Жұмбақ Вэньфэн туралы не белгілі?
Вэньфэн – нағыз технарь. Ол Қытайдың үздік Чжэцзян ЖОО-да электроника мамандығы бойынша білім алды. Университетті 2010 жылы бітірген соң, жасанды интеллекттің көмегімен биржада сауда жасай бастады. 2015 жылы хедж-қордың тең құрылтайшысы атанды. Оның жетістігін бір ғана санмен сипаттауға болады: Вэньфэн басқарушы болғаннан кейін алты жыл ішінде қорының шотында 100 миллиард юань жиналды.
• Жасанды интеллект – оның басты құмары болған. Өз компаниясын құрғанға дейін-ақ ол 10 мың бейне картаны сатып алған. Кейінірек ол бұл әрекетін нейрожелілердің жұмысын түсінуге деген «жай ғана қызығушылық» деп түсіндірді.
• Технологияға деген осы сүйіспеншілігі 2023 жылы DeepSeek компаниясын құруына әкелді. Компания Nvidia-ның нарықтық капитализациясын 465 миллиард долларға төмендетті.
Ол – өткен жылы ол әріптестерімен бірге Қытайдың премьер-министрімен кездескен.