⠀
Осы орайда, мына нәрсені айтпай кетуге болмайды: шариғатта «инқиләбуль айн» деген термин бар, бұл дегеніміз әлдебір харам зат өзінің табиғатын (болмысын) түбегейлі өзгерттп, басқа затқа айналуы. Бұл жағдайда заттың харам үкімі де, өзгермек. Шараптың сірке суына айналуы осыған мысал бола алады.
⠀
Сәйкесінше, есектің терісінен ішетін дәрі жасау процесі кезінде тері тек сипатын ғана емес, түбегейлі болмысын өзгертіп, басқа затқа айналған болса, оны дәріге қолдануға болады, өйткені ол кезде ол тері емес, басқа зат үкімінде.
⠀
Ал тек түрі өзгеріп, ал құрамы сол күйінше қалса, оның үкімі өзгермейді, мысалы, доңыздың терісінен жасалған желатиндер секілді.
⠀
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!