тілсіз түнде жарық ай🤍 @zharyqaiym Channel on Telegram

тілсіз түнде жарық ай🤍

@zharyqaiym


✍️: https://t.me/kenistikk

тілсіз түнде жарық ай (Kazakh)

Жарқын жарықты байқаушылықты және бұлталаушылықты қамтамасыз ету үшін тілсіз түнде жарық ай телеграм каналына қош келдіңіз! Бұл каналда сіз деректер алмасындағы ең соңғы жарық жүйелері туралы түсініктемелер, жаңа технологиялар және ақпараттық жарықтың арнайы қолдаулары туралы ақпаратты тапа аласыз. Каналға кіру үшін жеке такырып өте алатын ақпаратты заңдайсыз жасау үшін @zharyqaiym атты каналға қатысасыз. Жарық жүйелері мен жарқын технологиялар туралы көбірек ақпарат алу үшін https://t.me/kenistikk сілтемесіне барыңыз!

тілсіз түнде жарық ай🤍

16 Feb, 23:27


Мен сені мәңгіге жоғалттым. Алдағы өмірімді елестету қиын. Сенсіз. Бірақ тура келеді. Еркелігім мен балалығым өзіңмен бірге жерленді. Көзді ашып жұмғанша жарты жыл да өте шықты. Бұл жарты жыл менің ұйқысыз түндерім, таусылмас сағынышым, ауыр өкінішім. Уақыт емдейді деген бос сөз. Уақыт ешқашан емдеген емес. Жеңілдетпейді де. Жарығым, мен сені қатты сағындым..!

тілсіз түнде жарық ай🤍

16 Feb, 14:44


Мынадай мәнсіз әңгімелер қате негізі. Адаммен қанша жаулассаң да былай айту дұрыс емес. Дінге әзіл қоспайық! Тілімізге абай болайық!)

тілсіз түнде жарық ай🤍

16 Feb, 07:02


Әйел адамның табиғаты жайлылықты, жылылықты қалайды. Алатауға шығарғанды емес, алақанда ұстағанды қалайды. Ер адамнан 99 есе нәзік келетін қыз баласы әрдайым арқа сүйерге, қорғанға мұқтаж. Яғни, әйел адамның табиғаты шырмауық гүлге ұқсайды. Шырмауық гүл жерде жатса жайылып, жапырақ жайғанымен, көркейіп көзге түсе қоймайды. Ал сүйеніп өсетін тіреу табылса, бірден бой түзеп, құлпырып шыға келеді. Қауызынан гүл ашып, жақындасаң жұпары аңқиды. Әйел адам да солай, арқа сүйейтін ардақты күйеуі болса, соған бағынып, соның тілеуін тілей жүріп қана Алланың мейіріміне шомылады. Әйеліңіз гүлдей құлпырсын десеңіз, даналығыңызбен жақсы бағбан, жел тұрғанда сындырмайтын тіреу бола біліңіз. Әрбір нәзік жанды - бақытты болуы үшін жаралған.


Фариза Төреәлі

тілсіз түнде жарық ай🤍

14 Feb, 10:08


Больницадағы өтіп жатырған төртінші күнім. Салқындап, абайсызда түсіп қалдық осылай( Нағашы әжем осылай толтырып салып жіберіпті. Бауырсақ, блинчик, тамақ.. 🥰 Ауырмаңыздар, жылы киініп жүріңіздер. 🩷

тілсіз түнде жарық ай🤍

13 Feb, 03:30


– Сүйген жігіт жылатпайды. Ол жұбатуға және жылытуға тырысады.
– Сүйген жігіт көңіліңді қалдырмайды. Керісінше көңілің мен күйіңді көтеруге ұмтылады.
– Сүйген жігіт тек қана төсекте емес, таршылық пен торыққан сәттерде де жаныңда болуға тырысады.
– Сүйген жігіт сен сүйгеннің бәрін шынайы, кіршіксіз таза күйде бірге сүюге тырысады.
– Сүйген жігіт тек қана баруға емес, сені тездетіп «алуға» ұмтылады.

Түзу қабырға.

тілсіз түнде жарық ай🤍

13 Feb, 03:25


Сенім сергелдеңіне себеп табылып, сөзіңнің сыйы кетіп, сенімің аяққа тапталып, көз жасың бақыттан емес, белгісіз себептарден төгіле бастағанда, ойлан. Жаныңды жұбату керек кезде, жүрегіңді жылыту керек кезде, құшағыңа басу керек кезде, себепті және себепсіз қуанту керек кезде ол қасыңда, яки жаныңда болмаса, тағы да ойлан. Сен киген әрбір киім, жасаған әрбір қимыл, көрсеткен сезім, қойған сауал, сұраған көңіл, бөлген уақыт оған ұнамаса, ойлан. Ойлан. Түсін. Біл. Сүйген жігіт сүйгенін алады, ал сүйген қыз «жай ғана қалады.»

Түзу қабырға

тілсіз түнде жарық ай🤍

11 Feb, 03:43


Өзім «Наурыз құтты болсын» десем, «құтты болған наурызым» болып, 40 түрлі тәттілерін көтеріп келетін жан бізгеде бұйырар ма екен?

тілсіз түнде жарық ай🤍

10 Feb, 17:47


Өзгеден бұрын өзіме айтар алғысым көп. Кей кездері қалауымнан тыс әрекеттерді жасаған болсам да, өз өзімнен безінбегенім үшін. Бұл да бір ерлік. Ішіңдегі екі түрлі адамды бағындыру оңай емес. Мақтанамын өзіммен. Өзім деген маған “әйелсің, нәзіксің” деп ұрсып бергеніне. «Саған бәрі болады.. күл, жыла, ұрыс, айқайла, ренжі. Бәрі саған тән құбылыс.» 💕

тілсіз түнде жарық ай🤍

10 Feb, 17:43


Сен мінсіз болмағаның үшін әдемісің. Әйел екеніңді ұмытпай, нәзіктігіңді жоғалтпауға тырысатының үшін жақсы көремін. Сөйлеу керек жер мен сөйлемеу керек жерді ажыратып, ерте есейгенің үшін. Өз қадір қасиетіңді білетінің үшін. Өз арың мен намысыңды кез келгенге таптатпайтының үшін. Ақылды болғаның үшін. Жақсы болып көрінбейтінің үшін. Өзімді.. Өзім дегеннің ішіндегі кішкентай Айсұлуды осы үшін қатты жақсы көремін. ❣️

тілсіз түнде жарық ай🤍

10 Feb, 17:37


Сенім мен сезімім сергелденге түсіп.. Көңілім қирап.. Жүрегім жараланып.. Жаныма ең жақынынан айырылып.. “Болашағым, тірегім” деп таңдағанымның сатқындығы.. Кеуде тұсымызда соғып тұрған кішкентай жүрек үшін тым көп емес пе? деп қоямын. Өзіміз ғой күрделендіретін. Керек еместі алып, керекті алмай. Сену керек адамға сенбей, сенбеу керек адамға барымызды арнап..

