Абай Құнанбайұлы @abai_kunanbai Channel on Telegram

Абай Құнанбайұлы

@abai_kunanbai


Абай атамыздың хикмет сөздері, өлеңдері, қара сөздері және өнеге нақыл сөздері.
Жаңа кірген оқырмандарға- https://t.me/Abai_Kunanbai/109

Абай Құнанбайұлы (Kazakh)

Абай Құнанбайұлы - бұл Телеграм каналы, қазір қазақ тілінде, сұрақ: кім? не? қалай? туралы сөйлемдерге міндетті жауаптар беретін Телеграм каналы. Бұл каналда Абай Құнанбайұлы туралы зерттеулер, мақалалар, сабақтар мен жалпы танымдамалар туралы ақпарат, бейнеткі литературалық ұжымдар мен түйіндемелердің ауырмалықтары жан-жақты ақпараттар, толық мақалалар және мансаптарда сақталған жалған материалдар бар. Сіз де абонент болып, Абай Құнанбайұлының барлық арнайы материалдарынан пайдалануға болатынсыз. Тіркеліңіз және байланысты нөміріңізді жазып, Абай Құнанбайұлының мақалалары және түйіндемелеріне кіруге боладыңыз!

Абай Құнанбайұлы

29 Oct, 18:29


Ақпарат https://abai.kz сайтынан алынды.

Абай Құнанбайұлы

29 Oct, 18:28


АБАЙДЫҢ ҰРПАҚТАРЫ
Абай 1860 жылы 15 жасында әкесінің құдаласуымен Ділдәға (1843-1924) қосылады. Ділдә Жүсіпқызының төркіні Әйбике-Шаншар елінің ақсүйегі Алшынбай Тіленшіұлының ұрпағы. Әкесі Ақшоқыдан жер бөліп беріп, онда Абай сегіз бөлмелі қыстау салдырады. Ділдәдан Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан туған. Екінші әйелі Әйгерім. (шын есімі – Шүкіман) Әнін естіп, ұнатып алған. (1856-1919) Абай Әйгерімге 1875 жылы үйленген. Әйгерімнен Турағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, Кенже туған. Абайдың он баласы болған. Тұңғыш баласы
Ақылбай Абайұлы (1861-1904) - Ділдәдан туған Абайдың тұңғыш баласы. Ол Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өседі. Он жасқа толған кезінде Ақылбайды Ғабитхан деген татар молдаға оқуға береді, онда 4-5 жыл оқу оқиды. 
Ақылбай талантты домбырашы болады, ән айтуды, өлең шығаруды машық етеді. Ол жастық, махаббат тақырыбына көптеген өлеңдер жазған.
Ақылбай 1895 жылғы Әбдірахман өліміне жазған, кейін 1904 жылы інісі Мағауияның қайтыс болуына шығарған жоқтауы да сақталған.
Ақылбайды талантты ақын етіп танытқан оның белгілі поэмалары: «Зұлыс» «Дағыстан»  («Қисса-Жүсіп»), «Жаррах батыр».
Бұл шығармалардың ішінен бізге толық жеткені тек «Дағыстан» ғана, «Зұлыс» поэмасынның басы сақталса, «Жаррах батыр» түгелдей жоғалып кеткен.
Ақылбай 1904 жылы Семей қаласында қайтыс болады, оның бейіті бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, өз қыстауы – Тышқан бұлағының  басында.
Күлбадан Абайқызы (1862-1932) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Оны Абай жас кезінде Семей орыс мектебінде оқытқан. Күлбадан Дүтбай Уандықұлының інісі Дүйсекеге тұрмысқа шыққан. Дүйсеке өлген соң Күлбадан әмеңгерлік жолмен Дүтбай алған.  Дүтбайдан – Мүкен, Мұхтар, Муштар, Мәкен, Қадиша деген балалар тараған. 1932 жылы қайтыс болған.
 
