Таразда жастар арасында өткен Қазақстан Чемпионаты аясында Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Ермек Әбуұлы Имамбековты дзюдо қауымдастығы зор ілтипатпен зейнет демалысына шығарып салды ✨
Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев шапан жауып, Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы, Чемпионатты ұйымдастырушы Ғалымжан Жылгелдиев мырза құрмет көрсетті.
Ермек Әбуұлының қазақ дзюдосына сіңірген еңбегі оразан зор! Қазақстан жастар, ересектер сапында талай чемпионды баптап шықты. Шәкірттері әлем және Олимпиада ойындарында атой салды 🇰🇿
Қазақстан дзюдо федерациясы Сізге адал еңбегіңізге алғыс айта отырып, зейнет демалысын отбасыңыздың ортасында жақсы өткізуіңізге тілектестік білдіреді ✨