IT bilim @it_bilimkz Channel on Telegram

IT bilim

@it_bilimkz


Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad

IT bilim (Kazakh)

«IT bilim» – бұл технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал. Мұнда IT саласын меңгергісі келетін жанга қазақ тілінде ақпарат беріледі. Каналда @codeforces_kz, @leetcode_kz акаунттары арқылы есеп шығару мүмкіндігі беріледі. Ортақ келесі байланыстар: Ютуб: youtube.com/ITBilim, Инста: instagram.com/it_bilim.kz. Байланыс үшін: @edigerad»

IT bilim

05 Jan, 04:13


Осы шығарылым ерекше, себебі бізде 2 қонақ және екеуі де Қазақстандағы ең табысты стартаптардың бірі – 1Fit-тен.

Мейір Әділжанов, Chief New Markets Officer, 1Fit-ті негізін қалаушысы – бизнесті жаңа нарыққа стратегиялық кеңейтумен айналысады. Оның басшылығымен 1Fit Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда іске сәтті қосылды.

Асқар Ақшабаев, Chief Technical Officer, 1Fit-ті негізін қалаушысы – техникалық іске қосуға жауап береді және платформаны жетілдіруде шешуші рөл атқарады.

EA Ventures by EA Group венчурлік бөлімінің басшысы Әділбек Камиевпен әңгімелесу барысында Мейір мен Асқар 1Fit-тің құрылу тарихын айтып берді. Одан бөлек, платформаның маркетингі қалай жұмыс істейтіні және фаундерлерге достық пен 1Fit-ті сақтауға не көмектескені туралы әңгімелесті.

Видео: https://tapthe.link/m8Sz6-2fnx

Аудио: https://investdala.mave.digital/?utm_source=chat_kz&utm_medium=7episod

IT bilim

27 Dec, 12:02


Үйге арналған интернет қалай пайда болады? 🛜

Барлығымыз үйге арналған жайлы интернетке үйреніп қалдық, бірақ сіз мұның арғы жағында не тұрғаны туралы ойландыңыз ба?

Freedom Telecom сізге YouTube-арнасына кіріп, барлығы қалай жүзеге асатынын, әрбір үйге интернетті қандай еңбекпен қосатынымызды білуге шақырады.

🦺| «Монтаждаушының өмірінен бір күн» атты айдарымыздың шығарылымында сіз:

• Биіктікте жұмыс істеу қандай екенін бағалай аласыз. Мұндай биіктікте үйге арналған интернеттің кабельдері жүргізіледі.
• Мамандарымыз қандай қиын жағдайларға тап болатынын және олар қандай тапқыр шешім қабылдайтынын білесіз.
• Интернет берік әрі жылдам жұмыс істеуі үшін команда қалай бірігіп жұмыс істейтінін көресіз.

🔰| Бөлімнің толық нұсқасын мына жерден қараңыз.

Freedom Telecom-ның үйге арналған интернеті, тарифтері мен бұл интернетті қостыруға болатын өңірлер туралы ресми сайтымыздан біліңіз: ftel.kz 🌐

IT bilim

26 Dec, 15:17


🏆 Осы аптада Қазақстанның спорттық бағдарламалау чемпионатының бірінші кезеңі басталады!

Неге сен қатысуың керек? Қатысуға лайықты себептерді білу үшін суреттерге назар аудар!
📌Сілтеме арқылы тіркел: contest.cpfed.kz
❗️Уақыт шектеулі — тіркеу ертең жабылады!
——

🏆 Уже на этой неделе стартует первый этап Чемпионата Казахстана по спортивному программированию!

Почему тебе стоит участвовать? Мы собрали ключевые причины на картинках.
📌 Зарегистрируйся по ссылке: contest.cpfed.kz
❗️Но поторопись: регистрация закрывается уже завтра!

IT bilim

24 Dec, 17:55


🗓️ 29 желтоқсанда сағат 12:00-де Қазақстанның спорттық бағдарламалау Чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңі басталады!

💻 14 жастан бастап кез келген қатысушы өз бағын сынай алады.

🔗 Сілтеме арқылы тіркеліңіз.

📌 Толығырақ — карусельде. 🚀
——

🗓️ 29 декабря в 12:00 стартует первый отборочный этап Чемпионата Казахстана по спортивному программированию!

💻 Участвовать могут все желающие от 14 лет.

🔗 Зарегистрируйтесь по ссылке!

📌 Подробнее — в карусели. 🚀

IT bilim

19 Dec, 15:53


Қазақстанның спорттық бағдарламалау чемпионатына тегін дайындық!