Әкімбай (Хәкімбай) Абайұлы (1866-73) – Абайдың Ділдәдан туған баласы. 1873 жылы 7 жасында қайтыс болған.
Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1869-1895) – Абайдың Ділдәдан туған баласы. Абай Әбдірахманды Семей қаласындағы уездік мектепке (1882) береді.  Әбдірахман 1886-1889 жылы Тумен қаласындағы Александр реалдық училищенің 5,6,7-кластарын оқып бітіреді.1889-1892 жылдары С. - Петербургте Михайлов артиллерия училищесінде 3 жыл оқып білім алады. Училищеге әуелі қатардағы юнкер дәрежесіндегі түскен Әбдірахманға 1890 жылы унтер-офицер, 1892 жылы портупей-юнкер, сол жылы тамызда подпоручик деген әскери атақ беріледі. Ол училищені өте жақсы бағамен бітірген. Әбдірахман 1892 жылы  Ташкенттегі бекініс гарнизонының артиллериясына қызметке жіберіледі. 1892 жылы елге демалысқа келгенде Мағрипаға  үйленеді. Мағыштан Рахила деген қыз туады. Абайдың зор үміт артқан баласы 1895 жылы 15 қарашада Ташкентте қайтыс болады да, сүйегі елге әкелініп, Ақшоқыға жерленеді.
Мағауия Абайұлы (1870-1904)  – Абайдың Ділдәдан туған кенже ұлы. Ол тоғыз жасынан бастап, төрт жылдай Мұхамедкәрім деген татар молдасынан хат таниды. Мұнан кейін Мағауияны Абай Семей қаласындағы орыс мектебіне оқуға береді. Мағауия орыс мектебінде екі жарым жылдай оқып, науқасқа шалдыққан соң, дәрігердің кеңесі бойынша оқуын тоқтатып, ауылға қайтады.
        1885 жылдан бастап Мағауия әкесінің тәрбиесінде болады. Ол үнемі Абайдың өсиет, насихатын зер салып тыңдап, өз бетімен оқып,  білімін көтереді. Орыс ғалымдары мен көрнекті жазушыларының еңбектерімен танысып, көп білім алады.
Мағауия 15 жасынан бастап жастық, махаббат жайынан лирикалы өлеңдер жазады. Ағасы Әбдірахманның сырқаты мен өліміне арналған толғау жырларымен  «Еңлік-Кебек», «Абылай», «Медғат-Қасым» поэмаларын жазған.
Мағауия 1904 жылы 12 мамырда қайтыс болады. Зираты Ақшоқы қыстауында.
Райхан Абайқызы (1871-1896) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы. Найман еліндегі Серікбай байдың  ұлы Құдайбергенге тұрмысқа шыққан. 1896 жылы қайтыс болған.
Турағұл (Тұраш) Абайұлы (1876-1934) – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Ол жас шағынан әкесі Абайдың қолында болып, тәлім-тәрбиесін көп көріп өседі. Турағұл бала жасынан зерек, ұғымтал, зерделі болған. Ол Абайдың ең сүйікті баласының бірі және ұлы ұстаз ақынның әдебиеттегі дәстүрін берік ұстанған саналы, мәдениетті шәкірті болған.

