Tengri.kz @tengri_kz Channel on Telegram

Tengri.kz

@tengri_kz


Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Tengri.kz (Kazakh)

Tengri.kz - бұл сайттың қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Осы арнауда Ақпараттың күнімен бірге, Tengri.kz сайтындағы ақпараттарды жаңа жағдайда жиырма жақта жинауға болады. Өзекті ақпарат - өз уақытында. nTengri.kz арнаған адамдықтар сайттың барлық мазмұнымен танысуға мүмкіндік беретін жер, олардың әрқашанымен бірге болады. Сайттың арқасындағы жаңалықтар, ақпараттың ұзақ уақытында көп жиырма жағдайда сақтау үшін, телеграм-арнауда шүкірттенулердей жиналысуды озықтыртып, жеткілікті жасайды.

Tengri.kz

20 Feb, 09:50


Маңғыстау облысында жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеу үшін дрондар іске қосылды.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, басып озу ережелерін бұзу және басқа да қауіпті маневрлер сияқты жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

20 Feb, 09:04


Қазақстанда ет қымбаттай ма?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, елдегі ет өндірісі ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етіп отыр, сондықтан бағаның өсуіне негіз жоқ.

Бұған дейін еттің қымбаттауына Өзбекстан тарапынан жоғары сұраныс әсер еткен, бірақ қазір баға тұрақталған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

20 Feb, 07:58


Алматы прокуратурасы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға заңсыз сатылған оқу корпустары мен стадионды қайтарды.

Университеттің бұрынғы басшылығы 1500 шаршы метрден астам екі ғимаратты заңсыз сатып, стадионды 10 жылға жалға берген.

Сондай-ақ спортты дамыту деген желеумен 5 гектарлық стадион 10 жылға жалға беріліп, 5 жыл бойы коммерциялық мақсатта пайдаланылған. Осыған байланысты 16 мың студент дене шынықтырумен толық айналыса алмаған.

Сот шешімімен мүлік оқу орнына қайтарылды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

20 Feb, 06:30


Аңсар Мұсаханов өмірден озды.

Ол әр жылдары Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

20 Feb, 05:41


Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері екі айлық жалақыларын ала алмай, наразылық білдірді.

200-ден астам қызметкер зейнетақы және медициналық сақтандыру төлемдері былтырдан бері аударылмағанын айтты.
Олар таңғы 4-тен түнгі 11-ге дейін жұмыс істегенімен, еңбекақы уақытында төленбей келеді.

Автобус паркі басшылығы жалақының кешігуін әкімдіктен бөлінетін субсидияның кешігуімен түсіндірді. Қаражат түскен соң төлем жасалатынын уәде етті.

Дегенмен кейбір жүргізушілер шыдам таусылып,басқа жұмыс іздеуге кіріскен.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

19 Feb, 13:47


Әнші Алмас Кішкенбаев 15 тәуліктен кейін бостандыққа шықты.

Әнші жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілген еді. Нәтижесінде ол "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

19 Feb, 13:02


Астана маңында екі жаңа электр пойызы қатынайды.

Биыл Қарағанды – Астана және Ерейментау – Астана бағыттарында екі электр пойызын іске қосу жоспарланған. Яғни, олар Астана маңында қатынайтын болады.

Былтыр Астана мен Бурабай арасында бір электр пойызы іске қосылды. Оның нәтижесінде жүру уақыты 3,5 сағаттан 2,5 сағатқа дейін қысқарды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

19 Feb, 11:43


Қорғанамын деп байқаусызда адам өлтірді деп айыпталған жігіт сот залында босатылды.

Павлодарда түнгі бар маңында болған оқиғаға қатысты сот үкімі қайта қаралды.

21 жастағы жігіт өзін пышақпен шабуылдаған адамның өліміне айыпталған.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, шабуыл жасаушының алдымен кетіп, кейін қайта оралып, пышақпен қорқытқан. Кейін төбелес басталып, ол құлап, көз жұмған. Сараптама оның ми жарақатынан қайтыс болғанын анықтады.

Бұған дейін айыпталушы 4,5 жылға сотталған, бірақ марқұмның анасы жазаны күшейтуді талап етті. Апелляциялық сот істі қайта қарап, оны бір жылға бас бостандығынан айырып, қамаудан босату туралы шешім шығарды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

19 Feb, 10:34


Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Onyx Comfort тұрғын үй кешенінің құрылысы кешіктірілгені үшін құрылыс салушыға қатаң ескерту жасады.

Тұрғындар үйдің 2022 жылы тапсырылуы керек болғанын, бірақ бірнеше рет кейінге шегерілгенін айтты.

Құрылыс компаниясы нысанды 2025 жылы аяқтауды уәде етті, алайда бұл жауап әкім мен үлескерлердің наразылығын тудырды.

Қасымбек құқық қорғау органдарына істі соңына дейін жеткізуді тапсырып, құрылысшыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін екенін ескертті.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

19 Feb, 07:06


ТЖМ күштерімен өрт алдын ала болжам бойынша 3000 ш.м. алаңда оқшауланды.

Өрт сөндірушілер жақын орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимарат пен тауар-материалдық құндылықтары бар қойманы өрттен қорғап қалды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

19 Feb, 06:47


Перизат Қайратқа жаңа айып тағылды – ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашамын деп, 22 млн теңгені жымқырды деп тағы бір күдікке ілінді.

Тергеу 100 томнан асты. Блогер бұған дейін су тасқынына жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаржыны иемденді деген күдікпен тергеліп келген. Ол қайырымдылыққа жиналған қаражатқа бірнеше пәтер, жер үй, қымбат көлік алған.

ҚМА мәліметінше, тергеу наурызда аяқталуы мүмкін. Басты күдіктілер – өзі мен анасы. Анасы қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыруға көмектесті деп айыпталып отыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

19 Feb, 04:53


Алматыда қойма өртеніп жатыр.

Өрт сөндірушілер Әуезов ауданы Өтеген батыр көшесі бойындағы қоймадағы өртті сөндіріп жатыр.

Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен қиындауда. Сумен үзіліссіз қамтамасыз ету ұйымдастырылды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

18 Feb, 16:44


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келді.

Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

18 Feb, 16:38


Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің изоляторда туған күн тойлауына қатысты ІІМ мәлімдеме жасады.

Бейнежазбаны бұрынғы ішкі істер қызметкері өзінің телефонына түсіргені анықталды.

Қызметтік мүддеге сатқындық жасап, ІІМ тәртібін бұзғаны үшін ол жұмыстан босатылып, арнайы атағынан айырылды.

Осы оқиғаға байланысты 16 қызметкерге қатаң тәртіптік шаралар қолданылды. Олардың бірқатары, оның ішінде ішкі істер бөлімшесінің басшысы да қызметінен босатылды.

Сондай-ақ болған жағдайға байланысты УҰИ-де режимді бақылау күшейтілді: қосымша бейнемониторинг шаралары енгізіліп, ұқсас мекемелерде жоспардан тыс тексерулер басталды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

18 Feb, 13:35


2025 жылы Рамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшері белгілі болды.

Мүфтият мәліметінше, пітір садақа екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.

Былтыр садақа мөлшері 640 теңге болған еді. 

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

18 Feb, 11:47


Желіде қаза тапқан кеншілердің суреттері жарияланды.

Айта кетейік, қайғылы жағдайдан соң президент жан-жақты тексеруді, ал премьер-министр арнайы комиссия құруды тапсырды.

"Қазақмыс" марқұмдардың отбасына жұмысшының орташа жылдық жалақысынан 10 есе ақы төлейтінін, сондай-ақ жерлеу рәсімін ұйымдастыруға 2 миллионнан аса қаражат бөлетінін мәлімдеді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

13 Feb, 20:59


Астанада ескі вокзал маңында жарылыс болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жарылысқа контейнер себеп болған.

Жарылыстың соққы толқыны ғимараттарды шайқалтып, маңайдағы терезелерді сындырды.

Төтенше жағдай қызметтеріне сұраныс жібердік, ресми ақпарат күтілуде.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

13 Feb, 15:57


Алматы облысында бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Талғар ауданында әрекет еткен топтың басшысы 19 жастағы Қайназар ауылының тұрғыны екені анықталды. Олар құрбандарын әлеуметтік желі арқылы тауып, 17 жастағы қыздың көмегімен кездесуге шақырған. Кейін “ағаларымыз” деп таныстырған бір топ жігіт жәбірленушілерді бопсалап, жыныстық қатынасқа қатысты айыптаулар арқылы ақша талап еткен.

6 ақпанда 24 жастағы Алматы тұрғыны олардың құрбанына айналды. Оны күштеп ұстап, құжаттарын тартып алып, 100 000 теңге аударуға мәжбүрлеген, кейін тағы 1,4 миллион теңге талап еткен.

Полиция қылмыстық топтың барлық мүшелерін ұстады. Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, полиция өзге де құрбандар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

13 Feb, 13:18


Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды.

EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр.

Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

13 Feb, 09:04


Қарағанды – Астана тасжолында көліктер колоннасы тұрып қалды.

Боран салдарынан Қарағанды – Астана тасжолында, Баймырза мен Ошақанды елді мекендерінің арасында 40 автокөлік тұрып қалған.

Қазіргі уақытта барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабық.

Жолдың болжамды ашылу уақыты – 14 ақпан, 08:00.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

13 Feb, 06:55


Сенат Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңды мақұлдады.

Заңға сәйкес, Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасын, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қорғау және басқару қарастырылған.

Сондай-ақ заң кесене маңында құрылыс салуды шектейді. Қорғау аймағында биіктігі 7 метрден асатын және тарихи ортаға сай келмейтін нысандар салуға тыйым салынған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

13 Feb, 06:20


Атырауда жекеменшік балабақша тәрбиешісінің ісі бойынша сот шешім шығарды.

Сотта қаралған іс материалдарына сәйкес, тәрбиеші сабақ кезінде баланы ұрып жіберген. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, баланың оң жамбасында көгерген іздер анықталған. Жиналған материалдар негізінде оның кінәсі толық дәлелденген.

Сот тәрбиешіні кінәлі деп танып, 80 АЕК (314 560 теңге) көлемінде айыппұл салу және 1 жылға педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салу туралы шешім шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

13 Feb, 04:35


Рустам Баялиев Президент Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Әр жылдары Индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, "Астанаэнергосервис" АҚ басқарма төрағасы, Алматы облысының ат спорты федерациясының басшысы қызметін атқарды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

13 Feb, 04:24


Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті Болат Ақшолақов атқарған болатын.

Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылдың қаңтар - сәуір айларында бұл қызметте болған. Әр жылдары экология, геология және табиғи ресурстар министрі, ҚазМұнайГаз төрағасы болған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

12 Feb, 13:05


💵Қазақстанда доллар күрт арзандап кетті.

Доллардың орташа сараланған бағамы 4,94 теңгеге төмендеп, 501,31 теңге болды.

Айта кетейік, доллардың 12 ақпандағы ресми бағамы - 506,43 теңге.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

12 Feb, 08:48


Астана тұрғыны өртеніп жатқан 9-қабаттағы пәтерден төсек жаймасымен түспек болған.

Өрт сөндірушілер ер адамды құтқарып алды. Содан кейін оны жәдел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Өртсөндірушілер келгенге дейін ер адам бірнеше төсек жаймасын байлап, өз бетінше өрттен құтылуға тырысқан.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

12 Feb, 06:43


Шымкентте адам өлтірді деген күдікпен 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды.

2009 жылғы 9 қаңтарда "Астория" кафесінің жанында "А" есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

09 Feb, 06:53


🥇Алғашқы алтын!

