BAIPKET @baipket16 Channel on Telegram

BAIPKET

@baipket16


Идеи и советы по заработку для фрилансеров

BAIPKET (Russian)

Добро пожаловать в канал BAIPKET! Если вы фрилансер и ищете идеи и советы по заработку, то вы попали по адресу. Наш канал предлагает полезные рекомендации и стратегии для тех, кто хочет улучшить свои финансовые возможности. Мы публикуем информацию о различных способах заработка, креативных идеях для монетизации вашего таланта, а также делимся опытом успешных фрилансеров. Будьте в курсе последних трендов и возможностей для заработка в сфере фриланса. Присоединяйтесь к нашему каналу и начните увеличивать свой доход уже сегодня!

BAIPKET

06 Jan, 19:18


https://youtu.be/umBrbCmcBKo?si=1UbWOkmnI0AAL_E-

BAIPKET

01 Jan, 14:15


Өзінің сүйікті ісін жасап жүрген адам сол ісімен ақша тауып үйренетіні сөзсіз. Ақша тауып үйренген адамның сүйікті ісі ақша табу ғана болып қалуы мүмкін.

Ондай адам бастамай жатып ұтылған адам. Жанбай жатып сөнген нұр.

BAIPKET

01 Jan, 14:14


Мақсаттан кейінгі мақсат, бірінші мақсат пайда болғанда қойылуы шарт

BAIPKET

01 Jan, 14:14


Мақсатынан кейінгі мақсатын қоймаған адам жоғарыдағы тұзаққа түсіп қалу қаупі жоғары.

BAIPKET

01 Jan, 14:08


«Клиентке не беремін?» дегенді ұмытқанда бизнестің мақсаты жойылады. Сәйкесінше сен де бір мақсаты жоқ, қайда бара жатқаны белгісіз кеменің капитаны сияқтысың.

Фокус тек ақшаға кетіп, «не үшін? кім үшін?» дегендері тек өзінің туалетке баруы үшінге ауысқан адам бақытсыз, депресняковый, потерянный.

Кәсіп - бұл алмасу. Тек көріп қалуды қалайтындар нағыз көргенсіздер.

BAIPKET

31 Dec, 19:06


Бисмиллаһи Рахмани Рахим

BAIPKET

31 Dec, 10:33


10 күндік жылды тиімді аяқтау челленджі ↓

10-күн. Жаңа қабілеттер


Келесі жылы қандай қабілеттерді үйренгіңіз келетінін анықтаңыз және оларды меңгеру жоспарын құрыңыз.

Бірге болғандарыңызға рахмет🫰🏼🐝

BAIPKET

30 Dec, 16:13


Йоу, уақыт бар ма?)

Ютубқа кайфовый видео шығардым, клиенттерімен проблемасы барлар көрсе өтеді.

Сілтеме әдейі қоймаймын, поисктан тауып аласыздар ғой, ок?

Каналды расскачать етіп жіберейік ❤️‍🔥

BAIPKET

30 Dec, 09:49


10 күндік жылды тиімді аяқтау челленджі ↓

9-күн. Кері байланыс күні.


Сіз үшін маңызды үш адамға жазып, олардан мына сұрақтарға жауап алыңыз:

— менің қандай мықты/күшті жақтарымды білесің?
— биыл менің қандай қателіктерім немесе кемшіліктерім болды деп ойлайсың?
— келесі жылы қалай жақсара аламын?

BAIPKET

29 Dec, 19:31


Любой проблема тек сен оны проблема деп мойындағанда ғана проблема.

Мысалы: телефон жоғалтқан Динараға ол бұл ситуация проблема, бірақ Уоррен Баффетқа ол қатты проблема емес, тіпті ол бұны «проблема ау» деген ойды миында допускать етпейді де.

BAIPKET

29 Dec, 15:23


10 күндік жылды тиімді аяқтау челленджі ↓

8-күн. Әдеттеріңізді талдау.


Өзіңізге биыл кедергі жасаған 3 әдетті жазып шығыңыз және оларды 2025 жылы қандай әдеттермен ауыстыратыңызды анықтаңыз.

BAIPKET

28 Dec, 05:07


10 күндік жылды тиімді аяқтау челленджі ↓

7-күн. Таңғы серуен және визуализация.

