Latest Posts from Áitarym bar (@md_aitarymbar) on Telegram

Áitarym bar Telegram Posts

Áitarym bar
Айтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын

Жарнама, пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay
2,443 Subscribers
24 Photos
7 Videos
Last Updated 01.03.2025 07:07

Similar Channels

❀ Дем
1,719 Subscribers

The latest content shared by Áitarym bar on Telegram


Көңіл жамалғаннан бүтін болып кетпейді. Жамаудың үстінен тегістей берсең, оның да пішіні өзгереді. Сол секілді кез келген нәрсе бастапқыдай бола алмайды…

Динара Боранбай @md_aitarymbar

«Мен сені сағынып көргем жоқ!
сабылып жүргенім болмаса,
табынып жүргенім болмаса...

Мен сені қиғанмын әлемге!
тек үнсіз күткенім болмаса,
түнекке түскенім болмаса...

Мен сені бағым деп білмегем!
кінәңді ұққаным болмаса,
күнәңді құшқаным болмаса,

Тек қана
сенімнің қанаты қырқылды,
уақыттың парағы жыртылды,
ұрлаттым көктемгі күлкімді,
баянсыз жолдарың секілді
мендегі сезім де біртүрлі»

🔍Өмірде бір нәрседен бақыт не махаббат іздеу деген, меніңше, қате түсінік сияқты. Оның бәрі ізденістен келмейді, әрекет пен нәтижеден келеді. Бұл – менің жеке ойым❗️

Білемін, менің ойыммен келіспеуіңіз мүмкін. Бірақ өзің қажет еткен дүниенің бәрін іздеумен текке уақыт өткізесің! Адам үміттің жетегінде қалып кетпеуі керек. Әрекет пен нәтижеден нағыз сезім туады. Соны көрмекке ұмтылу керек сияқты бәрімізге🙌

Иә, біз ертеңге деген үмітпен, сеніммен өмір сүреміз. Ал әрекетіміз аз. Менімен келіспеуіңіз де мүмкін, окей! Бірақ көп адам солай өмір сүреді. Ол қатарда өзім де бармын. Болмасам бұлай жазбас едім😌

⌛️Бастысы дәл қазір айтқым келгенді жеткізе алғаным мен осы ойды түсінгенім. Санаға түскен ой әрекетін бермей қоймайды.

Динара Боранбай @md_aitarymbar

Таңмен таласып көз ілу, өзіңе берілген түніңді телефонға тапсыру, тәніңді құрметтемеудің бәрі – өзіңе деген құрметсіздік! Жаспыз ғой деп оның бәрін елемейтініміз бар. Кейін басыңа жеткесін түсінеді екенсің🤨

Жұмыс пен басқа шаруаларды қоспағанда, бұрын түнім телефон қараумен өтіп кететін. Одан кейін жарты күнің ұйқымен. Бұл – мақсатсыз адамның тірлігі екені айтпасам да түсінікті.

Қазір, уақытылы ұйқыға жатуды қолға алдым. Жаңа жұмысым да кәдімгідей шабыт пен махаббат сыйлап жатыр. Ерте тұруды да аздап күн тәртібіне қоярмын. Дененің ақысын беруді ұмытпау керек. Сен өзіңде бардың бәрімен баланс ұстағанда – тыныш әрі бақыттысың. Осыны ұмыпаңдар, достар⚡️

Мұнымен не айтқым келді? Уақыт біз ойлағаннан да тез өтуде. Өзімізге берілген ғұмырдан мән де іздеу керек, мән бере де білу керек! Не нәрсенің де сұрауы бар. Тек опық жемесек болды🤗

Динара Боранбай @md_aitarymbar

М: Динара, шайыңа не қосқансың?

Д: Махаббатымды.