тілсіз түнде жарық ай🤍

09 Feb, 09:24


Быть его школьной любовью?
Быть его первой любовью?
Быть его осознанной любовью.. Той, в котором он увидел свою будущую жену и захотел построить совместное будущее, той, с кем он хочет прожить всю жизнь. ❣️

тілсіз түнде жарық ай🤍

06 Feb, 20:09


Біреу үшін өзгермейік. Шын жақсы көрсе осы қалпыңмен қабылдайды емес пе? Махаббат – кемшілігіңді көрсетпейтін, біле тұра бәріне көз жұмдыратын алапат сезім.

тілсіз түнде жарық ай🤍

06 Feb, 19:58


Менің болашақ жан жарым. Сенің кіммен қайда жүргеніңді білмеймін, бәлкім білемін. Сені танырмын, бәлкім танымаспын. Саған қояр миллиондаған талаптарым жоқ. Бастысы, Алладан қорықсаң, аманатқа қиянат қылудан да қорқасыңғо) Жүрегіңде иманың болып, әрдайым мені бағаласаң. Түсінбесең де мәнсіз әңгімелерімді тыңдасаң.. Болдығо.

тілсіз түнде жарық ай🤍

06 Feb, 18:07


Мен сағынған адам жердің астында.

тілсіз түнде жарық ай🤍

05 Feb, 17:44


Сен жайлы жазбамды жыламай жазу мүмкін емес. 💔💔💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

05 Feb, 17:32


Менің мәңгілік сағынышым.. Өзіңе деген сағынышым шексіз, мәңгі. Саған емін еркін еркелеп, бостан бос ренжи беретін кездерімді сағындым. “Жұмыстасың, көңіл бөлмейсің” деп ашуыңа тиіп, ақыр соңы өзім сөз естіп жылап қалатын кездерімді сағындым. Арқамды уқалап берші деп, уқалап жатырып қытықтап қашып кететін кездерімді сағындым. 💔 Естіп тұрсың, көріп те тұрсың, білемін. Менде сені қатты жақсы көремін ағатайым❤️

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Jan, 21:05


Кешіру адамдық, кешіріп бірақ ол адамнан безіну өзіңе деген адалдық шығар.

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Jan, 20:06


“Tarmaqtar” 💛

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Jan, 18:36


🥹💖

тілсіз түнде жарық ай🤍

26 Jan, 07:04


Сен өзгені тауыпсың дым болмағандай,
Ал мен өзіңді аңсап әлі келемін.. 🕊️

тілсіз түнде жарық ай🤍

24 Jan, 16:42


Қарт Каспийім🌊 Саған мұңым мен сырымды ақтармағалы қашан.. шабытым мен тыныштығымды шақыратын теңізім. 💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

22 Jan, 19:52


Мендегі балалық пен еркеліктен, тынымсыздығым мен мазасыздығымнан қорықпа. Керісінше үнсіздігім пен тыныштығымнан қорық. )

тілсіз түнде жарық ай🤍

21 Jan, 12:34


«Адам өзгермейді. Құрсақта біткен мінез қара жерге барып көміледі.» Толықтай келісемін. 🙌🏻
Сүтпен келген мінезі, сүйекпен кетеді.

тілсіз түнде жарық ай🤍

19 Jan, 19:59


Әйел адам бағаланса бақытты. Бір ғана сөз. Жүректі жылытып, әйелді шабыттандыратын. Бар махаббатын төккізетін.. Әйелді шаршататын күйбең тірлік емес. Не бала емес, не ене күйеу емес. Таңдаған жарың дұрыс адам болса барлығына көнуге болады. Лайық болса ол үшін бір саты төмендеу де қиын емес әйелге. Тұрмысқа шыққан қыздар ешқашан біреуді біреумен шағылыстырамын деп, не болмаса көкбет боламын деп бармайды. Сүйген жары үшін, сіздің балаңыз үшін, не ініңіз үшін, ағаңыз үшін. Ер азаматтар! Әйелді аманат қылып алған соң, оны алыстан қорғау қажет бола бермейді. Кейде өз туысқандарыңнан, не айтылған жаман сөзден қорғағанның өзі әйелдің бақыты үшін жеткілікті. Ол қызды отбасынан алып кеткеннен кейін, оның отбасы сен. Анасы да, әкесі де, ағасы да. Өз жанұясын тастап, сен үшін отбасыңа қызмет етіп, көп нәрседен сен үшін бас тартып, сенің ұрпағыңды дүниеге әкелетін адамға ештеңе де жалко емес. “Сен үшін” деп тұрған кездегі оны бағала. 🩷

тілсіз түнде жарық ай🤍

19 Jan, 19:45


Барлық нәрсе түнде еске түсетіні несі екен? Сәттер.. қуанған, жылаған, алыстаған, өз өзін жоғалтқан.. Кейде адамдарды емес, сәттерді сағынамыз. Ол рас. Сол кезде болған шынайы күлкіңді, шынайы қуанышың мен бақытыңды. Қатайып қалған жүректің алғаш рет ашылып, бала кейпіне енген сәттерін сағынасың..🌷

тілсіз түнде жарық ай🤍

16 Jan, 09:23


Өз кейпімнен ауып, өзге түгіл өзімді танымай кеттім. Өзге емес, мен өзімнен бас тарттым.. Өзгені емес, мен өзімді түсінбедім. Кім үшін? Не үшін? Сұрақ көп, жауап жоқ. Көп нүкте..

тілсіз түнде жарық ай🤍

06 Jan, 17:46


Понимать что брат не увидит меня в белом платья, то как я заканчиваю школу, универ, то как создаю свою семью..💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

06 Jan, 10:50


Бірақ, ішіңнің ашитыны ол емес.. Ішіңді ашытып, жаныңды тырнайтыны оған кеткен уақыт.. Оған кеткен бос энергия, сенім, сезім, үміт, махаббат.. Өзіңдегі бар күшті алып кеткендей болады. Сол үшін қандай адамға болсын жан тәніңмен берілмеу керектігін түсіндіреді бұл. Кейде біреуге көмектескен кеңесім, қолдауым, жанашырлығым өзіме көмегі тимей қалады. Өзіме тіпті әсерін де бермей қалады.

