AB Silk Way @atamekenbusiness_silkway Channel on Telegram

AB Silk Way

@atamekenbusiness_silkway


AB Silk Way (English)

Are you looking for a channel that offers insightful information on business opportunities and economic trends in the Silk Way region? Look no further than AB Silk Way! This Telegram channel, with the username @atamekenbusiness_silkway, is dedicated to providing its followers with the latest updates on investment opportunities, market analysis, and business news in the Silk Way region. Who is it? AB Silk Way is the go-to source for entrepreneurs, investors, and business professionals interested in expanding their reach in countries along the historic Silk Way trading route. Whether you are looking to start a new business, invest in a growing market, or simply stay informed about economic developments in the region, this channel has got you covered. What is it? AB Silk Way offers a unique blend of curated content, expert insights, and exclusive interviews with industry leaders. From in-depth reports on key sectors like technology, healthcare, and energy to tips on navigating regulatory challenges and cultural nuances, this channel is a valuable resource for anyone looking to succeed in the Silk Way region. Join AB Silk Way today and gain access to a wealth of information that will help you make smart business decisions and stay ahead of the competition. Don't miss out on this opportunity to expand your knowledge and network in one of the world's most dynamic and exciting regions. Subscribe now and start your journey to success with AB Silk Way!

AB Silk Way

23 Jan, 14:02


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Қытай суасты қайығынан ұшырылатын алғашқы дронды жасады

▪️ Шанхайға биылғы жылдың алғашқы халықаралық круиздік лайнері келді

▪️ Қытай карталары шетелдіктер үшін ағылшын тілінде қолжетімді болды

▪️ Шанхайда роботтарды дайындау орталығы ашылды

▪️ Голливуд фильмдері Қытайда алғаш рет пандемиядан кейін өсім көрсетті

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Jan, 13:00


✈️ COMAC C919 ұшақтарының өндірісін арттырады

Қытайдың коммерциялық авиация корпорациясы (COMAC) 2025 жылдан бастап C919 ұшақтарының өндірісін жылына 50 данаға жеткізуді жоспарлап отыр. Компания басшысының орынбасары Шэнь Боның мәлімдеуінше, 2024 жылы нарыққа 30 ұшақ шығарылды.

COMAC-тың басты мақсаты – өндіріс көлемін арттырып, шетелдік авиация ұйымдарынан сертификат алу. Бұл компанияға халықаралық нарықта Airbus және Boeing сияқты ірі өндірушілермен бәсекелесуге жол ашады.

C919 ұшағы 2023 жылы коммерциялық рейстерге шықты. Қазір оның 15 данасы China Eastern Airlines, China Southern Airlines және Air China әуе компанияларында қолданыста. 2024 жылдың соңында бұл ұшақтар 1 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады.

ℹ️ Сарапшылар 2031 жылға қарай әрбір қытайлық әуе компаниясының паркінде кемінде 100 C919 ұшағы болады деп болжайды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Jan, 12:04


🦾 Шанхайда роботтарды дайындау орталығы ашылды

Шанхайда гуманоид роботтарды дайындау орталығы ашылды. Мұнда роботтар әртүрлі тапсырмаларды орындауға бейімделіп, жинақталған мәліметтер олардың мүмкіндіктерін жетілдіру үшін мамандарға беріледі.

Орталықта 10-нан астам жетекші компания мен ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. Алғашқы кезеңде 100 роботты 10 түрлі сценарий бойынша дайындау жоспарланған.

Бұл жоба Шанхайды гуманоид роботтарды өндіретін негізгі орталыққа айналдыруға көмектеседі. Сарапшылар 2030 жылға қарай әлемдік гуманоид роботтар нарығы 20 миллиард доллардан асады деп болжайды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Jan, 11:05


📝 Қытай қаржы ашықтығын арттыру үшін жаңа шаралар енгізді

Қытайда еркін сауда аймақтары мен еркін сауда портының қаржылық ашықтығын кеңейтуге арналған жаңа құжат қабылданды. Онда алты бағыт бойынша 20 нақты шара ұсынылған. Бұл бастама Қытайдың қаржы саласын халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, оның ашықтығын арттыруға бағытталған. Құжатты Қытай Халық банкі, Сауда министрлігі және бірнеше мемлекеттік орган бірлесіп дайындаған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Jan, 10:02


📈 Қытай мемлекеттік қорларының акциялары жыл сайын 10%-ға өседі

Қытайда мемлекеттік қорларға тиесілі А санатындағы акциялардың құнын алдағы үш жылда жыл сайын кемінде 10%-ға арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қытайдың Бағалы қағаздар және биржа комитетінің төрағасы У Цин хабарлады. Оның айтуынша, бұл қадам қаржы нарығын дамыту және экономиканы қолдау мақсатында жүзеге асырылады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Jan, 09:01


🚢 Шанхайға биылғы жылдың алғашқы халықаралық круиздік лайнері келді

Silver Dawn круиздік лайнері биыл Шанхай халықаралық портына келген алғашқы кеме. Онда АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Австралия мемлекеттерінен 400-ден астам турист бар. Қытайдың мегаполисінде кеме екі күн тұрады. Көптеген жолаушылар үшін, Қытайда визасыз режим енгізілгендіктен, құрлыққа шыққаннан кейін олар бірден экскурсияларға барып, қаланың көрікті жерлерін аралай алады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Jan, 08:00


🗺 Қытай карталары шетелдіктер үшін ағылшын тілінде қолжетімді болды

AMAP қосымшасы шетелдік пайдаланушыларға арналған ағылшын тіліндегі нұсқасын іске қосты. Бұл Қытайдың ағылшын тілінде қолжетімді алғашқы карта сервисі. Қосымшаны App Store мен Google Play арқылы жүктеуге болады, бірақ қазіргі уақытта ол тек Қытай аумағында ғана жұмыс істейді.

Жаңа нұсқа шетелдік пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жер-су атауларын, туристік орындар, мейрамханалар мен қонақүйлер туралы мәліметтерді ағылшын тілінде ұсынады. Сонымен қатар, жолақтар деңгейіндегі бағыт сілтеу және бағдаршамның қызыл жарығына дейінгі уақытты есептейтін кері санақ сияқты ерекше функциялар қосылған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Jan, 07:03


🧳 Қытайдағы ішкі туризм 14,8%-ға артты

2024 жылы Қытайдағы ішкі туризм 5,615 млрд адам-сапарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 724 млн-ға немесе 14,8%-ға артық. Бұл туралы ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы қытайлық туристер жалпы 5,75 трлн юань (шамамен $790 млрд) қаражат жұмсаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,84 трлн юань немесе 17,1%-ға көп.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Jan, 06:02


🎥 Қытай медиакорпорациясының жылжымалы телестудиялары Харбинге жеткізілді

2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Харбин қаласы осы шараға толығымен дайын десе болады. Қалаға Қытай Медиакорпорациясының мобильді телевизиялық станциялары жеткізіліп, спорттық ойындарды тікелей эфирде көрсету үшін дайындық жұмыстарына кіріскен.

Бұл станциялар 4K және 8K форматтарында жоғары сапалы сигналдарды таратуға қабілетті, сондай-ақ, оларды қосымша жабдықтармен қамтамасыз ететін көліктер де бар. Бұл станциялардың кейбірі Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарында қызмет атқарған. Харбиндегі ойындарға арналған олар жаңартылып, өте төмен температурада да тұрақты жұмыс істеуге бейімделген.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Jan, 05:03


🔎 Қытай суасты қайығынан ұшырылатын алғашқы дронды жасады

Қытайлық мамандар Feiyi деп аталатын ерекше дрон жасап шығарды. Бұл құрылғы су астында да, әуеде де еркін қозғала алады.

Feiyi-дің басты артықшылығы – жинамалы қанаттар жүйесі. Осы технологияның арқасында дрон су мен әуе кеңістігінде еркін ұшып, кейін өз базасына – суасты қайығына орала алады.

ℹ️ Сынақтар көрсеткендей, бұл дронды суасты барлау, әуе бақылауы және қарсыласқа соққы жасау үшін тиімді пайдалануға болады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Jan, 04:04


🎞 Голливуд фильмдері Қытайда алғаш рет пандемиядан кейін өсім көрсетті

2024 жылы Қытайда 93 шетелдік фильм прокатқа шығарылды, бұл пандемияға дейінгі 2019 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Bloomberg мәліметінше, бұл үкіметтің экономиканың баяулауын тоқтатып, тұтынушылық шығындарды ынталандыруға бағытталған шараларымен байланысты.

Жыл ішінде Қытайда 42 америкалық және 24 жапондық фильм көрсетілді, бұл да 2019 жылдан бергі ең жоғарғы нәтиже. Сонымен қатар, 2024 жылы Қытайдың жалпы кассалық түсімі 23%-ға төмендеп, 42,5 миллиард юаньды (5,9 миллиард доллар) құрады. Дегенмен, шетелдік фильмдер нарықтағы үлесін 21%-ға дейін арттырып, пандемиядан бері ең жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Жыл қорытындысы бойынша кассалық түсімі ең жоғары 10 фильмнің қатарына тек екі шетелдік фильм енді: «Годзилла мен Конг: Жаңа империя» блокбастері және Хаяо Миядзакидің «Бала мен құс» мультфильмі, сәйкесінше тоғызыншы және оныншы орындарды иеленді. Айта кетсек, 2023 жылы үздік ондыққа бірде-бір шетелдік фильм кірмеген еді.

ℹ️ Жылдың ең табысты фильмі Қытайлық режиссер Цзя Линнің «Бір рет қана өмір сүресің» драмасы болды. Екінші және үшінші орындарда «Пегас 2» және «Мұрагер» комедиялары орналасқан.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Jan, 16:40


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Қытай 5000 км/сағ жылдамдықпен ұшатын лайнер жасап жатыр

▪️ Панама Қытай ықпалына алаңдап, порт операторын тексеруде

▪️ Қытайлық R1 моделі OpenAI-дан озық екенін дәлелдеді

▪️ TikTok пен State Grid әлемдегі ең қымбат брендтердің ондығына енді

▪️ Қытайдың автонарығында көш бастаған 10 көлік моделі анықталды

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Jan, 14:01


🔝 TikTok пен State Grid әлемдегі ең қымбат брендтердің ондығына енді

Brand Finance халықаралық агенттігі 2025 жылғы ең қымбат 500 брендтің тізімін жариялады. Қытайдың қысқа видеоларға арналған TikTok қосымшасы 105,8 миллиард долларға бағаланып, жетінші орынға жайғасты. Ал Қытайдың Мемлекеттік электр желілері корпорациясы (State Grid) 85,6 миллиард доллармен ондықты аяқтады.

TikTok соңғы бес жылда ең қарқынды дамыған брендтердің бірі ретінде танылды. Бұл қатарға BYD, Pinduoduo, TSMC, Nvidia және Microsoft та кіреді.

📊 Рейтингке барлығы 69 қытайлық бренд еніп, Қытай 15% үлесімен екінші орын алды. Бірінші орында АҚШ – оның үлесі 53%, ал тізімге енген брендтер саны 194.

Ең қымбат бес брендті АҚШ компаниялары иеленіп отыр:

1. Apple ($574,5 млрд)
2. Microsoft ($461,1 млрд)
3. Google ($413 млрд)
4. Amazon ($356,4 млрд)
5. Walmart ($137,2 млрд)

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Jan, 12:20


🔍 Панама Қытай ықпалына алаңдап, порт операторын тексеруде

Панама үкіметі елдегі Панама каналының екі шетіндегі порттарды басқаратын Гонконг компаниясына тексеру жүргізуді қолға алды. Бұл тексеру мемлекеттік ресурстардың тиімді және ашық пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мұндай шешім АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Қытайдың ықпалына алаңдап, Панама каналын қайтару туралы мәлімдемесінен кейін қабылданды.

Тексеру аясында прокуратура Panama Ports компаниясының кеңселеріне аудит жүргізуге мамандар жіберді. Бұл компания Гонконг миллиардері Ли Цзячэнге тиесілі CK Hutchison Holdings тобының еншілес ұйымы болып табылады. Panama Ports 1998 жылы Панамадағы екі портты басқаруға рұқсат алған, ал 2021 жылы бұл келісімнің мерзімі ұзартылған.

CK Hutchison Holdings Латын Америкасында тағы тоғыз портты (Мексика мен Багам аралдарында) басқарады. Әлем бойынша компания 50-ге жуық портты иелік етеді.

ℹ️ Панама президенті Хосе Рауль Мулино бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Панама каналы мемлекеттің толық бақылауында қалатынын айтты.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Jan, 10:00


📝 Қытай Халық банкі 2024 жылы жылжымайтын мүлік нарығын ынталандыру туралы есеп берді

Халық банкінің орынбасары Сюань Чаннэннің айтуынша, билік 300 миллиард юань көлемінде қолжетімді тұрғын үйді қайта қаржыландыру бағдарламасын іске қосты, ипотекалық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төменгі шегін жойды, ипотекалық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді одан әрі төмендетуге қолдау көрсетті және жылына жалпы сомасы 150 миллиард юань болатын ипотекалық қарыз алушылардың пайыздық төлемдерін субсидиялады.

ℹ️ Мақсат — аталған нарықтағы қолжетімділікті қамтамасыз ету, бизнесті қаржыландыру құнын төмендету және несиелендірудің өсуін қолдау.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Jan, 08:00


🚗 Қытайдың автонарығында көш бастаған 10 көлік моделі анықталды

2024 жылы Қытайда ең көп сұранысқа ие болған 10 седан мен хэтчбек анықталды. Тізімнің көшін BYD маркасының Qin Plus және Seagull модельдері бастады. BYD брендінің жалпы бес моделі үздік ондыққа енді. Volkswagen мен Nissan брендтерінің де бірнеше моделі жоғары сұранысқа ие болды.

Сатылым көрсеткіштері:
1. BYD Qin Plus – 480 025 дана
2. BYD Seagull – 453 593 дана
3. Nissan Sylphy – 342 395 дана
4. Volkswagen Lavida – 322 933 дана
5. SGMW Wuling Hongguang Mini EV – 261 141 дана
6. Volkswagen Passat – 246 007 дана
7. Volkswagen Sagitar – 241 127 дана
8. BYD Qin L – 229 591 дана
9. BYD Han – 228 713 дана
10. BYD Destroyer 05 – 217 232 дана

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Jan, 07:03


🌐 UBS: Қытай шетелдік инвесторлар үшін тартымды болып қала береді

Қытай экономикалық белгісіздікке қарамастан шетелдік инвесторлар үшін тартымды болып қала береді. Бұл туралы Шанхайда өткен брифингте UBS ірі еуропалық инвестициялық банктің өкілдері мәлімдеді.

2025 жылы олар Қытай Халық банкінің пайыздық мөлшерлемелерін 30-40 базистік пунктке төмендетуді, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік нарығын ынталандыру үшін қосымша шаралар қабылдауды болжайтынын айтты.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Jan, 14:03


📣 Қытай медиакорпорациясы мен 9-шы Қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті жаңа акция бастады

Қытай медиакорпорациясы 9-шы Қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетімен бірлесе отырып, 7 ақпанда Харбинде басталатын және бір аптаға созылатын Азия ойындарына арналған жаңа акцияны іске қосты.

Акция аясында онлайн платформаларда қойылған қар адамының виртуалды көрмесі өтеді. Қатысушылар өздерінің қар адамын жасау үшін кез келген материал мен идеяны пайдаланып, немесе сүйікті қар адамдарының суреттерін тауып, оларды әлеуметтік желілерде @Cthedifference (айқұлақ Си-зе-дифференс) белгісімен және #snowman хэштегімен жариялай алады. Бұл арқылы олар Харбиндегі Қысқы Азия ойындарына үлкен қолдау көрсетеді

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Jan, 12:03


🌐 Шанхайда интернет шектеулерін жеңілдету ұсынылды

Шанхай халық өкілдері мәжілісінің мүшесі Мао Сяндун қаладағы еркін сауда аймақтарында, қаржы аудандарында және университеттерде интернет шектеулерін жеңілдетуді ұсынды.

Оның айтуынша, халықаралық іскерлік аймақтарда интернетке шектеусіз қолжетімділік Шанхайдың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл аймақтарға Луцзяцзуй бизнес ауданы, China International Import Expo алаңы және Хунцяо іскерлік орталығы кіреді.

Ашық интернет шетелдіктерді Шанхайға тартуға көмектесіп, университеттерде халықаралық жасанды интеллектке қолжетімділік білім мен инновацияға пайда әкеледі, деді Мао Сяндун. Шектеулерді нақты қалай жеңілдету керек екені айтылған жоқ.

ℹ️ Қазіргі уақытта Қытайда 10 мыңнан астам халықаралық сайтқа қолжетімділік шектелген, олардың арасында әлеуметтік желілер мен танымал жұмыс құралдары бар. Бұл сайттарға тек VPN арқылы кіруге болады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Jan, 10:03


TikTok АҚШ-та жұмысын тоқтатты

18 қаңтар кешінде TikTok қосымшасы АҚШ аумағында жұмыс істемей қалды. Сондай-ақ, қосымша Apple мен Google дүкендерінен алынып тасталды. Бұл шара ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деген себеппен платформаны жабуды талап ететін заң күшіне енбестен бірнеше сағат бұрын іске асырылды.

ByteDance компаниясына тиесілі басқа қосымшалар да бұғатталды, олардың ішінде TikTok Shop Seller, CapCut, Lemon8 және Gauth бар.

TikTok басшылығы мәселені шешу үшін Дональд Трамптың 20 қаңтарда президенттік қызметке кірісуін күтуде. Бұған дейін Трамп компанияға қосымшаны жабу үшін 90 күндік мерзім беруі мүмкін екенін айтқан.

ℹ️ TikTok қолданушылары жаңа платформаларды, соның ішінде RedNote қосымшасын қарастыруда. Ал TikTok Shop арқылы табыс тауып отырған кәсіпкерлер бұғатталу салдарынан болатын шығындарға алдын ала дайындалып жатыр. АҚШ-та TikTok-тың 170 миллион қолданушысы бар.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Jan, 08:02


💸 Юань әлемдік төлемдер жүйесінде төртінші орынға көтерілді

Қытайдың Халық банкінің мәліметінше, 2024 жылы юаньмен жасалған халықаралық төлемдер мен аударымдардың жалпы көлемі 64 триллион юаньға жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 23%-ға көп. Бұл өсімге Қытайдың қаржы саласындағы тиімді саясаты әсер еткен.

Қазір Қытай валютасын 80-нен астам елдің орталық банктері мен қаржы реттеуші органдары резервтік валюта ретінде пайдаланып отыр. Бұл юаньның әлемдік қаржы жүйесіндегі маңыздылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Jan, 06:00


📊 ХВҚ Қытай экономикасына қатысты болжамын өзгертті

Халықаралық валюта қоры Қытайдың 2025 жылға арналған ішкі жалпы өнім өсімін 4,6%-ға дейін жоғарылатты. Бұл 2024 жылғы оң динамика мен қыркүйек-қараша айларында қабылданған қолдау шараларының нәтижесі. Сонымен қатар, биыл Қытайда инфляция деңгейі төмен болады деп болжануда. 2026 жылға арналған болжам да 4,5%-ға дейін көтерілді.

ℹ️ Әлемдік экономиканың 2024 жылғы өсімі 3,3%-ды құрайды деп күтілуде және бұл көрсеткіш 2026 жылға дейін өзгеріссіз қалады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Jan, 13:04


🎥 Қытай медиакорпорациясы Қысқы Азия ойындарын 4K және 8K форматында көрсетеді

Қытай медиакорпорациясы 9-шы Қысқы Азия ойындарының арнайы эфир топтарының жұмысын бастауға арналған салтанатты рәсім өткізді. Қытай Медиакорпорациясы 9-шы Қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу салтанаттарын, сондай-ақ, басқа да шараларды 4K форматында таратуды жоспарлап отыр, ал шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және басқа да бірқатар жарыстар 8K форматында көрсетіледі.

ℹ️ 9-шы Қысқы Азия ойындары ақпан айының 7-14 аралығында Харбин қаласында өтеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Jan, 11:01


🌐 Қытайда интернет пайдаланушылар саны 1,1 миллиардтан асты

2024 жылдың желтоқсанында Қытайда интернет қолданушылар саны 1,108 миллиардқа жетті. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 16 миллионға өскен. Қазір ел халқының 78,6%-ы интернетке қосылған.

Онлайн төлем қызметтерін пайдаланатын адамдар саны 1 миллиардтан асса, 974 миллион адам интернет арқылы сауда жасайды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 59,5 миллионға көп. Онлайн сауда жасаушылардың қатарында 60 жастан асқандардың 70%-ы және ауылдық жерлерде тұратын адамдардың 76%-ы бар.

Интернет қолданушылары мен онлайн сауданың өсуі Қытайда 5G желісі мен кеңжолақты интернеттің кеңінен таралуымен байланысты. 2024 жылдың қарашасына дейін елде 4,19 миллион 5G базалық станциясы орнатылған. Кеңжолақты интернетке қосылғандар саны 209 миллионға жетті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Jan, 09:03


📊 Қор нарығы: апта қорытындысы

📌 Қытайда қор нарығының жаңа басымдықтары белгіленді. Бұл бағыттар орта және ұзақ мерзімді капиталға қолжетімділікті жеңілдету, институционалдық ашықтықты арттыру және нарықтың икемділігін жақсартуды көздейді.

📊 2024 жылы Қытайда панда-облигацияларының көлемі 200 миллиард юаньды құрады. Бұл – шетелдік эмитенттер шығарған, юаньмен номинацияланған бағалы қағаздар.

📈 Қытайдың Xiaohongshu әлеуметтік желісінің акциялары осы аптада айтарлықтай өсті, себебі ол АҚШ-тағы App Store қосымшалар рейтингінде бірінші орынға шықты.

📊 Биыл жергілікті билік органдары 4,5 триллион юань көлемінде арнайы облигациялар шығаруды жоспарлап отыр.

📈 Қытайлық Cambricon компаниясының акциялары өткен жылы төрт есе өсті. Бұл компания жасанды интеллект үшін микросхемалар әзірлейді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Jan, 07:03


АҚШ Жоғарғы соты TikTok-қа тыйым салатын заңды мақұлдады

АҚШ Жоғарғы соты TikTok қосымшасын ел аумағында пайдалануға тыйым салатын заңды қолдады. Жаңа заң 19 қаңтарда күшіне енеді.

Бұл заң TikTok иесі ByteDance компаниясына платформаны сатуды талап етеді және тыйымды АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндіреді. TikTok бұл шешімге қарсы шағым түсіргенімен, сот заңды қолдап, оның Конституцияның сөз бостандығын қорғайтын Бірінші түзетуін бұзбайтынын мәлімдеді.

ℹ️ Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп TikTok мәселесін шешуге уәде берді және оны жақында Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен талқылағанын хабарлады. Дегенмен, Трамптың инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді, ал заң оған дейін күшіне енеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Jan, 05:03


📞 Си Цзиньпин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті

Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

🇺🇸 Трамп әңгіме барысында TikTok, сауда және бейбітшілікке қол жеткізу жолдарын сөз етті. Екі тарап ортақ мүдделерге қатысты мәселелерді талқылау үшін арнайы байланыс арнасын құруға келісті. Сондай-ақ ол бұл әңгіменің Қытай мен АҚШ үшін пайдалы әрі маңызды болғанын атап өтті.

🇨🇳 Си Цзиньпин Қытай-Америка қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты және Дональд Трамптың президент болуы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді деп үміт білдірді. Сонымен бірге, Қытай тарапы Тайвань мәселесіне сақтықпен қарау қажеттігін ескертті.

ℹ️ Әңгіме АҚШ президентінің 20 қаңтарда өтетін инаугурациясына бірнеше күн қалғанда болды. Бұл екі көшбасшының 2021 жылдан бергі алғашқы байланысы.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Jan, 16:04


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Қытайда экс-шенеунік 6 млн доллар пара алғаны үшін сотталуда

▪️ Трамптың инаугурациясына Қытайдан кімнің баратыны белгілі болды

▪️ Қытай халқының саны тағы 1,4 миллионға азайды

▪️ Қытайдың бес өңірінде ең төменгі жалақы көтерілді

▪️ Қытайда 2024 жылы автомобильдер сатылымы 31 миллион данадан асты

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Jan, 15:01


🦿 Бейжіңде роботтар арасында жартылай марафон өтеді

2025 жылдың сәуір айында Бейжіңде гуманоидты роботтар арасында жартылай марафон өтеді. Бұл туралы Бейжің экономикалық және техникалық даму аймағының басқару комитеті хабарлады. Жарысқа әлемнің әртүрлі елдерінен гуманоидты роботтар қатысады.

