The latest content shared by Цитат🕊 Қанатты сөздер on Telegram
Цитат🕊 Қанатты сөздер
01 Mar, 06:28
305
Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: «Үш адамның дұғасы қайтарылмайды:
1. Ата-ананың баласына жасаған дұғасы
2. Ораза ұстаушының дұғасы
3. Жолаушының дұғасы».
(Жәмиғ ли әс-Суюти📚)
Цитат🕊 Қанатты сөздер
28 Feb, 12:56
447
«Рамазанның бір күні қарапайым 1000 күннен абзал. Рамазандағы бір тасбих – басқа айдағы 1000 тасбихтан абзал. Рамазандағы бір рәкәғәт – басқа айдағы 1000 рәкәғәттан абзал🌙».
– Кітап оқымайтын адамның ең бірінші белгісі – басқалардың сөзін бөлу, тыңдай алмау, көп сөйлеу.
Кітаптың ең алғашқы тағылымы – адамды үнсіздікке тәрбиелеу.
Цитат🕊 Қанатты сөздер
26 Feb, 17:43
574
Қателік табу, сөгу, жазалауды, билік берсең, бәрі де істей алады. Бірақ үйрету, тәрбиелеу бәрінің қолынан келе бермейді. Ақылды, дана басшы деп, міне, соларды айтады!
Цитат🕊 Қанатты сөздер
15 Feb, 01:57
1,383
Әні-міне дегенше қабыл болайын тұрған дұғаңды “Дұғам неге қабыл болмай жатыр?” деген сөзбен қайтарып жіберме. Күте біл.
Цитат🕊 Қанатты сөздер
15 Feb, 01:57
1,309
Дұғама тез жауап болмады деп ренжисің.
«Саған дұғаңның жауабын бірден бермейтін Алла – дәл сол Алла, күнәларың үшін де сені бірден жазаламайды». (Қалам Фарис)
Алланың жауабы тез болса біразымыз құрдымға кетер едік. Алла саған ойлануға, тәубе етуге, сұраған затыңды тағы да сарапқа салуға уақыт береді.
Цитат🕊 Қанатты сөздер
10 Feb, 16:59
1,693
Бақытты ұрлайтын 3 нәрсе бар: өткенге деген өкініш, ертеңге деген қорқыныш, бүгінгі күнге шүкіршілік етпеу
Цитат🕊 Қанатты сөздер
17 Jan, 09:56
2,510
Сенен біреу көмек сұрап жатса мынаны есіңе ал!
Ол ең алдымен Алладан жәрдем сұрады.Сосын Алла оны саған бағыттады.Әрі сенің оған көмегіңді тигізіп,сол арқылы сенің бір күнәңді кешіргісі келеді.
Хафиз Омар.
Цитат🕊 Қанатты сөздер
24 Nov, 15:04
3,700
Тарих қайталанады
Бір кездері Меккеде Нубайһ пен Мунаббиһ ибн Хаджаж есімді екі жас жігіт Алланың елшісін ﷺ мазақтап: — Ей, Мұхаммед! Алла сенен басқа пайғамбар таба алмады ма? Сенен де құрметті, сенен де лайықты адамдар бар еді ғой — деп кекететін.
--------------
Бұлардың айтып жүрген сөздерін, қазіргі қоғамда айтып жүрген адамдар бар. Кейіпкері мен сөздері өзгеше болғанымен тура осы мағында айтатын.
— Неге пайғамбар арабтан шықты? — Біз неге арабтың артынан еруіміз керек? — Неге Құран қазақша түспеді?
Құранда Алла Тағала бұған жауап береді:
«...Алла пайғамбарлықты кімге беретінін жақсы біледі...». (Әнғам сүресі, 124-аят)
Сенің ісің — Алланың ісіне араласу емес. Сенің міндетің — Алланың бұйрықтарын орындау. Оның хикметі шексіз, ал біз тек пендеміз.
Цитат🕊 Қанатты сөздер
08 Nov, 04:19
3,566
Упомянул (а) вас в истории
Сізге бүгінгі дұғам: Алла Сіздің дініңізді дұрыс, үйіңізді кең, ризығыңызды берекелі қылсын! Жолыңызда тек жақсы жандар жолықсын! Қолыңыз садақа берер қолдардан болсын, садақа алар емес! Бақытты болыңыз!