Күніңізді таза ауада 30 минуттық серуеннен бастаңыз. Серуен кезінде өзіңізді бір жылдан кейін елестетіңіз:

— Қайда тұрып жатырсыз?
— Материалдық армандарыңыздың қайсысы орындалды?
— Жаныңызда кімдер бар?

BAIPKET

27 Dec, 15:31


10 күндік жылды тиімді аяқтау челленджі ↓

6-күн. 2025 жылға өзіңізге хат жазыңыз

-Өзіңізді бір жылдан кейін қалай көргіңіз келеді?
-Қандай жетістіктерге жетуді қалайсыз?
-Сол мақсаттарға қалай қол жеткізетініңізді сипаттаңыз.

Бұл хат сіздің “Точка ростаңыз”-ға айналсын

BAIPKET

27 Dec, 12:14


Затыңды сату үшін маркетингты қолданба, сатылатын зат жасау үшін маркетингты қолдан. Ок?

BAIPKET

26 Dec, 22:25


Стористарды көріп жатырмын 🫰🏻

BAIPKET

26 Dec, 13:56


10 күндік жылды тиімді аяқтау челленджі ↓


4-күн. Қаржылық рефлексия.


Жылдық кірістер мен шығындарды талдаңыз:
— Қаражатың қайда артық жұмсалғанын анықтаңыз.
— Сізге ең көп пайда әкелген нәрселерді белгілеңіз.
— Келесі жылы шығындарды қалай басқарып, табысты арттыруға болатынын ойластырыңыз


5-күн. Аяқталмаған істерді талдау.

Жыл бойы кейінге қалдырған істеріңнің тізімін жасаңыз және солардың кем дегенде 1-2-еуін аяқтаңыз.

Бұл сізге назарыңызды босатып, ісіңіздің нәтижесін сезінуге мүмкіндік береді.

BAIPKET

24 Dec, 15:20


10 күндік жылды тиімді аяқтау челленджі ↓

3-күн. Алғыс айту техникасы


Осы жыл үшін алғыс айтар 10 нәрсені тізіп жазыңыз. Мұндай жаттығу өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіп, өмірді басқаша бағалауға үйретеді және де алға қарай дамуға жігер, шабыт береді

BAIPKET

24 Dec, 08:14


https://youtu.be/OmhB2Kg-K9s?si=gI8pvSN8A5_kfzeo

BAIPKET

23 Dec, 15:18


10 күндік жылды тиімді аяқтау челленджі ↓

2-күн. Өзіңнің араласып жүрген ортаңдағы адамдарға талдау жаса.


-Осы жылы сенің өсуіңе, дамуыңа үлесін қосқан, әсер еткен 3 адамды жаз;
-Осы жылы сенің дамуыңа кері әсер еткен, кері тартқан 3 адамды жаз.

Дамуыңа үлес қосқан 3 адамға алғысыңды жаз, ал қалған адамдармен араласуыңды қысқарт.

BAIPKET

22 Dec, 16:20


10 күндік жылды тиімді аяқтау челленджі ↓

1-күн. Жыл қорытындысы бойынша рефлексия.

Жазбаларға мына сұрақтарға жауап жаз:

— Ең басты 5 жетістігіңді тізіп шық.
— 5 негізгі сәтсіздіктеріңді жаз.
— Сол сәтсіздіктерден алған 5 сабағыңды бөліс.

BAIPKET

22 Dec, 06:30


Бәрі көрді ма?)

BAIPKET

20 Dec, 12:11


https://youtu.be/9TvsPW27cw4?si=c8uY61XAfq5S1Zy1

BAIPKET

18 Dec, 15:34


«ОРТА» деген подкастты білесіздер ма?

Бүгін жаңа сезонына барып түстім, енді съемкадан шығып сәл ДУМКАда отырмын….

Короче өзімнің маркетолог ретінде өзіме түсініксіз жағымды байқадым. Жалпы адам ретінде уақыт пен кеңістіктің ішінде жоғалып кете береді екенбіз. (әңгіме больше про включенность, осознанность, цельге сай әрекет туралы)

ИНСАЙТ: Мен өзімнің күнделікті өміріммен (лайфстайлыммен) өз өнімімнің басты маркетологы екенімді, басты сатушысы екенімді ұмытып кете беремін.