Жарысқа қытайлық «Тяньгун» гуманоидты роботы да қатысады. Ол 10 км/сағат жылдамдықпен жүгіруге қабілетті. 2024 жылдың қарашасында «Тяньгун» Бейжің жартылай марафонында қатысушылармен бірге жүгірген еді.

✈️ Сонымен қатар, 2025 жылдың тамыз айында Бейжіңде гуманоидты роботтар үшін тағы бір спорттық шара өтеді. Бұл жарыста жеңіл атлетика, футбол және басқа да спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Jan, 14:15


🌉 Қытайда әлемдегі ең биік көпірдің құрылысы аяқталды

Бұл көпір Гуйчжоу провинциясындағы Хуацзян шатқалы арқылы өтеді. Көпірдің жобалық биіктігі шатқалдың түбінен көпірдің үстіңгі жағына дейін 625 метрді құрайды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Jan, 13:35


🔋 Хубэй провинциясының электр желісі тағы бір энергия сақтау қоймасымен толықты

Қытайдың Энергетикалық инженерия корпорациясы Хубэй провинциясындағы Инчэн қаласында жаңа энергия сақтау станциясын іске қосты. Бұл станция «Нэнчу-1» деп аталады және сығылған ауаны энергия сақтау үшін қолданады.

Станцияның жұмыс принципі өте қарапайым. Мысалы, энергия тұтыну көлемі өте төмен кезеңдерінде артық энергияны жер астындағы қоймаларда сақтайды. Ал энергия тұтыну көлемі артқан сайын қажет энергияны сығылған ауа арқылы электр энергиясын қайтадан желіге қосады. Жаңа станцияның қуаты 300 мегаватты құрайды, бұл Қытайда іске қосылған тоғыз ұқсас жобаның жалпы қуатының жартысына жуығы.

Қазіргі уақытта Қытайда артық энергияның 85%-ы гидроаккумуляциялық үрлеу арқылы сақталады. Бірақ сығылған ауамен энергия сақтау жүйесінің үлесі 2025 жылы 10%-ға жетіп, 2030 жылға қарай екі есе артады деп жоспарланған. Бұл технология литий-ионды батареяларға қарағанда әлдеқайда арзан, қауіпсіз әрі экологиялық таза болып келеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Jan, 12:50


🍼 Қытайда жаңа туған сәбилер саны артты

2024 жылы Қытайда 9,54 миллион бала дүниеге келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 520 мыңға көп. Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік статистика басқармасы хабарлады.

Туу көрсеткіші араға сегіз жыл салып алғаш рет өсті. Сарапшылар бұл өсімді пандемияның аяқталуы мен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау шараларымен байланыстырады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Jan, 12:05


Қытайда экс-шенеунік 6 млн доллар пара алғаны үшін сотталуда

Қытай Ұлттық темекі корпорациясының бұрынғы басшысы Лин Чэнсин пара алу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану ісі бойынша сотқа тартылды. Сот барысында Лин кінәсін мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін айтты.

Лин бұған дейін ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігінде, сондай-ақ Мемлекеттік темекі монополиясы басқармасында жоғары лауазымдарды атқарған.

Прокуратураның мәліметінше, Лин 2006-2023 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, ұйымдар мен жеке тұлғаларға заңсыз қолдау көрсеткен. Осы уақыт ішінде ол 43 миллион юань (шамамен 6 миллион доллар) пара алған. Сонымен қатар, оған инвестициялар мен акциялар бойынша мәселелерді заңсыз шешкен деген айып тағылды.

ℹ️ Сот үкімі әлі шығарылған жоқ.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Jan, 11:11


🚗 Қытайда 2024 жылы автомобильдер сатылымы 31 миллион данадан асты

Қытайдың автокөлік өнеркәсібінде жаңа рекорд тіркелді. 2024 жылы аталған елде 31 миллионнан астам көлік сатылды. Қытайдың Автокөлік өнеркәсібі қауымдастығының мәліметінше, өндіріс көлемі жыл сайын 3,7%-ға өсіп, сатылым көрсеткіші 4,5%-ға артқан.

Бір жылда Қытайдан 5 миллион 859 мың көлік экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,3%-ға көп. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2025 жылы Қытайда сатылатын көліктер саны 33 миллионға жақындайды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Jan, 09:31


📉 Қытай халқының саны тағы 1,4 миллионға азайды

2024 жылы Қытай халқының саны 1,39 миллион адамға қысқарып, 1,4083 миллиард адам болды. Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік статистика басқармасы хабарлады.

Жыл ішінде 9,54 миллион бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға өсті. Ал қайтыс болғандар саны 10,93 миллион адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға аз.

Еңбекке жарамды 16-59 жас аралығындағы тұрғындар 857,98 миллион адамды немесе халықтың 60,9%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға аз. 60 жастан асқандар саны 310,31 миллионға жетіп, халықтың 22%-ын құрады.

Қалалық тұрғындар саны 943,5 миллион адамға жетіп, 1,1%-ға өсті. Ауыл тұрғындарының саны 464,78 миллионға дейін азайып, 2,5%-ға төмендеді.

ℹ️ Айта кетейік, Қытай халқының саны 2022 жылы алғаш рет 850 мың адамға, ал 2023 жылы 2,08 миллион адамға азайған еді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Jan, 11:00


📣 Қытай АҚШ-тың жасанды интеллект саласындағы шектеулеріне қарсылық білдірді

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары мен чиптер экспортына қатаң шектеулер енгізді. Бұл жаңа ережелер Қытаймен серіктес елдер үшін қиындықтар туғызды, деп мәлімдеді Қытайдың Сауда министрлігі.

Министрлік АҚШ-тың іскер топтары бұл шешімге наразы екенін атап өтті. Байденнің бұл бастамасы екі ел арасындағы сауда байланыстарын әлсіретіп, нарықтық қағидаларды бұзып, ғаламдық ғылыми-техникалық дамуға кедергі келтіреді.

Қытай өз мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолданатынын хабарлады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Jan, 10:04


📊 Қытайда NEV көліктері сатылымның 40%-ын құрады

Қытай автомобиль өндірушілер қауымдастығы (CAAM) 2024 жылы елдегі автомобиль өндірісінің нәтижелерін жариялады.

Елде жалпы 31,3 миллион көлік өндіріліп, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға өскен. Ал сатылым 4,5%-ға артып, 31,4 миллион көлікті құрады.

Жаңа энергия көздерінде жұмыс істейтін көліктер (NEV) өндірісі 34,4%-ға өсіп, 12,9 миллионға жетті. Дәл осындай мөлшерде NEV көліктері сатылып, олардың сатылымы 35,5%-ға артқан. Жалпы сатылымда NEV көліктерінің үлесі 41%-ды құрады.

Сондай-ақ, Қытай 2024 жылы 5,9 миллион көлік экспорттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,3%-ға артық. Осылайша, Қытай әлемде ең көп көлік өндіріп, экспорттайтын ел болып қалды.

2025 жылы Қытайдың автомобиль өндірісі тұрақты өседі деп болжануда. Экспорт көлемі 5,8%-ға артып, 6,2 миллионға жетеді деп күтілуде.

ℹ️ Алайда, бұл болжам АҚШ пен Еуроодақтың қытайлық электромобильдерге енгізген жаңа тарифтеріне байланысты сақтықпен жасалды. 2024 жылы электромобильдер экспорты 10,4%-ға азайғанымен, гибрид көліктер экспорты 190%-ға өскен.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Jan, 09:03


📱 TikTok-қа тыйым салу қаупі: америкалықтар Xiaohongshu қосымшасына көше бастады

TikTok-қа ықтимал тыйым салу АҚШ қолданушыларын балама платформаларға көшуге мәжбүрлеп отыр. Осы аптада Қытайдағы Instagram баламасы ретінде танымал Xiaohongshu қосымшасы iOS жүйесінде ең көп жүктелген тегін қосымша атанды. Қосымшада ағылшын тіліндегі жаңа контент пен пайдаланушылар саны күрт өсті, ал #tiktokrefugee хэштегімен жарияланған жазбалар миллиондаған қаралым жинады.

ℹ️ Xiaohongshu қосымшасы Қытай мен АҚШ қолданушылары арасында қарым-қатынас орнатып, бір-біріне тіл үйренуге көмектесуге мүмкіндік беруде. Бұл платформа көбінесе саяхат, сұлулық және өмір салты туралы кеңестер іздейтін жас қытайлық әйелдер арасында танымал.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Jan, 08:03


⚡️ Сицзан уезінде тағы жер сілкінісі болды

Қытайдың Сицзан автономиялық ауданындағы Динжи уезінде 14 қаңтарда бірнеше қайталама жерасты дүмпуі тіркелді. Ең қатты афтершоктың магнитудасы 5 балға жетті. Бұл дүмпулер 13 қаңтар кешкісін және 14 қаңтар таңертең сезілген. Ресми мәлімет бойынша, таңғы сағат 8:00-ге дейін өңірде 3614 афтершок тіркелген.

Құтқарушылар жергілікті елдімекендерге барып, жер сілкіністерінің салдарын тексеріп жатыр. Әзірге айтарлықтай үлкен шығын немесе зардап туралы ақпарат жоқ.

ℹ️ Еске сала кетейік, 7 қаңтарда осы өңірде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болып, 126 адам қаза тапқан еді. Зардап шеккендерге көмек ретінде 260 тонна гуманитарлық жүк жеткізіліп, эвакуацияланған тұрғындарға арналған 2000-нан астам уақытша баспана орнатылды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Jan, 07:15


🧳 Қытайда көктем мерекесіне орай халықтың жаппай сапарлары басталды

14 қаңтарда Қытайда Көктем мерекесіне байланысты адамдардың туған жерлеріне жаппай сапар шегетін кезеңі ресми түрде басталды. Дәстүр бойынша, миллиондаған тұрғын Қытай Жаңа жылын отбасымен бірге атап өту үшін ірі қалалардан ауыл-аймақтарға оралады.

Бұл саяхат маусымы 40 күнге созылып, 22 ақпанда аяқталады. Мамандардың болжамынша, осы уақытта әртүрлі көлік түрлерімен шамамен 9 миллиард сапар жасалады. Оның ішінде 510 миллион адам пойызбен, ал 90 миллион адам ұшақпен қатынайды. Бұл көрсеткіштер жаңа рекорд болады деп күтілуде.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Jan, 06:30


🌍 «Чанъэ-7»: Ай миссиясының басталуына бір жыл қалды

Қытайдың автоматты планетааралық «Чанъэ-7» станциясы 2026 жылы Айды зерттеу үшін ғарышқа ұшатын болады. Бұл туралы Қытай ұлттық ғарыш басқармасы хабарлады. Қазіргі уақытта жоба белсенді әзірленуде.

«Чанъэ-7» станциясы Айдың оңтүстік полюсіне жақын орналасқан Шеклтон кратерінің шетіне қонуы жоспарланып отыр. Оның негізгі тапсырмаларының бірі — Айдың болашақ зерттеулері үшін деректер жинау және мұз қорының бар-жоғын анықтау. Бұл зерттеу нәтижелері болашақ халықаралық Ай зерттеу станциясын сумен, оттегімен және зымыран отынымен қамтамасыз етуді айтарлықтай жеңілдетеді.

ℹ️ 2024 жылы «Чанъэ-6» миссиясы арқылы алғаш рет Айдың кері бетінен алынған топырақ үлгілері Жерге жеткізілді. Ал «Чанъэ-7» миссиясы алдында сарапшылар одан да амбициялық міндеттер қойған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Jan, 05:02


💬 TikTok-ты Илон Маск сатып алуы мүмкін

TikTok-ты сату мерзімі жақындаған сайын Қытай шенеуніктері түрлі жоспарларды қарастыруда. Соның бірі – TikTok-тың АҚШ-тағы бөлімшесін Илон Маскке сату. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Илон Маскке тиесілі X платформасы (бұрынғы Twitter) TikTok-тың АҚШ-тағы жұмысын қадағалап, оны қытайлық ByteDance компаниясымен бірлесіп басқаруы мүмкін. Дегенмен, бұл мәселе әлі талқылану деңгейінде. Маск пен ByteDance арасында нақты келіссөздер жүргізілгені туралы ақпарат жоқ.

2024 жылдың сәуірінде АҚШ президенті Джо Байден қабылдаған заңға сәйкес, ByteDance 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін TikTok-ты америкалық компанияға сатуы қажет. Егер сатылмаса, әлеуметтік желі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп танылып, АҚШ-та тыйым салынады.

ByteDance бұл шешімге қарсы сотқа жүгінді. Соңғы тыңдау 2025 жылдың 10 қаңтарында өтті. Жоғарғы сот ұлттық қауіпсіздік мәселесін негізге алып, заңды қолдауы мүмкін екенін білдірді.

ℹ️ Bloomberg сарапшыларының мәліметінше, TikTok-тың АҚШ-тағы құны 40-50 миллиард долларды құрайды. Әлеуметтік желінің елде 170 миллионнан астам пайдаланушысы бар.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Jan, 04:01


📱 Қытайда грандфлюенсерлердің саны артты

Қытайда әлеуметтік желілерде көп оқырманы бар егде жастағы адамдар — грандфлюенсерлердің саны көбейіп келеді.

Xiaohongshu (RED) лайфстайл-қосымшасының мәліметі бойынша, 2024 жылы 60 жастан асқан белсенді пайдаланушылардың ай сайынғы саны екі-үш есе өсіп, 30 миллионнан асты. Бұл адамдар осы платформада 100 миллионнан астам жазба жариялады.

Өткен жылдың ортасындағы деректерге сәйкес, Қытайда интернетті жаңадан пайдаланушылардың 20%-ы немесе 1,5 миллион адам 60 жастан асқан. Қазір Қытайда жалпы 1,1 миллиардтан астам интернет қолданушысы бар.

ℹ️ Интернет арқылы егде жастағы адамдар әлеммен байланыс орнатып, жаңа хоббилер тауып, өз өмірлерімен бөлісуде. Бұл оларға зейнетке шыққаннан кейінгі уайыммен күресуге көмектеседі.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Jan, 17:00


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Қытайда жаңа инфекциялық аурулар тіркелген жоқ — China CDC

▪️ Қытай мен Орталық Азия арасындағы сауда көлемі 2024 жылы 7,2%-ға өсті

▪️ Қытайда көміртекті талшықтан жасалған алғашқы метро пойызы іске қосылды

▪️ Қытай он спутникті орбитаға сәтті шығарды

▪️ Қытайда мұз үстінде айдаһар қайықтар жарысы өтті

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Jan, 16:02


🌍 Қытай он спутникті орбитаға сәтті шығарды

Қытай 2025 жылы алғашқы коммерциялық ғарыштық миссиясын сәтті жүзеге асырды. Jielong-3 зымыран-тасығышы CentiSpace-1 сериясындағы он шағын спутникті төменгі жер орбитасына жеткізді. Зымыран Шаньдун провинциясындағы Хайян уезі жағалауынан ұшырылды.

ℹ️ Jielong-3 — төрт сатылы қатты отынмен жұмыс істейтін зымыран, оның ұзындығы 31 метр, ал бас обтекіш диаметрі 3,35 метрді құрайды. Ол төменгі орбитаға 1,5 тоннаға дейінгі пайдалы жүк жеткізе алады. Бұл зымыран-тасығыштың 2022 жылдан бері жүзеге асырылған бесінші миссиясы.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Jan, 15:03


📈 Қытай мен Орталық Азия арасындағы сауда көлемі 2024 жылы 7,2%-ға өсті

2024 жылы Қытай Орталық Азияның бес елімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтып, өзара сауда көлемін 7,2%-ға арттырды. Бұл туралы Қытайдың Бас кеден басқармасы басшысының орынбасары Ван Линцзюнь ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Баспасөз кеңсесі өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы Қытайдың жалпы сыртқы сауда айналымы 43,85 трлн юаньға (шамамен 6,1 трлн АҚШ долларына) жетіп, жылдық өсім 5%-ды құрады. Бұл көрсеткіш Қытайдың жаһандық саудадағы жетекші рөлін тағы бір мәрте растады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Jan, 14:04


🚜 Хэнань провинциясы ауыл шаруашылығы техникасының жаһандық көшбасшысына айналуда

Қытайдың ауыл шаруашылығы орталығы саналатын Хэнань провинциясы бүгінде ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде де алдыңғы қатарға шықты. Елдегі бидайдың төрттен бірін қамтамасыз ететін аймақ Лоян қаласындағы YTO зауыты арқылы инновациялық тракторлар өндіріп, әлемдік нарыққа шығуда.

YTO зауыты әр үш минут сайын заманауи трактор шығаруды жоспарлап, интеллектуалды жабдықтар мен жоғары технологияларды қолданады. Қазір Лоянда ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер өндіретін 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жалпы өндіріс көлемі 30 миллиард юаньнан асады.

Жыл сайын бұл зауыттардан 200 мың трактор мен 50 мың комбайн шығарылады. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Лоян техникалары әлемнің 150-ден астам еліне экспортталады. Хэнань провинциясы ауыл шаруашылығы мен технологияны ұштастыра отырып, жаһандық агроөндірістің дамуына елеулі үлес қосуда.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Jan, 13:05


🚇 Қытайда көміртекті талшықтан жасалған алғашқы метро пойызы іске қосылды

2025 жылғы 10 қаңтарда Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласында көміртекті талшықтан жасалған Cetrovo 1.0 метро пойызы жолаушылар тасымалын бастады.

Пойыздың корпусы мен жақтауы көміртекті талшықтан жасалғандықтан, олардың салмағы 25% және 50%-ға азайды. Жалпы, пойыздың салмағы дәстүрлі пойыздардан 11%-ға жеңіл.

Бұл шешім энергия тұтынуды 7%-ға азайтып, жыл сайынғы көмірқышқыл газының шығарындыларын 130 тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл экологиялық тиімділік 6,7 гектар ағаш отырғызумен тең. Сонымен қатар, пойыздың қозғалысы бірқалыпты болып, жолаушыларға жайлы жағдай жасайды.

ℹ️ Көміртекті талшық пойыздың ішкі жабдықтарында да қолданылған. Орындықтар, шынтақ тіреуіштері, машинист пульті және басқа элементтер осы материалдан жасалған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

31 Dec, 15:00


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Қытай компаниялары Қазақстанның үш өңірінде астық пен жүгері өңдейтін зауыттар салады

▪️ Қытайдың солтүстік-шығысындағы кәсіпорындар спорт және сән саласындағы технологияларды сәтті қолдануда

▪️ Қытайда мемлекеттік мекемелерге электромобиль сатып алу міндеттелді

▪️ Қытайда бала күтушілеріне арналған жаңа стандарттар енгізіледі

▪️ Қытайда World Drone Racing Open 2024 жарысы басталды

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

31 Dec, 13:00


Харбинде мұз шамдары фестивалі басталды

Қытайдың Харбин қаласында 51-ші мұз шамдары фестивалі басталды. Бұл шара жыл сайын Хэйлунцзян провинциясындағы Чжаолинь саябағында өтеді. Фестивальде мұздан жасалған ерекше мүсіндер мен ғимараттар қойылып, келушілерді таңғалдырады.

Биылғы көрменің басты тақырыптарының бірі – 9-шы қысқы Азия ойындарына арналған экспозиция. Азия ойындары Харбинде 7-14 ақпан аралығында өтеді.

ℹ️ Фестивальге келушілер мұз өнерін тамашалап қана қоймай, қысқы ойын-сауықтарға қатыса алады. Чжаолинь саябағы қыстың сұлулығын ерекше әсермен жеткізетін орынға айналып отыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

31 Dec, 12:01


🔎 Қытайда World Drone Racing Open 2024 жарысы басталды

Қытайдың Шаосин қаласында 2024 жылғы World Drone Racing Open жарысы басталды. Жарысқа қатысушылар өздерінің технологиялық шеберліктері мен жылдамдықтарын көрсетуі қажет.

Шаосин қаласындағы Цзяньху көлі жағасында өткен бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен келген әуесқойлар дрон жарыстарын тамашалауда. Бұл жаңа және қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі көрермендерге әсерлі әуе маневрлері мен қызықты сәттерді ұсынуда.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

31 Dec, 10:00


🚜 Қытай ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауды кеңейтуде

Қытай үкіметі ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау шараларын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Қаржылай қолдау шаралары:
1. Қайта қаржыландыру және қайта есептеу механизмдерін күшейту.
2. Міндетті резервтер коэффициентін арттыру.
3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін кепілмен несиелер мен қарыздарды ұлғайту.
4. Дәнді дақылдар егу үшін сақтандыру жүйесін нығайту.


Қосымша қолдау:
Ірі ауыл шаруашылығы зерттеу жобалары мен жетекші компанияларға көмек көрсету.

Мәселе: Қытай, ауыл шаруашылығын дамытуға күш салып жатқанымен, соя мен жүгері сияқты негізгі дақылдарды импорттауға тәуелді болып отыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

31 Dec, 09:01


📝 Қытайда бала күтушілеріне арналған жаңа стандарттар енгізіледі

2025 жылдың 1 наурызынан бастап Қытайда бала күтушілеріне арналған жаңа стандарттар күшіне енеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі мәлімдеді.

Қазіргі таңда елде бала күтімі бойынша екі санаттағы мамандарға сұраныс жоғары:

▪️ "Юэсао" (月嫂 yuèsǎo) – босанған аналар мен жаңа туған нәрестелерге үйде күтім жасайтын мамандар.

▪️ "Юйэрсао" (育儿嫂 yù’érsǎo) – үш жасқа дейінгі балаларды күтетін бала күтушілері.

Жаңа стандарттарда бала күтушілерінің кәсіби даярлығына, қызмет көрсету сапасына және жұмыстың негізгі талаптарына ерекше мән берілген. Сонымен қатар, стандарттарда балалардың ерте жастағы эмоционалдық және психологиялық дамуына қолдау көрсетуге қатысты ұсыныстар қамтылған.

ℹ️ Бұл бастама Қытайдың туу көрсеткішін арттыруға және халықтың қартаю мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік саясаттың бір бөлігі саналады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

31 Dec, 08:00


🚗 Қытайда мемлекеттік мекемелерге электромобиль сатып алу міндеттелді

Қытай үкіметі шенеуніктер үшін қызметтік көлік ретінде электромобильдерді сатып алуға басымдық беруді тапсырды.

30 желтоқсанда жарияланған Қаржы министрлігінің құжатына сәйкес, мемлекеттік мекемелер жыл сайын сатып алынатын көліктердің кемінде 30%-ын электромобильдерден қамтамасыз етуі керек. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта ұлғайтылады.

Шара Қытайдың 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету жоспары аясында қабылданып отыр және электромобильдер өндірісін дамытуға қосымша қолдау болмақ.

ℹ️ Қытайда әлем бойынша сатылатын электр және гибридті көліктердің 60%-дан астамы сатылады. Соңғы айларда электромобильдерге деген сұраныс бензинмен жүретін көліктерге қарағанда айтарлықтай артты.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

31 Dec, 06:01


📺 Қытайдың медиакорпорациясы 2025 жылы көрсетілетін 50 деректі фильмнің тізімін жариялады
 
Қытайдың медиакорпорациясы 2025 жылы эфирге шығатын үздік деректі фильмдер тізімімен таныстырды. Оған 50 фильм енген, олар бес негізгі блокқа бөлінген.

▪️ Бірінші блок, «Ұзақ жылдар әні» деп аталады және оған патриоттық, әскери тақырыптағы 5 фильм кіреді.
▪️ Екінші блок «өркениеттің ұзын өзені» деп аталып, 13 фильм енгізілген, олардың ішінде Қытай өркениетінің тарихы туралы баяндайтын фильмдер, соның ішінде Гугун мұражайының 100 жылдығына арналған лента бар.
▪️ Үшінші блокта табиғат пен ғылыми жетістіктер туралы 14 фильм көрсетіледі.
▪️ Төртінші блок әлеуметтік тақырыптарға арналған 9 фильмнен тұрады.
▪️ Бесінші блок халықаралық эфирге арналған, оған 6 фильм кіреді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

31 Dec, 05:00


📊 Қаржы: апталық қорытынды

📈 Дүниежүзілік банк Қытайдың ЖІӨ өсімі бойынша болжамын көтерді. 2024 жылы ЖІӨ өсімі 4,9%-ды құрайды деп болжануда (алдыңғы болжам – 4,8%), ал 2025 жылы көрсеткіш 4,5%-ға жетеді (бұрынғы болжам – 4,1%).

