УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ @univerpikirler Channel on Telegram

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

@univerpikirler


инста: sabi.tastemir

ұсыныстар мен идеялар бойынша осы инстаға жазайық

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ (Kazakh)

Егер сізге оқу бойынша мәліметтер мен пікірлер тиіс екен деп ойлайсыз ба? Оларды алу үшін, "УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ" телеграм каналына келіңіз! Бұл каналда сіз оқу орындауы мен пікірталас орталығына толыққандай қосыласыз. Осы инстаграм парақшасында ұсыныстар мен идеялар бойынша ақпараттарды таптыруда көмектесетін "univerpikirler" пайдаланушысын тапасыз. Сізге барлық не іскер иісі бойынша інформация беру үшін бұл каналға жазылыңыз себебі оралдар және ақпараттарды біріктірудің өркендей мекендерінен бірі болады. Осылайша, жақсы кітаптар, жарнамалар, бағдарламалар туралы көбірек білім аласыз. Алдымен, қалайсыздың келген сұрақтары болса, осы каналға қатысқыңыз себебі олардың көмесімен, ақпаратымен жауаптандырасыз.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

14 Jul, 09:42


Uib университеті

ПЛЮСТАРЫ:
1. Барлық факультет бір орталық корпуста оқиды.
2. Универ тек бизнеске мамандандырылғандықтан сол саланың маманы болып шығасыз, қай мамандықты таңдасаңызда.
3. Двойной диплом, шет елде оқу, туризм деген мамандықтарда шет елде практика өту деген секілді тиімді жақтары қарастырылған.
4. Замануи универ, барлық кабинеттер компьютермен, кітапхана компьютермен, лэд экрандармен жабдықталған. Оған қоса студенттерге, мұғалімдерге бөлек вайфай бар.
5. Клубтар саны өте көп (егер өзініз жаңа ашқыныз келсе, талаптарды орындап өзініз қалаған клуб ашуға да болады)Және де ағылшын тілінен спикинг клубтар ұйымдастырылып отырады.
6. Өте көп кештер өтеді, жұлдызды қонақтар шақырылып отырады.
7. Холлда әр мереке сайын көңілді кештер, қоңырауда концерттер өткізіліп тұрады. Бұл міндетті. Универ әр мереке үшін жеке дайындалады. Одан бөлек ярмаркалардың өзі кітаптарға, тағамдарға, клубтарға байланысты және мамандықтарға арналып өтіп тұрады.
8. Куратордан бөлек 1 курста бір топта 1 эдвайзер болады. Алдағы уақытта универ жайлы көмек беру үшін, түсінбегенінді қарастыру үшін.
9. Нағыз сол саланың мамандары, бизнесмен, кәсіпкерлердің өздері лекция өтеді.
10. Тамақ жағы жақсы қарастырылған, 2 асхана 1 буфет бар.

МИНУСТАРЫ:
1. Общага жоқ. Тек хостелл қарастырылған.
2. В. Кафедра өзінде жоқ. Бірақ Муит, Аграрка, Нархоз деген секілді универлердің кафедраларынан өте аласыз.
3. Барлық факультет 1 корпуста оқығандықтан бұл бір жағынан минус болып саналады деп ойлаймын. Алғашқы айларда адам тым көп.
4. Әр семестрдің алғашқы апталарында платформада сбой болып; баға қойылмай қалу,белгіленген тест пен тапсырмаларды кейін орындау сәл қиындау болып қалады.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

06 Jul, 11:44


🔔Университет Кимэп

ПЛЮСТАРЫ:
1. Қазақстандағы топ 3-ке кіреді
2. Находится в Центре Алматы
3. Учеба на английском языке
4. Квалифицированные профессоры из разных стран
5. Организаторство 100% Күшті шаралар ұйымдастырады + тамақпен + неше түрлі кештер өтеді.
6. Өзің құрасың сабақ кестесін ( қай уақытта оқисың, кай профессорды тандайсың)
7. Учеба әрдайым ерте басталып ерте бітеді ( демалыс коп береді)
8. Летага қалып бәрі оқи алады чтоб 3 жарым жылда бітіру үшін и это считается нормально🫰🏻
9. Дорм (общяга) Универдің ішінде орналасқан . Параға 5 мин қалғанда тұрасың.
10. 2 корпуста да сабақ өтіледі ( тіпті 2-3-4курстағылармен сабақ оқи бересің) скоро IT га арналған бөлек жаңа корпус салынады
11. Office hours деген болады .Профессорлармен жеке кездесе аласың(егер де сабақты түсінбеген жағдайда өз кабинетіне барып)
12. Коммендаттық сағат деген жоқ . Қалаған уақытыңда келе бересің .

