ШАПАҒАТ @shapagat_atyrau Channel on Telegram

ШАПАҒАТ

@shapagat_atyrau


Шапағат - деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы.

Бұл жерде парақшада жарияланытын суреттердің сапалы нұсқалары.

Инстаграм: @shapagat_atyrau

Shapagat (Kazakh)

Шапағат - деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы. Бұл жерде парақшада жарияланытын суреттердің сапалы нұсқалары. Шапағат каналы өзінде жапасы жоқ еріншектерге көмек көрсету мақсатында құрылған. Осы каналды ашу кезінде, деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету арқылы арманжан өміріне көмек көрсете аласыз. Жаңа жағдайлардан хабардар болуға қосымша жағдайларды белгілеуға арналған суреттердің сапалы нұсқаларын көру үшін, шапағат каналына қосылыңыз. Көрсеткіштердің күнделікті хабарлары мен жарияларын Instagram де көру үшін, @shapagat_atyrau профиліне қазір жазылыңыз.

ШАПАҒАТ

09 Feb, 11:09


Рамазан айына шамамен 20 күндей қалды

ШАПАҒАТ

02 Feb, 16:34


Рамазан айына шамамен 25 күндей қалды

ШАПАҒАТ

02 Feb, 14:03


🌙 Шарапатқа толы - қасиетті Шағбан айы да кірді. Бұл ай момындар үшін қасиетті Рамазан айына дайындық. Яғни, Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұл айды ерекше өткізетін, соның ішінде оразамен.

📌 Сахаба Усама (Алла оған разы болсын) шағбан айында көп ораза ұстауының сырын білу үшін:

«Уа, Алланың елшісі, дәл шағбан айында жиі ораза ұстағаныңыздай басқа айда мұншалықты ораза ұстағаныңызды көрмедім», – деп сұрағанда: «Шағбан – адамдардың басым көпшілігінің рамазан мен Ережеп айларының ортасында мән бермей кететін айы. Бұл айда амалдар Алла Тағаланың құзырына көтеріледі. Мен де амалдарымның ораза ұстаған кезімде Алланың құзырына көтерілгенін қалаймын», – деген жауап естіген. (Насаи)

Алла тағала аман-есен Рамазан айына жеткізсін 🤲🏼

ШАПАҒАТ

16 Jan, 16:21


Ибн Арабидің “Рухани әлем” метафизикалық диаграммасы. Немесе имам Ғазалидің диаграммасына негізделген. (Дұрысын Алла біледі).

Жүрек - قلب
Жүрек - адамның рухани орталығы және Аллаға ең жақын нүкте.

Ақыл - عقل
Ойлау, түсіну қабілеті. Ақыл жүрекпен тығыз байланысты.

Рух - روح
Рух - жүрек орталығында орналасқан Алланың құдіреті (жаратылысы).

Нәпсі - نفس
Нәпсі (эго) - дамудың және тазартудың әртүрлі кезеңдерінен өтетін жаратылыс

Аммара нәпсісі - النفس الأمارة بالسوء
Жамандыққа, зұлымдыққа бейім, “мен” деп тұратын нәпсінің (эго) ең төменгі сатысы.

Ләууәмә нәпсісі - النفس اللوامة
Өзін-өзі сөгетін және жасаған қателігіне өкінетін нәпсінің (эго) ортаңғы сатысы.

Мутмәиннә нәпсісі - النفس المطمئنة
Тыныштық тапқан жан, Алланың қалауымен тыныштық пен қанағатшылдықпен сипатталатын нәпсінің ең жоғарғы сатысы.

Болмыс - فطر
Адамның туған кездегі табиғи және таза күйі.

Ақырет - آخرة
Өлімнен кейінгі өмір.

Жетістік - منجيات
Құтқаратын амалдар, құралдар. Рухани шың, қауіпсіздік пен сәттілікке әкелетін әрекеттер мен тәжірибелер.

Нәпсіні тазалау - تزكية النفس
Жүрек пен жанды рухани аурулардан тазарту процесі.

Мінез-құлықты дамыту - تهذيب الأخلاق
Адамгершілікті жетілдіру. Мінез-құлқын дамыту.

Нәпсімен күрес - جهاد النفس
Рухани өсу үшін ішкі нәпсі қалаулар мен импульстармен күресу. Әрдайым өзімен күресу.

Шайтан - شيطان
Шайтан - азғырушы және жамандыққа бағыттаушы, итеруші.

Ғапылдық - غفلة
Ғибадатсыздық, немқұрайлылық, мәнбермеушілік. Дүниелік нәрселерге берілу.

Дүние - دنيا
Материалдық әлем. Және ондағы балрық нәрсе уақытша.

Құлдырау - مهلكات
Жанды бұзатын, рухани әл-ауқатқа қауіп төндіретін және моральдық және рухани құлдырауға әкелетін элементтер.

Түрік ғалымдары бұны ибн Арабидің диаграммасы деп мәлімдеген.
Бастысы адам үшін пайдалы ақпарат.

Аударған Шапағат қоры

ШАПАҒАТ

23 Dec, 11:29


Channel name was changed to «ШАПАҒАТ»

ШАПАҒАТ

23 Dec, 11:28


Channel photo updated

ШАПАҒАТ

22 Dec, 13:54


Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) айтады:

1. Уақыт
“Уақытты, заманды сөкпеңдер, өйткені уақыт, заман ол - Алла” (әл-Бухари)

2. Жел
“Жел - Аллаһтың рахымшылығы, және ол Аллаһтың рахымын немесе азабын алып келеді. Желді сөкпеңдер. Жел тұрса, оның жақсылығын тілеп, зиянынан Аллаһтан пана тілеңдер” (Әбу Дауд)

3. Марқұм
“Марқұмдарыңды жамандамаңдар, олар амалдарымен жеке қалған” (әл-Бұхари)

4. Ауру, дерт
“Ауру-сырқатты сөкпеңдер. Себебі ауру от темірді тазалағандай адам баласының күнәларын тазалайды” (Муслим)

5. Қораз
“Таң намазына шақырған әтешті сөкпеңдер, тілдемеңдер” (Әбу Дәуіт)

6. Сахабалар
“Сахабаларымды жамандамаңдар. Сахабаларымнан кейін келгендердің бірі таудай үлкен алтын садақа берсе де сахабамның бірінің бір арпа беріп алған сауабына немесе оның жартысына да қол жеткізе алмайды” (әл-Бухари)

7. Шайтан
“Шайтанды сөкпеңдер. Керсінше оның жамандығынан Алладан пана тілеңдер!” (Әбу Дәуіт)

Shapagat

06 Dec, 12:30


“Салиқалы амалды сен туралы айтcын деп жасама.
Жаман амалдарыңды жасырғандай жақсы амалыңды да жасыр”

Shapagat

06 Dec, 09:39


16 желтоқсанға арналған 3Д пнг нұсқа

Shapagat

01 Dec, 19:44


https://youtu.be/KU_1B1PKiFI?si=QYyVeLaEriqNE0Dl