Ақша менталитеті @aqsha_mental Channel on Telegram

Ақша менталитеті

@aqsha_mental


"Ақша менталитеті" – қаржылық сауатты арттыруға, табысты дұрыс басқаруға және байлыққа апарар жолды түсінуге арналған арна.

Ақша менталитеті (Kazakh)

Ақша менталитеті көптеген адамдарға дүниеге қаржылық сауаттылықты арттыру және табысты дұрыс басқару үшін қажетті білімдер мен ақпараттар бөлісуді талап ететін телеграм көмекшісі. "Ақша менталитеті" каналы арқылы сіз байлықты меңгеру жөнінде алғашқы үлесіңізді қалай арттыруды маңызданды алдын-ала түсінуға мүмкіндік береді. Каналда қажетті кеңестер, танымдамалар және ақпараттық материалдар бар, олар арқылы сіз кейбір қайтаруларды меңгеру жолдарын таба аласыз. Сіздерге талқылаушы кеңесімен толықтай дайындалған, өте көп алдағы және даму үшін пайдалы ақпараттар ұсынылатын "Ақша менталитеті" каналын көру үшін жазылыңыз!

Ақша менталитеті

04 Dec, 04:37


Қазақстан банктерінің акциялары 2024 жылдың 10 айында 121%-ға дейін қымбаттады

🏦 Halyk Bank акциялары жылдың басынан бері 51,1%-ға қымбаттап, 3 желтоқсанда 249,09 теңгеге жетті.
💰 Банк ЦентрКредит акциялары 121%-ға өсіп, 2163 теңгеге дейін қымбаттады.
🏦 Kaspi Bank акциялары биржада сатылмайды. Банк акциялары финтех бағытындағы Kaspi акционерлеріне тиесілі: Михаил Ломтадзе (24,42%), Вячеслав Ким (23,22%), Baring Vostok Funds (27,24%). Kaspi-дің акциялары 22,6%-ға өсіп, 55,9 мың теңгеге жетті.
🏦 Freedom Bank акциялары да биржада сатылмайды. Банк Freedom Holding Corp-қа тиесілі, холдинг акциялары 49,5%-ға қымбаттап, $119-ға дейін көтерілді.

Мәліметтер KASE-нің деректерінен алынды.

https://t.me/aqsha_mental

Ақша менталитеті

02 Dec, 16:28


🏘 Теңгенің құнсыздануы, тұрғын үй нарығына қалай әсер етпек?

Теңгенің әлсіреуі құрылыс материалдарының қымбаттауына әкеліп, тұрғын үй нарығында бағаның өсуіне себеп болуы мүмкін. Импорттық материалдардың бағасы өскен сайын, жөндеу мен құрылыс жұмыстары да қымбаттайды.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мұндай өзгерістердің болатынын жоққа шығармады.

"Әлеуметтік тұрғын үйге келсек, біз бұл сегментті бақылауда ұстаймыз. Мұнда шаршы метрдің шекті бағасын реттей аламыз," – деп мәлімдеді министр.

https://t.me/aqsha_mental

Ақша менталитеті

02 Dec, 06:45


😞 Теңге тағы шегінді: доллар 524!

Ұлттық валюта күн сайын құнсызданып, доллар бағамы жаңа межелерді бағындырып жатыр. Бүгінгі көрсеткіш – 524 теңге. Тарихи минимум. Бұрынғы рекорд екі-ақ күнге жетіп, енді жаңа төменгі шек тіркеліп отыр.

Пайыздық мөлшерлемені көтеру теңгені құтқара алмады, ал интервенциялар әлдеқашан таусылды. Ұлттық банк жаңа интервенция жүргізе ме, жоқ па белгісіз.

Теңгенің құлдырауы халықтың қалтасына ғана емес, психологиясына да салмақ салып жатқаны жайы бар.

https://t.me/aqsha_mental

Ақша менталитеті

02 Dec, 05:38


💰 Home Credit Bank депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені көтерді

Home Credit Bank базалық пайыздық мөлшерлеменің өсуі аясында депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтерді.

