Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков) @qorzhynym Channel on Telegram

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

@qorzhynym


ЖЕКЕ ДАМУ/ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков) (Kazakh)

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков) телеграм көмегі арқылы ЖЕКЕ ДАМУ/ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ арқылы қалай жұмыс істеуге арналған ағылшын тіліндегі жезказган электрондық кітаптарды жүктеп аласыз. Бұл канал Арнұр Қадылбековтің жетекшілігімен және жеке даму/әдет қалыптастыру мамандарының білікті нұсқасы болып табылады. Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков) арқылы әдет қалыптасу жолында жоғары деңгейде мағлұмат алуға болады. Сіз даму/әдет қалыптасу үшін керек болатын кітаптарды таңдап, оларды жүктеп алуға боладысыз. Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков) каналы арқылы өзіңізді жақсы ақиқаттап, жақсы жаңалықтарға жол аша аласыз.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

28 Jan, 10:26


Планнердің сатылымы бүгін БІР КҮНГЕ ашық😍.

Күнделік жайлы толығырақ сторидан, не “Планнер” актуальный-дан біле аласыз. Бағасы: 2790тг😍

Тапсырыс үшін, төмендегі сілтемемен вацапқа жазыңыз:
https://wa.me/message/VKPUHIJK4TZMO1

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

26 Jan, 16:01


2025 жыл, қаңтардың соңғы жексенбісі бүгінмен тәмам.

Бір жағынан, ай тым жылдам өтті, не істеп, не қойғанымызды ұқпай қалдық. Екінші жағынан, бір айда біраз тірлік бітті. Өзімізді жақсарта алдық, я жақсаруға алғашқы қадамдарымызды жасадық. Кішкене болса да, әрбір жеңісімізді құрметтеуіміз керек. Әрекеттерімізден пайданы іздеп табуымыз керек🙏🏻

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

23 Jan, 15:27


Демалысты бірінші орынға қою - бұл міндетті түрде жалқаулық емес, бұл тәртіптің бір бөлігі. Демалған ақыл-ой - өткір, демалған дене - күшті, демалған рух - табанды.

Дисциплинасы мықтылар біледі: нағыз прогресс қашан тоқтап, демалу керегін білген кезде болады. 💤💪

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

20 Jan, 15:56


“Подписчиктер” заманында, көшбасшы бол! Өзіңнің ерекше қасиеттеріңді қабылдап, сонымен мақтан, сонымен ерекшелен! Бәрі көптің артынан ере алады, бірақ алдында болу ерлікті талап етеді.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

16 Jan, 15:36


Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейінгі жасалатын ең алғашқы әрекет күніңізге тон береді. Таңды қалай бастасаңыз, күніңізді солай өткізесіз. Сол үшін алғашқы әрекетті дұрыс таңдау маңызды. Ұйқыдан тұра салып, телефонды қолға алу осы мүмкіндікті ысырап қылғанмен тең.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

15 Jan, 16:35


Менің сүйікті сөзім: “How you do anything is how you do everything”.

Қазақша: “Кез-келген бір істі қалай істесең, барлығын солай істейсің”.

Бұл сөз маған тіпті ең маңызды емес дейтін тірлігімді тиянақты орындауға мотивация береді. Себебі, бір затты сылбыр істесем, жалпы, кез-келген іске сылбыр қарауым мүмкін деген сөз…

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

13 Jan, 16:07


Джимс Клир айтады: екі күн қатарынан әдетті қайталауды өткізіп алма. Себебі, әрбір қайталаған әрекетің, сен болғың келетін адамға берген бір дауысың. Егер айдың аяғында 50%-дан артық дауыс жинасаң, онда жеңіске жеттің деген сөз🙏🏻

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

10 Jan, 15:24


Жаңа әдет қалыптастыру үшін орта есеппен 66 күн қажет деп жазыпты бір ғалым. Сөйтсем, бұл тұжырым мен оқыған Лондон университеттік колледжінің 😍зерттеушілермен анықталған екен. Зерттеулерін оқыдым.

