Neueste Beiträge von Molda (@shezhimbaibaglanakshi) auf Telegram

Molda Telegram-Beiträge

Molda
1,274 Abonnenten
100 Fotos
101 Videos
Zuletzt aktualisiert 10.03.2025 22:19

Ähnliche Kanäle

Mihrab.kz
5,877 Abonnenten
Abylaikhan Suiindik
1,942 Abonnenten

Der neueste Inhalt, der von Molda auf Telegram geteilt wurde.

Molda

16 Jan, 05:29

659

Бауырлар көңіл бөліп оқитын кітаптардың бірі.
Molda

24 Dec, 11:50

1,067

Хафиз Әбу Мұса әл-Мәдини тізбегімен Сәһл ибн Сағдтан (Алла одан разы болсын) жеткен хабарды ол былайша әңгімелейді: “Пайғамбарға ﷺ бір адам келіп, өзінің кедейлігі мен өмірінің қиын екенін айтып шағымданды. Сонда Алла Елшісі оған былай деді: “Егер үйіңе кіріп жатып, ішінде біреу болса да немесе болмаса да сәлем айтып кір. Сосын маған салауат айт. Кейін “Ықылас” сүресін бір рет оқы”. Кейін осыны істеген адамның ризығы кеңіп, тіпті туыстары мен көршілеріне де көмектескен екен.
Molda

24 Dec, 11:50

835

Бауырым қаражаттан қиналып еңбегіңді істеп, кәсібіңді дөңгелетіп осы амалға тұрақты бол
Molda

24 Dec, 07:33

849

Оларға уәжіп болған сипаттар.
1)Аманатшылдық,
ол дегеніміз - күнә атаулыдан һәм шариғат үкімдеріне қарсы шығу арқылы қиянат қылудан ада болу.Ғисмат (Пайғамбарлардың күнәдан сақталуы) бабында осы сипат туралы кеңірек айтылады.
2)Шыншылдық,
мағынасы - айтқан хабарларының шындыққа сәйкес келуі. Ол өзіне Пайғамбарлықтың және қасиетті Кітаптың түскенің бекітудегі шыншылдықты,шариғи үкімдердегі һәм үкімге жатпайтын сөздеріндегі шыншылдықты қамтиды.Шыншылдықтың уәжіп екенінің дәлелі, Аллаһ Тағаланың олардың сол сөздерін мұғжизамен қуаттаған.
3)Зеректік,
ол - қарсы тараптың күмәндарын жою үшін және өздеріңе түскен шариғаттың дұрыстығын дәлелдейтін құжаттарды келтіріп,хақты міндеттей алуға себеп болатын қырағылық.Оған Құрандағы Ибраһимнің(Алланың сәлемі болсын) өз қауымымен сөз таластырған оқиғасы мысал болмақ. ((Түн болғанда Ибраһим (көп жұлдыздың ішінен ерекше) бір жұлдызды көріп: «Міне, (айтқандарыңа қарағанда) шамасы менің Раббым осы», – деді. Алайда жұлдыз сөніп, көзден ғайып болғанда, ол: «Мен сөніп, ғайып болатындарды ұнатпаймын», – деп айтты.)) Аятынан бастап: ((Міне, осылардың бәрі Ибраһимге қауымына қарсы қолдансын деп берген дәлелдеріміз еді.)) аятына дейін баяндалған.{Әнғам сүресі 76 }{Әнғам сүресі 83} және де оның пұтқа табынушылардың пұттарын сындырған кездегі таласу оқиғасы,олар Ибраһимнен(Алланың сәлемі болсын) сұрады:(( Содан олар: «Уа, Ибраһим, құдайларымызға қарсы мына сұмдықты сен істедің бе?» – деп сұрады.)) ((Ибраһим оларға: «Кім біледі, бәлкім, мына үлкендері («бұлар мен тұрғанда кішкене пұттарға неге табынады» деп ашуланғаннан) солай істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса, солардың өздерінен сұрасаңдаршы», – деді.)) {Әнбия 62-63}
4)Жеткізу,
яғни оларға түсірілген(шариғат һәм Кітаптан) жеткізілуі - бұйырылған нәрсені жеткізу.Өйткені, жеткізу олардың жіберілуіндегі хикмет болып табылады.Егер олар жеткізбейді десек,олардың жіберілуі бос(мәнсіз) деген сөз,әлбетте Аллаһ Тағала бос нәрсе істеуден пәк. Аллаһ Тағала Құранда: ((Уа, (ардақты) Елші! Раббыңнан өзіңе түскенді (үмбетіңе бұлжытпай) жеткіз. Егер мұны істемесең, елшілік (пайғамбарлық) міндетіңді тиісінше атқармағаның.)) {Мәида сүресі 67}. Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын): ((Егер де Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір нәрсені жасырар болса,осы аятты жасырар еді : ((Уа, Мұхаммед!) Алла нығметіне бөлеген, өзің де көп жақсылық жасаған адамың (әйелімен ажырасуды ұйғарып, алдыңнан өтейін деп келгенде) оған: «Әйеліңнен ажырама, Алладан қорық!»– деген едің. Сөйтіп, Алланың Өзі жарияға әйгілейін деп тұрған ақиқатты ішіңе бүгіп қалдың. Ел-жұрттан (бұл мәселені ә дегенде дұрыс түсінбей қала ма деп) имендің. Дегенмен, Алладан қорыққаның әлдеқайда абзал.)) деп айтқан. {Әхзаб сүресі 37}
Molda

24 Dec, 04:13

642

Хафиз ибн Салах (Алла ол кісіні рахымына бөлесін) былай дейді: Алла Елшісі аталған уақытта оған сәлем мен салауат айту сақталуы қажет. Ол ﷺ есімі қайталанған кезде салауат айтуды қайталаудан адам жалықпауы керек. Расында қайталанған сайын сәлем мен салауат жолдау - хадис талап етушілер, сол ғылымның мамандары мен жазушылары әрдайым асығатын ең үлкен береке мен пайдалардың ұясы. Кімде-кім одан ғапілетте қалса, үлкен үлестен айырылды. Біздің салауатты жазуымыз оған жасаған дұға-тілек, әсте риуаят етпейміз. Хадис риуаят еткен уақытта оның есімінің жанына қысқартылмастан асылында қалай бар солай айтып, сәлем мен салауат қосып жазылады. Алланың Есімі аталған уақытта осылай жасау керек (Ол аса құрмет пен ұлылыққа ие).
Хафиз Сахауи (Алла ол кісіні рахымына бөлесін) айтты: Әбул Хасан әл-Харанидің тізбегі бойынша Әбул Қосим әт-Тәйми “әт-Тарғииб” кітабынан келтіріп: “Әбу Аруба әл-Харани хадистерді салауатсыз оқымаған себепті, алдына отырған адамдардың барлығына салауат оқып берген және мағынасын түсіндіріп, былай деуші еді: хадистің берекесі - осы дүниеде Пайғамбарымызға ﷺ салауат айту. Жәннәттың жақсысы ақыретте”.
Уакиғ ибн Жаррахтан ибн Бәшкуәл және басқалардың тізбегі арқылы жеткен хабарда ол былай дейді: “Егер хадисте Пайғамбарымыздың салауаты болмағанда ешкімге хадисті жеткізбейтін едім”.
Басқа риуаятта: “Егер менің құзырымда зікір айту абзал болғанда хадис жеткізбеуші едім”,-депті.
Тағы бір риуаятта: “Егер нәпіл намаз хадистен артық болғанда, Алла Елшісінің ﷺ хабарларын риуаят етпеуші едім”,-деген екен.
Molda

24 Dec, 03:58

626

Ғұламалар Пайғамбарымыздың ﷺ есімін естіген сайын салауат айту уәжіптігі турасында талас-тартысқа түсті. Тіпті бір мәжілісте мың рет айтылса, мың рет салауат айту керек пе, әлде бір мәрте еске алса уәжіп амалын бойынан түсірген болып саналады ма, Пайғамбарымыз ﷺ аталған сайын салауат айту мұхтахаб па?!
«Хашия ибн Абидин» кітабында тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні былай: “Тахауи мен Кәрхи (Алла ол кісілерді өзінің рахымына бөлесін) Алла Елшісінің ﷺ есімі аталған кезде естуші және айтушы адамға салауат айту уәжіптігі мәселесінде пікірлері бір жерден шықпады (Яғни намаздің ішіндегі емес, яки қасиетті есімін атап бастаған сәттегі салауат айту). Сонымен қатар Пайғамбарымыздың ﷺ есімі қайталанған сайын салауат уәжіптігі турасында да келіспеушіліктер бар. Таңдаулы көзқарас - Имам Тахауи мен бір топ Ханафи, Шәфиғи өкілдері, Мәлики мәзһабының ғалымдары Ләхмиден, Хәнбали ғұламасы ибн Баттадан жеткен пікірлер. Ибн Араби әл-Мәлики былай деді: бір мәжілісте қайталанған сайын оған ﷺ салауат айтудың ең дұрыс шешімі уәжіп. Мәселе әмірдің қайталанып, талап етілуінде жатқан жоқ, бәлки Пайғамбарымыздың шарапатқа толы есімі қайталанғаны себепті салауат айту уәжіп етілді. Яғни оның уәжіп болуы - Алла Елшісінің ﷺ есімінің қайталануында жатыр. Сондықтан салауатты тәрк ету арқылы қарыз амалға айналып, қазасын өтеу міндеттелді. Себебі түшкірген адамға “сау бол” деп айту оның ақысын беру көрінісін құрайды. Сол сияқты, Пайғамбарымыздың ﷺ атын естіген кезде де салауат айту оның ақысын толықтай өтеу дегенді білдіреді”.
Ибн Абидин сөзін жалғастырып былай айтты: “(Ханафи) мәзһабы бойынша егер бір отырыста оның құрметті есімі қайталанатын болса, онда оған тура сондай салауат арнау мұстахаб. Бір мәрте айту - уәжіп, қайталау - мұстахаб. “Әд-Дур” кітабында: осыған пәтуа берілгенін баяндады”.
“Әд-Дуррул Мухтаар” еңбегінде былай келді: “Мәзһабта имам Тахауидің сөзі негізге алынады. Ол Пайғамбарымыздың есімі бір мәжілісте аталған сайын салауат айту уәжіп деген”.
“Родду әл-Мұхтаар” кітабында былай делінді: “әл-Хозааинда” “әт-Тухфаның” иесі және басқа ғалымдар дұрыс екенін айтқан және “әл-Хаауииде” көпшілік ғұламалар келтіргенін баяндайды. “Шарху әл-Муния” кітабында сол дұрыс көзқарасқа жататынын түсіндірген. Имам Айни өзінің “Шәрху әл-мажмағ” еңбегінде: “бұл менің мәзһәбым” деген. Имам әл-Бақани былай деді: “Бұл негізгі пәтуаға алынатын көзқарас. Және мұны “әл-Бахр” кітабын жазған ғалым үкімдердің ішіндегі ең қуаттысы деп танып, пәтуаға алынатын көзқарас екенін айтқан.
Molda

10 Dec, 00:47

840

https://youtu.be/4-kILZ1ITOE
Molda

05 Dec, 15:22

960

ПРОСТО СІЛТЕМЕГЕ ӨТ ТЕ, ІЛІМНЕН ЛӘЗЗӘТ АЛ! 😍👇🏽

02:15 - Пайғамбарымыз ﷺ айтылғандағы алғашқы ой? (Қайрат Ұстаз жауабы)
08:55 - Неге мұсылмандардың алға дамуы сахабалардай болмауда?
13:36 - Қайрат Ұстаздың тың туындыларының сыры
21:44 - Біздің қоғамдағы проблема
23:43 - Қайрат Ұстаздың “Хадис ілімі” атты керемет еңбегі қандай қаражатқа басылды?
28:02 - Ұстаздарға кітап жазуға “лайфхак”
29:38 - Нағыз сүннетке амал қандай болмақ?
33:37 - 7-ші ғасырдағы айтылған хадис 21-ші ғасырға келмейді
46:39 - Хадисті дұрыс түсінбеу қаупі
51:01 - Діни мәтіндерге сынмен қарау қаншалықты дұрыс?
01:05:34 - Қайрат Ұстаздың сүйікті дұғаларының бірі
01:08:31 - Әлемдік ғалымнан үлгі
01:12:04 - Дұға - тағдырды өзгертеді
01:15:34 - Дұғаның ерекше сыры
01:24:35 - Пайғамбарды ﷺ таныту қажеттілігіне насихат

https://youtu.be/6_Q0CxPAivI?si=uFoDAcVthg_yMFky
Molda

30 Nov, 15:49

942

Мә шәә Аллаһ! 👍🏽

*“БӘЛӘҒӘ ІЛІМІ”* - мен рухани байи түсіңіз! 🤗

Кітапты Нұр-Мүбәрәк Университетінен алып кете аласыз. 🙌🏽

Ер адам болсаңыз: +7 777 577 2819 Амирмухаммед менеджерден

Әйел адам болсаңыз: +7 700 271 3614 Әмина менеджерден

Ал жеткізу қызметі ақылы. Ол үшін:
1) Аты-жөніңіз;
2) Толық мекен-жайыңыз;
3) Телефон номеріңіз;
4) Почта индексіңізді бір текстпен жазып жіберіңіз; ☝🏽
Molda

28 Nov, 14:12

790

https://youtu.be/gt_sMMYtdzw