Kemel_Qalamger @kemel_qalamger Channel on Telegram

Kemel_Qalamger

@kemel_qalamger


Жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өткізілетін «Кемел қаламгер» республикалық шығармашылық байқауының ресми каналы

Біздің сайтымыз https://kemel-qalamger.kz/

Байланыс үшін: +7 705 234 02 19

Kemel_Qalamger (Kazakh)

Кемел Қаламгер - бұл Кемел Тоқаевтің 100 жылдық мерейтойына арналған, қазақ детектив жанрын талқылаушы республикалық шығармашылық байқауының ресми каналы. Осы каналда сіз бұл жанрдағы ең жақсы қазақ тілінен терминология мен қазақ әдебиетін білуға мүмкіндіктерге ие боласыз

Кемел Қаламгер каналымен бірге, сіздерге қазақстандық қазақ детективі көркем жазушы Кемел Тоқаевтің тапқан әбдікерлік жұмыстарымен танысып, тіл тарихы мен күнделікті жаңартуларымен танысуға мүмкіндік беріледі. Қаламгер жанрларынан тығыз таңдаушылар үшін Кемел Қаламгер каналы - керемет таңдау

Eнді, қазақ әдебиетін түсінудің және детектив жанрындағы кездестірулердің туындаған дүниесіне қосылыңыз! Кемел Қаламгер каналымен байланысу үшін, ондағы https://kemel-qalamger.kz/ сайтты қарауға болады. Басқа сұрақтарыңыз болса, +7 706 402 0272 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Kemel_Qalamger

07 Feb, 03:57


📖Қаламның көрнекті шебері, қазақ детектив әдебиетінің негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың «Көмескі із» повестер жинағы башқұрт тілінде «Инеш» баспасында көркемдік полиграфиялық безендіруде жарық көрді. Жинаққа «Көмескі із»,«Тасқын» және «Түнде атылған оқ» повестері кірді. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің  80 жылдығы қарсаңында шыққан кітаптың алғысөзінде  Қасым-Жомарт Тоқаев әкесінің осы мерекеге деген ерекше көзқарасы, оның майдандағы достарын қастерлеуі туралы естеліктерімен келтірілген. Повестер жинағы Кемел Тоқаев мұражайында лайықты орын алды.
@kemel_qalamger

Kemel_Qalamger

03 Feb, 13:56


ПЯТЬ ИНТЕРЕСНЫХ ФАКТОВ ИЗ ЖИЗНИ И ТВОРЧЕСТВА КЕМЕЛЯ ТОКАЕВА
🔹Когда началась коллективизация, семья Кемеля Токаева решила уехать, чтобы спастись от голода. Так они оказались в Кыргызском Фрунзе.
🔹Старший брат писателя Касым Болтаев ушел в армию еще до начала Великой Отечественной войны. А погиб он 1942 году в страшной битве подо Ржевом.
🔹В военном госпитале в Омске после тяжелого ранения в ногу спасти Кемеля Токаева от инвалидности сумел молодой ортопед. Спустя десятилетия этот врач станет всемирно известным профессором Гавриилом Илизаровым, изобретшим уникальный аппарат для лечения деформаций костей.
🔹Писатель издал девять сборников рассказов и повестей. Повесть «Меченое золото» включена в коллективный сборник «Не жалея жизни», посвященный чекистам-казахстанцам.
🔹 «Солдат ушел на войну» является автобиографической книгой писателя, в которой он рассказывает о своих переживаниях, потерях, первой встрече с противником, храбрости солдат, их героизме и огромном желании вернуться домой с победой.
@kemel_qalamger

Kemel_Qalamger

27 Jan, 06:12


Көркем әдебиет жанрының түрлері көп, сол жанр түрлерін өмірлік серігіне айналдырған талай майталмандарды білеміз. Соның ішінде қазақ әдебиетіне детектив жанрының негізін қалаған, әдебиет төріне жаңа леп әкелген Кемел Тоқаев атамыз жайлы сыр шерткен едім. Кемел атамыздың еңбектерінен нағыз отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм, ерлік ізін көреміз. Біз, жас ұрпақ, атамыздың атын ардақтап, еліміздің адал азаматы болып өсуіміз керек.

