"Кей адамдар ұзақ өмір сүрсе де, оның берекесі аз болады.Ал кейбіреулердің өмірі қысқа болса да, оның берекесі көп болады."
Бұл сөздің мағынасы – адамның өмірінің ұзақтығы емес, оның қалай өткізілгені маңызды. Егер уақыт босқа, нәпсіге еріп, пайдасыз нәрселерге жұмсалса, ұзақ өмірдің де мәні болмайды. Ал егер өмір Алланың разылығын іздеумен, ізгі амалдармен өтсе, қысқа ғұмырдың өзі берекелі әрі құнды болады.
Пайғамбарымызﷺайтты:
"Мұсылманның берген садақасы оның өмірін ұзартады, жаман өлімнен сақтайды және Алла сол садақа арқылы тәкәппарлық пен мақтаншақтықты жояды."
Хадистен түсінетініміз садақаның тек материалдық көмек емес, адамның рухани тазаруына, өмірінің берекелі болуына және жамандықтан қорғануына себеп екенін көрсетеді.