Aman world @amanutemuratov Channel on Telegram

Aman world

@amanutemuratov


Senior Software Engineer at Google

Жарнама бойынша - @zhannishk

Aman world (English)

Welcome to Aman world, a Telegram channel managed by the talented Senior Software Engineer at Google, Amanutemuratov. Here, you will find a wealth of knowledge and insights about the world of software engineering, technology, and much more. Amanutemuratov shares his expertise and experiences in the field, offering valuable tips and advice to aspiring software engineers and tech enthusiasts. Whether you are a seasoned professional or just starting out in the industry, Aman world is the perfect place to stay updated on the latest trends and developments in the tech world. Don't miss out on this opportunity to learn from one of the best in the business. Join Aman world today and take your knowledge and skills to the next level! For more information, you can also check out Amanutemuratov's program on @zhannishk.

Aman world

21 Jan, 15:44


Жұмыс орныма эспандер алып келіп қойдым 😁 Тестерімнің орындалып біткенін күтіп отқанда қысып отырамын деп.
Жұрттар резіңке үйрек қолданса мен резіңке эспандер қолданатын боламын 😂

Aman world

31 Dec, 16:28


Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! 🎈🎉🎊

Программалауды қай тілден бастарыңызды білмей жүрсеңіз 2025ші жылы питоннан бастай беріңіз 😁

Aman world

28 Dec, 11:53


Биылға 88 тренировка жасаппын 😎

https://strava.app.link/sAAkCdR8GPb

Aman world

27 Dec, 14:34


Қайырлы кеш, Aman World оқырмандары!

Біздің кітап клубымызда оқып жүрген кітабымыз бойынша конспектілер жазып жүрмін. Үйтіп бүйтіп жүріп кітаптың бел ортасына да жетіп қалыппыз. Осы қарқынмен кете берсем, кітапты толық оқып біткен соң менде кітаптың қазақша қысқа сығындысы болмақ. Тек маңызды және қызық деген тұстарын түсіндіріп жазып жүрмін.

Енді сұрақ: ары қарай ол контетті қалай қолдансам болады? Идеяларыңызбен бөлісіп кетіңіз комментте 🫶

Aman world

16 Dec, 12:37


Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Aman world

13 Dec, 20:07


Өте қызық жазба. MAANG-та жұмыс істегеннің челлендждері жетерлік: Айналаңда бәрі задроттар; корп политика; бюрократия; әрбір адам промо алғысы келеді; импостер синдромы;

Мен 4 жылда L3 - > L5 болдым деп мәз болып жүрсем, МЕТА-да не бәрі 3 ақ жылдың ішінде E3 -> E6 болыпты. Нағыз super star екен.

Айтылғандарының бәрімен келісемін. Өте қызық, оқып көріңіздер.

Aman world

12 Dec, 16:25


Gemini 2.0 дейді 👀

GPT-ді $200-ға жазылып қолданып жүргендер бар ма?

Aman world

29 Nov, 17:04


"Өлсем де программист болмаймын"

Маған IT мамандығын таңдап берген әкем. Мектеп кезінде болашақта IT маманы боламын деген ешқандай ойым болмаған. Бірақ өзіме жаратылыстану бағытындағы сабақтар көбірек ұнайтын. 11 сыныпты бітіріп, ҰБТдан жоғарғы бал жинап, кез келген мамандыққа оқуға түсе алатынымды білдім. Дегенмен жүрегім нені қалайтынын білмейтінмін.

Оқуға құжат тапсыратын кезде әкем: “Келешекте барлық нәрсе компьютермен жасалатын болады” - деп IT мамандығын таңдатқан болатын. Бұл мамандықты таңдағаныма 15 жыл болыпты, таңдағанымаа өте қуаныштымын. Болмаса 11 сынып оқып жүргенде “Өлсем де программист болмаймын” - деп айтқан адаммын ғой. Олай қатты “нетуге” болмайды екен. Қазір енді жүрміз, программист болмақ түгілі Google-да.

Жиза...

Aman world

27 Nov, 17:55


Esep club

Қайырлы кеш, барлықтарыңызға!