🔹
Толық нұсқасын ресми сайттан оқи аласыздар: https://kemel-qalamger.kz/?p=1763

Kemel_Qalamger

14 Jan, 06:30


🔹 В музее Кемеля Токаева есть одна особая экспозиция. Посвящена она старшему брату писателя Касыму Болтаеву.

Касым Болтаев родился в далеком 1920 году в Каратальском районе Алматинской области. Учился в интернате при Чимкентском свинцовом заводе. Там же и получил среднее образование. После окончания интерната и фельдшерского училища был направлен в Свердловск, где прошел краткосрочные курсы подготовки молодых офицеров. Но в планы вмешалась война…

Полную версию материала можно прочитать на официальном сайте:
https://kemel-qalamger.kz/?p=1757&lang=ru

Kemel_Qalamger

05 Jan, 15:33


🔹 2018 жылы Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының қолдауымен және мұғалімдердің шығармашылық тобының қатысуымен «Кемелтану» факультативтік курсы әзірленді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Светлана Гончарова 8-сынып оқушыларына арналған «Кемелтану» курсы бойынша бағдарлама әзірлеп, бағдарламасын Жетісу облысының Білім Департаментімен бекітті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрзия Рахметова 7-сынып оқушыларына арналған «Кемелтану» бағдарламасын әзірлеп, бағдарлама Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясымен мақұлданып, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілді. Автор осы бағдарламасын кітап етіп басып шығарды. Бұл мұғалімдер көптеген жылдар бойы өздерінің «Кемелтану» курсы негізінде сабақ беруде.

Kemel_Qalamger

29 Dec, 10:34


🎄 Доброй традицией Благотворительного фонда уже на протяжении многих лет стало вручение новогодних подарков учащимся средней школы имени Кемеля Токаева. Не исключением стал и этот год. Лучшая благодарность фонду - это искренняя радость и счастье в глазах детей!

Kemel_Qalamger

18 Dec, 15:23


Фотожурналист Сайлау Пернебаевтың мұрағатынан Кемел Тоқаевтың сүреті. Қызылорда облысындағы “Әдеби күндері”, жазушылар Әбіраш Жәмішев, Дүкенбай Досжанмен бірге, 1983 жыл.

@kemel_qalamger

Kemel_Qalamger

13 Dec, 04:59


Благотворительным фондом имени Кемеля Токаева проводятся различные конкурсы эссе, стихотворений, сочинений. Одна из конкурсных работ по творчеству основателя казахского детективного жанра Кемеля Токаева была опубликована в республиканском научно-познавательном журнале "Мәдениет. Ғылым. Қоғам".

🔹Полную версию материала можно прочитать на официальном сайте: https://kemel-qalamger.kz/?p=1745&lang=ru

Kemel_Qalamger

01 Dec, 07:38


🔹 https://youtu.be/_gRb4Alv3fU

Kemel_Qalamger

30 Nov, 10:48


📖Книга "Сила духа и творческий талант", изданная Благотворительным фондом имени Кемеля Токаева - убедительное свидетельство должного внимания подрастающего поколения к светлой памяти воина и писателя Кемеля Токаева.  Она вышла из-под пера учащихся школы, которая уже почти 30 лет с гордостью носит имя своего прославленного земляка.

🔹https://kemel-qalamger.kz/?p=926&lang=ru

Kemel_Qalamger

27 Nov, 05:28


Қазақта «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген жақсы мәтел бар. Ол ақын болсын, мейлі жазушы болсын, оның жүрегінен жарып шыққан жарқын туындылары, бай мұрасы, қазақ халқының сарқылмас бір қазынасы  болып табылады. Оның қаламынан шыққан қарқынды сөздері, өмірден алған өзекті мәселелері, шыңынан көрінген шынайы ойлары, шытырман оқиғалары, әсерлі әңгімелері оқырманды ойландырып, жазушының атын  әлемге шығаратыны сөзсіз. Туындысымен талайды таң қалдырған белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың шығармаларын терең түсінуге мән қойсақ, бұл бір дүниетаным болмақ. Еңбегімен ел тыныштығын қорғап, өмірін қауіп-қатерден  сақтаған, қиындыққа толы  милиция өмірін шеберлікпен суреттеген Кемел Тоқаев үлкен ой тудыратын детектив жанрда «Дикарьдың өлімі», «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға» атты әңгімелер жинағын өмірге әкелді.