тілсіз түнде жарық ай🤍

06 Jan, 10:45


06.01 2:30.
Тамағымда өксік, ішімде тек сан түрлі сұрақ.) Оның бәрін бұл жерге жазсам сыймас бәлкім..
Өзімді "осыған лайық болғаным ба?" деп жазғырайын десем.. Өмірде бәрі біз қалағандай болмайтынын ойладым. Мен армандағандай, мен қиялдағандай емес. Мен сабақ алатындай болатынын байқадым. Қазіргі балалық пен шалалық, ертеңгі мендік жарқын болашақ шығар. Әр нәрседе хайыр бар. Берерінен алары көп болса да мейлі. Бір адамды жоғалттым деп қайғыру емес бұл. Түсіндіре алмайсың. Қыздар біз тек бәрін солай біткеннен кейін ойланамызғо. “Мінсіз” көріп ол адамды. Сол “мінсіз” адамымыздың ертең біз жайлы не айтарын алда көреміз. Бастысы абыроймен қоштасу. Ол істегенді, менде істеймін деп ит болмау керек. Ешкіммен жауласпа, қырылма. Бұл да өзіңе деген сыйластықтың бір түрі. Әр шақтың өзінің қызығымен қатар шыжығы бар. Өмірде болатын қуаныш та, өкініш те өз сабағымен келеді.

тілсіз түнде жарық ай🤍

06 Jan, 10:45


2023’

тілсіз түнде жарық ай🤍

05 Jan, 17:34


Өткен жылды қорытындылап көп нәрсе жазғым келген. Рақметімді де, өкінішімді де, қуанышымды да, сағынышымды да. Әр жылым, айым, күнім, сағатым, минутым, тіпті секундтарым үшін сансыз шүкір.. Бірақ 2024 маған бәрінен ауыр жыл болды. Жүрегімді тірідей қансыратып суырып алғандай жыл десем де болады. Бүкіл қуанышымды осы қайғы жеңіп кеткендей сезім. Сол үшін қорытындылай алмадым. Бәрі қуанып, тойланып жатқанда мен үнсіз ғана ауыр өкінішпен, сағынышпен жылап отырдым. Есікке жалтақтай қарай, соңғы үміттеріммен.. бәрі түс болса деген бала көңіліммен. Ересек адам болсам да бұның бәрін маған қабылдау қатты қиын..

Ештен кеш жақсы демекші. Келген 2025 бәріміз үшін хайырлы жыл болсын. Бұл жыл тек қуаныштан жылауымызды нәсіп етсін. Отбасымыз аман болсын, өзіміз аман болайық! Өзіңізге ең қымбат жандарға көбірек жақсы көретініңізді айтып тұрыңыз. Ренжіссеңіз бірінші бара біліңіз. Одан ештеңеңіз кетпейді, соны түсініңіз. Бұл тәкәппарлықты Алла да сүймейді. Тым кеш болып кетпесін. Бәріңізге жақсылық тілеймін! 🤍

тілсіз түнде жарық ай🤍

05 Jan, 17:18


Жан тыныштығы шырылдап бір өзін таба алмай жүргендей. Ойдың жетегіне еріп кете беру де қиын ау.. Осындай кезең ба? Уақыт емші дейін десең емдеп жатқан уақыт жоқ. Сондай бір кездер болады ма? Жалғыздық, әлемде тек өзің қалып қойғандайсың. Осылай өтетіндей өмір бойы. Жүрегіңдегі жара жазылмайтындай, ішіңдегі өксік тоқтамайтындай.. осының бәрі бітпей қалатындай несі екен..

тілсіз түнде жарық ай🤍

04 Jan, 07:46


Не бывает поздно, бывает уже не надо. Люди не ценят то, что имеют, пока не потеряют. А потеряв, усердно пытаются вернуть.

тілсіз түнде жарық ай🤍

02 Jan, 14:53


Тарыға келіп Мәзір сұрадым! Сусынға Тары Капучино алдырттым. Десертке сені таппадым, бірақ

тілсіз түнде жарық ай🤍

31 Dec, 18:49


Сенсіз өткен бірінші жаңа жылым. Жүрегім сенер емес. Есікке қайта қайта жалтақтап келеді деген үмітпен ғана отырмын.. Көңіліміз үшін ешбір жылда сыйлықсыз қалдырмағансың.. Бұл жолы сыйлық керек емес.. Өзің келші. Соңғы рет болса да құшақтағым келеді. Ештеңеге үлгермедім ғой, сағынышым. Өзіңе ренжіген күйлі кете бардың.. Тым болмаса бір рет.. 💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

31 Dec, 05:50


31.12

тілсіз түнде жарық ай🤍

29 Dec, 18:39


Он должен быть тебе мужем, отцом и другом. А не проблемой, абьюзером и ужасом.
Родная! 🤍

тілсіз түнде жарық ай🤍

29 Dec, 18:25


Қай жерде жүрсің мекендеп?
Жер-көкті шарладым қалмай тағатым,
Кездесіп қалар ма екен деп!

тілсіз түнде жарық ай🤍

28 Dec, 16:54


– Сүюді бақыт дейтіннің бәрі әліде сүйіп көрмеген..)

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Dec, 18:48


Нам пора прощаться.. Я хочу жить, а не ждать тебя. Я заслуживаю любви, а не вечной тоски по тебе. Я не хочу больше разбивать себе сердце, цепляясь за прошлое. Мне нужен рядом человек, а не призрак, сотканный из рухнувших надежд. Хоть я тебя и любила, ты не стоишь того, чтобы жертвовать собой, я иду дальше и закрываю нашу главу, потому, что я готова быть счастливой.

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Dec, 18:42


Мен ешкімді жарты жолдан тастамағанмын. Өздерінің санасы жеткен жерге дейін рөлін сомдап, өз аялдамасынан түсіп қалған.

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Dec, 14:41


Білесің бе? Сені қиналғанда тастайтын емес, Алладан тоқтаусыз дұға ететін жүрек бағалы ғой.. Тіпті өлшеусіз.

тілсіз түнде жарық ай🤍

26 Dec, 17:13


“Шын мәнінде, біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз...”
("Бақара" сүресі, 156-аят)

Өлім бізді қумайды, ол тек бізді күтіп алады. Қаза тапқан барлық адамдардың туысқандарына Алла сабыр берсін! Өлімге билет сатып алып жатқандарын білмеді, Алла сақтасын.. 💔 Ажалың келсе суға шашалып та өлесің. Ажал уақыты кешікпейді. Бәрі Алланың қалауымен! 🙌🏻

тілсіз түнде жарық ай🤍

25 Dec, 15:38


Аққумен қатарласып қаз ұшпайды,
Түлкіні төбет емес тазы ұстайды.
Ащы да болса айтайын ақиқатын,
Әйелді ері емес, ары ұстайды!