Клубқа менімен бірге серіктес болып бірге жұмыс істесетін ментор/коуч іздестіріп жатырмын. Аптасына шамамен 8 сағаттай уақыт бөле алатын, есеп шығарудан тәжірибесі бар, жақсы түсіндіре алатын, ағылшын және қазақ тілдерін білет адам қажет. Спорттық программалау бэкграунд өте үлкен + болады.

Бірге esep club идеясын соңына дейін пісіріміз. Бірге силлабусты, есептерді, үй жұмыстарын дайындаймыз. Есеп шығару туралы бар білетінімізді сіз (ментор) арқылы клуб мүшелеріне сіңіруге тырысамыз. Қазірше сізден лекциялар өту және клубта есеп шығаруға көмектесу күтіледі. Айлыққа немесе %-ке келісеміз :) Серіктестік жақсы жүріп жатса басқа да жобаларды бірге істесеміз. Идея көп :)

Esep club тренер/коуч болуға ниетіңіз болса мына форманы толтырып кетіңіз. 3-4 күнде барлығын саралап, өзім сізге хабарласамын.

Aman world

14 Nov, 09:52


Update: Уәде еткендей жобаны айтқан уақытымда бітірдім 😎😎😎
Gallup-та Focus 1-ші, Responsibility 2-ші орында болса солай болады дейді ме? 😁

Aman world

13 Nov, 09:06


3 мың оқырман🔥🔥🔥

Бүгін бір керемет күн болды ғой. Каналымызда 3к болдық. Контент және бастамалар көңілдеріңізден шығып жатыр деп үміттенемін. Мұндағы бастаманың барлығы сіздердің ұсыныстарыңызбен болып жатқан дүниелер.

Каналды осында 4.5 жыл ашып едім. Л3->Л5 жеттім. Джуннан Сениорға 😎
Көз алдыларыңызда өсіп жатырмын. Оқырмандарымның да көбі басында студенттер/джунлар еді олар да қазір мидл/сениор+. Бұйырса тағы 4-5 жылда юникорн иегерлері шығар арамыздан.

Рахмет барлықтарыңызға!!! ❤️❤️❤️

Aman world

13 Nov, 08:31


Қайырлы күн, Aman World оқырмандары ☀️

Tech book club-тың дүйсенбі күні алғашқы онлайн кездесуі өтті. Оқырманардың 80% қатыса алды. Клуб мүшесінің бірі бірінші тарауға презентация жасап, түсіндіріп шықты. Сұрақтар қойылды, барлығымыз білгенімізше жауап бердің. Арада мықта мамандар да жетерлік екен. Менің көңілімнен шықты.

Кітап клубқа сәл жаңа нәрсе енгізіп жатырмыз. Кітап 16 тараудан тұрған соң аптасына 1 тараудан оқып, жоспарда ~4 айда бітіру. Бірақ, тек бір кітапты оқи бермесетен арасында, әр 5ші апта сайын, кітаптан ауытқып, әр түрлі тех компаниялардың тех блогтарын оқып тұруды қосып көрмекшіміз.

Айтпақшы, оқырмандар арасында топқа жазылып үлгермей қалғандар бар екен. Тағы бір топ ашуымды өтінген соң, екінші топ ашып жатырмын. Тіркелемін десеңіздер @zhannishk жазыңыз. Бүгін-ертең топты толықтырып бастап кетеміз. "Building Microservices" кітабын оқимыз. Әйпесе маған бірден 2 тех кітап оқып жүру ауырға соғады.

Есеп клуб туралы әлі тренер жағын қарастырып жатырмын. 1 адаммен сөйлесіп қойдым. Ертең тағы да бір кісімен сөйлеспекшімін. Одан бөлек адамдардан идеяға фидбэк жинап жүрмін. Ақыры жасаған соң толық ойластырылған клуб жасағым келеді. Сондықтан бұр іс әлі де брейншторминг этабында.