🔹 Толық нұсқасын ресми сайттан оқи аласыздар: https://kemel-qalamger.kz/?p=1698

Kemel_Qalamger

22 Nov, 14:08


Кемель Токаев – ветеран Великой Отечественной войны, журналист, писатель, основоположник остросюжетного детективного жанра не только в казахской, но и во всей литературе Центральной Азии. Нелегка была судьба писателя. Немало испытаний и лишений выпало на его долю. Чтобы ближе познакомиться с жизнью и творчеством писателя, мы решили съездить на родину Кемеля Токаева. В городе Уштобе Каратальского района есть школа, носящая его имя. Здесь есть музей и кабинет, аллея и парк его имени. Сотрудники Благотворительного фонда имени Кемеля Токаева (о нем мы расскажем читателям чуть ниже) показали и рассказали нам обо всем, что нас интересовало.

🔹Полную версию материала можно прочитать на официальном сайте: https://kemel-qalamger.kz/?p=1692&lang=ru

Kemel_Qalamger

20 Nov, 15:58


Фотожурналист Сайлау Пернебаевтың мұрағатынан Кемел Тоқаевтың суреті. Жазушы-драматург Әкім Таразимен бірге, 1983 ж.

@kemel_qalamger

Kemel_Qalamger

17 Nov, 15:03


📖 Коллективным автором книги "Кемель Токаев - Воин, Писатель,  Гражданин" стали учащиеся средней школы, которая носит имя писателя. Они учились в школе в разные годы. В своих сочинениях, эссе, стихотворениях и рисунках дети, со свойственной им непосредственностью, увлекательно рассказывают о замечательном писателе детективно- приключенческого жанра, участнике Великой Отечественной войны, патриоте Родины. Книга была выпущена под эгидой Благотворительного фонда имени Кемеля Токаева.

🔹https://kemel-qalamger.kz/?p=896&lang=ru

Kemel_Qalamger

13 Nov, 06:53


Талдықорған қаласында "Қазақ әдебиетіндегі Кемел Тоқаевтың рөлі" атты облыстық шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - білім алушылардың арасынан зяткерлік, шығармашылық қабілеті бар, ұшқыр ойлы, креативті және сыни ойлай алатын ізкесуші, детектив болғысы келетін дарынды, өнерлі оқушыларды анықтау, қолдау.
Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айнұр Манарбекқызы "Жазушы ізімен - жас қаламгер" номинациясында бақ сынап, жүлделі орынға ие болды.

🔹 Толық нұсқасын ресми сайттан оқи аласыздар: https://kemel-qalamger.kz/?p=1682

Kemel_Qalamger

08 Nov, 07:34


Кемель Токаев внес огромный вклад в духовную сокровищницу Казахстана. О жизненном и творческом пути писателя оставлена добрая память на многие поколения. Уроженец Каратальского района, бывший ученик средней школы имени Кемеля Токаева, кандидат химических наук, научный сотрудник лаборатории углеводородов и высокомолекулярных соединений нефти, Председатель совета молодых ученых ИХН СО РАН РФ Алексей Гончаров на протяжении многих лет изучает творческое наследие писателя. Еще обучаясь в школе, он принимал участие в различных конкурсах, писал стихотворения и сочинения по произведениям Кемеля Токаева. Публикуем одну из его последних работ.

🔹Полную версию материала можно прочитать на официальном сайте: https://kemel-qalamger.kz/?p=1651

Kemel_Qalamger

04 Nov, 09:00


Кемел Тоқаев атындағы Жеке Қайырымдылық қорының жалпы басшылығымен жүргізіліп отырған «Кемелтану» бағдарламасы негізінде мектеп оқушылары жазушылық өнерге қадам басуда. Жазушылық өнер – жас қаламгерлер үшін шығармашылық ізденіс, өзін-өзі тану, және қоғамға өз үлесін қосу алаңы болып табылмақ. Олардың әрбір шығармасы – бұл жаңа идея, жаңа көзқарас, және болашаққа деген сенім. Жас қаламгерлер әдебиет әлемінде жаңа дауыстарды, жаңа тыныстарды енгізе отырып, шығармашылық жолдарын жалғастырады. 10-сынып оқушысы Иманәлі Шырынның қаламынан туған, адамның рухани ізденісі, өз-өзін табу, қоғамдағы әділеттілік пен адамгершілік туралы терең ойларға толы  «Қылмыстың кілті» әңгімесі өз оқырманына жол табуда...

