Бақытсызбын деуші болма, жігітім, Жастығыңның өзі бақыт емес пе?! … Жарлымын ғой деуші болма, жігітім, Жастығыңның өзі байлық емес пе?!
Қадыр Мырза Әли
Дастан Құрманбаев
21 Feb, 16:49
11,487
iPhone 16-ны бес жыл қолданамыз. Көп жағдайда екі-үш жыл сайын жаңасына ұмтыламыз.
Пәтер де, баспана да, көлік те — дүниенің бар дәулет-базары, сән-салтанаты уақытша. Дәм-тұзымыз қашан таусылады?! 60 жас?! 70-80?!
Кеудеден жан шыққан сәтте бар жиған-тергеніміз жер бетінде қалады. Жердің астына тек жүректің ісін әкетеміз.
Дастан Құрманбаев
21 Feb, 16:43
10,550
Қандай да жазу үшін ең алдымен қамсыз тыныштық керек…
Мұхтар Мағауин. “Естеліктер. Үшінші пара”
Дастан Құрманбаев
21 Feb, 15:07
7,996
Бұл өмір қамба сияқты. Бірақ оған адамдар азық-түлік емес, жақсылық пен жамандықты сақтайды және ол қияметте ашылады. Тақуалар қамбаларын ашқанда сый мен құрмет табады, ал күнәхарлар өкініш пен қасірет көреді.
Имам Ибн Ражаб (Алла рахымына алсын)
📚 Латаиф әл-Мағариф
Дастан Құрманбаев
21 Feb, 14:49
7,528
Кейбір ораза ұстағандардың оразадан тапқаны тек ашығу мен шөлдеу ғана болуы мүмкін.
📚 Хадис. Ибн Мәжә
Дастан Құрманбаев
21 Feb, 14:26
7,921
Ораза ұстасаң, құлағың да, көзің де, тілің де ораза ұстасын! Өтірік айтпа, ешкімге кесіріңді тигізбе. Ораза ұстаған күні салмақты, байсалды бол! Ораза ұстаған күнің мен ұстамаған күнің бірдей болып қалмасын!
Ардақты сахаба Жәбир ибн Абдулла (Алла разы болсын)
📚 Латаиф әл-Мағариф
Дастан Құрманбаев
21 Feb, 14:18
7,476
Ораза — пенде мен Жаратушы Иесінің арасындағы сыр.
Имам Ибн Ражаб (Алла рахымына алсын)
Дастан Құрманбаев
21 Feb, 14:01
4,825
📢Бұл жолы бәрі басқаша болуы мүмкін
Ержан өткен жылы Рамазанға үлкен ниетпен кірісті. Ол өзіне: "Бұл жолы барынша құлшылық жасап, жүрегімді тазартып, нағыз берекелі ай өткіземін!" – деп уәде берді.
Рамазанның алғашқы күндері ерекше құлшыныспен өтті. Тарауих намаздарын үзбей оқыды. Құранды күн сайын дауыстап оқып, зікірін арттырды. Әрбір дұғасына ерекше ықыласпен көңіл бөлді.
Бірақ уақыт өте келе күнделікті өмір өз ырғағына қайта түсті. Түнде кеш ұйықтап, сәресеге әрең тұра бастады. "Бүгін тым шаршадым, бір күн бармай-ақ қояйын" деп, тарауихтан қалып қойды. "Құранды ертең оқырмын" деп, кейінге шегере берді.
Айдың соңында мешітте отырған кезде Рамазанның қалай зу етіп өткенін байқамай қалды. "Мен тағы да осы қасиетті айды толық пайдалана алмадым ба?" – деп өзіне сұрақ қойды.
Бұл сізге де таныс жағдай ма?
Жыл сайын Рамазанды ерекше күтеміз. Өзгереміз деп ниет етеміз. Бірақ көп жағдайда басында берік ұстанған жоспарымыз ай ортасына жетпей әлсіреп қалады.
☝️Бірақ бұл жолы бәрі басқаша болуы мүмкін.
📌 «Мейірін төккен Рамазан» – сіздің бұл қасиетті айды толыққанды өткізуге арналған бағдарламаңыз!
🔹 Рамазанға толық дайындық жоспары жасалды. 🔹Нәпсіні тәрбиелеу және мінезді көркейту жолдары қарастырылды. 🔹Құлшылықта тұрақтылықты сақтаудың тәсілдері енгізілді. 🔹Оразаның берекесін сезіну үшін арнайы амалдар ұсынылды.
📚Ұстаздарымыз арнайы видеодәрістер дайындады.
Бұл жолы сіз Рамазанды барынша пайдаланып, ерекше рухани ай өткізесіз.
⏳ Жобаға қосылу үшін санаулы күндер қалды!
📲Төмендегі сілтемеге өтіп, Рамазанды ең жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік алыңыз: ➡ “Мейірін төккен Рамазан” Telegram-каналына қосылу
Бұл Рамазан сіз күткендей өтсін!
https://t.me/+aEyQG9CJIfpkOGZi
Дастан Құрманбаев
21 Feb, 10:54
8,503
Ең абзал ғибадат — жалғыз қалғанда да, көптің көзінше де Алладан қорқу.
Имам Ибн Ражаб (Алла рахымына алсын)
📚 Фатх әл-Бари
Дастан Құрманбаев
20 Feb, 12:52
9,080
Біз Құдайдан тек жақсы, тіптен, өте жақсы нәрсені ғана сұраймыз ғой. Өмір деген сол… кейде Құдайдан берген нәрсесін де алу керек.