тілсіз түнде жарық ай🤍

23 Dec, 18:05


Шаршайсың. Бір демалысты аңсайсың. Ол демалыс жылау емес. Не жаңа алған киім емес, не дүкен аралау емес. Қыдыру емес. Жәй ғана демалыс.. Өзіңнен, өзіңнің әлеміңнен. Ақымақ, қиял әңгімеңнің іште бықсып шықпағаны да ауру қылары сөзсіз адамды. Түсінбесе де тыңдау, өтірік болса да қызығу.. Мен үшін демалыс осы.. Менің ойларым өмірді қиындататынын мойындаймын. Іште жатқан сансыз сұрақтарым, қызығушылықтарым, армандарым, жан айқайым.. Осыларды тыңдағанының өзі бір демалыс. Жәй ғана қолдау. Әйел адамға артық не керек? Оның жанының тыныштығы үшін көп нәрсе керек емес. Мыжып айтатын балаша әңгімелерін тыңдасаң.. Түсінбесең де көңілі үшін қызықсаң. Ол айтқан әр әңгімесіне кіріп, көңілін ауласаң. Жанымызда сәл бір тыныштық орнайтыны өтірік емес. Мен бәлкім жаныма тіреу болатын, сүйетін адам емес шығар іздеп тұратыным. Жәй сені тыңдап, саған жігіт емес, ақылшы дос.. Мейлі ақыл айтпай ақ қойсын. Жәй тыңдағанының өзі.. Осы шығар менің демалысым. Кітап оқып отырып осылай шештім.. бәлкім дұрыс, бәлкім бұрыс.. Беймәлім.

тілсіз түнде жарық ай🤍

23 Dec, 16:40


«Махаббаттан күюді ұмыттым,
Сен барсың ба, жоқсың ба маған мейлі.»

тілсіз түнде жарық ай🤍

23 Dec, 04:14


🤍

тілсіз түнде жарық ай🤍

22 Dec, 15:54


Жеттім ау.. «Түзу қабырғам»💖

тілсіз түнде жарық ай🤍

21 Dec, 06:51


Неге біз өте көп обесценивать етеміз? Әлеуметтік желідегі 20 лүпіл аз көрінеді, бірақ шын өмірде келіп 20 адам сізге жылы сөз айтса қандай бақытты болар едіңіз..

тілсіз түнде жарық ай🤍

21 Dec, 05:48


“Айдананың арманы - менің жұмысым.” 🥹🤍

тілсіз түнде жарық ай🤍

20 Dec, 13:29


Кішкентай арманым орындалды.. Мен бір жарым жыл күткен кітап..💔 Кітап болып шығатынын естігендегі сезімім.. Әлі қолыма алмасам да мақтанып қояйыншы, қуанышыммен бөлісіп..🥹 Айтпақшы бұл сыйлық болатын🤭

тілсіз түнде жарық ай🤍

18 Dec, 06:03


Тыңдаймыз, бірақ талқыламаймыз!
Өмірімнен кеткен кез келген адамды екінші рет қабылдай алмаймын, мейлі ол менің бір кездері жақын адамым болсада.

Тыңдаймыз, бірақ талқыламаймыз!
Мен адамдарды бірден жақын тарта алмаймын. Сөйлесуден шаршап қаламын. Кейде артық сөз, энергия құртқым келмейтін кездер болады. 🙌🏻

Тыңдаймыз, бірақ талқыламаймыз!
Менің иә дегенім - иә, жоқ дегенім - жоқ. Адамды екі ойлы қыла алмаймын.

тілсіз түнде жарық ай🤍

17 Dec, 14:16


Әйел ешқашан қалтаңның бос қалғаны үшін кетпейді. Бөлінбеген көңіл үшін, тыңдай отырып, түсіне алмаған жүрек үшін.. Амалсыздықтан, шарасыздықтан кетеді. Өздеріңді ақтау үшін әйелдің қадір қасиетін түсірмеңдер, жігіттер!

тілсіз түнде жарық ай🤍

16 Dec, 06:48


Тәуелсіздік – тойлайтын емес, тағзым ететін күн..🇰🇿
Тәуелсіздік үшін рақмет, батырлар!

тілсіз түнде жарық ай🤍

15 Dec, 17:59


Әдемі едім, жас едім, махаббаттан мас едім.
Көкірек көкке тасыған, тәкәппар болғам рас еді.
Сүйіп тұрсам да, жек көрем дедім де сені тастадым.
Жүректі сатып кеттім мен, жары болдым да басқаның.

Самайдан шашым түсіпті, әйел болыппын пісіппін.
Бірақ, жүректе сезім жоқ.
Жалындамады, мысыппын.

тілсіз түнде жарық ай🤍

15 Dec, 11:00


Бүгін меннен бақытты адам жоқ шығар. Кеше ғана айырылған бауырымның бүгін үшінші балапаны дүниеге келді. Сен қатты жақсы көрген, сен бәрінен қатты күткен дочаң, аманатың. Әкесінің иісін ешқашан иіскей алмайтыны, ешқашан әкесінің құшағына асыға алмайтыны жаныма батты. Сен кеттің, қызың келді. Орнына өсіп шыққан гүлдей..🌷 Жүрек қан жылап тұр әрине.. Бірақ, көнбеске амал бар ма? Неткен орны толмас өкініш.. Өзегіміз өртеніп, көкірегіміз қарс айырылып қалып едік. Адам мәңгі жасамайды, мәңгі жасайтын оның ісі. Мен үшін ол қашанда тірі, өйткені оның өлмес бейнесі менің мәңгі жүрегімде. Жатқан жерің жарық болсын, бауырым! Сені қатты сағындым.

Өмірге келуіңмен, сіңілім. Сені қатты жақсы көремін. 🩷

тілсіз түнде жарық ай🤍

14 Dec, 19:49


Не ставь меня в положение, когда мне придётся показать насколько холодным может стать мое сердце.

тілсіз түнде жарық ай🤍

14 Dec, 08:35


Әйел сезімдерден құралған. Кейде сезімдер сөйлемей, көрінбей, естілмей, тыңдалмай қалады. Әйелге ренжу, жылау, өкпелеу, наздану, сөйлеу ТӘН ҚЫЛЫҚ. Әйел сезімін көрсеткенде ғана емделеді. Әйелдің жарасы сезімін көрсеткенде ғана жазылады. Әйелдің жүрегі сезімін көрсеткенде ғана жылы соғады. Әйелдің жаны сезімін көрсеткенде ғана тынышталады.

iskenova🌷

тілсіз түнде жарық ай🤍

06 Dec, 19:57


Солай менде ақылдым.
Іштей тілеп жүрмін жақындық саған.
Танытып кейде кейпін батырдың.
жетпей батылым.
Сағындым деуге.. 🤎

тілсіз түнде жарық ай🤍

06 Dec, 08:19


Қоштасатын болса адамдар,
Бұл өмірде кездеседі неліктен?!

Қоштаспайтындай кездесерміз бір күні.

