QFL @kzqfl Channel on Telegram

QFL

@kzqfl


Қазақстан футбол лигасының ресми аккаунты

Официальный аккаунт Казахстанской футбольной лиги

QFL (Kazakh)

QFL - бұл Қазақстан футбол лигасының ресми аккаунты. Осы аккаунт арқылы сіз Казахстан футбол лигасының соңғы жаңалықтары мен оқиғалары туралы хабарлана аласыз. Ол Қазақстандық футбол жұмыстары мен турнирлері үшін оқиғалар ұсынады. Бұл канал арқылы футбол сұрақтарыңызға жауап таба аласыз. Қазақстан футбол лигасы үшін мақсатқа жету үшін бізбен бірге болыңыз!

QFL

14 Jan, 16:51


Итоги заседания Совета Лиги: дата Суперкубка, развитие женского футбола, лимит на легионеров

Сегодня состоялось заседания Совета Лиги, где было обсуждение и принятие решений по ряду актуальных вопросов. Члены Совета утвердили дату и место розыгрыша OLIMPBET QFL Суперкубка Казахстана 2025 года. Матч между чемпионом OLIMPBET QFL Премьер-лиги ФК «Кайрат» и обладателем OLIMPBET QFL Кубка Казахстана ФК «Актобе» состоится 22 февраля на стадионе «Астана Арена» (г. Астана). Также участники заседания обсудили вопросы повышения качества футбольных соревнований и развития женского футбола в стране. Согласно правилам по лицензированию футбольных клубов, в структуре каждого клуба должна быть женская команда, которая примет участие в QFL Женской лиге 2025 года. Отметим, что данные правила утверждены Исполнительным комитетом КФФ в октябре прошлого года.

Кроме того, КФФ совместно с QFL было предложено пересмотреть действующий лимит на иностранных футболистов и включения в заявку на каждую игру минимум двоих игроков моложе 21 года. В частности, предложено ограничение количества легионеров в заявке десятью игроками и возможность включения еще двух иностранных футболистов при условии выплаты по 40 миллионов тенге за каждого дополнительного игрока. Все собранные средства предлагалось направить в специальный призовой фонд, распределяемый среди тех команд, которые набрали наибольшее количество игровых минут на поле для игроков не старше 21 года. Предложения по пересмотру лимита поддержали генеральный секретарь КФФ Саян Хамитжанов и президент ФК «Ордабасы» Асхат Сейсембек. Представители клубов «Актобе», «Кызылжар» и Ertis воздержались, а генеральный директор ФК «Кайрат» Аскар Есимов выступил против. В результате, данные предложения будут вынесены на обсуждение членов Исполнительного комитета КФФ.

Между тем, в составе Совета Лиги произошли изменения. В обновленный состав вошли Ерлан Джамантаев (президент QFL), Михаил Гурман (председатель Совета директоров ФК «Астана»), Николай Панин (директор ФК «Кызылжар»), Асхат Сейсембек (президент ФК «Ордабасы»), Аскар Есимов (генеральный директор ФК «Кайрат»), Санат Шалекенов (председатель правления ФК «Актобе») и Сейтбек Сембаев (директор ФК Ertis).

https://t.me/kzqfl

QFL

14 Jan, 16:49


Лига кеңесінің қорытындысы: Суперкубок уақыты, әйелдер футболының дамуы, легионерлерге лимит

Бүгін Лига кеңесінің отырысы өтіп, бірқатар өзекті сұрақтарға байланысты шешім қабылданды. Кеңестің мүшелері 2025 жылғы OLIMPBET QFL Қазақстан Суперкубогының уақыты мен өтетін жерін белгіледі. OLIMPBET QFL Премьер-лигасының чемпионы «Қайрат» пен OLIMPBET QFL Қазақстан кубогының иегері «Ақтөбе» командаларының арасындағы матч 22 ақпан күні «Астана Арена» (Астана қ.) стадионында өтеді. Сондай-ақ, отырыстың мүшелері еліміздегі футбол турнирлерінің сапасын жоғарлату және әйелдер футболының дамуы жайлы талқылады. Футбол клубтарының лицензиялау ережесіне сәйкес, енді әр клубтың 2025 жылы QFL Әйелдер лигасына қатысатын әйелдер командасы болуы тиіс. Айта кетейік, ҚФФ Атқарушы комитеті аталмыш ережені өткен жылдың қазан айында енгізген еді.

Сонымен қатар ҚФФ QFL-мен бірге шетелдік футболшыларға қатысты лимитті қайта қарап, әр матчтың өтінімінде кемінде 21 жасқа дейінгі екі ойыншы болуы тиіс деген ұсыныс білдірілді. Нақтырақ айтсақ, өтінімде легионерлердің саны 10-нан аспауы керек және қосымша әр шетелдік футболшы үшін 40 миллион теңге төленген жағдайда, тағы екі легионерді қосуға рұқсат. Ал жиналған барлық қаржы арнайы қорға жіберіліп, 21 жасқа дейінгі ойыншыларға жасыл алаңда көп уақыт берген командалар арасында бөлінеді. Лимит бойынша ұсынысты ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов пен «Ордабасы» клубының президенті Асхат Сейсембек қолдады. «Ақтөбе», «Қызылжар» мен Ertis клубтары қалыс қалса, «Қайрат» клубының бас директоры Асқар Есімов қарсы шықты. Нәтижесінде бұл ұсыныс ҚФФ Атқарушы комитеті мүшелерінің кеңесінде талқыланатын болады.

Лига кеңесінің құрамында да бірқатар өзгерістер болды. Жаңартылған құрамға Ерлан Жамантаев (QFL президенті), Михаил Гурман («Астана» ФК директорлар кеңесінің төрағасы), Николай Панин («Қызылжар» ФК директоры), Асхат Сейсембек («Ордабасы» ФК президенті), Асқар Есімов («Қайрат» ФК бас директоры), Санат Шалекенов («Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы), Сейітбек Сембаев (Ertis ФК директоры) енді.

https://t.me/kzqfl

QFL

08 Jan, 12:26


Ерлан Жамантаев QFL президенті қызметіне кірісті

Qazaqstan Football League президенті Лига мүшелерінің жалпы жиналысының сырттай отырысында сайланды. Футбол ұйымының жаңа басшысы Ерлан Жамантаев 30 дауыс жинады. Онымен бәсекеге түскен Айдын Қожахметов 4 дауысқа ие болса, 2 адам дауыс беруден қалыс қалды.

«Құрметті футбол сүйер қауым! Ең алдымен, маған сенім артқан еліміздің футбол клубтарына алғыс айтамын. Қазақстан футбол лигасының президенті болу бұл үлкен жауапкершілік. Осы ретте Қазақстан футбол федерациясы, клубтар, серіктестер, және жанкүйерлермен бірлесіп ел футболының дамуына бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асыратын боламын. Қазақ футболы алға баса берсін. Футболмен бірге болайық!», - деді Ерлан Жамантаев.

_______________________

Ерлан Джамантаев вступил в должность президента QFL

Президент Qazaqstan Football League был избран на заочном заседании общего собрания членов Лиги. Новый глава футбольной организации Ерлан Джамантаев набрал 30 голосов. За кандидатуру Айдына Кожахметова проголосовали 4 члена Лиги, еще двое воздержались от голосования.

«Уважаемые любители футбола! В первую очередь, хочу выразить благодарность футбольным клубам за оказанное доверие. Быть президентом Казахстанской футбольной лиги большая ответственность. Совместно с Казахстанской федерацией футбола, клубами, партнерами и болельщиками буду заниматься реализацией многих проектов, направленных на развитие футбола в стране. Пусть казахстанский футбол идет только вперед!», - сказал Ерлан Джамантаев.

https://t.me/kzqfl

QFL

08 Jan, 08:44


⚡️ Ерлан Жамантаев Qazaqstan Football League президенті болып сайланды

Qazaqstan Football League президенті ретінде Ерлан Жамантаев сайланды. Бұл шешім Лига мүшелерінің жалпы жиналысының сырттай отырысында қабылданды. Дауыс берушілердің көпшілігі 50 жастағы отандық маманның кандидатурасын мақұлдады.

