журфак @jourfaculty Channel on Telegram

журфак

@jourfaculty


қызық материалдар, өзекті жаңалықтар, журналистикаға қатысты трендтер, кеңестер мен мақалалардағы қателер. админ @ayankalmurat.

журфак (Kazakh)

Сіздің журналистикадағы біліміңізді жетілдіру үшін жаңа канал табыңыз! "журфак" тақырыптардың жалғасын талқандайтын жүрген жаңалықтар, кеңестер мен мақалалардың ішінде мағынасыз үлгердірулер мен жаңа тақырыптарды талқандайтын қызық материалдарды неңге дайын. "jourfaculty" каналының өзекті админі @ayankalmurat журналистиканың басты қауіпсіздіктері, трендтері мен жаңа дамулары туралы сізге айтыметін ақпаратпен бірге, басым жинау кезінде қате жасауларға дайындауға көмектесуіне тиіс. Бұл канал арқылы сіз дайын мағынасыз қызық материалдарды желілік шараларымен танымалайдыңыз! Журналистикалау жолындағы жаңа қадамдарды жасауда біздің "журфак" каналы бойынша Қазақстандық журналистердің іскери дамығын арттыруда жәрдем алыңыз!

журфак

18 Jan, 17:48


Сатиралық жаңалықтар жазатын Qaznews24 парақшасының авторы Темірлан Еңсебек екі айға қамауға алынды. Сот Темірланды ұлт араздығын қоздырды деп тапса, 7 жылға сотталуы мүмкін. Ол бір жазбасына «Йоу, орыстар» деген әлгі даулы әнді қойған көрінеді. Айып тағылуына себеп болған осы-мыс. Бірақ Темірланның жазғандары бұрыннан биліктің шамына тиетін нәрселер еді. Бірнеше мысалын теріп әкелдім. Қараңдар. Сондықтан бұл істі осы бап аясында ғана емес, Темірланның тұтас жұмысына шектеу қою талпынысы деп қабылдадым.

журфак

17 Jan, 19:55


не сұмдық мынау

журфак

15 Jan, 16:01


Азаттық Марат Жыланбаев туралы деректі фильм шығарды! «Марафоншы» деп аталады. Авторы — Сәния Тойкен. Бұл фильм — әріптесімнің бірнеше ай бойғы еңбегінің нәтижесі.

Сәния әпке Жыланбаевтың өмір жолының бүге-шүгесімен танысып, үй ішінен бұрын біз көрмеген мұрағат видеоларын алды.

Фильмде Жыланбаев балалар үйіндегі өмірін айтады. Сәния әпке бозбала Маратпен бір нанды бөлісіп жеген ескі досын тауып сөйлесті. Жыланбаевтың бөтелке жинап күнелткені, спортқа қалай келгені, шөлдерді қалай жүгіріп өткені, спорттан бизнеске, бизнестен саясатқа ауысқаны, ақырында қалай сотталып кеткені — фильмде бәрі бар. Көріңдер!

Жыланбаевтың бес қызы Азаттыққа сұхбат берді. Естеліктері сондай әсерлі! Қазір Жыланбаев Степногорск түрмесінде үкімге наразылық білдіріп, аштық ұстап отыр. Бұл — оның түрмедегі алтыншы аштық акциясы.

Фильмді көріңдер, бөлісіңдер.

журфак

07 Jan, 08:58


"Хабар24" арнасы Қаңтарға орай репортаж әзірлепті. "Президент Тоқаевтың реформаларына кедергі келтірудің сәтсіз ұмтылысы" деп тақырып қойған.

"Басбұзарлар", "алдын ала дайындалған топ", "қарақшылар" дейді, көрсеткен видеолары да тонау мен тәртіпсіздік қана. Қаңтар бейбіт басталғаны, әлеуметтік-саяси талаптар қойылғаны айтылмайды. 238 марқұм туралы да бір ауыз сөз жоқ, әрине.

