⤵️ СЕБЕПСІЗ ӨТКІЗІЛГЕН НАМАЗДЫ ӨТЕУ ТУРАЛЫ
Көптеген ғалымдар, бірінші және кейінгі ұрпақтар, шариғаттық себепсіз намазды қалдырғандар қазасын өтемейді, керісінше олар шын жүректен тәубе ету керек деп есептеген. Бұл пікірді көптеген сахабалар, соның ішінде Омар ибн әл-Хаттаб, Ибн ‘Умар, Саад ибн Әби Уаққас, Салман әл-Фариси және Ибн Масғуд (Алла оларға разы болсын), олар себепсіз жіберілген намаздың орнын толтырылмайды деп санады.
«Ал біз сахабалардың ешқайсысының бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы келгенін білмейміз».
📚 «әл-Мухаллә» 2/235
Бұл пікірді әл-Қасым ибн Мухаммад, Мухаммад ибн Сирин, әл-Хасан әл-Басри, ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз және Мутариф ибн ‘АбдуЛла сияқты көптеген ізбасарлар да ұстанды. Сондай-ақ бұл пікірді әл-Хумайди, әл-Джузджани, әл-Барбахари, Ибн Батта, Дауд, ‘Изз ибн ‘Абду-Ссәләм, Ибн Таймия, Ибн әл-Қайим, әш-Шаукани, әл-Әлбани, Ибн Баз, Ибн ‘Усаймин және тағы басқа имамдар да ұстанған.
Қараңыз: «Мәжму’ул-Фәтауа»40/22, «әл-Инсаф» 1/443, «Найлюль-аутар» 2/31, «Сахих фиқһу-Ссунна» 1/258.
0️⃣Имам Ибн Батта ▪️ айтты:
«Намаздың өз уақыты бар екені белгілі, ал кім намазды уақыты кірмей оқыса, уақыты шыққаннан кейін оқыған адам сияқты қабыл болмайды!»
📚 «Фатхул-Бари» 5/147, Ибн Раджаб.
0️⃣Имам әл-Барбахари ▪️ айтты:
« Алла парыз намаздарды өз уақытында жасағаннан басқаны қабылдамайды, егер ұмытып кеткен адамнан басқа, өйткені оның үзірі бар және ол оны есіне түскенде бірден намазды оқиды!».
📚 «Фатхул-Бари» 5/148
0️⃣Шейхул-Ислам Ибн Таймия ▪️ айтты:
«Намазды себепсіз қалдырған адам үшін оны өтеу заңдастырылмаған және бұл (өтелетін) намаз жарамсыз! Нәпіл намаздарын (тәубе ретінде) көбірек оқуы керек, бұл-сәләфтардың бір тобының пікірі!».
📚 «әл-Ихтиярат» 34.
«Қабылданатын себепсіз әдейі қаза болған намазды өтеуді парыз санайтындардың сөздері дәлелге негізделмеген. Намазды уақытынан тыс оқу намазды уақытынан бұрын оқумен бірдей болғандықтан, мұндай намазды өтеу мағынасы жоқ, оның ешбір айырмашылығы жоқ!»
📚 «әс-Силсилә ад-да’ифа» 3/414
🗂•Telegram: https://t.me/sunnet_galymdary
🗂• Instagram: https://instagram.com/sunnet_galymdary