Jaily Mektep – комфортные школы @jailymektep Channel on Telegram

Jaily Mektep – комфортные школы

@jailymektep


Пилотный национальной проект в сфере образования

Jaily Mektep – комфортные школы (Russian)

Добро пожаловать в канал Jaily Mektep - ваш путеводитель в мир комфортного обучения! Мы рады представить вам пилотный национальный проект в сфере образования, который призван создать условия для комфортной учебы детей и подростков. Наша цель - обеспечить учащимся максимально комфортные условия для получения знаний и развития. В канале Jaily Mektep вы найдете актуальные новости, интересные статьи, советы по обучению и многое другое. Мы уверены, что обучение должно быть не только полезным, но и увлекательным, поэтому мы постоянно работаем над созданием интересного контента для наших подписчиков. Присоединяйтесь к нам и узнавайте, как сделать обучение еще более увлекательным и продуктивным! Вместе мы сделаем школы еще комфортнее для наших детей.

Jaily Mektep – комфортные школы

15 Feb, 15:49


Правительственная делегация во главе с первым заместителем Премьер-министра РК Романом Скляром посетила Кызылординскую область. В ходе рабочей поездки комиссия ознакомилась с деятельностью ключевых объектов региона, включая комфортные школы, построенные в рамках нацпроекта.

Одной из таких стала школа на 900 мест, расположенная на левом берегу Сырдарьи. Современное учебное заведение, построенное ТОО «СК Данекер», введено в эксплуатацию в прошлом году. Роман Скляр отметил высокое качество строительства и уровень оснащения школы.

Как сообщил первый заместитель председателя Правления АО «Samruk-Kazyna Construction» Габит Малгаздаров, в рамках нацпроекта «Комфортная школа» в Кызылординской области запланировано 10 школ на 6,9 тыс. мест. На сегодняшний день 5 из них уже работают, а оставшиеся 5 школ откроют в этом году.

Всего в Казахстане в рамках проекта строится 208 школ, половина из которых была введена в эксплуатацию в 2024 году. Оставшиеся 104 школы планируют достроить до конца года.

Jaily Mektep – комфортные школы

15 Feb, 15:49


Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында қазіргі уақытта екі жаңа жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде. Ихсанов көшесіндегі нысан бір ауысымда 300, ал 13-шағын аудандағы мектеп 900 оқушыға арналған. Қос білім ордасының құрылысын «Альтаир-СК7» серіктестігі жүзеге асыруда.

Алайда, бұл компания бұған дейін Абай облысына қарасты Ақсуат ауылындағы мектептің құрылысын ұтып алғанымен, шаруаны тиісті деңгейде орындай алмады. Осыған байланысты 2024 жылы мердігер ұйыммен келісімшарт бұзу жөнінде сот процесі басталып, құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды. Өткен жылдың желтоқсанына дейін жалғасқан сот ісінде мердігердің арызы қанағаттандырылып, нәтижесінде Ақсай қаласындағы екі учаскеде жұмыс қайта жанданды.

Қазіргі таңда 300 орындық мектептің бетондау жұмыстары 60%-ға, ал 900 орындық нысанда 30%-ға аяқталды. Мердігерге жұмыс күшін арттыру, орындалған жұмыс актілерін уақытылы рәсімдеу және техникалық жабдықтау мәселесін бүгіннен бастап шешу жөнінде тапсырма берілді.

Jaily Mektep – комфортные школы

15 Feb, 15:49


ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 3 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПЕН ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

✔️Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысы, Келес ауданында 3 мектептің құрылысы басталған. Қазіргі таңда 1 мектептің құрылысы аяқталып, 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, Ғани Мұратбаев елді мекені мен Абай ауылында 600 орындық, Біртілек елді мекенінде 300 орындық білім ұялары бой көтеруде.

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданына жұмыс сапары барысында Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі жайлы мектептің құрылыс барысын тексеріп, мердігерлерге нақты тапсырмалар берді.

✔️Білім ұясы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС жүргізуде. 2,2 гектар аумақта орналасқан мектеп ғимаратының жалпы ауданы – 4710 шаршы метр. Мұнда 50 жұмыс орны ашылады. Нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға қабылданған. Мектепті өңірде шығарылатын отандық жиһаздармен жабдықтау жоспарланған. Бүгінде «Ақниет холдинг» ҚБ жиһаздарды орнату жұмыстарын жүргізуде. Білім ұясын жуық арада пайдалануға беру көзделген.

🔁Одан кейін, аймақ басшысы Жаңадәуір ауылында орналасқан «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС-нің жылыжай кешенінде болды.

✔️Кешеннің І кезеңі биыл жүзеге асады. Жылыжай 51 гектарға орналасқан. Бұл жобаны 2023 жылы ресейлік жеке инвестор қолға алды. Жобаның құны – 42 млрд. теңге. Нысан соңғы үлгідегі ресейлік технологиямен құрылуда. Өнімнің негізгі бөлігі Ресей Федерациясына экспортталады. Жалпы жылыжай кешенін 500 гектар аумаққа орналастыру жоспарланған. Жоба 6 кезеңмен жүзеге аспақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Jaily Mektep – комфортные школы

15 Feb, 15:49


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында салынған 600 орындық мектепті аралап, білім саласындағы жобалармен танысты. Сонымен бірге ауданда құрылысы жүріп жатқан спорт кешеніндегі жұмыстарды көрді. «Оймауыт» су бөгетінің жағдайымен танысып, сала мамандарымен пікір алмасты. Аудандарды, ауылдарды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Jaily Mektep – комфортные школы

15 Feb, 15:49


SKCN басшысы Маңғыстау өңіріндегі мәселелерді пысықтап, бүгін БҚО-на жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповпен бірге ең алдымен Пугачев ауылындағы жайлы мектептің құрылыс алаңын аралады.

2024 жылғы су тасқыны салдарынан бұл учаскені су басып, іргетасы жарамсыз күйге түсті. Осыған байланысты жерді нығайтып, құрылысты қайта бастау туралы шешім қабылданды. Алайда нақты жұмыстар тек тамыз айында ғана жанданып, құрылыс баяу жүріп жатыр.

Мердігер ұйым «Жайық Сити» қазіргі уақытта ғимараттың екінші қабатын көтеру жұмыстарын бастағанымен, қарқыны баяу. Осыған орай учаскедегі жұмыс күшін арттырып, құрылысты жеделдету тапсырылды. Сонымен қатар, екі апта ішінде жобалық-сметалық құжаттаманы қайта мұқият зерттеп, ескерілмей қалған немесе түзетуді қажет ететін жұмыстар болса, тиісті өзгерістер енгізу міндеттелді.

Мақсат – мектептің сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету.

Jaily Mektep – комфортные школы

11 Feb, 16:17


Төраға М. Айманбетов жалпы жиналыс өткізіп, жобаларды тиімді басқару, цифрландыру және автоматтандыру процестерін енгізу бойынша нақты тапсырмалар берді. Компания құрылымы оңтайландырылып, мамандарға қойылатын талаптар күшейтілетіні айтылды. Біліктілігін арттырмайтын және тиімді жұмыс істеуге талпынбайтын қызметкерлер қатардан шығарылмақ.

Күннің екінші жартысында Атырау облысындағы нысандардың құрылысына жауапты «Каспий Құрылыс ЛТД» және «Каспийская Кадровая Ассоциация» серіктестіктерінің басшыларымен кездесу өтті. Водниково мен Сарыөзек ауылдарындағы нысандардың сметалық құжаттарын нақтылау, қосымша атқарылған жұмыстардың құжаттарын тексеру, төлемдерді жүргізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Құлсары, Ақкөл, Құрманғазы, Жұлдыз-3, Ақсай-2 және Жұлдыз-2 аудандарындағы нысандардың жұмыс кестесін жаңарту, тапсыру мерзімдерін белгілеу талқыланды. Жайлы мектептер құрылысы бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізіліп, кез келген өзгеріс тек негізді себеп болғанда ғана қарастырылатындығы қатаң ескертілді.

Jaily Mektep – комфортные школы

11 Feb, 16:17


“Впервые увидела учительские на каждом этаже”

Сандугаш Ногаева - учитель математики с 31-летним стажем. За годы своей педагогической деятельности проработала в нескольких учебных заведениях города Алматы. После переезда в столицу, Сандугаш Закарьяновна выбрала среднюю школу №100, построенную в рамках национального проекта “Комфортная школа”. Образовательное учреждение поразило ее тем, что здесь созданы все условия для комфортной работы преподавателей и успешного обучения детей.

