HALALDAMU.kz (@halaldamukz)の最新投稿

HALALDAMU.kz のテレグラム投稿

HALALDAMU.kz
1,350 人の購読者
366 枚の写真
345 本の動画
最終更新日 09.03.2025 02:43

HALALDAMU.kz によってTelegramで共有された最新のコンテンツ

HALALDAMU.kz

07 Mar, 11:01

155

Еті арам хайуандардың терісі иленіп, өңделгеннен кейін тазарады. Иленгеннен соң ғана ол теріні сатуға да, өзге де бұйымдарды істеуге болады. Алайда жеуге болмайды. Есектің еті де солай. Есектің еті арам, сәйкесінше терісін сататын адам, өңдеп барып сата алады, бірақ өңделген болса да есектің терісін ішетін дәрі- дәрмекке қолданылмайды (сыртқы қолданыстағы жақпа дәріге қолдануға болады).

Осы орайда, мына нәрсені айтпай кетуге болмайды: шариғатта «инқиләбуль айн» деген термин бар, бұл дегеніміз әлдебір харам зат өзінің табиғатын (болмысын) түбегейлі өзгерттп, басқа затқа айналуы. Бұл жағдайда заттың харам үкімі де, өзгермек. Шараптың сірке суына айналуы осыған мысал бола алады.

Сәйкесінше, есектің терісінен ішетін дәрі жасау процесі кезінде тері тек сипатын ғана емес, түбегейлі болмысын өзгертіп, басқа затқа айналған болса, оны дәріге қолдануға болады, өйткені ол кезде ол тері емес, басқа зат үкімінде.

Ал тек түрі өзгеріп, ал құрамы сол күйінше қалса, оның үкімі өзгермейді, мысалы, доңыздың терісінен жасалған желатиндер секілді.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
HALALDAMU.kz

05 Mar, 08:02

191

ШЫМКЕНТ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР

Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Мастура қажы» мешітінің жамағатына «Рамазандағы адал астың маңызы» туралы арнайы семинар өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша бақылаушы өкілі Сарыбаев Қазыбек дәріс оқып, халал өнімдердің маңыздылығы мен олардың руханиятқа және денсаулыққа тигізер пайдасы туралы кеңінен әңгімеледі.

🌐https://halaldamu.kz/kk/p/shymkent-meshit-zhamaatyna-seminar

🔍халалдамушымкент
HALALDAMU.kz

05 Mar, 08:02

195

ШЫМКЕНТ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР

Шымкент қалалық орталық мешітінің әйел жамағатына арналған «Рамазандағы адал астың маңызы» тақырыбындағы дәріс барысында «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты технологы Аружан Аралбай адал азық-түліктің мұсылман өміріндегі орны мен оның рухани және физикалық денсаулыққа тигізер пайдасы жайлы кеңінен түсіндірді.

🌐https://halaldamu.kz/kk/p/shymkent-jel-zhamaatyna-seminarsa

🔍халалдамушымкент
HALALDAMU.kz

05 Mar, 08:01

170

ОҢ ҚОЛМЕН ТАМАҚТАНУ МІНДЕТ ПЕ?

Шариғатымызда барлық нәрсенің үкімі мен әдебі Құранда, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде, ғалымдарымыздың кітаптарында баяндалған. Салман Фарисидің (Алла оған разы болсын) мүшріктерге жауап бергеніндей, Алла елшісі үмбетіне тіпті әжетханаға кіріп-шығу әдептеріне дейін үйретіп кеткен.

🌐https://halaldamu.kz/kk/p/o-olmen-tamatanu-mindet-pe

🔍#халалдамумақалалар
HALALDAMU.kz

04 Mar, 07:17

219

«ТАНДЕМ» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Ақтөбе облысындағы «Молочные истории - А» қышқыл сүт өнімдерін өндіруші жетекші кәсіпорын «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Аталған кәсіпорынның «Тандем», «Тандем Іight» өнімдері «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау, сату» стандарты талаптарына сай деп танылды. Сертификатты «Нұр-ғасыр» мешітінің бас имамы Садиев Амантай табыстады.

🌐https://halaldamu.kz/kk/p/tandem-nimderi-sertifikattaldy

🔍халалдамуақтөбе
HALALDAMU.kz

04 Mar, 07:17

187

АЛМАТЫ ОБЛ.: ЖАМАҒАТҚА СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Батан ауылы жамағатына «Халал ас – шариғат талабы» тақырыбында оқу-семинар ұйымдастырылды. Семинарды халалдың Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков өткізді.

🌐https://halaldamu.kz/kk/p/almaty-obl-zhama-seminar-tti

🔍халалдамуалматыоблысы
HALALDAMU.kz

04 Mar, 07:16

179

Көкшетау қаласындағы «Ланджоу» дәмханасында айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын халалдяң жергілікті өкілі Науан Муталов орындады.

Ол тексеру барысында асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, өнімдердің халал стандарттарына сәйкестігін және тағам дайындау процесінің шариғат талаптарына сай жүргізілуін қадағалады.

Аудит қорытындысы бойынша, дәмхана қызметкерлеріне халал талаптарын сақтау бойынша қосымша нұсқаулықтар берілді.
HALALDAMU.kz

02 Mar, 12:33

198

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «QMDB HALAL» ДӘМХАНАЛАР ТІЗІМІ

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған қоғамдық тамақтану орындарының тізімін ұсынамыз

🌐https://halaldamu.kz/kk/p/semej-alasynday-qmdb-halal-dmhanalar-tizimi

🔍халалдәмханалартізімі
HALALDAMU.kz

02 Mar, 12:32

188

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ «QMDB HALAL» ДӘМХАНАЛАР ТІЗІМІ

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған қоғамдық тамақтану орындарының тізімін ұсынамыз

🌐https://halaldamu.kz/kk/p/yzylorda-alasynday-qmdb-halal-dmhanalar-tizimi

🔍халалдәмханалартізімі
HALALDAMU.kz

02 Mar, 12:32

148

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «QMDB HALAL» ДӘМХАНАЛАР ТІЗІМІ

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған қоғамдық тамақтану орындарының тізімін ұсынамыз

🌐https://halaldamu.kz/kk/p/trkistan-alasynday-qmdb-halal-dmhanalar-tizimi

🔍қоғамдықтамақтануорындары