📊 Облигациялар нарығы. Қаңтар-қараша аралығында Қытайдың жергілікті билік органдары жалпы көлемі 4,67 трлн юань болатын облигациялар шығарды.

📊 Көлік саласына инвестициялар. Биылғы жылы көлік инфрақұрылымына бағытталған инвестициялар көлемі шамамен 3,8 трлн юаньды құрайды.

📈 Өнеркәсіптегі өсім. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосылған құны 5,7%-ға артады деп күтілуде.

📈 Жоғары технологиялар мен аэроғарыш. Қаңтар-қараша аралығында оптоэлектрондық құралдар өндірушілердің пайдасы 41%-ға, ал аэроғарыш саласындағы кәсіпорындардың пайдасы 14%-ға өсті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

31 Dec, 04:01


❄️ Қытайдың солтүстік-шығысындағы кәсіпорындар спорт және сән саласындағы технологияларды сәтті қолдануда
 
Қытайдың Солтүстік-Шығысы қатты аязы және қарлы қысымен белгілі. Өңірдің осы ауа райы Хэйлунцзян провинциясын туристер арасында танымал етті. Мұнда "мұз бен қар экономикасы" белсенді дамып, қысқы спорт түрлерімен айналысуға арналған көптеген өнімдер шығарылады.

Қыста орташа температурасы шамамен 10 градус аязды құрайтын Цицикар қаласы, Қытайдағы қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін ең танымал қалалардың бірі. Жергілікті зауытта коньки спортына арналған құрылғылар күні-түні жұмыс істейді. Онда конькилер әртүрлі технологиялық инновациялармен жасалады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

31 Dec, 03:00


🏃‍♂‍➡️ Куньминде ШЫҰ халықаралық марафоны өтті

Қытайдың Куньмин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) халықаралық марафонына 34 елден 26 мың адам қатысты. Жарыс төрт қашықтық бойынша ұйымдастырылды: толық марафон (42 км), жартылай марафон (21 км), 5 шақырымдық жүгіріс және балалар мен ата-аналарға арналған 2 шақырымдық «ШЫҰ отбасы» жарысы.

Ерлер арасында эфиопиялық Себока Негуссе 2 сағат 14 минутта мәреге жетіп, жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында оның отандасы Ядне Алемаеху 2 сағат 33 минутта жеңіске жетті. Жүлде қоры 40 мың долларды құрады.

ℹ️ Марафонға қатысушыларды қолдауға түрлі елдердің елшілері мен өкілдері келді. Бұл халықаралық жарыс 2016 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді және 2019 жылы қола лицензия алған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

30 Dec, 14:01


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Харбин-2025: Қазақстан ұлттық құрамасы қысқы Азия ойындарында қандай спорттық форма киеді?

▪️ Қытайда әлемдегі ең қуатты ГЭС салынады

▪️ Қытайдың алғашқы круиздік лайнері жылына 600 мыңнан астам жолаушы тасымалдады

▪️ Шыңжанда әлемдегі ең ұзын туннель салынды

▪️ Бейжіңде шарық шамдар фестивалі басталды

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

30 Dec, 12:00


Бейжіңде шарық шамдар фестивалі басталды

Бейжіңдегі Вэньюй өзені саябағында мыңдаған ерекше шарық шамдары қойылған көрме ашылды. Бұл фестивальде қытай дәстүрлері мен заманауи технологиялар үйлестірілген, сондай-ақ мифология, астрономия, архитектура, каллиграфия және кескіндеме өнерінен алынған жұмыстар ұсынылады.

Көрме 40 гектар аумақты алып, сегіз бөлікке бөлінген. 31 желтоқсанда Жаңа жылға арналған арнайы бағдарлама өтеді. Ал 29 қаңтарда Көктем мерекесіне, 12 ақпанда Шарық шамдар мерекесіне арналған қойылымдар болады. Фестиваль 9 наурызға дейін жалғасады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

30 Dec, 11:00


🚦 Шыңжанда әлемдегі ең ұзын туннель салынды

Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында әлемдегі ең ұзын туннель – «Тяньшань Шэнли» құрылысы аяқталды. Бұл туннель арқылы Тяньшань тауының орта бөлігінен өту уақыты бірнеше сағаттан небәрі 20 минутқа қысқарады.

ℹ️ Жоба аймақтағы көлік қатынасын жеңілдетіп, уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

30 Dec, 10:01


💸 Қытай 2025 жылы мемлекеттік облигацияларды көбейтеді

Қытай қаржы министрлігі 2025 жылы бюджеттік шығындар мен мемлекеттік облигацияларды арттыруды жоспарлап отыр. Бұл экономика тұрақтылығын қолдауға бағытталған.

Министр Лань Фоань қаржы саясатын күшейту, салық реформаларын тереңдету және халықаралық ынтымақтастықты дамыту қажеттігін айтты. Сондай-ақ тұтынушылық сұранысты ынталандыру үшін зейнетақылар мен медициналық субсидияларды көбейту жоспарлануда.

ℹ️ Басымдықтар: ішкі сұранысты кеңейту, заманауи өндіріс, халық әл-ауқатын арттыру және экологияны жақсарту.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

30 Dec, 09:01


🚢 Қытайдың алғашқы круиздік лайнері жылына 600 мыңнан астам жолаушы тасымалдады

Қытайда өндірілген алғашқы ірі круиздік лайнер Adora Magic City 2024 жылы 84 рейс жасап, 600 мыңнан астам туристі тасымалдады.

1 қаңтарда алғашқы рейсін бастаған кеме Шанхай портына тіркелген. Оның маршруттары Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің порттарын, сондай-ақ Теңіз Жібек жолы бағытын қамтиды. 2024 жылғы Қытайдағы барлық халықаралық круиздердің 40%-ы дәл осы лайнердің үлесінде.

Adora Magic City су сыйымдылығы – 135,5 мың тонна, ұзындығы – 324 метр, ені – 37,2 метр. Кемеде 2100 каюта қарастырылған, бұл оның жолаушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

ℹ️ Екінші қытайлық круиздік лайнер 2026 жылдың соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда. Ол 2027 жылы Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу портынан халықаралық сапарларын бастайды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

29 Dec, 09:00


📦 Қытайдағы әлеуметтік логистика тұрақты өсуін сақтап, $49,5 трлн-ға жетті

2024 жылы Қытайда әлеуметтік логистика саласы тұрақты өсуін сақтап, оның көлемі 49,5 триллион долларды немесе 360 триллион юаньды құрады. Бұл туралы Қытайдың Логистика және сатып алу федерациясы хабарлады. Салада ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, импорт, қызмет көрсету және тұтыну тауарлары секілді бағыттар айтарлықтай тұрақтылық көрсетіп отыр.

Ұлттық деңгейде жабдықтарды жаңарту саясатының арқасында көмір өндіру, мұнай химиясы, электро-энергетика және тұрмыстық техника мен ақылды құрылғылар сияқты тұтынушылық секторларда іскерлік белсенділік артты. Бұл өз кезегінде логистика саласында да өсімді қамтамасыз етті. Сонымен қатар, экологиялық таза логистика салалары, мысалы, қалдықтарды қайта өңдеу  жылдам қарқынмен дамып келеді.

ℹ️ Қытайда логистика саласында 50 миллионнан астам адам жұмыс істейді, сонымен қатар, мамандар дәл осы саланы стандарттау бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізуде.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

29 Dec, 07:00


🔎 Қытайда ірі ұшқышсыз аппараттарға арналған жоғары қуатты қозғалтқыш әзірленді

Қытайдың AECC компаниясы турбовентиляторлы қозғалтқыштың сәтті сынақтарын өткізді. Қозғалтқыш 15 мың метр биіктікте тұрақты жұмыс істей алады, ал оның көмегімен дрондар сағатына шамамен 980 км жылдамдыққа (0,8 Мах) дейін жетуге мүмкіндік алады.

Сынақ нәтижелері қозғалтқыштың жоғары сенімділігі мен ұзақ мерзімді жұмыс ресурсын көрсетті. Жаңа технология салмағы 1,5-тен 4 тоннаға дейінгі ірі ұшқышсыз аппараттарға арналды.

ℹ️ Қозғалтқыш небәрі 8 ай ішінде әзірленген. Алғашқы ұшқышсыз аппараттың осы қозғалтқышпен жабдықталған сынақ ұшуы 2025 жылдың маусымында өтеді деп жоспарлануда. Жаңа технологияны сертификаттау 2026 жылы аяқталады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

29 Dec, 05:01


📱 Трамп Жоғарғы соттан TikTok-ты бұғаттау туралы заңның күшін уақытша тоқтатуды сұрады

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп 27 желтоқсанда Жоғарғы сотқа жүгініп, TikTok-қа тыйым салуды қарастыратын заңды уақытша тоқтатуды сұрады. Оның пікірінше, бұл мәселені келіссөздер арқылы шешуге болады.

Аталған заңды президент Джо Байден 2024 жылдың сәуірінде қабылдаған болатын. Заңға сәйкес, TikTok-тың қытайлық иесі ByteDance 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін платформаны америкалық компанияға сатуы қажет. Әйтпесе, қосымша АҚШ аумағында бұғатталуы мүмкін.

Сот бұл мәселеге қатысты тараптардың ұстанымдарын 10 қаңтарда тыңдауды жоспарлап отыр. Дональд Трамптың адвокаты экс-президенттің нақты тарапты қолдамайтынын, бірақ оның келіссөздер жүргізу бойынша мол тәжірибесі, халықтың сенімі және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, жан-жақты шешім қабылдай алатын саяси ерік-жігері бар екенін атап өтті.

ℹ️ Бұған дейін БАҚ өкілдері Трамптың TikTok-тың бас директоры Шоу Цзы Чумен кездескенін хабарлаған. Алғашқы президенттік мерзімінде ол TikTok-қа тыйым салуды қолдағанымен, кейін бұл шешімге қатысты көзқарасын өзгерткен еді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Dec, 14:00


🚌 Қытайда автобустар мен жүк көліктерінің жүргізушілері үшін жас шегі көтерілді

Жүргізуші куәлігін алу үшін максималды жас 60 жастан 63 жасқа дейін артты. Бұл өзгерістер 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Жас шегі шектелген жүргізушілер медициналық тексеруден, есте сақтау қабілетіне, жағдайды бағалауға және реакция жылдамдығына арналған сынақтардан өтуі керек. Жүргізуші куәлігі тек үш жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Бұл шара Қытайда қартаю мәселесін шешуге бағытталған. 2024 жылдың қыркүйегінде Қытай зейнет жасын біртіндеп көтеру туралы шешім қабылдады.

ℹ️ 2025 жылдан бастап 2040 жылға дейін ерлердің зейнетке шығу жасы 60 жастан 63 жасқа, әйелдер жұмысшылар үшін 50 жастан 55 жасқа, қызметтегі әйелдер үшін 55 жастан 58 жасқа дейін арттырылады. Қазіргі уақытта Қытайда зейнетке шығу жасы әлемде ең төмен деңгейде.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Dec, 13:00


🚄 Қытай билігі жеке секторды теміржол саласының дамуына қатысуға шақырды

Қытайдың Мемлекеттік кеңесі теміржол құрылысын және пайдалануды реттейтін жаңа құжатты жариялады. Құжатта Қытайдың транспорт саласындағы табиғи монополияларды реформалау жоспары қарастырылған, себебі инфрақұрылымға байланысты жоғары шығындар мен кіру кедергілері бар. Билік қызмет көрсетушілердің санын әртараптандыруды және нарықтық бәсекелестікті ынталандыруды мақсат етеді.

Жеке сектордың теміржол құрылысы мен пайдалануына инвестиция салуы қолдау табады, сондай-ақ жергілікті операторларға басқару мен автономия беру жоспарланған. Қаржы институттары мен жеке инвесторларға транспорттық инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруды және осы салаға арналған инвестициялық қорлар құруды ұсыну көзделіп отыр.

Теміржол саласындағы реформалар Қытайдың логистикалық шығындарын қысқартуға бағытталған ауқымды жобаның бөлігі болып табылады. 2027 жылға қарай логистикалық шығындар жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы 14,4%-дан 13,5%-ға дейін төмендейді, бұл 1 трлн юань ($137 млрд) үнемдеуге мүмкіндік береді.

ℹ️ Қазіргі уақытта Қытайдың теміржол саласында «Қытай темір жолдары» (China State Railway Group) компаниясы басым оператор болып табылады. 2023 жылы оның таза пайдасы 0,27%-ды құрады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Dec, 12:01


🔄 Қытай бөлшек сауданы модернизациялау шараларын 2029 жылға дейін жүзеге асырады

Жарияланған құжатқа сәйкес, бес жылдың ішінде елде заманауи бөлшек сауда жүйесі қалыптасады. Жүйе кеңейтілген жеткізу тізбегі, жоғары сапалы қызметтер және ақылды, ыңғайлы, экологиялық шешімдерді қамтиды. Бұл мақсатта үлкен дүкендер, сауда орталықтары мен супермаркеттер қайта жаңартылып, модернизацияланады.

Негізгі мақсат – тауарлар айналымын жетілдіру, тұтынуды арттыру және қызмет көрсету саласын әртараптандыруды жеделдету. Сонымен қатар, әр жыл сайын әртүрлі қалаларда бөлшек сауда нысандарын жаңғырту бойынша жаңа жобалар жүзеге асырылатын болады. Қаржы ұйымдары мен қоғамдық орындар  мемлекет тарапынан қолдау тауып, сауда объектілерін қайта құрылымдау мен арзан несие беру арқылы қолдау шаралары көрсетіледі.

ℹ️ Құжатта үлкен дүкендер, сауда орталықтары және фермерлік базарларға жылжымайтын мүлік инвестициялық қорларын құру ұсынылған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Dec, 11:00


🗺 Шанхайда әуежайлар арасын байланыстыратын жаңа қала маңы желісі іске қосылды

Жаңа Airport Link желісі Хунцяо және Пудун халықаралық әуежайларын байланыстырады. Желі ұзындығы шамамен 70 шақырымды құрап, жол жүру уақыты 40 минутты құрайды.

Пойыздар алғашқы станциядан 6:00-де шығып, соңғы рейс 22:00-де аттанады. Пойыздар арасындағы интервал – 15 минут, ал билеттердің бағасы 4-26 юань (шамамен $0,5-3,5) аралығында болады.

Желінің іске қосылуымен Шанхай метрополитенінің жалпы ұзындығы 896 шақырымға жетіп, қалада 21 желі мен 517 станция жұмыс істейді.

ℹ️ Бір күн бұрын Шанхайдың оңтүстік-шығысында жаңартылған Сунцзян теміржол вокзалы (бұрынғы Сунцзян Оңтүстік вокзалы) ашылды. Бұл вокзалдың жаңғыртылуы Шанхай — Сучжоу — Хучжоу жоғары жылдамдықты теміржол жобасының құрамдас бөлігі болып табылады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Dec, 10:01


⚡️ Қытайда 35 адамның өмірін қиған жүргізуші өлім жазасына кесілді

Гуандун провинциясындағы Чжухай қаласының соты 62 жастағы жүргізуші Фань Вэйцюды өлім жазасына кесті. Ол 11 қараша күні спорт орталығының жанында адамдар тобына көлігімен әдейі соғып, 35 адамды мерт қылған. Тағы 43 адам ауыр жарақат алды.

Оқиғадан кейін Фань өзіне қол салмақ болған, бірақ дәрігерлер оны аман алып қалды. Сотта ол кінәсін мойындап, мұндай әрекетке ажырасуы, өмірден түңілуі және мүлікті бөлісуге байланысты келіспеушіліктер себеп болғанын айтты.

ℹ️ Бұл – Қытайда соңғы бір ай ішінде шыққан екінші осындай үкім. Бұған дейін Хунань провинциясында бастауыш мектеп маңында адамдарды көлікпен әдейі басып өткен ер адамға шартты өлім жазасы берілген. Екі жағдайда да билік қылмыскерлердің әрекет себептерін ашық жариялады, бұл Қытай сот жүйесінде сирек кездесетін құбылыс.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Dec, 15:00


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Қытайдан Қазақстанға жеміс-жидек пен көкөніс экспорты айтарлықтай артты

▪️ Қытайда Шанхай — Сучжоу — Хучжоу жоғары жылдамдықты теміржолы іске қосылды

▪️ Tesla Қытайдағы Megapack зауытын жыл соңына дейін салып бітеді

▪️ Дүниежүзілік банк Қытай экономикасының өсу болжамын 4,9%-ға дейін көтерді

▪️ Қытайдың шетелдік тікелей инвестициялары өсті

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Dec, 13:00


🏙 Қытай 2025 жылы қала инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын жеделдетпек

Қытай 2025 жылы ескі қала аудандарын жаңғырту жұмыстарын толық аяқтауды мақсат етіп отыр. Бұл туралы сәрсенбіде Қытайдың Тұрғын үй, қала және ауыл құрылысы министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің деректеріне сүйенсек, 2024 жылы елде ескі қала аудандарын жаңарту бойынша 56 мың жаңа жоба басталған. Осы жобалар аясында 25 мыңнан астам лифт орнатылып, 500 мыңнан астам автотұрақ орындары салынды. Сонымен қатар, қарттарға күтім көрсетуге арналған 2254 жаңа нысан ашылған.

ℹ️ Бұл шаралар елдің қала инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Dec, 12:02


📊 Дүниежүзілік банк Қытай экономикасының өсу болжамын 4,9%-ға дейін көтерді

Дүниежүзілік банк Қытайдың 2024 жылғы экономикалық өсім болжамын 4,9%-ға дейін жоғарылатты. Бұл маусымдағы алдыңғы бағалаумен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Банк бейсенбіде жариялаған есебінде Қытайдың қиындықтарға қарамастан, ағымдағы жылдың алғашқы үш тоқсанында 4,8% өсімге қол жеткізгенін атап өтті. Дегенмен, екінші тоқсаннан бастап ішкі сұраныстың әлсіреуі және жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділіктің төмендеуі экономиканың баяулауына әкелген.

ℹ️ Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк 2025 жылы Қытай экономикасының өсу қарқыны 4,5% болады деп болжауда.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Dec, 11:00


📈 Қытайдың шетелдік тікелей инвестициялары өсті

Қытайдың қаржылай емес тікелей шетелдік инвестициялары 2024 жылдың қаңтарынан қарашасына дейінгі кезеңде 11,2%-ға артып, 128 миллиард долларды құрады.

«Белдеу және жол» бастамасы аясында елдерге салынған инвестициялар 30 миллиард доллардан асып, 5%-ға өсті. Шетелде жүзеге асырылған мердігерлік жобалардың көлемі 140 миллиард долларды құрап, 3%-дан астам өсім байқалды. Жаңа келісім-шарттардың құны 12%-ға артып, 199 миллиард долларды құрады. Ал «Белдеу және жол» бастамасына мүше елдердегі мердігерлік келісімдер 116 миллиард долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға өсті.

ℹ️ Бұл деректерді Қытайдың Сауда министрлігінің өкілдері жарияланды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Dec, 10:01


📞 Қытайда психикалық денсаулық мәселелері бойынша біртұтас кеңес желісі ашылады

2025 жылдың 1 мамырына дейін Қытайда психикалық денсаулық мәселелері бойынша кеңес алу үшін бірегей «қызыл телефон» желісі жұмыс істей бастайды. Бұл желі бойынша 12356 нөміріне қоңырау шалып, кеңес алуға болады. Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті хабарлады.

Қазір Қытайдың түрлі қалалары мен аймақтарында психологиялық көмек көрсететін көптеген «қызыл телефон» желілері бар, бірақ олар бір-бірімен үйлеспейді. Халық бұл қызметтер туралы жеткілікті білмейді. Біртұтас желіде тек кәсіби кеңесшілер жұмыс істейді, ал қажет болған жағдайда олардың саны арттырылады.

ℹ️ Қытайда қала халқының өсуі, мектептегі бәсекелестік және қоғамның қартаюы психикалық денсаулыққа кері әсерін тигізуде.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Dec, 09:01


📈 Қытай экономикасы соңғы бес жылда қарқынды өсті

Қытай бесінші ұлттық экономикалық санағының нәтижелерін жариялап, соңғы бес жылда ел экономикасының тұрақты түрде дамығанын көрсетті.

2023 жылдың соңында елдің екінші және үшінші экономика секторларында 33,27 миллион заңды тұлға тіркеліп, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 52,7%-ға өсті.

Осы секторларда жұмыспен қамтылғандар саны 428,98 миллион адамға жетіп, бес жыл ішінде 11,9%-ға артты. Сонымен бірге, 88 миллионға жуық жеке кәсіпкер тіркеліп, олар 179,56 миллионнан астам адамға жұмыс ұсынған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Dec, 08:01


🚦 Қытайда Шанхай — Сучжоу — Хучжоу жоғары жылдамдықты теміржолы іске қосылды

Янцзы өзенінің атырауында жаңа жоғары жылдамдықты теміржол ашылды. Бұл теміржол Шанхай мен Цзянсу, Чжэцзян провинцияларын байланыстырады.

Жаңа жолдың ұзындығы 164 шақырым. Оның бойында сегіз станция бар, оның алтауы жаңадан салынған. Ал пойыздар жылдамдығы сағатына 350 км-ге жетеді.

⌛️ Осылайша, Шанхайдан Хучжоуға бару уақыты екі есе қысқарып, 43-55 минутқа дейін азаяды. Сучжоуға 26 минутта жетуге болады. Ал Ханчжоуға бару уақыты 78 минутқа дейін қысқарады.

ℹ️ Күн сайын теміржол бойымен 38 пойыз жүрсе, 2025 жылдың басында олардың саны 229-ға жетеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Dec, 07:01


💸 Қытайдың тұтыну нарығы тұрақты өсуін сақтап, 44 трлн юаньнан асты  

Ағымдағы жылдың қараша айында Қытайдағы тұтыну нарығы тұрақты өсуін сақтап, тұтыну тауарларының бөлшек сауда көлемі 44 триллион 270 миллиард юанға жетті.  Бұл туралы Қытайдың Сауда министрлігі хабарлады.

Ең үлкен өсім автокөліктер мен жиһаз сатылымында тіркелді. Нақтырақ айтсақ, қараша айында автокөлік сатылымы 6,6%-ға, жиһаз сатылымы 10,5%-ға артты. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласында және  онлайн-саудада да жоғары өсім байқалған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Dec, 06:00


🔋 Tesla Қытайдағы Megapack зауытын жыл соңына дейін салып бітеді

Нысанның құрылысы 2023 жылдың мамыр айында басталған және оның жалпы ауданы 200 мың шаршы метрді құрайды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 1,5 млрд юань (шамамен 205 млн АҚШ доллары).

Бұл Tesla-ның АҚШ-тан тыс жерде ашатын бірінші энергия жинақтаушы құрылғы зауыты.

ℹ️ Megapack — электр желісін тұрақтандырып, оның жұмысында ақаулар болдырмауға көмектесетін қуатты энергия жинақтаушы құрылғы. Оның өндірісі 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталады, бастапқы көлемі жылына 10 мың құрылғы, бұл 40 ГВт•с энергияға тең.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

08 Dec, 12:20


Қытайда бақылаудың күшеюіне байланысты бір жыл ішінде 400-ден астам IPO жойылды

2024 жылы Қытайда реттеуші бастапқы орналастыруды (IPO) өткізуге 428 өтінімді кері қайтарып алды немесе қабылдамады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 75%-ға жоғары және қабылданбаған IPO саны шамамен 200-300 болған 2021-2022 жылдардағы көрсеткіштерден екі есе көп.

Жойылған өтінімдердің 202-сі Шэньчжэнь биржасына, 150-і Шанхай биржасына, қалғаны Бейжің биржасына берілген-ді. IPO-дан бас тарту санының өсуіне реттеушілер тарапынан қадағалаудың күшеюі және инвесторлардың активтерді бағалауға деген көзқарастарының өзгеруі себеп болды. Өтінімдері қабылданбаған компаниялар әдетте бірігу, қайта құрылымдау немесе қайта өтініш беру сияқты балама жолдарды іздейді.