Jaily Mektep – комфортные школы

08 Feb, 06:09


https://aqtobegazeti.kz/?p=156861

Жайлы мектепте буллинг болмайды!

Jaily Mektep – комфортные школы

07 Feb, 07:38


Өткен жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысында 3 жайлы мектеп пайдалануға берілді.

Биыл тағы 6 мектептің іске қосылуы жоспарланған. Осыған байланысты басқарма басшысы М. Айманбетов Атырауда мектептердің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер компания басшылығымен кездесті. Жиын барысында барлық өзекті мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар, басқарма төрағасы биыл пайдалануға берілетін 6 мектептің құрылысы бекітілген кестеге сай жүргізілуі тиіс екенін қатаң тапсырды. Егер мердігер жұмысты кешіктіретін болса, келісімшарт бұзылып, жаңа мердігер айқындалатыны ескертілді. Себебі жайлы мектептердің уақытылы әрі сапалы салынуы – Samruk-Kazyna Construction компаниясының басты міндеті.

Jaily Mektep – комфортные школы

07 Feb, 07:38


Samruk-Kazyna Construction басшысы соңғы 48 сағат ішінде еліміздің 5 қаласында болып, жайлы мектептердің құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында биыл пайдалануға берілетін нысандардың дайындығы пысықталды.

Кеше кешкісін Шымкент қаласындағы өңірлік кеңседе мегаполис пен Түркістан облысындағы құрылыс компанияларының басшыларымен жиналыс өтті.

Оның қорытындысы бойынша бірқатар маңызды тапсырмалар берілді:
• Алдағы екі апта ішінде мердігер компания басшылығы, ПТО, авторлық және техникалық қадағалау сарапшылары және Samruk-Kazyna Construction өңірлік мамандары жүргізіліп жатқан жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін қайта тексеруі тиіс.
• Әр мердігер өз нысанын бекітілген мерзімде пайдалануға тапсыратынын растайтын кепіл хат ұсынуы қажет.
• Отандық тауар өндірушілер құрылыс материалдарын, жиһаз бен қондырғыларды жеткізуді кешіктірмеуі үшін алдын ала нақты шаралар қолға алынуы қажет.

Басқарма төрағасының өңірлерге іссапары жалғасуда.

Jaily Mektep – комфортные школы

06 Feb, 13:56


Жайлы мектеп: сапалы білім берудің жаңа мүмкіндігі

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы 24KZ арнасының «Күн тәртібі» бағдарламасында талқыға салынды. Білім ошақтарының ерекшелігі неде? Жайлы мектептердің саны неліктен қысқарды? Ұлттық жоба қандай проблемаларды шешіп жатыр? Бағдарлама барысында дәл осы сұрақтарға жауап берілді.

Спикерлер:

Жайық Махсутов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы;

Ғабит Малғаздаров, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;

Нариман Таңатарұлы, Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары;

Эльмира Сұлтанова, Астана қаласы №102 орта мектеп директоры.

Jaily Mektep – комфортные школы

06 Feb, 05:29


Сколько новых школ откроют в Астане в этом году

Руководитель управления образования Астаны Касымхан Сенгазыев рассказал о том, в каком районе и сколько новых объектов будет открыто в ближайшее время, сообщаетKazpravda.kz со ссылкой на столичный акимат

По его словам, в 2025 году будет открыто 15 школ, в которых смогут обучаться 23 тысячи учащихся в смену. Из них 4 будут построены по бюджетному инвестиционному проекту и примут 2 700 учащихся. Две из 4 названных школ будут расположены в Нуринском районе, остальные – в Алматинском.

Строительство школ в рамках проекта «Комфортная школа» продолжится и в этом году.

📷 пресс-служба акимата Астаны

Jaily Mektep – комфортные школы

05 Feb, 05:32


🏫«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының Семей қаласында іске асырылуы

Қазақстан Президенті өзінің халыққа Жолдауында 2025 жылы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 217 жаңа мектеп салынып, онда 460 мыңнан астам бала білім алады деп атап өтті. Бұл білім беру мекемелері заманауи талаптарға сай, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіледі. Президенттің айтуынша, мұндай ауқымды жоба үш ауысымды оқытуды шешуге және қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға көмектеседі.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында, білім беру инфрақұрылымын жақсарту және оқушыларға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, Семей қаласында үш жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Бұл мектептер бір ауысымға арналған 2100 орынға есептелген. Жоба білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және білім сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның маңызды бөлігіне айналды.

«Облыс әкімі Нұрлан Телманұлының тікелей қолдауымен «Қарағайлы» шағын ауданында, 1200 орындық орта мектептің құрылысы сәтті аяқталды. Бұл мектеп 55 сыныпқа және екі мектепке дейінгі сыныпқа есептелген. Оқу қаладағы бірнеше, атап айтқанда №3, 6, 8, 9, 15, 26 және №29 мектептерінен келетін оқушылар үшін ұйымдастырылады. Жалпы, жаңа мектепке 1-11 сыныптардан 1187 оқушы қабылданады, оның ішінде 895 бала қазақ тілінде, 355 бала орыс тілінде оқиды. Мектепке дейінгі сыныптарды қосқанда, мектепте барлығы 1252 оқушы оқитын болады», - деді Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Есенжолов.

Екінші аяқталған нысан — Водный кентінде орналасқан 600 орындық мектеп. Бұл мектепке 23 сыныпқа, соның ішінде екі мектепке дейінгі сынып бар. 1-11 сыныптардан барлығы 600 оқушы қабылданады, олар түгелдей қазақ тілінде оқитын болады. Оқушыларды қабылдау қаладағы бірнеше мектептен жүзеге асырылады: №12, 16, 17, 34, 45 және №47.

«Қазір «Связист» кентінде мектеп жоқ, сондықтан балалар көрші №12, 45 және №47 мектептерде оқуға мәжбүр. Осы ауданда жаңа мектеп салу Шығыс кентіндегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге көмектеседі, қазір тапшылық 515 орынға жетіп отыр», - деді Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Есенжолов.

📌Осылайша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының Семей қаласында іске асырылуы қаладағы білім беру инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартуға бағытталған. Жаңа, заманауи мектептер тек балаларға оқу орындарын қамтамасыз етіп қана қоймай, оқу сапасын да айтарлықтай арттырады. Бұл қадамдар аймақтың білім беру жүйесінің дамуына оң әсерін тигізіп, болашақ ұрпақтың өсіп-өркендеуіне маңызды үлес қосады.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі

Jaily Mektep – комфортные школы

04 Feb, 20:09


В рамках национального проекта планируется построить 217 новых школ по всей территории Казахстана. Из них 208 школ возводятся под руководством компании «Samruk-Kazyna Construction», что обеспечит создание 217 300 ученических мест. 45% из этих учебных заведений будут расположены в сельской местности, что позволит значительно сократить разрыв между городскими и сельскими учебными заведениями. Важно отметить, что все новые школы будут оснащены одинаковыми современными техническими средствами, обеспечивающими равные условия для учеников. Об этом на программе «Дневная смена» на телеканале 24KZ рассказал первый заместитель председателя Правления АО «Samruk-Kazyna Construction» Габит Малгаздаров.

Особенностями комфортной школы поделилась директор средней школы №33 г. Астаны Дана Оразалина. Учебное заведение возвели и ввели в эксплуатацию с начала третьей четверти, что позволило решить проблему дефицита ученических мест в жилом массиве «Үркер».

Jaily Mektep – комфортные школы

04 Feb, 06:01


🔹 Қазақстанда мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бастамалар қарқынды іске асырылуда.

Jaily Mektep – комфортные школы

30 Jan, 10:08


Астана қаласының Үркер тұрғын үй алабында бой көтерген №33 орта мектепке бүгінде 1000 оқушы қабылданған. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тұрғызылған нысан бір кезекте 2000 орынға арналған. Оқу ұясы үш ауысымда оқып келген №69 мектеп-лицейдің жүктемесін едәуір азайтып, проблемасын шешті.