🔹Толық нұсқасын ресми сайттан оқи аласыздар: https://kemel-qalamger.kz/?p=1615

Kemel_Qalamger

28 Oct, 15:21


🔹Работники профсоюза образования области Жетысу  на Аллее Памяти Кемеля Токаева.

Kemel_Qalamger

25 Oct, 03:43


📖"Солдат соғысқа кетті" романы екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгері, сержант, бейбіт өмірде журналист, жазушы, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың шоқтықты туындысы. "Солдат соғысқа кетті" романы шағын жазбалар жиынтығы: "Жауға атылған алғашқы оқ", "Ұзақ жолда", "Айқас алдында", "Олар жетеу еді", "Жау тылында", "Ерекше тапсырма", "Солдат өмірі осындай", "Ашылмай қалған сыр" шағын ішкі бөліктерден турады.

"Солдат соғысқа кетті" романы анығында автобиографиялық шығармасы болғандықтан, қаламгер әр күнін даралап, талдап, соғыстың мән-жайын өзінің көруі, сезінуі бойынша жаза білген. Негізгі кейіпкері Мұхамед яғни Кемел Тоқаевтың өзі болғандықтан барынша нақтылығымен, шыншылдығымен, оқырман жүрегіне ауырлығымен жол таба білген.

Kemel_Qalamger

22 Oct, 09:50


🔹Қаратал ауданының Үштөбе қаласында Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының қаражатына дәрігерлік амбулатория ашылды. Амбулаторияда стационар кабинеттері, гинекологиялық, физиотерапиялық, процедуралық және егу кабинеттері, сондай-ақ емдік дене шынықтыру кабинеті және заманауи жабдықтармен жабдықталған УДЗ кабинеті бар.

Күн сайын  жалпы тәжірибелік өтілі бар үш дәрігер қабылдауды жүргізеді. Алты мың тұрғынға есептелген амбулатория пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған.

Kemel_Qalamger

19 Oct, 09:23


🔹18 октября в городе Талдыкорган состоялся областной творческий конкурс «Роль Кемеля Токаева в казахской литературе». Учащиеся средней школы имени Кемеля Токаева под руководством педагогов с многолетним стажем работы по авторским программам «Кемелтану» приняли участие в конкурсе и завоевали призовые места.

В номинации «Творения Кемеля Токаева – наша национальная ценность» третьего места был удостоен сценический спектакль по мотивам произведения писателя «Убийство перед закатом», поставленный преподавателями казахского языка и литературы Батен Данияровой и Алмагуль Малдыбековой и отлично сыгранный учащимися старших классов.

В номинации «Молодое перо - по следам писателя» третье место получило эссе ученицы школы Айнур Манарбекқызы под творческим руководством учителя казахского языка и литературы Нурзии Рахметовой.

Kemel_Qalamger

18 Oct, 07:52


🔹Жақында "Кемел Тоқаев шығармаларының жастар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дүниетанымының қалыптасуына әсері" атты кітабы жарық көрді. Жинаққа Қонаев университетінде өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың баяндамалары енгізілген.

  Бұл кітапты Кемел Тоқаев мұражайына Қонаев университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстандық криминологиялық қауымдастық президенті Өмірәлі Шакарапұлы Жалаири сыйға тартты.

Kemel_Qalamger

16 Oct, 07:08


🔹Со дня своего основания музей Кемеля Токаева и Аллея Памяти писателя являются центром патриотического воспитания не только учащихся, но и людей самых различных сфер деятельности. Посетители из разных уголков страны с огромным интересом знакомятся с жизнью и творческим наследием нашего славного земляка. Подобные визиты имеют не только культурное, но и глубоко познавательное значение для представителей современности.