#өзіміздіңдиалог

Соңғы уақытта мендегі фокус жұмысқа ауысып кетті. Сезіну мен сезімнен туған жазбалар шықпай кетті. Жұмысыма қатысты идея мен креатив іздеуден миым шатасты, шыны керек. Сәл жинақталып, бұрынғыдан да белсенді болуға, көп ойларды ортаға салуға уақытым емес, жүрегім дауаламай жүр. Шындығы – сезім жоқ.

p.s. биылдыққа дым жоқ дегендей естіледі екен соңғы сөз😆

Ең бақытты болған кезің қандай? 🥰

Менікі мынау. Кішкентаймын, төменгі сынып оқимын-ау сол кезде. Папа жұмысқа кететін 1-2 айға. Келуін асыға күтетін едік. Келген күні мойнына асылып, бізге әкелген заттарын таласа алатынбыз. Сосын тапқан табысын мамаға беріп, бізге 200 теңгеден бөліп беретін. Сол кезде бұл ақшаның кәдімгідей құны бар еді, дүкеннен талай зат алатынбыз😅 Қазір 1 наннан басқа ештеңе келмейді.

Бақытты болған сәттер көп қой. Бірақ бәрібір балалық шақ ыстық🥹

p.s. Менің сұрағыма жауап беріп жіберіңіздер🤗

Жұмыста отырмын. Басымда сан түрлі ойлар. Бала кезде есеюге, жаңа нәрселерді тезірек көруге, үйден жырақтауға соншалықты асығыппын. Өкінбейсің ғой, десе де сағынасың. Таң ертеңмен сабаққа барғың келмесе де, бару, қайталана беретін сабақтарды оқу, қоңырау соғылар сәтті тағатсыздана күту, сабақтың ортасында қашу, үйге келгенде папаның жасап қойған тамағын бірге отырып ішу, түскі ұйқы, одан қалса күніңнің өтпей ішің пысуы, ойнап келу үшін үйді жинап қою – бәрі-бәрі ең тәтті шақты еске салады. Ал қазір жұмыс пен үйдің ортасында, бала арманыңды орындап күнелту. Бұл да бір бақыт.

Сағыныш, әдетте, адамды ауыр мұңға салады. Сағынудың түрлі көрінісі жаныңды жылытады да. Біз ешқашан артқа қайта алмаймыз, оны жасайтын құдірет болсашы… Тек оймен ғана бара алатынымыз, естеліктерді парақтай алатынымыз ғана біздің көңілді басып тұр.

Қазір мектеп жасындағыларға есеюге асықпаңдар дейтін болыппын. Осы бір кездеріңді, балғын балалық сәттеріңді рахаттана сүріңдер. Әсте, есейіп үлгереді екенбіз ғой…)

Динара @md_aitarymbar

Адам жақындарынан қолдау, шарапат күтпегенде, оны сырттан іздейді. Ал содан бақытты болған кім бар?

Динара Боранбай @md_aitarymbar

БІЗГЕ 4 ЖЫЛ🥳

✈️«Áitarym bar» арнасы – жүректің сөзін жазып, жанымның жағалауындағы үнімді жеткізер мекен. Төрт жыл ішінде қанша сезім, қанша ой мен толқыныс кестелеп, жыр жолына айналған сәттерім! Әр жазылған дүние – өзімнің бір бөлігім, әр сөзім – өзім. Сен менің мұңымды да, шаттығымды да, үміт пен армандарымның шексіздігін де сыйдырдың.

Төрт жыл бойы жарық сәуле секілді жанды тербеп, оқырманның жүрегіне үн қаттың. Қазір, болашақта да жаңашылдыққа, шынайылыққа ұмтылып, арнаны жаңа деңгейге көтереріме сенімдімін. Әр сөзімнің, шығармашылығымның куәгері болған жақындарыма, достарыма, оқырмандарыма алғысым шексіз.

«Áitarym bar» – бұл тек сөз емес, өмірдің әр тарауында өзіммен бірге болар шығармашылық сапар. 4 жылдығың құтты болсын, арнам! Алда әлі жүректің түбінде жасырынып жатқан дүниелердің жарыққа шығар сәті күтіп тұр! Мен сенің ғұмырың ұзақ болатынына, мені әлі өсіретініңе, үнімді көпке жеткізетініңе сенемін.

Ал құттықтауларыңызды қабылдаймын🥰

Құрметпен, әкімші Динара Боранбай