тілсіз түнде жарық ай🤍

04 Dec, 05:09


😞

тілсіз түнде жарық ай🤍

03 Dec, 19:11


Я не могу видеть и обнимать тебя, но я знаю, что ты постоянно следишь за мной. Мне не хватает твоих теплых объятий, беззаботных насмешек и утешительного присутствия. Хотя я боролся с тобой каждый день, знай, что я люблю тебя глубоко. Хотя мы выросли и пошли разными путями в жизни, мы никогда не отдалялись друг от друга. Я скучаю по тебе, брат, и надеюсь, что мы скоро встретимся..)
Без тебя мир кажется холодным и одиноким. Я тону в боли от того, что не вижу тебя каждый день. Скучать по тебе теперь стало моей привычкой.. Быть твоей сестрой — моя привилегия. Я чувствую себя благословенной, имея такого умного, красивого, заботливого и защитного брата, как ты. Люблю тебя. Твои шутки заставляли меня смеяться, твоя любовь ко мне заставляла меня плакать, твоя забота придавала мне смелости, и с тобой я становилась сильнее..

тілсіз түнде жарық ай🤍

03 Dec, 19:04


Ты свет моей жизни, и мне больно не видеть тебя каждый день. Никакие слова не смогут выразить мои чувства по поводу твоего отсутствия. Я скучаю по тебе каждую секунду и жду твоего возвращения. Ты один из самых важных людей в моей жизни, и когда тебя нет рядом, я ужасно скучаю по тебе. Вырости с тобой как с братом было самым большим подарком, который мне когда-либо давала жизнь. Я так сильно по тебе скучаю. Никто не сможет заполнить пустоту, которую ты оставил в моем сердце. Жаным сол, ужасно скучаю по тебе.. Я чувствую волну грусти всякий раз, когда вижу твои фотографии или слышу твой голос по телефону. Ағатайым, так скучаю по тебе.

тілсіз түнде жарық ай🤍

03 Dec, 19:02


С моих рук уходит последняя надежда тебя увидеть... но я держу её в своих ладонях всеми силами... Я так хочу поверить в чудо. Хочу, что бы ты снова был. Чтобы снова улыбался. Ты живёшь и будешь жить в моём сердце вечно. Никакие слова не могут выразить, как сильно я люблю тебя. Ты забираешь с собой частичку моего сердца, когда уезжаешь. Я скучаю по нашему времени вместе, по нашим киноночам, глубоким задушевным разговорам и нашим веселым занятиям. Я скучаю по каждой частичке тебя, когда ты уезжаешь. Мне не хватает твоего общества. Мне никогда не было скучно с тобой. Я не осознавала, как сильно я тебя любила, пока ты не ушел, и теперь есть пустота, которую только ты можешь заполнить.

тілсіз түнде жарық ай🤍

03 Dec, 10:22


21, zhaz. Bul kezdegi imannyń beriktigi bolek..

тілсіз түнде жарық ай🤍

03 Dec, 10:14


Слова, которье дали мне осознать, насколько важен хиджаб..💔🥹
«Каждый раз, когда женщина носит хиджаб, она носит на себе аят Корана.»
«Это не выбор, а приказ от Аллаха, кто мы такие, чтобы не подчиняться Ему?!»
"Быть укутанной в белой ткани, чтобы войти могилу, не должно стать твоим первым разом, когда ты полностью покрыта.»
«Красота женщины заключается в ее скромности, в том, как она говорит и в том, как она одевается.»
«Если бы мы знали, как думают мужчины, мы бы носили металлические доспехи, чтобы прикрыться Пусть Аллах облегчит всем нам наш путь к хиджабу Амин.»

тілсіз түнде жарық ай🤍

03 Dec, 07:13


🤍

тілсіз түнде жарық ай🤍

02 Dec, 16:30


Она 10/10, но она старшая дочь, которой пришлось рано повзрослеть. Она решает проблемы в одиночку и не любит просить о помощи. Понимает каждого и боится обидеть, потому что очень ранима сама. Стремится заботиться и мечтает о такой же заботе в ответ. Всех понимает и легко прощает, что не очень хорошо. Холодная, но сделает ради близких всё. Накручивает себя, много думает, тревожность ее второе имя. Она все еще 10/10?

тілсіз түнде жарық ай🤍

30 Nov, 19:34


😋

тілсіз түнде жарық ай🤍

29 Nov, 18:10


Аллаға сансыз шүкіршілік! ❤️ Бақытты даладан іздеме.. бақыт ыстық ұяңда..)

тілсіз түнде жарық ай🤍

29 Nov, 18:07


Әке❤️ 3 әріп, терең мағына..
Сенің мені қалай жақсы көретініңді білемін. Мен үшін қалай тырысып жүргеніңді де білемін, әкетайым. Тұңғышың болғандықтан, өзіңдегі қиыншылықты сеземін, уайымдаймын. Әрдайым дұғамда амандығың. Анашым екеуің көз алдымда бақытты болсаңдар, маған керек артық нәрсе жоқ.. Жақсы көремін! Байлықтарым❤️

тілсіз түнде жарық ай🤍

28 Nov, 18:19


Әр мықты ердің артында әйел тұрады. Ал, әр мықты әйелдің артында әрдайым еркек тұрмайды..

тілсіз түнде жарық ай🤍

28 Nov, 13:11


Өзгермей сол кейіпте қал.. дейді ғой Адам үшін, оған ұнау үшін өзгеру.. мен білетін ең жиіркенішті қылықтардың бірі. Шынайы болсаң, ешқашан жалғыз қалмайсың. Ең бастысы адал, тура жолда жүр. 🙌🏻

тілсіз түнде жарық ай🤍

28 Nov, 13:08


Бұл жүрегіңдегі мейірімді заман үшін деп қатайтпа, құрбым.. Заманға қарай ығысамын деп, Раббыңның берген көркем мінезінен бас тартпа. Сен адамгершілігіңмен, қарапайымдылығыңмен, осындай әлсіздігіңмен Раббыңның құлысың. Өз кейпіңді өзгертпе. Заман деп болмайтын сөздерге ерме.. “Бәрін берсе де, әдемі түр бермепті, жақсы мінез бермепті” т.б әңгімелерді қою керек. Раббың саған бәрін берді, тіпті артығымен. Соны ұмытпа. ❤️

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Nov, 17:56


Мүмкін ойым қате шығар. Мүмкін қазір -10 подписчик болатын шығар. 🤣 мүмкін мүмкін…
Бірақ, басында айтқанымдай ішімде ештеңе қалмас үшін ғана жазамын. Біреуге ұнау, біреуге жағу мені қызықтырмайды. Оны бұрыннан оқитын оқырмандарым жақсы біледі, барлықтарыңды жақсы көрем❤️ Қайырлы түн

