Neueste Beiträge von Orientalist's Notes (@shlounak) auf Telegram

Orientalist's Notes Telegram-Beiträge

Orientalist's Notes
Автор: Arsen Shadi

#запискиВостоковеда
12,609 Abonnenten
74 Fotos
38 Videos
Zuletzt aktualisiert 01.03.2025 14:21

Ähnliche Kanäle

Ali’s Notes
2,706 Abonnenten
aspire to inspire
1,836 Abonnenten

Der neueste Inhalt, der von Orientalist's Notes auf Telegram geteilt wurde.


Дедовщина туралы

Бұл өзі бұрыннан бар үрдіс пе? Осылай болуы заңдылық па? Нағыз еркек тәрбиелеу үшін қажетті ме?

Қазақ және мұсылман қоғамында үлкенге құрмет, кішіге ізет деген ұғымдардың барын білемін. Алайда құрмет пен ізет - қорлау мен зорлау емес.

Жай ғана ой жүгіртіп қарайықшы. Ертедегі әділетті халифалар дәуіріндегі әскерде дедовщина болса немесе қазақ хандығының әскерінде. Қалай болар еді?!

Құранда не дейді? "Мүміндер бір-біріне аға-бауыр!"

Енді шынайы бауыр деген өз бауырына зұлымдық жасай ма? Әлбетте, жоқ! Демек, бұл біздің нәрсе емес. Сүннеті жоқ, тас-кәпірлерден келген деуге негіз бар.

КСРО кезеңінде, әсіресе ІІ Дүниежүзілік соғыстан соң түрме субмәдениеті әскерге ептеп еніп кетті. Себебі соғыс кезінде түрмеде отқандарға амнистия жарияланып, олар әскер қатарына алынды. Қара бас, жеке құлқын, өз нәпсісін қандыру сынды қатыгездіктерге негізделген иерархия қалыптасты. Кейін де система боп қалып қойған секілді.

Ал енді мектеп жасындағыларға өз заманында "Бригада", "Бумер", "Рэкетир" сынды фильмдердің әсері болды. Таза романтизация ғой енді. Бұзақы, қылмыскерді герой қылатын, үлгі тұту моделіне айналдыратын. Менің есімде, мектеп оқушысы болғанымызда сыныптастар болып бәріміз тамашаладық сол фильмдерді. Саша белыйға ұқсағымыз келді. Яғни, әсері жоқ емес.

Қатыгездік - күшті болудың белгісі секілді қабылданды.

#ой_түймекке

7500тг-сі дайын тұрған адамдар жазсын. Бірігіп бір аккаунт алғысы келетін бірнеше адам бар ⤵️

https://wa.me/77011343738

Төменде ұсынып жатқан курстарымыздың әрбірімен жеке танысып шыға аласыз.

Полиглот курсы (5 сабақ);

Араб тілі 0-ден (15 сабақ);
Араб тілі кіріспе (Саудияда түсірілген) (15 сабақ) - ішінде Олжас ұстаз, Арман ұстаз, Нұрсұлтан ұстаздармен араб тілі туралы сабақтар бар.
Араб тілі жалғастырушы (24 сабақ) - Әл-Китабуль Әсәси кітабын аяқтау;
Араб тілі грамматика (18 сабақ) - Ән-Наһу әл-Уадых кітабы.

Ағылшын Beginner (16 сабақ);
Ағылшын Elementary (15 сабақ);
Ағылшын Pre-Intermediate (15 сабақ).

Орыс тілі 0-ден бастап (10 сабақ)
Орыс тілі интенсив (10 сабақ).

Түрік тілі А1 Стамбул пакеті (10 сабақ).
Ескі дәрістер топтамасы (24 сабақ).

Әр курстың үстін бассаңыз сол курсқа қатысты толық ақпарат ала аласыз (не өтіледі, не қамтылады ж/е т.б.)

Осының бәрі 3 жылдық доступпен = 15.000тг. Иә, 15мың тг тек бір мәрте төлейсіз, болды, 3 жыл бойы сабақтар сіздікі.

Бұл массово сату үшін, сол себепті кері байланыс болмайды. Менеджерлерден сайтқа қатысты, техникалық мәселер бойынша кез-келген уақытта көмек ала аласыздар.

170-ке жуық сабақ. Жеке-жеке алғанда жалпы құны 250 мыңның үстіне шығып кетеді. Тұрақты оқырмандар біледі. Жалпы жай тұрғаннан адамдарға пайда, бізге табыс әкелсін.

Осы жолы 2 адамнан бірігіп, 7500 + 7500 тг-ден қосып алуға рұқсат береміз. Екі адам ортақ бір аккаунттан кіреді.

Алуды ұйғарсаңыз төмендегі сілтеме бойынша төлем жасап, түбіртегін (чек) көрсетілген номерге жіберу керек болады.

Төлем жасау

Менеджер, чек жіберу

#TilBil_Polyglot #тіл_білімі

1 Рамазан, 1446 жыл.

Құтты, берекелі, тәрбиеге толы ай болсын! 🌙

Онлайн-курс бойынша біреулер пробный сабақ көрсек бола ма деп сұрайды екен.

Бұл жалпы білетін адамдар үшін, бұрыннан алғысы кеп жүрген жандар үшін жасалған жеңілдік.

15 мың тг-ге курс жоқтың қасы шығар, білмеймін. 4 тіл бар, 12 курс. Қадір-құнын білетіндер өзі алғыстарын білдіріп жатады.

Инстадағы соңғы жылғыларын қарап шыға аласыздар: пікірлер

Былай ғой, ашығы. Көбірек адам жеңілдікпен алса, біз де көбірек ақша табамыз. Екіжақты мүмкіндік.

Бағаны қымбаттата беруге болады. Қымбат бағаға лайықты да деп көбі айтады. Алайда санаулылар ғана қолжеткізеді ондайда.

Қайырымдылық қоры да емеспіз, оны да біледі оқырмандарымыз. Ақша табу деген ниетіміз жоқ десек өтірік болады. Қанша жылдан бері осылай ақша таба алатын болғандықтан жасап жүрміз, Алланың қалауымен. Бірақ ауа сатып емес.

Біз шығыстанушы боп аман қалған шығармыз. Исламтанушы біреу курс сатса халық айыптап жіберуге дейін бар ғой “Білімді неге сатасың?” деп.

Тегін кітап шығарып көр, жүресің краудфандинг жасап, халықтан ақша сұрап.

Тегін кітаптың қадіріне кім жеткен? Менің өзіме тегін келген кітаптар тұрады, оқылмайды. Себебі мен оған қажетім үшін деп қалтамнан мал шығармағам. Әйтеуір, күндердің-күні оқырмын, бірақ қашан екені белгісіз.

Яғни, білімге деген қатынасымызды аздап өзгерту керек шығар, қалай ойлайсыздар?

Білімді ешқашан сатып ала алмайды адам. Курс аларсыз, бірақ білімді емес. Кітап аларсыз, бірақ білімді емес.

Сәл-сәл ой түймекке болсын деп жазғаным ғой.

#ой_түймекке

Достар, бізде бөліп төлеу жоқ.

2 адам бірігіп алсын деген жеңілдік жасай аламыз.

Бір аккаунтқа екі адам кіре алатындай істеп береміз.

Негізі телеграмға жарнама салам деп кіріп едім, аздап уақыт тауып, осы жазбаны жазудың орайы туды.

Рамазан қарсаңында онлайн-курстарымызды жеңілдікпен қайта шығардық.

12 курс = 15.000тг = 3 жылдық доступ.

Рамазан айы кіріп келгенше алып үлгере аласыздар. Жақындарыңызға сыйлыққа беріңіздер. Онлайн-курс саласында бізді азды-көпті ел біледі. Бұндай сыйлыққа қуанар.

Толық ақпарат сайтта:

www.shadi-courses.kz

Рамазанға бірнәрсе ұйымдастырғым келген, бірақ өзіме көңіл бөлейінші деп шештім. Ал сіздерге барынша сыйлық қып қолымда бар өз курстарымды жеңілдікпен бере аламын.

Ал, сәттілік!

#TilBil_Polyglot #тіл_білімі

Соңғы оқыған жаңалық қатты қайғыртты, ойландырды.

1. Семейде 6-сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары аямай соққыға жыққан. Видеосын көрдім. "Рэкетир", "Бригада" сынды фильмдерге тойып алған ба дерсің, үстіне секіріп, басынан теуіп жатыр. Мектептің "щегол" балалары.

2. Осы оқу жылы басталғанда Ақтөбе облысындағы бір ауылда 10-сынып оқушылары 11-сыныптың нұсқауымен 9-сынып оқушыларын "тәрбиелік мақсатта" ұрып-соққан. Салдарынан 9-сынып оқушысы - Нұржан Сыдық есімді қаракөз бауырымыз ауыр жарақат алып, көз жұмған.

Жай ғана ақыл жүргізіп, пікірлеп, ойлап қараңызшы...

Бір ана мен әкенің өсіріп отқан перзентінің жанын алуға кімнің ақысы бар?! Балам елден кем болмасын, сау-бүтін киім кисін деп ақ көйлегін үтіктеп, қырына мыж түсірмей жүргенде, біреулердің тәрбиеленбеген балалары кеп оның жанын алады.

Байқұс ата-ана тамызда жиған-терген ақшасына бала-шағасын киіндіріп мектепке дайындайды, канцтауарын әпереді, сөйте тұра мектепке балам өлсін деп жібере ме?!

Бұл өзі қайдан келген жауыздық, қайдан келген "дедовщина"?

Сүннетсіз орыстан алған тәрбиеміз сал-сүйегімізге дейін сіңіп, енді, міне, әліге дейін көрініс тауып отыр. Әскер, мектеп, универ, шарага - бағзыдан бері осылай болған ба? Біз мұсылман өркениеті едік, біздің тарихта ондайды көрмейміз. (Келесі жазбада толықтыра жазамын)

Әскердің сиқы анау, қайбірде шекарада әскерде болған бір жігіт қайтыс болған соң, экспертиза анықтады, жейдесінен бірнеше адамның спермасы анықталған. Ал, не дейсің бұған? Малдық па, малдық!

Қызды тәрбиелегендей, ұлды да тәрбиелеу керек дұрыстап. Біз бен сізге сабақ болсын, үндеу болсын, замандас! "Айғыр-айғыр" деп ұрығыңды шаша берсең, олардың тәрбиесіне көңіл бөлмесең, бетімен өссе, бағып жатырмын деп көкірек қақсаң, осы сынды жаратылыстар пайда болмай немене?!

Адам малды да бағады, жем-шөбін береді. Алайда адамның малдан айырмасы бар ғой. Оған тәрбие беру керек. Тәрбие - тал бесіктен. Осы сынды мақалдардың қадір-қасиетін де түсіне алмайтын болдық.

Бір ұлды 30 ұлға татитын Сүлеймендей етіп тәрбиелеп-өсіруге бар күшімізді, білімімізді, бойдағы потенциалымызды құюға мүдделіміз. Оны жасай алмасақ, басқа ауыз толтырып елге-жерге қызмет деп айтып жүруіміздің мәні жоқ.

"Қатынды туғыздым" деп көкірек қағамыз ғой. Шынында, терлеп-тепшіп, өз нәпсімізді қандырдық. Былай, бәрін Құдай Өз есебімен жасап береді емес пе?! Баланың тәрбиесін мойныңа ал, иманға үйрет, адам қыл, өсір, өндір, содан кейін барып көкірек қақ, қағар болсаң.

Манағындай малдықтар азайып қалар сонда қоғамда...

Әрине, бәрі де Алланың қалауымен, бірақ бұл сөз жауапкершіліктен қашу үшін берілмеген. Алла Тағала себептерге байлаған дүние істерін. Біз себебін жасауымыз қажет.

Аздап 18+ араласқаны үшін кешірім сұраймын. Қажет болды жазу.

#ой_түймекке

Бір ағам бар. Мектеп ашқан. 4 қабатты ғимарат.

Жаз аяқталар шақта 2 қыз келді дейді. Колледж студенттері екен. Жатақханасына төлеу үшін ақша қажет, соған мектептің еден-қабырғасын ақыға жуып берсек деп өтініпті. Жарайды деп келіскен.

Содан аяқтаған соң әлгі ағам олар күтпеген сумманы аударып жіберіпті қазақтың қаракөздері ғой деп. Артылған ақшаны қажеттеріңе пайдаланыңдар деген. Екеуі мәз-майрам боп көздері жәутеңдеп кетті дейді.

Осындай үлгілер қажет. Адамда мейірім, қамқорлық деген сезімдер өлмеуі керек. Адам етіп тұрған қасиеттер ғой бізді.

#ой_түймекке

Қазір елдеміз. Кейде қажеттілікке қарай жеткізу қызметін пайдаланамыз. InDrive н/е Yandex арқылы.

Бірде бір затымызды қыз баласы әкелді. Жап-жас. Студент болса керек.

Бірінші мәрте емес. Бұған дейін де болған осылай қыз баланың курьер болып зат тасып жүргенін көргенім.

Жаман жолға түспей, осылай адалынан ақша табайын деген ниеті жақсы. Алайда қыз баласы. Алаңдайсың. Қыз балаға қамқорлық қажет қой. Әке, аға, іні деген сынды рольдегі фигуралардан.

Солай курьер боп келген қыздарға 5-10мың тг еселеп жіберіп қоямыз. 4-5 тапсырысының ақшасын бірден алып, ертерек қайтар үйіне деген оймен.

Ой түймек жайт көп өмірде…

#ой_түймекке