына дейін 6665 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған, оның 2199-ы – қандас

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің жауабына сүйенген "Власть" сайты хабарлады.

🇷🇺 2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіріп, кейін қыркүйекте мобилизация жарияланған. Сол жылы ресейліктер көрші елдерге ағылған еді. Оның арасында Қазақстан да бар.

🪪 ІІМ мәліметінше, 2022 жылы 1436 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған, 484-і – қандас. Биыл он айда 1724 ресейлікке Қазақстан азаматтығы берілген, 412-і – қандас.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 05:49


🗣 Грузияда парламент сайлауын қайта өткізуді талап етіп жатқандар көшедегі акцияны уақытша тарқатып, жаңа жоспар дайындауға оқталып отыр

Мұны оппозициялық "Өзгерістер үшін коалициясы" жетекшілерінің бірі Зураб Жапаридзе айтты деп хабарлады Азаттықтың Грузин қызметі. Жапаридзенің сөзінше, қазір үкімет көшедегі акцияларға назар аударып жатқан жоқ.

📣 Бұған дейін оппозиционерлер Тбилиси орталығында көп шатыр тігіп, қайта сайлау өткізу туралы талап орындалғанға дейін кетпейтінін мәлімдеген. 19 қарашада полиция Тбилиси университетінің ғимараты алдындағы шатырларды алып тастады, бірақ наразылар басқа көшеге көшкен еді.

🇬🇪 Грузия оппозициясы 26 қазандағы парламент сайлауының қорытындысын мойындамады. Олар дауыс беру кезінде бұрмалау мен заңсыздықтар болды деді. Биліктегі "Грузия арманы" партиясы сайлау нәтижесі бұрмаланды деген айыптауды жоққа шығарады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 05:02


💬 Талғарда күдікті қашып кеткен уақытша ұстау изоляторының басшысы мен бір қызметкері жұмыстан босатылды

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің жауабына сүйенген Tengrinews.kz хабарлады. ІІМ "Салғырттық" бабы бойынша тергеу басталды, қылмыстық іс бойынша лауазымды адамдардың іс-әрекетіне баға беріледі деді.

Бұдан бөлек, қызметтік тексеруден соң 12 адам қатаң тәртіптік жауапқа тартылған, соның ішінде изолятор басшысы мен жауапты қызметкері ішкі істер органынан босатылды деп мәлімдеді министрлік. "Қамаудан қашу" бабы бойынша да тергеу басталған.

"Зорлау" бабы бойынша күдікке ілінген ер адамға 22 қазанда іздеу жарияланған еді. 25 қазанда полиция оны ұстағанын хабарлады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 04:51


🗣 Алматы мен Астанада жасанды интеллект көмегімен адамның бет-жүзін танитын жүйе іске қосылды

Ол іздеуде жүрген адамдарды тануға, қоғамдық орындарда қалған заттар жөнінде хабар беруге, заңсыздықтарды автоматты түрде тіркеуге, көліктерді анықтауға мүмкіндік береді деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Мұндай камералар теміржол вокзалдарында, әуежайларда, қонақүйлерде, сауда орындарында, көшелерге орнатылған. Осындай жүйе көмегімен Астанада іздеуде жүрген – 46 адам, Алматыда 30 адам табылып ұсталған.

📹 Бұған дейін Азаттық Қазақстанда кеңінен қолданылатын қытайлық Hikvision мен Dahua Technology өнімдерінің қауіпсіздігі мәселесін зерттеп көрген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 04:34


💬 Алматы соты Азаттықты "Жалған ақпарат тарату" бабы бойынша кінәлі деп тапты

Іс Шымкент тұрғыны Әлішер Тұрабаевтың 2024 жылғы 13 қарашадағы арызы негізінде қозғалған. Тұрабаевтың жазуынша, биыл 13 қыркүйекте Азаттықта жарық көрген видеода журналист Данияр Әділбековтің ұсталуы туралы жаңалықта "жалған ақпарат" болған.

Онда "кеше 12 қыркүйекте оған прокурор 8 жыл түрме жазасын сұрады" деген ақпарат айтылады. Тұрабаевтың айтуынша, бұл кезде "прокурор мұндай тұжырым жасай алмайтын еді" себебі, іс бойынша жарыссөз тек 16 қазанда басталған.

🔸 Азаттық радиосы видеоматериалда аудармада техникалық қате кеткенін мойындады әрі оны түзетуге әзір екенін білдірді.

Бірінші отырыста Әлішер Тұрабаев талап арызы негізді екенін айтты. Азаттықтың Алматыдағы өкілдігінің директоры Қасым Аманжол материалда жалған емес, қате ақпарат кеткен деп түсінуді сұрады. "Жалған" деген – жала, әдейі адастыру, алдау не арандату мақсатында қолданылатын сөз" деді ол.

🔸 20 қарашада Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты Азаттық радиосының өкілдігін Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 456-2 бабының 2-тармағын бұзды деп, айыппұл салу жөнінде шешім шығарды. Сот Азаттықтың "қатені ішінара мойындап, түзетуге әзірміз" деген уәжін қабылдамады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Nov, 03:54


💬 Украина әскері алғаш рет британдық Storm Shadow ракеталарын Ресейге қарсы шабуылда пайдаланған болуы мүмкін

Бұл жөнінде Bloomberg, сонымен бірге британдық The Guardian және BBC ақпарат агенттіктері хабарлады.

🚀 Ақпарат құралдары ракеталардың нені нысанаға алғанын нақты жазбаған. Алайда болжам бойынша, нысаналардың арасында Курск облысындағы Ресей президент ісі жөніндегі басқармаға тиесілі санаторий да бар болуы мүмкін. Ондағы жертөледе Ресей әскерінің командалық пункті орналасқан деп айтылады, Солтүстік Корея сарбаздары да сонда болуы мүмкін деп жазды украиналық Defense Express басылымы.

🇬🇧 Ұлыбритания билігі әзірге ақпаратты растаған жоқ, терістеген де жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

20 Nov, 12:48


🔴 Қазақстанның Украинадағы елшілігі соғыс болып жатқан елге әуеден шабуыл артуына байланысты Қазақстан азаматтарын шайқас жүріп жатқан жерлерге жақын аумақтан я елден кету жағын қарастыруды ұсынды

❗️ Елшілік азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуге құлақ түруге, паналайтын орынға дереу баруға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдар ұсыныстарын орындауға шақырды.

🇵🇱🇲🇩 Елшілік Украинадағы Қазақстан азаматтары Польша немесе Молдоваға жетіп, әрі қарай коммерциялық рейспен елге бара алады деді. Польшадан кету үшін Қазақстан азаматтарына Шенген визасы қажет, Молдоваға кіру үшін виза керек емес.

Кейінгі айларда Ресей Украина астанасы мен өзге қалаларға шабуылды үдетті. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, әзірге Ресейдің ауқымда шабуылы 17 қарашада жасалған. Ол күні ел аумағына 120 зымыран мен 90 дрон ұшып келген.

🇺🇸 Киевтегі АҚШ елшілігі Украинадағы Америка азаматтарына 20 қарашада Ресей әуеден жаппай соққы беруі мүмкін деп ескертті. Елшілік сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, дипломатиялық ведомство ықтимал шабуыл туралы "нақты ақпарат" алған.

❗️ Шабуыл қаупіне байланысты Грекия, Испания және Италия да Киевтегі елшіліктерін уақытша жапты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

20 Nov, 12:18


🗣 Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трамп қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін онымен Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылауға дайын

Путин соғысты майданның қазіргі сызығында тоқтатуға келіседі, алайда орыс әскері басып алған Украина жерінің басым бөлігінен бас тартпайды және Украина НАТО-ға мүше болмауға тиіс деген де шарт қойып отыр.

Бұл жөнінде дереккөздеріне сүйенген Reuters агенттігі жазды. Олардың арасында Ресейдің қазіргі және бұрынғы бес жоғары лауазымды өкілі бар.

🇷🇺 Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин келіссөзге ашық, алайда соғысты қазіргі майдан сызығында тоқтатуға келіспейді деп жауап берген. Песковтың сөзінше, Ресей "арнайы әскери операцияның" мақсатына жетуге ұмтылады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

20 Nov, 11:59


📹 Қарашаның басында Астанаға сапармен келген Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан мен Ресей бірлескен тарихшылар тобын құрғалы жатыр деп мәлімдеген

Бүгін сол туралы парламент мәжілісінің депутаты Айдос Сарымнан сұрап көрдік.

🗣 "Біріншіден, Қазақстан Ресейсіз-ақ, басқа мемлекетсіз-ақ өз тарихын өзі жазып жатыр. Мемлекеттік комиссия құрылған. Қазақстан тарихы қазір 12 томға татып қалды, соның жұмысы жалғасып келеді. Екінші мәселе – екі ел арасындағы қарым-қатынас. Оған ортақ тарихымыздың ішіндегі қиянат, қылмыс, басқасының бәрі жағымсыз немесе теріс я кері ықпал ететіні анық. Сол мәселелерді қоғам емес, кәсіби тарихшылар саралауы қажет" деді Айдос Сарым.

Депутат Еркін Әбіл 2018 жылы Қазақстан-Ресей тарихшылары тобы құрылған деді. Сөзінше, содан бері бірнеше кездесу өтіп, монографиялар шыққан. Пандемия басталған соң жұмыс тоқтап қалды, қазір қайта жаңартылып жатыр деді ол. Айтуынша, 26 қарашада Астанада жұмыс тобының кезекті отырысы өтпек, оған Ресей тарихшылары да келеді.

🗣 "[Ресеймен] ортақ көп тарихи оқиғамыз бар, Ресей империясы, Совет одағы кезінде болған. Негізгі мәселе – сол мәселелерді бірлесіп зерттеу. Ұлттық тарихымыз бойынша негізігі деректердің көбі, 18 ғасырдан бастап 1991 жылға дейін Ресей архивтерінде сақталып жатыр. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғысты Ресей архивтеріне бармай зерттеу мүмкін емес" деді Еркін Әбіл.

📚 Ал кейбір қазақстандық тарихшы қуғын-сүргін құжаттарына әлі күнге дейін толық қол жеткізе алмай жатқанын, кей тақырып әлі де Ресей ықпалына байланысты ашық талқыланбайды деген пікір айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 12:42


🔴 Ресей аумағын атқылауға рұқсат беру соғыс майданына қаншалықты ықпал ететіні Украинаға берілген зымырандар санына, оларды қолдану жөніндегі шектеулерге байланысты.

Сол зымырандардың бірі – 300 шақырым радиусты қамтитын ATACMS ракетасы.

❗️ Украинаға ұзақ қашыққа ұшатын өзге де зымырандар берілген. New York Times және Washington Post газеттерінің жазуынша, әзірге тек Курск облысына шабуылдауға рұқсат.

ATACMS туралы көп жазған канадалық әскери сарапшы Колби Бадвардың айтуынша, 2023 жылғы желтоқсанда АҚШ-та ұзақ радиусты қамтитын 2400 зымыран болған және оның жартысының мерзімі өткен.

❗️Бадхвардың мәлімдеуіне қарағанда, былтыр АҚШ қоры 500-ден астам ATACMS ракетасымен толыққан. Бірақ Пентагон Украинаға бұл зымыранды ірі көлемде беруге құлықсыз деді сарапшы.

Ақ үйдің жаңа шешімі соғыс бағытын өзгерте ала ма? Сілтемеден өтіп оқыңыз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 10:48


🗣 Түркия президенті Режеп Ердоған Украинадағы соғысқа байланысты жоспар дайындады, оны 18 қарашада Рио-де-Жанейродағы G20 саммитінде таныстыруды жоспарлап отыр

Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сүйеніп осылай деп хабарлады. Агенттік сөйлескен адамдардың айтуынша, Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскийге НАТО-ға қосылуды "Путинге жеңілдік ретінде" кем дегенде 10 жылға кейінге шегеруді ұсынып көрмек. Бұдан бөлек, Донбасстың шығысында демилитаризацияланған аймақ құрып, ол жерге "қосымша кепілдік ретінде" халықаралық әскер қоюды ұсынбақ.

🇹🇷 Түрік шенеуніктері агенттікке мұндай ұсынысты қабылдау Украинаға қиын болады деген, бірақ олар мұны "ең шынайы тәсіл" деп санайды.

Bloomberg бұл ұсыныс Украинаның кейбір одақтасына ұнауы мүмкін, олар Киевтің НАТО-ға қосылуы Кремльмен тікелей қақтығысқа әкеледі деп алаңдайды деп жазды.

Украина мен Ресей президенттері Ердоған ұсынысын айтқалы отырған G20 саммитіне қатыспайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 10:28


💬 Францияның Le Figaro газеті 17 қарашада өз дереккөздеріне сүйеніп, "Франция мен Ұлыбритания да Украинаға SCALP/Storm Shadow зымырандарымен Ресей аумағына шабуыл жасауға рұқсат берді" деп хабарлаған.

Бірақ ертесіне газет сайтынан ол ақпарат алынып тасталды. Le Figaro материалында АҚШ президенті Джо Байден Киевке ATACMS зымыранын қолдануға рұқсат берді деген ақпарат қана қалды.

🇺🇸🇫🇷🇬🇧 Вашингтон, Париж және Лондон "Ресей аумағындағы нысаналарды атқылау" жайлы ақпаратты әзірге ресми растаған жоқ.

Батыс басылымдары сұхбаттасқан адамдар Вашингтонның шешімі Украинадағы соғыс барысын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік бермейді деп есептейді. Кейбір шенеунік бұл қадам Ресейді АҚШ пен одақтастарына қарсы соққы беруге итермелеуі мүмкін деп алаңдайды. Өзгелері мұндай қорқынышты "асыра сілтеу" деп санайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 09:34


💬 Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында өткен демалыс күндері 14 мыңнан астам пәтер мен 300-ден аса кеңсе бір күн жылусыз отыруға мәжбүр болды

"Шығыс жылу" кәсіпорны 16 қараша түс кезінде болған "ақау" алдымен кешке дейін, кейін түнде қалпына келтіріледі деп хабарлағанымен, жөндеу 17 қараша түстен кейін бір-ақ аяқталды.

🔸 Қала тұрғындары Instagram әлеуметтік желісіндегі жергілікті танымал парақшаларда ыстық су мен жылу болмай, баспанасы азынап кеткенін айтып шағынды. Кейбірі кішкентай балалары барын айтып алаңдаған. Өскеменде түнде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеді.

🔸 Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметовтің айтуынша, қаладағы құбыр желісінің бірнеше ықшамауданына жылу жеткізетін тармағы жарылған.

ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы биыл облыс жылыту маусымына дайын деп хабарлаған. 2 қазанда баспасөз мәслихатын өткізген басқарма басшысы Нұрлан Рамазанов "биыл облыста 68 шақырым жылу желісі жөнделді, бұл жұмыс қыста үйлер жылумен қамтамасыз етіледі деп сенуге мүмкіндік береді" деген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 08:36


💬 Төрт бала опат болған Астанадағы жеке үйдегі өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бұл жөнінде қаланың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Тергеу қорытындысы тексеру аяқталғаннан кейін айтылады.

🗣 "Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу" бабы (Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғады" делінген баспасөз хабарламасында.

17 қараша таңертең Астанадағы жеке үйлердің бірінде өрт шығып, 13, 9, 3, 2 жастағы төрт бала көз жұмды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 08:16


🗣 Қостанай облысында төрт адам газдан уланып қаза болды

Бұл туралы жергілікті "ТобылИнфо" сайты хабарлады. Басылымның ақпаратынша, 8, 3, 2 жасар үш бала және олардың 67 жастағы атасы опат болған. Қайғылы оқиға 17 қарашада 13.00 шамасында Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында болған.

Балалардың әкесі мен анасы және олардың 4 жасар тағы бір ұлы Арқалық қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

Балалардың әкесі жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 07:51


🔴 Әскерде азаматтық борышын өтеп жүргенде жұмбақ жағдайда басынан қатты жараланып, комаға түскен Ербаян Мұхтардың ем-домына халық 140 млн теңге жылу жинап берген. Ұлының аяқтан тік тұрып кетуіне барын салып жүрген әке-шешесі осы қаржыға Ербаянды Түркияға емдетуге алып кетті.

Биыл елдің батыс өңірлерінде болған су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қол ұшын беріп, қаржылай көмек жібергендер аз болмады. Ел басына ауыртпалық түскенде жылуды кішігірім қайырымдылық қорлары да, жекелеген адамдар да жинаған.

❗️Ал болашақта мұндай іс-әрекет заңсыз деп бағаланып, айыппұл салуға ілік болуы мүмкін. Өйткені "алаяқтықпен күресуді" алға тартқан өкімет бұл саланы бақылауға алып, заңға тиісті түзетулер енгізуді көздеп отыр.

Азаттық тілшісіне жұмыс тобы қарап жатқан өзгерістер мен толықтыруларды оқып-танысудың сәті түсті.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 07:02


🗣 Тбилисиде Грузия парламенті ғимараты жанында оппозициялық партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар 26 қазандағы парламент сайлауындағы бұрмалауға наразылық білдіріп, "Өз дауысыңды қайтар!" деген тақырыпта акция өткізді

Парламент маңына жиналғандар дауыс беру құпиясы бұзылғанына назар аударды. Сайлау учаскелерінде азаматтарға арнайы қалам берілген. Қалам ізі бюллетеннің арт жағынан көрінген. Кез келген адам, соның ішінде билік партиясының бақылаушылары сайлаушының кімге дауыс бергенін байқап, анықтай алған деп айтылды.

Билікті сынайтындардың сөзінше, биліктегі партия жалдаған адамдар сайлаушыларға хабарласып, қоқан-лоқы жасаған. Ұйымдастырушылар сайлаушыларға пара беру оқиғалары болғанын айтып берді.

Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе жаңадан сайланған парламенттің алғашқы отырысы "сырттан басқарылатын күштер қарсылығына қарамастан" 25 қарашада өтеді деп мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 06:03


⚽️ Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының соңғы ойынында Норвегия құрамасынан жеңіліп қалды. Ослода өткен ойында норвегтер 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші тайм 3:0 есебімен аяқталып, Норвегия құрамасы озып шықты. Бұл құраманың танымал ойыншысы, "Алтын допқа" үміткерлердің бірі Эрлинг Холанд осы ойында хет-трик жасады (үш гол соқты), оның екеуін Қазақстан командасының қақпасына матчтың бірінші жартысында салды. Одан бөлек Александер Сёрлот (бірінші таймда) пен Антонио Нуса (екінші таймда) да бір-бір голдан соқты.

Ресейлік бапкер Станислав Черчесов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы дивизионда ойнаған алты матчта бірде-бір гол соқпай, өз қақпасына 15 гол жіберіп алып, 1 ұпаймен соңғы орынды иеленді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 05:09


🗣 Ливанның "Хезболла" радикал тобында бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысқа жауапты Мұхаммед Афиф Израиль армиясының Бейрут қаласына жасаған шабуылынан қаза тапты

Бұл туралы Ливанның Al-Mayadeen арнасы хабарлады. Reuters агенттігі сұхбаттасқан адамдар Израильден шабуыл туралы ескерту келген жоқ деп мәлімдеді.

Афиф "Хезболлаға" 30 жылдан астам уақыт жетекшілік еткен Хасан Насралланың баспасөз бойынша кеңесшісі болған. Насралла 27 қазанда Израильдің Дахиядағы "Хезболла" кеңсесіне жасаған шабуылынан қаза тапқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Nov, 04:26


💬 Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғыс жүргізіп жатқан Ресейге көмектесу үшін 100 мыңға дейін сарбаз жіберуі мүмкін

Бұл туралы Bloomberg агенттігі "Үлкен жиырмалық" (G20) елдеріндегі дереккөздеріне сүйеніп хабарлады. Агенттік сөйлескен дереккөздердің айтуынша, бұл мәлімет – алдын ала есеп бойынша жасалған болжам, ақпарат алда расталса да, 100 мың сарбаз бір уақытта жіберілмейді.

Бұған дейін Украинаның Оңтүстік Кореядағы елшісі Дмитрий Пономаренко "Америка дауысының" Оңтүстік Корея қызметімен сөйлескенде осы шамалас сарбаз саны туралы айтқан. Елші Ресейдің Курск облысындағы Солтүстік Кореяның 15 мың сарбазы ай сайын ауысып отырады деген.

🇷🇺🇰🇵 Жақында Ресей мен Солтүстік Корея екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялады. Оған сәйкес, тараптардың біріне қарулы шабуыл жасалған жағдайда екіншісі дереу әскери және өзге де көмек көрсетуге міндетті.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

17 Nov, 18:54


⚡️ "Украина Батыс ракеталарымен жақын күндері Ресей аумағына шабуыл жасауды жоспарлайды" деп жазды Reuters агенттігі.

Агенттік Ақ үйден бұған қатысты ресми мәлімдеме ала алмаған. Вашингтон да, Мәскеу де, Киев те әзірге Батыс басылымдарының ақпаратына қатысты ештеңе айтпады.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

17 Nov, 18:28


NYT: Байден Украинаға батыс ракеталарымен Ресей аумағын атуға рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға АTACMS ракеталарымен Ресей аумағына шабуыл жасауға рұқсат берді. Бұл туралы америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап, New York Times газеті жазды.

Басылымның дерегінше, Байден Солтүстік Корея әскерилері Ресейге көмекке келген соң осындай шешім қабылдаған.

Газет "Украина әзірге батыс ракеталарымен Курск облысына шабуыл жасай алады, кейін Ресейдің басқа да аймақтарын атуға рұқсат беруі мүмкін" деп жазды.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

17 Nov, 13:19


Үндістан алысқа ұшатын алғашқы гипердыбыстық ракетасын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады.

Бұл жөнінде жексенбі күні қорғаныс министрі Раджнат Сингх мәлімдеді. Сынақ сенбі күні Үнді түбегінің шығыс жағалауындағы аралда орналасқан Абдул Калам полигонында өткен.

Сыналған ракета түрлі қаруларды алып жүре алады және 1500 шақырымға дейін ұшады. Ол дыбыс жылдамдығынан бес есе жылдам ұшады деп айтылады.

Осылайша Үндістан ең озық қаруы бар әлемдегі санаулы елдердің қатарына қосылды. Қазіргі кезде гипердыбыстық қару АҚШ, Ресей, Қытайда бар. Гипердыбыстық ракеталары барын Иран, Солтүстік Корея және йемендік хуситтер мәлімдегенмен аталған ракета түрі ол елдердің әскерінің қару-жарақ қатарына енді ме, жоқ па, ол жағы белгісіз.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

17 Nov, 12:29


Жетісу облысына танымал 62 жастағы марафоншы Досмұхамед Төлегенов өмірінің 10 жылын төсек тартып өткізген.

Ол 34 жасында жабысқан ауыр дертін белсенді қимылымен жеңген соң спортқа келді. 40 жастан асқанда қадам басып жүруді қайта үйреніп, кейін ондаған шақырымға жүгірген азаматтың қайсарлығын жерлестері үлгі тұтады.

Азаттық радиосы “Спорт: қиындықты жеңген қаһармандар” байқауы аясында Досмұхамед Төлегеновтің өмір жолын баяндайды.

Azattyq - Азаттық

17 Nov, 11:28


"Қазір құм мен тас қана жатыр" Каспийдің тартылуы Түркіменстандағы жалғыз жағажай курортқа қалай әсер етті?

Түркіменстанның теңіз жағасындағы қымбат курорты жазғы демалысқа қажеттің бәрін ұсынады. Тек теңіз ғана жоқ. Ұзақ жылдардан бері Каспийдің су деңгейі төмендеп келеді. Бұл әлемдегі оқшау мемлекеттің беткеұстар туристік орнын теңізсіз қалдырды.

🔗Оқу

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

17 Nov, 08:46


Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, соның салдарынан төрт бала мерт болды деп хабарлады жергілікті төтенше жағдай департаменті.

“Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жеткенде ашық жанып жатқанын байқаған. Өрт 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза болды” деп жазылған хабарламада.

Аталған екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Өрттің себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қаза болған балалардың жақындарына психолог және өзге де мамандар көмектесіп жатыр.

Azattyq - Азаттық

17 Nov, 05:59


Ақмола облысында бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылып, үш адам қаза болды. 16 адам қалалық ауруханаға әкетілген. Төтенше оқиға ғимаратта ас беріп жатқан кезде болған.

Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдай департаментіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, құтқарушылар алты газ баллонын алып шыққан, барлығы жеті баллон болған.

Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында болған төтенше оқиғаның салдарынан 1978 жылғы ер адам, 1983 жылғы әйел адам, 2012 жылғы бала қаза болған.

“Қазіргі кезде құтқарушылар үйіндіні аршып жатыр” деп хабарлады ТЖД. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.

Azattyq - Азаттық

17 Nov, 05:37


Ресейлік "Газпром" корпорациясы 16 қарашада Австрияның энергетикалық OMV кәсіпорнына газ тасымалдауды тоқтатты деп хабарлады Австрия канцлері Карл Нехаммер.

Бұған 2022 жылғы бизнес-дау түрткі болған. Нехаммер жуырда "ел өзін бопсалауға жол бермейді" деп мәлімдеген.

2022 жылы Ресей Украинаға басып кірген шақта Австрияға Ресей газы үзіліспен жеткізіле бастаған. Ресейлік компания мұны техникалық қиындықтармен түсіндірген, ал Батыс елдері мұны "бопсалау құралы" деп атаған.

OMV компаниясы Халықаралық сауда палатасына ресейлік "Газпромның" үстінен шағым түсіріп, палата жауапкер компанияны 243 млн еуро көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеген. "Неміс толқынының" жазуынша, осы қаражатты OMV қазіргі келісімшарт арқылы жасалып жатқан төлемнен ұстап қалмақшы болған.

Бұған дейін OMV өкілдері Ресей газынан бас тартып, Италия, Германия және Нидерландыдан газ тасымалдай алатынын мәлімдеген. "Неміс толқынының" жазуынша, Австрияны 2040 жылға дейін Ресейден едәуір газ алуға міндеттейтін қазіргі келісімді бұзу үшін Австрия осы сәтті ұтымды пайдаланған болуы мүмкін.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 12:38


🔴 "Шалақазақша" сөйлейтін қазақ киносы

Қазақстанда қазақша киноиндустрияда серпін байқалады, қазақ тілінде түрлі талғамға сай туынды көп шығып жатыр. Бірақ қазақстандық кино шынымен қазақша сөйлей ме? Таза қазақша емес, көбіне "шалақазақша" сөйлейді. 2012-2023 жылдары жарық көрген 380 отандық фильмді талдап, осындай тұжырым жасадық.