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Nov, 17:50


Шын лайық жігіт аспандағы күн мен айды екі алақанына салып береді. Махаббат драма емес. Махаббат қайғыру мен қиналу, жылау мен құлау арқылы сыналмайды. Махаббат - тыныштық. Шу сыйлайтын емес, тыныштық сыйлайтын жігітке өз жүрегіңді тапсыр. Адаспайсың. 🌷

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Nov, 17:43


Ер адам осындай болмаса, ол не үшін керек жалпы? деп ойландым. Сенің қиялдығыңды басатын емес, сол қиялдығыңды көріп тұрса да қолыңнан жібермей ұстағанды таңдау керек шығар..
Сені сүйген жігіт.. Сені айға жаяу апарып келе алады. Сені сүйген жігіт.. Өзге түгілі өзінен сені қорғауға даяр болады. Сені сүйген жігіт.. Сенің арманың мен мақсатыңды орындауды өмірлік ұстаным ете алады. Сол есіңде болсын, құрбым.. ♥️

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Nov, 17:43


Мен сияқты ішіндегісін жазба арқылы шығаратын адамдар бар шығар. Сол арқылы ләззат алатын, жеңілдейтін.. Іштегі арпалыс жазба болып шығу үшін де мықты шабыт керек. Ал сол шабытты келтіруде адамда қиял сезімі оянады. Бұл сезімді екінің бірі түсінбес. Қиял ғажайыптың ортасында мына әлемнен бейхабар болып кейде адасып қалатынымыз бар. Сондай кездерде абдырап жүрген мені қолымнан ұстап, “сен жүре бер лағып, мен мындағы өмірге жауап берем” дейтін адамды армандайтынымыз сөзсіз.

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Nov, 17:43


Бәріміз жауапкершіліктің барлығын өзіне алып, бар жындылығымызбен, бар кемшілігімізбен қабылдап тұратын ер адамды армандаймыз иә? Қай жерден қателессем де, өмірлік таңдауымнан сүрінбесем екен деп.. өйткені, бүкіл тағдырымыз сол адамға байланысты болады. Ол жақсы болса гүлдей жайқаламыз, жаман болса.. 💔
Ер адам меніңше осы үшін керек сияқты. Өзіңнің әлсіз жаратылыс екеніңді шынайы сезіне алу үшін..

тілсіз түнде жарық ай🤍

26 Nov, 15:45


Бүгін мәһір беруден қашып тұрған еркек — ертең…

тілсіз түнде жарық ай🤍

23 Nov, 14:19


"Көңіл күйім болмағанда, жүзіме күлкі сыйлайтын адамныңда болмағаны ма?" деп бір ойлайтыным бар. Бірақ, сонда да "таңдап жүріп тазға емес, асылына жолығармыз" деген үмітім мықтырақ..
Сондықтан әр алдыңа келгеннің артынан еріп кетпей, таңдай біліңдер. Қазір таңдамағандар ғана тазға жолығуда.

тілсіз түнде жарық ай🤍

21 Nov, 08:20


– сможешь узнать своего мужчину в толпе?
– Да. Моего в толпе не будет)

тілсіз түнде жарық ай🤍

18 Nov, 11:15


Уақыт жүрегімді емдемеді десем сенесің ба? Уақыт тек сенсіз өмір сүруге үйретті. Уақыт өткен сайын сенің тек қаншалықты керектігіңді ғана түсінудемін. Ести сала бірінші күнім бір ғасырмен тең өтіп еді. Сол кезде: “бірінші күнім осы болса, сенсіз қалған күндерім, қалған өмірім қандай болмақ?” деп ойладым. Сен жердің үстінде болсаңда, астында болсаң да сенің қорғанышыңды сеземін. Менің қорғаушым❤️ Сағыныштан басқа еш нәрсе сезіне алмаймын.

тілсіз түнде жарық ай🤍

18 Nov, 03:35


Өткеніңе еш өкінбе жалғанда,
Қамшыдан да қысқа түрлі тағдырлар.
Есте сақта: таңдау сенің еркіңде,
Бізді алда күткен жүз мың тағдыр бар.

Оқы, сезін, дамы, қуан, жалында,
Өз тәніңді қалай бар, солай қабылда.
Сен әйелсің - адамзаттың анасы,
Саналы бол, бос уайымға салынба.

Сүй, сүйсін, әлемге шаш нұрыңды,
Алғысыңды айт түнге, күнге, таң атқан.
Сені ешкім бағалауға құқы жоқ,
Бағалайды көкте жалғыз Жаратқан!

тілсіз түнде жарық ай🤍

18 Nov, 03:32


Уақыт өте келе, саған бір кезде сенген адамдардың қаншалықты маңызды екенін түсінесің. Қиын сәтте жылы сөз айтқан, бастамаларыңды қолдаған, ісімен көмектескен немесе жай ғана жанында болған адамдардың ең қадірлі, маңызды адамдар екенін түсінесің. Саған жығылған кезде аяқтан шалмай, керісінше қолын созып, “Сенің қолыңнан келеді, сағыңды сындырма!” дегендер – нағыз асыл жандар. Сол сөздермен сен орныңнан тұрып, барлығы мүмкін емес көрінгенде жүре алдың, сосын тіпті ұша бастадың. Мұндай адамдар – жай ғана адамдар емес, Алладан келген демеушілер дер едім.

“Теңіз түсті махаббат”

тілсіз түнде жарық ай🤍

14 Nov, 08:46


Жүрегімнен орын алған туынды.. 💔 жылап қалдым тыңдап отырып. Әйел адамның тағдырын бір өлеңге сыйдырып қойған. 💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

12 Nov, 21:09


Бәрін шешетін сөз. Жылататын. Жұбататын. Күлдіретін. Көңілді қалдыратын сөз. Ұшырып, қанатты сындыратын да сөз. Талдырып, тамырды басып, тойдыратын да сөз.. Соны кейде білмей қалып жатады кейбіреулер. Сөйтіп жүрекке де, жанға да жара салады.

тілсіз түнде жарық ай🤍

12 Nov, 18:26


«Мына суық суық емес.. сенің суып кеткен сезіміңнің жанында..»

тілсіз түнде жарық ай🤍

12 Nov, 09:19


«Сенімен болған күндер есімде, ал сенсіз күндерді үйреніп келемін..»

тілсіз түнде жарық ай🤍

11 Nov, 10:13


Бауырым, балалық шағымның айнасы. Өзіңмен бірге балалығым мен еркелігімді жерледім.

тілсіз түнде жарық ай🤍

07 Nov, 08:07


В этом поколении нет смысла влюбляться все либо изменяют, либо скучают по бывшим, либо не могут быть верными.

тілсіз түнде жарық ай🤍

06 Nov, 16:56


Бұл өмір - ойнап жүріп от басулар.
Кездейсоқ кездесулер, қоштасулар.