Kemel_Qalamger

14 Oct, 10:48


🔹Әр адамның сүйіп оқитын кітабы, жақсы көретін әрекеті, шұғылданатын заттары болады. Ал мен қолыма кітап алып оқығанды ұнатамын. Кей кездері шаршаған кездерімде демалып қалғандай боламын. Осындай уақытта мен Кемел атамның шығармасын оқып, сол кездің уақиғасына тап болғандай боламын. Отан соғысының ауыр кезеңдері мен милиция өмірінің қауіп-қатерлері көз алдыма келіп, қорқыныш бойымды алады. Оқиға немен аяқталады деп соңына жетуге асығамын. Жазушы өз қаһармандарын күнделікті өмірде біздің жанымызда жүргендей боямасыз, бүркеусіз суреттейді.

Кемел атамыздың детектив жанрында  «Дикарьдың өлімі»,  «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға» атты әңгімелер жинағын оқығанымда, кейіпкерлердің іс-әрекетін, өз көзіммен көргендей болып, кей кездері, милиция өмірін шеберлікпен суреттеп, қиындықтарын сеземін. 

Детектив жанрының негізін қалаған Кемел Тоқаев атындағы орта  мектебінде оқып, жазушы шығармасын біліп өскен мектеп жастарының арасынан атамызға ұқсап жазушы дүниеге келеді деген сенімдемін.

Kemel_Qalamger

12 Oct, 04:22


ШАГАЯ ПО АЛЛЕЕ ПАМЯТИ

Чуть более 10 лет назад, в юбилейный 90-й год со дня рождения славного сына казахской земли Кемеля Токаева, на территории школы, которая носит его имя, была посажена Аллея Памяти. Сделано это было по инициативе Частного Благотворительного фонда имени Кемеля Токаева.

Прошли годы, небольшие саженцы елей и каштанов выросли в величественные деревья и стали настоящей достопримечательностью для школьников. Знакомство первоклассников с аллеей, а также с жизнью и творчеством писателя, стало доброй традицией, которой Благотворительный фонд неизменно следует из года в год.

Kemel_Qalamger

10 Oct, 18:40


Рахметова Нұрзия Турғамбековнаның ұстаздық жолында шығармашылық және білім беру жүйесін жетілдіру аясында жеткен жетістіктері орасан зор. Көптеген жылдар бойы Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттап, «Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры» ЖҚ бастамасымен «Кемелтану» элективті курсын әзірлеп, ізденімпаздығы мен кәсіби білімінің арқасында Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясымен мақұлданған «Кемелтану» авторлық бағдарламасының авторы атанды.

ҚР Білім және ғылым министрінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық ортылығы ұйымдастырған “Ең үздік авторлық бағдарлама” республикалық байқауының жеңімпазы атанып, ҚР Білім және ғылым министрінің І дәрежелі дипломымен марапатталды.

Kemel_Qalamger

09 Oct, 11:46


Не так давно музей прославленного писателя, «отца» казахстанского детективного жанра Кемеля Токаева пополнился удивительно интересным экземпляром.

Фотоальбом, снимки для которого были взяты из архива известного отечественного фотожурналиста Сайлау Пернебаева, собрал на своих страницах редкостные фотографии Кемеля Токаева.

Фотоальбом в дар музею передал сын Сайлау Пернебаева.

Kemel_Qalamger

07 Oct, 16:44


Жазушы әлеміне саяхат

2024 жылдың 2 қазанында Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінде кемеңгер тұлға, жауынгер жазушы, детектив жанрының шебері Кемел Тоқаевтың  туғанына 101 жыл толуына орай «Жазушы әлеміне саяхат» тақырыбындағы зияткерлік ойыны Кемел Тоқаев атындағы Жеке Қайырымдылық қорының жалпы басшылығымен жүзеге асырылды.

Зияткерлік ойынына Қаратал ауданы жалпы білім беру мекемелерінің 9-11-сынып оқушыларынан құрылған.
Қатысушыларға сұрақтар мектептегі пәндер негізінде жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты құрастырылды.  Команданы таныстыру кезеңінде маңызды және қызықты сәт әр топ өздерінің аты-жөндерін, оқу орнын айтып, Кемел Тоқаевтың шығармаларындағы кейіпкерлермен салыстыра отырып таныстыруы еді. 