МИНУСТАРЫ:
1. Общяга жылына 800-700к шгады
2. Основном на русском языке ( казакша білетіндер аз)
3. Группаластар деген болмайды
4. Платниктар коп окуга тырыспайды ( командалық жумыс болғанда киын болады)

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

06 Jul, 11:43


🔔Жұбанов университеті

ПЛЮСТАРЫ:
1.Активизм мен студенттік сенат өте жақсы дамыған, әр ай сайын қызықты концертер өтіп тұрады
2.Жатаханамен толық қамтамасыз ете алады, 5 жатахана корпусы бар
3.Әр мамандықтың өздерінің корпусы бар, мысалы тілдер бөлімі (қазақ тіл, орыс тіл, ағылшын тіл) бөлек корпуста оқиды
4.Қытай тілі бойынша Конфуций институты тегін тіл үйретеді
5.Жатахана аралық, факультет аралық жарыстар жиі өтіп тұрады
6.Өзінің жеке ыңғайлы мобильдік қосымшасы мен студенттерге қызмет көрсету орталығы бар
7.Жатахана бағасы өте қолайлы бір жылға 75 мың теңге және интернет тегін
8.Exchange бағдарламасы бойынша шетеледен Ағылшын тілін таңдағандар үшін оқытушылар шақыртылады
9.Клубтары саны өте көп (спикинг клаб, биг фэм, арсу старс, жас қаламгер т.б)
10.Батыс өңірі бойынша #1 универ
11.Heriot Watt халықаралық Британия университетінің филиалы бар

МИНУСТАРЫ:
1.Кейбір факультеттер қашық орналасқан. Мысалы, тілдер факультеті мен бас ғимараттың арасы ұзақ
2.Кейбір корпустарда интернет дұрыс жасамайды, кейде сеть жоғалып кетеді
3.Ең басты кемшілік кейбір мамандықтар үшін бас ғимартта сабақтар мүлде болмайды
4.Екі шет тілі таңдағандар үшін екінші тіл таңдау мүмкіндігі жоқ (тек Неміс тілі ғана екінші тіл ретінде оқытылады) Ал переводчиктар үшін Қытай тілі қарастырылған
5.Кейбір универлерде екінші тіл екінші курста үйретіліп басталса, Жұбановта 1 курста басталып кетеді

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

02 Jul, 02:10


1 МАМАНДЫҚТЫ 4 РЕТ ЖАЗУҒА БОЛМАЙДЫ

Мысалы, ағылшын пәнінің мұғалімін таңдадың. Егер бірінші универге түспей қалсаң, қалған 3 универге түспей қаласың.

ҚАЙ КЕЗДЕ 4 РЕТ 1 МАМАНДЫҚ ЖАЗУҒА БОЛАДЫ?

1 мамандық 4 түрлі квотамен жазылса қайталап жазуға болады.

Мысалы, 3 ағылшын мұғалімі, 1 аудармашы.

1 — жалпы грант / мұғалім
2 — жалпы грант / аудармашы
3 — педквота / мұғалім
4 — серпін / мұғалім

⚪️ПЕДКВОТА - Алматы, Астана қаласындағы ЖОО-дарынан басқа педагогикалық ЖОО-дарында болады.
🔵СЕРПІН - Оңтүстік аймақтағы түлектер Солтүстік ЖОО-дарына төмен баллмен түсе алады.

Міндетті түрде ректор гранты, әкім гранты сынды қосымша гранттарды зерттеп алыңдар, оны өз тұрғылықты мекенжайларындағы университеттерге хабарласып біле аласыңдар🔴

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

02 Jul, 02:08


🟡Жыл сайын түлектердің тапсырған ҰБТ-ларына байланысты шекті балл да өзгеріп отырады. Оны білу грант нәтижесі шықпай мүмкін емес, тек алдыңғы жылғы балдармен салыстырып айтуға болады.