Қазір өзіме өзімнің продюсерым ретінде қарап, бүгінгі түсірілімге баға беріп, анализ жасап отырмын. Ключевой назар аударатын зат: өзімнің болмысымды саналы түрде мақсатыма сәйкес ашып, оны бұл әлемге «бар» [немесе: паш] етпейді екенмін.

Түсіндірейін: Обычно бизнес ортада, алдыңа адам запроспен келгенде немесе экспертный блог жүргізіп өзіңнің маркетолог екеніңді, қандай сұрақтарды шеше алатыныңды танытқан оңай. АЛ высший класс: басқа жерде, басқа контекстте өзіңнің репутацияыңды басқара алу, вот ол нағыз өнер.

Сол анализдың арқасында сату бұл тек СРМ-ға түскен лидқа ғана емес, өмірде ісіңмен, әдетіңмен, ниетіңмен, ойлау жүйеңмен, белгілі тақырыптарды талқылау аясында да жүру керек. Және бұл қабілет оны немесе осозаннно істейсің, либо бұл қабілет/түсінік сенде жоқ. Соны ойлап: келесі мақаланы жазып жатырмын.

Тема: Создавать интерес к своему продукту.

Өз өніміңе қызығушылық тудыра алу. Тудыра алу, немесе жарата алу байқасаңыз әрекет туралы. Демек істей алам немесе жоқ дегенге қайтадан келеді. Демек бұл қабілет, қабілет бар или жоқ.

Толығырақ бұны әлі зерттеймін бірақ қазір мына ойлар келді:

Бұл жерде ең басты анықтап алу керек сөз «қызығушылық». Ол не? Қалай түсінеміз? Назар мен ниет қосылғанда қызуғушылық пайда болады. Белгілі бір затқа назар болмаса ол нәрсе біздің өмірімізде жоқ. Мысалы жаңа фильм шықты, бірақ менің поля зрениямда ол ақпарат жоқ болса, мен онымен қызыға да алмаймын. Қызықпау деген дүние жоқ. Қараңғы сияқты ғой, жарық бар болса ол бар, жарық жоқ болса оны қараңғы деп атаймыз.

Екіншісі ниет. Ниет бұл - себеп, кез келген заттың болуы үшін керек фактор. Қызығушылық контекстында бұл - белгілі бір «взаимодействияға» қажеттілік. Мысалы бағанағы киноны талқылайықшы:
1. Бірінші жаңа бір кино бар екені туралы адамға ақпарат келеді. Бұл жерде екі жақтың бірінші байланыс орнайды. Продюсер мен көрерменнің дегендей. Назарын ұстай алсаң жақсы, ол ары қарай сенімен байланыс орнатуға оң әсер етеді. Назарын ұстай алмасаң сен ол үшін әлі де жоқсың, маркетингта бұны «7 касаний» деп жан жақты байланыс орнатуға тырысады. Мақсат келесі: взаимодействияға өткізу, допустим ары қарай ол сіздің контентыңызды қарсылықсыз көре алады дегендей. Бұл жерде инструменттер әр түрлі: цепляющий заттардан бастап, история айта алып, эмоция тудырта алуға дейін.

2. Екінші тема: Ары қарай кассада тұрғанда сол киноны таңдауға адамның ниетін тудыру үшін жоғарыда аталған «қажеттілік» деген сөзді анықтап ашу. Қажеттілікті толығырақ зерттеу арқылы сол сатудың сыры ашылады. Қызыұ бір сөздің анықтамасын қарап отыру арқылы ойлау жүйе, әрекет етуге формулалар, идеялар келеді, байқадың ба?

Қажеттілікті тақырыбын өзіңіз зерттеп көріңіз немесе курсқа келіңіз бірге қарайық ))))

BAIPKET

17 Dec, 08:42


Бизнес білім сатып алынуы міндетті емес өнім және қызметтердің қатарынан деген түсінік пайда болып келе жатыр ішімде. Өкінішті әрине… хобби сияқты айналысуға тура келе ма деп қоямын кейде…

Құдды бір дін сияқты. Оны білсең өмірің жеңілдер еді, көп қателіктерді жасамауға мүмкіндік бар, бірақ онсыз да адамдар өмір сүріп жатыр.

Няня алу, шпоннан жиһаз жасау, бизнес-класс міну, психологқа бару, фитнесқа бару, vsco қосымшасы …. бұларсыз адам өмір сүре алады. Сәйкесінше қажеттілік те азырақ.

