Цитат🕊 Қанатты сөздер @kamanek Channel on Telegram

Цитат🕊 Қанатты сөздер

@kamanek


Атмосфера для души

Цитат🕊Қанатты сөздер (Kazakh)

Каманек - бұл бір манай жүйелі баптамалар бойынша идейлерге жатқан жер. 'Цитат🕊Қанатты сөздер' атты телеграм каналымызда сіз дұрыс орындалған дулат тәнетті сөздер мен дүниежүзілік мүмкіндіктермен таныса аласыз. Біз оңан-оң зерттеу ісіндегі ең жақсы ажыратпаларды жинауға мақсат есептеміз. Каманек каналы атмосфера үшін жасалған, душаңызды босататын сыйлықтармен толтыратын орын. Осы каналды таңдағанда, сіз сіздің күндеріңізді ерекше жасайтын ерекше сөздер мен айтулармен толтыра аласыз. Каманек - бұл танымды жеке көңілді қасиеттері мен жемісі бар канал, сонша, сіз оның көрінісі бойынша мақсатына жетуге мүмкіндік сюймесеңіз, бұл каналды таңдау мақсатында өзгертулер жасаңыз.

Цитат🕊 Қанатты сөздер

17 Jan, 09:56


Сенен біреу көмек сұрап жатса мынаны есіңе ал!

Ол ең алдымен Алладан жәрдем сұрады.Сосын Алла оны саған бағыттады.Әрі сенің оған көмегіңді тигізіп,сол арқылы сенің бір күнәңді кешіргісі келеді.

Хафиз Омар.

Цитат🕊 Қанатты сөздер

24 Nov, 15:04


Тарих қайталанады

Бір кездері Меккеде Нубайһ пен Мунаббиһ ибн Хаджаж есімді екі жас жігіт Алланың елшісін ﷺ мазақтап:
— Ей, Мұхаммед! Алла сенен басқа пайғамбар таба алмады ма? Сенен де құрметті, сенен де лайықты адамдар бар еді ғой — деп кекететін.

--------------

Бұлардың айтып жүрген сөздерін, қазіргі қоғамда айтып жүрген адамдар бар.
Кейіпкері мен сөздері өзгеше болғанымен тура осы мағында айтатын.


— Неге пайғамбар арабтан шықты?
— Біз неге арабтың артынан еруіміз керек?
Неге Құран қазақша түспеді?

Құранда Алла Тағала бұған жауап береді:

«...Алла пайғамбарлықты кімге беретінін жақсы біледі...».
(Әнғам сүресі, 124-аят)

Сенің ісің — Алланың ісіне араласу емес. Сенің міндетің — Алланың бұйрықтарын орындау.
Оның хикметі шексіз, ал біз тек пендеміз.

Цитат🕊 Қанатты сөздер

08 Nov, 04:19


Упомянул (а) вас в истории

Сізге бүгінгі дұғам:
Алла Сіздің дініңізді дұрыс, үйіңізді кең, ризығыңызды берекелі қылсын!
Жолыңызда тек жақсы жандар жолықсын!
Қолыңыз садақа берер қолдардан болсын, садақа алар емес!
Бақытты болыңыз!

Цитат🕊 Қанатты сөздер

01 Nov, 07:16


Жетістіктің бес кілті: Таң, бесін, аср,ақшам, құптан.

Цитат🕊 Қанатты сөздер

01 Nov, 07:16


Ештеңе кездейсоқ емес. Болуы керек жерде болдың. Айтылуы керек жерде айттың. Жасалуы қажет жерде жасадың. Кездесуің керек кезде кездестің. Алланың барлық ісінде ұлы даналық бар.

Цитат🕊 Қанатты сөздер

28 Oct, 01:54


– Алла мені ести ме?

– Иә!

– Онда неге менің сұрағанымды бермеді?!

– Кез келген шипагер сен жақсы көретін дәріні емес, сені емдейтін дәріні береді.

©️Мұстафа Махмұт

Цитат🕊 Қанатты сөздер

27 Oct, 13:48


Соңғы уақытта оқыған ең даналы сөздің бірі:

«Адам қанша уақыт қайғыратынын өзі шешеді».

Әрі қарай қайғыра беремін десе де, дәл қазір қайғыруды тоқтатамын десе де шешімі өзінің қолында.

Цитат🕊 Қанатты сөздер

07 Oct, 13:20


«Шыдай алар емеспін, күшім жетпейді, мен біттім»,-деген сәтте осы аятты өзіңе есіңе ал:

«Алла адамға көтере алмайтын жүк бермейді».