Жайлы мектепке оқушылардан бөлек, ұстаздар қауымының бір бөлігі де ауысып келген. Мұғалімдер заман талабына сай салынған мектептің қызығына тояр емес.

Білім ошағы оқу кабинеттерінен бөлек, робототехника, STEM-зертхана, хореография залы мен бос уақытты тиімді әрі жайлы атмосферада өткізуге арналған коворкинг аймақтармен жабдықталған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блокта білім алады. Балалардың жас ерекшелігіне орай блоктардың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жеке заттарды сақтауға арналған шкафтармен қамтылған. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивтік және сенсорлық кабинет, пандус пен жеделсаты қарастырылған.

Jaily Mektep – комфортные школы

30 Jan, 05:01


Үшінші тоқсаннан бастап Астана қаласының Үркер шағын ауданында №33 орта мектеп өз жұмысын бастады. Бұл білім ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған және бір ауысымда 2000 оқушыны қабылдай алады. Жергілікті тұрғындар оқу ұясының ашылуын асыға күтті. Бүгінде мектептің заманауи мүмкіндіктері ұстаздар, ата-аналар мен балалардың көңілінен шығып жатыр. Ұл-қыздарға ерекше ұнаған кеңістіктер жайлы бейнематериалдан көріңіздер.

Jaily Mektep – комфортные школы

29 Jan, 05:20


https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nyisandar-kuryilyisyi-katan-bakyilauda-turkstan-oblyisyinda-364990/

Түркістан обдысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына іссапарында Шәуілдірдегі жайлы мектептің құрылысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Өңір басшысы жиһаз сапасынан бөлек, білікті кадрлармен қамту жұмыстары да басты назарда болуы керек екенін айтты.

Jaily Mektep – комфортные школы

28 Jan, 05:18


В Актау открылась новая «Комфортная школа» в 19 микрорайоне

Сегодня, 27 января, в Актау по поручению Президента Республики Казахстан в рамках национального проекта «Комфортная школа» открылась новая школа в 19 микрорайоне, сообщает пресс-служба акимата города.

Новая школа, рассчитанная на 1200 мест, уже принимает 2100 учащихся. Учебное заведение оснащено современным оборудованием и предоставляет учащимся кабинеты робототехники, STEM, хореографии, инклюзивного образования, рисования и гончарного искусства. Также в школе есть актовый зал, два спортивных зала и библиотека. На торжественном открытии принял участие аким города Актау Абилкаир Байпаков, который поздравил учеников, и учителей с этим знаменательным событием.

- В соответствии с поручением Президента РК Касым-Жомарта Токаева, в рамках национального проекта «Комфортная школа» во всех регионах страны ведется строительство современных учебных заведений. В частности, в Актау за один учебный год введены в эксплуатацию 5 школ, из которых 3 построены в рамках данного проекта. Эта масштабная работа является ярким свидетельством того, что государство создает все условия для качественного образования и воспитания подрастающего поколения. Поздравляю учителей и учащихся с открытием новой школы! - сказал аким города Актау Абилкаир Байпаков.

Jaily Mektep – комфортные школы

28 Jan, 05:18


Ақтауда 19-шағын ауданда жаңа «Жайлы мектеп» ашылды

Бүгін, 27 қаңтар күні, Ақтауда ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 19-шағын ауданда жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған мектеп 1200 орындық, қазіргі таңда 2100 оқушы білім алуда. Білім ордасы қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оқушыларға арналған робототехника, STEM, хореография, инклюзивті білім беру, сурет салу, қыш өнері кабинеті бар. Мектеп акт зал, екі спорт зал және кітапханамен қамтамасыз етілген. Салтанатты шарада Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов жаңа мектептің лентасын қиып, оқушылар мен ұстаздарды құттықтады.

-ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде блім ордалары бой көтеріп жатыр. Мысалы, Ақтау қаласында бір оқу жылында 5 мектеп пайданалануға беріліп отыр. Оның ішінде 3 білім ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Бұл іргелі жұмыстар мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың сапалы білім мен тәлім-тәрбие алуына барлық мүмкіндіктер жасалып отырғандығының айқын көрінісі деп айтуымызға болады. Ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын, - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Jaily Mektep – комфортные школы

27 Jan, 05:06


Астанадағы жайлы мектепте ашық есік күні өтті

Елорданың Қазыбек би көшесінде орналасқан жаңа жайлы мектептің салтанатты ашылуы өтті. Ата-аналар мен оқушылар заманауи білім ошағын аралап, оның мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алды. Мектептің құрылысы 2024 жылдың соңында аяқталып, жаңа жыл қарсаңында дайын болды. Бүгін білім ордасы алғаш рет өз есігін шәкірттеріне ашты.

Білім ордасын «Integra Construction KZ» компаниясы салды. Бір ауысымда 2000 балаға шақталған мектепке қазірдің өзінде 500-ден астам оқушы қабылданды. Оқу орнының педагогикалық және техникалық қызметкерлер құрамы толық жасақталған.

Ашық есік күні аясында ата-аналар мен балалар мектепті аралап қана қоймай, шеберлік сағаттарына қатысып, мектеп асханасынан дәм татты. Қонақтар жаңа ғимараттың мүмкіндіктеріне жоғары баға беріп, оң пікірлерін жеткізді.

Jaily Mektep – комфортные школы

27 Jan, 05:06


Астананың Қазыбек би көшесінде орналасқан жаңа жайлы мектеп өз есігін айқара ашты!

🎉 Ашық есік күніне келген ата-аналар мен оқушылар заманауи білім ошағын аралап, оның ерекше мүмкіндіктерімен танысты.

🎥 Видеода мектеп басшысынан бастап ата-аналарға дейін өз әсерлерімен бөлісіп, мектептің артықшылықтарын атап өтті.

Jaily Mektep – комфортные школы

27 Jan, 05:05


Астанадағы жайлы мектепте ашық есік күні өтті

Елорданың Қазыбек би көшесінде орналасқан жаңа жайлы мектептің салтанатты ашылуы өтті. Ата-аналар мен оқушылар заманауи білім ошағын аралап, оның мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алды. Мектептің құрылысы 2024 жылдың соңында аяқталып, жаңа жыл қарсаңында дайын болды. Бүгін білім ордасы алғаш рет өз есігін шәкірттеріне ашты.

Білім ордасын «Integra Construction KZ» компаниясы салды. Бір ауысымда 2000 балаға шақталған мектепке қазірдің өзінде 500-ден астам оқушы қабылданды. Оқу орнының педагогикалық және техникалық қызметкерлер құрамы толық жасақталған.

Ашық есік күні аясында ата-аналар мен балалар мектепті аралап қана қоймай, шеберлік сағаттарына қатысып, мектеп асханасынан дәм татты. Қонақтар жаңа ғимараттың мүмкіндіктеріне жоғары баға беріп, оң пікірлерін жеткізді.

Jaily Mektep – комфортные школы

27 Jan, 04:42


🏫 Жайлы мектеп: Қостанай облысында 11 жаңа мектеп салынуда

Президент бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елімізде 401 жаңа мектеп салынуда.

Қостанай облысында бұл жоба бойынша 11 мектеп бой көтереді. Қазіргі күні Заречный кентінде ашылған мектептің артықшылықтарын тілішіміз зерттеп қайтты.

📌 Бұл білім ордасы оқушының жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдайды жасайды. Толығырақ бағдарламамыздан көре аласыздар!

@qostanaitv

Jaily Mektep – комфортные школы

27 Jan, 04:40


Ақжар елдімекенінде жаңа мектеп: 300 оқушыға арналған заманауи білім ордасы

Басқарма басшысы Бұлбұл Бисембайқызы Күзембаева Ақжар елдімекенінде "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысымен танысты.

300 оқушыға арналған бұл жаңа білім ордасы сапалы білім беру талаптарына сай салынып, оқушыларға жайлы әрі заманауи оқу ортасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Jaily Mektep – комфортные школы

27 Jan, 04:40


Жаңа жапсарлас құрылыс пен "Жайлы мектеп" жобасы: сапалы білімге жаңа мүмкіндіктер

Басқарма басшысы Бұлбұл Бисембайқызы Күзембаева Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясына барып, жаңа жапсарлас құрылыстың жай-күйімен танысты. Қазіргі таңда ғимараттың төбесі жабылуда, ал нысан ағымдағы жылдың жаз мезгілінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, үшінші мөлтек ауданында "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысына да шолу жасалды. Бұл білім беру ұйымдары апатты жағдайдағы мектептер, үш ауысымды оқыту және оқушы орындарының тапшылығы мәселелерін шешуге бағытталған.

Аталған нысандар заманауи инфрақұрылымымен сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасап, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға зор үлес қоспақ.

Jaily Mektep – комфортные школы

26 Jan, 05:26


✍️Гани Бейсембаев провел совещание по реализации нацпроекта «Комфортная школа»

🧱 Ход реализации Национального проекта «Комфортная школа» рассмотрели на совещании с участием заместителей акимов областей, руководителей управлений образования, представителей центральных госорганов и оператором строительства в лице АО «Samruk Kazyna Construction».

🇰🇿 По поручению Главы государства в стране реализуется Национальный проект «Комфортная школа», в рамках которого планируется построить 217 школ нового формата на 460 тысяч ученических мест до 2026 года.

📚 По итогам 2024 года уже построено 105 школ на 254 тысячи ученических мест. Особое внимание при реализации нацпроекта уделяется функциональности и безопасности образовательной среды. Предусмотрены отдельные блоки для учащихся начальных и старших классов. Среди требований – повышение мер безопасности за счет внедрения современных технических средств, создание безбарьерной среды для детей с особыми образовательными потребностями и обеспечение школ современными предметными кабинетами.

📌 В завершение совещания министр дал поручение по дальнейшему качественному строительству и вводу объектов.

Jaily Mektep – комфортные школы

26 Jan, 05:26


🇰🇿Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асуы бойынша кеңес өткізді

✍️✍️✍️

🇰🇿Гани Бейсембаев провел совещание по реализации нацпроекта «Комфортная школа»

Jaily Mektep – комфортные школы

25 Jan, 16:50


Бейнеу ауданында биыл 2 «Жайлы мектеп» ашылады

Бейнеу ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2023 жылы басталған 2 мектептің құрылысы жалғасып жатыр. 2025 жылы мектеп қолданысқа беріледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, біріншісі Сам ауылдық округінде 300 орындық жаңа мектеп-бөбекжай кешені құрылысы болса, екіншісі Бейнеу ауылы Әбілхайыр көшесіндегі 600 орындық мектеп құрылысы.

-Сам ауылындағы 300 орындық мектептің қазіргі таңда ішкі, сыртқы жұмыстары жүргізілуде, жылу жүйесі іске қосылды. 91 % жұмыс жасалды. Бейнеу ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысының 72 % жұмысы жасалды. Ішкі, сыртқы жұмыстары жүргізілуде, жылу жүйесі іске қосылды. Сондай-ақ, 2024 жылы Бейнеу ауылында 95 орындық 2 жекеменшік балабақша ашылды. 2025 жылы бір жекеменшік балабақша ашу жоспарда бар. Өткен жылы модернизацияланған 7 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа үлгідегі физика, биология, химия кабинеттері сатып алынды. Білім сапасын арттыру бағытында мектептердің материалдық техникалық базасы жаңартылып, 2024 жылы құны 860 млн теңгені құрайтын 117 кабинеттің материалдық-техникалық базасы жаңартылды, - деді Рахымжан Шалбаев.

Сондай-ақ, брифинг барысында Рахымжан Шалбаев аудандағы мәдениет, спорт, денсаулық сақтау салаларының даму қарқынына тоқталды.

-2024 жылы мәдениет және спорт саласы үшін бюджеттен 748 млн теңге бөлінді. Ақылы қызметтен 2,5 млн теңге түсті. Сондай-ақ, Бейнеу мәдениет үйі мен Сарға мәдениет үйіне, Төлеп ауылдық клубына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Боранқұл ауылындағы спорт залдың құрылыс-монтаж жұмыстары мамыр айында, 50 адамға арналған оқу залы бар кітапхана құрылысы маусым айында аяқталады.  Бүгінгі таңда ауданда эпидемиялогиялық жағдай тұрақты. Аурухананың дәрі-дәрмек қоймасында 125,5 млн теңгенің дәрі-дәрмегі мен медициналық бұйымының қоры жасақталған. Осы жылы аудандық аурухананы ауданаралық көпбейінді ауруханаға ауыстыру мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары басталды, - деді Рахымжан Шалбаев.

Халықтың аз қамтылған топтарын қолдау мақсатында жыл басынан бері 385 отбасыға, яғни 2 341 адамға ай сайын 21,9 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек төленіп отыр.

Jaily Mektep – комфортные школы

24 Jan, 05:51


⚜️ По поручению Главы государства в стране активно реализуется Национальный проект «Комфортная школа».

🏫 Впервые с начала учебного года ввели в эксплуатацию 254 тыс. ученических мест, а до конца 2025 года их количество достигнет 460 тыс. мест.

Jaily Mektep – комфортные школы

24 Jan, 05:51


⚜️ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда.

🏫 Оқу жылының басынан бері алғаш рет 254 мың оқушы орны пайдалануға берілді, ал 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 460 мың орынға жетеді.

Jaily Mektep – комфортные школы

24 Jan, 05:42


🏫Сайлауалды бағдарлама аясында білім ошақтары салынуда – AMANAT

✔️«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Түркістан облысы Сарыағаш қаласы мен осы ауданның Қызылжар ауылдық округінде, Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектептер» салынуда.

Жуырда партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева, партияның Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Құдырет Қыстаубаев аталған білім ошақтарының құрылыс жұмысына партиялық бақылау жүргізді.

Аудан тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік жобалардың техникалық дайындығы жөнінде жергілікті әкімдіктің, құрылыс жұмысына тартылған мердігер ұйым мен авторлық бақылау компаниясының өкілдері баяндады. Құрылыс барысында айтылған сын-ескертпелермен, олардың орындалуы туралы нақты мәліметпен бөлісті.

Құрылыс жұмысымен танысу барысында партия өкілдері мектепке инженерлік-коммуникация желілерін тарту, нысандарға қажет оқу жабдықтарын жеткізу мәселелерін қарастырды. Білім ошақтарының аумағын абаттандыру, жол салу жұмыстарына назар аударды.

Jaily Mektep – комфортные школы

21 Jan, 10:12


Ақтауда озық үлгідегі «Жайлы мектеп» ашылды

Бүгін, 20 қаңтар күні, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 17-ші жаңа шағынауданында жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл жыл басынан бері Маңғыстау облысында ашылған екінші жайлы мектеп.

Шараға өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай, облыс мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев, қоғам қайраткерлері мен білім саласының ардагерлері, мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері және ата-аналар қатысты.

Салтанатты шарада жаңа мектептің ашылуымен құттықтаған ардагер ұстаздар білімді ұрпақ – елдің ертеңі мен болашағы екенін айтып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуда ұстаздарға артылатын жүктің маңыздылығын атап өтті.

Жалпы аумағы 10 400 шаршы метрді құрайтын жаңа білім ордасы 900 орынға шақталған. Қазір мұнда екі ауысымда 1 908 оқушы білім алуда. Оларға 143 педагог сапалы білім бермек.

Мектеп 53 заманауи пән кабинетімен жабдықталған. Оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін STEM зертханалары, қыш өнері, визуалды дизайн және хореография кабинеттері бар. Сонымен қатар ерекше білімді қажет ететін оқушылар үшін сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог және психолог кабинеттері соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жалпы, биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Маңғыстау облысында 13 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде Ақтаудың 17, 19 және 33-ші шағынаудандарында, сондай-ақ Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы Хазар шағынауданында 4 500 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 10:56


Как выглядит комфортная школа в Атырау?

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 10:50


Технология кабинеті оқушылардың мамандық таңдауына әсер етеді

Технология кабинеті – теория мен практиканың тоғысатын, абстрактты идеялардың нақты өнімге айналатын орны. Оның жабдықталуы оқушылардың белгілі бір мамандықтарға қызығушылығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Практикалық сабақтар оқушыларды қолмен жұмыс істеуге үйретеді, кеңістіктік ойлау мен қолданбалы мәселелерді шешу дағдыларын дамытады.