Aman world

07 Nov, 09:50


Қайырлы күн, Aman World оқырмандары ☀️

Кітап клуб бастаған соң артынан есеп клуб ашса қалай болады екен деген ой келді.

Жақсы бір тренер тауып, оқып практика жасау керек тақырыптарды/есептерді бекітіп, айлық подпискамен курс ашсам адамдарға қызық болады ма екен?

Форматы:
- апта сайын тренермен жаңа тақырыптар
- апта бойы тақырыпқа қатысты есеп шығару
- аптасын 2-3 рет office hour тренермен.
- менен апта сайын әр түрлі қолдаулар (код ревью, резюме, қонақтар, мок интервью, карьерный консультация)
- Толық онлайн. Кешкі уақыт, жұмыс бастыларға ыңғайлап.

Әрине, ақылы және қымбат болмақ 😅

Мұндай сервиске қажеттілік болып жатса бұл істі қолға ала аламын.

#клубомания

Aman world

06 Nov, 12:24


Update

~40 адаммен 1 топ аштық. Қосыламын деп тіркелген 80 адамның жартысы ғана ары қарай төлемді жасам топқа қосылды. Әлі де топқа қосылайықшы деген ұсыныстар келіп жатыр. Бірақ 40 адамнан көп болса сапа нашарлап кетер деген оймен қазірше жаңа адамдарды қабылдап жатқан жоқпын. Бірақ қосылуға қатты ниетіңіз болса @zhannishk жазып екінші топқа тіркелсеңіз болады. Екінші топты ең болмағанда 20 адам жиналса ашамын.

Клуб қазірше жақсы жүріп жатыр. Күнделікті саммари жасап жүрмін оқығанымды. Топта адамдар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп жүр. Онлайн кездесулеріміздің уақытын бекітіп қойдық.

Aman world

05 Nov, 13:13


Гугл Цюрихтың 20 жылдығына орай осындай футболка таратып берді. Түстерін онша гуглдың стиліне келмейтін сияқты ма иә?

Aman world

01 Nov, 08:17


Update

Топқа тіркелуді тоқтаттым. 80+ адам жиналды. Ешкімнің көңілін қимай ~40 адамнан 2 топ ашатын болып шештім. Алғашқы бастамамыз сәтті болсын деп тілеп қойыңыздар 🙏

Aman world

30 Oct, 09:06


Кеттік!

Жоғарыдағы шарттармен келісетін, кітап оқып дамуға уақыт таба алатын, техникалық кітап оқитын ортаға қосылғысы келетіндер - топқа жазылыңыздар.

Бірінші ай тестовый болмақ. Әрі түрлі форматтарды жасап көреміз. Клуб барлығымызға ұнап жатса жалғастырамыз. Мен бұған дейін ешқандай кітап клубта болмағанмын. Сондықтан мен үшін де жаңа нәрсе болмақ.

Топқа тіркелу қарашаның 1-і 13:00 тоқтайды. Топта максимум 40 орын ғана болады. Одан көп болса игере алмай қалуымыз мүмкін деген қорқыныш бар :)

Төлем жағын (5000тг) жаңа топта хабарлайтын боламын.

Tech book club тіркелу тоқтатылды. Бірақ қосыламын десеңіз @zhannishk жазыңыз

Aman world

29 Oct, 21:41


Сундар ағай гитхабтың копайлоты енді бұдан былай гемини қолданатын болады дейді. Копайлот қолданатындар бар ма?

Aman world

26 Oct, 17:11


Үйдегі жұмыс орныма осы 2 картинаны сатып алдым. Толық темірден жасалған. Жарасып тұр ма? 😅

Негізі қазақша стильдегі картина да ілгім келді, бірақ европаның сервистерінен таба алмадым. Негізі сол жақта әлі де орын бар 😁

Aman world

24 Oct, 07:27


Жұмыста жобамды жаңа жылға дейін бітірсек керемет болады деп айтқан менеджерім. Қазанның басынан бері қатты жұмыс істем қойдым ба, менеджеріме одан ертерек бітіре алуым мүмкін, қараша қараша соңына дейін - деп айтып едім, қалай сол қарашаның ортасы дедлайным болып кеткенін байқамай қалдым ғой 😂
Жиза ма? 😁

Aman world

22 Oct, 09:58


Tech book reading club

Жақында ғана Start With Why кітабымды оқып бітірдім. Менің жалпы кітап оқып жүргеніме қатты көп болмады. Бірақ ерекшелішім, бастаған кітабымды соңына дейін аяқтаймын. Бастап, бірақ бітірмеген кітабым жоқ.