Бұл санға сенуге келмейтініне көз жеткіздім. Өйткені бұлар шектеулі әрекет түрлерінің қанша уақытта әдетке айналатынын зерттеген. Және солардың орта есебін көрсетеді. Бірақ әрқайсысымыз әртүрліміз және әртүрлі әдет қалыптастырғымыз келеді ғой. 
 
Менің тұжырымым - әдеттің қалыптасу уақыты сол әрекеттің қиындылығына, және ең бастысы, қаншалақты қайталанатынына байланысты!

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

09 Jan, 13:01


"Үш күнде адам көрге де үйренеді" дейді ғой. Қорқынышты мақал. Бірақ мақал😅
 
Мидың 🧠 пластикалығы немесе жалпы адамның бейімделгіштігі оған ең қиын деген әрекеттерге де үйреніп кетуіне мүмкіндік береді. Мида жаңа нейрондық жолдар ⛓️‍💥құрылып, біз оны әдет деп атаймыз. Бұл дегеніміз, тәртіп пен табандылықтың арқасында сіз дұрыс әдеттерді тиімді түрде қалыптастыра аласыз. Ал бұл ұзақ мерзімді өзгерістерге әкеледі. 😍Сондықтан, қазір қиындық сезінсеңіз, дұрыс жолда екеніңізді біліңіз. Меже жақындап, бір кезде бұл әрекет оңайлап, пайдалы әдетке айналғанын көресіз!

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

07 Jan, 15:33


Мотивация жақсы, бірақ ол әркез жеткілікті бола бермейді. Ұзақ мерзімді прогресс негізінен тәртіпке (дисциплина), дәйектілікке және нақты жоспарлауға байланысты болады. Мотивация бастапқы әрекетті тұтандырса🧨, тәртіп сіздің кейінгі қозғалысыңызды қамтамасыз етеді. Бірақ, біз білеміз ғой🤩, ӘДЕТ тәртіптің шырқау шегі🗻.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

03 Jan, 15:44


Жауапкершілікті алу деген - дәл қазіргі өміріміздің жағдайына тек өзіміз жауапты екенімізді түсіну. Қаржылық жағдай, денсаулық, отбасы-достармен қарым қатынас, жұмыстағы жетістік - бәрі-бәрі. Болашақта да өмірімізде қандай өзгеріс болса оған жауапты өзіміз.

“Ананың кесірі”, “мынау болмағанда, “ол бүйтпегенде” дейтіндер жауапкершілікті мойындай алмайтындар. Оларға өзгеру қиын болады(

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

02 Jan, 15:16


Жаңа жылды өмірімізге жауапкершілік алумен бастайықшы?

Меніңше, өмірінде болып жатқан ӘР нәрсеге ЖАЛҒЫЗ жауапты - ӨЗІ екенін түсінген адам өмірін өзгерте алады. Иә?

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

31 Dec, 18:25


Құрметті менің алтын оқырмандарым, жаңа жыл құтты болсын😘

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

25 Dec, 15:06


Мақсаттар қою — жетістікке жету жолын картаға түсіру сияқты.

Картаңыздағы жол әрдайым тегіс болмауы мүмкін. Бірақ әрбір төпешік пен шұңқыр өсуңіз бен үйренуіңізге негіз болады. Шындығында, нағыз нәтиже мақсатқа жетуіңіздің өзі емес, соған жету жолында тұлға ретінде өсуіңіз. 💪

Алға ұмтылыңыз

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

21 Dec, 14:26


Жағды өзгерте алмасақ, өзімізді өзгерту қалады…

Екі ой: қиын жағдайға тап болсақ, оған жауапты өзіміз. Тек өзіміздің қабылдаған, не қабылдамаған шешімдеріміздің есебінен қиын жағдайға тап болдық.

Екіншісі, ол жағдайды өзгерте алмасақ, өзімізді өзгертуден басқа амал жоқ.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

20 Dec, 14:05


Ең үлкен құпия 🤫

Күн қалай басталса, солай жалғасады. Сол рас болса, онда бұл фактты қолдану керек. Ұйқыдан тұра салысымен телефонды қолға алудың орнына бір пайдалы іс істеуді әдетке айналдырмаймыз ба? Қалғанын осы ереженің жетегіне қалдырамыз.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

19 Dec, 07:17


Жаңа жылға орай [жаңа жылды дұрыс ниетпен бастасын деп], планнерлеріме 25% жеңілдік жасап отырмын🤯. Бағасы небәрі 2790тг😍.