Болашақ отандық дизайнерлерді шығаруға мүмкіндік беретін технология кабинеттері жайлы мектептерде бар. Білім ошақтарының жабдықталу деңгейі ұстаздар қауымын таңқалдырып отыр. Мұнда заманауи тігін машиналары, ине, жіп пен матаға дейін бар. Сондай-ақ ағаш пен метал өңдеуге арналған соңғы үлгідегі құрал-саймандар қойылған. Тіпті, тамақ дайындауды үйрететін арнайы кабинет жасалған. Онда да не керектің бәрі бар. Бұл оқушылардың болашақ мамандықтарын мектеп қабырғасынан таңдап, меңгере бастауына ықпал етеді.

🔗 Дереккөз

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 09:57


Бейнеу ауданының әкімі Бейнеу ауылындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев Бейнеу ауылындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектептің құрылысын аралады. Аудан басшысы құрылыс сапасына айрықша мән беруді ескертіп, жауапты мекемелерге құрылыс сапасын қатаң қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыстың сапалы атқарылуы адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты екенін айтқан аудан басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды бақылау қашанда назардан түспеу керектігін ескертті.

Мектептен кейін аудан әкімі Бейнеу ауылындағы орталық кітапхананың құрылыс жұмыстарымен танысты.Кітапхана құрылысы аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысымен өткен жылы басталды. Бас мердігер - «СМК-Атамекен» ЖШС, техникалық қадағалаушы - «Arteria» ЖШС.

Аудан әкімі пайдалануға тапсырылған нысандардың кепілдік мерзімі аралығында пайдалану кезіндегі сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізу қажет екенін атап өтті.

- Жалпы құрылыс жұмыстарында жұмысшының қауіпсіздігі бірінші орында болуы керек. Оны әрдайым бақылауда ұстау қажет және кез-келген ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуы қажет,- деді Рахымжан Шалбаев.

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 09:49


Қостанай облысында ұлттық жоба аясында салынған ең ірі білім беру мекемесінің салтанатты ашылуы өтті. №31 жалпы білім беретін мектеп бір ауысымда 1200 оқушыға арналған.

Нысанның құрылысын «Asti» ЖШС жүзеге асырды. Аталған білім ордасында оқу процесі 13 қаңтарда басталды. Қазіргі таңда мұнда 800-ден астам оқушы білім алуда.

— Бізге өтініш бергендердің барлығы қабылданды. Өтініштер әлі де түсіп жатыр. Педагогикалық құрам жасақталуда: 54 мұғалім жұмыс істеуде, әлі де бірнеше бос орын бар, — дейді мектеп директоры Орынкүл Баяхметова.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде жоспарланған 4500 оқушыға арналған (бір ауысымда) алты мектептің төртеуі пайдалануға берілді. Олар Заречное ауылында, Арқалық қаласында және Қостанай қаласының Береке мен Аэропорт шағын аудандарында орналасқан.

🔗 Дереккөз

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 09:47


Комфортная школа вместо парковки!

Ранее этот земельный участок принадлежал АО «Самрук - Қазына» и служил парковкой. Но с началом реализации национального проекта «Комфортная школа», его уступили в пользу государства. И началась новая история…

Процессы строительства шаг за шагом: от выемки котлована и заливки фундамента до прокладки наружных инженерных сетей и внутренней отделки. Каждый этап — это кропотливый труд и тысячи часов работы. Разработка дизайна и финальные штрихи сделали эту школу уникальной.

И вот 1 сентября 2024 года, здесь открыла свои двери комфортная школа на 2000 мест. Школа, которой так не хватало в этом районе Астаны. Школа, которая стала вторым домом и центром притяжения для тысячи учеников столицы.

Сегодня в этих стенах учатся дети, создаются мечты и формируется будущее. Место, где когда-то стояли машины, стало пространством для новых знаний и больших возможностей. Это результат совместной работы ради главного — ради наших детей.

🔗 Источник

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 09:47


Бейбіт Әлібековпен сұхбаттан: Неліктен “Жайлы мектеп” жобасы маңызды?

Орын тапшылығын шешу: Жаңа мектептер үш ауысымды оқуды қысқартады, баршаға қолайлы жағдай жасайды.

Заманға сай жабдықтау: Заманауи технологиялар мен зертханалар оқу процесін тиімді әрі қызықты етеді.

Тең мүмкіндіктер: Қала мен ауыл мектептері арасындағы айырмашылық жойылады.

Халықаралық стандарттар: Оқушылардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуына көмектеседі.

Ел болашағына инвестиция: Жаңа тәсілдер мен жабдықтар оқушылардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

📌 2024: 104 мектеп салынды.
📌 2025: Тағы осыншасы пайдалануға беріледі.

“Жайлы мектеп” — келер ұрпаққа арналған мүмкіндік!

🔗 Дереккөз

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 09:47


Аэропорт шағын ауданында бой көтерген №32 мектеп бір ауысымда 900 оқушыны қабылдай алады. Білім ошағы ұлттық жоба талаптарына толық сәйкес, заманауи стандарттарға сай салынған.

Нысанның құрылысын «Asti» ЖШС жүзеге асырған. Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаров қатысты.

«Жаңа мектептердің ашылуы – бұл өңірдің ғана емес, бүкіл елдің болашағына жасалған инвестиция. Оқушыларымыздың ата-бабамыздың даңқты дәстүрін жалғастырып, ғылым мен мәдениетте жоғары жетістіктерге жететініне және Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатынына сенімдімін», – деді облыс басшысы.

Аэропорт шағын ауданында 15 мыңнан астам халық тұрса, Берекеде 20 мыңнан астам халық өмір сүреді, олардың шамамен 5 мыңы – балалар. Бұл мектептер осы аудандарда қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналады.

🔗 Дереккөз

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 09:38


13 қаңтарда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 33-ші шағынауданында орналасқан №33 жалпы білім беретін мектептің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері, мердігер мекеме және ата-аналар қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев аймақ басшысының атынан жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Балалардың сапалы білім алуы үшін мектептер заманауи және жайлы болуы тиіс. Бұл – біздің болашағымыздың кепілі. Президентіміз атап өткендей, орта білім беру деңгейінің сапасын арттыру – ұлттық болашағымыз үшін маңызды қадам. Осындай мектептердің іске қосылып жатқаны бізді қуантады. Жас ұрпаққа білім жолында сәттілік тілеймін, – деді Аббат Өрісбаев.

Биыл Маңғыстау облысында 13 жайлы мектеп пайдалануға беріледі.

🔗 Дереккөз

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 09:38


Жер жұмыстарынан бастап ашылуға дейін!

🏫 Бұл – заманауи 2000 орындық жайлы мектептердің құрылысы. Жоғары сапа, заманауи шешімдер және қысқа мерзімде жүзеге асырылған жоба. Балалардың білім алуына барынша жағдай жасау – басты мақсат. Біздің болашаққа салған инвестициямыз жаңа форматтағы мектептерден басталады!

От котлована до открытия!

🏫 Это строительство современных комфортных школ на 2000 мест. Высокое качество, инновационные решения и быстрые сроки реализации. Наша цель – создать лучшие условия для детей. Инвестиции в будущее начинаются со школ нового формата!

🔗 Дереккөз

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 09:33


🔹 🔹Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында 2000 орындық жаңа мектепте оқу процесі басталды

🔗 Дереккөз

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 09:33


🔹Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында 2000 орындық жаңа мектеп ашылды. Жаңа білім беру мекемесінің жұмысымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысып, оның инфрақұрылымы мен жабдықталуын бағалады.
Қазіргі заманғы төрт қабатты ғимаратта 96 оқу кабинеті бар, олар интерактивті тақталармен, мультимедиялық құралдармен және жаратылыстану ғылымдарына арналған зертханалармен жабдықталған.

Мектепте төрт спорт залы, акт залы, асхана және оқу залы бар кітапхана қарастырылған. Әр блокта оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделген коворкинг аймақтары, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы орта жасалған.

Мектеп аумағында спорт алаңдары, жүгіру жолақтары, футбол алаңы және бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын алаңы салынған.

🔗 Дереккөз

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Jan, 08:04


Астанада 16-шы жайлы мектеп есігін айқара ашты🎉 Оқу процесі үшінші тоқсаннан бастау алды!

🔗 Дереккөз

Jaily Mektep – комфортные школы

25 Dec, 06:41


Ақтау қаласының 17-ықшам ауданында бір ауысымда 900 баланы қабылдай алатын жаңа заманауи мектеп бой көтерді. 🏫 Барлық заманауи стандарттарға сай салынған бұл білім ошағы инклюзия қағидаттарын толықтай ескереді. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы лифттер, пандустар, кең дәретханалар және инклюзивті білім беру кабинеттері жабдықталған.

