Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024 @history_easyubt Channel on Telegram

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

@history_easyubt


Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024 (Kazakh)

Сіздің біліміңізді жаңартқан, Қазақстан тарихына қызығушы бағалармен ұсынылатын Telegram көмекші каналымызға қош келдіңіз!
Бұл канал - "history_easyubt", ҰБТ 2024 тақырыбы туралы жаңа білім алуға көмек көрсету мақсатында жасалған. Бұл каналда Қазақстан тарихымен танымдық жасау мен оқу тәсілдері бойынша топтасып, ұсынылған материалдарды оқып, тақырыптармен байланысты тест сұрауларын шеше аласыз

"history_easyubt" каналымыз ҰБТ 2024 кезінде сіздің сынақтарыңызды жауапқа дайындауға көмек көрсетеді. Сіздің түсінігіңізді тексеру және біліміңізді арттыру мақсатында, каналдағы материалдарды пайдаланыңыз. ҰБТ 2024-ге дейін каналда пайдаланушылармен бірге жаңа жағдайларды жариялап, ақпаратты бөлісу кезінде қатысу үшін туған жұмыстарды алып тастап жатамыз. Тек дербес канала қосылып, жаңа басқа тарих жолында жүру және білім алу кезінде бізбен бірге болыңыз!

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

23 Mar, 18:36


https://www.instagram.com/reel/C4DdNPcsV2F/?igsh=MTk1cWJreHg5MXBsMg==

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

24 Jan, 22:15


Суретте Күлтегін ескерткіші 😍

Атақты түркі қолбасшыларының бірі - Күлтегін. Күлтегін жазуы ежелгі түркі жазба ескерткішінің ғажайып үлгісі саналады 😘

1893 жылы даниялық ғалым В. Томсен Моңғолияда табылған руналық ескерткіштердің құпиясын ашқан 🤓

“Өлімші халықты тірілттім, жалаңаш халық тонды, кедей халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылық қылдым”, - деген Күлтегін 😎

“Түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды төктім, қара терімді ағыздым. Күш-қуатымды аямадым”, - деген Күлтегін 😎

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

22 Jan, 01:25


Суретте Ассамблея жиналысы 👌

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Алматыда өткен Қазақстан халықтарының бірінші форумында ұсынды 🤝

Дайындық жұмыстары аяқталған соң 1995 жылы наурызда - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды 👌

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) - Президент төрағалық ететін консультативті-кеңесші орган 👌

2002 жылы 26 сәуірде ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы бекітілді 👌

2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды 👌

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан айтқандай: “Қазақстан барлық мемлекеттер үшін тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің үлгісі болып табылады”

2010 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанға сапары барысында: “Қазақстан халқы Ассамблеясының қағидаты мен бағыт-бағдары Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс қағидатына толық сәйкес келеді”, - деп айрықша атап өтті 🤝

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

21 Jan, 00:08


Суретте Түрік жауынгері. Түрік қағанаты хронологиясы 552-603 жылдары 👍

568 жылы Түріктің елшісі Маниах Византияға елшілік бастап барды. Византияның елшісі Земарх түріктердің ордасына келді 🤝

Түрік қағанаты территориясы: Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден Иранға (Парсы) дейінгі аймақ 👏🏻

Мұқан қаған түркілердің Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі үстемдігін бекітті 🫰🏻

Иштеми (Істеми) қаған қазіргі Қазақстан, Орта Азия аумағын бағындырып, Еділ мен Солтүстік Кавказға шықты 🫶

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

10 Jan, 20:58


База тақырыбы: Бірінші орыс революциясы және Мемлекеттік Думалар❤️

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

09 Jan, 21:55


База тақырыбы: Ұлттық баспасөздің дамуы және 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Авторлық база 🥰

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

08 Jan, 20:07


1635 жылы Батыр қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды 🤝

1640 жылы жоңғарлар “Далалық жарғы” деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды 🤝

XVII ғасырдың аяғына қарай жоңғарларда “білтелі мылтық” пайда болды. Жоңғарларға зеңбірек құюды швед Иоган Густав Ренат үйретті

“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” шайқасы 1723-1727 жылдары болып өтті. Бұл шайқас Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” дастанында суреттеледі және зарлы жыр “Елім-ай” да баяндалады

1723 жылы көктемде қазақтарға жойқын жорық бастаған Цеван-Рабтан 😏

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

07 Jan, 20:37


1822 жылғы “Сібір қырғыздары туралы Жарғы” Орта жүзде хандық биліктің жойылуы
Жарғының авторы: М.М. Сперанский

Орта жүздің соңғы ханы: Уәли 🐅

1824 жылғы “Орынбор қырғыздары жөніндегі Жарғы” Кіші жүзде хан билігінің жойылуы
Жарғы авторы: П.К. Эссен

Кіші жүздің соңғы ханы: Шерғазы 🐅

1822-1824 жылдардағы уақытша ережелерді бекіткен Ресейдің императоры: I Александр

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

06 Jan, 19:02


Суретте “киіз басу” (күшті сурет иә? 😅)

“Үйге киіздер немесе кілемдер төселеді” деп қазақтардың үйлері жайлы жазған: Георги 😉

“Қой жүнінен жасалған киізден бөлек, жіп те иіреді, оларды түрлі түске бояп, ұзын маталар тоқиды” деп жазған: А. Гейнс 😊

Кілем тоқылу екіге бөлінеді: түкті және түксіз (тықыр) 😘

Кілем даярлаудың өте күрделігіне байланысты “асар” жасалып отырған ☺️

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

06 Jan, 15:18


1921 жылы 8-10 наурызда РК(б)П X сьезінде “жаңа экономикалық саясатқа” көшу туралы шешім қабылданды 😎

ЖЭС-тің мазмұны: 1) жалға алу мен жалдамалы еңбекке рұқсат ету
2) азық-түлік салғыртын, азық-түлік салығымен алмастыру🤝

1921 жылдан бастап “ақша реформасы” жүргізіле бастады 👏🏻

1922 жылдың соңында айналымға орнықты валюта - кеңестік қызыл ақша шығарылды 🫶

1923 жылы пайдалануға берілген Риддер қорғасын зауыты бүкіл одақта өндірілетін қорғасынның 40%-ын берді 🫶

Қарсақпай мыс комбинаты мыс өндіруді 1927 жылы бастады 👏🏻

ЖЭС-тің хронологиясы 1921-1925 жылдары 🤗

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

31 Dec, 08:19


Қайырлы күн, оқушылар🤗

Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын😘

2024 сендер үшін ең берекелі жылдардың қатарынан болсын, 2024 ке қойған арман-мақсаттарың орындала берсін 🤗🤲
Ізгі тілекпен Бердібек ағайларың 😍

Ескерту: бұл канал жаңа жылдық демалыстардан кейін, өз жұмысын қайта бастайды. Қазір демалыс 😅

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

26 Dec, 22:17


Сурет авторы Петр Хлудовтың шәкірті Әбілхан Қастеев 🤗

Бірінші қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев 1934 жылы Мәскеуге жіберіліп, сол жерде кескіндеме шеберлігінде оқыды, орыс реализмінің дәстүрлерін зерделеді 🤗

Әбілхан Қастеев “Алым жинаушы молда”, “Құрғақшылық кезіндегі дұға ету”, “Кәрі байдың құдалығы”, “Амангелді портреті”, “Амангелдінің шабуылы” жұмыстар топтамасын, тамаша пейзаждар салды 🫶

Қастеевтен басқа, О.Таңсықбаев деген суретші болды. Ол “Көш”, “Туған ауылда”, “Таң” картиналарын, Жамбыл туралы картиналар мен композициялар сериясын жасады 👏🏻

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

25 Dec, 21:09


Суретте 1924 жылы “алгебра” оқулығын жазып аяқтаған Қаныш Сәтбаев 😎

1946 жылы құрылған Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті 🫶

Қазақстандағы бірінші жоғары оқу орны Қазақ педагогикалық институты (қазір Абай атындағы Қаз ҰПУ): 1928 жылы Алматыда ашылды 🫶 (1935 жылы Абайдың есімі берілді)

1929 жылы Алматыда “Малдәрігерлік-зоотехникалық” институты ашылды

1930 жылы Алматыда “Ауыршаруашылық” институты ашылды

1931 жылы Алматыда “Медициналық” институт ашылды 🫰🏻

1934 жылы “Тау-кен металлургия” институты (қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) ашылды 👍

1934 жылы республикада бірінші университет С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) құрылды 🤝

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

21 Dec, 21:40


Суретте Алашорда үкіметінің “Торғай бөлімшесінің” басшысы Ахмет Байтұрсынұлы 🥰

Азамат соғысының болуына байланысты Қазақстанда Алашорда үкіметінің үш бөлімшесі құрылды 👍

Семейде Әлихан Бөкейхан басқарған “Шығыс бөлімшесі” 🤗

Батыс Қазақстанда Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер басқарған “Батыс бөлімшесі” 😘

Торғайда А.Байтұрсынұлы басқарған “Торғай бөлімшесі” 🫶

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

21 Dec, 21:33


Суретте “Алаш” автономиясының төрағасы Ә.Бөкейхан 😍

1917 жылы 5-13 желтоқсан күндері Орынбор қаласында II Бүкілқазақтық сьезд болып өтті. Сьезде Алаш автономиясы құрылғандығы жарияланды 🥰

25 адамнан құралған - Алашорда ұлттық кеңесі сайланды 🤗

1918 жылы қаңтарда Алашорда үкіметі кеңес үкіметімен: РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен және РКФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен “Алаш” автономиясын тану туралы келіссөздерді бастады 🤝

1918 жылы 19-20 наурызда Ә.Бөкейхан мен оның орынбасары Х.Ғаббасов В.И.Ленинмен жаңа құрылған “Алаш” қазақ автономиясын тану туралы телеграф арқылы келіссөздер жүргізді 👏🏻

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

20 Dec, 13:58


Эфир басталдыыыы

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

18 Dec, 20:30


Суретте Қызылордадағы алғашқы қазақ театры. Қазіргі Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театры 🇰🇿🤝

Бірінші қазақ театры 1926 жылы Қызылордада құрылды. Режисері Жұмат Шанин. Театрда алғаш қойылған “Еңлік-Кебек” пьесасы. 1937 жылы Қазақ драма театры академиялық театр атағын алды 👏🏻

1938 жылы “Ленфильм” киностудиясының қолдауымен “Амангелді” бірінші дыбыстық фильмі түсірілді 🫶

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

15 Dec, 19:02


Суретте қоныс аударушылар керуені 👍

1881 жылы Қытай мен Ресей империясы арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды 🤝. Ол бойынша ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуға құқықты болды 👍

1897 жылы алғашқы халық санағы болды 🫶

1897 жылы қазақ жеріндегі ұйғырлардың саны 56 мың, дүнгендердің саны 14 мыңға жетті 👍

Ұйғырлар мен дүнгендер негізінен Верный және Жаркент уездеріне орналастырылды 🤝

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

15 Dec, 18:55


Суретте қоныс аударушылар. 1870 жыл 🤫

1861 жылы Ресейде шаруаларды крепостниктік, яғни басыбайлы езгіде ұстау жойылды 👍

1866 жылы Батыс Сібір Бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті 🤝

“Хадоктар” деп: Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары әдетте ең алдымен жерді көріп қайтушыларды атаған

1868 жылы Г.А.Колпаковскийдің басшылығыменен “Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер” жасалды 🤝

1892 жылы Транссібір теміржолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті 👍

Қазақстан тарихы | ҰБТ 2024

15 Dec, 05:48


Суретте Жүсіп Баласағұни 🫶

Жүсіп XI ғасырдың бірінші ширегінде Қарахан мемлекетінің орталығы Баласағұнда дүниеге келді. Араб, парсы тілдерін жетік білді 👌

“Құтты білік” еңбегін жазды. Бұл еңбек түркі тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек болып табылады👏🏻

Жүсіп Баласағұни өз шығармасын қарахандықтар билеушілеріне арнады, осы еңбегі үшін ақынға “бас уәзір” атағы берілді 👍