Тек бүгін ғана сатылымды 1 күнге ашып отырмын. Тапсырыс беріп үлгерсеңіздер, жаңа жылға дейін қолдарыңызға жетеді🙏🏻. Тапсырыс үшін жоғарыдағы сілтемемен вацапқа жазуларыңызға болады.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

19 Dec, 07:17


https://wa.me/message/VKPUHIJK4TZMO1

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

18 Dec, 12:31


Уақытымды аяймын…

Кезінде біраз заттар бастап (корей тілін үйрену, скрипка, пианино, тағы бірнеше жоба) соңына дейін жеткізбедім. Қазір ойласам, соларға біраз уақыт құрттым ғой. Босқа кеткен уақыт сияқты көрінеді. Соларды қазіргі күнге дейін істесем, қазір корей тілінде🇰🇷 еркін сөйлеуші ма едім? Пианино🎹 мен скрипканың🎻 құлағында ойнаушы ма едім?

Менде қазір ереже: жаңа істі бастамаймын. Бастадым ба соңына дейін жасаймын🙏🏻

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

11 Dec, 13:41


Бүгінгі күнмен өмір сүру…

Қанша ойшыл, қанша философтың берген кеңесі бұл. Бірақ қалай болашақты уайымдамай, одан жеміс күтпей өмір сүре аламыз???

Болашақ біздің қолда емес. Бірақ бүгін, дәл қазіргі сәт қолымызда. Және дәл осы сәттегі біздңң шешімдеріміз келесі сәтті, ертеңіміз бен болашағымызға жол ашады ғой. Онда қазіргі сәтпен өмір сүрейік😍

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

06 Dec, 13:17


Соңғы кездері, байқамайсыздар ма, өте сирек ойланатын болыппыз🧐.

Бір уақыт өзіммен өзім болып, өмір жайлы, істеп жүрген іс-әрекеттерім жайлы ойланған кезім есіме түспейді😢. Түнде жатарда келетін ойлардың өзі “ертең ананы істеу керек, мынаны істеу керек” деген жеңіл-желпі ойлар. Өмірдің қарқыны тым жылдам ба деймін. Өзімен бірге ала кететін құйын💨сияқты.

“Өзіммен өзім” дейтін бір уақыт алуды әдет қалу керек сияқты…

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

27 Nov, 16:08


Ұйқыға қатысты менің ұстанатын (тырысатын😅) ережем:

Қалаған уақытыңда (мысалы, шаршағанда) ұйқыға жат, бірақ күнде бір уақытта оян!

Яғни, 22:00-де жатамын деген ережем жоқ. Мен үшін белгі - шаршау. Бірақ ерте жатсам да, кеш жатсам да, бір уақытта ояну - шарт.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

26 Nov, 13:04


Өсу үшін екі жол бар дедім. Жақсы әдеттерді қалыптастыру немесе жаман әдеттерден арылу. Бірақ нағыз сиқыр екеуін біріктіргенде болады😍. Позитивті әдеттерді қосып, негативті әдеттерден арылу арқылы сіз өз мақсаттарыңызға жетуге күшті серпін жасайсыз.

Өсу - бұл межеге жету емес, саяхаттың өзі екенін ұмытпаңыз. Жүріп жатқан процессті құшағыңызға алыңыз, кішігірім жеңістерді тойлаңыз және өзіңіздің ең жақсы нұсқаңыз болуға ұмтылыңыз.🙏🏻

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

22 Nov, 13:04


Жас адамға мамандық таңдауда сенімсіздік таныту - табиғи нәрсе. Бұған себеп - сіз әлі ӨМІР БОЙЫ айналысатын кәсібіңіздей маңызды шешім қабылдау үшін қажетті тәжірибе, дағдылар мен білім жинап үлгерген жоқсыз. Сіз әлі өз саяхатыңыздың басында ғанасыз.

Өмірдің сан бұрылыстарына сізді бағыттауға мүмкіндік беріп, сынақ пен қателіктердің шытырман оқиғасын қабылдаңыз. Әрбір тәжірибе, сәттілік немесе сәтсіздік болсын, сіздің шынайы тұлғаңызды ашуға апаратын баспалдақ.

Білім мен мүмкіндіктер іздеуді жалғастыра беріп, уақыт өте келе дұрыс жолға түсетініңізге сеніңіз.🙏🏻

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

21 Nov, 12:50


Достар, мен төмендегі кітаптардың📚 15-20 минутта оқылатын қысқаша мазмұндарын дайындадым. Кітап оқу әдетін қалыптастырам деушілер үшін жақсы мүмкіндік деп есептеймін: күніне бір кітаптан оқуыңызға болады😍.

https://t.me/qorzhyn_books_bot
Бұларды алу үшін жоғарыдағы сілтемемен телеграм ботқа жазылу керек болады. Бір айлық жазылым құны 990тг. Апта сайын жаңа 1-2 кітап қосылып отырады.
1. Атом әдеттер
2. Бай әке, кедей әке
3. Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері
4. Тиімділігі жоғары адамдардың 7 әдеті
5. Жақсы энергия
6. Жақсыдан ұлыға
7. Миллионер көршің
8. Ешқашан жалғыз тамақтанба
9. 4 сағаттық дене
10. Жинақтық эффекті
11. Вавилондағы ең бай адам

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

19 Nov, 14:08


Өзіңізді топыраққа отырғызылған дән🌱 деп елестетіңіз. Адамдар сіздің потенциалыңызды көрмеуі мүмкін, бірақ ішіңізде сіз мықты ағашқа айналуға күшіңіздің бар екенін білесіз🙏🏻.

Әрбір “қолыңнан келмейді” - бұл сіз итеріп шығатын топырақ қабаты ғана. Олардың күмәнін өзіңіздің тыңайтқышыңыз ретінде пайдаланыңыз, табандылығыңыз бен төзімділігіңізді нәрлендіріңіз. Тамырыңызға сеніңіз, өсетініғізге сеніңіз және аспанға ұмтылыңыз.

Сізде табысқа жету үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Өсе беріңіз, жақында сіз топырақты жарып шығып, гүлденесіз.🙏🏻

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

18 Nov, 15:28


Әр қиындық – күштірек, ақылдырақ болуға мүмкіндік. Өз қабілеттеріңізге сеніңіз және табандылықтың күшін ешқашан төмен бағаламаңыз. Есіңізде болсын, жетістік ешқашан құламау емес, құлаған сайын қайта тұру жайлы.

Алға қарай жүре беріңіз, сіз мұны жасай аласыз! 💪

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

14 Nov, 09:27


Thinking out of box 📦 - қораптан тыс ойлау - меніңше, ең алдымен батылдық жайлы. Себебі, бұл белгісіздікпен жұмыс істеу, адамның аяғы баспаған жолмен жүріп көруді білдіреді. Екіншіден, бұл шығармашылық жайлы. Басқалардың шектеу ретінде көріп тұрғанын мүмкіндік ретінде қабылдау - нағыз талант деп есептеймін. Бірақ үйренуге болады. Үйренудің жолы әрине талпыныстан басталады. Кез-келген мәселеге қалыптасқан көзқарастан тыс қарауды әдетке айналдырыңыз😉

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

07 Nov, 12:51


Қайырлы кеш!

“Қоржын планнер” күнделігінің сатылымын аштым🙏🏻 Түнгі 00:00-ге дейін тапсырыс қабылданады.

Бұл әдет қалыптастыру үшін, үнемділікті арттыру үшін керемет құрал. Тапсырыс үшін +7 702 277 4650 нөміріне вацапқа жазыңыз немесе келесі сілтемемен өтіңіз: https://wa.me/message/VKPUHIJK4TZMO1

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

05 Nov, 14:49


Сенімділік жайлы…

Қашан адам сенімді болады? Егер болашағына қатысты сұрақтарға жауаптар белгілі болса! Бірақ жауаптарды қайдан аламыз? Бұған бірнеше жауап бар. Мен әдет жайлы жазайын (каналым сол жайлы ғой).

Әдет деген ұғыммен танысқалы, оны өміріме енгізгелі, менде болашаққа деген сенімділік пайда бола бастады. Неге? Себебі, мен бір затты түсіндім: бәрінің жақсы болғанын қаласаң қозғалысың тоқтамау керек. Әдет қалыптасса, ол күнделікті орындалып, қозғалысыңа екпін беріп отырады. Тоқтамайтынымды түсінемін, бұл жақсы нәтижелер әкелетініне сенемін🙏🏻

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

04 Nov, 17:06


Қайырлы түн, оқырмандарым!

Тәтті түстер көріңіздер😘

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

02 Nov, 16:06


5 секунд ережесін қолданып көріңіз…

Жалқаулық ұстаса, 5-тен 1-ге дейін санаңыз да, бірден тұрып, әрекетті бастап кетіңіз. Бұл санау сылтаулатып түрғанн ойларды үзіп, сізге бастауға көмектеседі. Қарапайым, бірақ таңқаларлықтай тиімді әдіс!

Келесі жолы жалқаулық сезінгенде осыны қолданып көріңіз, әсерін маған жазарсыз.😉

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

01 Nov, 14:09


Ұйқы жайлы бір лайфхак?

Мен өзіме соңғы кездері тез ұйықтап кету үшін бір ереже ойлап таптым. Ешқай жерде жазылмаған, ешкім зерттемеген. Өздеріңіз тексеріп маған нәтижесін жазарсыздар.

Түнде неше түрлі ойлар келіп ұйықтай алмасаңыздар, бір ыңғайлы поза таңдап алып, сол позада мүлде қозғалмай жатып көріңіз. МҮЛДЕ ҚОЗҒАЛМАУ МАҢЫЗДЫ. Түсінгенім бойынша, миымыз ұйықтамаса да, тұла бойымыз қозғалмағасын ұйқыға бірінші кетіп, өзімен бірге миымызды да ала кетеді.😅👍

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

31 Oct, 14:22


Күніңізді жеңіспен бастаңыз!!!

Бір жеңіс екіншісін тартады. Екіншісі үшіншісін. Таңертең, ең қарапайым, оңай тапсырмаларды орындап тасатасаңыз (төсек жинау, жаттығу жасау, т.б.) күніңізді жеңіспен бастадыңыз деген сөз. Демек, ары қарай күніңіз осындай кішкентай жеңістерге тола өтеді.

Бірақ, таяқтың екінші ұшын да ұмытпаймыз! Жеңіліс басқа жеңілісті тартады. Күніңізді жеңіліспен бастасаңыз (дұрыс тамақтанбау, телефон қарау, т.б.), ары қарай екпінді дұрыстау қиын болады.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

29 Oct, 13:31


Менен бүгінгі күннің мотивациясы: адамға әр күн бір-ақ рет беріледі.

Бүгін - 2024 ж. қазанның 29-ы БІР-ақ РЕТ БОЛАДЫ! Бұл күнді қайталап өткізе алмайсыз. Бүгінгі істелген қателік, кеткен бос уақыт, айтылмаған сөздер, істелмеген істер қайта келмейді. Сіздің тарихыңызда күніңіз қалай өтті солай қалады.

Ертеңгі күн де БІР-ақ РЕТ БЕРІЛЕДІ!

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

24 Oct, 13:11


Кеше кеш жатып, ұйқы мүлде жетпей қалды🥱. Сол үшін бүгін жұмыс істеу қиын болды😩. Бірақ…

Менің дисцпилинам, әдеттеріме адалдығым осындай қиын күндері сыналатынын түсінемін. Жақсы күндері бәрін тыңғылықты орындау оңай. Нағыз ерік-жігердің мықтылығы ауыр күндері байқалады. Сол үшін бұндай уақытты да ұнату керек, себебі бізге өзімізді жеңуге тағы бір мүмкіндік береді😍.

Дәл қазір, күннің аяғында, осыны жаза отырып, мені мақтаныш сезімі бойлап тұр. Енді бүгін ерте жатсам, мамам айтпақшы: “вообще молодец боламын”😅

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

23 Oct, 13:12


“Мақсаттарың қанатыңа айналады.
Шын қаласаң жеткізеді айға дағы.”

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

22 Oct, 13:00


Өмірді сіз басқарасыз, не өмір сізді басқарады...

Әдеттер – өміріміздің кірпіштері. Олар біздің кім екенімізді және кім бола алатынымызды анықтайды. Жақсы әдет қалыптастыру жарқын болашақтың іргетасын қалаумен тең. Әрбір кішкентай, тұрақты әрекетіміз кірпішпен үй қабырғасын көтергендей, мақсаттарымыз бен армандарымызға жақындатады. Бір күнде үй салынып бітпейтінін білесіз. Сол үшін сапардың ұзақтығын мойындап, әр кішкентай жетістігіңізге қуанып, әдеттеріңізге өміріңізді біртіндеп өзгертетуге мүмкіндік беріңіз. Өзіңізге және әдеттің күшіне сеніңіз.🙏🏻

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

18 Oct, 13:02


Екі минуттық ереже...

1) егер тапсырманы орындау екі минут немесе одан аз уақыт алатын болса, оны бірден орындап тастаңыз. Бұл кішігірім тапсырмалардың жиналуына жол бермейді және тиімділігіңізді алға жылжытады.

2) жаңадан әдет қалыптастырып бастасаңыз, әрекетті тек “екі минут орындау керек” деген ережені қолданыңыз. Бұл, әсіресе, орындалуы/қалыптасуы қиын әдеттерге қатты көмектеседі. 2 минуттан бастаңыз, уақыты келгенде - созарсыз.😉

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

16 Oct, 13:09


Сонымен…

Мақсатқа жеткен кездегі адамның алатын марапаттарының бірі - “жеңіс” сезімі, “мақсатыма жеттім”- деген толыққандылық сезім,
жене біреудің жеңісті мойындағандағы мақтаныш сезімі. Дәл осы сезім, көп жағдайда, адамға әрекет етуге мотивация болатын күш.

Алайда, біреуге жоспарыңызды айтсаңыз, онда жоғарыдағылардың бір бөлігін сезініп қоясыз. Елестетіңізші, тыңдаушының “мәә, қандай күшті😍”, немесе “керемет жоспар, күшті ойлап таптың” дегенін естігенде қалайша дофамин бөлінбейді?! Басқаша тілмен, мақсаттың марапатын алып қойғандай боласыз да, әрекет жасауға түпсанаңызда 🧠 мән көрмейсіз.🤷‍♂️

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

15 Oct, 13:06


Жоспармен бөліспеуге тырысыңыз🙏🏻

Өзімнен байқағаным (бұның ғылыми дәлелі де бар екен), жоспармен бөлісу - сол жоспардың орындалуына кері әсерін тигізеді. Бұл тыңдаушының әсері: қарғауы, көре алмауы, т.б. үшін ЕМЕС. Өзіміз үшін!

Адам жоспарымен бөліскенде сол істерді істеп қойғандай ләззат алып, шынымен істеуге келгенде мотивациясы жетпей қалады. Осы ойды келесі постта толығырақ түсіндіргім келіп тұр🙏🏻

Лайкты аямаңыз тек

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

14 Oct, 01:00


Ерте тұрғандар лайк❤️бассын)

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

10 Oct, 11:48


Бұл қар өсуін тек домалауын тоқтатса ғана тоқтатады. Не айтқым келгенін түсініп тұрған шығарсыз?

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

10 Oct, 11:44


Әдеттердің нәтижесі “құрама әсер” деп сипатталады.

Бұл қардың төбеден домалап түсуіне ұқсайды🗻❄️. Ол кішкентай болып басталады, бірақ домалау барысында қар жинап, үлкейе береді. Бірақ, ең қызығы, ол өскен сайын, тіпті көбірек қар жинай бастайды. Басында қалай үлкейетіні байқалмаса, уақыт өтісімен, оның үлкею қарқыны да өседі.

Қарапайым тілмен айтқанда, құрама әсер – бұл кішкентай әрекеттердің нәтижесі уақыт өте келе көзге сенгісіз үлкен болуға айналатын процесс📈.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

05 Oct, 15:22


Перфекционисттер, барсыздар ма?🙋🏻‍♂️

Перфекционизм деген адамның бір істі мінсіз етіп орындауға талпынуы (идеалдыққа ұмтылу). Бұл кейде алға жылжуымызға кедергі келтіреді. Орнына аз-аздан болсын, қателесіп болсын, бірақ тоқтаусыз жұмыс істеген дұрыс болады.

Әдет қалыптастыруда, әсіресе, бұны есте ұстаған жөн. Себебі, талабым жоғары, істі мінсіз орындаймын деп, оны мүлде орындамай қалу ықтималдылығы жоғары. Бұндай тәуекелге бармайық😅

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

01 Oct, 15:30


Түйсікке қарсы көрінгенмен, асықпай, аз-аздан істеу, мақсатқа жетудің ең жылдам жолы. Себебі, жолда күйіп, шаршап, мотивацияңыз таусылып қалмайды.

Ааа, ия, бір шарт бар: үздіксіз істелуі қажет.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

16 Sep, 13:03


Әдеттің шын маңыздылығы - ол сіз болғыңыз келетін адамға айналуға көмектеседі. Басқаша тілмен, әдет - “жүрегіңіздің түбіндегі сіз”-ді шын өмірге әкелетін көпір. Себебі, адам - ол оның әдеттер жиынтығы.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

14 Sep, 14:46


“Әлсіздіктер”

Әлсіздіктер, жаман әдеттер бәрінде бар. Бірақ оларға көз жұма қараған дұрыс емес. Ертеңгі күні бұл тағдырымызда, жұмысмызда, денсаулығымызда, балағ берген тәрбиемізде із қалдырады.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

13 Sep, 14:37


«Сауда…»

Саудаласу - тәртіпке келгенде ең жаман зат🙅🏻‍♂️. Мақсатқа жету жолда өзіңмен-өзің саудаласуға болмайды. Оған жетер жолдың бағасы бар. Төлеу керек…

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

11 Sep, 14:31


Бір істі бастар алдында қарсылық сезінсеңіз - бұл жалқаулық (прокрастинация).
Бастағаннан кейін қарсылық сезінсеңіз - бұл кері байланыс. Демек, сізге бірдеңені өзгерту керек🤔

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

10 Sep, 13:29


Жаңа күн - жаңа парақ…

Кешегі күннің жетістіктері бүгінгі күнге еш әсерін тигізбеу керек.
Кешегі күннің сәтсіздіктері бүгінгі күнге еш әсерін тигізбеу керек.

Жаңа күн басталды ма, оны жаңадан толтыру керек. Ал ақыры толтырады екенбіз, сапалы етіп толтырайық.❤️

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

06 Sep, 13:15


“Қосымша жауапкершілік қабылдаған көмектеседі…”

Мақсаттарыңызды жақындарыңызбен бөлісіңіз (мысалы инстаграмда жария етіңіз). Біреу сізге сеніп отырғанын білу сізді жолда ұстауға күшті мотивация бола алады.
Немесе достарыңызбен қауымдастық құрыңыз.
Бірге жұмыс істеп, бір-біріңізді қолдау арқылы сіз тұрақты әдеттер қалыптастырып, мақсаттарыңызға оңай, әрі қызықты уақыт өткізіп жете аласыз. 🤝

Лайк❤️аяйсыздар ма?😅

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

05 Sep, 13:17


“Прогресті тойлаңыз”

Әрбір алға қарай жасалған қадам - жеңіс. Ал жеңісті тойлау керек😅. Қаншалықты кішкентай болса да, тойлау керек. Жетістіктеріңізді мойындау сіздің мотивацияңызды жоғары деңгейле ұстап тұрады, және жаңа әдеттеріңізге адалдығыңызды нығайтады.

Қаншалықты алысқа жеткеніңізді және жасаған позитивті өзгерістеріңізді ойлауға уақыт бөліңіз. Кішкентай сыйақы, ризашылық сәті немесе жетістігіңізді басқалармен бөлісу болсын - тойлауға жатады.

Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)

04 Sep, 15:23


Еңбек етіп, төге алған ерінбей тер,
Бұл өмірде оңайлықпен жеңілмейді ер.
Жата берсең - ағыспенен жүзетұғын,
Өлі балық денесін теңім дей бер.