Latest Posts from Áitarym bar (@md_aitarymbar) on Telegram

Áitarym bar Telegram Posts

Áitarym bar
Айтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын

Жарнама, пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay
2,443 Subscribers
24 Photos
7 Videos
Last Updated 01.03.2025 07:07

Similar Channels

Аслан Орақбай
7,600 Subscribers
⚜️ KᗴᑎᘔO ⚜️
4,430 Subscribers

The latest content shared by Áitarym bar on Telegram


Қазан айын қорытындылап жіберейін

Әдетте, күз мен үшін жай ғана өткізіп жіберетін мезгіл болатын. Бірақ биылғы күз мен үшін ерекше. Себеп өте көп🥰

☀️Оқуды аяқтап, бойда жеңілдік сезімі орнады. Артық міндеттемелерден арылып, босаңсыдым да. Ол да жақсы екен.

☀️ 1 жыл 8 ай істеген жұмыстан шығып, өз қабілетімді пайдалануды таңдадым. Өмірде тәуекелшіл адам емес едім, оны да жасап көрдім. Оң шешім болды.

☀️ Бәрінен маңыздысы – жаңа жұмысқа орналасқаным. Иә, маған шабыт, жайлылық, махаббат сыйлайтын жұмыс мені өзі шақырды. Өзімде бар қабілеттерді енді сол жұмысқа арнаймын. Күнде сол жаққа асығамын, кешкісін тамаша сезіммен үйге ораламын. Бақыт деген – осы.

☀️ Денсаулығыма көңіл бөліп, күтінуді қолға алдым. Денсаулық басты байлық. Өзіңе қамқор болу – бірінші орында болу керек!

☀️ Ортамды ауыстырғалы өміріме бұрынғыдан бетер разымын. Ішкі үнімді тыңдай біліп, өзімді бақытты ете білгеніме қуанамын. Жаның, тәнің, жүрегің тыныш болса – одан асқан бақыт жоқ. Рас!

Өзімді бірнеше маңызды қадамдарға барып, дұрыс таңдау жасағаным үшін мақтан тұтамын. Өмірде кездейсоқ келген дүниенің де маңызы бар. Мән бермейтін оқиғаның өзі үлкен сабақ берері сөзсіз. Ендігі қарашаны әдемі, жақсы жаңалықтармен қорытындылауды бұйырсын!

Сәлеметсіз бе, Қараша

Қалайсыздар? 2 апта уақыт жоқ болып кетіппін🤭

Жаным да, тәнім де тыныш. Сіздерде не жаңалық? 🤗

Күздің екінші айында,
Сені тағы ойладым,
Уәдем қалды жайында.
Сені ұмыта қоймадым.

Өткен жылы сөз берген ем,
Ұмытам деп жай ғана.
Оған қайдам кім сенгенін?!
Күз сенетін жай ғана.

Жапырақтың сыбдыр үні,
Қолпаштайды үнімді,
Алматының қою түні,
Жатқа білер түрімді.

Нөсер жаңбыр үйлеседі,
Күздің бұл бір кейпіне.
Мың шатасқан –
ол жайлы ойлар,
Жіберсе ғой еркіме…

Алматының көшесінен,
Іздеп оны шаршадым.
Ойлап, ойлап бітісімен,
Көз ілемін таң сәрі.

Бұл не сезім таусылмайтын?
Таусылмайтын, бітпейтін.
Бұл не жүрек Құдайым-ау,
Өз бақытын күтпейтін?!

Динара Боранбай

P.S. Биылғы күздегі екінші өлең…

Өміріңе өзгеріс енгізу кейде тәуекел жасауға бағыттайды. Өмірде көп адам жаңа нәрсені бастауға не өзгертуге қорқады. Мен де сол қатардан болғанмын.

Қорқыныш сезімі бойыңды билегенде қазіргі тұрақты күйіңнен арылғың, комфорттан шыққың келмейді. Бұл – өз өміріңе өзгеріс, жаңалық жасауға кедергі. Жалпы қорқыныш көп нәрсеге әсер етеді ғой🧐

Ал менде жаңалық осы өзгеріске қатысты. Алдағы уақытта бөлісемін🤭

4-кездесу. Кешкі уақыт. Көліктің іші. Жаңбыр себелеп тұр.

Жігіт. Екеуміз қаланың екі шетінде тұрады екенбіз. Бұл жерде не достықтың, не махаббаттың күші болмаса бір-бірімізге жете алмайтын сияқтымыз.

Қыз. Енді сізге бағытталған магнит іздейтін болдым ғой...

Жігіт. (жымиып) Бүгін бір керемет кеш болды. Күзде барлығы сұлулана түсе ме қалай?

Қыз. Әсіресе, жапырақтар. Сіз сияқты сап-сары...

Жігіт. Сіз сияқты мұңды...

Әдемі диалог

Кейде өз қарім-қабілетіңді көре тұра, тәуекел жасауға батылың жетпей жатады. Қорқыныш – өз болашағыңды тежейтін дүние. Бүгін мен сол қорқынышымды жеңіп, тәуекелге бел байладым. Жүректі тыңдап жасаған шешімім оң нәтижеге апаратынына сенемін! 🥰

Қызық, кейде сенің таңдауың, шешімің ешкімге қызық емес… Біз сондай қоғамда өмір сүріп жатырмыз…

Динара Боранбай

Жай көзге күліп жүргенмен,
Жасырын жылайтындар көп

М. Шаханов

Қаз қанатын жамылған қазан айы да келді🍂