Ерлер құрамасы шорт-тректен алтын медаль жеңіп алды!

5000 метрлік эстафетада жеңіске жеткен команда құрамында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко болды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

08 Feb, 13:38


Президент жастар форумында сөз сөйледі. Басты цитаталар:

– Қазақстанның жастары – жасампаз. Мен мұны үнемі айтып жүрмін.

- Еліміздің келешегі ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында. Мен Президент ретінде Сіздерге зор үмітпен қараймын.

– Біз жұрттан көш ілгері жүретін ел боламыз. Үйренетін де, үйрететін де ұлт боламыз. Жастар барлық өзгерістің бастауында тұрады.

- Дарынды азаматтардың арқасында бүкіл әлем жұртшылығы Қазақстанды талантты әрі еңбекқор адамдардың елі деп танитын болды. Мемлекет креативті индустрияның дамуына барынша ықпал етеді.

- Ең бастысы, адал еңбек етіп, адал табыс табу, яғни адал азамат болу. Биыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы». Біз қоғамда еңбек адамының абырой-беделін көтеріп жатырмыз. Еңбек культін қалыптастыру – аса маңызды міндет. Кез келген жұмыс – қадірлі. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарын игерген жастарымыз зор құрметке лайық.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

08 Feb, 12:40


🥈 Константин Борцов - қола емес, күміс жүлдегері.

Жапония спортшысының ереже бұзып, жарыстан шеттетілуіне байланысты, отандасымыз күміс жүлдеге ие болды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

08 Feb, 11:45


Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль.

Алғашқы күміс жүлдені шорт-тректен Алина Ажгалиева, Яна Хан, Денис Никиша және Әділ Ғалиахметов иеленді.

Екінші күмісті ел қоржынына конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта ерлер арасында жеңіп алды.

Ал шаңғышы Константин Борцов Қазақстанға Азия ойындарының қоласын сыйлады. Бұл еліміздің үшінші медалі.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Feb, 14:11


Қазақстан құрамасы Қытайдағы ІХ қысқы Азия ойындарының салтанатты шеруінен жүріп өтті.

Еліміздің туын хоккейші Әділет Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова алып шықты.

Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтетін қысқы Азия ойындарына Қазақстан құрамасынан 137 спортшы қатысады. Жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетіп, 51 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Жалпы ойындарға Азияның 32 елінен 1000-нан астам спортшы қатысып, 64 медаль жиынтығы үшін сынға түседі.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!


t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Feb, 11:46


Жетісу облысында Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевтың жәбірлеуіне ұшыраған қызға қатысты сот ісі қаралып жатыр. Ол "Алаяқтық" бабы бойынша айыпталып отыр.

Күштібаевтың әйелі оған 40 миллион теңге ұсынып, айғақтарын өзгертуді сұраған, бірақ ол бас тартқан. Нәтижесінде Күштібаев 11 жылға сотталды.

Сот хатшысы бұл келісімді әшкерелеп, жәбірленуші мен оның адвокатын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

Жаңа іс қозғалып, жәбірленуші, оның сүйіктісі және сот хатшысы күдікті атанды. Көксу аудандық сотында процесс аяқталуға жақын, келесі отырыс 13 ақпанда өтеді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Feb, 09:37


Егер Тимур Сәдуақасовты кездестірсеңіз, полицияға хабарлаңыз. Оған іздеу жарияланды.

Тимур Сәдуақасов 2019 жылы 18 ақпанда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін ол Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Іс СҚО-да тіркелген. Іздеуді Қаржы мониторинг агенттігінің СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізеді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Feb, 08:20


Көкшетауда 20 жастағы жігіт бөтеннің ВАЗ-2114 көлігін айдап әкетіп, үйіне жетудің ерекше жолын таңдады.

5 ақпанда иесі көлігінің жоғалғанын хабарлаған, бірақ ұрлықтың нақты уақытын білмеген.

Бейнебақылау арқылы күдіктінің әрекеті анықталды: 3 ақпанға қараған түні мас күйінде көліктің ішінде кілті барын көріп, жүксалғыш арқылы кіріп, оталдырған. Үйіне жеткен соң, оны көшеге тастап кеткен.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Feb, 07:58


Маңғыстау облысында тәрбиеші 1 жас 6 айлық қыздың қолын қайырып, медициналық көмек те көрсетпеген.

Оқиға Басқұдық ауылындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Венера Жансерікова мәлімдеген.

Мән-жайды анықтау үшін комиссия құрылып, балабақшада тексеріс жүргізілді. Тәрбиеші мен бала күтуші жұмыстан шығарылды. Тәрбиеші ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылып, оған 10 АЕК, яғни 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Feb, 07:13


Қазақстандық мессенджерлерде осындай хабарлама тарап жатыр.

Онда мектепте және көшеде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін делінген.

ІІМ мәліметінше, бұл таралым шындыққа жанаспайды.

Сондай-ақ жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Feb, 05:13


Қазақстандық фермер 50 млн теңгеден астам субсидияны заңсыз алған.

Ол 2019–2020 жылдары жалған құжаттар пайдаланған. Күдікті бұл қаражатқа Toyota Land Cruiser Prado сатып алып, оны сенімді адамға рәсімдеген.

Соттың санкциясымен көлікке тыйым салынып, күдікті 2 айға қамауға алынды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Feb, 05:00


Қайтарылған активтерден 1,4 миллиард теңгеге
Жетісу облысындағы Көксай ауылында жаңа мектеп салынады.


Қазір елді мекендегі жалғыз мектепте 53 бала екі ауысымда оқиды, бірақ спорт және акт залдары, асхана мен жеткілікті кабинеттер жоқ. Жаңа 60 орындық мектеп заманауи стандарттарға сай жабдықталады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Feb, 12:26


🇰🇿🇬🇪 Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз жүргізді.

Президентіміз қазақ-грузин қарым-қатынастарының қарқынын жоғары бағалады. Президенттің айтуынша, Грузия Қазақстанның Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі және екі елді өзара достық пен тығыз тарихи тамырластық байланыстырады.

Ираклий Кобахидзенің айтуынша, Грузия Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты нығайтуға баса мән береді.

Премьер-министр Қазақстан Президентін Грузияға сапармен келуге шақырды.

Кездесуде сауда, энергетика, инвестиция, туризм, жасанды интеллект және цифрландыру секілді көптеген бағыттағы екіжақты байланыстарды кеңейту перспективасы қарастырылды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Feb, 09:42


Биыл Үкімет шегірткемен күреске 7 млрд теңге бөлді.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектардан 2 млн гектарға азайған, техника мен химиялық реагенттер дайын.

Сонымен қатар көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. Өткен жылы осы мақсатқа 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Feb, 08:29


Сенат депутаттары жаңа Бюджет кодексінің кейбір баптарын мақұлдамай, құжатты Мәжіліске кері қайтарды.

Қаржы және бюджет комитеті бірқатар түзетулер қажет екенін мәлімдеді.

Атап айтқанда, жергілікті бюджет комиссиясының төрағасы мен хатшысын тағайындау тәртібін нақтылау, жол құрылысына бөлінген қаражатты қайта бөлу, салықтық жеңілдіктер, Ұлттық қорды басқару, бюджеттік міндеттемелерді қаржыландыру және мемлекеттік төлемдерді бақылау бойынша өзгерістер ұсынылды.

Сондай-ақ сенаторлар экспортты қолдау кепілдіктерін беру тәртібін өзгерту, Ұлттық қордан трансферт тарту механизмін қайта қарау және мақсатсыз трансферттерді қайтару талабын енгізуді ұсынды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

18 Jan, 07:40


Израиль үкіметі ХАМАС тобымен Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынған израильдіктерді босату туралы келісімді бекітті.

Бұл туралы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі 18 қаңтарға қараған түні мәлімдеді.

Мәліметке сүйенсек, атысты тоқтату және кепілге алынған адамдарды босату 19 қаңтарда басталады. Министрлер кабинетінің отырысы сегіз сағатқа созылған.

Америкалық Axios порталының мәліметі бойынша, Нетаньяхудың коалициялық Үкіметіндегі 24 министр келісімге келу туралы дауыс берді, ал сегізі қарсы болды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

17 Jan, 18:35


Алматыда танымал Qaznews24 cатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебек қамауға алынды.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желідегі жазба арқылы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін парақша админіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

17 Jan, 17:58


Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындары жер сілкінісін сезді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде орналасқан. 

Жер асты дүмпуі:

- Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 2 балл,

- Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

17 Jan, 12:45


Алматыда 1 ақпаннан бастап суық су тарифі өседі:

- сумен жабдықтаудың орташа тарифі - 135,24 теңге/м3;

- су айдауға - 83,54 теңге /м3 болады.

Халық үшінсумен жабдықтаудың базалық тарифі 91,96 теңге/м3, су айдауға – 83,54 теңге/м3 дейін өседі.

Бұл ретте басқа тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдар үшін де баға өзгереді. Орташа чек:

- тұрғын үй ауданы 32 м2 бір бөлмелі пәтерге – 156 теңгеге және кәріз үшін – 139 теңгеге (295 теңге);

- ауданы 48 м2 екі бөлмелі пәтерге – 234 теңгеге және кәріз үшін – 208 теңгеге (450 теңге);

- ауданы 88 м2 үш бөлмелі пәтерге – 312 теңгеге және кәріз үшін – 278 теңгеге (600 теңге) өседі.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

17 Jan, 09:30


Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адамдардың денелерін қорлады деп айыпталған іс бойынша сот шешімі шықты.

Сот некрофилия ісі бойынша үкім шығарды.

Ер адам бірнеше рет қайтыс болған адамдардың денелеріне қол жүгіртіп, интим жерлерін ұстағаны үшін айыпталған. Сонымен қатар ол бұл әрекеттерді видеоға түсіргені анықталды.

Сот талқылауы барысында ер адамның ақыл-есі дұрыс емес екені белгілі болды. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

17 Jan, 09:06


Полиция үй-үйді аралап жүргені рас па?

WhatsApp-та полицейлер үйлерді аралап, биометриялық мәліметтер жинайды деген ақпарат тарады.

Ішкі істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

17 Jan, 07:37


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде қалдырды.

Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция балансын ескере отырып қабылданған.

Анықтама: Базалық мөлшерлеме — Ұлттық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері мен қабылдайтын депозиттері бойынша пайыздық мөлшерлеме. Ол несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін анықтап, инфляция деңгейіне әсер етеді. Базалық мөлшерлеме – экономика мен банк секторының негізгі бағыттарын айқындайтын құрал, оны Ұлттық банк реттейді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

17 Jan, 06:29


Жетісу облысында 18 жастағы мерзімді әскери қызметкер қаза тапты.

Мәліметке сәйкес, 12740 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі, 2006 жылы туған Дастан Құрманбек АК-74 автоматымен өзінің жүрегіне оқ атқан. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Алайда жігіттің туғандары өзін атып өлтірді деген нұсқаға сенбей отыр.

Қорғаныс министрлігі әзірге бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ. Біз ведомствоға ресми сұрау жолдадық.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

17 Jan, 06:13


Түрксіб ауданында тұратын алматылықтар түннен бері газ жоқ екенін айтып жатыр. Олардың сөзінше, көп үй жылусыз қалған.

QazaqGaz Aimaq АҚ 16 қаңтарда кәріз құбырларын төсеу үшін жүргізілген жұмыстар кезінде орташа қысымды жерасты газ құбырының учаскесі зақымдалғанын хабарлады.

Осыған байланысты қазір QazaqGaz Aimaq АҚ Алматы өндірістік филиалы газ құбырының зақымдалған учаскесінің авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел орындауға кірісті.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

16 Jan, 14:02


Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті.

