آخرین محتوای به اشتراک گذاشته شده توسط ТРК Президента در تلگرام
ТРК Президента
01 Mar, 05:52
225
🤝Еңбегіңізге мың алғыс!
💐Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі – Алғыс айту күні құтты болсын! Бұл күн сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.
📰Айтулы мерекеге орай, Jibek Joly арнасының түсірілім тобы жұмысшы мамандарға алғыс айтып, ыстық шәй мен Қазақстан шоколадын таратты.
@ptrkkz
ТРК Президента
01 Mar, 05:41
258
💫Алғыс айту күні: ҚР Президенті Телерадиокешенінің ұжымы алғыс білдірді
Ұйым қызметкерлері ата-аналарына, әріптестеріне, достарына, туған-туыстарына, сондай-ақ сүйікті жұмыстарына шабыт пен мүмкіндік сыйлағаны үшін шынайы алғыстарын жеткізді.
@ptrkkz
ТРК Президента
01 Mar, 03:08
385
💐1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!
Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерекеде баршаңызға мол денсаулық, толағай табыс тілейміз!
@ptrkkz
ТРК Президента
01 Mar, 03:08
377
⚜️Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады
Құрметті отандастар!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл құрылым қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.
Туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандастарыма алғыс айтамын.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
@ptrkkz
ТРК Президента
01 Mar, 02:06
412
⚜️Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Құрметті отандастар!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.
Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!
Баршаңызға бақ-береке тілеймін!
Ниет қабыл болсын!
@ptrkkz
ТРК Президента
26 Feb, 07:06
843
🏛🏛🏛🏛Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
⚠Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
@ptrkkz
ТРК Президента
26 Feb, 06:29
2,271
⚛В Катаре проходит неделя обучения для журналистов ТРК Президента в медиа-институте Al Jazeera
🐆В рамках обучения наши специалисты изучают этику использования искусственного интеллекта, а также учатся применять самые современные инструменты при производстве контента.
🖋Напомним, в феврале 2024 года в рамках государственного визита Касым-Жомарта Токаева в Катар ТРК Президента и AlJazeera Media Network заключили соглашение о сотрудничестве.
В апреле 2024 года более 100 студентов международной школы журналистики Maqsut Narikbayev University прошли недельное обучение у лекторов и журналистов мирового уровня.
@ptrkkz
ТРК Президента
25 Feb, 11:39
833
🇰🇿🇰🇬Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен кездесуде сөйлеген сөзінен
@ptrkkz
ТРК Президента
23 Feb, 15:26
996
Егер қандай да бір заңбұзушылық болса, ешкім ешкімді қорғай алмайды, жақтай алмайды – Асхат Хасенов
📰«Уәде» бағдарламасының кезекті шығарылымында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновке жемқорлыққа қатысты сұрақ қойылды. Ол компанияда адалдық пен ашықтық басты талап екенін айта кетті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа әр адам заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.