Соңғы оқыған жаңалық қатты қайғыртты, ойландырды.
1. Семейде 6-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары аямай соққыға жыққан. Видеосын көрдім. "Рэкетир", "Бригада" сынды фильмдерге тойып алған ба дерсің, үстіне секіріп, басынан теуіп жатыр. Мектептің "щегол" балалары.
2. Осы оқу жылы басталғанда Ақтөбе облысындағы бір ауылда 10-сынып оқушылары 11-сыныптың нұсқауымен 9-сынып оқушыларын "тәрбиелік мақсатта" ұрып-соққан. Салдарынан 9-сынып оқушысы - Нұржан Сыдық есімді қаракөз бауырымыз ауыр жарақат алып, көз жұмған.
Жай ғана ақыл жүргізіп, пікірлеп, ойлап қараңызшы...
Бір ана мен әкенің өсіріп отқан перзентінің жанын алуға кімнің ақысы бар?! Балам елден кем болмасын, сау-бүтін киім кисін деп ақ көйлегін үтіктеп, қырына мыж түсірмей жүргенде, біреулердің тәрбиеленбеген балалары кеп оның жанын алады.
Байқұс ата-ана тамызда жиған-терген ақшасына бала-шағасын киіндіріп мектепке дайындайды, канцтауарын әпереді, сөйте тұра мектепке балам өлсін деп жібере ме?!
Бұл өзі қайдан келген жауыздық, қайдан келген "дедовщина"?
Сүннетсіз орыстан алған тәрбиеміз сал-сүйегімізге дейін сіңіп, енді, міне, әліге дейін көрініс тауып отыр. Әскер, мектеп, универ, шарага - бағзыдан бері осылай болған ба? Біз мұсылман өркениеті едік, біздің тарихта ондайды көрмейміз. (Келесі жазбада толықтыра жазамын)
Әскердің сиқы анау, қайбірде шекарада әскерде болған бір жігіт қайтыс болған соң, экспертиза анықтады, жейдесінен бірнеше адамның спермасы анықталған. Ал, не дейсің бұған? Малдық па, малдық!
Қызды тәрбиелегендей, ұлды да тәрбиелеу керек дұрыстап. Біз бен сізге сабақ болсын, үндеу болсын, замандас! "Айғыр-айғыр" деп ұрығыңды шаша берсең, олардың тәрбиесіне көңіл бөлмесең, бетімен өссе, бағып жатырмын деп көкірек қақсаң, осы сынды жаратылыстар пайда болмай немене?!
Адам малды да бағады, жем-шөбін береді. Алайда адамның малдан айырмасы бар ғой. Оған тәрбие беру керек. Тәрбие - тал бесіктен. Осы сынды мақалдардың қадір-қасиетін де түсіне алмайтын болдық.
Бір ұлды 30 ұлға татитын Сүлеймендей етіп тәрбиелеп-өсіруге бар күшімізді, білімімізді, бойдағы потенциалымызды құюға мүдделіміз. Оны жасай алмасақ, басқа ауыз толтырып елге-жерге қызмет деп айтып жүруіміздің мәні жоқ.
"Қатынды туғыздым" деп көкірек қағамыз ғой. Шынында, терлеп-тепшіп, өз нәпсімізді қандырдық. Былай, бәрін Құдай Өз есебімен жасап береді емес пе?! Баланың тәрбиесін мойныңа ал, иманға үйрет, адам қыл, өсір, өндір, содан кейін барып көкірек қақ, қағар болсаң.
Манағындай малдықтар азайып қалар сонда қоғамда...
Әрине, бәрі де Алланың қалауымен, бірақ бұл сөз жауапкершіліктен қашу үшін берілмеген. Алла Тағала себептерге байлаған дүние істерін. Біз себебін жасауымыз қажет.
Аздап 18+ араласқаны үшін кешірім сұраймын. Қажет болды жазу.
#ой_түймекке