1. Баспана алуға әрекет жасау;
2. Өзіңізге қызықты 21 кітап оқу;
3. Тіл курстарына жазылу;
4. Парашютпен секіру;
5. Бір апта әлеуметтік желіден бас тарту;
6. 10 пайдалы кино көру;
7. Таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдыру;
8. Сурет салу;
9. Театр, көрме, опера, балетке бару;
10. Бес түрлі елден бес дос табу;
11. Күн сайын үш адамға алғыс айту;
12. Жаңа ас түрлерін дайындап үйрену;
13. Жаңа спорт түрімен айналысу (теннис, шаңғымен сырғанау, жүзу);
14. Тәулігіне 50 км велосипедпен жүру;
15. 30 күн ішінде 22.00-де ұйықтап, таңғы 5-те ояну;
16. Шетелге саяхатқа шығу;
17. Жаман әдеттерден арылу;
18. Қаржылық сауатты арттыру; бағытында кітаптар оқу
19. Тапқан табысыңызға есеп беру;
20. Қайырымдылық жасау;
21. Несие, қарыздардан құтылу;
22. Пайдалы курстарға қатысып, білім жинақтау;
23. Ашық аспан астында пикник ұйымдастыру;
24. Отбасылық фотосессия жасау;
25. Жақын жандармен табиғат аясында демалыс өткізу;
26. Өзіңіздің 100 арманыңыздың тізімін жазу;
27. Аудиокітап, подкаст тыңдау;
28. Ұйықтар алдында ертеңгі күнді жоспарлау;
29. Досыңыздың, танысыңыздың білім алуына көмек көрсету;
30. Досыңызға себепсіз сыйлық жасау;
31. Балаңызбен уақытты пайдалы өткізу, жаңа ойын түрлерін ойластыру;
32. Концертке бару;
33. Өзіңіз барғыңыз келіп; жүрген мейрамханадан кешкі ас ішу;
34. Ағылшын тілінде кино көру;
35. Ораторлық шеберлік курстарына қатысу;
36. Кәсіп бастау;
37. Өзіңіздің қорқынышыңызды жеңу;
38. Жақындарыңызға кешірімді болу;
39. Әр айға жоспар құру;
40. Тайм-менеджмент дағдыларын үйрену;
41. Табыс көзін арттыру;
42. Күн сайын шет тілінде 5 сөз жаттау;
43. Күніне 1,5-2,5 литр су ішу;
44. Дұрыс тамақтану;
45. Таңның атуын теңіз жағасында қарсы алу;
46. Мінезіңіздегі 5 жағымсыз қасиетті анықтап, оны жағымды жаққа түзетуге тырысу;
47. Отбасыңыз үшін мерекелік кеш ұйымдастырыңыз;
48. Көптен бері көрмеген таныстарыңызбен кездесу;
49. Телефонды қолдану уақытын азайту;
50. Күнделік бастап, ойларыңызды қағаз бетіне түсіру.
📌Бір жылға арналған 50 мақсаттан тұратын бұл тізім сіздің жылыңызды есте қаларлықтай етеді.