Толығырақ оқыңыз

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 12:01


Екібастұзда ГРЭС-1 жылу орталығының бір блогының жұмысы тоқтатылды

“Самұрық-Энерго” компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру кезінде №1 мұржадан тозаң шығып жатқаны анықталған. Соның себебін анықтау мақсатында энергоблок өшірілген. Түпкілікті қорытындысы тексеріс нәтижесінен кейін анықталатыны айтылды.

Дегенмен компания блоктың істен шығуы электр энергияны өндіруге қаншалықты әсер етіп жатқанын нақтыламаған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынща, станцияда бұған дейін 8 блок істеген.

Осыған дейін “Письма президенту” телеграм-арнасы Екібастұз тұрғындары жіберген видеоға сүйене отырып, ГРЭС-1 жылу орталығы мұржасының ішкі бөлігі құлағанын жазған еді.

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 11:36


Келіссөз жақындаған сайын Ресей мен Украина белсенділігін күшейтіп жатыр. Бұдан не шығады?

Мәскеу жаздың ортасынан бері 1100 шақырымға ұласқан майдан шебінде Украина күштерін қажытып келеді. Оңтүстікте Угледар мен Покровскіде, солтүстікте Часов Яр мен Купянск маңында, өз аумағы Курск облысында украин әскеріне үлкен күшпен шабуылдап отыр. Ресейдің Курск облысындағы біраз жерді Украина тамызда тұтқиылдан шабуыл жасап, басып алған.

Мәскеу Солтүстік Кореядан 12 мың жауынгер алдырып, оларды Ресейдің батысындағы әскер қатарына қосты. АҚШ пен Украинаның өкілетті тұлғалары мұны украин әскерін Ресей территориясынан толық шығаруға талпыныс деп бағалайды.

"Бәріміз білеміз, майданымыз күйреді десем, әскери құпия ашқандай болмаймын", – деді Украина генерал-майор Дмитрий Марченко 29 қазандағы күтпеген жерден жасалған мәлімдемесінде. Ол кейін отставкаға кететінін айтқанда көбі мұны генералды ашық пікірі үшін жазалау деп түсінді.

🔗Толығырақ оқыңыз

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 10:40


Мәжілістің бұрынғы депутаты Асқар Садықовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелген жоқ

Ішкі істер министрлігі “Власть” басылымына жіберген жазбаша жауабында осылай деп мәлімдеген.

Бұған дейін “Ақ жол” және оның төрағасы Азат Перуашев Садықовты билік өкілетін асыра пайдаланды және “әдепсіздік жасады” деп айыптаған. Мәжіліске “Ақ жол” атынан сайланған Асқар Садықовты 29 тамызда орталық сайлау комиссиясы депутат мандатынан айырған. Перуашевтің сөзінше, партияға парламент қызметкерінен Садықовқа қатысты бірнеше шағым түскен.

Ал қыркүйекте Садықов видеомәлімдеме жасап, тағылған айыптарды жоққа шығарған. "Перуашев даулы мәлімдемесімен орынбасарына байланысты жемқорлыққа қатысты істен халық назарын аударғысы келеді" деген еді.

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 10:01


Ресей әскері Украинаның солтүстігіндегі Чернигов облысына кірген

Азаттықтың Орыс қызметі Украинаның Чернигов облысына кірген кемі екі ресейлік сарбаздың геолокациясын анықтай алған. Болжамға қарағанда, екі сарбаз Черниговқа кірген ірі топтың құрамында болған.

Олар шекарадағы Гремяч елді мекені аумағындағы Судость өзеніндегі көпірге Ресей туын тіккен.

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 09:04


🗣The Insider: қазақстандық компаниялар санкцияға қарамастан Ресейге радиоэлектронды күрес құралдарына арналған жабдықтарды тасымалдаған

Қазақстандық компаниялар Askarlab, Dicosta Technologies, Panalem Technologies, Computer Services Ltd Ресейге осциллограф, радиожиілік фильтрлері, жиілік анализаторлары, радиожиілілік адаптерлері, жиілікті күшейткіш, әлсіреткіш, кеңейткіш құралдарын, аттенюаторлар, спутник модемдері және векторлық анализаторларды жеткізген. Олар бұл тауарларды Германия, АҚШ, Франция, Ирландиядан алған.

Басылым Алматының Жетісу кеден бекетіндегі декларация құжаттарымен, компания жетекшілерінің жазысқан хаттары мен ресейлік мәліметтермен танысып шыққан.

Қазақстандық құжаттарға қарағанда, 2023 жылдан бері аталған тауарлар ұшақ арқылы әкелініп, кедендік рәсімдеуден өткеннен кейін кейбірі Ресейге жөнелтіліп отырған. Мысалы, Askarlab осылайша құны 2 млн доллар тұратын аппаратура тасымалдаған.

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 08:10


Асхат Кучинчерековтің "Бауырына салу" фильмі Оскар сыйлығының “Шетел тіліндегі ең үздік фильм” номинациясы бойынша үміткерлер қатарына енді. Бұл жөнінде фильмге арналған Instagram-дағы парақша хабарлады.

Кинода бауырына салу дәстүріне сәйкес әжесінің тәрбиесіне берілген баланың бастан кешкені баяндалады. Әжесі дүние салғаннан кейін бала биологиялық ата-анасына қайтарылады, алайда бала үшін олар бөтен адамдар сияқты әсер қалдырады.

Лондонның Куин Мэри университетінің PhD зерттеушісі Әсия Бағдәулетқызының осы кино жөнінде пікірін де оқи отырыңыз: Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм

Сурет: "Бауырына салу" фильмінен көрініс. Сурет фильмді түсірушілерден алынды

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 07:49


Қуандық Бишімбаевтың қай түрмеде отырғаны белгілі болды. Адвокат Жанна Оразбақова қылмыстық атқару жүйесі комитетінен келіп түскен ресми жауапты жариялады.

Қазіргі кезде сотталушы Қ.Бишімбаев Ақмола облысындағы ҚАЖ департаментіне қарасты №5 мекемеде жазасын өтеп жатыр (мекенжайы: Степногорск қаласы, 7 өнеркәсіп аймағы, 14 А ғимарат)” деп жазылған жауапта.

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі, “әйелін қатыгіздікпен өлтіргені үшін” 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың “колониядан қашып кеткені” туралы ақпарат тараған.

ҚАЖК ақпаратты жоққа шығарғанмен сотталушының қайда отырғанын нақты айтпаған еді.

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 07:28


Солтүстік Корея Ресейге Koksan артиллериялық қондырғыларын жеткізе бастады

Бұл жөнінде “Важные истории” басылымы жазды.

Ресейдің билікшіл әскери телеграм-арналары солтүстіккореялық дүркіндете ататын ауыр зеңбірек түрі - M-1989 Koksan-ның суретін жариялаған. OSIN мамандары сурет Красноярскіде түсірілгенін анықтаған.

Koksan – Ресей зәру болып отырған артиллериялық “Пион” қондырғыларын алмастыруы мүмкін деп болжайды әскери сарапшылар. Зерттеушілердің мәліметінше, Ресей соғыс кезінде осындай 31 қондырғысынан айырылған. Koksan Ресей қажетсінген қондырғыларды алмастыра алғанмен оның да кемшіліктері бар: мысалы, аталған зеңбіректің діңі мен өзге де бөлшектері тез тозады.

170 мм калибрлі Koksan қарапайым снарядтарды 40 шақырым жерге дейін тастай алады, реактивті снарядтарды 60 шақырымға дейін ары асыра алады деп жазды Defense Express.

Мұндай қондырғы Солтүстік Корея ғана емес, Иранда бар. Оның ескі түрлеі 1980-88 жылдары Ирак-Иран соғысында пайдаланылған.

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 06:14


Жаңаөзенде “Өзенмұнайгазға”қарасты “Бұрғылау жұмыстары басқармасы” жұмысшыларының ереуілі жалғасып жатыр. Олар басшылыққа бес талап қойып отыр. Арасында дербес еңбекақы төлем жүйесіне көшу туралы да талап бар.

Бір күн бұрын оларға прокуратура және Жаңаөзен әкімі мен орынбасары, ӨМГ компаниясының басшылары келіп кеткен, алайда жұмысшылар оның нәтижесіне көңілдері толмай отыр.

14 қарашада Еділов телеграм-арнасында “Өзенмұнайгаз” басшылығының жұмысшылардың талабына қатысты жауабы жарияланған. ӨМГ “Жаңаөзен қаласы бойынша жұмыссыздар мен зейнеткерлердің балалары 50/50 пропорциясы арқылы қабылданады, ал дербес еңбекақы төлеу жүйесіне өту жұмыстары жүріп жатыр” деп мәлімдеген.

Ал жұмысшылар мен кәсіподақ өкілдері бұл талаптар іс жүзінде орындалмай отыр дейді.

“Негізі бізбен мәселені шешетін ҚМГ басшылары мен Астанадан жауапты тұлғалар келуі керек” дейді ереуілшілердің бірі Ғазиз Махамбетов Азаттыққа.

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 04:53


🗣Ауыл шаруашылығы министрлігі итбалықтардың қырылуының себебін болжады

Ведомство алдын ала мәлімет бойынша, итбалықтардың қырылуына “табиғи құбылыстар, оның ішінде суасты жер сілкісінісінің салдарынан шыққан табиғи газ да бар” себеп болуы мүмкін деп жазды.

Түпкілікті қорытынды зерттеу толық аяқталғаннан кейін яғни, үш-төрт айдан кейін белгілі болады.

Министрліктің мәліметінше, 24 қазан мен 13 қараша аралығында 1034 итбалық өлексесі табылған.

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 03:50


Трамп кіші Кеннедиді денсаулық сақтау министрі қызметіне ұсынды

Кеннеди сайлауалды кампаниясы кезінде тәуелсіз кандидат болған, кейін Трампты қолдады.

Роберт кіші Кеннедиді денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрі ретінде жариялауға қуаныштымын. Америкалықтардың қауіпсіздігі мен денсаулығы – кез келген әкімшіліктің ең маңызды міндеті” деп жазылған Трамптың мәлімдемесінде.

Кіші Кеннеди – 60 жыл бұрын өлтірілген АҚШ-тың президенті Джон Кеннедидің немере інісі. Мамандығы бойынша заңгер қоршаған ортаны қорғаумен және екпеге қарсы шығумен танылған.

Azattyq - Азаттық

15 Nov, 03:16


Украина ядролық қару дайындай ма? Курск пен Купянскідегі шайқас

Ресей әскері Курск облысы мен Белгород облысындағы шайқаста көп шығынға ұшырап жатқаны айтылды. Украина Ресеймен келіссөзде қауіпсіздік кепілдемесін алдыңғы қатарға шығаруы мүмкін. Киев ядролық қару жасамайтынын мәлімдеді. Соғыстағы 13-14 қараша күнгі жағдайды шолып шықтық.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 13:07


🔴Трамп бас дипломат қызметіне Марко Рубионы таңдады. Оның сыртқы саясаттағы ұстанымы қандай?

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы қызметіне сенатор Марко Рубионы ұсынатынын мәлімдеді. Рубио Иран мен Қытай жөнінде қатаң саясат ұстануды қолдайды.

"Рубио — ұлттық қауіпсіздіктің кей маңызды бағыттарында идеология мен саясат тұрғысынан ұлы державалар арасындағы бәсеке, Қытай мен Иран ислам мемлекетіне қарсы тұру, барынша қысым көрсету науқанын жаңғырту сияқты мәселелерге келгенде Трамптың ойымен келісетін адам", — дейді Вашингтондағы демократияны қорғау қорының сарапшысы Бехнам Бен Талеблу.

🔗Толығырақ оқыңыз

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 12:50


Буча туралы пост жазған және Путинді өлтіруге үндеген Мәскеу тұрғынына прокурор 10 жыл түрме жазасын сұрады. Бұл жөнінде “Медиазона” жазды.

43 жастағы Мәскеу тұрғыны, екі баланың анасы Анастасия Бережинскаяға “армияның беделіне нұқсан келтіру”, “фейк тарату” және “терроризмді ақтау” бойынша айыптар тағылған.

Ол сотта Ресей мен Украинаның бейбіт тұрғындарының тағдырына алаңдап, Вконтакте желісінде жазба жариялағанын айтқан. Ол “Путинді атып тастау” туралы тіркесті “көпке арнап” жазбағанын айтып, айыптарды ішінара мойындаған.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 12:17


🗣Су тасқыны кезінде Тоқаевқа көмек жоғын айтып, шағынған қайырылымдылық қорының жетекшісі ұсталды

Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат көктемгі тасқын кезінде зардап шеккендерге арнап жиналған 1,5 млрд теңге көлемінде қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

"Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600" және 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алды" деп жазылған хабарламада.

ҚМА мәліметінше, ол осы уақыт аралығында Астанадан премиум санатындағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендері, сонымен бірге "Vela Village" коттедж қалашығынан жалпы құны 600 млн теңге болатын жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алған.

BizBirgemiz Qazaqstan қорының жетекшісі Перизат Қайрат биыл сәуірде Қазақстанның бірнеше өңірі су тасқынынан зардап шегіп жатқан шақта президентке қайырылып, мемлекет тарапынан көмек жоғына шағымданған. Көп ұзамай оның жазбасы Instagram-нан өшірілген.

Толығырақ оқыңыз

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 11:41


Жаркент гарнизонында бір сарбаз қаза болды

Құрлық әскерінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қарашада “қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ кезінде қауіпсіздік ережесінің бұзылуы салдарынан” бір офицер алған жарақаттан қайтыс болған.

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды” деп жазылған ресми хабарламада.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 11:13


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың “Украинадағы соғысты 24 сағат ішінде аяқтай аламын” деген сөзіне пікір айтты

Қазір өз ұстанымдарын түбегейлі өзгертіп, соғысты тоқтатқысы келетіндей қылып көрсеткісі келетіндер бәрібір «түйісу сызығында әрекет етейік», «он жылға бітім», «сосын көре жатармыз» деп айтады. Бірақ бұл сол баяғы Минск келісімі, тек “жаңа қаптамада” [ұсынып отыр]. Одан да сорақы” деді Лавров "Соловьев Live" арнасындағы бағдарлама кезінде.

Лавровтың сөзінше, Батыста ұсыныс айтушылардың ешқайсысы “Украина халқына орыс тілінде сөйлеу, оқу және ақпарат алу құқығын қайтару керек” дегенді ұсынбаған.

Вашингтонның украиндар мен Еуропа істеріне принципті қатынасы өзгермейді. АҚШ НАТО кеңістігі мен оның маңын әрдайым өз бақылауында ұстауға талпынады” деді министр.

Ол АҚШ-тың кез келген әкімшілігіне Ресей мен оның ықпалы әлсірегені ыңғайлы дегенді меңзеген.

Киев бұған дейін Ресей өз әскерін Украина жерінен әкетпейінше бейбіт келісімге бармайтынын айтқан. Ал Мәскеу Украина бес облысынан айырылғанын мойындауы керек деген шарт қойған.

Бұған дейін Трамп айналасындағы дереккөздерге сүйенген The Telegraph басылымы Трамп Украина мен Ресей арасында мың шақырымға созылатын буфер аймағын құруды ұсынуы мүмкін деп жазған.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 10:23


🗣 New York Post: Трамп пен Байден Украина мен Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде сөйлесті

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың айтуынша, ол қазіргі президент Джо Байденмен кездесу кезінде Украинадағы соғыс және Таяу Шығыстағы ахуалды талқылаған. Бірақ Трамп әңгіменің жай-жапсарына тоқталмады.

"Сонымен қатар, біз Таяу Шығыс туралы да көп сөйлестік. Мен оның қалай ойлайтынын білгім келді. Жауабын да естідім. Ол өте мейірімді болды" деп жазды телефон арқылы Трамптан сұхбат алып, оның сөзінен үзінді келтірген New York Post басылымы.

Трамптың сөзінше, олар бір-бірімен қуана көріскен және 20 қаңтар күнгі инаугурация қарсаңында тағы бір рет кездеспек. Байден Трампты жеңісімен құттықтап, қаңтарда биліктің «бірқалыпты ауысуын» күтетінін жеткізді.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 09:26


“Өзенмұнайгаз” компаниясы ереуілшілермен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл жөнінде “Власть” сайты жазды.

Жұмысшылардың талаптарының әрбір пункті мұқият қарастырылады. Барлығы құқықтық шеңберде және заңнама деңгейінде шешілуі керек” деді компания өкілдері.

ӨМГ келіссөздің қорытындысы бойынша тиісті ақпарат қосымша хабарланатынын айтты.

Жаңаөзенде ӨМГ-ға қарасты “Бұрғылау жұмыстары басқармасы” мекемесінің жұмысшылары 12 қарашада кешке жұмысты тоқтатып, ереуілді бастаған. Олар басшылыққа бес талап қойып отыр. Арасында дербес еңбекақы төлем жүйесіне көшу туралы да талап бар.

Бір күн бұрын оларды қолдап, ӨМГ-ға қарасты өзге де мекемелер жұмысты тоқтатқаны хабарланған.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 08:32


🔴Аралдың бұлыңғыр болашағы | Деректі фильм

Дүниежүзілік банк есебінше, Орталық Азия елдері климат өзгерісіне тез бейімделмесе, 2050 жылға қарай климаттық миграция ұлғаюы мүмкін. Арал өңірі де осындай қауіп төніп тұрған аумаққа кіреді. Азаттықтың "Мигрант Медиа" жобасы теңізді жағалай қонған елмен сөйлесіп, тақырыпқа тереңірек үңілді.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 07:36


🗣Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуы қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер етіп жатқанын ғылыми институттар зерттеуі мүмкін

Бұл жөнінде ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сенат кулуарында хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі талдау жүргізу бойынша ғылым министрлігіне өтініш түсірген.

Егер мақұлданса, бірден байқау жариялап, зерттеуді бастаймыз” деді министр. Оның сөзінен Informburo үзінді келтіреді.

Ғылыми жұмысқа қанша қаражат жұмсалатыны әзірге белгісіз.
Министр “сома көлемі аз болады” деп сендіруге тырысқан.

Сома көлемі, шын мәнінде, аз. Оны [зерттуді] бір институт қана емес, консорциум жүргізеді. Біз өзіміздің үздік институттарымызды жұмылдырамыз, бірақ денсаулық сақтау министрлігінен де көмек керек болады” деді Нұрбек.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 07:24


Курскіні кескілескен шайқас күтіп тұр. Солтүстік Корея "әскерилері соғысқа араласты"

Ресейдің Курск облысында Солтүстік Кореядан көмекке келген әскер соғысқа араласа бастады. Соғыстағы жағдайды шолып шықтық.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 06:43


💬 “Бұл хайуанаттар бағы емес”. Сенат депутаты түрмедегі Бишімбаевты неге көрсетпей отыр деген сұраққа жауап берді

🗣Мұның барлығы азаматтардың құқығын қорғаумен байланысты. Тіпті жазасын өтеп жатқан азаматтың да құқығы бар. Егер ол көрінгісі келмесе, оны мәжбүрлей алмайды. Өктем айтсам, кешірерсіз: бұл хайуанаттар бағы емес. Ресми тұлғаларға сену керек, ол Степногорскідегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр” деді Марат Қожаев бейсенбі күні ақпарат құралдарына.

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі, “әйелін қатыгіздікпен өлтіргені үшін” 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың “колониядан қашып кеткені” туралы ақпарат тараған.

ҚАЖК ақпаратты жоққа шығарған. Жалған ақпарат тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 05:58


🔴 "Ғажайып дүниеге қол тигізгендей боласың". Каспий итбалығын зерттеуші қазақстандық маманмен әңгіме

– Жанына жақындап барғанымда итбалықтың әрең тыныс алып жатқанын көрдім: балық аулайтын тор мойнына оралып, қиып кетіпті. Әр қимылдаған сайын жаны шыға қиналады.

Қазақстанның "Гидробиология және экология институтының" ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова Каспий итбалығымен алғашқы кездесуін осылай еске алды. Әсел қызмет істейтін коммерциялық емес ұйым Қазақстанның су айдындарындағы биоалуантүрлілікті қорғаумен айналысады.

🔗 Толығырақ оқыңыз

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 04:58


Қазақстан негізгі кеніштердің біріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты қазан айында мұнай өндірісін күрт қысқартса да ОПЕК+ шартын орындай алмай отыр деп жазды Bloomberg.

Қазан айында Қазақстан күніне 1,29 млн баррель мұнай өндірген. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 292 мың баррельге аз, бірақ ОПЕК+ шарты бойынша өндіруі керек көлемнен 90 мың баррельге көп. Басылым бұл 1 желтоқсанда өтетін ОПЕК+ елдердің жиынында Қазақстан үкіметін қиын жағдайда қалдыруы мүмкін деп санайды.

Қазақстан билігі Қашағандағы жөндеу жұмыстары мәселені шешеді деп үміттенген, бірақ жөндеу жұмыстары жоспардан ерте аяқталған. Оның үстіне жақында Теңіздің жаңа жобалары іске қосылып, инвесторлар көбірек мұнай өндіруге мүдделі болады, бұл Қазақстан үшін ОПЕК+ талабын орындауды қиындатпақ деп түйіндейді басылым.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 04:49


"Қатты соққаны соншалық, есімнен танып қалдым". Атбасар түрмесінде азапталған Тимур Дәнебаев сотта сөйледі

"Өтінішіме қарамастан мені олар ұра берді, ұра берді. Резеңке таяқпен ұрған кезде не болатынын білесіздер ме? Оның қуаты геометриялық прогрессиямен ұлғая береді: бірінші соққы - төртке, екіншісі - сегізге, үшіншісі - 16-ға пара-пар... Соққы еселенген сайын ауырлай түседі. Үнсіз қалу мүмкін емес. Айғайлаған жоқпын - пышақпен кескілегендей шырылдадым. Мені бостан-босқа ұрып-соқты" деді Дәнебаев сотта.

"Әжетханадан кейін мен мүлде қайда жүргенімді білмей қалдым... Бір есімді жисам, көшеде жатырмын. Қанша жатқанымды білмеймін, мені қоқыс сияқты лақтырып тастаған" деді ол сотта.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 04:17


🔴 12 қарашада кешке Жаңаөзенде "Өзенмұнайгазға" қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы"(БЖБ) компаниясының жұмысшылары жұмысты тоқтатып, ереуілге шықты.

Олар басшылыққа бес түрлі талап қойып отыр: ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа алу, Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу, Ұжымдық шартта 2013 дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару, машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеру, 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.

"Егер біз дербес еңбекақы төлеу жүйесіне өтсек, жалақымыз өседі. Мысалы бізден табыс салығын және өзге де салық түрлерін айлығымыздан ұстайды. Соны менің түсінігім бойынша, жаңа жүйеге өтсек, бізден ұстамайды. Бізден ұсталған салық біздің зейнетақы жүйесіне құйылады" дейді наразылыққа шыққан жұмысшылардың бірі Ғазиз Махамбетов Азаттық тілшісіне.

Azattyq - Азаттық

14 Nov, 03:21


💬 Қазақстанда 18 жастағы ресейлік белсенді қамауға алынды

Украинадағы соғысқа қарсы екенін айтып жүрген 18 жастағы ресейлік белсенді Павел Владимировтың Алматыда ұсталғанын Alliance of the post-Soviet Left ("Постсоветтік солшылдар одағы") хабарлады. Ұйым саха белсендісі Айхал Аммосов пен Павел Владимировтың таныс қызына сүйеніп хабарлаған.

Жобаның мәліметінше, белсенді 4 қыркүйекте ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалған.

Оған дейін бір күн бұрын Росфинмониторинг Владимировты “террористер мен экстремистер” тізіміне қосқан.

Ресейде ол “террористік ұйымның қызметіне қатыспақ болды” деген айыппен іздеуде жүр.

Воронежде Павел Владимиров соғысқа қарсы үнпарақтар таратып, граффити салған, митингілерге қатысқан.

Azattyq - Азаттық

13 Nov, 13:02


🔴 "Дубайдағы Қазақстан" зерттеуі жарияланғалы бір ай

Азаттық радиосы Қазақстанның құқық қорғау органдарына қайыра сауал жолдап, материалда есімі аталған азаматтарға қатысты ақпарат сұратты. Ал кейбір кейіпкер кері байланысқа шықты.

Олар не айтты? Құқық қорғау органдары не істеп жатыр?

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

13 Nov, 12:14


🗣 Бакудегі климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев, Илхам Әлиев пен Шавкат Мирзияев Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасында жасыл энергия өндіру және тасымалдау саласында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды

🇰🇿 Тоқаевтың сөзінше, бұл құжат үш елдің энергетика жүйесін интеграциялауға, Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға таза энергия жеткізетін сенімді дәліздер қалыптастыруға жол ашады. Ол келісім нәтижесі үш ел экономикасын біріктіріп, Орта дәлізді "жасыл көпір" ретінде дамытуға ықпал етеді деді. Тоқаевтың айтуынша, мұнда Қазақстан ірі транзит аумағы ретінде үлкен рөл атқарады.

🇺🇿🇦🇿 Ақорданың хабарлауынша Мирзияев бұл келісімді болашаққа қосқан ортақ үлес десе, Әлиев құжат үш ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығарады деп айтқан.

Қарашаның басында Тоқаев түркі елдері саммитінде ұйымға мүше мемлекеттерді Орталық Азия елдері, Каспий теңізі мен Оңтүстік Кавказ аймағы арқылы өтетін Орта дәліз (Транскаспий халықаралық көлік дәлізі) әлеуетін пайдалануға үндеген.

Бұған дейін Eurasianet басылымы Қазақстан ел ішінде электр энергиясы тапшы болғанына қарамастан, Бакумен және Ташкентпен бірлесіп электр энергиясын экспорттау бойынша жобаны дамытып жатыр деп жазған еді.

🇪🇺 Оған сәйкес, үш ел "жасыл энергияны" Еуроодаққа жеткізбек. Ресей Украинаға басып кірген соң, Еуроодақ Ресейге қарсы санкция салып, Еуропа елдері электр энергиясының тапшылығы мен тасымалдың қымбат бағасынан зардап шегіп отыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 17:03


💬 ҰҚК-нің шекара қызметіне қарасты әскери бөлімде борышын өтеп жүргенде көз жұмған 18 жастағы Мұхамедияр Тастан өткен сенбіде Түркістан облысындағы өз ауылына жерленді. Ұлынан қапыда айырылып қалған әке-шешесі оның "өзіне екі рет оқ атқанына" сенбейді.