Өздерің көріп шығыңдар: https://www.youtube.com/watch?v=JWjb1E1HNNg

журфак

05 Jan, 12:18


Көзінен аққан қан ұзақ уақыт тоқтамаған. Ауруханада дәрігер қабағын тігіп беріп, «болды, көзің көрмейді» деп кесіп айтқан. Ерқанат оң көзінің қарашығын оқ сырып өтіп, екіге бөлгенін кейін білген.

Ерқанат ауруханада үш-ақ күн емделген. 8 қаңтарда арнайы жасақ жаралылардың бәрін ұрып-соғып, автобусқа салып әкеткен. Тергеу кезінде көппен бірге Ерқанат та азапталған. Кінәсі дәлелденбей, іс тоқтағанымен, сот екі ай абақтыда ұстауға шешім шығарады.

Ерқанат қазір такси айдан күнелтеді. Мемлекеттен моральдық және материалдық шығын ретінде 3 млн 700 мың теңге өндіріп алған. Бірақ «Қазақстан халқына» қоры бөлетін 3 млн теңге қайырымдылық көмек қолына тимеді.

— Саған атыс патроны тиген жоқ, сондықтан көмектесе алмаймыз, әйтпесе көмектесер едік дейді. Қорғаныс министрлігіне хат жаздық. Резеңке оқ, яғни травматикалық қару мен атыс қаруының айырмашылығы неде деген сұрақ қойдық. Олар екі қару тең дәрежеде жүретінін айтып жауап берді. Қай-қайсы болса да қару болып саналады деді. Бірақ қордың адамдарына мұнымыз жеткіліксіз болып тұр. Өліп қалсаң көмектесер едік дегенге келтіреді, — дейді Ерқанат.

Ерқанатпен Өскемендегі әріптесім Тасқын Болатұлы сөйлесіп, видео, мақала әзірледі.

Көріп шығыңдар.

журфак

05 Jan, 12:17


Бұл жігіт — 26 жастағы Ерқанат Жеңісұлы. Қаңтар кезінде бір көзінен айырылған.

5 қаңтарда Өскемендегі алаңда жасақ адамдарға оқ ата бастағанда Ерқанат бір топ адаммен бірге жараланғандарды қауіпсіз жерге сүйреп жүрген.

— Өліп қалмасын дедік. Біреуін алып кеттік, екіншісін алып кеттік… Сөйтіп жүргенде мына тұрған шыршалардың қасында маған оқ тиді. Адамдар мені ық жерге алып кетті. 10-15 минуттай қан тоқтатуға әрекет еттім, бірақ еш нәтиже болмады, — дейді Ерқанат.

журфак

30 Dec, 09:58


Осы материал мақұлданар кезде редакцияда болған талқыны тыңдағым келеді ше 😆

журфак

29 Dec, 04:44


Baza ұшақ апаты туралы видео жариялады

журфак

29 Dec, 04:43


Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: 181 адамның 179-ы қаза болды

Бұл жөнінде ұлттық өрт қызметіне сүйенген Yonhap агенттігі хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндірушілер екі адамды ғана құтқара алған: бір жолаушы және экипаждың бір мүшесі.

Агенттіктің мәліметінше, билік ұшақтың апатқа ұшырауына екі жағдай әсер еткен болуы мүмкін деп болжайды: ауа райы және ұшақтың құстарға соғылуы.

журфак

27 Dec, 20:31


Қазақстандағы билікшіл арналар мен басылымдар Ақтаудағы ұшақты орыс әскерилері атқан болуы мүмкін деген хабарды елемей отыр.

Әріптесім Тасқын Болатұлының шолуын көріңдер.

журфак

27 Dec, 14:50


Ақтаудағы ұшақ апаты туралы жазған қостанайлық Tobol_info парақшасына кіріп, ресейлік бір пабликте адасып кеткендей болдым 🙂

Апат туралы әркім әртүрлі пікір айтып жатыр ғой. Бірақ мына пабликте пікір жазған қостанайлықтар кремльшіл пропаганданың риторикасын қайталап тұрғаны шошытты.