🟡Универ/ мамандық таңдағанда біріншіге өзіңіз нақты қалаған мамандығыңызды жазыңыз.

🟡Егер тек грантқа түссем болды десеңіздер, "Серпін" сияқты бағдарламаларды қарастырып көру керек.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

29 Jun, 03:42


Арнаулы емтиханды тапсыруды ұмытпаймыз🔄

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

29 Jun, 01:13


🔄ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, КРМУ

ПЛЮСТАРЫ:

🔅Практика жақсы дамыған, патанатомия сабақтарын моргта өтіп вскрытие қатысып, хиругия пәнін больницада өтіп операцияға қатысуға болады. Одан бөлек практикаға частная клиникаға да, мемлекеттік больницаларға да жібереді
🔅Мұғалімдер аса қатал емес, расписание қолайлы, стипендиядан әдейі құлату болмайды
🔅Москва, Турция, Кыргызстанмен академиялық академическая мобильность бар
🔅Университет қала орталығында орналасқан, қасында жақын жерде бәрі бар
🔅Көп мұғалімдер Асфендияровта да, Крмуда да сабақ береді, көбі бұрын дәрігер болып жасаған тәжірибелі мамандар

МИНУСТАРЫ:

🔅Универдің өзінде общежитие жоқ. Басқа универлерден жалдап алып, тауып береді.
🔅Декан, ректор-ға ешқашан тіке барып ұсыныс айту/проблема шешу мүмкін емес. Студенттердің ойы тыңдалмайды.
🔅Рубежка апталығынан кейін бірден сессия басталып кетеді. Бір күнде 4 пәннен сессия тапсырасың. Солай 1,5-2 апта қатарынан, демалыссыз.
🔅Универде студенттерге демалатын орын қарастырылмаған. Түрлі концерт/жиын ұйымдастыратын конференц-зал жоқ.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

29 Jun, 01:11


🔄Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, ЖЕНПУ

ПЛЮСТАРЫ:

✔️Бұл универ негізі “мұғалім” мамандығын таңдап отырған студенттерге болашақ студенттерге өте керемет таңдау.

✔️Ең үлкен ерекшелігі бұл универде тек қана қыздар оқиды.

✔️Университетте педагогикалық бағытпен қатар техникалық бағыттағы мамандықтар да қарастырылған (айти, әлеуметтік жұмыс). Педагогикалық бағытта оқитын студенттердің шәкіртақысы 67200, техникалық бағытта оқитын студенттер 44600 көлемінде шәкіртақы алады.

✔️Грант негізінде оқитын студенттер үшін қосымша тамаққа 75000 төленеді. Степендиядан құлаған жағдайда да студенттер тамақ ақысын алады.

✔️Білім сапасы, яғни студентке қоятын мұғалімдер жағынан талапшылдық өте жоғары, бірақ қаталдық жоқ. Білікті, білім деңгейі жоғары әрі сапалы сабақ бере алатын мұғалімдер өте көп.

✔️Шет елге шығып оқи алуың, яғни 1 семестрге мобильность бойынша переводпен оқып келуге мүмкіндік қарастырылған. Мысалы, Польша, Америка, Түркия және тағы басқа өзінің арнайы қарастырылған қалалары болады және де Қазақстан бойынша педагогикалық университеттермен де 1 семестр ауысып оқи алады.

✔️Жатақхана өте қолайлы, универде студенттер үшін 9 жатақхана қарастырылған. Соның ішіндегі 4-ші, 6-шы жатақханалардың жағдайы өтее мықты. Әр бөлмеде душ, әжетхана, балкон бар.

✔️Коррупция мүлдем жоқ. Мұғалімдер тек шынайы бағалайды.

МИНУСТАРЫ:

✔️Универ 1941 жылы ашылғандықтан корпустарының сыртқы көріністері ескі.

✔️Барлық техникалық жабдықтармен толық қамтылмаған. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Интернет байланысы да нашар.

✔️Жасы үлкен, қарт мұғалімдер өте көп. Соған сай кейбір сабақтар өте скучно және түсініксіздеу, ұйқың келетіндейй өтеді.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

27 Jun, 10:21


М.Өтемісов Атындағы БҚУ

ПЛЮСТАРЫ:

✔️Бұл универ негізі “мұғалім” мамандығын таңдап отырған оқушыларға болашақ студенттерге өте керемет таңдау.