2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында материктік Қытайда 70 IPO аяқталды, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. 2023 жылы 313 IPO тіркелді, олардың жалпы сомасы 3,56 трлн юань. 2022 жылы - 5,84 трлн юаньмен 424 IPO, ал 2021 жылы — 522 IPO, бұл рекорд болды.

ℹ️ 2024 жылы IPO-ның жалпы саны шамамен 95-135 болады деп күтілуде. Сарапшылар Қытайдағы IPO нарығы келесі жылы қалыпқа келеді деп санайды, бірақ қатаң бақылау сақталады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

08 Dec, 11:20


📍 Қытайдың шығысында қойма өртінен 9 адам қаза тапты

Желтоқсанның 7-сі күні түстен кейін Шаньдун провинциясының Рунчэн қаласындағы Lanrun Group қоймасының құрылыс алаңында өрт шықты. Өрт жылу оқшаулағыш материалдардың тұтануы салдарынан тұтанған.

Желтоқсанның 8-і күні таңертең құтқарушылар іздестіру жұмыстарын аяқтап, жоғалған тоғыз адамның барлығының денесін тапты. Оқиғаның себептері анықталуда.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

08 Dec, 10:20


26-шы Харбин халықаралық фестивалі үшін мұз қаланың құрылысы басталды

Қытайдың солтүстігінде қалың қар жауып, суық күндер басталғалы, Харбин халықаралық мұз бен қар фестиваліне қалашық салу жұмыстары басталды. Көлемі екі жүз мың текше метр болатын мына мұз қабаттары алдын-ала дайындалған.

ℹ️ Оларды арнайы инспекторлар тексеріп, өлшейді. Олардың міндеті – жоғары сапалы мұздарды таңдау. Өйткені бұл мөлдір мұздың бөліктерінен ғажайыпқа толы сиқырлы қалашық салынады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

08 Dec, 09:20


⚙️ FAW қозғалтқыштар шығаратын мегазауыт ашты

Далянь қаласындағы кәсіпорын екі жарым жылдан аз уақыт ішінде салынып, жобаға салынған инвестиция көлемі 620 миллион юаньды құрады. Зауыттың мамандануы – DV6 сериялы дизельдік қозғалтқыштарды шығару.

ℹ️ FAW - Қытайдағы ең ірі автомобиль өндірушілерінің бірі. Компания КСРО-ның көмегімен 1953 жылы құрылған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

08 Dec, 08:20


💰 Қытайдың валюталық қоры 3,2659 триллион АҚШ долларына жетті

Бұл 2024 жылдың қараша айының соңындағы көрсеткіш. Қазан айының соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда 4,8 миллиард АҚШ долларына немесе 0,15 пайызға жоғары.

ℹ️ Бұған сенбі күні жарияланған ресми деректер дәлел.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

07 Dec, 14:30


⚠️ Қытайдың Сириядағы елшілігі азаматтарды елден кетуге шақырады

Қытайдың Сириядағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасап, Қытай азаматтарына Сириядан тезірек кетуге кеңес берді. Бұған елдің солтүстік-батысындағы жағдайдың шиеленісуі себеп. Азаматтарға коммерциялық рейстерге билет алуға немесе құрлықтағы шекараларды кесіп өту ұсынылды.

ℹ️ Сирияда қараша айының соңынан бастап Хаят Тахрир аш-Шам бастаған үкіметке қарсы топтардың шабуылы жүріп жатыр. Содырлар елдің батысындағы Алеппо мен Хама қалаларын басып алды. Елдегі жағдай өте тұрақсыз болып қалуда.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

07 Dec, 13:00


⭐️ Қытай Медиакорпорациясының жаңа жылдық концертінің ресми талисманы ұсынылды

Қытайдың Медиакорпорациясы 2025 жылдың Көктем мерекесіне арналған гала- концертінің ресми талисманды ұсынды. Жылан жылының басталуын белгілейтін телешоудың талисманы Сишэншэн деп аталады.

Ол өміршеңдік пен сәттілікті бейнелейді. Тұмардың алдыңғы жағында Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында қазба жұмыстары кезінде табылған Тан әулеті кезіндегі күміс таяқтың контуры жасалған. Ал, жылан көзінің суреті елдің оңтүстік-батысындағы Сансиндуй қирандыларынан табылған қола артефактілерден алынған.

ℹ️ Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл 2025 жылдың 29 қаңтарында болады. Мереке қарсаңында көпжылдық дәстүр бойынша үлкен гала-концерт көрсетіледі.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

07 Dec, 11:30


🖥 Қытайда рекордтық өнімділігі бар кванттық компьютер таныстырылды

Қытай Tianyang-504 компьютерін іске қосу арқылы кванттық есептеулер бойынша жаңа ұлттық рекорд орнатты. Ол 504 кубитті Xiaohong чипімен жабдықталған.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа өнім өнімділігі жағынан озық шетелдік жүйелермен, соның ішінде IBM әзірлеген жүйелермен салыстыруға болады. Қытайлық компьютер Tianyang бұлтты кванттық есептеу платформасына қосылып, оны бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға қолжетімді етеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

07 Dec, 10:00


📊 Қор нарығы: апта қорытындысы

💴 Қараша айында Қытай Халық банкі нарыққа триллион юань шығарды.

💴 1,93 триллион юань – 11 желтоқсанға дейін провинциялық және қалалық деңгейде шығарылатын арнайы облигациялар көлемі. Алынған қаражат облыс билігінің қарызын жабуға жұмсалады.

📈 Экономикалық жұмыс жөніндегі орталық жиналыс қарсаңында қор индекстері көтерілді. Келесі аптада Қытай билігі аталмыш маңызды жиында келесі жылға арналған экономикалық саясатты белгілейді.

📈 Гонконгтағы IPO нарығы келесі жылы өседі деп күтілуде, ал Қытайдың материктік биржаларындағы баға белгіленімі тұрақты болады, деп болжайды Ernst & Young аудиторлық компаниясы.

📈 GAC акциялары Қытай қор биржаларында қымбаттады. Автокөлік өндірушінің Huawei корпорациясымен бірлескен жобасына нарық осылай қарады. Серіктестер жаңа қуат көздерімен жұмыс істейтін смарт-көліктер өндірісін бастамақшы.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

07 Dec, 08:30


🇺🇿🇨🇳 Бейжіңде Өзбекстанның Қытайдағы туризм жылы салтанатты түрде ашылды

Екі ел туристік әлеуетті ілгерілету және іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында тығыз жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Келесі жылдан бастап екі мемлекет өзара 30 күндік визасыз режим енгізіп, Қытайдың алты қаласынан жаңа тікелей рейстер ашады. Өзбекстан жыл сайын бір миллион қытайлық саяхатшыны тартуды мақсат етіп отыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

06 Dec, 16:00


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Қытайда құрылыс алаңында жер опырылып, 13 жұмысшы із-түзсіз жоғалып кетті

▪️ ОПЕК+ елдері мұнай өндіру квотасын ұзартады

▪️ Трамп Қытайдағы Елші лауазымына бұрынғы сенаторды ұсынды

▪️ Жоғары жылдамдықты трамвай Макаодан Хэнцин аралына 2 минутта жеткізеді

▪️ Харбин визасыз транзит уақытын 144 сағатқа дейін ұзартады

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

06 Dec, 15:00


✈️ Харбин визасыз транзит уақытын 144 сағатқа дейін ұзартады

ҚХР Мемлекеттік даму және реформа комитеті Хэйлунцзян провинциясындағы Харбин әуежайы арқылы визасыз транзиттің мерзімін 72 сағаттан 144 сағатқа дейін ұлғайтуды қолдады. Бастама шетелдік туристер санын арттыруға және жергілікті туризм нарығын одан әрі дамытуға бағытталған.

Визасыз транзит саясаты әлемнің 54 елінен келген саяхатшыларға Қытайға кіріп, алты күнге дейін визасыз тұруға мүмкіндік береді. Шарттар тек транзиттік жолаушыларға қатысты. Қонақтарға белгілі бір аймақтарда ғана саяхаттауға рұқсат етіледі.

ℹ️ Ведомствоның болжамы бойынша, 2030 жылға қарай Хэйлунцзян провинциясының қысқы экономикасы 450 миллиард юаньға (62 миллиард доллар) жетеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

06 Dec, 14:01


🌐 Африканың 30 дан астам елі Қытай нарығына еркін қол жеткізе алады

Африкадағы нашар дамыған 33 елдің тауарлары Қытай нарығына еркін шыға алады. Оларға қатысты нөлдік кедендік тарифтер қолданылады.  Бұл бастама туралы алғаш рет ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин экономикалық байланыстарды тереңдетуге бағытталған Қытай-Африка ынтымақтастығы форумында мәлімдеді.  

ℹ️ Қытай - Африканың ең ірі сауда серіктесі. Тек 2023 жылы ҚХР мен Африка континентінің елдері арасындағы сауда көлемі 280 миллиард доллардан асты.

Алайда, соңғы уақытқа дейін сауда теңгерімсіздігінің күрделі мәселесі болды. Бажсыз саудаға қол жеткізу режимі жаңа бизнес-жобаларға және экономикалық қолдауды қажет ететін елдерде жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді деп күтілуде.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

06 Dec, 13:00


💬 Қытай АҚШ-тың саудаға қатысты тергеулерінің саясиланып кетуіне алаңдады

Қытай министрлігінің ресми өкілі Хэ Ядун бұл мәлімдемені АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азияның төрт елінен фотоэлектрлік өнімдерге демпингке қарсы баж салығы туралы түсініктеме беру туралы өтінішіне жауап ретінде жасады.

ℹ️ Жақында АҚШ сауда министрлігі Камбоджа, Вьетнам, Таиланд және Малайзиядан келетін фотоэлектрлі өнімдерге қатысты демпингке қарсы тергеудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

🔍 Тергеу «нақты нәтижеге бағытталған» деген шенеунік АҚШ-тың протекционистік әрекеттерді мүмкіндігінше тезірек тоқтатуға шақырды.

🗣 Жаһандық өнеркәсіп және тауарларды тасымалдау тізбегінің қалыптасуы нарық ережелері мен кәсіпорын таңдауының нәтижесі саналады, деп толықтырды қытайлық шенеунік. Оның айтуынша бұл тізбектердің үздіксіз және тұрақты жұмысы барлық тараптың ұзақ мерзімді мүдделеріне сәйкеседі.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

06 Dec, 10:10


🚈 Макао мен Хэнцин аралы арасына жоғары жылдамдықты трамвай қатынайтын болады

Жаңа жолдың ұзындығы 2 шақырымнан асады. Оның 900 метрі су астындағы туннель арқылы өтеді. Жол жүрудің жалпы уақыты екі минутты құрайды.

ℹ️ Жергілікті биліктің хабарлауынша, жаңа желі Гуандун-Гонконг-Макао агломерациясындағы байланыстарды нығайтуға көмектеседі.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

06 Dec, 09:30


💬 Қытайдың Қорғаныс министрі жемқорлық туралы қауесеттер тарағалы алғаш рет көпшілік алдына шықты

Бұл Қытай қорғаныс министрі Дун Цзюньнің Financial Times оған қарсы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу туралы ақпаратты таратқаннан бері алғаш рет көпшілік алдына шығуы. Министр Шанхайда өтіп жатқан Гвинея шығанағы қауіпсіздік форумында сөз сөйледі.

ℹ️ Бір күн бұрын ғана Қытай төрағасы Си Цзиньпин армиядағы тәртіпті қатайтып, жемқорлықпен күресуді күшейту қажеттігін айтты.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

06 Dec, 09:00


💰 Жаңа жыл алдындағы кезеңде (22 қарашадан 31 желтоқсанға дейін) Қытай кинотеатрларындағы кассалық кірістер алдын ала сатылымдарды қосқанда 1 миллиард юаньнан (шамамен 138 миллион доллар) асты.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

06 Dec, 08:25


☕️ Қытайдың Юньнань провинциясының кофесі танымал брендке айналды

Соңғы жылдары Қытай шаймен ғана емес, кофе өнімдерімен де таныла бастады. Қытайдағы хош иісті дәндердің ең үлкен бөлігін Оңтүстік-Батыс Юньнань провинциясы өндіреді. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы Юньнань провинциясында 80 мың гектар кофе плантациясы болған, бұл Қытайдағы жалпы көлемнің 98% құрайды.

Бұрын Қытайда кофе өндірісі саласында тәжірибе жетіспегендіктен, оның басым бөлігі шетелге экспортталатын, ол дәндердің сапасы әрдайым жаһандық деңгейде таныла бермейтін. Алайда, пандемия мен табиғи апаттар әлемдік нарықтарға кесірін тигізген кезде, Юньнань кофесі танымал бола бастады.

ℹ️ Starbucks сияқты қуатты компаниялардың қолдауымен жергілікті фермерлер өз өнімдерінің сапасын жақсарта түсті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Nov, 13:30


⚡️ Қытай Трамп бастаған сауда соғысына жауап ретінде юанның 10-15%-ға құнсыздануына жол бере алады - JPMorgan

«Дауылға дайындық» деп аталатын жазбада JPMorgan экономистері Трамптың сауда тарифтерін көтеру туралы уәдесі дамып келе жатқан экономикаларға зиянын тигізетінін, бірақ Қытайға қатысты сауда саясаты ертерек және ең елеулі түрде өзгереді деп санайды.

Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі екені белгілі. Енді юань құлдыраса теңгенің жайы не болмақ?

ℹ️ Жалпы, Қытай мен дамушы нарықтардағы өсу 2025 жылы баяулайды деп болжануда.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Nov, 12:30


🗣 ҚХР Қорғаныс министрлігі Қытай армиясының саяси комиссары тергеуге алынғанын хабарлады

Қытайдың Орталық әскери кеңесінің жетекші генералдарының бірі Мяо Хуа заңды өрескел бұзды деген күдікпен тергелді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Мяо Хуа - Қытайдың Халық-азаттық армиясына жетекшілік ететін орталық комитеттің Саяси жұмыс басқармасының басшысы. Ол қызметінен босатылғаны белгілі болды.

ℹ️ Мәлімдеме Financial Times Қорғаныс министрі Дун Цзюнь сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеліп жатыр деген хабарынан бір күн өткен соң жасалды. Алайда ҚХР СІМ өкілі Мао Нин FT хабарламасын «көлеңке қуу» деп атады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Nov, 11:30


🌐 Бейжіңде халықаралық көрме басталды

Бейжіңде Қытайдың екінші халықаралық жеткізу тізбегін ынталандыру көрмесі басталды. Шараға әлемнің бірнеше елінен келген 600 ден астам компания қатысуда. Бұл сан былтырғы қатысушыларға қарағанда 20% көп. Қатысушылардың 32%-ы шетелдік кәсіпорындар, олардың саны 26%-ға өскен.

Көрмеге келгендердің жартысына жуығы АҚШ пен Еуропа компаниялары. Жиынның негізгі тақырыбы "әлемді ортақ болашақ үшін біріктіру". Көрмеде жасыл және тұрақты даму тұжырымдамалары, сондай-ақ, өндірістік-өткізумен байланысты өнімдер мен технологиялар ұсынылады.

ℹ️ Аталған көрме 30 қарашаға дейін жалғасады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Nov, 08:31


TikTok кәмелетке толмағандарға «cұлулық сүзгілерін» пайдалануға тыйым салады

TikTok әлеуметтік желісі алдағы апталарда 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға түр-әлпетін жақсарту сүзгілерін пайдалануға тыйым салады. Бұл технологияның жасөспірімдердің психикасына және өзін-өзі бағалауға әсері туралы алаңдаушылықпен байланысты. Бұл туралы компания Дублиндегі штаб-пәтердегі қауіпсіздік форумында жариялады.

Кәмелетке толмағандарға көз бен ерінді жасанды түрде үлкейтуге, сондай-ақ терінің өңін тегістеуге немесе өзгертуге тыйым салынады. Шектеулер Bold Glamour сияқты сүзгілерге қолданылады, бірақ мультфильмдегі қоянның құлағын немесе ит мұрнын қосатын сүзгілерге әсер етпейді.

ℹ️ TikTok сонымен қатар 13 жасқа толмаған пайдаланушыларды бұғаттау үшін алгоритмдерді күшейтетінін мәлімдеді. Жыл соңына дейін платформа жас шектеулерін айналып өтетін адамдарды анықтайтын жаңа жүйелерді сынауды бастайды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Nov, 07:31


🗺 Юньнань провинциясында парашютпен секіру жарысы өтіп жатыр

Сюаньвей қалалық округінде ұйымдастырылған турнир Австралия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Малайзия және Словенияны қоса алғанда 16 елдің спортшыларын жинады.

ℹ️ Парашютшілерге арналған ұшыру алаңы Ничжу өзені каньонының әдемі баурайында орнатылды. Жарыс 29 қарашаға дейін жалғасады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Nov, 06:31


📣 Alipay шетелдік пайдаланушылар үшін ваучерлер ұсынады

Alipay шетелдіктер үшін эксклюзивті ваучерлер пакеттерін іске қосты.

Шетелде тіркелген Alipay пайдаланушылары әуе билеті, көлік жалға алу, қонақ үй, бөлшек сауда және басқа қызметтер үшін 200 юаньға (28 доллар) дейінгі ваучерлер ала алады.

ℹ️ Купондарды Alipay-дің басты бетінде, тіпті пайдаланушылар өз елінде болса да қосуға болады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Nov, 05:30


🚁 2030 жылға қарай Қытайда 100 мың ұшатын электромобиль болады

Тік ұшу және қону көліктері (eVTOL) әуе таксилері мен жеке көліктер ретінде пайдаланылады, деп хабарлайды Қытайдың төмен биіктіктегі экономика Альянсы.

Мамандардың пікірінше, алдағы жылдары ұшатын электромобильдер көпшілікке қолжетімді болады. Елдің ірі қалаларында төмен биіктіктегі ұшу аппараттары үшін барлық қажетті инфрақұрылым құрылады.

ℹ️ Альянс дрондардың көптеген салалардағы, соның ішінде логистика, ауыл шаруашылығы, апаттық-құтқару жұмыстары, қалаларды басқару және туризмдегі пайдасы зор екенін атап өтті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Nov, 04:30


🏆 Үш-үштен тақтайшамен жарысу – Қытайдағы этникалық азшылықтардың ынтымақтастық рухы мен спорттық шеберлігін көрсететін ерекше спорт түрі. Ол елдің Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында пайда болды және оның тарихы Қытай Мин әулетінің билігі кезінен (1368 – 1644 жылдары) басталады.

ℹ️ Хайнань провинциясының Санья курорттық қаласында 12-ші ұлттық этникалық азшылықтардың дәстүрлі ойындары өтуде.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

28 Nov, 03:30


📱 Huawei жасанды интеллекті бар смартфондарын таныстырды

Қытайлық корпорация Mate 70 ұялы телефондарының жаңа сериясын шығарды. Олар Huawei жасаған HarmonyOS NEXT операциялық жүйесінде жұмыс істейді.

Жаңартылған интерфейс қимылды басқаруды ұсынады. Мысалы, экранды түртпей-ақ скриншот жасауға немесе құрылғылар арасында кескінді тасымалдауға болады. Жаңа үлгіде сонымен қатар жетілдірілген спутниктік байланыс жүйесі бар. Тұтастай алғанда, телефонның өнімділігі алдыңғы үлгілермен салыстырғанда 40%-ға артты.

Mate 70 сатылымы 4 желтоқсанда басталады. Бастапқы бағасы: 5499 юань ($764). Салыстыру үшін, iPhone 16 базалық үлгісі Қытайда 5999 юань тұрады.

ℹ️ Сондай-ақ іс-шарада Huawei JAC Motors компаниясымен бірлесіп жасаған өзінің алғашқы люкс автокөлік үлгісін таныстырды. Maextro S800 құны 1 миллионнан 1,5 миллион юаньға дейін (137,8 - 206,7 мың доллар) тұрады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Nov, 14:10


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Қытай банкінің бұрынғы басшысы өлім жазасына кесілді

▪️ Қазақстанда Қытай азаматына халықаралық іздеу жарияланды

▪️ Қытайда технологиялық компаниялардың ұсыныс алгоритмдері шектеледі

▪️ Қытай ысырапшылдықпен күресу үшін «Таза табақ» науқанын бастайды

▪️ Вертикалды марафон: Жеңіске дейінгі 3398 баспалдақ

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Nov, 13:20


🍽 Қытай «Таза табақ» науқанын бастайды

Бұл өндіріс, сақтау, тасымалдау және өңдеу кезіндегі азық-түлік өнімдері ысырабын азайтуға бағытталған ауқымды ұлттық бағдарламаның бір бөлігі. Билік бұл салада серпіліс жасауға мүмкіндік беретін үш жылдық жоспарды жариялады.

Құжаттың негізгі тармақтары:

🌾 егін жинау сапасын арттыру, астық сақтау қоймаларын және көлік инфрақұрылымын жаңғырту;

🍱 тамақ қалдықтарын азайту үшін қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс форматын өзгерту;

🥗 Түрлі акциялар арқылы дұрыс тамақтануды насихаттаудың ауқымын кеңейту. Олардың қатарында мейрамханалар мен кафелерде тағамға тапсырыс беруге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыратын «Таза табақ» жобасы бар.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Nov, 12:30


💰 Қытайдың жарнама индустриясындағы жетекші компаниялар мен бюджеттік мекемелердің операциялық кірістері 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында өсті

ҚХР нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәліметі бойынша, осы кезеңде жарнамалық бизнес саласындағы 857 жетекші жарнама кәсіпорындары мен бюджеттік мекемелердің операциялық кірістері шамамен 1,13 трлн юаньды (шамамен $156,97 млрд) құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайызға көп.

Интернет-жарнамадан кәсіпорындар мен бюджеттік мекемелердің кірістері тез өсіп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4 пайызға ұлғайған.

Дәстүрлі БАҚ жарнамалық бизнестің цифрлық трансформациясын жеделдетуде. Хабар тарату, теледидар және баспасөз сияқты секторларда жұмыс істейтін бюджеттік мекемелер қаңтардан қыркүйекке дейін интернет-жарнамадан 2,37 миллиард юань табыс тапты. Жылдық өсім 75 пайызды құрады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Nov, 11:40


🔍 Қытайда ұсыныс алгоритмдері шектеледі

Қытайда онлайн платформа алгоритмдерін зерделейтін үш айлық науқан басталды. Ол 14 ақпанға дейін жалғасады.

Бұл - көптеген қолданбалар мен веб-сайттардың ұсыныстарының артындағы технология, алгоритмдер арқылы пікір қалыптастыру үшін технологиялық компаниялардың күшін шектеу әрекеті десе де болады. Іс-шара барлық интернет-компанияларға қатысты: контенттік платформалар мен электрондық коммерциядан бастап жеткізу қызметтеріне дейін.

Операторлар интернет саласының пайдаланушылары мен қызметкерлерінің мүдделеріне нұқсан келтіретін, тәуелділікті тудыратын, трендтерді, бағалар мен жеңілдіктерді басқаратын ұсыныстардан аулақ болуы керек. Қарттар мен балаларға "салауатты мазмұнды" қамтамасыз етулері тиіс.

ℹ️ Технологиялық компанияларға алгоритмдердің қауіпсіздігін жақсарту үшін жыл соңына дейін "өзін-өзі мұқият тексеру және қателерді түзету" тапсырылды. Қаңтардан бастап тиісті ведомстволар бақылауды бастайды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Nov, 10:50


🧳 Чунцин әуежайында визасыз режим бойынша келген туристер саны 30 есе өсті

Қытайдың Чунцин қаласындағы Цзянбэй әуежайы визасыз режим бойынша келген алғашқы оңтүстік кореялық жолаушыларды қабылдады.

✈️ Қараша айынан бастап Қытай билігі туыстарына, бизнес бойынша немесе саяхаттап келу үшін 15 күнге дейін визасыз кіре алатын елдердің тізімін кеңейтті. Оған Еуропаның 8 мемлекеті мен Корея Республикасы кірді.