Абай Құнанбайұлы

29 Oct, 18:28


Турағұлдың жастық, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінен сақталып, бізге жеткені екі-үш өлеңі. Ағасы Әбдірахман науқастанып жатқанда 1895 жылы жазған екі өлеңі бар.
Турағұл 1904-1909 жылдары немере ағасы Кәкітай Ысқақұлымен бірге Абайдың әдеби мұрасын жедел жинап, баспаға әзірлеп, Абай өлеңдерінің алғашқы жинағын 1909 жылы Санкт-Петербургта шығартты. Ол 1917-20 жылдары Семейдегі Алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі жауапты қызметтер атқарды.  Турағұл Семей облыстық комитетінің мүшесі болған. 1922 жылы ол тұтқынға түсіп, төрт айдай түрмеде отырып шықты.  Содан кейін Ақшоқыға барып аударма жұмысымен айналысады.  М.Горькийдің «Челкаш» атты әңгімесін қазақ тілінде аударады. Аудармасы 1925 жылы «Таң» журналында жарияланған. А.Неверовтің «Я хочу жить» деген шығармасын аударып бастырған.  Өмірінің соңғы жылдарында жазған ең басты еңбегі Абай туралы естелігі еді.
1927-1928 жылдары Турағұл тағы да тұтқынға алынады. Түрмеден шыққан соң конфискеленіп, Шымкентке жер аударылады. Сол жақта 1934 жылы 6 наурыз күні қызы Мәкеннің қолында 59 жасында қайтыс болады. Сүйегі Шымкенттегі қорғасын заводының астында қалды.
Мекайыл (Мекеш) Абайұлы(1884-1931) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Арабша, орысша сауатты болған. Абай өлеңдерін түгелдей жатқа білген. Домбыра тартып ән салып, әкесі жайлы білгендерін ел ішінде әңгіме етіп, халыққа таратқан. Ағасы Турағұл ауылымен бірге Ақшоқы маңайын, Тышқан деген жерді мекендеген. 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталған. Оның Құзайыр, Әлішер деген балалары Ұлы Отан соғысына қатысып қаза тапты.
Ізкәйіл (Зікеш) (1895-1929) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Домбыра мен скрипка тартып, ән салған өнері болған. Арапша оқып, білім алған. 1917 жылы Ойқұдықта тұңғыш рет қойылған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Абыздың ролін ойнады.
Кенже Абайқызы (1901-1932) – Абайдың Әйгерімнен туған кенже қызы. Алтыбақан, ойын-сауық кештерінде Абай әндерін орындап, оны халық арасына таратуға көп үлес қосқан. Кенже 1914 жылы Мұсабайдың інісі Әубәкірге ұзатылады. Әубәкір қайтыс болғанан кейін, Ғабитхан молданың шөбересі – Сіләмғазыға тұрмысқа шығады. Кейін тұрмыстары нашарлап, 1932 жылы Турағұлдың қолына көшіп келіп, сонда қайтыс болады.

Абай Құнанбайұлы

11 May, 16:24


🔥🔥🔥🔥 Абайдың 45 қара сөзі
Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.
Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.
Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.
Біздің қазақтар Бийскідегі, Кузнецкідегі қалмақтарды "білеут" дейді. Менің ойым: осы "білеут", "брут" бір сөзден шыққан деймін, о да қырғыздың нәсілі болмағы таң емес. Ол татарлар ұрысшыл, аңшыл, не болса, соны киіп, не табылса, соны ішіп-жеп жүрген бір тұрпайы халық екен. Олардың орны Енесей, Аңқара суының бас жағында болыпты. Солардан аңшылар жыл жүріп, екі жыл жүріп қайтатұғын әдеттері бар екен. Сол аңшылардың естіген, көрген хабарыменен бұрын көрмеген жерге болмаған мақтау айтылатұғын әдетіменен қысы аз, жазы көп дегенге, әуелден өздері жер шаруасын қылмай, мал сақтаушы халық болған соң, "мал сақтауға жақсы жерге барамыз" деп, бұл  жаққа қарай неше мәртебе халқы шығыпты. Соның бірі біздің қазақ екен. Қай-қай жерменен келгендігі, қанша жылда келгендігі мағлұм емес. Әйтеуір, Алатаудың бөктеріне келіп, мекендеп тоқтапты.
Арғы жер бұрыннан ұйғыр нәсілді халықтың орнығып, иеленген жері болып, онан әрі бара алмапты. Ол ұйғыр халқының ханы өзіне қараған халыққа есептеп жүріпті. Бұлар қарадық десе де, ішінен дұшпан болып жүріпті. Әуелден өзін өзі билеп, азаттықпен жүрген халық, біратола біреуге бағынбақты ауыр көріпті. Түбінде олар да маңғұл нәсілді болса да, бұларға жат көрініпті. Сол уақыттарда арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде Құтайба атты кісі Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да мұсылман болдық депті. Сөйтсе де, бұрыннан бақсы-балгерге инанып, отқа, шыраққа табынатын әдеттерімен
исламға тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала-пұла хат таныған кісісі болса — оны "абыз" дейді екен. Ол "абыз" демек әуелде шаман дініндегілердің өз молдасына қоятын аты екен. Дүниеде не нәрсенің себебіне көзі жетпесе, сол нәрсені құдай қылып тұр деп, дін
тұтынатұғын әдеттерінің сарқынын біз де кей жерде көргеніміз бар: келін түскенде үлкен үйдің отына май құйып, "От ана, май ана, жарылқа!" дегізіп, бас ұрғызған секілді, "өлген аруаққа арнадық" деп шырақ жаққан секілді, жазғытұрым әуел бұлт күркірегенде, қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, "Сүт көп, көмір аз" деген секілді. Бұған ұқсаған ырымдар көп еді, құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға ұқсайды.
Сол арабтар көшпелі халықтарды "хибаи" деп, "хұзағи" деп атапты. "Хибаи" дегені киіз шатырмен жүруші деген екен. "Хұзағи" дегені өз жүртында жәні хұзағи деген көшпелі халқы бар екен, соған ұқсатып айтқан екен. Сол уақытының бір ханы көшіп келе жатқанда бұлардың тіркеулі түйесін көріп, "міне мыналар шынымен қаз-ақ екен" депті, әдейі қайтқан қазға ұқсайды-ақ екен деп. Сонымен, бұлар өзін өзі де, өзге жұрттар да қазақ атап кетіпті, бұрын өздерін "ұлыс" дейді екен де, жүре береді екен.