Осыдан не түсінеміз? Сала таңдағанда шығармашылықпен айналыспау қажет, сухой анализ. Шығармашылықты сала таңдалғаннан кейін басталғаны жөн.

BAIPKET

15 Dec, 16:24


“Меніңше, өнер адамы қанша бергенімен ғана емес, өз мүмкіндігін қаншалық іске асырғанымен де бағалануға тиіс. .. оған ерекше миссия жүктелген; оның өмірі өзінкі емес, елінікі, сондықтан күйкі тірлікпен күн өткізбей, бойындағы бар күшін ретімен, қажетті істерге ғана жұмсап, ақылы мен білімін, дарынын бір-ақ мақсатқа – халқына қызмет ету жолына ғана бағыттауға тиіс; өзінің бойындағы үлкен қабілет барын біле тұра бос шашылған адам – қылмыскер; ондайлар тамұқ отына қақталып, отанын сатқан азғындармен қатар жаза шегуге лайық. Мұны түсіну қиын емес, бұған онша көп ақылдылық керегі жоқ”

#үзінді
•Көкмұнар

Мұхтар Мағауиннің мына айтқаны өтіп кетті. Кәсіпте де солай сияқты ма деп қоямын. Қанша ақша тапқаның емес, өз әлеуетіңді қаншалықты іске асырып жатырсың
, әлде қылмыскер болып жүрсің ба

BAIPKET

13 Dec, 07:51


Понимание каких то вещей по новому / Осознание:

Деньги являются своего рода преобразованием времени и энергии в экономической системе.

BAIPKET

04 Dec, 10:56


Ақша ақылыңнан көп болса,
ақша нарықтыкы.

Бұл фраза байлық пен ақыл арасындағы тепе-теңдікті меңзейді.

Оның мәні:

Егер ақша ақылыңнан көп болса, ол сенің емес, нарықтың меншігіне айналады. Ақша – үлкен құрал, бірақ оны дұрыс басқару үшін ақыл мен білім қажет. Ақыл жеткіліксіз болса, байлықты дұрыс қолданбай, оны жоғалту қаупі жоғары.

Нарық ешкімнің әлсіздігін кешірмейді: ол ақшаны өз ережелерімен айналымға қайтарады. Соны білмейтін біз: эмоционалды покупкалар жасап, жаңа айфон алып, далбасаланамыз.

“Ақша тауып жатырмын, бірақ қайда кететінін білмеймін, былай тартсаң былай жетпейді” дейтіндерге Байпкет курсының ішіне арнайы сабақтар жазу идеясы бар.

👇🏻Қажет деп тапсаң реакция қалдыр.

BAIPKET

04 Dec, 10:12


Ұятай.

Надандығым сондай, мұғалім сөзінің түбірі - ғылым, Алим дегенін бүгін түсіндім.

(علم) – білім

BAIPKET

28 Nov, 18:04


Ақша табуды үйрететін орындар қаптап кетті, бірақ қалай дұрыс жұмсау керек екенін үйрететін орындар жоқтың қасы. Соңғы өнер біріншісінен маңыздырақ екенін күннен күнге түсініп келемін.

BAIPKET

25 Nov, 20:47


Кейде ойларды көк дәптерге жазған ұнайды қанша жерден айпад, макбук болсада 😅❤️

Саусағым милый болса реакция қалдырып кет
😂😂😂

BAIPKET

16 Nov, 11:09


Жақсы тұлпар қамшы салдырмас!

BAIPKET

16 Nov, 01:09


Сенің ситуацияға позитивно қарап үйреніп алған досың…

Неғылса, нағыз ораза ұстап-ұстап алатын уақыт екен 😅

Дәуіт (а.с.) оразасы прям 16:30-ға әдемі кетейін деп тұр…

Че там?

BAIPKET

12 Nov, 13:02


** Файлды ашып, жүктеп ал

“Мен үшін Ассистентымның болуы - точка роста.”

2017 жылдан бері всегда ассистентым бар. Операционный Директорым немесе басқа да топ менеджердар болғанымен именно ассистент ол - өзіміздікі өндірістікі.