Қалқаман Сарин

тілсіз түнде жарық ай🤍

05 Nov, 19:51


Қанша күн өтсе де, қанша ай өтсе де.. Жүрегімдесің. Әрдайым ойымдасың. Қайда болсам да сағынамын, іздеймін. Түсіме кіріп құшақтап қайтадан бір жылатып кетесің.. 🫂💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

05 Nov, 19:23


Ақтаудың ауа райын көріп жатырған боларсыздар. Мені тек уайымдатып, жүрегімді ауыртқаны бір нәрсе. Ағатайым тоңбады ма екен? Күннің суықтығын айта алмадым.. Жердің бетінде жүріп, әрең шыдап жүрміз. Ол ше? Жердің астында ғой.. киімсіз.. Тоңған шығар.. 💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

05 Nov, 10:42


🥹

тілсіз түнде жарық ай🤍

04 Nov, 05:02


Оңай ма жаныңда жүрген адам бір сәтте жоқ болып кеткені, тура бір қазір есіктен кіріп келетіндей күйде жүресің..

тілсіз түнде жарық ай🤍

01 Nov, 13:57


Не плохая, просто не из твоего ребра)

тілсіз түнде жарық ай🤍

31 Oct, 15:43


Алғаш рет жүрегімнің бір бөлшегін қимастықпен жер қойнауына тапсырдым. Ол қайтқанда.. Алғаш рет жоқтау үнін естідім және сол сәтте ол үнді енді ешқашан ұмытпайтынымды білмедім. Алғаш рет ағаның орнын, қадірін түсіндім. Алғаш рет ең қымбат адамымды жоғалтқанымды ұқтым. Алғаш рет өте үлкен өкінішті сезіндім. Алғаш рет қаза болып жатқан үйде күліп, дым болмағандай әңгіме айтып отыратындарды көзіммен көрдім. Алғаш рет енді бәрі бұрынғыдай болмайтынын сезіндім.

тілсіз түнде жарық ай🤍

31 Oct, 11:32


Көзім ілініп кетіп еді. Соның арасынша түсіме кіріп үлгеріпсің. Қыстың кезі екен. Қар жауып тұр. Қолыңда балаң. Маған қарап:
- “Тентек, баяғы сен сияқты” деді..
- Қойшы, мен сияқты ма?
- Ия, сен сияқты..
сәлден соң оған күлімсіреп қарап отырып:
- Мен сені қатты жақсы көрем ғо, сен ше мені жақсы көресің ба? деппін.
- Ия, жаным.. деп қатты құшақтап сүйді.
Бейнесіне тамсанып, ұзақ отырыппын. Одан кейін жоқ болып кеттің. Түсіңде де қайтып мені тастап кеттің.. )

тілсіз түнде жарық ай🤍

30 Oct, 19:25


Бір сағыныш болады қауыша алмайтын.. 💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

29 Oct, 22:27


Есіме алып жылай беріп, арғы жақта қинағымда келмейді өзіңді. Бірақ, шыдай алмайды жүрегім. Сол бір сасық көкірегімді ысыра тұрғанымда деген ауыр өкініштер қалды. Тым болмаса соңғы рет құшақтай алғанымда, сүйе алғанымда, иіскей алғанымда.. Армансыз өтер едім бұл жалғаннан. 💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

29 Oct, 22:23


Пендеміз ғой..
неге ол? Неліктен? Неге басқа емес? Деп ренжіп жатамыз. Жанымызға жақын қылып, бірақ оны бізден айыратын болса неге оларды жаратты деген ауыр ойларда келеді..

тілсіз түнде жарық ай🤍

29 Oct, 22:20


Ондай кездер де болады. Еш нәрсе жаныңа жұбаныш бола алмайды. Ешбір жылы сөз, жылы құшақ ешқайсысы.. Жаныңды түсінбей тұрса бұлардың ешқайсысы да көмектеспейді екен. Көзден жас шықпай қалатын кездер де болады. Жүрек қан жылап тұрады, бірақ енді жылай алмайсың.

тілсіз түнде жарық ай🤍

29 Oct, 22:09


Саған деген сағынышымның орны толмас..💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

29 Oct, 21:51


Қанша жерден көңілімді көтерсем де, ойымды бөлгім келсе де, қалай өзімді алдасам да жүрегімді әлі бір нәрсе тырнайды. Қатты сағындым, аға. Қорғанышым. Бұл өмірде енді ешқашан жолықпайтынымыз ба? 💔 Ешқашан сенің сол баяғы күлкіңді, сол ұрысқаныңды ести алмайтыным ба? Орындалмас арманым болып, мәңгілік сағыныш болып қалғаны ма осының бәрі?..

тілсіз түнде жарық ай🤍

28 Oct, 06:18


Біреулер мақтады деп тасымаған,
Біреулер даттады деп жасымаған.
Өзгеге шапағаты шашыраған.
Өмірде сирек туған асыл адам -
Өзің ең баға жетпес асыл ағам. 💙

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Oct, 18:24


Бұл шулы заманда тыныштық ең қымбат алтын.. 💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Oct, 18:23


Менің ойымша адамда ұзақ бақ тұрмайды,
Болашақта мендей саған сендей маған таптырмайды..❤️

RaiM

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Oct, 12:10


Я всегда искала любовь, но после я заметила, что я всегда улыбаюсь детям на улице, в любое время помогаю и поддерживаю близких мне людей, плачу из-за трогательных слов, разговариваю и слушаю пожилых людей, всегда пишу огромные текста с поздравлением для важных людей, и тогда я поняла, я и есть любовь..)

тілсіз түнде жарық ай🤍

27 Oct, 07:48


Мой брат никогда не говорил, что любит меня. Он просто показывал, что готов убить за меня любого.

тілсіз түнде жарық ай🤍

26 Oct, 20:39


😅😍

тілсіз түнде жарық ай🤍

26 Oct, 13:10


Время идёт, но мои принципы в отношениях которые останутся неизменными:
(Мое сугубо личное мнение)
Сенімен көрісуге асықпаған жігіттің барлық сүйем деген сөзі - бос.
Күлдіртуден бұрын жылатқаны көп болған
адаммен қанша сөйлесіп, талқылап, тырыссаң да бақытты болмайсың.
Қыз баласына зат емес, Алланың аманаты ретінде қарай алмаған жігіт түбінде
сені бақытты қылмайды.
Махаббат - жүру, сүйісу, құшақтасу емес. Махаббат сыйластықта.
Алланың алдында ақ некені қимай, түнді сұрайтын жігітті емес, қолының ұшы тиіп кетсе Алладан кешірім сұрайтын жігітті кездестірмейінше жалғыз болған хайырлырақ.
Жүректеріңді Алланың пендесіне емес, исламға байлаңдар. Адамдардың арасындағы махаббат - ол Жаратқанның махаббаты, адам баласы тек себепші, Құдай білуші, реттеуші.
Жаратушысын танымаған жігіт - хайырлы жар болып жарытпайды, барлықтарыңа жүрегінде иманы басым жолдас бұйырсын..❤️

(Сізге де, өзіме де ескерту)

тілсіз түнде жарық ай🤍

25 Oct, 22:29


Сендей болмас ешкімде, бұл ғұмырда.
Баса алмайды орныңды ешбір жанда !
Аққан жұлдызым ! ❤️

тілсіз түнде жарық ай🤍

25 Oct, 20:54


Мен үшін күз сағыныш айы. "Күзде жабырқап жүрсеңіз - ол сіздің біреуге деген сағынышыңыз" дейді ғой кейде. Рас сияқты иә ?!