🗓 23–27 желтоқсан
💡 Есептер мен тиімді әдістерді талдау, және үздіктерге арнайы сыйлықтар
👨‍🏫 Білікті жаттықтырушылар – ICPC финалисттері
📌 Тіркелу және толық ақпарат сілтеме арқылы.


Бесплатная подготовка к Чемпионату Казахстана по спортивному программированию!

📅 23–27 декабря
💡 Разбор задач, стратегии и призы для лучших участников
👨‍🏫 Тренеры - опытные наставники и финалисты ICPC
📌 Регистрация и подробности по ссылке.

IT bilim

16 Dec, 05:24


Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿

Тәуелсіздік – бұл халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы мен еліміздің ең қымбат құндылығы. Бұл күні әрбір қазақстандық елін мақтан тұтып, болашаққа сеніммен қарайды. Біздің ортақ міндетіміз – осынау қасиетті Тәуелсіздікті нығайту және келер ұрпаққа аманаттау.

IT bilim

13 Dec, 12:02


🎥 Northern Eurasia Finals 2024 тікелей эфирі қазақ тілінде!

14–15 желтоқсан күндері сіздерді ICPC жартылай финалын тікелей эфирде тамашалауға шақырамыз! Бұл контестте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның үздік командалары финалға өту үшін күш сынасады.

💡 Эфирде не болады?
• Контесттің өту барысын тікелей эфирде бақылау мүмкіндігі.
• Трансляция кезінде сүйікті командаңыздың кодын көру мүмкіндігі.
• Трансляцияны сіздің қалауыңызға сай ету мүмкіндігі — қай команданы көргіңіз келетінін комментарийлерде жазыңыз, біз оны міндетті түрде көрсетеміз!
• Спорттық бағдарламалау әлемінің беделді сарапшы спикерлері.

📌 ICPC World Finals 2024 кезінде қазақ тіліндегі трансляция көрілім саны бойынша үздік 2 қатарына кірген болатын. Бұл жолы да қазақ тіліндегі контенттің дамуына бірге үлес қосайық!

📍 Трансляция сілтемесі: https://youtube.com/live/cGH7kNebSL8?feature=share
🚀 Қосылыңыз және сүйікті командаларыңызды қолдаңыз!

IT bilim

07 Dec, 08:44


🎉 Спорттық бағдарламалаудан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірінші кезеңіне тіркелу ашық!

🗓 Күні: 29 желтоқсан
📍 Формат: онлайн
🕛 Басталуы: 12:00
Ұзақтығы: 3 сағат

📌 14 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.

Чемпионат бірнеше іріктеу кезеңдерін және жүлде қоры 3 миллион теңге болатын финалды қамтиды.

🔗 Сілтеме арқылы тіркеліңіз.

IT bilim

07 Dec, 04:53


Үздіктер жобасының арнайы сайты барын білетін боларсыз?

Ол жерде қатысушылар прогрессін, жетістіктерін, жоба сертификаты мен зум интервьюлерін көріп тамашалауға болады.

Өткен Аудандық олимпиданың жетістіктерін де жинап қойдық:
https://uzdikter.kz/achievements/

IT bilim

30 Nov, 07:28


Сонымен, Ауыл Респасынан
6-алтынның 4-еуі Үздіктерде
деп айтуға болады😊

Атап айтсақ:
11-сынып:
🥇Нұрдаулет Әлдибек (Түркістан)
🥇Құдайберді Зайниев (Түркістан)
🥈Рамазан Тоқтарқазы (Қызылорда)

10-сынып:
🥇Әділет Нұрланов (Алматы обл)
🥇Инимжон Тохтаров (Түркістан)
🥈Елмұрат Серікбай (Түркістан)

IT bilim

26 Nov, 05:49


☄️ Сәлем, достар!

Product Owner & Product Manager саласында дамуды қалайтын болсаңыз,
MOST IT Hub серіктестігінде ұйымдастырылған шарада білікті мамандарымен кездесіп, пайдалы байланыстар орнатыңыз! 👏

🎙 Спикерлер:

СЕРІКБОЛОВ ӘДІЛЕТ
💼 Product Owner, core payments BCC.KZ
🖇 “Жетістікті өлшеу және пайдаланушы тәжірибесін жақсарту”

ҚУАНЫШОВА АЙЖАН
💼 Product owner, Tele2, ex. Mycar.kz
🖇 “Бір фича мысалындағы Product
Discovery”

АУБАКИРОВ АЛМАЗ
💼 Senior Product Manager, Beeline BigData
🖇 “Продукт Менеджмент артефакттары
мен Data Driven тәсілі”

БЕКТЕМІР АҚТОЛҚЫН
💼 Product Manager, Home Credit Bank
🖇 “Ыңғайлы тіркелу процессі калай
Retention-ге әсерін береді”

БАҚТЫКЕРЕЙ ЕРҚАНАТ
💼 Product Manager, Amanat JSC
🖇 “Интеграция төңірегіндегі best practice және ондағы Product Manager-дің рөлі”


📅 30.11.2024 13:00 - 17:00
📍 Ходжанова көшесі 2/2, Most IT HUB
💵 Қатысу тегін!
📥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/hjJjroH5UszjHuL67

🔝 Біз @digitaldala -мен біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! Келіңіздер, білім мен тәжірибені бірге бөлісейік!

