(жалғасы)
Ш.: Сонда олар Әлем ғалымдары алдында Сіз әкелген жаңа Ілімді паш етудің орнына, өздері біліп пайдалану үшін ғана алдырған болып тұр ғой?
Ұ.: Пайдаланды. Содан кейін Нұрекең елдегі мықты жазушы, ғалымдарды жинап оларға нұсқау берді: «Мынау сұмдық «Ақ Сарбаз» кітабынан асырып кітап шығарыңдар!» деді. Осыдан соң шыққан «Қазығұрт» атты кітаптың көшірмесін Зере маған алып келіп көрсетті. Мұның редакциясын басқарған Аслан Жақсылықов деген сол уақыттағы нағыз белгілі филолог жазушы-дінтанушы. Университетте дінтану кафедрасын басқаратын. Орысша шығармаларына қарап жұрт оны «орыс тілінің жаңа әдеби түрін қалыптастырушы» деп бағалады. Міне орыс тілін қазақтар қалай көтеріп жатыр. Сүлейменовтар, Жақсылықовтар.
Сонда үшінші кітаптың презентациясында мені шақырып алды. Олар «Қазығұрт» кітабының сыртына менің кітабымдағы барлық таңбаны көшіріп салып қойыпты. Айырмасы олардың пирамидасы 10 жұлдыздан тұрады. Жұлдызы көп болған сайын мықты болады деп ойласа керек.
Содан кейін мәңгілік жолды шеңберге кіргізді. Бұл – ұрылардың әдісі еді. Ортасындағы «Ақ Сарбаз» атауының орнында «Қазығұрт» деп жазылған.
Ішін парақтасаң өңкей сылдыраған сұлу цитаталар. Абайдың қара сөздерінен үзінді келтіре отырып ортасына: «Уа, Нұрсұлтан!» деп ұрандатып сегіз мәрте жазып қойыпты.
Кітапты апарғанда Нұрсұлтан қатты ренжіді. «Бұның сезімді оятатын қасиеті кәні?!» депті. Сөйтіп кітаптың шығуына рұқсатын берген жоқ.
Менің кітабымнан асып кетуге тиіс екінші кітап Олжас Сүлейменовтың «Язык письма» атты үлкен шығармасы болды. Ғаламторда ол кітап бар. 31 мың теңге тұрады. Бірақ ол да президентке ұнамады. «Рухани кітап емес» деді.
Ал, маған қарсы үшінші кітап Мұхтар мен Шыңғыстың кітабы. Осы арқылы олар менің кітабымды басып тастауға ұмтылды. Бірақ халық оларға баға берген жоқ. Мен екі жыл өткесін баяғы дүкенге кірсем сол кітаптар шаң-шаң боп әлі өтпей тұр екен. Бағасы да удай. Сөйтіп маған қарсы құрастырылған үлкен-үлкен кітаптар боққа аспай былжырама болып қалды.
Ш.: Тоқсаныншы жылдардың басында Алматыда Асылан Жақсылықов рухани жетекші боп, жастарды шығыс ілімі мен медитацияға үйреткенін білемін. Оның бір сабағына ініме еріп мен де қатысып көргенмін.
Сізге қарсы сөз шығарған, кітап шығарған адамдар осы арқылы өз кармасын ауырлатты ғой. Бұл олардың кейінгі тағдырына әсер етті ме?
Ұ.: Иә. Шыңғыс Айтматов ауырып қайтыс болды. Мұхтар Шаханов аурудан шыққан жоқ. Олжас Сүлейменов хал үстінде жатыр. Аслан Жақсылықов болса менен кездескенде кешірім сұрады. Ол айтты:
– Аға, маған нұсқау берді. Мен соны орындадым. Әйтпесе әулетіме қиын болатын еді...
– Ештеңе емес! – дедім.
– Таңбаларды көшірген мен емеспін. Ол – дизайнердің жұмысы – деді.
«Қазығұрт» кітабын бес белгілі ғалым бірігіп дайындаған екен. Мені жамандағаннан кейін олар Шыңғыстың кітабын тіпті Нобель сыйлығына ұсыныпты. Бірақ ол ілікпей қалды. Сондай қызық оқиғалар өтті.
Қазір енді тыныш. Қазір ғаламторды ашсаң, әр желіде менің бір сұхбатым кездеседі. Құдайға шүкір. Сөйтіп белгілі адам болдым.
Алдыңғы күні пенсиямды алып келе жатып кішкентай кафеге тамақ ішкелі кіріп едім, жылқының қуырдағын жеп отырғанда даяшы қыз маған жымиып күліп:
– Сіз – Ақ Сарбаз Атасыз ба? – дейді.
– Иә, менмін! – дедім.
Сөйтсем мені адамдар таниды екен. Сотка бәрінде де бар ғой. Сөйтіп мен енді танымал адам болдым. Далаға шықсам бір адам міндетті түрде танып амандасып жатады.