Енді техникалық кітап оқып бастамақ ойым бар. Бұл жолы Sam Newman-ның Building Microservices атты кітабын оқымақшымын. Чаттан біраз tech book reading club ашу жөнінде ұсыныстар болған. Соған орай сол техникалық кітап оқу клубын ашса қалай болады екен деген ой бар:
- 1-2 аптада бір рет онлайн кездесу өткізіп, оқып жатқан кітапты бірге талқылап тұрамыз.
- Бөлек телеграм топ ашамыз, барлығымыз ойымызды сонда бөлісіп отыратын боламыз.
- Айлық подписка(commitment) құны 5000 тг.

Қаншалықты сұраныс бар екенін түсініп көрейін. Потенциально кітап клубқа жызыламын дейтіндер 💯 қойсын. Сұраныс болса әрі қарай жобаны ойластырамыз

Aman world

22 Oct, 07:37


Гуглда шамамен 180к адам жұмыс істейді. Компания үлкен болған сайын оны басқару да қиын болады. Жұмыста неше түрлі процестерді енгізіп тастаған. Дизайн документке апрувал алу, кодыңа апрувал алу, проектіге апрувал алу т.б.. Бір жобаны толық продакшнға шығару үшін 1040 белестен өтуің керек.
Әрине, бұл стартаптардың жылдамдығымен салыстырғанда өте жай, бірақ 180к адамы бар компания үшін өте жылдам деп ойлаймын.

Сен қайда жұмыс істегің келер еді, стартап әлде MAANG?

Aman world

18 Oct, 15:28


Биыл Google Zurich офисына 20 жыл :)

Aman world

18 Oct, 08:31


Тағы бір кітапты оқып бітірдім, 6/10 ⭐️

Aman world

03 Oct, 05:55


Интернеттен мына ақпаратты көріп қалдым. Маркет қайта қалпына келіп жатыр ма?

Aman world

27 Sep, 09:03


Өзің жазған код-қа тест жазу - өзіңнің қабілетіңе күмәндану, әлсіздіктің белгісі.

Aman world

24 Sep, 07:38


Youtube ads премиум подписканың бағасын көтерді деп бүткіл дүние жүзі шулап жатыр. Швейцария отбасылық подписканың бағасы 24 --> 34 франк болыпты.
Біз де қалысамыз ба? Каналда жарнама жөнінде жекеге жазыңыздар 😁😅

Aman world

24 Sep, 07:23


Қарапайым software engineer болу уже не хайпово дейді ғой. МЛ инженер болу керек дейді. Қазіргі заманда тас атсаң AI конференцияға тиеді. Қарапайым софтвер инжениринг ешкімге қызық емес болып бара жатқан сияқты. Деп сіздерді бір үрейлендіріп алайын иә?

ЛЛМ-дардың жазып жатқан кодына қарап "тәәәәк, енді не істейміз?" - деп қоясың. codeforces рейтингі 1800 дейді. Сұмдық қой.

Aman world

24 Sep, 07:20


Кеше жұмыс істеуге дым құлшыныс болмады. Жолдан келгенге шаршап қалған сияқтымын.

Мені қоя берші анда-санда бір болып тұрады мұндай. А прикинь кейбір адамдарда күнде осылай. Мүлдем ұнатпайтын жұмысқа 10-20-30 жылдап барады.

Aman world

19 Sep, 15:34


Осы биді үйренсеңіздер кез-келген собеседованиені оңай өтіп кетесіздер 😂😂😂

Aman world

19 Sep, 13:10


Кетіп бара жатсам бір жігіт қасыма келіп: "Аман аға, сізбен фотоға түссем болады ма?" - дейді 😁

Әрине, әзіл. Білмейтін болсаңыздар, бұл жігіт Генадий Короткевич (tourist) codeforces.com-да ең жоғары рейтингті адам.