Сарбаздың денесін әкелген әскерилер тергеу жүріп жатқанын айтты.

Марқұм әскерге кеткелі жиі ақша сұраған. Қара жамылған отбасы Мұхамедиярға қысым жасалды деп күдіктенеді. 

🗣 "Менің балам қол жұмсамады. Сол бір күн бұрын өзімнен сұраса, сол үш мыңды тауып беретін едім. Менен сұрамады. Анасынан ұялып кетті. Бір баладан сұраған, ол тауып бере алмаған. Үш миллион тауып берер едім ғой. Баламның өмірі үшін тауып берер едім ғой. Сонда менің баламның өмірі үш-ақ мың болды ма? Менің баламның өмірі үш мыңға теңелді ме сонда?" деді марқұмның анасы Рахима Жандарова.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 15:39


📹 Астана соты 9 журналистің мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Олар министр Аида Балаева бекіткен "журналистерді аккредиттеу ережелеріндегі" кей тармақты жарамсыз деп тануды талап еткен.

Журналистердің бірінші уәжі — мемлекеттік мекемелерден хабар тарату мақсатында тіркеу тәртібін реттейтін бұл ереже жарияланбай жатып күшіне енген, яғни олар бұл құжат қабылданатынынан бейхабар болған. Судья министрлік бұл жерде еш заңды бұзбады деп мәлімдеді.

Журналистер мемлекеттік органдардан алған ақпаратты тек өзі тіркеліп барған БАҚ-та ғана жариялауға тиіс деген ереже құқығымызды шектеп отыр деп наразылық білдірген. Судья бұл ереже де журналистер қызметін шектемейді деді.

Журналист әрі арызданушылардың бірі Серік Жолдасбай сот шешіміне келіспейді. Оның айтуынша, өз құқығын, елдегі сөз еркіндігін қорғауда журналистер ауызбіршілік таныта алмады.

🗣 "Ақпарат министрлігі құзырлы мекеме болған соң сот оның шешімін өзгертіп, біздің пайдамызға шешпейтіні анық болды. Қазақстандағы барлық журналист тізе қосып, осы мәселеде бір ауыздан әрекет етуіміз керек еді. Өкінішке қарай, журналистер ішінде белсенділік болмады. Саяси партиялар да үнсіз қалды. Оппозициялық ұйымдар өте жоқ" деді Серік Жолдасбай.

"Құқықтық медиа орталық" ұйымындағы Media Qoldau қызметінің жетекшісі, медиазаңгер Гүлмира Біржанова Конституциялық сотқа шағым түсіреміз деді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 13:51


💬 Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен Дональд Трамп 7 қарашада телефонмен сөйлесті деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы 11 қарашада Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты

🗣 "Бұл қазіргі беделді басылымдардың өзі сапасыз ақпарат тарататынын көрсетті. Мүлдем шындыққа жанаспайды. Ойдан шығарылған нәрсе. Жалған ақпарат" деді Песков.

Трамп пен Путин сөйлесті деген ақпаратты The Washington Post басылымы жасырын дереккөзге сілтеп жазған еді. Газет “Трамп Украинадағы жағдай одан әрі өршіп кетпес үшін Путинді шара қабылдауға шақырды” деген болатын.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 13:41


💬 11 қарашада Ақтөбеде Сарыжар ауылы маңында апатқа ұшыраған тікұшақтың борт нұсқаушысы Батыр Оразымбетовті жақындары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды

Қаралы митинг Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында өтті. Майор Оразымбетовтің артында екі баласы қалды.

Тікұшақ бортында болған екі әскери – Бейбарыс Ибраев пен Рүстем Нығметов Ақтөбедегі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер "ұшқыштар жағдайы бірқалыпты" деді.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дәурен Қосановтың айтуынша, апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының экипажы кәсіби дайындықтан өткен. Кез келген метеорология жағдайында күндіз де, түнде де ұша алатын кәсіби ұшқыштар. "Алдын ала тексерулерге қарағанда, тікұшақтың техникалық ақауы болған. Нақты себебін қорғаныс министрлігінен келген арнайы комиссия анықтайды" деді Қосанов.

Видео: Ақтөбе облысының әкімдігі

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 12:50


💬 Мәскеу соты сырттай алты жылға сотталған Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийге шыққан үкімнің күшін жойды

Врублевскийдің іс материалдарын Басман соты қайта қарайды.

Мәскеу қалалық сотының шешімін Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі хабарлады.

Биыл тамызда сот оны "ұлтқа және тілге бола өшпенділік пен араздық қоздырғаны үшін" кінәлі деп таныған. Ол 2022 жылғы сұхбатында Украина әскерінің соғыста ресейлік сарбаздарды өлтіргенін мақұлдаған.

Елшінің сөзі желіге тарап, қоғамда түрлі пікір тудырды. Кейін Украина президенті Владимир Зеленский Врублевскийді елші қызметінен босатқан. Росфинмониторинг Врублевскийді "террористер мен экстремистер" тізіміне енгізген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 11:08


🗣 Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Джо Байденді Украинаға Ресей аумағындағы нысандарға Storm Shadow зымырандарымен шабуыл жасауға рұқсат беруге көндіруге "соңғы рет" талпынып көрмек

Бұл туралы The Telegraph газеті жазды. Газеттің мәліметінше, Макрон мен Стармер мұны бүгін, 11 қарашада Парижде талқыламақ. Ұлыбритания билігі Байден сыртқы саяси мұрасын нығайтуға тырысып, бұған рұқсат береді деп үміттенеді. Киев оған бірнеше айдан бері қол жеткізгісі келген.

🇺🇦 Украина билігі Ресей аумағына соққы беруге алысқа ұшатын зымырандар қолдану соғыс барысын өзгертуге көмектеседі деп санайды.

🇬🇧 The Telegraph сұхбаттасқан адамдардың айтуынша, Лондон қазір АҚШ президенті болып қайта сайланған Дональд Трамптың 2025 жылғы қаңтардағы инаугурациясына дейін қалған уақытты "барынша тиімді" пайдаланғысы келеді.

Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 10:29


🔴 Қоғамда деколонизация импульсі күшейген сайын "қазақты адам қылған – орыс" деген сияқты нарративтерді тықпалайтын ақпарат көздері жандана түскенін байқауға болады. Жалпы, бұл үрдіс бір күнде туындаған жоқ, берісі жүз жылдан бері қоғам санасына құйылып келе жатқан лепес.

Совет одағы дәуірінде Мәскеуден басқарған орталық орыс халқын барша совет халқынан (оның ішінде қазақтан) бір бас артық, озық ойлы, жетекші ұлт деген идеологияны сіңірді. Оны жүзеге асырудың бір әдісі – көркем шығармаларда орыс халқы өкілдерін "құтқарушы ақ адам" ретінде көрсету еді.

Зерттеушілердің пікірінше, Совет одағының колониал империя болғанының бір көрінісі де осындай колониал нарративтерді ресми түрде насихаттауы болатын.

"Құтқарушы ақ адам" деген қандай түсінік? Оның қазақ киносына қандай қатысы бар? Мәдениеттанушы, журналист Әсия Бағдәулетқызының бүгінгі мақаласынан оқыңыз 👇🏻

🔗Сілтеме

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 09:46


🗣 Дональд Трамп бірінші мерзімінде жоғары лауазымда істеген Республикалық партияның танымал екі өкілі – Никки Хейли мен Майк Помпеоны жаңа әкімшілігіне шақыруға ниеті жоқ

🇺🇸 Бұл туралы Трамп Truth әлеуметтік желісінде жазды. Бірқатар басылым Хейли мен Помпео әкімшіліктің жаңа құрамында болуы мүмкін деп топшылаған.

Никки Хейли Трамптың бірінші президенттік мерзімінде АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі, ал Помпео Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры, кейін мемлекеттік хатшы болды.

Хейли 2024 жылғы сайлауда Республикалық партиядан президенттікке кандидат болуда Трамптың басты бәсекелесі болды, праймериз кезінде оны қатты сынға алды.

Помпео Трампқа іштарта сөйледі, алайда ол АҚШ-тың Ресейге қатаң саясат ұстануын қолдайды. Трамптың өзі Путинмен "тіл табысқысы" келетінін айтқан. БАҚ Помпеоның кандидатурасын Трамп қорғаныс министрі қызметіне қарастыруы мүмкін деп жазған.

🇰🇿 2020 жылы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болып тұрған шақта Майк Помпео Қазақстанға бір күндік ресми сапармен келіп, барлық елді Қытайдағы "қуғын-сүргінді тоқтатуға" шақырып, "туыстарымыз қайта тәрбиелеу лагерьлерінде отыр" деген қазақтармен кездескен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 08:57


💬 Қуандық Бишімбаевтың тағы бір адвокаты Ерлан Ғазымжанов бұрынғы экономика министрі Ақмола облысы Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр деді

Адвокаттың сөзін 11 қарашада Tengrinews.kz сайты жариялады. "Басқалармен бірдей жағдайда отыр. Ешқандай артықшылық жоқ" деген Ғазымжанов.

Адвокат экс-министр Бишімбаевтың қайда қамауда отырғанын іздеген журналистерді жазғыра сөйлеген.

🗣 "Мұндай қауесеттер БАҚ-та фильм жарияланғаннан кейін тарады. Адамдар Бишімбаев түрмеде еместей, жазасын өтеп жатпағандай түсінсін деп, сөздерді құбылтқан. Менің ойымша, олар мұны әдейі істеді. Оның үстіне мекемеге, оған баратын жалғыз мен болсам да, мені сұхбатқа шақырған жоқ" деген Ғазымжанов.

Әйелін сабап өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қамауда отырған мекемеде жоқ екен деген сыбыс өткен аптаның аяғында әлеуметтік желіде тез тарап, жұртты елең еткізді. Дүйсенбіде ІІМ бұл хабарды жоққа шығарып, жалған ақпарат тарату бабымен іс қозғалғанын хабарлады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 07:47


🗣 Қазақстан 2025 жылғы сәуірге дейін Сырдария өзені арқылы шамамен 11 млрд текше метр су алады

11 қарашада су ресурстары және ирригация министрлігі осылай деп хабарлады. Түркіменстан астанасында мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 87-отырысына қатысқан су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге қол жеткізді деді министрлік. Кездесуге Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстанның су шаруашылығы министрлігінің басшылары қатысқан, Қырғызстан өкілдері бақылаушы болған.

💧 Келісімге сәйкес, 2025 жылғы 1 сәуірге дейін Түркістан облысындағы Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су келуі керек.

Министрлік бұл 2025 жылғы суару маусымында Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қажет су көлемін жинауға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

🌊 Сырдария – Орталық Азиядағы ірі өзен, ол Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан аумағынан өтіп, соңында Арал теңізіне құяды. Дария бойындағы ел жобасынан өзеннің қазіргі жай-күйін оқи аласыз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 07:10


🗣 Байден мен Трамп 13 қарашада Ақ үйде кездеседі

Мерзімі аяқталып жатқан және жаңадан сайланған президенттердің мұндай кездесуі АҚШ үшін қарапайым тәжірибе саналады. Алайда республикашыл Трамп 2020 жылы сайлауда жеңілген кезде Байденді қабылдамаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трампты жеңісімен құттықтап, Ақ үйге шақырған.

Трамптың инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді. Жаңа сайланған президент ант бергеннен кейін бірден қызметке келіп, Ақ үйге көшеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 06:59


💬 Ақтөбенің 35 жастағы тұрғыны кейінгі екі айда жол ережесін 308 рет бұзған. Сол үшін оған 11,5 млн теңге айыппұл салынды. Жылдамдық асырған ақтөбеліктің Lada-2114 көлігі арнайы тұраққа қойылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 06:35


🗣 Ресей күштері Курск облысында Украина қарулы күштері басып алған аймақтарды қайтару мақсатында шабуыл жасауға дайындық кезінде Солтүстік Корея армиясы сарбаздарын қосқанда 50 мың адамдық қол жинады

АҚШ пен Украинадағы шенеуніктер дерегіне сілтеген The New York Times газеті осылай деп жазды.

Америка өкілдерінің бағалауынша, Ресей өз әскерін Украинаның шығысынан, яғни Мәскеуге басты бағыттан шығармайтындай етіп шоғырландырған. Ресей билігі бір уақытта бірнеше бағыттан қысым жасауы мүмкін деді басылым.

Украина шенеуніктері алдағы күндері Курск облысында Солтүстік Корея әскери қызметкерлері де қатысатын Ресейдің үлкен шабуылын күтіп отырғанын айтты.

Сарапшылар Солтүстік Корея сарбаздары жеңіл жаяу әскер ретінде соғысады деген болжам айтты. Осыған байланысты Украинаның қазіргі артиллериямен шабуыл тактикасы дрон шабуылдарымен бірге Ресейдің қорғалмаған позицияларына үлкен зиян келтіреді деп айтылған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 05:42


💬 Араға төрт жыл салып АҚШ президенті болып қайта сайланған Дональд Трамп 7 қарашада Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылады

Бұл туралы осы жағдайдан хабардар дереккөздерге сүйеніп The Washington Post газеті жазды.

Газеттің ақпаратынша, Трамп жағдай одан әрі өршіп кетпес үшін Путинді шара қабылдауға шақырған, оған "Вашингтонның Еуропадағы әскери күші" туралы ескерткен.

6 қарашада Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескен, ол Киевті қолдайтынын айтқан.

Сайлау науқаны кезінде Трамп президент болып қайта сайланса, соғысты дереу аяқтауға бірнеше рет уәде берген. Алайда Республикалық партиядан сайлауға түскен саясаткер қандай қадам жасайтынын нақты айтпады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 05:10


🗣 Қазақстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев қамаудан қашып кетіпті деген ақпаратты жоққа шығарды

🗣 "Ол қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр" деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады. ҚАЖК Бишімбаев нақты қай мекемеде екенін айтпаған.

ҚазТАГ-тың жазуынша, ҚАЖК азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырған.

🗣 "Осы жағдай туралы жалған ақпарат таратуға байланысты қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жауапқа тартылады" деді комитет.

Бұған дейін бірқатар ресейлік телеграм-арна Бишімбаев қашып кетіпті деген хабар таратқан деді ҚазТАГ агенттiгi.

7 қарашада AIRAN редакциясы YouTube-те жариялаған видеода Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатыр деген Ақмола облысы Аршалы ауылындағы колонияға барып, бұрынғы министрді таба алмағанын хабарлаған. Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова экс-министрдің Аршалыда емес екенін растаған. Журналистер Степногорск қаласындағы колонияға да барған, бірақ мекемеден жауап беруге ешкім шықпаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

11 Nov, 04:14


💬 Соғысқа қарсы шыққан саха белсендісі, панк-музыкант Айхал Аммосов (төлқұжат бойынша аты-жөні – Игорь Иванов) Германияға қоныс аударды

Бұл жөнінде Аммосовтың өзіне сүйенген "Публичные призывы" телеграм-арнасы жазды. Ол гуманитарлық визаға қол жеткізген.

Аммосов 2022 жылы желтоқсанда Ресейден Қазақстанға келген. Ресейде оған қарсы "Ресей армиясының беделіне нұқсан келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол Украинадағы соғысты айыптаған. 2023 жылы қазанда Ресей билігінің сұрауымен Қазақстанда ұсталып, қамалды. Сол жылы қарашада Аммосов "пана іздеуші тұлға" мәртебесіне ие болған.

Фото: "Публичные призывы" телеграм-арнасы

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

10 Nov, 12:59


Табытпен қайтқан солдаттар. Депутаттар патриоттық тәрбиені қолға алды, бұл әлімжеттікті тыя ма?

«Кей жаңалықтар жігіттердің «жүрегін шайлықтырып», азаматтық борышын өтуге деген ынтасын төмендетеді» дейді депутаттар. Мәселені шешу үшін олар әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі заң жобасын әзірлеп, таныстырды. Бұл қандай құжат, несімен ерекшеленбек?

Azattyq - Азаттық

10 Nov, 12:23


Ресейдің Курск облысында Суджа қаласынан қоныс аударғандар митингіге шықты

Ресейдің Курск облысында тамызда украин күштерінің шабуылына байланысты үйлерінен кетуге мәжбүр болған жүз шақты тұрғын жексенбі күні Курскідегі басты алаңға жиналып, жергілікті шенеуніктердің назарын өздерінің мәселелеріне аудартуға тырысты.

Митингіден видеоларды "Суджа Родная" және "Осторожно, новости" телеграм-арналары жариялады.

Жиналғандардың алдына жергілікті өзін-өзі басқару органымен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарма жетекшісі Анатолий Дроган шықты. Ол акцияның заңсыз екенін ескертті. Ол украин күштеріне шекарадан кесіп, Ресей жерін басып алуға жол бергендер "жазаланатынын" айтып, "кінәлілер ұсталды" деді.

Видео: "Осторожно, новости"

Azattyq - Азаттық

10 Nov, 07:29


Маңғыстауда қырылған итбалықтар 700-ге таяды. Азаматтық белсенді Сырғалай Меңдібайдың видеосында Сайын Шапағатов ауылы маңындағы теңіз жағалауында итбалықтар өліп жатқаны көрінеді.

"Балықшылардың ауына ілініп өліп жатыр деп кінәлайды. Мына жерде олардың ешқандай ауға шатысып өлмегені көрініп тұр" дейді белсенді.

Ескерту: Кадрда қан бар

Azattyq - Азаттық

10 Nov, 06:14


Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні Ресей мен Солтүстік Корея арасында жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты көздейтін келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл жөнінде "Интерфакс" хабарлады.

Келісімге биыл жазда Путиннің Солтүстік Кореяға сапары кезінде қол қойылған. Бірнеше күн бұрын оны федералдық жиын мақұлдады.

Келісімге сәйкес, тараптардың бірі қарулы басқыншылыққа ұшыраған жағдайда екінші жақ дереу әскери көмек береді. Тараптар сонымен бірге екі жақтың біріне қарсы бағытталған келісімді үшінші бір елмен жасамауға келісті.

Бұған қоса, "көпполярлы әлемдік тәртіпті" нығайту және шекарада ынтымақтастықты дамыту міндеттемелері де бекітілді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 17:03


Маңғыстауда тағы 137 өлі итбалық табылды. Қырылған итбалықтардың саны 700-ге таяды

- Біз инспекторлар тобымен және комиссиямен бірге хабарлаған жерге барып, өзіміз де көрдік. Теңіз жағасына шығып қалған 137 итбалық тауып, акт толтырдық. Бұл қатты жел болған күндері - кейінгі екі күн бұрын шыққан өлекселер. Итбалық денелері қатты іріп кеткен. Тек бір итбалықта ғана балықшы ау құралдарының іздері байқалды. Мойнында жарақат белгілері бар. Қалғандарын сырттай қарау мүмкін емес, сынама алу да мүмкін емес, өйткені денелері қатты ыдырап кеткен, - дейді Руцкий.

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 12:28


"Денелі бала еді, шыбықтай болып қалған". Түркістан облысында әскерде қаза болған сарбазды жерледі

9 қарашада Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында екі күн бұрын әскерде қаза болған сарбазды жерледі. Туыстары "сарбаз өзіне екі рет оқ атып, қаза болды" деген ресми органдардың тұжырымына күмән келтірді.

🔗Оқу

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 12:04


Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан қаза болған және зардап шеккен офицерлердің аты-жөндері айтылды

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан қаза болған әуе қорғаныс күштерінің офицері Батыр Оразымбетов 36 жаста болған. Ол Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтында 2005-2009 жылдары білім алған. Кейінгі жылдары өзі білім алған оқу орнында қызмет етіп жүрген. Бортинструктор Оразымбетовтің артында ата-анасы, жұбайы мен екі баласы қалды.

Апаттан аман қалған екі адамның бірі 33 жастағы экипаж командирі майор Бейбарыс Ибраев. Әріптестері авиация эскадрилиясының командирі Ибраев көктемгі су тасқыны кезінде үш мыңнан астам адамды құтқарғанын айтады. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, майор Ибраевтың денесін бірінші дәрежелі күйік шалған. Ішкі органдары әсіресе, өкпесі қатты жарақаттанған.

Апатқа ұшыраған тікұшақ бортында болған үшінші адам - аға ұшқыш Рүстем Нығметовтің омыртқасы мен жамбасы сынған. Дәрігерлер офицерлердің өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін айтады.

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 11:11


"Денелі бала еді, шыбықтай болып қалған". Түркістан облысында әскерде қаза болған сарбазды жерледі

Туыстары "сарбаз өзіне екі рет оқ атып, қаза болды" деген ресми органдардың тұжырымына күмән келтірді.

Бойы ұзын, салмағы 90 келі болған жас жігіт туыстарының сөзінше, әскерге барғаннан кейін бірнеше айда қатты арыған. Туыстарынан жиі ақша беруді сұраған.

"90 келілік бала қабырғалары көрініп, шыбықтай болып қалған. Тамағының астынан екі рет оқ атылған деп айтты бізге. Оқ сол басынан шыққан сияқты. Басы, тамағының асты тігілген. Сосын көзі ағып кеткен. Баланы тани алмайсың" дейді марқұмның туыстарының бірі Азаттыққа.

"Баланы осындай жағдайға жеткізгендерді тауып беруді сұраймыз" деді марқұмның әжесі Баян Тоғызбаева.

Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша ("Өзін қол жұмсауға мәжбүрлеу") сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 10:20


9 қарашаға қараған түні Ресей Украинаның Одесса, Харьков және Никополь қалаларын атқылады. Бұл жөнінде Украина билігі хабарлады.

"Жау Одесса мен аудандарға соққы дрондарымен шабуыл жасап жатыр. Әуе қорғаныс жүйесі істеп тұр" деп жазды Одесса әкімшілігінің жетекшісі Олег Кипер.

Жергілікті биліктің мәліметінше, шабуылдың салдарынан бірнеше көп қабатты тұрғын үй мен жеке үйлер, әкімшілік ғимараттары, қоймалар мен көліктер бүлінген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 08:08


"Тікұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы орташа ауыр, естерін біледі. Жансақтау бөлімінде жатыр" деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарманың мәліметінше, тікұшақ бортында болған үш адамның біреуі 103 қызметінің көлігі келгенге дейін қайтыс болған.

“Ақтөбеде науқастарды әуежайдан екі жансақтау бригадасы күтіп алды. Күйік шалған екі науқас ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр, диагностика жүргізілуде” деп жазылған

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 07:55


Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонған.

“Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақау. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде” деп жазылған ресми хабарламада.

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 07:52


Облыстық төтенше жағдай департаментінің оқиға орнынан жіберген суреттері

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 07:49


Тікұшақ құлаған аумақ Сарыжар ауылының маңында Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтының аэродромы орналасқан. Институттың өзі Орталық Азияда ұшқыштар дайындайтын жалғыз оқу орны деп айтылады.

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 07:45


Қорғаныс министрлігі тікұшақ құлағанын растады:

"Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының ауданында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі" деп жазылған хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбедегі облыстық ауруханаға ұшақпен жеткізілген.

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 07:27


Ақтөбе облысында тікұшақ құлады

9 қарашада күндіз Ақтөбе облысы Мартөк ауданы Сарыжар ауылы маңына тікұшақ құлады. Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық төтенше жағдай департаменті растады.

"Шамамен жарты сағат бұрын құлады. Тікұшақта үш адам болған: біреуі қаза болды, екі адамды сол маңдағы ауруханаға апара жатыр" деді кезекші бөлімдегі қызметкер.

Оның сөзінше, қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшыраған.

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 06:49


Атырау облысында көктемгі тасқын кезінде егіні мен малы суға кеткен шаруаларға өтемақы төленді. Енді олар қыстағындағы үй-жайы мен қора-қопсысы үшін шығынды өтеуді талап етеді.

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағалиевтің облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына сүйеніп берген ақпараты бойынша, өтемақы төлеу қазан айының ортасында басталып, қарашаның басында аяқталған.

Оның сөзінше, Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен Махамбет, Индер, және Атырау қаласының шаруа иелеріне комиссия шешіміне сәйкес егін және мал шаруашылығы бойынша барлығы 112 адамға 1 млрд 117 млн теңге көлемінде өтемақы берілген.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 05:32


Иран ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампқа қастандық ұйымдастырған. АҚШ әділет министрлігінің сайтында осылай деп жазылған.

АҚШ билігінің хабарлауынша, қастандық ұйымдастыру ісі бойынша 49 жастағы Карлайл Ривера және 36 жастағы Джонатан Лоадхолт тұтқындалған. Тағы бір күдікті 51 жастағы Фархад Шакери басқа елде деп айтылады. Америка билігі оны Иран ислам революциясы сақшылар корпусының агенті деп атап, бірнеше қастандық ұйымдастырған желіге жетекшілік еткен деп санайды.

Болжам бойынша, Иран ислам революциясы сақшылар корпусы Шакериге Нью-Йоркте тұратын тегі еврей екі азаматты аңдып, оларды өлтіруді тапсырған. Бұған қоса, Шри-Ланкадан келген израильдік туристерді де аңдуды бұйырған. Биыл 7 қазанда Трампты өлтіру жоспарын жасауды да тапсырған-мыс.

Болжам бойынша, Ривера мен Лоадхолт Нью-Йоркте тұратын журналист болып істейтін тегі ирандық Америка азаматын аңдуы керек болған. Иран билігін сынап жүрген журналисті де олар өлтірмек болған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

09 Nov, 04:37


"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды

Алматы мен Киевтегі митингілердің соңы не болды? Тіркелмеген "Алаш" партиясының мүшелері Азаттықпен сұхбатында тоқсаныншы жылдарғы өздерінің тұжырым, жоспары, жастар белсенділігі және биліктің қысым тәсілдері жайлы айтады.

🎧Азаттық сайты
🎧
Youtube
🎧
Apple podcasts

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

08 Nov, 13:15


⚽️ Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті

Ақпаратты Азаттыққа ҚФФ баспасөз қызметі растады.

🇰🇿 Барменқұлов федерацияны 2022 жылдың ақпанынан бері басқарып келген. Бұл аралықта Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионындағы тобында жеңіске жетіп, В дивизонына көтерілді. Еуро-2024 турниріне жолдама алуға жақын болып, Словениядан, одан кейін Грекиядан жеңілді.