Ерлан Жамантаевтың есімі отандық спортта кеңінен танымал. Ол кезінде кәсіби футболмен айналысып, «Ұшқын-Искра» атты жекеменшік клубтың жетекшісі, бас бапкері болды. Түрлі жылдары жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндеп, Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментін басқарды. 2021-2023 жылдары «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы қызметін атқарып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Осыған дейін 2024 жылы Бірінші лиганың бес дүркін жеңімпазы атанған «Оқжетпес» ФК директоры болды. Сондай-ақ, ол «Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы» қауымдастығының бас хатшысы міндетін атқарады.

QFL Ерлан Айтпайұлының жаңа қызметіне табыс тілейді.

_______________________

⚡️ Ерлан Джамантаев избран президентом Qazaqstan Football League

Президентом Qazaqstan Football League избран Ерлан Джамантаев. Решение принято на заочном заседании общего собрания членов Лиги. Кандидатура 50-летнего отечественного специалиста была поддержана большинством голосов участников заседания.

Имя Ерлана Джамантаева широко известно в казахстанском спорте. Он в прошлом занимался профессиональным футболом, был руководителем и главным тренером частного клуба «Ушкын-Искра». В разные годы возглавлял национальную сборную Казахстана по пляжному футболу и Департамент массового, женского футбола и футзала Казахстанской федерации футбола. С 2021 по 2023 годы занимал должность председателя правления ФК «Актобе», с которым завоевал серебряные медали чемпионата Казахстана. До избрания президентом QFL был директором ФК «Окжетпес», ставшего пятикратным чемпионом Первой лиги. Кроме того, является генеральным секретарем ассоциации «Республиканская лига частных футбольных школ и академий».

QFL желает успехов Ерлану Айтпаевичу на новой должности.

https://t.me/kzqfl

QFL

03 Jan, 08:29


📺 700-ден астам ойын тікелей эфирде

⚽️ Өткен маусымда QFL ойындарының көрсетілімі жаңа деңгейге көшті. Бұл қазақ футболының одан әрі дамуына маңызды қадам болды. 2024 жылы болған өзгерістер туралы толығырақ Qazsport телеарнасы дайындаған бейнематериалда

😉 Жаңа маусымға дайынсыз ба?

https://t.me/kzqfl

QFL

31 Dec, 05:11


🎄Жаңа 2025 жыл құтты болсын!

🙌🏻 QFL барша отандастарымызды келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтайды!

Өткен жыл еліміздегі футболды дамытуға бағытталған өзгерістер мен ауқымды реформаларымен есте қалды. Біз өткен маусымда қолдау танытқан клубтарға, серіктестерімізге, жанкүйерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Алдағы жыл
үлкен жеңістер мен жаңа жетістіктерге толы болады деп сенеміз.

🙌🏻 Qazaqstan Football League барлықтарыңызға 2025 жылы мықты денсаулық, береке мен табыс тілейді!

https://t.me/kzqfl

QFL

30 Dec, 08:18


⚽️ Маусым қорытындысы: «Қайрат»

🟡⚫️ 2024 жылғы OLIMPBET QFL Премьер-лигасының чемпим
ондары алматылық клубтың статистикалық көрсеткіштерін ұсынамыз!

🤔 «Сары-қаралардың» биылғы маусымына қандай баға бересіз?

https://t.me/kzqfl

QFL

29 Dec, 14:49


⚽️ Маусым қорытындысы: «Оқжетпес»

🔵 2024 жылғы 1XBET QFL Бірінші лигасының чемпиондары көкшетаулық клубтың статистикалық көрсеткіштерін ұсынамыз!

🤔 «Оқжетпестің» биылғы маусымына қандай баға бересіз?

https://t.me/kzqfl

QFL

29 Dec, 07:03


🔥⚽️ Жасурбек Яхшибоев - Олег Литвиненко атындағы номинация иегері

Qazaqstan Football Leaguе OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы үздік гол авторын назарларыңызға ұсынады. Литвиненко Олег Федорович атындағы номинацияға «Ордабасы»клубының футболшысы Жасурбек Яхшибоев лайық деп танылды. Үздік гол иесін QFL-дің Telegram-арнасының оқырмандары дауыс беру арқылы анықтады.

27 жастағы шабуылшы осы маусымда 17 ойында алаңға шығып, 9 гол соқты. Оның OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 21-турында «Астана» клубының қақпасына салған екінші голы маусымдағы ең үздік болды. Ол «Ордабасымен» бірге турнирде 4-орынға тұрақтап, маусымның ТОП-5 сұрмергендерінің қатарына кірді.

🙌🏻 QFL Жасурбек Яхшибоевты құттықтап, табыс тілейді!

https://t.me/kzqfl

QFL

28 Dec, 11:00


⚽️ Маусым қорытындысы: «Ұлытау»

🔵 2024 жылғы 1XBET QFL Бірінші лигасында 2-орын алған жезқазғандық клубтың статистикалық көрсеткіштерін ұсынамыз!

🤔 «Ұлытаудың» биылғы маусымына қандай баға бересіз?

QFL

27 Dec, 12:22


⚽️ Маусым қорытындысы: «Астана»

🔵 2024 жылғы OLIMPBET QFL Премьер-лигасында 2-орын алған елордалық клубтың статистикалық көрсеткіштерін ұсынамыз!

🤔 «Астананың» биылғы маусымына қандай баға бересіз?

QFL

27 Dec, 08:40


🥇 Ислам Чесноков - Тимур Сегізбаев атындағы номинация иегері

Qazaqstan Football League OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы үздік ойыншыны назарларыңызға ұсынады. Сегізбаев Тимур Санжарұлы атындағы номинацияға «Тобыл»клубының футболшысы Ислам Чесноков лайық деп танылды. Үздік ойыншы турнирге қатысқан клубтардың капитаны мен бапкерлері дауыс беру арқылы анықтады.

⚽️ 25 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда 10 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Ол 75 сәтті дриблинг жасап, 8 кілттік пас (хG - 7.06) шығарды. Ислам осы маусымда үш мәрте айдың үздік ойыншысы ретінде танылып, OLIMPBET QFL Премьер-лигасында үздік сұрмерген атанды.

🙌🏻 QFL Ислам Чесноковты құттықтап, табыс тілейді!

QFL

26 Dec, 12:58


Ромеро 🆚 Яхшибоев

QFL

26 Dec, 12:58


⚽️⚡️ Маусымның үздік голы: Ромеро 🆚 Яхшибоев

OLIMPBET QFL Премьер-лигасы 2024 жылғы маусымының үздік голын бірге анықтайық. Ол үшін төмендегі дауыс беруге қатысыңыз

🔴 «Ақтөбе» шабуылшысы Дорни Ромероның «Жеңіс» қақпасына соққан голы мен 🔵 «Ордабасының» сұрмергені Жасурбек Яхшибоевтың «Астана» қақпасына айып добынан соққан голы финалда бақ сынайды

QFL

26 Dec, 12:18


⚽️ Маусым қорытындысы: «Каспий»

🔵 2024 жылғы 1XBET QFL Бірінші лигасында 3-орын алған ақтаулық клубтың статистикалық көрсеткіштерін ұсынамыз!

🤔 «Каспийдің» биылғы маусымына қандай баға бересіз?

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Dec, 07:23


Григорий Бабаян - Леонид Остроушко атындағы номинация иегері

Qazaqstan Football League OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы үздік бапкерді назарларыңызға ұсынады. Остроушко Леонид Константинович атындағы номинацияға «Астана»клубының жаттықтырушысы Григорий Бабаян лайық деп танылды. Үздік бапкерді турнирге қатысқан клубтардың бапкерлері дауыс беру арқылы анықтады.

⚽️ 44 жастағы отандық маманның баптауымен «Астана» клубы OLIMPBET QFL Премьер-лигасының күміс жүлдесін иеленді. Елордалық команда 14 мәрте жеңіске жетіп, қарсылас қақпасына 39 гол соқты және ең аз 19 гол өткізді. Клуб Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, сондай-ақ Бабаян қыркүйек айының үздік бапкері атанған болатын.

🙌🏻 QFL Григорий Бабаянды құттықтап, табыс тілейді!

https://t.me/kzqfl

QFL

29 Nov, 08:01


⭐️🏆 OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы үздіктер құрамы

Қақпашы:

😀 Егор Хаткевич

22 ойынға қатысып, 18 ғана гол жіберді. Бұл қақпашылардың арасындағы ең үздік көрсеткіш. 41 соққыны қайтарды.

Сол қапталдағы қорғаушы:

😀 Ян Вороговский

2 гол соқты. 3 гол соғатын мүмкіндікке ие болды. 40 сәтті дриблинг жасады. Алдыңғы шепке 493 дәл пас асырып, төртінші орынға тұрақтады.

Орталық қорғаушы:

😀 Әлібек Қасым

4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Бұл орталық қорғаушылардың арасындағы ең үздік көрсеткіш. Қақпаға 38 соққы бағыттады. Соққыға ыңғайлы 17 пас шығарды. 243 мәрте допқа сәтті таласты.

Оң қапталдағы қорғаушы:

😀 Еркін Тапалов

2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. 7 гол соғатын мүмкіндікке ие болды. Бұл оң қапталдағы қорғаушылардың арасындағы ең үздік көрсеткіш. Қақпаға 21 соққы бағыттады.

Жартылай қорғаушы:

😀 Ахмед Эль-Мессауди

4 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Алдыңғы шепке 349 дәл пас асырып, екінші орынға тұрақтады. Соққыға ыңғайлы 36 пас шығарды.

Жартылай қорғаушы:

😀 Никита Корзун

7 гол соқты. Ол гол соққан 5 матчта команда жеңіске жетіп, 1 мәрте тең түскен. Дәл пас беру көрсеткіші 81 пайызды құрайды. Алдыңғы шепке 200 дәл пас асырды. 209 мәрте допқа сәтті таласты.

Жартылай қорғаушы:

😀 Гиорги Зариа

6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Ең көп 12 кілттік пас берді. Жартылай қорғаушылардың арасынан қақпаға 45 соққы жасап, ТОП-3 футболшының қатарына енді. 51 сәтті дриблинг жасады.

Оң қапталдағы жартылай қорғаушы:

😀 Марин Томасов

6 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Алдыңғы шепке 307 дәл пас асырды. Соққыға ыңғайлы 26 пас берді. 134 мәрте допқа сәтті таласты. 34 сәтті дриблинг жасады.

Шабуылшы:

😀 Ислам Чесноков

Маусымда 10 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Гол соғу мүмкіндігі: xG - 7.06. 75 сәтті дриблинг жасады. 8 кілттік пас берді.

Шабуылшы:

😀 Жоао Пауло

Маусымда 10 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Ең көп 38 гол соғатын мүмкіндікке ие болды. Гол соғу мүмкіндігі: xG - 11.40. Қарсылас қақпасына ең көп 43 тура соққы бағыттады. 30 сәтті дриблинг жасады.

Шабуылшы:

😀 Николай Сигневич

Маусымда 10 гол соғып, үздік сұрмергендердің қатарына кірді. Қақпаға небәрі 19 тура соққы жасаған. Гол соғу мүмкіндігі: xG - 5.77

https://t.me/kzqfl

QFL

28 Nov, 17:26


🤝 Алматыдағы кездесу тең аяқталды

😀 «Астана» 1:1 «Витория Гимарайнш» 🇵🇹
1:0 - Бранимир Калаица 40’
1:1 - Хесус Рамирес 89’

Келесі ойынды «Астана» үйде англиялық «Челси» командасын қабылдайды.

https://t.me/kzqfl

QFL

28 Nov, 14:59


⭐️ QFL Екінші лигасының маусымындағы үздіктер анықталды

Qazaqstan Football League назарларыңызға 2024 жылдың маусымының қорытындысы бойынша, QFL Екінші лигасының үздік ойыншылары мен бапкерлерін ұсынады. 24 команданың қатысуымен өткен турнир екі конференцияға бөлініп, 9 сәуір мен 1 қазан аралығында өтті. «Оңтүстік-Батыс» конференциясында AKAS клубы чемпион атанса, «Солтүстік-Шығыс» конференциясында «Ертіс» командасы топ жарды.

«Оңтүстік-Батыс» конференциясында маусымның үздік футболшысы ретінде AKAS клубының 37 жастағы шабуылшысы Сергей Гридин танылды. Ол 20 ойынға қатысып, 20 гол соқты. Сондай-ақ, Гридин төрт мәрте айдың үздік ойыншысы атанып, турнирдің үздік сұрмергені атағын жеңіп алды. Ал оның клубы мерзімінен бұрын алтын медальға ие болып, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының жолдамасын қанжығасына байлады.

«Маусымның үздік бапкері» номинациясын «Оңтүстік-Батыс» конференциясында «Жас Қыран» клубының жаттықтырушысы Асхат Қадырқұловқа бұйырды. 50 жастағы маманның баптауымен алматылық клуб 45 ұпай жинап, турнирдің күміс жүлдесін алды. Осы маусымда «Жас Қыран» ұжымы 14 жеңіс, 3 тең көрсеткішке қол жеткізіп, қарсылас қақпасына 45 гол соқты. Айта кетейік, Қадырқұлов екі мәрте айдың үздігі ретінде танылған еді.

«Солтүстік-Шығыс» конференциясында маусымның үздік футболшысы атағын «Ертіс» командасының ойыншысы Арман Смайылов иелік етті. 27 жастағы шабуылшы 20 ойынға қатысып, 19 гол соқты. Сонымен қатар, Смайылов екі рет айдың үздік ойыншысы атанып, өз конференциясында үздік сұрмерген болды. Нәтижесінде «Ертіс» чемпион атанып, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасының екінші жолдамасын алды.

«Маусымның үздік бапкері» номинациясын «Солтүстік-Шығыс» конференциясында «Шахтер Ж» командасының бас бапкері Максим Самченкоға бұйырды. 45 жастағы маманның тізгіндеуімкн «кеншілердің» жастар командасы 55 ұпай жинап, турнирдің күміс медалін жеңіп алды. Қарағандылықтар осы маусымда 17 жеңіс, 4 тең көрсеткішке қол жеткізіп, қарсылас қақпасына 56 гол соқты. Айта кетейік, Самченко үш мәрте айдың үздігі ретінде танылған еді.

🙌 QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!

https://t.me/kzqfl

QFL

28 Nov, 08:33


2024 жылғы маусым қалай өтті?

🤔 1XBET QFL Бірінші лигасының командалары мен ойыншыларының маусымдағы статистикалық көрсеткіштерін білгіңіз келе ме?

Қай командаға талдау жасайық?

https://t.me/kzqfl

QFL

28 Nov, 06:33


🇰🇿 😀 Сәттілік!

⚔️ Бүгін елордалық «Астана» Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турында «Витория Гимарайнш» командасымен күш сынасады. Бұл маңызды кездесуде біздің қолдауымыз қажет!

🗓 Бүгін
🏟 Орталық стадион, Алматы
20:30
📺 Qazsport

🙌 «Астанаға» бірге жанкүйер болайық!

https://t.me/kzqfl

QFL

27 Nov, 07:49


🏆2024 жылғы маусым қорытындысы

😉 Биылғы футбол маусымы аяқталды. Алайда, командалар мен ойыншылардың маусымдағы статистикалық көрсеткіштері жанкүйерлерге қызық деп ойлаймызэ

Сол орайда қай командаға талдау жасайық?

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Nov, 12:21


Қазақстан футбол федерациясы ауқымды ALAŇ жобасын одан әрі жүзеге асуын жалғастырады.

🔥2025 жылы тағы 7 халықаралық талаптарға сай жаңа футбол алаңдары қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Футбол алаңдарын реновациялауға бюджеттің қаржысы жұмсалмайды. 

🔗 Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар

QFL

26 Nov, 12:01


🇰🇿 Отандық клубтарға сәттілік тілейміз!

УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде өнер көрсететін - «Семей» мен «Қайрат» футзал клубтарына сәттілік тілейміз!

📍Айта кетейік, «Семей» «D» тобында, ал «Қайрат» «В» тобында күш сынасады.
Төрттік финалға әр топтан тек бір ұжым ғана шығады.

🗓 Назарларыңызға «Семей» ФК ойындар кестесін ұсынамыз:

27.11, 23:30 - 🇰🇿«Семей» 🆚 «Пальма» 🇪🇸
28.11, 20:30 - 🇰🇿«Семей» 🆚 «Рекорд»🇵🇱
30.11, 20:30 - 🇸🇰«Лученец» 🆚 «Семей» 🇰🇿
__________________________________

🗓 «Қайрат» ФК ойындар кестесі:

27.11, 00:30 - 🇰🇿 «Қайрат» 🆚 «Этуаль» 🇫🇷
28.11, 21:30 - 🇭🇷 «Олмиссум» 🆚 «Қайрат» 🇰🇿
30.11, 00:30 - 🇰🇿 «Қайрат» 🆚 «Динамо» 🇭🇷

🙌 Ойыншыларымызға жақсы ойнап, келесі кезеңге өтуін тілейміз!

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Nov, 07:52


🏆 OLIMPBET QFL Премьер-лигасы: Биылғы маусым қалай өтті?

➡️ Бір апта бұрын OLIMPBET QFL Премьер-лигасының биылғы маусымы мәресіне жетті. Алматылық «Қайрат» клубы 47 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Шиеленіске толы футболдан басты турнирдің маусымы туралы қызықты жайттармен бөлісеміз.

- Турнир 1 наурыз бен 10 қараша аралығында ұйымдастырылды. Чемпион және еурокубокқа барлық жолдама иегерлері тек соңғы 26-шы турда анықталды. Алматылық «Қайрат» клубы өз тарихында төртінші мәрте ел чемпионы атанды.

- Маусым барысында «Ордабасы» (11 рет), «Ақтөбе» (6 рет), «Тобыл» (3 рет), «Қайрат» (3 рет), «Астана» (2 рет), «Елімай» (1 рет) турнир кестесінде көш бастады.

🔗 Толығырақ QFL.KZ сайтында

https://t.me/kzqfl

QFL

25 Nov, 14:38


🏆 2024 жылғы жеңімпаздар!

😀OLIMPBET QFL Премьер-лига чемпионы - «Қайрат» ФК.

😀 1XBET QFL Бірінші лига чемпионы - «Оқжетпес» ФК

😀 QFL Екінші лига. Солтүстік-Шығыс конференциясы - «Ертіс» ФК.

😀QFL Екінші лига. Оңтүстік-Батыс конференциясы - AKAS ФК.

😀OLIMPBET-Қазақстан суперкубогы - «Тобыл» ФК.

😀 OLIMPBET QFL Қазақстан кубогы - «Ақтөбе» ФК.

😀 1XBET QFL Лига кубогы - «Астана» ФК.

QFL Әйелдер лигасы мен QFL Әйелдер кубогы - «БИІК Шымкент» ӘФК.

👏 Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, тартысты маусым үшін алғыс білдіреміз!

https://t.me/kzqfl

QFL

25 Nov, 11:21


⚡️ 🤔 «Астананың» рекорды, автокөлік ұтысы, жаңа форматтағы трансляция - 1ХВЕТ QFL Лига кубогының финалы қалай өтті?

🏆 23 қараша күні Түркістан қаласында 1ХВЕТ QFL Лига кубогының 2024 жылғы бәсекесі аяқталды. «Түркістан Арена» стадионында өткен финалдық матчта «Астана» клубы экстра-таймда «Жеңісті» 0:2 есебімен жеңді. Осылайша, Григорий Бабаянның шәкірттері өз тарихындағы 17-ші кубоктарына қол жеткізіп, отандық футбол тарихында рекордсмен атанды.

💵 Жаңа турнир жалпы жүлде қоры бойынша рекордтық 1 миллион долларды құрауымен де есте қалды. «Астана» кубоктан бөлек, 90 миллион теңге иеленді. Ал жалпы турнирге қатысқаны үшін, 129 миллион теңге табыс тапты. Өз кезегінде бас серіктес күміс жүлдегер «Жеңіс» клубына 50 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

🔗 Толығырақ QFL.KZ сайтында

https://t.me/kzqfl

QFL

18 Nov, 12:34


🏆 1XBET QFL Лига Кубогының финалына 5 күн қалды!

Түркістан қаласындағы «Жеңіс» пен «Астана» клубтары арасындағы 1XBET QFL Лига Кубогының финалына 5 күн қалды!

🔥 Жалпы жүлде қоры рекордтық 1 миллион долларды құрайтын жаңа кубоктың иегері «Түркістан Арена» стадионында анықталады. Матч 23 қараша күні сағат 15:00-де өтеді.

📺 Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары және Q Football мобильді қосымшасы ұсынады.

https://t.me/kzqfl

QFL

18 Nov, 09:52


⚽️🏆 Жанкүйерлердің қолдауымен есте қалған маусым!

🔥 OLIMPBET QFL Премьер-лигасының ойындарын осы маусымда 674 770 жанкүйер тамашалады.

Ал 20 сәуір күні Алматының Орталық стадионында «Қайрат» - «Ақтөбе» матчын ел чемпионатының тарихындағы рекордтық 22 804 жанкүйер тамашалады.

🙌 Алдағы маусымда бұл көрсеткіштің жақсаратынына сеніміміз мол!

https://t.me/kzqfl

QFL

18 Nov, 06:03


ҚФФ ALAÑ жобасы аясында Атбасар мен Саранда жаңа алаң салып берді

💪Ауқымды жұмыстар Атбасардағы «Локомотив» пен Саран қаласындағы «Сұңқар» стадиондарында жүргізілді.

Қос ашылу салтанатына облыс әкімшілігінің басшылары, Қазақстан футбол федерациясының өкілдері мен жоба демеушілері қатысты. Сонымен қатар іс-шарада жобаның амбассадоры, аңыз футболшы Самат Смақов балалармен ашық жаттығу өткізіп, қолтаңба берді.

📹 Толығырақ «ALAÑ» YouTube-арнасында

QFL

17 Nov, 14:36


🏆⭐️ OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 26-шы турының үздіктер құрамы

Қақпашы:

😀 Степан Сикач

Осы турда 5 соққы қайтарды. Команда жеңіске жетті. Гол жібермеді.

Орталық қорғаушы:

😀 Мәди Хасейн

Жеңіс голын соқты. 36 мәрте допты кері қайтарды. 8 мәрте алдыңғы шепке дәл пас берді. Ең көп 18 рет допқа сәтті таласты.

Орталық қорғаушы:

😀 Темірлан Ерланов

1 гол соқты. 26 мәрте допты кері қайтарды. 8 мәрте алдыңғы шепке дәл пас берді. 7 рет допқа сәтті таласты. 8 рет қарсыластан допты тартып алды.

Орталық қорғаушы:

😀 Игорь Пластун

1 гол соқты. Ең көп 32 мәрте допты кері қайтарды. Ең көп 19 рет допқа сәтті таласты.
8 мәрте допты қарсыластан тартып алды.

Орталық қорғаушы:

😀 Карло Бартолец

1 гол соқты. 11 мәрте алдыңғы шепке дәл пас берді. 3 рет допқа таласты сәтті жүргізді.

Жартылай қорғаушы:

😀 Гиорги Зариа

Жеңіс голын соқты. 2 соққы жасады. 13 мәрте допты кері қайтарды. 15 мәрте допқа сәтті таласты. Алдыңғы шепке 10 дәл пас берді. 7 сәтті дриблингтің авторы.

Жартылай қорғаушы:

😀 Назми Грипши

1 гол соқты. Алдыңғы шепке 11 пас берді. 3 сәтті дриблингтің авторы. 9 мәрте допты кері қайтарды.

Жартылай қорғаушы:

😀 Уче Агбо

1 гол соқты. 3 соққы жасады. Алдыңғы шепке 22 дәл пас асырды. 22 мәрте допты кері қайтарды. Соққыға 4 ыңғайлы пас шығарды. Ең көп 12 рет допқа сәтті таласты.

Жартылай қорғаушы:

😀 Асхат Тағыберген

1 нәтижелі пас берді. 4 соққы жасады. Алдыңғы шепке 17 мәрте дәл пас берді. 5 мәрте допқа сәтті таласты.

Шабуылшы:

😀 Усман Камара

3 нәтижелі пас берді. 2 мәрте қарсылас қақпасына соққы жасады. Алдыңғы шепке 9 мәрте дәл пас берді. Соққыға 3 ыңғайлы пас шығарды.

Шабуылшы:

😀 Василий Совпель

Дубль авторы атанды. 2 мәрте қарсылас қақпасына соққы жасады.

https://t.me/kzqfl

QFL

17 Nov, 12:12


🏆 OLIMPBET QFL Премьер-лигасы: Биылғы маусым қалай өтті?

Бір апта бұрын OLIMPBET QFL Премьер-лигасының биылғы маусымы мәресіне жетті. Алматылық «Қайрат» клубы 47 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Шиеленіске толы футболдан басты турнирдің маусымы туралы қызықты жайттармен бөлісеміз.

🔗 Толығырақ QFL.KZ сайтында

https://t.me/kzqfl

QFL

17 Nov, 09:38


📊🏆 Өзара кездесулер тарихы

⚔️ Елордалық «Жеңіс» пен «Астананың» жеке кездесулердегі тарихына тоқталайық

🏟️ «Түркістан аренадағы» ойын кімнің пайдасына аяқталар екен?

https://t.me/kzqfl

QFL

17 Nov, 07:23


🇰🇿 Алға, Қазақстан!

Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасы аясында сырт алаңда Норвегия құрамасымен айқасқа түспек.

💪 Футболшыларымызға бүгінгі ойында тек сәттілік тілейміз!

🏟️ Уллевол, Осло
22:00
📺 Qazsport

🙌 Ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық!

https://t.me/kzqfl

QFL

16 Nov, 15:47


🎁 1ХВЕТ QFL Лига кубогының финалында автокөлік ойнатылады: жанкүйерлерді Түркістанда не күтеді?

Тура бір аптадан соң, «Түркістан Арена» стадионында 1ХВЕТ QFL Лига кубогының жеңімпазы анықталады. Кубокты «Жеңіс» пен «Астана» клубтары сарапқа салады. Финалдағы елордалық дерби 23 қараша күні, сағат 15:00-де басталады.

🏆 Қазақстанның 16 клубының қатысуымен өтетін жаңа турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды. Кубок иегері 90 миллион теңгені қанжығасына байласа, күміс жүлдегер 50 миллион теңгеге ие болады. Турнир қорытындысы бойынша, 1ХВЕТ QFL Лига кубогының чемпионы өз қаржысын 129 миллион теңгеге дейін көбейте алады.

Турнир жанкүйерлердің арасында үлкен қызығушылық тудырды. Матчтарға 93 мыңңаң астам жанкүйер жиналды. Маусымдағы соңғы ойынды осы жылы түркі әлемінің туристік астанасы ретінде жарияланған Түркістан қаласы қабылдайды. Ойын жеті мыңдық көрерменге арналған «Түркістан Аренада» өтеді. Бұл стадион бұған дейін 2021 жылы футболдан Қазақстан Суперкубогын қабылдаған.

🎤 Айта кетейік, матчқа кіру тегін. Сондай-ақ, турнирдің бас серіктесі 1ХВЕТ компаниясы жанкүйерлер үшін нағыз футбол мерекесін дайындады. Көрермендерді стадион аймағында түрлі белсенділік аймақтары, танымал жүргізуші Әділет Бисариевтің интерактиві, диджей, хедлайнер HIRO-дың туындылары күтеді. Ал басты сыйлық - Chery Tiggo 4 Pro автокөлігінің ұтысы.

Финалға бара алмаған отандық футболдың жанкүйерлері ойынды Qazsport телеарнасы арқылы тікелей эфирден тамашалай алады. Сонымен қатар матч QFootball.kz, QFL.KZ сайттары мен Q Football мобильді қосымшасынан көрсетіледі. Ресми хабар таратушы жанкүйерлерге жоғары сападағы трансляция, live-статистика, «Жеңіс» - «Астана» клубтарының кездесуіне дейін және матчтан кейін сарапшылардың қатысуымен «Орталық матч» арнайы шығарылым бағдарламасын ұсынады.

❗️ 1ХВЕТ QFL Лига кубогының финалын жіберіп алмай, өзекті ақпараттарды QFL мен 1ХВЕТ әлеуметтік парақшасынан қадағалап отырыңыздар.

https://t.me/kzqfl

QFL

16 Nov, 11:10


🤔🏆 1XBET QFL Лига Кубогы кімге бұйырады?

📊 Алдағы финалдың қатысушылары «Жеңіс» пен «Астананың» статистикалық көрсеткіштерін ұсынамыз

⚔️ Елордалық дербидің тартысқа толы болатыны сөзсіз! Кімге жанкүйерсіз? ⬇️

https://t.me/kzqfl

QFL

15 Nov, 10:38


🏆 1XBET QFL Лига кубогы: Финалдағы үздік ойыншылар

🟡 Жаңа турнирдің финалында өнер көрсететін «Астана» командасының көшбасшылары, жартылай қорғаушы Марин Томасов пен шабуылшы Джеффри Чинеду статистикалық көрсеткіштері!

Футболшылардың ойыны ұнай ма? Финалда нәтижелі әрекеттерімен көзге түседі деп ойлайсыз ба? 🤔⬇️

https://t.me/kzqfl

QFL

15 Nov, 07:56


🏆 1XBET QFL Лига кубогы: Финалдағы үздік ойыншылар

🟡 Жаңа турнирдің финалында өнер көрсететін «Жеңіс» командасының көшбасшылары, қорғаушы Марин Беланчич пен шабуылшы Гиорги Панцулаяның статистикалық көрсеткіштері!

Футболшылардың ойыны ұнай ма? Финалда нәтижелі әрекеттерімен көзге түседі деп ойлайсыз ба? 🤔⬇️

https://t.me/kzqfl

QFL

15 Nov, 07:37


🔥ҚФФ Қызылорданың орталық стадионында жаңа алаң салып берді
 
🤝ALAÑ жобасы аясында тағы бір жаңа алаң қолданысқа берілді. Кезекті ауқымды жұмыс Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионында жүргізілді.
 
Салтанатты ашылуға облыс әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан футбол федерациясының басшылығы, ұлттық құраманың ойыншылары, спорт журналистері мен жоба демеушілері қатысты. Сонымен қатар іс-шарада жобаның амбассадорлары - ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов пен аңыз футболшы Самат Смақов балалармен ашық жаттығу өткізіп, қолтаңба берді.

📹 Толығырақ ALAÑ YouTube арнасында

QFL

14 Nov, 14:31


🏟️ Түркістандағы «Елордалық дерби»

🗓 1XBET QFL Лига кубогының иегері 23 қараша күні «Түркістан Аренада» белгілі болады. Жаңа кубок пен 90 миллион теңгені «Жеңіс» пен «Астана» клубтары сарапқа салады. Акис Вавалис шәкірттері «Тобыл», «Қайсар» және «Қайрат» клубтарын қапы қалдырып, турнирдің бас сенсациясы атанды. Шешуші ойынның қарсанында клубтың бас бапкері QFL.KZ сайтына сұхбат берді.

🔗 Толығырақ QFL.KZ сайтында

📌 Айта кетейік, «Жеңіс» пен «Астана» арасындағы 1XBET QFL Лига кубогының финалы 23 қараша күні сағат 15:00-де «Түркістан Арена» стадионында өтеді.

❗️ Матчқа кіру тегін, ал бас серіктес атынан жанкүйерлерді автокөлік ұтысы және арнайы ойын-сауық бағдардамасы күтуде. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары және Q Football мобильді қосымшасы ұсынады.

https://t.me/kzqfl

QFL

14 Nov, 11:59


🏟️ Түркістандағы 1ХВЕТ QFL Лига кубогының финалы! Кіру тегін!

⚔️ Түркістан жерінде маусымның қорытынды кездесуі 1ХВЕТ QFL Лига кубогының финалы аясында «Жеңіс» пен «Астана» айқасқа түспек.
Жалпы жүлде қоры рекордтық 1 миллион долларды құрайтын жаңа кубоктың иегері «Түркістан Арена» стадионында анықталады. Матч 23 қараша күні сағат 15:00-де өтеді.

🔥 Осы орайда QFL және турнирдің бас серіктесі 1XBET компаниясы футбол жанкүйерлеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырады.

🚘 Сондай-ақ автокөлік ұтысын жіберіп алмаңыздар! Серіктестеріміз орналасқан арнайы аймақтарға барып, өз бағыңызды сынап көріңіз.

⭐️ Ал футбол мерекесінің бас қонағы - HIRO жанкүйерлерге арнап хит әндерін шырқамақ!

Ойынға кіру ТЕГІН! Алайда, матчқа 1,5-2 сағат бұрын келулеріңізді сұраймыз 😉

⚽️📺 Финалдық ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары және Q Football мобильді қосымшасы ұсынады.

😉⬇️ Жаңа турнирдің тарихына алғашқы жеңімпаз болып кім енеді екен?

🏟️ Финал 1XBET QFL Кубка Лиги в Туркестане! Вход свободный!

⚔️ В Туркестане состоится заключительный матч сезона — финал 1XBET QFL Кубка Лиги, в котором встретятся «Женис» и «Астана». Обладатель нового трофея с рекордным общим призовым фондом в 1 миллион долларов определится на стадионе «Туркестан Арена». Матч пройдет 23 ноября в 15:00.

🔥 В честь этого события QFL и титульный партнер турнира компания 1XBET организуют праздничное мероприятие для всех любителей футбола.

🚘 Не упустите шанс выиграть автомобиль! Посетите специальные зоны, организованные нашими партнерами, и попробуйте свою удачу.

⭐️ Главный гость футбольного праздника — HIRO, который исполнит свои самые популярные хиты для болельщиков!

Вход на матч СВОБОДНЫЙ! Но мы просим вас прибыть на стадион за 1,5–2 часа до начала матча 😉

⚽️📺 Прямую трансляцию финального матча вы сможете увидеть на телеканале Qazsport, а также на сайтах QFootball.kz, QFL.KZ и в мобильном приложении Q Football.

😉⬇️ Кто станет первым победителем нового турнира и впишет свое имя в историю?

https://t.me/kzqfl

QFL

14 Nov, 09:57


🇰🇿 Алға, Қазақстан!

Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасы аясында Алматыда Аустрия құрамасын қабылдайды.

💪 Футболшыларымызға бүгінгі ойында тек сәттілік тілейміз!

🏟️ Орталық стадион, Алматы
20:00
📺 Qazsport

🙌 Ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық!

https://t.me/kzqfl

QFL

14 Nov, 06:19


ALAÑ жобасы аясында Саран қаласында кезекті алаң қолданысқа берілді

🤝Алаңдарды қайта өңдеу бойынша Саран қаласындағы «Сұңқар» стадионының алаңы қайта өңдеуден өтті. Мерекелік іс-шарада жобаның амбассадоры - ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов балалармен ашық жаттығу өткізіп, қолтаңба беріп, шеберлігімен бөлісті

📌Айта кетейік, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңартатын «ALAÑ» бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы. Негізгі мақсат - футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.

QFL

13 Nov, 13:34


🏆 1XBET QFL Лига кубогының финалына 1️⃣0️⃣ күн қалды!

Түркістан қаласындағы «Жеңіс» пен «Астана» клубтары арасындағы 1ХВЕТ QFL Лига кубогының финалына тура 10 күн қалды!

🔥 Жалпы жүлде қоры рекордтық 1 миллион долларды құрайтын жаңа кубоктың иегері «Түркістан Арена» стадионында анықталады. Матч 23 қараша күні сағат 15:00-де өтеді.

❗️ Айта кетейік, турнирдің басты серіктесі - 1ХВЕТ букмекерлік компаниясы. Кубок иегері 90 миллион теңге сыйақы алса, финалиске 50 миллион теңге сыйақы табысталады. Матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары және Q Football мобильді қосымшасы ұсынады.

https://t.me/kzqfl

QFL

13 Nov, 11:03


1XBET QFL Лига кубогының финалына БАҚ аккредитациясы басталды

⚽️Qazaqstan Football League 1ХВЕТ QFL Лига кубогының финалында ақпарат тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдарына аккредитацияға тіркелу басталғанын хабарлайды. «Жеңіс» пен «Астана» арасындағы матч 23 қараша күні сағат 15:00-де Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді. Айта кетейік, рекордтық жалпы жүлде қоры бар турнирдің басты серіктесі – 1ХВЕТ букмекерлік компаниясы.
Аккредитацияға өтінішті Stories-тегі сілтеме арқылы толтыра аласыз. Өтініштер 2024 жылдың 20 қарашасы сағат 10:00-ге дейін (Қазақстан уақыты бойынша) қабылданады. Осы орайда белгіленген мерзімнен кейін толтырылған және дұрыс емес толтырылған өтініштер қабылданбайтындығын ескертеміз. Аккредитациядан өткеніңіз жайлы қосымша ақпарат сіздің электронды жәшігіңізге жолданады.

🗓️1ХВЕТ QFL Лига кубогы финалының медиа жоспары:

22 қараша, 2024 жыл
14:30 - 15:00 «Жеңіс» клубының бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты
15:00 - 16:00 «Жеңіс» клубының жаттығуы (бастапқы 15 минут БАҚ өкілдері үшін ашық болады)
15:30 - 16:00 «Астана» клубының бас бапкері және ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты
16:00 - 17:00 «Астана» клубының жаттығуы (бастапқы 15 минут БАҚ өкілдері үшін ашық болады)
 
🏆23 қараша, 2024 жыл 
15:00 - 17:00 «Жеңіс» - «Астана» финалдық матчы
17:00 - 17:30 Марапаттау рәсімі*
17:30 - 17:50 Күміс жүлдегер атанған команданың бас бапкерімен баспасөз мәслихаты*
18:00 - 18:20 Чемпион атанған клубтың бас бапкерімен баспасөз мәслихаты* 
*Экстратаймдар немесе пенальти сериясы болған жағдайда медиа жоспар өзгеруі мүмкін.

📌Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген іс-шаралар Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында (162 орам, 9-шы көше, 1а) өтеді. Аккредитация бейдждері 22 қараша күні сағат 14:00 - 14:30 аралығында беріледі. Журналистерге арналған орындар шектеулі болғандықтан QFL аккредитацияға өтінімдерді қабылдамауға және финалдық ойын барысында БАҚ тарапынан өрескел тәртіп бұзылған жағдайда аккредитацияны қайта кері қайтарып алуға құқылы.

📍Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда [email protected] электронды жәшігіне жазсаңыз болады.

https://t.me/kzqfl

QFL

13 Nov, 07:19


Атбасарда «Локомотив» стадионының алаңы жаңартылды

🤝Ақмола облысы, Атбасар ауданындағы «Локомотив» стадионының алаңы қайта өңдеуден өтті. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты іс-шара стадиондағы жабық аренада өткізілді.

QFL

12 Nov, 16:56


Қызылорда қаласында жаңа алаң ашылды

ALAÑ жобасы аясында Қызылорда қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионның қосалқы алаңы қайта жөндеуден өтті.

📌 Айта кетейік, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңартатын «ALAÑ» бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы. Негізгі мақсат - футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.

QFL

12 Nov, 15:52


⚽️🏆 OLIMPBET QFL Премьер-лигасының үздік ассистенттері

💪 2024 жылғы OLIMPBET QFL Премьер-лигасының үздік ассистенті Ұлттық құраманың капитаны – Асхат Тағыберген! Әріптестеріне 8 нәтижелі пас беріп, қарсыластарынан сенімді озып шықты.

Қай ойыншының жанкүйерісіз?

https://t.me/kzqfl

QFL

12 Nov, 13:23


2024 жылғы футбол маусымы қандай өзгерістермен қуантты?

😉 Ел футболындағы жаңашылдықтарды, оң өзгерістерді видеоматериалдан тамашалаңыздар!

https://t.me/kzqfl

QFL

12 Nov, 07:27


Қазақстан футбол федерациясы ALAÑ жобасы аясында оныншы алаңды қолданысқа берді.

🔥Кезекті ауқымды жұмыс Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында жүргізілді. 6 мың жанкүйер сиятын стадион енді халықаралық стандарттарға сай.
 
Салтанатты ашылуға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Қазақстан футбол федерациясының басшылығы және жоба серіктестері қатысты. Сонымен қатар іс-шарада жобаның амбассадоры, футболдан ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов балалармен ашық жаттығу өткізіп, қолтаңба берді. Сондай-ақ, жас футболшылар ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар алды.

📹 Толығырақ «ALAÑ» YouTube-арнасында

QFL

12 Nov, 06:16


🗣️ «Кейінгі екі жылда ҚФФ пен QFL алға үлкен нық қадам жасады»

🎙 Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-бас бапкері Магомед Адиев ел футболындағы маусымды қорытындылап, өз бағасын берді.

❗️ Сонымен қатар Симулкастта маусым қорытындысына байланысты арнайы бағдарлама алғаш рет көрерменге жол тартқан болатын. Осы орайда соңғы тур ойындары сарапталып, жалпы маусым жайлы, елдегі футболға қатысты тың жаңалықтар талқыланды.

🔗 Толығырақ QFL TV YouTube-арнасында

https://t.me/kzqfl

QFL

11 Nov, 15:44


⚽️ «Футболда бір нәрсені біліп, кімнің қалай ойнайтынын жорамалдау мүмкін емес»

🎙🏆 Спорт комментаторы Ержан Көшкінбаев елордалық «Астананың» ойындарына талдау жасап, шиеленіске толы маусымға пікірін білдірді. Симулкаст барысында ол маусымның қызықты оқиғаларын талқылады.

🥈 Qazaqstan Football League «Астана» командасын күміс жүлдемен құттықтайды! Еурокубок ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, үлкен жеңістерге жетуіне сәттілік тілейміз.

🔗 Толығырақ QFL TV YouTube-арнасында

https://t.me/kzqfl

QFL

11 Nov, 13:21


⚽️🏆 OLIMPBET QFL Премьер-лигасының үздік сұрмергендері!

1️⃣ 😀 Ислам Чесноков - 10 гол
1️⃣ 😀 Жоао Пауло - 10 гол
1️⃣ 😀 Николай Сигневич - 10 гол

2️⃣ 😀 Жасурбек Яхшибоев - 9 гол
3️⃣ 😀 Джеффри Чинеду - 7 гол
4️⃣ 😀 Айбар Жақсылықов - 7 гол
5️⃣ 😀 Евгений Березкин - 7 гол
6️⃣ 😀 Никита Корзун - 7 гол

😉⬇️ Қай ойыншы осы маусымда өзін жақсы көрсетті?

https://t.me/kzqfl

QFL

11 Nov, 11:00


💥 Отандық футбол эфиріндегі жаңашылдық

Кеше OLIMPBET QFL Премьер-лига матчтарының көрсетілімі тарихында алғаш рет – Симулкаст өтті! Соңғы 26-шы турдың мультитрансляциясы бір телеарнада ұсынылып, жаңа форматтағы бағдарлама эфирге шықты.

📺 Футбол сүйер қауымға тікелей эфирде барлық 6 ойындағы басты оқиғалар, соғылған голдар, тікелей режимдегі турнир кестесі, сараптамалық материалдар, матчтардан қосылымдар ұсынылды.

🆕 Эфирде болған жаңашылдықтарды назарларыңызға ұсынамыз!

https://t.me/kzqfl

QFL

11 Nov, 09:00


🏆 Отандық футбол ойындарын өткен аптада 18 мыңнан астам жанкүйер тамашалады

😉 Өткен футбол аптасы тартысты ойындарға толы болды

🇰🇿 Назарларыңызға өткен аптада QFL ойындарын тамашалаған жанкүйерлер санын ұсынамыз!

⚡️ ⚽️ OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 26-шы туры - 18 100 жанкүйер! Ең көп жанкүйер жиналған матч - «Ақтөбе» - «Тұран» (7 300)

Жалпы 4-10 қараша аралығында футбол тамашалауға келген барлық көрермен саны - 1️⃣8️⃣ 1️⃣0️⃣0️⃣!

💪 Ал, осы маусымда QFL турнирлері ойындарына келген жанкүйерлер саны - 1 088 916!

👏 Футболға қолдау білдірген барлық жанкүйерге алғыс білдіреміз! Өз командаңызға әрдайым қолдау көрсетіңіз!

https://t.me/kzqfl

QFL

11 Nov, 06:31


💪OLIMPBET QFL Премьер-лигасы 26-турының үздік ойыншылары

https://t.me/kzqfl

QFL

10 Nov, 18:50


⚽️ OLIMPBET QFL Премьер-лига аясында өткен «Атырау» мен «Қайрат» арасындағы ойынға шолу

https://t.me/kzqfl

QFL

10 Nov, 18:47


⚽️ OLIMPBET QFL Премьер-лига аясында өткен «Қайсар» мен «Тобыл» арасындағы ойынға шолу

https://t.me/kzqfl

QFL

10 Nov, 18:41


⚽️ OLIMPBET QFL Премьер-лига аясында өткен «Ордабасы» мен «Елімай» арасындағы ойынға шолу

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 18:19


⚽️ OLIMPBET QFL Премьер-лига аясында өткен «Ордабасы» мен «Жеңіс» арасындағы ойынға шолу

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 15:23


⚡️ Адилионың алыс бұрышқа бағыттаған нәтижелі соққысы

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 15:14


🤯 «Жеңіс» Шымкентте сенсация жасады

😀 «Ордабасы» 1:2 «Жеңіс» 😀
0:1 - Лукас Будинский 7’
0:2 - Адилио Дос Сантос 29’
1:2 - Всеволод Садовский 66’

«Жеңіс» Шымкентте ерекше шеберлік танытып, «Ордабасы» қорғауын сенімді түрде бұзып өтті. Бұл жеңіс елордалық клуб үшін үлкен сенімділік сыйласа, «Ордабасы» өз алаңында күтпеген нәтижеге тап болды.

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 13:49


⚽️ OLIMPBET QFL Премьер-лига аясында өткен «Атырау» мен «Елімай» арасындағы ойынға шолу

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 13:32


👏 Кездесудің жалғыз әрі жеңісті голын Николай Сигневич өз атына жазды

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 13:00


👊 «Атырау» минималды есеппен жеңіске жетті

😀 «Атырау» 1:0 «Елімай» 😀
1:0 - Николай Сигневич 85’

«Атырау» өз алаңында басым түсіп, турнирлік кестедегі орнын нығайтты және келесі ойындарға сенімділігін арттырды. Ал «Елімай» бұл жеңілістен кейін чемпиондыққа деген соңғы үмітінен айырылып, маусымның қалған бөлігінде тек жоғары орындар үшін күресуге мәжбүр болады.

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 12:11


📺 Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы, QFootball.kz сайты және QFootball мобильдік қосымшасынан тамашалай аласыздар!

▶️ https://qfl.kz/match/15886/

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 11:50


⚽️ OLIMPBET QFL Премьер-лига аясында өткен «Жетісу» мен «Қайрат» арасындағы ойынға шолу

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 11:41


👏 Кездесудің жеңісті голын соққан Офри Арад

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 10:58


💪 «Қайрат» жігерлі жеңіске қол жеткізді

😀 «Жетісу» 1:2 «Қайрат» 😀
1:0 - Серікжан Мужиков 3’
1:1 - Александр Мартынович 22’
1:2 - Офри Арад 90+2’

Бұл нәтиже алматылықтарға чемпиондыққа жақындауға мүмкіндік беріп, оларды бірінші орынға шығарды. Ал «Жетісу» өз кезегінде турнирлік кестеде тоғызыншы орынға жайғасты.

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 10:31


Жезқазғандағы «Металлург» стадионының алаңы ресми түрде жаңартылды

🏟️«ALAÑ» жобасы аясында Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионының алаңы өңделіп, жұмысқа тапсырылды.

💪Ұлытау облысының жас ойыншыларына сапалы алаң төселіп, қолайлы жағдай жасалды.

📌Айта кетейік, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңартатын «ALAÑ» бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның басты серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы. Негізгі мақсат - футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.

QFL

26 Oct, 10:01


📺 Ойынды тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасы, QFootball.kz сайты және QFootball мобильдік қосымшасынан тамашалай аласыздар!

▶️ https://qfl.kz/match/15887/

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 09:01


🏆⭐️ OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 23-ші турының үздіктер құрамы

Қақпашы:

😀 Вадим Ульянов

8 соққыны қайтарды. 3 сейв жасады.

Орталық қорғаушы:

😀 Кипрас Кажуколовас

Қарсыластың гол соғуына мүмкіндік бермеді. 4 мәрте допты қарсыластан тартып алды. 17 рет допты кері қайтарды. 10 рет допқа сәтті таласты.

Орталық қорғаушы:

😀 Зураб Тевзадзе

Жеңіс голын соқты. 20 рет допты кері қайтарды. 4 мәрте допты қарсыластан тартып алды. Алдыңғы шепке 2 дәл пас берді. 10 рет допқа сәтті таласты.

Орталық қорғаушы:

😀 Марин Беланчич

Қарсыластың гол соғуына мүмкіндік бермеді. 11 мәрте допқа сәтті таласты. Матчта 21 рет допты кері қайтарды. 6 мәрте допты қарсыластан тартып алды.

Жартылай қорғаушы:

😀 Юг Станоев

3 нәтижелі пас берді. Қарсылас қақпасына 3 соққы жасады. Алдыңғы шепке 9 дәл пас берді. 4 мәрте допқа сәтті таласты. Айып алаңына 3 рет допты сәтті асырды.

Жартылай қорғаушы:

😀 Дидар Жалмұқан

3 нәтижелі пас берді. Алдыңғы шепке 9 дәл пас берді. 3 мәрте допты қарсыластан тартып алды.

Жартылай қорғаушы:

😀 Руслан Юденков

1 гол соқты. 4 соққы жасады. 18 рет допты кері қайтарды. 8 рет допқа сәтті таласты. 8 рет допты қарсыластан тартып алды. Алдыңғы шепке 12 дәл пас берді.

Жартылай қорғаушы:

😀 Александр Нойок

Дубль авторы атанды. 4 соққы жасады. Алдыңғы шепке 15 дәл пас берді. 21 рет допты кері қайтарды. 6 рет допты қарсыластан тартып алды. 6 рет допқа сәтті таласты.

Шабуылшы:

😀 Марин Томасов

1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Алдыңғы шепте 11 дәл пас берді. 3 сәтті дриблинг жасады. 7 рет допқа сәтті таласты.

Шабуылшы:

😀 Жоао Пауло

Хет-трик авторы атанды. 7 соққы жасады. Алдыңғы шепке 6 дәл пас берді. Айып алаңына 2 дәл пас шығарды.

Шабуылшы:

😀 Айбар Жақсылықов

Хет-трик авторы атанды. 3 соққы жасады. Алдыңғы шепке 6 дәл пас берді.

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 08:00


📺 Ойынды тікелей эфирде Q Football телеарнасы, QFootball.kz сайты және QFootball мобильдік қосымшасынан тамашалай аласыздар!

▶️ https://qfl.kz/match/15888/

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 07:35


👊 24-ші тур аңдатпасы: «Астана» кезекті чемпиондыққа үміткерді жеңе ме?

26-27 қазан күндері аралығында OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 24-ші тур ойындары өтеді.

🔗 Толығырақ QFL.KZ сайтында

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 07:02


🔈 Қай қаладан жанкүйер боласыз?

⬇️ Төменге OLIMPBET QFL Премьер-лига ойындарын қайдан көретініңізді жазыңыз!

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 06:01


⚽️ OLIMPBET QFL Премьер-лигасы: «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы маңызды кездесу

🌟 24-тур аясындағы басты ойындардың бірі — «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу болмақ. Бұл матч екі команда үшін де маңызды, өйткені екеуі де чемпиондыққа таласуда.

🔥 «Астана» Алматыда ойнап, чемпиондыққа жету жолындағы күресін жалғастыруды көздейді. Елордалық клубтың шабуылдағы жылдамдығы мен қорғаныстағы сауатты ойындары олардың басты қаруы болмақ. Бұл кездесуде олар қарсыластарының қақпасына бірнеше гол соғуды жоспарлап отыр.

⚔️ «Ақтөбе» де оңай берілмейтін қарсылас екені анық. Клубтың тәжірибелі ойыншылары және мықты қорғаныс жүйесі елордалықтарға қиындық тудыруы мүмкін. Олар да үздік үштікке кіру мүмкіндігі үшін барлық күшін салатын болады.

🗓 Ертең
18:00
🏟 «Орталық», Алматы
📺 Qazsport
📱 QFootball мобильді қосымшасында

🤔 Сіз қалай ойлайсыз, бұл кездесуде кім жеңіске жетеді?

❤️ – «Астана»
⚡️ – «Ақтөбе»

https://t.me/kzqfl

QFL

26 Oct, 04:01


🏆 Чемпиондық үшін талас жалғасуда: OLIMPBET QFL Премьер-лигасы

📌 Маңызды матчтарға толы 24-турды назарларыңызға ұсынамыз!


🏟️ Турдың алғашқы күні «Қайрат» Талдықорғанға қонаққа барады. Алматылықтар үшін бұл ойын чемпиондыққа таласта өте маңызды, ал «Жетісу» болса, кестедегі жағдайын жақсартуды көздейді.

⚔️ «Атырау» мен «Елімай» арасындағы кездесу де тартысты өтпек. Семейлік команда сырт алаңда 3 ұпайды еншілеп, жоғары орындар үшін күресін жалғастырғысы келеді.

🔥 Күннің соңғы матчында «Ордабасы» өз алаңында «Жеңісті» қабылдайды. Турнирдің көшбасшысы үшін бұл ойын чемпиондыққа таласты жалғастыруда шешуші рөл атқармақ.

27 қазан күні де маңызды кездесулер өтеді. «Астана» Алматыда «Ақтөбемен» кездесіп, чемпиондыққа күресін жалғастырады. Елордалық клуб үшін бұл матч шешуші болмақ, себебі жеңіс оларға турнир кестесінің көш басына жақындауға мүмкіндік береді. «Ақтөбе» де алғашқы үштікке кіру үшін күресуде.

⚽️ Сондай-ақ, «Қызылжар» - «Шахтер» және «Тұран» - «Қайсар» кездесулерін де өткізіп алмаңыздар.

🤔 Қай ойынды асыға күтесіз? Қандай нәтижелер тіркеледі деп ойлайсыз?

📺 Барлық ойындарды QFootball.kz, QFL.KZ сайттарынан, Q Football, Sport Plus Qazaqstan, Qazsport телеарналарынан және QFootball мобильді қосымшасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар!

https://t.me/kzqfl

QFL

25 Oct, 16:14


⚽️ 1XBET QFL Бірінші лига аясында өткен «Түркістан» мен «Хан-Тәңірі» арасындағы ойынға шолу

https://t.me/kzqfl

QFL

25 Oct, 16:12


⚽️ 1XBET QFL Бірінші лига аясында өткен «Каспий» мен «Арыс» арасындағы ойынға шолу

https://t.me/kzqfl

3,783

subscribers

3,383

photos

960

videos