Өзім де 2016 жылы Казмедиада бас продюсердың ассистенты болғанмын. Сол кезде бастығым+наставнигыи мені аэропортқа апарып: “Мынау адамдарға қарашы. Олар самолетпен ұшады демек бұл платежоспособный аудитория, не істеп жүр қалай сөйлеседі, не киген деген сияқты бағытта 19 жасымда маған маркетингтың бірінші басталдақтарын түсіндіретін.

Содан 1 жылдан кейін Ұлттық арнада “Не Зат?!” деп өз бағдарламамды ашып. 1,5-жыл жинаған тікелей практикамды өз компаниямда қолданып бастадым.

Мен үшін ассистенттың болуы: жәй ғана артық қалған тапсырмаларды сырып, біреуге жүктеп қою емес. Біріншіден мүмкіндік болса адам тәрбиелеу және соның арқасында өзің өсу.

Соол, қысқасы саған мына чек-лист хадия.

Философиялық әңгімені өлтірем негізі… отыра берем жазып)))

BAIPKET

09 Nov, 12:03


Команда

Бұл жердегі промт - тар пайдалаларыңызға тиюі керек. Міндетті түрде асықпай отырып, пернетақталарыңызды тықырлатсаңыздар көптеген қызық аласыздар.

Команда жинап, байпкетулеріңізге тілектеспіз. Бұндай файл қазақ тілінде жоқ-ау осы…

BAIPKET

04 Nov, 08:02


Кто построит великую компания я или тех кого я могу вдохновить?

Так как я могу быть причиной чтобы получалось у других?

BAIPKET

29 Oct, 12:43


🐝 Байпкет ютуб арнасында жаңа подкаст:

Менің подкаст жазу философиямды бір сөйлеммен жеткізсем, ол:

“70 жасымда, ұялмай немерелеріме көрсететін контент”

Саны емес, сапасы тым маңызды. Қонақтарды таңдауымыз да бір өнер. Өткенде Асқар Галин, енді Михаил Федоренко. Көріп бағасын беріңіз 🫰🏻

BAIPKET

29 Oct, 12:41


https://youtu.be/wyAdoNsgzGI?si=d6vXk5n9P8xNXlur

BAIPKET

23 Oct, 08:18


“Не істеп жүрсің? Не жаңалық?“ деген сұраққа жауап 👉🏼 өмірді қалай өзгерте алады

👇🏻аудио ұнаса “🔥” баспкет

BAIPKET

19 Oct, 00:27


Радость от денег - это искусственный ароматизатор вместо натурального вкуса.

BAIPKET

15 Oct, 16:30


Ақшаны көп тапқан адам емес, дұрыс жұмсаған адам байпкетед.

Естелік цитата Мұхит Нұрданұлымен Аланидағы кешкі шәйдан

BAIPKET

11 Oct, 19:29


Продукт бірінші орында…

одан кейін сатудағы клиент пен өнім туралы білім (яғни экспертность) және еееееееең соңында реклама-жарнама-шулату анау мынау.

——————————————————

Бұл менің маркетолог ретінде твердый позициям. Неге екенін түсіндіріп кетейін.

Жарнама деген не? Қатты бір қиындатпай түсіндірсек, оған мысал: таргетқа салған бюджет немесе блогердан алған прогрев деп бүгінгі күннің инструменттарын қарастырайық.

Сонымен неге продукт бірінші орында? Ертең доллор 2 есе көтеріліп кетсе, бүгін маған 1000 тенгеге келген 2 лидтың орнына ертең 1 ғана лид келеді деген сөз. Немесе кеше менің блогердан алған “рилс+сторис” пакет - 500 мың тенге тұрса, бүгін ол бағаға бір стористы да сатып алмай қалуым мүмкін.

Демек маған көбірек ақша табуым үшін жарнамаға ақшаны сала беру керек, сала беру керек дегендей.

Ал егер мен 200 лид түсе ма, 10 лид түсе ма, 1 лид түсе ма оған максимально сата алсам. Өнімімді жақсы білсем, алдыма келген клиенттің қай жері аурып тұр соны дұрыс анықтап, ықыласпен клиентыма қызмет ете алсам? Сол подходтың артында береке көбірек сияқты ғой, да?

Продажа жоқ, маркетинг көбірек лид беріңдер деген әңгіме сәттілікке сену сияқты. Қазір тағы 50 лид берсеңдер сатамыз, тағы 100 лид керек, чето не целевой деп жүре берсек значит либо өнім не то, либо сен клиентыңмен сөйлесе алмайсың, оны естімейсің.