Барменқұлов Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын шетелдік ойыншыларға қойылған шектеуді алып тастап, ел ішінде дау туған. Барменқұлов лимитті алып тастау арқылы чемпионаттағы бәсекені жоғарылатып, инвесторлар тартпақ болған.

Бұған қоса, ол құрамаға бас бапкер ретінде ресейлік маман Станислав Черчесовті тағайындаған. Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған журналистерді кекетіп, ҚФФ оған айыппұл да салды.

Барменқұлов мұнай-газ, көлік саласында жұмыс істеп, "Қазақмыс" компаниясында жоғары лауазымда қызмет атқарған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

03 Nov, 10:15


Молдовада президент сайлауының екінші туры Ресейдің килігуі туралы мәлімдемелер тараған шақта өтіп жатыр

Молдова азаматтары президент сайлауының екінші турында дауыс беріп жатыр. Олар еуропашыл қазіргі президент пен ресейшіл кандидат арасында таңдау жасауы керек. Шағын Балқан елі Шығыс пен Батыс арасындағы саяси алшақтықтың бетпұрыс кезеңінде тұр.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

03 Nov, 08:46


Қостанайда "сыпайы адамдар" туралы жазбаны репост жасаған белсендіден моральдық өтемақы талап етіп жатыр

Қостанайда жергілікті белсенді Сергей Зинченко төңірегінде дау пайда болды. Ол Facebook-та "сыпайы адамдар" (2014 жылы Қырымды басып алған ресейлік сарбаздарды жұрт «сыпайы адамдар» деп атап кеткен) туралы жазбаны репост жасағаны үшін қазан басында 20 тәулікке қамалған еді. "Сыпайы адамдар" туралы деп жазып алған көлікте сонымен бірге Ресейдің әскери басқыншылығының символы ретінде танылған Калашников автоматының да суреті болған. Енді көлік иесі одан жария түрде кешірім сұрауды және моральдық өтемақы ретінде 2 млн теңге төлеуді талап етіп отыр.

Оқу

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

03 Nov, 04:52


Солдат өлді, командир сотталды. Ананың көз жасына кім жауапты?

Сарыөзек гарнизонының 19 жастағы сарбазы Досымжан Сәлімжан биыл мамырда госпитальде көз жұмды. Оны ұрып-соққаны үшін 7 жылға сотталған командирі «тек басынан сипадым» деп отыр. Ал сотқа келген солдаттар «тоқылдақ» болмау үшін істі жасырып келгенін айтты. Ананың көз жасы үшін кім жауап береді?

Сілтемеден өтіп көріңіз

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Nov, 11:36


Курск облысының губернаторы Алексей Смирнов шекаралас аумақта украин күштерінің сенбі таңертеңгі шабуылының нәтижесінде төрт адам зардап шеккенін хабарлады.

Белов ауданында үш адам – жеңіл жарақаттанып, тағы бір адам орташа ауыр дәржеде жарақаттанды деп жазды Смирнов телеграм-арнасында. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Өз кезегінде Белов ауданының жетекшісі жергілікті тұрғындарға украин дрондары жолда шабуыл жасауы мүмкін екенін ескерткен. Бұл жөнінде "Интерфакс" жазды.

Белгород облысының жетекшісі Вячеслав Гладков сенбі күні украин дрондары аймақтағы екі елді мекенге шабуылдағанын хабарлады. Ясные Зори ауылында жеңіл көлікке шабуыл жасалған. Жүргізуші жарақаттанып, ауруханаға жатқызылған. Гладковтың сөзінше, көлік "толық жойылған". Шебекино қаласында камикадзе дрондарының шабуылы нәтижесінде жеті көлік бүлінген.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Nov, 09:53


АҚШ Иранға ескерту ретінде Таяу Шығысқа қосымша әскері мен әскери техникасын орналастырады.

АҚШ қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Пэт Райдердің айтуынша, әскер жақын айларда орныға бастайды. Аймаққа қосымша жіберілетін техника арсында эсминец кемелері, әуе қорғаныс жүйелері, алысқа соққы жасайтын B-52 ұшақтары бар.

"Таяу Шығыстағы АҚШ азаматтары мен әскерін, Израильді қорғау, шиеленісті тежеу және дипломатия арқылы азайту бойынша міндеттемелерімізге сәйкес, қорғаныс министрі аймаққа қосымша зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін, жойғыш эскадрилиялар мен танкер ұшақтары, сондай-ақ алысқа ұшатын бірнеше В-52 ұшағын жіберуді тапсырды" деп жазылған Пентагон хабарламасында. Одан "Америка дауысы" үзінді келтіреді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Nov, 08:24


Германияның әкімшілік соты тәжік оппозиция белсендісі Ділмұрат Эргашевті Тәжікстанға қайтару туралы шешім қабылдады. Оппозиция белсендісі өз елінде қуғындалып, азапталуы мүмкін деп қауіптенеді жақтастары.

28 қазан күнгі шешімге сәйкес, Эргашев Тәжікстанға қараша басында жіберілуі керек.

40 жастағы белсенді – Тәжікстанда тыйым салынған оппозициялық қозғалыс "Группа 24" тобының мүшесі. Бұл қозғалысты шетелде қуғында жүрген тәжік диссиденттері құрған.

Эргашев 2023 жылы қыркүйекте Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Германияға сапары кезінде Берлинде өткен наразылық акциясына қатысқан.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Nov, 07:26


"Қас-қағым сәтте болды". Испаниядағы алапат тасқын

Испанияның оңтүстік-шығыс аудандарында тоқтаусыз жауған жаңбырдан кейінгі алапат тасқыннан бәрінен бұрын Валенсия провинциясы, Кастилия-Ла-Манча ауданы мен Андалусияның шығысы зардап шекті. Бұл елде 1957 жылдан бері қарайғы ең қатты қырғынға ұшыратқан тасқын болып отыр, сондай-ақ Испанияның заманауи тарихындағы үшінші ауқымды су тасқыны.

🔗Оқу

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Nov, 05:46


Испанияның Валенсия аумағында су тасқынынан қаза болғандар 202 адамға жетті. Бұл жөнінде төтенше жағдай жөніндегі үйлестіру орталығына сүйенген BBC News хабарлады.

Испанияның төрт аймағында жауын-шашын мен қатты жел тағы жалғасуы мүмкін.

Құтқару операциясы әлі жүріп жатыр, бірқатар қалаларда су деңгейі түспеді деп хабарлады жедел қызмет. 150-ден астам жол жабылған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Nov, 04:54


Солтүстік Корея Ресей соғыста "жеңіске жеткенге дейін" оны қолдайды. Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Цой Сон Хи Мәскеуде ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесу кезінде осылай деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, Украинада соғыс басталғалы бері Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ын оған "Ресей әскері мен халқын қолдау" туралы тапсырма берген.

Цой Сон Хи Ресейге қанша әскер немесе оқ-дәрі, қару жібергенін нақтыламады.

Дегенмен Батыс дереккөздерінің сөзінше, Солтүстік Кореядан Ресейге Украинадағы соғысқа қатысу үшін әскери бөлімдер жіберілген. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жуырда өз дереккөздеріне сүйене отырып, шамамен 8 мың солтүстіккореялық сарбаз Курск облысында екенін мәлімдеген. Оның сөзінше, жалпы Ресейге кемінде 10 мың солтүстіккореялық сарбаз жіберілген.

Немістің Фридрих Науман қорының есебінше, Украинада соғыс басталғалы бері Солтүстік Корея Ресейге құны шамамен 5,5 млрд доллар болатын қару жіберген болуы мүмкін. Солтүстік Кореяның өзі қанша қару бергенін айтпайды.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

02 Nov, 04:04


Қазақстан тәуелсіздігін жарияласын деп талап қойғандар неге қудалауға түсті? | Азаттық толқынында

Билік 1991 жылы "Алаш" партиясы белсенділерінің наразылық акциясын күшпен таратып, оларды қамауға алған. Партия өкілдері Азаттыққа берген сұхбатында жаңарған одақтық шартқа қарсы болып, билікті тәуелсіздік алуға үндегенін және республиканың егемендік декларациясын не үшін құптамағанын айтқан.

🎧Азаттық сайты
🎧Youtube
🎧Apple podcasts

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

01 Nov, 14:32


Рыбакинаны Джоковичтің экс-бапкері жаттықтырады

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакинаның жеке жаттықтырушысы хорват Горан Иванишевич болады. Хорватиялық маман бұған дейін сербиялық теннисші Новак Джоковичті жаттықтырған. Бұл туралы Рыбакина Эр-Риядтағы баспасөз мәслихатында хабарлады.

Джокович Иванишевичпен бес жыл бірге жұмыс істеген кезде Grand Slam жарыстарын 12 рет жеңген.

Рыбакинаны ұзақ уақыт тағы бір хорват маманы Стефано Буков жаттықтырып, биыл тамызда екеуі жұмысын тоқтатқан.

Рыбакина алдағы күндері Сауд Арабиясында басталатын жылдың қорытынды турниріне қатысады. Бұл жарыста жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен сегіз теннисші ойнайды.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

01 Nov, 13:56


🗣 Алматы қаласының қылмыстық соты Алматы әуежайында ұсталған ресейлік кәсіпкер Евгений Наказненконы қамау мерзімін бір жылға ұзартты

Бұл туралы Азаттыққа Наказненконың адвокаты хабарлады.

Ал жақтастары Қазақстан билігінен оны экстрадицияламауды сұрап, қол жинай бастады. Олардың сөзінше, соғысқа қарсы көзқарасымен танылған адамды Ресейге берсе, өміріне қауіп төнуі мүмкін.

🔸 Наказненконы қамау мерзімін бір жыл, яғни 2025 жылдың 17 қыркүйегіне дейін ұзарту шешімі 26 қазанда шыққан.

1 қарашада өткен апелляциялық сот отырысында да осы шешім өзгеріссіз қалдырылды.

🔸 Адвокат Диас Ахметов енді адам құқықтары жөніндегі уәкіл, адам құқықтары жөніндегі халықаралық комитет және Біріккен ұлттар ұйымына жүгінбек.

Қол жинаушылардың бірі Елена Чембарисованың сөзінше, хатты қолдаушылар аз. “Адамдар құқық қорғау органдарының қырына ілігіп қаламыз ба деп қол қоюдан жасқанады” деді ол.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

01 Nov, 12:28


🗣 АҚШ үкіметі жариялаған кезекті санкцияға Қырғызстанда тіркелген тағы бір жеке компания ілінді

🇰🇬 Вашингтон Service Fly Bishkek компаниясына санкция салды. АҚШ қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл компания Ресейде тіркелген Limited Liability Company Warehouse Foress компаниясына құны шамамен 1,2 млн доллар болатын тауар жіберген, олардың ішінде америкалық және еуропалық компаниялар шығарған микроэлектроника мен авиация компоненттері болған.

Қырғызстан әділет министрлігінің дерегінше, Service Fly Bishkek көтерме саудамен айналысады, 2023 жылы мамырда тіркелген. Компания басшысы Магамед Омаров деп көрсетілген.

АҚШ қаржы министрлігі 30 қазанда жариялаған санкция тізіміне 275 компания мен жеке адам енгізілді. Олар Украинаға қарсы соғыс ашқан Ресейге әскери-өнеркәсіп кешеніне қажет озық технологиялар мен құрал-жабдықтар жеткізуге қатысы бар деген күдікке ілінген.

🇰🇿 Санкция салынғандар арасында станоктар сатумен айналысатын Қазақстандағы Kazstanex компаниясы да бар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

01 Nov, 12:00


💬 Байқоңыр айлағында Германия мен Францияның екі азаматы ұсталды

Ресейдің күштік құрылымдарына сүйенген ТАСС агенттігінің хабарлауынша, олар "зымыран-тасығышты суретке түсірмек болған".

Ақпаратқа қарағанда, олар телефон камерасына видео түсірмек болған. Олардың үстінен әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жеткізген. Шетел азаматтары турист екенін, Байқоңырды көруге келгенін және сынақ жүріп жатқан маңға жақындағанын айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

01 Nov, 11:39


🗣 1 қарашада баласы су спортымен айналысатын бір топ ата-ана Ақтөбедегі "Чайка" бассейніне барып, наразылық білдірді. Олар бассейндегі жөндеу жұмыстары созылып кеткеніне наразы

Олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдерге арналған "Чайка" бассейні 2023 жылы мамырда жабылған. Бассейнге бір жылда күрделі жөндеу жасалып бітуге тиіс еді.

🗣 "Ақтөбеде олимпиада резервіне шәкірт тәрбиелейтін үш бассейн бар. Үшеуі де жабық. Балалар лажсыздан жеке бассейндерге барып жүр. Ол бассейндер мамандандырылмаған әрі балалардың жаттықтырушыларын да кіргізбейді. Сол себепті жас спортшылардың көрсеткіші нашарлап кетті. Мысалы, жақында Павлодарға жарысқа барған балалардың біреуі ғана 3-ші орынға әрең ілікті. Біз осы күнге дейін еңбектің далаға кеткеніне наразымыз" деді Әйгерім Әлмұратова.

Ақтөбе облыстық спорт басқармасының мәліметінше, "Чайка" бассейні бір аптадан соң ашылады. Бірақ басқарма бітпей қалған құрылысты кім аяқтайтынын ашып айтпады.

Бассейн басшысы "жоспарланған жұмыстың 95 пайызы дайын" деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

01 Nov, 11:19


💬 "Самұрық-Қазына" қоры бұрын кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған "АзияГаз Шонжы" компаниясын толық иеленді

Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, мұндай шешім 30 қыркүйекте қабылданған.

2023 жылы қазанда Боранбаев "АзияГаз Шонжы" компаниясын мемлекет меншігіне берген. Сол уақытта компанияның нарықтағы құны 14 млрд теңгеге бағаланған.

"АзияГаз Шонжы" компаниясы газ тасымалдаумен, оны сатумен айналысады.

ℹ️ Боранбаев – экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы. 2023 жылы наурызда сот оны "ірі көлемде бөтеннің мүлкін иемденді", "қылмыстық жолмен алынған ақшаны жымқырды" деп танып, сегіз жылға соттаған. 2023 жылы қыркүйекте сот Боранбаевтың мүлкін тәркілеп, жаза мерзімін алты жыл деп өзгертті. Былтыр қазанда оның түрме жазасы бостандықты шектеу жазасына ауысты. 2023 жылы қарашада Боранбаев қамаудан босап шықты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

01 Nov, 10:45


🗣 Украина бас прокурорының кеңсесі 2022 жылғы ақпаннан бері соғыс салдарынан елде 585 бала өлім құшты, 1664 бала жараланды деп мәлімдеді

Украина бойынша балалар көп зардап шеккен аймақтар – Донецк, Херсон, Харьков, Днепротепровск, Киев, Запорожье және Николаев облыстары.

Бұған дейін Украина ішкі істер министрінің орынбасары Леонид Тимченко соғыс салдарынан 1700-ден астам бала із-түзсіз жоғалды деп айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

01 Nov, 09:43


🔴 Қазақстанда он адам Бас прокуратураны өзінің тікелей қызмет міндетін орындамай отыр деп сотқа берді

Арыз иелері елдегі заңдылықты қадағалауға қойылған негізгі мемлекеттік орган заң бұзу оқиғаларына көз жұмып отыр деп, шенеуніктерді қызмет міндетін атқаруға мәжбүрлеп көндіруге талпынып отыр.

Бұл арыз бойынша сот процесіне БАҚ өкілдері қатыстырылмады. "Настоящее Время" арнасының түсірілім тобы процеске қатысуға алдын ала рұқсат сұрап өтініш берсе де, журналистерді сот залына кіргізбей қойды.

Бірнеше топқа бас біріктірген бұл азаматтар Бас прокуратураға қарсы талап арыз бермес бұрын бірнеше жыл бойы әділетке жетем сергелдеңге түскенін, бірақ мақсатына жете алмағанын айтты. Олар ондаған сот процесін бастан өткерген, мемлекеттік органдарға жүздеген арыз-шағым жазған.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

01 Nov, 09:10


🗣 Солтүстік Корея осы аптада сынақтан өткізген зымыранның "Хвасон-19" деп аталатын жаңа құрлықаралық баллистикалық ракета екенін мәлімдеді

Елдің мемлекеттік арналары зымыран ұшырылған сәттің видеосын және соған қатысқан Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен қызының суретін көрсетті.

🇰🇵 Пхеньян оны "әлемдегі ең мықты стратегиялық ракета" деп атап, бұл қару елдің әскери қуатын айғақтайды деп мәлімдеді.

Зымыран сынағынан кейін Оңтүстік Корея Пхеньян Ресейге Украинамен соғысқа көмектескені үшін Мәскеуден ракета технологиясын алуы мүмкін деп ескертті.

Пентагон зымыран сынағын әлі зерттеп жатқанын, оған Ресейдің қатысы бары-жоғы әлі анықталмағанын айтты.

🇺🇸🇰🇷 Бейсенбіде АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әуе күштері Солтүстік Кореяның сынағына жауап ретінде жаттығу өткізді.

🚀 Ким Чен Ынның қолында басқа қандай ракеталар бар? Мына сілтемеден өтіп көріңіз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 10:27


🗣 Ресей әскері Украинаның Харьков қаласына әуеден соққы жасады. Екі адам қаза болып, 30-дан астам адам жараланды

Бұл жөнінде облыстық әскери әкімшілік жетекшісі хабарлады. Ресей әскері Харковьке әуе бомбасымен соққы берген. Ол тоғыз қабатты үйге түскен. Үйдің төрт қабаты қирап, үйінді астында адамдар қалған.

🗣 "Одақтастар күн сайын не болып жатқанын көріп отыр. Мұндай жағдайда әрбір шегерілген шешімнің құны Украинаға қарсы ондаған, тіпті жүздеген ресейлік бомбамен пара-пар. Олардың шешімі біздің азаматтарымызды құтқарады. Сондықтан бәріміз бірге Ресейді тоқтатуымыз керек" деді Украина президенті Владимир Зеленский.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 10:03


💬 Грузия президенті Саломе Зурабишвили прокуратураға барудан бас тартты. Орган оны 26 қазанда өткен парламент сайлауындағы ықтимал заңсыздықтар ісі бойынша жауап алуға шақырған

Зурабишвили бұған дейін сайлаудың заңсыз өткенін айтып, сайлау қорытындысын "толықтай бұрмаланған" деп атаған.

Ол прокуратура заңсыздықтарға дәлелді өзі іздеп табуға тиіс, мұндайды мемлекет басшысынан талап етпеуі керек деді.

🇬🇪 26 қазан кешкісін Грузияда сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін, оппозициялық партиялар дауыс ұрланды деп мәлімдеді. Олар оппозицияға жақын ұйымдар жүргізген экзит-полл нәтижесі мен сайлаудың ресми қорытындысы сай келмейтінін, өз қолдарындағы дерек бойынша, "Грузия арманы" партиясы күйрей жеңілгенін айтты.

"Грузин арманы" партиясы сайлауда заң талаптары өрескел бұзылды, дауыс беру нәтижесі бұрмаланды деген айыптарды жоққа шығарды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 09:05


🗣 31 қазанда Пхеньянның Жапон теңізіне қарай ұшырған құрлықаралық баллистикалық ракетасы Солтүстік Кореяда жасалған зымырандар арасында рекордты жаңартты. Ракета алысқа ұшып, аспанда ұзақ уақыт болған. Бұл туралы жапон әскерилері мәлімдеді деді AFP агенттігі.

🇯🇵 Жапония қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жаңа ракета аспанда 86 минут ұшып, 7 мың шақырым биікке көтерілген. Токионың ақпараты бойынша, бұл – Солтүстік Корея зымырандары үшін бұрын-соңды болмаған нәтиже.

AFP агенттігі Пхеньян Солтүстік Корея сарбаздары Украинадағы соғысқа аттану үшін Ресейге жіберіліп жатыр деген ақпарат тарағаннан кейін алғаш рет баллистикалық ракета ұшырып отыр деп жазды. Бұған дейін Пхеньян мұндай ақпаратты жоққа шығарған.

🤝 BBC агенттігінің жазуынша, Сеул бұған дейін Солтүстік Кореямен әскери әріптестік орнатқан Ресей Пхеньянға айырбасқа баллистикалық зымыран шығаруға технология ұсынуы мүмкін деп алаңдаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 08:22


🗣 Кремльшіл саясаттанушы Сергей Караганов Ресей билігін ядролық қару қолдануға тағы шақырды

Караганов "Тежеуден қорқытуға дейін: ядролық қару, геосаясат, коалициялық стратегия" атты кітабының тұсаукесерінде Ресейдің ядролық қару иеленуіне "Құдайдың өзі септесіп отыр" деп айтты.

Ядролық соққы жасаудан бас тарту "совет және Ресей халқы алдында күнә болып саналады" деді ол.

Зерттеумен айналысатын ақпарат құралдарының жазуынша, саясаттанушының Германия мен Италияда мүлкі бар, санкцияға қарамастан оған сол мүліктерден кіріс түсіп тұрады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 07:21


⚡️ Ресейге Қытай арқылы станок тасымалдады делінген Қазақстандағы Kazstanex компаниясы АҚШ санкциясына ілінді

Компания сайтында әлем елдерінен станок тасымалдаумен айналысатыны жазылған.

Ашық дереккөздеріндегі мәліметке сәйкес, компания 2011 жылы наурызда тіркелген. Оның құрылтайшысы және жетекшісі – Василий Абрамов. Кей ақпарат құралы компанияны мемлекеттік сатып алу сайтының "адал емес қатысушысы" ретінде де атаған.

АҚШ қаржы министрлігінің ақпаратынша, Kazstanex пен Uzstanex (Өзбекстан) Еуропадан станоктар әкеліп, Ресейге жеткізу үшін қытайлық Shanghai Winsun компаниясына жөнелтіп отырған

☎️ 31 қазанда Азаттық Kazstanex-ке хабарласты, компания телефондары сөндірулі тұрды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 07:04


📹 Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Айдос Садықов өліміне күдіктілер туралы сұрақты жауапсыз қалдырды

Азаттық тілшісі Қойгелдиевтен "Киевте қастандықтан көз жұмған Садықовтың қазасына байланысты іс бойынша тергеу қалай жүріп жатыр?" деп сұрады.

🗣 "Қылмыстық іс қозғалды, тергеліп жатыр. Бірақ қазір біраз нәрсені айта алмаймын. Уақыт керек. Ашып айтуға да болмайтын нәрселер бар. Ол бойынша заң бар. Тергеуде құпия деген ұғым бар. Уақыт келеді, жауап аласыз" деді бас прокурордың орынбасары.

"Күдікті екі адам қазір қайда?" деген сауалға Қойгелдиев өзге журналистерге қарап, "басқа сұрақ бар ма?" деп сұрады. Кейін "бұл сұраққа қазір жауап бермеймін" деді.

🇺🇦 Украина Садықовтың қазасына Қазақстанның екі азаматы – Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаевты күдікті ретінде атаған. Кейін Астана Жақанбаев елге оралып, өз еркімен берілді деді. Қаратаевтың қазір қайда екені белгісіз.

🇰🇿 Украина Бас прокуратурасы биыл маусымда Қазақстаннан Садықовтың өліміне күдікке ілінген екі адамды Киевке беру туралы өтініш жіберген. Қазақстан Бас прокуратурасы күдіктінің бірін Украинаға беруден бас тартқан. Астана күдікті Қазақстан азаматы екенін алға тартқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 06:34


🗣 Балаева: аноним телеграм-арналар ақпараттың рас-өтірігіне жауап бермейді

"Көрiнеу жалған сөз жеткiзді, көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыпталып, 4,5 жылға бостандығынан айырылған журналист Данияр Әділбеков ісі туралы ақпарат
министрі Аида Балаева
пікір білдірді.

🗣 Министр журналистің "үкімді қатал деп есептемейсіз бе?" деген сұрағына "біріншіден, соттар – биліктің тәуелсіз тармағы. Сот процесіне араласуға ешкімнің құқығы жоқ. Мен де соның қатарындамын. Екіншіден, жаза мерзіміне байланысты менің де сұрағым бар. Сондай-ақ кімде-кім бірінші сатыдағы сот шешіміне наразы болса, жоғары сатыдағы сотқа жүгіне алады" деп жауап берді. Бұл туралы BES.media жазды.

Қылмыстық іске Әділбековтің телеграм-арнасындағы жазбалар түрткі болған.

🗣 "Дикая орда" – аноним телеграм-арна. Кәсіби журналистерге қояр сұрағым: журналистика принципін бұзатын журналистерді неге ашық түрде қорғаймыз? Аноним телеграм-арналар ақпараттың рас-өтірігіне жауап бермейтінін түсінуіміз керек, ал кәсіби журналистикада оны тексеріп, дұрыс ақпарат таратады. Мұндайда "біз кімді қорғап отырмыз?" деген сұрақ туындайды" деді министр.

Әділбековтің үстінен үш адам арыз түсірген, соның бірі – "Ел медиа" жобасының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Балаева "Ерғалиеваны кәсіби журналист ретінде білемін, ал Әділбековті білмеймін" деді.

Бұған дейін Media Qoldau қызметінің жетекшісі, заңгер Гүлмира Біржанова журналиске ауыр айып тағылды, оның ісі қылмыстық емес, азаматтық сотта қаралуы керек еді деп мәлімдеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 05:55


💬 Испанияның оңтүстік-шығысындағы Валенсия аймағында тасқыннан кемі 95 адам қаза болған. Табиғи апат болмай тұрып, сейсенбі күні жаңбыр жауып, соңы қатты желге ұласқан

Әлеуметтік желілерде тасқыннан қашқан тұрғындардың ағашқа шығып алғаны, өрт сөндірушілердің батып бара жатқан көліктерден адамдарды құтқаруға тырысып жатқаны көрінетін видеолар тарады. Аймақ басшысы ондаған адам із-түзсіз жоғалғанын айтты.