✔️Білім сапасы, яғни студентке қоятын мұғалімдер жағынан талапшылдық, қаталдық өте жоғары. Білікті, білім деңгейі жоғары әрі сапалы сабақ бере алатын мұғалімдер өте көп.

✔️Шет елге шығып оқи алуың, яғни 1 семестрге мобильность бойынша переводпен оқып келуге мүмкіндік қарастырылған. Мысалы, Польша, Омск, Москва және тағы басқа өзінің арнайы қарастырылған қалалары болады.

✔️Универде өтетін далалық практика, яғни осы практика арқылы біздің универдің “география-жаратылыстану” факультетінің студенттері жылда Бурабай, Көкшетау, Түркістан, Шымкент, Ақтау деген секілді Қазақстанның әдемі қалаларына алыс кешенді сараман өтуге жағдай жасалған.

✔️Жатақхана өте қолайлы, универде студенттер үшін 4 жатақхана қарастырылған. Соның ішіндегі 4-ші жатақхананың жағдайы өтее мықты. Әр бөлмеде душ, тамақ ішетін жерлері яғни барлығы қамтамасыз етілген.

✔️Коррупция аз, прям жоқ демейін но басқа универлерге қарағанда салыстырмалы түрде аз. Соның ішінде “география-жаратылыстану” факультетінде мүлдем прям мүлдем коррупция жоқ. Өзім осы факультетте оқып жатырғандықтан сеніммен нық айта аламын.

МИНУСТАРЫ:

✔️Универ 1932 жылы ашылған, өте ескі. Яғни шыны керек сол ашылғаннан прям мықты ремонт жасалмаған. Сырты сәл әдемі көрінгенмен, іші тым ескі.

✔️Жасы үлкен, қарт мұғалімдер өте көп. Соған сай кейбір сабақтар өте скучно және түсініксіздеу, ұйқың келетіндейй өтеді.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

27 Jun, 04:40


ℹ️Сіздер 13-20 шілде аралығында ГРАНТ КОНКУРСЫНА қатысу үшін 13 шілдеге дейін міндетті түрде өтіп қойыңыздар.

Бір университеттен алған "СПРАВКА" басқа университетке жарайды, өтті деген қағаз береді (әр университеттің жіберу форматы әртүрлі).

Пысық әрі жылдам болыңыздар. Айналаны қарап, ештеңеден қалып қоймаңыздар👋

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

27 Jun, 04:37


ЖАЛПЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ

Арнаулы емтихан немесе психотест 20 маусым мен 20 тамыз аралығында университеттерде ОНЛАЙН және ОФЛАЙН өткізіледі.

📌Әр университеттің форматы әртүрлі. Алдын ала онлайн, офлайн тапсыруға бола ма ақпарат біліп алыңыздар.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

27 Jun, 04:36


ЕСКЕРУ КЕРЕК ТҰСТАРЫ:

Қазір нақты педагогикалық мамандыққа да, медициналық мамандыққа да құжат тапсыратындар да оқимыз.

➡️Грантқа тапсыратын кезде, универден бөлек 4 мамандықтың БІРЕУІ болсын педагикалық/ медициналық болғанның өзінде өз бағыты бойынша психотест/ арнаулы емтихан тапсырады.

➡️Грантқа өтініш тапсыратын кезде 4 мамандықтың ішіне педагикалық та, мединицалық та бағыт болса, оқушы арнаулы емтиханды ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТ бойынша да, МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҒЫТ бойынша да тапсырады

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

27 Jun, 04:35


⚠️БАРЛЫҚ ТАЛАПКЕР БІЛУ ҚАЖЕТ

Оқушылар «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салаларына түсу үшін сіздер АРНАУЛЫ ЕМТИХАНДАР (психотест) тапсыруларыңыз керек.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

27 Jun, 01:50


Қайырлы таң! Жалпы мамандық, универ, жатақхана туралы сұрақтарыңыз болса, осы сілтемеге жаза беріңіздер.

➡️ t.me/JuzStar - сіздерге жалпы мағлұмат беріп, көмектесуге дайын жан.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

27 Jun, 01:46


Astana IT University

ПЛЮСТАРЫ:

➡️Ең басында осы универді таңдау себебімнің бірі студенттері болған еді. Әр мереке елеусіз қалмайды, күнде бір іс - шара болып жатады десем де болады. Және әрдайым универ клубтары белсенді түрде іс-шараларға өз үлестерін қосып отырады. Яғни көрсетілімдер және ойын-сауық дегендей. Жалпы сабақтан тыс уақытта іш пыспайды.