Цитат🕊 Қанатты сөздер

03 Oct, 13:49


Уақыты өтіп, күн сайын қартайып бара жатқан жалғыз сен емес. Саған үміт артып отырғандар да қартайып жатыр…

#ұмтыл

Цитат🕊 Қанатты сөздер

25 Sep, 06:55


«Кімнің ойына кенеттен дұға қылу келсе, Алла оны қабыл еткісі келгені.

Кімнің ойына истиғфар айту келсе, Алла оны кешіргісі келгені.

Ал кімнің ойына Аллаға шүкір ету келсе, Алла оған арттырып бергісі келгені».

(Нәфәхат рухания📚)

#әлі_өзекті

Цитат🕊 Қанатты сөздер

16 Sep, 04:49


Көп Аллаға шүкіршілік білдіріңіз!
Тағдырыңызға разы болыңыз!
“Мен тағдырыма разымын!
Тағдырымдағы барлық нәрсеге разымын!
Ата - анама, бала - шағама, ризығыма, жан жарыма, қайын - жұрт, бауыр, көршілеріме, жолымда жолыққан әр бір жан үшін Раббыма разымын!”

Цитат🕊 Қанатты сөздер

02 Sep, 12:48


Упомянул(-а) вас в комментарии «Я знаю, что ты так много пережил(а), но пусть эта осень станет самой счастливой »

Цитат🕊 Қанатты сөздер

28 Aug, 15:26


Жәннәтқа жетелер күнделікті 8 амал:

1. Парыз намаздардан бөлек 12 рәкәт болған сүннет намаздарды оқу. (2 рәкәғат таң, 4*2 рәкәғәт бесін, 2 рәкәғәт ақшам мен 2 рәкәғәт құптан намазаның сүннеті)

Алла елшісі ‎ﷺ өзінің хадисінде: “Кімде-кім күн сайын 12 сәждесіне (12 рәкәғат сүннет намазын) оқитын болса, оған жәннәттан үй тұрғызылады. (сахих Муслим)

2. Түнгі 2 рәкәт тәһәжжуд намазы. Алла сол бір намазды тұрғызған пендесінің міндетті түрде қажетін өтейді.

3. Дұха намазы (Хадистерде Дұха намазын оқу – барлық жақсылық амалдармен бір өзі тең дәрежеде екені айтылады)

4. Мүлік сүресін оқу. Термизиде жеткен хадисте Мүлік сүресін оқыған адам шапағатқа ие болып, күнәсі кешірілетіні риуаят етіледі.

5. “Лә иләһә иллә Аллаһ уахдаһу лә шәриикә ләһу ләһул мулк уә ләһул хамд уә һуә ғәлә кулли шәйин қадир” зікірін 100 мәрте айту.

Хадисте бұл зікірді 100 мәрте айтқан адамға 100 жақсылық жазылып, 100 жамандығы кешіріліп, сол зікірді айтқаннан бастап кеш батқанша шайтанның жамандығынан амандықта болатындығы айтылған.

6. Алла елшісіне ‎ﷺ салауат айту. Хадисте келгендей: “Кім маған бір салауат айтса, Алла оған он салауат жолдайды” делінеді.

7. “Субханаллаһи уа бихамдиһи, субханаллаһи әл-ғазыйм” 100 мәрте айту. Термизиде жеткен хадисте Кім осы сөзді бір мәрте айтса, жәннәтта оған бір құрма ағашы егілетіні айтылған. Ал 100 мәрте айту 100 құрма ағашы.

8. “Астағфирулла” 100 мәрте. Хадисте келгендей: “Кімде-кім истиғфарға берік болса, Алла оған тығырықтан шығар жол көрсетіп, қайғы-мұңнан арылдырып, оны күтпеген жерден ризықтандырады” дейді.

©️Хассан Шәмси

(عندما يحلو المساء📚)

Цитат🕊 Қанатты сөздер

22 Aug, 02:46


Жүректі тазалау үшін.

Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде былай деді:

«Жүректегі уахарды (ашу,ыза,жеккөру) кетіретін нәрсені айтайын ба?

Әрбір айда үш күн ораза ұстау».

(Жәмиғ әс-Суютый📚)

Цитат🕊 Қанатты сөздер

25 Jul, 15:03


Раббым, маған сондай бір досты сүйдір, уәде мен аманаттың қадірін білетін, сырларымды өзімен бірге әкететін, тірі жан баласына тәрк етпейтін…Раббым, сондай бір сүйген құлыңды жаныма жолдас ет… Және мені жақсы жолдас қыл…

Цитат🕊 Қанатты сөздер

24 Jul, 23:40


Мал-дүние садақадан кемімейді(керісінше оны арттырып, малға береке кіреді).

📚 Хадисті имам Муслим жеткізді.

Ендеше ақшаңыз артып, берекелі болсын десеңіз садақа беріңіз.