Табиғи апаттан қатты зардап шеккен аудандарда мектептер мен негізгі қызмет көрсету орындарының жұмысы тоқтап, Мадрид және Барселонамен темір жол қатынасы үзілген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 05:01


🗣 Блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен трюк кезінде адам өлген

Оқиға Алматы облысы Іле ауданындағы "Сокол" автодромында 29 қазанда болған. 22 жастағы жігіт блогердің көлігімен трюк кезінде ауыр жараланып, ертесіне қаза болған.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

🗣 "Автодром аумағында видео түсіру кезінде 22 жастағы жігіт трюк жасап жатып, абайсызда 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түсіп кеткен. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылып, 30 қазанда есін жимастан көз жұмды" деп жазылған Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Әлібековтің сөзінше, Батырхан Ержан есімді жігіт одан байқауға қатысу үшін бірнеше рет көлігін сұраған. Бастапқыда блогер бас тартқан. Телеграм-арнасында көлікті беру-бермеу жөнінде сауалнама да ұйымдастырған. Соңғы рет сұраған кезде блогер көлікке рұқсат берген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 04:32


💬 Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай құрлықаралық баллистикалық ракета ұшырды

Бұл туралы Оңтүстік Корея әскерилерінің дерегіне сүйенген Yonhap агенттігі хабарлады. Сеулдің мәліметінше, ракета таңертең Пхеньян аймағынан ұшырылған.

🇰🇷 Оңтүстік Корея баллистикалық ракета бойынша АҚШ және Жапония билігімен ақпарат алмасып отырмыз деді.

BBC агенттігінің жазуынша, Оңтүстік Корея және АҚШ қорғаныс министрлігінің басшылары Солтүстік Корея әскері Украинадағы соғысқа қатысу үшін Ресейге жіберілгенін айыптағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң ракета ұшырылған.

🇯🇵 Жапон билігінің дерегінше, Пхеньян ұшырған ракета мұхитқа құлаған, ешқандай шығын келтірмеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

31 Oct, 04:16


🔴 Мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған үш жылдық бюджет туралы заңды мақұлдады. Биыл да бюджет қаражатының жетпеуіне байланысты үкімет Ұлттық қордан 5,3 триллион теңге алмақшы. Бұл жөніндегі заң жобасын мәжіліс мақұлдады.

Үш жылдық бюджет заңын қарауды депутаттар "Мемлекет неге өз шығынын өтей алмай отыр?" деген сұрақтан бастады. Парламент үкімет көлеңкелі бизнеспен күресін күшейтіп, салық саясатын өзгертсе де қосымша табыс артпағанын сынға алды.

Ұлттық қор қаржысынан бөлек жол салуға ұзақ мерзімді қарыз аламыз деп келген үкімет мүшелері қазынаның толмай қалуын геосаяси жағдаймен байланыстырып, мұнай мен Қазақстан экспортқа шығаратын тауар бағасының төмендеуінен деп түсіндірді.

Экономист Меруерт Махмұтова бюджет тапшылығының ұлғаюы – үкіметтің дұрыс болжам жасай алмауының, яғни "біліксіздігінің" белгісі деген пікірде.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

30 Oct, 14:23


🗣 Түркістан облысы Төлеби аудандық сотында өткен жарыссөзде прокурор судьядан биыл көктемде Зағамбар ауылында болған тәртіпсіздіктен кейін дүние-мүлікті бүлдірді деген күдікке ілінген 14 адамның "Бұзақылық" бабы бойынша ісін қысқартып, бұл баппен қоса, "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" айыбы тағылған бес адамды 3 жыл 6 айға бас еркіндігінен айыруды сұрады

Айыпталушылар Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша кінәсін толық мойындап, шын өкінетінін айтты. Бұған қоса, "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бабымен айыпталған бес адамның екеуі осы баптағы айыпты ішінара мойындады.

Қорғаушылар соттан бес адамға бас еркіндігінен айырудан басқадай жаза беруін сұрады. Олар сотталушыларды "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бабымен айыптауға негіз жоқ деді. Бүлінген мүлік құны 200 АЕК-ке (738 400 теңге) жетпейді деген уәж айтты. Мұндай жағдайда заңға сәйкес, іс қылмыстық емес, әкімшілік тәртіппен қаралуы керек деді олар.

Жәбірленушілер айыпталушыларға кешірім берді, олар материалдық шығын толық өтелгенін айтып, жарыссөзде соттан барынша жеңіл жаза беруді сұрады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

30 Oct, 13:11


💬 Британиялық Financial Times газеті дипломатиядағы дереккөздеріне сілтеп, Ресей мен Украина бір-бірінің энергетика инфрақұрылымына шабуыл жасауды тоқтатуды талқылай бастады деп жазды

🇶🇦 Бұл келіссөзге Қатар ара ағайын болып жатыр.

🇷🇺 Ал келіссөзден хабары бар Кремльдің бұрынғы қызметкері Ресей президенті Владимир Путин Курск облысынан Украина әскері толық шығарылмай, қандай да бір келіссөзге бармайды деп есептейді.

🇺🇦 Ал келіссөзге қатысып жатқан жоғары лауазымды украиналық шенеунік Мәскеу мен Киев кейінгі уақытта бір-бірінің энергетика инфрақұрылымына шабуыл жиілігін қысқартқанын айтты. Бірақ Киев Ресей аумағына соққы жасауға, соның ішінде мұнай зауыттарына шабуылды жалғастырмақ. Украина осы арқылы Ресейді келіссөзге итермелемек.

Financial Times басылымының украиналық төрт дереккөзі былтыр күзде Киев пен Мәскеу бір-бірінің энергетика нысандарына шабуыл жасамауға "үнсіз келіскенін" айтқан. Газеттің жазуынша, "осыдан соң Ресей Украинаның энергетика инфрақұрылымдарына шабуылды азайтқан. Бірақ Украина 2023 жылғы қарымта шабуылы сәтсіздікке ұшыраған соң ақпан-наурызда Ресейдің мұнай базаларына шабуылдай бастаған".

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

30 Oct, 12:24


🗣 Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің құнсыздануы мұнай бағасының төмендегенімен ішінара байланысты деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов

🗣 "Экономикамыз мұнайға қатты тәуелді, ал мұнай нарығында едәуір тұрақсыздық байқалады. Кейінгі аптада мұнай бағасы 80 доллардан 71,5 долларға дейін түсті. Әрине, бұл валютамыздың бағамына әсер етпей қоймайды" деді Сүлейменов 30 қазанда парламент үйінде.

Оның айтуынша, заңды тұлғалардан валютаға сұраныс артуы – оның бағамына әсер ететін тағы бір фактор. Сүлейменов жыл аяғына қарай сатып алу, тендер, аукциондар өтеді, түрлі инвестиция және инфрақұрылым жобаларына бөлінген қаржы игеріле бастайды, мұндай жобалар импортқа қатты тәуелді болғандықтан, валютаға сұраныс артып келеді деді.

🗣 "Мұны валюта биржасындағы сауда көлемі дәлелдейді: ол қазір күніне шамамен 290 миллион [доллар], дегенмен орташа шамасы 200 миллион болуы керек. Яғни, биржадағы сауданың орташа шамасынан 30-40 пайыз артық" деді Ұлттық банк басшысы.

Сүлейменов құнсызданып бара жатқан Ресей рублінің факторы туралы айтқан жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

30 Oct, 11:05


🗣 Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Гудерместегі Ресей арнайы күштері университетіне жасалған дрон шабуылынан тұтқындағы Украина сарбаздары өлді деді

🗣 "Бұған дейін айтқанымдай, шабуылдан бізден құрбан болғандар жоқ. Бірақ! Тұтқындағы Украина сарбаздарынан [қаза тапқандар] бар. Республикадағы әрбір стратегиялық нысанда онға жуық Украина тұтқыны, соның ішінде Ресей арнайы күштері университеті аумағында да отыр. Киев бізге кесірін тигіземін деп, өз сарбаздарын өлтірді" деп жазды Шешенстан басшысы телеграм-арнасында.

Қадыров сөзіне ешқандай айғақ-дәлел келтірмеді.

Азаттықтың Орыс қызметі жариялаған спутниктен түсірілген суреттен оқу орталығы шатырынан түтін көтерілгені байқалады.

Украина дереккөздері дрон Шешенстанға жақын Дағыстан аумағынан ұшқан, ал шабуыл Қадыров араласқан Wildberries маркетплейсінің айналасындағы дауға байланысты деп айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

30 Oct, 09:40


🔴 Грузиялықтар сайлау нәтижесіне аң-таң болып жатқанда, елдің бәрі Батыстың реакциясы қандай болар екен деп күтіп отыр. АҚШ пен Еуропа оппозицияның дауыс ұрланды деген мәлімдемесін қолдай ма, жоқ па?

АҚШ пен Еуроодақ Грузиядағы сайлау нәтижесіне байыпты пікір білдірді.

🇪🇺 Еуроодақ өз мәлімдемесінде Грузия билігін сайлау кезіндегі заңбұзушылықтарды зерттеуге шақырды. Ал АҚШ Мемлекеттік департаменті "Халықаралық бақылаушылар сайлау нәтижесін еркін әрі әділ деп атаған жоқ" деді. Бірақ не АҚШ, не Еуроодақ сайлауды заңсыз деп бағаламады.

Батыс елдерінің сақтығы Грузия оппозициясы басшылары мен олардың жақтастарының көңілін қалдырды. Олар АҚШ пен Еуропаның қолдауына үміт артқан еді.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

30 Oct, 09:07


🗣 Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев парламент үйінде БАҚ өкілдері сұрағына берген жауабында Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша арнайы үкімет комиссиясы құрылады деп мәлімдеді

Министрдің сөзінше, комиссия конкурсқа қатысатын компаниялармен ашық диалог жүргізуді бастамақ.

🇨🇳🇰🇷 Сәтқалиев алдын ала консультациялар басталып кетті, Қазақстан өкілдері Қытай мен Оңтүстік Кореяға сапармен барып, кездесулер өтті деп хабарлады.

📁 Айтуынша, Қазақстан елде АЭС салуға ынта білдіргендерден не күтетінін алдын ала айтып отыр. Министр олар электр энергиясы мен құрылыс бағасы, құрылыс мерзімі, қауіпсіздік мәселелері, әлеуметтік пакет, қаржыландыру, отын өндірісін оқшаулауға байланысты мәселелер деді.

Қазанның басында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда АЭС салу жөніндегі консорциумға қатысатын елдер 2025 жылы белгілі болады, оған ең көп дегенде бес ел кіреді деген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

30 Oct, 08:47


📹 Ресей әскері бір аптада Донецк облысында 200 шаршы шақырым жерді басып алды

🇷🇺 Ресейдің кейінгі бірнеше аптада жыл бойы болмаған қарқынмен жылжып жатыр. Харьков облысына да шабуыл көбейіп, тұрғындар көшіріліп жатыр.

🇺🇦 Украина депутаты Азаттыққа "әскеріміз дәл қазір жеңіліп жатыр, бірақ соғыста толық жеңілдік деуге келмейді" деп мәлімдеді.

Соғыстағы ахуал қандай?

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

30 Oct, 08:02


🗣 Атырау облысының апелляция соты Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовтің жазасын айыппұлға ауыстырды

Бірінші сатыдағы сот Ибрагимовті бұрынғы әйелінің "денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін" айыпты деп танып, бостандығын екі жылға шектеген еді. Ибрагимов енді 700 АЕК-ке тең, яғни 2 млн 415 мың теңге айыппұл төлеуге тиіс.

🔸 Апелляция алқасы жәбірленушінің жауабы мен сот-медицина сараптама қорытындысы Ринат Ибрагимовтің айыбын дәлелдеді, алайда жәбірленуші материалдық жағынан сотталушыға тәуелді болды деген саралау белгісі дұрыс қолданылмаған, себебі бұған дәлел келтірілмеген деп тапты.

Сотта Ибрагимовтің бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева кәсіппен айналысқан, жеке табысы болған деп айтылды. "Оның шотына ақша түсіп отырған" деді апелляция алқасы.

🔸 Үмбетқалиева 29 қазанда Азаттыққа берген пікірінде "апелляция шешіміне келіспеймін" деді. Ол бұған дейін бірінші сатыдағы сот шешіміне де келіспей, Ибрагимовті бостандығынан айыруды сұрап, апелляциялық шағым бергенін айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

30 Oct, 06:44


💬 Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауынан 24-29 қазан аралығында өлексесі табылған итбалық саны 289-ға жетті

Бұл туралы жергілікті Lada.kz сайты хабарлады. Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Жазира Сыдықованың сөзінше, қыркүйектің аяғынан бері Түпқараған түбегінің батысындағы жағалауда Каспий итбалығы неден қырылғанын анықтау үшін мониторинг жүріп жатыр.

🔬 Сыдықова өлген итбалықтардың жасын және неден қырылғанын анықтау үшін сынама алынды деді. Олардың өліміне не себеп болғанын зертханадағы зерттеу жұмыстары анықтағаннан кейін қосымша хабарланады деді ол.

🦭 Каспий итбалықтарын зерттеуші Әсел Баймұқанова Instagram-парақшасында жағаға шығып қалған итбалық өлекселерінің кейбірінен зорлық-зомбылық іздері табылды деді. Оның сөзінше, өлген итбалықтың көбі буаз болған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 16:33


💬 Ресейдің Железноводск қаласы Иноземцево ауылындағы "Қазақстан геологы" пансионатына сегіз күнге демалуға кеткен алпысқа жуық құлсарылық оқушы мұғалімдерімен Қазақстанға қайтып келе жатыр

🪲 27 қазанда лагерге жеткен балалардың кейбірі ата-анасына хабарласып, "пансионаттағы жатын бөлмеде жәндіктер өріп жүргенін, үйіне қайтқысы келетінін" айтқан.

Ата-аналар 27 қазан кешке Құлсары қаласындағы жергілікті әкімдік алдына жиналып, осы жағдайға байланысты наразылық білдірді.

🏫 Атырау облысы білім басқармасының Азаттыққа хабарлауынша, Жылыой ауданы Құлсары қаласының 174 оқушысы (113 ұл мен 61 қыз) және 18 мұғалімі 26 қазан мен 4 қараша аралығында Ресейдегі пансионатқа демалысқа жіберілген. Олар 26 қазан түнде Атырау қаласынан шығып, 27 қазанда лагерьге жеткен. Білім басқармасы лагерь Кавказ тауы баурайындағы орман алқабында орналасқан деді.

🗣 "Өңірде бірнеше күн жауған жаңбырдан соң күн күрт жылып, ауаға ұшқан жәндіктер ғимараттың №6 корпусына кіріп, тараған. Ғимарат корпустарына дезинфекция жасалды. Оның алдында да екі мәрте дезинфекция жүргізілген" деп хабарлады білім басқармасы.

🚌 Басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың Азаттыққа айтуынша, жәндіктер пансионаттағы бір корпустан шыққан, 57 бала мен 8 мұғалім Қазақстанға қайтып келе жатыр, қалғаны демалысқа қалған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 13:51


🔴 "Ресей аумағына келген Солтүстік Корея солдаттары Курск облысына жіберілді, олар Ресей әскеріне көмектеседі" деп мәлімдеді НАТО бас хатшысы Марк Рютте.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 13:31


💬 Атырау облысында итті тірідей өртеп жібергендер ісі бойынша сот үкімі шықты

Облыстың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты итті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған 21 және 17 жастағы екі жігіттің бостандығын жарты жыл мерзімге шектеді.

🐕 Оқиға биыл 19 маусымда Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Мұқыр ауылына жақын жерде болған. Соттың мәліметінше, айыпталушылар көшеде жүрген итті ұстап, оны бағанаға байлаған. Біреуі жануардың үстіне жанармай құйып, өртеген, екіншісі оны темірмен бірнеше рет ұрған. Видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен бұл шектен шыққан оқиға жұрттың наразылығын туғызған.

Сот куәлердің жауабы, оқиға орнындағы дәлелдер олардың кінәсін толық дәлелдеді деп үкім шығарды.

Сотталушылар кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сот олардың бұрын сотталмағанын, жасын және ісіне өкінгенін ескерген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 12:56


🔴 Ресей әскерінің Донбасстағы Селидово қаласын басып алғаны айтыла бастады.

Украина қорғаныс министрлігімен байланысы бар DeepState жобасының 28 қазанда таратқан мәліметіне сай, Украинаның Донецк облысындағы қаланың басым бөлігін Ресей әскері бақылап тұр.

Ресей әскери күштері де қаладан бірнеше видео жариялады, оның ішінде Селидово қалалық кеңесінің ғимаратынан Украина туын алып тастаған бейне бар. 27 қазанда қаланы басып алғаны туралы ресейлік z-блогерлер хабарлай бастаған. Киев пен Мәскеу ақпаратты ресми растаған жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 11:35


💬 Қазақстан волейбол федерациясын 26 жыл үздіксіз басқарған Нұртай Әбіқаев орнынан түсті

27 қазанда Алматыда федерацияның конференциясы өтіп, онда ұйымның жаңа президенті сайланды. Әбіқаевты алмастырған қаржы министрі Мәди Тәкиев федерацияны 2024-2028 жылдар аралығында басқармақ.

46 жастағы Тәкиев биыл ақпанда қаржы министрі лауазымына тағайындалғанға дейін парламент мәжілісі депутаты болған.

Тәкиев Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті болып, оның қамқоршылық кеңесін басқаруды ұсынған. Ақпаратқа қарағанда, Әбіқаев келісім берген.

🔸 Әбіқаев ондаған жыл бойы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттағы сенімді серіктерінің бірі болды. Әуелі Назарбаевтың көмекшісі болып, кейін әкімшілігін басқарған. Елдегі ең ықпалды қызмет – ҰҚК-ні екі рет басқарып, президенттен кейінгі екінші жоғары лауазым – сенат төрағасы болды.

🔸 Жұрт арасында ол "Назарбаевтың сұр кардиналы" деп аталатын.

🔸 Әбіқаев әр жылдары шетелдегі қазақтар мен оралмандарға көмек көрсету үшін құрылған "Отандастар" қорын, Қазақстан гольф федерациясын басқарған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 11:04


🗣 Грузияда биліктегі "Грузин арманы" партиясы парламенттегі орындардың жартысынан көбін иеленгенін жариялады

🗳 Парламентке бес пайыздық межені еңсерген батысшыл төрт оппозициялық күш: "Өзгерістер үшін коалициясы" (11,04 пайыз), "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясы (10,16 пайыз), "Қуатты Грузия" (8,8 пайыз) және "Гахария Грузия үшін" партиясы (7,8 пайыз) да өтті. Оппозициялық партиялар дауыс беру қорытындысы бұрмаланды деп отыр.

Сонымен, сайлаудың ресми қорытындысына сай, 11-шақырылымдағы Грузия парламентіндегі 150 орынның 89-ы "Грузин арманы" партиясының еншісіне тисе, "Өзгерістер үшін коалициясы" – 18, "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясы – 17, "Қуатты Грузия" – 14, "Гахария Грузия үшін" партиясы – 12 орын иемденеді.

🇬🇪 Грузия президенті Саломе Зурабишвили сайлау қорытындысына келіспейтіндерді 28 қазан кешке ел астанасындағы Руставели даңғылына акцияға шығуға шақырған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 08:19


🔴 Қазан айының 24-27 күндері аралығында Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында Әлемдік ұйғыр конгресі бас ассамблеясының жиыны өтті. Оған дүниенің әр түкпірінен — Орталық Азия, Таяу Шығыс, Еуропа мен Солтүстік Америкадан — барлығы жиырма бестен астам елден барған ұйғыр диаспорасы өкілдері қатысты.

Құқық қорғаушылар мен зерттеушілер дерегінше, 14 миллион ұйғыр мен басқа да мұсылман халықтар тұратын Қытайдың Шыңжаң өлкесінде миллиондаған адам "қайта тәрбиелеу" лагерінен өткен.

Азаттық Сараеводағы жиын қарсаңында Әлемдік ұйғыр конгресі ұйымның директоры Зумретай Аркиннен сұхбат алған еді.

🗣 "Орталық Азия елдерінің үнсіздігі – үлкен сын. Өйткені бұл лагерьлерде олардың өз азаматтары да қамауда жатыр. Бірақ "Бір белдеу, бір жол" жобасы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Қытай бұл елдерге көп инфрақұрылым салып берді. Сондықтан олар өздерін Пекиннің алдында борышкер сезінеді" деді ол.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 06:53


🗣 Алматы облысы Талғар ауданында бір топ адам қатысқан жанжалдан мерт болған Шерзат Полат ісі "Адам өлтіру", "Бұзақылық", "Қорқыту", "Қылмысты жасырып қалу" және "Қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша тергеліп жатыр

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында осылай деп жазылған.

"Қасақана кісі өлтіруге қатысты" деген күдікпен сегіз адам, "Қылмыс туралы хабарламау" бабы бойынша үш адам сот санкциясымен қамалған деді Сәденов.

"Тергеу жалғасып жатыр, оқиға болған жерде жүрген басқа да адамдардың оған қатысы бар-жоғы тексеріліп, олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі" деді министр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 05:59


🗣 Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан 28-29 қазанда Грузияға сапармен бармақшы

Мұндай ақпаратты 27 қазанда Грузия үкіметі таратты. Елдің премьері Ираклий Кобахидзенің кеңсесі Орбан екеуі бірқатар кездесу қорытындысы бойынша баспасөзге мәлімдеме жасайды деп хабарлады.

🇭🇺 Венгрияның қазіргі премьер-министрі – грузин оппозициясы "ресейшіл партия" деп атайтын "Грузин арманы" билікте отырған Тбилисидегі үкіметтің негізгі одақтастарының бірі. Орбан Кремльге жақын еуропалық саясаткер саналады.

"Грузин арманы" партиясы саяси бәсекелестерінен сын естіп жатқан тұста жеңісін тойлап жатыр.

Оппозиция заң бұзу фактілері болғанын, сайлаудың ресми нәтижесін мойындамайтынын және наразылық акциясына шығуға дайын екенін мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 05:14


💬 Жапонияда 27 қазанда өткен парламент сайлауының қорытындысына сәйкес, Либерал-демократиялық партия басқаратын билеуші коалиция кейінгі 15 жылда алғаш рет көпшілік орыннан айырылып отыр деп хабарлады Жапонияның NHK телеарнасы

🇯🇵 Сайлаудың ресми қорытындысы әлі шыққан жоқ, дауыс санау жалғасып жатыр, бірақ либерал-демократтардың "Комэйто" партиясынан коалиция бойынша серіктестеріне парламентте көпшілік дауысқа ие болуға қажет 233 орынға қол жеткізе алмайтыны қазірден бастап белгілі болды.

Басты оппозициялық күш – Конституциялық-демократиялық партия өз позициясын жақсартады деген болжам бар. Сарапшылар бұл партия парламентте 190-нан астам орынға ие болуы мүмкін деп есептейді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

28 Oct, 04:36


🗣 Грузияда 26 қазандағы парламент сайлауына дауыс беру "тең жағдайда өтпеді, қысым мен шиеленіскен ахуалдың көлеңкесінде қалды". Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Еуропа кеңесі, Еуропарламент және НАТО-ның бірлескен халықаралық бақылаушылар миссиясы мәлімдемесінде осылай деп айтылған.

Бақылаушылардың айтуынша, жалпы дауыс беру процесі жақсы ұйымдастырылған, бірақ "шиеленіскен жағдай" мен "тең емес ойын шарттары" сайлау нәтижесіне деген сенімге нұқсан келтіреді.

🇬🇪 Бақылаушылар Грузиядағы сайлау процесі халықаралық демократиялық принциптерге жеткілікті дәрежеде сай болған жоқ деп есептейді.

ЕҚЫҰ дауыс сатып алу, екі рет дауыс беру, күш көрсету және қорқытып-үркіту сияқты сайлау кезінде тіркелген заңсыз жайттарды айыптады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Oct, 19:58


⚡️ Балуан Айтмұхан – жастар арасындағы әлем чемпионы

Еркін күрестен Тиранада (Албания) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан 97 келіде әлем чемпионы атанды. Ол финалда Иран балуаны Махди Морафаны жеңді.

Ризабек жартылай финалда ресейлік Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түскен еді.

Ризабек Айтмұхан былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған. Ол – ересектер арасында, 21 және 23 жастағы балуандар арасында әлем чемпионатында алтын алған алғашқы қазақстандық балуан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Oct, 19:05


💬 Грузияның бұрынғы президенті Георгий Маргвелашвили де сайлау нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді және парламентке өткен оппозициялық партиялар оның жұмысына қатыспауы керек деді. Оның болжамы бойынша, биліктегі партия 10 пайыздай дауысты ұрлаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Oct, 19:02


Azattyq - Азаттық pinned «Грузияда оппозиция сайлаудың алдын ала қорытындысын мойындамады Грузияда оппозициялық партия сайлаудың алдын ала қорытындысын мойындаудан және жаңа парламенттен мандат алудан бас тартты. Олар жақтастарын жексенбі күні наразылық акциясына шығуға үндеді. Оппозициялық…»

Azattyq - Азаттық

27 Oct, 18:58


Зурабишвили Грузиядағы сайлауды “грузин халқына сыналған гибрид соғысының жаңа формасы” деп атап, сайлау нәтижесін бұрмалауға қатысты деп Мәскеуді айыптады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Oct, 18:24


⚡️🇬🇪 Грузия президенті Саломе Зурабишвили елдегі парламент сайлауы қорытындысын мойындамайтынын айтып, оппозицияны көшеде жаппай наразылық ұйымдастыруға шақырды. “Елдегі жалғыз тәуелсіз институт ретінде бұл сайлауды мойындамаймын. Оны мойындауға болмайды. Олай етсек, мұнда Ресейдің кіргенін, Грузияның Ресейге тәуелділігін мойындағанымыз” деді ол оппозиция жиынында. Сайлаудың соңғы нәтижесі бойынша парламенттегі орындардың көбін ресейшіл миллиардер Бидзина Иванишвили басқаратын “Грузия арманы” партиясы жеңіп алған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

27 Oct, 12:05


Израиль астанасы Тель-Авив маңында жексенбі күні жүк көлігі автобус аялдамасына соғылды

Ондаған адам жараланып, 35 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Алтауының жағдайы ауыр деп айтылады.

Оқиға орнында құтқару қызметі істеп жатыр, бірнеше адам жүк көлігіне қысылып қалған, құтқарушылар оларды шығаруға тырысып жатыр.

Зардап шеккендер арасында қарттар да бар: жүк көлігі аялдама мен сонда тоқтап тұрған автобусқа соғылған. Автобуста музейге экскурсияға бара жатқан зейнеткерлер болған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

27 Oct, 11:03


Грузияда оппозиция сайлаудың алдын ала қорытындысын мойындамады

Грузияда оппозициялық партия сайлаудың алдын ала қорытындысын мойындаудан және жаңа парламенттен мандат алудан бас тартты. Олар жақтастарын жексенбі күні наразылық акциясына шығуға үндеді. Оппозициялық саясаткерлердің пікірінше, сайлаудың қорытындысы бұрмаланған.

