Turkistan TV @turkistantvkz Channel on Telegram

Turkistan TV

@turkistantvkz


Turkistantv

Turkistan TV (English)

Are you interested in exploring the rich cultural heritage and traditions of Turkistan? Look no further than Turkistan TV! As the leading Telegram channel dedicated to all things Turkistan, Turkistan TV offers a unique glimpse into the history, art, music, and cuisine of this fascinating region. Whether you are a history buff, a travel enthusiast, or simply curious about different cultures, Turkistan TV has something for everyone. With a wide range of engaging and informative content, including videos, photos, articles, and live streams, Turkistan TV provides an immersive experience that will transport you to the heart of Turkistan. Learn about famous landmarks such as the Mausoleum of Khoja Ahmed Yasawi, discover the traditional crafts and music of the region, and get a taste of authentic Turkistan cuisine. By following Turkistan TV on Telegram, you will be able to stay updated on the latest news and events in Turkistan, connect with fellow Turkistan enthusiasts, and participate in discussions about the cultural significance of this ancient land. Whether you are planning a trip to Turkistan or simply want to learn more about this hidden gem, Turkistan TV is your go-to source for all things Turkistan. Join Turkistan TV today and embark on a virtual journey to one of the most captivating destinations in Central Asia. Immerse yourself in the beauty and charm of Turkistan, and let Turkistan TV be your guide to the wonders of this enchanting region. Don't miss out on this unique opportunity to expand your horizons and discover the magic of Turkistan with Turkistan TV!

Turkistan TV

14 Feb, 14:50


300 млн теңгесінен айырылған

Былтыр түркістандықтар қаржы пирамидаларына алданып, 300 млн теңгесінен айырылған. Бұл туралы экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады. Қазір департамент қарауында өңір тұрғындарына баспана алып берем, бір салым салсаң, 3-есе қылып қайтарып аласың деген сыңайлы жалған сөздермен жұртты алдаған күдікті ұйымдардың ісі қаралып жатыр.

Сондай-ақ, қазіргі таңда қаржы пирамидасының басында тұрған ұйымдастырушылары ғана емес, күмәнді іске азаматтарды тартқандарға жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 14:18


🤩 «Төзім Test» конкурсанттары "БӨЛЕКСІҢ" ток-шоуында

🕒 Бүгін сағат 19:30-да TURKISTAN телеарнасының тікелей эфирінде «Төзім Test» реалити-шоуының "батырларымен" тағы да жолыға аласыз!

Жоба қатысушылары шоу кезіндегі қызықты жайттармен бөлісіп, көрермендер байқамай қалған оқиғаларды талқылайды.

Ал сіз кімге жанкүйер болған едіңіз? Төменге өз ой-пікіріңізді жаза кетіңіз.

Айта кетейік, бағдарламаны тікелей эфирмен қоса, YouTube арнамыздан көре аласыз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 13:48


Робот сот орындаушының тиімділігі қандай?

2024 жылы «Сот орындаушысы робот» пилоттық жоба іске қосылған еді. Робот халықтың қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұрын қарыздарды уақытылы өтемеген жағдайда жеке сот орындаушысына айыппұлдың 25% -ын қосымша төлесе, робот сот бұл ақшаны үнемдейді. Алайда бұл қызметті қолдану тұрғындардың өз еркінде.

Сондай-ақ, істерді одан әрмен жеңілдету үшін Kaspi.kz қосымшасы арқылы да, төлем жасауға болады.

Еліміз бойынша 472 мыңнан астам адам бүгінде «E-ZANKOMEGI» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы көмек алған. Мұнда 2 мыңға жуық авдокаттар тұрғындарға кеңес беріпті. Арнайы телеграмм боттарда жұмыс жасап тұр.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 13:12


99 мектеп талапқа сай емес

Түркістан облысында былтыр 99 мектептің білім беру қызметі біліктілік талаптарына сай болмай шыққан. Нәтижесінде, бұл мектептердің барлығына заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, 89 мектептің лицензиясы уақытша тоқтатылыпты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы мәлім етті.

Сондай-ақ, өңірде мемлекеттік аттестаттаудан өткендердің үлесі төмен. Жыл бойы 498 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілгенімен, олардың 83,8%-ы тиісті талаптарға сәйкес келмепті. Ал қайта аттестаттаудан 34 білім беру ұйымы өте алмай, кейбірі толық жабылған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 12:54


Кезекті азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Түркістанда кезекті азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің ерекшелігі сөреге қойылған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан ұсынылған. Баға айырмашылығы қалай?

Толығырақ тілші материалынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 12:30


«Кітаптан асқан сый жоқ» акциясы өтті

Бүгін – халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл атаулы мейрам 2012 жылдан бері тойланып келеді. Бұл күні адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады. Осыған орай, Оқушылар сарайында «Кітаптан асқан сый жоқ» акциясы өтті.

Толығырақ тілші материалынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 12:07


«Ерлікке тағзым» атты патриоттық шара өтті

Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына - 36 жыл. Жауынгерлік борышын өтеп, от кешкен Ауған ардегерлерін ұлықтау бір сәтке тоқтаған емес. Бүгін Түркістанда «Ерлікке тағзым» атты патриоттық іс-шарасы өтті.

Бұл шараның негізгі мақсаты – сол жандардың ерен ерліктерін ел жадында қалдыру. Өскелең ұрпаққа бейбітшілікпен, тыныштықтың қадірін ұғындыру.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістанда 144 ауған соғысының ардагері бар. Оның басым көпшілігі мүгедектер.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 11:50


Жасөспірімдер қылмысы азайған

Келес ауданында өткен жылы жасөспірімдер арасындағы төбелес пен ұрлық сияқты қылмыстар, өз өзіне қол жұмсау дерегі азайған. Оған имамдар мен ауыл билерінің мектептерде оқушылармен кездесу өткізіп, ата-аналарымен сөйлесуі себеп болыпты. Ал құзырлы орган өкілдері жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, түрлі сауалдарына жауап береді.

Айта кетейік, былтыр Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс 6%-ға азайған. Жалпы қылмысты түнгі уақытта ата-аналардың бақылаусыз жүрген жасөспірімдер жасайтыны анықталып отыр. Сондықтан «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» жедел профилиактикалық іс-шаралары мен түнгі рейдтер үздіксіз жалғасуда.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 11:34


Созақта жұмыспен қамту жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен аймақта жұмыспен қамту шаралары күшейтіле түсті. Созақ ауданында жеке инвестициялық жоба негізінде ашылатын жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған 4 жақты серіктестік Меморандумына қол қойылды.

Бірінші тараптан Созақ ауданы әкімідігі, екінші тараптан Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп, туризм және ауыл шаруашылығы басқармалары, үшінші тараптан «Жаңа Қазақ Елі» АӨК, ЖК «Әмреева Р.Ә», ЖК «Сейдахметұлы Т», ЖК «Күзенбаев Ж.С» және ЖК «Биимбетов Н», төртінші тараптан Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ өзара серіктестік мақсатында меморандумға қол қойды. Нәтижесінде 39 адам жұмыспен қамтылатын болды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 10:59


2024 жылы шетелден келетін туристердің саны 2 есе көбейді

ҚР Парламенті Сенатының отырысында Түркістан облысы бойынша туризм саласы бойынша мәселесі көтерілді. Отырыста ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлішер Сатыбалдиев туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевқа Түркістанда туризм саласын дамыту үшін халықаралық рейстердің аз екенін айтып, осы сала мәселе көтеріп, сауал жолдады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 10:53


Ермек Көшербаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

✍️Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 10:20


Тәтті тағамдарды кәсіп еткен Амина

2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Бұл – кадрлар даярлау сапасын арттыру мен жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге арналған маңызды қадам.

Бүгінде елімізде 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент білім алуда. 📚

Солардың бірі – Амина Абзалханқызы. Түркістандағы колледжде «Кондитерлік іс» мамандығы бойынша бірінші курста оқиды. 🍰🎂 Бала кезінен торт пен тәтті нан пісіруге әуес болған Амина бұл қызығушылығын табысты кәсібіне айналдырып отыр. Қазір ол бос уақытында тапсырыстар қабылдап, қала тұрғындарын дәмді тәттілерімен қуантып жүр. 🎂🍪

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 09:42


Жетісайда бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 121 адамға жолдама берілді

Жетісай ауданында тұрғындар арасында «Жұмысшы мамандықтары жылы» мен ҚР еңбек нарығын дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жұмыссыздық деңгейін төмендету, мемлекеттік гранттар туралы ақпараттандыру, NEET санатындағы жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

200-ден астам азамат қатысқан жәрмеңкеде Жетісай ауданы аумағында орналасқан 22 мекемеден 173 бос жұмыс орны ұсынылып, мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында ақпараттар берілді.

Жетісай аудандық «Мансап» орталығының басшысы Олжас Қаныбеков пен жұмыс беруші мекеме басшылары мен кадр мамандары қатысқан жәрмеңкеде жұмыссыздар санатында тіркелген 45 азамат тұрақты жұмысқа, 23 азамат қоғамдық жұмыстарға, 58 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 5 азамат жастар практикасымен сұранысқа сай тиісті мекемелерге жіберілді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Feb, 08:08


🐋Кит жұтып қойған жігіт тірі қалды

🐳8 ақпанда Чилидің оңтүстігіндегі Пунта-Аренас қаласының жағалауында орналасқан Эль-Агила шығанағында кит жігітті жұтып қойған. Қызығы сол, бірақ ол аман қалыпты.

Делл Симанкас 24 жастағы ұлы Адриан Симанкас екеуі байдаркада жүзіп жүрген. Әкесі киттің ұлына шабуыл жасаған сәтін түсіріп үлгерді. Кит оны қайығымен бірге жұтып, терең суға сіңіп кетті.

😮Бірақ бірнеше секундтан кейін жігіт қайтадан су бетіне шығып, оның айтарлықтай жарақат алмағаны белгілі болды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 16:51


Әбілқайыр миллионды Мереймен бөлісе ме?

«Төзім Test-2» жобасының жеңімпазы Әбілқайыр Қасымбек өзіне 5-ші сынақта қарсылас болған Мерей есімді қатысушыға тосын сый жасады. "Маған жақсы қарсылас бола білген Мерейге бөлек сыйлығым бар"- деді ол жеңісінен кейінгі сұхбатында.

«Төзім Test-2» реалити-шоуының барлық сынақтарын біздің YouTube арнамыздан көре аласыз!

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 16:16


🎵«Сүйікті етші» әнінің шығу тарихын білесіз бе?

🎼Мейрамбек Бесбаев пен Қанат Үмбетовтың орындауында танылған «Сүйікті етші» әнінің шығу тарихын білесіз бе


▶️Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.


#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 16:10


Нұралы Әбішов 109 біріңғай орталығының жұмысымен танысты

Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия
109 біріңғай орталығының жұмысымен танысты.

Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын заманауи техникалармен жабдықталған байланыс орталығына азаматтар коммуналдық-тұрмыстық мәселелер, білім беру, әкімдік қызметтер бойынша сұрақтарын қойып, ақпарат алып, арыз-шағымдарын айта алады.

Бұл тұрғыда байланыс орталығы - жергілікті билік пен халық арасындағы үздіксіз байланысты нығайтуға өз септігін тигізеді.

«Цифрлық даму орталығы» КММ-нің 109 біріңғай байланыс бөлімінде 46 қызметкер штаттық режимде жұмыс атқаруда.

Орталықта қазіргі уақытта күніне орта есеппен 400-500 қоңырау қабылданады.

109 байланыс орталыққа жыл басынан бастап 11 356 қоңырау түсіп, 10 868 өтінім дер кезінде, 116 өтінім мерзімі өтіп жабылған. 254 өтінім жұмыс барысында және 118 өтінімнің мерзімі өткен.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 14:04


Дәнекерлеуші әйел Фарида Батырханова

Бүгінгі кейіпкеріміз – Сауран ауданына қарасты ірі кәсіпорындардың бірінде еңбек етеді.

Жиһаз өндіретін кәсіпорында 60-қа жуық нәзік жанды қыз келіншектер жұмыс істейді. Көпшілігі көпбалалы аналар. Соның бірі - түркістандық Фарида Батырханова. Бүгінде ол ұжымның белді қызметкеріне айналып үлгерген. Күн сайын 600-ден астам материалдарды дәнекерлеп, сырлауға жібереді. Ол үшін роботтың көмегіне жүгінеді екен.

Айта кетейік, биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылында» қоғамда еңбекқорлығы мен кәсібилігін қатар алып жүрген жандарды қолдауға басымдық берілмек. Осыған орай, «Turkistan» арнасы «Жүз күнде - жүз жұмысшы» атты арнайы жоба бастаған болатын.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 14:02


«Алдымен жергілікті мамандарды жұмысқа алу керек»

Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілген. Бұл бағытта ауқымды шаралар жүзеге аспақ. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте Президент тапсырмасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Онда облыс әкімі барлық жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облысында барлық аудан, қалаларында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Онда 1500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынуда.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 13:57


Түркістандық өнерпаздар Астанада өнер көрсетеді

Түркістан Congress Hall ұжымы елордалық көрерменді таң қалдырмақ. Ұжым қазір «Алғашқы махаббат» деп аталатын заманауи қойылымның дайындығына қызу кіріскен.

Астана төрінде өтетін кешке дайындық барысын көріп қайтқан тілші материалынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 13:54


Ғылымдағы әйелдер күні

Бүгін - Ғылымдағы әйелдер күні. Осыған орай, Қожа Ахмет Ясауи университетінде дискуссиялық алаң ұйымдастырылды. Онда қандай мәселелер көтерілді?

Толығырақ тілші материалында.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 13:31


💵«Миллион үшін сабақтан қалдым»

😮«Төзім test – 2» реалити-шоуының жеңімпазы Әбілқайыр өз әсерімен бөлісті. 20 жастағы Әбілқайыр 60-қа жуық қатысушының арасынан топ жарды. Сұхбат барысында, 5 күн бойы сабаққа бармағанын да айтып қалды.

▶️Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 13:27


Балабақша тағамы бақылауда

Түркістан облысында 34 бала тағамнан уланған. Бұл жағдай Келес ауданындағы бөбекжайлардың бірінде болған. Биыл мұндай олқылықтарға жол берілмейді. Облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов осылай деді.

Жалпы балабақшалардың санитарлық-гигиеналық жағдайы, қызметкерлердің дер кезінде медициналық бақылаудан өтуі және тамақтың сапасы нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы қажет. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түкістан облысында 1449 балабақша бар.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 12:50


Наубайхана кәсібін ашқан жанұя

Төлеби ауданында шағын және орта кәсіптің дамуына үлес қосып отырған отбасы бар. Белгілі бір мамандықтары болмаса да, қол қусырып қарап отыруды жөн көрмеген отбасы наубайхана ашуды ұйғарған.

Кәсіпкер отбасы жайлы толығырақ тілші бейнематериалында.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 12:26


Дән сепкіш құрылғы жасап шығарды

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін тың идеялар мен жаңа технологиялар қажет. Бірақ үнемі қымбат техника сатып ала беру де мүмкін бола бермейді.

Түркістан облысының Келес ауданында өнертапқыш шаруа тұрады. Өз қолымен дән сепкіш құрылғы жасап қана қоймай, өзге диқандарға да көп көмек көрсетіп отыр.

Толығырақ тілші сюжетінде.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 12:02


Әбілқайыр жеңіске жетті

“Төзім TEST” реалити-шоуы өз мәресіне жетті!

Отырар ауданынан келген қатысушы - Әбілқайыр, жеңіске жетіп, миллион теңге иеленді🤩

Әбілқайыр Қасымбекті бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 11:52


Қоғамдық өмірде де белсенді зейнеткер


Жұмабек Абилов қазіргі күні зейнеткерлікке шықса да, қоғамдық өмірде белсенділік танытудан таңған емес. Аудандық түрік этномәдени орталығының төрағасы бүгінде жастарды білім мен спортқа баулып, ел ішінде ұлттық құндылықтар мен өзара достықты насихаттау мақсатындағы ізгі жолын жалғастыруда.

📺Толығырақ «Достық мекені» бағдарламасын Youtube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 11:35


🤯Фаворит болған Сағи жобадан шықты

😮60-қа жуық қатысушылар іріктеуден өткен «Төзім test – 2» реалити-шоуының дәл қазір финалы болып жатыр. Финалда үш ғана қатысушы бақ сынауда. Үш қатысушының бірі Сағи сайыстан шығып қалды.

Миллионның иесі кім болмақ

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 11:09


Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Соның бірі – оларды жұмысқа орналастыру. Түркістанда Мансап орталығы мен қалалық Прокуратура арнайы есептегі азаматтарға тұрақты 115 жұмыс орнын ұсынды.

Екі қолына бір күрек табуға 50-ге жуық азамат келді. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Мамандардың сөзінше, қазір дәнекерлеуші, инженер, құрылыс мамандарына сұраныс жоғары.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 10:58


Финал басталды

😮‍💨Төзім Test жобасының финалы басталды.

🤯Финалда қалған 3 қатысушы ауыр салмақтағы кәрзеңкені бір күйде отырып, көтеруі қажет.

Соңғы сынақ қалай өтеді?

Кім жеңімпаз атанады?

🔗Толығырақ әлеуметтік желілеріміздегі тікелей эфирден көре аласыз.

📌Сілтеме сторизде.

#TurkistanTV

Turkistan TV

11 Feb, 10:45


Адалдықтан аттамаған Мақсұт Рахымбекұлы

Түркістан қаласының Құрметті азаматы Мақсұт Атанбаев бүгінде 75 жасқа толды. Ол - саналы ғұмырын еліне адал қызмет етуге арнаған жан.

Мақсұт Рахымбекұлы бұрын Түркістан қаласындағы «Тұран банк» бөлімшесінің бөлім бастығының орынбасары, Түркістан қалалық салық инспекциясының бастығы, одан соң салық комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Толығырақ тілші материалынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

10 Feb, 06:08


Финалдық кезеңдер басталды😮‍💨

📌Бүгін Төзім Test жобасының төртінші күні.