Цитат🕊 Қанатты сөздер

06 Jul, 22:36


Ауа-райына шағымданамын деп, ризық-берекеттен тарылып қалмайық…

Пайғамбарымызға ‎ﷺ бір адам келіп, өзінің кедейлігін айтып шағымданады.

Сол кезде Алла Елшісі ‎ﷺ оған:

«Бәлкім сен жел-дауылды сөгіп(ауа райына шағымданып) жүрген шығарсың», – деп, қысқа ғана жауап берді.

Осы хадиске қатысты имам әш-Шафиғи (Алла оны мейіріміне бөлесін) былай дейді:

«Ешбір мүмін жел-дауылға, қандай да бір ауа райына шағымдануына болмайды. Ол бар болғаны Алланың бұйрығын орындайтын бір жаратылыс».

Цитат🕊 Қанатты сөздер

19 Jun, 22:35


Өзіңмен айналысуды қолға алмасаң, кім көрінгенмен айналысып кетесің. Өзіңді ғана сынап алға дамудың орнына, басқаларды сынап бастайсың. Өзіңнің әрекеттеріңді талқылап-саралаудың орнына басқалардың әрекеттерін талқылап кетесің. Жастық шағыңды басқалармен әуре болуға құртып алма.

Цитат🕊 Қанатты сөздер

15 Jun, 22:58


Құрбан айт құтты болсын!

Цитат🕊 Қанатты сөздер

14 Jun, 12:29


Қазір ойлануға да ерінетініміз рас. Қажеттіліктерімді ойланып, толғанып отырғанша, жаттанды дұғаларды айта салайын дейтініміз бар. Кейде жаттанды дұғадан, өзің түсініп тұрған, жүректен шыққан дұға абзал. Дұғаға жалқаулық танытпа. Асықпа, өзіңе керек нәрселерді есіңе түсір, Раббыңмен сырлас, мінәжәт қыл, асықпа!

Цитат🕊 Қанатты сөздер

13 Jun, 17:03


Ұмытып кетпеңіздер!

15.06.2024-Арафа күні 🥹
16.06.2024,17.06.2024,18.06.2024
Яғни 3-күн қатарынан Құрбан айт
Құрбан айт күні ораза ұсталынбайды🙅🏻

Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ)
«Арафа күні ұсталған ораза 1000 күн тұтылған (нәпіл) оразаға тең» (Табарани) 😍❤️

«Арафа күні ораза тұтқан адамдардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Бірі, өткен жылғы, екіншісі, келер жылдың күнәлары» яғни, осы күні тұтылған ораза өткен және келер жылда жасалатын тәубелердің қабыл болуына себепші болады. (Муслим)

Цитат🕊 Қанатты сөздер

02 Jun, 23:16


Нені күтіп жүрсің?!

Пайғамбарымыздың ‎ﷺ мына бір хадисіне назар аударыңыз:

«Бастарыңа 7 түрлі бәле келмей тұрғанда салиқалы амал-әрекеттеріңді жасауға асығыңдар.

Әлде салиқалы амалдарды ұмыттыратын кедейлікті күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде сендерді азғындыққа итермелейтін байлықты күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде сендердің ағзаларыңды құртатын ауруды күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде қаусаған кәрілікті күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде аяқ-асты келе қалатын өлімді күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде жаманшылықтың бастауы дәжжәлді күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлде қиямет сағатын күтіп жүрсіңдер ме?!

Әлбетте, қиямет сағаты одан да ауыр…»

(сунан әт-Термизи)

Цитат🕊 Қанатты сөздер

02 Jun, 23:13


Бірнәрсе күтпесе өмірінен мән таба алмай кететін адамдар көп. Қазіргі өмірінің басты мәні – келесі айдағы чемпионат, финал, екі боксердің сайысы және т.б.

Келесі айға дейінгі өміріндегі басты мән сол.

– Не істеп жүрсің?

– Сол бір матчты күтіп жүрмін.

Оған дейінгі өміріңде еш мән жоқ па сонда…

Цитат🕊 Қанатты сөздер

02 Jun, 23:12


Өмір бойы тек тұтынушы болып өтіп кетпе. Жаңа фильм қашан шығады, жаңа сериясын асыға күтіп жүрмін, жаңа киім коллекциясына аз қалды, жаңа тренд қашан шығады екен деп әйтеуір болмашы бірнәрсе күтіп өмірің босқа өтіп кетпесін.

Тек тұтынушы емес, өндіруші болуға да талпын.

Цитат🕊 Қанатты сөздер

02 Jun, 23:09


Еркіндік деген vogue журналына өзіңді қоя салу)

Бір күн инстаграмға жөнді кіре алмай қалып едім, бәрі vogue-vogue боп жатыр екен:)