📍 Жаңа мектептің құрылысын «СМК Атамекен» ЖШС жүргізді. Нысанды облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов пен Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев аралап, оның дайындығына көз жеткізді.

🔔 Алғашқы қоңырау үшінші тоқсанда соғылмақ. Қазіргі таңда мектепті ашуға қарқынды дайындық жүргізілуде.

🎉 Жаңа мектептің ашылуы барлық тұрғындарға құтты болсын! Оқушыларға жарқын жетістіктер, ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DD_OxNuIKWM/?igsh=MWdyazh0dGM4OGV4ag==

Jaily Mektep – комфортные школы

25 Dec, 06:40


Мұнайлы Маңғыстау өңірінде тағы бір жайлы мектеп оқушыларды қарсы алуға дайын. Сөз Ақтау қаласының 19-ықшам ауданындағы 1200 орынға арналған жаңа, заманауи мектеп турасында.

Нысанның дайындығын облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов арнайы барып тексерді.

Мектеп құрылысын «АС Құрылыс» ЖШС жүзеге асырды. Оқу процесі үшінші тоқсаннан басталады.

Білім беру мекемесі типтік жоба негізінде тұрғызылып, барлық заманауи стандарттар мен талаптарға сәйкес жабдықталған.

Бұл маңызды оқиғамен барша тұрғындарды құттықтаймыз! Жаңа мектеп балалардың сапалы білім алып, жарқын болашаққа нық қадам басуына себепші болады деп сенеміз.

https://www.instagram.com/reel/DD-LsjcoO-w/?igsh=MTY2ZzNtazgwMGNyNA==

Jaily Mektep – комфортные школы

25 Dec, 06:38


«Жайлы мектеп» жобасының Маңғыстау өңіріндегі алғашқы төрт нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсыруға дайын🎉

Солардың бірі Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы Хазар ықшам ауданында орналасқан 1200 балаға шақталған жайлы мектеп. Нысан туу көрсеткішінен аймақта көш бастап тұрған аудандағы орын тапшылығы мәселесін шешуге себеп.

Жаңа білім беру ордасының жағдайымен танысу мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов және Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев нысандарды аралады.

Мектепте оқу үшінші тоқсанда басталады. Бүгінде оқу процесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде.

🌟Хазар тұрғындарының қуанышына ортақпыз!

https://www.instagram.com/reel/DD-Lk3aItcK/?igsh=MTRqNzNhajB5d2hxMA==

Jaily Mektep – комфортные школы

25 Dec, 06:38


Батыс Қазақстан облысында алғашқы жайлы мектеп қолданысқа берілді 🎉

Бүгін Батыс Қазақстан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тұрғызылған заманауи білім беру нысанының ашылу рәсімі өтті. Жаңа мектептің салтанатты ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жоба және өңірлік даму жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Қуат Джилкибаев қатысты. Өңір басшысы жергілікті тұрғындарды құттықтап, облыстағы білім беру сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Деркөл кентінде орналасқан мектеп бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға арналған. Ауданы 15 мың шаршы метрді құрайтын мектеп ортақ типтік жоба бойынша салынған. Ғимаратта бастауыш, орта және жоғары сыныптарға арналған блоктар бөлек орналастырылып, балалардың барынша ыңғайлы оқуына мүмкіндік жасалған.

🌟 Деркөл тұрғындарының қуанышына ортақпыз!

https://www.instagram.com/reel/DD-JhWnodR6/?igsh=MW01dGJ1MmJxcng0Mg==

Jaily Mektep – комфортные школы

25 Dec, 06:36


🏫Атырау облысында үшінші жайлы мектеп ашылды

Атырау облысы Водниково ауылында бір ауысымда 1200 оқушыға арналған жаңа жайлы мектептің ашылу салтанаты өтті. Жаңа нысанның бас мердігері – «Каспийская Кадровая Ассоциация» ЖШС. Ресми ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

«Бұл мектеп – ел басшысының арнайы тапсырмасымен салынып жатқан мектептердің бірі. Жаңа білім ошағында балалардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Мұғалімдердің біліктілігіне де көп көңіл бөлуіміз керек, себебі ертеңгі жайлы мектептерден түлеп ұшатын оқушылар – еліміздің болашағы, біздің ісімізді жалғастырушылар», – деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.

https://www.instagram.com/reel/DD-I6wCofqI/?igsh=MTJraXB4ajdqaTRucQ==

Jaily Mektep – комфортные школы

25 Dec, 06:34


Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының алғашқы нысандарының құрылысы аяқталды!

Бүгін аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы 33 ықшам ауданында бой көтерген мектептің құрылыс сапасымен танысты. Өңір басшысы жаңа мектептердің құрылысы мен жабдықталу сапасына оң бағасын беріп, білім беру деңгейін арттыруға ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Жаңа мектептердің ашылуы үш ауысымды оқу мәселесін шешіп, өңірде сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер жасады.

Облыста жалпы 13 жайлы мектептің құрылысы жоспарланған, олардың тоғызы 2025 жылы ашылады.

https://www.instagram.com/reel/DD-Ij6MIo-X/?igsh=N2poZTZvM3A2eml6

Jaily Mektep – комфортные школы

17 Dec, 09:25


Новые государственные школы лучше частных

В следующем году по всему Казахстану будут открыты 217 новых бесплатных школ, построенных в рамках национального проекта @jailymektep. Это более 460 тысяч ученических мест, а значит, проект решит проблему дефицита мест и трехсменного образования.

Мы побывали в школах в Алмате, Астане, Шымкенте, Таразе и Туркестанской области. Они строятся по единому стандарту, везде есть спортивные площадки, кабинеты инклюзии, коворкинги, кабинеты робототехники и STEM, современные столовые и библиотеки. Школы различаются лишь количеством мест – от 300 до 2500.

Мы посмотрели, как строятся школы от государства, побывали на нескольких занятиях, пообщались с учениками👇

https://youtu.be/rI9wD_J9hkU?feature=shared

Jaily Mektep – комфортные школы

23 Sep, 05:59


Астана маңындағы Талапкер ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасый бойынша бой көтерген су жаңа мектеп-гимназия мен IT-лицей оқушыларға есіктерін айқара ашты. Жаңа оқу жылында 100-ден астам педагог 1800-ге жуық оқушыға сапалы білім бермек.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жетекшілігімен салынған білім ошақтарының әрқайсысы 3 қабатты. Кабинеттердің барлығы заманауи жиһаз және қондырғылар жабдықталған. Сапалы білім беру үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Интерактивті тақталары бар пәндік кабинеттерден бөлек, шеберханалар мен зертханалар да бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мектеп-гимназиясының оқушыларын Білім күнімен құттықтады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» жобасы мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешеді, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы жағдай жасайды және қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді және бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз», - деді Ақмола облысының әкімі.

Мектептердің салтанатты ашылу шарасына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов те қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Jaily Mektep – комфортные школы

18 Sep, 07:37


https://www.instagram.com/reel/DADKcD_O1to/?igsh=MXZzcHNlcTV6N3d6Nw==

Астанадағы жайлы мектептегі замануи инклюзия кабинеті!

Сіздерді соңғы заман талаптары бойынша жабдықталғанинклюзия кабинетімізге экскурсияға шақырамыз. Мұндаерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды оқытуға бар жағдай жасалып отыр.
__
Современный инклюзивный кабинет в комфортной школе Астаны!

Приглашаем вас на экскурсию по нашему новому, современно оборудованному кабинету инклюзии. Здесь созданы все условия для комфортного обучения детей с особыми образовательными потребностями.

Jaily Mektep – комфортные школы

16 Sep, 07:32


Қарағанды қаласының «Кеңдала» шағын ауданында 1 қыркүйекте 2000 орынға есептелген, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында тұрғызылған алғашқы жайлы мектеп ашылды. Бұл қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі төрт мектептегі жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда Әлихан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қатысты.