Абай Құнанбайұлы

05 May, 13:52


Қырғыз бен қазақ халқының өзара мәдени байланысы әріден басталады.

Қырғыздың ұлы жаңашыл ақыны, қырғыз әдебиетіндегі мысал жанрының негізін жасаушы, алғашқы ақын-жыршы Байымбет Абдразманов (Тоғолоқ Молдо) Абай Құнанбаевтыңзамандасы болды. Ол сонымен бірге қазақ поэзиясы, қазақ ақын-жырауларын да жақсы білді. Абай шығармаларын «Далауәлаяты газетінен», «Айқап» т. б. қазақ басылымдарынан оқыды.

Әділетсіздікті сынайтын Абай өлеңдерін мысал ретінде әркез келтіріп жүрді. Өмір мен адамгершілік жайында Пушкин, Абаймен Тоғолоқ Молдо көп жырлады.Тоғолоқ Молдо мен Абай шығармаларында ұқсас сәттер көзігіп отырады. Абайдың сегіз жолдан түратын «Сегіз аяқ» өлеңінің үлгісінде Тоғолоқ Молдо да жазды. Бұл Абай поэзиясының тек қазақ әдебиеті емес, қырғыз әдебиетінің бастамасы да екенін керсетеді. Тоғолоқ Молдо Абай өлеңдерін бойына сіңіре білді, соларқылы орыс әдебиетімен, оның алдыңғы қатарлы өкілдері Александр Сергеевич Пушкин, И. А. Крыловпен танысты. Қырғыз Республикасының Халық ақыны Аалы Тоқомбаев та өзінің әдеби еңбегінің алғашқы күндерінен бастап Абайды сүйді, онан үйренді. Ол Ұлы ақынның өлеңдерін түгелге жуық аударды. Тоқомбаев 30-жылдары Абайдың көптеген өлеңдерінжеке кітап етіп шығарды. Ақынның өз өлеңдері де Абайдың өлеңдерімен сайма-сай келіп жатады. А. Тоқомбаевтың: «Алмадай жер, Айланан ал Елдин канин ичесин. Қыйналып жан, Шорголап кан Акбада сен тутосун...» - деген жолдары Абайдың «Бай сейілді...» өлеңінің үлгісімен жазылған. Мұндай ұқсастықтар Абайдың «Бойы бұлғаң...», А. Тоқомбаевтың «Туткун Марах» өлеңдерінде де кездеседі. Қырғыз жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жоомарт Боқонбаев аз ғүмырында Абайдың «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...», «Желсіз түнде жарықай...» т. б. өлендерін қырғыз тіліне аударды. Абайдың ақындық ықпалы Т.Уметалиев, М.Элебаев, А.Османов өлеңдеріненде айқын байқалады. Алыкул Османов Пушкиннің «Евгений Онегин»романынан «Татьянаның хатын», «Онегиннің Татьянаға хатын», Д. Боқонбаев Крылов мысалдарын, М. Ю. Лермонтов пен Гете өлеңдерін аударғаңда да қазақ ақынының аудармашылық үлгі- дәстүрін сақтаған. «Абай аудармаларын пайдалана отырып, қырғыз жазушылары қырғыз әдебиетіңде аударманың жаңа дәстүрін жасады»,-деп жазды Тоқомбаев 1954 ж. жарық көрген «Қазақ елінің Ұлы ақыны» атты кітаптағы «Абайдың жырлары» мақапасында.

Абайдың Ұлы тұлғасы, асқақ поэзиясы екі елдің мәдени дамуына үлкен ықпал етті.

Абай Құнанбайұлы

02 May, 15:28


Ассалаумағалейкум ағайындар!!!
Көптен бері шығарылымдар болмады, кешірім өтінемін(

Абай Құнанбайұлы

11 Jan, 15:54


«Абай мұрасы жайында» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Пікір сайысына құрылған бұл мақаланың 1951 жылы «Лениншіл жас» газетінің 7-санында қысқартылған түрі, ал «Қазақ КСР Ғылым академиясының хабаршысы» журналының 2-санында толық түрі қатар жарияланды. Әуезовтің «Абай Құнанбаев» (1967, 275-289-беттер), 20 томдық шығармалар жинағының 19-томында (1985, 12-27-беттер) жарияланды. Мақаланың жазылуына С.Нұрышевтың «Лениншіл жас» газетінің 1951 жылғы 14 қаңтардағы санында «Абай атындығының алғашқы кезеңі туралы» және «Вестник Академии Наук Казахской ССР» журналындағы «До конца искоренить буржуазно-националистические извращения в изучении творчества Абая» (1951, № 4) деген мақалалары себеп болды. С. Нұрышев Абай шығармаларының Әуезов құрастырып жариялаған толық жинағындағы алғашқы кезеңдегі өлендерін қоспауды және Абай мұрасының Шығысқа қатысын үзілді-кесілді терістеуді кездеді. Мұнда негізінен Абай ақындығының алғашқы кезеңі, яғни жастық шағында жазылған өлеңдері дәлелсіз жоққа шығарылып, ол туралы ертеректе айтылған Әуезовтің пікір танымдары айыпталды. Бұған 1947-1953 жылы Қазақстанда өpic алып, қабындаған саяси-идеологиялық ауа жайылу оқиғалары ықпал етті. Нұрышевтың ұрда-жықсынға құрылған, дау емес, далбайға ұрынған жалалы мақаласы негізінен айыптаушылық мақсатты кездейді. Бұл даулы әрі өрескел мақалаға Әуезов «Абай мұрасы жайында» деген мақаласымен жауап берді. Әуезов бұл мақаласын жазуға алдын ала үлкен даярлық жүргізіп, Абай шығармаларының текстологиялық жағын қайтадан сын көзімен қарап, талдаған. Жазушы архивінде сақталған «Абайдың басылымдары жайында», «Дәлелдер», «Справкалар» деген атпен қағаз бетіне түсірілген өзінің нақтылы, ғылыми дәлелдерін ұсына отырып:
«...Құрғақ күдік ғылымды өсірмейді, ол дәнсіз гүлдей өмірі жоқ, нәсілі жоқ гүл болатынын»
қадай айтқан. Осылайша деректер көзін сұрыптап, оларды жүйелеп, талдау үстіндегі ізденістері мен ой байламдарынан ғалымның зерттеушілік лабораториясының сыры мен сипаты да ашыла тускен. Әуезов архив сөресіндегі шашпа пікірлерінде Мүрсейіт туралы алғаш рет деректі ағым беріп, ол көшірген Абай шығармаларының көшірме нұсқасының дүниеге келуіне Абайдың өзі тікелей себепкер болғанын:
«...Абай жинағы тек 1896 жылы ғана қағазға жиналып, топталатын болған. Ол істі істеген Мүрсейіт емес, Мағауия, Ақылбай, Көкітай,-Көкбайлар. Бұлар алғашқы істі Абайдың өзінің тапсыруымен сол 1896 жылы бастайды»
деп, біздерге беймағлұм көп нәрседен сыр шертеді. Абайдың Көкбай бастаған ақын шәкірттерінің арқасында, солардың Абай өлеңдерін жаттап алуынан ұлы ақын шығармаларының жоғалуға жақын өлең жолдарының үштен бірі қалпына келтірілген. Абай шығармаларының шығысқа қарым-қатысын дәлелсіз терістеген Нұрышевтің көрсорырлық ісін аяусыз әшкерелеген. Сөйтіп алмағайып кезде Абайдың жастық шақтағы өлеңдері мен сол өлең сарынындағы шығыстық белгілері арқылы абайтанудың ғылыми негізде сөз етілмеген соны қырларын аша түскен.

Абай Құнанбайұлы

07 Jan, 15:47


Жақсы дос – білген сырын сыртқа жаймас.

Абай Құнанбайұлы

25 Nov, 04:37


🔥🔥🔥🔥 Абайдың 44 қара сөзі
Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады. Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Оның үшін өзге жолдағылардан «бәрекелдіні» оңды күтпейді. Маған «бәрекелді» десе, осы өзімменен серіктес, сырлас осылар «бәрекелді» дер дейді.
Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына қадір іздеп, сол талапта болады. Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқына қарағанда. Бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл жиіркенетұғын іс. Осыған орай біреу ер атанамын, біреу қажеке атанамын, біреу молдеке атанамын, біреулер білгіш, қу, сұм атанамын деп, сол харекетте жүр. Әрқайсысы қазаққа яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі бұлдамақ та болып, басына «осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген талаппенен қылып жүр. Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп, қазақтың өз бетінен оқып, ізденген талап болмаса, кітап бетінен оқып іздеген талап емес. Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді. Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер, көкіректі тым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап, қайдан оқып, біліп, ұмтылған талап екенін білерсің.

Абай Құнанбайұлы

10 Oct, 10:42


Көптің аузын күзетіп күн көре алмайсың!
🔥🔥🔥🔥 Абай

Абай Құнанбайұлы

08 Sep, 00:44


Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ.
🔥 Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлы

10 Aug, 03:39


10 тамыз - Абай күні құтты болсын!

Абай Құнанбайұлы

10 Aug, 03:38


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады

«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi

Абай Құнанбайұлы

07 Aug, 01:11


Әрнешік тән қуатыменен сырттан тауып, сырттан сақтайсыз, оның аты дәулет еді. Оның да неше түрлі кеселі, кесепаты бар нәрселерін білмесең, сақтай алмаушы едің ғой. Соған ұқсаған іштегі жан қуатыменен жиған нәрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой. Оның да неше түрлі кеселі, кесепаты тиер нәрселері бар. Оны білмесең, бақпасаң - айрыласың. Және әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса - жарамайды. Өлшеуін білмек - бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені болады. Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады.
«Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың» деген. Баз махфи олмая ол, мен айтқан үш қуаттың ішінде екеуі, яғни «сила притягательная однородного» бірлән «подвижной элемент» - бұл екеуі қосылып тұра тұрған нәрсе, күллі пайда да бұлардан шығады, уа күллі зарар да бұлардан шығады. Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған әрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетұғын нәрселер осы екеуінен болады. Бұларды түбегейлеткенде жақсы нәрселерді түбегейлетіп, жаман нәрселерден, яғни жоғарғы айтылмыш секілді адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен бойды ерте тыйып алуға керек. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты ақыл еді ғой. Бір ақыл қуатыбірлән мұны тоқтатып болмайды. Һәм ақыл, һәм қайрат - екі мықты қуат қосылып тоқтатады. Ол екеуі кімде бар болса, бағанағы екі қуаттың екеуі де аз болса, яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі қуаттар - бір басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұра ма, тасқа ұра ма, суға ұра ма, жарға ұра ма - құдай білсін, әйтеуір жолда көрген есті, ақылы дұрыс адамдар әлі де сұрамай да қалады. Сенде ерік жоқ. Екі етек жайылып, екі көзің аспанда, масқара болып кеткенің өлгеніңше.

Абай Құнанбайұлы

07 Aug, 01:10


Біреуі орысша «подвижной элемент» деп аталады. Ол не нәрсе? Не көрдің, не есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпенен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қарамаққа тез қозғап жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге көп оқу оңды пайда да бермейді. Керекті уақытында ойламай, керекті уақытында қылмай, керекті уақытында айтпай, дәйім уақытынан кеш қалып, «Әй, әттеген-ай. Үйтуім екен, бүйтуім екен» деп, өмір бойы ғафил болып-ақ отырғаның.
Біреуін орысша «сила притягательная однородного» дейді. Ол - бір нәрсені естіп, көріп білдің, хош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей, тыншытпайды.
Үшіншісі, орысша «впечатлительность сердца» дейді, яғни жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық - бұл төрт нәрсебірлән кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық рәушан болып түседі. Ондай нәрсе тұла бойыңа жайылады, тез ұмыттырмайды. Егерде бағанағы төрт нәрсемен жүректі кірлетіп алсаң, жүректің айнасы бұзылады, я қисық, я күңгірт көрсетеді. Енді ондай нәрседен оңды ұғым болмайды.

Абай Құнанбайұлы

07 Aug, 01:10


Кейбіреулер айтады: «Ақыл жибили болмаса да, талап - жибили. Талап берген адам ақылды тапты, талабы жоқ кісі таба алмады», -дейді. О да бекер. Талап балада да бар, оған талас қылуға болмайды. Бағана айттық қой, қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескерсе, күтіп айналдырса, зораяды деп. Жан қуатыменен адам хасил кылған өнерлері де күнде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесең, тауып алған өнеріңнің жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың. Қай жоғалған өнер: «ал, мен жоғалдым» деп, хабар беріп жоғалады. Енді қусаң, бағанағы әуелгі табуыңнан қиынырақ тиеді.
Жан қуаты дейтұғын қуат - бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды. Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып, ішке салғанын, соның тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді. Көп заман ескермеген адамнан ол бағанағы өнердің өзінің ең қызықты, қымбатты жерлері жоғала бастайды. Онан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтұғын қуаттың өзі де жоғалады. Онан соң қайта кәсіп қылуға болмайды.
Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар, зинһар, соны жоғалтып алу жарамас, ол жоғалса, адам ұғылы хайуан болды, адамшылықтан шықты.

Абай Құнанбайұлы

07 Aug, 01:10


🔥🔥🔥🔥 Абайдың 43 қара сөзі
Адам ұғылы екі нәрседен: бірі - тән, бірі - жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсиби - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - бұлар - кәсиби. Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек. Ол - жанның жибили қуаты дүр. Бір ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер хасил болып, жаман нәрседен көңілге жаман әсер хасил болу секілді нәрселер. Бұл қуаттар әуелде кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті жоғалмаса да, аз-мәз нәрсе болмаса, үлкен ешнәрсеге жарамайтын болады.
Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол - көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын - бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл харекетке түсінген адамды ақылды дейміз. «Құдай тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейік?» демек, «құдай тағала сеніменен мені бірдей жаратып па?» демек - құдай тағалаға жала жауып, өзін құтқармақ болғандығы. Бұл - ойсыз, өнерсіз надан адамның ісі. Оған құдай тағала көрме, есітпе, көрген, естіген нәрсеңді ескерме, есіңе сақтама деп пе? Ойын-күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен әуре бол да, ішіңдегі қазынаңды жоғалтып, хайуан бол деген жоқ.