🔗ОҚУ

Azattyq - Азаттық

27 Oct, 10:37


WP: Мәскеу түбіндегі әскери ғылыми зерттеу институты совет дәуіріндегі биозертхананы үлкейтеді

Аумағы 23 мың шаршы метрден асатын жаңа кешен Сергиев Посад-6 жабық әскери қалашығының аумағында салынып жатыр. Онда қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу институты орналасқан.

The Washington Post басылымының жазуынша, жаңа ғимараттың кейбір бөлігінде патогендермен жұмыс істейтін биозертханаға тән ерекшеліктер байқалады. Аталған нысанда белсенділік Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бірнеше айдан кейін анықталған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

26 Oct, 09:58


Грузияда парламент сайлауы өтіп жатыр, сарапшылар оны елдің тағдырын анықтайтын шешуші оқиға деп атайды.

Сайлауға 18 партия қатысып жатыр: басым бөлігі парламентке өту үшін қойылатын меже – 5 пайыздан өте алмайды, ал негізгі тартыс басқарушы "Грузин арманы" мен бірнеше партиядан құралған оппозиция арасында өтпек.

"Грузин арманы" партиясы сайлаушыларды бейбітшілік пен соғыстың бірін таңдауға шақырған, олар оппозицияны "сыртқы күштердің тапсырмасымен Грузияны қақтығысқа тартуға тырысып жатыр" деп айыптады. Осы сайлауда партия "Бейбітшілік, ұлттық бірегейлік, дәстүрлі құндылық және экономика дамуы үшін" деген ұранды негізгі месседж ретінде пайдаланып отыр.

Ал оппозиция Грузияның қазіргі билігін "елді халықаралық қауымдастықтан оқшаулап, кремльшіл саясат жүргізіп отыр" деп айыптайды. Оппозиция күштерінің ұраны – "Халыққа қамқорлық, жемқорлықпен күрес, Еуроодақ пен НАТО-ға қосылу, Ресейдің ықпалына жол бермеу".

Сайлауалды сауалнама нәтижесі "Грузин арманы" алда келе жатқанын көрсеткен, алайда ол парламенттегі басымдығынан айырылуы ықтимал.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

26 Oct, 08:24


Мәскеу БРИКС-тен бас тартқан Астананы жазалауға көшті ме?Аймақта ықпалы артқан Түркі мемлекеттерінің ұйымы | Баспасөз шолуы

Мәскеу Қазақстаннан келетін кей көкөніс пен дәнді дақылдардың импортына тыйым салды, бұл БРИКС-ке кіруден бас тартқан Астананы жазалау құралы ма? Сирек жер металдарына бай Орталық Азия ірі ойыншылардың бәсеке алаңына айнала ма? Түркі мемлекеттерінің ұйымы аймақта ықпалын қалай күшейтті? Батыс басылымдары бұл аптада негізінен осы тақырыптарға тоқталды.

🔗Оқу

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

26 Oct, 06:38


26 қазанда таңертең Израиль Ирандағы әскери нысандарға әуеден соққы жасады.

Израиль әскерінің хабарлауынша, бұл Иран мен одақтастарының Израильге жасаған соққысына жауап.

"Біз Ирандағы әскери нысандарға мақсатты түрде нақты соққы жасадық және Израиль мемлекетіне тіке қатердің алдын алдық" деп хабарлады соққы аяқталғаннан кейін бірнеше сағаттан соң ЦАХАЛ өкілі Даниэль Хагари.

ЦАХАЛ-дың ақпаратынша, Израиль ұшақтары бұған дейін Израильді атқылаған ракета шығаратын өндіріс орындарына шабуылдаған, сонымен бірге "жер-әуе" классына жататын ракета кешендері мен өзге де нысандарды атқылаған.

"Егер Иран тағы соққы жасаса, Израиль қол қусырып отырмайды" деді Хагари. Ирандық жекеменшік Tasnim ақпарат агенттігі дереккөздерге сүйене отырып Иран Израильдің кез келген агрессиясына жауап беруге дайын деп жазды.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

26 Oct, 06:17


Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриштің Киевке сапарын кейінге шегерді. Бұл жөнінде Украина президенті кеңсесіндегі дереккөздерге сүйенген France Presse және "РБК-Украина" ақпарат агенттіктері хабарлады.

Бұған Гутерриштің Қазандағы БРИКС саммитіне қатысуы түрті болған.

Бейсенбі күні өткен БРИКС саммитінде Гутерриш халықаралық қауымдастық басшыларын, оның ішінде Ресей басшысы Владимир Путин де бар, Украинада "әділ бейбітшілік" орнатуға қол жеткізуге шақырған. Зеленскийдің кеңсесі Гутерриштің Ресейге сапарын "халықаралық құқықты қорлау" деп бағалады.

Украинаның СІМ Гутерриштің Ресейге сапарын айыптады.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

26 Oct, 05:07


Назарбаев жалғыз түскен сайлау туралы заң Тәуелсіздік декларациясынан екі ай бұрын қабылданды | Азаттық толқынында

1991 жылы күзде "Қазақ ССР президентін сайлау туралы" заң қабылданды. Вице-президент қызметі бекітілді. Президент Назарбаев сайлауға жалғыз кандидат болып тіркелді және парламенттің дауыс беруімен биліктің кей тармағының басшысын ауыстырды. Ол ұсынған кандидаттың біреуі билікке өте алмады.

🎧Азаттық сайты
🎧
Youtube
🎧
Apple podcasts

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

25 Oct, 14:20


Ресей президенті Владимир Путин 24 қазанда БРИКС саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында "біз Украинадағы қақтығысты аяқтауға дайын болдық, бірақ Киев екі рет бас тартты" деді.

- Біраз уақыт бұрын, Түркия тарабы, соның ішінде Ердоған мырзаның көмекшісі Нью-Йорктен тікелей хабарласып, келіссөздерге қатысты жаңа ұсыныстар бар деді. Мен біз дайынбыз деп келіскен едік. Келесі күні Киев режимінің басшысы аяқ астынан ешқандай келіссөз болмайды депті.

Путин Қазанда Ресей оккупациялаған қазіргі жерлер негізінде келіссөз жүргізуге дайын екенін меңзеді. Украина тарабы оның бұл мәлімдемелеріне қатысты әзірге ештеңе деген жоқ.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

25 Oct, 12:25


Путин Солтүстік Корея әскерилері жайлы ақпаратты жоққа шығармады

24 қазанда Украина барлаушылары Ресейге көмекке келген Солтүстік Корея солдаттарының бір бөлігі Курск облысына жетті деп мәлімдеді. Ал Путин БРИКС саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында Солтүстік Корея әскерилері жайлы ақпаратты жоққа шығармады.

- Солтүстік Корея әскерилерінің суреті тарап жатса бұл назар аударатын жайт. Демек суреттерді көрсеңіздер, бірдеңе болып жатыр деген сөз. Ал біздің Солтүстік Кореямен қарым-қатынасымызға келсек, бүгін ғана стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификацияладық. Біз Солтүстік Корея басшыларының бұл келісімге аса мән беретініне еш күмән келтірмедік. Ал біз қалай келісеміз, не істейміз, бұл біздің шаруа, - деді Путин.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлауы қызметіне сілтеп, Солтүстік Корея әскерилерінің алғашқы легі 27-28 қазанда соғысқа араласа бастайды деді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

25 Oct, 12:22


Ресей Донбасстағы Селидово қаласын алғаны айтыла бастады

Донбасстағы Селидово қаласы үшін қазір ауыр шайқас жалғасып жатыр. Украиналық дереккөздер Ресейдің шабуылдаушы топтары қала орталығына кіргенін жазып жатыр.

Ресейдің "Центр" әскери тобы Селидовоның жартысынан астамын басып алдық деп мәлімдеді. Ал Украинадағы Ресейдің жалған ақпаратына қарсы орталықтың басшысы Андрей Коваленко "қала үшін шайқас жалғасып жатыр" деп мәлімдеді. ВВС сайты шайқас алаңына айналған қаланың кейбір бөлігінде әлі қақтығыс болып жатыр деп жазды.

Селидово қаласы Донецк облысындағы Покровск қаласынан 13-15 шақырымда жатыр. Соғысқа дейін Селидовода 24 мың адам тұрған еді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

25 Oct, 07:41


Талғардағы уақытша қамау изоляторынан қашып кеткен күдікті қолға түсті. Бұл жөнінде Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тереңқара ауылы маңындағы жедел іздестіру шаралары кезінде К. есімді күдікті ұсталды. Ол 21 қазанда уақытша қамау изоляторынан қашып кеткен. Іздеу шараларының басынан бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылған. Бұған қоса төтенше жағдай департаментінің жеке құрамы, қоғамдық көмекшілер мен жергілікті тұрғындар арасынан шыққан ерікті отрядтар көп ат салысты. Күдікті уақытша изоляторға қамалды. Оның негізгі айыбына қосымша қамаудан қашып кеткені үшін қылмыстық бап қосылды» делінген жұма күні тараған хабарламада.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

25 Oct, 05:50


Қазақстан ұлттық мереке – Республика күнін тойлап жатыр

Бүгін, 25 қазан – Қазақстанда ұлттық мереке – Респубилка күні. Осы күні түрлі қалада мейрамға байланысты мәдени, спорттық және әлеуметтік шаралар өтеді. Халықты мерекемен құттықтаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев мейрамды "жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал ететін" күн деп атады.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

25 Oct, 05:11


Батысты сынау, долларға қарсылық және жаңа мүшелер. БРИКС саммитінің қорытындылары

Ресейдің Қазан қаласында 22-24 қазан аралығында дамушы елдерді біріктіретін БРИКС+ ұйымының кеңейтілген саммиті өтті. Жиынға мүше емес елдерді де қосқанда жалпы саны 30 ел басшысы мен жоғары лауазымды өкілі қатысты. Оның ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Үш күндік саммитте не талқыланды? Қандай шешімдер қабылданды? Оның Қазақстанға әсері қандай?

🔗Оқу

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 13:35


🗣 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан 16-шы БРИКС саммитінің БРИКС+/аутрич форматындағы жиынында Астана Украина бойынша Қытай мен Бразилияның бейбіт жоспарын құптайды деп мәлімдеді

Тоқаев бұл сөзін осыған дейін де айтқан. Оның сөзінше, БРИКС өзара тиімді ынтымақтастыққа ниетті көптеген ел назарын аударатын ғаламдық орталыққа айналып келеді.

🇷🇺 Қазақстан президенті Астана "Еуразияның тең әрі біртұтас қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты Ресей тұжырымдамасын жоғары бағалайды. Оның түп негізінде геосаяси қысымды азайту ниеті жатыр" деп мәлімдеді.

🇨🇳 Тоқаев саммитте Астана Қытайдың ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бастамасын қолдайды деген.

🇺🇳 Ол Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдайтынын білдірген. Тоқаев Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауды, оның қатарына Африка, Латын Америкасы, Азия елдерінен жаңа мүшелер қосып, кеңейтуді қолдайды деп айтты.

Көлік-транзит саласы туралы сөзінде Тоқаев "Бір белдеу, бір жол", "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі және Транскаспий халықаралық көлік бағыты бастамалары аясындағы өзара байланысты нығайту жайлы айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 13:20


💬 Алматының мынадай сүбелі жерінен 832 гектарға зейнеттегі генерал-майор Павел Новиков иелік етеді. Былтыр Азаттық бұл жер Новиковтың иелігіне қалай өткенін анықтаған.

Қала прокуратурасы оның бір бөлігін мемлекетке қайтарғысы келіп отыр.

10 қазанда прокуратура Алматының экономикалық сотына "Международная ассоциация клубов" компаниясы мен Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің үстінен шағым түсіріп, жерді сату-сатып алу туралы келісімді жарамсыз деп тануды сұраған.

Прокуратура Новиковке тиесілі үлкен аумақтың нақты қай бөлігін даулап жатқаны белгісіз. Алайда жер иесінің айтуынша, дау сол жерде ағып жатқан Поганка өзеніне байланысты шыққан.

🗣 "Прокуратура шағымы жерге байланысты емес, онда бір өзен ағып жатыр. Олардың сол бойынша сұрақтары бар екен. Өзеннің шекарасы, оны сақтау, күту туралы әңгіме болатын шығар. 31 қазанда сот болады, анығын сонда білеміз" деді Новиков Азаттыққа.

Ол прокуратура шағымына наразылығы туралы ештеңе демеді. Алайда 23 қазанда Новиковтың иелігіндегі "Бағанашыл" спорт-ойын-сауық кешенінің Instagram парақшасында "Международная ассоциация клубов" компаниясы қызметкерлерінің видеосы жарияланды. Олар прокуратура шағымына наразы екенін айтып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан осы жағдайға араласуын сұраған.

"Международная ассоциация клубов" компаниясының түпкі иесі – Павел Новиков. Ол көп жыл мемлекеттік қызметте, армияда түрлі жұмыс істеген адам.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 12:53


🗣 Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары, қазіргі сенат депутаты Марат Қожаев Қызылордада секс-құлдықта болған оқушы ісі бойынша сот жабық өтеді деп хабарлады. Себебі жәбірленуші мен кейбір күдікті кәмелет жасқа толмаған

24 қазанда парламент үйінде журналистер сұрағына жауап берген Қожаев іс бойынша қорытынды жасауға әлі ерте деп мәлімдеді. Бұл жөнінде "Власть" сайты жазды.

"Қоғамда резонанс болмаса, қыздың үй-ішіне қауіпсіз болар ма еді?" деген сұраққа сенат мүшесі өзі құқық қорғау органдарында 30 жыл жұмыс істегенде мұндай оқиғаларды көп көргенін, "қоғамдағы талқылауларсыз-ақ әділ және объективті шешімдер қабылданғанын" айтты.

🗣 "Қазір түрмеде отырған көп қылмыскердің ісі бойынша ешқандай резонанс болмаған. Сотта сіздер әлеуметтік желілерде көтерген шу емес, процестік дәлелдер ғана бағаланады. Дәлелдер болса, кінәлілер жазаға тартылады" деді сенат депутаты.

Қожаев "журналистер ақпарат кеңістігінде жағдайды даурықтырып отыр", ал "халықтың басым бөлігі Қазақстанның құқық жүйесіне сенеді" деп мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 12:09


🔴 Өзбекстанның сұрауымен ұсталып, Қазақстанда бір жыл қамауда отырған төрт қарақалпақ белсендісі АҚШ-қа жетті

Ташкент "конституциялық құрылымды бұзуға талпынды" деп айыптаған олар өздеріне пана болатын ел іздеп, мұхит асуға мәжбүр болды.

15 қазанда Тілеубике Юлдашевамен бірге Қазақстаннан АҚШ-қа Түркия арқылы ұшып, Жангелді Жақсымбетов пен Райса Құдайбергенова да барды, олар өз отбасын да бірге ала кеткен. Ал туысының құжатын рәсімдеу жұмысымен бөгелген Зиуар Мирманбетова олардан бір жұма кешігіп, бала-шағасымен бірге 23 қазанда АҚШ-қа аттанған.

🗣 "Үлкен держава отандастарымды да, мені де қанатының астына алды. Табаным Америка топырағына тигенше жаным байыз таппады. Өйткені өзбек тарабы бізді кез келген уақытта ұрлап әкетуі мүмкін еді. Сенімді дереккөздің мәліметінше, өзбек қауіпсіздік қызметінің адамдары 15 қазан күні Алматыдан бізбен бірге Стамбұлға ұшқан (оның рас екенін тексеру мүмкін болмады – ред.)" деді Юлдашева.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 11:30


💬 Ел арасында "жемқорлық символы" аталып кеткен Астанадағы ЛРТ құрылысы 2025 жылы аяқталатыны хабарланды

Үкіметтің баспасөз қызметінің айтуынша, келер жылы рельстер қойылып, станцияларда әрлеу жұмыстары жүргізіліп, деполар салынады. ЛРТ-да 18 станция мен жолаушыларды таситын 19 жылжымалы құрам болады.

💸 ЛРТ құрылысы 2017 жылы басталып, жемқорлық дауы шыққан. Былтыр сот "Астана ЛРТ" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті жеті жылға бас бостандығынан айырған. Оларға халықаралық іздеу жарияланған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 09:33


🔴 Әлем елдері неліктен брикс-ке қосылуға ынтық?

БРИКС ұйымына мүше елдердің әлемде шашыраңқы орналасуы кейде қиындық туғызуы мүмкін, әйткенмен Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысы, Қытай мен АҚШ арасында күшейіп бара жатқан тайталас сияқты геосаяси келеңсіз жағдайларға қарамастан, БРИКС кеңейіп жатыр.

Лондондағы корольдік біріккен қорғаныс зерттеулері институты талдау орталығының аға ғылыми қызметкері Карлос Солардың Азаттыққа айтуынша, БРИКС ұйымына қосылуға ынтық елдер көбейген.

Дамушы мемлекеттердің көбі бұл топты геосаяси тепе-теңдік жолындағы пайдалы құрал көреді.

🗣 "БРИКС құрамында ғаламдық амбициясы бар Қытай, Ресей, Үндістан мен Бразилия сияқты ел көп, Бірақ ұйымға қосылуға сұранған елдер өзгелермен тәуір қатынаста болудың әртүрлі жолы болғанын қалайды, мысалы, ұйым мүшелері Бразилия мен Үндістанның Батыс елдерімен байланысы мықты, басқа одақтарға да мүше" деді Солар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 08:35


🗣 Түркия Анкарадағы шабуылға қарымта ретінде Ирак пен Сириядағы Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысты нысандарға әуеден шабуылдады

🇹🇷 Түркия билігі 23 қазанда Turkish Aerospace (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясының штаб-пәтеріне жасалған шабуылды күрд көтерілісшілерінен көреді.

Reuters агенттігінің жазуынша, Түркияның барлау басқармасы әскери және барлау нысандарын, оқ-дәрі қоймаларын, логистика және энергетика инфрақұрылымдарын нысанаға алған.

Түркияның әуе күштері Ирак пен Сирияның солтүстігіне әуеден шабуылдап, Күрдістан жұмысшы партиясының 32 нысанын жойды деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі.

Түркияның өзінде, сондай-ақ АҚШ пен Еуроодақтың бірқатар елінде террористік ұйым деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясы Анкарадағы шабуыл жөнінде пікір білдірмеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 08:12


🗣 Қазақстан мұнай өнімдерін Еуразия экономика одағы аймағынан тыс жерге шығаруға салынған тыйымды 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартпақ

Энергетика министрінің бұйрық жобасы "Ашық үкімет" сайтында 7 қарашаға дейін қоғам талқысына шығарылған. Мұның алдындағы шектеу 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қойылған.

⛽️ Министрліктің мәліметінше, елде АИ-92 бензині мен дизель отынын тұтыну артқан. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратына сәйкес, ай сайын Қазақстаннан 10 мың тоннаға жуық отын басқа тауар түрі деп көрсетіліп, заңсыз шығарылады. Бұл Қазақстандағы отын бағасының басқа елдерге қарағанда арзан болғанына байланысты деді энергетика министрлігі.

Министрлік мұнай өнімдерін ЕАЭО-дан тыс жаққа шығаруға тыйым салу – баж салығынсыз тасымал талаптарын орындауға, ЕАЭО-ның мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы құрылғанға дейін импортталатын мұнай өнімдерінің реэкспортын алып тастауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Еуразия экономика одағына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан мен Армения мүше. Молдова, Өзбекстан мен Куба оған бақылаушы мемлекеттер ретінде қатысады. Вьетнам, Сингапур мен Сербия одақпен екіжақты еркін сауда аймағын құрған, 2024 жылы оларға Иран қосылды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 06:12


🗣 Солтүстік Корея билігі Украинадағы соғыста Мәскеуді қолдау мақсатында Ресейге жіберген сарбаздарының отбасын оқшаулайды. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның барлау агенттігіне сүйеніп "Ренхап" агенттігі хабарлады.

Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Солтүстік Корея сарбаздары әлі майданға жіберілген жоқ, оларға әскери техника мен дрондарды қалай қолдануды үйретіп жатыр деп мәлімдеді.

🇰🇷 Сеулдің ақпаратына сәйкес, Ресейдегі оқу-жаттығу базаларында Пхеньянның үш мың сарбазы жүр, желтоқсанға дейін олардың саны 10 мыңға жетуі мүмкін.

💸 "Ренхап" материалында Ресей әр сарбазға айына шамамен 2000 доллар төлейді деген ақпарат бар. Солтүстік Кореядағы орташа жалақы 2022 жылғы жағдай бойынша 1-3 доллар деп бағаланған. Қаржының көп бөлігі Солтүстік Корея сарбаздары мен олардың үй-ішінің қолына жетпей, мемлекетте қалуы мүмкін.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 05:26


🗣 АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон Ресейдің бұғатталған активтерінен есептелген пайыз ақшадан Киевке 20 миллиард доллар несие береді деді

"Үлкен жетілік" (G7) елдері Мәскеу активтері Ресей Украинаға қарсы агрессиясын тоқтатқанға дейін және оған келтірген залалды өтегенге шейін бұғатталып тұратынына кепілдік берді.

22 қазанда АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен Вашингтонның G7 және Еуроодақтағы одақтастары Ресейдің бұғатталған активтерінен Украинаға жиыны 50 миллиард доллар несие беру бойынша жұмысты аяқтауға "өте жақын қалды" деп мәлімдеді.

🇺🇸 Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесі Байден әкімшілігі Киевке 20 млрд доллар алдындағы міндеттемелері аясында Украинаға 10 миллиард доллар әскери көмек көрсетуге тырысып жатыр деп хабарлады.

АҚШ желтоқсанға дейін экономикалық көмек ретінде Украинаға 10 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр, бірақ әскери көмек түрінде тағы 10 миллиард доллар бөлу үшін оны заң шығарушылар мақұлдауы қажет деді Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесі.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 05:04


🔴 Татарстан астанасында БРИКС саммиті өтіп жатыр. Ұйымға мүше тоғыз мемлекетті қосқанда жиынға 36 елдің ресми өкілдері қатысып отыр, олардың арасында БРИКС құрамына кіруге асықпайтын Қазақстан президенті де бар.

Бұл саммит несімен маңызды? БРИКС-тің әлемдік геосаясаттағы рөлі қандай?

Сарапшылардың пікірінше, Кремль бұл саммитті Украинаға соғыс ашқаны үшін Мәскеуге санкциялар салған Батысқа "әлемнен оқшау қалған жоқпын" деп қыр көрсетуге пайдаланып, БРИКС ғаламдық деңгейдегі саясат пен саудада Батыспен тайталасуға қабілетті бола алады дегенге өзгелерді сендіруге тырысып бағады.

🔺 Саясаттанушы Досым Сәтпаев БРИКС аясында Ресеймен салыстырғанда Қытайдың ықпалы басым деп есептейді.

🔺 Ал саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева Қазақстан Батыс елдерінен алшақтағысы келмейтіндігі себепті де БРИКС сияқты "жаһандық Оңтүстік" блогына қосылуға құлықсыз деп санайды.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 04:33


🗣 Түркиядағы терактіде бес адам мерт болып, 20-дан астамы жараланды

Елдің ішкі істер министрі Әли Ерликая полиция шабуыл жасаған екі адамды өлтірді деп хабарлады.

🇹🇷 Түркия президенті Ердоған БРИКС саммитіне сапарын үзіп, Анкараға шұғыл қайтуды ұйғарған.

❗️ Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гүлер шабуылдың артында үкіметке қарсы және АҚШ пен Еуроодақтың бірқатар елінде террористік ұйым деп танылған сепаратистік Күрдістан жұмысшы партиясы тұрған болуы мүмкін деп есептейді. Ол айтқан партия Анкарадағы шабуыл жөнінде пікір білдірмеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

24 Oct, 03:56


💬 БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресейдегі Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС саммитіне барды

Гутерриш саммитке қатысатын елдердің басшыларымен, соның ішінде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі керек. БРИКС-ке қатысатын елдердің басым бөлігі Ресейге салынған санкцияларға қосылмай, бейтарап статусты ұстанады.

🇺🇦 Украина сыртқы істер министрлігі Гутерриштің Ресейге сапарын айыптаған.

🗣 "БҰҰ бас хатшысы Украинаның Швейцариядағы бірінші ғаламдық бейбітшілік саммитіне шақыртуын қабылдамады. Алайда ол әскери қылмыскер Путиннің Қазанға шақыртуын қабылдады. Бұл БҰҰ-ның беделіне нұқсан келтіреді" делінген Украина СІМ хабарламасында.

Гутерриштің өкілі Фархан Хак бұған жауап ретінде БҰҰ бас хатшысына саммитке қатысу маңызды, өйткені БРИКС елдерінде әлем халқының жартысы өмір сүреді деп айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 15:12


💬 Түркияның NTV телеарнасының хабарлауынша, қылмыскерлер TUSAŞ ғимаратына жай таксимен келген. Қару кезенген олар ғимаратқа басып кірмекке ұмтылып, сол кезде жарылыс болған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 15:07


⚡️Анкарадағы жарылыстан 3 адам қаза тауып, 14-і жараланды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі мәлімдеді. Хабарды Reuters агенттігі таратты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 13:57


❗️ Түркия билігі Анкарада жарылыс болғанын хабарлады

Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Түркия билігі мен түрік басылымдары хабарлады. Ақпаратты Reuters агенттігі де таратты.

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады.

🗣 "Түріктің аэроғарыш өнеркәсібіне шабуыл жасалды. Өкінішке қарай, қаза тапқандар мен жараланғандар бар" деді елдің ішкі істер министрі Али Ерликая Х желісінде.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 12:01


🗣 Беларусьте президент сайлауы 2025 жылы 26 қаңтарда өтеді

Мұндай шешімді Беларусь парламенті өкілдер палатасы 23 қазанда қабылдады. Беларусь заңына сәйкес, алдағы президент сайлауы 2025 жылы шілдеден кешіктірілмей өтуі керек еді. Беларусь билігі сайлау не себепті қаңтарда өтеді деп белгіленгенін, Александр Лукашенконың қазіргі президенттік мерзімі неге 5 жылдан 4 жарым жылға түскенін түсіндірмеді.

