آخرین پست‌های Дастан Құрманбаев (@dastan_kurmanbayev) در تلگرام

پست‌های تلگرام Дастан Құрманбаев

Дастан Құрманбаев
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
30,954 مشترک
107 عکس
22 ویدیو
آخرین به‌روزرسانی 06.03.2025 14:57

کانال‌های مشابه

Tabigat Kautay
27,700 مشترک
Al-Muminun
5,135 مشترک
Narkes
1,612 مشترک

آخرین محتوای به اشتراک گذاشته شده توسط Дастан Құрманбаев در تلگرام

Дастан Құрманбаев

06 Mar, 08:14

4,240

Ораза уақытында темекі шексе, ораза бұзыла ма?

Иә. Бұзылады.

Ибн Абидин “Раддул мухтар” кітабында: “Қандай жолмен болмасын, тамағына түтін кіргізетін болса, тіпті хош иісті түтіндетіп, өзіне жақындатып ораза екенін біле тұра жұтатын болса, оразасы бұзылады”, — деген.

Имам әш-Шурунбулали “Марақил фалах” кітабында: “Темекі тарту, еш күмәнсіз, оразаны бұзады”, — деген.

“Рамазан оразасына қатысты пәтуалар” кітабынан
Дастан Құрманбаев

06 Mar, 06:40

4,786

https://youtu.be/aHQp0yWUJk4?feature=shared

Шынымен “описаниесін” ашсаңыздар біраз нәрсе бар ☝🏻
Дастан Құрманбаев

06 Mar, 00:14

6,194

Сәресі ішіңдер! Сәресіде береке бар!

📚 Хадис. Насаи
Дастан Құрманбаев

05 Mar, 20:04

6,797

Әркімді бір өсектеп жүріп 1000 рет истиғфар айтқаннан — үндемей жүрген 1000 есе артық!
Дастан Құрманбаев

05 Mar, 14:25

14,514

https://youtu.be/aHQp0yWUJk4
Дастан Құрманбаев

05 Mar, 12:15

7,656

Ораза кезінде ұмытып ішіп-жесе, ораза бұзыла ма?

Бұзылмайды. Бірақ ораза екені есіне түскен сәтте ішіп-жеуін бірден тоқтатуы керек. Пайғамбарымыз (ﷺ): “Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған жегізген де, ішкізген де — Алла”, — деген.

Бәрібір оразам бұзылды ғой деп ойлап, ішіп-жеуін ары қарай жалғастырса, рамазан айынан соң сол күннің қазасын өтейді.

“Рамазан оразасына қатысты пәтуалар” кітабынан
Дастан Құрманбаев

05 Mar, 09:29

7,563

Аты жоқ PODCAST 8
Бүгін КЕШКЕ 🔥 إن شاء الله

https://www.instagram.com/reel/DGz_Qm7NY57/?igsh=YXZiNTdpdDZheG5q
Дастан Құрманбаев

04 Mar, 07:13

9,682

🌙 Рамазан айының 5️⃣ қасиеті

📚 «Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді» (хадис)

1️⃣ Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;

2️⃣ Ауыз ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

3️⃣ Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», –дейді;

4️⃣ Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды.

5️⃣ Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі». Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда: «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты» – деген».

🤲 Алла Тағала ниетімізді қабыл етсін!

#Рамазан2025
Дастан Құрманбаев

03 Mar, 12:29

9,010

Алла Тағаланың “күнәларыңды кешіремін” деген сөзінің өзі күнәнің бүкіл пенде атаулыға тән іс екенін көрсетеді. Әйтпесе, кешіру үшін де, алдымен күнәң болу керек қой…

Күнәні жасау емес, сол үшін өкінбеу, тәубе етпеу қауіпті! Алла Тағаланың Адамды кешіріп, Ібілісті кешірмеуінің себебі осы: Адам өкініп, кешірім сұрады, ал Ібіліс тәкаппарлық қылып, күнәсін мойындамады.
Дастан Құрманбаев

03 Mar, 08:00

9,770

Пайғамбарымыз ﷺ айтады: “Расында, жыл күндерінің ішінде Раббыларыңның сыйлары бар. Соны алып қалуға тырысыңдар. Бәлкім соның біреуі әлдебіріңе нәсіп болып, өмір бойы бақытты болып өтерсіңдер!” (Табарани)

Сол сыйдың бірі Рамазан болса керекті…