☄️ Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
@qazaqtech

IT bilim

16 Nov, 06:06


🌟 Айдос Нұрмаштың жолы: Қызылорда облысы Жалағаш ауданының оқушысынан спорттық бағдарламалаудағы "халықаралық гроссмейстерге" дейін! 💻

Ол мұндай биіктерге қалай қол жеткізді? Біздің бейнеден біліңіз! 🎥

🗓️ Естеріңізге саламыз: 16 қараша күні ICPC 1/4 финалы өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🍀
——

🌟 Путь Айдоса Нурмаша: от школьника из Жалагашского района Кызылординской области до “международного гроссмейстера” в спортивном программировании! 💻

Как ему удалось добиться таких высот? Узнайте в нашем видео! 🎥

🗓️ Напоминаем: уже 16 ноября состоится 1/4 финала ICPC. Всем участникам желаем удачи! 🍀

IT bilim

13 Nov, 03:45


#UzdikITUstaz

🚀Жауырда CPFED Uzdik IT Ustaz турнирінің жаңа маусымы! Қазақстанның түкпір-түкпірінен информатика пәні мұғалімдерін қатысуға шақырамыз. Өткен жылы турнирге 11 облыстан 592 мұғалім қатысты — биыл бұл сан одан да көп болады деп сенеміз!

📅 Толығырақ ақпарат сайтта!


🚀 Новый сезон турнира CPFED Uzdik IT Ustaz уже скоро! Приглашаем учителей информатики со всех уголков Казахстана присоединиться. В прошлом году с нами были 592 учителя из 11 областей — в этом сезоне будет еще больше!

📅 Подробнее на сайте!

IT bilim

08 Nov, 13:11


IT, стартаптар және инвестициялау тақырыбындағы қазақ тіліндегі алғашқы подкаст


Ілияс Исатаев: Invictus иесі 30 миллион долларлық стартапты қалай құрды және оның миссиясы қандай?

Сәлем! Кеше Invest Dala подкастының шығарылымы шықты. Бүгінгі шығарылымның қонағы – Ілияс Исатаев, Invictus фитнес-клубтар желісінің және Hero’s Journey стартапының негізін қалаушы.

Әділбек Камиев, EA Ventures by EA Group венчурлық бөлімінің жетекшісі, Ілияспен Invictus жобасын қалай құрғаны, Нью-Йоркте студия ашу шешіміне қалай келгені және қандай қиындықтарға тап болғаны жайлы әңгімелесті.

Америкалық инвесторлар неге қазақстандық стартапқа қаржы салды? Неліктен ол өзінің бизнесіне бәсекелес құруды? Кәсіпкерлер үшін қандай метрикалар маңызды және инвестициялау кезінде неге назар аудару керек?

Сонымен қатар, бизнестегі басты қателіктер, АҚШ нарығында масштабталу құпиялары және идеяңызды бәсекелестерден қорғау жолдары - Invest Dala Podcast подкастының жаңа шығарылымында!

Толық сұхбатты YouTube арнасынан қараңыз — https://tapthe.link/x4wyN6UMap
Тыңдап, өзіңізге қызықты инсайттар алаңыз!

IT bilim

06 Nov, 10:55


Ертең!
Кешкі сағат 19:00-де!
Инстаграм Live!


Арнайы қонағымыз
FAIO (ФизМат AI олимпиада) ұйымдастырушысы - Қуаныш Өтеу ұстазбен болмақ!

Осы жайында сұқпаттасамыз.

Өткізіп алмаңыздар)

Болатын платформа:
https://instagram.com/uzdik.bilim

IT bilim

04 Nov, 04:01


🇰🇿 Servercore ұсынған IT-беш: «2025 жылы IТ-инфрақұрылымды қалай тиімді басқаруға болады?»

Бизнес-кешкі аста сіз 2025 жылы Қазақстандағы инфрақұрылымды басқарудың 4 тиімді тәсілі мен бұлтты технологиялар нарығының трендтері туралы білетін боласыз.

Сондай ақ іс шарада Servercore клиенттерінің кейстері ұсынылады:

Alif қаржы-техникалық компаниясы, ол қызметтердің даунтаймын 80%-ға төмендете алды

● Бұлттық инфрақұрылымды сәтті орналастырған M Cosmetic ірі ритейл желісі
Нетворкинг барысында IT-беш қатысушылары кәсіби тақырыптар бойынша сөйлесіп, тәжірибе алмасады және жаңа таныстар таба алады.

🗓Күні: 2024 жылғы 14 қараша (бейсенбі).
📍Орналасқан жері: Алматы, Абай даңғылы
🏃 Құны: Тегін.
🎤Форматы: Офлайн.

Мына сілтеме бойынша толығырақ біліп, өтінімді қалдыруға болады

IT bilim

30 Oct, 06:40


Илон Маск Future Investment Initiative (FII) конференциясында жасанды интеллект (AI), роботтар және ғарышты игеру тақырыптарында ойларымен бөлісті.
AI туралы пікірі:
- Маск AI-дың болашағына оптимистік көзқарас танытып, оның адамзатқа әсері 80-90% оң болатынын айтты.
- Алдағы 4 жылда AI 10,000 есе жақсарады деп болжайды.
- 2028 жылға қарай AI адамзаттың барлық жұмысын орындай алады деп санайды.

Гуманоид роботтар:
- 2040 жылға қарай гуманоид роботтардың саны адам санынан асып, 10 миллиардтан асады деп болжайды.
- Tesla 2026 жылы роботтарды жаппай өндіріске шығара бастайды.

SpaceX және Марс:
- SpaceX екі жыл ішінде Марсқа пилотсыз ғарыш кемесін жіберуді жоспарлап отыр.

Tesla және автокөліктердің автономдығы:
-
Маск 2024 жылдың ортасына қарай Tesla көліктері АҚШ-та толық автономды болады деп мәлімдеді. Бұл көліктер рульсіз және педальсыз болады деп күтілуде.
- Tesla компаниясының автономды таксилері 2026 жылға қарай адам басқарған көліктерге қарағанда 10 есе қауіпсіз болмақ.

IT bilim

30 Oct, 06:36


 🚀 NU DataSci Club-ы сені Data Challenge-ге қатысуға шақырады!

"Қазақстанның даму банкі" (ҚДБ) қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада ЕКІ кейс қарастырылатын болады: Экономикалық Даму және Инфрақұрылым Болжамы.   

👥 2-4 адамнан тұратын команда құра. Онлайн және офлайн формат

📆9-16 қараша аралығы. 1-кезең: 9-10 қараша, 2-кезең: 14-16 қараша
💰3,000,000₸
📍Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан (немесе онлайн)
❗️Тіркелудің соңғы күні: 7 қараша, 23:59.

📩ОСЫ ЖЕРДЕ ТІРКЕЛ

🚀NU DataSci Club приглашает тебя принять участие в Data Challenge!

Данное мероприятие, при поддержке "Банк развития Казахстана" (БРК), предлагает ДВА кейса по Экономическому Развитию и Прогнозированию Инфраструктуры. 

👥 Сформируйте команду от 2 до 4 человек. Онлайн и офлайн формат

📆 9-16 ноября. 1-этап: 9-10 ноября, 2-этап: 14-16 ноября
 💰3,000,000₸
📍Назарбаев Университет, Астана, Казахстан (или онлайн)
❗️Дедлайн регистрации: 7 ноября, 23:59.

📩РЕГИСТРИРУЙСЯ ЗДЕСЬ

IT bilim

25 Oct, 06:16


Python курсы (кіріспе)

Оқушылар мен мұғалімдерге, сондай-ақ есеп шығаруды үйренгісі келетіндерге арналған Python курсы – бағдарламалауға алғашқы қадамыңыз!

Курс ерекшеліктері:

Бағасы: 18 000 тг
Тіл: Қазақша
Формат: Аптасына 3 рет Zoom арқылы
Практика: 3 лекция, 3 контест
1-ші сабақ тегін!
Ұзақтығы: 1-1,5 сағат
Курс: 12 сабақ (1 ай)
Қолжетімділік: Сабақтар YouTube-та жабық сілтемемен сақталады.

Тақырыптар:

• Python негіздері
• Шартты операторлар (if, else)
• Циклдар (for, while)
• Массивтер
• Сөздік

Курс сізге есептерді шешуді үйретіп, Python дағдыларыңызды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Толық ақпарат: @Umeke1 @prime_code1

IT bilim

25 Oct, 05:43


Үздік Білім арнасының жетекшісі Ерғали ағайдың ұйымдастыруымен Ауыл Олимпиадасының Облыстық кезеңіне дайындыққа арналған күндік контесттер өтуде! Алғашқы 14 күннің нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз:

https://codeforces.com/spectator/ranklist/289af43e3e0af7fb1652565da5d6dc83

Бұл тек оқушылар үшін ғана емес, кез келген қызығушылық танытқан адамға қатысуға мүмкіндік бар! Қатысу тегін, және бұл білім мен дағдыларды дамытуға таптырмас мүмкіндік.

Тегін қатысу үшін тіркеліңіз: https://kunde.contest.codeforces.com/groupRegister

Бұл жарыс – жаңа белестерге жетелейтін маңызды қадам!

IT bilim

25 Oct, 05:26


Қазақстан Республика күні құтты болсын!

Туған жерімізге деген шынайы сүйіспеншілік жүрегімізде мәңгілік сақталып, еліміздің дамуы мен гүлденуіне жаңа белестерге жетуге күш-жігер берсін! Әрқайсымыз осы мерекеде бірлігімізді нығайтып, елімізді жарқын болашаққа жетелейтін ұлы істерге үлес қоса берейік!

IT bilim

24 Oct, 09:07


Tech Book Reading Club 🚀

💡 Аман Утемуратов — Google компаниясында жұмыс істейтін қазақстандық программист және жас IT мамандарын шабыттандыратын тұлға. Ол жақында "Start With Why" кітабын оқып бітіріп, енді Sam Newman-ның "Building Microservices" атты кітабын оқуды бастауға дайын. Осыған орай, Аман өз оқырмандарына арнайы Tech Book Reading Club құруды ұсынуда!

Бұл клуб арқылы сізге не ұсынылады:

🧠 Техникалық білімді тереңдету: Біз әр 1-2 апта сайын онлайн кездесулер өткізіп, күрделі техникалық кітаптарды бірге талқылаймыз.
🌍 Кәсіби орта: Техникалық кітаптарды оқып, идеялармен бөлісетін тәжірибелі мамандармен байланыс орнату мүмкіндігі.
📚 Білім мен тәжірибе алмасу: Бірге кітап оқып, талқылау арқылы кәсіби біліктілікті дамыту.

Толығырақ ақпарат алу үшін Аманның телеграм арнасына жазылыңыз @amanutemuratov

IT bilim

24 Oct, 07:09


Kolesa Conf 2024: Алматыда ірі IT-конференция өтті

Бір күнде IT-бағыттар бойынша төрт ағын болды: Management, Web, Datа және Mobile. Биыл Kolesa Conf офлайн форматта өтті, ивент 1600 адамды жинады.

Биылғы ивентте жаңа нәрседен сарапшылардың аудиториямен — QA, Design, HR бойынша шағын жанды тілдесу өткізіп көрдік, сондай-ақ C-level Sergek Group, Beeline Қазақстан, Kolesa Group және Drinkit Kazakhstan сөз сөйлеген Management ағынында панельдік сессия жасап көрдік.

«Біз конференция қатысушыларының жайлылығына ерекше көңіл бөлдік. Дизайнерлермен бірге customer experience пен ғимараттың іші мен сыртына қатысушыларға навигация ретінде туларды, баннерлерді, нұсқағыштарды жақсылап әзірлеп қойдық», — деді Арайлым Қожанова, Kolesa Group event-менеджері .

Бір жыл бұрынғыдай конференция екі тілде өтті: қазақ және орыс. Ұйымдастырушылар көрермендер контентті өздеріне үйреншікті тілде қабылдауы үшін синхронды аударманы қарастырды.

Белсенді көрермендер Kolesa Conf’24 брендтелген мерчімен, сондай-ақ конференция серіктестері мен спикерлерінің жүлделерімен марапатталды.

IT bilim

23 Oct, 12:07


🎬 nFactorial Originals және AstanaHub спорттық бағдарламалау туралы деректі фильмді ұсынады!

«Задача D. Как спортивное программирование меняет мир?» фильмі бізді Астанада өткен ICPC Worls Finals 2024 Халықаралық бағдарламалау олимпиадасының оқиғаларын еске салады. Фильмде ICPC қатысу қатысушылардың өмірін, олардың мансап жолдарын қалай өзгерткенін және біздің болашағымызды қалыптастыратын инновацияларға қалай шабыт бергенін білесіз.
🔗 Фильмге сілтеме

Тамашалаңыз!
——

🎬 nFactorial Originals и AstanaHub представляеют документальный фильм о спортивном программировании!

Фильм «Задача D. Как спортивное программирование меняет мир?» погружает нас в события Международной олимпиады по программированию ICPC Worls Finals 2024, которая прошла в Астане. В фильме вы узнаете, как участие в ICPC изменило жизни участников, их карьерные пути и вдохновило на инновации, формирующие наше будущее.
🔗 Ссылка на фильм

Приятного просмотра!

IT bilim

07 Oct, 06:00


Сіздерге тек қазақ тіліндегі жауап беретін жасанды интеллект (AI) -
Қазақи ЖИ” телеграм ботын ұстынамын, оның мүмкіндіктері шектеулі болса да, біраз нәрседен көмек бере алады.

Тексеріп көріңіздер:
t.me/kazrobot

IT bilim

30 Sep, 04:01


Сіздің бұлтты инфрақұрылымды дамытуға арналған грант
100 000 теңге және бірінші толықтыруға 100% кэшбек алыңыз

Servercore IT-инфрақұрылым провайдері Қазақстаннан E-commerce саласында жұмыс істейтін жаңа клиенттер үшін арнайы бағдарламаны іске қосады.

Бонустармен ServerCore басқару панеліндегі кез келген сервистің ақысын толығымен төлеуге болады: бұлтты және арнайы сервер, сондай-ақ PaaS шешімдері: Managed Kubernetes және Бұлтты дерекқорлар.

Барлық сервистер қолжетімділіктің үш аймағында — Алматы, Ташкент және Найроби қалаларында қолжетімді.

Мына сілтеме бойынша толығырақ біліп, өтінімді қалдыруға болады

IT bilim

26 Sep, 04:04


🎶 Frontend және Backend әзірлеу: Интернет домбырасы 🌐

Сәлем, достар 👋

Бүгін біз Frontend және Backend әзірлеу жайында сөз қозғайтын боламыз. Ол үшін веб-сайтты/қосымшаны қазақтың әдемі домбырасы ретінде елестетейік. 🎵 Домбыраның екі маңызды — ішегі мен шанағы(денесі) бар сияқты, интенет те екі тіректің негізінде тұр: frontend және backend.

Сайт пайдаланушысын аспапшы деп елестетсек, домбыра дайындайтын шеберлер - әзірлеушілер. Frontend домбыраның ішектеріне ұқсайды. Аспапшы ішектермен ойнаған кезде дыбыс шығады - бұл пайдаланушының сайтты қолданып жатқаны. Frontend - бұл сіз интернетте көрген, түрткен және сезетін барлық нәрселер. Бұл веб-сайтты әдемі қылатын және қолданыстың ыңғайын салатын түймелер, түстер, макеттер және анимациялар. Егер ішектер үндеспесе немесе әлсіз болса, әуен құлаққа жағымсыз болады — нашар жасалған интерфейс те пайдаланушы тәжірибесін бұзады.

Бірақ сиқыр мұнымен тоқтамайды 👨‍🎓

Backend - домбыраның шанағы (денесі). Шанақ дыбысты күшейтіп, жаңғыртып, әуенді жандандырады. Қолданбаңыздың функционалдық негізін құрайтын да backend. Бұл жерде деректер өңделеді, сақталады және басқарылады, пайдаланушыларға көрінбейді, бірақ домбыра әсем ән беруі үшін маңызды. Ішектен шыққан дыбыс ойықтан кіріп (API), домбыра денесінің түрлі бұрыштарына соғылып, өзгеріп, еселіп қайта жандана шығады. Front пен back те тура солай, тек дыбыс орнына ақпаратпен сөйлеседі. Денесіз шектерден шыққан дыбыс әлсіз болар еді, backend болмаса, front та дәрменсіз. 🤝

Домбыраның денесі дауысының қоңырлығы мен жуандығын анықтайды. Дауысы неғұрлым қатты шықса, соғұрлым көп адам естігені секілді, backend те көп пайдаланушыны қабылдауға дайын болып жазылса, сайтты да соншалықты көп адам қолдана алады. 🤙

Домбыраның ішегі мен шанағы бірге үйлесімділік құратыны сияқты, тамаша веб-бағдарлама frontend және backend арасындағы тамаша тепе-теңдікті қажет етеді. 🤓

Осы екі бөлік қосылса, тамаша цифрлық симфония 🎵 жасайсыз. 📈

Сонымен, келесі жолы веб-сайтқа кіргенде, оны домбыра деп елестетіңіз — фронтенд пен бэкэнд тамаша үйлесіммен бірге жұмыс істеп, үздіксіз цифрлық тәжірибені жасап тұрғанын сезініңіз. 🤝 Екі бөлікті неғұрлым жақсы баптасаңыз, нәтиже соғұрлым әдемі болады. ✍️



Қалай ойлайсыз, домбыраның басқа бөліктері әзірлеудің қай үрдістеріне сай келеді

IT bilim

26 Sep, 03:31


https://youtu.be/SNuIw9VZsrk?si=90JCZwQSbiVcf9BV

IT bilim

24 Sep, 09:49


Лайықты жүлде! 👏🏻

UNIST университеті сапында өнер көрсеткен отандық студенттеріміз Илдар Каналиев, Мансұр Мұқымбеков, Әділ Сұлтанов ICPC Challenge от Huawei бәсекесінде қола жүлде жеңіп алды🔥

Отандастарымызды құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз!



Заслуженная награда! 👏🏻

Казахстанские студенты из команды университета UNIST в составе Илдар Каналиев, Мансур Мукимбеков и Адиль Султанов стали бронзовыми призерами ICPC Challenge от Huawei 🔥

Поздравляем и желаем успехов в последующих соревнованиях!

#icpc2024 #icpcwfastana48 #icpcwfastana #ICPCfinals

IT bilim

24 Sep, 06:40


⭐️CRM CONF 2024 – Орталық Азиядағы кәсіпкерлерге арналған онлайн форум

Іс-шара 2024 жылдың 11 қазанында «БИЗНЕСТІ ӨЗГЕРТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбымен онлайн режимде өтеді.

🗓️11 қазан, 11: 00 (Астана уақыты бойынша)
📍онлайн
🎫қатысу тегін


CRM CONF – бұл жыл сайын әртүрлі саладағы кәсіпкерлер мен сарапшыларды біріктіретін ауқымды іс-шара. Ағымдағы CRM CONF 2024-те кәсіпкерлік, сауда, маркетинг және HR саласындағы инноваторлар мен мамандар сөз сөйлейді.

Спикерлер бизнес-процестерді түрлендіретін озық технологиялар мен шешімдерді талқылайды.

• Адам факторын қалай азайтуға болады және бұған қандай технологиялар көмектеседі;
• HR-бизнес ұрпақтар тоғысында: дәстүрден инновацияға;
• Account Based Marketing: үлкен клиентті қалай табуға болады.
Конференция спикерлері осы мәселелер жайында, сондай-ақ нақты бизнес-кейстер туралы айтады.

🖊 Виртуалды байланыс қазірден қолжетімді

📌Конференцияға тіркелу

IT bilim

24 Sep, 05:38


ЕКІНШІ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ І КЕЗЕҢІНЕ 113 307 ОҚУШЫ ТІРКЕЛДІ

25 қыркүйекте ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (бастапқы) кезеңі басталады. Бұл 13 жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін интеллектуалдық жобаға 113 307 оқушы қатысуға тіркелді. Айта кетсек, өткен жылы бұл көрсеткіш 78 404 оқушыны құраған еді, яғни биыл олимпиадаға қатысуға ниет білдіргендердің саны 34 903 оқушыға артып отыр. Бұл білім беру саласында үлкен жетістік ретінде бағалануда, өйткені ауыл мектептерінің оқушыларының олимпиадаларға қызығушылығы мен белсенділігі айтарлықтай өскен.

Олимпиаданың сәтті өтуі үшін ұйымдастырушылар ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізуде. Олимпиаданың І бастапқы кезеңін өткізу бойынша республикалық жиналыс өткізіліп, оған 500-ге жуық маман – өңірлік «Дарын» орталықтарының директорлары мен орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен басқа да жауапты қызметкерлер қатысты.

Жиналыс барысында «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов олимпиадаға дайындық барысын баяндап, тіркелген мектептер саны туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, олимпиаданың І бастапқы кезеңін өткізуге қатысты толық ақпарат ұсынылды және кезеңдердің өту графигі таныстырылды. Сондай-ақ, «Дарын» РҒПО бөлім басшысы Мақсат Әубәкіров онлайн платформада жұмыс істеу бойынша техникалық нұсқаулықты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Олимпиаданың сапалы әрі әділ өтуі үшін барлық қатысушыларға арнайы тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қадағалау мақсатында нақты нұсқаулар жасалды.

Барлық қосымша ақпаратты және олимпиаданың өту барысына қатысты мәліметтерді https://auyl.daryn.kz сайтынан алуға болады.

Бұл олимпиада ауыл мектептерінің оқушылары үшін үлкен мүмкіндік. Олимпиадаға қатысу арқылы оқушылар өз білімдерін шыңдап, республикалық деңгейде бақ сынай алады.

Ресурс: https://www.facebook.com/share/p/88nYuUogiJjBG23v/?mibextid=WC7FNe

IT bilim

18 Sep, 05:40


Астана, Әлемнің барлық түкпірінен жиналған қатысушылар, 2024 ICPC World Finals 💻

Бұл айтулы шараның тек кішкентай ғана бөлігі🔥



Астана, участники со всего мира, 2024 ICPC World Finals 💻

И это только малая часть такого грандиозного события 🔥

IT bilim

08 Sep, 14:05


https://youtu.be/9emw2kU1FWI?feature=shared

IT bilim

07 Sep, 14:01


https://www.youtube.com/watch?v=tEZZDx4FVVM&ab_channel=ITbilim

IT bilim

06 Sep, 14:01


https://youtu.be/ACsgtDyMMm4?feature=shared

IT bilim

05 Sep, 14:03


https://youtu.be/7VsKlOObarU?feature=shared

IT bilim

02 Sep, 11:04


🎉 Біздің notes.cpfed.kz платформамызда спорттық бағдарламалау және алгоритмдер саласындағы сарапшы Антти Лааксоненнің «Спорттық бағдарламалау бойынша нұсқаулық» атты қазақ тіліндегі аудармасы шыққанын хабарлаймыз. Аударманы CodeGirls 2024 күміс жүлдегері, EGOI 2024 сайысының қатысушысы Нұрхаят Талғатқызы орындады. Редакторы – филология ғылымдарының кандидаты Сая Ағанасқызы Итеғұлова.
——
🎉 На нашей платформе notes.cpfed.kz доступна книга на казахском языке — "Руководство по спортивному программированию" от Антти Лааксонена, эксперта в области спортивного программирования и алгоритмов. Перевод выполнила Нурхаят Талгаткызы, серебряный призер CodeGirls 2024, участница EGOI 2024. Редактором выступила Сая Аганаскызы Итегулова, кандидат филологических наук.

IT bilim

01 Sep, 16:21


Кеш жарық достар! Қазақстан IOI құрамасы Египеттің Александрия қаласына аман-есен жетті. Турлар 3ші және 5ші қыркүйекте болады

🇰🇿 команда мүшелері:
Цой Максим, РФМШ Алматы
Иса Ахмет, Қызылорда БИЛ
Назар Серазитдинов, Haileybury Алматы
Таймас Мансур, Атырау БИЛ

Команда жетекшілері: Сатылханов Темірлан және Қуанышбай Айбар

IT bilim

28 Aug, 03:39


🎓 Құрметті мектеп оқушылары, сіздерді 2024 жылдың 18 қыркүйегінде ICPC World Finals 2024 Astana экскурсиясына қатысуға шақырамыз!

Экскурсияда сіз әлемдік чемпионатқа қатысуға, күрделі мәселелерді шешуде бәсекеге түсетін IT саласындағы жұлдыздарды көруге және IT саласындағы жаңа трендтермен танысуға мүмкіндік аласыз.
🔗 Экскурсия және тіркелу туралы толығырақ біздің сайттан оқыңыз!

🎓 Дорогие ученики школ, приглашаем вас принять участие в экскурсии по ICPC World Finals 2024 Astanа 18 сентября 2024 года!

На экскурсии вы получите возможность погрузиться в атмосферу мирового чемпионата, увидеть, как звезды из IT сферы соревнуются в решении сложнейших задач, и узнать о новых тенденциях в IT-сфере.
🔗 Подробнее об экскурсии и регистрация на нашем сайте!

IT bilim

22 Aug, 02:12


🎉 EJOI 2024 информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы аяқталды! Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, тамаша нәтижеге қол жеткізді! Жеңімпаздарымызды және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!
🌟 Чемпиондарымыздың есімдері мен олардың жетістіктері туралы біздің сайтымыздан біліңіз.

🎉 Завершилась Европейская юниорская олимпиада по информатике EJOI 2024! Казахстанская сборная добилась выдающегося результата, завоевав 2 золотых, 1 серебряную и 1 бронзовую медаль! Поздравляем наших победителей и их тренеров!
🌟 Узнайте имена наших чемпионов и подробности их достижений на нашем сайте.

IT bilim

21 Aug, 16:03


Алматылықтар жасанды интеллектке қарсы жекпе-жекте өнер көрсетеді!

Ертең 22 тамызда командалар үлкен эксперименттік Го ойынына роботтарға қарсы қатыса алады ! Себебі екі бас бірігіп тіпті ЖИ-ді (жасанды интеллект) жеңе алады - біз мұны әділ ойында дәлелдейміз! 🧠

Тарихи шайқасқа қатысу үшін Сіз роботқа қарсы бірлескен ойынға серіктес тауып, команданы ыңғайлы уақытқа сілтеме арқылы тіркеуіңіз қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScVYdsQtAanqyEsSZCWW0HFeQzxGYtSrly0PMJ8iJqUjzhKeA/viewform
Ойын уақыты: 16:00-22:00

#серіктестік_жазба

IT bilim

13 Aug, 14:59


https://youtu.be/MWLc2Wy9LYE

IT bilim

12 Aug, 15:01


https://youtu.be/9BjfC97NU0M?feature=shared