тілсіз түнде жарық ай🤍

25 Oct, 20:44


Қиын екенімді білем. Сол қиындығыммен көтеріп жүрген жандарға рақмет. Қымбат нәрсені көбісі армандаса да, таласып тармасатындар аз. Арзан болып бәріне қолжетімді болғаннан осы жақсырақ..

тілсіз түнде жарық ай🤍

25 Oct, 08:40


Жаным, первая осень без тебя.💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

25 Oct, 07:04


Ты спросишь: когда можно любить?
Я отвечу, любить уже поздно.

тілсіз түнде жарық ай🤍

25 Oct, 06:59


Таңдап жүріп тазға емес, асылына жолығармыз деген үмітіміз бар.. 😄

тілсіз түнде жарық ай🤍

24 Oct, 19:44


Өз ойыңнан қорықпау ең үлкен еркіндік !

Ш.Ширази

тілсіз түнде жарық ай🤍

22 Oct, 19:31


ұнап қалдыы💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

22 Oct, 17:29


💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

21 Oct, 18:56


Кейде өзіңді түсіну қиын. Өзіңе ренжіп, өзіңе өкпелейтін кездер болады. Өзіңді басқара алмай, жаныңды жейтін кездерің болады. Бәрінен осы өзімізбен күресте жеңіп шығу қиын. Басқадан емес, біз кейде өзімізден жеңілеміз.

тілсіз түнде жарық ай🤍

21 Oct, 09:05


Вещи, которые девушки часто воспринимают, как «серьезные намерения»
Большой букет роз - ничего не значит.
Его дорогая машина или бизнес такси - ничего не значит.
Сколько раз вы сходили в ресторан - ничего не значит.
Важно, чтобы он восхищался тобой, не мог сдержать улыбку при встрече, запоминал малейшие детали твоего рассказала, приезжал увидеться хотя бы на 5 минут, и подставлял плечо.

тілсіз түнде жарық ай🤍

21 Oct, 03:05


так приятнооо🥰🥹❣️

тілсіз түнде жарық ай🤍

21 Oct, 03:05


Әдемі көздеріңізде,қанша мұң жатыр.Осылай жиі шығып тұрыңызшы.Сізді көріп тұру керемет құбылыс екен ғой)🥲

тілсіз түнде жарық ай🤍

20 Oct, 19:24


Саған оны жіберу үшін, ұмыту үшін, түсіну үшін соңғы сөйлесу керек емес. Есіңде болсын. Махаббат ол сыйластықтан басталады. Сыйластық болмаған жерде махаббат та болмайды. Қазір болмаған нәрсе, ертең болмайды. Өткен шақтың есігін жауып, болашақтың есігін қағуды біл. Жақсы өмірді қалайсың ба, өзің лайық бола біл. Өз қадіріңді түсірме. 🙌🏻

тілсіз түнде жарық ай🤍

20 Oct, 19:19


Көзіңнен көңіліңдегін ұғатын жан ғана сені бұл ауыртпалықтан шығарады. Естісе де, тыңдай алмайтын жүректер бар.. Біз әлдеңені айту үшін сөйлейміз, оны түсіндіреміз. Бірақ, білесің бе? Жүректегі мұңды сөзбен жеткізе алмайсың. Сезінгің келетін махаббат пен қамқорлықты да ешқашан сұрап ала алмайсың. Ол жүрекпен ғана байланысты. Сөзіңнен емес, көзіңнен түсінсін құрбым.. сізге де, өзіме де соны тіледім.. қайырлы түн.. ❤️

тілсіз түнде жарық ай🤍

18 Oct, 12:48


Жүректің тыныштығынан артық бақыт жоқ.
Қолыңда жарты ғаламның билігі мен байлығы тұрса да, жүрегің тыныш, санаң сергек болмаса, бәрі бекер..

тілсіз түнде жарық ай🤍

18 Oct, 12:33


Коментарий осылай ашық тұра берсін ба? Әлде жауып тастайын ба? Өзіме ұнамай тұр, сіздерге ше?

тілсіз түнде жарық ай🤍

17 Oct, 17:23


Даже с характером «не сахар» ты будешь самой сладкой,самой вкусной,желанной «конфеткой» для мужчины который тебя любит.

тілсіз түнде жарық ай🤍

16 Oct, 19:30


Каналым менің балам сияқты. Қанша жерден шаруам шығып жатырса да, оны іздеп қарайлап тұрамын. Уақытын бөліп оқитын әрбір оқырманыма рақмет ! Менің әр күйімді көріп, әр күйіммен қабылдаған каналым ❤️ Соның ішіндегі адамдар ❤️ Бәріңізді жақсы көрем, қымбатсыздар ! Бағалаймын.

тілсіз түнде жарық ай🤍

16 Oct, 19:16


Happy birthday to me🥰🫂🎉

тілсіз түнде жарық ай🤍

12 Oct, 21:12


October, 2024🌻

фото онша емес екенін білем,
архив үшін тұра берсін🫰🏻

тілсіз түнде жарық ай🤍

11 Oct, 08:03


За последние несколько дней у меня в голове звучит лишь единственная фраза:
«не позволяй себе снова разбиться»

тілсіз түнде жарық ай🤍

09 Oct, 11:19


Бір күн туар. Өзімді кешіретін. Өкініштерім ұмытылып, жүрегім емделетін. Мәңгілік жара болып қалмас.. 💔 ешқашан бітпейтіндей бұл сезім.. кеткен адам өзімен бүкіл қуанышымды алып кеткендей. Күлкім де, бақытым да шынайы емес. 💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

08 Oct, 15:02


💔

тілсіз түнде жарық ай🤍

03 Oct, 18:56


Знаешь,как мне тебя сейчас не хватает.
И вчера не хватало.
И завтра тоже не будет хватать.

тілсіз түнде жарық ай🤍

02 Oct, 16:39


Мен сені ұмытуға қауқарсызбын.