Ойын кубогы Кемел Тоқаевтың шығармашылығы мен қазақ әдебиеті туралы терең білім көрсеткен «К. Тоқаев атындағы орта мектеп», КММ –нің «Мұрагер» тобына табысталды.

Kemel_Qalamger

07 Oct, 06:05


Память, которая живет…

В 101-ю годовщину со дня рождения Кемеля Токаева  - писателя, основоположника детективного жанра в казахской литературе, государственного деятеля, нашего земляка, уроженца села Кальпе Каратальского района в одноимённой средней школе частным Благотворительным фондом имени Кемеля Токаева было проведено  торжество с участием школ района.

  В рамках торжества   гости праздника возложили цветы к бюсту писателя. На Аллее  Памяти Кемеля Токаева прошел праздник "Ұлы өнерін қазағымның жалғаған...". Красочная выставка цветочных композиций по мотивам жизни и творчества писателя поразила взгляд гостей праздника.   В ходе интеллектуальной игры "Жазушы әлеміне саяхат" между учащимися школ района были выбраны самые лучшие и эрудированные участники. Завершился праздник спортивными соревнованиями по Қазақша күрес и Асық ату.

Kemel_Qalamger

23 Sep, 07:57


Қазақ детективінің атасы - Кемел Тоқаев туралы шағын материалды ұсынамыз

Kemel_Qalamger

20 Sep, 09:11


Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында әдебиетімізге мықты жа­зу­шылар келді. Біршамасының шы­­ғар­маларын бүгінгі буын қызығып оқи­­­­ды. Көпшілігі елеусіз, ескерусіз қалу­да. Со­дан бері де ғасыр ауысты. Мың­жыл­­дық тоғысы қарсаңында тәуелсіздік алдық. Қо­ғам өзгерді, заманға сай оқырман да өзгерді. Егеменді еліміздің мерейлі отыз жылын жақын күндері мерекемен атап өтеміз. Елу жылда – ел жаңа. Жас мем­лекетіміздің жаңа ұғымдағы жастарына атадан қалған асыл сөзді жеткізер әдебиетімізді сараптайтын уақыт та жет­кен тәрізді. Кешегі классик аталып, қазірде кітаптары кітапхана сөрелерін­де ашылмай тұрған жазушыларымыз­дың творчествосына тереңірек үңіліп, жауапкершілікпен сараптасақ, әлі де ғибрат алар асыл ой-толғауларды табарымыз сөзсіз.

Толық нұсқасы: https://kemel-qalamger.kz/?p=1547

Kemel_Qalamger

16 Sep, 09:21


📹 Қаламгер Кемел Тоқаев Тараз қаласында еңбек еткен. Қай мекемеде екенін білесіз бе?

Kemel_Qalamger

13 Sep, 09:24


#Детектив #ҚазақПрозасы #Қаламгер #КемелТоқаев

@kemel_qalamger

Kemel_Qalamger

12 Sep, 09:30


Бұл бір сүйкімсіз аула.

Мақшардай күңіреніп, азынап тұратын ызғарға түршігіп кіріп-шыққанда қутыннан құтылғандай уһ деп көкірегіңді зорға босатасың. Шықпай қалғандар қаншама. Қазақтың талай марқасқалары осы ауладан бақиға жол шеккен… Кеше ғана қасында жайраңдап жүрген дос-жаранды тастай мәйітхананың тас тақтасына салып қойып, жаманға сөзін қимаған, жақсыдан құшағын жимаған арыстай азаматтардың сүйегін арулап тұрып үнсіз арыздасқанбыз.

Бұл бір сүйкімсіз ғимарат.


🔹Толық нұсқасын сайттан оқи аласыздар: https://kemel-qalamger.kz/?p=1524

Kemel_Qalamger

08 Sep, 09:50


🗓️Демалыс күні назарларыңызға қаламгердің әңгімесін ұсынып отырмыз.