🇧🇾 Беларусьті 30 жылдан бері басқарып келе жатқан авторитар басшы Лукашенко алда болатын президент сайлауына қатысқысы келетінін әлі айтқан жоқ,

Бірақ комментаторлар Лукашенконың биліктен кетер ниеті жоқ, сондықтан ол жетінші мерзімге сайлануға өз кандидатурасын ұсынады деп есептейді. Беларусь заңы бұған тыйым салмаған.

2020 жылғы тамызда өткен сайлау қорытындысы бойынша Беларусьтің орталық сайлау комиссиясы Лукашенконы жеңімпаз деп жариялаған. Тәуелсіз бақылаушылар сайлау күнінде заң көп бұрмаланғанын, топтап бюллень салынғанын айтқан. Лукашенко қарсыластарының көбі сайлауда іс жүзінде Светлана Тихановская жеңді, нәтиже бұрмаланды деп есептеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 11:03


📹 Украинадағы майдан шебінде жүрген Азаттық радиосының түсірілім тобы Ресей снарядының астында қала жаздады. Корреспондент Роман Пахулич пен оператор Павло Холодов 10 қазанда дрон тобымен бірге жүрген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 09:11


🗣 Тоқаев мемлекеттік наградамен марапаттаған адамдар қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлері, әскери қызметкерлер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар

Оның жарлығымен президент жанындағы ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев "Қазақстанның еңбек ері" атағын алды.

Одан бөлек, алматылық мұғалім Гүлжанар Нұрпейісова мен оралдық мұғалім Эльмара Траисоваға, Қарағанды облысындағы "Шахтерское" компаниясының директоры Георгий Прокопқа да осы атақ берілді.

Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиника орталығының директоры Сейітхан Жошыбаев пен ақын Нұрлан Оразалин "Отан" орденімен марапатталды.

Тоқаев ақын Нұржан Светқалиға, суретші Жанұзақ Мүсәпірке Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын берді.

Биылдан бастап марапаттар қатарына "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағы қосылып, оны үш дәрігер алды.

Ақорданың хабарлауынша, марапат алғандар қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 08:56


🗣 Тоқаев Назарбаев туралы айтты

Республика күні қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттау шарасында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "табанды еңбегін атап өтуге тиіспіз" деп мәлімдеді.

🗣 "Оның қазіргі қазақ мемлекетін құруда шешуші тарихи рөл атқарғанын міндетті түрде айтуымыз қажет. Ел үшін жасалған қызмет ешқашан ұмытылмауы керек, ел жадында сақталуға тиіс. Бұл – еліміздің болашағы үшін өте маңызды. "Жақсының жақсылығын айт" деген халқымыз. Бүгінгі тарихқа әділ баға берілуі үшін кешегі тарих әділ бағалануға тиіс" деп айтқан Тоқаев.

Назарбаевтың ықпалы кемінде 238 адам қаза болған Қаңтар оқиғасынан кейін әлсіреген. Қанды Қаңтардан кейін оның айналасындағы адамдардың кейбірі қызметтен алынып, кейбірі қамалды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 08:22


💬 22 қазанда Атырау облысы Қызылқоға ауданының соты жол ережесін бұзып, жасөспірім өліміне себеп болған полиция инспекторына үкім шығарды. Сот "Жол-көлік ережелерін бұзу" бабы бойынша айып тағылған полиция қызметкерін кісі өліміне кінәлі деп танып, екі жылға бостандығынан айырды.

Бұдан бөлек, сот оған бес жыл көлік жүргізуге тыйым салды. Сот үкімі туралы жарияланған ресми ақпаратта айыпталушының аты-жөні көрсетілмеді.

25 сәуірде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 17 жастағы Кемелбай Мереке мотоциклмен полициядан қашып бара жатқанда мерт болған.

Соттың хабарлауынша, Кемелбай Мереке артына екі жасөспірімді мінгестіріп алып, мотоцикл айдап бара жатқанда патрульдік полиция инспекторы оны тоқтатпақшы болған, бірақ жасөспірім талапқа бағынбаған. Полиция оларды қуып келе жатқан кезде Кемелбай Мереке мінген мотоцикл жолдан шығып кетіп құлаған. Сол сәтте полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтамай, жол жүру ережесін бұзып, жасөспірімді көлігімен қағып кеткен деді сот. Кемелбай Мереке ес жимастан сол жерде мерт болған.

Полиция инспекторы тағылған айыпты толық мойындады. Сот үкім шығарарда айыпталушының кәмелет жасқа толмаған екі баласы барын және оның бұрын сотталмағанын ескерген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 07:08


🗣 Еуропарламент Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Батыста бұғатталған Ресей активтерінен түскен табыстан Киевке 35 млрд еуроға дейін несие бөлуді мақұлдады

22 қазанда бұл шешімді 518 депутат қолдап дауыс берді, 56 адам қарсы болған, 61-і қалыс қалды.

Еуропарламент мақұлдаған қаржы – бұған дейін "Үлкен жетілік" (G7) елдері келіскен 50 млрд долларға дейінгі несиенің бір бөлігі.

Сейсенбі күні Ұлыбритания G7 елдерінің ортақ несиесі аясында Киевке 3 млрд доллар бөлетінін мәлімдеді.

Украинаға несие бөлу туралы шешім биыл жазда өткен G7 саммитінде қабылданған. Киев оған қару-жарақ сатып алып, соғыс кезінде бүлінген, қираған жерлерін қалпына келтіруге жұмсай алады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 06:04


📹 АҚШ-та 5 қараша күні президент сайлауы өтеді. Үміткерлердің сыртқы саясаттағы ұстанымы әлемдегі көп елдің саясатына, сауда және экономикалық қатынасына әсер етері анық.

Олардың климат өзгеруіне, Украинадағы соғыс пен Ресейге салынған санкцияларға қатысты ұсыныстарының Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға ықпалы қандай болуы мүмкін?

🤝 АҚШ үкіметі Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты C5+1 форматындағы дипломатиялық саммит арқылы нығайтуға тырысып келеді. Обама әкімшілігі кезінен қолданыла бастаған формат жұмысына кейінгі екі президенттен қарсылық болмады. 2023 жылғы басқосуды Байден "тарихи сәт" деп атап, тұрақты түрде кездесуге шақырды әрі келесі жолы Орталық Азиядағы елдердің бірінде жолығуға үндеді. Бұл үрдіс әрі қарай жалғаса ма?

Халықаралық қатынастар мен Еуразиядағы геосаясат туралы жазатын америкалық The Diplomat басылымының шығарушы редакторы Кэтрин Путц Харрис немесе Трамп C5+1 саммиті туралы нақты ештеңе айта қойған жоқ, бірақ бұл платформа "Ақ үйде кім отырса да тиімді формат болды" дейді.

🗣 Харрис президент болып сайланған жағдайда оның Орталық Азия президенттерімен С5+1 форматында кездесуі екіталай деп болжайды Кэтрин Путц. "Бірақ Байден де олармен кездеседі деп күтпеген едім. Ал Орталық Азия елдері бұл платформаны өте ұтымды пайдаланып отыр. Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты – осының айқын мысалы" деді ол.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 04:54


🗣 Түркия өз экспорттаушыларына әскери мақсатта қолданылатын америкалық тауарларды Ресейге тасымалдауға тыйым салды, бірақ оны ресми түрде хабарлаған жоқ

Кейінгі апталарда түрік билігі электронды кеден жүйесіне өзгерістер енгізді. Ұлыбританияның Financial Times басылымы бірнеше дереккөзіне сүйеніп осылай деп жазды.

🇹🇷 Түрік экспорттаушыларына "аса маңызды елу тауар" тізіміндегі америкалық тауарларды Ресейге жеткізуге тыйым салынды. Тізімді АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және Жапонияның әскери мамандары түзген, олар Ресейдің әскери өнеркәсібі алғысы келетін тауарларды анықтаған.

Оған электроника, процессорлар, ракеталар мен дрондарға арналған жад карталары, қашықтан басқару жүйелері, станоктар мен қару-жарақ өндірісіне қажет басқа да жабдықтар кіреді.

🇺🇸 Тамызда АҚШ сауда министрінің көмекшісі Мэтью Аксельрод Анкара мен Стамбұлда түрік шенеуніктерімен және топ-менеджерлерімен кездескен. Аксельрод Түркия өкілдеріне Анкара мұндай тауарларды Ресейге тасымалдауға тосқауыл қоймаса, салдары жаман болады деп ескерткен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

23 Oct, 04:17


💬 Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Светлана Назарбаева 77 жасында қайтыс болды деп хабарлады жергілікті басылымдар

Светлана Назарбаева – бұрынғы президенттің туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың әйелі. Сатыбалды Назарбаев 1981 жылы 34 жасында жол апатынан қайтыс болған. Светлана Назарбаева – Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы.

Марқұм Назарбаева мемлекеттік сатып алу порталында тапсырыс алған "Дәуір" баспасының құрылтайшысы және бас директоры болған.

Азаттық жүргізген "Дубайдағы Қазақстан" зерттеуінде Светлана Назарбаева мен балаларының шетелдегі жылжымайтын мүліктері жайлы деректер анықталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 12:47


🗣 YouTube-тегі "Жұрттың баласы" арнасының авторы Мұрат Даниярды полицияға шақырды

Бұл туралы автордың өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Айтуынша, ол Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өткен референдум алдында "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген.

Сөзінше, әлдекім оның үстінен арыз жазған. Полиция автордың үстінен іс қозғай ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Мұрат Данияр полиция басқармасында "түсініктеме жаздым" деді.

Алматы қаласы полиция департаментінің Азаттыққа айтуынша, Мұрат Данияр "профилактикалық әңгімеден" кейін босатылған. Оның үстінен хаттама толтырылды ма деген сұраққа "ақпарат жоқ" деп жауап берді.

Мұрат Данияр YouTube-тегі арнасында түрлі тақырыпта видео жариялайды. Оның 405 мың жазылушысы бар.

АЭС құрылысы туралы референдум қарсаңында, 3 қазанда Орал қалалық соты жергілікті "Уральская неделя" газеті "сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу ережесін бұзды" деп тауып, басылымға 110 мың теңге айыппұл салды. Газет 30 қыркүйекте YouTube-арнасында және телеграм-арнасында жарияланған, халық арасында АЭС құрылысы мен референдум жөнінде блиц-сауал жүргізгені үшін жауапқа тартылды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 11:20


💬 Оңтүстік Корея Мәскеу мен Пхеньян арасындағы әскери әріптестік артып бара жатқанына байланысты Украинаға қару-жарақ пен мамандар жіберуі мүмкін

Бұл туралы "Ренхап" агенттігі хабарлады. Ресей мен Солтүстік Кореяның әскери саладағы серіктестігі жалғаса берсе, Сеул бұған кезең-кезеңімен шара қолданбақ. Президент кеңсесіндегі шенеуніктің сөзінше, Оңтүстік Корея Украинаға қорғаныс пен шабуылға қару беруі әбден мүмкін.

🇰🇷 Оңтүстік Корея үкіметіндегі дереккөз бұдан бөлек, Украинаға Пхеньян отрядтарын бақылауға әскери сарапшылар жіберу жағы қарастырылып жатыр деп хабарлады. Мамандар Солтүстік Корея сарбаздарының әскери тактикасын талдап, тұтқынға түскендерінен жауап алуға қатысады.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Пхеньян Украинамен соғысып жатқан Ресейге көмекке 12 мың солдат жібермек деп хабарлаған.

🇰🇵 21 қазанда БҰҰ-дағы Солтүстік Корея өкілі мұндай ақпарат "Пхеньян имиджін қаралауға" және екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты бұзуға бағытталған "негізсіз қауесет" деп атады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 10:40


📹 Шығыс Қазақстан облысында тұратын шебер Жанарбек Қазезұлы домбыраның сирек түрін жасайды. Бұл — қосбетті домбыра. Шебердің айтуынша, қазақ халқында мұндай домбыра ежелде болған. Домбыра жасау өнері өшіп барады деген ол шәкіртті тегін оқытуға да дайын. Бірақ бұл өнерге қызығатын бала жоқ дейді ол.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 10:04


💬 Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарап, ол пробация талаптарын бұзған деген шешім шығарды

Судья Қанат Арынов бостандығы шектелген Нұрасыл Болаттың жазасын бас еркіндігінен айыру жазасына ауыстырды. Нұрасыл Болат пробация шартын үш мәрте бұзған деді сот.

Сот шешіміне сәйкес, депутаттың ұлы жазасының қалған мерзімін – 1 жыл, 5 ай және 10 күнді қауіпсіздігі орташа колонияда өтетін болды. Нұрасыл Болат сот залында қамауға алынған.

2024 жылы мамырда сот ерлі-зайыпты заңгерді ұрды деп айыпталған Нұрасыл Болаттың бостандығын 2 жылға шектеген еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 08:47


🗣 Еуроодақ елдері 2025 жылы қаңтарда, Венгрияның Еуропа Одағы кеңесіне төрағалығы аяқталғаннан кейін Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылай бастауды жоспарлап отыр

Бұл туралы дереккөздеріне сүйеніп Politico басылымы хабарлады. Politico сөйлескен дереккөздердің айтуынша, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан санкция жөніндегі келіссөздерді тоқтатуға Будапештің төрағалығын пайдаланған.

🇵🇱 1 қаңтардан бастап Еуропа Одағы кеңесіне Польша төрағалық етеді. Politico басылымының жазуынша, Варшава қазірдің өзінде-ақ Кремльдің маңызды табыс көзі саналатын Ресейдің отын тасымалына бақылауды күшейтуді жоспарлап отырғанын көрсетті.

Польша Еуропа Одағы кеңесіне төрағалығын алған соң Еуроодаққа Ресейден қанша отын тасымалданып жатыр деген мәселеде ашықтыққа қол жеткізгісі келеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 07:05


🔴 24 жастағы қырғыз мигрант Еламан 2023 жылы Ресей түрмесінен әскери қызметке сұранған. Өйткені оған "мерзімінен бұрын босатамыз, көп ақша береміз, 6 ай майданда болсаң, Ресей азаматтығын аласың" деп уәде берген.

Отбасының айтуынша, Еламан Ресейде "есірткі сатқан" деген айыппен түрмеге түскен. Оны бірнеше күн әскери дайындықтан өткізіп, майданға жөнелткен.

Еламанның әкесі Анарқұл қауіпсіздік мақсатында ұлының толық аты-жөнін атамады. Жауынгер келісімшарт аяқталғаннан кейін де жарақатына қарамастан майданда қалуға мәжбүр болған.

🗣 "Балам бірнеше күн ауруханада ес-түссіз жатты. Есін жиған соң, қолы мен басындағы жарақаты жазылмаса да қайтадан соғысқа жіберді" деді Анарқұл.

"Олар тірі қалған, қолы мылтық атуға жарайтын адамның бәрін соғысқа жібере береді" деді ол.

Еламан – Ресейде түрмеде отырып, соғысқа тартылған мыңдаған тұтқынның бірі. Мәскеу соғыста сарқылған күшін толтырып, әскер қатарын мобилизациясыз жаңартуға барын салып жатыр.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 06:25


📹 Алматы облысындағы уақытша ұстау изоляторынан "Зорлау" бабы бойынша күдікке ілінген ер адам қашып кетті

Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады. 22 қазанда күдіктіге іздеу жарияланды.

Осы жағдайға байланысты облыста "Дабыл" жоспары енгізілген. Полиция басты жолдарға блокбекеттер қойған. Қамауда отырған күдікті изолятордан қалай қашып кеткенін анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілмек.

Желіде тараған суреттегі ақпаратқа сәйкес, күдікті 21 қазан кешкі жетіде Талғар ауданындағы уақытша ұстау изоляторынан қашып шыққан. Instagram-дағы Kris_p_talgar парақшасы 22 қазанға қараған түні облыстағы Талғар тасжолында полиция қызметкерлері көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр деген видео жариялады.

4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында бір топ адаммен жанжалдан 16 жастағы Шерзат Полат мерт болғаннан кейін, қара жамылған отбасының үйі өртенген соң полиция ауданда күзетті күшейткен еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 06:06


💬 Сербия президенті Александр Вучич Ресейдің Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне Белград атынан вице-премьер қатысады деп хабарлады

Өйткені 23 қазанда Сербияға Польша премьер-министрі Дональд Туск сапармен бармақшы.

🇷🇸 Вучичтің сөзінше, ол жақында Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлескенде "белгілі бір жағдайларға" байланысты қалай болғанда да саммитке баруы екіталай екенін айтқан.

Сербия Ресейге қарсы "бірде-бір декларацияға қосылмаған Еуропадағы жалғыз ел" деп мәлімдеген Вучич.

🇦🇲 21 қазанда "Европейская правда" сайты Армения БРИКС ұйымына қосылуды әзірге қарастырып отырған жоқ деп хабарлады. Сайттың жазуынша, бұл туралы Армения премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян айтқан. News.am мәліметінше, Григорян Армения 22-24 қазанда Ресейде өтетін БРИКС саммитіне қатысады деп мәлімдеген, бірақ Ереван бұл жолы ұйымға мүше болу мәселесін талқыламайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 05:31


🗣 Суданда жүк таситын Ил-76 ұшағын атып түсірілді, жергілікті арналардың мәліметінше, ұшақта ресейліктер болған

Ақпарат құралдары ұшақта болған Airline Transport Incorparation FZC компаниясының бас инженері Виктор Гранов қаза тапқан деп жазды. Онымен бірге ұшақта тағы бірнеше адам болды деген болжам бар.

Судандағы Ресей елшілігі бұл ақпаратты әзірге растаған да жоқ, теріске де шығармады. Елшілік өкілдері ұшақ қақтығыс болып жатқан Дарфур аймағында құлады, бұл мәселе жағдайды анықтауды қиындатып отыр деді.

Ел ішіндегі шайқастар туралы мәлімет беретін Sudan War Monitor жобасы Ил-76 ұшағын судандық "Жедел әрекет ету күштері" (Rapid Support Forces) қарулы тобының жауынгерлері қателесіп атып түсірді деп мәлімдеді, ақпаратқа қарағанда, ұшақтағы жүк RSF-тің өзіне арналған болуы мүмкін.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 04:50


📹 Ресей Донбасстағы Покровск қаласына шабуылды үдетіп жатыр. Қазір Украина осы аудандағы Курахово қаласының тұрғындарын эвакуациялауға көшті. Бұған қоса, "Солтүстік Корея солдаттары Ресейде жүр" деген видеолар жариялана бастады.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 04:35


💬 Израиль армиясы (ЦАХАЛ) 21 қазан кешке Ливанда "Хезболла" радикал тобының ақшасы сақталған бункерді тапқанын хабарлады

ЦАХАЛ пресс-атташесі Даниэль Хагаридің айтуынша, бункер Бейруттегі әл-Сахел ауруханасы ғимаратының астында орналасқан. Онда "Хезболла" қазынасының негізгі бөлігі – бірнеше жүз миллион доллар қолма-қол ақша, алтын құймалар сақталған болуы мүмкін. Осы хабардан кейін ауруханадан пациенттер мен қызметкерлер эвакуацияланды.

🔸 Хагари "Хезболла" бейбіт мақсаттарға арналған ақшаны иемденіп, аурухана сияқты қаладағы бейбіт нысандар астына бункерлерін орналастырып жатыр деп, Ливан үкіметі мен халықаралық ұйымдарды бұған қарсы тұруға шақырды.

🔸 "Хезболла" өкілдері Израиль мәлімдемесі шындыққа жанаспайды деп, Ливан үкіметінің армиясына аурухана астында қойма жоқ екеніне көз жеткізу үшін ол жерді тексеруді ұсынды.

Израиль армиясы Ливандағы операциясы кезінде "Хезболланың" зымыран арсеналының шамамен 70 пайызын жойып, екі мыңға жуық сарбазын өлтірдік деп есептеп отыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

22 Oct, 03:49


🗣 Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Георгий Зиновьевті шақырып, Солтүстік Корея сарбаздары Украинамен соғысу мақсатында Ресейге жіберілген болуы мүмкін деген ақпаратқа байланысты "өкініш" білдірді

🇰🇷 21 қазанда Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлігі жариялаған мәлімдемеде Сеул "Солтүстік Корея әскерін Ресейден дереу шығарып, мұндай кез келген әріптестікті тоқтатуды" талап еткен.

Ресей елшісімен Оңтүстік Корея сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ким Хон Гюн әңгімелескен. Зиновьев кездесу болғанын растады, бірақ оның жай-жапсарын айтқысы келмеді.

Кейін Оңтүстік Кореядағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметі Ресей елшісі Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің пікірін тыңдап, Мәскеу мен Пхеньян әріптестігі Сеулдің қауіпсіздігіне бағытталмағанын айтты деп хабарлады.

🇷🇺🇰🇵 18 қазанда Оңтүстік Кореяның барлау қызметі КХДР Украинамен соғысып жатқан Ресейді қолдау үшін оған 12 мың әскер жіберуді ұйғарған деп хабарлаған. Мәскеу мен Пхеньян Солтүстік Корея сарбаздары Украинадағы соғысқа бару үшін дайындықтан өтіп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Oct, 13:00


💬 Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма суқоймасында салынған елдегі ең ұзын көпір ашылды

Халық су айдыны үстінен осы көпірдің салынуын көп жыл күтті. Өңірдегі бірнеше ауданда тұратын ондаған мың адам өзге қалаларға қатынау үшін Бұқтырманы айналып өтуге немесе ескі пароммен жүруге мәжбүр еді.

🔸Көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырады. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінен күніне 80 мыңға дейін көлік өте алады. Көпірге апаратын 18 шақырым жаңа жол төселген.

Бұқтырма суқоймасындағы көпірді ашу салтанатына премьер-министр Олжас Бектенов қатысқан. Облыс тұрғындарымен кездескен Бектенов бұл жобаны іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді және елдегі көлік-логистика саласының дамуына оң әсер етеді деп мәлімдеген.

🔸 Бұқтырма суқоймасында салынған көпір құны 2023 жылы екі есе қымбаттап, 60 млрд теңгеден асқан. Былтыр Азаттық көпірді салып жатқан компанияға иелік етіп отырған екі кәсіпкер мен облыстың сол кездегі әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғат Ахметов бизнес-серіктес болғанын анықтаған.

Әкімдік көпір құрылысы қымбаттауына "көпірге апаратын 17 шақырым жол құрылысының қосылуы мен нарықтағы бағаның өсуі себеп" деп жауап берген еді.

🔸 Суқоймасына көпір салынатыны Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында айтылған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Oct, 11:06


📹 Марқұм сарбаз Досымжан Сәлімжан ісі бойынша батальон командирі Жанбота Шәкіровке "билігін асыра пайдаланды" деген айып тағылған. Ол тағылған айыпты жоққа шығарды. Командирдің әкесі "іс ойдан құрастырылған" деп есептейді.

🗣 "Жалғыз менің баламды ғана кінәлап отыр. Басқа ештеңе жоқ. [Қол көтергеніне] сенбеймін, мен баламды олай тәрбиелеген жоқпын, қол көтерсін деп. Ол өзі абыройлы болған бала. Осының бәрі құралған ертегі, [марқұм сарбаздың] анасы [ойдан] құрап алған" деді айыпталушының әкесі Айтбай Шәкірұлы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Oct, 10:51


📹 Жетісу облысы Сарыөзек кентіндегі №29108 әскери бөлімде борышын өтеп жүріп "таяқ жегенін" айтқан, кейін госпитальде көз жұмған сарбаз Досымжан Сәлімжанның соты жалғасып жатыр

Үй ішінің сөзінше, сарбаз олардан жиі ақша сұраған. Жақындары жарты жыл ішінде оған жиыны 300 мың теңгеге жуық ақша салған. Анасының сөзінше, кейде ол ақшаны әскери бөлімге А4 қағазын сатып алуға жұмсайтынын айтқан.

Сарбаздың туыстары қазір істі болып жатқан командирдің де шотына бірнеше рет ақша аударған. Командир "ол ақшаны сарбаздың өзіне бердім" деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Oct, 10:23


💬 Қызылорда облысындағы дихандар биыл 55 мың гектар күріш алқабына су үнемдейтін технология қолданғаннан кейін 200 млн текше метрге жуық су артылып қалды. Оның бәрі Арал теңізіне жіберілді

Бұл туралы 21 қазанда су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, биыл суару маусымында Арал теңізіне шамамен 1 млрд текше метр су құйылған, 2023 жылғымен салыстырғанда су 3 есе көп жіберілген.

🗣 "Жыл басынан бері Кіші Аралға (Солтүстік Арал теңізі деп те айтылады – ред.) шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті" деп хабарлады су ресурстары министрлігі.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, министрлік шаруалардың су үнемдейтін технологиялар енгізуге жұмсаған шығындарына байланысты субсидия көлемін 50 пайыздан 80 пайызға дейін өсірген. Министр алдағы үш жылда осындай технологияларың көмегімен егістікке су пайдаланатын шаруа қожалықтарына субсидия көлемі 50 пайыздан 85 пайызға дейін өседі деп мәлімдеді. Қызылорда облысында 84 мың гектар күріш алқабы бар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Oct, 09:15


🗣 Ердоған жау санаған Фетхулла Гүлен қайтыс болды

Түрік жазушысы әрі қоғам қайраткері, бұрынғы имам Фетхулла Гүлен өмірден өтті деп хабарлады оның ізбасарлары. Гүлен кейінгі 25 жылдан бері АҚШ-та тұрған.

Фетхулла Гүлен 20 қазанда Пенсильваниядағы клиникада қайтыс болған деп жазды Herkul порталы.

83 жастағы Гүленнің қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның туысы Эбуселеме Гүлен растады деп хабарлады CNN Türk телеарнасы. Ақпаратқа қарағанда, Гүлен бірнеше жыл созылмалы дертпен ауырған.

Ресми Анкара Гүлен мен оның жақтастарын Түркияда әскери төңкеріс жасамақшы болды деп айыптады. Түркия билігі Гүленнің қозғалысын "террористік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Oct, 08:00


💬 Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтетін болды

Алдын ала мәліметтер бойынша, онда қазіргі президент пен бұрынғы бас прокурор бәсекеге түседі.

🗳 Сайлаумен қоса елдің Еуропа Одағына қосылу мәселесі жайлы референдум өтті.

Дүйсенбі күні таңертең референдумға дауыс беру қорытындысы туралы хаттамалардың 98,29 пайызға жуығы саналып бітті. Ондағы мәліметтер бойынша, дауыс беруге қатысқан Молдова азаматтары арасында елдің Еуропа Одағына қосылуына қарсылар мен Еуроодаққа кіруді қолдаушылар саны бірдей болып тұр.

Оған дейін референдум бюллетеньдерінің 90 пайыздайы саналғаннан кейін жарияланған алдын ала мәліметтегі көрсеткіш бұдан айтарлықтай өзгеше еді. Яғни, онда Еуроодаққа қосылуға қарсы дауыс бергендер үлесі анағұрлым көп болатын.

Мұның себебі кейінгі алынған хаттамалар шетелдегі дауыс беру учаскелерінен келумен байланысты деп түсіндірді ОСК. Шетелде, әсіресе Еуропада тұрып жатқан Молдова азаматтарының басым көпшілігі Еуроодаққа қосылуды жақтаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Oct, 07:17


🗣 Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва 22-24 қазанда Ресейдің Қазан қаласында өткелі отырған БРИКС саммитіне бармайды

🇧🇷 BBC агенттігінің жазуынша, ол саммитке онлайн қатысады. Бразилия президентінің аппараты Лула да Силва резиденциясында құлап, желке тұсын ауыртып алды деп хабарлады.

Аурухана берді деген анықтамада 78 жастағы президент өз міндетін орындай алады деп жазылған, алайда алыс жаққа ұшуды уақытша қоя тұруды ұсынған.

🇷🇺 18 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Бразилияда қарашада өтетін G20 саммитіне бармайтынын растаған. Бразилия – Путинді тұтқындауға ордер берген Халықаралық қылмыстық сотқа мүше ел, Ресей президенті өзі қабылдаған шешімге бұл ордер себеп емес деп мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Oct, 05:38


💬 Грузия астанасының орталығындағы Еркіндік алаңында 20 қазан, жексенбі күні оппозициялық партиялардың жақтастары митинг өткізді

Ақпарат құралдарының мәліметінше, 20 қазандағы митингіге 50 мыңға жуық адам қатысқан. Онда "Грузия Еуроодақты таңдайды" деген ұран айтылды.

🇬🇪 Алдын ала келісімге сәйкес, оппозиция лидерлері митингіге қатысқан жоқ, сөз кезегі белгілі қоғам қайраткерлеріне, әншілер мен ақындарға берілді. Олар халықты 26 қазанда өткелі отырған парламент сайлауында биліктегі "Грузин арманы" партиясын алмастыру үшін төрт оппозициялық партияның бірін қолдап дауыс беруге шақырды.

Еркіндік алаңында митингіге шыққандар алдында ел президенті Саломе Зурабишвили сөз сөйледі. Ол мыңдаған адам қатысқан сайлауалды митингіні ұмытылмас тарихи оқиға деп атады.

🇲🇩🇺🇦 Зурабишвили Молдова президенті Майя Сандуға "Молдованың Еуропадағы болашағы жөнінде референдумда жеңіс" тілеп, Украина президенті Владимир Зеленскийге алғыс білдірді. Грузия президентінің сөзінше, Украина ғана емес, Грузия да Еуропадағы болашағы үшін күресіп жатыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Oct, 05:11


🗣 Ресей тұтқында өлген журналист Виктория Рощинаның сүйегін Украинаға әлі берген жоқ

Бұл туралы әскери тұтқындар жөніндегі Украина штабының өкілі Петр Яценко хабарлады. Марқұмның әкесі Ресей қорғаныс министрлігінен алған хатта журналист 19 қыркүйекте қаза болған, оның сүйегі Украинаға "тұтқындар мәйіті алмасқан кезде" беріледі деп жазылған. Киев пен Мәскеу 18 қазанда қаза тапқан сарбаздарының сүйегін алмасқан.

Журналист Виктория Рощина Ресей Украинаға басып кіргелі бері хабар таратып жүрген, Азаттықтың Украин қызметімен жұмыс істеген.

🇷🇺 Былтыр тамызда ол Ресей армиясы басып алған Запорожье облысы аумағының бір бөлігінде тұтқынға түскен.

Рощинаның неден өлгені белгісіз. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, журналист биыл мамырдан қыркүйекке дейін Ресейдің Таганрог қаласындағы №2 тергеу изоляторында жалғыз адамдық камерада отырған. Осы изоляторда тұтқында болған, кейін еліне оралған Украина азаматтары қамауда отырғанда үнемі азапталғанын айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

21 Oct, 04:12


💬 Молдовадағы президент сайлауында бюллетендердің 87 пайыздан астамы саналғаннан кейінгі алдын ала мәліметтер бойынша, қазіргі президент Майя Санду алда келеді. Сайлауда дауыс берген азаматтардың 37 пайыздан астамы Сандуға қолдау танытқан

Екінші орында – елдің бұрынғы бас прокуроры Александр Стояногло. Оған сайлаушылардың 29 пайызы дауыс берді. Үшінші орындағы Бельцы қаласының бұрынғы мэрі Ренато Усатый 14 пайыздан аз дауыс жиған.

🗳 Осы жолы президент сайлауымен бірге өткен Молдованың Еуропа одағына қосылу мәселесі жөніндегі референдум бюллетендерінің 88 пайызға жуығы саналды. Ел азаматтарының 46 пайызы Еуроодаққа қосылуды қолдаған, шамамен 54 пайызы қарсы дауыс берген.

Сайлау мен референдумға дауыс беруге 1,5 миллионнан астам адам, яғни тізімдегі сайлаушылардың 50 пайыздан көбі қатысқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

20 Oct, 12:25


АҚШ Израильдің жоспары жайлы құпия құжаттар қалай тарап кеткенін тексеріп жатыр

Бұл туралы АҚШ әкімшілігіндегі дереккөздерге сүйеніп, Associated Press агенттігі мен CNN хабарлады.

Бұл тексеруге АҚШ барлау қауымдастығының екі мекемесінің өте құпия құжаттарының тарап кетуі себеп болды. Құжаттардың бірін Ұлттық геокеңістіктік барлау агенттігі жасаған деп көрсетілген, онда Израиль Иранға жасауы ықтимал шабуыл алдында әскери техниканы көшіріп жатқаны айтылған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

20 Oct, 09:09


Ресейдегі Дзержинск қаласындағы әскери зауытқа дрондар шабуылдады

Жергілікті тұрғындар зауыт орналасқан өнеркәсіп аймағында жарылыстар болды деп хабарлады. Нижний Новгород облысының губернаторы Глеб Никитин әуе қорғанысы құралдары дрондар шабуылын тойтарды, оқиға барысында өрт сөндіру бөлімінің төрт қызметкері жараланды деп жазды телеграм-арнасында.

Ресейдің қорғаныс министрлігі бір түнде 110 дрон атып түсірілді, оның 43-і Курск облысының, 27-сі Липецк облысының, 18-і Орел облысының, сегізі Нижний Новгород өңірінің, алтауы Брянск облысының және біреуі Мәскеу облысы аумағына құлады деп мәлімдеді.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

20 Oct, 08:00


Кремльдің 2024 жылы сайлауларға араласқанда қолданатын бес амалы

Шығыс Еуропада қазір сайлау науқаны қызып тұрған шақ. Кремль Украинадағы соғысқа малтықса да, осы сайлауды өз пайдасына бұрып әкетуге жанталасып жатыр. Мәскеу мен оны қолпаштайтын популистік одақтастары жеңіске жету үшін қандай әдіс-амалға жүгінеді?

🔗ОҚУ

Azattyq - Азаттық

20 Oct, 07:07


Молдовада президент сайлауы мен Еуропа одағына қосылу жөнінде референдум өтіп жатыр

Президенттікке 11 саясаткер, оның ішінде қазіргі президент Майя Санду да түсіп жатыр.

Сандумен бірге сайлаудың екінші турына елдің бұрынғы бас прокуроры Александр Стояногло шығуы мүмкін деген болжамайтады сарапшылар. Стояноглоны оппозициялық Социалистік партия қолдайды. Партия жетекшісі, Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон бұл сайлауға түскен жоқ, ол жақтастарының барлығын Стояноглоға дауыс беруге шақырды. Алайда социалистер өз кандидатын қолдауға басқа ешбір партияны көндіре алмады.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

20 Oct, 06:07


CNN: ХАМАС басшысы Синвардың сүйегін Газада кепілде ұстап отырғандарға айырбастауы мүмкін

CNN сөйлескен дереккөздер егер ХАМАС тобы Синвардың сүйегін алғысы келсе, оның жалғыз жолы – кепілде ұстап отырған адамдарды қайтару деген. Израиль осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын оның аумағына басып кірген ХАМАС тобы тұтқындап, Газа секторына алып кеткен адамдарды қайтарып алуға палестиналықтарды қалай мәжбүр етуге болатынын ойластырып жатыр. CNN дереккөздері Синвардың сүйегін қайтару мәселесі ХАМАС мүшелерін біріктіріп, ортақ шешімге келуіне себеп болуы мүмкін деген.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

20 Oct, 03:58


Le Monde: АҚШ Украинаны НАТО құрамына шақыруға енді қарсы емес

Басылым дереккөздерінің айтуынша, АҚШ президенті Джо Байден егер өз еліндегі биылғы президент сайлауында Демократиялық партия кандидаты әрі қазіргі вице-президент Камала Харрис жеңіске жетсе, онда өтпелі кезеңде Украинаны НАТО қатарына шақыру процесін бастауы мүмкін. Ал егер республикашыл кандидат әрі бұрынғы президент Дональд Трамп жеңген жағдайда "Байденнің болмашы бастамасының өзі жағдайды нашарлатуы мүмкін" деген Le Monde дереккөзі.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

19 Oct, 12:11


«Әйелдің дауысы – әурет». Талибан әйелдерінің хақын қалай шектеп жатыр?

Ауған әйелінің көшеге жалғыз шығуына, білім алуына, спортпен айналысуына, кеңседе жұмыс істеуіне құқығы жоқ. Енді олар көшеде сөйлей де алмайды. Ауғанстандағы билікке «Талибан» (Әлемнің біраз елінде террористік ұйым деп танылған) келгелі бұл елдегі әйелдердің өмірі қапаста өтіп жатыр.

🔗Көру

Azattyq - Азаттық

19 Oct, 11:30


Алматы облысында полиция басқармасының бірқатар басшылары қызметтен кетті

Мейрам Әбікеев Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл жөнінде polisia.kz сайты хабарлады. Әбікеев бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Аймақтың бұрынғы басшысы Бауыржан Әленовті президент Қасым-Жомат Тоқаев 7 қазанда ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындаған еді.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды.

Сенбі күні облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары – Серік Шалқаров, Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Кунтунов, департаментке қарасты экстремизммен күрес басқармасының бастығы Ұлан Байтақов, криминалды полиция басқармасының жетекшісі Руслан Смағұлов, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жетекшісі Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров қызметтен босатылғаны белгілі болды.

Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметіне Бағдат Әшім тайындалған.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

19 Oct, 08:47


Түркия "Түркістан" ұғымын неге қолдана бастады? Қазақстанның БРИКС-тен бас тартуының "сыры" | Баспасөз шолуы

Батыс басылымдары бұл аптада бюджетті жамау үшін Ұлттық қор ақшасын жұмсай берудің экономика үшін салдары мен қаупі қандай екенін сараптады. Сонымен қатар Түркия мектеп бағдарламасында Орталық Азия атауын не себепті «Түркістанға» ауыстырғанын талдады. Одан бөлек Қазақстан БРИКС ұйымына кіруге өтініш бермейтінін жазды.

🔗Оқу

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

19 Oct, 06:51


Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме? | Азаттық толқынында

1990 жылы билік басылымында жарияланған Өзбекәлі Жәнібековтің мақаласы не үшін Азаттықтың назар аударды? Осы мақалаға шолу жасаған Азаттық хабарында не айтылған?

🎧Азаттық сайты
🎧
Youtube
🎧
Apple podcasts

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

19 Oct, 04:48


Өзбекстан ешқандай әскери құрылымға мүше болмайды, ал Еуразия экономика одағында (ЕАЭО) бақылаушы мемлекет статусында қалады.

Ташкенттегі халықаралық бастамалар апталығының ашылуы кезінде өзбек парламентінің вице-спикері Акмаль Саидов осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінен Ferghana сайты үзінді келтіреді.

Басылымның жазуынша, “Өзбекстан өзге елдермен тығыз қарым-қатынас жасау үшін егемендігін шектеуге келісе ме?” деген сұраққа Саидов “жоқ” деп жауап берген.

t.me/azattyq

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 12:42


🗣 Түркістан соты биыл көктемде Зағамбар ауылындағы тәртіпсіздікке "себеп болған" 10-сынып оқушысын Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабымен кінәлі деп танып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды

Сот үкімі 24 қыркүйекте шыққан. Алайда үкім жөнінде ақпарат Азаттыққа бүгін жетті.

Облыстық соттың Азаттыққа хабарлауынша, сотталушы кінәсін ішінара мойындаған.

🔸 Сотталушы Зағамбар ауылындағы аралас мектептегі "9-сыныпта оқитын оқушы қызды зорлады" деген күдікке ілінген еді. Жәбірленуші мен сотталушының кәмелет жасқа толмағаны және істің "Зорлау" бабымен қаралғанына байланысты сот жабық өткен.

🔸 Сот хабарламасына қарағанда, "сотталушы мен жәбірленуші кездесіп жүргенде жігіт қыздан жалаңаш түскен суреттерін жіберуді сұраған. 2023 жылғы қазанда қыздың қарсылығына қарамай, еркінен тыс бірнеше рет зорлаған".

Сотталушы және жәбірленуші тараптан сот үкіміне байланысты пікір алу мүмкін болмады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 12:26


💬 Журналист Данияр Әділбеков 4,5 жылға сотталды

Оған "Көрінеу жалған сөз жеткізу", "Көрінеу жалған ақпарат тарату" баптары бойынша айып тағылған.

Қылмыстық іске журналистің телеграм-арнасындағы жазбалары түрткі болған. Онда мұнайды алып сатумен айналысатын Vitol компаниясы энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтің әкімшілік тетіктерін пайдаланып жатыр деп көрсетілген. Шенеуніктің өзі мұны жоққа шығарған.

Әділбековке телеграм-арнада Астана әуежайының басқарма төрағасы Юсуф Альжавдер мен "Ел медиа" бас редакторы Гүлжан Ерғалиева туралы ақпарат жариялағаны үшін "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген айып тағылған.

Журналист өзіне тағылған айыптарға келіспеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 12:11


💬 Алматы облысының полициясы Шерзат Полат ісі бойынша 17 қазанда тағы бір күдіктіні ұстағанын хабарлады

Полиция қазір оқиғаның жай-жапсарын анықтауға тергеу жүріп жатыр, оның барысы ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бақылауында деді.

Бұған дейін 16 жастағы Шерзаттың өліміне байланысты 10 адам ұсталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 11:40


🗣 Қазақстан бас прокуроры Берік Асылов Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекмановты қызметінен босатты

Бас прокуратура бұған қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктер негіз болғанын айтты. Алайда қандай "кемшіліктер" екенін ашып жазбаған.

Бұл – Алматы облысы Талғар ауданында бір топ адаммен жанжалдан мерт болған Шерзат Полаттың қазасынан кейін құқық қорғау орган жетекшілері арасындағы тағы бір кадрлық ауыс-түйіс. Бүгін таңертең ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев қызметінен босатылған. Жасөспірімнің өлімі қоғамда резонанс тудырған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 11:29


🗣 Оңтүстік Кореяның барлау қызметі: Солтүстік Корея Украинадағы соғысқа қатысатын сарбаздарының алғашқы легін Ресейге жіберген, ал зымыран ататын офицерлері қазір соғыста жүр

🇰🇷 Оңтүстік Корея барлау қызметіне сүйенген халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Солтүстік Кореяның 1500 сарбазы қазір Қиыр Шығыстағы полигондарда жаттығып жатыр, сол жақтан Украинаға жіберілмек.

Оңтүстік Корея барлау қызметінің мәліметінше, Солтүстік Корея сарбаздарына ресейлік әскери форма мен жалған құжат берілген.

🇷🇺 Кремль Оңтүстік Корея барлау қызметінің деректерін жоққа шығарған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 10:53


🔴 Тоқаев "Ресей жеңілмейді" деп тағы айтты. Тарихта қалай болған еді?

🔺 1856 жылы Ресей империясы Қырым соғысында жеңілді.

19-ғасырдың ортасында бірінші Николай патша Константинопольді жаулап алуды және Қара теңіз бен Жерорта теңізіндегі стратегиялық маңызы бар бұғаздарға қол жеткізуді көздеп, күш-қуаты әлсіреген Осман империясына қарсы соғыс бастады. Бірақ ол бұл соғыста Ресейге өнеркәсібі дамыған Британия мен Франция біріккен коалициямен қарсы шайқасуға тура келетінін ескермеді.

🔺 20-ғасырдың басында Ресей Жапониямен соғыста жеңілді.

Жапонияны оңай жеңемін деп ойлаған Ресей бұл соғыста бүкіл әскери флотынан айырылды.

🔺 Совет-фин соғысында СССР формалды түрде жеңіске жетсе де, көп шығынға ұшырады.

Совет билігі соғысты 21 желтоқсанға, яғни Иосиф Сталиннің 60 жылдық мерейтойына дейін аяқтап, жеңіске оңай жетеміз деп ойлады. Бірақ фин халқы мен мемлекеті ерлік пен жанкештілік танытып, басқыншыларға қарсы күресті. Соғыс 1940 жылдың науырызына дейін созылды.

🔺 Совет билігі Ауғанстандағы соғыста да жеңіліс тапты.

Совет Одағы көксеген мақсатына жете алмады — Ауғанстанда оның айтқанынан шықпайтын тұрақты билік орнату талпынысы сәтсіз болды. Халықаралық қауымдастықтың қысымымен 1989 жылы Мәскеу Ауғанстаннан совет әскерін шығарды. Ресми мәлімет бойынша, Совет Одағы бұл соғыста 15 мыңнан астам адамынан айырылды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 10:27


🗣 Ресей Қазақстаннан көкөніс пен қауын әкелуге тыйым салды. Соның алдында Астана БРИКС ұйымына мүше болуға асықпайтынын айтқан

Ресей Қазақстаннан қызанақ, бұрыш, қауын, жасымық тасымалдауға тыйым салу "фитосанитария қауіпсіздігімен" байланысты деп түсіндірді. Бұл шешімді 17 қазанда Ресейдің ветеринария мен фитосанитария жөніндегі бақылау қызметі (Россельхознадзор) хабарлады.

🦠 Россельхознадзордың мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері жоғарыда аталған Қазақстан өнімдерінен түрлі жәндік, ауру қоздыратын микроорганизм мен паразит 2023 жылғымен салыстырғанда төрт есе көп табылған.

Ресей тарабының түсіндіруінше, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты агроөнеркәсіп кешені бұл мәселеден хабардар, оларға Еуразия экономика одағы заңнамасы талаптарын сақтау бойынша өтініш жіберілген. Соған қарамастан Қазақстанда бұзылған өнімге сертификат беру жалғасқан деді олар. Ведомство Қазақстан ауру қоздыратын микроорганизмдерді анықтау фактілері бойынша тергеу қорытындысын ұсынбады деп мәлімдеді.

🇰🇿 Жақында Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Астана таяу арада БРИКС ұйымына мүше болуға өтініш бермейді деп айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 09:53


💬 Украина дрондары 9 қазанға қараған түні шабуыл жасаған Ресейдің Брянск облысындағы оқ-дәрі қоймасының спутниктен түсірілген жаңа суреті пайда болды

Суреттен арсенал аумағындағы екі ғимараттың толық қирағаны байқалады. Бұған дейін Украина сарбаздары Карачевте әуе бомбалары мен Солтүстік Кореядан жеткен артиллерия снарядтары сақталған қоймаларды жойдық деп айтқан еді. Бұл нысан Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты бас зымыран-артиллерия басқармасындағы 67-арсенал деп аталады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 07:48


🔴 Өткен аптада Қырғызстанда журналист Болот Теміровтің әйелі мен әріптесі көп жылға бас еркіндігінен айырылды. Теміров – елден қуылған зерттеуші журналист.

🗣 "Осы айдың басында үкімет мені өлтіру үшін қастандық ұйымдастырып жатыр деген ақпарат алдым. Ол кезде бұған аса мән бермеп едім. Биліктің не нәрсеге де баратыны енді белгілі болды" деді журналист.

Журналистерге үкім шығардан бір апта бұрын президент Жапаров өзін қорғауға көшті.

Жапаров негізгі серіктесі, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет басшысы Қамшыбек Ташиевтің ұлының Қырғызстандағы бірінші ақылы жолдың құрылысына қатысуын ақтап алуға тырысты.

🔍 Temirov LIVE жобасы Ташиевтің ұлы ақылы жол құрылысында екі компанияны пайдаланып, түпкі бенефициар болып отырғанын әшкерелемегенде, Жапаров бұл тақырыпты мүлде қозғамас еді.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 07:20


💬 Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Станислав Черчесовтің қалжыңы төңірегіндегі "жағдайды өршітпеуге" үндеді

🗣 "Әрине, Станислав Черчесовтің "француз тілі" туралы қалжыңы орынсыз. Мұны Қазақстан футбол федерациясы да, бас бапкердің өзі де жақсы түсініп отыр. Алайда Черчесовтің міндеті – құраманы жаңа деңгейге шығару. Ендеше оған ең алдымен кәсіби қызметіне қарап баға беруге шақырамын" деді министр Facebook-парақшасында.

"Біз қашаннан қонақжай, дархан мінезді, кешірімді елміз. Бізді мықты ел ететін де осы қасиеттер. Сондықтан мәселені одан әрі өршіте бермей, халқымызға тән кеңпейілдік танытқанымыз абзал. Кез келген даулы мәселені ақыл-парасатпен шешетін толерантты, өркениетті, яғни дана қоғам екенімізді көрсете білейік" деді Мырзабосынов.

⚽️ 16 қазанда футбол федерациясы қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске "французша сөйлеп тұрсың ба?" деген сөзі үшін құрама бапкері, ресейлік маман Станислав Черчесовке айыппұл салған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 07:01


🗣 Палестина аумағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының директоры Антуан Ренар Газа секторында 1,5 аптаға жететіндей ғана азық-түлік қоры қалды деп ескертті. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады

Оның сөзінше, кейінгі шабуылдар мен шектеулер аумаққа азық-түлік жеткізуге кедергі келтіріп отыр.

Газаның 400 мыңға жуық тұрғынына азық-түлік жетпей жатыр деді Ренар. Жергілікті тұрғындардың басылымға айтуынша, соғыс басталғалы бері азық-түлік мәселесі дәл қазіргідей ушықпаған.

🇮🇱 Израиль Газаға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген 50 жүк көлігі жеткенін хабарлап, шектеу жоқ деді.

🇺🇸 Бұған дейін АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин мен мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Израиль билігін күн сайын гуманитарлық көмек тиелген 350 жүк көлігін кіргізіп, өткізу пункттерін көбейтуге шақырған. Вашингтон шарт 30 күн ішінде орындалмаса, АҚШ-тың Израильге көмегі қысқаруы мүмкін деп ескерткен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 05:58


🗣 Душанбе соты тәжік оппозициясының екі белсендісіне үкім шығарды: "24 тобы" қозғалысының жетекшісі Сухроб Зафарды – 30 жылға, оның жақтасы Нәсімжан Шәріповті 20 жылға бостандығынан айырды

Сот үкімін 10 қазанда Душанбедегі тергеу изоляторының бірінде жабық есік жағдайында оқыған.

🇹🇯 Ресми органдар ақпаратты растамады, жоққа да шығармады. 17 қазанда жағдаймен таныс екі дереккөз Азаттықтың Тәжік қызметіне (Радио Озоди) "судья екеуіне де мемлекеттік айыптаушы сұраған жаза кесті" деп хабарлады.

Тәжікстанда 30 жылға еркіндігінен айыру ең ауыр жаза саналады. Қылмыстық кодексте одан кейін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тұр.

🗣 "Екеуі де соттағы соңғы сөзінде осы жолды таңдағанына өкінбейтінін айтты. Сухроб Зафар ешқашан ешкімнен пара алмағанын, біреудің меншігін иемденбегенін, ешкімді өлтірмегенін және өкінетіндей ештеңе істемегенін мәлімдеді. Ол өз халқына опасыздық жасамағанын және "24 тобы" террористік немесе экстремистік ұйым емес екенін айтты" деді Радио Озоди сөйлескен дереккөз.

Үкімнің жай-жапсары белгісіз. Бұған дейін "24 тобы" қозғалысының өкілдері Сухроб Зафар мен Нәсімжан Шәріповке "интернетті пайдаланып, елдің конституциялық құрылымын күштеп өзгертуге шақырды" деген айып тағылды, бұл айыптау "негізсіз" деп мәлімдеген.

🇹🇷 Оппозиция белсенділері бірнеше жылдан бері Стамбулда (Түркия) тұрып, сонда жұмыс істеген. Бірі биыл – ақпанда, екіншісі наурызда жұмбақ жағдайда жоғалып кетті.

Жарты жылдан кейін, 9 тамызда Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон журналистер сұрағына жауап бергенде, Тәжікстанда тыйым салынған "24 тобы" қозғалысының жетекшісі Сухроб Зафар мен оның жақтасы Нәсімжан Шәріпов Душанбеде екенін, олардың үстінен тергеу жүріп жатқанын айтқан. Прокурор Рахмон оларға қандай айып тағылғанын, белсенділердің Тәжікстанға қалай келгенін айтпады. "24 тобы" мұны "адам ұрлау" деп атаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Azattyq - Азаттық

18 Oct, 04:55


💬 Германия үкіметі 17 қазанда Украинаға жеткізетін әскери техника тізімін жаңартты

Жаңа тізімде Берлин Киевке AIM-9L Sidewinder ракеталарын, соққы жасайтын төрт мың дрон (моделі белгісіз), 361 дана барлау жүргізетін Songbird дроны, сондай-ақ автоматты зеңбіректерге арналған екі TRML-4D радары мен 42 мың дана калибрі 40 мм снаряд (немістің Gepard зенит қондырғысына арналған болуы мүмкін) жөнелтуге дайындап жатқанын хабарлады.

🛩 BBC агенттігінің жазуынша, AIM-9L Sidewinder ракеталары – F-16 жойғыш ұшақтарына арналған стандарт қару, әуедегі нысандарды – ұшақтар, тікұшақтар, қанатты зымырандар мен дрондарды атуға арналған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз