Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ @q_science Channel on Telegram

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ

@q_science


Q-SCIENCE онлайн химия мектебі мұғалімдер мен оқушыларды ШЕБЕР МАМАН қылып, АРМАНДАРЫНА жетелейтін орта!

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ (Kazakh)

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ каналы – қызық ғылымның дүниесіне жіберу және барлық мұғалімдерге негізгі химиялық құндылықтарды танытуға арналған Telegram каналы. Химиялық мұғалімдері, оқушылары мен ғылыми даналары кез келген көрсеткіштер мен сұрастарды оқуларын жариялайды. Бұл көптілді, ұсыныс берілген дерлі өтініштерді талдай алмайды. Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ каналы өте қолайлы және пайдалы мағанымды жағдайлар мәні бар екенін білдіреді. Сіз де мұғалім болған кезде көптеген идеяларды түсінуге көмектесетін ғылым дүниесінде өз жанарыңызды көтеріңіз!

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ

20 Nov, 15:40


Channel name was changed to «Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ»

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ

15 Nov, 03:31


Channel name was changed to «Q-science|ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ»

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ

15 Nov, 03:18


Channel name was changed to «Q-science ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ»

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ

07 Oct, 02:54


Мықты болсаңыз, шешіп көріңіз!

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ

03 Oct, 06:36


Альберт Эйнштейннің математикасы нашар деген миф өтірік. Эйнштейн, орта мектепте математиканы жақсы меңгерген.

Төмендегі сертификат Альберт Эйнштейнге 17 жасында Аараудағы (Швейцария) Кантоналды орта мектебінде оқығаннан кейін берілді. Бұл бағалау схемасында 6 - ең жоғары, 1 - ең төменгі баға. Сурет 1896 жылы 3 қазанда баға алған күні түсірілген.

Эйнштейн бағалары:
Неміс тілі мен әдебиеті: 5
Француз тілі мен әдебиеті: 3
Ағылшын тілі мен әдебиеті: —
Итальян тілі мен әдебиеті: 5
Тарихы: 6
География: 4
Алгебра: 6
Геометрия (планиметрия, тригонометрия, стереометрия және аналитикалық геометрия): 6
Сызба геометрия: 6
Физика: 6
Химия: 5
Табиғат тарихы: 5
Суретте: 4*
Техникалық сызбада: 4*
*жылдық бағалары.

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ

28 Sep, 11:17


📣 Достар, бұған дейін атап өткенімдей, Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында жоғары білімді оңтайлы ету үшін ҰБТ форматы жетілдірілетін болады. Бұл жобаның маңызды тармақтарының бірі – Қазақстан білім беру ұйымдарынан 350 маманды, оның ішінде сарапшы-тестологтер мен талдаушыларды оқыту.

Қазіргі уақытта Ұлттық тестілеу орталығы тестология саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін үміткерлерді іріктеу үшін өтініштер қабылдай бастады.

Байқау екі бөлімнен өткізіледі: сауалнаманы толтыру және тестология мен пәндік білім бойынша компьютерлік тестілеу тапсыру. Байқауға қатысушылар ҰТО жобаларына қатысуға мүмкіндік беретін халықаралық сертификат алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер онлайн сауалнаманы 28 қыркүйектен 6 қазанға дейін толтырып (https://forms.gle / SMwEqzeA8RN7KSbNA), 7 қазанда Аймақтық тестілеу орталығында тест тапсыра алады.

Оқыту аясында мамандар тест тапсырмаларын әзірлеу мен талдауды, тестологиядағы озық әдістемелерді меңгеретін болады. Жобаға мамандардың қатысуы олардың білімді бағалау, тестілеу нәтижелерін статистикалық және психометриялық талдау саласындағы құзыреттілігін дамытуға, осы процесте заманауи технологияларды қолдануға көмектеседі. Тестология саласындағы біліктілікті арттыру кәсіби дағдыларды күшейтіп қана қоймай, ҰБТ және жалпы білім беру жүйесіне инновацияларды тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

Осы жобаға қатысуға педагогтерді, магистранттар мен докторанттарды, ЖОО оқытушылары мен тестолог-мамандарды шақырамын. ҰБТ жүйесін одан әрі жетілдіруге баға жетпес үлес қосатыныңызға сенімдімін.

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ

20 Sep, 10:26


ҰБТ 2024 спецификациясы. Биыл ҰБТ-да Гесс заңына байланысты есептер келмейді!

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ

20 Aug, 05:30


Мұғалімдер курсына осындай постер дайындадық. Платформаға өте жоғары сапамен жүкетеледі

Q-science | ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ

05 Aug, 06:21


Шықтыыыыы 👏