Алда қатысушыларды қандай сынақ күтіп тұр?

🤩Дәл қазір тікелей эфирден тамашалаңыз!

Сілтеме сторизде.

#TurkistanTV

Turkistan TV

10 Feb, 05:31


Әлемдегі әрбір бесінші адам ішкі ағза дертінен зардап шегеді

🏥Бүгінде гастрит, панкреатит, холецистит, тіпті өттас ауруына шалдыққан жандарды жиі кездестіреміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемдегі әрбір бесінші адам бауыр мен өт жолдары дертінен зардап шегеді. Айталық, адамзаттың шамамен 10-15% өттас ауруына шалдыққан.

🥼Осыған байланысты терапевт Мақпал Сүйіндікова «Шипа» бағдарламасына сұхбат берді.

📺Сұхбатты толығырақ Youtube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

10 Feb, 05:18


Түркістанда 150-ден астам көше жөнделеді

2025 жылы жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 95,4 шақырымды құрайтын 94 көшесінде ведомствалық сараптаманың оң нәтижесі алынып, 30 көшесінде жөндеу жұмыстар бастау алған.

Осы бойынша, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бейімбет Майлин көшесіне барып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. «Б.Майлин көшесін реконструкциялау» жобасын көрді. Бүгінде аталған құрылыстың жобалық-сметалық құжаты дайын. Биыл жүзеге асады деген жоспар бар. Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берген жолдың ұзындығы – 1,96 шақырым. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы атқаруды, әрбір мердігердің жұмысын қадағалауды тапсырды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

10 Feb, 04:46


Нарықта 450 $ тұратын телефонды тез қуаттайтын құрал пайда болды

🔋Swippitt стартапы смартфонның аккумуляторын 30 секундта автоматты түрде ауыстыратын Swippitt Hub құрылғысын таныстырды. Өнертабыс 5000 мАч батареясын смартфонға орнатып, автономды жұмысты 1,5-2 күнге дейін ұзартады.

📱Ал, оның ішінде 5 картридж-аккумуляторға дейін сақтауға болады. Құрылғы тек iPhone 14, 15, 16 модельдеріне арналған, ал бағасы 450 доллар.

#TurkistanTV

Turkistan TV

10 Feb, 04:43


Оятқыш сағаттың дауысына қарамастан ұйықтай бересіз бе?

🗣️ «Көптің пікірі» айдарында осы сұрақты қала тұрғындарына қойдық. Жауаптарын көрейік.

Айта кетейік, бүгінде «Төзім Тест» жобасын Turkistan TV арнасының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көре аласыз!

#TurkistanTV

Turkistan TV

09 Feb, 20:41


Шешуші сәт жақындап келеді

🫣Төзім Test жобасының шешуші сәті таяп келеді.

😮‍💨Жоба қатысушылары үшін әр күн маңызды. Себебі олардың саны күн санап азайып келеді. Алғашқы 59 үміткердің қазір 8 і ғана қалды. Төзімді сынайтын сынақтар тек кіл мықтыларды ғана іріктеді. Алда әлі 4 сынақ бар.

😯 Қатысушылар өздерін алда қандай сынақ күтіп тұрғанын білмейді. Ұйымдастырушылар оларды немен таң қалдырар екен?

🤩Ең қызықты сәттерді Turkistan арнасының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көре аласыз!

📌Осы мүмкіндікті пайдаланып, өз фаворитіңізге қолдау көрсетіңіз.

😉Миллионның иегері болса, бәлкім сізбен бөлісіп қалар.

#TurkistanTV

Turkistan TV

09 Feb, 17:16


«Игра в кальмараға ұқсайды»

🛑«Төзім тест» жобасына қатысушы Бекарыс Тыныштықбек пен Арафаддин Мупсалов жоба жайлы өз ойларымен бөлісті.

Олар жобаны танымал сериал «Игра в кальмараға» ұқсатып, тіпті бір-бірін сондағы актерлардың атымен атаған сәттердің болғанын айтты.

📌Айта кетейік, Төзім Test-2 реалити-шоуы қатысушылардың шыдамдылығын, батылдығын, және командалық рухын сынайтын жоба.

#TurkistanTV

Turkistan TV

09 Feb, 13:34


Жігіттер шеңберде шыр айналуда

Төзім Test жобасы жалғасуда.

Бүгінгі сыннан сүрінбей өткен 10 қатысушы шеңбер ішін қолдарына арнайы ыдысқа теннис шарларын салып айналуда.

Күні бойы нәр сызбаған бұл қатысушылар сынаққа қалай шыдар екен?

Толығырақ арнамыздың әлеуметтік желілерінен тікелей эфирде тамашалаңыз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

09 Feb, 12:45


3 қыз да жобадан шықты

😮‍💨Жобадан шығып қалған қыздар эмоциясын бөлісті.

😯Өздерін басқа қырынан таныған олар сайыстың өміріндегі ерекше тәжірибе болғанын айтты.

Ал қалған қатысушыларды бүгін тағы қандай сынақ күтіп тұр?

📌Толығырақ арнамыздың әлеуметтік желілерінен тікелей эфирде тамашалаңыз.

🫣Қызықтың бәрі сонда!

#TurkistanTV

Turkistan TV

09 Feb, 09:53


Жарыс ережесі қиындай түсті

😮‍💨 Бүгін Төзім Test жобасының 5 ші сынағы өтуде. Қатысушылар шеге тақтайшасында тұрып бақтарын сынап жатыр.
Ұйымдастырушылар өте қиын деп санағанмен, қатысушылар нағыз төзімнің үлгісін көрсетуде. Сайыскерлердің алды сағаттап тұра бергендіктен, ұйымдастырушулар ережеге өзгеріс енгізді. Енді 20 минутта жұп арасынан жеңімпаз анықталмаса, жарыс ережесі қиындатылады.

Қатысушылар шегеде 20 минут тұрған соң отырып тұру жаттығуын жасайды. Онда да жеңімпаз анықталмаса, қатысушылар бір аяқтарын көтеріп тұрады

🧐 Енді ойын қызықты әрі тартысты өту үшін олардың қолдарына 1 шардан берілді.

📌 Қатысушылар әрі қарай шыдай ала ма?

Алда көретін боламыз!

#TurkistanTV

Turkistan TV

09 Feb, 07:28


Шегені басып тұруға шыдай ма?

😮‍💨Бүгін Төзім Test жобасында қатысушылар шеге тақтайшасында тұрып бақ сынасатын болады.

🫣 Қатысушылар жеребе арқылы 10 жұпқа бөлінді. Әр жұп жеке сайысады. Уақыт маңызды емес. Жұпта қайсысы бірінші түссе, сол автоматты түрде ойыннан шығады. Екінші адам жарысты жалғастырады.

Қатысушылар бұл сынақты қалай еңсерер екен?

🔗Тікелей эфирден тамашалаңыз.

📌Сілтеме сторизде

#TurkistanTV

Turkistan TV

09 Feb, 06:44


Төзімді сынайтын үшінші күн

🫣Бүгін «Төзім Test» жобасының үшінші күні.

Қатысушыларды қандай сынақ күтіп тұр?

Миллион теңгенің жолында олар қандай әрекетке дайын?

📌Толығырақ Turkistan телеарнасының YouTube және Instagram әлеуметтік желілерінен тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

👇🏻Ал төменге қай қатысушыға жанкүйер екеніңізді жазып, қолдау көрсете кетіңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

09 Feb, 06:26


Түркістанда қыста қарбыз сатылуда! 🍉❄️

🍉Қарбыз жаздың ғана жемісі деп ойласаңыз, онда қателесесіз! Түркістанда қазір қыс мезгілінде қарбыздар сатылымда!
🌞 Бұл дәмді әрі пайдалы жеміс бізді жаздың ыстық күндерін еске салып, көңілді де көтереді.

💸Ирандық қарбыздың 1 килограм бағасы - 750 теңге. Ал сіз жақта қарбыз сатылымда бар ма? Бағасы қанша? Дәмі қалай?

👇👇👇Төменге өз ой-пікіріңізді жаза кетіңіз.

📍 Түркістандағы нарықтар мен дүкендерде қолжетімді!
@turkestan_ovosh_fruktu

Ал сіздер қай кезде қарбыз жегенді ұнатасыздар? 😋

#TurkistanTV

Turkistan TV

09 Feb, 05:17


😲 Сіз үшін төзімділік нені білдіреді?

📌 Төзімділік бұл әр организм және сананың өзі қабылдай алатын сезім күйін білдіреді. Ол әр адамның организміне, оның өмір сүру жағдайына қарай әртүрлі әсері болады. Ал сіз төзімділікті қалай түсінесіз?

Бұл мінезден бе, әлде қара күштің көптігі ме?

🗣️ «Көптің пікірі» айдарында осы сұрақты қала тұрғындарына қойдық. Жауаптарын көрейік.

Айта кетейік, бүгінде «Төзім Тест» жобасын Turkistan TV арнасының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көре аласыз!

#TurkistanTV

Turkistan TV

09 Feb, 05:14


9 ақпан – қазақ поэзиясының асқақ тұлғасы, жүрек жыршысы Мұқағали Мақатаевтың туған күні.


Оның өлеңдері – мәңгілік махаббат пен сағыныштың, туған жер мен елге деген сүйіспеншіліктің жыр-куәсі.

"Ғасырлардан жеткен үн,
Ғасырларға жетсін жыр..." – деп өзі армандағандай, Мұқағали поэзиясы уақытпен бірге мәңгі жасай бермек.

#TurkistanTV

Turkistan TV

08 Feb, 17:39


💸 Миллион үшін талас жалғасуда!

🤔 Бастапқы 59 қатысушыдан қазір 20 адам ғана қалды. Ертең тағы бірнеше қатысушының миллионер боламын деген үміті үзіледі.

🫣 Бұл сайыс – тек қиындықтар мен қызықтардан тұратын нағыз сынақ.

📌 Ертең, 10:30-да «Төзім Тест» жобасының жаңа кезеңі басталады.

🔗 Turkistan телеарнасының YouTube және Instagram-дағы тікелей эфирін жіберіп алмаңыз!

🥳 Фаворитіңізге қолдау білдіріп, бірге қуаныңыз!

#TurkistanTV

Turkistan TV

08 Feb, 16:12


Миллионға бір қадам жақындады

😍«Төзім Test» жобасының екінші күні өз мәресіне жетті. Қатысушылар өз мақсаттарына бір қадам жақындады.

🤩Жалынға толы көздер…

😮💨Үмітке толы жүрек…

📌Қиындығы мен қызығы тең түсіп тұрған сайыс ертең сағат 10:00- де жалғасын табады.

🔗Turkistan телеарнасының YouTube және Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирі қосулы болсын.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Feb, 08:17


Сот төрелігі академиясындағы кездесу

Сот төрелігі академиясында депутаттарымен кездесу өтті. Сенаторлар судьялыққа үміткерлер мен заң қоғамдастығы тарапынан Академияға деген қызығушылықтың айтарлықтай өскенін атап өтті.

Бұл Кеңестің сот білімін жетілдіруге белсенді қатысып, оның дамуындағы негізгі мәселелерді шешуге көп көңіл бөлетіндігінің көрінісі, - дейді депутаттар. Кездесу соңында тараптар сот жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайту және Қазақстанда заң білімінің сапасын арттыру үшін одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын растады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Feb, 07:51


Келестік шаруалар картоп егуді бастады

Келес ауданы, Аққорған ауылында қыс мезгілінің ортасы болғанымен, егін егу басталып кетті. Қазақстанның кейбір аймақтарында күн суып, аяз болып жатса, бұл жақтың халқы түрлі өнімді егуді бастап кеткен екен.

▶️Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Feb, 07:11


Конгода ғарыш технологиясын орнатады

Қазақстан Африка мемлекетіне ғарыш технологиясын орнатып береді. Отандық мамандар Конго Республикасына "Жерді қашықтықтан зондтау" ғарыш жүйесін әзірлеп береді.

Жоба ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстардың мониторингі, ауыл шаруашылығы, экология және урбанистика салаларында ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған.

Келісім аясында жер бетін жоғары дәлдікпен және жедел бақылауға қабілетті жоғары технологиялық спутниктік платформа құрылады. Осылайша Конго Республикасы "Жерді қашықтан зондтау" спутниктерінің халықаралық тобына қосылады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Feb, 06:55


Түркістан қаласында «Қамқорлық» орталығы құрылды

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқорлық» орталығы құрылды.

Орталықтың басты мақсаты – 3 жастан 18 жасқа дейінгі аутистік спектрі бұзылған және басқа да менталды бұзушылықтарымен мүгедектігі бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

Орталықта әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, еңбекке балу және тағы басқа да бағыттарда бір мезетте 125 баланы қабылдай алады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Feb, 06:27


Қоғамдық қабылдау өткізді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуге жазылған тұрғындар кинотеатр көрсетіліміне қолдау көрсету, облысымыздың спортшысына атақ-дәреже беру, Бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты ұсыныстар және мемлекеттік тапсырыс бойынша өтініштерін айтты.

Ертай Кенжебекұлы азаматтарды мұқият тыңдап, шешімнің заңды жолдарын түсіндірді. Көтерілген әр мәселе бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырма берді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Feb, 06:03


Қанат Бозымбаев Сауран ауданына барды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына іс-сапармен келді. Ол бірінші Сауран ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген Мансап орталығы ғимаратымен танысты. Сондай-ақ, аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы аудандағые жүзеге асатын ірі жобалармен таныстырып өтті. Олардың қатарында Мәдениет үйі, Спорт кешені секілді әлеуметтік нысандар бар.


#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Feb, 05:23


Слэклайн үстіндегі ең биік серуен

Лукас Ирмлер мен Фриди Кюне слэклайн үстінде жүру бойынша бірнеше дүркін рекордсмендер. Олардың соңғы көрсеткіші жерден 2500 метр биіктікте орын алды. Неміс спэклайнерлері 19 метр жүріп өтіп, керемет әлемдік рекорд көрсетті.

Халықаралық Slackline Ассоциасы растағандай, Лукас пен Фриди екі әуе шарының арасындағы серуеннен соң, парашютпен секіріп, жерге қайта қонып, аяқтаған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Feb, 04:47


Tour One M3 – ерекше құлаққап

🎧CES 2025 көрмесінде JBL компаниясы Tour One M3 наушниктері мен JBL Smart Tx құрылғысын таныстырды. Құлаққап аудио сигналды бірнеше динамикке жіберуге мүмкіндік беретін сенсорлы экранмен жабдықталған.

Өнертабыс USB-C, AUX, Bluetooth арқылы жұмыс істейді. Негізінен, аталған құрылғы толық қуатпен 70 сағатқа дейін қызмет етуге қауқарлы. Ал, оның бағасы 399 АҚШ доллары, яғни 211 800 теңгеге бағалануда.

📺Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Feb, 04:16


Достықты қалай бағалайсыз?

«Көптің пікірі» айдарында қала тұрғындарына осы сұрақты қойдық.

Тұрғындардың жауабы қалай болды, соны бірге көрейік.

#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 16:37


😍 Әр өңірдің сұлуларын ЖИ көзімен көрейік

Жасанды интеллектінің көмегімен еліміздің сұлуларының бейнесін жаңа көзқараспен жасап шықтық!

📌Бұл жоба әр аймақтың ерекшеліктерін, сұлулықты қалай көруге болатынын көрсетеді.


Қалай шыққаны туралы пікірлеріңізді күтеміз❗️

Өз ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар❗️

#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 15:09


Түркістанда ипподром ашылады

Бірнеше уақыттан соң бұл жерде ат тұяғының дүбірі естіліп, ата дәстүрді жаңғыртатын жаңа тарих басталмақ!

Мұнда ат құлағында ойнаған болашақ чемпиондар дайындалады. Мұнда дәстүр мен спорт тоғысады.

99 гектарға жуық аумақты алып жатқан құрылыс нысаны осы жылы аяқталады деп жоспарлануда.

#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 14:40


Түркістанның туристік әлеуеті талқыланды

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «MIRAS» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Аталған жиында өңірде туризмді дамыту бағыты бойынша атқарылар міндеттер қаралды.

Алдағы уақытта туристерді тарту мақсатында жаңа нысандар ашу жоспарлануда. Айта кетейік, былтыр өңірдің туризм саласына 74 млрд теңге шамасында инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 58 пайызға артық.

#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 14:37


Түркістан облысында 19 трасплантациялық ота жасалған

2024 жылы Түркістан облысында 9 бүйрек, 10 бауыр трасплантациялық отасы жасалған. Бүйрегін ауыстырғандардың ішінде екеуі, ал бауырына ота жасатқанның біреуі бала. Ал 176 адам ағза ауыстыратын күнді асыға күтіп жүр.

Трасплантациялық отаның көбісі қай ағзаға жасалды?

Толығырақ тілші материалынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 14:34


Жанға «Жайлы мектеп»

Биыл «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аяқталады. Өткен жылы ел көлемінде 217 білім ордасы пайдалануға берілсе, биыл тағы 152 мектеп ел игілігіне берілмек. Оның ішінде 29 ғимарат Түркістан облысына тиесілі. Олардың бір парасы былтыр ашылып үлгерді.
Сонымен, жаңа бағыттағы «Жайлы мектептердің» қандай артықшылықтары бар?
Тілші материалынынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 13:49


Хоккейге 4 жастан бастап қабылдайды

🏑«Спорт жаршысы» бағдарламасының кезекті шығарылымын Түркістанда орналасқан «Мұз сарайы» кешеніндегі хоккей үйірмесіне арнады.

Бағдарлама барысында Түркістан облыстық хоккей құрамасының аға бапкері Илмир Каримов үйірме жайлы толық ақпарат беріп, түрлі сұрақтарға жауап берді.

▶️Толығырақ Youtube арнамыздағы «Спорт жаршысы» бағдарламасынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 13:39


Бес жасар вундеркинд

Кентау қаласында есепті шемішкедей шағатын балақай тұрады. Небәрі 5 жасар Тамерлан 7-8 таңбалы сандарды оп-оңай қоса алады. Тамерлан - үйдегі үш баланың ортаншысы. Ешқандай арнайы курсқа қатыспаған. Тек анасынан цифр атаулары мен таңбасын үйретуін сұрапты.