Осылайша, жыл басынан бері Қытайдың ең ірі муниципалитетіне 78 мың адам барған, бұл шетелдік қонақтардың жалпы санының жартысынан көбі және бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 30 есе көп. Корея Республикасының азаматтары үшін біржақты визасыз режим енгізілгенге дейін, Чунцин әуежайы арқылы 34 мың оңтүстік кореялық жолаушы келіп кеткен.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Nov, 10:01


Tencent Қытайда Nintendo Switch-ке қызмет көрсетуін тоқтатады

Tencent компаниясы Қытайда Nintendo Switch eShop және консольге арналған басқа да онлайн қызметтері біртіндеп жұмысын тоқтататынын хабарлады.

Интернет-дүкен 2026 жылдың 31 наурызында ойындар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды тоқтатады. 15 мамырдан бастап дүкен ойындарды қолдауды да тоқтатады, ал онлайн қызметтер жабылады. Ресми мәлімдемеде жабылу себептері көрсетілмеген.

ℹ️ Nintendo Switch консольдері Қытайда 2019 жылы сатылымға шықты. Серіктестік қытайлық Tencent ойын алыбымен жүзеге асырылды және қытайлық реттеушілер тарапынан аймақтық шектеулер болды. Соған қарамастан осы уақытқа дейін 58 ойын шығарылды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Nov, 08:20


🔋 Қытайда автомобиль аккумуляторларын теміржол арқылы тасымалдай бастады

"Қытай теміржолы" сынақ режимінде электромобильдерге литий батареяларын тасымалдауды бастады. Бұрын олар тек теңіз және автокөлікпен тасымалданған, өйткені батарея ішіндегі элементтері жарылғыш заттарға жатады. Ішінде Литий батареялары бар алғашқы үш құрам Чунцин қаласынан  Сычуань және Гуйчжоу провинцияларына қарай жолға шықты.

Қауіпті жүкті тасымалдау үшін түтін мен температура датчиктерімен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған арнайы контейнерлер қолданылады. Теміржол көлігін пайдалану автомобиль аккумуляторларын сыртқы нарықтарға жеткізудің тиімділігін арттырады және логистикалық шығындарды азайтады деп күтілуде.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Nov, 07:30


Bank of China экс-басшысы өлім жазасына кесілді

Қытай банкінің бұрынғы төрағасы пара алғаны және заңсыз несие бергені үшін екі жылға кейінге қалдырылған үкіммен өлім жазасына кесілді. Шаньдун провинциясының Цзинань қаласының халық соты Лю Ляньгэні шамамен 16,8 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп тапқан.

Сот 2010-2023 жылдар аралығында Лю Ляньгэ әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Қытай экспорттық-импорттық банкі мен Қытай Банкінде басшылық лауазымдарда қызмет етіп, үшінші тұлғалардың мүддесі үшін қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғанын, оларға несиелік қаржыландыру, жобалық ынтымақтастық және кадрлық тағайындаулар сияқты мәселелерде көмек көрсеткенін анықтаған.

Сонымен қатар, жауапкердің заң нормаларын бұза отырып, қажетті талаптарға сай келмейтін компанияларға жалпы сомасы 3,32 миллиард юаньнан астам несие беруге көмектескені, нәтижесінде негізгі қарыз 190,7 миллион юаньнан асатыны белгілі болған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

27 Nov, 06:40


✈️ Қытайдан Алматыға келген туристер саны өсті

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға Қытайдан 40 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68%-ға көп. Көрсеткіш келер жылы да еселеп көбейері сөзсіз.

ℹ️ Өйткені осы жазда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 2025 жылы Қазақстанда Қытай туризм жылын өткізу туралы маңызды шешім қабылдаған еді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Nov, 17:00


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Қытайлық азамат жұмыстан заңсыз шығарылғаны үшін 48 мың доллар өндіріп алды

▪️ Қытайда бір айда 1,5 миллионға жуық электромобиль сатылды

▪️ Қытайда өсімдік майы жанжалынан кейін контейнерлер таңбаланатын болды

▪️ Қытайдың алты қаласында eVTOL пилоттық жобасы іске қосылады

▪️ Гуанчжоу билігі тұрақты тіркеуді жеңілдетті

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Nov, 16:35


✔️ Гуанчжоу билігі тұрақты тіркеуді жеңілдетті

Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу Қытайдағы үй сатып алушыларға тұрақты тұруға рұқсат (хукоу) алуға мүмкіндік беретін алғашқы субпровинциялық қала атанды. Өтінішті жеті ауданнан (барлығы 11) пәтер сатып алғандар бере алады.

ℹ️ Хукоу 1958 жылы енгізілді. Денсаулық сақтау, білім беру және басқа да мемлекеттік қызметтер онымен байланысты. Қытайдың кішігірім қалалары тіркеу жүйесін шетінен жеңілдетіп жатыр. Тіпті алып тастағандары да бар. Дегенмен, орталық және субпровинциялық қалалар әлі де мигранттарға қатысты қатаң ережелерді сақтайды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Nov, 16:05


🔺 Қытайдың алты қаласында eVTOL пилоттық жобасы іске қосылады

Қытай алты қалада тік ұшу және қону (eVTOL) электр ұшақтарын пилоттық негізде коммерциялық пайдалануға береді. Жоба Хэфэй, Ханчжоу, Шэньчжэнь, Сучжоу, Ченду, және Чунцинде жүзеге асырылмақ.

Мәселен Ханчжоуда eVTOL үшін алдымен арнайы алаңдар дайындалды. Олар ұшып көтерілу, қону, батареяларды зарядтау және ауыстыру, жабдықты сақтау, тиеу және түсіру қызметтерін көрсетеді.

ℹ️ eVTOL-ды пайдалану тікұшақтарға қарағанда айтарлықтай арзан және жердегі логистикаға қарағанда әлдеқайда жылдам. Оларға ұшқыштар немесе ұшу-қону жолақтары қажет емес және өндіріс пен техникалық қызмет көрсету шығындары төмен.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Nov, 15:05


⚠️ Қытайда өсімдік майы жанжалынан кейін контейнерлер таңбаланатын болды

Қытайдағы өсімдік майын тасымалдауға арналған контейнерлер тек азық-түлікке арналған және нақты таңбаланған болуы керек. Бұл туралы 2025 жылдың ақпанынан бастап күшіне енетін жаңа ережелерде жазылған.

Тағамдық майды азық-түлікке жатпайтын контейнерлерде тасымалдауға болмайды. Тасымалдаушылар цистерналарды партиялар арасында, соның ішінде шикі өсімдік майынан, генетикалық түрлендірілген майдан кейін және басқа да тамақ өнімдерінен кейін мұқият тазалауы керек. Контейнерлерде де "тамақ" белгісі болуы керек.

ℹ️ Жаңа ережелердің бекітілуіне осы шілдеде екі жанармай цистернасы өсімдік майын тасымалдау үшін пайдаланылғаны себеп болды. Тергеу жүргізілгеннен кейін жеті компаниядан тасымалдау лицензиялары қайтарып алынды, олардың әрқайсысына 1,5 миллион юаньнан астам айыппұл салынды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Nov, 14:36


💰 Қытайлық азамат жұмыстан заңсыз шығарылғаны үшін 48 мың доллар өндіріп алды

📍 Оқиға Цзянсу провинциясының Тайсин қаласында болған.

Чжан есімді азамат жергілікті химиялық компанияда 20 жылдан астам жұмыс істеген. Ол сондағы бөлімшелердің бірін басқарған. Ал қызметтен қуылуына жұмыс орнында бір сағаттай ұйықтауы себеп болған. Ол мұнысын түннің бір уағына дейін көлік жүргізіп, демалуға қолы тимегенімен түсіндірген.

Бірақ жұмыс беруші түсіністік танытпай, еңбек тәртібін бұзғаны үшін оны кәсіподақ комитетінің келісімімен жұмыстан шығарған. Дейтұрғанмен сот бір сағаттық ұйқы компания үшін айтарлықтай шығын немесе зардап әкелмеді деп есептеп, еңбек қатынастарын тоқтатуды заңсыз деп тапты.

ℹ️ Судья компанияны 350 мың юань ($48,2 мың) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Nov, 12:02


📚 Тяньцзиньде кәсіптік білім беру бойынша Дүниежүзілік конференция басталды

Оған әлемнің 77 елі мен өңірінен 600-ден астам өкіл қатысады. Конференцияның ұраны - "инновация болашаққа, ал дағдылар жаңа өмірге жол ашады".

Конференцияның ашылуында Қытай 11 мыңнан астам оқу орындарын қамтитын әлемдегі ең ірі кәсіптік білім беру жүйесін құрғанын атап өтті. Оларда 35 миллионға жуық адам оқиды.

ℹ️ Конференцияда алғаш рет Қытай құрған Дүниежүзілік кәсіптік білім беру сыйлығының лауреаттары марапатталады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Nov, 11:30


⚙️ Қытайда жыл басынан бері баламалы отынмен жүретін 10 миллионнан астам автомобиль шығарылды

Жыл басынан бері Қытайда жаңа энергия көздерімен жүретін 10 миллионнан астам көлік шығарылды. Мұндай деректерді Қытайдың автомобиль өндірушілер қауымдастығы жариялады. Олардың айтуынша, Қытай әлемдегі барлық елдер арасында бірінші болып осындай рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.  

Соңғы 11 айда биылғы көрсеткіш, өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға жоғары болды. Нақтыласақ, былтыр баламалы отынмен 9 миллион 587 мың машина шығарылған. Олардың ішкі нарықтағы үлесі де тез өсуде. Үш ай қатарынан, тамыздан қазанға дейін Қытайдағы барлық автокөлік сатылымдарының жартысынан көбі осы электр машиналары, гибридтер және соларға ұқсас көліктер болды.

Жылдың басында Қытайдың автомобиль өндірушілер қауымдастығы, жылына 11 миллион 500 мың бірлік көлемінде жаңа энергия көздерімен жүретін машиналарды өндіру мен сатуды болжаған. Енді сарапшылар жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 12 миллионнан асады деп жоспарлап отыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Nov, 11:00


🌐 G20 саммитінің нәтижелері

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында G20 саммиті аяқталды. Әлемнің жетекші елдерінің басшылары халықаралық қауымдастықтың даму перспективаларын талқылады. Форумның басты тақырыбы кедейшілік және аштықпен күрес болды.

Саммитке Қытай төрағасы Си Цзиньпин қатысып, жаһандық дамудың сегіз қағидасын алға тартты. Негізгі бастамалар G20-ға мүше елдердің көптеген салаларында нақты қолдауды қажет ететін дамушы елдерге қатысты.

ℹ️ Мемлекет басшылыры деңгейінде өткен саммитке Ресей атынан елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысты.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Nov, 08:02


🚗 Қытайда бір айда 1,5 миллионға жуық электромобиль сатылды

Қазан айында Қытайдың жаңа энергетикалық жеңіл көлік нарығында қарқынды өсім тіркелді. Қытайлық жеңіл автомобильдер қауымдастығының соңғы мәліметтері бойынша, өткен айда 1,43 миллион дана электромобиль сатылған. Осылайша салада  жаңа рекорд тіркелді.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 50% жоғары.  Бұл көрсеткіш қыркүйек айындағы сатылымнан да айтарлықтай асып түсті. Қытайдың ішкі нарығында электр көліктерінің сатылымы үшінші ай қатарынан өсім көрсетіп келеді.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай оң өзгеріске, трейд-ин мемлекеттік бағдарламасын көмегі зор болған. Оның шеңберінде, бензинмен жүретін көліктің иелеріне электромобиль алғанда үлкен жеңілдік жасалады.

Осы тұста айта кетейік, Қытайдың ішкі нарығында жеңіл автомобильдердің жалпы сатылымы 3 миллион бірліктен асты, бұл өткен аймен салыстырғанда 9%-ға және ал өткен жылдың сәйес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға көп.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Nov, 07:03


🆔 Ужэнь саммиті басталды

Қытайдың Чжэцзян провинциясының Чжань қаласында бүгін 2024 жылғы интернет мәселелері жөніндегі дүниежүзілік конференция аясында Ужэнь саммитінің ашылуы өтті. Бұл жолы оның тақырыбы "адамдарға бағытталған, интеллектуалды және пайдалы цифрлық болашақты құру - киберкеңістікте мүдделерді біріктіретін қауымдастық құру үшін бірлесіп жұмыс жасау"деп жарияланды.

ℹ️ Іс-шара аясында 24 кіші форум өтеді. Олар жаһандық даму бастамалары, цифрлық экономика, жасанды интеллект технологиялары инновациялары және мемлекеттік басқару сияқты тақырыптарға арналады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Nov, 17:31


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▫️ Қытайдан тауар жеткізуге уәде берген әйел 30 адамды сан соқтырған

▫️ Қытай ғалымдары Айдың арғы жағындағы вулканизмнің қанша жылға созылғанын анықтады

▫️ Си Цзиньпин жаһандық дамудың сегіз қағидасын ұсынды

▫️ CATL -40°C температурада жұмыс істейтін батарея жасайды

▫️ Xiaomi жыл соңына дейін 130 мың автомобиль жеткізеді

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Nov, 16:05


🔋 CATL -40°C температурада жұмыс істейтін батарея жасайды

Қытайлық CATL компаниясы -40°C-қа дейінгі температурада жұмыс істей алатын натрий-ионды аккумуляторлардың екінші буынын жасады.

Жаңа батареялар алдыңғы модельдермен салыстырғанда қауіпсіздік пен тұрақтылықтың айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.

ℹ️ Батареялардың алғашқы үлгілері нарыққа 2025 жылы шығады деп күтілуде. Ал жаппай өндіріс 2027 жылы іске қосылады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Nov, 14:35


🚘 Xiaomi жыл соңына дейін 130 мың автомобиль жеткізеді

Бұл туралы компания басшысы Лэй Джун әлеуметтік желіде мәлімдеді. Su7 жеткізілімінің болжамы үшінші рет көтерілуде. Электромобильді шығару кезіндегі бастапқы мақсат 76 мың болды, содан кейін 120 мыңға көтерілді. Енді компания жыл соңына дейін 130 мың бірлік жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл ретте 100 мыңнан астам көлік конвейерден шығарылып қойды.

Xiaomi өзінің алғашқы электромобилін небәрі үш жыл ішінде жасады, сатылым наурыз айының соңында басталды. Компания 215,9 мыңнан 299,9 мың юаньға дейін ($29,9 - 41,3 мың) төрт su7 моделін ұсынады. Сұранысты қанағаттандыру үшін маусым айынан бастап өндірістік ауысым екі есеге артты.

ℹ️ Қазан айында Xiaomi Tesla және Porsche-ге қарағанда жылдамырақ su7 Ultra жаңа моделін ұсынды. Автокөліктің құны 814,9 мың юаньды құрайды ($114,2 мың). Алғашқы машиналар 2025 жылдың наурызында қол жетімді болады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Nov, 13:35


🌏 Си Цзиньпин жаһандық дамудың сегіз қағидасын ұсынды

Қытай әмбебап дамудың жаһандық жүйесін құру үшін барлық елдермен ынтымақтасуға дайын, деді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин кедейлікпен күресуге арналған G20 саммитінің отырысында.

◻️ Қытай басшысы халықаралық ынтымақтастық үшін ашық және инклюзивті орта құруға мүмкіндік беретін сегіз бастаманы алға тартты:

▫️«Бір белдеу – бір жол» бастамасын бірлесіп жүзеге асыруды жалғастыру;
▫️ Жаһандық даму бастамасын жүзеге асыру;
▫️ Африка елдерінің дамуына үлес қосу;
▫️ Кедейшілікпен күресу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдау;
▫️ Жаһандық Оңтүстік елдеріне ғылым, технология және инновация салаларындағы жетістіктерге қолжетімділікті кеңейту;
▫️ Дамушы елдерде жасыл энергетика мен биоэкономикаға инвестицияны ұлғайту бойынша жол картасын ілгерілету;
▫️ Жемқорлықпен күресу бойынша G20 іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру;
▫️ Жоғары деңгейдегі ашықтық үшін институционалдық тетіктерді жетілдіру.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Nov, 12:10


🌍 Қытай қауіпті парниктік газ шығарындыларын бақылау үшін орбитаға алғашқы спутникті шығарды

Қытай метан шығарындыларын бақылау үшін алғашқы спутнигін орбитаға шығарды. "Сигуан-1-04" деп аталатын кеме Цзюцюань ғарыш айлағынан Лицзянь-1 Y5 зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды. Ол бүкіл әлем бойынша шахталарда, түрлі полигондарда, мұнай-газ кен орындарында және елді мекендердегі метанның қауіпті шығарындыларын бақылауға арналған. Спутник жоғары сезімтал датчиктермен және жоғары сапалы камералармен жабдықталған.

ℹ️ Аппарат Сианьның оптика және механика институтында жасалған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Nov, 09:50


🌔 Қытай ғалымдары Айдың арғы жағындағы вулканизмнің қанша жылға созылғанын анықтады

«Чанъэ – 6» зондымен жерге жеткізілген айдың артқы жағындағы топырақ үлгілері Қытай ғалымдарына маңызды жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді. Сонымен, Айдың арғы жағындағы вулканизм шамамен 1,4 миллиард жылға созылған, ал ірі атқылау шамамен 4,2 миллиард және 2,8 миллиард жыл бұрын болған.

ℹ️ «Чанъэ-6» зонды Айдың арғы жағынан 1935,3 грамм көлеміндегі топырақ үлгілерін Жерге осы жылдың 25 маусымында жеткізген болатын.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Nov, 13:18


🇨🇳🇧🇷 Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силваның шақыруымен қарашаның 17-і мен 21-і аралығында осы елде мемлекеттік сапармен болып, Рио-де-Жанейрода өтетін G20 көшбасшыларының 19-шы саммитіне қатысады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Nov, 11:16


💰 Соңғы 10 айда жоғары технологиялық салаларда сатылымнан түскен табыс 11,4%  өсті

📱 Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап қазанына дейін Қытайдың жоғары технологиялық салаларындағы сатылымнан түскен табыс көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға өсті. Бұл туралы ҚХР Бас мемлекеттік салық басқармасы хабарлады.

🧮 Ведомство деректері жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық түсімдерінің негізінде жасалған. Мәселен, ақпараттық технологиялар саласында қолданылатын технологиялар мен қызметтерді сатудан түскен түсім тиісінше 27% және 12% - ға ұлғайды. Цифрлық контент пен медиа өнімдердің сатылымынан түсетін табыс шамамен 15% өсті.

⚙️ Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі сатылым осы жылдың алғашқы 10 айында 3,6 пайызға өсті, компьютерлер, коммуникациялық жабдықтар және смарт құрылғылар өндірісі секторларында түсім сәйкесінше 16%, 22% және 11% өсті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

17 Nov, 07:12


📣 Си Цзиньпин: Қытай мен АҚШ өз халықтарының және жалпы адамзаттың тағдыры үшін жауапкершілікте

🇨🇳🇺🇸 Қытай төрағасы Си Цзиньпин Лимада АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуінде екі үлкен ел арасындағы қарым-қатынастың бүкіл әлемге тигізетін әсерін еске салды. Осыған байланысты, Си Цзиньпин Бейжің мен Вашингтон бейбіт қатар өмір сүру үшін өзара әрекеттесудің дұрыс жолын іздеуді жалғастыруы керек екенін атап өтті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

16 Nov, 13:45


Қытайдың Харбин және Ябули қаласында өтетін ІХ Қысқы Азия ойындарына Қазақстаннан 139 спортшы қатысады

🥇🥈🥉 Олар биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, тау шаңғысы сынды спорттың 8 түрінен 50 медаль жиынтығын сарапқа салады. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Ұлттық құрамадағы спортшылардың 71-і ерлер ал 68-і әйелдер.

📆 Дүбірлі дода 7 ақпанда басталып, 14 ақпанда аяқталады. Оған әлемнің 32 елінен 1100-ден астам спортшы қатысады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

16 Nov, 12:30


⚡️ Zeekr алғашқы гибридін сәуірде көрсетеді

Zeekr гибрид модельдер шығару жоспарын нақтылады. Kolesa.kz порталы топ-менеджерлер мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлағандай, компания алғашқы бензоэлектрлі Zeekr-ді сәуірде Шанхай автосалонында жұрт назарына ұсынады, ол саудаға 2025 жылдың екінші жартысында шығады.

Алғашында Zeekr бренді тек электрокар саласын дамыту үшін құрылған, бірақ Қытай нарығындағы өзгерістерден кейін бренд басшылары бағытын өзгертуге мәжбүр болды. 001 шанағындағы гибридтің сынақ прототипі журналистердің көзіне түскен, бірақ соңғы деректерге сәйкес жаңа күштік құрылым басқа модельге орнатылады.

Компания гибрид ірі кроссовер мен минивэндер үшін әзірленіп жатқанын және олардың өлшемі мен салмағына байланысты жүріс қорын ұлғайту маңызды екенін айтты. Болжамдарға сәйкес, іштен жанатын қозғалтқышы тек генератор қызметін атқаратын тізбекті гибрид болмайды. Жаңа Zeekr көліктерінің бензинді моторы да, электрлі қозғалтқыштары да дөңгелектерді айналдырады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

16 Nov, 11:15


🌐 БҰҰ Қытайдың жеті ауылын басты туристік бағыт ретінде таныды

Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) жасаған биылғы жылғы «Үздік туристік ауылдар» тізіміне Қытайдың жеті ауылы енді. Бұл туралы Колумбияның Картахена қаласында өткен БҰҰ Туризм Атқару комитетінің сессиясында айтылды.

🗺 Бұл тізімге Юньнань, Фуцзянь, Хунань, Сычуань, Аньхой, Чжэцзян және Шаньдун провинцияларында орналасқан ауылдар кіреді. Олар Қытайдың ауылдық туризм индустриясындағы жетістіктерін толық көрсетеді, деп атап өтті ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі.

ℹ️ Қазір Қытайда «Үздік туристік ауылдар» тізіміне 15 елдімекен кіреді. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай әлемде көш бастап тұр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

16 Nov, 10:00


🧮 ҚХР жергілікті билік органдарының қарыз ауыртпалығын төмендетуге кірісті

📉 Қытай билігі жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қарыз көлемінің шегін 6 триллион юаньға немесе 838 миллиард долларға дейін көтерілуін мақұлдады.

📝 Тиісті заң жобасын Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының Тұрақты комитеті мақұлдады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

16 Nov, 08:45


☀️ Гуанчжоуда соңғы 60 жылдағы ең ұзақ жаз тіркелді

13 қарашада Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласында орташа ауа температурасы 23,3°C болды. Осылайша, қаладағы жазғы күндердің саны 235-ке жетті. Бұл метеорологиялық бақылаулар басталған 1961 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Алдыңғы рекорд 234 жаз күні 1994 жылы орнатылған.

Провинциялық ауа райы қызметі жыл мезгілдерін күнтізбелік күнмен емес, температурамен байланыстырады. Күз мезгілі бес күн бойы орташа температура 22°С-тан төмен түскенде басталады. Ол әдетте 9 қарашаға сәйкес келетін. Алайда биылғы жылдың жазғы деңгейіндегі температура кем дегенде 18 қарашаға дейін сақталады деп болжануда. Гуанчжоуға жаз да ертерек келді - сәуірдің басының орнына 23 наурызда.

ℹ️ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның есебіне сәйкес, 2024 жыл тарихтағы ең жылы жыл болады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

15 Nov, 15:00


✔️ Күннің басты жаңалықтары:

▪️ Қытай ядролық қуат блоктары бойынша әлемде көшбасшыға айналды

▪️ Қытай жылжымайтын мүлікке салынатын салықты 1 пайызға дейін төмендетеді

▪️ Қазақстан зығыр экспортынан 148 млн доллардан астам табыс тапты

▪️ Қытай тағы 9 мемлекет үшін визасыз режимді енгізді

▪️ Changan CS75 Plus үшінші буынының сатылымы басталды

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

15 Nov, 14:20


🧮 Қытай қор нарығы: апта қорытындысы

📈 Ағымдағы жылдың тоғыз айындағы деректер бойынша шетелдік инвесторлар портфеліндегі қытай облигацияларының көлемі 4,39 триллион юаньды құрады.

📉 Бейсенбі күнгі биржа саудасының қорытындысы бойынша алтын бағасы 1,98%-ға түсті. Бұл әлемдік нарықта бағалы метал бағасының төмендеуімен байланысты.