Aman world

19 Sep, 09:37


Арасында codeforces.com негізін қалаушысы Майк Мирзояновпен фотоға түсіп алдық. Кімнің бицепсі дәурек? 😁

Aman world

19 Sep, 07:41


Стрим ұнап жатыр ма, достар?

Aman world

19 Sep, 05:43


Ал, қазақ тілді трансляцияға кіріңіздер. acm icpc final. Мен, Нәріби және КЗ құрама командаларының тренелері болады. Қызық болады.

https://www.youtube.com/live/KX3EsPh-HWg?si=H5Bsy4E3RLIG26J1

Aman world

17 Sep, 06:03


Астанадамын. 14:00-15:00 арасы панельный сессияда боламын. Келіңіздер 😅

Aman world

17 Sep, 06:03


https://forms.amocrm.ru/rdlxwtl?fbclid=PAZXh0bgNhZW0CMTEAAaa-xEmVbwiiWCWr2n_T87pK6-CUyRfDYnku1Bpuoc0R2xcpki32q9gJbOA_aem_cvp6KC7eqjJRdGfWtuL1zg

Aman world

15 Sep, 09:43


Іш пысып азанда 10к жүгіріп қайттым. Спортпен айналысып жүріңіздер.

Астанаға жүгіретін киімдерімді алып барамын. Бұйырса Астанада да жүгіріп көреміз

Aman world

14 Sep, 21:33


Aman World Podcast тағы бір видео шықты.

Былтыр түсірілген видеомды өңдеп салдым. Google және Silicon valley программистерімен экспресс сұхбат. Көңілдеріңізден шығады деп үміттенемін.

Төменде видеода қозғалған тақырыптар көрсетілген (тайм код бар):
- спорт прог. команда тарихы
- Бір түнде ~50 есеп шығару
- Математика қажет пе?
- Бір жыл leetcode.com контест қалдырмай жазу

https://youtu.be/AwqxW1ZwH_c?si=hNBGd17SRNiN6Rfp

Aman world

11 Sep, 13:03


Work from home edition

Aman world

10 Sep, 15:46


Жанәділ Талдыбаев: әлем оқушыларын IT оқытатын 100 млн стартап / Narikbi LIVE #101

Бүгінгі шығарылым қонағы Codiplay халықаралық стартапының негізін қалаушы - Жанәділ Талдыбаев.

Codiplay - бұл әлемнің 13 елінде 300 астам мектептерде жұмыс істеп жатқан, оқушылардың IT сауаттылығын көтеретін платформа.

4 жыл бұрын ғана басталған бұл компания қазіргі күні $100 млн valuation (оценка), қазіргі тартып жатқан инвестициясы $20 млн.

Жанәділ бұл идеяның қалай келгені, ақша жоқ болып тұра, ковид кезінде пәтері мен көлігін сатып компанияны бастағанын баяндап берді. Одан бөлек Корей мемлекетіндегі мединица саласындағы бизнесін талдап, бұл елді де талқылап шықтық.

Одан бөлек еліміздің өңірлерінде қалай білім сапасын арттыруға болатынын да айтып шықтық. Қысқасы, бұл эпизод әлемді өзгерткісі келетін адамның қандай жол өтіп шығуы керек жайлы деп ойлаймын.

https://youtu.be/GoB7TfVUP-A

Aman world

09 Sep, 17:18


Apple презентаясы үлкен ивент қой жыл сайын. Ұмытып кетсеңіздер қосылыңыздар. Лайв болып жатыр. https://www.youtube.com/live/uarNiSl_uh4?si=r8St3KBSAcCFCPLI

Aman world

09 Sep, 14:19


Бұйырса қыркүйектің [17-20] арасы Астанада боламын. ACM icpc (спорттық программалау) финалына бара жатырмын 🧑‍💻