➡️Сабақтар бойынша айтарым, жалпы ұстаздардың сабақ беруі ұнады. Барлық сабақ ағылшын тілінде(дене шынықтыру да:) , IT маманы үшін өте қолайлы. Бірдеңе түсінбеген жағдайда, ұстаздардан сұрасаң еш бетіңді қайтармай қайта түсіндіреді. Өз уақытыңды реттей білсең бәріне үлгеруге болады.

➡️Универдегі Gym. Жалпы жақсы жабдықталған, таңнан бастап кешке дейінгі кез келген уақытта келуге болады. Әрине көбінесе адам лық толы, алайда жақсы уақытын тауып алсаң күнделікті келіп шұғылдануға болады.

МИНУСТАРЫ:

➡️Мүмкін біреулерге ыңғайсыз болар, бізде үш триместр болғандықтан демалыс уақыттары басқалардікінен өзгеше. Яғни жаңа жылда универде боламыз. Одан бөлек демалыстар ары кетсе 1 апта, ал жазда 2 ай. Иә, бұның себебі үш жылдық оқу.

➡️Универдің корпусы. Қазір универ Экспо ғимаратын жалға алып отыр. Универде бос жерді табу қиын, бір жағынан іс-шарлар болса, бір жағынан студенттердің көптігі.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

27 Jun, 01:43


КАЗУМОиМЯ им. Абылайхана

ПЛЮСТАРЫ:
1. По обмену мүмкіндік көп, яғни Сингапур, Малайзия, Юж Корея, Турция және т.б. мемлекеттермен ауысып оқуға болады
2. ⁠Университетте өзге тілді мұғалімдер бар
3. ⁠Тіл меңгеруші адамға таптырмас универ себебі толықтай акцент тілдерге қойылады
4. ⁠ДЖТАНГЛ, ГЕОАНГЛ таңдау пәндерінің барлық мамандықтары бар және 12 тіл үйрететін университет
5. ⁠Университеттің өзінің военный кафедрасы бар
6. ⁠Өте көп клубтар бар. Одан бөлек көөп ивенттер, іс шаралар ұйымдастырады

МИНУСТАРЫ:
1. Жаңа система мен ескі система араласқан гибрид, сондықтан ыңғайсыздықтар тудыруы мүмкін
2. ⁠Кейбір пәндерде мұғалімдер кәрі ( мұғалімдердің жетіспеушілігі)
3. ⁠ГУК главный учебный корпусқа көп көңіл бөлінеді из за этого 2,3,4 корпустар ескі

Общежитиесі 7/10
Биыл ремонт жасалды бірақ ескі

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

26 Jun, 19:40


Сәтбаев университеті, Алматы

ПЛЮСТАРЫ:

🟢Студенттік өмір. Универде 20-ға жуық түрлі организациялар бар, әрбір сфера жағынан. Творческая студия, ішінде оркестр, вокал, би т.б шығармашылық бағытынан дамығысы келетін студенттерге жағдай жасалған. Спорт жағынан да көптеген секциялар ашылған. Сонымен қатар жайдарман жағынан үлкен үлкен сайыстар біздің универде өтеді. Ең мықты организациялардың бірі универдегі болатын шараларды безендіру және соларды басқару, Satbayev hunters, Satbayev time секілді организациялар студенттер үшін ашық. Сонымен қатар институттар арасында жыл сайын болатын жарыстар, конкурстар көп. Жалпы студенттік өмір жоғары деңгейді қызықты болып жасалған, активисттер үшін универде барлық есік ашық.

🟢Оқу деңгейі толықтай универ статусына лайықты. Көптеген компаниялар келіп таныстыру шараларын өткізіп, студенттермен мамандықтарына байланысты шаралар өткізіп тұрады. Болашақта мамандық бойынша жұмыс істеуге көмектерін тигізеді, главное оқып, пысық болу, активисттерді ұнатады)

🟢Расписание құру. Әрбір студент өзіне ыңғайлы етіп расписания құра алады, өзіне ұнайтын преподтардың сағатын таңдап, сол уақытта оқи алады, кейін офис регистратор арқылы өзгертуге мүмкіндіа бар.

🟢Жатақхана. Жатақхана универге 5 минуттық жерде, отдельный студенческий городокта орналасқан. Бағалары қолайлы, алыстан келген студенттер үшін өте ыңғайлы, жатақхана жанында поликлиникасы бар, жалпы магазиндер бәрі жақын, қалаға үйреніп жүрген студенттерге күшті бастысы.

🟢Оқитын корпустар. Бүкіл корпустар бір жерде бір біріне жақын ыңғайлы, курсовойлар кезінде бір корпустан бір корпусқа жүгіріп жүресің, сол кезде жақын болғандығының ыңғайлылығын сезесің) Қазіргі таңда барлық корпустарга ремонттық шаралар жүргізіп, барлық лекционныйларды жаңартуда, абитуренттер оқуын бастағанша жаңа боп турады, балмұздақтар үшін приемный комиссияның жасап жатқан дайындықтары көп

МИНУСТАРЫ:

🟢Активисттар универлік жағдайларға батып кетпеу керек, сабақ жағын ұмытпай универ шараларымен қосу басында өзіме қиын болған, кейін уже үйреніп, забитый график болып жүресің)

🟢Расписание құру барысында сайтпен қиындықтар туындауы мүмкін, студенттер саны көптігінен

🟢Группа деген нарсе жок. Басында группаға бөліп қояды, бірақ олармен оқымайсыңдар өкінішке орай, 1 ші курста шашылып әрбір сабақ әртүрлі адамдармен өтеді, кейін тек по специальности сабақтар қосылғанда тұрақты группаластарың пайда болады уайымдамаймыз)
Шашылып оқығанның бір плюсы көптеген адамдармен танысасыңдар, өзім одан минус көрмеймін, бірақ көп студенттерге қолайсыз болуы мүмкін.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

26 Jun, 12:43


AITU универі (Astana IT University)

ПЛЮСТАРЫ:
• 3 жылдық оқу, сабақтар тек ағылшынша, өте ыңғайлы орналасқан жағдайы жақсы жатақхана, әскери кафедра
• ⁠жатақхана универден 10-15 минуттық жерде орналасқан, бағасы айына 30к, өз бағасвна стоит, тез тегін интернет, әр этажда бір кухня. Бір бөлмеде 2,3,4 адам жата алады. Жатақхана жанында су автоматы магазиндер бар. Комендантский час 23:00де. Этаж бойынша кухня да кезекшілік болады әр адам. Әр квартираға бір ванный бөлме ме бір туалет. Кухняны түнде жауып тастайтыны болмаса керемет жатақхана
• ⁠Пара беру деген жоқ, өз басым ешқашан ондай жағдайлар туралы естімеппін.
• ⁠Мұғалімдер көбіне өз саласының специалисттері, профессионалдары бірақ педагог деп айта алмаймын. Сондықтан сабақ жағынан көбіне өзіңе байланысты.
• ⁠Универдің іші кең, таза, жарық әр студентке өзінің локеры(шкавчигі) болады. Жалпы 3 блок бар әр блокта 3 этаж. Әр этажда өзінің дәретханалары бар. Өте кең актовый зал және ыңғайлы кітапханасы бар.
• ⁠Университет ішінде кең асхана бар бағалары тиімді әрі тамақтары да дәмді. Тағы сусындар, кофе сататын автоматтар бар.
• ⁠Кабинеттердің ішіндегі оборудовониялар бәрі жаңа.

МИНУСТАРЫ:
• мұғалімдер аз кейбір сабақтарда мұғалімдер сабақ бітуіне 3-4 апта ғана қалғанда келеді, тақырып қамту қиын болып кетеді.
• ⁠Универдің өзінің атмосферасы сезілмейді студенттер тек сабақ оқу үшін ғана келеді, студенттік өмір жоқ десе де болады.
• ⁠Актовый зал мен кітапхана өте жақын орналасқандықтан университетте шаралар болып жатқанда кітапхана да тыныш сабақ оқу мүмкін емес.
• ⁠Open Space алаңында сабақ оқып достарыңмен сөйлесіп отқанға өте ыңғайлы кең жер, бірақ көктем күз уақытында ауа жоқ ыстық болады.
• ⁠Асхананың бір минусы су ішетін кулерлар жоқ әр дайым сатып алуға тура келеді.
• ⁠Қыс кезінде кейбір жерлерде крышадан су тамып тұрады, кейбір кабинеттерде отопление істемей суық болады.

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

25 Jun, 23:12


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

ПЛЮСТАРЫ:

▶️жеңіл оқу. Яғни,көп жағдайда апайлар көтермелеп,сабақтан қалмай белсенділік танытсаң жоғары бағаңды қойып береді.Әрине,оқу талап етіледі.

▶️Сабақ пен жұмысты қатар аламын дегендерге жақсы университет,мен жұмысты да,оқуды да қатар алып жүре алдым.

▶️Еліміздегі топ педагогикалық университет болғандықтан,педагогика бағытына барамын деушілерге сапалы білім бере алатын университет деп айта аламын.

▶️Сессия кезінде рубежка баллдарыңа қарап қойып беретіндер болады.
Сессияны смело 90+ жабуға мүмкіндік жетеді.

▶️Оқу ақысы басқа универлермен салыстырғанда төмен.Қателеспесем 800000-нан басталады.

▶️Филология институты главный корпуста оқиды
Бір тиімдісі,общагалар қасында🥰

▶️Университет маңында Панфилов парк бар,арбат барлығы жақын.

▶️Общага бағалары арзан(2024-те 1 жылға 120000 болды)

МИНУСТАРЫ:

▶️Корпустарында ремонт особо жоқ. Главный корпусқа келіп, ожидание и реальность болып қалғаны бааар.

▶️Аудитория жетпей көшіп-қонып жүрулерің әбден мүмкін.
Яғни бір пар басқа корпуста, екінші парда сабақ басқа корпуста өтуі мүмкін.

▶️Ешкім сабақ оқы демейді, сабақ оқымай қатты расслабон ұстап кетсең рубежка, сессияда алдап-арбап жақсы балл аламын деп ойлама.

▶️Общага условиясы керемет емес, ішінде более-менее жақсы деп айта алатын 3-жатақхана ғана.

▶️Апайлар тапсырма,жоспар береді. Әрі қарай өзің іздену керексің, лекциялар скучно өтеді.

▶️Грант,ақылы деп бөліп қарауы мүмкін(бәрі емес әрине)
Гранттардың бағаларың көтермелейтін апайлар бар

Әр университеттің өз плюстары мен минустары бар
Бастысы,өз қалауыңдағы мамандыққа,университетке түс✌🏻
ҰБТ-ға сәттілік🥰

УНИВЕР ПІКІРЛЕР | САБОН АПАЙ

25 Jun, 23:09


СДУ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЛЮСТАРЫ:
➡️Университет студенттік өмір жасалған, яғни күнде бір іс-шара болып жатады және ол іс шараның бәрі студентерге арналған. Бір сөзбен күнде приключение университет

➡️Білім сапасы жоғары, тек білімді мұғалімдер береді яғни hp деңгейіндегі. Болашақта қандай маман болам деп уайымдамайсың. Қиналып оқисың, бірақ мощный маман иесі боласың. Сдуда оқимын десең, любой мекеме ашық болады. сен үшін егер мықты,пысық болсаң

➡️Барлық сабақтар ағылшынша өтуі. Біреу үшін бұл минус сияқты бірақ ол өте керемет мүмкіндік, өйткені СДУ да оқыған студент шетелге магистратурамен немесе обменмен 100% кетеді, ал ағылшын тілін жетік еркін сөйлейтіндей дәреже білу өте ғажап мүмкіндік.

➡️Сонымен ағылшыннан бөлек түрік тілі.Кейбір оқушылар осы тілге қызығады ал ол тілді оқу өте қызық. Бұл мүмкіндік тек СДУ-да ғана бар сол үшін ол өте үлкен плюсс

МИНУСТАРЫ:
➡️Кейбір іс шаралар бізге рұқсат берілмейді дінніңде тәрбиенінде қатысымен мысалы ұлдар қыздарғс жақындауға болмайды, вальс болмайды. Яғни КТЛ ге ұқсастау бірақ прям емес.

➡️Сендер универге документке байланысты проблема болса оны шешуге болады бірақ шамалы ұзақтау уақыт кетеді.Өз басым ондай жағдай болмаған бірақ кейбір студенттер үшін бұл минустау.