🔹Бүкiл отряд алға шығып, сап түзеп қайта тұрды. Примак планшетiнен жалма-жан картасын суырып алып, Қайсеновпен кеңесiп жатты. Орманның сол жағы бiр шақырымдай ашық алаң да, аржағы ағашқа ұласып, қалың тоғай боп кетедi. Қайсеновтiң отряды жарлауыт қабақ арқылы сол тоғайға өтуi керек. Отряд партизандарға тыңнан қосылған күш тәрiздi көрiнуге тиiс. Сөйтiп жаппай шабуыл жасап жатқан фашист әскерлерiнiң назарын өзiне аударып, атыспен бiртiндеп Хоцк орманына қарай шегiнуi қажет. Бұл мезгiлде құраманың негiзгi күштерi жаралыларды алып, орманға кетедi. Примактың жоспары осы. Бүкiл партизандар құрамасына жабылған немiстердiң жойқын күшi ендi Қайсеновтiң отрядына шүйiлетiн болады. Қайсеновтiң отряды осынша мол күшке тойтарыс бере ала ма?..

⏩️Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз: https://kemel-qalamger.kz/?p=1524

Kemel_Qalamger

06 Sep, 07:31


Кемел Токаев по сути создал новый жанр детективной казахской прозы, основанной на документальной основе. Где он черпал сюжеты, история умалчивает, однако писатель так верно подмечал детали, особенности поведения главных героев, будни сыска и поимки преступников, что читатель словно присутствует на допросах, сидит в засаде с оперативниками, выслеживает матерого шпиона.
Сначала писал для себя, «в стол», затем собрался с духом и издал первый сборник рассказов «Жұлдызды жорық» (1954), через год вышла повесть
«Қыс қарлығашы» (1955), в том же году издательство «Жазушы» напечатало его повесть «Көмескі із» («Таинственный след»). Отступать было поздно, да и не собирался он делать шаг назад. Как в бой, вступил бывший фронтовик на путь писателя, и выбранному жанру оставался верен навсегда.

🔹 https://kemel-qalamger.kz/?p=1514&lang=ru

Kemel_Qalamger

02 Sep, 07:02


Осы сәтте Сейдахмет келді де:
– Коля, на Медеу, ресторан «Жайлау», – деді алдыңғы орынға жайғасып жатып. Менің сұраулы жүзіме қарап:
– Жақыпжан, бүгін лениншілжастық «ескі гвардиямен» кездесу болады. Кемел ағаң мен Шерхан ағаңды (Тоқаев пен Мұртазаны айтады) шақырып отырмын. Әңгіменің байлауын осы екі мықты ағаңнан күтейік, – деп жұмбақтады.
«Ескі гвардия» дегені қызық екен. Кемекеңе меңзегені ме? Олай болса Сейдағаң өзінің құрдасы Шерағаңды да «ескі гвардияға» қосып отыр ма? Әлде маған қаратып: «Сендер «жас гвардия» болсаңдар, біз «ескі гвардиямыз» деп әзілдегені ме?» деген ой келсе де, сұрауды ыңғайсыздау көрдім.
Артынша ол:
– Кемел ағаңның кітаптарын оқып па едің? – деп сұрады.
– Былтыр ғана шыққан «Сарғабанда болған оқиға» кітабын оқыдым, Сәке, – дедім еш ойланбастан тақ ете түсіп.

🔹Толық нұсқасы: https://kemel-qalamger.kz/?p=1503

Kemel_Qalamger

29 Aug, 13:19


🔹 В жанре детективно-приключенческой прозы Кемель Токаев – это одна из самых выдающихся личностей, внесших большой вклад в развитие казахской литературы. Погружаясь в воспоминания  сына писателя Касым-Жомарта Токаева, действующего президента Республики Казахстан, (« Слово об отце», изданное в 2005 году), мы убеждаемся, что детство Кемеля прошло в самые тяжелые времена, когда его брат Касым за один день потерял родителей, а затем и сестру. Как только семьи коснулся вихрь жестокой войны, пришел голод. Не успев испытать пылкие чувства настоящей любви, не познав всей радости отцовства, брат  Касым, к великому сожалению, не вернулся с войны. Юный Кемель  в восемнадцать лет сам также добровольцем уходит на фронт, где был на шаг от смерти, и все же  с тяжелыми ранениями возвращается домой, пережив все ужасы Сталинградской битвы. Война на всю жизнь оставила неизгладимый след в душе Кемеля Токаева, сформировав его мировоззрение и гражданскую позицию.

🔹https://kemel-qalamger.kz/?p=1458&lang=ru