2024 жылды бәрі қортындылап жатыр ғой, біз де қортындылап жіберейік ☺️🎄
Негізі 2024 жылы өзімнің жұмысым өте жемісті жыл болды, инфобизнесте де, қызмет көрсетуде жақсы нәтижеге жеттім, әрине бірінші Алланың арқасында 🙂
Өзім ашқан нишалар мен жаңалықтар да аз емес, соларымен бірнешеуі мен бөлісе кетейін.
1. Shopify - бұл салада өзіме деген көптеген жаңалықтар аштым, әсіресе E-COMMERCE саласы жайлы ютубтағы көптеген видеолар, әсіресе шетелдік блогерлердің бәрін ақтарып, ішіндегі жаңалықтардың барлығын зерттегенім бар. Бұл жақтан өте жақсы табыс табуға мүмкіндік бар екеніне көзім жетті, таргеттің орнын басып ғана қоймай, ол жақта бүкіл процесс өзіңе байланысты, жауапкершілік тек өзіңнің мойнында екенін сезініп көрдім.
2. TikTok Ads - әрине бұл жақтағы клиенттердің санын арттырып, тіптен бұл жақтан кішігірім медиабайер болғаным бар енді, ол жақта клиентпен өзіңнің коммуниникацияң арқылы өте жақсы табыс табуға болатыны және клиенттермен жұмыс бабында ғана емес, тіптен шын өмірде де араласып, дос болып қалуға болатына көзім жетті.
3. Инфобизнес - жиырмасыншы жылғы инфобизнес 2017 жылғы инфобизнес екеуі екі түрлі, негізі осы саланың пионері болып саналамын, сонау 2017 жылда шикі курстар ұйымдастырғаным бар енді 😂 Реально қазіргі таңда клиенттердің талғамы өте қатты жоғары, тіптен психологиялық көмекте сұрап келгендері де болды, дәл қазір бұл салада тек қасқырлар ғана қалды, осы бағытпен дамимын, осы бағытта мощный нәтиже көрсеткісі келетін адамдарға айтарым, тек АЛҒА! 2024 жылы инфобизнес-те де кішігірім нәтижелерім болды, сосын жобаларым факапсыз өтті 😎 Шүкіршілік білдіремін осы жылға!
Ал енді осы жылдың согы, менің кішкентай болса да нәтиже көрсеткен салам бұл:
TikTok Shop бағыты, иә иә таргетті зерттей отырып "Продажа товаров" деген вкладканы ашып көргенім бар енді, сөйтіп жүріп ішкі системасын, шетелдік блогерлерді қарап көрдім көрдім, өзіме түсінікті тілде ақпараттар аз екеніне көзім жетті, осылайша бір кісі TikTok Shop аккаунтын сатып жатырғанын оқып қалдым, осылайша тәуекелге бел буып ол кісіден аккаунтты сатып алдып, ол аккаунттың ішін түбегейлі микроскоп арқылы көріп, зерттеп толықтай танысып шықтым, сосын мынадай тұжырымға келдім:
TikTok - барлық әлеуметтік желілерді құлатып, Instagram, Facebook, Snapchat, тіптен YouTube видеохостингіне бәсеке таныту ойларында бар екен
TikTok Shop - Амазон, Ebay, Wallmart т.б маркетплейстерге бәсеке құрып жатыр, тіптен Амазонның 20% нарығын тартып алды деген сыбыстар бар.
Ал енді сөзді қортылындылай келе, 2024 жыл зерттеу жылы болды, бұл жылға көп рахмет! Ал енді алдағы жыл Алла қаласа E-COMMERCE жылы болып табылады! Өзімнің ютуб, инстаграм және тикток желілерінде нәтижелерімді, осы салаға қазақ тілді жандарды барынша тартып, жаңа білім арқылы баршаны тартуға тырысатын боламын 😉
Енді осы жылға шүкіршілік етіп, келер жылға баршаларыңызды жемісті етіп өткізулеріңізге тілектеспін, жақындарыңыз, өздеріңіз аман жүріп, берекелі істерге баршаңызды шақырамын! Жаңа жыл құтты болсын ағайын!🎄
KOBENKUATBEK🔒