– Бірінші қыркүйек – сіздерді жаңа білім әлеміне жетелейтін кезеңнің бастамасы. Білім мен ғылым – табысқа жетудің басты кілті. Жас ұрпаққа жайлы, сапалы білім беру үшін қолайлы жағдайлар жасау – біздің басты мақсатымыз. Осы жайлы мектептің қабырғасында сіздерді қызықты әрі әдемі болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін! – деді аймақ басшысы.

– Мен сіздермен осындай ерекше күні бірге болғаныма өте қуаныштымын. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша бастамашылық жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы апатты мектептерді жоюға, оқушы орындарының тапшылығын еңсеруге және жайлы білім беру процесін қамтамасыз етуге бағытталған, – деп атап өтті министр. – Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын.

Jaily Mektep – комфортные школы

13 Sep, 11:10


2022 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім саласындағы оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды оқыту және апатты мектеп ғимараттары мәселелерін шешу үшін «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын жүзеге асыруды жүктеген еді.
Заманауи мектептердің құрылысына жауапты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жетекшілігімен алғашқы білім ошақтары 1 қыркүйек – білім күнінде ашылып, халық игілігіне тапсырылды.
Бір ғана Астана қаласының өзінде ұлттық жоба аясында салынған 9 жаңа заманауи жайлы мектеп есігін айқара ашты. Оқу орындарының ашылуына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ҚР Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.
Сондай,-ақ Ақмола, Алматы, Қарағанды, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында да ұлттық жоба бойынша салынған оқу орындарында алғашқы қоңырау сыңғырлады. Салтанатты іс-шараларға өңір басшылары мен басқа да саяси тұлғалар белсене қатысты.

Jaily Mektep – комфортные школы

11 Sep, 07:01


Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған күн. Елді мекенде көптен күткен жаңа мектептің есігі айқара ашылды.

№7 орта мектебі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тұрғызылды. Сыйымдылығы бір кезекте 600 оқушыға арналған. Бүгінде білім ошағына 525 оқушы қабылданған. Бұл процесс әлі жалғасуда. Оқушылар осыған дейін жүктемесі едәуір асып кеткен жақын маңдағы өзге мектептерде білім алған екен.

Оқу ошағының ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, ауыл тұрғындары мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

«Сіздерді 1 қыркүйек — Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Білім – шамшырақ. Ол ғылым мен ілімнің бастау көзі. Болашағын ойлаған кез-келген ел алдымен білім беру ісіне айрықша мән берген. Болашақ ұрпақтың дені сау, білімді, тәрбиелі, мәдениетті болуына жағдай жасау Президентіміздің басты назарында. Міне, бүгін болашағымыз - балаларымыздың игілігіне жаңа жайлы мектептің ашылуына куә болып отырмыз.

Jaily Mektep – комфортные школы

04 Sep, 08:57


Қарағанды қаласының «Кеңдала» шағын ауданында 1 қыркүйекте 2000 орынға есептелген, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында тұрғызылған алғашқы жайлы мектеп ашылды. Бұл қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі төрт мектептегі жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда Әлихан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қатысты.

– Бірінші қыркүйек – сіздерді жаңа білім әлеміне жетелейтін кезеңнің бастамасы. Білім мен ғылым – табысқа жетудің басты кілті. Жас ұрпаққа жайлы, сапалы білім беру үшін қолайлы жағдайлар жасау – біздің басты мақсатымыз. Осы жайлы мектептің қабырғасында сіздерді қызықты әрі әдемі болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін! – деді аймақ басшысы.

– Мен сіздермен осындай ерекше күні бірге болғаныма өте қуаныштымын. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша бастамашылық жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы апатты мектептерді жоюға, оқушы орындарының тапшылығын еңсеруге және жайлы білім беру процесін қамтамасыз етуге бағытталған, – деп атап өтті министр. – Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын.

Жайлы мектепке конкурс бойынша 150 мұғалім жұмысқа қабылданды. Алғаш күннен бастап оқушылар мен педагогтар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының стандарттары бойынша жаңа форматтың артықшылықтарын бағалады.

Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін оқу кабинеттері, санитарлық орындар мен спорт залдары бар жеке блоктар қарастырылған. Ыңғайлы және қауіпсіз болу үшін алты кіреберіс пен шығатын есіктер жасалды. Кабинеттер мен зертханалар модификацияланған, ең заманауи талаптарға сай жабдықталған, ал жиһаз болса ыңғайлы.

Jaily Mektep – комфортные школы

04 Sep, 08:54


Астана маңындағы Талапкер ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасый бойынша бой көтерген су жаңа мектеп-гимназия мен IT-лицей оқушыларға есіктерін айқара ашты. Жаңа оқу жылында 100-ден астам педагог 1800-ге жуық оқушыға сапалы білім бермек.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жетекшілігімен салынған білім ошақтарының әрқайсысы 3 қабатты. Кабинеттердің барлығы заманауи жиһаз және қондырғылар жабдықталған. Сапалы білім беру үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Интерактивті тақталары бар пәндік кабинеттерден бөлек, шеберханалар мен зертханалар да бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мектеп-гимназиясының оқушыларын Білім күнімен құттықтады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» жобасы мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешеді, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы жағдай жасайды және қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді және бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз», - деді Ақмола облысының әкімі.

Мектептердің салтанатты ашылу шарасына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов те қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында Ақмола өңірінде 3 мектеп ел игілігіне берілсе, оның 2-уі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған.

Jaily Mektep – комфортные школы

04 Sep, 08:51


Алматы облысына қарасты Елтай ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша бой көтерген білім ошағы ашылды. Cалтанатты шараға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Әкім орынбасары жаңа мектеп оқушыларын оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жетекшілігімен салынған мектеп 1200 орынға шақталған. Кабинеттердің барлығы заманауи жиһаз және қондырғылармен жабдықталған. Сапалы білім беру үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Интерактивті тақталары бар пәндік кабинеттерден бөлек, шеберханалар мен зертханалар да бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған.

Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мектептердің құрылысына жауапты бірыңғай дирекция болып табылады.

Jaily Mektep – комфортные школы

01 Sep, 07:56


1 қыркүйек - күнтізбедегі ерекше күн, жаңалықтар, білім және мүмкіндіктер күні. Мектептер есіктерін айқара ашып, іші балалардың күлкісіне, қуанышы мен ілімге деген ынтасына толуда.

Алғашқы қоңырау біреу үшін білім жолының жалғасуы, ал басқалар үшін жаңа өмірге деген көпірден өту дегенді білдіреді. Сондықтан да, жаңа оқу жылы шабытқа, қызығушылыққа толы болады деп сенеміз.

Жаңа оқу жылында ұстаздар мен оқушыларға денсаулық, сабыр және өз-өзіне сенімді болуды тілейміз! Жаңалықтар мен жеңістерге деген ынта-талабыңыз толастамасын!
__

1 сентября – это не просто дата в календаре, а старт нового увлекательного путешествия в мир знаний, открытий и возможностей. Сегодня школа вновь наполняется детскими голосами, а в классы возвращаются радость, любопытство и стремление к успеху.

Для кого-то это первый школьный звонок, для кого-то – продолжение пути, а для выпускников – это будет мостом к новому этапу жизни. Пусть этот учебный год будет наполнен вдохновением, достижениями и незабываемыми моментами.

Jaily Mektep – комфортные школы

26 Aug, 11:09


https://www.instagram.com/reel/C_IYDROMcT2/?igsh=MXA3YTVlcGhuN3B0eA==

Астанадағы мектеп құрылысының қарқыны: С-189 көш., Сарыарқа ауданы

Жұмыс қалай жүріп жатқанын білгіңіз келе ме?  Барлығын егжей-тегжейлі баяндап, құрылыс кезеңдерікөрсетілген видеоны қараңыз.

Жаңартуларға жазылып, жаңалықтардан құр қалмаңыз!
__
Ход строительства школы в Астане: ул. С-189, Сарыаркинский район

Интересно, как проходят работы? Посмотрите наше видео, где мы детально рассказываем и показываем текущие этапы строительства!

Подписывайтесь на обновления, чтобы быть в курсе всех событий!

Jaily Mektep – комфортные школы

19 Aug, 10:50


Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында оқушылар мен студенттердің білім алуына жағдай жасау жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешу бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда.

Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №97 мектеп-гимназиясында болды. Ғимарат бұрынғы апатты жағдайдағы мектептің орнына тұрғызылған.
Ұлттық жоба аясында салынған алғашқы мектеп жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілмек. Бүгінде нысан 95%-ға дайын, онда әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектепте 945 оқушы білім алатын болады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті орта құрылды. Барлық оқушының өзіндік қажеттіліктерін ескере отырып, заманауи технологиялар енгізу арқылы білім сапасы артады, шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында материалдық-техникалық база жақсартылады.

https://skcn.kz/kz/news/news/1523

Jaily Mektep – комфортные школы

16 Aug, 12:04


https://www.instagram.com/reel/C-uuckdMNVE/?igsh=OWUyczVyYjMzNDkw

Прогресс строительства школы в г. Астана, ул. Ұлытау (жилой массив Көктал).

Подписывайтесь на наш аккаунт, чтобы быть в курсе актуальных новостей.

Jaily Mektep – комфортные школы

15 Aug, 08:24


28 шілде күні ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов елордадағы жайлы мектептердің құрылыс барысымен танысты.

Олар Орынбор, Мәңгілік ел, Төле би көшелерінің бойында, Көктал шағын ауданы және “Highvill” ТК маңында ұлттық жоба бойынша салынып жатқан білім ошақтарына барды. Бүгінде мердігерлер мектептердің сыртқы қасбетін қаптау, электр қуатын, жылу, су, кәріз бен желдету жүйелерін тарту, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстарын атқаруда. Нысандардың құрылысы кестеге сай жүріп жатыр.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жоба бойынша құжаттаманың бәрін толықтай электронды форматқа көшірді. Бірінші вице-премьерге E-Qurylys порталының мінсіз жұмыс істеп тұрғаны баяндалды. Осы орайда мердігерлерге жүйеде жұмыс істеуді үйренуге барынша ынта-жігер таныту керек.

Роман Скляр ұлттық жоба сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуы үшін Үкімет тарапынан барынша қолдау көрестілетінін, жобаның Президент пен Премьер-министрдің жеке бақылауында екенін айтты.

https://skcn.kz/kz/news/news/1527

Jaily Mektep – комфортные школы

13 Aug, 09:43


https://www.instagram.com/reel/C-mv_HEODFY/?igsh=Z3g3cDhjaXFhYnRr

«Іскер адамдар» айдарын жалғастыру мақсатында Төле би 57А мекенжайында орналасқан мектептің кабинеттеріне рум-тур жасаймыз.

Барлық жаңалықтарды жіберіп алмас үшін аккаунтымызға жазылуды ұмытпаңыз.
__
Продолжаем рубрику «Деловые люди» рум-тур кабинета, школа по ул.Толе би, 57А.

Подписывайтесь на наш аккаунт, чтобы быть в курсе всех обновлений.

Jaily Mektep – комфортные школы

12 Aug, 10:12


Samruk-Kazyna Development компаниясының басшысы Нұрлыбек Өтеубаев SKCN Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтың тапсырмасы бойынша Түркістан облысында, Шымкент қаласында және елдің батыс өңірлерінде салынып жатқан жайлы мектептердің мердігерлерімен және техникалық қадағалау сарапшыларымен бірнеше кездесу өткізді.

Техникалық қадағалау сарапшыларына тек сыртқы қалау, инженерлік желілер, монолитті, металл және тірек конструкциялары үшін атқарушылық құжаттама қажет екенін түсіндірді. Егер құрылыс барысында ЖСҚ-дан елеулі ауытқулар болмаса, жұмыстың басқа түрлеріне атқарушылық құжаттаманы талап етудің қажеті жоқ. Бұл артық қағазбастылықты алып тастауға мүмкіндік береді, атқарылған жұмыстардың актілерін жасақтау және тексеру процесін жеделдетіп, техникалық қадағалау сарапшыларының да, мердігер ұйымның да жұмысын біршама жеңілдетеді.

Атқарушылық құжаттаманың төрт данасын талап етуге тыйым салынады, өйткені ұлттық жоба шеңберіндегі барлық құжат айналымы E-Qurylys ақпараттық жүйесінде электрондық форматқа ауыстырылды.

https://skcn.kz/kz/news/news/1520

Jaily Mektep – комфортные школы

09 Aug, 12:42


Астана қаласындағы Орынбор ĸөшесі мен 37-ĸөшедегі меĸтеп құрылысы бойынша жаңартулар.

Соңғы жаңалықтарды жіберіп алмау үшін аĸĸаунтымызға жазылыңыз.

Обновление по строительству шĸолы в г. Астана, ул. Орынбор и 37-я.

Подписывайтесь на наш аĸĸаунт, чтобы не пропустить последние новости.

https://www.instagram.com/reel/C-cxNJWMyPi/?igsh=ejlldjN6YXVmajln


#jailymektep #школы #1сентября
#астана #казахстан

Jaily Mektep – комфортные школы

07 Aug, 07:00


Шымкенттегі жайлы мектеп құрылысының барысы мен сапасына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты оң бағасын берді

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласында 18 нысанның құрылысы жоспарланған. Бұл бір кезекте 28 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Білім ошақтарының 12-сін биыл, қалған алтауын келесі жылы халық игілігіне беру жоспарланған. Бой көтеріп жатқан заманауи мектептердің құрылыс барысы мен сапасы – қатаң бақылауда. Тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, техникалық және авторлық қадағалау, құзырлы органдардан бөлек, қоғамдық бақылау да жүргізілуде. Бүгін, 9 шілде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабеков бастаған бір топ халық қалаулысы Жаңа Тұрлан шағын ауданында салынып жатқан жайлы мектептің құрылысын бағамдап қайтты. 1200 оқушы орнына арналған білім ошағының құрылысына «Корпорация Ақ ордасы» ЖШС жауапты. Бүгінде мердігер нысанның қаңқасын тұрғызып, сыртқы қасбетін қаптау жұмыстарына көшкен. Одан басқа, ішкі әрлеу және мектеп аумағын абаттандыру бойынша шаруа қолға алынған.

Серіктестік учаскедегі жұмыс қолын 200 адамға дейін арттырып, қарқынға қарқын қосуға ниетті. Ұлттық жобаның жүзеге асырылу барысына депутаттар өздерінің оң бағасын берді.

Jaily Mektep – комфортные школы

02 Aug, 08:22


Бірінші вице-премьер жайлы мектептердің құрылысымен танысты

28 шілде күні ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов елордадағы жайлы мектептердің құрылыс барысымен танысты.

Олар Орынбор, Мәңгілік ел, Төле би көшелерінің бойында, Көктал шағын ауданы және “Highvill” ТК маңында ұлттық жоба бойынша салынып жатқан білім ошақтарына барды. Бүгінде мердігерлер мектептердің сыртқы қасбетін қаптау, электр қуатын, жылу, су, кәріз бен желдету жүйелерін тарту, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстарын атқаруда. Нысандардың құрылысы кестеге сай жүріп жатыр.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жоба бойынша құжаттаманың бәрін толықтай электронды форматқа көшірді. Бірінші вице-премьерге E-Qurylys порталының мінсіз жұмыс істеп тұрғаны баяндалды. Осы орайда мердігерлерге жүйеде жұмыс істеуді үйренуге барынша ынта-жігер таныту керек.

Роман Скляр ұлттық жоба сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуы үшін Үкімет тарапынан барынша қолдау көрестілетінін, жобаның Президент пен Премьер-министрдің жеке бақылауында екенін айтты.

Jaily Mektep – комфортные школы

01 Aug, 14:03


https://www.instagram.com/reel/C-IUGB2sMDK/?igsh=bTc5eG0wNjgydHk5

Город Атырау, Береĸе ауылы — строительство шĸолы на 1200 мест!

Мы рады поделиться с вами последними новостями о ходе строительства новой шĸолы.

Хотите узнать больше? Смотрите наше видео, где мы подробно рассĸазываем о ĸаждом этапе строительства. Не пропустите — видео до ĸонца!

Атырау қаласы, Береĸе ауылы - 1200 орынды меĸтептің салынуы!

Біз жаңа меĸтептің құрылыс барысы туралы соңғы жаңалықтармен бөлісеміз.
Толығырақ білгіңіз ĸеледі ме? Видеода құрылыс барысының ǝр ĸезеңі жайлы

толық мағлұмат береміз. Жіберіп алмаңыз - видеоны соңына дейін ĸөріңіз!