🔸 «Простой» депозиті бойынша 3 айға арналған мөлшерлеме мобильді қосымша үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ГЭСВ) 0,1%-ға өсіп, 14,3%-ды құрады.

🔸«Простой» депозиті бойынша 12 айға арналған мөлшерлеме бөлімшелер (кеңселер арқылы рәсімделген) үшін 0,3%-ға артып, 14,3%-ға жетті.

🔸«Почтовый» депозиті бойынша ГЭСВ 0,3%-ға көтеріліп, 14,3%-ды құрады.

Бұл туралы банк мәлімдемесінде хабарланды. 💰

https://t.me/aqsha_mental

Ақша менталитеті

28 Nov, 10:42


🇰🇿 Ұлттық банк теңгені құтқаруға кірісті: Интервенция басталды...

Ұлттық банк теңге бағамының күрт төмендеуіне 📉 байланысты ресми мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ақша менталитеті.

Соңғы дерек бойынша, KASE-де USD/KZT жұбы 518–519 теңге деңгейінде саудаланып жатыр, ал 28 қарашадағы орташа өлшенген бағам 512,58 теңгені құрады. Бір тәулік ішінде ұлттық валюта 2,4%-ға әлсіреді.

Реттеушінің айтуынша, теңгенің құнсыздануына бірнеше факторлар әсер етті.

Сыртқы факторлар:

– Глобалды деңгейде доллардың нығаюы;
– Мұнай бағасының құбылмалылығы мен төмендеу тенденциясы;
– Ресей рублінің жаңа санкцияларға байланысты әлсіреуі.

Ішкі факторлар:

– Шетел валютасына сұраныстың артуы және ұсыныстың шектеулі болуы.

Ұлттық банк деректеріне сәйкес, биыл қараша айындағы орташа күндік сауда көлемі 238 млн АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 1,5 есеге көп (193 млн доллар). Сонымен қатар, кейде сауда кезінде доллар тапшылығы байқалады, бұл нарықта алыпсатарлыққа мүмкіндік береді және тепе-теңдікті бұзады.

⚠️ Реттеуші осындай жағдайды тұрақтандыру үшін валюталық интервенцияларды қолға алғанын ресми түрде мәлімдеді. Дегенмен, Ұлттық банк бағамның толықтай нарықтық қалыптасуын сақтап, оған әкімшілік араласу жасамайтынын атап өтті.

– Егер қаржылық тұрақтылық пен айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы тәуекелдері туындаса, Ұлттық банк әділ бағам қалыптастыруды және валюталық нарықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін интервенцияларды жалғастыруға дайын, – делінген мәлімдемеде.

Елдегі қаржылық ахуалды бақылап отыр. Бізге тіркеле кет👇

https://t.me/aqsha_mental

Ақша менталитеті

21 Nov, 08:00


❗️Kaspi.kz акционерлеріне 2024 жылдың III тоқсаны бойынша дивиденд төлей бастады

🍋‍🟩Бір жай акцияға 850 теңге мөлшерінде дивиденд төленуде. Алайда, KASE-де финтех компания жариялаған құжатта дивидентке қатысты жалпы сома нақтыланбаған.

Биржада орналастырылған акциялар санына (199 500 000 дана) сүйенсек, ол 169,6 млрд теңгені немесе III тоқсандағы таза кірістің 62%-ын құрайды деп болжауға болады. Осы кезеңдегі қаржылық есептілікке сәйкес, Kaspi.kz 274,4 млрд теңге табыс тапқан. Тура осындай соманы отандық компания өз акционерлеріне 2024 жылдың I және II тоқсандарында да төлеп үлгерген: I тоқсанда шамамен 223 млрд теңге, II тоқсанда — 243 млрд теңге. Ағымдағы жылдың тоғыз айында компания 740,4 млрд теңге табыс тапты.