📊 Гонконг қор биржасы жаңа композиттік индексті іске қосты. SCCEA индексі нарықтық капиталдандыру бойынша 80 ірі қытайлық компанияны қамтиды, олардың акциялары Гонконг, Шанхай және Шэньчжэнь қор биржаларында орналастырылған. Индекс инвесторларға Қытай нарығының әлеуетін жақсы бағалауға мүмкіндік береді.

📉 Юань бағамы 14 айлық минимумға дейін төмендеді. 13 қарашада Қытай Халық банкі елдің орташа алынған айырбас бағамын бір АҚШ долларына 7,1991 деңгейінде белгіледі.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

15 Nov, 13:30


📉 Қытай жылжымайтын мүлікке салынатын салықты 1 пайызға дейін төмендетеді

Қытай нарықтағы белсенділікті арттыру үшін үй сатып алуға салынатын салықты төмендету туралы шешім қабылдады. 1 желтоқсаннан бастап ауданы 140 шаршы метрге дейінгі жылжымайтын мүлікке баж салығы 1%-ды құрайды. Аумағы үлкен пәтерлер үшін бірінші үйге 1,5%, екіншісіне 2%. Бұрын ең төменгі төлем 90 шаршы метрге дейінгі пәтерлер үшін жарамды болатын.

ℹ️ Қытайдың төрт ірі қаласында – Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу және Шэньчжэньде екінші баспана сатып алуды жоспарлаған тұрғындар үшін жаңа ереже пайдалы болмақ. Себебі бұл қалаларда қазір 3% көлемінде салық салынады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

15 Nov, 12:40


🧳 Қытай тағы 9 мемлекет үшін визасыз режимді енгізді

Қытай әлемдегі дос мемлекеттер мен іскери серіктестерін кеңейтуде. Билік Еуропаның сегіз елі мен Корея Республикасының азаматтары үшін визасыз режим жүйесін енгізді. Аталған шара 2024 жылғы 8 қарашасынан бастап 2025 жылдың 31 желтоқсанға дейін-сынақ негізінде болмақ.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

15 Nov, 11:10


🛞 Changan CS75 Plus үшінші буынының сатылымы басталды

Қытай нарығында танымалдыққа ие болған қалалық орта өлшемді Changan CS75 Plus кроссоверінің Қазақстандағы сатылымы басталды. Автокөлік төрт түсте қолжетімді: атомдық сұр, графитті сұр, ақ және қара. Дилерлік орталықтардағы баға барлық жеңілдіктерді есепке алғанда 14 490 000 теңгеден басталады.

ℹ️ Стильді Changan CS75 Plus жатық әрі қатаң сызықтармен ерекшеленген, автокөлік толық жарықдиодты оптикамен, панорамалық шатырмен және 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілермен жабдықталған. Ыңғайлы болуы үшін артқы қақпағында электржетек орнатылған. Алдыңғы жетекті кроссовердің капотының астында 223 а.к. қуаты бар екі литрлік қозғалтқыш, оның тиімді жұмысына 8 сатылы автоматты беріліс қорабы жауап береді. Максималды айналдыру моменті – 390 Нм. Модельдің клиренсі 190 мм-ге тең, бұл қала ішінде және одан тыс жерлерде жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

15 Nov, 10:20


💰 Қазақстан зығыр экспортынан 148 млн доллардан астам табыс тапты

🗣 Негізгі сатып алушы Қытай болды, деп хабарлайды eldala порталы.

1. Қытай 59,5 млн доллар
2. Бельгия 39,6 млн доллар
3. Ауғанстан 11,5 млн доллар
4. Ресей 9,3 млн доллар
5. Польша 9,2 млн доллар

✔️ Сондай-ақ өткен маусымда қазақстандық зығырды сатып алған елдер Италия (4,1 млн доллар), Өзбекстан (3,1 млн доллар), Чехия (2,6 млн доллар), Германия (2,6 млн доллар), Литва (1,8 млн доллар), Тәжікстан (1,6 млн доллар), Түркия (1,5 млн доллар) болды, Пәкістан (0,9 млн доллар), Нидерланды (0,9 млн доллар), Латвия (0,3 млн доллар), Иран (0,1 млн доллар), БАӘ (0,1 млн доллар), Оңтүстік Корея (0,1 млн доллар) болды.

ℹ️ Салыстыру үшін, 2022-2023 жылдардағы маусымда Қазақстан зығырды 293,8 млн долларға экспорттады, сол кезде негізгі сатып алушы Қытай болды, ол қазақстандық зығырды 152,9 млн долларға сатып алды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

15 Nov, 09:25


🛃 Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим туризм мен сауданы дамытуға септігін тигізуде

Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим іске қосылғанына бір жыл болды. Осы аралықта екі ел арасында қатынайтындарын саны 3,6 есе өсті. Мысалы, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Үрімші қаласының әуежайында шекарадан өтетін екі елдің де туристерінің саны артты. Нақтырақ айтсақ, тек 9 қараша күні визасыз режимді пайдаланып, әуежайдағы бекеттен 400-ден астам саяхатшы өткен.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

15 Nov, 08:10


⚡️ Қытай ядролық қуат блоктары бойынша әлемде көшбасшыға айналды

Елдегі жұмыс істеп тұрған атом электр қондырғыларының жалпы қуаты 58,08 миллион киловатт, ал салынып жатқан және құрылысына ресми рұқсат етілгендер 55,05 миллион киловатты құрайды. Бұл көрсеткіштер бойынша Қытай әлемде көш бастап тұр, деп атап өтті Қытай энергетикалық зерттеулер қоғамы.

ℹ️ Ресми деректерге сәйкес, өткен жылы елде экологиялық таза энергия 3,1 триллион кВт/сағ электр энергиясын өндірді, оның 13 пайыздан астамы атом өнеркәсібінің үлесіне тиесілі.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

15 Nov, 07:20


📈 Қытайдың өнеркәсіптік өндірісінің қосымша құны 5,3%-ға өсті

Бұл қазан айындағы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш. Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады.

📊 Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен айда елдің қызмет көрсету секторының өндіріс индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға өскен. Қытайда тұтыну тауарларының бөлшек саудасы да өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға артып, 4,5396 триллион юаньға жетті. Ал сыртқы сауда айналымы 4,6 пайызға артып, 3,7007 триллион юань болды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Nov, 08:40


🔎 15-ші Қытай халықаралық аэроғарыш салонына әлемнің 47 елінен 1022 компания қатысуда

Бұл ретте шетелдік экспоненттердің саны өткен жылғы көрмемен салыстырғанда екі есеге артқан атап өткен жөн. Көптеген мемлекеттер әуе көрмесіне өз делегацияларын жіберген. Сарапшылар мұндай қызығушылықты қытайлық авиация өндірісінің, ең алдымен ұшқышсыз жүйелерді құру саласындағы жетістіктерімен байланыстырады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Nov, 08:01


🇨🇳🇺🇸 Си Цзиньпин мен Джо Байден Перуде кездеседі

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Ол Перу астанасы Лимада өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында өтпек. Бұл туралы АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді. Ол кездесудің күнін нақтылаған жоқ. Бірақ кейбір БАҚ кездесу 16 қарашаға белгіленген деп хабарлауда.

Бұл Джо Байденнің АҚШ президенті ретінде Си Цзиньпинмен үшінші бетпе-бет кездесуі болмақ. Бұған дейінгі келіссөз 2022 жылы Балиде G20 шеңберінде және 2023 жылы Сан-Францискода APEC аясында өтті. Сондай-ақ бұл олардың мемлекет басшылары ретіндегі соңғы кездесуі болуы мүмкін, өйткені Байденнің өкілеттігі келесі жылдың басында аяқталады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Nov, 07:20


🌐 БҰҰ Климаттық конвенциясына қатысушылар Бакуде бас қосты

🗺 Әзербайжан астана Бакуде БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі 29-конференциясы басталды. Алдағы екі аптада екі жүзге жуық елден келген 60 мыңнан астам қатысушы 2015 жылы планетада орташа температураның бір жарым градустан артық өсуіне жол бермеу мақсатын қойған Париж келісімін жүзеге асыруды талқылайды. Пікірталастардың басты тақырыбы жаһандық жасыл экономиканы қаржыландыру болмақ.

ℹ️ Әзербайжан астанасына Қытай делегациясын ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсян бастап келген. Климаттық конференция алдында Бейжің халықаралық ынтымақтастықты жандандыруға және дамыған елдердің міндеттемелерін кеңейту арқылы жасыл экономикадағы әділдікті қамтамасыз етуге шақырды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Nov, 06:40


🚗 Қытай тағы рекорд орнатты

Қытай автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының мәліметі бойынша, 14 қараша күні таңертең Қытайда жаңа энергетикалық көліктердің жылдық өндірісі алғаш рет 10 миллион бірліктен асты. Қытай энергияның жаңа көздерін пайдалана отырып, автомобиль шығарудың мұндай деңгейіне қол жеткізген әлемдегі бірінші мемлекет болды.

💬 Сарапшылар бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 12 миллионға жетуі мүмкін деп болжап отыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

14 Nov, 06:00


📈 Тауар айналымы еселенді

Қытай мен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭК) елдері арасындағы сауда айналымы 2024 жылдың алғашқы 10 айында рекордтық 21,27 триллион юанды (шамамен 2,95 триллион АҚШ доллары) құрады. Бұған Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының сәрсенбі күні жарияланған мәліметтері дәлел.

Ведомствоның мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға өсіп, аталған кезеңдегі елдің тауар айналымының жалпы өсімінен 0,5 пайыздық тармаққа асып түсті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 15:00


📣 Күннің басты жаңалықтары:

✔️ XPENG электромобиль өндірушісі жасаған қытайлық Land Aircraft Carrier өзінің алғашқы ұшуын көпшілік алдында жасады. Ол қаншалықты қауіпсіз?

✔️ Қытай балалардағы миопияның алдын алудың жаңа шараларын жариялады. 10 сағаттық ұйқыдан басқа тағы қандай кеңес берілген?

✔️ Baidu AI көмекшісі бар смарт көзілдірікті сатылымға шығарады. Оның мүмкінді қандай және бағасы қанша?

✔️ Қазақстан, Әзербайжан және Қытай бірлесіп жаңа жүк терминалын салады. Ол бізге не береді?

✔️ Қазақстанға Моңғолия мен Қытайдан көшіп келген қазақтар саны үш есе артқан. Қандастар қай өңірлерге қоныстанған?

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 14:00


🧳 Қазақстанға Моңғолия мен Қытайдан көшіп келген қазақтар саны үш есе артқан

2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдан Қазақстанға 1451 адам, Моңғолиядан 1088 адам келген. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен үш есе артық, өсім тиісінше 177% және 172%-ды құрайды.

Қытайдан келген иммигранттар саны 2017 жылдан бері ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Дегенмен 2020 жылы Қазақстанға қоныс аударғандар саны небәрі 9 адамға кем болған. Ал Моңғолияға қатысты жағдай бөлек, мұндай жоғары нәтиже 2011 жылдан бері тіркелмеген.

🗺 Қытай мен Моңғолиядан келгендердің басым бөлігі этникалық қазақтар – тиісінше 98% және 99%. ҚХР-дан келген қандастардың жартысы Астана мен Алматыға тұрақтаған. Сонымен қатар келушілер Алматы облысын таңдаған. Моңғолиядан оралған қандастар негізінен Ақмола облысына қоныстанған – 33%, одан кейінгі орындарда Астана (23%) мен Алматы (13%) тұр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 13:01


💰 Қазақстан күнбағыс экспортынан 87 млн доллардан астам табыс тапты

Күнбағыс тұқымын сыртқы нарықтарға сату Қазақстанға өткен аграрлық маусымда 87,2 млн доллар әкелді (қыркүйек 2023-тамыз 2024). Негізгі сатып алушы Қытай болды, онда көлемнің 90%-дан астамы кетті, деп хабарлайды eldala порталы.

Негізгі сатып алушылардың бестігі:
🇨🇳 Қытай 80,3 млн доллар
🇷🇺 Ресей 3,7 млн доллар
🇺🇿 Өзбекстан 1,7 млн доллар
🇹🇯 Тәжікстан 0,5 млн доллар
🇦🇿 Әзербайжан 0,5 млн доллар

✔️ Сондай-ақ, шағын көлемдер Ауғанстанға (0,2 млн доллар), Чехияға (0,1 млн доллар), Литваға (0,1 млн доллар), Түркияға (0,1 млн доллар) кетті.

ℹ️ 2022-2023 жылдардағы аграрлық маусыммен салыстырғанда экспорт ақшалай түрде айтарлықтай төмендеді. Сол кезде Қазақстан күнбағыс тұқымын сатудан 147,4 млн доллар табыс тапты, негізгі сатып алушы да Қытай болды (100,8 млн доллар), сонымен қатар табыстың үлкен үлесін Өзбекстанға (36,7 млн доллар) сатылымдар әкелді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 12:01


🇰🇿🇦🇿🇨🇳 Қазақстан, Әзербайжан және Қытай бірлесіп жаңа жүк терминалын салады

✍️ Қазақстан, Әзербайжан және Қытай БҰҰ Климаттың өзгеруі бойынша Бакудегі 29-конференциясы аясында Баку портында жаңа интермодальды жүк терминалын салу бойынша бірлескен кәсіпорын құрды. Келісімге «Қазақстан темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, «Баку халықаралық теңіз сауда порты» ЖАҚ бас директоры Талех Зиядов және Сиань еркін сауда портының құрылысы және операциялық компаниясының бас директоры Юань Сяоцзюнь қол қойды.

🗺 Жоба аясында Алят ауылындағы Баку портында 40 гектар аумақта интермодальды жүк терминалының инфрақұрылымын құру және дамыту жоспарланған. Бұл бастама Әзербайжан тарапының Алят портының жер телімі, пайдалану айлақтары мен терминал қондырғылары берілуінің арқасында мүмкін болды. Жоба Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Қытай – Еуропа - Қытай бағытында контейнерлік пойыздардың көлемін ұлғайтуға, жеткізу уақытын қысқартуға, тасымалдау шығындарын және қайта тиеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

📆 Баку халықаралық теңіз сауда порты аумағында жаңа интермодальды жүк терминалының құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 11:01


😴 10 сағаттық ұйқы: Қытай балалардағы миопияның алдын алудың жаңа шараларын жариялады

✔️ Қытай үкіметі балалар арасындағы миопия ауруының алдын алу және азайту үшін жаңа шараларды жариялады. Қазан айында Білім министрлігі, Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы және Ұлттық ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы жариялаған құжатқа сәйкес, мектеп жасына дейінгі балалардың 10 сағаттан астам және бастауыш сынып оқушыларының 10 сағат ұйықтауын қамтамасыз етуге күш салу керек.

✔️ Құжатта балабақшаға баратындар күніне кемінде екі сағатты ашық ауада өткізуі керек, ал бастауыш мектеп әкімшілігі оқушылардың үзіліс кезінде сабақтан шығуын ұйымдастыруы қажеттігі жазылған. Бұған қоса бастауыш мектеп басшыларынан оқушыларға үй тапсырмалары мен сабақ уақытынан тыс өтетін сабақтарды екі есе қысқартуды талап етеді. Ал бір онлайн сабақтың ұзақтығы жарты сағаттан аспауы керек, ал сабақ арасындағы үзіліс 10 минуттан кем болмауы тиіс.

ℹ️ Соңғы ресми статистика көрсеткендей, соңғы жылдары елде миопиямен ауыратындар саны аздап азайғанына қарамастан, қытайлық балалар мен жасөспірімдердің 51,9 пайызы әлі де бұл аурудан зардап шегеді. Қытай 2030 жылға қарай бірқатар мақсаттарға қол жеткізуді мақсат етіп, балалар мен жасөспірімдер арасындағы миопиямен күресу шараларын күшейтуде. Бұл мақсаттарға 6 жастағы балалар арасындағы миопияның деңгейін шамамен 3 пайыз деңгейінде сақтау және бастауыш мектеп оқушылары арасында оның 38 пайыздан төмен болуын қамтамасыз ету кіреді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 10:01


✈️ Жаңа әуе бағыты Қытайдың Шэньян қаласын Дубаймен байланыстырады

🗣 Қытайлық China Southern Airlines Шэньян қаласын БАӘ-нің Дубаймен байланыстыратын жолаушылар рейсі осы жылдың 28 желтоқсанынан бастап ашылатынын хабарлады.

Кестеге сәйкес, Airbus A330-300 ұшағы орындайтын рейс сенбі күні Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 08:10-да Шэньяннан ұшып, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:20-да Дубайға жетеді.

Дубайдан қайту рейсі сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21:20-да. Әуе кемесі межелі жерге жексенбіде Бейжің уақыты бойынша 13:45-те ұшып жетеді, деп хабарлады авиакомпания. Екі жаққа ұшу кезінде де Гуанчжоу қаласында 2 сағатқа созылатын транзиттік аялдама бар.

🇨🇳🇦🇪 Биыл Қытай мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 40 жыл толады және екі ел арасында өзара визасыз режим жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде Қытай БАӘ-нің ең ірі сауда серіктесі мәртебесін сақтап қалды.

📍 Ляонин провинциясы Таяу Шығыс аймағымен тауар саудасы, мұнай және газ, ғылым және технология сияқты әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтасады. Ал екі өңір арасында жолаушылар рейстерінің жиілеуіне сұраныстың артуы себеп.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 09:00


🗺 Сиша архипелагының дамуы Хайнань балықшылардың дәстүрлі балық аулауын жеңілдетті

Бұл әдемі маржан атоллдар тізбегі - Оңтүстік Қытай теңізіндегі Сиша архипелагының батыс бөлігі - Юнлэ аралдары. Хайнаньнан оңтүстік-шығысқа қарай үш жүз шақырым жерде орналасқан арал ежелден Хайнаньның балықшылары үшін негізгі балық аулау орны болған. Бұрын мұнда балықшылар азықтары таусылғанша балық аулайтын. Бүгінде архипелагтың дамуы бұл мәселены толықтай шешті десе болады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 08:01


😎 Baidu AI көмекшісі бар смарт көзілдірікті сатылымға шығарады

Қытайлық Baidu интернет алыбы жасанды интеллектке (AI) негізделген көмекшісі бар Xiaodu AI Glasses смарт көзілдіріктерін ұсынды.

Көзілдірік Ernie Bot үлкен тілдік моделі негізінде жұмыс істейді, ол Baidu әзірлеген Chat GPT аналогы. Олар сізге калория тұтынуды бақылауға, сұрақтар қоюға, сөзді аударуға, музыка қосуға көмектеседі. Гаджет тіпті фото және видео түсіруге арналған 16 МП ультра кең бұрышты камерамен жабдықталған.

Көзілдіріктің салмағы 45 г. Сатылым 2025 жылдың бірінші жартысында басталады. Болжалды баға 2,1 мың юаньнан (290 доллар) аз болады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 07:05


⚙️ Қытайдың "Чжанчжоу" атом электр станциясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қытайдың "Чжанчжоу" атом электр станциясы - таза қытайлық әзірлемелер арқылы жасалған  "Хуалун-1" энергоблоктарының үшінші буыны бар атом электр станциясы. Жоспар бойынша станцияда барлығы 6 энергоблок болады, қазір оның төртеуінің құрылысы жүріп жатыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 06:00


💰 Қазақстан Шанхайдағы Қытай халықаралық импорт көрмесінде $120 млн-ға келісімшарт жасады

Қазақстан үшін Шанхайдағы 7-ші Қытай халықаралық импорт көрмесі (CIIE) табысты болды. Ет және май өнімдерін, құрғақ түйе сүтін, шырындар мен мармеладтарды жеткізуге 120 млн АҚШ доллары сомасына келісімшартқа қол қойды. Ал өткен жылғы көрмеде жасалған келісімшарттардың сомасы 81 млн АҚШ долларын құраған еді.

Негізгі инновациялардың бірі TikTok платформасында қазақстандық өнімдерді онлайн-сатудың ашылуы болды. Қытайлық Jiangsu Soho Holding Group Co., Ltd компаниясымен әріптестікте бүкіл әлемнен келген көрермендерге Қазақстаннан жеткізілген тауарлар ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақытта сатып алуға мүмкіндік беретін стриминг өткізілді. Онлайн-сату барысында екі күнде 450 мың юань сомасына өнім сатылды.

Қазақстандық CEREBRA AI және Alaqan AI компаниялары 2024 жылы Орталық Азияда шағын және орта бизнеске арналған инновациялар мен кәсіпкерліктің «Maker in China» жаһандық байқауының өңірлік финалында бірінші және екінші орындарды иеленді.

ℹ️ Шанхай көрмесінде Қазақстан екі ұлттық стендпен таныстырылды: Коммерциялық және Ұлттық павильондар қойылды. Көлемі 132 шаршы метрді құрайтын Ұлттық павильонда қазақстандық экспортты ілгерілетуге ықпал ететін өнімдер мен қызметтер ұсынылды. Биыл коммерциялық павильонның ауданы 120-дан 260 шаршы метрге дейін ұлғайтылды; «Тамақ және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі» секторына 50-ге жуық қазақстандық өндірушілер қатысты.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

13 Nov, 05:00


🔺 XPENG электромобиль өндірушісі жасаған қытайлық Land Aircraft Carrier өзінің алғашқы ұшуын көпшілік алдында жасады. Чжухайдағы Airshow China 2024 көрмесінде төмен биіктікте ұшып-қонып сынақтан өтті. Барлығы автопилоттың көмегімен жүзеге асты. Мұндай машиналардың жаппай өндірісі 2026 жылы басталады деп күтілуде.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 16:30


📣 Күннің басты жаңалықтары:

✔️ АҚШ материктік Қытайға күрделі TSMC чиптерін жеткізуді тоқтатуды талап етті. Бұл немен байланысты?

✔️ Шанхайда 7-ші Қытай халықаралық импорттық көрмесі аяқталды. Нәтиже қандай?

✔️ Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режимнің іске қосылғанына бір жыл толды. Жолаушылар саны өсті ме?

✔️ Қытайда құтқарушы робот жасалды. Оның мүмкіндіктері қандай?

✔️ Қытайда жаппай сату фестивалі басталды. Не сатып алуға болады?

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 15:30


🛍 Қытайда жаппай сату фестивалі басталды

Double 11 жеңілдіктер мерекесі елдің бөлшек саудасын толық қамтыды десе де болады. Tmall электрондық коммерция платформасының мәліметі бойынша, фестивальдің бірінші күні 34 брендтің сатылымы 100 миллион юаньнан асқан. Көптеген компаниялардың көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда екі есе өсті.

🗣 Сарапшылар тауарлардың ең көп сатылатын санаты тұрмыстық техника екенін атап өтті. Double 11 кезінде сатылым 1,2 триллион юаньнан асады деп күтілуде. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 15%-ға көп.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 14:45


💸 Қаржы: өткен аптаның нәтижелері

📈 Қытайдың сыртқы сауда көлемі жылдың он айында 5,2 пайызға өсіп, 36,02 триллион юаньға жетті.

📈 Қазан айында елдің мемлекеттік бюджетінің кірісін 1,07 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 7,9%-ға өсті.

📈 Қытайдағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму индексі қазан айында 0,3 тармаққа өсті. Бұл өткен жылдың наурыз айынан бергі бір айдағы ең үлкен өсім.

📈 Тұтыну бағасының индексі (CPI) күздің екінші айында жылдық есепте 0,3%-ға өсті, деп хабарлады ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасы.

📉 Қытайдың валюталық қоры қазан айының соңында 3,26 трлн долларды құрады. Бірақ қыркүйекпен сплыстырғанда 1,67%-ға азайып, кеміген қаржы 55,32 млрд долларды құрады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 14:00


🚨 Қытайда құтқарушы робот жасалды

Қытай ғалымдары жасанды интеллект жүйесі бар құтқару роботын жасап шығарды. Бұл толық автоматтандырылған және адамның араласуын қажет етпейтін бірінші модель.

🗺 Зерттеушілер роботты Хэнань провинциясының Луохэ қаласындағы өзен жағасында сынап жатыр. Ол сонда тұрақты жұмыс істейтін болады.

Робот суға батып бара жатқан адамды анықтау үшін арнайы алгоритмді пайдаланады. Сөйтіп дереу көмекке жетеді. Бүкіл аумақты тәулік бойы қамту үшін 100 камера мен тепловизор жұмыс істейді.