Қазір біз өнімді емес, ұсынып жатқан шешімді емес, каспидың бөліп төлеу деген қаржылық инструментын көбірек сататын болып кеткенбіз. Дәл бір банк қызметкері сияқты

BAIPKET

08 Oct, 06:40


“Какой самый простой способ заработать деньги?”

- Мужская похоть.
- Женское стремление к красоте.
- Здоровье пожилых людей.
- Образование детей.
- Страх богатых людей перед потерей.
- Желание бедных людей быстро разбогатеть.

Ниша таңдай алмай жүргендерге пәлсапалық кеңес.

BAIPKET

25 Sep, 13:15


Математикалық тілмен:

Арман - Ниет = мәнсіз ой.
Ниет - Жігер = әлсіз қалау.
Жігер - Әрекет = нәтижесіз талпыныс.
Әрекет - уақыт = тұрақсыздық.

Әдеби тілмен:

Ниетсіз арман — мәнсіз ой.
Жігерсіз ниет — әлсіз қалау.
Әрекетсіз жігер — нәтижесіз талпыныс.
Уақытсыз әрекет — тұрақсыздық.

BAIPKET

27 Aug, 17:46


Табысыңыз "Бұл жұмысты қалай жасаймын?" деген сұрақтың орнына "Бұл жұмысты кім жасайды?" деп ойлай бастағанда ғана артады.

— Михаил Гребенюк

BAIPKET

09 Aug, 16:38


Байлық аз ресурспен үлкен рискке барғанда пайда болады, бірақ оны сақтап қалу үшін үлкен ресурстармен кішкентай рисктерге бару керек.

BAIPKET

06 Aug, 06:08


Мына ролик ұнады.

100% - бірінші деңгейдің кілті назарды басқаруда жатыр.

Ссылки:

Робин Шарма - Монах который продал свой Феррари / упражнение Роза

Карлос Кастанеда - Учение Дона Хуана

BAIPKET

03 Aug, 20:56


ЗАСЛУЖЕННЫЙ МАСТЕР СПОРТА, ШТАНГИСТ - АЛМАС ӨТЕШОВ

Мынау сұхбаттың кесілген нұсқасын тиктоктан көріп, сәл тақырыпты толығырақ зерттейінші деп кіріп кеттім.

Спортта жүргендер көру керек дүние екен. #мастхэв

Негізі менің ойым: “Белгілі бір салада шебер бола алу міндет, бірақ кейін оны кәсіпке айналдыра алмасаң, коммерциялық біліміңді дамытпасаң талантыңмен бірге далада қаласың.”

Сен өзіңнің талантыңның басты продюсерысың, жігітке 7 өнер де аз дегендей. Белгілі бір деңгейге жеткенде бізден сол деңгейге сай “картина мира” талап етіледі.

Мысалы әкімсің: бірақ социалогиядан, психологиядан, коммуникациядан, философиядан, мәдениеттен, тарихтан, экономикадан, теологиядан, экологиядан, этикадан хабарың болмаса? Лайықсың ба? Әлде? Уақытша ма?

Тек қана бір істі қатырғанмен соның айналасында заңдылықтарына сай көкжиегің болмаса ... қиыыын.

Ешкімді кінәламаймын, сұхбаттағы ағамыз коммунизмның иісі кетпеген уақыттан. Ол заманда нарық заңдары деген түсінік аса қатты (Батыстағыдай) дамымаған… Фор экзампл: Майвезерың да, Тайгер Вудсың да спорттан ғана емес медиадан да, монетизациядан да чемпион ғой.

…братанға жалпы әңгімем жоқ.

Айтайын дегені басқа зат: қазір Илон Масктың вай-файын Ақсуатта қосып алатын уақытта үкіметті кінәлап отыратындай жастарда шанс жоқ. Барлығы тек өзіңнің жауапкершілігің.

Түсіндің ғой осыны оқып отырған жан?

Ал былай кешегіден сабақ алатын видео, саясатқа кіретін, өзін сол жолда көретін замандастарға танысатын контент екен.