Қазіргі уақытта Kaspi.kz-ның ірі акционерлері Михаил Ломтадзе (21,53% үлес), Вячеслав Ким (20,39% үлес), сондай-ақ 23,78% үлесімен Baring Vostok қорлары болып табылады. Қалған акциялар пакеті миноритарийлер арасында өзара таратып алынған.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance

Ақша менталитеті

17 Nov, 10:22


⚡️ Шәрли Мангердің өмір ережесі...

Тапқан табысыңыздан аз жұмсаңыз – бұл қаржылық тұрақтылықтың ең қарапайым әрі негізгі ережесі.

Ақылды түрде инвестиция жасаңыз, уытты адамдар мен зиянды әрекеттерден аулақ болыңыз және өмір бойы білім алуға ұмтылыңыз...

💬Осылайша кейінге қалдырылған үлкен қанағат табасыз, себебі сіз саналы түрде осындай өмір салтын таңдадыңыз.

Егер осының бәрін іске асырсаңыз, табысқа жету мүмкіндігіңіз өседі. Ал егер қол жеткізе алмасаңыз, онда сізге өте көп сәттілік қажет болады.

Ақша менталитеті анықтамасы: Шәрли Мангер – әлемдегі ең табысты инвесторлардың бірі, Уоррен Бәффеттің серіктесі, инвестиция мен басқару философиясы арқылы аты шыққан қаржы маманы.

https://t.me/aqsha_mental

Ақша менталитеті

01 Nov, 14:17


👨‍💻 Қазақстан "цифрлық көшпенділерге" арналған жаңа виза енгізді...

Бұл виза арқылы шетелдік азаматтар елімізде бір жылға дейін тұрып, өз еліндегі жұмысын қашықтан жалғастыра алады. Визаны алу үшін келесі шарттарды орындау керек:

Ай сайынғы табыс: Қашықтан жұмыс істейтін және табысы айына 3000 💰 асатын адамдарға ғана беріледі.

Құжаттар: Қазақстанда жарамды медициналық сақтандыру, соттылығының жоқтығы туралы анықтама талап етіледі.

Бұл виза Қазақстанға IT және басқа салалардағы білікті мамандарды тарту үшін жасалған, олар жергілікті компанияларда жұмыс істемейді, бірақ біздің елде тұрып, экономикаға жанама үлес қосады.

Мұндай визалар басқа елдерде де бар, Қазақстан да шетелдік мамандарды тартуды көздеп, осы қадамды қолға алды.

Арнаға қосылуды ұмытпаңыз👇

https://t.me/aqsha_mental

Ақша менталитеті

25 Oct, 13:49


✔️Швейцариялық студенттер көп реттік зымыран сатысының прототипін сәтті сынақтан өткізді

2,5 метрлік прототип 105 метр биіктікке көтеріліп, сәтті түрде қайта қонды, ұшу бір минутқа созылды. Студенттер өздері жасаған қозғалтқышты пайдаланды, ол 1,2 кН тарту күшін дамыта алады. Жиналған тәжірибе өздерінің ғарыштық стартаптарын дамытуға қолданылады екен.

Жасанды интеллект

Ақша менталитеті

12 Oct, 06:34


⚡️ Өзіңе жұмыс істей баста: Қосымша табыс табудың 4️⃣ амалы

Қазіргі заманда қосымша табыс табу — көптеген адамдар үшін қажеттілікке айналды. Табыстың бір ғана көзіне сүйену қауіпті, ал жаңа технологиялар мен интернеттің мүмкіндіктері кез келген адамға қосымша табыс табуға жағдай жасап отыр.

Ақша менталитеті мұның ең тиімді және танымал жолдарын талдап көрді.

Фриланс: Қолыңнан келсе, ақша тап

Фриланс — қазір әлемдегі ең қарқынды дамып жатқан қосымша табыс көзі. Ол өзіңнің уақытыңды өзің басқаруға және қызығушылығың бар саланы кэшке айналдыруға мүмкіндік береді. Бағдарламалау, дизайн, жазу, аударма, маркетинг — кез келген дағдыны фриланс арқылы сатуға болады.