ℹ️ 2022 жылғы дерекке сүйенсек, Қытайда жыл сайын 59 мың адам суға батып қайтыс болады, олардың 95%-дан астамы балалар.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 13:10


🛃 Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режимнің іске қосылғанына бір жыл толды

Бұл шешім Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Үрімші қаласының әуежайында шекарадан өткен екі ел туристерінің санын 3,6 есеге ұлғайтты. Былтыр қарашаның 9-ы мен 10-ы аралығында бір күнде Қытай мен Қазақстаннан келген 400-ден астам турист әуежайда визасыз жүру мүмкіндігін алғашқылардың бірі болып пайдаланған болатын.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 12:10


⚡️ Сауда «соғысы» жалғасуда

ҚХР сауда министрлігі Еуропалық Одақ елдерінде өндірілген брендиге қатысты уақытша демпингке қарсы шаралар енгізілгенін жариялады. 15 қарашадан бастап импорттаушылар Қытай кеденіне осы сусынды ЕО-дан әкелу кезінде "кепілдік сомасын" беруге міндетті болады.

🔍 Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша, еуропалық брендиді импорттау кезінде демпинг осы сусынның қытайлық өндірушілеріне айтарлықтай зиян келтіру қаупін тудырған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 11:21


«Airshow China» халықаралық аэроғарыштық көрмесінде Қытай J-35A жойғыш ұшағын көрсетеді

Қытай Халық-азаттық армиясының әуе күштері алғаш рет Чжухай қаласындағы Airshow China халықаралық аэроғарыштық көрмесінде J-35A көп мақсатты жасырын жойғыш ұшағын ұсынады. Сондай-ақ, әуе шоуында алғаш рет қытайлық "Хун-19" зымыран кешені мен елдің жаңа көп функционалды шабуыл және барлау ұшқышсыз ұшу аппараты көрсетіледі. Бұдан бөлек, Қытайдың Y-20 ауыр әскери ұшағының жүк қоймасы келушілер назарына ұсынылады. 

Бұл шараға Ресей де қатысады. Бұған дейін Ресей алғаш рет Airshow China-ға өзінің бесінші буындағы Су-57 жойғыш ұшағын әкелетіні хабарланған. Көрме барысында ресейлік Су-57 көкке көтеріліп, бірнеше трюк жасайды деп жоспарланған.

Airshow China 1996 жылдан бері екі жылда бір рет ұйымдастырылып келеді. Биыл Халықаралық көрме 12 қарашада басталып, бір аптаға созылады. 15-ші көрмеге 49 ел мен аймақтан 1000 нан астам кәсіпорын қатысады.  Бұл 2022 жылы өткен шоуға қатысушылардан 38%-ға көп.

t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 09:02


АҚШ материктік Қытайға күрделі TSMC чиптерін жеткізуді тоқтатуды талап етті

АҚШ сауда министрлігі Тайвань жартылай өткізгіш өндірушісі Taiwan Semiconductor Manufacturing (TSMC) компаниясына 11 қарашадан бастап материктік Қытайға кейбір күрделі чиптердің экспортын шектеу туралы талап жіберді. Бұл туралы Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

📱 Біз жасанды интеллект алгоритмінің үдеткіштерінде және графикалық процессорларда (GPU) қолданылатын 7 нм чиптер туралы айтып отырмыз.

Аталмыш талап Huawei компаниясының AI процессорында TSMC чипін тапқаннан бірнеше апта өткен соң келді. Тайвань компаниясы бұл туралы АҚШ сауда министрлігіне өзі хабарлаған еді. Ал Huawei 2019 жылдан бері Америка санкцияларының құрсауында.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 07:30


🌐 CIIE - жаңа серіктестер іздеудің тұрақты платформасы

Қытайдың импорттық ЭКСПО-сын өткен алты жыл ішінде аталған шараның тұрақты аудиторияны қалыптасты. Олар сатып алушылар мен өз өнімдерін ұсынатын компаниялар. Мысалы, Nivea брендімен танымал немістің косметикалық алыбы «Байерсдорф» компаниясы Шанхай импорттық ЭКСПО көрмесіне 2021 жылдан бері қатысып келеді. Олар бастапқыда  бетті ағартатын әсері бар кремдер ұсынған. Содан бері сол заттардың сатылымы айтарлықтай өсті, сонымен қатар, косметиканы Германиядан Қытайға интернет арқылы тікелей жеткізу үшін жаңа серіктестер табылды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 06:45


🗺 Қазақстанға Шаньдундағы "Қытай-ШЫҰ" сауда-экономикалық аймағында 600 шаршы метр алаң бөлінеді

📝 Аталған келісім ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытайға жұмыс сапарының нәтижелерінің бірі болды.

🇰🇿🇨🇳 Министр Шаққалиев бастаған делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Шаньдун арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайту болды.

🔄 Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан Шаньдунға экспорт көлемі 8 млрд юаньді құрады. Шаньдундық 45 компания Қазақстанға 2 млрд юань көлемінде инвестиция құйды.

📍 Шаньдун өңірін 100 миллионнан астам халық мекендейді. Бұл өңір Қытайдағы экономикасы әлдеқайда дамыған аймаққа жатады. Экономиканың негізін автомобиль, электроника, мұнай-химия, металлургия және ауылшаруашылығы салалары құрайды. Маңызды ауылшаруашылық өнімдеріне бидай, жүгері және көкөніс кіреді. Сондай-ақ, Шаньдун Қытайдағы көлік жүйесі дамыған өңір саналады. Провинция Бейжің, Шанхай және тағы басқа қалалармен жоғары жылдамдықтағы теміржолдарымен байланысады. Әлемдік нарықтарға экспорттық өнімдерді жіберіп отырған Циндао мен Яньтае порттары халықаралық саудада маңызды рөл ойнайды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

11 Nov, 06:00


💰 Шанхайда 7-ші Қытай халықаралық импорттық көрмесі аяқталды. Іс-шара аясында 80 млрд АҚШ долларынан астам сомаға мәмілелер жасалды. Бұл алдыңғы CIIE сессиясымен салыстырғанда 2%-ға көп.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

10 Nov, 13:30


❄️ Биыл Харбин мұз және қар фестивалі желтоқсан айының ортасында ашылады деп күтілуде

Саябақты жобалау және салу кезінде қысқы Азия ойындарының элементтері ескерілетін болады, бұл ретте жалпы 300 мың текше метр мұз бен қар пайдаланылмақ. Бұл тарихтағы ең ірі мұз бен қар саябағы болады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

10 Nov, 11:30


📈 Қытайдың ұлттық статистикалық бюросының сенбі күні көрсеткен мәліметтері бойынша, Қытайдағы инфляцияның негізгі көрсеткіші болып табылатын тұтыну бағасының индексі ағымдағы жылдың қазан айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға өсті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

10 Nov, 09:30


🌐 China Mobile ұялы байланыс операторы спутниктік байланыс арқылы хабарлама жіберу функциясын ұсынды

China Time and Space Information Group жуырда Хэбэй провинциясындағы Сионьань жаңа ауданында спутниктік SMS хабар алмасу функциясының тұсаукесерін өткізді.

Ұсынылған функция қытайлық Beidou спутниктік навигациялық жүйесін және бесінші буын желілерін (5G) пайдалануға негізделген. Ол спутник-Жер байланыстары арқылы қысқа хабарламаларды жіберу үшін BeiDou жүйесінің бірегей мүмкіндіктерін пайдаланады. Бұл мүмкіндік ұялы байланыс сигналы жоқ жерлерде SMS хабарламаларын жіберуге мүмкіндік береді.

Спутниктік хабарламаның көлемі 20 иероглифтен (40 таңбадан) аспауы керек. Алынған хабарлама жіберушінің орналасқан жерін 10 метрлік дәлдікпен білуге ​​мүмкіндік береді. Спутниктік хабар алмасу мүмкіндігі әсіресе шалғай аудандардың тұрғындарына, ашық ауадағы әуесқойларға, зерттеушілерге және жедел әрекет ету топтарына пайдалы болады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

10 Nov, 07:30


🛫 Қытай Әскери-теңіз күштерінің ең жаңа J-15T жойғыш ұшағы 15-ші Airshow China-ға қатысады.

🛬 J-15T — бұл авионика жүйесі мен платформаның жалпы сипаттамаларын жаңартатын жетілдірілген модель.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

10 Nov, 05:30


📉 Қытайдың Ұлттық статистикалық бюросының сенбіде жарияланған мәліметтеріне сәйкес, Қытайда тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің көтерме бағаларындағы өзгерістердің өлшемі болып табылатын өндірушілер бағасының индексі 2024 жылдың қазан айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға төмендеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

09 Nov, 12:20


🥅 Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде Қытай командасынан басым түсті

Алматыдағы"Halyk Arena" мұз сарайында өткен матч 6:1 есебімен аяқталды. Қазақстан командасы сапынан Дмитрий Бреус үш рет қарсылас қақпасына дәл соққы жасаса, Андрей Буяльский, Дмитрий Гренц, Евгений Королинский бір шайбадан салды. Ал Қытай құрамасынан тек Чжэн Минцзюй мергендік танытты.

Осылайша Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 6 қарашада біздің хоккейшілер Оңтүстік Кореядан 4:1 есебімен ұтылып қалған еді. Енді Олег Болякин шәкірттері 9 қарашада, яғни бүгін кешке Жапонияға қарсы ойнайды.

Азия біріншілігінің жеңімпазы турнир кестесінің нәтижесі арқылы анықталалмақ. Қазір кестеде 6 ұпаймен Жапония көш бастап тұр. Ал кейінгі орындарға 3 ұпайы бар Қазақстан мен Оңтүстік Корея жайғасса, Қытай командасы соңғы орында келеді (0 ұпай).

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

26 Oct, 10:40


📉 Қытайдағы бірқатар банктер салымдар бойынша мөлшерлемелерді 0,25% төмендетті

Қытайдың ірі коммерциялық мемлекеттік банктері жыл басынан бері салымдар мөлшерлемесін осымен екінші рет төмендетті. Қытайдың өнеркәсіптік-коммерциялық, құрылыс, ауылшаруашылық банктерінде және Қытай банкінде үш айдан бес жылға дейінгі мерзімдегі депозиттердің мөлшерлемесінің төмендеуі төрттен бір пайызды құрады.

Осылайша, салымшылар депозит бойынша бір жарым пайызға дейін пайда таба алады. Депозиттік мөлшерлемелердің төмендеуі халықтың тұтыну шығындары мен инвестицияларын ұлғайтуға, сондай-ақ, қауіпсіз деңгейде бір жарым пайыздан асатын ең төменгі банк маржасын өтеуге тиіс.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

26 Oct, 06:40


🌐 Шанхайда Дүниежүзілік қалалар күні атап өтілуде

Шанхай Қытайдың Дүниежүзілік қалалар күніне арналған іс-шаралардың негізгі орындарының бірі болады. Олар 29 қазаннан 2 қарашаға дейін жалғасады. Қытайдың тағы бір қаласы, Шаньдун провинциясындағы Вэйхай болмақ.

Негізгі әлемдік мерекелер Мысырдың Александрия қаласында өтеді. Тұрақты қала дамуына қосқан үлесі үшін дүниежүзілік сыйлық немесе Шанхай сыйлығы да осында беріледі. Бұл Қытайдан тыс жерде алғаш рет болады.

Дүниежүзілік қалалар күні БҰҰ бастамасымен 2014 жылдан бері 31 қазанда өткізіліп келеді. 2050 жылға қарай әлем халқының 70%-ы климаттың өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болатын қалаларда тұрады деп күтілуде.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

25 Oct, 10:40


🇰🇿🇨🇳 Казахстанские аграрии и китайские производители налаживают партнерство

В столице Казахстана прошла выставка, посвященная сельскому хозяйству. Здесь собрались 250 компаний из разных стран. Конечно, не обошлось и без участия юго-восточного соседа – Китая. Производители элеваторов, которые приехали на мероприятие из Поднебесной рассказали, почему хотят сотрудничать с отечественными предпринимателями. 

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 15:45


📣 Күннің басты жаңалықтары:

✔️ Жалпы әлемдік мемлекеттік қарыз 2024 жылы 100 триллион доллардан асады. Алпауыт елдердің де қарызы бары рас па?

✔️ Украина БРИКС саммитіне қатысуға келіскен БҰҰ басшысын сынға алды. Оған не себеп?

✔️ Кантон жәрмеңкесінің екінші кезеңі басталды. Бұл жолы көрмеде тауардың қандай түрлері ұсынылды?

✔️ Қытай ғарышқа туристерді жібере бастайды. Бағасын білгіңіз келе ме?

✔️ BYD Black Myth: Wukong ойынының эксклюзивті серіктесі болды. Жаһандық сатылымы рекорд орнатқан бұл қандай ойын?

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 15:05


🔝 BYD Black Myth: Wukong ойынының эксклюзивті серіктесі болды

BYD сонымен қатар аймақтағы жәдігерлер мен ескерткіштерді цифрландыру және алдағы қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсету үшін ойынды әзірлеуші Game Science және Шанси провинциясындағы мұражайлармен бірлесе жұмыс істемек.

Қытайлық Black Myth: Wukong ойыны 20 тамызда шығып, сенсация жасады. Іске қосылғаннан кейінгі үшінші күні жаһандық сатылым 10 миллионнан асты, барлық платформалар бойынша бір мезетте қосылған ойыншылар саны 3 миллионнан асты. Бұл бейресми AAA рейтингі бар алғашқы қытайлық ойын.

Ойынның сюжеті қытайлық классикалық «Батысқа саяхатқа» негізделген және көптеген дәстүрлі мәдени жәдігерлер мен сәулет ескерткіштерін жаңғыртады. Түсірілім Қытайдың 36 көрікті жерінде өтті, оның 27-сі Шаньси провинциясында болды, бұл аймаққа деген қызығушылықты арттырды.

🚘 Бұған дейін қытайлық Geely компаниясы ойынды өз көліктеріне енгізу жоспарын жариялаған болатын.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 14:10


🔎 Қытай жалған рецепттермен күресу шараларын күшейтеді

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап созылмалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді және пациенттерге шұғыл қажет "клиникалық құндылығы жоғары" дәрілерді жеткізетін дәріханалар рецепттерді жаңа онлайн жүйе арқылы өңдеуге міндетті болады.

Бұл барлық рецепттерді бақылауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар қылмыскерлердің жалған медициналық қорытындыларды қолдануына жол бермейді. Енді Қытайдың 26 провинциясында ауруханалар мен дәріханаларды байланыстыратын осындай платформалар іске қосылды. Қалған аймақтарда дәріханалар қағаз рецептерін қолдануды жалғастырады, бірақ бақылау күшейеді.

Мұндай шараға елдегі алаяқтық оқиғалары себеп болды. Мәселен Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында дәрігерлердің жалған рецепті бойынша 100 миллион юаньнан (14 миллион доллар) асатын сомаға сақтандыру бойынша алаяқтық фактісі анықталды. 51 адам, оның ішінде фармацевтер, дәріхана иелері, дәрігерлер, емделушілер және фармацевтикалық компаниялардың өкілдері күдікке іліккен.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 13:35


🌾 Рынки сбыта казахстанской пшеницы сужаются, однако Китай заинтересован в импорте

Итак, экспорт казахстанской пшеницы снизился почти на 40%. Это произошло из-за низкой урожайности на протяжении последних нескольких лет и высокой конкуренции среди экспортеров. Однако, у отечественных аграриев все же есть заинтересованные покупатели в лице юго-восточного соседа. Подробнее в сюжете.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 12:44


🌐 Қытайда 5G желісін пайдаланушылардың саны 1 миллиардтан асты

Қытайдың үш негізгі байланыс операторы - China Mobile, China Unicom және China Telecom мәліметтері бойынша, елде бесінші буынның (5G) 1 миллиардтан астам ұялы байланыс пайдаланушылары бар. Бұл туралы ұялы байланыс компанияларының 2024 жылдың тоғыз айындағы қаржылық есебінде көрсетілген.

Қытайдың телекоммуникациялық компаниялары жасанды интеллект, «төмен биіктік экономикасы» және спутниктік интернет сияқты перспективалы коммуникация салаларында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындарды айтарлықтай арттырды. Дәлірек айтсақ, China Mobile 34%-ға, China Telecom – 19%-ға, China Unicom – 26%-ға ұлғайтты. Олардың жалпы сомасы 34 миллиард юаньнан (4,8 миллиард доллар) асады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 12:01


📣 Кантон жәрмеңкесінің екінші кезеңі басталды

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 10 мыңнан астам компания өз өнімдерін ұсынуда.

Жәрмеңкенің екінші кезеңі тұрмыстық заттарға, ыдыс-аяққа, бақша мен көкөніс бақшасына арналған керек-жарақтарға, сыйлықтар мен кәдесыйларға, шыны және керамика бұйымдарына, құрылыс және сәндік материалдарға, сантехника мен жиһазға арналған.

📆 Көрме 27 қазанға дейін жалғасады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 11:05


🌐 Мемлекет басшысы БРИКС-тің XVI саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің XVI саммиті аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго Президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 10:35


🏘 Қытайда жылжымайтын мүлік нарығын қолдаудың жаңа шаралары жарияланды

Нақтырақ, айтсақ, муниципалитет шекараларында орналасқан жеке баспаналарды және төтенше жағдайда деп белгіленген миллион тұрғын үйді жаңарту көзделген. Жылжымайтын мүлік нарығын қолдаудың мұндай шарасын ҚХР тұрғын үй құрылысы және қалалық пен ауылдық аудандарды дамыту министрі Ни Хун ұсынды.

Бұл шара ҚХР бірқатар қалаларында тұрғын үй сатып алуға қойылған шектеулерді жеңілдету және ипотека мөлшерлемелері мен бастапқы жарна мөлшеріне қойылатын талаптарды төмендету бойынша бұрын қабылданған шешімдерді толықтырады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 09:48


🌏 Қытай ғарышқа туристерді жібере бастайды

Қытайлық Deep Blue Aerospace стартапы туристерді ғарышқа 2027 жылы жібере бастайтынын мәлімдеді. Олар суборбитальды рейспен аттанады. Бұл зымыран ғарыш кеңістігіне жетеді, бірақ орбитаға кірмейді дегенді білдіреді.

Ұшу құны 1,5 миллион юань (211 мың доллар) болады. Компания алғашқы екі билетті 24 қазан күні, яғни бүгін кешке сатады.

✔️ Бұған дейін Қытайдың басқа компаниялары да ғарыштық туризм саласына кіру жоспарын жариялаған болатын. Мамыр айында мемлекет қолдайтын CAS Space 2028 жылға қарай туристік рейстерді бастайтынын хабарлаған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 08:21


🌐 Дуйсбургтен Қытай-Еуропа бағытымен Шанхайдағы көрмеге алғашқы тауарлар жеткізілді

Қараша айының 5 мен 10 аралығында Шанхай қаласында 7-ші Қытай халықаралық импорттық ЭКСПО өтеді. Бүгінде Ұлттық көрме орталығында аталған іс-шараға белсенді дайындық жұмысстары жүріп жатыр.

Жақында болатын Шанхайдағы көрмеге қойылатын алғашқы тауарлар келіп жетті. Жүк пойызына негізінен косметика, автомобильдер мен механикалық жабдықтар тиелген. Аталған пойыз Германияның Дуйсбург қаласынан 21 күн бұрын жолға шығып, Қытай-Еуропа бағыты бойынша ұзақ қашықтықты сәтті бағындырды. Нақтырақ айтсақ, 11 мың шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтіп, Қытай Халық Республикасына Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Алашанькоу теміржол порты арқылы, Қытайға жалпы құны 14 миллион доллардан асатын тауары бар 76 контейнер жеткізді.  

🚆 Айта кетейін, Қытай халықаралық импорттық ЭКСПО көрмесі үшін тауарлар 4 жылдан астам уақыт бойы Қытай-Еуропа бағытымен тікелей жеткізіліп келеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

24 Oct, 06:40


💵 Жалпы әлемдік мемлекеттік қарыз 2024 жылы 100 триллион доллардан асады

Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша ол әлемдік ЖІӨ-нің 93 пайызына жетсе, 2030 жылға қарай 100 пайызға жақындайды.

🇨🇳 Қытайдың мемлекеттік қарызы 2024 жылы ЖІӨ-нің 90,1%, ал 2029 жылы 111,1%-ға жетеді. 🇺🇸 АҚШ-та сәйкесінше 121% және 131,7% болады деп күтілуде. Қор 🇷🇺 Ресейдің мемлекеттік қарызын 2024 жылы ЖІӨ-нің 19,9%-ын, ал 2029 жылы 25,1%-на дейін ұлғаяды деп болжайды.

🗣 Дейтұрғанмен, сарапшылар болашақ қарыз деңгейі қазіргі болжамнан жоғары болуы мүмкін, деп отыр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Oct, 14:30


📣 Күннің басты жаңалықтары:

✔️ ХВҚ Қытай экономикасының 2024 жылғы өсімі туралы болжамын төмендетті

✔️ Microsoft Қытайдағы жеке тұлғалар үшін OpenAI қызметтеріне қолжетімділікті жауып тастады

✔️ Қытай Мемлекеттік даму банкінің бұрынғы вице-президенті сотталды

✔️ Қазақ-қытай шекарасында тексеріс жүріп жатыр

✔️ Huawei жаңа операциялық жүйе шығарды

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

23 Oct, 14:00


📱 Huawei жаңа операциялық жүйе шығарды

Harmonious NEXT - толығымен Қытайда жасалған алғашқы мобильді операциялық жүйе. Ол алдыңғы нұсқаларға қарағанда Android архитектурасынан тәуелсіз жасалған, деп атап өтті Huawei.

Мамандардың айтуынша, жаңа операциялық жүйе жалпы өнімділікті 30%-ға арттырды және HarmonyOS 4-тің алдыңғы нұсқасымен салыстырғанда гаджеттердің қуат тұтынуын 20%-ға азайтты. Әзірлеуде Huawei қолданбалар мен файлдарды мұқият тексеруін енгізу арқылы қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай жақсартты.

Harmonyos NEXT операциялық жүйесінің жасалуы Қытайдағы мобильді экожүйені құруды айтарлықтай жылдамдатты. Ол қазірдің өзінде жеке тұтынушылар мен корпоративтік сектор пайдаланатын 15 мыңнан астам қолданбаларды қамтиды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Oct, 13:30


📣 Күннің басты жаңалықтары:

✔️ Қазанда БРИКС саммиті ашылды

✔️ Си Цзиньпин "соғысқа дайындықты күшейтуді" тапсырды

✔️ Қорғас қаласы шетелдіктер үшін кәсібін ашуға және дамытуға көп мүмкіндік беруде

✔️ Қытай ғалымдары сүт безі ісігінің шекарасын дәл анықтай алатын бейнелеудің жаңа әдісін ойлап тапты

✔️ Қытайда жарты жылда 1,3 миллионнан астам қоғамдық тамақтандыру орындары тіркелді

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Oct, 12:30


🐼 Қытайдан Вашингтонға екі үлкен панда жеткізілді
 
Соңғы 24 жылда алғаш рет, Қытайдан Вашингтонға екі үлкен панда әкелінді. Жануарлар арнайы жүк көлігімен Смитсон ұлттық зоологиялық паркіне жеткізілді. Енді олар алдағы 10 жыл бойы аталған зообақта өмір сүреді.

Үш жасар Баоли есімді еркек пен Цинбао есімді ұрғашы пандаға, Сычуань провинциясынан кетіп, американдық хайуанаттар бағындағы жаңа ортаға тезірек бейімделуге көмектесу үшін, тәжірибелі ветеринар қарап жүреді. АҚШ-та пандалар кем дегенде 30 күн карантинде болады.

Бір қызығы, Қытай пандаларды биыл екінші рет Америка Құрама Штаттарына жіберді. Маусым айының соңында, Сычуаньнан американың Сан-Диего қаласының хайуанаттар бағына, Юнчуань және Синьбао есімдері панда-дипломаттар жеткізілген болатын.