Ресей әскері атқан болуы мүмкін дегенді “Батыстың кезекті фейкі”, ақпарат таратқандарды “Ресейдің дұшпандары” деп жатыр. Солтүстік шекарадағы ақпарат қауіпсіздігі мәселесі күйіп тұрғанына тағы бір дәлел.

журфак

26 Dec, 13:49


!!!!!!!!!!!!!!!

журфак

26 Dec, 13:49


⚡️ Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің ракетасы себеп болғаны айтылды

🇷🇺 Алдын ала тергеу Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің ракетасы себеп болғанын анықтаған. Бұл туралы Euronews телеарнасы Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеп мәлімдеді. Одан кейін Reuters агенттігі бірнеше дереккөзіне сілтеп, апатқа Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі себеп болды деп хабарлады.

Euronews телеарнасының жазуынша, ұшақ апатына Ресейдің "жер-әуе" санатындағы ракетасы себепкер болған. Арна дереккөзінің айтуынша, Грозный аспанында дрондар жүргенде ракета да ұшырылған, зымыран аспанда ұшақтың маңында жарылып, сынықтары жолаушылар мен бортсеріктерге тиген.

🇦🇿 Әзербайжан үкіметіндегі дереккөз Euronews арнасына "бүлінген ұшаққа Ресейдің әуежайларына қонуға рұқсат етпей, рейсті Каспий теңізі арқылы Ақтауға бұрғанын" айтқан.

Бұл ақпаратқа қатысты Әзербайжан, Қазақстан я Ресей үкіметі әлі ресми мәлімдеме жасамады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

журфак

20 Dec, 13:08


Қаңтар оқиғасының үш жылдығы таяп қалды. Қаншама жетім бала мен жесір әйел жалғыз асыраушысынан айырылып, күнелтіп жүргеніне куәміз.

Достарым Қаңтарда қара жамылған отбасындағы балаларға биыл да Жаңа жылға орай сыйлық жібермек. Бірақ биыл ақша жинап жатқан жоқ. Қалаған адамның өзі отбасын таңдап, үй ішіндегі балалардың жасына, жынысына қарай сыйлығын береді.

Қазірге дейін 28 отбасындағы балаларды қуантқысы келетін адам табылды. Енді 6 отбасы қалды. Қосылғың келсе, мына сілтемеге өт те, сыйлық бергің келетін отбасын таңда.

Сыйлыққа үлес қосайық деп жатқандар арасында ерікті адамдардан бөлек тәуелсіз редакциялар (жаным, Власть), белсенді топтар, түлектер қауымдастығы бар екен. Күшті! 😍

журфак

18 Dec, 14:54


Гүлданат апа мен тағы үш белсенді қазір қолхатпен бостандықта жүр. Қалған сегіз кісі қамауда. Соның бірі — Айдар Мүбәраков қараша аяғынан бері тергеу изоляторында осы іске наразылық ретінде аштық жариялап отыр. Балғабаеваның сөзінше, бәрі істің саяси астары бар деп санайды.

Әріптесім Мәншүк Асаутай ауыр айыптар тағылған осы 12 кісінің қазіргі тағдыры туралы адвокат Жанар Балғабаевамен сөйлесіп еді.

Көптің назарында болуға тиіс іс деп ойлаймын. Сұхбатты көріп шығыңдар.

журфак

18 Dec, 14:54


66 жастағы кимешек киген мына апаға билік «жаппай тәртіпсіздікке шақыру» бабымен қылмыстық айып таққан. Гүлданат Алтынбайқызы — зейнеттегі мұғалім. Тарих пәнінен сабақ берген. АЭС салуға қарсылық білдіріп жүрген азаматтардың бірі еді.

Бұл кісіні полиция осы күзде АЭС бойынша референдум қарсаңында 11 адаммен бірге ұстаған. Адвокаты Жанар Балғабаева «Гүлданат апаға қай ісі үшін айып тағылып отырғанын, қандай әрекеті қылмыстық заңбұзушылық екенін түсіндіру оңай болған жоқ» дейді.

Адвокаттың сөзінше, тергеу сараптамасы АЭС қарсаңында ұсталған бұл белсенділердің жиындарда, желіде және өзара әңгіме кезінде айтқан сөздерінде «жаппай тәртіпсіздікке шақыру», «қылмыс жасауға оқталу белгілер бар» деп қорытынды жасаған.

журфак

13 Dec, 19:01


Желіде жастар Шерзат ісіне байланысты бір челленж бастаған.

Жасөпірімнің қазасы туралы ештеңе айтпаған, әкесінің-әпкелерінің жауапқа тартылғаны туралы бір ауыз сөз жазбаған миллиондаған оқырманы бар танымал блогерлерден жаппай «отписка» жасап жатыр.

Қай блогердің комментарийін ашсаң да, «Шерзат туралы неге дым айтпадың? Халқым-халқым дейсің, халықтың бәрін алаңдатқан мәселе туралы жақ ашпайсың» деген сарындағы коммент.

Біраз блогер осыдан соң Шерзат туралы пост пен сторис салып, әділдік туралы айтып, іс әділ тергелсін дегендей үн қатып жатыр. Оқырмандары сонда да аяр емес, кешіктің деп :))

Өзім біреу неге мына нәрсе туралы айтпады дегенді құптамаймын. Айтса да, айтпаса да адамның өз еркі деп білем.

Бірақ жастар осындай әлеуметтік-саяси мәселе бойынша желіде ықпалды күшке айналғаны, танымал адамдарға олардың қоғам алдында жауапкершілігі бар екенін мәжбүрлеп ұқтыра бастағанына риза боп отырмын.

журфак

05 Dec, 07:19


💬 Думан Мұхаммедкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырған журналист өзін Алматы облысындағы Заречный түрмесіне ауыстырмағанына наразылық ретінде денесін тілген, ізінше аштық жариялаған

🗣 "Талдықорғандағы тергеу изоляторында Думан Мұхаммедкәрімді екі күн суық карцерде бетон еденде жылы киімсіз ұстаған" деді адвокат "Республика" басылымына.

Оның сөзінше, апелляциялық шағымы өзгермеген соң журналисті Алматы облысындағы Заречный түрмесіне жіберуі керек болған. Себебі заң бойынша ол өзі тұратын аймақта жазасын өтеуі керек. Адвокаттың Азаттыққа айтуынша, журналисті Талдықорғанға "құжаттарды алғаннан кейін Заречныйға ауыстырамыз" деп "алдап апарып", камераға жапқан. Түрмеге ауыстыруды талап еткен кезде карцерге жапқан.

☎️ Түрме бастығы Әсет Ермаковқа Азаттық хабарласқан кезде тілшінің аты-жөнін екі рет сұраған ол "ұялы телефоныңызды қалдырыңыз, хабарласамыз" деді. Бірақ сол күйі хабарласпады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

журфак

03 Dec, 15:43


Шымкенттегі психдиспансерде ем алған екі қыз "орталықта істейтін санитар жігіттер зорлағанын" айтты. Бірі 17 жаста. Екіншісі 22-де. Кәмелетке толмаған қыздың аяғы ауыр боп қалған.

Қыздардың сөзінше, санитар екі жігіт бірін укол салып, денесінен әл кетіріп зорлаған, екіншісін күш қолданып, «бұл жерден шықпай қаласың» деп қорқытқан. Мұндай жағдай жиырма күн ем ішінде бірнеше рет болған.

Болған жайтты 22-дегі қыз орталықтан шыққан соң анасына айтқан. «Бұл жаққа енді келмеймін. Санитарлар мені ғана емес, тағы үш қызды зорлады» деген. Анасы қызы айтқан үш қыздың да отбасын тауып, соның біреуі ғана полицияға арыз жазуға келіскен. Қалғандары ашылып сөйлеуден бас тартқан.

Зорлады деген екі санитардың бірі өз еркімен жұмыстан кеткен. Екіншісі ақысыз демалысқа шыққан. Полиция сараптама тағайындап, қазір нәтижесін күтіп отыр. «Зорлау» бабымен қозғалған істе әзірше күдікті жоқ.

Санитардың бірі бұл орталық он жылдан бері, екіншісі екі жылдан бері істейді екен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы «бұрын мұндай болған емес» дейді.

Бірі — депрессияға, екіншісі шизофренияға шалдыққан екі науқастың халі қазір тіптен ауыр…

Әріптесім Дилара Иса екі қызбен, әке-шешесімен сөйлескен. Оқып, көріп, таратыңдар. Бұл іс қоғам назарынан тыс қалмауы керек.

Видео.

журфак

28 Nov, 06:06


Путиннің Астанадағы сапарына қарсылық білдірген көкшетаулық мына үш белсендіге — Марат Жанұзақов, Бауыржан Балташев пен Уәлихан Нығметовке полиция "ұсақ бұзақылық жасады" деп айып тақты. Олар балағат сөз жазылған плакат ұстап тұрып суретке түскен. Плакатта "х....о, пошел вон из Казахстана" (х.....o, Қазақстаннан жоғал!) деп жазылған.

— Біз 27 қараша күні үйіміздің жанында әншейін Қазақстан және Украина туын ұстап тұрдық. Ештеңе деген жоқпыз. Сосын полиция шақырып алып, кешкі сағат 9-ға дейін ұстап отырды. "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырды. 28 қараша таңертең сот болады, — деді Марат Жанұзақов Азаттыққа.

журфак

20 Nov, 18:50


Жағдайымыз — осы.

журфак

20 Nov, 18:32


Медиақұрылтайды да, оны ұйымдастырып жүрген Қазақстан Баспасөз клубын да, қатысқан әріптестерімді де қанша сыйлап, жақсы көре тұра...
Мына масқараны айтпай тұра алмаймын...
Кешірерсіздер, "вызовы" деген "шақырулар" болмайтынын, XVI дегеннен кейін "-шы" қойылмайтынын айтатын бір сауатты қазақ табылмағаны ма?
Мынау қорлық қой...

Осыдан бес жыл бұрын Медиақұрылтайда қазақ медиасындағы қазақ тілі туралы сессия жасағанбыз. Сол кезде кей әріптестер "әлі сөз түзеп жүрсіңдер, өзгелер ақша табуды айтады" деп сөгіп кеткен.
Енді... айтайын. Қазіргі медианың тілі сол кездегі біз сессияға шығарған, айтқан, талдаған тілден де жаман. Сол кездегі сорақы қателерге жылап көрісіп жүрміз. Ал ақша табу... Сол күйі. Сол қайыршы медиа әлі қайыршы медиа, тек қазақшасы одан бетер сорлы бола түскен.

Авторы: Назгүл Қожабек

журфак

13 Nov, 19:35


Әйгілі Guardian газеті бұдан былай америкалық кәсіпкер Илон Масктың X желісінде (бұрынғы Twitter) ақпарат таратпайтынын хабарлады.

Оған себеп ретінде Х-та «расизм мен конспирологиялық теориялар көбейгенін» айтыпты.

Газет «Ол жерден кетуді ойланып жүргенімізге біраз болған. Бірақ АҚШ-тағы сайлау бұл ойымыз орынды екенін қуаттай түсті. X токсик желіге айналды, оның үстіне Илон Маск ондағы саяси дискурсқа әсер ету үшін ықпалын асыра пайдаланып отыр» дейді.

Бұған дейін CNN журналисі Дон Лемон да Х желісінде «сөз бостандығы жоқ» деп, платформадан кететінін айтқан. Reuters мұнда Х желісіндегі аккаунтын өшірген біраз ұйымды тізіп жазыпты.

журфак

13 Nov, 18:14


машалла, шүкір 🤩

журфак

23 Oct, 20:24


mood

журфак

19 Oct, 05:47


«Жаңа адамдар» билікшіл жастар ұйымының науқаншыл тірліктеріне қарап, билікшіл топтардың әдеттедей уақытша белсенділігі деп ойлаушы ем. Мынау ұзаққа созылып барады че-та 🙂

Өткенде «12 жасар қызбен кездеспек болған жігітті ұстадық» деді. Жігітті алдап, кездесуге шақырып, бәрі алдынан шығып, ортаға алып, «позор, позор» деп айқайлап тастапты. Енді кеше бойжеткенге тиіскен такси жігітті өзінше жазалапты. Қоршап алып, кешірім сұратқан. «Самосуд» нағыз.

Мұндаймен билік айналасындағы ерікті топтар емес, полиция, өкілетті органдар айналысуы керек. «Жаңа адамдар» мұндай «самосудтарымен» елде заң үстімдігі жоқтығын әшкерелеп қана жатыр.

Ресей билігінің «Новые люди» деген жобасынан айна-қатесіз көшірілген бұл жоба тап сол кремльшіл ұйымның жолымен келе жатқаны қорқынышты. «Жаңа адамдардың»Тоқаевпен кездесіп, «крашты» улап-шулап туған күнімен құттықтап, көзбояу митингілер өткізіп жүре бергені жақсы еді 🙂

журфак

18 Oct, 14:06


Журналист Данияр Әділбековті 4,5 жылға соттағаны — сұмдық жаңалық. Елдегі сөз бостандығының ахуалы қаншалықты нашарлап бара жатқанын көрсеткен кейс. Осы үкім туралы журналист әріптестердің пікірін оқыңдар.

Талғат Бұқарбаев

4 жыл 6 ай! Не деген сұмдық. «Жалған сөз тасу» деген баппен әркімді қалпақпен оңай ұрып түсіре алатынын бүгінгі сот үкімі көрсетіп берді. Таралған сөздің қаншалықты жалған екенін ешкім де тексеріп жатпайды. Бұны Әділбековтің қорғаушылары да сотта бірнеше мәрте қайталап айтты. Енді жемқорлық туралы жазған әрбір журналисті осы баппен бес жылға қамай салуы мүмкін. Өйткені жемқор жайлаған елде жемқорлар үстемдік құрады.

Халима Тәжіқұл

Әріптесіміз Данияр Әділбековті сот 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Адвокаты аппеляцияға береміз депті. Данияр адам өлтірген жоқ, ұрлық жасаған жоқ. Бар болғаны мақала жазды. «Дәлелсіз жазған» күннің өзінде мұндай мерзімге жаза кесу ақылға сыймайды. Мұны сөз бостандығын тұсау деп бағалаймын. Айыппұл төлетіп, шартты түрде соттаса да жетер еді.

Айнұр Коскина

Журналиста Данияра Адильбекова осудили на 4 года 6 месяцев по нескольким статьям, но основная это «ложный донос». И осуждение журналиста именно по этой статье вызывает опасение. Будете так дальше продолжать, господа хорошие, не увидите больше журналистских расследований!

Евгения Бодрова

Самат Абиш — 8 лет условно за превышение власти и должностных полномочий во время январских событий.

Данияр Адилбеков — 4,5 года в учреждении средней безопасности за посты в анонимном телеграм-канале.

Куда-то мы не туда сворачиваем…

Тамара Вааль

Еще один удар по журналистике. Читаю комментарии в некоторых пабликах, и волосы дыбом встают - «так ему и надо», «заслужил свой срок»…. Если это боты, то м*даки те, кто им платит, если реальные люди - то это п*здец.
К Данику, как и ко многим журналистам можно относится по-разному. Но люди, в поисках правды идут к нам - к журналистам.
Даник в последнем слове сказал то, что есть на самом деле: мы - журналисты, зачастую забываем про свои проблемы и семьи, помогая другим решать проблемы. И это - истина.
И каждый из нас может ошибиться, каждый может не перепроверить, источники могут наврать. Факторов может быть много. И каждый из нас так или иначе высказывает свое мнение и отношение к происходящему в социальных сетях. Но сажать за это на четыре с половиной года? Есть гражданский суд, взыскивайте моральный ущерб. Или вы превратились зверей и вам нужна кровь и разбитые судьбы? У меня тоже есть вопросы к некоторым журналистам, но это не значит, что их нужно сажать.
Напоследок скажу еще раз: каждый раз, когда вы закапываете или помогаете закапывать журналиста, танцуете на его костях и ликуете, помните, когда нужно будет защитить вас, сделать это будет некому. И в этом будете виноваты только вы.

журфак

18 Oct, 12:27


💬 Журналист Данияр Әділбеков 4,5 жылға сотталды

Оған "Көрінеу жалған сөз жеткізу", "Көрінеу жалған ақпарат тарату" баптары бойынша айып тағылған.

Қылмыстық іске журналистің телеграм-арнасындағы жазбалары түрткі болған. Онда мұнайды алып сатумен айналысатын Vitol компаниясы энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтің әкімшілік тетіктерін пайдаланып жатыр деп көрсетілген. Шенеуніктің өзі мұны жоққа шығарған.

Әділбековке телеграм-арнада Астана әуежайының басқарма төрағасы Юсуф Альжавдер мен "Ел медиа" бас редакторы Гүлжан Ерғалиева туралы ақпарат жариялағаны үшін "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген айып тағылған.

Журналист өзіне тағылған айыптарға келіспеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

журфак

18 Oct, 12:23


Кейінгі екі жазбамнан кейін каналымда түсініксіз нәрсе боп жатыр…

Қаралым саны қатып қалды. Достарым ашса да, қаралым артпайды. Бұған не себеп болуы мүмкін?

Тиіспеңдер, еу, менің бейшара каналыма 🤣

журфак

18 Oct, 12:11


Айтпақшы, Хасаннан сұхбат алған — "Орданың" журналисі Сандуғаш Дүйсенова екен.

Бұған дейін фб-да блогер Ақерке Рахымберді Дүйсенованың Шерзаттың әкесі туралы жазған комментарийлерін шығарған.

Сұхбатты неге ақша төлеп таратып жатқаны енді түсінікті болған сияқты.

журфак

18 Oct, 12:06


"Орда" Шерзаттың өлімінен соң желіде айыпталып жатқан адамның сұхбатын ақша төлеп таратып жатыр. Сұхбат алсын, ок, ол — әбден норм. Бірақ оның сөзі таралуына редакцияның соншалық мүдделі болғаны өте күмәнді көрінеді.

журфак

16 Oct, 16:19


Қазақстанда жұмыс істейтін басылымның тірлігі

журфак

15 Oct, 11:52


Өтемұратовтың "31 арнасы" мен "Информбюро" сайтын жеке қор сатып алған еді ғой. Әріптесім Мейірім Бақытжан елдегі ең ірі медиакомпанияны сатып алуға ақшасы бар (сатып алса, әрине) бұл не қылған қор екенін зерттеп көрді. Ары қарайғы мәтін Мейірімдікі.

"Әділдік және өркендеу" қоғамдық қоры Қаңтар оқиғасынан соң құрылған. Қазіргі құрылтайшылары — Нұржан Мұхамеджанова мен Гүлжан Марқабаева. Ол бұрын "31-арнаның" бас продюсері болған, мемлекет қаржыландыратын "Қазақстан", "Алматы" телеарналарында басшылық қызметте істеді. Ал Марқабаева "Хабар" телеарнасының тілшісі ретінде танылған.

Қордың қазіргі директоры — журналист Дана Рысмұхамедова. Ол бұрын Nur Otan партиясының (қазіргі Amanat) ақпараттық комитетін басқарған.

Дана Рысмұхамедованың айтуынша, "Әділдік және өркендеу" қоры азаматтық белсенділер бастамасымен құрылған. Елдің 20 өңірінде өкілдігі, 5 мыңға жуық жақтасы бар. Ұйым директоры осылай десе де, әлеуметтік желілерде жақтастары белсенді көрінбейді.

Қор құрылтайшыларының бірі Гүлжан Марқабаеваның айтуынша, қоғамдық ұйым коммерциялық қызметпен айналыспайтыны себепті бастапқы капиталы жоқ. "Олай болса, "31" медиахолдингін кімнің қаржысына, қанша ақшаға сатып алдыңыздар?" деп сұрадық.

— "31" медиахолдингінің акциясын сатып алуға қатысты мәліметті, тараптар қабылдаған міндеттемеге сәйкес, жария ете алмаймыз, — деді Марқабаева.

Ары қарай мақаласын оқысаңдар да, видеосын көрсеңдер де болады.

журфак

10 Oct, 09:52


Какой же ад в Кыргызстане происходит.
Четырем журналистам Temirov Live дали реальные сроки. 11 сотрудников редакции арестовали в прошлом январе.
Сына журналистов Болота Темирова и Махабат Тажибеккызы передают в детский дом. Махаббат получила шесть лет.

журфак

10 Oct, 09:21


Өткенде Ақорда маңы құс ұшып өте алмайтындай етіп қоршалып жатқанын көрсетіп едік.

Резиденцияға қарай өтетін бүкіл жол жабылып, артындағы Есіл жағалауына дейін темірбетон тор қойылған.

Енді тағы бір жаңалық: осы маңдағы бұрын ашық тұрған көлік тұрағын бекітіп, кірпіш қалап жатыр екен. 6-7 метр бар-ау. Енді құс түгілі шыбын да ұшып өте алмайды 😆

журфак

06 Oct, 19:17


69,8 % қолдады дейді. Сенесіңдер ме?

журфак

06 Oct, 19:17


Exit poll нәтижесі қандай болды?

"Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" жеке қорының жүргізген exit poll нәтижесі бойынша, дауыс берушілердің 69,8 пайыз АЭС құрылысын қолдаған, ал 30,2 пайызы қарсы шыққан.

t.me/azattyq

журфак

06 Oct, 18:29


Бүгін журналистердің жұмысы таңғы 6-7-де басталып, міне, енді ғана аяқталып жатыр. Шаршадыңдар ма, әріптестер? 🥵

Референдум қалай өткенін білгің келсе, Азаттықтың 1 сағаттық арнайы шығарылымын көріңдер 😍

Ішінде бәрі бар — Тоқаевтың (тағы да) қалай құпия дауыс бергені, Назарбаевтың батасы, Әшімбаев пен Қошановтардың қудалауларға бағасы, билікшіл бақылаушылар айтқан мақтау мен тәуелсіз бақылаушылар көрген қудалау, есеп үшін дауыс бергендер, есеп үшін дауыс бұрмалағандар, өтпей қалған наразылық пен наразылық білдірмей жатып қамалғандар, Қазақстан мен әлем елдерінің АЭС-ке келген (және кеткен) жолы, саясаттанушы Шалқар Нұрсейітпен сұхбат 🥂

Бүкіл чатқа тарат, достарыңа жібер, пікір жазып, лайк бас, бақытты бол ❤️

журфак

06 Oct, 11:55


Қылмыс.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы № 456 учаскеде түсірілген видео.

журфак

02 Oct, 15:48


Референдум қарсаңында қазірге дейін кемінде 17 белсенді ұсталды. Бәрі АЭС-ке қарсылық білдірмек болған. Ауыр баптармен қылмыстық айып тағылғандар да, әкімшілік қамауға алынғандар да бар.

Видео Азаттықтікі.

журфак

25 Sep, 12:39


АЭС салуға дайын ел мынадай видео түсірмейді, меніңше. Видеоны Тараздағы Дулати университетінің парақшасынан алдым.