Әкімдік мәлімдеуінше, сенімгерлік басқару шартының мерзімі аяқталып, “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” АҚ акцияларының 100 пайызы қаланың коммуналдық меншігіне берілді.

Қазір әкімдік пен Terminals Astana Airport Management ЖШС арасында жаңа сенімгерлік басқару шартын жасауға дайындық жүріп жатыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

16 Jan, 11:16


Өскеменде бетперде таққан ер адам дүкенді тонаған.

Күдікті медицина маскасымен бетін жауып, ғимаратқа кіріп, тиын салынған контейнерлер мен ақша ұрлаған.

Ол ақшаның қайда сақталатынын алдын ала білген, себебі бұрын дүкенге су жеткізген. Дүкеннің ішін жақсы білсе де, ұры есіктен кіріп-шығарда екі рет сүрініп құлаған. Ұрланған сомасы шамамен 600 мың теңге.

Полиция ақшаның бір бөлігін өндірді. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

16 Jan, 09:36


Instagram-ға қазақ әуендері қашан оралады?

Бұл сауалға Әділет вице-министрі жауап берді
.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, Авторлық құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы қазіргі уақытта Meta компаниясымен 2025 жылға арналған келісімшартты қайта қарау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Келісімге жақында қол жеткізуге үмітті.

Әділет министрлігі бұл азаматтық-құқықтық қатынастарға араласпайды, себебі ұйымдарды авторлар өздері таңдайды. Қазақ әуендерінің Instagram-ға қашан оралатыны келіссөздер нәтижесіне байланысты.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

16 Jan, 07:43


29 жастағы қазақстандық Әділхан Қопабаев Apple компаниясында басшылық қызметке тағайындалды.

Apple-ге тағайындалғанға дейін Қопабаев халықаралық консалтинг және IT-компанияларда жұмыс істеді.

2023 жылдан бастап Қазақстанның Энергетика министрлігі жанындағы "Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ны басқарды және "Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінің ситуациялық-талдау орталығының" басқарма төрағасы болды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

16 Jan, 07:33


Әділет министрлігі көлікті қыздыру нормасын қайта қарайтын болды.

Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет виц-министрі Ботагөз Жақселекова мәлім етті.

Жақселекованың сөзінше, аталған мәселе ведомствоаралық комиссияда қаралады, оның құрамында тек тиісті мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ депутаттар да болады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

16 Jan, 06:01


Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді.

Салмағы 5,7 кг сәби өмірге келді. Ана мен баланың жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында.

Бұл отбасының екінші баласы, алғашқысы 2022 жылы дүниеге келген.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Jan, 12:24


Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, ИКАО-ның 13-қосымшасы стандарттарына сай жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша алдын ала есеп жарияланады. Есепте анықталған деректер мен тергеу барысы туралы ақпарат берілмек.

Қазақстанға жеткізілген борттық жазғыштардан алынған мәліметтерді мамандар зерттеп жатыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Jan, 11:44


Ақтөбеде ата-анасымен бірге кепілге алынған 40 жастағы әйел есін жиды.

Дәрігерлер қайғылы оқиғадан аман қалған зардап шегушінің жағдайы туралы мәлімет берді. Ол – кепілге алынғандардың ішінде тірі қалған жалғыз адам.

Қазіргі уақытта әйел нейрохирургия бөлімінде, полицияның тәулік бойғы күзетінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, пациенттің ұялы телефоны жоқ, оған палатасына ешкімді кіргізбейді. Сондықтан ол жақындарының қайтыс болғанын әзірге білмейді.

Осы уақытта қайғылы оқиға болған үйде зардап шеккен әйелдің ата-анасының жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Бұрын үйдің есігі мен қақпасы мөрленген болатын, қазір барлығы ашық.
16 қаңтарда 67 жастағы әйел мен 74 жастағы ер адам жерленеді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Jan, 11:12


Пшөнге арналған сәулет мүсіні қойылатын жер белгілі болды.

Атырау облысында былтырғы су тасқыны кезінде ерекше ерлігімен есте қалған Пшөн есімді итке арналған сәулет мүсіні Махамбет ауданына орнатылады.

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл шешім оның символдық маңыздылығын ескере отырып қабылданған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Jan, 11:11


Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтады.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

12 Jan, 12:20


Лос-Анджелесте отты торнадо көтеріліп, қаза тапқандар саны 16 адамға жетті.

Жел бағытын өзгертіп, өрт шығысқа қарай Брентвуд пен Энсино аудандарына тарады.

Өрт шамамен 15 мың гектар жерді қамтып, бірнеше елді мекен мен 12 мыңнан астам құрылысты жойды. Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Лунаның мәлімдеуінше, кем дегенде 13 адам із-түссіз жоғалған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

12 Jan, 10:35


Моңғолияда наразылық білдірушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Наразылық білдірушілер ауаның ластануына және салық саясатына наразылық білдірді. Халық Сухэ-Батор алаңына жиналып, орталық даңғылды жауып тастады.

DW хабарлауынша, бұл - 3 мыңға жуық адам жиналған алаңнан өтетін 15 автобус бағытын тоқтатты. Акция барысында митингіге қатысушылар Парламент депутаттарын Моңғолия үкіметін отставкаға жіберуге шақырды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

11 Jan, 19:44


🇰🇿Өртті оқшаулау кезінде ТЖД қызметкерлері әкімшілік ғимараттың төбесінен Қазақстанның Туын зақымдамай төменге түсірді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

11 Jan, 19:32


ТЖД: өрт оқшауланды.

Жалынды сөндіру жұмыстары төрт жауынгерлік учаскеде жүргізілді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

11 Jan, 19:11


Құтқарушылар ҚБТУ-дағы өртті сөндіріп жатыр.

Алматы ТЖД өкілі Чайзада Бағдадтың айтуынша, өртті ауыздықтау ғимараттың күрделі құрылыс ерекшелігіне байланысты қиын болып тұр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

11 Jan, 18:53


Алматыдағы Қазақ-британ техникалық университетінде өрт шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінде төбе жабынының жануынан шыққан.

Өрт орнында Алматы ТЖД 78 құтқарушы және 28 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

11 Jan, 06:37


Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы 95 жасына қараған шағында дүниеден өтті.

Мекемтас Мырзахметұлының зерттеу еңбектерінде абайтану мен мұхтартану, бауыржантану, ясауитанудың, Абайдың ақындық зертханасының жайы, ақын мұрасының рухани нәр алған қайнар көздері мен шығыспен байланысы 1965 жылдан бастап ден қойылған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

10 Jan, 14:14


Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

10 Jan, 12:45


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға арналған “Келешек” жинақ жүйесі туралы заңға қол қойды.

Бұл жүйе бес жастан асқан балаларға бастапқы білім беру капиталы мен жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақыны қарастырады. 2025 жылдан бастап бес жасқа толған балаларға мемлекет бастапқы капитал береді, оның мөлшері арнайы ережелер бойынша есептеледі.

Жүйе бойынша жыл сайын 5% мемлекеттік сыйлықақы, ал әлеуметтік осал топтардың балаларына 7% сыйлықақы төленеді. Жинақталған қаражатты білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға болады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

10 Jan, 11:29


Жазушы Мұхтар Мағауин қайда жерленетіні белгілі болды.

Жерлеу рәсімі 11 қаңтарда АҚШ-та, Diyanet Center of America мешітінде өтеді. Жаназа сағат 10:00-де оқылып, жерлеу 11:00-де Parklawn Memorial зиратында болады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

10 Jan, 09:04


Бразилияның Убатуба қаласында Cessna Aircraft бизнес-джеті ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Ол жағажайға дейін жетіп, жарылған.

Бортта болған бес адамның төртеуі жергілікті тұрғындардың көмегімен құтқарылды, алайда ұшқыш көз жұмды.

Апат кезінде жағажайда болған адамдар арасында да жарақат алғандар бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

09 Jan, 12:28


Атырауда әйел 8-қабаттан құлап, өз-өзіне қол жұмсаған.

1979 жылы туған әйел 9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында Алмагүл шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 8-қабатынан құлаған.

Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

09 Jan, 11:32


Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін Конституциялық Сот судьясы қызметін атқарған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

09 Jan, 10:26


Қарағандыда болған өрт салдарынан 2 және 4 жастағы екі бала қаза тапты.

7 және 9 жастағы екі бала өз бетінше сыртқа шығып, ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар 1964 жылы туған әйелді құтқарып қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

09 Jan, 09:24


ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды.

Енді қазақстандықтар бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын eGov.kz порталында цифрландыра алады.

"Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)" мемлекеттік қызметі кеңейтілген. Бұрын бұл қызмет тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы құжаттарды цифрландыруға өтініш беру мүмкіндігі қосылған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

09 Jan, 07:28


🇺🇸2025 жылғы 7 қаңтарда Лос-Анджелесте ірі орман өрттері басталып, жалын әйгілі Голливуд жазуына дейін жетті.

1000-нан астам ғимарат қирап, 150 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Өрттің аумағы 60 шаршы шақырымнан асып, 7 адам қаза тапты.

Жұлдыздардың үйлері де зардап шекті: Пэрис Хилтонның үйі толығымен жанып кетті.

Президент Байден федералды көмек көрсету туралы бұйрық берді.

Қаланың батысындағы 23 000 тұрғыны бар Палисад қаласы түгелдей өртке оранып, 1000-нан астам үй қирады. Тұрғындардың басым бөлігі қаланы тастап кетуге мәжбүр болды. Өрттің себептері анықталып жатыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

02 Jan, 12:02


Алматы 2025 жылы саяхаттауға ұсынылған үздік бағыттардың тізімінде көш бастады.

CNN Travel 25 үздік орынның тізімін жариялады. Тізімде Алматы қаласы көш бастап тұр. Басылымның пікірінше, қала өзінің дәмді тағамдарымен, белсенді түнгі өмірімен, дамыған мәдениетімен, сондай-ақ Тянь-Шань тауларының әсем пейзаждарымен ерекшеленеді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

02 Jan, 07:46


Алматы кафелерінің бірінде студенттер жаппай төбелес ұйымдастырды.

Кадрларда бірнеше жігіттің бір-біріне жұдырық ала жүгіріп, орындықтар, дубинка және тіпті үстелдерді қолданғанын көруге болады.

Алматы қаласының полиция департаменті оқиғаға қатысқан барлық азаматтардың анықталып, Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, төбелеске қатысушылардың бірі басынан ауыр жарақат алып, жедел жәрдеммен кафеден ауруханаға жеткізілген.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

02 Jan, 07:42


Елімізде есірткі өндірісіне қатысты жаза қатаңдатылды. Тоқаев заңға қол қойды.

Кінәлілер қалай жазаланады, қандай қылмыстық жауапкершілік қарастырылған? Мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

01 Jan, 08:42


Қазақстанда Жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді?

Жаңа жыл түні еліміздің перзентханаларында 181 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 105 ұл бала, 76 қыз бала және бір егіз бар. Егіздер Маңғыстау облысында өмірге келді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

31 Dec, 19:11


Құрметті оқырман, жаңа 2025 жыл құтты болсын

Жаңа жылда жақсы жаңалықтар көп болсын. Отбасыларыңызға ырыс, береке, бақыт, молшылық алып келсін!

Жыл бойы бізбен бірге болғандарыңызға көп рақмет💚

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

31 Dec, 07:06


60 мыңға жуық қазақстандық Жаңа жылды пойызда қарсы алады.