Мысал: Fiverr, Upwork сияқты платформаларда өз қызметтеріңді ұсыну арқылы кез келген адам шет елдерден клиенттер таба алады. Табысты фрилансерлер өз дағдыларын жақсартып, жұмыс уақытын тиімді пайдалана отырып, негізгі табыс көзін толықтыруда.

Кеңес: Фрилансқа кіріспес бұрын, өз дағдыларыңды дамытып, тәжірибе жинақтау маңызды. Бұл саған тұрақты клиенттер тартуға мүмкіндік береді.

Онлайн курстар жасау: Біліммен бөлісіп, пайда тап

Егер сіз белгілі бір салада тәжірибелі болсаңыз немесе ерекше дағдыңыз болса, оны онлайн курсқа айналдырып, табыс табуға болады. Білім әрқашан бағалы, ал қазіргі заманда оны сатудың көптеген жолдары бар. Кез келген адам білімін онлайн платформаға жүктеп, сатылымға шығаруы мүмкін.

Мысал: Udemy, Coursera, Skillshare сияқты платформаларда онлайн курстар жасап, мыңдаған оқырманнан табыс табуға болады. Онлайн білім берушілер өз білімін монетизациялау арқылы тұрақты табысқа жетеді.

Кеңес: Онлайн курс жасауда ең бастысы — сапалы контент дайындау. Оқырмандарға пайдалы әрі қызықты материал ұсына отырып, олардың қызығушылығын арттыру қажет.

Блогинг: Мазмұн арқылы ақша табу

Қазіргі заманғы ең танымал және перспективалы кәсіптердің бірі — блогинг. Егер сенің ерекше көзқарасың, қызықты тақырыптарың болса, оларды әлеуметтік желіде бөлісу арқылы да табыс табуға болады. YouTube, Instagram, TikTok платформаларында өз аудиторияңды қалыптастырып, жарнамалар, демеушілік келісімдер арқылы табысқа жетуге болады.

Мысал: Қазақстандағы танымал блогерлер миллиондаған оқырман жинап, жарнамадан үлкен табыс табуда. Мазмұнды дұрыс ұйымдастыру және аудиториямен сенімді қарым-қатынас орнату блогингтің табысты болуына септігін тигізеді.

Кеңес: Блогты бастау үшін ең маңыздысы — тұрақты және қызықты контент ұсыну. Оқырмандарға пайдалы ақпарат немесе көңіл көтеретін мазмұн жасау арқылы сенімді аудитория жинауға болады.

Жеке кәсіп: Кішкентай істен үлкен табысқа

Көптеген табысты адамдар өз бизнесін кішкентайдан бастап, кейін оны үлкен бизнеске айналдырды. Бүгінгі таңда онлайн дүкендер ашу, қолөнер бұйымдарын сату, қызмет көрсету саласында өз ісіңді бастау арқылы үлкен табысқа жетуге болады. Ең бастысы — дұрыс стратегия құру және нарықты зерттеу.

Мысал: Қарапайым тауарларды онлайн сататын адамдар бүгінде миллиондаған табысқа жетіп отыр. Жеке кәсіпті бастау үшін бастапқы үлкен инвестициялар қажет емес, ең бастысы — дұрыс бағыт және клиенттермен жұмыс істей білу.

Кеңес: Кәсіпті бастау үшін өзіңнің дағдыларың мен нарықтағы қажеттіліктерді зерттеп, шағыннан бастау маңызды. Тұрақты клиенттерді тартып, кейін бизнесті кеңейтуге болады.

Фриланс, онлайн курстар жасау, блогинг, жеке кәсіп бастау сияқты мүмкіндіктер қазіргі заманда өте көп. Тек сенімділік, еңбекқорлық және тұрақтылық қажет.

Келіссеңіз, бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/aqsha_mental