BAIPKET

27 Jul, 21:08


Арамызда өзін әлі іздеп жүргендер болса:

Қазірдің өзінде жасай алатын ең оңай әрекет:

Өзіңіз үшін маңызды 10 адамға келесі сұрақтармен хабарлама жіберу:

1. Сен менен не үйренгің келеді?
2. Сенің ойыңша, мен қай салаларды жақсы түсінемін? Мені қандай салада сарапшы (эксперт) деп санайсың?
3. Қандай қиындықтарды шешу үшін маған жүгінер едің?
4. Менің қандай күшті жақтарымды байқадың?

Бұл сұрақтар өзіңіздің жеке дамуыңызда және кәсіби салада әрекет ете бастауға көмек болатын сияқты. Заметкаларымның ішінен тауып алдым. Пайдалы болса реакция жібере сал.

BAIPKET

27 Jul, 19:06


Мохаммед ибн Рашид ибн Саид Аль Мактум / “Менің Тарихым” кітабынан.

Дін:
Біз Құдайдың бүкіл әлемді басқарушы күшін мойындауымыз керек.

Мен Құдайға уақыт келгенде осы адамдарға қызмет етуге көмектесуін сұрап дұға еттім.

Мен әкемнен қорғанысқа жауапты болып тағайындалғанда Меккеге қажылыққа баруға рұқсат сұрадым,. Маған ойдың анықтығы мен басшылық, менің пікірлерім мен Құдайдың еркі арасындағы үйлесімділік қажет болды. Маған Құдайдың көмегі мен басшылығы қажет болды және әлі де қажет.

Саясат:
Халыққа қамқор болмағандар өз елдерінен айырылды.

Үкімет – бұл жол полициясы сияқты, олардың рөлі – адамдардың өз болашағын және ұлттың болашағын құрудағы ұмтылысында өмірлерінің ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету.

Мен үкіметтегілерге өз бағыттары бойынша “2021 жылға дейін біз қалай бірінші бола аламыз” деген тақырыпта жоспар дайындауды тапсырдым.

БАӘ - Азаматтардың сеніміне ие болған бірінші үкімет.

Лидерлік:
Сіз көшбасшылар жасағанда – сіз болашақты жасайсыз. Нағыз көшбасшы – басқаларды көшбасшы ететін адам, нағыз ұйым – көшбасшылар шығару үшін жағдайлар жасалған ұйым. Ұйымның ең жақсы нәтижелері оның көшбасшылар жасау қабілетінде жатыр, олар көкжиектерді кеңейтіп, көп энергия әкеліп, ұйымды жаңа биіктерге көтере алады. Көшбасшылар жасау – бұл эгоны жеңіп, ең үлкен жетістіктер ғимараттар емес, адамдар екенін түсінгендерге берілген құпия.

BAIPKET

27 Jul, 09:29


Генри Фордтың [Евангелия Форда] кітабынан да, Джек Маның [МГУ-да берген] сұхбатынан да екі ұқсас бірақ түбірі бір ой кездестірдім:

Форд: «Жеткен жетістігіміз аз емес, бірақ жасалауы керек заттармен салыстырсақ өте аз»

Джек Ма: «Алибаба шынымен үлкен компания, бірақ бұл кешегі Алибабамен салыстырғанда ғана, болашақтағы болуы мүмкін Алибаба салыстырғанда қазіргі жағдайымыз әлі де кішкентай»

Подход топ, эго жоқ, еріншектік жоқ, екеуі де алыптар бизнесті «өзім үшін істеймін» деген деңгейден шығып, «мен тағы не істей алам?» деген түісінікпен жүргетіндер.

BAIPKET

26 Jul, 11:37


3 уровня смысла слов: значение, применения, алгоритм

BAIPKET

26 Jul, 08:35


Мечта становиться реальностью через профессионализм.

Армандар тек кәсібиліктің арқасында ғана шындыққа айналады.

BAIPKET

25 Jul, 07:27


Не правильно проведенный cust dev - это коллективная галлюцинация по поводу потребностей клиента.

Альтруизм в бизнесе это про клиентоцентричность.

Хочешь начать делать бизнес - учись делать кастдевы.

BAIPKET

24 Jul, 17:54


https://youtu.be/mokRkZWWM88?si=Ri7eBLDXRuRh4dcE

BAIPKET

19 Jul, 16:08


Өзімнің жинаған тізімім, осылар керек ау дәл қазір аудиторияға деген.

бір жерден алған емес, андай гугл-пугл деген)