Осы мерекелік күні жолаушылар арасында ең танымал бағыттар - Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей және Алматы-Семей.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

31 Dec, 05:24


2025 жылы жанар-жағармай бағасы қалай өзгереді?

• АИ-92 және Аи-93 бензині - литріне 245 теңге, ал Қазақстан Республикасында берілген құжаттар болған жағдайда литріне 205 теңге;

• дизель отыны - литріне 315 теңге, құжаттарды ұсынған кезде литріне 295 теңге.


Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында отынның ең төмен бағасын сақтап отыр. Әлем елдерінде бензин бағасы 36-дан 166 пайызға дейін, ал дизель бағасы 17-ден 66 пайызға дейін өзгереді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

31 Dec, 04:54


Қайтарылған 2,6 миллиард теңге Жетісу облысы Рудничный ауылындағы апатты мектептің орнына жаңа мектеп салуға жұмсалады.

1969 жылы салынған мектепте 140-тан астам бала оқиды, бірақ ғимарат 55 жылдан бері жөндеу көрмеген, тозу деңгейі 40%-ға жеткен.

Жаңа мектеп 200 орынға және 30 орындық шағын дайындық орталығына арналған. Ауылда 1 мыңнан астам тұрғын бар, оның 241-і балалар.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

31 Dec, 04:49


Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты.

ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланатыны айтылды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

30 Dec, 14:39


Қазақстан апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін Бразилияға жіберді.

Министрліктің мәліметінше, CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.

Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

30 Dec, 13:15


Полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар екі адамды ұстады.

Оқиға 2024 жылдың басында болған.

Қаскүнемдер үй иесінің жоқтығын біліп, кілт таңдау арқылы оның пәтеріне кірген. Жаңа жылдық демалыстан соң үйіне оралған астаналық тұрғын сейфінің ашылғанын байқаған.

Одан:
- құны 110 мың АҚШ доллары болатын Breguet Tourbillon;
- әрқайсының бағасы 55 мың доллар Franck Muller және Daniel Roth;
- мың долларлық Rado сағаттары ұрланған;
- сейфтен 650 мың теңге және 2 200 доллар жоғалған.


Сот шешімі бойынша, олар әртүрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

30 Dec, 12:10


Тоқаев Корея халқына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

30 Dec, 11:57


ҰҚК QirSabyn Telegram арнасына қатысты істі Қылмыстық кодекстің 194-бабы (“Бопсалау”) бойынша тергеп жатыр.

2024 жылы 18 желтоқсанда Астана мен Қарағандыда арнаға қатысы барлар ұсталды. Олар жалған ақпарат таратып, ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Telegram арна әкімшілері сот санкциясымен қамауға алынды.

QirSabyn - Қазақстанның саясаткерлері, блогерлері мен атақты адамдары туралы жеке ақпаратты жариялаған аноним Telegram арна.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

30 Dec, 08:10


Үкімет Жезқазғандағы жылу желілерін жаңартуға резервтен 1,5 млрд бөлді.

Қаржыландыру "Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту" жобасының 2-ші кезегін іске асыруға бағытталады.

Жезқазғанда желілердің тозуы 60 пайызға жуықтайды. 89 мың тұрғыны бар қаланы жылумен жабдықтауды ЖЭО қамтамасыз етеді. Қалалық жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырым.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

30 Dec, 05:58


Ауыр қылмыс жасады деген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.

Күдікті Қостанайдағы жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде өзара араздық салдарынан жәбірленушінің басы мен денесіне көптеген жасаған соққылар салдарынан жәбірленуші қайтыс болды. Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Оған 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

30 Dec, 05:45


😨 Қазақстанда жаңа пәтерлер төрт жылда 43 пайызға қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қараша айында елдегі жаңа пәтерлердің бағасы 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 43,2 пайызға, ал қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 50,2 пайызға өскен.

Биыл 11 айда тұрғын үй сатып алу-сату саны 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,1 пайызға өсіп, 382,9 мыңға жетті. Ең көбі - Алматыда (74,9 мың), Астанада (67 мың) және Қарағанды облысында (30 мың) жасалған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

30 Dec, 04:02


👇👇👇

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылданды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

29 Dec, 14:26


Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде ерлік көрсеткендерді марапаттады.

Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Олардың арасында:
- ТЖМ өкілдері;
- медицина мамандары;
- полицейлер;
- "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы" АҚ жұмысшылары;
- Ақтау әуежайының қызметкерлері бар.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

27 Dec, 14:15


Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты.

Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп келісті.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

27 Dec, 11:04


Ақтаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан арнайы өкілдер келді.

Ақтау қаласына Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес, Embraer ұшағын шығаратын зауыттың мамандары келіп жетті.

Тергеп-тексеру комиссиясы оқиға орнында болып, алдағы әрекеттердің жоспарын айқындады.

Сонымен қатар алдағы күндері елімізге CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) өкілдері де келеді деп күтіліп отыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

27 Dec, 10:46


Си Цзиньпин Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

27 Dec, 09:39


Ресейдің Минеральные Воды қаласына ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде кері қайтып, Гейдар Әлиев атындағы әуежайға қонды.

Бұл шешім Махачкала үстіндегі әуе кеңістігінің жабылуы туралы NOTAM хабарламасына байланысты қабылданған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 10:13-те Бакуге сәтті оралды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

27 Dec, 08:36


Qazaq Air Астана-Екатеринбург рейсін уақытша тоқтатты.

Бұл шешім жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.

Алайда, әуекомпания қазір Qazaq Air тәуекелдерін бағалау шарттарына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

27 Dec, 05:00


Azerbaijan Airlines компаниясы апаттан әрбір зардап шегушіге 20 мың манат (шамамен 6 миллион теңге), ал қаза болғандардың отбасыларына 40 мың манат (12,1 миллион теңге) өтемақы төлейді.

Сондай-ақ жолаушыларға сақтандыру төлемдері жасалатынын хабарлады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

27 Dec, 04:07


Қарағандыда азаптау ісі бойынша екі полиция қызметкері сотталды.

Олар азаматқа кінәсін мойындату үшін психологиялық қысым көрсетіп, дене жарақаттарын келтірген.

Сот қызметкерлерді 3 жылға бас бостандығынан айырып, "полиция капитаны" арнайы атақтарынан айырды. Сондай-ақ жәбірленушілердің өтемақы қорына айыппұл төлеу міндеттелді. Сот апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

26 Dec, 15:50


Маңғыстау тұрғындары ұшақ апатынан зардап шеккен 14 әзербайжандық пен Әзербайжан делегациясының 20 мүшесін шығарып салды. Олардың қатарында аман қалған екі бортсерік пен бір бала да бар.

Олар ауруханада емделіп, жағдайлары жақсарғаннан кейін Бакуге аттанды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

26 Dec, 12:15


13 жастағы марқұм жасөспірім Грозныйға жалғыз бара жатқан.

Әзербайжандық БАҚ мәліметінше, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі - 13 жастағы Мухаммедали Фаридоглы Еганов.

Баланың анасы Грозныйда тұрады. Марқұм Жаңа жылды анасымен бірге қарсы алу үшін ұшып бара жатқан. Ұшақта жасөспіріммен бірге туыстарының ешқайсы болмаған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

26 Dec, 11:06


Енді Қазақстанда қоғамдық орында түкіру, балағаттау, қорлау немесе қоқыс тастау сияқты ұсақ бұзақылықтар үшін көшелерді сыпыру жазасы қолданылады.

Бұрын мұндай қоғамдық жұмыстар тек қылмыстық құқық бұзушылықтарға тағайындалса, енді олар әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін де енгізілді.

Ұсақ бұзақылыққа қоғамдық орындарды ластау, мүлікті бүлдіру және қоғамға құрметсіздік танытатын басқа да әрекеттер жатады. Қазіргі жаза мөлшері – 20 АЕК айыппұл.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

26 Dec, 10:11


Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдан Рагимлидің видеосын жариялады.

Ол Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Стюардесса делегацияны көргенде, көз жасын тоқтата алмаған.

Айдан - Бакуден Грозныйға ұшқан, бірақ Ақтауға үш шақырым жерде құлаған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағында болғандардың бірі. Стюардессадан бөлек тағы бір экипаж мүшесі аман қалды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Dec, 19:20


🇰🇿🇶🇦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен келді.

Мемлекет басшысы Доха форумының панельдік сессиясына қатысады. Сондай-ақ Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және бірқатар компания басшыларымен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Dec, 13:49


Көлсай көлдері ұлттық паркінде үш есейген аланын ерткен ұрғашы ілбіс фототұзаққа түсіп қалды.

Ұлттық парктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұндай үлкен ұрпақ өрбіту ілбіс үшін өте сирек кездеседі, бұл олардың мекендеу ортасының жақсы жағдайда екенін көрсетеді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Dec, 11:33


Қазақстан астығы қайда тасымалданып жатыр?

Ауыл шаруашылығы министрлігі астық экспорты 12 миллион тоннаға дейін өседі деп болжап отыр.

Қазақстан жыл сайын 8-9 млн тонна астық экспорттайды, оның ішінде 6,5-7,5 млн тоннасы - бидай.

Экспорт географиясы 40-тан аса елді қамтиды.
Дәстүрлі нарықтар - Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия, Тунис.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Dec, 08:04


Қазақстандықтар қандай салық төлеуі керек?

Салық есептілігін ұсынудың соңғы мерзімі - 2024 жылғы желтоқсан.


17 желтоқсанға дейін:
🟢400.00 және 421.00-нысандары - 2024 жылға арналған құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объектілер бойынша акциз декларация және төлем;

20 желтоқсанға дейін:
🟢328.00 нысаны - Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

31 желтоқсанға дейін:
🟢101.02 нысаны - Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу; 🟢911.00 нысаны - Патент құнының есебі.

2024 жылдың желтоқсан айында салық төлеу

5 желтоқсанға дейін:
🟢Жеке тәжірибе үшін жеке табыс салығы.

20 желтоқсанға дейін:
🟢Акциз, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға салынатын салық.

25 желтоқсанға дейін:
🟢Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
🟢Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ);
🟢Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (OPVR);
🟢Әлеуметтік аударымдар;
🟢Міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мен жарналар.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Dec, 06:21


"Miss Qazaqstan-2024" байқауында Өскемендік 20 жастағы Бағым Балтабаева ең сұлу ару атанды.

Байқауда басқа да номинация иегерлері марапатталды. Олар:

Айдана Әбілқасова, "Вице-Miss Qazaqstan-2024";
Томирис Қадырхан, "Жер аруы";
Дана Алмасова, "Ғалам аруы".

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Dec, 05:15


Зейнетақы жинағын алу: 2025 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды.

Ештеңе өзгере қойған жоқ. 2023 және 2024 жылдар деңгейінде қалды.

Т-Тұрақтылық.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Dec, 03:52


🇰🇿Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

✔️Биыл 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні дүйсенбіге тұспа-тұс келеді.

- 14 желтоқсан, сенбі: алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
- 15 желтоқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні;
- 16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығына демалыс).

Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!😉

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Dec, 19:07


🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы Дональд Трампты АҚШ президенті болып сайлануымен телефон арқылы құттықтады.

Біздің президент халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Dec, 12:53


Астана тұрғыны миллиондаған ақшасының жоғалғанын байқамаған.

Кәсіпкер әйел көктемде банк картасын жоғалтып алып, тек күзде ғана одан миллиондаған ақша шешілгенін анықтаған. Ол астаналық ЖШС директоры екені нақтыланды.

Жалпы шығын сомасы 17 миллион теңгеден асқан. Әйел жеті ай бойы шоттың балансын тексермеген.

Қаскөйлер Талапкер ауылындағы жанармай құю бекетінде дизель отынын қолма-қол ақшаға айналдырған.

Нәтижесінде полицейлер сол ЖШС-де бұрын жүргізуші болып жұмыс істеген 38 жастағы ер адамды анықтады. Қазіргі уақытта оның қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Dec, 11:34


✔️Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.

📃ҰҚК төрағасының баяндамасынан:

– 4 террористік актінің алды алынған;
– терроризм мен экстремизмге қатысы бар 824 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол берілмеген;
– есірткі өндіретін 33 зертхана, оны тасымалдайтын 35 халықаралық және 31 өңірлік арна жойылған;
–1,6 триллион теңгеден астам көлемде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Dec, 10:36


Қазақстанда халық саны қанша?

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 1 қарашадағы жағдай бойынша халық саны туралы мәліметтерді жариялады.

Ұлттық бюро мәліметінше, 1 қарашада Қазақстан халқының саны - 20 243 981 адам. 1 қаңтармен салыстырғанда қазақстандықтар саны 210 139 адамға көбейген.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Dec, 08:52


АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметінен кететінін айтты.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қызметін аяқтап, зейнетке шықпақ. Ол бес президент пен сегіз мемлекеттік хатшымен бірге қызмет істеген.

Розенблюм Қазақстандағы миссия басшысы қызметін 2022 жылғы қарашадан бастады, ал қызметі 2025 жылы 20 қаңтарда аяқталады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Dec, 08:00


Қазақстандық маман әлемдегі ең үздік жаттықтырушы атанды.

Париж Олимпиадасына таеквондо спортынан Тунис құрамасын бастап барған қазақстандық маман Есбол Сұлтанов әлемдегі үздік жаттықтырушы марапатына ие болды.

Тунис құрамасы олимпиадада таеквондодан бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды.

Есбол Сұлтанов жуық арада Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы да мүмкін. Бұл нұсқаны Федерация мен ҰОК басшысы қолдап отырған көрінеді. Құжатты енді Туризм және спорт министрлігі қарастырып жатыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Dec, 06:14


Kcell мен Activ қолданушылары, таңертең интернет қалай жұмыс істеп тұрды?

Алматы мен Астанадағы абоненттер интернеттің істен шыққанын және бірқатар қосымшаның, соның ішінде Kcell қосымшасының істемей тұрғанын айтып наразылық білдірген. 

Компания бұл техникалық себептерден туындаған ақау екеін және оларды жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Алайда нақты мерзімдер белгісіз.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Dec, 04:49


Алматыда конвой қызметі автокөлігінен ер адам қашып кетті.

Қашқын туралы:
- Аубакри К.Е. 1996 жылы туған;
- Бойы – 165-170 сантиметр;
- Арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр;
- Мұрны қисайған;
- Бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталған.


Қашқынның қайда екенін білетіндерден келесі телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады: 8-701-758-67-60; 8-778-158-54-44.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

04 Dec, 17:11


FlyArystan әуе компаниясында қаражат ұрланды.

FlyArystan әуе компаниясының басшылығы қаражат ұрлау фактілерін анықтап, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінді.

Бұл туралы бүгін, 4 желтоқсанда әуе компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді. Алайда компания нақты соманы атамады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

04 Dec, 14:07


Астанада Мәңгілік ел даңғылында (Министрліктер үйі аялдамасы) автобуста өрт шықты.

Елордалық өрт сөндірушілер өртті оқшаулады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

04 Dec, 11:54


Қазақстанда сәлемдемелер мен хаттарды басқа адамға алуға рұқсат етіледі.

Енді пошта жөнелтілімін PIN-код арқылы алуға болады.

Осылайша пошта жөнелтілімін құқықты растау арқылы сенім білдірілген өкілдерге не үшінші тұлғаларға беру қарастырылған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

04 Dec, 11:01


Бүгіннен бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді.

Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушіге қатысты.

Автоматтық тіркеу жүйелері арқылы анықталатын түзу сызықты учаскелерде “орташа жылдамдықтан” асып кеткені үшін жауапкершілік енгізіледі. “Орташа жылдамдық” жүріп өткен жолды уақытқа бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл мөлшері 5-тен 40 АЕК-ке дейін.

Әр учаскеде “орташа жылдамдық” әртүрлі болады, себебі формула әр автокөлікке жеке есептеледі. Бұл шара жылдамдық режимін бұзу салдарынан орын алатын апаттарды азайту үшін енгізілді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

04 Dec, 08:38


Декларацияны уақытылы тапсырмағандардың есепшоты бұғатталды.

Қазақстанда декларациялау мерзімінің бұзылуына байланысты 68 мыңнан аса салық төлеушінің есепшоты бұғатталды.

Декларацияны уақытылы тапсыра алмаған азаматтар үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Заңбұзушылықтар жойылғаннан кейін банктік шоттар бойынша шығыс операциялары бір жұмыс күнінен кешіктірілмей бұғаттан шешіледі.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

04 Dec, 04:20


Заңсыз активтердің 2,6 млрд теңгесі қайда жұмсалатыны белгілі болды.

Заңсыз активтер есебінен Шымкенттегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 2,6 млрд теңгеден аса қаражатқа 300 орындық жатақхана салынады.

Бүгінде колледжде арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимарат 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

04 Dec, 03:42


Сеулде қақтығыстар басталып, көшелерде әскери техника жүр.

Сеулде оппозициялық күштер парламентке кіріп, 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель жариялаған әскери жағдайды алып тастады.

Оппозиция жетекшісі Ли Джэ Мен президенттің шешімін "конституцияға қайшы" деп атап, оны "халыққа қарсы қадам жасады" деп айыптады. Саясаткер "Юн Сок Ель енді президент емес" деп азаматтарды парламентке келуге шақырды. Осыдан кейін Сеулдегі парламент маңында қақтығыстар басталды.

Оңтүстік Кореяның жетекші оппозициялық партиясы ел президенті Юн Сок Ельді конституцияны бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуға шақырды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

03 Dec, 13:36


Астанада "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде ірі өрт шықты.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өртсөндірушілер сағат 16:09-да өртті оқшаулап, оның таралуына жол бермеген.

7-қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар жанған. ТЖМ қызметкерлері түтін басқан аумақтан 6 адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

03 Dec, 11:25


“Маңғыстаумұнайгазды“ Қытай азаматы басқаратын болды: ол туралы не белгілі?

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директоры болып қытайлық Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды.

Вэн Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте Қытай Халық Республикасында дүниеге келген.

Ол И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.

2005-2024 жж. "СНПС-Ай Дан Мұнай" АҚ-да еңбек етіп, жетекші супервайзерден компания президентіне дейін көтерілді.

2024 жылдың желтоқсанына дейін “Маңғыстаумұнайгаз” бас директорының бірінші орынбасары болды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

03 Dec, 10:05


Прокуратура мен полиция Пшөннің өліміне кінәлілерді іздестіріп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің мәлімдеуінше, оқиға былай болған:

- жергілікті ветеринарға тұрғын үйінің аумағында үш бөтен итпен мәселені шешу туралы өтінішпен қоңырау келіп түскен

- маман келіп, жануарларды (дротикпен) уақытша ұйықтатуға шешім қабылдаған

- екі ит ұйықтап кеткен, ал Пшөн өзенге қарай қашып кетіп, сол жерде жан тапсырған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

03 Dec, 09:55


Мектептегі жаңа жылдық іс-шараға ақша жинауға бола ма?

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтің айтуынша, мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл - жаңа жылдық шараларға да, шыршаларға да қатысты талап.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

03 Dec, 08:03


Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс: апелляция қандай шешім шығарды?

Сот Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты қаулысын өзгеріссіз қалдырды, сотталғанның және оның адвокаттарының жеке шағымын қанағаттандырмады.

Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді және кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

03 Dec, 06:54


Атырау облысы Сарытоғай ауылында Пшөн атты итті белгісіз біреулер атып кетті.

Ол көктемде елімізде су тасқыны болғанда, бөгет салуға көмектескен еді. Пшөн тек жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстан үшін батыр ит болды.

Иттің қожайыны Зәмзәгүлдің айтуынша, желтоқсан айында ит үш жасқа толуы керек еді. Иттің күшіктері қалмады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

03 Dec, 05:51


Қарағандыдағы зообақта маймылдар мен валлаби тұқымдасы пайда болды.

Бразза маймылдар отбасы қазір екі жаңа қоршауда тұрады. Бұл Чехиядағы Хлебы қаласының зоологиялық саябағы жасаған сый.

Чехия хайуанаттар бағынан бір жұп валлаби де сатып алынды. Бұл кенгуру тұқымдас, бірақ көлемі жағынан кішірек. Жануарлар табиғатта өте сирек кездесетін альбинос саналады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

03 Dec, 05:31


1,1 млрд теңгеден аса қаржыны жымқыру: Астана мен Шымкентте пәтерлер мен үйлер тәркіленді.

ҚМА Шымкент бойынша департаменті “Қуатжылуорталық-3” МКК мен лауазымды тұлғалардың 1,1 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Күдіктілер ұрланған қаражатты жылыстату үшін 7% сыйақыға жалған құжаттар рәсімдеген 24 күмәнді кәсіпорынды пайдаланған.

Қаржылық тергеу нәтижесінде Шымкент пен Астанадағы жылжымайтын мүлік пен банк шоттарындағы 50 миллион теңге тәркілеу үшін сот санкциясымен бұғатталды.

Сот үкімі бойынша, барлық жеті айыпталушы 2 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

16 Nov, 07:09


Перизат Қайрат палестиналықтардың 200 млн қаражатын жымқырды деген тағы бір күдікке ілінді.

2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды.

Сондай-ақ қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де Rolex, Prada және Fendi брендтерінің бутиктерінен зергерлік бұйымдар, сағаттар мен киім-кешек сатып алуға жұмсалғаны хабарланды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Nov, 15:35


Бізге 14 жыл.

Tengrinews.kz -тің негізін 2010 жылы Батыр Қазыбаев қалады. Содан бері біз күн сайын әрқашан сіздермен болуға тырысып, ең маңызды оқиғалар туралы айтудамыз.

Бүгінде біз Қазақстанда ең көп оқылатын порталмыз. Биыл біз YouTube-тің “Алтын батырмасын” алдық, TikTok-та миллион жазылушы жинадық және WhatsApp арнасын аштық. Қазір жаңа қосымша бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз.

Бізбен бірге болғандарыңызға, оқығандарыңызға, өз ойларыңызбен бөлісіп, сынағандарыңызға рахмет. Сіздердің сенімдеріңіз бізге одан сайын жақсы болуға және алға жылжуға көмектеседі. Біз сіздермен бірге өсіп, дами береміз! ❤️

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Nov, 14:45


Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 7 желтоқсан күні өтетін UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гарримен кездесетін болды. Бұл туралы отандасымыздың командасы хабарлады. 

Турнирдің басты жекпе-жегінде Шавкат чемпион Белал Мұхаммедпен кездесуі керек болған. Алайда қарсыласы аяқ саусағына ота жасатып, кездесуден бас тартты. Нәтижесінде UFC ұйымы қазақстандық спортшыға жаңа қарсылас іздеуге кіріскен еді. 

Иэн Гэрри – ирландиялық спортшы. Шавкаттан жас, 27-де. Дзюдодан қара белбеу иегері. Бокспен де шұғылданған. Жекпе-жектегі стилі – бокс және дзюдо әдістері.

Шавкат секілді жеңіліссіз келеді: 15-0. UFC-де 2021 жылдан бері бақ сынайды. 8 жекпе-жек өткізген. Олардың қатарында Джефф Нил мен Майкл Пейдж де бар. Рейтингте 7-орында тұр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Nov, 14:17


Қарағанды тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды.

Алматы – Екатеринбург тасжолында, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, көктайғақ жағдайында рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып қалған. 7 адам қаза тапты.

Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жолда мұқият болып, жол жүру ережелерін сақтау және жылдамдық режимін бұзбау туралы үндеу жасады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Nov, 08:51


ҚМА ресми өкіліне Перизат Қайратты ұстау туралы бірнеше сұрақтар қойылды.

Барлық ақпарат ресми арналарда жарияланады деп уәде берді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Nov, 08:34


Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады.

Ұлттық банк пен Ұлттық төлем корпорациясы Қазақстандағы барлық банк үшін бірегей QR-кодты төлем жүйесін таныстырды.

Ол азаматтарға жылдам әрі ыңғайлы QR-төлем жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта банкаралық QR-төлемдер жүйесінің функционалдығы дайын және қатысушы банктерді кезең кезеңімен қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба ауқымын кеңейту 2025 жылға жоспарланған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Nov, 07:55


Президент жаңа елшілерді тағайындады:

Ватикан, Родос және Мальтада – Тимур Пірімбетов.

Мексикада-Алмұрат Тұрғанбеков.

Словакияда-Жанна Сағынова.

Алжирде-Әнуарбек Ахметов.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Nov, 07:12


Іздеуде жүрген күдікті қазақстандық әйел Греция аумағында орналасқан Хиос аралында ұсталды.

Ол 2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінде бухгалтер болып жұмыс істеп жүргенде өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.

Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Nov, 05:50


“Семей орманында“ жалған дипломмен жұмыс істеп жүргендер ұсталды.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

15 Nov, 03:39


Бүгін Ұлттық валюта - теңге күні.
Қазақстанда 1993 жылдан бері 15 қарашада Ұлттық валюта күні тойланып келеді.

Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді.

Қайырлы таң!

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

14 Nov, 18:54


Бесінші ойын қатарынан гол соқпаған Қазақстан құрамасы Аустриядан ұтылды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Аустрия құрамасына есе жіберді. Ойында қонақтар 0:2 есебімен жеңіске жетті.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

14 Nov, 12:34


“Алматы Арена“ мен “Халық Арена“ мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұған дейін олар МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) аясында жеке ұйымның басқаруында тегін пайдалануға берілген еді.

2017 жылы өткен Универсиаданы өткізу мақсатында салынған мұз айдындары 2019 жылы жеке меншікке берілді. "Антикор" спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Орталық деңгейде талдау туризм және спорт министрлігінің қызметіне, ал өңірлік деңгейде спорт және дене шынықтыру басқармаларының жұмысына қатысты жүргізілді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

14 Nov, 11:02


ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген.

Ол қаржыны көлік пен пәтер сатып алуға жұмсаған:

- 88 миллион теңгеге "Mercedes-Benz S450";

- 80 миллион теңгеге "Lexus LX-600";

- 39 миллион теңгеге "Haval" автокөліктерін;

- 600 миллион теңгеге Астанадан "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" ТК, "Vela Village" коттедж қалашығында пәтер сатып алған екен.

Сондай-ақ Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы "St. Regis", "Shangri-La", "Palazzo Versace" және "Kempinski" сынды бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған. Бұл елдерде ол "Cartier" және "Louis Vuitton" сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алған

Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін жақындарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

14 Nov, 10:16


Бірыңғай уақыт белдеуі қазақстандықтарға қалай әсер ететіні зерттелмекші.

Сенат кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға қалай әсер етіп жатқанына қатысты ғылыми зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Зерттеуге ең үздік институттар тартылатынын, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің физиология мен медициналық бөлігіне қатысты бірнеше институттар қатысатынын мәлімдеді.

Министр зерттеуге бөлінетін қаржының нақты көлемін атамады. 

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

14 Nov, 09:40


Қазақстанда қай өңір жемқорлық бойынша көш бастап тұр?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қай өңірде жемқорлық дерегі көп тіркелгенін мәлімдеді.

Антикор мәліметінше, биылғы 10 айда тіркелген жемқорлық қылмыстардың ең көп саны Шымкент (87), Астана (83) қалаларында, сондай-ақ Алматы (67) және Абай облыстарында (55).

Агенттік өкілдері бұл өңірлерде көбіне қай салада жемқорлық дерегі көп анықталғанын айтты:

- Шымкент қаласында Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласында 9 қылмыс, білім беру саласында 7 қылмыс тіркелген.

- Астана қаласында білім беру саласында - 13;

- Алматы облысында білім беру саласында - 21;

- Абай облысының ауыл шаруашылығы саласында 6 жемқорлық қылмысы тіркелген.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

09 Nov, 15:01


Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери кім екені белгілі болды.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы, майор Батыр Қайратұлы Оразымбетов қаза тапқан. Ол 1988 жылы дүниеге келген.

Марқұм офицер үйленген, артында екі баласы қалды.

Зардап шеккендер - әскери институт авиациялық эскадрильясының командирі Бибарыс Ибраев пен оқу-жаттығу авиациялық орталығының аға ұшқыш-нұсқаушысы аға лейтенант Рүстем Нығметов. Қазір облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр.

Қаза тапқан офицер мен зардап шеккендердің туыстарына, жақындарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

09 Nov, 09:08


Ақтөбе облысында (Сарыжар ауылы) МИ-8 Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады.

Бортта үш адам болған. Бір адам қаза тауып, екеуі Ақтөбе ауруханасына жеткізілді.

Оқиға туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

09 Nov, 07:08


Көкшетау қаласының жаңа әкімі болып Әнуар Күмпекеев тағайындалды.

Марат Ахметжанов жаңа әкімді облыс орталығының активіне таныстыра отырып, Әнуар Күмпекеевтің кәсіби қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттері бар тәжірибелі басшы екенін айтты.

Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "экономика бакалавры" біліктілігі бойынша бітірген. 2007 жылы Ұлыбританиядағы Брэдфорд университетінде Экономикалық саясат магистрі дәрежесін алды. "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі.

Еңбек жолын 2005 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

09 Nov, 06:17


Бұдан былай жануарларды циркте ұстауға тыйым салынады.

Өзбекстан үкіметі 5 қарашада арнайы қаулы бекітті. Құжат ішінде жеке тұлғаларға торда ұстауға болмайтын жабайы жануарлардың тізімі бекітілген. Онымен бірге циркте жануарлардың қатысуымен қойылым  қоюға да тыйым салынбақ.

Жабайы жануарларды ұстауға тыйым 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енбек. 

Өзбекстан үкіметі азаматтарға тізімдегі жануарларды зоопарктер мен питомниктерге тапсыруға 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін уақыт бермек. 

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

08 Nov, 14:54


Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қаржы институтымен өзара ықпалдастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ банктің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.

Азия даму банкі 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

08 Nov, 14:28


Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов сыннан кейін ұйымның президенті қызметінен кетті.

Бүгін, 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясында өткен жиында Әділет Бәрменқұлов ҚФФ басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді.Жарғыға сәйкес, жаңа президент КФФ-ның кезектен тыс конференциясында сайланады, оның күні әлі белгіленген жоқ.

Әділет Барменқұлов - ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын. Оның тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға жақын қалды. Алайда шешуші сәтте Магомед Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

08 Nov, 12:13


Астанада әйелді балаларымен бірге үйінен күштеп қуып шыққан жанжал естеріңіздер ме?

Шымкенттің экс-әкімі Марат Әйтеновтің ағасынан алимент бойынша қарызын өтеу үшін Mercedes S-Class көлігі (23 миллион теңге) тәркіленгені белгілі болды.

Оның бұрынғы әйелі Дана Әйтенова әлеуметтік желілерде жеке сот орындаушысына алғысын білдірді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

08 Nov, 10:45


Келесі жылдың басынан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі электрондық түрде берілетін болады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті.

Келесі медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшіріледі: 
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- 075 / е "Медициналық анықтама"
- 026 / е "ДКК қорытындысы"
- 073 / е "ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама" 
- 069 / е "Санаторийлік-курорттық карта"
- 052-2 / е "Баланың денсаулық паспорты"
- 076 / е "Қаруға рұқсат алу"
- 038 / е "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама".

Tengri.kz

08 Nov, 07:07


Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметкер қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі – суицид.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, әскери қызметші 7 қарашада қайтыс болды.

Полиция органдары қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша соталды тергеуді бастады.

Tengri.kz

08 Nov, 05:12


Талғарға 15 желтоқсан күні жаңа әкім сайланады. Бұл туралы сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Еске салайық, Талғардың бұрынғы әкімі Бақыт Күрішбеков 15 қазанда резонанс тудырған қайғылы оқиғадан кейін қызметінен босатылған болатын.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Nov, 13:04


Қарағанды облысында 7 адам қар құрсауында қалған.

Таңертең Осакаровка ауданында Степное ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі 7 адамды, оның 5-еуі бала қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.

Еске салайық, бүгін бірнеше өңірде жол жабылып, ТЖМ жедел желіні іске қосты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметтері бойынша қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және көрінудің шектелуіне байланысты 5 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген.

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабық.

ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8(7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.

Tengri.kz

07 Nov, 11:22


Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды.

Қазір төтенше жағдайлар қызметі Оңтүстік-Шығыс ықшамауданы, оң жағындағы 10 киловольттық әуе желілерінде, сондай-ақ Алматы және Сарыарқа аудандарындағы жеке тұрғын үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Астана-РЭК" АҚ мәліметінше, 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, екі арнайы техника жұмылдырылды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Nov, 09:22


Алматы полиция департаменті әлеуметтік желілеріне осындай видео жариялады.
Жастармен бір толқында болу деген осы ма?

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Nov, 09:19


Жезқазғанда миллиардтаған теңге болатын күмәнді конкурстардың күші жойылды.

Қала прокуратурасы жалпы құны 2,6 миллиард теңгеден асатын 6 конкурстың күшін жойды, 15 лауазымды тұлғаға 904 540 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Сондай-ақ жоғарыда аталған заңбұзушылықтар бойынша енгізілген ұсынуды тиісінше қарастырмағаны үшін қала әкімінің орынбасары, ТҮКШ бөлімінің басшысы жәнебасқа да лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Nov, 08:37


ОСК-дағы өзгерістер жалғасуда.

Анастасия Шегорцеваның орнына комиссияның жаңа мүшесі Ләззат Сүйіндік тағайындалды.

Tengri.kz

07 Nov, 07:23


"Қазақтелеком" оптикалық желілер бойынша Wi-Fi сапасын арттырады

Бұл SAPA+ жобасы аясында интернеттің жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған жоба. Жоба қыркүйек айында жарыққа шықты.

Абоненттерге сигналды өңдеудің озық технологияларымен жабдықталған қосымша жабдық орнатылады. Бұл Wi-Fi қамту аймағын ұлғайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, абоненттер қосылу жылдамдығын 500 тұрақты Мбит/с дейін арттыра алады.

Жаңа мүмкіндікті пайдалану және жаңа жабдық алу үшін "Қазақтелеком" клиенттері telecom.kz мобильдік қосымшасы арқылы бірнеше іс-қимылды орындауы қажет.

Расталған нөмірді пайдаланып қолданбаға кіріңіз. Егер абонент SAPA+ қатысуға лайықты болса, онда ол қосымшаның басты бетінде арнайы хабарламамен таныс болады.

Жобаға қатысуды растау үшін басты бетте "роутерді алу" түймесін қолдану қажет. Түймені басу арқылы пайдаланушылар жабдықты орнату үшін қадамдық нұсқаулыққа қол жеткізе алады.

Жарнамалық пост

Tengri.kz

07 Nov, 04:59


Қазақстандық саңыраулар қоғамының "Шығыс" корпоративтік қорының басшысы әшкереленді.

Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деп күдіктелуде.

Тергеу жалғасып жатыр.

Фото: Getty Images

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

07 Nov, 04:23


ҚР Орталық сайлау комиссиясында өзгерістер.

Тоқаев Орталық сайлау комитетінің мүшелері Сәбила Мұстафина мен Констатентин Петровты қызметінен босатты.

Орнына Азамат Айманақұмов пен Михаил Бортник тағайындалды.

Қайырлы таң!

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Nov, 15:45


Қазақстандықтарды әскерге жаңа жолмен шақыратын болады.

Мәжілісте жаңа заң жобасы мақұлданды. Енді Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруды 1414 нөмірінен SMS арқылы жүзеге асырады.

"Қорғаныс министрлігі SMS-хабарламаларды "электрондық үкіметтің" веб-порталы – 1414 қызметі және пайдаланушының "жеке кабинеті" арқылы жібере алады", - деп түсіндіреді авторлар.

Тағы қандай жаңалық:

- егер әскерге шақырылушы бакалавриатта қайта оқуға барса, кейінге қалдыруға болмайды.

-егер әскерге шақырылған азаматтың әйелі жүкті болса, 12 апта немесе одан да көп мерзімге кейінге қалдыру ұсынылады.

Енді заң жобасы екінші оқылымда мақұлдануы керек, содан кейін ол Сенаттан өтуі керек, сосын Президент оған қол қояды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Nov, 14:48


Жамбыл, Қостанай және Ақмола облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты жол жабылды.

◦ 6 қарашада сағат 18:00-де Жамбыл облысында Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін жүк көліктерінің қозғалысына;

◦ 6 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына;

◦ 6 қарашада сағат 19:00-де Ақмола облысында Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына көлік қозғалысы шектеледі.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Nov, 13:03


Өзбекстанда халық емшілеріне тыйым салынды.

Емшілерге дәстүрлі медицина саласында рұқсат етілмеген емдеу әдістерінің көмегімен диагноз қоюға және жарнама жасауға тыйым салынады.

7,5 миллион сумға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Бұл заңға Өзбекстан президенті 5 қарашада қол қойды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Nov, 12:12


🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысы АҚШ Президенттерінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампты жеңісімен құттықтады.

Қазақстан Президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа қызметіне табыс тіледі.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Nov, 10:53


Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Қазақстанда әйелдердің жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды.

Депутат Үкіметке әйелдер көшбасшылығын дамытуға ықпал ететін бірқатар ұсыныстар айтты.

Оның айтуынша, жұмыс орындарында тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар мен балалар бөлмелерін ашу керек. Сондай-ақ отбасы институтын нығайтуға ықпал етіп, бала күтіміне байланысты ақылы демалысты екі жылға дейін ұзартқан жөн дейді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Nov, 10:42


Қазақстандық әйел TikTok-тағы тікелей эфирлері үшін жазаланды.

Сот мәліметінше, неотенгризмді ұстанған әйел бір жылға жуық уақыт TikTok-та тікелей эфирлер өткізіп, діни алауыздық тудырған.

Сот әйелді екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Nov, 08:28


Астана мен Алматы арасында жаңа пойыз іске қосылады.

Бұл 2024 жылдың желтоқсанынан басталады.

"Тальго" қосымша пойыздары Астана, Алматы және Шымкент мегаполистері арасында қатынайды.

"Тальго" - № 101/102 Астана - Алматы және № 111/112 Астана - Шымкент қосымша екі пойызы іске қосылады.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Nov, 08:17


Мемлекет басшысы Бішкекте. Онда Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді.

Іс-шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында болады.


🇰🇿🤝🇰🇬 Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

06 Nov, 07:08


АҚШ-тағы президент сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды. Америка Құрама Штаттарындағы президент сайлауының жеңімпазы - Дональд Трамп.

Fox News-тің мәліметінше, Трамп 277 дауыс алды, бұл оның президенттік сайлауда жеңіске жеткенін білдіреді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Nov, 16:37


Макрон өз парақшасына қазақ тілінде твит жариялады.

🇰🇿🇫🇷Қазақстан мен Франция Президенттері бірлескен брифинг өткізіп, екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды.

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссиялау туралы келісім;

2. Аса маңызды материалдар мен ресурстар бойынша Қазақстан мен Францияның стратегиялық ынтымақтастығының жол картасы;

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен Société Generale S.A. компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

4. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Alstom Transport SA» компаниясы арасындағы 6 осьті электровоздар бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

5. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Ұлттық превентивті археологиялық зерттеулер институты (INRAP) арасындағы археология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім хаттамасы.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Nov, 13:41


🇰🇿🇫🇷Елисей сарайының бағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бейресми әңгіме өрбітті.

Мемлекет басшылары серуенге Жюль және Жанна атты тазыларды ертіп шықты.

Бұл асыл тұқымды тазыларды былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің Қазақстанға жасаған сапары кезінде сыйға тартқан болатын.

Видео: PTRK

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Nov, 13:18


Антикор Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің басшысы кәсіпкерден пара алғанын көрсетті.

Оған шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу шарты аясында 4 млн. теңгеден астам пара алды деген айып тағылған.

Екеуі де үй қамауында.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Nov, 11:42


🇰🇿🇫🇷Тоқаевтың Парижге сапары: Мемлекет басшысын президент Макрон күтіп алды.

Президенттер Құрмет қарауылының салтанатты шеруін тамашалады. Сондай-ақ әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан мен Францияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Фото: Ақорда

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Nov, 08:52


Талғарда "хуторлық бригаданың" басшысы делінетін Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қарады. Сот қаулысымен Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Nov, 07:02


Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беріле ме

Бұл бойынша Қаржы министрлігі мәлімдеме жасады.

Ведомство мәліметінше, Үкіметтің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақы қосу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.

Осы қаулы арқылы шығындардың нақты тізімі айқындалған. Олар үнемделген жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін:

🟢 іссапарларға;

🟢 коммуналды және көлік қызметтеріне;

🟢 байланыс қызметтеріне;

🟢 үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығындар бойынша үнемдеу.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Nov, 05:23


Құтқарушылардан есептік қарқындылығы:
Алматы қ. - 3 б.
Талғар қ. - 4 б.
Есік қ. - 4 б.
Тургень а. - 3 б.
Өтеген-Батыр а. - 3 б.
Боралдай а. - 2 б.
Маловодное  а. - 2б.
Ж. Қайыпов - 2 б.
Алатау қ. (Жетіген) - 2 б.
Қарасай қ. (Қаскелең) - 2 б.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

05 Nov, 05:15


Google 4,5 магнитудасын көрсетеді. Эпицентрі Талғардан 3 шақырым жерде.

Tengri.kz

05 Nov, 04:48


Орал сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Төрағамен қоса екі адвокат та ұсталды.

1,5 миллион теңге пара айыпталушы азаматты ақтап алу үшін берілмек болған.

Қайырлы таң!

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

04 Nov, 16:46


🇰🇿🇫🇷Президент Францияға мемлекеттік сапармен келді.

Мемлекет басшысын Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.

Ертең Елисей сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.

t.me/tengri_kz

Tengri.kz

27 Oct, 20:09


🥇 Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды

Отандасымыз 97 келі салмақта еркін күрестен өнер көрсетіп турнирде топ жарды.

Финалдық белдесуде Ризабек ирандық Махди Марофадан басым түсті.

Айта кетейік, Ризабек 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атағына қол жеткізген болатын, сондай-ақ осы жылы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік доданың үздігі атанды. Бүгін Ризабек үш дүркін әлем чемпионы мәртебесіне ие болып отыр.

Құттықтаймыз!

Tengri.kz

25 Oct, 07:46


Алматы облысында тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

21 қазанда Алматы облысындағы уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Оны іздеуге полиция күштері, қоғамдық көмекшілер, еріктілер және жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Күдікті қайтадан изоляторға қамалып, қамаудан қашқаны үшін қосымша айып тағылды.

Полиция қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс айтты. Қашу оқиғасының мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру басталды.

Tengri.kz

25 Oct, 05:57


Дербестігі мәңгі болсын Қазақстанның!
Мереке құтты болсын, құрметті оқырман!

Tengri.kz

24 Oct, 09:37


Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушылар - Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков - Республика күніне орай марапаттарға ие болды.

Бас Прокурордың бұйрығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін прокуратураның ерекше көзге түскен қызметкерлері мен жұмыскерлері ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Қадағалау органы мәліметінше, бас прокурордың ұсынысы, Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Аймағанова мен Нұрбеков "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Tengri.kz

24 Oct, 05:51


Қарағанды әкімдігі Республика күніне орай біржолғы төлем жасайтынын мәлімдеді.

Біржолғы төлемді ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, АИТВ инфекциясы бар балалар, туберкулезбен ауыратын науқастар, барлық топтағы мүгедек адамдар алады.

Нақтыласақ, мүгедектігі бар адамдарға 20 мың теңгеден беріледі. Қарағандыда мүгедектігі бар адамдар саны 22,5 мыңнан асады.

Ал АИТВ-мен ауыратын балаларға 87 мың теңгеден төленеді. Туберкулезбен ауыратын болса 18 мың теңге көлемінде ақша алады.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 15 мың теңгеден төленеді. Қарағандыда мұндай алты азамат бар. Жауынгерлік әрекеттің ардагерлері мен Чернобыльдағы атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан адамдар 44 мың теңгеден алады.

Tengri.kz

24 Oct, 03:31


Республика күнін мерекелеу аясында алматылықтарға дрондар шоуы ұсынылады. Ол қайда өтеді?
• 25 қазан, сағат 21.00-де Абай алаңында, Республика Сарайының алдында;
• сағат 21.30-да Астана алаңында.

Сонымен қатар, 25 қазанда сағат 20.00-де "Көктөбе" телемұнарасында мерекелік сәулеттік жарықтандыру қосылады.

Tengri.kz

23 Oct, 04:52


Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты жаңа мәлімет белгілі болды.

КТК телеарнасы мәліметінше, 26 жастағы ер адам жиенін зорлады деген күдікке ілініп, сол үшін ұсталған. Көршілерінің айтуынша, қашқын бұрын да жауапқа тартылған. Содан кейін ол анасымен бірге тұрып жатқан. Жақында әйел сегізінші сыныпта оқитын немересін өз үйіне алдыртқан. Күдікті сол қызды зорлағаны айтылады. Бұл туралы алдымен қыз оқитын мектептің мұғалімдері білген.

Толығырақ

Tengri.kz

22 Oct, 08:24


Сот депутат Тұрлыхановтың ұлына нақты мерзім тағайындады.

Нұрасыл Болат пробация шарттарын бұзғаннан кейін бас бостандығынан айырылды. Сот оның екі жылдық бас бостандығын шектеуді нақты мерзімге ауыстырды. Қалған 1 жыл, 5 ай және 10 күннің ішінде ол жазасын 2026 жылдың 8 сәуіріне дейін өтейтін болады.

Болатқа караокеге түнде барғаны және «Қазақстан» қонақ үйінде болғаны үшін екі рет ескерту жасалған. Бұрын ол адвокаттар Анна мен Олег Черновты ұрғаны үшін сотталған.

Tengri.kz

22 Oct, 04:22


Алматы облысында күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті. Ол зорлау бойынша күдікке ілінген.

Оны ұстау үшін арнайы "Сирен" жоспары енгізілген.

"Негізгі маршруттарда блокбекеттер қойылған және барлық күш пен құралдар қашқынды іздеуге және ұстауға бағытталған. Сонымен қатар, қашудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД.

Жағдай облыстық ПД басшылығының бақылауында екені хабарланды.

Бұл ретте, желі қолданушылары Талғар тасжолында ұзын-сонар кептеліс болғанын хабарлады. Полиция барлық көліктерді тексеріп жатыр.

Tengri.kz

21 Oct, 11:07


Ақтаулық теракт жасамақ болғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды

19 қазанда Ақтау тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін шығарылған үкім заңды күшіне енді.

"Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды. Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген"
, - делінген хабарламада.

Күдікті бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.

Tengri.kz

21 Oct, 07:10


Қазақстандықтар бүгін аспаннан ерекше метеорлық құбылысты байқай алады

Орионид метеор ағыны жыл сайын байқалатын құбылыс және биыл оның ең жоғарғы белсенділік уақыты 21-22 қазан күндеріне тура келеді.

Қазақстандықтар оларды түн ортасына жақын және таң атқанға дейін көре алады.

Метеор ағынын көру үшін Орион көтерілетін шығыс бағытқа қарай қарау керек, сонымен қатар аспанға жиі назар аудару керек. Өйткені метеорлар әртүрлі бағытта ұшады - батыс, солтүстік, оңтүстік және шығыс.

Tengri.kz

21 Oct, 06:53


Ұлттық ұланның қаза тапқан 19 жастағы сарбазы Алмас Шахимовтың анасы Индира Туғанбаева ашық сотты талап етті.

Ол әскери қызметкер дауыл кезінде қаза тапты деп мәлімдеген Ұлттық ұланға сенбейтінін мәлімдеді.

"Ұлыма әскерде шатыр құлап қайтыс болды деп айтылды. Олар бұған сендіре алды. Біз былтыр 8 желтоқсанда, ұлымыз қайтыс болған соң 1,5 жылдан кейін Алмастың денесін эксгумацияладық. Біз тәуелсіз сарапшыны жалдадық және ол ұлымыздың кешкі сағат 7-де қайтыс болғанын анықтады. Ал дауыл кешкі 9-да болды. Сондай-ақ сарапшы пышақ жарақатын растады және бұл шатыр құлауының салдарынан болған өлім екенін жоққа шығарды", - деп жазды ол.

Қайтыс болған Ұлттық ұлан сарбазының анасы ұлының қызметте қорлық көргеніне сенімді. Оның сөзінше, сарбаздың денесінің бөліктері көгерген, ұрып-соғу іздері, темекі күйіктері байқалады.

"Өзінің жазаланбайтынына сенімді адамдар көзімізге тік қарап, өтірік айтып жатыр. Бізге әділеттілікке жетуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Бізге шұғыл адвокаттар керек, ашық сотты талап етеміз", - деп толықтырды ол.

Еске салайық, Алмас Шахимов 2022 жылы тамызда қайтыс болды. Ол Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде қызмет етті.

Tengri.kz

19 Oct, 12:47


Әбікеев туралы не белгілі?
1994 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген; 2006 жылы Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын тәмамдаған. Қызметін 1989 жылы Қарағанды қаласы Киров аудандық атқарушы комитетінің ішкі істер бөлімі жанындағы ІІБ-де милицияның моторландырылған взводында милиционер болып бастаған. Ішкі істер министрлігінде бірқатар қызмет атқарған.
• 2022 жылғы шілде - 2024 жылғы мамыр - Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болды;
• 2024 жылғы мамырдан бастап СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін кім болды?
Бұған дейін бұл лауазымды Бауыржан Әленов атқарған. 7 қазанда ол Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Tengri.kz

19 Oct, 12:43


Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Ол - Мейрам Әбікеев.

Tengri.kz

19 Oct, 12:40


Алматы облысы Полиция департаментінде ауыс-түйіс жүрді. ІІМ басшысының бұйрығымен:

– ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров;
– Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;
– ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;
– ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;
– ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров лауазымдарынан босатылды.

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

ІІМ басшысы Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Бұл бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Tengri.kz

18 Oct, 11:01


Ақтау тұрғыны жедел жәрдем бригадасын әзіл үшін шақырған. Енді оған айыппұл төлеуге тура келеді

Оқиға 14 қазанда болған. 103 пультіне дәрі-дәрмекті көп мөлшерде ішу туралы шақыру келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы шақыруға шыққанда, тұрғын бұл пранк екенін айтады

Нәтижесінде ер адамға 80 000 теңге айыппұл салынған.

Tengri.kz

18 Oct, 10:31


Полицейлер 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар делінген тағы бір адамды ұстады.

Алматы облысы ПД мәліметінше, 17 қазанда Шерзатты өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында тағы бір күдікті К. ұсталды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Осылайша, Талғарда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша 11 адам ұсталды. Бұған дейін 10 күдікті туралы хабарланған болатын.

Tengri.kz

18 Oct, 09:05


Алматыдағы жаңа метро бекеттерінің құрылысы неге созылып кетті?

Қала әкімінің сөзінше, кейінгі жылдары жаңа метро бекеттерінің құрылысы қарқынды жүрмеген.

"Үлкен қалалардың кез келгеніндегі сияқты, біздегі метро құрылысының жылдамдығы трафикке байланысты төмен. Алматыда қыркүйектің басында 700 мың көлік тіркелді, күн сайын сырттан шамамен 450 мың көлік келеді. Яғни жолда миллионнан аса автомобиль жүреді. Біз дамыған қоғамдық көлікке басымдық береміз, тұрғындар өз көлігімен немесе автобуспен, троллейбуспен, метромен салыстырғанда, қоғамдық көлікті таңдағанын қалаймыз", -
деп жауап берді ол.

Tengri.kz

18 Oct, 05:11


Айыппұл арқаламау үшін көлік иелері қашанға дейін дөңгелегін ауыстырып үлгеруі керек? Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев айтты.

Оның айтуынша, "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР КО 018/2011) талаптарына сәйкес, жазғы маусымда (маусым, шілде, тамыз) сырғанауға қарсы тікенектері бар шиналарды пайдалануға тыйым салынса, қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналарсыз көлік құралдарын басқару заңмен шектеледі.

Бұл ретте қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелегіне ауыстырылуға тиіс. 1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды орындамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес көлік иелеріне 5 АЕК  (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Полиция департаменті жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлуді сұрайды.

Tengri.kz

17 Oct, 12:10


Алты жыл көрген қорлық: оңтүстік Қазақстанда екі ағасы кішкентай қарындасын зорлап келген

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында Қазақстандағы балаларға жасалған азаптау мен зорлық-зомбылықтың екі оқиғасы туралы айтты.

Зәкиеваның айтуынша, алты жыл бойы екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген Жамбыл облысындағы 13 жастағы қыздың ісімен айналысып жатыр.

Ол баланың мектеп психологына өзінің қиындықтары туралы бірнеше рет белгі бергенін, бірақ ешқандай шара қолданылмағанын айтты. 

"Қылмыстық іс қозғалды. Қыз бен оның анасы қауіпсіз жерге жеткізілді, оларға барлық қажет көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары өткізген комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары, директорға қатысты шара қолданылды. Бұл ауылдағы жалғыз мектеп. Қыз сауалнамада психологқа белгі берді, бірақ қажетті жұмыс жүргізілмеді", - деп жазды Зәкиева.

Динара Зәкиева 2022 жылдан бері патронат тәрбиеде болған 8 жастағы балаға қатысты екінші оқиғаны да айтып берді. 

"Бала оқыған мектепте оның үнемі ұйықтайтыны, аш болатыны және гигиеналық талаптарға сай келмейтіні байқалған. Тексеру кезінде оның денесі көгергені, сызаттар бары анықталды. Олар (мектептегілер - еск.) баланың бұрын белсенді болғанын және оқу үлгерімі жақсы болғанын айтты", - деп жазады омбудсмен.

Tengri.kz

17 Oct, 06:11


Қазақстанда күздің соңғы айы мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан ел тұрғындары тек демалыс күндері демалады.

Қарашадағы демалыс күндерінің саны жұмыс аптасына байланысты болады: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады, ал алты күндік жұмыс істейтіндер тек 4 күн демалады.

Tengri.kz

17 Oct, 05:23


Көшеде сирена дауысы осылай естілді.

Еске салайық, бұл - сейсмикалық жаттығу.

Tengri.kz

17 Oct, 05:04


Осындай хабарлама алған алматылықтар, реакция (🔥) басыңыздар.

Дәл қазір Mass Alert халықты жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өтті.

Tengri.kz

16 Oct, 08:45


ЦДИАӨМ жеке және заңды тұлғаларға SIM-карта сатуды шектеуді ұсынды.

Tengri.kz

16 Oct, 04:56


2025 жылдан бастап көпбалалы аналар автобуста тегін жүре алады. Шығыс Қазақстан облысында.

"Енді келесі жылдан бастап "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажет қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді", – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.

Қайырлы таң!

Tengri.kz

15 Oct, 07:45


Талғар әкімі және оның орынбасары қызметінен босатылды.

Қазір басқа да әкімдік қызметкерлерінің жауапкершілігі қарастырылып жатқаны хабарланды.

Tengri.kz

15 Oct, 04:18


Сирек кездесетін жабайы сабаншы Шет және Ақтоғай аудандарының тасты тауларында фототұзаққа бой көрсеткен. 2023 жылдың күзінен бастап аймақта 19 фототұзақ орнатылған, бірақ бір жыл ішінде сабаншы тек екеуінде ғана байқалған.

"Сабаншылардың тек екі фототұзақта көрінуі таңқаларлық жағдай емес, себебі тұзақтар осы жабайы сабаншының Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларындағы таралу шекараларын анықтау мақсатында арнайы орналастырылды. Көптеген фототұзақ оның тұрақты мекендейтін аумағынан тыс орналасқан. Бұл аймақ сабаншыға қолайсыз болуы мүмкін, себебі қыста мұнда қар мөлшері өте көп",
- деп түсіндірді АСБК ғылыми қызметкері Илья Смелянский.

Қайырлы таң!

Tengri.kz

14 Oct, 10:41


Павлодар облысында депутаттар салықты заңсыз көтерген

Ақсу мәслихаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салықтық мөлшерлемелерін негізсіз 10-нан 50 пайызға дейін ұлғайтқан.

Салық кодексінің талаптары бойынша жердің осы түріне мөлшерлемені көтеруге жол берілмейді.

"Осыған байланысты Ақсу қаласының прокуратурасы мәслихат шешіміне наразылық білдірді. Нәтижесінде салық міндеттемелері төмендетілген 760-тан астам кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Баянауыл ауданының прокуратурасы аумақтық мәслихаттың 650-ден астам бизнес субъектілерінің құқықтарын қозғайтын осындай шешіміне наразылық білдірді", - делінген хабарламада.

Tengri.kz

14 Oct, 09:56


Еңбек министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарға "жалқаулық" үшін "ұрысып", адам жұмыстан бас тартқан жағдайда заңнаманы қатаңдатуды ұсынды.

Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде ведомство басшысы әлеуметтік төлемдер әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетінін және "егер азамат жұмыс істесе және жұмысынан айырылса, осы жағдайда ғана алты айға дейінгі мерзімге жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленетінін" еске салды.

Жақыпованың айтуынша, басқа азаматтарға мұндай жәрдемақылар төленбейді, "республикалық бюджеттен мұндай төлемдер жоқ".