Үлкен пандаларды қорғау бойынша ынтымақтастық бағдарламасы, көптеген жылдар бойы Қытайдың басқа елдермен тығыз байланыс, жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектесті. Сондықтан жануарларды "панда дипломат" деп те атайды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Oct, 10:30


⚡️ Қытай ғалымдары «ай» кірпішін ойлап тапты

Хуачжун ғылым және технология университетінің мамандар тобы құрамы жағынан Айдағы топыраққа ең жақын инновациялық құрылыс материалын жасады. Арнайы кірпіштерді пайдалана отырып, олар болашақта Жердің табиғи серігінде станция салуды жоспарлап отыр.

Ғалымдар Айдың әртүрлі аймақтарындағы топырақты модельдейтін бірнеше қоспаны қолданды. Кейбір кірпіштер негізінен базальттан, басқалары анортозиттен жасалған. Сарапшылар ең жақсы құрылыс материалын одан әрі анықтау үшін пісіру қоспаларының үш технологиясын сынақтан өткізді.

Ғалымдар «ай» кірпіштері жақын арада Тяньгун станциясына жіберілетінін және олар кешенді сынақтан өтетінін атап өтті. Өйткені, Айдағы жағдайлар өте қатал: оның бетіндегі температура -190-нан 180 ° C-қа дейін.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Oct, 09:30


🧳 Бейжіңге барған шетелдік туристер саны 3 есе өсті

Қаңтар мен қыркүйек аралығында Қытай астанасына 2,72 миллион шетелдік саяхатшы барған. Осылайша қала туризмнен 3,41 млрд доллар табыс тапты. Бұл бір жылмен салыстырғанда 168,5%-ға көп.

Туристер саны бойынша бірінші орында АҚШ (280 мың адам), екінші орында Ресей (203 мың). Олардан кейін Жапония, Германия, Сингапур және Малайзия тұр.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, қыркүйек айы шетелдік туристер ең көп келетін ай болды. Ол кезде Бейжіңге 384 мың шетелдік барыпты, бұл биылғы жылы жаңа рекорд.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Oct, 08:30


🏗 Шэньчжэнь қаласында алғашқы ақылды құрылыс индустриясының көрмесі ашылды

Ол интеллектуалды жабдық пен өндіріс, смарт үй тұжырымдамасы, саланы басқару және техникалық қызмет көрсету және жасыл технологияны қоса алғанда, жеті негізгі бағытқа бағытталған.

Көрмеге әлемнің 11 елі мен аймағынан 140-тан астам кәсіпорын қатысуда. Олар интеллектуалды құрылыс саласындағы 1000-нан астам инновациялық өнімдерді ұсынады.

Жаңа өнімдерге болат арматураны алмастыра алатын базальт бетон негізіндегі материал және құрылыс циклін басқаруға арналған интеллектуалды платформа кіреді. Ол жобалау мен материалдарды дайындаудан бастап әрлеу жұмыстарына дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Oct, 07:30


📍 Қорғас қаласы шетелдіктер үшін кәсібін ашуға және дамытуға көп мүмкіндік беруде
 
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Қорғас қаласы шетелдік кәсіпкерлерге кәсібін жүргізу үшін өте ыңғайлы қала.

Шыңжаңның солтүстік-батыс аймағында орналасқан қала елдің батыстағы сауда қақпасына және Орталық Азия елдерінің Қытайға кіретін қақпасына айналды.

Мысалы, Әзербайжан елінен келген Ниязи, күн сайын Қорғас қаласынан шетелге бірнеше вагон көкөніс пен жеміс жидек жөнелтеді. Жүк тиелген вагондар бірнеше сағатта Алматы қаласын жетіп, әрі қарай Ресей және тағы да басқа елдерге жіберіледі.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Oct, 06:30


🌮 Қытайда жарты жылда 1,3 миллионнан астам қоғамдық тамақтандыру орындары тіркелді

📍 Бір ғана Бейжіңде осы кезеңде 4800 тамақтану орны жұмыс істей бастады.

Сарапшылар қоғамдық тамақтандыру саласы тұтынушылардың талғамын ескеруге тырысып, қарқынды түрде дамып жатқанын атап өтеді. Осылайша, кафелер ас мәзірін тез өзгертіп, ал ірі мейрамханалар бизнес орталықтарының жанынан «жылдам» тамақтану орындарын ашу арқылы бизнесін кеңейтуде. Бұл формат кеңсе қызметкерлері үшін ең қолайлы.

🧮 ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасының дерегінше, ағымдағы жылдың 9 айында саланың кірісі 3 трлн 940 млрд юаньға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артқан.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Oct, 05:30


🔬 Қытай ғалымдары сүт безі ісігінің шекарасын дәл анықтай алатын бейнелеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Бұл сау тіндерді сақтауға көмектеседі. Ғалымдардың жұмысы Science Translational Medicine журналында жарияланды.

Бейнелеу ісік бетінде жиі шамадан тыс экспрессияланатын және оның шекараларын жақсырақ анықтай алатын биомаркерге бағытталған. Әдіс тышқандарға қолданылды, содан кейін 26 пациентте сынақтан өтті. Ғалымдар бұл процедура ісік жиектерін 86,96% сезімталдықпен небәрі 15 минутта ажырата алатынын анықтады.

🌐 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, 2022 жылы әлемде 2,3 миллион әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталған.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Oct, 04:30


🚀 Қытай тағы зымыран ұшырды

📍 Бүгін шығыстағы көршіміз елдің солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан ғарышқа жаңа жер серігін жіберді. "Тяньпин-3" спутнигі Бейжің уақыты бойынша сағат 08:10-да Чанчжэн-6 зымыран тасығышының көмегімен ұшырылып, берілген орбитаға сәтті шықты.

🌍 Спутник атмосфералық-ғарыштық ортаны зерттеу және орбитаны болжау моделін түзету сияқты қызметтерді ұсынады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

22 Oct, 03:30


🌐 Қазанда БРИКС саммиті ашылды

Жиын 24 қазанға дейін жалғасады. Оған 36 елдің, оның ішінде 22-сі жоғары деңгейде, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті қоса алғанда, алты халықаралық ұйымның басшылығы қатысады.

БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік. БРИКС-ке 2024 жылдың басынан бері Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африкадан басқа Мысыр, Эфиопия, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясы қосылды.

Саммит бағдарламасы

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

21 Oct, 15:20


📣 Күннің басты жаңалықтары:

✔️ Қытайда несиелер бойынша базалық мөлшерлеме төмендеді

✔️ Қытай қос мақсаттағы тауарларға бақылауды күшейтеді

✔️ 8 миллионнан астам қытайлық күн сайын жұмысқа жету үшін 50 шақырым жол жүреді

✔️ Кантон жәрмеңкесінің бірінші кезеңі аяқталды

✔️ Қытайда робот иттер жүк тасиды

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

21 Oct, 14:20


🦾 Қытайда робот иттер жүк тасиды

Тайшан тауларында (Қытайдың Шандун провинциясы) қоқыс пен заттарды тасымалдауға арналған робот ит сынақтан өтті. Құрылғы таулы аймақтарда 120 келіге дейін жүкті тасымалдай алады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

21 Oct, 13:20


🌐 Ертең Ресейдің Қазан қаласында 16-шы БРИКС саммиті басталады

Бұл бірлестік елдері басшыларының кеңеюінен кейінгі алғашқы кездесуі - бұған дейін ұйымға қосылуға Мысыр, Эфиопия, Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері шақырылған болатын. БРИКС-ке қосылу тізімінде тағы 30-дан астам ел бар.

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің БРИКС-ке қосылуы туралы ұсыныстар түскенін айтып, Мемлекет басшысы бұл ұсыныстарды ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият қарастыратынын мәлімдеген еді. Берік Уәлидің сөзінше, қазіргі және жақын болашақта Қазақстан БРИКС-ке мүшелікке өтініш бермейді. Президент Тоқаев БҰҰ-ны қолдайды және оның реформасы «орта державалардың» мүдделерін ескеріп жүргізілуі қажет деп санайды.

Ал 24 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің кеңейтілген отырысында "аутрич" форматында сөз сөйлейді деп күтілуде.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

21 Oct, 12:20


🔄 Қытайдың орталық банкі 208,9 миллиард юаньға кері РЕПО жүргізді

Бүгін Қытай Халық банкі 1,5% мөлшерлемемен 208,9 млрд юаньға (шамамен 29,4 млрд доллар) жеті күндік кері РЕПО жүргізді.

Бұл қадам банк жүйесіндегі ақылға қонымды және жеткілікті өтімділікті сақтауға бағытталған, делінген ҚХБ хабарламасында.

Кері РЕПО – алдын ала белгіленген баға бойынша белгілі бір мерзімнен кейін кері сату міндеттемесімен бағалы қағазды сатып алу мәмілесі.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

21 Oct, 11:20


🌍 Қытайда ғарыш саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі бағдарламасы таныстырылды
 
Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы ғарышты игеру саласын, оны ғылыми зерттеу бағдарламасын жариялады. Жоспарға сәйкес, 2027 жылға дейін "Тяньгун" ғарыш станциясы толық пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, қытайлық ғарышкерлер айда басқарылатын зерттеу жүйесін іске қосуға және оны зерттеудің төртінші кезеңіне өтуді жоспарлап отыр.

Бірінші кезеңде қараңғы материяны және ғаламның дамуы мен қалыптасуының ерте кезеңін зерттеу басым бағыттар болады. Ал, 2028-2035 жылдар аралығында Қытай ай бағдарламасын жалғастырумен қатар, Күн жүйесі мен алып планеталар жүйелерінің шеттерін зерттеуді бастауды, сондай-ақ Венера атмосферасының сынамаларын алуды жоспарлап отыр.

Үшінші кезең аясында қытайлық мамандар ауқымды 5-6 ғарыштық миссияны және 25 шағын және орта міндеттерді жүзеге асыруға ниетті. Осылайша, Қытайдың мақсаты - 2050 жылға дейін ғарыш саласындағы әлемдік көшбасшы болу.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Oct, 16:01


📈 Қытайда үш тоқсанның қорытындысы бойынша машина сату көрсеткіші 2,4% өсті

Қытайдың автомобиль өндірушілері қауымдастығының мәліметі бойынша, қаңтардан қыркүйек айына дейін 21 жарым миллионнан астам көлік сатылды. Осы аралықта Қытайда 21 млн 400 мың машина жасалған.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға көп.

Өндірілген көліктердің 8,5 млннан астамы электромобиль. Жылдық өсім 30% құрады. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша экспортқа 4 миллион үш жүз мың машина шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрттен бірге көп.

Шетелге сатылған көліктердің 1 млн-нан астамы жаңа энергия көзімен жүретін машиналар. Ал, Қытайдың ішкі нарығындағы сатылымның өсуіне ескі техниканы ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар септігін тигізді. Мысалы, тамыз айында трейд-ин бойынша субсидиялар электр көліктері үшін үш мың долларға дейін, ал дәстүрлі жанармаймен жүретін көліктер үшін екі мың бір жүз долларға дейін екі есеге өсті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Oct, 15:30


🗺 Бейжің автономды көліктердің қызмет көрсету аймағын айтарлықтай кеңейтуді жоспарлап отыр. Қосымша аумақ шамамен 3 мың шаршы шақырымды құрайды, бұл алты қалалық ауданның аумағынан екі есе көп. Қытайдың астаналық аймақтық операциялық кеңсесінің басшысы Ван Лэйдің айтуынша, қазіргі инфрақұрылым 600 шаршы шақырымнан асады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

20 Oct, 15:00


😳 160 миллион рет тексерген

2024 жылдың үшінші тоқсанында Қытайдың бақылау-өткізу пункттерінің қызметкерлері Қытайға кірерде және шығарда адамдарды жалпы саны 160 миллион рет тексерген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,1 пайызға көп, деп хабарлайды ҚХР Иммиграция жөніндегі мемлекеттік басқармасы.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Oct, 14:30


Кеш жарық👋

Гонконгты 14 секундта көріп үлгеріңіз😉

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Oct, 12:31


🚁 Chery өзінің алғашқы ұшатын көлігін таныстырды

Аньхой провинциясындағы Chery конференциясында Құрлық және әуе көлігі деп аталатын инновациялық әзірлеме көрсетілді.

Гибридті автомобиль - бұл үш бөліктен тұратын дрон: ұшақ, интеллектуалды кабина және шасси. Ол тігінен ұшып, қонуға қабілетті. Көлік кептеліс мәселесін шешуге көмектеседі, дейді компания өкілдері.

Екі жолаушыға арналған көлік әлі де әзірлену үстінде. Прототипі сынақтан өтіп, 80 км ұшып өтті. Максималды биіктігі – 1000 метрден аспайды, жылдамдығы – 120 км/сағ. Ұшу уақыты шамамен 40 минут болды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Oct, 10:30


🔼 Қытайдың сыртқы тауар айналымы үш тоқсанның қортындысы бойынша 5,3%  өсті

Бүгінде Қытайдың сыртқы сауда айналымы қалпына келуін қарқынды жалғастыруда. ҚХР Бас кеден басқармасының мәліметі бойынша, 2024 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша оның көлемі шамамен 32 жарым триллион юаньға немесе төрт жарым триллион долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3% - ға өсті. Бұл ретте экспорт көлемі 6,2% - ға, ал импорт болса 4,1% - ға өскен.

Ведомство экспорттық жеткізілім құрылымдарының жақсарып келе жатқанын атап өтті. Олардағы 60 пайыздық үлесті электромеханикалық өнім алады, оның көлемі қаңтардан қыркүйекке дейін ақшалай есептегенде 8% - ға өсті. Осы аралықта чиптер мен автомобильдердің экспорты бірден 40% - дан астамға өсім көрсеткен.

Тауар айналымы 160 сауда серіктестерімен, соның ішінде ең ірі және дәстүрлі серіктестермен өсе түскен. Еуропалық Одақ пен АҚШ-та протекционизмнің өсуіне қарамастан, олармен сауда тиісінше шамамен 1 пайызға және 4 пайызға өсті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Oct, 08:30


📈 Қытайда темекі сатылымы өсті

Қытай әлемдегі ең ірі темекі өндірушісі және тұтынушысы болып табылады. Тұтынудың құлдырауының әлемдік тенденцияларына қарамастан, ҚХР-да темекі сатылымы 2023 жылы 2,44 трлн-ға жетті.

Ресми статистикаға сәйкес, Қытайда ересектер арасындағы темекі шегу деңгейі 2018 жылғы 26,6%-дан 2022 жылы 24,1%-ға дейін төмендеді. Бірақ бұл әлемдік көрсеткіштен жоғары.

Қытайда тұтынудың өсу факторларының бірі - жастар арасында "жұқа темекінің" танымалдығы. Бұл олардың сәнді дизайны мен кәдімгі темекіге қарағанда зияны аз деген қате түсінікке байланысты.

Темекіні тұтыну арасындағы айырмашылық әлемдегі электронды темекінің танымалдылығының артуына байланысты болуы мүмкін. Бірақ Қытайда барлық хош иісті вапаларға 2022 жылы тыйым салынды.

Дейтұрғанмен темекі салығының бюджет үшін маңыздылығы, сондай-ақ қонақ үй бизнесіне әсері темекі шегуге қарсы шараларды қабылдау қарқынын бәсеңдетті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

19 Oct, 06:30


Қытайлық дрон өндіруші DJI АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарсы сотқа шағым түсірді

DJI басшылығы компанияны "қара тізімінен" шығаруды талап етіп отыр. Синьхуа ақпарат агенттігіне берілген мәлімдемеде DJI-ді жоғарыда аталған тізімге енгізу туралы шешім қате екені және Пентагонмен 16 айдан астам нәтижесіз қарым-қатынастан кейін фирма басшылығы АҚШ федералды сотына жүгінеді деп жазылған. Компания өкілдері өз өнімдері әскери мақсатта пайдаланылмайтынын және оған түбегейлі қарсы екенін атап өткен.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Oct, 15:20


📣 Күннің басты жаңалықтары:

✔️ Қытай су салығын енгізеді

✔️ АҚШ DJI дрондарының импортын тоқтатты

✔️ Еуропалық әуе компаниялары қытайлық бәсекелестермен бірдей қарым-қатынасты талап етеді

✔️ Қазақстанның ШЫҰ бюджетіндегі үлесі белгілі болды

✔️ Шанхайда Қытай халықаралық ойыншықтар жәрмеңкесі өтіп жатыр

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Oct, 14:19


🛍 Шанхайда Қытай халықаралық ойыншықтар жәрмеңкесі өтіп жатыр

Биыл Қытайдан және басқа елдерден 2500-ден астам өндіруші China Toy Expo көрмесіне қатысуда. Көрме аумағы 230 мың шаршы метрді құрайды. Онда 17 негізгі санат қамтылған, оның ішінде жұмсақ ойыншықтар, оқу ойындары, электронды құрылғылар, құрылыс жинақтары, мерекелік бұйымдар, ағаш және қағаз ойыншықтары.

China Toy Expo – Азиядағы ең ірі өнеркәсіп көрмесі. Ол қытайлық ойыншық өнеркәсібінің жетістіктерін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар шетелдік брендтердің динамикалық дамып келе жатқан Қытай нарығына шығуы үшін платформа қызметін атқарады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Oct, 13:18


✈️ Си Цзиньпин 22-24 қазан аралығында Ресейге барады

Қытай Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасы Төрағасы Ресей Президентінің шақыруымен БРИКС-тің 16-шы саммитіне қатысу үшін Қазанға баратынын хабарлады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Oct, 12:17


⚓️ Құрық портында қуаты 1 миллион тонналық астық терминалының құрылысы аяқталды

Маңғыстауда Құрық портында салынып жатқан астық терминалының құрылысы аяқталып, қондырғылар сынақтан өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан өңірінің бидайы қабылданып жатыр. Жоспар бойынша алғашқы астық қазан айының соңында жөнелтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Құрық порты – Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудың ең қысқа жолы ретінде танылған. Биылдың өзінде «Орта дәліз» бағыты бойынша 1 млн 600 мың тонна жүк өңделіп, жөнелтілді. Порт басшылығының айтуынша, соңғы жылдарда вагонмен тасымалданатын жүктерге қоса, автокөлік тасымалы артқан. Нәтижесінде былтыр Құрық порты 2 млн тоннадан аса жүк өңдеп, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді.

«Орта дәліз» Транскаспий халықаралық көлік бағытының бір тармағы болып есептеледі. Ол арқылы Қытай, Орта Азия елдерінен шыққан жүк Құрық және Ақтау порттарымен Азербайжан, Грузия, Түркия одан әрі Еуропа елдеріне жеткізіледі. Құрық порты осы бағыт бойынша 2017-жылдан бері 10 миллион тоннадан астам жүк өткізген.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Oct, 11:16


🔼 Қытайдағы қызметтер саудасы қарқынды өсуде

Қытайдағы қызметтер саудасының көлемі 2024 жылдың алғашқы сегіз айында қарқынды өсім көрсетіп келеді. Бұған ҚХР Коммерция министрлігі жариялаған мәліметтер дәлел.

Қаңтар мен тамыз айлары аралығында елдегі қызметтердің жалпы сауда көлемі шамамен 4,9 трлн юаньды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 пайызға жоғары.

Ең жоғары көрсеткіштер саяхат және туризммен байланысты қызметтердің саудасында тіркелген. Нарықтың осы секторында көрсеткіштер 45 пайызға өсіп, кіріс 1,33 трлн юаньнан асты.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Oct, 10:15


📣 Еуропалық әуе компаниялары қытайлық бәсекелестермен бірдей қарым-қатынасты талап етеді

Брюссельде бәсекеге қабілеттілікті арттыруға арналған салалық баспасөз конференциясы өтті. Оған Еуропаның жетекші әуе компанияларының басшылары қатысты. Тасымалдаушылардың айтуынша, қытайлық авиакомпаниялар Ресей аумағы арқылы ұша алатындықтан, баға артықшылығына ие.

Lufthansa бас директоры Карстен Шпор Еуропаға қонатын барлық рейстер әділ бәсекелестік үшін Ресей әуе кеңістігін айналып өтуі керек екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қытайлық әуе компаниялары еуропалық шығарындылар квоталарына байланысты шығындарды көтермейтінін атап өтіп, мұны тағы бір артықшылық деді.

Тасымалдаушылар сонымен қатар ұшақтарды жеткізудегі кідірістерге шағымданды, өйткені Airbus пен Boeing ереуілдерге байланысты ұшақтарды жеткізу проблемаларына жиі тап болады.

Еске салайын, кейбір тасымалдаушылар, соның ішінде British Airways, Lufthansa, Scandinavian Airlines Қытайға рейстерін тоқтата бастады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Oct, 09:14


💰 Қазақстанның ШЫҰ бюджетіндегі үлесі белгілі болды

✍️ Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы бюджетіндегі жарна мөлшерін бекітті. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

📝 Құжатқа сәйкес, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үлестік жарналарының мөлшерлері мынадай:

🇧🇾 Беларусь Республикасы — 5,8%
🇮🇳 Үндістан Республикасы — 5,9%
🇮🇷 Иран Ислам Республикасы — 5,8%
🇰🇿 Қазақстан Республикасы — 15,2%
🇨🇳 Қытай Халық Республикасы — 17,6%
🇰🇬 Қырғыз Республикасы — 7,6%
🇵🇰 Пәкістан Ислам Республикасы — 5,9%
🇷🇺 Ресей Федерациясы — 17,6%
🇹🇯 Тәжікстан Республикасы — 6%
🇺🇿 Өзбекстан Республикасы — 12,6%

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Oct, 08:13


🗺 Шыңжаң өңіріне Орталық Азия елдерінен келген шенеуніктер делегациясы барды

Аталған шара тәжірибе алмасу және Қытай - Орталық Азия желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде ұйымдастырылған. Іс-шараға қатысушылар қытай-қырғыз шекарасындағы Иркештам шекара өткеліне, Қазақстанмен шекарадағы Қорғас бекетіне, Қашғар, Үрімші және осы аймақтағы басқа да жерлерге барып, өңірдің тұрмыс тіршілігімен танысты.

Сапар барысында олар шекара өткелдерінің, логистикалық орталықтардың жұмысын ұйымдастыруды, сондай-ақ, мәдени байланыстарды дамытуды талқылады. Сапарға қатысқандар оның пайдалы әрі тиімді болғанын және Қытай мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Oct, 07:12


АҚШ DJI дрондарының импортын тоқтатты

Қытайдың DJI компаниясы дистрибьюторларға АҚШ-тың Кедендік және шекаралық қорғанысы ұйғырлардың мәжбүрлі еңбек етуіне жол бермеу туралы заңына (UFLPA) сілтеме жасай отырып, кейбір дрон үлгілерін әкелуге тыйым салғаны туралы хабарлады.

Компания өндірістік процестің кез келген кезеңінде мәжбүрлі еңбекті қолданбайтынын айтты. Барлық өндіріс Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласында, сондай-ақ Малайзияда орналасқан. Америка Құрама Штаттарындағы барлық дрондар сатылымының жартысынан көбі DJI компаниясының үлесіне тиесілі.

Қыркүйек айында Өкілдер палатасы Құрама Штаттарда жаңа DJI дрондарының жұмысына мүлдем тыйым салу үшін дауыс берген. Заң жобасының авторлары Сенаттың шешімін күтуде.

UFLPA 2022 жылдың маусымында күшіне енді. Заң Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында толығымен немесе ішінара өндірілген тауарларды АҚШ-қа әкелуге тыйым салады. Ал Қытай тарапы ұйғырларға қысым жасады деген айыптауларды саясиландырылған деп санайды және этникалық қысымды жоққа шығарады.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway

AB Silk Way

18 Oct, 06:11


💧 Қытай су салығын енгізеді

1 желтоқсаннан бастап бүкіл Қытайда су ресурстарын қорғау үшін жаңа салық салынады. Оны кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, жер үсті немесе жер асты суларын тікелей пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар төлейтін болады.

Салық мөлшерлемесін өңірлер дербес белгілейді; барлық кірістер олардың бюджетіне түседі. Ол жер үсті сулары үшін текше метрге 0,1-1,6 юань, жер асты сулары үшін 0,2-4 юань.

Су тапшылығы Қытайдағы күрделі мәселе. Елдің жан басына шаққандағы су ресурстары әлемдік орташа көрсеткіштің шамамен үштен бірін құрайды және суды бөлу біркелкі емес.

2016 жылдан бастап Қытай он аймақта, соның ішінде Бейжің, Шаньдун және Хэбэйде салық салу пилоттық жобасын іске қосты. Ол сәтті деп саналды.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway