ABAIBOL🇰🇿 @abaibolkz Channel on Telegram

ABAIBOL🇰🇿

@abaibolkz


Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы

Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
[email protected]

📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz

ABAIBOL (Kazakh)

Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы 'abaibolkz' – ғана жаңа көрулерді қолдайды. Бұл каналда Шыңғыс Алкеевтің жаңа видеолары, тарихи видеолары, суреттері мен көріктері туралы ақпараттар мен бейнежазбалар табылып отырады. Өтініштер, сұрақтар немесе қалпытасулар бойынша, '[email protected]' электронды пошта арқылы байланысқа қосуға болады. Youtube каналына жататын '📹 Youtube' сілтемесін басу арқылы Шыңғыс Алкеевтің видеоларын көре аласыз. '📲 Instagram' сілтемесін басу арқылы Шыңғыстың фотосуреттері мен өзге жаңалықтары туралы ақпарат алуға болады. Төмендегі сілтемелерді басып, Шыңғыс Алкеевтің мәдени жарыяларының ажыратуын нығайтуға болады.

ABAIBOL🇰🇿

23 Nov, 15:45


▪️ ҒАЙЫП БОЛҒАН 3 ЖАСАР ҚЫЗ |№185

Небәрі 2000-ға жуық тұрғыны бар Теректі ауылы дүрбелеңге салынып отыр. Ауылды және оның маңайын сақшылар ғана емес, әскерилер мен тұрғындар торуылдап жүр. Себебі, 3 жастағы қыз үшті-күйлі жоғалып кеткен. Ата-анасы да іздеуге барынша атсалысып жүр. Алайда, бірнеше сағат өткенімен, іздеу шаралары ешқандай нәтиже берген жоқ. Зар илеген анасы байбалам салып, іздеу шараларын мұқият жасамай жатқанын айтып сақшыларды айыптай бастайды. Оның ойынша қызының жоғалуы екіталай. Оны әлдебіреулер ұрлап кеткен. Бар бәлені ауылға қоныс аударған оралмандарға жауып, полициядан солардың үйлерін тінтуді талап етеді... Бұл 185-ші қылмыстық іс. Алматы облысы.

📹 Сілтеме: https://youtu.be/i89P9vcaKNU

ABAIBOL🇰🇿

22 Nov, 15:05


▪️ ҚАНҒА БАТҚАН ЖЫЛҚЫШЫНЫҢ ШАҢЫРАҒЫ | №184

Өз үйінен екі адамның мәйіті табылып отыр. Олар ерлі-зайыпты Дәділбековтер. Анықталғандай, марқұмдар жылқы шарушалығымен айналысатын болған. Нақтырақ, көп көлемде жылқыларды баптап сатады. Сондай-ақ, етін және қымызын да сататын болған. Осылайша жылқы сатып алуға келген көршілердің бірі, олардың мәйіттеріне тап болыпты. Оқиға орнын шолған сақшылардың назарына бірінші болып, есігі бұзылған сейф түсті... Бұл 184-ші қылмыстық іс. Петропавл.

📹 Сілтеме: https://youtu.be/Dzmdx9_DNZk

ABAIBOL🇰🇿

22 Nov, 15:03


🔞САҚШЫНЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН ЖІГІТ

Астана. 21 қараша күні, жергілікті кафелердің бірінде қонақтар арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Көп ұзамай, оқиға орнына сақшы келіп, әлгі жігіттерді тыныштандырмақ болыпты. Алайда, сақшының өзіне сақшы қажет болып қалады. Әлгі жігіттердің бірі полицейді тепкінің астына алған. Нәтижесінде, «қолы қышыған» 31 жастағы жігіт құрықталып, мойындау жауаптарын берді. Қазіргі таңда тергеу изоляторында отыр.

❗️Тәртіп сақшысына қол көтеру – ауыр қылмыс. Айыпталушыға 15 млн. теңгеге дейін айыппұл салынады. Одан қалса, 41 күн көше сыпырып, тазалайды. Сондай-ақ, 15 жылға дейін қамау да көзделген.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

ABAIBOL🇰🇿

22 Nov, 14:51


🔞13 ЖӘНЕ 15 ЖАСТАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕР ЗОРЛАНДЫ

Павлодар облысы, Майқайың кенті. Жергілікті чаттарда екі бүлдіршіннің зорланғаны жайлы қауесеттер тарай бастаған. Көп ұзамай, аталмыш қаңқу сөздер расталып шықты. Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, жәбірленушілер – 13 жастағы ұл және 15 жастағы қыз баласы. Ал, жиіркенішті азғындықты жасаған екі ер адам. Күдіктілер құрықталып, тергеу изоляторына тоғытылды. Сыбыстарға сенсек, әлгі азғындар ұл баланы бірінші рет 2017 жылы зорлаған көрінеді. Бұл жайлы «Kerek.pv» басылымы мәлімдеп отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

❗️Бұл жолы азғындардың жандары тәтті болып шықты...

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

ABAIBOL🇰🇿

22 Nov, 13:01


🔞КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАН ҚЫЗЫН ЗОРЛАҒАН «ӘКЕ» МЕРТ БОЛДЫ

Павлодар. 22 қараша күні, өгей қызын зорлағаны үшін күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды. Деректерге сенсек, асылып қалған көрінеді. Бірнеше күн бұрын кәмелет жасқа толмаған қыздың жүкті екені анықталған болатын. Балалар үйінде өскен қызды жергілікті тұрғын қамқорлығына алған екен. Іс тіркеліп, күдікті адам анықталғанымен, сақшылар оны құрықтап үлгермеді. «Қамқоршы» ер адам өзіне қол жұмсапты.

❗️Оңай құтылыпты...

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

ABAIBOL🇰🇿

21 Nov, 14:52


▪️ ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН КЕЛІН | №183

Таңға жуық полиция бөлімшесіне келген егде жастағы әйел жақын үш адамының жоғалып кеткенін мәлімдейді. Яғни, екі ұлы және келіні хабарсыз кеткен. Жоғалып кеткендеріне 8 сағаттан асыпты. Ал, ұялы телефондары сөндірулі. Шағын ауыл болғандықтан, учаскелік инспектор жоғалған екі жігітті жақсы танитын. Олардың тұрақты жұмысы бар. Ішкілікке құмар емес. Ал, келіні жайлы аса ештеңе білмейтін. Себебі, қосылғандарына небәрі бір ай болған. Бар білгені, келін көршілес жатқан Баяновск ауылының тұрғыны. Сары уайымға салынған кейуананы сабырға шақырып, шығарып салған инспектор, дереу көрші ауылға аттанды... Бұл 183-ші қылмыстық іс. Шығыс Қазақстан облысы.

📹 Сілтеме: https://youtu.be/ilexLi2Q2ok

ABAIBOL🇰🇿

20 Nov, 14:57


▪️ ШОШҚАЛАРҒА ЖЕМ БОЛҒАН МАРҚҰМДАР | №182

Аталмыш күн Риддерлік сақшылар үшін қалыпты әдеттегі жұмыс күні. Ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Алайда, тыныштықты бөлімшеге баса көктеп кірген жігіт бұзды. Даурыққан ол, өзін полиция басшылығымен жолықтыруды сұрауда. Нәтижесінде, өтініші орындалып басшымен жолыққан ол, тосын ақпаратпен бөліскені бар. Алайда, сақшының оның сөзіне сенгісі жоқ. Күз болғандықтан, ақыл-есінде кінәрат бар адамдардың дерті қозатын кез. Яғни, бұл жігіт сау емес секілді. Себебі, айтқан ақпараты ақылға қонымсыз. Бұл 182-ші қылмыстық іс. Шығыс Қазақстан облысы.

📹 Сілтеме: https://youtu.be/VRDI-7Z0znU

ABAIBOL🇰🇿

20 Nov, 09:26


🔞ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАҒАН МҰҒАЛІМ?!

Семей. 19 қараша күні, жергілікті мектептің мұғалімі құрықталып, тергеу изоляторына тоғытылды. Деректерге сүйенсек, әлгі «ұстаз» алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген. 32 жаста. Сегізінші сыныпта оқитын қызды зорлағаны үшін күдікке ілініп отыр. Жасөспірімнің анасының айтуынша, оқиға шілде айында болған екен. «НВП ағайға» қатысты тергеу амалдары жалғасып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

❗️«Ұстаз» деген атақтың қадірін түсіргенін-ай...

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

ABAIBOL🇰🇿

19 Nov, 15:01


▪️ №181 деректі фильмдегі тұмшаланған кадрлардың цензурасыз нұсқасы. Қала сыртынан шұңқырда жатқан мәйіт табылды. Марқұмды соққыға жығып, басынан атып түсірген екен. Қылмыстың мотиві түсініксіз. Қарақшылық тонау деуге келмейді. Себебі, марқұмның қалтасынан көп көлемде қолма қол ақша табылып отыр...

📹 Толық деректі фильмді қарау үшін: https://youtu.be/ywgdyhGUVdg

ABAIBOL🇰🇿

19 Nov, 14:08


🗣№181 деректі фильміндегі тұмшаланған кадрлардың цензурасыз нұсқасы сағат 20:00-де жарияланады.

ABAIBOL🇰🇿

19 Nov, 14:06


▪️ ҚАНДЫҚОЛ «ЖАМАҒАТ» | №181

Полиция бөлімшесіне тұрғындардың бірі қоңырау шалып, сұмдық ақпаратты хабарлайды. Қала сыртында тұратын ол, малын бағып жүріп, қан-жоса болған мәйітке тап болған. Айтуынша, мүрде шұңқырда жатыр. Сол мезетте діттелген жерге тергеу тобы жол тартты. Нәтижесінде, хабарласқан адамның сөзі расталып, көмусіз қалған шұңқырдан ер адамның мәйіті анықталды. Сарапшылар марқұмның тұла бойынан соққы іздерінен бөлек, екі оқ жарақатын тапты. Бір оқ денесіне тисе, бір оқ басының төбесіне тиген. Нышандарға қарасақ, әдеттегі қарақшылық тонау секілді. Алайда, тергеу барысында астарының әлдеқайда тереңірек екенін белгілі болды...

📹 Сілтеме: https://youtu.be/ywgdyhGUVdg

ABAIBOL🇰🇿

18 Nov, 12:57


🔞ӨЗІНІҢ ӘРІПТЕСІН АТЫП ТҮСІРГЕН САҚШЫ

Жамбыл облысы, Қордай. Оқиға 16 қараша болған. Патрульдік көлікте отырған сақшы қызметтік тапаншасымен абайсызда әріптесінің арқасына атып жіберіпті. Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы тұрақты. Селқостық танытқаны үшін «атқыш» сақшының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

❗️Есі дұрыс адам тапаншаны сақтандырғышқа қойып ұстайды ғой. Қанша жыл оқыды, қызмет жасады. Бәрі бір салақтықтың кесірінен құрдымға кетіп отыр.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

ABAIBOL🇰🇿

18 Nov, 12:18


🔞Ақтау. 17 қараша күні, кафе алдында бойжеткенді соққыға жыққан «тіршілік иесінің» жеке басына анықталды. Ол 31 жастағы Алқамбек Талғат. Ақтау қаласының тұрғыны. Жәбірленушінің бұрынғы жігіті. Алайда, айырылысып кеткеніне қарамастан, бірнеше ай бойы бойжеткеннің ізінен қалмай, талай рет соққыға жығыпты.

Соңғы деректерге сенсек, Алқамбек Талғат құрықталыпты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

❗️Қамалсын ба, ағайын? Пікір білдірушілер арасында «қыздың өзінен де бар шығар» дейтіндер табылатыны 100 пайыз.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube