Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР @marfugashapian Channel on Telegram

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

@marfugashapian


Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР (Kazakh)

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР - бұл Телеграм каналы, кітаптар және оқу материалдары туралы ақпараттар мен танымдамалар бар канал. Осы каналда кітаптарды талқылайтын, олар туралы сипаттама берген және олардың ұсыныстарын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Марфуға Шапиян - бұл адамдарға дайындалған кітаптар жайлы толық ақпарат беру үшін жасалған көмекші канал. Бұл канал арқылы сіз кітаптар туралы аналитикалық мәліметтер алуға болады, олар мен жастар арасындағы популярдықты жаңалықтарды тыңдауға мүмкіндік береді. Марфуға Шапиян - сіздің ауызге түсетін сөздердің арқасында қайталанылатын жер.

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

05 Nov, 02:32


Күнделікті жасайтын әрекеттеріңді өзгертпей, өмірің де өзгермейді. Жетістігіңнің кілті - күнде жасайтын әдеттеріңде.

Джон Максвелл

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

22 Sep, 06:44


Инстаграм болмағанның бір пайдасы, өзіңнің арман-мақсаттарың еске түсе бастайды екен 😀 Айналысқым келетін істерді есіме түсіріп, соларды қолға алсам деген дүние пайда боп жатыр. Алла күш-қуат берсін, енді 🤲

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

20 Sep, 12:00


Инстаграмымды өшірдім. Жұрттың пайдалы, пайдасыз сторизін көп көріп, соған көп уақыт арнайтын болғанымды байқадым. Содан 10 шақты күн демалайын деп шештім. Есесіне осында жазып отырғым келеді ☺️ Бүгін тауға барып, демалып қайттым 😇 Тау күздің әдемі суреттеріне боялып, сұлу боп кетіпті 😍

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

10 Aug, 09:20


Меломанға кітап қарауға келгем. Мына кітаптың фильмін көргенмен өзін оқымағам. Көріп қатты алғым келсін. Мұқабасы да әдемі екен. Қысқасы, алмадым. Кейінге қалсын ☺️

Сіздер кітабын оқығансыздар ма? Фильмінен күштірек пе?

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

31 Jul, 11:07


Мына кітапты оқып көрмекпін. Оқығандарыңыз бар ма? Қандай кітап?

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

31 Jul, 05:54


Соңғы оқыған кітаптарымның бірі. Көп нәрсе күтіп қойған сияқтымын. Ұнады дей алмаймын. Терең зерттеулер болар деп ойлағам. Сөйтсем, дат халқы балауыз жағады, достарымен бас қосады, бірге тамақ пісіреді, велик көп тебеді, содан бақытты дегендей бірдеңе. Оқуға кеңес бермеймін

Бірақ ең ұнамаған кітаптың өзінен бірдеңе аласың ғой. Алған инсайтымды иснтада сторизге бөлісіп жатырмын.

Ал сіз “Хүггені” оқыдыңыз ба?

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

31 Jul, 05:05


Соңғы жылдары онша кітап оқымай кеттім. Айына бір кітап оқысам, ол да роскошь боп кетіп еді. Бірақ қазір кітапқа құмарлығым қайта артып, кітапқа аш қасқырдай кірісіп жүрмін. Тіпті рецензия жазып үлгермей жатырмын. Аллаға шүкір! Ұзағынан болсын! 🤲😊

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

31 Jul, 05:02


Channel name was changed to «Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР»

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

16 May, 12:56


Назеркенің орамал тағу оқиғасын көріңіздер 🤗

https://youtu.be/qWZsjV_z6_w

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

03 Nov, 14:08


Ризығыңызды жақындатқыңыз келсе, мына амалды жасаңыз // Ризық // Иман//Марфуға ШАПИЯН
https://youtu.be/WvUKflF1LWk

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

02 Nov, 06:27


ФАРИЗА: ОРАМАЛЫМДЫ ҚОРҒАУ ҮШІН АДВОКАТҚА БАРДЫМ // Орамал //Марфуға Шапиян
https://youtu.be/WU-7zX6nZZg

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

20 Oct, 10:50


“Шай ішейік” подкасты. Марфуға Шапиян мен Назерке Ермекқызының әңгімесі. Орамал шешу, психология тренды, дінді өмірде қолдану, денсаулық туралы.

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

10 Oct, 17:41


Ардақты ананы қадірлеймін. Ары бар азаматты ардақтаймын. Талабы бар жасты құрметтеймін. Маңғазсыған ағаны ұнатпаймын. Көзге мақтап көлгірситін ініні жек көремін. Шын дос сыртыңнан мақтайды. Сайқал ғана бетіңе қарап қылмыңдайды. Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді.

© Бауыржан МОМЫШҰЛЫ
“АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ” кітабынан

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

13 Sep, 04:00


«МЕН БІР ЖОЛЫ БОЛМАҒАН АДАММЫН»

Бұл сөзді 1982-1988 жылдар аралығында Американың ең бай адамы атанған, Walmart дүкендер желісін құрған Сэм Уолтон өмірден өтерінің алдында айтыпты. Ол балалары мен немерелерін дұрыс танымайтынына, жақындарына дұрыс көңіл бөле алмағанына, олармен жылы қарым-қатынас құра алмағанына өкінген деседі.

Соңғы кездері мені де осы мәселе қатты ойландырып жүр. Біз уақытымызды, энергиямызды көбірек жұмыс істеуге, көбірек ақша табуға, көбірек өз-өзімізді жетілдіруге, көбірек білім алуға, жеке дамуға жұмсайды екенбіз. Бірақ жақын адамдарымызға келгенде уақытымыз бен энергиямызды аяймыз. Ақиқатында біз үшін маңыздысы жақындарымыз емес пе?

Ислам діні де ата-анаңа жақсылық жасауға, олардың қажетін өтеуге, отбасыңа дұрыс қарауға, туған-туыстарыңмен жақын араласуға шақырады. Қазақтың салт-дәстүрі де ата-енемен бірге тұруға, үйіңнен қонақ үзілмей, туған-туыс келіп, арқа-жарқа болып жатуға үндейді.

Бірақ қазір психологияда сәнге айналған жеке шекара, өз уақытым, өз пікірім, өз қалауым, өзіңмен бақытты бол деген дүниелер бізді жалғыздыққа итермелеп жатқандай көрінеді. Ал жалғыз адамды жеңу оңай, сындыра салу түк емес. Жалғыз адам депрессияға бейім келеді. Түбінде жалғыз қалғым келмейді, жалғыз бақытты болғым келмейді...

Мүмкін мені жерден алып жерге саларсыздар, мүмкін мен ескіліктің адамы шығармын, алайда қазіргі психологияда менің көңіліме қонбайтын дүние өте көп. Ол қағидамен өмір сүргім келмейді. Маған Батыстың өркениетінен гөрі ата-бабамның жолы әлдеқайда жақын.

Мен үшін қоғамды мойындатуға талпыну, жарысу, жақсы өмірге толассыз ұмтыла беру, көп, одан да көбірек ақша табуға тырысу, өзіңді дамыту, бұрынғыдан да көбірек оқу, тағы бір оқуға түсіп алу немесе кешке дейін тәніммен, сұлулығыммен алысу... секілді дүниелер құндылық болғанын қаламаймын.

Басты құндылығым АДАМ болса деймін. Отбасым, күйеуім, балаларым, әке-шешелеріміз, ағайын-туғандарымыз, достарымыз, халқымыз, сосын барша адамзат... Сіз қазір «мен үшін онсыз да сол нәрселер құнды» деуіңіз мүмкін. Бірақ сіз уақытыңыз бен энергияңызды көбірек қайда арнап жатсыз? Сол нәрсе сіз үшін құндырақ екенін ұмытпаңыз.

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

12 Sep, 14:12


Тау халқының қайсар ұлы Қажымұрат туралы повесть жазу идеясы Толстойға ойда-жоқта келеді. Айналаны аралап жүріп, ошағанға көзі түседі. Арада бір ай өткенде сол ошағанның әлі тырмысып өсіп тұрғанын байқайды да, ерекше сүйсініп кетеді. Бұл өсімдік оның есіне кезінде атына қанық болған Қажымұратты түсірген еді.

Толстойдың өзі де 23 жасында Кавказда соғыста болған. Сол кезде Қажымұраттың есімін аз естімеген. Осының бәрі әсер етіп, жазушы повестке кірісіп кетеді. Алайда ұзақ зерттейді. Ғалымдар Толстой бұл кітапты жазу үшін 5000 бетке жуық құжаттар мен мұрағат материалдарын оқыды дейді.

Толстой «Қажымұратты» 20 шақты рет қайта өңдеген, Николай патшаға қатысты тұсын кейінірек қосқан. Бірақ сонда да көңілі толмай, «көзімнің тірі кезінде бұл повесть жарық көрмейді» деп жауып тастапты.

Повесть алғаш 1912 жылы жазушы өмірден озған соң 2 жылдан кейін жарық көреді. Онда да орыстарға, патшаға қарсы айтылған тұстары цензураға ұшырап, қысқарып шығады. Толық нұсқасы 1917 жылы жарияланады. Көзі тірісінде өз көңілі толмаған «Қажымұратты» кейінгі әдебиетшілер жоғары бағалады. Бұл туындысында жазушы суреткерліктің шыңына жетті деді.

Л.Толстой «Қажымұратта» Ресей мен Кавказдағы тау халықтарының күрделі саяси қарым-қатынасын суреттейді. Ресей империясының отарлау саясатының құрбаны болған тау халқының Шәміл мен Қажымұрат атты қайсар ұлдарының ерлігін баяндайды. Екі батырды бір-біріне қарсы қою арқылы өлім құштырған орыстың сайқал саясатын сипаттайды. Маған Шәміл мен Қажымұрат өзіміздің Кенесары мен Ағыбайдай елестеді. Олардың әр сәтсіздігіне жүрегім езілді.

Неге екенін маған жазушының өзі орыс болса да, Қажымұратқа бүйрегі бұрып тұрғандай көрінді. Повесте оның ерлігін, батырлығын айтып, орыс генералдары мен офицерлері таңғалып жатады. Намазын қаза етпейтін, әйелдерге қарауды ұят көретін намысшыл Қажымұрат. Ал орыс әскерінің Кавказ ауылдарына істеген жауыздығын айуандыққа балайды, Николай патшаны дұғасын оқи сала жалаңаш әйелдерді көруге баратын арсыз кейіпте суреттейді.

Мәселен, «Қажымұратта» бас кейіпкер Кавказдағы соғысқа басшылық еткен майордың үйінде бір апта тұрады. Оны бақылап жүрген орыс офицерлері Қажымұратты «өте сұм адам екен» дейді. Сонда Петровтың әйелі «Аллам осындай сұм деген адамдарыңды орыстардан көп жаратса етті. Ол -ізетті, ақылды, әділ адам» дейтін жері бар. Міне, адамның адамға, адалдыққа деген құрметін жазушы осылай көрсетеді. Толстой маған орыс ұлтының өзге ұлттарға істеп жатқан қысастығынан жиіркенгендей көрінді.

«Қажымұрат» - Толстойдың соңғы жазған ірі туындыларының бірі. Сондықтан бұл повестен жазушының шынайы көзқарасы, ұстанымын байқауға болады деп ойлаймын.

Ал сіз «Қажымұратты» оқыдыңыз ба? Қандай әсер қалдырып еді?

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР

16 Aug, 04:11


Қайырлы күн, достар! Менен қандай тақырыпта ақпараттар күтетіндіктеріңізге байланысты қойған сұрағыма:

1. КІТАП
2. ИСЛАМ
3. ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР

Осы үш тақырып топ жарып тұр екен. Одан бөлек жеке даму, әйел табиғаты, бала тәрбиесі, кітап жазу, салауатты өмір салты деген секілді тақырыптарды қозғасаңыз дегендер жетерлік. Әрине, өзімнің де негізгі тақырыбым осылар болғаннан кейін барынша пайдалы ақпарат беруге тырысамын.

Кітапқа келсек... Кітаптың адамға пайдасы ұшан-теңіз екенін білсек те, араларыңызда әлі бастай алмай жүргендер, неден бастасам дейтіндер баршылық.

Сіздерге айтар кеңесім, белгілі бір кітапты таңдағаннан кейін «Бүгін осынша бет оқимын» деп парақтарын әр күнге бөліп тастаңыздар. Сосын күнде сол белгілеген мөлшерді оқып отыруға тырысыңыздар. Бүгін оқи алмай қалсаңыз, ертең қосып оқыңыз. Бірақ қалай да сол күнгі норманы орындауға барыңызды салыңыз. Сонда ғана оқуыңыз нәтижелі болмақ.

Ал кітапты әр адам өз қажеттілігіне сай таңдауы қажет. Мысалы, аяғыңыз ауыр болса немесе тұрмыс құрып жатсаңыз «Ана болуға дайындық» кітабын, бала тәрбиесі толғандырса «Тұлға тәрбиелегіңіз келсе» кітабын, иманыңызды қуаттағыңыз келсе, «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабын, жеке дамуды мақсат тұтсаңыз «Кемел адам» кітабын дегендей бұл тізім кете береді.

Барлығымыз бірдей кітап оқуға міндет емеспіз. Мен оқыған кітап сізге қажет болмауы мүмкін. Сондықтан сұранысыңызға сай өз кітабыңызды таңдаңыз да, оқыңыз. Кітап секілді мықты ұстазды осы уақытқа дейін кездестірген емеспін. Кітап оқыған адам ешқашан ұтылмайды.

Ал менің мақсатым – сіздердің естеріңізге кітап оқуды салып тұру, кітап оқуға ынталандыру, кітап оқуды сүюге шақыру, кітап сыйлау әдебін қалыптастыру, қажетіңізге сай кітап таңдауға көмектесу.

2022 жылдың аяқталуына бар болғаны 20 апта ғана қалыпты. Оның бір аптасы басталып та кетті. Осы жылым нәтижелі болсын деп, өзіме #аптасына1кітап челленжін жариялап, дәл бүгіннен жыл соңына дейін 20 кітап оқуға бел буып отырмын. Сіздер де «Айына 1 кітап» десеңіздер де, өз мақсаттарыңызды қойып, менің қатарыма қосылыңыздаршы 

Осы аптада екі кітапты қатар оқымақпын. Біріншісі, осыдан 3-4 ай бұрын қызығып сатып алған Шон Байтеллдың «Дневник книготорговца» кітабы. Көркем әдебиетті жаным сүйеді.

Ал екіншісі, Мағжан Жұмабайұлының «Педагогикасы». Бала тәрбиесіне қатысты Алаш арысының не жазғаны қатты қызық боп тұр. Қайсысы оң жамбасыма келеді, соны оқи беремін. Бірақ апта соңына дейін бірінші кітапты бітіруім керек.

Мақсат – айқын! Ендеше, сіздерге де, өзіме де сәттілік тілеймін!