Үйрету барысында Әсем Аязбаева ұлының ерекше дарынын байқаған. Әлі мектеп табалдырығын аттамаған оның мыңдықтарды еш қиналмай қосатынын көріп таң қалғанын жасырмайды.


#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 12:56


Тұрмыстық оқиғалардың 80%-ы медиация арқылы шешілген

«Достық мекені» бағдарламасы кезекті шығарылымын жақында ғана ашылған «Достық үйі» ғимаратына арнады. Яғни, онда кімдер жұмыс істейді және қандай үйірмелер барын анықтап, түрлі сауалдарға жауап іздеп қайтты.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов этномедиация бойынша, Түркістан облысында биылдың өзінде 100-ден аса тұрмыстық оқиғалар орын алған. Осының 80 пайызы медиация тәртібімен, сотқа жетпей шешілгенін айтты.

Толығырақ «Достық мекені» бағдарламасынан көріңіз.


#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 12:17


«Жолдың асты» туралы білгіңіз келе ме?

Түркістан қаласында ел аузында «Жолдың асты» деп аталып кеткен мөлтек аудан бар. Түтіні түзу шыққан ауылдың қайнаған тіршілігі бар, түрлі ұлт өкілін құшағына сыйдырған мекен.

📺5 ақпан 17:00-де жұрт білетін «Жолдың асты» деректі фильмін Turkistan телеарнасынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 11:45


Салынатын құрылыс нысандарының сәулеті талқыланды


Түркістан облысында салынатын нысандар мен ғимараттардың сәулеті облыс әкімдігіндегі арнайы кеңесте тұрақты түрде талқыланып тұрады. Бұл жолы да сәулеттік кеңестің кезекті отырысы өтіп, 16 жоба талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әрбір құрылыс нысаны терең зерделеніп барып салынуы керек екенін тағы да ескертті.


Кеңесте құрылыс нысаны салынатын аудан, қала әкімдерінің ұсыныстары тыңдалды. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлер де өз ойларын айтып, жобаларын ұсынды. Олардың ірілеріне келсек, әкімшілік-іскерлік орталығынан көрме орталығын салу, бой көтерген Қазақ-корей университетінің ғимаратының сәулетіне қатысты идеялар айтылды. Сонымен бірге филармония, галереяның құрылысына қатысты ұсыныстар да берілді.



#TurkistanTV

Turkistan TV

04 Feb, 11:33


Биыл егінге арнайы техникалар алынады

«Ауыл және әкім» бағдарламасының кезекті қонағы Жаңа Иқан ауылының әкімі Тахир Абдаев болды. Сұхбат барысында ауыл халқының негізгі кәсібі туралы және биылғы жоспары бойынша түрлі сұрақтарға жауап берді.

Егін шаруашылығына 2024 жылы 6 трактор және жер жыртуға арнайы тағы бір трактор алынғанын айтса, биыл да егін шаруашылығына бірнеше техникалар алуды көздеп отырғанын тілге тиек етті.

Толығырақ «Ауыл және әкім» бағдарламасынан көріңіз.



#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Jan, 07:57


🚫Баланы үйде жалғыз қалдырмаған жөн

Түркістан қалалық Білім бөлімінің бас маманы: «Баланы үйде жалғыз қалдырмауға тырысу керек. Өрт - тілсіз жау болғандықтан, оның қай кезде шығып қалатыны белгісіз. Сондықтан, ата-ана түсіндіруден бөлек, баланың жанында көбірек болғаны жөн», - дейді.

«Нәзік әлем» бағдарламасы студия қонақтарымен «Баланы қорғау – болашақты қорғау» тақырыбында сөз қозғады.

Толығырақ «Нәзік әлем» бағдарламасынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Jan, 07:38


Анар шырынының 1 литрі 3000 теңге

🤯«Баға» айдарының кезекті санында анар бағасы мен оның денспулыққа пайдасы туралы ақпарат іздеп көрдік.

Түркістанда 1 кг анар бағасы – 1000 теңге.

💸Ал, мезгілдің ыстық, суығына қарамай Түркістанда анардың шырыны сатылады. 0,5 литрі – 1500 теңге болса, 1 литрі – 3000 теңгеден сатылады. Сатушы мұнда сәбіздің шырыны да сатылатынын, оның бағасы – 1200 теңге екенін тілге тиек етті.

Анар шырынын бірнеше жылдан бері кәсіп етіп жүрген сатушы оның денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін және қай уақыттары сатылатыны жайлы сұхбат берді.

▶️Толығырақ бейнематериалдан көріңіз!

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Jan, 06:50


Барыс, бұғы, қабан көрдіңіз бе?

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі сізге осындай мүмкіндік береді. Қызметкерлер қорық аумағына бейнекамералар орнатып, бақылауға алған. Нәтижесінде, жабайы жануарлардың аса сирек бейнекөріністері түсіріліп отыр.

🦊Видеодан қар барысы, түлкі, қабан, бұғы жануарларын байқауға болады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Jan, 06:48


Түркістанда ата-аналар форумы басталды

Түркістанда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қоғамға қауіпті бес кесел» тақырыбында ата-аналарға арналған облыстық форум өтіп жатыр.

Форумға облыс көлеміндегі барлық білім бөлімдерінің тәрбие жөніндегі әдіскерлері, мектеп басшылары мен ата-аналар қатысып жатыр.

Форум қоғамның дамуына кедергі келтіретін зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Jan, 05:24


Өңірде әлеуметтік дүкендер саны 50-ге жетеді

Қолжетімді бағада азық-түлік сататын сауда орындарының саны артпақ. Жыл соңына дейін өңірдегі әлеуметтік дүкен санын 50-ге жеткізу жоспарланып отыр.

Олардың дені халық тығыз қоныстанған аймақтардан бой көтереді. Ал, бүгінде Түркістан облысында неше әлеуметтік дүкен бар? Ондағы азық-түлік құны қанша?

Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 14:09


Қысқы Универсиада – 2025: Қазақстан 12 орында!

Италияның Турин қаласында өткен дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 12-орынмен аяқтады. Спорттың 10 түрінен 103 спортшымыз қатысты. Екі аптаға созылған дүбірлі додада ел құрамасы 14 медаль иеленді.

Жүлде саны бойынша бұл Қазақстанның Универсиада тарихындағы екінші үздік нәтижесі. Бұған дейін отандастарымыз 2017 жылы Алматыда өткен байрақты бәсекеде 36 медаль жеңіп алған еді.

Жалпы дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Франция бірінші орынды иеленсе, Оңтүстік Корея құрамасы екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Финляндия түйіндеді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 14:05


Үздіктер «Тау самалында» демалды

Түркістан облысындағы мектеп оқушылары төлебилік замандастарына қызыға да қызғана қарайды. Өйткені, бұл аудандағы 40-қа жуық оқушы «Тау самалы» шаңғы базасында бір күндік демалысын өткізді.

Олардың арасында биыл пән олимпиадаларында топ жарған оқушылар бар. Өнер мен спортта үздік атанған жасөспірімдер де ұмыт қалмаған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 14:01


Апаттың себебі келесі аптада айтылады

Ақтауда болған ұшақ апатына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Қайғылы оқиғаның себебі алдағы аптада белгілі болады.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқан комиссияның құрамында 18 сарапшы бар. Олар Ресей, Әзербайжан, Бразилия және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының өкілдері. Комиссия Бразилиядан келген қара жәшіктерді зерттеуге бар күшін жұмсап жатыр екен. Ал оның ішіндегі материалдардың бәрі оқылып, анықталыпты.

Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетілген.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 13:58


Бізге агрономдар қажет

Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар” жылына орай колледждерді трансформациялау жолға қойылды. Яғни, білім беру ұйымдарын заманауи еңбек нарығының талаптарына сай дамыту және білікті кадр даярлауда тиісті жұмыстар атқарылмақ.

Мәселен, «Дәнекерлеуші», «IT», «Агро» сынды салаларда құзыреттілік орталығы құрылады. Жұмысшы мамандарды даяралауда тағы қандай жаңалықтар бар?

Толығырақ бейнероликтен көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 13:53


Екі мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

Түркістан облысының әділет департаменті өткен жылы өңір тұрғындарына 2000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 1 956-сы қағаз түрінде болса, 233-і электронды. Оған қоса, заңды тұлға. Нәтижесінде бюджетке 4 млрд теңгеден астам мемлекеттік алымдар түскен.

Бұл туралы Түркістан облысының әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұхит Тұрғараев баспасөз брифингінде мәлімдеп, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 13:36


Мешіт құрылысы қашан аяқталады?

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласына кіреберісте салынып жатқан 5 мың орындық мешіттің құрылысын аралап, жауаптылармен кездесті. Шаһарда бой көтерген еңселі жаңа ғибрат орны әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіліп жатыр. Жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталуы тиіс.

Облыс әкімі осы тұрғыда құрылысты ширатуды, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Қауіпсіздік шараларын толық сақтауды ескертті.

Мешіттің қасбеті салынып біткен. Мұнарасы қойылып, электр жарығымен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам, 9 техника жұмылдырылған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 12:08


Тұрғындар жеке қабылдауда маңызды мәселелерді көтерді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс аумағында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты өткізіліп келеді.

Кестеге сәйкес бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауға Түркістан, Кентау қалаларының және Сауран, Бәйдібек, Келес аудандарының тұрғындары келді. Тұрғындардың басым бөлігі баспана мәселесін көтеріп, көмек беруін сұрады.

– Тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл дегеніміз, ешкім өз кезегінен тыс пәтер алмайды немесе біреудің орнына өтініш бере алмайды. Әр азамат өз кезегін күтіп, әділ, яғни заң шеңберінде пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан мұқтаж отбасыларға тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызын өтеп беру үшін «Отбасы банкіне» өтінім жолдау мүмкіндігі де бар, - деді Зұлпыхар Жолдасов.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 11:49


Әлемдегі ең жылдам Спидкубер

🎲 Әлемдегі ең жылдам Спидкубер атағына Қытайдан келген И Хен Ван ие болды. Ол текшені 4,69 секундта құрады.

Спидкубер орнатқан нәтиже ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Алдыңғы рекордтық уақыт 4.86 секундты құрайды және американдық Макс Парк пен поляк Тимон Колашинскийге тиесілі. Сонымен қатар, И Хеннің ең аз құрастыру уақыты басқатырғыштың ең жылдам бесінші шешімі болды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 11:29


Жаңа ұшақтармен толықты

Ұлттық ұлан құрлымы жаңа ұшақтармен толықты. Қос техника төтенше жағдайларда зардап шеккендерді эвакуациялауға және оларға медициналық көмек көрсетуге арналған. Мәжіліс депутаттары әуе көліктерімен танысты.

Алғашқы ұшақ бір мезетте 30 адамды тасымалдауға қауқарлы. Ал, Ми-171 тікұшағы түнгі уақытта және күрделі ауа райы жағдайларында ұшуға әзір. Таныстырылым әскери бөлімнің даңқ мұражайында экскурсиямен жалғасты. Онда мәжілісмендер ұлттық ұлан сапындағы сарбаздарды көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 07:46


Кентаудың коммуналдық жүйесі түбегейлі жаңарады

Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде 377 көпқабатты тұрғын үйдің 288-і толығымен жаңартылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов кенді қалаға арнайы іс-сапармен барып, жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.

Алдымен қаланың кіреберісінде орналасқан кәріз су тазалау станциясына барды. Қазір осы станцияға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жоба бойынша 40 гектар жер теліміне жаңа кәріз су тазарту станциясы салынады. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамтуды ұлғайтпақ.

Одан бөлек, Зұлпыхар Жолдасов шаһардағы өзге де өзекті мәселелерді бақылауға алып, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Соның бірі – көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 06:47


Бала қауіпсіздігіне балабақшада тәрбиеші жауапты

«Нәзік әлем» бағдарламасында «Баланы қорғау – болашақты қорғау» тақырыбы талқыланды.

«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Гүлнұр Ерімбетова: «Балабақшадағы баланың қауіпсіздігіне тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі тікелей жауапты», - дейді.

«Нәзік әлем» бағдарламасының толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

24 Jan, 06:29


Соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге беріледі

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 120 соғыс ардагері, сондай-ақ жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат тұрады.

«Облыс, елорда және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне биыл 120 соғыс ардагерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі», - делінген министрлік ақпаратында.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 12:50


«Мархабат» журналы жарық көрді

Белгілі жазушы Мархабат Байғұттың құрметіне орай, «Мархабат» атты журнал жарық көрді. Сонымен қатар, ақпараттық сайтта өз жұмысын бастады. Онда оқырмандар қаламгердің шығармашылығымен сусындап, өмір жолына үңіле алады.

Мархабат басылымының лентасы Шымкент қаласындағы «Әл-Фараби» ғылыми-әмбебап кітапханасында қиылды. Іс-шара жазушының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған. Сондықтан оны еске алып, жас ұрпаққа өнегелі жолын дәріптеу үшін зиялы қауым өкілдері мен қаламгердің замандастары және Түркістан облысы әкімінің орынбасары қатысты.

Іс-шараға мерзімді басылымның алғашқы саны әкелінді. Онда жазушы, журналист Мархаббат Байғұттың бір сала да қызмет еткен әріптестері естеліктерімен бөліскен.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 12:22


Су қоймалар мен каналдар жекеменшікте

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев су қоймалары жайлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа депутаттық сауал жолдады.

Сондай-ақ, депутат су тасқыны апаттарының тағы бір себебі – су қоймалары мен каналдардың көпшілігі жекеменшікке өтіп кеткенінен дейді.

«Бір ғана Түркістан облысында 4 су қоймасы мен 105 канал жеке меншікте. Бұл – егін және мал шаруашылығымен айналысатын Арыс, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Түлкібас және Шардара аудандарында орналасқан жалпы ұзындығы 335 шақырымды құрайтын су арналары», - деді Мәжіліс депутаты.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 12:05


Ұлттық ұлан чемпионаты басталды

Түркістанда Ұлттық ұлан чемпионаты басталды. «Балуан Шолақ» спорт кешенінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командалық жарысы өтуде. Онда сарбаздар волейболдан бақ сынап жатыр. Чемпионатқа еліміздің 5 өңірінен 10 команда қатысады.

Жалпы, чемпионат дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді. Ал, биыл сайыс қаралы қаңтарда қызметте жүріп, қаза тапқан Ұлттық ұлан жауынгерлерін еске алуға арналыпты.

Ұлттық ұлан сарбаздары Алматы, Шымкент, Қызылорда және Талдықорған қалаларынан келген. Барлығы 10 құрама. Олар алдағы уақытта спорттың 6 түрінен өзара бақ сынасады. Енді келесі кезеңі Қызылорда қаласында қазақ күресінен өтпек.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 11:36


93 жастағы әже сабақ өткізді

😳Әлеуметтік желіде батыс қазақстандық 93 жастағы мұғалімнің видеосы барша жұртты тәнті етті. Видеода кейуана мектеп тақтасына шығып есеп формулаларын түсіндірген.

👵93 жастағы сынып жетекші Нәбия Ғұбайдоллақызы өзінің мектепті бітіргеніне 40 жыл толуына орай жиналған түлектеріне сабақ берген.

😍Қарияның қызы анасының немерелерін ҰБТ-ға дайындауға көмектескенін жеткізді. Сондай-ақ, 93 жастағы әженің күш-жігерінің арқасында немерелерінің бәрі грантқа түсіпті.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 11:08


Халықтың 36 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған

«Түркістан тынысы» бағдарламасының кезекті қонағы Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тілеш. Ол бағдарлама барысында кәріз жүйесі туралы түрлі сұрақтарға жауап беріп, жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты.

▶️«Түркістан қаласындағы инфрақұрылым: Даму және жаңашылдықтар» атты тақырыбында өткізілген «Түркістан тынысы» бағдарламасын Youtube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 07:37


7 мың шақырым канал салынады

Елімізде 7 мың шақырым канал салынады. Ол үшін 137 жоба жүзеге асып жатыр. Тағы 201 жобаға сметалық құжаттары әзірленуде. Осылайша 700 мың гектар суармалы жер қалпына келіп, қажетсіз шығындар азаяды.

Жоспарға сай Түркістан облысында екі бірдей су қоймасы салынады. Бәйдібек-ата және Қарақуыс су қоймалары шаруалардың жұмысы ширатып, су тапшылығы азайтады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 06:50


Ирандық пештер заңға сәйкес келмейді

🔥Қалалық газ инспекциясы жылу маусымы басталған сәттен бастап, мамандар әр баспананың көгілдір отын құбырының дұрыс орналасуын тексереді. Сонымен қатар, инспекция мамандары сенбі күні түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

📛Бағасы төмен болғанымен, қауіптілігі жоғары ирандық пештерді көгілдір отыннан сол мезетте ажыратады. Түркістан қалалық газ инспекциясының директоры Әлмұхаммед Айменов Түркістан қаласында биыл 3 ирандық пешті табиғи газдан ажыратқандарын айтты.

▶️Түркістан қаласындағы инфрақұрылым туралы толығырақ «Түркістан тынысы» бағдарламасынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 06:34


🏐Түркістанның волейболшы қыздары жарап тұр

📌Алматы облысы, Талғар қаласында қаңтардың 4-11 күндері аралығында волейболдан қыздар арасындағы ел чемпионаты өтті. 2006-2007 жылы туған бұрымдылар қысқы біріншіліктің үздіктерін анықтады.

Елішілік бәсекеге Шымкент, Алматы қалаларымен қатар, Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Қостанай облыстарының құрама командасы қатысып, бақ сынасты. Апта бойы жалғасқан жарыста 1-орынды Алматы облысының «Талғар» командасы иеленсе, 2-орынды Түркістан облысының қыздары еншіледі.
Ал, 3-орынға Алматы облысының бұрымдылары жайғасса, 4-орыннан Қостанай облысының құрамасы көрінді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 06:10


Аудандық емхананың жайын білді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына іссапары барысында аудандық емхананың жұмысымен танысып, қызметкерлермен кездесіп, еркін пікір алмасты.

Облыс әкімі денсаулық сақтау мекемесінің жұмысын саралап, медициналық қызмет көрсету саласындағы сапа мен тиімділікті одан әрі арттыру қажеттігіне тоқталды. Аудан тұрғындарының денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратын мекемелердің жұмысын тұрақты түрде жетілдіріп отыру маңыздылығын атап өтті.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 06:01


«Мыңнан астам бөлме гүлдерін өсіріп баптаймын»

🎍Сауран аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы, жеке кәсіпкер – Ділназ Анарбаева сұхбат берді. Ең алғаш 2016 жылы сауда нарығына қосылған Ділназ ханым бүгінде мыңнан астам бөлме гүлдерін өсіріп баптауда.

🪴«Жаңа толқын» ақпараттық-сауықтық бағдарламасындағы сұхбатында Қытай еліне арнайы барып келгенін айтты. Қытайдан инвестор, маман және гүл тұқымдарын алып келгенін тілге тиек етті.

▶️Толығырақ Youtube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 05:50


🫨Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды

Оңтүстік Кореяда тәртіп сақшылары екінші жолы барғанда президент Юн Сок Ёльді қамауға алды.

📍Бірінші жолғыдай резиденция алдында тергеушілер мен президент күзетшілері арасында көп сағатқа созылған текетірес болды.

Юн қамауға алынар алдында бейнеүндеу жолдап, қамауға алудың заңсыз екенін мәлімдеді. Ол полиция мен күзетішілері арасындағы қантөгістен бас тартып өзі берілгенін жеткізді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 05:18


Орталыққа жақын аудан кәсіпкерлікке бет бұра ма?

Сауран ауданы Түркістан облысының іргесінде орналасқан. Тұрғындардың көбі егін және мал шаруашылығымен айналысады. Шорнаққа «Бөген» су қоймасындағы каналдың бірінен су келеді», - деді Шорнақ ауылының әкімі Бердалы Байдәулетов.

▶️ Шорнақ ауылы халқының тұрмыс-тіршілігімен толығырақ білгің келсе, Youtube арнамыздағы «Ауыл және әкім» бағдарламасынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 05:01


Сіз үшін қандай смартфон ең үздік?

📱AnTuTu орталығы 2024 жылдың нарықтағы орташа бюджеттік үздік смартфондарын атады. Тізімді iQOO Neo10 Pro смартфоны бастады. Нарықтағы құны 233 мың теңгеге бағаланған телефон жылдамдығы арқылы ерекшеленген.

📞Сондай-ақ, Redmi K80 Pro өнертабысы да осы тізімде. Көп оперативті жады арқылы көзге түскен құрылғы, қолданушылардың оң бағасын алған. Сонымен қатар, тізімде iQOO 13, Meizu 21 Pro, Honor Magic6 сынды смартфондар бар.

▶️Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 04:01


Кімдер үйді тегін жекешелендіре алады?

Биыл Түркістанда 944 азамат баспаналы болмақ. Облыс орталығында қазір көппәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, енді белгілі бір санаттағы азаматтар мемлекеттен жалға берілген үйлерді жекешелендіре алады. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Ал аталған санаттарға жатпайтын азаматтар қалдық бағалау құнының алғашқы жарнасы – 30%-ын төлеп, қалған сомманы 10 жылға бөліп төлеу арқылы жекешелендіре алады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

15 Jan, 03:59


Адам не үшін отбасын құрады?

👩‍❤️‍👨 Отбасы құрудағы мақсат белгілі, адам отбасын құру арқылы жаңа өмірге қадам басып, ұрпақ жалғастырады.

Ал қала тұрғындары осы сұраққа қалай жауап берді екен? Бірге тамашалайық.

Ал сіз отбасыны не үшін құрады деп ойлайсыз?

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Jan, 15:43


«Түркістан тынысы» эфирге қайта шықты

Бүгіннен бастап шаһар тынысынан хабар беретін «Түркістан тынысы» бағдарламасы көрерменге қайта жол тартты.

🤩Бағдарламада қалалық әкімдіктегі әр бөлімнің басшылары қонақ ретінде шақырылып, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап береді.

😍Бүгінгі бағдарламада «Түркістан қаласындағы инфрақұрылым: Даму және жаңашылдықтар», - деген тақырыпты қозғау мақсатында Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тілеш қонаққа келді.

📺Дәл қазір Turkistan телеарнасынан «Түркістан тынысы» бағдарламасын көре аласыз!

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Jan, 15:34


Бейсен Құранбек қаламынан шыққан соңғы туынды

Түркістан қаласында «Ұстаз» фильмінің премьерасы ұсынылды. Фильмнің түсіріліміне 15-ке жуық актер өнер көрсетті. Олар Жетісу облыстық драма театрының өнерпаздары. Шәкірттерді облыстың оқушылар сарайындағы поэтикалық театрының әртістері сомдап шықты. Ал, туынды таспалауға 1,5 ай уақыт кеткен. Түсірілім Талдықорған облысы Ешкіөлмес ауылында өткен.

«Ұстаз» фильмі Бейсен Құранбек қаламынан шыққан соңғы туынды. Журналист көз жұмған соң бұл істі жұбайы Гүлмира Зербай жалғастырған. Осылайша, 2017 жылы басталған еңбек биыл ғана ел назарына ұсынылды.

Айта кетейік, туынды үлкен метражды фильм және көп сериялы хикая ретінде түсірілген. Енді ол Түркістан телеарнасында да көрсетілмек.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Jan, 15:07


Көгілдір отынды тұтынушылар көбейген

Түркістан қаласындағы 42 мыңнан астам баспана көгілдір отын жүйесіне қосылған. Осылайша, табиғи газдың игілігін көріп отырған тұрғындар саны артып келеді.

Дегенмен, газ құбырын талапқа сай емес жабдықтаған отбасылар да бар. Оған қоса, ел арасында қолжетімді болып саналатын ирандық пешті қолданатын отбасылар да жоқ емес. Одан келетін қауіп қандай?

Толығырақ сюжеттен көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Jan, 14:51


Студенттерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілген?

📚 Елімізде 624,5 мың студент жоғарғы оқу орнында оқиды. Білім алушылардың басым бөлігі педагогика саласын таңдаған. Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы мамандықтары 16,4 пайызбен екінші орында тұр.

Өңірлер бойынша тоқталсақ, жоғарғы оқу орнында білім алушы жастардың дені Алматы мен Астана қаласында екен. Ал Түркістан облысында 10,9 мың студент бар.

Жалпы, өңірдегі студенттерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілген?

Толығырақ тілші бейнематериалынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

14 Jan, 14:40


70,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Түркістан облысында 70,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Осының нәтижесінде, былтыр жайылым тапшылығы төмендеп, 608 мың гектар болған.

Облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының сөзінше, өңірдегі барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектар. Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топтың құрамы бекітілген.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 15:30


20 жылдан бері көлік жөндейтін келіншек

Айзада Мейірбанова Түркістан қаласының тұрғыны. Алғашқы кейіпкеріміз жаны нәзік болса да, жұмысы ауыр, 20 жылдан бері көлік жөндеумен айналысып келеді.

Биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы». Яғни, қоғамда еңбекқорлығы мен кәсібилігін қатар алып жүрген жандарды қолдауға басымдық берілмек. Осыған орай Turkistan арнасы «ЖҮЗ КҮНДЕ – ЖҮЗ ЖҰМЫСШЫ» атты арнайы жоба бастады.

Жергілікті халыққа «Айка» есімімен танылған ұстамен сұхбатты тілші материалынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 15:01


Жаңа әкім басым бағыттарды айқындады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс әкімі аппараты, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен жиналыс өткізіп, алда атқарылатын жұмыстар мен басым бағыттарға тоқталды. Өңір басшысы аймақтың өзекті мәселелерін зерделеп, шешу бағытында нақты істер атқарылатынын жеткізді.

Мәжілісте облысты дамыту, барлық сала бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру жолдары талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 14:31


Жаңа әкімді Премьер-Министр таныстырды

Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды. Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихатының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылған.

Оған сәйкес, қарауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің және Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің кандидатуралары ұсынылды. Нәтижесінде, халық қалаулыларының басым көпшілігі Нұралхан Көшеровті қолдап дауыс берді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 14:11


Сіз де өз жұмысыңыз туралы айтып беріңіз

Бүгін Turkistan арнасы бастаған жаңа жобаның алғашқы қонағы, автодиагностикалаушы – Айзада Мейірбанова студияға келді.

«ЖҮЗ КҮНДЕ – ЖҮЗ ЖҰМЫСШЫ» жобасы күнде түрлі мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді.

Бірінші күнгі «Жаңа толқын» ақпараттық-сауықтық бағдарламасының қонағы – ерекше маман иесі.

Автодиагностикалаушы Айзада Мейірбанова сұхбат кезінде жұмысының ауыр еместігін және өз қыздары осы көлік жөндеу саласын таңдайтын болса рұқсат беретінін тілге тиек етті.

Қымбатты көрермен, егер сіз де ерекше мамандық иесі болсаңыз, Тurkistan арнасына келіңіз. Студия қонағы болып, өзіңіздің мамандығыңыз туралы айтып беріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 14:04


«Жаңа қала» ситкомының бірінші маусымы аяқталды

🤩Turkistan телеарнасы 2024 жылы «Жаңа қала» телехикаясын түсіріп, халыққа ұсынды. Белгілі актерлер түскен бұл ситкомның негізгі мақсаты – Түркістанды дамытып, туристерді көбейту.

🤗12 сериялы телехикаяның барлық бөлімін Youtube арнамыздан көру мүмкіндігі бар.

Сіз қанша сериясын көріп үлгердіңіз Екінші маусымы қалай жалғасады деп ойлайсыз Сіз төменге өз ой-пікіріңізді жаза кетіңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 14:02


Жәрдемақының биылғы көлемі өзгерді

Биылдан бастап жәрдемақыға 6,5 пайыз, зейнетақыға 8,5% үстеме қосылды. Сондай-ақ, баланың дүниеге келуіне байланысты берілетін жәрдемақы көлемі де көтерілді. Жаңа жылда елімізде жәрдемақылардан бөлек, айыппұлдар көлемінде де өзгеріс бар.

Бүгінде Түркістан облысында 94 мыңға жуық әлеуметтік төлем алушы, 122 мыңнан астам көпбалалы, 700 мыңнан астам зейнетақы және жәрдемақы алатын тұрғын бар. Айлық есептік көрсеткіш есебінен 2025 жылы оларға берілетін қаржы көлемі де артты. Ал 200 мыңға жуық қарияның зейнетақысы 8,5 пайызға көтерілген.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 13:25


Жүз күнде – жүз жұмысшы

🤩Turkistan арнасы ел Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай "ЖҮЗ КҮНДЕ - ЖҮЗ ЖҰМЫСШЫ "атты арнайы жоба бастады.

😍Енді телеарна күн сайын аймақтағы бір жұмысшы маманды студияға шақырып, эфирге қонақ ететін болады.

🤗Бұл бастаманың мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбек адамдарының кәсіби қыр-сырлары мен адами қасиеттерін ашып көрсету. Онда жұмысшы маман өз мамандығы, оның қиыншылықтары мен артықшылықтары туралы ашық айтып беретін болады.

#Turkistantv

Turkistan TV

06 Jan, 12:55


Төлем алып, түбіртек бермегендер бақылауға алынады

Биылдан бастап екінші деңгейлі банктер мемлекеттік кірістер комитетіне азаматтардың қаржылық операцияларына қатысты ақпараттарды жіберіп отырады. Осыған қатысты жұртшылық арасында көптеген сұрақ туындап жатыр. Жеке азамат 3 айдың ішінде 100 түрлі адамнан мобильді аударым алған болса, ол жан бақылауға алынады. Тарқата айтқанда, 1 айда 100 аударым орындалып, ол процесс қатарынан 3 ай ішінде қайталанса, бұл азамат жасырын кәсіппен айналысуы мүмкін деп есептеледі.

Ал, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қаржылық операцияны арнайы қондырғы арқылы жүргізетін жандарға алаңдауға негіз жоқ. Оларды тексеру тәсілі бөлек болмақ. Егер жеке кәсіпкерлердің 100-ден аса мобильді аударым қабылдағаны анықталса, белгілі мөлшерде айыппұл салынады. Сондай-ақ, төлем барысында кәсіпкер түбіртек бермесе, бұл тұтынушының құқығын шектеу болып есептеледі.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 11:54


Паспорт алушылар күрт көбейген

2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде паспорт шығарылды. Ресми мәліметке сүйенсек, 1 488 308 ҚР азаматының көк түсті құжаты дайындалған. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш.

Оның негізгі себептерінің бірі – балалар үшін паспорт жасату құнының екі есе төмендеуі. Аталған құжатты алғандардың ең жасы небары 10 күн, ең үлкені 109-да. Айта кетсек, өткен жылы шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат елге қайтарылды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 10:30


1 жылда 41 қойылым сахналаған театр

Түркістан музыкалық драма театрының директоры Әлімхан Мырзахан «Билік пен Бұқара» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат кезінде Түркістан музыкалық драма театрында 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айының аралығында 41 рет қойылым қойылғаны жайлы айтты.

▶️Толығырақ Youtube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 10:21


Парламент өкілдері аймаққа келді

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды. Халық қалаулысы Ұласбек Сәдібеков Төлеби ауданына келді. Мәжілісмен алдымен медицина мамандарын дайындайтын колледж жұмысымен танысып, қызметкерлерінің ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Мәжіліс депутаты, сондай-ақ, аудан жұртшылығымен кездесіп, жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Жиында тұрғындар электр қуаты мен ауыз су сапасы, спорттық нысандар мен тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ, кәріз жүйелерін жаңғырту бойынша сауалдарын қойды. Ұласбек Сәдібеков орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен шешілетін түйіндерді өз бақылауына алатынын мәлімдеді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 07:54


Мәжіліс депутаты Сайрам ауданына барды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облысы филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев арнайы іссапармен Сайрам ауданына барды.

Іссапар барысында халық қалаулысына аудан әкімі Арман Сабитов ауданның тыныс-тіршілігін таныстырды. Сондай-ақ, 2024 жылы атқарылған жұмыстары жайлы және де алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мәжіліс депутаты білім беру және әлеуметтік сала нысандарының көптеп салынуы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыратынын айтты. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарды мәжіліс мінберіне жеткізіп, мәселелердің тиімді шешімін табуына ықпал жасайтынын білдірді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 07:52


Мәжіліс депутаты Сайрам ауданына барды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облысы филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев арнайы іссапармен Сайрам ауданына барды.

Іссапар барысында халық қалаулысына аудан әкімі Арман Сабитов ауданның тыныс-тіршілігін таныстырды. Сондай-ақ, 2024 жылы атқарылған жұмыстары жайлы және де алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мәжіліс депутаты білім беру және әлеуметтік сала нысандарының көптеп салынуы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыратынын айтты. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарды мәжіліс мінберіне жеткізіп, мәселелердің тиімді шешімін табуына ықпал жасайтынын білдірді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 07:41


Ата-әжесінің қолында өскен балалар қандай болады

😍Абзал ата-апасының тәрбиесін алып, өз зеректігімен Еркеге ұнап қалған екен. Ерке Абзалдың әжесімен қалай танысты

▶️Айта кетейік, «Жаңа қала» телехикаясының барлық сериясында Youtube арнамыздан көре аласыз.


#TurkistanTV

Turkistan TV

06 Jan, 07:09


⚡️Олжас Бектенов Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Депутаттарға Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылды. Қарауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің және Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің кандидатуралары ұсынылды. Сайлау комиссиясы ашық дауыс беру қорытындысын шығарып, 288 дауыстың 224-і Нұралхан Көшеровке берілді.

Мәслихат жиналысының қорытындысына сәйкес, ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Dec, 11:19


Спорт саласының үздіктері марапатталды

Бүгін «Congress Hall» көпсалалы кешенінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың үздіктерін марапаттау салтанаты өтуде.

Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, спорт саласына елеулі үлес қосқан үздіктерді марапаттады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Dec, 11:08


Құтқарушылар марапатталды

🎖️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен адамдарды құтқарған бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мемлекет басшысының жарлығымен, II және III дәрежелі «Айбын» орденімен облыстық полиция және төтенше жағдай департаментінің 2 қызметкері марапаталды.

«Құрмет» орденімен облыстық аурухана және әуежай бекетінің медициналық қызметкерлері марапатталса, тағы бірқатар апат алаңында көмек көрсеткендер «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері атанды. Сонымен қатар, 51 адамға Президенттің алғысы жарияланды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Dec, 10:58


МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Мереке күндері Түркістан облысында қауіпсіздік шаралары жанданып, тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін нығайту маңызды екенін айтты.

Жаңа жылда көпшілік және бұқаралық іс-шаралар көбейетіні белгілі. Осыған байланысты 31 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Полиция департаменті мен «Ұлттық ұлан» әскери бөлімінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Облыс аумағында Жаңа жыл мерекесіне орай қоғамдық тәртіпті сақтауға 1423 қызметкер, 124 патрульдік автокөлік жұмылдырылады. 5 желтоқсаннан 3 каңтарға дейін «Пиротехника» жедел профилактикалык ic-шарасы өтуде. Әкімшілік кодексінің 196-бабы бойынша тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасаған 171 дерек анықталып, олардан 728 дана сертификаты жоқ пиротехникалық бұйым тәркіленген.

Turkistan TV

30 Dec, 10:16


Өз-өзіне қол жұмсаған адамды құтқарып қалған

🚨Әлеуметтік желіде видеосы тараған Есімхан Бағзатхан биыл 2024 жылдың жас полицейі номинациясымен марапатталды. Яғни, 2024 жылы қаңтар айында өз-өзіне қол жұмсамақшы болған азаматты құтқарған видео еді.

👮‍♂️Ол «Біздің буын» бағдарламасының кезекті санында өз қызметінің қызығы мен қиыншылығы жайлы сұхбат берді.

Толығырақ Youtube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Dec, 08:06


Channel photo updated

Turkistan TV

30 Dec, 08:06


Channel photo updated

Turkistan TV

30 Dec, 07:45


Түркістан облысының үздік журналисі

Түркістандағы «Congress Hall» кешенінде өткен «Жыл үздігі – 2024» іс-шарасында «Жылдың үздік журналисі» номинациясымен Бименова Дилара Тойлыбайқызы марапатталды.

Қызметі – «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінде бөлім меңгерушісі.

Тағы кімдер жыл үздігі номинациясымен марапатталғанын білгіңіз келсе, Youtube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Dec, 07:18


Блогер болу үшін қандай қабілет болу керек

🤗Түркістан блогері Азизхан Юсупов «Жаңа қала» телихаясына түсті. Сериал барысында блогерде қандай қабілет болу керек екенін айтты.

🤔Асан көкеге блогерлікті үйрете ме екен Блогерлер арнайы оқу оқи ма

Айта кетейік, «Жаңа қала» сериалының 5 сериалын да Youtube арнамыздан көруіңізге болады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Dec, 05:52


Ауыл шаруашылығы саласына үлес қосқан азамат марапатталды

Елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін наградтасы «Сабыр» ШҚ төрағасы – Талғат Аманұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Dec, 05:19


Brutalist – жаңа музыкалық құрылғы

Transparent бренді ерекше дизайндағы Brutalist музыкалық құрылғысын шығарды. Биіктігі 60 см, ал салмағы 12 келі болатын өнертабыс арнайы савбуфермен жабдықталған.

Сондай-ақ, ол Bluetooth, Wi-Fi, Apple AirPlay, Tidal Connect, Spotify Connect және Amazon Music секілді бірнеше бағдарламамен қамтылған. Айтпақшы, технология компанияның ресми сайтында 2 137 145 теңгеге саудалануда.

Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Dec, 05:06


2025 жылдан қандай өзгеріс күтесіз?

⚡️ Жаңа жылдан не күтесіз? Қандай жоспарларыңыз бар? деген сұраққа «Көптің пікірі» айдарында жауап алдық.

💥 Қала тұрғындары 2025 жылдан не күтетінін білу үшін, бірге көрейік.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Dec, 05:03


Brutalist – жаңа музыкалық құрылғы

Transparent бренді ерекше дизайндағы Brutalist музыкалық құрылғысын шығарды. Биіктігі 60 см, ал салмағы 12 келі болатын өнертабыс арнайы савбуфермен жабдықталған.

Сондай-ақ, ол Bluetooth, Wi-Fi, Apple AirPlay, Tidal Connect, Spotify Connect және Amazon Music секілді бірнеше бағдарламамен қамтылған. Айтпақшы, технология компанияның ресми сайтында 2 137 145 теңгеге саудалануда.

Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

29 Dec, 12:33


Үздік энергетик марапатталды

⚡️Мухтар Мухитдинов «Үздік энергетик» номинациясымен марапатталды. Ол – «Кентау сервис» МКК техникалық директордың орынбасары болып қызмет еткен.

😍Айта кетейік, 27 желтоқсан «Congress Hall» көпсалалы кешенінде Түркістан облысы әкімінің қатысуымен «Жыл үздігі – 2024» іс-шарасы өтті.

#TurkistanaTV

Turkistan TV

29 Dec, 09:40


«Үш ұйықтасам да сізді көремін деп ойламаппын»

«Жаңа қала» телехикаясын көріп жүрсіз бе 6-шы сериясын күтіп жүрсіз бе
Блогер Азизхан бұл ситкомның қай сериалына түсті? Егер, көріп жүрген болсаңыз төменге жаза кетіңіз👇👇👇

🤗Ал егер көріп үлгермеген болсаңыз, телехикаяның 5 сериалында Youtube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

29 Dec, 08:45


Үздік кәсіпкер – Бейімбет Сүйін!

«Capable Group» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Сүйін Бейімбет Жұмабекұлы «Жылдың үздік кәсіпкері»номинациясымен марапатталды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

29 Dec, 07:15


Turkistan телеарнасы ең үздік қызметкеріне шетелге жолдама сыйлады

🤩«Turkistan» телеарнасының ең үздік қызметкері деп танылған әріптесіміз Ақмарал Молдиярқызы әлем назарындағы қалада саяхаттайтын болды.

😍Жыл сайынғы дәстүр бойынша Turkistan телеарнасы әр бөлімнің жыл үздіктерін анықтап, 10-ға жуық әріптестеріміз марапатталды.

🥳Ерекше айта кететін жағдай, жеребе арқылы жаңалықтар бөлімінің тілшісі – диктор әрі тележүргізуші Ақдариға Мұхаддас iPad, SММ бөліміне жауапты Ақмарал Молдиярқызы шетелге жолдама ұтып алды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

29 Dec, 06:16


1968 жылы салынған нысан жөндеуден өтті

Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округінде аурухана күрделі жөндеуден өтті. Нысанның таныстырылымына
Бейсенбай Тәжібаев арнайы келіп тұрғындарды құттықтады.

🏥Айта кетейік, медициналық нысан 1968 жылы салынған болатын. Ескірген ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

🩺Мекемеде 43 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда күніне 90 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар.

#TurkistanTV

Turkistan TV

29 Dec, 05:39


Жаңа электро мотоцикл шықты

🏍️Жапониялық Yamaha Motor компаниясы жаңа электро мотоцикл шығарды. Тізгіндегі адам мен ментальді байланыс құра алатын өнертабыс тіпті секіре алады. Сонымен қатар, оның түссіз дөңгелек, голограмма арқылы көрсетілетін ақпарат секілді функциялары да бар.

🛵Айтпақшы, «болашақтың көлігі» атқа ие болған мотоцикл Netflix компаниясының фильміне де түсірілмек.

Turkistan TV

29 Dec, 04:25


Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

😧Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, кемінде 62 адам қаза болды. Ұшақ Бангкоктан (Таиланд) Оңтүстік Кореяға ұшып келген. Ұшақ бортында 175 жолаушы және экипаждың алты мүшесі болған деп жазды Yonhap агенттігі.

🛩️Өрт сөндірушілер әзірге екі адамды құтқара алған: бір жолаушы және экипаж мүшесі.

😦Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құстарға соғылып бағытынан ауытқып кеткен болуы мүмкін. Әзірге тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

#TurkistanTV

Turkistan TV

29 Dec, 04:06


2024 жыл өміріңізге қандай қуаныш әкелді?

«Көптің пікірі» айдарының қала тұрғындарына қоятын сұрақтар легі жалғасуда.

🌟 Жылды қалай қорытындылай аласыз? Жеке өміріңізде қандай жаңалықтар болды? Осы сұрақтарға өз жауабымызды алдық.

Бірге көрейік.

#TurkistanTV

Turkistan TV

27 Dec, 15:21


Өзбекстанға мұнай өнімдерін тасығандар ұсталды

Ұйымдастқан қылмыстық топ заңсыз әрекетін Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылына қарасты Сарқырама елдімекенінде жүзеге асырған. Қазақ-өзбек шекарасы түбіндегі қораның ішінен ұзындығы 455 метр жерасты тоннелін қазып, құбыр тартқан. Арнайы жүргізілген операция кезінде күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Олар бензинді зил жүк көлігімен әкеліп, көрші елге жіберіп жатқан сәтінде қолға түсті.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жанармайды Өзбекстанға мал қораның ішіне орнатылған мотор арқылы жіберген.

#TurkistanTV

Turkistan TV

27 Dec, 14:38


Cу спортынан 1 жылда 500-ге жуық медаль жеңіп алған

Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2024 жылдың үздік спорт мектебі болып танылды.

Осы орайда облыс әкімі облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорын арнайы марапаттады.

Жыл қорытындысы бойынша аталған спорт мектебінің спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, республикалық және халықаралық жарыстардан алған медальдары бойынша рекорд орнатты. Биыл шәкірттері 493 медальға қол жеткізді. Оның ішінде 189 алтын, 173 күміс және 131 қола медаль бар.
2024 жылы Париж Олимпиадасына – 1 Паралимпиаданың 20 лицензиясын жеңіп алды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

27 Dec, 14:37


Еңбектер еленетін жыл келеді

Еңбегі ерен, бейнеті ауыр азаматтарға лайықты құрмет көрсетіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Мұндағы мақсат – жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа баулып, нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттау.

Бүгінде Түркістан облысында тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 800-ге жуық сенбілік өтті. 170 қоқыс орнының 164-і ретке келтірілді. Қалған 6 орында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

#TurkistanTV

Turkistan TV

27 Dec, 14:27


Ерекше балалар жаңа жылды қарсы алды

🎄 Ерекше балалар мерекені тойлады. Сауран аудандық «Тең қоғам» әлеуметтік орталығы мүгедектігі бар балаларға жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырды. Бүлдірішіндер әсем безендірілген шырша аясында Аяз ата, Ақша қармен бірге би билеп, ән шырқады.

Сондай-ақ, мерекелік жиынға қатысушы балаларға Сауран ауданы әкімдігі атынан түрлі тәттілер мен жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Шаттық пен қуанышқа толы көңілді кеш театр кейіпкерлерінің қойылымына ұласты.

#TurkistanTV

Turkistan TV

27 Dec, 14:18


Түркістанда «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді

Ұлттық жоба аясында салынған №34 білім ошағы 1200 оқушыға шақталған. Заманауи үлгіде салынған оқу ғимаратының материалдық-техникалық базасы заман талабына сай.

Білім ошағында оқушыларға барлық жағдай жасалған. Мәселен, мектепте заманауи кең жолақты интернетпен жаңа модификацияланған кабинеттер бар. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларына бөлек блоктар қарастырылған.

Сондай-ақ, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған жеделсаты да бар. Және оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары орнатылған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

27 Dec, 13:56


52 мың қазақстандық кедейлік шегінен шықты

Биыл 52 мың қазақстандық кедейлік шегінен шықты. Оған қоса, 16 мыңнан аса еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылар жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин елордада өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, екі қолға бір күрек тапқандардың 70 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жұмыспен қамту шараларының басым бөлігін тұрақты жұмыс орындары құрайтынын атап өткен жөн. еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылардың басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, 22 пайызы уақытша жұмыспен қамтылған. Соның ішінде: 2,8 мың адам қоғамдық жұмыс орындарына, 500 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 204 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

27 Dec, 13:46


Мерекенің сәніне айналған жәрмеңке

Түркістанда 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауарлар қойылған азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Атап айтқанда, сиыр еті, сүт, нан өнімдері мен қатар күнбағыс майы, шекер, тауық еті де тиімді бағада сатылды.

Мұнда қойылған азық-түліктің басым бөлігі тұрақтандыру қорының өнімдері. Алдағы уақытта тұрғындар ұсынысына сәйкес, мұндай жәрмеңкелерді адам көп шоғырланған көпқабатты үйлердің маңында өткізу жоспарда бар. Жәрмеңке аясында бас-аяғы 10 тонна көкөніс, 250 мың дана жұмыртқа, 700 келі бакалеялық өнімдер мен 300 литр сүт өнімдері әкелінген.

#TurkistanTV

Turkistan TV

27 Dec, 13:27


3 медициналық нысан ашылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан облысында 1 күнде 3 медициналық нысан ашылды.

Отырар ауданының Аққұм ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев салтанатты ашылу рәсімінде тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Басқарма басшысы өз сөзінде 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында облыста 49 медициналық нысанның құрылысы жүргізілгенін атап өтті.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 16:53


Өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бүгін 12 қыркүйек күні Келес ауданы Біртілек ауылында болған жантүршігерлік оқиғаға нүкте қойылды.

Анасы мен оның 16 жастағы қаршадай қызының өліміне 29 жастағы экс-мұғалім кінәлі екені анықталған еді.

Бүгінгі сот отырысында сот күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 15:56


Келес ауданында ең ірі жылыжай кешені салынуда

🔸 Еліміздегі ең ірі жылыжай кешені Келес ауданында салынып жатыр. Құрылысы былтыр басталған нысанға ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын көтеру міндеті жүктелген.

500 гектар аумақта орналасатын өнеркәсіптік жылыжайлар жобасы «ЭКО-культура» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Салынып жатқан нвестициялардың жалпы көлемі 42 млрд. теңгеден асады. Жоба толық жүзеге асқанда жылына 27 мың тонна көкөніс өсіреді деп күтілуде.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 15:24


20 жылдан бері құқықтық көмек көрсетіп жүр

⚖️ Бүгін адвокаттар күні. Заң үстемдік құратын елдерде бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те жоғары.

Ал біздің елде қалай?

Осыдан оншақты жыл бұрын қоғамда «тас лақтырсаң, заңгерге тиеді» деген пікір жиі айтылатын.

Толығырақ тілші материалынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 14:41


«Ұлттық қор — балаларға»: Жинақ өседі

💵 Келер жылы Ұлттық қордан әр балаға шамамен 118-120 доллар түспек. Нақты сома 1 ақпанға дейін белгілі болады. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жинақталатын қаражатқа түсінік берді.

💰 Бас қаржыгер Мәди Тақиевтің айтуынша, биыл жоба аясында 7 млн-ға жуық балаға 100 доллар 52 центтен аударылған. Ал алдағы жылы бұл сома қосымша инвестицияланады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 14:34


«Жемқорлыққа жол жоқ!» форумы өтті

«Жемқорлыққа жол беру, ұрпақтың болашағына балта шабу». Бүгін осы атаумен Кентау қаласында форум өтті. Оған өңірдің мемлекеттік қызметкерлері мен құзырлы орган өкілдері қатысты. Тұрғындар да арнайы келген. Себебі, қоғамның бұл дертімен күресу бір ғана мекеменің жұмысымен шектелмей тұр.

🤝 Форум спикерлері қарапайым жұмысқа тұру, мемлекеттік қызмет алу кезінде пара ұсынбау жайы және азаматтарға пара ұсынған жағдайда қайда жүгіну керектігі түсіндірілді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 14:24


Теңге тағы құнсыздана ма?

Теңге тағы құнсызданбас үшін не істейсіздер? Сенат отырысында Жоғары палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Үкіметке сұрақты төтесінен қойды.

💸 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бұл бағытта бірқатар ірі жобаны іске қосу көзделіп отырғанын жеткізді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 14:15


Аяғымен сурет салатын студент

Армандары асқақ, өмірге құштар Нышанғали көбіне мультфильм кейіпкерлерін, анимациялық персонаждарды салғанды ұнатады. Туындыларын аяқпен салса да, әр деталі ол үшін маңызды.

Сондықтан, бір картинасы үшін сағаттап отырады екен. Аяғына қаламын қыстырып, бел жазбастан сурет салу оған қиын емес, керісінше, тек рахат сыйлайды.

Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 13:37


«Әйелдер ауруын айтуға ұялады»

Әйел денсаулығы – болашақтың кепілі. Сондықтан, нәзік жандылардың дұрыс күтімі келер ұрпақ үшін маңызды. Алайда, ауырған кезде ғана медициналық көмекке жүгінетін жандар дерттің алдын алмаса, үлкен қауіптің торына ілігеді.

«Сондықтан денсаулығыңызды сау қалпында сақтағыңыз келсе, жылына 2 рет арнайы маманның қабылдауына жазылыңыз», - дейді гинеколог маман Динара Бердіқұлова.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 12:19


«Өнерлі өлке» фестивалінің бас жүлдесі – Сарыағаш ауданында!

Бүгін облыс орталығында өнер фестивалі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеңімпаз аудандарды марапаттады.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге ие болған Сарыағаш ауданына арнайы дайындалған «Өнерлі өлке» статуэткасы тапсырылды. І орынды Сауран мен Созақ ауданы иемденсе, ІІ орынды Ордабасы, Қазығұрт және Жетісай ауданы алды. ІІІ орынның жүлдесі Түлкібас, Отырар ауданы және Түркістан қалаларына бұйырды. Жеңімпаз аудандарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар берілді.

Бұдан бөлек, арнайы жүлделер тапсырылды. «Фестивальге қатысқаны үшін» дипломы Сайрам мен Бәйдібек, Төлеби аудандарына берілді. Облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Кентау қаласы, ал «Туған жер – алтын бесігім» жүлдесімен Арыс қаласы, «Ауылым – алтын тұғырым» арнайы жүлдесімен Мақтаарал ауданы, «Өнерлі өлке» арнайы жүлдесімен Шардара ауданы, «Мәдениетім мерейім» арнайы жүлдесімен Келес ауданы марапатталды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 11:34


Батыс Қазақстаннан арнайы делегация келді

Түркістан облысына Батыс Қазақстаннан арнайы делегация келді. Енді олар алдағы екі күн бойы «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмыс бастаған кәсіпорындармен таныспақ. Әрі өңірдегі шаруалармен кездесіп, өзара тәжірибе алмасады.

Бүгін іс-сапардың алғашқы күні Сауран ауданынан бастау алды. Қонақтар балық шаруашылығын қолға алған кәсіпкердің жұмысымен танысқан. Содан соң ұннан 20 түрлі тәтті тоқаш әзірлейтін кондитерлік цехқа бас сұқты.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 11:11


Тәулігіне 600 шлакоблок құяды

Мақтаарал ауданында құрылыс жұмыстары қызған. Биыл аймақта құны 2,5 млрд теңге болатын әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым желілері салынды. Қыс келіп, күн суытса да Өркениет пен оның іргесіндегі елдімекендерде құрылыс әлі жалғасып жатыр.

Ауыл халқы бітпеген ғимаратын аяқтауға асық. Сондықтан, үй іргесінде орналасқан мына бір шағын цехта жұмыс қызу. Мұнда 4 адам жұмыс істейді. Олар айына 220 текше метр шикізатты өңдеп, тәулігіне 600-ге жуық шлакоблок жасайды.

Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 11:06


Жыл үздіктері марапатталды

Үздік жастарды марапаттау салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбассары Ертай Алтаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жастардың еңбекқорлығы мен ынтасын жоғары бағалап, әр салада үздік көрсеткіштерге қол жеткізген жастарға табыс тіледі.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және кеңінен насихаттау мақсатындағы жиында өз саласының үздіктеріне ерекше құрмет көрсетілді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 09:50


Қос қолының жоқтығы армандарына кедергі емес

Кентаулық студент Рахман Нышанғали - суретші. Туындыларын аяқпен салады. Болашақта архитектор болғысы келетін ол, «қолымның кемістігі армандарыма еш кедергі емес», - дейді.

Толығырақ кешкі жаңалықтардан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 08:40


Қазіргі таңда әр бесінші отбасында бедеулік бар

«Нәзік әлем» бағдарламасының кезекті шығарылымы «Суррогат ана үміттің соңғы сәулесі ме?» деген тақырыпта өрбіді.

Сандуғаш Романова акушер-гинеколог қазіргі таңда әр бесінші отбасында бедеулік бар екенін айтады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 07:42


Шымкентте қыз жасауын тігеді

«Еңбек – бәрін жеңбек». Салтанат Шорманованың өмірлік ұстанымы осындай. Салтанаттың дүкеніне кіре қалсаңыз, қыз жасауына қажетті барлық дүниені таба аласыз. Әуел баста тәуекелден бастаған кәсіп иесі бүгінде 20 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Алайда, бүгінгі жетістік бізге оңайлықпен келген жоқ», дейді ол.

Тігіншілік өнерді кеңінен насихаттап жүрген қолөнер шебері жайлы тілші материалынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 07:37


Мың шақырымдық жолға алғашқы қадам...

Бүгін Түркістан жастары үшін ерекше күн. Өңір жастары алдымен «Bastau Talks» қоғамдық лекциясына қатысып, елімізге белгілі блогер-экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің жас депутаты Дәулет Мұқаевпен және белгілі тележүргізуші, бүгінде Астана қалалық мәслихатының депутаты Ләйлә Сұлтанқызымен кездесіп, еркін сұхбаттасса, түстен кейін жыл басынан бері өз саласында елеулі еңбегімен көзге түскен үздік жастар марапатталмақ.

Дәл қазір жастардың Top-Tobeде спикерлермен кездесуіне, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы да қатысып отыр.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 07:14


Жолдан 2,2 млрд теңге жымқырған

Түркістан облысында жол құрылысынан 2,2 млрд теңге жымқырған лауазымды тұлғалар анықталды. Нақтырақ айтсақ, орташа жөндеу жүргізуге арналған сметаға күтпеген шығыстарға арналған шығындар негізсіз енгізіліп, бұл жұмыстардың 177 млн теңгеге қымбаттауына алып келген.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 210 млн теңге жұмсаған. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі мәлімдеді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 06:55


Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн теңгеден асты

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістандағы көшпелі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады. Биылғы 10 айда Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі алдын ала есеп бойынша 4 трлн. теңгеден асты. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 110%-ды құрады (ҚР-105,3%).

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 06:44


Айына 200 жиһаз жасайды

Келестік кәсіпкерлердің белсенділігі артып келеді. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Келес ауданына іссапары кезінде Абай ауылындағы жиһаз цехының жұмысымен танысты. 2006 жылы өз жұмысын бастаған кәсіпорын үйге, асханаға арналған жиһаздарды өндіреді.

Сұранысқа байланысты айына 200 жиһаз жасап шығарады екен. Жоба құны – 250 млн теңге. Қазіргі уақытта цехта 20 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

05 Dec, 06:24


57 сауал жолдап, 50-іне жауап алған

«Аманат» партиясы Түркістан облыстық филиалының өкілдері – Келес, Жетісай мен Мақтаарал аудандарынан сайланған депутаттар журналистердің сауалдарына жауап берді. Өз кезегінде, келестік депутат мемлекеттік органдарға 57 сауал жолдап, оның 50-і шешімін тапқанын айтты. Мандат иелері көбіне тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары мен денсаулық саласына қатысты мәселе көтерген.

Ал Жетісай халқын көбіне ауыз су жүйелерін тарту, мектеп құрылысына қатысты мәселелер толғандырады. Осы ретте, депуттар 12 сауал жолдап, оның 11-і толықтай орындалған. Есеп беру жиыны әрмен қарай сұрақ жауап форматымен жалғасты. Қызу талқыға түскен мақта шаруашылығының экономикаға әсері жайы сөз болды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Nov, 17:32


«Матуриди ақидасы – өміршіл»

📍Арыс қаласының бас иманы Берік Үйсінбаев «Матуриди ақидасы – құлшылығымызды, жалпы, адамның жан дүниесін қорғайтын амалдармен көмкерілген», - дейді.

🤗Бұл жайында толығырақ «Руханият» бағдарламасынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Nov, 17:04


«1001 түн» әні шынайы оқиғаға негізделген

🎼 Ерке Есмаханның орындауындағы әсерлі «1001 түн» әнінің шығу тарихын білесіз бе? Туындыға бейнебаян шынайы оқиғаның желісімен түсірілген екен.

🧑🏻‍✈️ Әнші бір сұхбатында былай деді: «Атырау облысында Шалқар деген Азамат наурыз айында өзінің жұмыс бабымен басқа бір жанды құтқарамын деп, өзі ажал құшты. Бұл оқиға менің жаныма батты, қатты әсер етті. Мен клип түсірмес бұрын оның анасынан және сүйіктісінен рұқсат алдым».

🥹 «1001 түн» әні сізге қандай әсер қалдырды?

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Nov, 16:37


«Туыс болғаны үшін емес»

⭕️Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі алаңында брифинг берген Түркістан облысының әкімінен БАҚ өкілдері 80-нен астам сұрақ қойды. Журналистердің бірі Түркістан қаласының әкімі болып неге 33 жастағы Әзімбек Пазылбекұлына таңдау түскенін сұрады. «Осы 33 жастағы азаматтың әкім болуға қандай еңбегі бар, ол бұл лауазымға лайық па?» деген сұраққа:

🔹Дархан Сатыбалды Әзімбек Пазылбекұлының Мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың отбасына қатысы бар екенін білмегенін айтты. «Біз оны Сапарбаев пен Нәлібаевтың туысы болғаны үшін емес, оның кәсіби тәжірибесіне сүйеніп, Түркістан қаласының әкімі қызметіне шақырдық. Оның, тіпті, фамилиясы да басқа», - деді облыс әкімі.

#TurkistanTv

Turkistan TV

30 Nov, 15:58


Имам Матуриди жайлы не білеміз?

⚡️«Руханият» бағдарламасында қонақта болған Жүсіпбек Қасымбеков – ХҚТУ оқытушысы. «Имам Матуриди жайлы не білеміз?» деген сұраққа жауап берді.

🌙«Имам Матуридидің еңбектерін оқи отырып, оның калам, мәзһабтар тарихы, фиқһ әдістемесі мен тәпсір саласында өзіндік орны бар ірі ғалым болғанын пайымдауға болады», - дейді аға оқытушы.

▶️«Руханият» бағдарламасының толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Nov, 13:32


«Баламның көз жасын ұмытпаймын»

«Нәзік әлем» бағдарламасының кезекті шығарылымы «Бала асырап алу» тақырыбында болды.

▫️Бағдарлама қонағы Зибайда Құрбаниязова 1 ұл, 1 қыз асырап алған ана.

«Шындықты білу оңай емес. 4 жарым жасында асырап алғанын, әкесі ашумен айтып қойды. Ол көрініс менің көз алдымда әлі күнге дейін тұр. Баламның көз жасын ұмыта алмаймын» - дейді.

▶️«Нәзік әлем» бағдарламасының толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Nov, 12:53


🔺Түркістандықтар Кореяда өткен форумға қатысты

🇰🇷Корея Республикасының Сеул қаласында «Корея — Орталық Азия» бірінші аймақтық ынтымақтастық форумы өтті.
Халықаралық жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – өңірлік ынтымақтастықты дамыту, дипломатия шеңберінде жергілікті билік деңгейінде өзара іс-қимыл және проблемаларды шешу жолдарын ұсыну.

📌Корея Республикасы губернаторларының қауымдастығы ұйымдастырған форумда Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы өзара іс-қимыл, энергетикалық ынтымақтастық, цифрлық трансформация және инвестициялық әлеует, серіктестіктің негізгі бағыттары сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Nov, 12:40


Ең қауіпті қызмет – өндірістік альпинизм

«Бөлексің» бағдарласының қонақтары – ағайынды Әлібек – Жәнібек Өзтемірлер.
Қауіпті жұмыстардың бірі өндірістік альпинизм саласында жүргендеріне 10 жылға жуықтаған. Бірінші көзді үйрету керек. Қаншама қабат биіктен бірінші төменге қарап көзін үйретеді. «Табысы жақсы, бірақ, қаупі де мол» – дейді олар.

📺Ертең кешкі сағат 21:00 де, TurkistanTV арнасынан тамашалаңыздар!

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Nov, 12:22


Ауылдарда газ құбырлары іске қосылды

🔸«QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт және оған іргелес жатқан Төлеби ауданына тиесілі Мәдени, Сарқырама ауылдарына жеткізуші газ құбырын тартты.

Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышымен бөліскен «Qazaq Gaz Aimak» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров салтанатты рәсімнің лентасын қиды. Сондай-ақ, бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқанын айтты.

🔸Ауыл ақсақалдары халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарға алғыстарын айтты.

#TurkistanTv

Turkistan TV

30 Nov, 11:39


«Келіншектерге айтарым…»

«Қиын мәселе» бағдарламасында «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбы сөз болды.

«Көмек» дағдарыс орталығының жетекшісі Малика Жүсіпова: «Бізге келген келіншектерге айтарым, жұмыс істеп, өздеріңе сеніңдер. Көмек дағдырыс орталығына келген келіншектерді оқытып, оларды Атамекенге мықты әйелдерге жақындатамыз», - дейді.

«Қиын мәселе» бағдарламасын толығырақ YouTube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Nov, 09:10


😥Ақша табу үшін жұмыс істеп жүрген 7 жасар бала жұртты алаңдатты

📱TikTok қолданушысы bota770_ өз парақшасында осындай видео жариялады. Көпшілік 5-7 жасар балалардың Жетісай базарында күнелтіп жүргенін естіп, таңғалды.

Айтуларынша, балалардың анасы қайтыс болған. Құжаттары болмағандықтан мектепке де бармаған.

📌Қоғамды алаңдатқан мәселені Түркістан облысының білім басқармасы назарға алған.
«Атталған жағдайды мемлекеттік орган бекіткен алгоритмге сәйкес шешу үшін арнайы топ жұмылдырылғанын хабарлайды.

«7 жасар бала мен оның інісі қауіпсіз жағдайда. Қазіргі таңда тиісті органдар балалардың денсаулық жағдайын қарастырып, құжаттандырып, барлық құқықтарын қалпына келтіруде» – деп жазба қалдырды.

#TurkistanTv

Turkistan TV

30 Nov, 06:09


Сауранда жыл үздіктері марапатталды

Сауран ауданында әр сала бойынша ерекше көзге түсіп, жетістікке жеткен жастар марапатталды. Шараға арнайы келген аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жиналған жастарға құттықтау жолдап, жыл үздіктеріне арнайы мүсіншелер табыстады.

🔺Шарада 20 шақты саланың үздіктері анықталды.

Шараның басты мақсаты – білімді әрі білікті жастарға қолдау көрсету. Болашақтың кілті, ел ертеңі – жастардың қолында.

#TurkistanTV

Turkistan TV

30 Nov, 05:09


Ғасыр жасаған – «Оңтүстік Қазақстан»

📍Биыл Түркістан облысының басты басылымы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жарық көргеніне тура 100 жыл. Қалың оқырманы бар қарашаңырақ басылымының ғасырлық тойы облыс орталығында жоғары деңгейде аталып өтті. Басылымның ғасыр тойымен тіпті, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депуттатары да құттықтай келген.

📌Журналистика саласының жүйріктері мен талай қайраткердің қанатын қатайтқан газеттің қуанышына ортақтасуға алыс-жақын аймақтағы қаламгерлер келді. Ал, өңір басшылығы шығармашылық ұжымға жеңіл автокөлік табыстады.

Толығырақ тілші материалынан көріңіз❗️

#TurkistanTV

Turkistan TV

29 Nov, 16:13


Үздік детектив жазушылар марапатталды


⚡️Шытырман оқиғаға толы хикаялар сайысы. Кемел Тоқаев атындағы республикалық VІІ детектив шығармалар байқауы биыл да ұйымдастырылды.

⚡️Еліміздің түрлі аймағынан жазушы, журналист, заңгерлер мен құқық қорғаушылар қатысқан бұл шараның марапаттау рәсімі бүгін Шымкент қаласында өтті.

Қатысушылар қандай шығармалар ұсынды

Кімдер үздік атанды

Толығырақ бейнематериалдан көріңіз❗️

#TurkistanTV

Turkistan TV

29 Nov, 15:52


Тікұшақпен тауларды аралап қайтты

Облыс аумағындағы қар көшкіні қауіпті учаскелерге аэровизуалды шолу жұмыстары ЕС145 тікұшағынан басталды. 3500 заңғар биікке көтеріліп, қауіпті өңірлердегі тау қатпарларын бақылады. Осы мақсатта 2 сағаттай әуе кемесімен шолу жасалды.

Статистикаға сенсек, облысымыздың таулы аймақтарда жалпы 106 учаске мен 62 елді мекенге сел қаупі төнеді екен. Ал қар көшкіні қаупі 10 учаске мен 5 елдімекен халқына төнеді екен.

#TurkistanTV

Turkistan TV

29 Nov, 15:34


Кемел Тоқаев атындағы байқау мәреге жетті

Кемел Тоқаев — отандық детектив жанрының негізін қалаған жазушы. Ол өз дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі болып, ұлттық әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары тұтас бір дәуір шындығын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Биыл Қазақстанда кеңінен танымал детектив шығармалар байқауы жетінші рет өткізілді. Оған жазушылар, белгілі журналистер, заңгерлер мен құқық қорғаушылар белсене қатысты.

ҚР Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли және басқа да қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды марапаттады. Кемел Тоқаев атындағы VII республикалық детектив шығармалар байқауында «Жар астында» туындысымен Түркістан облысының әкімі дайындаған арнайы жүлдені Қанағат Әбілқайыр жеңіп алды. Бірінші орынға «Мидағы кох таяқшасы» детективін жазған Ирина Базарғалиқызы, ал бас жүлдеге «Бес миллиондық кемпір» шығармасымен Тұрақ Адисұлы ие болды.

#TurkistanTv

Turkistan TV

29 Nov, 14:37


Ғарыштан көрінген қоқыс

Түркістан облысы аумағында 367 жерде бейберекет қоқыс үйінділері анықталған. Оның ішінде 46-сы қатты тұрмыстық қалдықтар орны. Жалпы, тіркелген кемшіліктердің барлығы дерлік ғарыштық түсірілім барысында анықталған.

Осы ретте, өңірлік экология департаменті Кентау қаласындағы бейберекет орындарды анықтады.

Толығырақ тілші материалынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

29 Nov, 14:10


53 инвестициялық жоба іске асады

Мақтаарал ауданында 2030 жылға дейін жалпы құны 94 млрд теңгелік 53 инвестициялық жоба іске асады. Қыруар қаржының басым бөлігі мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталып отыр.

Бұл туралы бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов баспасөз жиынында мәлімдеді. Аймақ басшысы болашақта қолға алынатын жобалардан бөлек, жыл басынан бері атқарылған шаруаларға тоқталды.

Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Nov, 07:52


Этноауыл мен «Шәмші» аллеясын аралады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапарында Қажымұқан ауыл округі, Темірлан ауылындағы этноауылды аралап, абаттандыру жұмыстарын көрді.

Аудан ақсақалдарымен жүздесіп, ел бірлігін сақтау, аймақты дамыту жөнінде пікір алмасты. Сонымен бірге жергілікті кәсіпорындар өндірген өнімдер көрмесін тамашалап, кәсіпкерлермен кездесті.

Өңір басшысына, сондай-ақ, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ашылған «Шәмші» аллеясы таныстырылды. Таяуда атқарылған абаттандыру жұмысы туралы баяндалды. Арыс өзенінің жағасында орналасқан аллеяда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар, субұрқақ орнатылып, көпжылдық ағаштар мен гүлдер отырғызылған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Nov, 07:35


Сайрамда өсетін тропикалық жемістер

«Біздің инвестор» бағдарламасының кезекті түсірілімі Сайрам ауданында жалғасты.

Тропикалық және экзотикалық жемістер өсірілетін «Gen group» компаниясының жылыжай кешеніндегі жұмыстар жайлы алдағы уақытта «Біздің инвестор» бағдарламасынан көре аласыздар.

Turkistan арнасы қосулы болсын.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Nov, 07:13


Мәслихат депутаттары есеп берді

Бүгін Түркістан облысы мәслихат депутаттарының және қалалық, аудандық мәслихат төрағаларының атқарған жұмыстары, Сайлауалды бағдарламалардың орындалуы бойынша кезекті брифингі өтті.

Брифингте Қалыйма Жантөреева, Бекарыс Шойбеков, Инара Намазбаева, Сүлеймен Арыстанов, Еркебұлан Хандиллаев, Ғаппар Сәрсенбаев, Сержан Байсбаев спикер болды.

#Turkistantv

Turkistan TV

22 Nov, 07:05


Қыш зауыты бой көтереді

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында елімізде теңдесі жоқ қыш зауыты бой көтереді. Мұнда Қытай елінің тәжірибесі мен жоғары технологиясы қолданылады екен.

Облыс басшысы Дархан Сатыбалды уақыт капсуласын салу рәсіміне арнайы қатысып, жобаны уақытылы жүзеге асыру керегін айтты. Жалпы жобаның құны – 5 млрд теңге.

Аталған зауытта жылына 90 млн, ал күніне 250 мың дана кірпіш шығарылады деп жоспарланып отыр. Осы арқылы жергілікті нарықта импортты азайтып, отандық өнім көлемін арттыру көзделген.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Nov, 06:39


«Сәлем салу – еріңнің тілеуі»

«Нәзік әлем» бағдарламасында қонақта болған Нұрила Маратқызы: «Сәлем салу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Бұл абысындармен қарым-қатынастың дұрыс болуына да әсер етеді», - дейді.

«Нәзік әлем» бағдарламасының «Абысын араз болса, ағайын бөлінеді» тақырыбындағы шығарылымын YouTube арнамыздан көре аласыздар.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Nov, 06:18


Бадамда жаңа спорт кешені ашылды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында заманауи спорттық-сауықтыру кешені ашылды.

Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Заманауи спорттық-сауықтыру кешенінде грек-рим күресі, еркін күрес, самбо, дзюдо және бокспен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар баскетбол, волейбол, гандбол секілді командалық спорт түрлерімен де айналысуға болады. Зал 210 көрерменге лайықталып жасалған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Nov, 05:47


Жол сапасы жақсарып келеді

Тасымал логистикасы – ел экономикасының күре тамыры. Әсіресе, елімізде автожолдардың үлесі салмағы көп.

Бүгінде Түркістан облысында сала бойынша ауқымды шаралар атқарылуда. Жалпы, ұзындығы 64 шақырым республикалық маңызы бар «Шәуілдір-Түркістан» тас жолын қайта жаңғыртылуда, оның 32 шақырымы аяқталған. Сондай-ақ, Түркістан және Сарыағаш қалаларының айналма жолдарын салуға тиісті ведомство тарапынан қаражат та қарастырылды.

Бүгінде Қазығұрт ауданы да аталған салада мардымды іс тындырып келеді. Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Nov, 05:31


Инстаграмды табыс көзіне айналдыру дұрыс па?

«Turkistan» телеарнасының «Көптің пікірі» айдары қала тұрғындарынан осы сұраққа жауап алған еді. «Көптің пікірін» бірге тыңдап көрейік.

Сіз де пікіріңізді төменге жаза кетіңіз👇🏼

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Nov, 04:56


«Н» мен «Ң» әріптерін қалай ажыратуға болады?

🤩«Жаңа толқын» бағдарламасының «Тіліңді біл» айдары күнделікті қолданыстағы сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуын көрсетеді.

😬 Бүгінде «Н» мен «Ң» әріптерін дұрыс айтылуы мен жазылуын шатастыратын адам көп. Қазақ тілінде екі әріпті ажыратудың нақты ережесі болмаса да, бірқатар жолдар арқылы әріптерді дұрыс қолдануды үйренуге болады.

📝 Бастысы сауатты сөйлеп, жазып үйренейік.

#Turkistantv

Turkistan TV

21 Nov, 17:15


Жетігеннің сазды үніне құлақ салып көріңізші

«Turk Music» бағдарламасының қонағы Салтанат Сайлау қазіргі уақытта SMM бөлімінің редакторы болып қызмет етіп келеді. Журналист өнерге бала күнінен қызығушылығы барын айтты.

8 сыныпта алғаш қолына алған Жетіген аспабын әлі де серік етіп келеді. Студиямызда жетігеннің әуезді үнімен халық әні «Балапан қазды» орындап берді.

Сіз бұл аспапты білесіз бе?

#TurkistanTV

Turkistan TV

21 Nov, 14:23


Ордабасы ауданында қыш зауытының капсуласы салынды

Облыс әкімдігінің қолдауымен аудан, қала әкімдері мен кәсіпкерлер көршілес елдердің кәсіпорындарын аралап, инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, ол кездесулер жемісін беруде. Ордабасы ауданында бой көтеретін зауытта Қытай елінің тәжірибесі мен жоғары технологиясы қолданылады.

Жобаның жалпы құны – 5 млрд теңге, кәсіпкердің жеке қаржысы және несие арқылы жүзеге асырылады. Аталған зауытта жылына 90 млн дана кірпіш, күніне 250 мың дана кірпіш шығарылады деп жоспарланып отыр. Осы арқылы жергілікті нарықта импортты азайтып, отандық өнім көлемін арттыру көзделген.

#TurkistanTV

Turkistan TV

21 Nov, 14:20


«Жайдарман» ойыны өтті

Биыл Түркістан облысы Сауран ауданының құрылғанына 3 жыл.

Осыған орай, жыл басынан бері өңірде түрлі іс-шаралар өтті.

Бүгін де жастар арасында кеңінен танылған көңілді тапқырлар ойыны өтті. Әзіл кешінде көбіне қоғамдық мәселелер көтерілді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

21 Nov, 14:13


Дархан Сатыбалды жұмысшы топ өкілдерімен кездесті

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Олармен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысы айтылды.

– Қасиетті Түркістанға қош келіпсіздер. Президент тапсырмасымен заң жобасы әзірленіп, сіздердің қарауларыңызға ұсынылды. Бұл заң жобасының Түркістан үшін маңызы зор. Түркістанның тарихи келбетін, ескерткіштері мен мұраларын сақтап, ұрпаққа жеткізу – үлкен жауапкершілік. Аталған заң жобасы Түркістанның мұрасын сақтап, туризмі мен қолөнерін, экономиксын дамытуға серпін береді, - деген Дархан Сатыбалды Астанадан келген арнайы жұмысшы топ мүшелеріне алғысын білдірді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

03 Nov, 07:46


«1 жылдық инвестиция көлемі 390 млрд болуы керек»

Түркістанның әлеуеті жайлы қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Біздің инвестор» бағдарламасында айтты.

«1 жылдық инвестиция көлемі 390 млрд болуы керек. 9 айдың қорытындысымен қазіргі таңда 270 млрд орындалып отыр. Жалпы Түркістан қаласына тартылған инвестиция көлемі. Бұл көлемді 2030 жылға дейін 1 трлн қаражатқа жеткізуді жоспарлап отырмыз» - деді, қала әкімі өз сөзінде.

Арнайы шығарылымның толық нұсқасын YouTube арнамыздан көруді ұмытпаңыз!

#TurkistanTV

Turkistan TV

03 Nov, 06:07


Ұлттық аспапты түрлендірген ерекше жан

Петропавл қаласының тұрғыны Болат Қанафин қазақтың қара домбырасын түрлендіріп, электронды нұсқасын жасап шығарған. Қария оны тіпті патенттеп алған. Ерекшелігі сол барабан, флейта, фортепиано сынды бірнеше аспаптың үнін қатар шығара алады.

Болат Қанафин өзінің инновациялық аспабын жасау үшін 5 жылын сарп еткен. Ол 9 вольттық тоқ арқылы жұмыс істейді. Айтуынша, әлемде баламасы жоқ. Түрлі музыкалық аспаптың үнін қатар шығарады. Сондықтан, миди домбыра синтезатор деп атаған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

03 Nov, 04:38


Ұшатын көлік сынақтан өткізілуде

Жол талғамай жүретін әрі қуаты ұзаққа жететін Қытайлық көлік ұша да алады.

Егер сіз қиын жолда айналып өткіңіз келмесе көліктен түспей, саяхатыңызды әуеде жалғастыра аласыз.

4-5 жолаушыға дейін жолаушы тасымалдайтын көлікті брондау осы жылдан бастау алмақ.

Ал сіз мұндай көлікті сатып алғыңыз келеді ме?

#TurkistanTV

Turkistan TV

02 Nov, 13:27


«Анасына деген өкпесі бүкіл өмірін құртты»

«Нәзік әлем» бағдарламасының қонағы, психолог – Диловар Әлиева өзіне келген пациенттің анасы маскүнем болған соң әжесінің қолында өскенін айтты.

Бірақ бала анасын маскүнем болғаны үшін емес, тастап кеткені үшін кешіре алмай, анасына деген өкпесі бүкіл өмірін құртқанын жеткізді.

Бағдарламаны толығырақ Youtube арнамыздан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

02 Nov, 12:28


Волейболшылар арасында үздіктер анықталды

Волейболдан 2012-2013 жылғы жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Түркістанда өткен тартысты турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 19 команда қатысты.

Ақтық сында алаң иелерін 3:1 есебімен жеңген Ақтөбелік арулар турнир жеңімпазы атанды. Турнир қожайындары Түркістан командасы жүлделі 2 орынға ие болды. Ал жүлделі 3 орын Өскеменнен келген бұрымдыларға бұйырды.

Турнирдің үздік ойыншысы Ақтөбеден келген – Зиннур Зейнулла.

#TurkistanTV

Turkistan TV

02 Nov, 10:50


«Іс-шаралар көп болады»

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Біздің инвестор» бағдарламасында қаланың экономикалық дамуы мен туристік әлеуетін арттыру мақсатында көптеген іс- шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді.

Арнайы шығарылымның толық нұсқасын YouTube арнамыздан көруді ұмытпаңыз!

#TurkistanTV

Turkistan TV

02 Nov, 07:30


Түлкібаста тұрғын үй ауласынан ортағасырлық құлыптас табылды

Түлкібас ауданы Абай ауылындағы жекеменшік тұрғын үй ауласынан ортағасырлық құлыптас пен әулиелерге тән ескерткіш орны анықталған.

Сыры мен жұмбағы мол құлыптасты Халықаралық Түркі академиясының археолог ғалымдары зерттеп, ескерткішті шамамен X-XI ғасырларда қазақ даласында өмір сүрген өзі ұста әрі діни-ағартушылық қызмет атқарған «Мұхаммед Нұран Баб» атты әулиеге тиесілі деп, қорытынды жасаған.

Бүгін аталған «Мұхаммед Нұран баб» кесенесі ашылды. Кесене-бабтар дәуірінен жеткен жалғыз жазба ескерткіш. Ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.

Сонымен қатар, кесененің ашылуына байланысты ғылыми конференция өтуде. Ғылыми-конференцияға қатысушылар қатарында, Қырғызстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Арслан Койчиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырәлі, Алишер Сатвалдиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бар.

#TurkistanTV

Turkistan TV

02 Nov, 06:36


Футбол турнирі өтіп жатыр

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен «Ұлттық валюта күні» мерекесіне орай футбол турнирі өтіп жатыр.

Жарысқа қаржы саласының қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысуда.

Спорттық сайыстың басты мақсаты – мемлекетік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Әрі өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталып отыр.

#TurkistanTV

Turkistan TV

02 Nov, 06:07


Адам жанының арашашысы

Тіршілік үшін судың маңызы қандай жоғары болса, адам өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың рөлі де өте жоғары. Адам денсаулығын сақтап, екінші өмір сыйлап жатқан олардың еңбегі өлшеусіз.

Мухитдин Сейітханов өмірінің 37 жылын медицина саласына арнаған. Бүгінде Шардара аудандық орталық ауруханасының басшысы қызметін атқарып жүр. Осы 37 жылда ол түрлі жандарға көмек қолын созып, өз міндетін адал атқарып келеді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

02 Nov, 05:08


Қой етінің бағасы – 2400 теңге

«Баға» тұрақты айдары ет бағасы мен оның адам ағзасына пайдасы туралы анықтап көрді.

30 жылдан бері ет саласында жұмыс істеп жүрген Оразбек есімді азамат базардағы қой етінің саудасы туралы және адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін айтып берді.

🍖Түркістан базарында қой еті – 2400 теңге, бауыр еті – 1000 теңге және іш майдың бағасы – 500 теңгеден сатылып жатқанын және сауданың жоқ екенін жасырмады.

🥩Сонымен қатар, түркістандықтар көбінесе жылқы мен сиыр етін тұтынатынын және етті халық келілеп емес, жіліктеп алатынын айтты.

🤔Сіз етті қайдан және қаншадан алып жүрсіз Іш майда қандай тағамға пайдаланасыз

⏸️Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

01 Nov, 17:30


«Мен деп ойла» әнінің тарихын білесіз бе?

🎼Төлеген Мұхамеджановтың «Мен деп ойла» атты әні ертеректе Айжан Нұрмағамбетованың орындауымен танылған болса, қазір Маржан Арапбаева, Қайрат Түнтековтер шырқап жүр.

🎶 Тыңдармандардың әлі күнге жылы қабылдағанына қарап, бұл да мәтін мен музыканың сәтті үйлесімі деуге болады. Қазір осы әнді Космос лақап атымен танылған жас әнші, кавер нұсқада керемет орындап шыққан.

🤔Сізге қай әншінің орындағаны ұнайтынын төменге жаз👇👇👇

#TurkistanTV

Turkistan TV

01 Nov, 15:34


Шаһарға 65 мың адам көшіп келді

⚜️Тәуелсіздік келгелі Түркістан халқының саны 3 есеге артты. 1991 жылы 80 мың тұрғыны болған шағын шаһар қазір 235 мың адамның құтты мекеніне айналды. Түркістан облыс орталығына айналғалы шаһарға 65 мың адам көшіп келген.

100-ден астам тұрғын үй салынып, 10 мыңнан астам пәтер берілді.

Түркістан облысында халықтыңы сапалы өмір сүруіне бұдан бөлек қандай жағдай жасалып отыр

Толығырақ бейнематериалдан көріңіз❗️

#TurkistanTV

Turkistan TV

01 Nov, 14:20


💥Көліктер шеруі өтті

🔸Түркістан көшелерінде 80-90 жылдардың көліктері көбейді. Сондай-ақ, заманауи көліктердің де саны көп.

Ескі мен жаңаны үйлестірген туристік астанада бүгін темір тұлпарлардың шеруі өтті.

Толығырақ сюжеттен көріңіз

#TurkistanTV

Turkistan TV

01 Nov, 13:51


Итбалықтардың қырылуына не себеп

Итбалықтардың қырылуына Қашағандағы жоба себеп болды ма

🧐Бұл сұрақ Мәжіліс отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа қойылды. Еске салсақ, бұған дейін Каспий теңізінің жағалауынан 100-ден аса итбалықтың өлексесі табылғанын хабарлаған едік.

Көп өтпей бұл сан 300-ге жуықтады. Итбалықтар 24 қазаннан бері өле бастаған. Қазір қажетті сынамалар алынып, министрлік тиісті зертханалық зерттеулердің нәтижесін күтіп отыр.


#TurkistanTV

Turkistan TV

01 Nov, 13:22


Әуе шарының сиқырын сезініңіз

Ең алғаш романтикаға толы мұндай шарларды 1783 жылы Францияда Жак Этьен мен Жозеф Мишель ұшырған екен.
Бүгінгі таң да әлемнің түкпір-түкпірінде бар қызықтың бұл түрін түркістандықтар да тамашалап жүр.

Ал сіз бұл көріністі ертең де келіп қызықтап, әуе шарымен көкке көтеріле аласыз.

Түркістан аспанында қалықтаған әсем көріністі дайректтегі үшінші адамға бөлісіңіз.

Қызыққа бірге куә болайық❗️

#Turkistantv

Turkistan TV

01 Nov, 13:19


БАҚ өкілдері кәсіпорындардың жұмысымен танысты


«Даму» қоры ұлттық даму институты бола отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде ШОБ-тың сапалы дамуына жәрдемдеседі. Бұл айтарлықтай экономикалық әсер береді.


Түркістан облысында 2020-2023 жылдар аралығында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 880 жаңа жұмыс орнын ашты. Бюджетке салық түрінде 206 млрд теңге төленген.


Осыған орай, ұйымдастырылған баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау алған өңірдегі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.


#TurkistanTV

Turkistan TV

01 Nov, 12:59


Президент сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.

Президент елшілермен жүздесу барысында Қазақстан бейбіт дипломатия қағидатын ұстанатын ел екенін әрі халықаралық аренадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.

Сондай-ақ, елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекет басшыларына ізгі тілегін жолдады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

01 Nov, 12:41


Әуе шарлары Түркістанның көгінде😍
Дәл қазіргі көрініс

#turkistantv

Turkistan TV

01 Nov, 12:18


«Асырап алған бала өз тегінде қалуы қажет»

🤔Елімізде өзекті мәселелердің бірі «Туысқандарға бала берген дұрыс па?», - деген тақырып «Нәзік әлем» бағдарламасында қозғалды. Бағдарламаға журналист, исламтанушы, психолог және зейнеткердегі кейіпкерлер қонақ болып, өз ой-пікірлері мен тәжрибесімен бөлісті.

😍Ислам Танушы Әлия Омарова : «Шариғат бойынша асырап алған бала өз тегінде қалуы қажет», - деп, өз ойымен бөлісті.

⏸️Толығырақ «Нәзік әлем» бағдарламасынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

01 Nov, 11:24


Инвесторлар өндірістік паркті аралады


Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» Халықаралық инвестициялық форумы өтті.

Форумның 2-ші күнінде Қытайдан келген делегация Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты өндірістік парктің жұмысымен танысты. Бәрі де аспан асты елінің алпауыт компанияларының өкілі. Инвесторлар өңірден құрылыс, логистика, тұрмыстық заттар шығаратын зауыт пен ауылшаруашылығына септігін тигізетін кәсіпорын салуды көздеп отыр. Бұл облыстың дамуына мол ықпал етпек.

Отандық өнім көлемін арттыра отырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да сеп болады. Жобаларды жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер қарастырылған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

26 Oct, 07:02


Адамның болмысы қалай ашылады?

Адамның болмысы адаммен ашылады. Сол секілді әйел адамның да болмысы ер адаммен ашылады», - дейді психолог Ләззат Мырзаш.

⏸️Толығырақ «Руханият» бағдарламасынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

26 Oct, 06:23


Биыл бидайдың бағасы қандай болды?

🤩«Ауыл және әкім» бағдарламасының кезекті шығарылымында Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Нұрдос Айдарбеков сұхбат берді. Сұхбат кезінде биыл бидайдың бағасы мен қанша өнім бергені жайлы айтып өтті.

▶️Толығырақ «Ауыл және әкім» бағдарламасынан көріңіз.

🤔Сіз бидайды қанша алып жүрсіз

#TurkistanTV

Turkistan TV

26 Oct, 05:38


Ерекше өсімдіктер жайлы естуіңіз бар ма?

Табиғатта барлық нәрсенің өз орны бар. Өсімдіктер әлеміндеде біз білмеген құпиялар жеткілікті. Жылдың төрт мезгілінде әлемнің түрлі түкпірінде сізге белгісіз көптеген гүлдер гүлдеп жатады. Солай екен сізде өзіңіз білмеген гүлдермен таныс болыңыз.

Вольфия субтропик өсімдіктер тобына жатады. Негізінен Африка, Азия және Америка құрлығында өседі. Бұл гүл аквариум балықтарының ең сүйікті азығы. Әлемде вольфияның 17 түрі бар. Өсімдік ұзындығы бар болғаны 0,3-2,0 мм.

Аморфофаллус 1878 жылы флоренциялық ғалым тәрепінен Суматра аралдарынан табылған. Бұл өсімдік орташа қырық жыл өмір сүреді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

26 Oct, 05:25


Қатерлі ісікті қалай емдеген?

Ерте кездегі ғалымдардың жазбалары бойынша ісіктерді емдеу б.з.д 1600 жылы ежелгі папирустармен жазылған. Деректерде сүт безінің көптеген формалары сипатталып, ем ретінде обыр күйдіру процедурасы көрсетілген.

Сонымен қатар, Египетте беткей ісік емін маймен күйдіру әдісі де қолданылған. Себебі сол тұстағы мамандар сұйықтық құрамындағы мышьякты алға тартқан.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 19:40


Түркістандықтар бас қаладан олжалы оралды

Бас қалада Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен шағын футболдан республикалық турнир өтті. «MAJILIS CUP – 2024» турнирі Республика күніне арналды. Бәсекеге БАҚ өкілдерінен құралған 20-ға жуық команда қатысып, өзара күш сынасты.

Турнирді Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев ашып, жарысқа қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады. Елімізде үшінші жыл дәстүрлі жалғасын тапқан бұл турнирге қызығушылық жоғары екенін атап өтті.

Жарысқа Шығыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарынан, Шымкент пен Алматы қалаларынан, сондай-ақ Астанадан қатысқан командалар арасында жеңімпаздар анықталды.

I орынды айқын жеңісімен Sport+ Qazaqstan командасы иемденді.

Ал II орынды Түркістан қаласынан барған Turkistan TV құрамасы олжалады.

III орын «Шымкент» командасына бұйырды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 13:20


Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы жүрек жарды тілегін айтып, Республика күнімен құттықтайды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 12:33


Қаржылық сауаттылық - күрделі мәселе

Әрбір екінші қазақстандықтың басында қарызы бар. Тіпті, олар бұл қаражаттың қандай бос қажеттілікке жұмсалғанын түсінбейді. Тиісінше, өтелмеген несиелер отбасылық жанжал, ажырасу, құқық бұзушылыққа алып келеді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, отандастарымыздың қаржылық сауаттылық деңгейі 39%-дан 40,2%-ға өскен. Десе де, көпшіліктің қаржылық сауаттылық деңгейі әлі де жеткіліксіз деңгейде.

Cарапшы – экономист Сәбит Баймағамбетов, айлықтың кемінде 10 пайызын жинауды ұсынады және мүмкіндігіне қарай, ақшаны әртүрлі валютада сақтаған жөн. Себебі, қаржыңыз қолма-қол қалтаңызда тұрса жұмсау тіптен оңайға соғады. Ал, қарыздан құтылудың қарапайым жолы табыс көзін арттырумен байланыстырады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 11:53


Патриот бүлдіршін Республика күнімен құттықтайды

Түркістанда Республика күніне орай, жас патриот Төрехан Рамазан өзінің жыр шумағын тарту етті. Ол мерекеге қарсаңында анасымен бірге тудың бейнесін жасаған.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 11:40


Түркістанда жаңа қалашық бой көтереді

Түркістан – ежелден өнердің төрі, көне шаһар. Бір кездері Жібек жолы өтті десті. Бүгінде базарларда бөтен зат көп. Ал отандық шеберлердің қолынан шыққан дүниелерге сұраныс азайған.

Аталған мәселені қолға алынып, қала орталығында қолөнершілер орталығы бой көтере бастады. Мұнда ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын шеберханалар мен көрме, шоурум бөлмелері орналасады.

Жаңа қалашықтың жобасы ерекше. Шеберлерге бұйымын жасауға арналған бөлмелер мен сатуға қоятын орын арнайы белгіленген. Жауаптылардың айтуынша, қазіргі таңда жаңа орталыққа орналасатын шеберлер тізімі нақтыланып жатыр.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 11:27


Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Заман тобы, Әділет Жауғашар мен Опера әншісі Сүндет Байғожин барша қазақстандықтарды 25 – қазан Республика күнімен құттықтайды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 10:02


Сарыағаштықтар Республика күнін атап өтті

25 қазан – Республика күні қарсаңында Сарыағаш ауданында ауқымды мерекелік шара өтті. Өңір тұрғындары тек концерт тамашалап қана қоймай, кәсіби біліктілігімен көзге түскен азаматтар марапатқа ие болды.

Салтанатты шарада аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаштағы түрлі салаға серпін берген, өркендеуіне үлес қосып жүрген жандарға «Алғыс хат» табыстады. Оған қоса тағы бір топ азаматқа ауданның «Құрметті азаматы» төсбелгісі тарту етілді.

Жиын соңы мәдениет үйі дайындаған мерекелік концертке ұласып, аудан өнерпаздары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 08:41


«Шапағат» медалімен Келес аудандық ауруханасының мейіргері марапатталды

Республика күніне арналған «Жаса, жайна Қазақстан» мерекелік шарасында Келес аудандық ауруханасының мейіргері Рита Әсілбаева «Шапағат» медалімен марапатталды.

Барша қазақ елін Республика күнімен құттықтап, қазақ жұртына алғысын білдірді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 08:26


«Voice of Turan» халықаралық фестиваліне қазылық еткен Сәкен Майғазиев, Нұржамал Үсенбаева және Ғазизхан Шекербеков барша қазақстандықтарды төл мерекемен құттықтады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 07:39


Түркістандағы «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.

Алдымен Әнұран шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ел ағалары, жастар, қала тұрғындары қатысты.

Түркістандағы ту тұғырдың биіктігі 62,5 метрді құрайды. Байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр.

Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, отаншылдықты дәріптейтін әндер шырқалды.

Іс-шара «Атамекен» әнімен түйінделіп, түркістандықтар бір-бірін мерекемен құттықтады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 07:39


40 жыл мектепте қызмет еткен ұстаз марапатталды

Республика күніне арналған шарада «Ерен еңбегі үшін» медалімен білім саласының ардагері, түлкібастық Сланова Мәрия марапатталды.

Сондай-ақ, қазақ елін Республика күнімен құттықтады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 07:39


Республика күні қарсаңында тал егілді

Республика күні қарсаңында облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Президент саябағында тұрғындармен бірге тал екті.

Іс-шараға қала тұрғындарымен, облыс, қала әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 07:39


Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық мереке – Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.

✔️Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.

✔️Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған бұл күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы деп баға берген болатын.

✔️Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 07:38


«Ұстаздық еткен жалықпас»

Түркістан қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында Республика күніне арналған ашық сабақ өтті.

2 «а» сыныптың жетекшісі Күлшат Шереханова оқушыларын бұл ашық сабаққа ерекше дайындады. Ұлттық үлгіде киіндіріп, патриоттық тәрбиеге аса мән берілген. Тіпті, қыздардың шашына тағатын бантигіндегі оюға дейін креативті ой қосқан.

Оқушылар тақырыпқа сай өлең оқып, пазл құрастырды.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 07:37


Ұлттық мереке – Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Еліміздің болашағы жарқын, балалары бақытты болсын!

Видеода Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының 2 «а» сынып оқушылары.

#TurkistanTV

Turkistan TV

25 Oct, 07:36


25 қазан – Республика күні

🇰🇿 Республика күні – бұл еліміздің тарихи қадамы.

⚜️ 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты – Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.

Осы атаулы күні Отанымыз – Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын!

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 15:43


«Сүйгеніңді қазір айтпасаң, ертең кеш болады»

«Voice of Turan» халықаралық байқауының бесінші нөмірлі қатысушысы кубалық Браим «Қарағым-ай» әнін ерекше орындап берді. Бұл әнді таңдау себебі, әннің сөзі ерекше ұнағанын жеткізді.

Айта кетейік, халықаралық байқау әлі де жалғасуда. 16 қатысушының қайсысына бас жүлде бұйырады екен? Ол үшін Turkistan телеарнасының әлеуметтік желісін бақылап отырыңыз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 15:08


«Қазақтың әндері ұнайды»

Беларусь мемлекетінің атынан келген Самир Ёлчиев қазақ әндерін ерекше жақсы көріп, тыңдайтынын айтты.

«Қазақтың әндерін тыңдағанды ұнатамын. Өзіме қатты ұнайтын әндерім бар», дейді әнші.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 15:07


«Қазақ қызына үйленер едім»

Қырғызстан елінен қатысып жатқан Рыскелди Старбеков: Егер бір-бірімізді ұнатып қалсақ, қазақ қызына үйленер едім, - деді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 14:38


«Voice of Turan» байқауы басталды

😍Халықаралық «Voice of Turan»байқауы басталды. 16 үміткердің өнерін тамашалау үшін дәл қазір Конгрес хол кешінен келіп тамашалай аласыз.

🤩Егер сізде кешке келу мүмкіндігі болмаса Turkistan телеарнасының барлық әлеуметтік желісінен көре аласыз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 14:25


Жұмысшы мамандықтарының жай-күйі

🔹Жұмысшы мамандықтарының мәртебесі биіктеп, оларға ерекше қолдау көрсетілмек. Мемлекет басшысының өзі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Ал, нағыз кәсіптік білім беретін оқу орындарының қазіргі жағдайы қалай

Түркістан облысындағы техникалық колледжер нарыққа қандай мамандар даярлап отыр

Толығырақ бейнематериалдан көріңіз

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 14:17


«Қазақ тілінде ән айту қиын емес»

«Жаңа толқын» ақпараттық-сауықтық бағдарламасына халықарылық «Voice of Turan» байқауының қатысушылары студияға қонаққа келіп, өз ойларымен бөлісті. Сұхбат кезінде қазақ тілінде ән айту қаншалықты қиын немесе оңай болғаны жайлы да тілге тиек етті.

⏸️Толығырақ «Жаңа толқын» ақпараттық-сауықтық бағдарламасынан көріңіз


#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 14:14


Түркістанның тазалығы таңқалдырды

Татарстаннан келген қатысушы – Саида Мухаметзянова: Түркістан таза қала, жолдары да кең екен. Адамдарға жаяу жүруге де ыңғайлы, - деді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 14:09


76 құжатқа қол қойылды

Қазақстан мен Өзбекстан құны құны 352 млн доллардан асатын 76 құжатқа қол қойды. Ел аумағында 65 кәсіпорын ашылып, 13 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бұл туралы Самарқан қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» 4-ші өңіраралық форумында айтылды.

Жалпы, Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда серіктесі. Жыл басынан бері елдер арасындағы өзара тауар айналымы 2,5 млрд долларға жеткен. Қазір Өзбекстан тауар айналымының жартысынан көбі Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді. 18 бағыт бойынша әртүрлі көлік түрімен жолаушылар тасымалы реттелген. Бұл байланыстар енді одан әрі тереңдетілмек.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 13:51


2024-2026 жылдарға арналған бюджет талқыланды

Түркістан облысында игерілмей қалу қауіпі бар және мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржылар қысқартылады. Атап айтсақ, денсаулық сақтау, жол, дін, цифрландыру мен әлеуметтік салаға бөлінген қаржы құрылыс жүріп жатқан нысандарға жұмсалмақ. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті комиссия отырысында айтылып, 2024-2026 жылдарға арналған бюджет талқыға түсті.

Отырыста халық қалаулылары қыруар қаржыны тиімді пайдалануды ұсынды. Әсіресе, ең алдымен халыққа қажетті инфрақұрылым, газ, ауыз су сынды мәселелерді шешуіміз керек, - дейді. Енді күн тәртібінде қаралған сауалдар алдағы мәслихат сессиясында нақтыланбақ.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 13:00


Республика күні ауқымды түрде аталып өтпек

25 қазан – Республика күніне орай Түркістан облысында 100-ден астам іс-шара өткізілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтылды. Елдігіміз айқындалып, егемендік декларациясы қабылданған күн осылайша жан-жақты насихатталмақ.

Ұлттық мереке күні Президентіміздің Ақордада Мемлекеттік Ту көтеру рәсімінен соң өңірдегі іс-шаралар басталмақ. Рәміздерді ұлықтау салтанаты Түркістан қаласындағы Рәміздер алаңында өз жалғасын таппақ. Сондай-ақ, бұл күні әр саладағы еңбек сіңірген қызметкерлер, ерлік көрсеткен азаматтар марапатталады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 12:33


Ән әлемінің ортақ тілі бар

🤩😍«Жаңа толқын» ақпараттық-сауықтық бағдарламасына «Voice of Turan» байқауына Қырғызстан елінен келген қатысушы Рыскелді Старбеков қонаққа келді. Сұхбат кезінде әр ұлттан жиналған қатысушылардың бір-бірімін тілдесуі әрі қызық, әрі қиын болып жатқанын жасырмады.

😍Айта кетейік, бүгін «Voice of Turan» байқауының қорытынды кеші Конгресс Хол кешенінде өтетін болады.

▶️🤩Байқаудың қызықты сәттерін Turkistan телеарнасының барлық әлеуметтік желілерінен көре аласыз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 11:15


Гауһар анаға не үшін кесене тұрғызған?


«Руханият» бағдарламасының кезекті шығарылымына қонақ болған дінтанушы Фериде Болатқызы Гауһар ана кесенесі туралы ақпарат берді.

Гауһар ана кім Гауһар ана кесенесі не үшін тұрғызылған

⏸️Толығырақ Youtube арнамыздағы «Руханият» бағдарламасынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 10:55


Жас патриоттар оралды

Түркістандық жас патриоттар елге оралды. Облыс атынан барған бір топ үздік оқушылар Алматы қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында жас патриоттардың алтыншы республикалық форумына қатысқан. Патриоттық тәрбие беруді көздейтін форумда түркістандық оқушылар үздік нәтижеге қол жеткізді.

Үздік нәтиже көрсеткендердің бірі – Диас Мықтыбекұлы. Ол білім аламандарында топ жарып жүрген озат оқушы. Форумда өзінің алғырлығымен көзге түсіп, «Жас патриот» төсбелгісіне және арнайы алғыс хатқа ие болды.

Жалпы форумның мақсаты – Қазақстанның жас патриоттарын тәрбиелеу және Отан алдындағы қорғаудағы азаматтық борышы мен міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 10:07


СМС хабарламада келген сілтемені ашпаңыз!

«Қиын мәселе» бағдарламасының кезекті шығарылымында СМС түрінде келетін хабарламалардың қаншалықты рас немесе өтірігін қалай анықтауға болатыны туралы айтылды. Сұхбатқа қатысқан кейіпкердің бірі IT маманы Ербол Сейдулла алаяқтарды анықтау үшін, центрдің өзіне байланысу керегін айтты.

⏸️Толығырақ «Қиын мәселе» бағдарламасынан көріңіз.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 09:08


«Қызыл өрікті» шырқаған қатысушы

🧐 Башқұртстаннан келген Voice of Turan байқауының қатысушысы – Эльдар Абдуллин қазақ әндерінен ең алғаш «Қызыл өрікті» тыңдағанын айтты.

🤩Арнайы Turkistan арнасы үшін осы әнді сахна сыртында да шырқап берді.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 08:27


Тарихи орындарға 733 мың адам келген

💫Жыл басынан бері Түркістан облысындағы тарихи орындарға 730 мыңнан астам адам келді. Оның 535 мыңы «Әзірет сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығын тамашаласа, 200 мыңы «Отырар» қорық-музейімен танысқан.

Айта кетсек, облыс аумағында 1780 тарихи және мәдени ескерткіш орналасқан. Оның ішінде, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі халықаралық маңызы бар нысанға жатады. Ал, 40 ескерткіштің республикалық маңызы бар.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 08:12


Активтер мемлекетке қайтарылуда

Елімізде заңсыз иемденілген активтер мемлекетке қайтарылып жатыр. Бүгінде арнаулы мемлекеттік қорда 177 млрд теңге жинақталған.

Бұл қаражат әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға жұмсалмақ. Соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт және өзге салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталады.

Мәселен, көп ұзамай Мемлекет басшысының тапсырамасы бойынша, осы қордың есебінен республикадағы екі өңірде су жаңа ғимарат пайдалануға берілмек. Соның бірі – Түркістан облысы Ордабасы ауданында салынады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 07:50


Саз балшыққа жылқының сүтін қосып жасаған

Қарашаш ана кесенесі қалай жасалғаны және саз балшықты жасаудың өзі ерекше тәсілмен жүзеге асқанын «Руханият» бағдарламасына қонақ болған дінтанушы Фериде Болатқызы айтып берді.

Қарашаш кесенесі туралы сіз не білесіз

⏸️Толығырақ «Руханият» бағдарламасынан көре аласыз.


#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 07:21


Ауыл халқы мәселесін айтты

Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылы тұрғындары электр бағаналарын жаңартуды сұрайды. Сондай-ақ, көшелерді асфальттау мен ауызсу мәселесі де өзекті.

Ауыл халқы бұл мәселелерін тікелей аудан әкімі Ерлан Нұрмаханаовқа қойды.

Аудан әкімі халықпен кездесуде әр сауалды мамандарына жүктеп, шешу үшін жұмыс жасайтындарын айтты. Сондай-ақ, ауыл жұртшылығына аймақта атқаралып жатқан жұмыстар жайлы да баяндады.

#TurkistanTV

Turkistan TV

22 Oct, 06:54


Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті

Облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.

Шараның мақсаты – киберкеңістікте ақпаратты тұтыну мәдениетін арттыру, жалған ақпараттың таралуына қарсы заң аясында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту.

«Ақпарат айдынында кемсітуге жол бермей, мәдениеттілікті сақтауымыз керек» - деді, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Садуақасова Айгүл Кәкімбекқызы.

#TurkistanTV